Қылмыстық процесте өндірісті тоқтата тұрудың негіздері



М А 3 М Ұ Н Ы
Кіріспе

1 Қылмыстық іс жүргізу барысында өндірісті тоқтата тұру
1.1 Қылмыстық процесте қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұрудың түсінігі мен ролі
1.2 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері ретінде іс жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлар

2 Қылмыстық процесте өндірісті тоқтата тұрудың негіздері
2.1 Айыпталушының іске қатыса алмауымен байланысты, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері
2.2 Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың өзгеде негіздері

Қорытынды
Нормативтік құқықтық актілер
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
М А 3 М Ұ Н Ы

Реферат
Кіріспе
1 Қылмыстық іс жүргізу барысында өндірісті тоқтата тұру
1.1 Қылмыстық процесте қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұрудың түсінігі
мен ролі

1.2 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері ретінде іс
жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлар

2 Қылмыстық процесте өндірісті тоқтата тұрудың негіздері
2.1 Айыпталушының іске қатыса алмауымен байланысты, іс бойынша іс
жүргізуді тоқтата тұру негіздері

2.2 Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың өзгеде негіздері

Қорытынды

Нормативтік құқықтық актілер

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІС П Е

Бірінші дәрежелік бағыт ретінде құқықтық мемлекеттің құру жөніндегі
міндеттерді шешу тұлғаның құқықтық қорғалу механизмінің жетілуіне,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кепілдіктерін
оңайлатуын ойластырады. Қылмыстық - процессуалдық әрекетті жүзеге асырған
кезде құқықтық реформаның берілген бағытын іске асыру бірінші кезекте сот
әділдігінің процессуалдық кепілдеріне сүйенуі керек, тұлғаны құқықтық
қорғауға назар аударуды күшейту, қылмыстық сот ісін жүргізудің қағидаларын
жүзеге асырудың кепілдерін бекіту керек. Қылмыстық процесс қазіргі
талаптардың деңгейінде көп жақтық анализді қажет етеді. Қылмыстық процесс
орын алып отырған тұтыныстарды анықтауды, оның жетілуін қажет етеді.
Қылмыстық сот ісін жүргізу жағдайы бойынша, оның қүқықтық регламентациясы
бойынша құқықтың жалпы күйі жөнінде оның қоғамның даму сипаты мен деңгейіне
қаншалықты сәйкес екендігін ойлап білуге болады. Қылмыстық процесс
процедурасы негізгі кінәлау және айыптау, азаматтық құқықтары мен
бостандықтары қысым көрсету жағдайларын жоюға, адамдарды заңға құрметпен
қарау рухында тәрбиелеуге алып келеді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді
тоқтата тұру туралы сұрақтарды шешкен кезде де заң талаптары қатаң
сақталынуы керек, өйткені мұндай шешім қылмыстық сот ісін жүргізу
міндеттерін орындауда ғана көрініс тауып қана қоймай, процесс
қатысушыларының мүдделерін, сонымен қатар жедел сотқа олардың кұқығын
қозғайды.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін шешу өз мақсаты ретінде
қылмыстың жылдам және толық ашылуын, оны жасаған түлғаны әшкерлеп және
қылмыстық жауаптылыққа тарту әділ соттық талқылау және қылмыстық заңды
дұрыс қолдану табылады. Процестің жылдамдығы қылмысты уақытылы
бұлтартпауды, азаматтардың, мекемелердің, ұйымдардың занды мүдделерін
қалпына келтіруді ғана қамтамасыз етпей, ол істің барлық жағдайларын толық
жан-жақты және объективті зерттеуді, іс бойынша шындықты анықтауды
қамтамасыз етеді. Процестің кәдімгі барысын бөлу дәлелдемелік материалдың
жоғалуына әуреленуге алып келуі мүмкін, ол сот әділдігінің міндеттерін
жүзеге асыруда жақсы көрініс таппайды. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді
тоқтат тұрудың сұрақтарын оқудың қажеттілігі дәл осымен анықталынады.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру қылмыстық -процессуалдық құқықтың
маңызды институттарының бір ретінде ұзақ уақыттар бойы процессуалист —
оқымыстылардың мұқият назарында болып отыр. Біздің республикамыздың
қолданыстағы қылмыстық- процессуалдық зандылығы бұл институтты мүлде жаңа
түрде көрсетіп отыр, ол бұрыңғы 1997 жылы Қылмыстық -процессуалдық Кодекс
қабылданғанға дейін күші болған нормалардан анағұрлым ерекшеленеді.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың негіздеріне өзгерді — бұрыңғы
заңда қарастырылған үш негіздің орнына істі тоқтата тұрудың сегіз негізі
енгізілген. Олардың мөлшері өзгеріп қана қоймай, олардың сипаты да өзгерді,
егер бұрын іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері іс бойынша іс
жүргізуге айыпталушының (айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын тұлға)
қатысуға мүмкіншілігінің жоқтығымен байланысты болса, казір заң бірқатар
басқа да негіздерді қарастырады.
Істі тоқтата тұрған негіздегі заң бұзушылықтар көбінде дәлелдемелік
материалдың жоғалып кетпеуіне алып келеді және ол қылмыстық процесс
міндеттерін орындауда көрініс табады.
Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
институтын жалпы алғанда құқықтық реттеу және сотта іс бойынша іс жүргізуді
тоқтата тұру қолданылатындығы қылмыстық- процессуалдық заң бойынша аса
жетілмеген. Іс бойынша іс жүргізудің тоқтата түру туралы заң ережелерін
қолдану практикасында, соның ішінде зандылықтың жетіліп даму жолы мен
олардың одан әрі шешілуін талап ететін көптеген сұрақтармен мен
түсініксіздіктер пайда болады.

1. Қылмыстық іс жүргізу барысында өндірісті тоқтата тұру
1. 1. Қылмыстық процесте қылмыстық іс жүргізуді тоқтата
тұрудың түсінігі мен ролі

Қылмыстық іс жүргізуді тоқгата тұру қылмыстық істің дұрыс жолмен
тергеліп және шешуіне кедергі жасайтын объективті жағдайлардың пайда
болуына байланысты қылмыстық іс жүргізуді аяқтауға мүмкіншілік бермейтін -
бір жағдайларды біріктіретін қатынастарды реттеуге бағытталған қылмыстық іс
жүргізу құқығының функционалдық институты болып табылады. Сондықтан
В.Е.Гущеваның, Х.Ж.Кеюкаеваның, М.Е.Новикованың, Н.А.Патованың
көзқарастарын қолдай отырып, біз қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұруды
қылмыстық іс жүргізу құқығының жеке институты болып табылады деп
есептейміз.
Кейбір авторлар бұл жағдайда қылмыстық процестің екі тәуелсіз
институттары орын алып отыр деп бекітеді. Осыған байланысты В.Д.Ломовский
“Алдын ала тергеу және соттың талқылау сатыларында қылмыстық іс жүргізуді
тоқтата тұрудың мәні бойынша ұқсас институттарының орын алуына қарамастан
олар қылмыстық іс жүргізу құқығының жеке институттары болып табылады[1]”-
деп жазады. Осындай көзқарасты М.А.Матющенкода ұстанып отыр.
Бірінші инстанция сотындағы қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру.
Қазақстан Республикасының - іс жүргізу заңдылығы бойынша алдын-ала
тергеу сатысында, бас соттық талқылауын тағайындау сатысында, бас соттың
талқылау сатысында және апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді
қарастырған кезде іс -жүргізуді тоқта тұруға мүмкіншілік бар.
Осыған сәйкес В.Д.Ломовскийдің, МА.Матющенконың тұжырымы бойынша іс
жүргізуді тоқтата тұрудың төрт жекелеген институттары туралы айтуға болады.
Біз іс жүргізудің тоқтата тұру институтын осылайша бөлшектеуді дұрыс емес
деп есептейміз. Қылмыстық - іс жүргізу институты белгілі типтес қылмыстық
іс жүргізу қатынастарын реттеуге бағытталуы керек және ол осы қатынастар
пайда болатын сатыларға тәуелді болмауы керек.
Іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылатын сол бір жағдайлар
жөнінде пайда болған процессуалдық қатынастарды реттейтін функционалдық
қылмыстық процессуалдық институты болып табылады. Өзімнің көзқарасымды
дәлелдеу мақсатында бұл жөнінде бірқатар оқымыстылардың айтқан пікірлерін
келтіремін.
Сонымен, Н.А.Патов "Қылмыстық процестің әртүрлі институттары, сонымен
қатар қылмыстық, іс бойынша тоқтата тұру институтын процестің нақты
сатысының шеңберімен шектеуге болмайды — ол олардың қай сатыда пайда
болуына байланыссыз процессуальдық қатынастардың қайсы бір аумағын
реттейтін барлық нормаларын біріктіреді, ең бастысы бұл олардың бірыңғай
құқықтық негізі"- деп есептейді. М.Е.Клюковамен, В.П.Малковта "Тектік
қатыстылығы көзқарасынан қарастырғанда істі тоқтата түру басқа да бір,
қылмыстық процесстің анағүрлым жалпыланған институтының немесе оның
қандайда бір сатысының құрамдық бөлігі немесе элементі болып табылмайды.
Бұл қылмыстық - процессуалдық іс-әрекеті қиындатылған, мүмкін емес немесе
орынсыз болып келетін сатыларға жататын қылмыстық процестің жекелеген
аралық институты" — деп есептейді.
Іс жүргізуді тоқтата тұру институты — бұл алдын-ала тергеу сатысы
ішінде және істі апелляциялық шағымдары, наразылықтары бойынша қарастыру
үшін де бірыңғай институты екендігіне ҚР-ның Қылмыстық - процессуалдық
кодексінің Жалпы бөлімінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруды
регламенттейтін норманың занды бекітілуі де дәлелдеме болып табылады.
Істі тоқтата тұруды ерекше бір процессуалдық форма ретінде қарастыруға
болмайтындығы туралы М.Е.Клюкова мен В.П.Малкованың көз-қарастары дұрыс
болып табылады.
Айтылғандардың негізінде қарастырылған институттың келесі анықтамасын
ұсынамыз.
Іс жүргізуді тоқтата тұру институты — бұл қылмыстық істің дұрыс жолмен
тергеліп және шешілуіне кедергі жасайтын объективті жағдайлардың пайда
болуына байланысты қылмыстық іс жүргізуді аяқтауға мүмкіншілік бермеуімен
байланысты пайда болатын қылмыстық - процессуальдық қатынастарды реттейтін,
қылмыстық - процессуалдық құқықтың нормаларының жиынтығы.
Іс жүргізуді тоқтата тұру институтының түсінігін онымен тығыз
байланысты басқа түсінікпен — іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігімен
сәйкестендіруге болмайды.
Сондықтан тоқтата түру институтын "іс жүргізуді тоқтата тұру туралы
шешім қабылдау жолымен олардың заңды бекітілуіне, тергеуді аяқтауға кедергі
жасайтын объективті және заңмен белгіленген себептерді анықтап табуға
бағытталған әрекет және айыпталушының қылмыстық сот ісін жүргізуде қатысуын
қамтамасыз ету және нақты қылмыстық істі шешу үшін жағдай жасау мақсатында
ерекше процессуалдық түрде жүзеге асырылатын міндетті іс әрекет[2]" — деп
түсінетін Ю.В.Даровскиймен мүлдем келісуге болмайды. Қылмыстық
-процессуальдық іс-әрекет реттейтін құқықтың саласы ретінде қылмыстық -
процессуалдық құқық пен қылмыстық -процессуалдық құқықтың нормаларымен
реттелетін іс-әрекет ретінде қылмыстық процесс арасында теңдік белгісін
қалайша қоюға болмайтын болса, солайша осыған сәйкес қатынастардың белгілі
аумағында соттық және қылмыстық тергеу органдарының әрекеттерін реттейтін
нормалардың жиынтығы болып табылатын қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру
институттын осы әрекеттің өзі ретінде қарастыруға болмайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумы 1999 ж. 30 сәуірдегі
"Жазаны тағайындау кезінде соттардың зандылықты сақтауы туралы" 1
Қаулысында келесідей нұсқалар: "Қазақстан Республикасының Конституциясында
барлық адам заң және сот аддында тең екендігі туралы ережеге сәйкес және
соттың үкімінсіз ешкім қылмыс жасағандығы үшін кінәлі деп танылып және
қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін емес екендігін ескере отырып, әрбір
қылмыстық іс жасалған қылмыстың ауырлығына және сипатына, айыпталушының
қызметтік және қоғамдық жағдайына байланыссыз қатаң түрде Заңға сәйкес
шешілуі керек екендігіне соттардың назарын аудару керек. "Заңдылықтың
бұзылуына ешқандай ақталу қажет деп танылмайды[3]".
Жоғарыда айтылғандар толығымен негізсіз кінәлау және жазаға тарту
жағдайларын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсетуді
жоюға, адамдарды заңға құрметтік рухта тәрбиелеуге шақырылған қылмыстық
процесстің барлық процедурасына қатысты. Заң талаптары қылмыстық іс бойынша
іс жүргізуді тоқтата тұру туралы сұрақты шешкен кезде де қатаң сақталуы
керек, өйткені мұндай шешім тек қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін
орындауында көрініс таппай, процесске қатысушылардың мүдделерін, сонымен
қатар олардың жедел сотқа құқығын қамтиды. Бұл жөнінде М.С.Строгович былай
деп: - "қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылған тұлға оның
кінәлілігі туралы өзіне сотпен шешілуіне және оған сот алдында өзіне
тағылған айыпты даулауға мүмкіндік алуға құқығы бар, сондықтан сотқа істі
тапсырудың кешігуі тек занды негіздер болған кезде ғана рүқсат етіледі[4]"-
деп дұрыс айтқан.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерінің шешілуі қылмыстардың
жылдам және толық шешілуін және оларды жасаған тұлғаларды қылмыстық
жауаптылыққа тартуды, әділ соттық талқылау және қылмыстық заңды дұрыс
қолдануды өз алдына мақсат етіп қояды. Процестің жылдамдығы қылмыстың
уақытылы тоқталуына, азматтардың мекемелердің ұйымдардың заңды мүдделірінің
қалпына келуін ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, ол істің барлық
жағдайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге, іс бойынша шындықгы
анықтауға ықпал етеді.
Процестің кәдімгі барысының үзілуі әділ соттылықтың міндеттерінің
жүзеге асырылуына оншада жақсы емес көрініс табатын дәлелдеу
материалдарының жоғалуына алып келеді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді
тоқтата тұру сұрақтарын оқып-білудің қажеттілігі дәл осымен анықталынады.
Іс жүргізуді тоқтата тұру қылмыстық - процессуалдық қүқықтың маңызды
институттарының бірі ретінде ұзақ уақыт бойы процессуалист- оқымыстылардың
аса назарында болып отыр. Біздің республикамыздың қазіргі кездегі
қолданыстағы қылмыстық - процессуалдық заңдылығы бұл институтты жоғарыда
айтылып кеткен оның прообразынан анағүрлым ерекшеленетін мүлдем жаңа
түрінде ұсынып отыр. (Қазіргі кезде күші бар қылмыстық- процессуалдық
заңдылық бойынша). Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
институтын және жеке сотта іс жүргізуді тоқтата тұру институтын құқытық
реттеу қазіргі кезде күші бар қылмыстық - процессуалдық зандылық бойынша
жетілуден анағүрлым алыс. Іс жүргізуді тоқгата түру туралы заңның
ережелерін қолдану практикасында олардың одан әрі шешілуін талап ететін —
көптеген түсініксіздіктермен сүратқгар пайда болады. Бүгінгі таңда
процессуалист — оқымыстылардың көпшілігімен қабылданған, түрақтанған
қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқгата түру түсінігі бар деп айтуға
болмайды. Қылмыстық процесс теориясында бүл сүрақ дискуссиялық болып қалып
отыр.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата түру түсінігіне қатысты
бірқатар көзқарастарды анализдейміз. Іс жүргізуді тоқгата түруға
авторлардың назары негізінен алдын-ала тергеу сатысында аударылып
келгенінен байланысты, тоқгата түрудың бізге таныс түсніктері, көп
жағдайларда алдын ала тергеу іс жүргізуді тоқгата түруға қатысты.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата түру институты сотқа дейінгі
іс жүргізу үшін де және соттағы іс жүргізу үшін де бірыңғай екендігіне
көңіл айдара отырып қылмыстық процестің нақгы сатысына қатысты іс бойынша
іс жүргізуді тоқтата түру түсінігінің бірқатар анықгамаларын қарастырайық.
М.АЛельцов-Бебутов іс жүргізуді тоқтата тұруды "істі осы уақытта
жалғастыруға физикалық және заңи мүмкін еместігінің салдарынан іс
жүргізудің уақытша үзілуі[5]" — деп қарастырады.
Бұл кезде автор іс жүргізуді жалғастырудың "физикалық немесе заңды
мүмкін еместігін" қалай түсіну қажет екендігіне түсініктеме бермеген.
"Аладын - ала тергеуді тоқтата тұру, заңда көрсетілген негіздер
бойынша тергеушінің өзі шығарған арнаулы қаулы арқасында ол бойынша тергеу
әрекеттерін уақытша жасалмау, іс жүргізуде тек уақытша үзіліс болып
табылады деп Н.В.Жогин және Ф.Ы.Фаткулин жазған[6].
"Ресей Федерациясының қылмыстық процесс оқулығының авторлары келесі
анықтаманы: "Алдын ала тергеуді тоқтата тұру — бұл айыпталушының болмауымен
немесе оның қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмауымен негізделген
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудегі заңмен қарастырылған уақытша үзілісі" —
болады[7].
Барлық осы анықтамаларда "уақытша үзіліс" туралы айтылады, ол біздің
оймызша мүлде дұрыс емес. "Уақытша үзіліс" терминінің өзі қарсылық
тудырады: "үзіліс" түсінігі "уақыт", "уақытша" түсініктерін қамтиды.
Сондықтан іс жүргізуді тоқтата тұру туралы тергеудегі үзіліс туралы
айтқандай дұрыс[8].
Орыс тілінде "үзіліс" деген сөз өз кезегімен "белгілі бір іс
әрекетінің тоқтап тұру аралығы[9]" - деп талқыланады. Сонымен "уақытша
үзіліс" сөз тіркесі орыс тілі ережелерімен ешқандай келіспейді және
қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігін анықтаған кезде
осы екі сөздің бірін немесе "уақытша сөзін" немесе "үзіліс" сөзін қолдану
қажет. Мысалы, "уақытша тоқтату" , "іс әрекеттегі үзіліс" және т.б.
Осыған байланысты "Алдын ала тергеуді тоқтата тұру тергеу әрекеттерін
жүргізуге кедергі жасайтын жағдайлармен тудырылған тергеу әрекеттерін
жүргізуді уақытша тоқтату болып табылады" — деп К.Ф. Гуценкомен
редакцияланған "Қылмыстық процесс" окулығының авторларының анықтамасы
дұрысырақ болып табылады.
Іс жүргізуді уақытша тоқгата түру қажетті шара емес екендігін көрсете
отырып, А.И. Новиков бүл шараның тергеу жүмысындағы, заң арқылы негізделген
жағдайларға сәйкес уақытша тоқтату керек екендігін атап көрсетеді[10].
Тергеу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп, іс жүргізуді тоқтату
шараларын қабылдауға негіз болатын жағдайларды көптеген авторлар айыпкердің
немесе қылмысқа айыпкер ретінде тартылуға тиісті тұлғаның болмауымен
байланыстырады. Н.А.Патованың ойы бойынша "іс жүргізуді уақытша тоқтату —
бұл айыпкерді немесе айыпкер ретінде іске тартылушы тұлғаның болмына
байланысты тергеуді жалғастыруға және оны бітіруге мүмкіншілігінің
жоқтығынан туындаған тергеушінің процессуалдық ісіндегі үзіліс[11].
Бұл туралы Кургинян анығырақ тұжырымдайды, ол "тергеу ісін тоқтатуды
айыпкердің әр түрлі себептермен қылмыстық -процессуалдық қатынастардың
субъектісі ретінде тергеуге қатыса алмайтындығынан қылмыстық процесстен
шығуына немесе қылмыс жағдайы анықталып, істі бітіруге қажетті заңмен
негізделген шаралардың бәрі бітіп, оны аяқтауға заң арқылы шектелеген
уақыттың мерзімі аяқталып бірақ қылмыскердің анық талмауына байлансты
қылмыстық - процессуалдық құқық нормаларымен реттелген тергеу ісіндегі
"үзіліс" деп тұжырымды айды.
Осы сияқты тұжырымдарды Ю.В. Даровскихтан да байқауға болады. Ол бұл
форма тек - қылмыстық сот ісінің негізгі қатысушысы — айыпкер немесе
айыпкер ретінде қылмыстың іске тартылуы тиіс тұлғаның анықталмаған
жағдайында ғана қолданылады деп көрестеді. Қылмыстық процесстің негізгі
фигурасы - айыпкердің (сотталушының) болжауын автор қылмыстық іс жүргізу
процесін тоқтата тұру институтының негізгі белгілерінің бірі деп көрсетеді.
Әлбетте, бұл көрсетілген істі тоқтата түру түсінігінің анықтамасы 1958
ж. Кеңес Одағы мен кеңестік республикаларының қылмыстық сот ісі негіздеріне
сәйкес қабылданған қылмыстық - процессуалдық заң ережелеріне сәйкес келеді.
Бөліп айтсақ 1959 ж. Қазақ ССР-нің Қылмыстық процессуалдық кодексі, 1961 ж.
РСФСР Қылмыстық процессуалдық кодексі және басқа кеңес республикалардың
қылмыстық - процессуалдық кодекстері істі тоқгата түруды тек айыпкердің
заңда көрсетілген негіздерге сәйкес қылмыстық процеске қатыса
алмайтындығымен байланстырады[12].
Постсоветтік кеңістікте бүгінгі күнде кұқықтық қайта құру процесі
белсенді түрде жүріп жатыр, осының бірі ретінде қылмыстық - процестің
жаңалануын атап айтуға боладу. Осы сүрақгы қарастыра отырып, қылмыстық істі
тоқгата түру институтын да елеулі өзгерістерге үшырағанын айта кеткеніміз
жөн болар еді. 24.05.1999 қабылданған Қырғыз Республикасының қылмыстық -
процессуалдық кодексінде қылмысты тоқгата түрудың бір негізі ретінде
Қырғызстан Конституциялық сотына қолданылуыға тиіс заңцық конституциялылығы
жөніндегі сүрақпен келуін атап көрсеткен.
Ресей Федерациясының Конституция жөніндегі заңының 98 бабына сәйкес,
егер Конституциялық сот азаматтық өзінің конституциялық қүқы мен
бостандығының бүзылғандығы мәселенін конституциялық заңға сәйкес
келетіндігін қарау жөніндегі шағымын қабылдаған жағдайда, қылмыстық істі
жүргізуші орган өзінің жүмысын тоқгата түруға тиісті.
1997 ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық Кодексі Заң
айыпкердің қатысуына байланыстырмайтын іс жүргізуді тоқтата түрудың негізгі
3 бөлігін атап көрсетеді:
- бүл Соттың берілген қылмыстық істегу қолданылған заңның немесе басқа
нормативтік актінің адамның және азаматтың Конституциямен белгіленген
күқығы мен бас бостандығына нүқсан келтіретіндігінен конституциялық
екендігін жоққа шығаратын негіздемемен Конституциялық Кеңеске сүраныс
жасауы.
Бұл қылмыстық істі ары қарай жүргізуге кедергі келтіретін
үлкен күштің әсері.
бұл айыптаушыда жеке айыптау ісі бойынша оның ауыр
ауруының болуымен Қазақстан Республикасының шеткері
жерлерге іс сапарда болғанда немесе азаматтық борышын
өтегенде сотта қылмыстық құдалауды жүзеге асыру
мүмкіншілігінің болмуы.
Көріп тұрғанымыздай іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігін жоғарыда
қарастырылған анықтамалары біздің Республикамыздағы қолданыстағы қылмыстық
- процессуалдық заңдылықтың ережелеріне толығымен сәйкес емес.
Қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігінің
анықтамасын ұсына отырып тоқтата тұрудың мазмұныны сәйкес
қаулының шыққан уақытынан тоқталған іс жүргізудің қайта
жандандыру туралы қаулыны немесе қылмыстық істі тоқтату
туралы қаулының шығарғанға дейінгі кезеңмен
байланыстыратын кейбір авторлардың пікірлерімен келспеуге болмайды.
Мысалы, Н.А.Патов былай деп: "Алдын-ала тергеуді тоқтата тұру - бүл
біріншіден айыпталушының немесе айыпкер ретінде іске тартылуға жататын
тұлғаның болмауымен байланысты тергеуді жалғастырып және аяқтауға
тергеушінің объективті мүмкіншілігінің болмауымен тудырылған, екіншіден
тергеуді тоқтата тұру туралы қаулыны шығару кезеңінен басталатын және оның
қайта жаңарту немесе тоқтату туралы қаулыны шығарумен аяқталатын
тергеушінің процессуалдық іс әрекетіндегі үзілісі" — жатады.
Біз заңда көрсетілген кейбір негіздер бойынша іс жүргізуді тоқтата
тұру кезінде шынында да қылмыстың - іс жүргізу әрекетін жүзеге асыратын
органның іс әрекеті тоқтатылмау керек екендігін жоққа шығармаймыз.
Мысалы, егер қылмыс жасаған тұлға анықталмаса, оны аңқытау үшін барлық
шараларды қолдану керек, егер айыпкер қалып кетсе — оны іздестіру заң
арқылы негізделген шараларды қолдану керек. Егер істі-тоқтата тұруға
айыпкердің ауыр науқас болуы негіз болса, оны емдеуге қажетті шараларды
жүргізу керек, оған күзет қою және емделіп жатқан айыкердің қашып кетуінің
алдын алу шараларын жүргізу қажет.
Іс жүргізуді тоқтата тұру соттық берліген істегі заңның немесе басқа
да нормативтік актінің адамның және азаматтық Конституцияның бекітілген
құқы мен бостандығына нұқсан келтіретіндігнен конституциялық емес деп
танылуы туралы негіздемені ұсынған; істі жүргізуге үлкен күштің уақытқа
әсер етуімен жеке айыптаушының іске қатысты аңду жұмыстарын қаулы
қабылданған жағдайда осы себептерді жоюға бағытталған шараларды жүзеге
асыру қажет. Қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмысты тоқтата тұру
туралы қаулы қабылданғаннан кейінгі жұмысы тоқтаудың нақты негіздемесіне
қарай бағытталады.
Сондықтан істі қайта бағытталаған белсенді әркекет тек істі белгілі
негіздерге байлансты тоқтата тұруда расталуы болуы іс жүргізуді тоқтата
тұру түсінігі анықтауда дұрыс емес болар еді. Бұл жағдайда жекек алып қарау
қажет. Жоғарыда көрсетілген және басқада істі тоқтата тұру туралы
түсініктерді тағы процессуалдық акт ретінде өзінің жүзеге асуын істі
тоқтата тұру туралы қаулы қабылданбай-ақ бастайтындығын назарда
ұстамайтындығында болып отыр. Тиісті қаулыны қабылдау алдында қылмыстық
істі жүргізетін орган істі жалғастыруға кедергілердің бар екендігі
процессуалдық жолымен анықтауы қажет. Мысалы, тұлға түрғылықты жерді
тастамайтындығы туралы берілген қол хатты бұзып кетіп қалғанда, оларды
негіздеу үшін керекті кұжаттарды жинауы (анықтамалар және басқа да
құжаттар), қажетті тергеу істерін жүргізуі (сұрақ жасау, тергеу), басқада
процессуалдық әрекеттерді (іздеу салу бұлтартпау шараларын бақылдау) іске
асыруы керек.
Барлық аталған әрекеттер іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулыны
шығарғанға дейін жүзеге асады және сол мезетте сондай қаулыны шығаруға
қажетті жағдай болып табылады.
Біз мазмұндалғандардың негізінде іс жүргізуді тоқтата тұру бойынша іс
әрекеттің бұл бөлігі қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігінде
көрініс табады деп есептейміз.
Осы сипатта Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық заңы
негіздерін ескере отырып қылмысты істі тоқтата тұрудың төмендегідей
тұжырымын ұсынамыз: қылмысты істі тоқтата тұру — тергеу әрекетін немесе
істі басты сотта қарауды (уақытша тоқтата тұруға), сонымен қатар жағдайлар
арқылы туындаған, істі заңда көрсетілген тәртіпке сай уақытында өтуіне және
аяқталуына кедергі келтіретін қылмыстық процессті жүргізетін органдардың іс-
әрекеті.
а) істі занды және негізді түрде тоқтата тұру шарттарының сақтауға
негізделген әрекеттер
б) істі тоқтатуды процессуальдық тәртіппен қамтамасыз
етуге бағытталған әрекеттер
в) істі тоқтата тұру туралы шешім шыққаннан кейінгі
әрекеттер.

1.2. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқгата тұрі негіздері ретінде
іс жүргізуді аяқгауға кедергі жасайтын жағдайлар

Іс жүргізудің тоқтата тұрудың қажеттілігі іс жүргізудің кәдімгі
барысына кедергі жасайтын бір қатар жағдайлардың пайда болуы кезінде пайда
болады. Қылмыстық процесті жүзеге асырған кезде алдын-ала тергеудің немесе
істі соттық талқылаудың аяқталуына кедергі жасайтын әртүрлі жағдайлар пайда
болуы мүмкін. Оларға күмән тудырушының айыпталушының, жәбірленушінің немесе
куәгерлердің жерлерде болуы, айыпталушының жасырынып қалуы немесе қоғамдық
қауіпті іс әрекет жасаған тұлғаның белгісіз болуы жағдайлары, ұзақ уақыттар
бойы қорытындысын алуға мүмкін болмайтын сараптаманы тағайындау жатады.
Бірақ, объективті болып табылатын мұндай тектес жағдайлардың әрбірі істі
тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға алып келмейді. Қазақстан
Республикасының ҚІЖҚ-ң 50 бабында анықтаушының іс жүргізуді толық немесе
сәйкес бөлікте тоқтата тұруға мүмкін болатын жағдайлардың тізімі
көрсетілген. Қылмыстық процессуалдық заң бұл жағдайларды іс жүргізуді
тоқтата тұруға негіздер деп атайды. Қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұруға
қатысты айтатын болсақ, онда осы процессуалыдық шешімнің негіздері болып
қылмыстық процессуалдық заңмен бекітілген қылмыстық іс бойынша алдын ала
тергеуді және соттық талқылауды жүргізуді жалғасуымен аяқталуына кедергі
жасайтын жағдайлар болып табылады. Іс жүргізуді тоқтата тұруға алып келетін
бір қатар жағдайлардың қылмыстық іс бойынша жинақталған жеткілікті
мәліметтермен олардың болуы дәлелденген жағдайларда ғана негіздер ретінде
орын алуының жөні басқа. Занда көрсетілмеген басқа да жағдайлардың болуы
кезінде іс жүргізуді тоқтата тұруға мүмкін болады деп есептейтін
авторлардың пікірімен келіспеу керек.
Сонымен істі тоқтата тұру негіздері туралы айта келе Х.Ж.Кенжаев
өзінің диссертациясында былай: "Тергеуді тоқтата тұру жөніндегі жасалынған
практиканы зерттей келе, бұл негіздердің осындай шектелінген құқықтың
регламентациясының лайықсыз екендігіне көзім жетті. Кейбір тергеушілер
жәбірленушінің немесе куәгердің ұзақ, ауыр ауруға шалдыққан жағдайларында,
үлкен көлемді инвентаризация, ревизия немесе сараптаманы жүргізгенде
тергеуді тоқтатады" деп — көрсетеді.
Мұндай дағды автордың пікірі бойынша процессуалдық толық дұрыс деп
табылған[13].
Алдын ала тергеу ұқсастылық бойынша тоқтыла тұруы мүмкін деп көрсетет
келе П.С.Элькиндте ұқсас пікірді ұстанады: 1) айыптаушының қыстап қалуы
жағдайларында, тергеу органдарына қыстау орны белгілі болып оған жақын
арада жолдың ашылу көрінбегенде; 2) жәбірленушінің ауыр ауруға ұшырап оның
қатысуынсыз қылмыстық істі одан әрі тергеуге мүмкін болмаған
жағдайларда[14].
Мұндай мақұлдаулар заңға қайшы келеді және тергеушілер мен соттардың
арасында жаман дағды тудырады. Заңда сарқылған деп көрсетілген тергеуді
тоқтата тұруға негіздердің тізімін айта келе М.С. Строгович басқа бір
негіздер бойынша тоқтата тұруға болмайды деп көрсетеді, сондықтан маңызды
куәгердің кетіп қалуы, қылмыс жасалынған жердегі мекемені ведомстволық
тексеруінің бітпеуі сияқты жағдайлардың бойынша тергеуіді тоқтата тұру
заңға қайшы деп танылуы керек[15].
Бұл көзқарас көптеген басқада оқымыстылармен ҮВ.П.Быковпен,
В.Д.Ломовскиймен М.Е.Клюковамен, В.П.Малковамен, ПА.Лукинский мен
К.Ф.Гуценкомен, В.К.Бобровпен, К.Д.Шатило мен және т.б.қолдау тауып отыр.
"Барлық басқа да жағдайлар олар қанша жерден салмақты және маңызды
болғанымен істі тоқтата тұруға негіз бола алмайды — деп В.К.Бобров жазады.
Сонымен мысалы, ұзақ және бухгалтерлік ревизия, сарапшы қорытындысын алудың
кешігуі, жәбірленушінің тергеуге қатысуына кедергі жасайтын ауыр ауруға
ұшырауы және т.б. анықтауды және алдын ала тергеуді тоқтата тұру үшін
негіздер ретінде қарастырылмайды".
К.Д.Шатило, бұл пікірді қорытындылай келе былай: "Занда көрсетілген
алдын ала тергеуді және анықтауды тоқтата тұрудың негіздерінің тізімі
сарқылған болып табылады және ешқандай таралған түсініктемеге жатпайды.
Сондықтан алдын ала тергеуді немесе анықтауды занда көрсетілмеген басқа да
бір негіздер бойынша тоқтата тұру, заңңы дөрекі бұзу болып табылады" — деп
белгілейді[16].
Сонымен іс жүргізуді токғата түру негіздері туралы сүрақ біркелкі
шешілуі керек: іс жүргізуді тоқтата түру өңкей занда көрсетілген негіздер
бойынша жүзеге асуы мүмкін, және бүл жағдайда кеңейтілген түсініктеме
беруге, заңды үқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді. Іс жүргізуді
тоқгата түрудың қосымша негіздерін заңға енгізуді негіздеудің жөні басқа.
Іс жүргізуді жалғастыру нмесе аяқгауға кедергі жасай тын жағдайлар
пайда болған кезде процессуалдық әрекет қылмыстық процесстің әртүрлі
институттарымен реттелінеді.
Кейбір теоретиктер мен практикалық жүмысшылар жәбірленуші немесе
куәгердің ауыр ауруға үшыруы кезінде істе көрсетілген процеске
қатысушылардың көрсеткіштерінің болмауынан дәлелдемелік материалда кемтік
тудырып тергеуді аяқгауға мүмкіндік бермейді деп есептейді. Істе
көрсетілген түлғалардың көрсеткіштерінің болмауы куә болып табылатын
анықтау мен алдын ала тергеудің бір жақтылығымен толық еместігі қазіргі
кезде күші бар қылмыстық - процессуалдық заң бойынша істі қосымша тергеуге
бағыттау үшін негіз болып табылмайды. Бүл жағдай кассациялық инстанциямен
үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды.
5 мамыр 2000 жылғы 48-11 ҚРЗ., "Қылмыстылықпен күресу сұрақтары
жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес үкім
шығарған кезде анықталуының маңызы аса зор болып келетін жағдайларды
айқындалынбаған күйінде қалған соттық тергеу ғана біржақты және толық емес
жасалынған болып танылады[17].
Сондықтан, егер сұрақтың дәлелдемелік жағы туралы сөз болғанда, онда
жәбірленуші немесе мысалы іссапарда болуы салдарынан алдын ала тергеу
барысында куәгер ретінде жауап алынбаған тұлғаны сотта сұрап және осылайша
жеберілген кемтікті толықтыруға болады.
Одан басқа іс бойынша дәлеледеу үшін бір ғана жәбірленушінің немесе
бір күәгердің көрсеткіштері жеткіліксіз болады. Дәлелдеуге жататын барлық
жағдайларды белгілеуді, істің дұрыс шешілуін қамтамасыз ете алатын нақтылы
мәліметтердің қажетті және жеткілікті жиынтықтарын жинақтау керек.
Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарастыру кезінде пайда болатын
сүрақтарды шешкен кезде практикалық сот қызметкерлеріне көмек көрсетуге сот
іс әрекетінің эффектілігене ықпал етуге шақырған "Соттық стол үстілік
кітабының" авторлары былай: "Тәжірибеде осы күнге дейін соттармен заңда
көрсетілген негіздер бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру жағдайлары сирек
емес" — деп есептейді.
Бүл жөнінде екі қате кең таралған:
а) сотталушының немесе, жәбірленушінің ауыр ауруларға ұшырауы салдары
мен байланысты іс жүргізуді тоқтата тұрады.
ә) оның психикалық ауру фактісінің өзі белгісіз болып және сотта оның
психикалық жағдайына байланысты пайда болған күмән келуіне байланысты
сотталушыны сот — психиатриялық сараптамаға жіберу қажеттілігімен
байланысты іс жүргізуді тоқтата тұру.
Бұдан әрі авторлар былай: сотталушының психикалық жағдайы жөнінде
сотта пайда болатын кумәндер сот -психиатриялық сараптамаға міндетті түрде
тағайындаудың негізі болып табылады, ол іс жүргізуді тоқтата тұрмай, соттың
талқылауды біраз кешіктіріп қарауды қамтиды — деп көрсетеді[18].
Іс бойынша сараптама тағайындаумен байлансты іс жүргізуді тоқтата тұру
практикада жалғыз жағдайлар болып табылмайды. Оқымыстылардың мәліметтері
бойынша іс жүргізуі тоқтатылған қылмыстық істердің жалпы санының 2,25%
заңмен қарастырылмаған негіздер бойынша сараптама жүргізу, айыпталушының іс
сапарға аттануы және т.б. тоқтатылғандарды құрайды[19].
Жоғарыда айтылғандай қылмыстық іс жүргізу тоқтыла тұруы мүмкін қазіргі
кезде күші бар қылмыстық - процессуалдық заңдылық пен негіздердің тізімі
кеңейтілген ҚазақССР ҚІЖК-де сегіз негіздер қарастырылған.
Істі тоқтата тұрудың неғұрлым кең шеңберлі негіздерін заң тәртібімен
реттеу туралы сұрақ оқымыстылармен аз көтерілмейді.
Кей кедергі қылмыстық істі тоқтата тұруға тергеу көрсетілген
негіздердің ешқайсысы сәйкес келмей қалуы мүмкін екенін айта келіп,
В.Доценко мынадай жағдайларда да: 1) табиғаттың (сел су алу, жер сілкіну,
т.б.) және 2) ұзақ уақытты қажет ететін ревизия жұмыстарын жүргізуді т.б.
тергеу жұмыстарын жүргізу мүмкін еместігін, қылмыстық істі тоқтата тұруға
негіз бола алады деген толықтыру енгізуге ұсыныс жасады1.
Клюкова КДЖК-не басқа да қылмысты тоқтата тұру негіздерін, атап
айтқанда айыпкердің шет ел және тоқтата тұруға тиісті істі басқа іс бойынша
кейбір мәселелерін шешу қажет болған жағдайларды енгізу қажет деп
есептейді[20].
Н.Ф.Волкодаев пен В.А.Познанский өз кезегінде қылмысты тоқтата тұру
негізіне тергеушінің депутатты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы
жергілікті кеңеске немесе атқару комитетіне жазған өтінішін де кіргізу
туралы ұсыныс жасаған[21].
1997 ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық -процессуалдық Кодексін
қабылдағанда осы көрсетілген ұсыныстар назарда болды. Атап айтсақ: істі
уақытша тоқтата тұру үлкен күштің әсер, айыпкердің Қазақстан
Республикасынан тыс жерде болуы.
Ал заңның істі тоқтата тұруға негіз ретінде жәбірленушінің тергеушінің
ауыр науқас болуы, экспертиза белгілеу сияқты жағдайларды қабылдалуы
түсінікті.
Қайталау сараптама жұмыстары жәбірленушінің науқастануы сияқты
жағдайлар алдын ала тергеу жұмыстарының барысын қиындатса да, тергеуші күш
салған жағдайда көбінде аталған қиындықтарды женуге қол жеткізуге болады.
Жәбірленушінің өлімі іс жүргізуге кедергі болмайды ғөй, ал оның
науқастануы неге істі тоқтата тұруға негіз болуы керек. Мұндай жағдайлар
кезіндегі туындаған қиыншылыктар жеке тергеу әрекеттеріне ғана қатысты, ал
жалпы тергеу жұмысы ары қарай жалғаса алады.
Істі тоқтата тұру негіздері заң айыпкермен байланысты, өйткені негізгі
процессуалдық әрекеттер айыпкердің айналасында өрбиді айыпкердің және
айыпкер қылмыстық - процессуалдық қатынастар орталық фигура ретінде
қатысады. Айыпкердің тергеу процесіне немесе сотқа катыса алмауы
процессуадық қатынастардың бұзылуына әкеп соғып, аяғында қылмыстық
-процессуалдық әрекетті тығырыққа тірелді. Ерекше жағдайлар: мемлекетпен
шет жерде жүрген айыпкердің сотқа келуден бас тартқан және сотталушы немесе
айыпкер аса ауыр емес қылмыс жасап сотты өзінің қатысуынсыз-ақ жүргізуге
беруге өтініш білдірген, жағдайда, істің сотта каралуы айыпкердің
катысуынсыз жүзеге асырыла береді. Қылмыстық сот өндірісінде басқа
қатысушылардың - жәбірленушінің немесе куәнің, азаматтық араздалушының
немесе азаматтық жаупкердің, қорғалушының немесе мемлекеттік айыпталушының
қатыса алмауы көп жағдайларда іс жүргізуді қиындатса да, процесс барысына
әсер етпейді, бұл қиындықтардан шығудың заңмен белгіленген бірнеше
механизмдері бар. Жоғарыда атап көрсетілгендей, бұл -жәбірленушінің,
азаматтық арызданушы, азаматтық жауапкердің мүддесін - қорғаушы,
мемлекеттік айыптаушына айырбастау, жаңа дәлелдемелер жинау т.б.
Жоғарыда көрсетілген П.С.Элькиндтің айыпкердің қыстауында жол ашу
жұмыстары жақын уақытта жүргізілмейтін және істің барысы ауыр науқасқа
шалдыққан жәбірленушінің қатысуынсыз мүмкін емес жағдайларда істі тоқтата
тұру керек деген тұжырым данасына Быков В.М. мен В.Д.Ломовский мынайдай
қарсы пікір айтады: "Көрсетілген жағдайлар, іске қатысты ревизия жүргізу
сияқты әрекеттер, сараптамашының қорытындысы мезгілінде алмау сияқты
мәселелер істі уақытша тоқтата тұруға негіз және қылмыскерге катысты
айыпкерге тиісті қылмыстық жазаны тоқтатуға себеп бола алмайды.
Бұл жағдайлардың бәрінде, сот прокурор, тергеуші және жауап алушы
орган іс өндірісін аяқтауға байланысты барлық жағдайларды жасауы керек.
Егерде оларға айыпкердің қыстау орны белгілі болып, жол ашу жұмыстары жақын
уақытта жүзеге аспайтын болса, басқа байланыс, қозғалыс соның
ішінде авиацияны, әсіресе аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге қатысты
құралдарын қолдануы керек.
Іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері ретінде Қазақстан Республикасының
ҚІЖҚ-ң 50 бабында көрсетілген жағдайларды анлиздеу олардың әрқайсысының
белгісіз уақытқа одан әрі іс жүргізуді мүмкін емес етеді және дәл солар
қатал түсіп қалатындығын ертерек білуге болмайтындығын көрсетеді. Сонымен,
мысалы жасырынған айыпкердің қашан табылатындығын немесе жеңілметін күштің
әрекеті қашан бітетінін ертерек білуге болмайды. Кейбір авторлардың істі
тоқтата тұру негіздері ретінде ұсынылған ревизияны өткізу, сараптаманы
тағайындау сияқты жағдайларға қатысты айтсақ, онда оларды жүргізуге қажетті
шамамен алғандығы уақытты анықтауға болады. Бұл жағдайларда алдын ала
тергеу сатысында тергеу мерзімі туралы, ал басты соттық талқылау сатысында
сот талқылауын кейінге қалдыру сұрақтарын қою туралы өтініш ету қажет[22].
Мазмұндалғандарға байлансты іс жүргізуді тоқтата тұрудың басты соттық
талқылауында істі кейінге қалдырудың ерекшелігі туралы сұрақтарды
қарастырудың жөні басқа. Біріншіден іс жүргізуді тоқтата тұру Қазақстан
Республикасының ҚІЖҚ-ң 50 бабында көрсетілген жағдайлардың бірі болған
кезде мүмкін болады, басты сот талқылауын кейінге қалдыру негізі болып
шақырылған тұлғаның біреуінің сот мәжілісіне келмеуі салдарынан істі
қарастыруға мүмкіншіліктің болмауы (бұл жағдайда сот сотқа келмеген
тұлғаларды шақырту жөніндегі шараларды қарастырады) немесе жаңа
дәлеледемелерді талап етудің қажеттілігі (мысалы сотқа жаңа куәгерлерді
шақырған кезде сараптаманы тағайындау кезінде). Екіншіден, сот соттық
талқылаудың жалғасуына кедергі жасайтын жағдайлардың түсіп қалуына дейін іс
жүргізуді тоқтата тұрады, яғни істің тоқталуының нақты мерзімін көрсетпейді
басты соттық талдауын кейінге қалдыру туралы қаулысында сот басты соттық
талқылауының кейінге қалдыру мерзімін көрсетеді.
Мазмұндалғандарды түйіндей келе іс жүргізуді тоқтата тұрудың негіздері
ретінде қылмыстық процессуалдық заңмен қайсы бір жағдайларды тану үшін
келесі шарттардың болуы қажет деген қорытындыға келеміз:
1) жағдай іс бойынша процессуалдық іс-әрекеттің
барысына кедергі жасауы керек және бұл кедергі басқада заңмен
қарастырылған құралдардың көмегімен жеңілуі мүмкін емес;
2) егер жағдай іс жүргізуде процесс қатысушыларының
бірінің қатысуының мүмкін еместігімен байланысты болса, онда
ол тек айыпталушы болуы мүмкін (немесе, айыпталушы ретінде
жауапқа тартылатын тұлға болуы мүмкін) немесе жеке айыптау ісі
бойынша жеке айыпталушы болуы мүмкін;
3) іс жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлардың
түсіп қалу уақытысы белгісіз болуы керек.
Іс жүргізудің тоқтата тұру бұл - процессуалдық іс -әрекетінің кәдімгі
барысыны үзетін және процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғаудың дәлелдеу бөлігінде қылмыстық сот жүргізудің міндеттерін орындауды
бұл әрекеттін нәтижелерінде көрініс таппауы мүмкін емес мәжбүрлік, шеткі
шарт екендігін естен шығармау керек, сондықтан аталынған жағдайлардың
жиынтығы ғана болған кезде, қайсы бір жағдайлар іс жүргізуді тоқтата тұру
негіздеріне жатуы мүмкін.
Біздің ойымызша іс жүргізудің аяқталуына кедергі жасайтын осындай
тектес жағдайлардың бірі болып тоқтатылған іс бойынша преюдициялық маңызы
бар басқа іс бойынша қандай да бір сұрақтардың аладын ада шешілуінің қажет
етілуі болып табылады. Теорияда преюдицияда деп бір соттың шешімнің басқа
сотқа міндеттілігін айтады.. Азаматтық іс бойынша күшіне енгін сот
шешімімен немесе үкімімен анықталған фактілердің бас істер бойынша
преюдициялық маңызы бар. Ю.М.Грошева белгілегендей преюдициальділік бұрын
басқа сот актілерінде шешімін тапқан және осы іс үшін маңызды бар жекелеген
сүрақтардың қайта шешілуіне жол берілмеуімен байланысты деген[23].
Іс жүргізуді тоқтата тұру негіздерінің тізімін заң шығарушы ҚР-ң ҚІЖК
жалпы бөлімінің бабына енгізді, осылайша сотқа дейінгі іс жүргізу үшін және
бірінші сатыдағы соттағы іс жүргізу үшін де бүл негіздер жалпы болып
табылтындығын көрсету керек. Бірақ ҚР-ң ҚІЖК-нің 50 бабын анализдей алдын-
ала тергеу барысында және істі соттық талқылау кезінде осында аталынған
негіздердің барлығы біркелкі қолданыла бермейтіндігін көрсетіледі. Осыған
орай қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздерін келесідей
жіктеуге болады:
1) алдын ала тергеу сатынсындағы іс жүргізуді тоқтата тұру
негіздері;
1) соттағы іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері.
Алдын ала тергеу сатысындағы іс жүргізудің тоқтата тұру негіздеріне
келесілер жатады:
1) айыпталушыны ретінде жаупқа тартылатын тұлғаны
анықтай алмау;
2) айыпталышуның тергеуден жасырынған кезде немесе
басқа бір себептермен оның жүрген жері белгісіз болса;
3) айыпталушыны қылмыстық кудалау иммунитетінен
айыру туралы немесе оын шет мемлекекттердің беруі туралы
сүрақты шешуімен байлансты айыпталушының іске қатысуының
шынайы мүмкіншілігінің болмауы;
4) Занда қарастырлыған тәртіппен куәландырған
айыпталушының уақытша психикалық бұзылыстары немесе басқа
да ауыр ауруалыры;
5) Айыпталушының Қазақстан Республикасынан шеткері
жерлерде болуы;
6) Қылмыстық іс жүргізудің одан әрі жалғасуына уақытша
кдергі жасайтын жеңілметін күштің әсері.
Сотта іс жүргізуді тоқтат тұру негіздеріне жататындар:
1) айыпталушы соттан жасырынып қалғанда немесе басқа
бір себептер бойынша оның жүрген жері белгісіз болса;
2) айыпталушының қылмыстық құдалау иммунитетінен
айыру туралы немесе оны шет мемлекеттердің біреуі туралы
сүрақты шешуімен байланысты айыпталушының іске
қатысуының шынайы мүмкіншілігінің болмауы;
3) Заңда қарастырылған тәртіппен куәландырыған
айыпталушының уақытша писхикалық бұзылыстары немесе басқа
да ауыр аурулары;
4) Айыпталушының Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс
Қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұрудың теориялық, тәжірибелік мәселелерін қарастыру, қылмыстық іс боыйнша өндірісті тоқтата тұру және тоқтатылған өндірісті қайта жаңғыртуды реттейтін қолданыстағы заңнаманы талдау
Істі тоқтата тұру
Істі сотта қарау
Қылмыстық процессуалдық мерзім түсінігі және басқа мерзімдерден айырмашылығы
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Азаматтық істерді сотта қараудың бөліктері
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау
Мәнжазба
Пәндер