Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің дамуы мен проблемалары
I тарау. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен рөлі.
1.1. Комерциялық банк бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы ретінде.
1.2. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктің жүргізетін қызметтері.
1.2.1.Андеррайтингалық қызмет
1.2.2.Брокер, дилерлік қызмет
1.2.3.Кастодиандық қызмет
1.2.4.Репо операциясы
II Тарау.Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің дамуы мен проблемалары.
2.1. Қазақстандық коммерциялық банктің эмитент ретіндегі қызметіне талдау.
2.1.1.Коммерциялық банктің акция шығару мен тіркеу тәртібі.
2.1.2.Облигацияларды шығару тәртібі.
2.1.3.Сертификаттар мен вексельді шығару және айналысқа ендіру тәртібі.
2.2. Банк . кастодиан проблемалары мен перспективасы.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі.

Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер
Кіріспе
I тарау. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен
рөлі.
1.1. Комерциялық банк бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы ретінде.
1.2. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктің жүргізетін
қызметтері.
1.2.1.Андеррайтингалық қызмет
1.2.2.Брокер, дилерлік қызмет
1.2.3.Кастодиандық қызмет
1.2.4.Репо операциясы
II Тарау.Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы
қағаздар нарығындағы қызметтің дамуы мен проблемалары.
2.1. Қазақстандық коммерциялық банктің эмитент ретіндегі қызметіне талдау.
2.1.1.Коммерциялық банктің акция шығару мен тіркеу тәртібі.
2.1.2.Облигацияларды шығару тәртібі.
2.1.3.Сертификаттар мен вексельді шығару және айналысқа ендіру тәртібі.
2.2. Банк – кастодиан проблемалары мен перспективасы.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Қазақстан нарықтық экономикаға өткеннен кейін елімізде бірқатар
өзгерістер орын алды. Соның ішінде банктік секторды дамыту жөніндегі
шараларды жүзеге асырды. Біртіндеп жаңа заңдар, нормативтік актілер
қабылданып банк жүйесінің дамуына жол ашып берді.
1991-1994 жылдары қаржы нарығы, оның құрамында бағалы қағаздар нарығы
қалыптаса бастады. Қалыптастыру саясаты ұлттық кәсіпкерлікті қолдау, ішкі
және сыртқы инвестицияларды өндіріске тарту экономика салаларын әлсіз
шаруашылық құрылымынан тазарту, экономиканы төлем дағдарысынан шығару және
басқа да экономикалық, ұйымдастыру, хұқылық іс-шаралар жүйесінде
жүргізіледі.
Бағалы қағаздар нарығындағы банктердің рөлі күшейе түсті, олар өз
қызметінің маңызды бағыты ретінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметін
қарастырды. Коммерциялық банктер қаржы-несие институттар ретінде бағалы
қағаздар нарығының қатысушысы болып қоймай, сонымен қатар пайданы
қалыптастыру мақсатында бағалы қағаздар мен операциялар, инвестициялық
қызметпен операциялар жүргізеді.
Банктер бағалы қағаздар нарығында инвестор, эмитент және делдал ретінде
қызмет атқарады. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздары жеке және
корпоративті инвесторларды тартуда көп назар аударады.
Қазақстанда коммерциялық банктер эмитент ретінде өзінің жарғылық
капиталын, меншіктік қарыздық міндеттемелері – облигациялар және басқа
бағалы қағаздар шығару және құру мақсатында қызметін жүргізеді. Ереже
бойынша жұмыс істеу үшін үнемі бәсекелеседі, соның нәтижесінде өзінің
қызмет көрсету аспектісін кеңейтіп, құнын түсіруі мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде қор нарығында екі түрлі жүйе қызмет етеді: банктік
жүйе, банктік емес жүйе.
Тақырыптың актуалдылығы мынада, күннен күнге коммерциялық банктер бағалы
қағаздар нарығында үстемдік етеді.Оның көрінісін қарастырсақ, қазіргі таңда
қазақстандық коммерциялық банктер саны, соның ішінде қор нарығындағы жұмыс
атқаратын компания мүшелері ішінде банктер алып отыр.
Шетелдерде кастодиандық қызметті жеке банктерге тәуелсіз орган немесе
ұйым жүзеге асырса, біздің елде кастодиандық қызмет банктер тарапынан
жүзеге асырылады.Сонымен қатар, қор нарығында кастодиандық қызметті тек 10
банк-кастодиандар ғана атқарады.Ал брокерлік, диллерлік қызметті жүзеге
асыруда банктер өзінің еншілес компаниялары, ұйымдары арқылы жүргізеді.
Олардың саны 51-ге жетті. Осыдан коммерциялық банктердің біздің елімізде
бағалы қағаздар нарығында банктік жүйенің үстем етуі көрінеді.
Банктер – қазіргі уақытқа сәйкес пайдалы және тұрақты жұмыс істейтін
кәсіпорын. оның стратегиялық мақсаты – қаржы нарығында тұрақты позиция
ұстайтын клиенттерге Қазақстан территориясында жоғары деңгейлі банктік
қызмет көрсету және халықаралық нарықта банктік операциялардың кең
аспектісін жүзеге асырып, жеке және корпоративті клиент тобымен жұмыс
істеуде рационалды пропорцияларды қолдау.
Осы мақсатты жүзеге асыру халыққа қызмет көрсетіп отырған операциялардың
сақтығын, жинақтық ісін және шағын және орта бизнесті қаржыландыруын
халықаралық деңгейде жоғарылауын ұйғарады.
Болашақта екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар нарығында қызметі
ұлғая түседі деген болжам бар.Алайда, банктер осы нарықта жеке кәсіби
қатысушылардың қызметін жүргізе отырып бірқатар проблемалар тудырады.
Кеңірек бұл мәселелер курстық жұмыста қарастырылған.
I Тарау.Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен
рөлі.
1.1.Коммерциялық банк бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы
ретінде.
Коммерциялық банктер әмбебап қаржылық несиелік институт ретінде бағалы
қағаздар нарығының қатысушысы болып табылады. Қазіргі кезде коммерциялық
банктердің бағалы қағаздар операциясынан және инвестициялық қызметтен
түскен табыс пайданың қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктердің қатысу формасының
кеңеюі мен диверсификациялануы ірі қаржы-банктік топтардың ұйымдастырылуына
алып келді.олар коммерциялық банк тарапындағы өзіндік құрылымдық бөлімшелер
– инвестициялық қорлар, брокерлік фирмалар,трасталық компаниялар,
консультациялық фирмалар т.б.
Коммерциялық банктер қор биржасында еншілес қаржылық компаниялар құру
және брокерлік фирма қызметінде тікелей қатысу арқылы
белсенделеді.Банктердің бағалы қағаздармен операцияларының кеңеуі олардың
жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімаді қолдану
сферасының қысқаруымен ынталандырылады.
Инвестициялы – банктік филиалдар мен еншілес компаниялардың жүйесін
құру арқылы коммерциялық банктер халықаралық бағалы қағаздар нарығына
шығады.
Қазақстан Республикасының 1995 ж тамыздың №2444 Банктер және банктік
қызмет туралы заңы (толықтырулар мен өзгерістерді қоса алғанда )1сәйкес
коммерциялық банк бағалы қағаздар нарығында келесі операция түрлерін іске
асыруға хұқығы бар
- есептік операциялар: заңды және жеке тұлғалардың дисконт вексельдері
мен басқа да қарыздық міндеттемелерді есептеу жүргізу
- сейфтік операциялар: құжат формасында шығарылған бағалы қағаздарды,
клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын, сейфтік жәшіктер,
бөлімшелерді қосқандағы сақтау бойынша қызмет көрсетулер
- ломбардтық операциялар: жылжымалы мүлік және бағалы қағаздардың
кепіліне қысқа меррзімді несиелерді беру
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет.
Сонымен қатар осы заң мына кәсіби қызмет түрлерін реттеуге араласады:
-брокерлік, мемлекеттік бағалы қағаздармен
-дилерлік
-кастодиандық
-клирингтік
Банктердің осы аталған қызмет түрін, клирингтен басқа, бірігіп атқаруға
лицензия Ұлттық Банкпен беріледі.Үкімет және Ұлттық Банктің нормативтік
хұқықтық актілерімен осы Заңға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына
қатысушы банктерге қосымша талаптар қойылған.
Коммерциялық банктер өзінің акция, облигация, депозиттік қолхаттар және
т.б. бағалы қағаздарддың эмитенті ретінде, бағалы қағаздарды өз шотынан
алатын инвестор рөлінде және бағалы қағаздар операциясынан комиссиондық
сыйақы алатын делдалдық оперрацияларды жүргізеді.
Коммерциялық банктер акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан бағалы
қағаздар нарығында эмитент ретінде шығады.Бағалы қағаздарды шығару және
олар бойынша қызмет көрсету арқылы коммерциялық банк өзінің басты
міндетін – ақшаны аккумуляциялау және төлем құралдарын құруды жүзеге
асырады.
Биржаның, банктердің, өнеркәсіп ұйымдардың, түрлі акционерлік қоғамдардың
акцияларын сатып алу арқылы банктер инвестор ретінде шығады,бұдан бағалы
қағаздар портфелін құррайды.Мұндағы банктерддің мүддесі болашақта дивиденд
алу емес, компанияның қызметін басқару мүшесі ретінде болу.
Делдалдар рөлінде банктер кәсіпорындардың талабы бойынша шығарған акцияны
сату, қайта сату, сақтау және олар бойынша дивидендтер мен комиссиондық
сыйақы алады.Мемлекет тарапынан банктердің бағалы қағаздар нарығында
делдалдық қызметін тиімді реттеу жүргізілмегендіктен, олар клиенттерге
қызмет көрсету сферасын кеңейтіп отырады.Банктер қаржылық супермаркетке
айналып бағалы қағаздар нарығында брокерлік фирмалардың қатысуымен
банктік холдингтер құрып, өзінің саясатын осы құрылымдар арқылы жүргізеді.
Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер қызметінің схемасы
төмендегідей:
Бағалы қағаздар нарығы
Методикалық тұрғыда коммерциялық банктердің өзіндік бағалы қағаздар
бойынша эмиссия операциясы кеңірек регламенттелген. Ал инвестициялық және
делдалдық қызметі шамалы регламенттелген, бірақ осыған қарамастан банктер
бұл бағыттар бойынша бірдей белсенділік білдіреді.
1.2. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің жүргізетін
қызметтері.
1.2.1. Андеррайтингалық қызмет.
Алғашқы орналастыру – бағалы қағаздардың өмірлік циклда ең қиын
кезеңдердің бірі, өйткені мұнда олардың инвестициялық сапалапы бағаланып
эмитент инвесторлардың мүдделерін қанағаттандыратын ұзақ мерзімді табыс
төлей алатынын дәлелдейді. Алғашқы орналастырудың варианттары мен әдістері
нарықтағы эмитент пен инвесторлардың жағдайына тікелей байланысты.
Қор нарығының қызмет етуінде маңызды рөлді андеррайтер алады, олар
– алғашқы шығарылымды орналыстыруда қаржылық жауапкершілікті алатын (
брокер, диллерлер, инвестициялық компаниялар) агенттер. Эмитенттер
андеррайтерлерді бағалы қағаздарды алғашқы орналастыруда болатын
қиыншылықтарды олармен байланысты процедураларды шешу үшін пайдаланады.
Сондықтан, андеррайтерлер – алғашқы нарықта негізгі делдалдар болып
табылады.
Андеррайтинг – эмитенттерден жаңа бағалы қағаздарды сатып алу немесе
кепілді орналастыру және оларды басқа сатып алушыларға пайда табу
мақсатында қайта сату табылады. Ашық нарықты андеррайтер жаңа баға бойынша
бағалы қағаздарды келесі сипатта сатуды ұйғарады:
Эмитентке төлеген андеррайтер күтілетін Сатып алушының
алғашқы баға + шығындары + пайда = жаңа бағасы
Жаңа баға жоғарырақ болады, өйткені ол тек алғашқы құнды ғана емес,
барлық операциондық шығындар мен күтілетін пайданы қосады.
Бағалы қағаздары орналастыру және олармен оперциялар жүргізу үшін
инвестициялық банктерн мен компаниялар құрылады.
Инвестициялық компаниялар келесілерге маманданған ұйымдар:
• бағалы қағаздар шығарылымын ұйымдастыру және кепілдендіру;
• Бағалы қағаздарға қаражаттар салу;
• Дилер ретінде бағалы қағаздарды сату-сатып алу.
Инвестициялық компанияның қаражаттар айналымы ресурстарды
орналастыру мен таратуда тұрады:
• Бағалы қағаздарға олардың алғашқы орналастырумен байланысты қаражаттар
салу;
• Бағалы қағаздарға (олардың екінші нарықта қолдау үшін) басқа да
салымдар;
• Банктік шоттар.
Ресурстарды тарту (пассивтер) келесіден құралады:
1. өз бағалы қағаздарын шығару;
• акционерлік капиталды құжаттау үшін акциялар.
• заемдық капиталды хаттау үшін облигация.
2. бағалы қағаздар бойынша операцияның аванстық және банктік ақша
ссудалары.
Инвестициялық компанияның басқа инвестициялық институттардан
ерекшелігі – олар халықпен жұмыс жасауға құқығы жоқ; жеке тұлғалар қаржы
делдалының клиенттері; акционерлері және құрылтайшылары бола алмайды.
Андеррайтер – бағалы қағаздардың алғашқы орналастыруын және қызмет
көрсететін инвестициялық институт, не топ. Мұнда ол бағалы қағазды
орналастыра алмауына тәуекел алады. Сондықтан, бағалы қағаздардың
ардеррайтингі инвестициялық компанияның негізгі қызметі мен мақсаты болып
табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2 Андеррайтингалық
қызмет – эмитентпен келісім шарт негізінде бағалы қағаздардың жаңа
шығарылымын орналастыру бойынша брокер-дилердің мақсатты қызметі болып
табылады. Андеррайтер – брокер-дтлерлік қызметті жүзеге асыратын лицензиясы
бар және андеррайтингалық қызметті сыйақыға жасайтын тұлға.
Андеррайтингалық келісім – эмитент пен басқарушы андеррайтер арасында
бағалы қағаздарды орналастыру тәртібін және жағдайларын ескеретін келісім
болып табылады.
Андеррайтерлер тобы өз қызметін жүргізуде алынатын пайданың
қағидалары негізінде эмиссионды синдикат құрады. Эмиссионды синдикат заңды
тұлға болып табылмайды, өйткені, ол бағалы қағаздардың нақты шығарылымына
негізделетін бірегей міндеттемелерді шешу үшін инвестициялық компаниялардың
уақытша құрылатын ұйым болады.
Синдикат құрудың мақсаты – андеррайтерлер арасында бағалы қағаздарды
бөлу жолымен жүргізілетін жаңа эмиссияның тәуекелін басқару.
Андеррайтингтік бірнеше түрлерін ажыратады:
• келісім андеррайтингі, мұнда эмиссияның бағалық шарттары эмитент пен
тек бір синдикат менеджері арасында келіссөз негізінде қабылданады;
• бәсекелесті андеррайтинг, мұнда эмиссияны дайындауда бәсекелестік
бастауларды бірқатар андеррайтерлер жүргізеді, олардың әрқайсысы
бағалық шарттарды, эмиссиялық синдикатты дайындайды. Эмитент
андеррайтерді конкурстық өтініштер бойынша бағалық жағдайларға
негізделіп таңдайды.
Бағалы қағаздарды ашық орналастыруы андеррайтерлерден эмитентте
бизнес жағдайы мен қаржылық жағдайлар талдауын жүргізуге міндеттейді.
Андеррайтерлер инвесторлар үшін қажет шешім қабылдауда эмиссия
проспектісінде болатын барлық ақпараттар көлемін беруі керек.
Барлық андеррайтерлер үшін жаңа эмиссия процесінің жетістікті
аяқталуын тиімді басқару болып табылады. Бұл процесс мәміленің әрбір
cатысында жоғары стандарттарды қолдайтын үлкен қажеттілікті талап етеді. Ол
келісім бастамасынан басталып және клиент жағынан мәміленің жасалуымен
аяқталады.
1.2.2. Брокерлік және дилерлік қызмет.
Банктер бағалы қағаздар нарығында қаржылық брокер ретінде клиент
атынан және оның шотынан бағалы қағаздар бойынша сату, сатып-алу функциясын
атқаратын делдалдар (агенттер). Банктер, комиссионерлер ретінде бағалы
қағаздарды сату-сатып алу мәмілелерін өз атынан клиент шотынан жүзеге
асырады. Осы жағдайда банк комиссия келісім шартына негізделеді және клиент
талабы бойынша өз атынан бір немесе бірнеше мәмілелерді жасауды ұйғарады
және сыйақы алады. Комиссия шарты белгілі-бір мерзімнің көрсетілуімен
немесе көрсетілмей-ақ жасалуы мүмкін.
Банктер өз клиенттері үшін бағалы қағаздарды сату-сатып алу бойынша
мәмілелерді тапсырыс берушінің келісім-шарты негізінде жасайды. Сонымен
қатар, банктер клиенттердің бағалы қағаздарын сату-сатып алу мәмілелерін
биржалық және биржалық емес нарықта да жасай алады. Банк клиент өтінішін
қанағаттандыру үшін өзінің портфелінен сатуға немесе клиент үшін бағалы
қағаздарды ұсынатын портфельге сатып алуды жүзеге асырады.
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша операциялыр жүргізген
кезде банк дилер ретінде шығады. Дилер облигациялар мен мәмілелерді өз
атынан және өз шотынан жасайды. Кейін бұл облигацияларды инвесторға, яғни
дилер болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлға, меншік құқығы негізінде
сатады.
Банкке номиналды ұстаушы ретінде клиент шоттарымен брокер-дилерлік
қызметті бағалы қағаздар нарығында іске асыру құқы туралы лицензия
берілгеннен соң брокер-дилер мен клиент арасында келісім шарт, яғни
клиенттік тапсырыс ретінде құжат толтырылады. Бұл құжар, Брокер-дилер Ішкі
Ережесі мен Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілерімен
сәйкес хатталады.
Екі жақ келісімге сәйкес өз мүдделерін сақтау үшін барлық құжаттық
өзгерістер туындағанда ақпарат беру керек. Клиент сенімхат негізінде өзінің
жеке шоттарына өкілді тағайындауы мүмкін, ол оның клиенттік тапсырыстарына
қол қоюға және олар бойынша толық жауап береді.
Клиент өзінің тапсырмасы орындалғаны туралы брокер-дилердің ішкі
ережесіне сәйкес құжат түрінде есеп беруі керек. Сонымен қатар, клиент өз
шотындағы бағалы қағаздардың сандық мәліметтерін алуға құқылы және брокер-
дилерге бағалы қағаздар портфелі туралы инвестициялық шешімдерді өткізуге
беруі мүмкін:
• Брокер-дилер келесі міндеттер атқарады:қажетті құжаттар берілген кезде
клиенттің бағалы қағаздары мен ақша қаражаттарының есебін жүргізетін
сәйкес шоттар ашады;
• мәміле жасау кезінде клиент тапсырысын орындауды жетістікті ету үшін
барлық күш жігер салу;бағалы қағаздар мен мәміле жасау кезінде ең
жақсы бағадан төмен бағамен жасауға құқы жоқ;
• клиенттік талапты орындау кезінде туындаған қақтығыстар туралы
клиентті хабардар ету. Қақтығыс туған жағдайда клиент мүддесі шегінде
мәміле жасасу;клиент талабы бойынша бағалы қағаздар нарығының ағымдық
жағдайы туралы ақпарат беру;
• брокер-дилер ойына сәйкес нарықтағы жағдай клиентке, оның талабы мен
мүдделерін қарсы болатын күдіктер туралы хабарлау және әрі қарай
клиент тапсырысы бойынша әрекет ету;
• клиент талабы бойынша оның жеке шотының жағдайы жөнінде үш жұмыс күні
ішінде ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру.
1.2.3. Кастодиандық қызмет.
Кастодиандық бизнес және Кастодиандар ұғымы ХХғасырдың
70жылдарда англо-американдық банк ісі тәжірибесінен енді. Осы кезеңде
капиталдың әлем нарығы интернационализация процесін кешіріп, капитал ағымы
қажетті деңгейде сенімділікті талап етті. Сонымен қатар, үлкен көлемді
ақпараттар өңдеуді қажет етті, ал бұл жекеленген инвестор үшін ауыр болды.
Нақты нарықтың қажеттіліктері қаржы нарығында жаңа делдал түрінде әкелді –
кастодиандар.
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар туралы заңына сәйкес
кастодиандық қызмет – банктер мен банктік емес қаржы мекемелерінің өздеріне
клиенттер сеніп тапсырған бағалы қағаздар мен ақша қаражатын сақтауды және
есепке алуды қамтамасыз ету жөнінде бағалы қағаздар рыногында атқаратын
қызметі.
Кастодиандық институттардың қызмет көрсетуде екі тобы бар:
• негізгі қызмет көрсетулер;
• сәйкестендірілген қызмет көрсетулер.
Бірінші топқа мыналар жатады:
• Бағалы қағаздарды сақтау және есепке алу;
• Бағалы қағаздар бойынша дивидиенттер (%) алу;
• Бөліну, консолидация, конвертация
• Акционерлердің жалпы жиналысында клиент сенім хаты негізінде дауыс
беру;
• Бағалы қағаздар портфелінің жағдайы туралы талдау және есеп беру;
• Ақша шоттарын жүргізу;
• Шот қалдығына процент есептеу;
• Репо операцияларын орындау.
Екінші қызмет көрсету тобына мынаны қамтиды:
• Бағалы қағаздарға инвестициялау мен байланысты ақша ағымын талдау;
• Бағалы қағаздарды несиелеу;
• Бағалы қағаздар портфелін трасталық басқарумен байланысты қызмет
көрсету;
• Қол жеткізетін ақпараттық қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу туралы
заңына сәйкес кастодиан келесі функцияларды жүзеге асырады:
• Бағалы қағаздар мен мәмілелердің асырылуына бақылау жасау;
• Клиентердің мәмілеге керекті ақша қаражат пен бағалы қағаздар
портфелінің есебін және сақталуын қамтамасыз ету;
• Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде қызметті жүзеге асыру;
• Клиенттің мәмілесі бойынша төлем агенті функциясын іске асыру.
Кастодиондық келісім шарт жасасу кезінде бағалы қағаздар иемденуші өз
шотында тек бағалы қағаздарды ғана емес сонымен бірге оларды сатудан
дивидент түрінде түскен ақшаны да сақтай алады. Мәмілелерді жасауда кепілді
беретін және нарықта тиімді қызмет атқару мақсатында кастодиандар
депозиттік жүйенің қатысушылары болып табылады.
Сондықтан, бағалы қағаздар нарығында кастодианның қажеттілігі мыналармен
сипатталады:
1. инвестор үшін бағалы қағаз және ақшаның сақтығы мен есебі жөнінде
жағдай негізгі артықшылыққа ие;
2. кастодиан арқылы орталық депозитарий және басқа нарық қатысушылары
арасында байланыс жасалады;
3. бағалы қағаз және ақшаның, сонымен бірге мәміле жасалуы кепілденеді.
Қазақстанда кастодиандық қызметтті жүзеге асыруға лицензия алған 12 банк
қызмет етеді, оның 7 жинақтық зейнетақы қорларында кастодиандық қызмет
көрсетеді.
Банктердің кастодиандық қызметті брокерлік қызметпен қос атқаруын заңсыз
пайдалануын шектеу мақсатында және Ұлттық комиссияның 26ақпан 2000жылғы
№66, Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қосарлана атқару
туралы қаулысына сәйкес, 2000жыл соңынан кастодиандық қызметт брокер-
дилерлік қызменпен және клирингтік қызметпен қосарлана атқаруға келесі
шектеулерді орындағанда ғана рұқсат етілген:
• банктің ұйымдық құрылымына бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және
брокер-дилерлік қызметті жүзеге асыратын жеке бөлімшелердің болуы;
• банк 1 бөлімшенің 2 бөлімшенің құзырындағы қызметі мен жұмысын ат
қаруға тиым салынады;
• жоғарыда аталған банк бөлімшелерінің қаржы нарығында басқа қызмет
түрін орындауға тиым салынады;
• осы бөлімшелердің жеке өзіне тән бөлім үйдің болуы;
• банк бөлімшесінде қызметкердің басқа бөлімшеде орналасуына және онда
болуына рұқсат етілмейді;
• бөлімшелердің жеке есеп және құжат айналым жүйесінің болуы;
• банктің бір бөлімшесінің қызметкеріне екіншінің құзырындағы құжаттарға
және техника бағдарламалық кешендерге етуге тиым салынады;
• банктің кез келген қызметкеріне тиым салынады.
Кастодианды нарықта контрагент, яғни субкастодиан ретінде таңдауды шетел
кастодиандық институттар, соның ішінде әлемдік және аймақтық шетелде
еншілес құрылымдары бар кастодиандар жүргізеді. Олардың елде субкастодианды
таңдау процедурасы өте қиын және көп уақытты талап етеді. Субкастодианға
кандидат іздеуде мына параметрлерге көңіл бөлінеді:
1. Субкастодианның клиенттер мүдделеріне бағыты;
2. Персоналдардың шетел тілінде сөйлеу қабілеті;
3. Клиенттерге олардың бағалы қағаздар портфелін иемденуінің құны
мен статусы жөнінде күнделікті ақпарат беру;
4. жеткізутөлемге қарсы алу және жеткізу төлемнен бос алымдар
операцияларын уақытымен және сенімді жүргізу;
5. депозитарлықкастодиандық қызмет көрсетулер үшін алынатын
комиссия сыйақысының дұрыс деңгейі;
6. депозитарлық операцияларды өткізу тәжірибесі халықаралық
стандартқа SAS – 70 сәйкес болуы;
7. субкастодианның мемлекеттік орган деңгейінде шешім қабылдау
қабілеті.
Қазақстандық банк – кастодианның ірі шетел инвесторының және жетекші
кастодианның болуы – бұл банктің көрсететін қызметтерінің деңгейлік
көрсеткіші болып табылады. Бұл оның глобалды кастоди жүйесіне тиісті екенін
білдіреді.
Өкінішке орай көптеген Қазақстандық банк-кастодиандар аталған қызметтердің
барлығын орындамай, тек бағалы қағаздар мен ақшаны сақтау және аударумен
шектеледі. Ал нарыққа шетел банк-кастодиандардың енуі отандық
кастодиандарды өз қызметін ынталандыруға бәсекелестік тудырады. Бәсекені
жетістікті жүргізу үшін қызметтер саны мен сапасын ұлғайты керек.
Әлемдік тәжірибеде кастодианның қор нарығна қатысушы құрылымындағы
орнын мына схемада көруге болады:
Қазақстандық нарыққа сай бұл схеманы қарастырсақ, регистратор орталық
депозитариймен қажетті ақпараттар мен бағалы қағаздар мен мәмілені жасап
бітіру мақсатында келісім шарт жасасады. Алғашқы кезде регистратор бағалы
қағаз иесіне шот ашады, кейін оларды кастодианға номинал ұстауға берген
кезде бағалы қағаздар онда сақталады. Кейінгі қозғалысы, мысалы, қор
биржасында сатылуы кезінде регистротор орталық депозитариймен келісім жасап
шот ашып береді, өйткені бағалы қағаздар орталық депозитарийдің номиналды
ұстауына ауысады, сәйкесінше реестрге өзгерістер енгізіледі.
Бағалы қағаз иесі онда кастодиандық келісім жасалғаннан кейін өз шотында
алғашқы немесе екінші нарықта иемденген бағалы қағаздарын оларды сатудан
түскен дивидент ретіндегі ақша қаражаттарын сақтауы да мүмкін.
Кастодиан нарықтың тиімді қызмет етуін және бағалы қағаздар бойынша клиент
мәмілесін аяқтауын кепілдендіру мақсатында депозитарлық жүйенің мүшесі
болуға тиіс.
1.2.4. Репо операциясы.
Репо операция клммерциялық банкпен ғана емес, қаржылық компания және қор
нарығының басқа қатысушылары арасында кең қолданатын операцияның бірі болып
табылады. Оның маңызы ашық нарықта икемді және шығындарды аз талап ететін
мақсатқа тез жетуші операция болады. Коммерциялық банктер тәуекелдің төмен
деңгейімен уақытша бос ресурстарды орналастырудың мүмкіншілігін
қарастырады.
РЕПО – бұл біріншіден бағалы қағазды сатушы, екіншіден оларды екінші жақ
талабы бойынша белгілі-бір күнде сатып алу міндеттемесін алатын қаржылық
операция.
Бағалы қағаздарды қайта сатып алу алғашқы сату бағасынан ерекшеленеді,
екеуінің арасындағы айырма табысты құрайды.
Қайтарымды репо сатушы жағынан бағалы қағаздың тура сондай сияқты мәмілесін
білдіреді. Репо операциялар екі жақтың келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Қызмет ету мерзіміне қарай репо үшке бөлінеді: түнгі (бір күндік), ашық
(операция уақыты дәл анықталмаған), мерзімді (бірден артық күнге,
фиксированный мерзіммен).
Коммерциялық банктер қор биржасында арнайы котировкалардан өтетін бағалы
қағаздармен операциялар жүргізеді:
• мемлекеттік бағалы қағаздармен;
• мемлекеттік кепілдендірген бағалы қағаздармен;
• бірінші класты коммерциялық вексельдермен;
• ірі өндірістік компаниялар мен банктердің акциялары мен облигациялары;
• депозитті сертификаттар.
Коммерциялық банктің бағалы қағаздарды иемдену бағасы қор анрығынның
қатысушы қойған сенімділік, өтімділік, репо келісімін іске асыруға
байланысты болып, әдетте мәміле жасау кезінде бағалы қағаздардың нарықтық
құнының 50-90% құрайды. Келісім мерзімібіткеннен кейін қор нарығының
қатысушысы өз бағалы қағаздарын қайтып сатып алады.
Қор анырығының қатысушылары бағалы қағаздардың өсу тенденциясы
байқалмағанда репо операцияларын жүргізуді мүдделенеді және нарық
қызығушылық білдіретін бағалы қағаздардың айналым капитал операциясын талап
етеді. Коммерциялық банктер қазіргі уақытта бұл операция жүргізілуін баланс
өтімділігіг қолдау үшін артықшылықты деп табады.
2 тарау. Қазақстан Республикасында комммерциялық банктердің бағалы қағаздар
нарығындағы қызметтің дамуы мен проблемалары.
2.1. Қазақстандық коммерциялық банктер эмитент ретіндегі қызметіне талдау.
Қазақстандық банктерді екі ірі топқа бөлуге болады. Бірінші топ банктері
мемлекетпен құралады, олар мемлекет иелігінде акция пакеті болатын бұрыңғы
маманданған банктер және түрлі министрліктер мен ірі кәсіпорындармен
құрылған салалық банктер болып табылады. Олардың қызметі тікелей
мемлекетпен және бюджетпен байланысты, ал табысы орталықтандырылған несие
ресурстарымен операциялардан, дотациядан және инвестициялық операциялардан
құралады. Бұл банктердің негізгі клиенттері – мемлекеттік кәсіпорындар
болады.
Банктердің екінші тобы экономикалық реформалардың алғашқы сатысында
құрылған ірі коммерциялық операциялардың көмегімен алынған капиталдар
арқылы құрылған. Бұл топ банктері бюджетпен операциялар нәтижесінде пайда
ала алмайды. Бірақ олар бағалы қағаздар нарығында коммерциялық
операцияларды несиелеу саласында жақсы көрініс табады.
Қазіргі кезде Қазақстанда экономика дамуының анықтайтын екі банк бағыты бар
– бюрократиялық капитализм және жеке кәсіпкерлік капитализм. Банктер өз
алдына қандай мақсат қойғанымен оны жүзеге асыру үшін қаражаттар керек. Осы
кезде қызығушылық бағалы қағаздарды эмиссиялау арқылы құрылған қаражаттар
туғызады. Олардың маңыздылығы өте жоғары бағалы қағаздар эмиссиясынсыз
банктің жарғылық капиталы құрыла алмайды. Сондықтан оның өмір сүруі де
мүмкін емес.
Банктер акциялар мен облигацияларды шығарып қоймай, сонымен қатар ақша
нарығының инструменттері – депозиттік және жинақтық сертификаттар,
вексельдер шығарады. Егер акция мен облигация эмиссияның негізінде
меншіктік және қарыздық капитал құрылса, онда сертификат пен вексельдер
шығарылымын басқарушылық депозиттер мен қайтарымсыз салымдар ретінде
қарастырылады.
Соңғы кезде банктер басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың бағалы қағаздарын
иемденуде. Банктерге қаражаттар салатын инвесторлардың мақсаты - өзіне
меншік құқығын сақтап қалу. Өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz