Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

1 Профессор Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі
1.1 Проф. Қ. Жұбановтың өмірі мен қызметі
1.2 Фонетика саласына қатысты зерттеулері
1.3 Морфология мен синтаксис салаларына қатысты зерттеулері
1.4 Терминология саласына қатысты зерттеулері

2 Проф. Қ.Жұбанов тың зерттеулеріндегі қолданбалы лингвистиканың жаңа бағыттарының көрінісі
2.1 Проф. Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі статистикалық әдістің көрінісі
2.2 Табиғи тілдің синтаксисі мен семантикасын модельдеуге қатысты қысқаша мәліметтер
2.3 Проф. Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі модельдеу әдісінің көрінісі

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..3

1 Профессор Құдайберген Жұбанов
және қазақ тіл білімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Проф. Қ. Жұбановтың өмірі мен қызметі ... ... ... ... .4

2. Фонетика саласына қатысты зерттеулері ... ... ... ... ... 6

3. Морфология мен синтаксис салаларына қатысты
зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

4. Терминология саласына қатысты зерттеулері ... ... ...17

1. Проф. Қ.Жұбанов тың зерттеулеріндегі қолданбалы
лингвистиканың жаңа бағыттарының көрінісі ... ... ... ..21

1. Проф. Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі
статистикалық әдістің көрінісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

2. Табиғи тілдің синтаксисі мен семантикасын
модельдеуге қатысты қысқаша мәліметтер
... ... ... ... ... 21

3. Проф. Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі модельдеу
әдісінің
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымының алғашқы қалыптасу
дәуірінде Қ.Қ.Жұбанов қазақ тілін ғылым тезіне түсіруге ат салысып,
теориялық негізінің қалануында өзіндік ғылыми тұжырымдарын қалдырды.
Ғалымның ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері қазақ тіл білімінің ғылыми-
теориялық тұрғыдан қалыптасуына негіз болды. Қазақ тілінің жеке мәселелерін
ғылыми тұрғыда зерттеу профессор Қ.Жұбановтан басталады. Қ.Жұбановтың
ғылыми зерттеулерінде маңызды ғылыми мәселелер көтеріліп, көбі өз шешімін
тапты, ал бірсыпыра ғылыми жаңа идеялары ғылымның кейінгі дамуына әсер
етті. Тілші ғалымның арнайы сөз етіп, айналысқан тілдік мәселелері әр
саланы қамтиды: қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, терминологиясы,
ұлттық әдеби тілдің тарихы мен дамуы, жалпы тіл білімі мәселелері [1,21].
Сонымен қатар XX ғ. 60-жылдарында ғана пайда болған Статистикалық
лингвистика, Лингвистикадағы модельдеу бағыттарының кейбір бастамаларын
Құдайберген Жұбановтың сол кездегі зерттеулерінің өзінен-ақ молынан
кездестіруге болады. Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде
тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары
бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық
статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық
сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын
тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сондықтан ғалым
Қ.Жұбановтың дәстүрлі қолданбалы тіл біліміне және оның қазіргі заманға сай
жаңа салаларына қатысты ой-пікірлерін, тұжырымдарын саралап қарастыру
дипломдық жұмыстың өзектілігін білдіреді [30,122].
Зерттеу нысаны. Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімі мен қолданбалы
лингвистикаға қатысты көзқарастары мен тұжырымдамалары, еңбектері.
Зерттеу мақсаты. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – проф. Қ.Жұбановтың
қазақ тіл біліміндегі қолданбалы лингвистикаға қатысты дәстүрлі және жаңа
бағыттарының қазақ лингвистикасынан алатын орнын және ғылыми маңызын
көрсету.
Зерттеу міндеті:
- тіл білімінің дәстүрлі қолданбалы саласы мәселелерінің шешілуі;
- тіл білімінің қолданбалы лингвистика саласының жаңа бағытының
шешім табуы;
Зерттеу әдістері. Тарихи салыстырмалы, сипаттау, ой-пікірлерді
жинақтау, қорыту әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу тәсілдері. Бақылыу, есепке алу, салыстыру, салғастыру.

Профессор Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі

1.1 Проф. Қ. Жұбановтың өмірі мен қызметі

Профессор Қ.Қ.Жұбанов Ақтөбе облысы, Темір ауданы (қазіргі Мұғаджар
ауданы) 9-шы ауыл Ақжар деген жерде 1899 жылы желтоқсанның 19 күні дүниеге
келген. Бастапқы білімін әкесі Қуан ауыл ұстасы Сатыбалдыға қозылы қой
беріп салдырған мектеп корпусы - жыпырайған шым үй. Педколлективті
құрайтын бір-ақ адам, - ол 1911 жылы Уфадағы медресе Ғалияны бітіріп
келген жас ағартушы Абдолла Беркінов (бұл кісі сол 1911 жылдан 1955 жылға
дейін жарты ғасырдай өмірін жас буындарды оқытып тәрбиелеуге жұмсаған,
Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімі атағын алған ұстаз болатын). Қ.Жұбанов
бұл мектеп қабырғасында оқып жүріп орыс тіліне сонша құмартады. Бірақ бұл
мектепте орысша оқытпайды. Сондықтан мұның ретін басқа жерден іздеуге тура
келеді. Қосуақтамда тағы бір оқу орны болатын. Ол – бір кластық орыс
мектебі. Бұл мектептің мұғалімі Хұсайын Ашығалиев. Ол туған халқын орыс
елінің тілімен, мәдениетімен, өнер білімімен таныстыру міндетін арқалаған
қазақтың алғашқы демократ зиялыларының уәкілі еді. Ол тек орысша сауатты
ғана емес, музыкадан да хабардар, ана тілін де, халқының ауыз әдебиетін де
жақсы білетін, жастарға ұстаз боларлық жанның бірі болатын. Қ.Жұбанов сол
мұғалімге барып тұңғыш орысша сабақты содан алады.
1914 жылы әкесінің қоштауымен Құдайберген Орынбордағы Хұсайния
медресесіне шәкірт болып кіреді. ХХ ғасырдың бас кезіндегі мұсылман
медреселерінде заман ықпалына байланысты, тек діни сабақтар ғана емес,
дүнияуи пәндер де, яғни азаматтық білім беретін пәндер де оқытылғаны
мәлім. Осындай медресе Хұсайнияда Құдайберген табиғат пен қоғам жөніндегі
ғылымдардан алғашқы мағлұматтар алады. Бұл медресе талапты жастың әрі қарай
орысша білімді толықтыра берсем деген ниетіне де кеселдік келтіре қоймайды.
Өйткені медресе Орынбор сияқты қалада еді, ал қала ХХ ғасырдың бас
кезіндегі саяси – мәдени өрлеу үстінде еді. Мұнда ғалым үш жылдай оқиды,
медресе оған дүниетану ғылымдарынан там – тұмдаған мәлімет беріп, оның
шығыс тілдерінен (араб, парсы, түрік) бұрынғы білгенін толықтыра, жетілдіре
түседі, шығыс әдебиеті классиктерін түп нұсқадан оқи алатын дәрежеге
жетеді. Сонымен, болашақ түркологтың шығысты алғаш оқып тануы осымен тәмам
болады.
Енді Құдайберген орысша білімді тиіп – қашып өз бетімен емес,
мектептен жүйелі түрде алғысы келеді. Сол мақсатпен ол 1916 жылдың күзінде
Жұрын станциясындағы 2 сыныбтық (бес жылдық) орыс мектебінің 4 сыныбына
келіп түседі. Табиғатынан зерек, алғыр, жасы да болса естиярлау
Құдайбергенге Жұрын мектебінің берері аз болады. Баяғы орысша әліппені
танытқан Хұсайын Ашығалиев Күйік қаланың (қазіргі Елек) орысша екі сыныбтық
(6 жылдық) училищесіне баруға ақыл қосады. Бұл 1917 жыл еді. Сол Күйік қала
училищесінің 5-6 сыныбын бір жылда (1918 жылы) үздік бағамен бітіреді. Үзіп
– жұлып 2,5 – 3 жылдай оқыған орыс мектептерінен ол орыс тілін жақсы
меңгеріп алады, дүниетану білімін толықтырады, өзі ұнатқан ғылым саласының
қайсысын болса да өз бетімен игеріп кететіндей дәрежеге жетеді.
Қ.Жұбановтың орта білімі осымен аяқталады [1,5].
1928 жылы Ленинградтың Шығыс тілдері институтын бітіріп, жоғары
білімге ие болады.
1929-1932 жылдары Ленинградта аспирантурада оқиды: - 02.1929-09.1930.
(1,5 жыл) Шығыс тілдері институтында түрік тілдері мамандығы бойынша; -
10. 1930-09.1932. (2 жыл) СССР Ғылым академиясында (жалпы тіл білімі
бойынша). Анкетада өзінің көрсетуі бойынша мына тілдерді білген: неміс,
араб, парсы, түрік, моңғол, чуваш, коми, грузин, түркі тілдері.
Қызметі жөнінде:
1. Темір аудандық, Құлжа – Темір болыстығы - әуелі хатшысы, кейін –
председателі – 10. 1918 – 04. 1920 ж.ж.;
2. Темір аудандық бақылау комитетінің басқармасы – 0920 – 1922 ж.ж.;
3. Темір аудандық атқару комитеті (РИК - мүшесі) – 1922 – 1923 ж.ж.;
4. Темір уездік оқу бөлімінде инспектор – 12. 1923 – 09. 1925 ж.ж.;
5. Ақтөбе губерниялық оқу бөлімі – нұсқаушы методист – 09. 1925
–12. 1928 ж.ж.;
6. Қазақ Мемлекеттік университеті (бастапқыда осылай аталып, кейін КазПИ
болған), салыстырмалы түрік тілдері кафедрасында ғылыми қызметкер –
12. 1928 – 02. 1929 ж.ж.;
7. Қазақ педагогткалық институты (КазПИ), Алматы, қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі әрі профессоры; - 01. 09. 1932 – 20. 11. 1937
ж.ж.;
8. Ағарту халық комиссариаты – коллегия мүшесі, программа, оқулықтар
бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік терминология комиссиясының
председателі, Мемлекеттік терминком бюллетенінің бас редакторы. 01.
1933 – 20. 11. 1937 ж.ж.;
9. СССР Ғылым академиясының, Қазақстандық филиалы – лингвистика
секторының меңгерушісі, қазақ тілінің Академиялық сөздігінің бас
редакторы, Қазақ филиалының Ғылыми советінің және Президиум мүшесі –
1936 – 20. 11. 1937 ж.ж.;
10. Қазақстандық ұлт мәдени ғылыми – зерттеу институтының ғылыми кеңесінің
мүшесі – 1935 – 1936 ж.ж.;
11. Бүкілодақтық және әліп Орталық комитетінің Қазақстандық мүшесі 1935 –
1937 ж.ж.
12. Сайланған:
Темір аудандық атқару комитетіне (РИК) – 1922 – 1923 ж.ж.
Каз. ЦИК мүшелігіне – 1935 – 1937 ж.ж.

XVI Бүкілресейлік Советтер съезіне делегат – 1935 ж.
13. Қазақстанның 15 жылдығы Құрмет белгісімен наградталған – (1935
ж.)
14. 1937 ж. желтоқсанның 19 – күні халық жауы деген жаламен ұсталып
кетті (қамауға алынды).
15. 1938 ж. ақпанның 25 – күні тройканың үкімімен атылып кетті.
16. 1957 ж. қазан айының 3 – күні азаматтық тұрғыдан ақталды.
17. 1958 ж. ақпанның 22 күні партиялық қалпына келтірілді [3,576.].
Ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің творчестволық мұрасы санымен
және көлемімен өлшенбейді, мән – маңызымен, белгілі салада атқарған тарихи
қызметімен, жалпы дамуға тигізген әсер ықпалымен өлшенеді, бағаланады. Осы
тұрғыдан келгенде Қ.Қуанұлы Жұбанов – халқымыздың мәдениет, ғылым, өнер
тарихындағы аса бір жарқын құбылыс. Творчестволық жолы ерте үзілген, жан –
жақты әрі үздік талант иесі Құдайберген Жұбановтың бізге жеткен барша
ғылыми мұрасы бір томның көлемінде. Бұған ғалымның бізге жеткен еңбектері
дәлел [7,55.].
Ахмет Байтұрсынұлынан бастау алып, Құдайберген Жұбанов зерттеулерімен
жалғасқан қазақ тіл білімінің теориялық негіздері бүгінгі ғылымымызда
дәстүрлі жалғасын тауып отыр.
Ғалымның ғылыми мұрасы өткен күндердің мирасы, сонымен бірге теориялық
тұжырымдар мен бүгінгі ізденіс, зерттеуге арқау екенін көреміз.
Қ.Жұбановтың мұраларының бір саласы күн тәртібінде тұрған тіл құрылысы
проблемаларын шешіп беріп, тіл практикасында бірте – бірте орныққан
еңбектері болса, екінші бір саласы – озық ойлы теориялық ізденістері мен
зерттеулер [4,30].

1.2 Қ.Жұбановтың фонетика саласына қатысты зерттеулері

Тіл білімнің өзіндік орны бар, маңызды бір саласы – фонетика.
Сондықтан тіл дыбыстарын, оларға тән заңдылықтарды зерттеп және
терминологиялық жүйесін қалыптастыру лингвистиканың осы фонетика саласының
міндеті болып табылды. Қазақ фонетикасында бұл реттегі алғашқы зерттеулер
профессор Қ.Жұбанов есімімен тікелей байланысты. Ғалым өзінің зерделі
зерттеулері нәтижесінде қазақ тіл білімінің басқа салаларымен қатар
фонетиканың да обьектісін анықтап, дыбыстау мүшелері, дыбыстың саны мен
сапасы, буын, сингармонизм, екпін, алфавит, орфография, терминология т.б.
мәселелерге байланысты тұжырымды пікір айтып, тұңғыш рет қазақ
фонетикасының ғылыми курсын жасады [5,3].
Қ.Жұбановтың ғылыми фонетиканың орны мен объектісі туралы
көзқарастары. Алғашқы кезеңде зерттеушілердің бірі фонетиканы грамматика
құрамында қарастырьп, соған қатысты ғана сөз етсе, енді бірі оны жеке ғылым
саласы деп қарады. Сондықтан фонетиканың зерттеу объектісі де әртүрлі
түсіндірілді. Қ.Жұбанов бұрынғы тілші ғалымдар фонетиканы дыбыс жайындағы
ғылым деп түсінетінін, бірақ табиғаттағы (күн күркіреуі, арба сылдыры,
т.б.) адамнан тысқары, қоғамдық қажеттіліктен тумаған (түшкіру, кырылдау
т.б.), қоғамдық (музыка т.б.) және бір тілде сөйлеушілерге түсінікті (малды
шақыру, жел шақырғандағы ысқыру, т.б.) дыбыстарды фонетика тексермейтінін
айтып, адамның пікір алысып, сөйлеуге қызмет ететін тіл дыбыстарын ғана
фонетика өзінің зерттеу объектісі ететінін ескертеді. Ол: "Фонетика - дыбыс
тілі дыбыстарының тілдік қасиеттерін тексеретін ғылым", - деп, қазақ
лингвистикасында алғаш рет фонетиканың зерттеу объектісін көрсетіп берді -
дейді Ә.Жүнісбеков [8,192].
Дыбыстау мушелері. Қ.Жұбанов қазақ лингвистикасында бұл бағытта да
алғашқы болып зерттеу жүргізіп, "Қазақ тілінің грамматикасы" оқулығында
дыбыстау мүшелерінің қызметі туралы толымды пікір айтты. Бүл оқулыққа
дейінгі еңбектерде сөйлеу органдарының артикуляциясы талданбаған болатын.
Бұл мәселе қазақ фонетикасына осы оқулықтан бастап енді. Қ.Жұбанов дыбыстау
аппараттары өкпе, ауыз, мүрын және кедергі мушелер деп, "өкпе, сырнайдың
көрігінше, ісініп-басылып, ауаны біресе сыртқа теуіп, біресе ішке тартып
тұратынын", ал ауыз, мұрын қуыстары дыбысты зорайтып тұрса, ауа ағыны бірде
еріннен, бірде тіс түбі, не таңдай, не көмейден бөгеліп, кедергіленеді де,
дыбыс та кедергісіне байланысты әртүрлі шығатынын айтады. Дауысты
дыбыстарды шығаруда дыбыстау мүшелеріне, ал дауыссыздарды шығарған кезде
ауыз ішіндегі кедергі мүшелерге күш түсетінін дұрыс көрсетіп, олардың
қызметін де дәл тани білген. Дыбыстау мүшелерінің қызметі туралы
Қ.Жұбановтың пікірлері А.А.Реформатский, Л.Р.Зиндер, М.И.Матусевич,
І.Қ.Кеңесбаев, Ә.Н.Нұрмаханова оқулықтарын-дағы ой-тұжырымдармен ұштасып
жатқандығын байқатады. Тіл дыбыстарын түрлі аспектілер арқылы зерттеп тану
бағытындағы ғалым ізденістері жалпы фонетика тұрғысынан да маңызды [5,12].
Дыбыс пен фонема. Қ.Жұбановтың еңбек еткен кезеңінде фонетика мен
фонологияның жігі ашылып, тіл дыбыстарының мағына айқындауға қатысын
анықтауға ерекше назар аударыла бастаған еді. Әсіресе, фонема теориясы
туралы көзқарастар тіл дыбыстарың фонологиялық түрғыдан тексеруге жол ашты.
Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған И.А.Бодуэн де Куртенэ фонетиканы
жаратылыстану, ал фонологияны қоғамдық ғылымдар қатарына жатқызған болса,
Ф.де Соссюр де мұны екі ғылым ретінде таныды. Н.С.Трубецкой сөйлеу
дыбыстары фонетиканың, тіл дыбыстары фонологияның объектісі деп есептеді
[9,7]. Л.В.Щерба бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға қарсы болып, бұлар
бір мәселенің екі аспектісі екенін айтып, фонема мен оның варианттары
туралы теорияны жасады [10,18-12]. Ал Қ.Жұбанов өз кезінде Л.В.Щерба идеясы
негізінде фонема теориясын терең түсініп, тіл дыбыстарын фонологиялық
тұрғыда қарастырды. Сондықтан оның еңбектерінің өн бойынан "тілдік қызметі
бар дыбыстарды ғана зерттеу керек" деген қағиданы аңғарып отырамыз. "Бір
сөзді екіншісінен айырғанда екеуінің дыбысталуында бір айырмашылық
болғаннан айырамыз'', - деп, сөз бен сөзді айыратын негізгі белгі ретінде
дыбысталу мен оның мағынамен байланысына назар аударады.
Дауысты дыбыстар. Қазақ тілінде тоғыз дауысты дыбыс бар екендігін
айтып, оларды ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік-езулік қасиеттеріне қарай
алғаш рет топтастырушы В.В.Радлов болды [11,71-72]. Бірақ ол и мен у аралық
немесе жарты дауысты дыбыс деп атаған. Сондықтан Қ.Жұбанов "дыбыстау түріне
қарай" дауыстыларды толық дауыстылар а, ә, е, о, ө, келте дауыстылар ы,
і, ұ, ү және қосынды дауыстылар ұуүу, ыйій деп үш топқа бөлген. Қазақ
тіліндегі дауыстылар жуан-жіңішкелігінің фонологиялық кезеңі болатынын
дұрыс аңғарған ғалым жазуда олардың әрбіреуі бір-бір таңбамен
белгіленетінін айтьп, ал қосынды дауыстыларда мұндай қасиет жоқ деп
есептеп, ұуүу - бір ғана у, ыйій косындылары й әріптерімен таңбалануын
ұсынған. Жасалу түріне қарай ерін дауыстылары о, ө, ұ, ү және езу
дауыстылары а,ә, е, ы, і деп топтастырған. Қазақ тілі дауысты дыбыстарын
алғаш рет үш оппозициялық топқа бөліп жіктеген В.Радлов болса, оның ісі
Қ.Жұбановтың ана тіліміздегі зерттеу еңбегінде жалғасын тапты. Қазақ тілі
дыбыстарының жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып карама-қарсы
қойылуының фонематикалық мәні зор. Дауыстылардың бұл жіктелісі сингармонизм
заңдылығын терең түсінуге көмектеседі десек, Қ.Жұбанов та соған сай
топтастыра білген. Қазіргі оқулықтарда дауыстылар жақтың қатысына қарай
ашық, қысаң болып жіктелсе, Қ.Жұбанов дыбысталу түріне қарай толық, келте
деп бөлген. Олай болса, бір еңбекте артикуляциясына, екіншісінде
акустикалық ерекшеліктеріне қарай топтастырылғанын көреміз. Ғалым келте
дауыстылардың ерекшеліктерін дұрыс көрсеткен. Себебі қысаң дауыстылардың
ғалым айтқандай "бірде сапасынан айрылып" мүкі айтылуы редукцияға
бейімділігі деп білеміз [16]. Қ.Жұбанов "сөзге ән беретін - дауысты
дыбыстар" деп, қазақ тілі дауысты дыбыстарының акустика-артикуляциялық
кестесін жасап, В.Радлов, А.Байтұрсынов ізденістерін жалғастырып, ғылыми-
теориялық тұрғыда негіздеп берді.
Дауыссыз дыбыстар. Қ.Жұбанов жалпы қазаққа тән дыбыс пен оның
жергілікті ерекшеліктерге байланысты қолданылуы туралы жалаң атап
өтумен шектелмей, "диалектілік ен-таңбалардың қазақ тілінің қай-қай
салаларынан көрініс беретінін басын ашып таныған, саралап және дәл
көрсеткен" [2,184].
Қ.Жұбанов: "салдыр болып, я салдыры басым болып шығатын дыбыстарды
дауыссыз дыбыстар дейміз", - дейді [3,173]. Ол п, б, с, з, ш, ж, т, д, к,
қ, ғ, г дыбыстарын ғана дауыссыз деп: "Дауыссыз дыбыстардың бәрі егіз
болады да, бір сыңарының дыбысында сол салдырға болар-болмас үн қосылған
болады. Дыбысы тек салдыр болып шығатын сыңарын үнсіз дауыссыз дейміз.
Дыбысында салдырға үн аралас болатын сыңарын үнді дейміз", - дейді. Ендеше,
дауыстың катысына қарай Қ.Жұбанов үнсіз п, т, с, ш, к, қ , үнді б,
д, з, ж, г, ғ деген дыбыстар В.Радлов еңбектерінде - қатаң, ұяң, ал
А.Байтұрсыновта қысаң жолды, босаң жолды деп аталғанын білеміз. Дыбысының
созымды-созымсыздығына, яғни дыбыстың шығу, айтылу жолына қарай
дауыссыздарды үздікті т, д, п, б, к, г, қ, ғ , үздіксіз с, ш, ж,
з дыбыстар деп те жіктеген. Бүл дыбыстар туралы І.Кеңесбаев: "Шұғыл
фонемаларды айтқанда ауа үзіліп шыкқандықтан бұларды үздікті деуге де
болады. Ызың фонемаларды айтқанда ауа үзілмей шыққандықтан бұларды үздіксіз
деуге де болады", - деп, Қ.Жұбанов ізденістерінің дұрыстығын айғақтайды
[14,257-258]. І.Кеңесбаев ғ дыбысын айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне
жуысатындықтан оны ызың дыбыстар тобына қосып, Қ.Жұбанов зерттеулерін одан
әрі дамытты. Қ.Жұбанов дауыссыз дыбыстарды артикуляциялық ерекшелігіне
қарай жабысыңқы п, б, т, д, к, г, қ, ғ, жуысыңқы с, з, ш, ж деп
топтастырған еді.
Сонорлар. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі дыбыстарды дауысты, дауыссыз,
сонор деп үш түрлі акустика-артикуляциялық топқа бөліп, "үні мен салдыры
тең бірқатар дыбыстар бар, оларды сонорлар дейміз" деген еді. Ол үн мен
салдыр дауыстыларға да, дауыссыздарға да тән екендігін, тек дауыстыларда -
үн, дауыссыздарда салдыр басымдығына қарай екеуі бір-бірінен
ажыратылатынын, ал сонорлардың "салдыры мен үні тең" болатынын айтып, у,
й, р, л, м, н, ң сонор дыбыстар деп көрсетеді. Бүл жеті дыбыс та қазіргі
таным бойынша үнді дауыссыздар ретінде дауыссыздар құрамында қаралатыны
белгілі. Ғалым сонор дыбыстарды ауаның шығу жолына қарай тура жолды у, и
және айналма жолды р, л, м, н, ң деп екі топқа бөлген. Шығатын
орындарына қарағанда, у -еріннен, й - таңдайдан шығатын, ал жасалу түрі мен
созымдылығына қарай екеуі де жуысыңқы, сондықтан екеуі де созуға келетін
үздіксіз дыбыстар дейді.
Қ.Жұбанов айналма жолды сонорларды ауыз жолды айналма р, л және
мұрын жолды айналма м, н, ң деп екі топқа бөліп, ауыз жолды айналма
сонорлар шығарда дем мұрынмен айналып өтпсйді, ауыздың өзінен шығатынына,
яғни "ауыздың өзінің ішінде-ақ бұлтарып жүріп барып шығатынын" айтады.
Қ.Жұбанов н, м, ң дыбыстарын мұрын жолды айналма сонорға жатқызып,
"бұларда дем тура ауыздан шықпай, кеңсірікпен айналып барып, мұрыннан
шығады" дейді. Ол н "тіл ұшының үстіңгі күрек тіске соғуынан" жасалатын
курек тіс дыбысы десе, І.Кеңесбаев - тіл ұшы, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабековтер
тіл алды фонемасы деп үш түрлі атағанымен де, бұл дыбыстың артикуляциясын
барлығы да Қ.Жұбановпен бірдей көрсеткен. Сол сияқты, ғалым л - азу, р -
қызыл иек, й - таңдай, ң – көмей дыбыстары деп басқалардан өзгеше
атағанымен, жалпы алғанда артикуляциялық ерекшеліктерін дұрыс таныған [5,17-
18].
Сингармонизм. Жалғамалы түркі тілдер үшін сингармонизм тіліміздің
тарихи дамуы нәтижесінде қалыптасқан ең басты зандылығы болып табылады.
Қ.Жұбанов: "Сөз мүшелерін матастырып ұстайтын арқанның ең күштісі түбір
мүше мен қосымша мүшелердің үндесуі. Бұл заңды сингармонизм дейміз", -
дейді [3,193]. Ол сингармонизм деп түбір мен қосымша аралығындағы
дыбыстардың үндесуін қарастырған. Сондықтан түбір сөздің соңғы
буынының жуан-жіңішкелігіне қарай қосымшаның да жуан, жіңішке келуін және
екі аралықтағы көрші дыбыстардың үндесуін сөз еткен. Жалпы айтканда, ғалым
түбір мен косымша аралағындағы барлық дыбыстардың да үндесуіне көңіл
бөлген. Мұның өзі сингармонизм сөздің бүкіл өн бойында бірдей тембрдің
сақталуын қамтамасыз етіп, сөз қүрамындағы дауыстының да, дауыссыздың да
бір сазбен айтылып, өзара үндесіп тұруы туралы Ә.Жүнісбеков тұжырымдарымен
ұштасып жатқандығын танытады. Қ.Жұбанов сингармонизмнің тартына үндесу,
ұмтыла үндесу атты екі түрі бар екендігін айтып, соңғы буынының жуан-
жіңішкелігіне ермейтін "тон мойын" қосымшаларды да көрсетеді. Қорыта
айтқанда, Қ.Жұбановты қазақ фонетикасының ғылыми - теориялық негізін
салушылардың бірі деп білеміз", –дейді [5,17-19].

1.3 Қ.Жұбановтың морфология мен синтаксис салаларына
қатысты зерттеулері

Морфология саласына қатысты зерттеулері. Сөз-сөздің қалай құралатынын
жалпы түрде қарайтын ғылымды жалпы морфология дейміз – дейді Қ.Жұбанов.
Сөздің бір қалыпта тұрмайтын, бір сөздің өзі бірде тура, бірде бурма
күйде болып, өзгеріп, түрленіп отыратынын бұрыннан да білуші едік.
Ауылдың алды айдын көл,
Айдын көлде шағала.
Айдын көлді жағала! –

(Ілияс)
дегенде айдын деген сөз үш рет келген. Үшеуінде бір қалыпта, бірінің –
бірінен айырмасы жоқ. Көл деген сөз де үш рет келген, бірақ бұл – үшеуінде
үш түрлі:Осындағы сияқты бір сөздің өзі түрлі орында түрліше кейіпке кіруі
мүмкін. Сөздің сыртқы тұлғасы дейміз. Сыртқы көрінісінің (кейпінің)
түрленуін сөз тұлғасының түрленуі дейміз. Анау – көл, көлде, көлді –
дегендердің бәрі де сөз тұлғасының түрленулері.Сөз тұлғасының түрленуі, я
сөздің түркі мағынасына жаңа мағына үстеу үшін ғана керек; я болмаса, сол
сөзді басқа бір сөзбен байланыстыру үшін керек. Қ.Жұбанов сөз тұлғасының
түріне қарай, мынадай алты арыс болады – дейді. 1. Түбір сөз; 2. Қосымшалы
сөз; 3. Кіріккен сөз; 4. Қыйулы сөз; 5. Қосар сөз; 6. Қосалқылы сөз
[3,163].

Түбір сөз бен мен қосымшалы сөз. Сөздің түп мағынасын беретін бөлшегін
түп бөлшек немесе қысқартып түбір дейміз.
Айдын көл-де шағала.
Айдын көл-ді жағала, -
дегенде тұлғасы бірде көл-де, бірде көл-ді болып, екі түрде тұрған сөздің
екеуінің де түп бөлшегі көл дегені.
Көл дегенің көл-шік тағы дегендегі көлшік сөзінің де түп бөлшегі көл.
Көл-де, көл-ді, көл-шік сөздерінің түр мағынасын беріп тұрған түбірі – осы
көл деген бөлшек. Қалған –де, -ді, -шік деген бөлшектері қосымша.
Сөздің түбірі, осындағыдай, қосымша алып та, қосымшасыз тек өзі де
тұра береді. Ауылдың алды айдын көл, көл дегенің көлшік тағы дегендерде көл
сөзі түбір болғандықтан, қосымшасыз оңаша да тұр.
Сөздің қосымша бөлшегі түбірі бар сөзге қосылмай тұра алмайды. Оңаша
күйде пайдаға аспайды.
Сөздің түбірі қосымшасыз, өзі ғана тұрса, түбір сөз дейміз. Айдын көл,
көл дегенің дегендегі қосымшасыз тұрған көл сөздері – түбір сөздер.
Сөздің түбірі оңаша тұрмай, қосымша қосып алып тұрса, қосымшалы сөз
дейміз.
Көлде, көлді, көлшік түрінде тұрған сөздердің бәрі де қосымшалы сөздер
[3,164].
Жалғаулы сөз бен үстеулі сөз. Қосымша екі түрлі: бір түрі өзі
жалғанған сөзді басқа бір сөзбен қыйындау үшін керек; екінші түрі өзі
жалғанған сөздің түп мағынасына ғана мағына үстеу үшін керек.
Айдын көлде шағала (отыр),
Айдын көлді жағала! –
дегенде де қосымшасы көл деген сөзді шағала деген сөзбен қыйындастыру үшін
тұр. Бұл де қосымшасын жалғамай, айдын көл шағала деп қойсақ, сөздер
қыйындаспас еді, көл-ді дегендегі ді қосымшасы да көл сөзін жағала деген
сөзбен қиындастыру үшін тұр.
Осындай, бір сөзді басқа бір сөзбен қыйындастыру үшін жалғанатын қосымшаны
жалғау дейміз.Көл дегенің көл-шік тағы? Дегендегі көл сөзіне жалғанған шік
қосымшасы бұл сөзді басқа сөзбен қыйындау үшін емес, көл сөзіне ғана мағына
үстеу үшін тұр. Көлшік десек, үлкен емес, кішкене көл екенін көрсеткен
боламыз.Осындай сөздің түп мағынасына үстеме мағына қосатын қосымшаны үстеу
дейміз. Түбір сөзге жалғау қосылса, жалғаулы сөз болады. Көл-де, көл-ді
дегендер, осындай, жалғаулы сөздер.

Түбір сөзге үстеу қосылса, үстеулі сөз болады. Көлшік деген үстеулі
сөз.
Үстеу көп болады да, жалғау аз болады.
Қазақ тілінде қосымшаның бәрі де түбірдің соңғы жағынан жалғанады. Көл-
де, көл-ді, көл-шік деген сөздердің бәрінде де көл деген түбірі алдында,
қосымшалары онан кейін тұр.
Үстеу мен жалғаудың түбірге екеуі де жалғанса, үстеу бұрын келеді де, ең
соңынан жалғау келеді.

Орақшының орағын алды,
Сушының шелегін алды, -
дегенде, орақ-шы-ның, су-шы-ның деген сөздер әрі үстеулі, әрі жалғаулы
сөздер. Бұлардың аяғындағы –ның қосымшасы – жалғау. Бұл жалғау орағын,
шелегін деген келесі сөздермен байланыстырып тұр. Жалғаудан ілгері тұрған
–сы қосымшасы – үстеу. Бұл орақ, су дегендер сөздердің мағынасын үстеп тұр.
Орақ, су дегендер заттың аты еді, енді орақ-шы, су-шы болып үстелгеннен
кейін орақ жұмысын, су жұмысын істейтін адам деген мағына шығып тұр.
Жалғау, көбінесе, бір сөзде біреу-ақ болады да, бір жалғаудың үстіне
екінші жалғау жалғанбайды.
Үстеу бірінің үстіне бірі жалғана береді де, бір сөзді біреуі ғана
болмай, бірнешеуі бола береді. Сушы деген сөздің түбірі – су, үстеуі – шы.
Мұнда үстеуі біреу-ақ. Ал, орақшы деген сөздің түбірі ор, үстеулері бірінші
–ақ, екінші – шы. Мұнда екі үстеу бар. Орақ-шы-лық десек, бір сөздің өзінде-
ақ -ақ, -шы, -лық деген үш үстеу болады.
Үстеу нешеу де болса, түбір мен жалғаудың екі аралығында ғана болады
да, жалғаудан кейін келмейді. Жалғау түбірге де, үстеуге де жалғанады.
Үстеу де, жалғау да өздігінен пайдаға аспайтын, тек түбірлі сөзге
қосылып қана тұра алатын болғандықтан, екуін бір қосып қосымша дейміз.
Үстеулі я жалғаулы сөзді қосымшалы сөз дейміз.
Түбір сөз де, үстеулі сөз де сөздің өз басының мағынасын беретін
болғандықтан бұл екеуін бір қосып негіз сөз дейміз.
Түбір негізді түп негіз, үстеулі негізді туынды негіз дейміз. Көл-де,
көл-шік-те деген екі сөздің негіздері алдыңғысында көл, соңғысында көлшік.
Көл – түр негіз, көлшік – туынды негіз [3,164-166].
Түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің емлесі. Түбір сөз, үстеулі
сөз, жалғаулы сөздердің әрқайсысы бір-бір тұтас сөз саналады да, өзге
сөзден бөлек, әр түбір өзінің қосымшаларымен қосылып жазылады. Мысалы: ор,
орақшы, орақшының, көл, көлшік, көлшіктерде.
Өлі қосымша. Қосымшалардың осы күнде де үстеулі сөз жасай алатынын,
немесе, бір сөзбен екінші сөзді осы күні де байланыстыруға жарайтынын тірі
қосымша дейміз.
Мысалы: Темір-ші, ойн-а, колхоз-дың, ауыл-да деген сөздегі-шы,-а,
-дың, -да қосымшалары, осындай, тірі қосымшалар.
Бірқатар сөздердің түбір қанаты анық көрініп тұрса да, қосымша қанаты
сол сөзден айырылып, басқа сөзге жалғауға келмейтін болады. Мысалы: ертең
деген сөзде – ерте, соңыра деген сөзде – соң, жоңқа деген сөзде – жон
түбірлері бөлек шығып-ақ тұр. Өйткені, ерте, жон, соң деген түбірлер жеке
тұрып та қолданыла береді. Бірақ, ертең-дегі -ң, соңыра-дағы –ра, жоңқа-
дағы –қа ана сөздерден бөлініп, басқа сөзге жалғанбайды. Олар бір кезде
тірі қосымша болып жүрген де, бүгінде қосымша болуды қойып, түбірмен
бірігіп қатып қалған.
Осындай, бүгінде қолданылудан шығып қалған қосымшаларды өлі қосымша
дейміз.
Өлі түбір. Түбірдің де өлісі, тірісі болады. Мысалы: күрес, жарыс
деген түбірлердің соңғы –с, -ыс дыбысы осы күні де тірі қосымша. Мұны соқ
деген түбірге қоссақ, соғ-ыс, айт деген түбірге қоссақ, айтыс болады.
Соңындағы –с үстеу болған соң, оның алдыңғысы – түбір болмақ.
Сонда, күрес, жарыс деген сөздердің түбірі күре, жар болып шығады.
Бірақ, қазақ тілі бүгінде күресу, жарысу мағынасындағы күре, жар деген
түбірлерді білмейді. Сондықтан: бұларды өлі түбірлер дейміз.
Үстеулі сөз бен жалғаулы сөздің түбірі өлісі де, үстеулі я жалғаулы
өлісі де қосымшаларымен қосылып барып бір түбірге есептеледі [3,167].
Кіріккен түбірлер. Өлі түбірлі, не өлі қосымшалы сөздер сияқты, ішкі
жігін бүгінде жоғалтып, бірігіп кеткен сөздердің бірсыпырасы, түбір мен
жалғаудан құралмай, өңшей түбірлерден құралған:
Мысалы: ашудас сөзі – ашу+тас деген екі түбірден,
күндіз – күн+дүз (жүз, бет) деген екі түбірден,
айаз – ай+юз деген екі түбірден,
белбеу – бел+бау деген екі түбірден,
қаралат – қара+ала+ат деген үш түбірден құралған.
Осындай екі түбір, үш түбірден құралып тұрып, бір түбір болып
кеткен сөздерді кіріккен түбірлер дейміз.
Қиюлы сөз. Еңбеккүн, белбеу, қолғап, ашудас, жермай сияқты сөздердің
әрқайсысы екі сөзден құралып бір нәрсенің атын көрсетіп тұрғанын, сондықтан
мұндайлардың әрқайсысы о басба екі сөз болғанмен, бүгінде бір сөз болып
кеткенін білуші едік. Мұндай кіріккен сөздердің құрылысы осы күнгі қазақ
тілінде екі түрлі. Бірін – жалғасулы кіріккен, екіншісін – қиюлы кіріккен
сөз дейміз.
Жалғасулы кіріккен сөз тұтас күйінде тұрып-ақ тек жалғасып кірігеді.
Ол – ана қол+ғап, ашу+дас сияқтылар. Мұнда қол сөзі мен қап сөзі, ашу (ащы)
сөзі мен тас сөзі бұзылмай-жарылмай ғана жалғасып барып кіріккен.
Қиюлы кіріккен сөздер, ондай, тұтас тұрып жалғаспайды, жарықшақталып,
қиюы келтіріліп барып кірігеді. Ауатком, аухалтер, партком сөздері,
осындай, қиюлы сөздер ау+ат+ком сөзі аудандық атқару комитеті деген үш
сөзді қиюлап барып жасалған. Ау+хал+тер сөзі аудандық халық тергеушісі
деген үш сөзді қиюлап барып жасалған. Парт+ком сөзі партия комитеті деген
екі сөздің қиюын келтіріп жасалған.
Қиюлы сөздердің құрылысы үш түрлі болады:
а) буын қиюлылар,
в) әріп қиюлылар,
с) аралас қиюлылар.
Қосар сөздер. Түбір сөзден туынды сөз жасаудың жалғыз амалы түбірге
қосымша жалғау ғана емес, түбір сөздің я туынды сөздің өзді-өзін қосақтап
та сөзге үстеме мағына беруге болады. Мысалы: бала-шаға, үлкен-кіші,
үлкенді-кішілі, ұзын-қысқа, сатыр-сатыр, көзбе-көз, шай-пай, қап-қара, сап-
сары. Мұндай, қосарынан айтылатын сөздерді қосар сөздер дейміз.
Құрылысына қарай, қосар сөздер мынадай бес арыс болады: теңдес қосар,
сөздес қосар, матаулы қосар, тіркеулі қосар, қосақты қосар [7,133].
Қосалқы сөз. Қайсыбір сөздер түбірше, оңаша жұмсала алмай, басқа бір
түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің біріне қосалқы болып ғана жүре
алады. Ондай сөздерге көбінесе жаңадан үстеу де, жалғау да жалғанбайды.
Осындай сөздерді қосалқы сөз дейміз. Шейін, сайын, менен, да, қой, ақ, тым,
әрең, бек, қас, өте, ең, тап дегендер осы қосалқы сөздер.
Қосалқы сөзі бар түбір сөз бен қосымшалы сөзді қосалқылы сөз дейміз.
Қосалқы сөздердің тұратын орны екі түрлі:
Бірінде сөз түбірінің алдында тұрады. Ондайларын дәйек қосалқы дейміз.
Дәйек қосалқылар: тым (ауыр), әрең (бітірдім), бек (жақсы), қас (батыр)
т.б. сияқтылар;
Бірінде – түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің соңынан келеді.
Ондайын аяқ қосарлы дейміз. Аяқ қосалқы болатын: - (жазға) шейін, (ай)
сайын, (қой) мен (сиыр), (оқу) да, (жазу) да, (сен) ақ, (көрдім) ғой
сияқтылар.
Бір сөздің өз мағынасын ғана үстейтін қосалқыларды, үстеуге
ұқсағандықтан, үстеуіш қосалқы дейміз.
Бір сөзді бір сөзбен, я бір сөйлемді бір сөйлеммен қиындастыру үшін
тұратын қосалқыларды, жалғауға ұқсағандықтан, жалғауыш қосалқы дейміз.
Сөз мүшелері. Бір мүшелі сөз бен көп мүшелі сөз. Сөйлем бір мүшелі де,
көп мүшелі де болатын еді. Мәселен: Қыс. Жердің үстін қар жапқан деген екі
сөйлемнің әуелгісінде бір-ақ сөз бар. Ол бір мүшелі сөйлем. Екіншісінде үш
сөз бар. Бұл көп мүшелі сөйлем.
Сөздің құрылысы да сөйлемнің құрылысы сияқты. Жоғарғы екі сөйлемдегі,
қыс, қар деген екі сөз бөлшектеуге келмейді. Ондай сөзді бір мүшелі сөз
дейміз. Ал, жердің, үстін, Жапқан деген үш сөзді бөлшектеп, түбірі мен
қосымшаларына айыруға келеді. Мұндағы жер-дің деген сөзде екі бөлшек, үст-і-
н дегенде үш бөлшек, жапқан дегенде екі бөлшек бар. Бұлар көп мүшелі
сөздер.
Сөз тұлғаларының қандайы болса да, бәрі де түбір, қосымша, қосалқы –
үшеуінен құралады. Сондықтан, бұл үшеуін сөз мүшелері дейміз. Сөз тек түбір
сөздің өзі болса, бір мүшелі болады. Кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз,
қосымшалы сөз, қосалқылы сөздердің бірі болса, көп мүшелі болады.
Түп мүше мен жамау мүше. Сөздің түп мағынасын беретін – түбір.
Түбірсіз жерже сөз болмайды. Түбір бір өзі тұрып та, басқа мүшелерді ертіп
алып та сөз бола береді. Түбірден басқа мүшелер өздігінен сөз бола алмайды,
тек түбірге жамалып тұрып, түбір сөзді толықтыруға жарайды. Сондықтан
түбірді түп мүше дейміз де, қосымша мен қосалқыны жамау мүше дейміз.
Жамау мүшелердің түр-түрі. Жамау мүше болатын – қосымша мен қосалқы.
Қосымша мен қосалқының бір-бірінен айырмасы сол: 1) қосымша түбір сөзге
тығызырақ байланысқан. Сондықтан, қосалқымен қабат келсе, түбір жағында
қосымша тұрады да, қосалқы аяққа кетеді. Мысалы: жылқының да, сиырдың да
дегенде –ның, -дың деген қосымшалары түбір жағында тұр да, да қосалқысы
олардан соң келіп тұр. 2) Қосымшаның бәрі де түбірден соң ғана келеді;
қосалқының ішінде түбірден бұрын келетіні де бар.
Мысалы: нақ осының да қате, десек, осы деген түбірден нақ деген
дәйек қосалқы бұрын келген; -нық деген қосымша түбірден соң келген; да
деген енді бір қосалқы одан да соң келген [7,133].
Синтаксис саласы. Енді ғалымның қазақ тілі грамматикасы, синтаксис
жайындағы зерттеулеріне тоқталсақ.
Профессор Қ. Жұбанов грамматика жайындағы ілімін сөз қылғанымызда, ең
алдымен оның осы мәселедегі көзқарасын, түсінігін айқындап алу міндеті
тұрады. Бұған оның өз еңбектері жауап береді. Ғалымның түсіндіруінше,
тіліміздегі қарым-қатынасқа түскен сөздердің мағыналық көрінісін танып қою
жеткіліксіз, сол мағына қалайша туындап тұр, қандай формалардың әсері
болды, қысқасы, мағына мен форманың аралық тығыз қарым-қатынасын ескеріп
отыру қажеттігіне ол барынша назар аударттырады. Бұл жайт әсіресе автордың
Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан атты еңбегінде жақсы
тұжырымдалған. Осында ғалым грамматиканың алдына қойған мақсатын былайша
айқындайды: Грамматиканың мақсаты жалғыз-ақ сөздің қандай мағыналары
болатындығын баяндау ғана емес, қандай формаларға қандай мағыналар сәйкес
келетінін баяндап, дұрысы, қандай мағына шығу үшін сөзді қалайша құрастыру
керек екендігін баяндау. Сондықтан құрастыру, құрылыс жағын елемейтін
грамматика грамматика болмақ емес [18].
Проф. Қ. Жұбанов грамматиканың мәнін осылайша аша отырып, оның бір
үлкен саласы синтаксисті құрастыру, құрылыс деп түсіндіреді. Осы жағына
айрықша көңіл бөледі.
Қазақ тіл білімінде 50 жылдары сөз тіркесі синтаксисі өз алдына жеке
ғылым болып қалыптасты.
Бұған проф. М.Балақаев зерттеулерінің әсері болды. Міне, осы маңызды
мәселе де 30 жылдары проф. Қ. Жұбановтың назарынан тыс қалған жоқ. Ол
осыған арнап О формах сочетания слов в казахском языке атты мақала жазса,
сондай-ақ оқулық ретіндегі Қазақ тілінің грамматикасында (1936) да бұған
арнайы тарау беріп (сөз қиыны), тоқтала кетеді. Автордың сөз қиыны деп
отырғаны – біздіңше, қазіргі ұғымымыздағы сөз т іркесі. Бұл жайында ғалым
былай деп жазады: Сөйлемде бір сөз болмай, бірнеше сөз болса, бұл сөздер
бір-бірімен қиындасып тұруы керек. Қиынын келтірмей құрастырған сөйлем не
тіпті сөз болмай шығады да, немесе айтайын деген сөзің болмай, басқа
бірдеме болып шығады. Сөз қиыны дұрыс болу үшін екі шартты атайды: ...бір
сөзді екінші сөзге байлап беретін жалғаулар бар; соны дұрыс жалғау керек
[6,71].
Сөз тіркесіне байланысты тағы бір мәселе – автордың айтатынындай,
жетек сөз бен жетекші сөз. Бұл – тілімізде қазіргі баяндалып жүрген
меңгерілуші сөз бен меңгеруші сөз. Бұларды ғалым былайша түсіндіреді:
Сөйлем ішінде сөздер бірін-бірі ерте де, біріне-бірі ере де байланысады.
Еруші сөзді жетек сөз, ертуші сөзді жетекші сөз дейміз. Осылайша сөздердің
бір-біріне бағына байланысудағы заңдылығы ашылады. Мұның бәрі,
жоғарыдағыдай, автор өзі айтқан синтаксистің құрастыру, құрылыс
табиғатымен тығыз байланысып жатады. [27].
Проф. Қ. Жұбановтың қатты көңіл бөлген мәселелерінің бірі – күрделі
сөздер мен атаулардың синтаксисі. Бұлар әсіресе автордың Из истории
порядка слов в казахском предложении атты еңбегінде кеңінен сөз болады.
Сөйтіп, проф. Қ. Жұбановтың сөз тіркесі, күрделі сөздерге байланысты
жазғандары кейіннен оның жалпы сөйлем синтаксисіне арналған талдамаларында
нақтылана түседі. Бұл оның жоғарыда аталған Қазақ тілінің грамматикасында
айқын көрініс тапқан. Ғалым жалпы сөйлем деген ұғымды өте кең дәрежеде,
тіпті синтаксистік ұғыммен пара-пара қарастырады. Сөйлемнің жеке түрлері
мен бөлшектері болатындығын айта отырып, оларды қарастыратын арнайы бөлімді
сөйлем жүйесі немесе синтаксис деп атайды. [18].
Ғалымның өзіндік айрықша ілімі, әсіресе оның сөйлем мүшелері жайындағы
ілімінен анық байқалады. Сөйлемнің бастауышын ол бас мүше деп те атайды. Ал
бастауыш пен баяндауышты негізгі мүшелер деп қарастырады. Сөйлемнің
тұрлаусыз мүшелерін айқындауыш деп жіктейді. Осы жерден келіп автор
іліміндегі ерекшелік айқын байқалады. Ол тұрлаусыз мүшелерді өзара
саралауда жоғарыда сөз болған мағына мен формалардың өзіндік қызметін
басшылыққа алған. Осы ретпен тұрлаусыз мүшелер әуелі мағыналық белгісі
жағынан айқындауыш деп аталады. Мұны автор былайша дәлелдейді: Сөйлемде
баяндауыш қызметін атқарып тұрғанына қарай баяндауыш деп атағанымыз сияқты,
басқа мүшелерді айқындап тұрғанына қарай айқындауыш деп атау дұрыс болады.
Енді осы айқындауыш мүшелер формасына қарай екі түрге сараланады. Жалғаусыз
түрі анықтауыш болып аталады да, жалғаулы түрі толықтауыш делінеді.
Байқайсыз ба, анықтауыш, толықтауыш мүшелер, бұрынғыдай, сұрау арқылы емес,
тек формалық жағынан ажыратылады. Бұл турасында автордың өзі талдаған
сөйлемін келтіре кетуді жөн көрдік:
Жақып ұзақ сөйледі. Дәуіттің, Қасымның жаман жағын түгел ашып берді
(Бейімбет), дегенде ұзақ, жаман, түгел деген сөздер – анықтауыш. Дәуіттің,
Қасымның, жағын деген үшеуі – толықтауыш [3,150].
Проф. Қ. Жұбанов іліміндегі көңіл бөлерлік енді бір мәселе – ол сөйлем
мүшелерінің орналасу тәртібіндегі заңдылық. Сөйлем мүшелерінің
орналасуындағы қалыптасқан тұрақты заңдылықтарды айта отырып (баяндауыш
көбінесе сөйлем аяғында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықтайтын сөзінің,
толықтауыш толықтайтын сөзінің алдында тұрады), кейде олардың тіл
құбылысында әрдайым да сақтала бермейтіндігін орынды ескертеді. Мәселен, өз
табиғатына байланысты сөйлем соңында қолданылатын баяндауыштың орын
тәртібінің кейде өзгеретін заңдылықтарын да көрсетеді. Мұндай заңдылықтар
сөйлем құрылысының сипатына орай баяндауыш сөзін сөйлемнің басына, не
болмаса ортасына шығаратын болады. Осы ретте мұның өзі, автордың
көрсететініндей, үш түрлі сөйлем құрылысынан орын алады: ұранды сөйлемдер,
төл сөзді сөйлемдер, өлеңді сөйлемдер.
Мысалы: Жасасын Кеңес үкіметі! Бітсін байлар! – Құжырайған шал ғой, не
хабар біледі дейсің, - дейді бір келіншек (Бейімбет). Қартайдық, қайғы
ойладық, ұлғайды арман (Абай) [7,74].
Проф. Қ. Жұбановтың ілімі құрмалас сөйлем синтаксисінен де орын алған.
Әрине, бұл жайында оның арнайы жүргізген зерттеу жұмыстары жоқ, осы
турасындағы кейбір ой-пікірлері жекелеген еңбектерінде (О построении речи
на казахском языке, Жанғазыға хат, Қазақ тілінің програмы) көрініс
тапқан.
Проф. Қ. Жұбановтың құрмалас сөйлем жайындағы толық көзқарасы оның өзі
құрастырған, орта мектептің V – VII сыныптарына арналған Қазақ тілінің
програмы (1936) құралында айқын тұжырымдалған. Бұл программа – қазақ тілі
материалдарының ғылымға негізделген алғашқы жүйелі программасы ретінде
танылады. Себебі мәселе мынада еді. Отызыншы жылдардың бас кезінде
жарияланған кейбір программалар мен түрліше құралдар әр тектес мектептерге
(қазақ жастары фабрика-завод мектептерінің оқу жоспары мен програмы,
бастауыш политехникалы үлкендер мектебі, т.б.) арналған еді. Сондықтан да
оларда қазақ тілінен жүйелі түрде білім беру мақсаты көзделмеген, осыған
орай бұлар орта мектеп оқушылары мен оқытушыларының қажетіне сай келмейді.
Ал Жұбановтың программа осы жағын ескеріп, қазақ тілі грамматикасына
қатысты мәселелерді әр класс бойынша ғылыми-методикалық негізде алғаш дұрыс
жүйелей білген. Құрмалас сөйлем синтаксисінің (32 сағат) осы ретпен жай
сөйлемнен кейін VII сыныпта өтуі көзделген. Автор, басқа грамматикалық
мәселелер тәріздес, құрмалас сөйлем тақырыптарының кейбіреуіне де жол-
жөнекей түсініктеме беріп, мазмұнын аша кетеді. Бұдан оның сол кездерде
қазақ тіліне арналған жүйелі түрдегі оқулықтың жоқтығын ескеріп, әдейі
осылай талдама-түсіндіру әдісін де қолданғандығын аңғарамыз (Осы 1936 жылы
өзі құрастырған программаға сәйкес орта мектептің V сыныбына арнап Қазақ
тілінің грамматикасы оқулығын жазды. Аяқталмай қалған) [18].

Аталған программада құрмалас сөйлемнің ең алдымен салалас түрін
жасайтын түрліше амал-тәсілдер саралана көрсетілген. Ал сабақтас сөйлемнің
жасалуы программада, негізінен алғанда, қатыстық сөздері бар шартты рай
тұлғалы етістіктерге негізделген (Кімді айтсаң, сол келеді; Ол қандай
болса, мен де сондай). Осыған орай да бағыныңқылар сөйлем мүшелерінің
атымен аталған ( бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқы, т.с.с.) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВТЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қ. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік көзқарастар
Құдайберген Жұбанов қарастырған тіл білімінің салалары
Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Қ.Жұбановтың тілдік мұрасы
Сөз таптарының мәселелері
Ғылыми революциялардың құрылымы
Қазақ тілінің омоним сөздерінің статистикасы
Қазақ термин жасамының тарих даму кезеңдері
Ғалым Құдайберген Жұбановтың тіл біліміндегі орны, әдістемелік еңбектері
Пәндер