Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе. .: Кіріспе . .
3-9: 3-9
Кіріспе. .: I Тарау ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы мал шаруашылығының дамуы .
3-9:
Кіріспе. .: 1. 1. Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік-тұрмыс жағдайы . . .
3-9: 10-17
Кіріспе. .: 1. 2. Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығы . . .
3-9: 17-31
Кіріспе. .:
3-9:
Кіріспе. .: II Тарау Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы
3-9:
Кіріспе. .:

2. 1. ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы

Кіші жүз жеріндегі егіншілік . . .

3-9: 32-39
Кіріспе. .: 2. 2. ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының сауда -саттық кәсібі . . .
3-9: 39-45
Кіріспе. .:
3-9:
Кіріспе. .: Корытынды . . .
3-9: 46-48
Кіріспе. .: Пайданылған әдебиеттер тізімі . . .
3-9: 49-50
Кіріспе. .:
3-9:


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі қазақ халқы егеменді ел. Тәуелсіз мемлекет құрып, нарықтық экономиканы іске асырып, Орталық Азиядағы терезесі тең елге айналып келе жатырмыз. Өйткені тарихымызға сын көзбен қарап, ондағы орын алған «ақтаңдақтардан» тазарып, қазіргі заманның талабына сай шынайы қазақ халқының тарихын жазу тарихтың басты міндеті. Өйткені Ресейге бодан болған кездердегі және Кеңес өкіметі дәуіріндегі қазақ халқының адамзат тарихын саясатқа негізделіп жазылып, ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткен оқиғалары бойынша бұрмаланып жазылды.

Патшалы Ресей Кіші жүз ішінде болып жатқан өзгерістерді мұқият бақылай отырып, оларды басқаруда жаңа жүйелер енгізген. Орынбор әкімшілігі хан мен оның айналасындағы сұлтандардың халық арасында беделінің әлсіреп, ал халыққа жақын тұрған старшын мен билер ықпалының өсіп келе жатқанын сезіп халыққа білдірмей старшындардың ханға қарсы іс-қимылын өз мүдделеріне пайдаланып отырды. Патшалық Ресей Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдің мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесін енгізу жолдарын ойластыра бастайды.

XVIII ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз қазақтары өздерінің ежелден келе жатқан кәсібі мал бағумен айналысқан. Мал шаруашылығы экстенсивті жағдайда дамып отырған. Ол негізінен табиғи жайылымның жыл бойына пайдалануына байланысты еді. Кіші жүз даласының барлық жерінде мал саны өте көп болған. Қазақтардың күн көрісі, тіршілігі, малдың төрт түлігіне тәуелді болды.

Мал бағып өсіру атам заманнан бері келе жатқан кәсіп болғанымен, оның ауыртпалығы да көп. Малдың өсіп-өнуі ауа-райы мен табиғат жағдайына тікелей байланысты. Ыстығы мен суығына төзе отырып, қазақтар мал санын сақтап қана қоймай, оны көбейтіп, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған Кіші жүз даласының жері мен табиғаты біркелкі емес, соған орай мал шаруашылығын дамытудың үш түрі болған, олар: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылдық.

Кіші жүз қазақтары мал шаруашылығымен қатар, егіншілікпен де айналысқан, бірақ бәрі бірдей емес. Мал шаруашылығы сияқты, егіншілік те табиғаттың, ауа-райының жағдайына байланысты дамиды. Кіші жүз даласында егіншілікке қолайлы жер көп болған жоқ. Оңтүстік-шығыс ауданы, Сыр өзені бойы, батыс бөліктің солтүстік-шығыс жеріндегі қазақтар егіншілікпен ғана емес, бау-бақша өсірумен де айналысқанын көреміз. Егіншілік пен көшпелі шаруашылық қатар жүріп отырды.

XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарында егіншілік дами бастады. Оның бірінші себебі қазақтар шамалы болса да егіншілікпен ертеден-ақ айналысқан, оның ішінде Сыр бойы қазақтары суармалы егіншілікті де білетін, ал Ресей империясының отарлық саясатының салдарынан қазақтардың ата-баба жерлерінен айрылып, көшпелі мал шаруашылығының қысқаруы күн көріс үшін егіншілікпен айналысуға айналып соқты.

Кіші жүз жерінде патшалы әкімшілік-баскару жүйесінің орнауы, қазақ даласында хандықтың жойылуы елге саяси өзгерістер әкелсе, сонымен бірге шаруашылық саласында да көптеген өзгерістер ене бастады. Ресейдің отарлық саясаты ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, Кіші жүз даласын экономикалық жағынан оған тәуелді етіп қойды. Себебі өндірістің пайда болуы казақ даласындағы байырғы шаруашылықтың ыдырауын туғызған. Казақстан біртіндеп патшалы Ресейдің шикізат өндіретін аймағына айнала бастады. Ал мұның өзі сауда-саттық істің жандануына әкелді. Осыдан соң қазақ даласында бұрыннан келе жатқан керуен саудасы дамумен қатар тұрақты жұмыс істейтін жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңке базар болғаннан кейін оған апаратын тауар керек. Сондықтан қазақтардың шаруашылығы осыған бейімделе бастайды. Қазақтар саудаға араласады. Сөйтіп, XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардан сауда кәсіпкерлері қалыптасты. Алғашқы қазақ саудагерлері бай мен сұлтандардан шығады. Қазақ саудасымен айналыспаған, сауда оның ата кәсібі болмаған деген пікір соңғы кезде айтылып жүр. Бұл дұрыс емес. Сонау ерте кезден-ақ қазақ даласынан керуен жолдары өткен ғой. Ал Жібек жолы ше? Ол Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жері арқылы өтеді емес пе? Жібек жолындағы қалалар сауда орталығы болған жәрмеңкелерге малдарын әкеліп сатқан қазақтар сауданы білген және онымен айналысқан керуен жолдарындағы қазақтар малдарын өзіне қажет тауарға айырбастаған. Ал Орта Азия хандықтарымен көрші, сондай-ақ Ресей шекарасында жақын жердегі қазақтар саудамен айналыса отырып, малдарын өз өнімдеріне ақшаға да сатқан. Алып сатарлық сауда жүйесі онша дами алмаған. Сауданың бұл түрі Кіші жүз даласында барлық жерде бірдей дамыды.

Қазақтардағы сауда-саттық дала өнімдеріне сәйкес, өз ерекшелігімен дамыды. Сондықтан қазақ саудасының үш түрі болды. Біріншісі - ежелден келе жатқан керуен жолдарындағы ішкі қазақ даласындағы айырбас сауда, екіншісі - жәрмеңкелердегі сауда жазғы және күзгі мал жайылымдарына жақын жерлерде жасалды. Үшіншісі - тұрақты сауда - XІХ ғасырдың екінші жартысында патшалы Ресейдің отарлық саясатының ішіне енуіне басталып, Қазақстан жері түгелдей өлкеге айналған кезеңі қалыптасты.

Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. Бітіру жұмысын жазуда ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының дамуы мен кәсібі туралы орыс зерттеушілерінің еңбектерінде жан-жақты талдау жасалып жазылды: Қазақстан тарихын зерттегендер: А. И. Левшин1, В. В. Радлов2, Н. В. Якубов3, И. П. Рычков4 тағы басқа ғалымдыр.

Қазақ халқының тарихында қатысты жазылған арнайы зерттеулерді атап айтатын болсақ. А. И. Левшин қазақ даласында болып қазақ халқы мал шаруашылығы, егін шаруашылығымен айналысқанын атап көрсетті. Сонымен қатар мал шаруашылығының даму көзі шөп шабу, шөп дайындау, қыстан малды аман алып шығу. Қазақ даласында жаңадан ене бастаған шөп шабу кәсібімен қазақтар да айналыса бастады. В. В. Радловтың еңбегінде бай материалдар келтірілді. Ғұлама ғалым ұзақ жылдар бойы жинақтап жазылған. Бұл зерттеулерде этнография ғылымының қолдану аймағын кең көлемде ауқымды көрсеткен. Қазақ мал шаруашылығының көзі төрт түлікпен алатын барлық өнімнің тіршіліктегі орасан зор рөлін әсіресе, оның қазақ халқының этнографиялық жағын айқындап берген.

Н. В. Якубов Кіші жүз қазақтарының егін шаруашылығы және сауда-саттық ісін бірінші орынға қойды . Атап айтатын болсақ қазақ-орыс саудасының дамуы, керуен жолдарының ашылуын көрсетті. Мал саудасы Ресейге қазақ жерінен Орынбор және Кіші жүз жеріндегі жәрменкелер арқылы өткендігін атап көрсетті

. И. П. Рычковтың зертеулерінде Кіші жүз қазақтары үшін керуен саудасының маңызы зор болды . Қазақтар саудаға араласып, керуен жолдары өтетін ауылдарға керекті тауарларын малға және мал өнімдеріне айырбастап алып отырған. Кіші жүз арқылы Орта Азия және Ресеймен байланыста болды деп жазады.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың шаруашылығы мен саяси-әлеуметтік тарихын зерттеуде Кеңес тарихшылары: Е. Бекмаханов5, Н. Г. Апаллова6, Ж. Қасымбаев7, Х. Арғынбаев8, С. М. Мәшімбаев9 еңбектері ерекше зор.

Е. Бекмаханов еңбегі қазақ халқының егінді даласын, малын, көшпелілердің тұрмысын, рухани тіршілігін зерттеуде ерекше орын алады. Казақтардың шаруашылығы мал шаруашылығының өзіне тән ерекшелігі - оның көшіп жүретіндігі және олар жылқы, түйе, сиыр, кой, және ешкі өсірумен айналысқан. Қазақтардың әуелі көктемдегі жайылымға көктеу, мұнда ыстық түскенге дейін болып, сосын шөбі шүйгін, суы мол жазғы жайлымға жайлау қоныс аударған . жазғы жайылымнан қазақтар күзгі жайылымға күздеу орын көшіп барып, күн жылығанға дейін әдетте наурызға дейін, кейде сәуірге дейін тұрған Н. Г Аппалова Кіші жүз даласына зерттеу экспедициясын жүргізіп, қазақ-орыс саудагерлері Орынбор қаласынан Орта Азия саудагерлерінің келуіне рұқсат етіліп, керуен саудасын дамытуға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар Орынбордан Бұқар, Хиуа, Ташкент жолдары арқылы сауда керуені дамыды . Керуен құрамында құпия тыншылар бар еді. Олардың міндеті жергілікті халықтардың әдет-ғұрыптарын, тыныс-тіршілігін қағаз бетіне түсіру деп жазды.

Ж. Қасынбаев қазақ халқының тарихында мал шаруашылығы ерекше орын алады, сондықтан мал қазақтың жемісі. Қазақ елі ұлан байтақ жерімне бай, сондықтан мал шаруашылығы дәстүрлі дамып отырды Қазақтардың шаруашылығы ауа-райына байланысты жәйілді. Олар жылқы, сиыр, кой, түйе, және ешкі малын өсірді деп айкын жазды.

Қолданып жүрген этнографиялық зерттеу еңбегінде Х. Арғынбаев қазақтардың тұрмыс салт-дәстүрін және оның ішінде көшіп-қону, жайлау, күздеу туралы еңбектер тұрғысында жазылған.

30-50 жылдар арасында экономикалық және саяси байланыстар мен Ертіс өзенінің жағалауына қазақтардың орналасуы мен шаруашылық жағынан өзгеруі және Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы жайлы еңбектер, сонымен қатар казак отаршылдарының қазақ жерінен тартып алып өздеріне меншігіне айналдыра бастауын көрсеткен.

С. М. Мәшімбаевтың еңбегінде ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың шаруашылығы, егін шаруашылығы, сауда-саттық ісінің дамуы, Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығы жартылай көшпелі отырықшылдыққа көшуіне байланысты болды. Кіші жүз қазақтары батыс және солтүстік аймақтарда мал саны көп болды деп жазды .

Бітіру жұмысының деректік негізі

Бітіру жұмысын жазуда ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихының деректік құжаттарын пайдаланды. Атап айтатын болсақ -«Материалы по истории России сборник указов 1734; Оренбург, 190010, Казакское -русские отнашения в ХVIII- ХIХ века вв. Алма-ата, 11 Материалы по истории политического строя Казахстана, 1-том, Алма- Ата, 1960, 12 Материалы по истории Казахской ССР 1747-1828 гг том-4, Москва Ленинград, 1940, 13 Материалы по киргизкому землепользованию Уральский уезд Оренбург, 1909, 14 атты еңбектерді пайдаландық . Бұл жинақтарда біз қарастырып отырған мәселе бойынша құнды мәліметтер сақталған . Әсіресе ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы мал шаруашылығының жағдайы, сауда-саттық мәселерін толық қарастыруға мүмкіндік беретін кұжаттар жинағы.

Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері.

ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жуз қазақтарының мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, сауда-саттық ісі, және Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік тұрмыс жағдайы дами бастаған кезін қамтиды.

Бітіру жұмысының мақсатты мен міндеті.

Мақсаты. ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының шаруашылық дамуындағы өзгерістер мен ерекшеліктерінің сипатын ашу .

Міндеті. ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығының дамуындағы өзгерістерді ашу, Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік- тұрмыс жағдайы, Кіші жүз қазақтарының егіншщілік және сауда-саттық кәсібінің дамуы.

Бітіру жұмысының құрылымы. Кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарауда Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік тұрмыс жағдайы және кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығы.

ІІ тарауда Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы жазылған

І ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ

ЖАРТЫСЫНДАҒЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ

1. 1 Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік тұрмыс жағдайы

Қазақстандағы әлеуметтік қатырастарға талдау жасағанда жекелеген феодалдық институтардың қандай өзгерістерге ұшырағандығын және біз назар аударып отырған кезеңде қазақтардың қоғамдық өмірінде сол өзгерістердің қандай орын алғандығын арықтаудың маңызы өте зор. Мәселені бұлай қарастырмайынша жекелеген феодалдық институттардың таптық және әлеуметтік мәнін ашу мүмкін емес. » Қоғамдық ғылым мәселедегі ең сенімді нәрсе, -дейді Ленин, -негізгі тарихи байланысты ұмытпау, әрбір мәселеге тарихтағы белгілі құбылыс пайда болды, бұл құбылыс қандай басты-басты кезеңдерден өтті деген көзқарас тұрғысыан қарау және осы даму көзқарасы тұргысынан сол заттың қазір не болып отырғанына қарау»15

Ревалюцияға дейінгі буржуазиялық тарихшылар Қазақстандағы «ақсүйек» пен «қарасүйек» деген екі әлеуметтік топты ғана білді. 16 Олар ақсүйекке барлық Шыңғыс хан тұқымдары, ал қарасүйекке бүкіл қалған халықты жатқызды. Бұл екі топ барлық зерттеулерде әден қалыптасқан әлеуметтік категориялар болып тұрғыланды. Сондықтан бұл авторлардың еңбектерінен ХV ғасырда да, ХVII-ХIХ ғасырларда да «ақсүйек» пен «қарасүйекті» кездестіруге болады. Алайда бұл әлеуметтік топтардың қандай өзгерістерге ұшырағандығы, қарастырып отырған кезеңде қазақтардың қоғамдық өміріне олардың қандай орын алатындығы анықталмай қалды. Жүртқа мәлім ХV ғасырдағы ақсүйек ХIХ ғасырдағы ақсүйекпен көп жағдайда өзгеше болды, деп осыны «қарасүйек» жөнінде айтуға болады. Патриар-рулық қатынастардың ыдырауы жәнә топтардың саралануы процесінде «қарасүйектің» арасынан өздерінің жағдайы жағынан чингизидерге дес бермейтін текті шонжар және тәуелді қоғамдық топтар -егіншілер, жатақтар, байғұстар бөлініп шықты.

«Ақсүйек терминінің шығуы қазақ халкы тарихының бастапқы кезеңдерге жатады. «Ақсүйек» шонжарлардың пайда болуы татар-манғол басқыншылары үстемдік жүргізген кезеңмен және Қазақстанда феодалдық қатынастардың қалыптасуымне байланысты еді. «Ақсүйек» өкілдері өздерін Шыңгыс ханның ұрпақтарымыз деп атады. Қазақтардың этногенезін зертеумен арнайы шұгылданған сұлтан Мендәлі Пірәлиев17 былай деп жазды. «Ақсүйектің қарасүйекке үстемдік етуі жөнінде табиғи құқықтар деген ұғым бұл қазақтарға (қазақтар мен өзбектерге( монголдардан көшті дей аламыз. Қожайындар жерде жаралған жандар болмауы мүмкін дейтін қияли түсініктер олардықарапайым халықтан өзгеше тайпа деп есептелді.

Академик В. В. Родловтың атап көрсеткеніндей «тора» деген ежелгі түркі термині «ханзада» деген мағынада қолданылды. Г. Шленгелдің арнайы жазылған еңбегі18 ежелгі түркі халықтарындағы және монғолдардағы осы терминнің тегі мне мағынасы арналған.

Орта Азия тарихын зертеуші Кары- Құрбан-әлі-Қажы-Халид-Бек-Оғлы «төре» терминің шығуы да Шынғыс хан заманына жатқызды. Ол былай деп жазды «Қазақ хандарынәдетте төре деп атаған «Төре» деген сөз кезінде Шыңғыс ханың заңдары мне заңдар жинағының атауы болған, кейін оның ұрпақтары қастерлеп атауына атаған»

Автор «төре» сөзін бағыныштыларды қамшымен жазалау деген мағынаны білдіретін парсының «дрэ» деген сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Бүдан әрі автор қазақ хандары Шыңғыс хан заманынан бері «төре» сөзін өздерінің ұлдары мен туыстарыжөнінде қолдануы деген түсінік береді. Ханың бұйрығы сөзсіз орындалатын, хан өзінің

бағыныштыларын өлім жазасына кесе алатын болган, бірақ оның ұлдары мне туыстары мұндай құқық болмады-олар өз бағыныштыларын тек қана жазалай алды.

Төре дегеніміз ханның туыстары, олар өздерінің алатын орны жағынан хандардан төмен тұрды. Автор былай деп жазды, «төре» сөзі атақ деген мағынаны білдіреді. Шыңгыс ханың заманында мұндай атақ қолында толық билігі жоқ дегенді білдірген, Тибиян Нафидің тілдеррінде жарық көрген кітабында «төре» сөз қолында толық билігі, үлкен беделі жоқ адам екен мағынада қолданылған. Біздің заманымызда төре деп ханан төменірек түратындарды айтқан.

Мұның бәрі Мендәлі Пірәлиевтің «төре» деген терминің шығуы жөніндегі пікір қуаттай түседі. «Ақсүйек» өкілдері-төрелер бөлек феодалдық кастаны құрып, қазақтың рулық қауымына кірді. ХVII ғасырларға дейінгі «ақсүйек»өкілдері- хандармен сұлтандар -қазақтардың қоғамдық-саяси өміріне үстем болды. Қазақстандағы патриахалдық-феодалдық қатынастарға және осы негізде қалыптасқан дәстүрге байланысты тек «ақсүйек» өкілі ғана хан болып сайланатын. Сұлтан деген атақты тек чингизидтер ғана алатын. ХVII ғасырларға дейінгі бұл атақ қазақтардың қогамдық-саяси өміріне Шыңғыс хан үстем жағдайы арқылы орнықты. Бірақ ХIХ гасырдың бірінші жартысында «ақсүйектің» бұрынғы бірлестігі енді байқалмайтын болды. Олардың сословиеліке біртектілігіне патша үкіметің саясаты елеулі соққы берді. Патшаға қызмет етуге көшкен және үкіметтен ата тегінен бері дворян деген атақ алған билеуші сұлтандар мне аға сұлтандарды есепке алмағанда, 1822 жылы жарғының негізінде және Кіші жүздің саяси жағынан өзгеріске ұшырауы нәтижесінде чингизидтердің қалған бөлігі өздерінің артықша жағдайларынан айырылып қалды. «Ақсүйектің» ұрпақтары қалған бұқарамен араласып кетті.

ХIХ ғасырдың 40-жылдарында Орынбор Шекара Комиссиясының тапсырмасы бойынша қазақтардың жекелеген әлеуметтік топтардың -сұлтандардың, билердін және тархандардыңы зерттелді. Зертеушілердің бірі, ерекше тапсырмаларды орындаушы чиновник Андре қазақтардың арасындағы Шыңғыс хан тұқымдары жағдайына мынандай анықтама берді, «Орта Орданың батыс бөлігіндегі барлық сұлтандар өздерін Шыңғыс ханан тарағанбыз деп есептейді, ал бұлардын көбі ата тегін білмейді де . Өздерінің ақсүйектен тарағанын дәлелдеу олар үшін олар 3 ұрпақтан 6 ұрпаққа дейінгі тектерін білуге тырысады. Ордада Шыңғыс ханның мұндай ұрпақтарының пайдаланатын артықшылықтары аз.

Бұдан әрі Андре «ақсүйектің» бұрынғы артықшылықтарынан чингизидтерге үйлену жөніндегі әдеп ғұрып қана сақталғандығын атап көрсетеді. Өздерінің тегін мақтан тұтқан «төрелер» өз қыздарын «ақсүектен» шыққан қазаққа ғана күйеуге беру дәстүрін жалғастыра берді. Бірақ бүл дәстүр де барлық жерде бірдей сақталмады. ХIХ ғасырдың бірінші жартысында төрелер «қарасүйекпен» некелесе бастады. Мұндай төрелерді «қараман» деп атады. Мәселен, »қарасүйектен» құдандалы болғаны үшін төре Барақтын руы солай аталған болатын.

Сонымен ХIХ «төре» сословиесі енді біртекті болудан қалды . Бай төрелермен қатар кедей, күйзеліске ұшыраған, касталық оқшауларынан айырылған төрелер де болды. Солардың көбі «қарасүйектің»өкілдерімен қыз алысып, қыз берісіп кетті.

Сонымен ХIХ ғасырдың бірінші жартысында «ақсүйек» атағының сословиелік маңызынан гөрі тарихи маңызы көбірек болды. Тек патша әкімшілігі жөнінде белгілі бір қызметке ие болған сұлтандар ғана мұндайға ұшыраған жоқ. Сұлтанның шаруашылығы қауыммен тығыз байланыста болды, өйткені оған қауым мүшелері қызмет етті . Ақырында, төрелердің өз арасында көшпелі қауымдай патриахалдық -рулық қатынастар орын алды.

Қарастырылып отырған кезеңдерде сұлтандар мен ру шонжарларын қарама-қарсы қоюға болмайды. Сұлтандар мен ру шонжарларының жерді пайдалануға қатысты, сондай-ақ көшпелі қауымды қанау формалары өзгерген жагдайларға сәйкес бірдей болды.

Көшпелі қауымның қанауынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары -билер еді. Сөз болып отырған кезеңдерде билерде қазақтардың арасында үстем жағдайда ие болды Олар ерекшк құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуелі бастан-ақ қауымдық қатынастардың едәуір бөлігінде иелік еткен, бірақ ХIХ ғасырдың бірінші жартысында мал өсірудің дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы кыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды.

Сонымен ру билері хандар мен сұлтандар мен қатар сот-талап істерін қарап, кірісті білугеқатысты.

Тек «қарасүйектің» өкілдері би бола алатын, чингизидтер би болып сайлана алмайтын, бірақ сот істерін талқылауға бұлар қатысатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдағы қазақтардың шаруашылығындағы өзгерістер
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамы
Қазақ - Ресей саудасы
Қазақ-орыс қарым-қатнастары
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның мәні
Қазақстан жаңа заман тарихы
Қазақ ауылының шаруашылық жағдайы
ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОТАРЫ
Е.БЕКМАХАНОВ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz