Еркін экономикалық аймақтар мәні



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

І Еркін экономикалық аймақтар мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ Қазақстандағы еркін экономикалық аймақтардың ерекшелігі ... ... ... .15
ІІІ Еркін экономикалық аймақтардың мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Кіріспе
Еркін экономикалық аймақтар дүние жүзінің көптеген елдерінде өрістеп отыр. 90-жылдардың ортасына қарай дүние жүзінде төрт мыңнан астам әр түрлі еркін экономикалық аймақтар болды. Олардың қатарына кедендік одақ аймақтары, технопарктер, еркін сауда аймақтары т. б. жатады. Батыс мамандарының пікірінше 2000-жылға дейін еркін экономикалық аймақтар арқылы дүниежүзілік тауар айналымының 30% өтетін болады. Өз қызметі үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыратын халықаралық корпорациялар, еркін экономикалық аймақтарды қолайлы құрылымдар қатарына жатқызады. Олар өз өндірістерін еркін экономикалық аймақтарда мейлінше кеңейтуге мүдделі болып отыр.
Еркін экономикалық аймақтар дегеніміз — ерекше жеңілдіктер мен ынталандыру жүйелерін пайдаланатын ұлттық экономикалық кеңістіктің бір бөлігі. Қандай бір нысанда болмасын еркін экономикалық аймақтың ерекшелігі — ол оңашаланған географиялық территория. Еркін экономикалық аймақ термині халықаралық ұйымдар қабылдаған термин. Бұл термин еркін экономикалық аймақтың мәнін толық ашып бере алмайды, себебі аталған аймақтарда қолданылатын экономикалық тәртіп оларды мемлекеттің құқықтық және шаруашылық жүргізу заңдарын, ережелерін орындаудан босатпайды. Мемлекет тек қана жүріп жатқан экономикалық процестерге араласу дәрежесін қысқартады.
Еркін экономикалық аймақтардың ұйымдық-функционалдық құрылымы әр алуан. Оларды құруда негізінен екі түрлі — аумақтық (территориялық) және функционалдық әдістер қолданылады. Бірінші әдіс бойынша барлық резидент-кәсіпорындар өздерінің шаруашылық жүргізуі үшін белгілі аумақта жеңілдіктер алады. Резидент — бір елде қызмет ететін басқа бір елдің жеке немесе заңды тұлғасы. Екінші әдіс бойынша еркін аймақтағы іскерліктің белгілі бір түріне жеңілдіктер беріледі.
Аумақтық әдіс бойынша ұйымдастырылған еркін экономикалық аймақтар Қытайда кеңінен тараған.
Функционалдық әдісті қолданудың нәтижесінде жеңілдіктерді пайдаланатын оңаша кәсіпорындар қалыптасады (оффицорлық фирмалар, еркін дүкендер т, с. с).
Еркін экономикалық аймақтардың ең қарапайым түрлерінің бірі еркін (салықсыз) баж аймақтары. Мұндай аймақтар еркін экономикалық аймақтардың бірінші буынына жатады. Оларды, әдетте еркін баж территориялары деп атайды. Еркін баж аймақтары тауарларды келтіру мен әкетуде баждан босатылады.
Еркін экономикалық аймақтардың баж, салық және инвестицияға байланысты ахуалы шетелдік және ұлттық кәсіпкерлер үшін қолайлы. Басқаша айтқанда еркін экономикалық аймақтар дүниежүзілік шаруашылықтағы уақытша бос капиталдарға құрған „тор" сияқты десек те болады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация. 25 қазан 1990 жыл.
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 23 қаңтар 2001 жыл.
3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасы // Егемен Қазақстан, 12 қыр-күйек 2000 жыл.
4. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстанның егеменді мемлекет ре-тінде қалыптасуы және дамуының стратегиясы». Ал-маты, Дәуір , 1992 жыл.
5. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан-2030» Елбасының Қазақстан халқына жолдауы. 1 қазан 1997 жыл.
6. Н.Ә. Назарбаев. Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық. Елбасының Қазақстан халқына Жол-дауы, // Егемен Қазақстан, 25 қазан 2000 жыл.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдар-ға арналган іс-қимыл бағдарламасы. // Егемен Қазақ-стан, 15 сәуір 1,998 жыл.
!8. Өзіндік басқару мен өзіндік қаржыландыру тұжы-рымдамасы. Алматы, 1990 жыл.
9. 2000-2005 жж. кезенге арналган «Селоның әлеуметтік-экономикалық дамуы» мемлекеттік багдарламасы. // Егемен Қазақстан, 22 тамыз 2000 жыл. Жоба.
10. К. Б. Бердалиев, С. Ы. Өмірзақов, Б. К. Есенгазиев, Қ. Р. Ерғалиев. Басқару негіздері: Алматы, Экономика, 1997 жыл.
11. К. Б. Бердалиев - Основы управления экономикой Казахстана. Алматы: Экономика, 1998.
12. К. Б. Бердалиев - Қазақстандағы аймақтық басқару мәселелері «Экономика и бизнес». 1996 жыл № 1
13. К Бердалиев. Қазақстанның экономикасын басқару негіздері Алматы: Экономика, 2001 жыл.
14. Майдан - Әли Байгісиев – Халықаралық экономикалық қатынастар Алматы: Санат, 1998
15. Оңтүстік қазақстан газеті 26-желтоқсан 2007
16. Заң газеті, 2007ж. 19 сэуір, 3 бет
17. Мүса.С, Егеменді Қазақстан, 2007ж. 18 шілде, Ібет
18. ҚР Парламентінің Жаршысы, 2005ж. №19. 3 бет
19. Заң жэне Заман, 2007ж. №4. 32 бет
20. «Экономикалық теория негіздері» Оқулық, Алматы, 1998ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

І Еркін экономикалық аймақтар
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ІІ Қазақстандағы еркін экономикалық аймақтардың ерекшелігі ... ... ... .15
ІІІ Еркін экономикалық аймақтардың
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Кіріспе
Еркін экономикалық аймақтар дүние жүзінің көптеген елдерінде өрістеп
отыр. 90-жылдардың ортасына қарай дүние жүзінде төрт мыңнан астам әр түрлі
еркін экономикалық аймақтар болды. Олардың қатарына кедендік одақ
аймақтары, технопарктер, еркін сауда аймақтары т. б. жатады. Батыс
мамандарының пікірінше 2000-жылға дейін еркін экономикалық аймақтар арқылы
дүниежүзілік тауар айналымының 30% өтетін болады. Өз қызметі үшін тиімді
мүмкіндіктерді қарастыратын халықаралық корпорациялар, еркін экономикалық
аймақтарды қолайлы құрылымдар қатарына жатқызады. Олар өз өндірістерін
еркін экономикалық аймақтарда мейлінше кеңейтуге мүдделі болып отыр.
Еркін экономикалық аймақтар дегеніміз — ерекше жеңілдіктер мен
ынталандыру жүйелерін пайдаланатын ұлттық экономикалық кеңістіктің бір
бөлігі. Қандай бір нысанда болмасын еркін экономикалық аймақтың ерекшелігі
— ол оңашаланған географиялық территория. Еркін экономикалық аймақ термині
халықаралық ұйымдар қабылдаған термин. Бұл термин еркін экономикалық
аймақтың мәнін толық ашып бере алмайды, себебі аталған аймақтарда
қолданылатын экономикалық тәртіп оларды мемлекеттің құқықтық және
шаруашылық жүргізу заңдарын, ережелерін орындаудан босатпайды. Мемлекет тек
қана жүріп жатқан экономикалық процестерге араласу дәрежесін қысқартады.

Еркін экономикалық аймақтардың ұйымдық-функционалдық құрылымы әр алуан.
Оларды құруда негізінен екі түрлі — аумақтық (территориялық) және
функционалдық әдістер қолданылады. Бірінші әдіс бойынша барлық резидент-
кәсіпорындар өздерінің шаруашылық жүргізуі үшін белгілі аумақта жеңілдіктер
алады. Резидент — бір елде қызмет ететін басқа бір елдің жеке немесе заңды
тұлғасы. Екінші әдіс бойынша еркін аймақтағы іскерліктің белгілі бір түріне
жеңілдіктер беріледі.
Аумақтық әдіс бойынша ұйымдастырылған еркін экономикалық аймақтар Қытайда
кеңінен тараған.
Функционалдық әдісті қолданудың нәтижесінде жеңілдіктерді пайдаланатын
оңаша кәсіпорындар қалыптасады (оффицорлық фирмалар, еркін дүкендер т, с.
с).
Еркін экономикалық аймақтардың ең қарапайым түрлерінің бірі еркін
(салықсыз) баж аймақтары. Мұндай аймақтар еркін экономикалық аймақтардың
бірінші буынына жатады. Оларды, әдетте еркін баж территориялары деп атайды.
Еркін баж аймақтары тауарларды келтіру мен әкетуде баждан босатылады.
Еркін экономикалық аймақтардың баж, салық және инвестицияға байланысты
ахуалы шетелдік және ұлттық кәсіпкерлер үшін қолайлы. Басқаша айтқанда
еркін экономикалық аймақтар дүниежүзілік шаруашылықтағы уақытша бос
капиталдарға құрған „тор" сияқты десек те болады.

І Еркін экономикалық аймақтар мәні
Бірқатар дамушы елдер үшін еркін экономикалық аймақтар территориясының
оңашалығы, ондағы өмір сүру деңгейі мен өндірістік мүмкіндіктердің
шоғырлануы жағынан арнайы экономикалық аймақ болып табылады
Еркін экономикалық аймақтарды ұйымдастыру ашық экономика принциптерін
қолдауды білдіреді. Олардың шаруашылық жүргізу мүмкіндіктері сыртқы
экономикалық әрекеттердің еркіндігі мен белсенділігіне байланысты.
Еркін экономикалық аймақтардың баж, салық және инвестицияға байланысты
ахуалы шетелдік және ұлттық кәсіпкерлер үшін қолайлы. Басқаша айтқанда
еркін экономикалық аймақтар дүниежүзілік шаруашылықтағы уақытша бос
капиталдарға құрған „тор" сияқты десек те болады.
Еркін экономикалық аймақтарды құруды, әдетте төмендегі үш мәселені
шешумен байланыстырады:
1) өндіріс өнімдерін экспорттауды ынталандыру, сол
арқылы валюталық қаражат табу;
халықты жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату;
шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін сынақтан өткізіп, қолдану.
Қандай бір мемлекет болмасын өз экономикасын шетел капиталына „айқара"
ашпайды, сондықтан қолайлы инвестициялық ахуалды елдің бір бөлігінде ғана,
арнайы экономикалық аймақ ретінде жасауды жөн көреді.
Еркін экономикалық аймақтар халықаралық экономикалық байланыстарды
нығайтады.
Қажетті өндіріс салалары мен шарушылық объ-ектілерін қолдау үшін арнаулы
шаралар жүйесін жасайды. Олардың қатарына, мысалы, артта қалған аудандарды
дамыту бағытында қолайлы инвестициялық ахуал жасау шаралары жатады. Еркін
экономикалық аймақтар құрудың себептері мен мақсаттары әрбір нақты жағдайға
байланысты өзгеріп тұрады.
Өнеркәсібі дамыған АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдерде еркін экономикалық
аймақтар кіші және орта бизнесті жандандыру мақсатында құрылады. Ол үшін
кіші және орта кәсіпкерлерге едәуір шаруашылық жүргізу еркіндігімен қатар,
қаржы жеңілдіктері де беріледі.
Кейбір дамушы елдерде осы мақсатта құрылған еркін экономикалық
аймақтардың онды әсері артта қалған аудандарды жедел жетілдіріп отыр.
Дегенмен, дамушы елдер еркін экономикалық аймақтар құру барысында дамыған
мемлекеттер сияқты өз қаражатына емес, көбінесе шетел капиталына сүйенеді.

Еркін экономикалық аймақтардың ұйымдық-функционалдық құрылымы әр алуан.
Оларды құруда негізінен екі түрлі — аумақтық (территориялық) және
функционалдық әдістер қолданылады. Бірінші әдіс бойынша барлық резидент-
кәсіпорындар өздерінің шаруашылық жүргізуі үшін белгілі аумақта жеңілдіктер
алады. Резидент — бір елде қызмет ететін басқа бір елдің жеке немесе заңды
тұлғасы. Екінші әдіс бойынша еркін аймақтағы іскерліктің белгілі бір түріне
жеңілдіктер беріледі.
Аумақтық әдіс бойынша ұйымдастырылған еркін экономикалық аймақтар Қытайда
кеңінен тараған.
Функционалдық әдісті қолданудың нәтижесінде жеңілдіктерді пайдаланатын
оңаша кәсіпорындар қалыптасады (оффицорлық фирмалар, еркін дүкендер т, с.
с).
Еркін экономикалық аймақтардың ең қарапайым түрлерінің бірі еркін
(салықсыз) баж аймақтары. Мұндай аймақтар еркін экономикалық аймақтардың
бірінші буынына жатады. Оларды, әдетте еркін баж территориялары деп атайды.
Еркін баж аймақтары тауарларды келтіру мен әкетуде баждан босатылады.
Еркін сауда аймақтары да дүние жүзінде кеңінен тараған. Мұндай аймақтар
АҚІІІ-та жақсы дамыған. Бұл аймақтар АҚШ территориясының шектеулі бір
бөліктерінде заңды жеңілдіктерді пайдаланып, өз шарушылық қызметтерін
жүргізеді. Қабылданған заң бойынша әрбір портты қалада ең кем дегенде бір
сыртқы сауда еркін аймағы құрылуы мүмкін.
АҚШ-тағы еркін сауда аймақтары жалпы міндетті және арнайы міндетті болып
екіге бөлінеді. Жалпы міндеттегі аймақтар аздаған территорияға (бірнеше
шаршы метр) орналасады да ұлттық баж салығы ауқымынан бөлектенеді. Ол
жерлерде әкелінген тауарларды жинастыру және өңдеу (сорттау, буып-түю,
белгілеу т. б.) жұмыстары атқарылады. Арнайы аймақтар жалпы міндеттегі
аймақтар шеңберіне сыймайтын істермен шұғылданады. Оларда ірі
компаниялардың қатысуымен экспортталатын және импорттың орнын басатын
өнімдер өндіріледі.
90-жылдардың ортасына қарай АҚШ-та 500-дей еркін сауда аймақтары болды.
Еркін сауда аймақтарының қарапайым түріне халықаралық әуежайларда
орналасатын арнайы дүкендерді де қосуға болады. Жұмыс істеу тәртібі бойынша
оларды мемлекеттік шекарадан тысқары тұрған объектілер деп санайды.
Өнеркәсіптік өндірістік аймақтар. Бұлар еркін экономикалық аймақтардың
екінші буынына жатады. Олар сауда аймақтарының өрістеуі нәтижесінде тек
қана тауар емес, капиталдардың да келуіне байланысты пайда болады.
Капиталды келтіру тек сауданы ғана емес, өндірістік қызметті де
жандандырады.
Өнеркәсіптік-өндірістік аймақтарда баж тәртібі бар, экспортқа шығаратын
өнімдерді өндіретін территорияларға орналасады. Бұл аймақтар едәуір салық
және қаржы жеңілдіктерімен пайдаланады.
Экспорттық-өндірістік аймақтар. Еркін экономикалық аймақтардың бұл түрі
дамушы елдерде кеңінен тараған.
Экспорттық-өндірістік аймақтардың пайда болуы дамушы елдердің объективті
экономикалық мұқтаждықтарына байланысты. 60-жылдардың орта шенінде дамушы
елдерде шетел капиталының көмегімен өнеркәсіп өнімдерін экспорттауды және
жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін экспорттық-өндірістік аймақтар көптеп
құрыла бастады.
Жаңа техника енгізу аймақтары. Бұлар еркін экономикалық аймақтардың
үшінші буынына жатады. Мұндай аймақтар мемлекеттің арнайы қолдауымен ірі
ғылыми орталықтардың жанынан құрылады. Бұл аймақтарда ұлттық және шетелдік
ғылыми-зерттеу, жобалау, ғылыми-өндірістік фирмалар жұмыс істейді. Олар
салық және қаржы жеңілдіктерін бірдей пайдаланады.
Жаңа техниканы енгізу аймақтары кеңінен тараған елдердің қатарына АҚШ,
Жапония, Қытай жатады. АҚШ-та оларды технопарктер, Жапонияда -
технополистер, Қытайда - жаңа және жоғары технологияларды дамыту аймақтары
деп атайды.
АҚШ-тағы ең ірі технопарк „Силикон Вэлли" (Кремний алқабы) есептеу
техникасы мен компьютерлердің дүние-жүзілік өндірісінің 20% шығарады. АҚШ-
тағы технопарктердің жалпы саны 80-нен асады және оларда 20 мыңға жуық
мамандар жұмыс істейді. Жапонияда үкіметтің арнайы бағдарламасы шеңберінде,
жетекші ғылыми ұйымдардың жанынан 20-дан аса технополистер құрылған. Қытай
Халық Республикасында мұндай аймақтар ғылым мен техниканы дамыту
саласындағы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 90-жылдардың орта шенінде
құрыла бастады.
Қазіргі кезде олардың саны 50-ден асты. Азиядағы „Жаңа индустриялы
елдерде" жаңа техниканы енгізу аймақтары инновациялық орталықтар деп
аталып экспорттық-өндірістік аймақтардың жанынан ашылуда. Мұның басты
себебі экспорттық-өндірістік аймақтарда қалыптасқан ғылыми-техникалық
мүмкіндіктерді пайдалану болып отыр.
Қызмет көрсету (сервис) аймақтары. Бұлардың қатарына оффшорлық аймақтар
және салық айлақтары (налоговые гавани) жатады. Аталған аймақтар өзінің
тартымды валюта-қаржылық және фискальдік саясатымен, банк және коммерциялық
қызметтер құпиялығының жоғары деңгейімен, мемлекеттік реттеудің әділдігімен
іскерлер үшін қолайлы болып отыр.
Оффшорлық аймаққа тіркелген және сол арқылы салық төлеу т. б.
жеңілдіктерге үміткер компанияларға негізгі талап-оффшорлық орталық
орналасқан елдің резиденті (өкілі) болмау және оның территориясынан пайда
іздемеу болып отыр.
Салық айлақтарының оффшорлық аймақтардан айырмашылығы, олар салық
жеңілдіктерін қызметтің барлық түріне немесе белгіленген түрлеріне алады.
Қазір дүние жүзінде 300-ден астам оффшорлық орталықтар жұмыс істейді.
Оффшорлық аймақтардағы өндірістік, сауда, банк, қамсыздандыру және т. б.
компанияларға ешқандай салық салынбайды немесе аз мөлшерде ғана салынады.
Мысалы, Швейцарияда оларға салықтың ең төмен деңгейі белгіленген, кейбір
жағдайларда компаниялар тіпті сол аз салықтың өзінен де босатылады.
Оффшорлық аймақтарда валюта қозғалысына ешқандай шектеулер жоқ. Олардан
түскен пайданы еркін алып кетуге болады. Бұл аймақтарда жарғылық қор
деңгейі төмен және баж алынбайды.
Оффшорлық аймақтарды ұйымдастырушы елдердің пайдасына шетелдік капиталдың
көптеп келуін, тіркелген компаниялардан түсетін табысты, жергілікті
мамандар үшін қосымша жұмыс орындарының ашылуын және т. б. жатқызуға
болады. Мұның бәрі ұлттық экономиканың дамуына игі әсерін тигізетін
құбылыстар.
Оффшорлық бизнес, әдетте банк ісінде, қамсыздандыру және қозғалмайтын
мүлікпен операцияларды, консалтинг қызметтері төңірегінде шоғырланады.
Кейбір мәліметтерге сүйенсек қазіргі уақытта дүние жүзіндегі оффшорлық
қызмет шеңберінде 500 млрд. доллар шамасындағы капитал айналымда көрінеді.
Бұл іске 2 млн. салымшылар (жеке және заңды тұлғалар) қатысып, жыл сайын
мыңдаған жаңа комианиялар тіркеледі екен.
Оффшорлық аймақтар туралы мамандардың көзқарасы бірдей емес. Кейбір
эксперттердің пікірінше оффшорлық аймақтар көбінесе „лас ақшаларды" жуып,
тазартатын және әр түрлі банктердің айналасындағы алаяқтар үшін „қолайлы"
орта болып отыр.
Кешенді (комплексті) аймақтар. Бүлардың қатарына жекелеген әкімшілік
құрылымдарының аумағында жеңілдіктермен пайдаланатын субъектілер жатады.
Мысалы, мұндай аймақтардың сипатына Қытайдың бес арнайы экономикалық
ауданы, Бразилиялық „Манаус" аймағы, Аргентинаның „Отты жер" еркін іскерлік
территориясы кіреді.
Халықаралық еркін экономикалық аймақтар. Арнайы экономикалық аймақтардың
бұл түрі 90-жылдары жедел қалыптаса бастады. Мысалы, Ресей, Қытай және
Солтүстік Корея шекараларының түйіскен жерінде „Туманган" халықаралық
еркін' экономикалық аймағын құрудың жобасы бар. Бұл жоба 20 жылға
есептеліп, оның бірінші кезеңінің құны 90—110 млрд. доллар құрайды деген
болжам бар. Аталған халықаралық еркін экономикалық аймақты құруға Жапония,
Оңтүстік және Солтүстік Корея, Қытай мен Ресей ат салысады деп күтілуде.
Бұл аймақта Қытай мен Корея жұмысшыларының күшімен ірі порт құрылысы,
көптеген өнеркәсіп орындары салынбақ.
Еркін экономикалық аймақтардың бәріне ортақ белгі - баж, қаржы, салық
жеңілдіктері мен артықшылықтарын беру арқылы кәсіпкерлерге мейлінше қолайлы
инвестициялық ахуал жасау дер едік.
Жеңілдіктердің төрт тобын атап көрсетуге болады:
1) сыртқы сауда жеңілдіктері. Бұлар ерекше баж - тарифтік тәртіп орнату
және сыртқы сауда операцияларын оңайлату арқылы жүзеге асады;
2) салық жеңілдіктері. Бұлар нақты шаруашылық қызметін ынталандыруға
бағытталған ереже-нормалар. Бұл жеңілдіктер негізгі салықтың (пайдаға,
мүліктің құнына т, б.), оның жекелеген бөліктеріне (амортизация, еңбекақы,
көлік шығындары) салық ставкаларының деңгейлерін уақытша немесе тұрақты
түрде төмендету мәселелерін
қарастырады.
3) қаржы жеңілдіктері. Бұларды жәрдем ақының (суб-
сидияның) әр түрлі нысандары құрайды. Мысалы, тұрмыс-
тық қызмет көрсету бағасын төмендету, жер учаскесі мен
өндірістік жайларға арендалық ақыны кеміту, жеңілде-
тілген несие беру т. б.
4) әкімшілік тарапынан жеңілдіктер. Шетел азаматтарының келіп-кетуіне,
кәсіпорындардың тіркелуіне байланысты қызметтерді оңайлату үшін жергілікті
әкімшілік тарапынан қолданылатын шаралар.
Дегенмен, еркін экономикалық аймақтарға берілетін жеңілдіктер елге шетел
капиталын келтіруді ынталандырудың ең күшті құралы емес. Бұл мәселеде
елдегі саяси тұрақтылықтың, инвестицияларға мемлекеттік кепілдік берудің,
инфрақұрылымдар сапасының, жұмысшы күшінің мамандық дәрежесінің маңызы өте
зор.

ІІ Қазақстандағы еркін экономикалық аймақтардың

ерекшелігі
Еркін экономикалық аимақтардың құрылуы мен шаруашылық жүргізуінің
дүниежүзілік тәжірибесі, әрине, Қазақстандық басшы, мамандардың да
назарынан тыс қалған жоқ. Алғаш рет Қазақстан Республикасында еркін
экономикалық аймақтар ұйымдастыру мәселесі 80-жылдардың соңында қолға алына
бастады.
Ол кезде төмендегі жобалар қарастырылған болатын:
1. Атырау - Каспий жағалауы экономикалық аймағы. Бұл аймақта туристік
комплекс құрып, тұрмыстық электр бұйымдарын шығару өндірісін қолға алу
ойластырылған еді.
2. Ақмола ғылыми өндірістік аймағы (орталығы Қорғалжын қаласы). Мұнда
туризмді дамыту, оған қоса аса сирек, окоқ болуға айналған хайуанаттар мен
құстардың санын көбейту жөніндегі бірлескен ғылыми жұмыстарды жүргізу
жоспарланған еді.
Түркістан экономикалық аймағы. Бұл аймақтың орталығы Түркістан қаласында,
ежелгі Жібек жолы өтетін маршрутта құрылатын болып белгіленген. Жоспарда
туристік кешен құру, мотоциклдер мен велосипедтер өндірісті қалыптастырып
дамыту көрсетілген.
Орталық Қазақстан экономикалық аймағы (Орталығы — Сарань қаласы). Мұнда
черепица, темір бұйымдары, тұрмыстық бұйымдар, әртүрлі қуаттығы
микроқозғағыштар шығару ісі қолға алынады деп күтілген.
Аягөз экономикалық аймағы. Кір жуғыш машиналар мен шаңсорғыштар өндірісі
жолға қойылмақ болған.
Алматы экономикалық аймағы. Бұл аймақ Алматы, Қапшағай, Есік қалаларын
қамтитын болып жоспарланған.
Шығыс Қазақстан экономикалық аймағы.
1991 жылы Қазақстан Республикасының парламенті жергілікті халық
депутаттары кеңестерінің ұсыныстары бойынша Жайрем-Атасу, Маңғыстау,
Алакөл, Жаркент еркін экономикалық аймақтарын құру жөнінде шешім қабылдады.
Біздің пікірімізше аталған жобалардың ішіндегі өміршең болашағы бар
аудандарға Маңғыстау, Алакөл және Жәйрем еркін экономикалық аймақтары
жатады.
Маңғыстау еркін экономикалық аймағының жобасына зер салсақ, онда бай
табиғи ресурстары (мұнай, уран т. б.) және өлкенің теңіз жағалауында қоныс
тепкенін көрген болар едік. Бұл өлкеде атом өнеркәсібі өндіріс орындары,
таукен комбинаты (негізгі өндірісі уран рудасы), мұнай-газ және химия
өнеркәсібі шоғырланған. Ақтау теңіз портынан қазірдің өзінде Иран елінің
Солтүстік жағалауына мұнай жеткізу ісі қолға алынып отыр. Ақтауда
Қазақстанның өз теңіз флотын жарықтандыру жұмыстары жедел қолға алынып, бұл
салада бірқатар жетістіктерге де қол жетті.
Алакөл еркін экономикалық аймағы туралы айтар бол сақ, бұл аймақ қазақ-
қытай шекарасын жалғастырып жатқан Достық — Алашанькоу темір жолы бойында
орналасқан. Жоғары қарқынмен дамып келе жатқан экономикасы бар ұлы елмен
қарым-қатынаста аталған аймақтың атқарар жұмыстары ұшан-теңіз. Айталық,
Еуропа мен Қытай арасындағы ең қысқа жол осы аймақпен өтеді. Ол үшін
Түркімен — Иран шекарасында ұзындығы 300 км темір жол құрылысын жүргізу
қажет болатын. Бұл құрылыс 1996 жылы аяқталып, іске қосылды. Мұның өзі
Батыс Еуропа елдері мен Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің жүк тасымалдау
жұмыстарына қызмет көрсету арқылы айтарлықтай валюталық қаржы табудың өте
тиімді жолы болып отыр.
Жаркент экономикалық аймағы Қытайға өтетін Қорғас автокөлік трассасына
бейімделген. Бұл аймақта қазірдің өзінде бірнеше Қазақ — Қытай бірлескен
кәсіпорындары жұмыс істейді. Болашақта Қытаймен техникалық-экономикалық
байлаңыстардың нығайып, дамуына аймақтың тигізер игі әсері зор болмақ.
Жәйрем — Атасу еркін экономикалық аймағы ең алдымен қорғасын-мырыш, темір-
марганец, түсті металдардың бай қорына бейімделген. Бұл аймақта минералды
шикізаттарды өңдеудің аяқталған, түпкі нәтижелі өндірісін қалыптастыру аса
маңызды мәселе. Оны іске асырудың ең қолайлы жолы кен байлықтарын
экспорттау арқылы аймаққа шетел валютасын келтіру, сол валютаны икемді
пайдалану арқылы түпкі нәтижелі кен байлықтарын өңдеу кәсіпорындары жұмысын
қалыптастыру. Қазіргі уақытта еркін экономикалық аймақтар құру ісінде
қаржыға байланысты біраз олқылықтар бар. Дегенмен, көш жүре түзелер деген
ггікірге ден қою керек сияқты.
Еркін экономикалық аймақтық саясатты жүргізудің тікелей және кесімді
әдістер болады. Бірінші жағдайда мемлекет, шаруашылықтың территориылық
құрылымын жетілдіруге бағытталган, күрделі салымға белсенді қатысады (өсу
орталығын өнеркэсіптік парктерді, аудандарда инфрақұрылымын құру). Екінші
жағдайда мемлекет қаржылық жүйе арқылы (салалық, кедендік) миграциялық
ағымды басқару үшін жэне жедел дамытуды ынталандыру үшін қандайда бір
аудандарда сәйкес экономикалық "климатты" жасауға үмтылады.
Бұл әдістерді тереңірек аратсырайық. Еркін экономикалық аймақтық дамуды
реттеуге мемлекеттің тікелей қатысу эдістері экімшілік эдістермен тығыз
байланыста. Бұл эдістердің қатарына мемелекеттік бюджет есебінен
қаржыланатын мемлекеттік аймақтық бағдарламаны жекелеген құрылым түзейтін
инвестициялық жобаны келісім шарттары жүйесі арқылы оның ішінде мәселелі
аймақтарды қолдау жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өнімді ұсынуға
тапсырыстарды орналастыруды жүзеге асыру кіреді.
Нарықтық экономиканың дамуы әртүрлі аймақтық мәселерді: күрделі
әлеуметтік экономикалық және экологиялық жағдайлардағы кәсіпорындар үшін
субвенция саясатын жүргізу; еркін экономикалық аймақтық саясат міндеттерін
шешу үшін жеке инвесторларды тарту, күрделі жағдайдағы өз кәсіпорындарын
орналастыру кезінде шаруашылық субъектінің жұмсайтын қосымша шығындарын
компенсациялау (толықтыру); табиғи ресурстардың кедейленуіне байланысты,
салықтық жеңілдіктер ұсыну; экономиканың салалық және территориялық
құрылымын жетілдіру үшін маңызды кәсіпорын құрылысына алынатын алаңдардың
арендалық ақысына жеңілдіктер бекіту; Күрделі жағдайдағы аудандарда
орналасқан кәсіпорындарға өз өндірісінің жеделдейтілген аммортизациясын
қаржыландыруға мүмкіндік беретін аймақтық дифференцияланған амортизацияны
ендіру, экологиялық өнімге жоғары бағаны пайдалану; қоршаған ортаны
ластайтын, әсіресе неғұрлым қолайсыз аймақтарда кәсіпорындар үшін
санкциялар жүргізу шешу үшін қаржылық ресурстарды жинақтайтын, аймақтық
дамудың арнайы қорларын тұратын экономикалық реттеу әдістерін кеңінен
қолдануды ұсынады.
Экономикалық механизм көмегімен аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу
басқарудың әр түрлі: федералды, аймақтық, аймақ аралық және жергілікті
деңгейлерде жүзеге асыруды аймақ аралық және мемлекеттік аралық
байланыстарды ұйымдастыруды реттеуі қажет.
Басқарудың аймақтық органдары жергілікті ресурстарды пайдалуға
шаруашылық құрылымын тиімді етуге, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге
негізгі көңілді бөлуі қажет.
Амақтың спецификасы экономикалық тетіктер мен ынталандыру жиынтығын
нақты жағдайда пайдаланудың мақсаттылығын анықталады.
Экономикалық рефомалапрды табысты жүргізу, жалпы мемлекеттік саясаттың
негізгі бағыттарын жүзеге асыруда аймақтық спецификаны жан жақты есепке
асуды талап етілді.
Қаржылық және салықтық саясат облысында Қазақстан субъектінің
экономикалық өз бетінше қызмет етуін кеңейтуге байланысты, жалпы бюджеттік
ресурстардағы облыс, аудан, республика бюджеттерінің үлесін арттыру қажет.
Мұнымен бірге Қазақстанның барлық территорияда облыстың, жергілікті
жэне мемлекеттік салықтармен, аймақтар арасында кірісті горизонталды жэне
вертикалды қайта бөлу механизмімен бірыңғай салықтық жүйенің өызмет етуін
қамтамасыз етуі қажет. Көп жүйе жүргізетін міндерттерді шешу үшін
мемлекеттік бюджеттен тұрақты, өз бетінше кіріс көздерінің қажеттілігімен
анықталады.
Сонымен бірге аймақтағы экологиялық жағдай, жұмыссыздық, экономикалық
және әлеуметтік даму деңгейінең, реттелетін салықтың ставкасын аймақтық
дифференциясы мүмкін. Мемлекеттік бюджеттің орталықтандырылған қорлар
қаржыландырудың басқа көздерімен шешу мүмкін емес мақсаттарға қол жеткізу
(кенеттен болған жағдайлар салдары, дағдарысты әлеуметтік мәселелерді шешу)
сондай ақ мемлекеттік аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында
бөлінеді.
Әлеуметтік саясаттың аймақтық аспектісінің негізгі мақсаты аймақта
өткір әлеуметтік келіспеушіліктердің пайда болуын болдырмау, әлеуметтік
қауіп жоғары аудандарда, оның күшін жою (төмендету). Жоғары көңіл аударуды
қажет ететін аудандарға жаңа шаруашылықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркін экономикалық аймақтар
Арнайы экономикалық аймағын құрудың алғыш
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ
Аймақтық экономика дамуының приоритет
Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары
Арнайы экономикалық аймақ
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Нарықтың мәні мен пайда болу жағдайлары
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару
Жергілікті қаржы
Еркін сауда аймақтары
Пәндер