Журналистика «Хабаршысының» ғылыми кадрларды даярлаудағы рөлі



Жоспар
Кіріспе

І тарау. Ғылыми «Хабаршының» теориялық және практикалық мән.маңызы
1.1. Басылым тарихынан
1.2. Ғылыми көсемсөздің көкжиегі
1.3. Қазақ журналистикасы ғылымының әлемдік ақпараттық кеңістіктегі орны

ІІ тарау. Журналистика «Хабаршысының» ғылыми кадрларды даярлаудағы рөлі
2.1. Журналистика: қоғам саясат, экономика
2.2. Хабаршы электронды ақпарат құралдары туралы
2.3. Ғылыми шеберлік мектебі

Қорытынды
Ғылыми мақалалары талданған авторлардың алфавиттік тізімі
Сілтемелер тізімі
Пайдаланған әдебиет

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І тарау. Ғылыми Хабаршының теориялық және практикалық мән-
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1. Басылым
тарихынан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...8
1.2. Ғылыми көсемсөздің
көкжиегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
3
1.3. Қазақ журналистикасы ғылымының әлемдік ақпараттық кеңістіктегі
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ІІ тарау. Журналистика Хабаршысының ғылыми кадрларды даярлаудағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...30
2.1. Журналистика: қоғам саясат,
экономика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.2. Хабаршы электронды ақпарат құралдары
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ...38
2.3. Ғылыми шеберлік
мектебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

Ғылыми мақалалары талданған авторлардың алфавиттік
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

Сілтемелер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..61

Пайдаланған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...66

Кіріспе
Біздің қоғам өтпелі тарихи кезеңді бастан кешіруде. Уақыт дүбірі ел
өміріне елеулі өзгерістер әкелуде. Ақпарат таратудың жаңа түрлері дүние
есігін қақты. Адамзат өркениеті түрлі техникалық-технологиялық жетістіктер
жемісін пайдалана отырып, хабар жеткізудің озық тәсілдеріне қол жеткізді.
Дамыған, алдыңғы елдердің тәжірибиесіне енген жаңалықтар ХІХ ғасырдың аяғы
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ кеңістігіне де жетті. Одан қоғамдық ғылым
саласы да қалыс қалған жоқ. Филология ғылымының докторы А.Ж. Жақсылықов:
Қазіргі кезеңде, барша гуманитарлық ғылымдағы сияқты, ғылымда тоталитарлық
тәртіп уақытындағы саражолдық, директивалық мәнге ие болған бұрынғы
идеологиялық құрылымғылар, схемалар, постулаттардан бас тартуға байланысты
әдебиет теориясы мен эстетикада негізгі методологиялық принциптертер,
ережелер, базистік теориялар мен концепцияларды қайта саралау үрдісі жүріп
жатыр. Бұл үрдіс ырғала-қинала ілгері басуда, соған қарамастан үздіксіз
тереңдеп, қайтымсыз сипат алуда,1 - деген пікірі дәл осы кезеңге орай
айтылса керек. Бүгінгі таңда журналистиканың қоғамдағы рөлін, бүкіл
болмысын тану үшін телехабар көріп, радио тыңдау немесе газет-журналдарды
оқу, әрине жеткіліксіз. Өйткені, олар – үлкен ақпараттық индустрияның
шығаратын дайын өнімдері ғана. Одан әрі журналистиканың қолтума арналары
болып саналатын телевизия мен радио және газет-журналдар тек ақпарат құралы
өрісінен шығып, ғылыми-зерттеу, оқу-тәрбиелік және өндірістік мақсаттарға
кеңінен араласа бастайды. Бұл – журналистиканың іштей толысып, күрделене
түсуінің көрінісі.
Қазіргі қоғам заңдылықтарын, келешек үрдістерді тап басу үшін
журналистика практикасымен қоса, оның ғылыми теориясын және публицистика
методологиясын жақсы білген абзал. Осы ретте журналистика факультеті
профессор-оқытушыларының күшімен жүйелі шығып келе жатқан ғылыми хабаршының
орны бөлек. Оның әр санында қазіргі заманғы ақпарат ауқымындағы түрлі
тақырыптар барынша зерделеніп, гуманитарлық өредегі жаңа бағыттар
бедерленеді. Осы күнгі біздің көп мұқтаждығымыздың ішінде ең ірісі –
ғылым... Ғылым тіліне қазақ сөзі жетпейтін, жететін болған күнде де
аршылып, арналмағандығы анық. Қандай тілге бай болсын, ғылым жолына түсе
бастағанда, тілі кемшілік қылып, қашанға ескіні алып қарастырып, бөтен
жұрттың тілін жамау қылып, неше түрлі болып аламыштанады. Ғылым тілі – бұл
уақытқа шейін қазақ оқығанының бір қалыпқа қойып, бір негізге құра алмай
келе жатқан мәселенің бірі2. Міне, қазақ ғылыми публицистикасының
теориялық негіздері М.Әуезовтің осы дәйектемелерінен бастау алса керек.
Оның айқын белгілерін соңғы жылдары Қазақстан аумағында ақпарат тасқыны
үдей түскенінен де көреміз. Өйткені, қазіргі қиын кезде журналистің
оқиғаны, құбылысты түсіндіретін сөзі өте маңызды. Яғни, журналистің пікірі
алғы шепке шығады. Мәселен, М. Горький: Сөз – барлық фактінің, барлық
ойлардың киімі деген. Ал, Шығыс даналығында сөзге мынадай анықтама берген:
Сөз қандай да бір ойды аңғаруға тиіс. Көпшілігіміздің қателігіміз сол,
бізге алғаш кездескен, тіл ұшына үйіріле қалған сөзді ешбір ойланбастан
айналымға қосып жібереміз де, сөздің қадірін кетіріп, құнын түсіреміз. Сөз
құдыреті, сөз тылсымы деген ойдың төңірегінде бас ауыртып жатпаймыз. Тіл
ұшына оралған сөзді айту қажет пе, жоқ па, ол туралы ойлану, толғану, оны
соған ұқсас балама, мәнерлі, ойлы, терең мағынаға ие сөзбен ауыстыруды
үйренсек, бүгінде біздің қоржынымыздағы ғажайып сөздердің әрбірі бейнелі
көрініске айналып, біз сөз пікірі, сөз мәдениеті, сөз қадірі деген
ұғымды ұғынықты бағалаған болар едік.
Демек, журналистика дегеніміз – көпшілік алдына айтылар басылым
беттеріне шығар сөз өнері. ҚазҰУ-дың журналистика саласына арналған
Хабаршысын ғылыми зерттеуге арқау етуімнің өз себептері бар. Хабаршыда
бүгінгі күнге қажетті мағлұматтарды қамтитын, яғни, қазіргі кездің өзекті
мәселелеріне арналған мақалалар жарық көреді. Бағалы ұсыныстар айтылады,
лайықты қағидалық тұжырымдар жасалып, олардың мән-маңызын аша түсу үшін осы
ғылыми еңбекті негізгі тақырыбы етіп отырмын. Бір айта кетерлігі, бұл
тақырып дипломдық жұмысқа тұңғыш рет арқау етіліп отыр. Ғылыми жұмысымыздың
басты жаңалығы осында деп білемін. Ғылыми журнал тарихын түбегейлі зерттеп,
ондағы жарияланған ғылыми мақалаларды талдадым. Хабаршыны зерттеу
барысында салыстыру әдісін пайдаландым, диаграммаларды және шеңбер
түріндегі диаграммаларды қолдандым. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және тиісті ғылыми аппараттан тұрады. Ғылыми ізденісіміздің
композициялық құрылымын дәл осылай жіктеу тақырыпты ашып көрсетуге септігін
тигізеді деп ойлаймын.
Қазақ ұлттық университеті, журналистика серясының Хабаршысы 1997
жылдың 21-маусымынын бастап шыға бастады. Ғылыми басылымның жүйелі шығуына
жауапты – баспа ісі кафедрасы. Мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап,
бүгінге дейін Хабаршының 21 саны жарық көрді. Осы он жыл ішінде журналда
650 ғылыми мақала, жаңа кітапқа рецензия, мерейтой очерктері, эсселер
жарияланды. Ондағы 340 ғылыми мақала қазақ тілінде ал, 305-і орыс тілінде,
5-і ағылшын және неміс тілдерінде жарияланған. Ғылыми жинаққа сондай-ақ
Қырғыз, өзбек, қарақалпақ ғалымдары, Оклахома мемлекетік университетінің,
(АҚШ) оқытушылары, Түркістандағы қазақ-түрік және Қайнар университетінен
жүздеген авторлыры ат салысты. Олар өздерінің ғылыми ізденістері мен
теориялық зерттеулерін, журналистика тарихы және методологиясы туралы
пайымдауларын жариялауға мүмкіндік алды. Қазіргі кезде журналда қазақ,
орыс, ағылшын және неміс тілдерінде ғылыми мақалалар жарық көреді. Журналды
студенттер оқу құралы ретінде пайдаланады. Ол сонымен қатар қалың оқырман
қауымға да арналған. Ғылыми хабаршыда жарияланатын ғылыми мақалалар
редакция алқасының сараптауынан өтеді. Жыл сайын мақала жазатын авторлардың
10 пайызыға жуығы республикамыздың басқа оқу орындарынан тартылады. Ал, 12
пайызы – аспиранттар. Журналдың әр саны шыққан сайын редакция мүшелері
дөңгелек үстел өткізіп, мақалаларды талқыға салады. 2001 жылдың қарашасында
профессор Н.О.Омашевтің ұсынуымен Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы
және БАҚ деген жаңа айдар ашылды. Журнал ҚР Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министірлігінде тіркелген. Және ғылыми басылымдардың бірі
ретінде қорғалатын кандидаттық және докторлық дисертациялар туралы
хабарландырулар жариялауға құқықты, ЖАҚ-ның, Қазпошта Газеттер және
журналдардың каталогтар тізіміне енгізілген және Қазақстанның барлық
аймақтарына таралады. Журналдың беделі көтерілді, ол халықаралық деңгейге
шықты. Соның бір белгісі ISSN 1563-0242 нөмірінің берілуі. ҚР бұқаралық
ақпарат құралдары заңының 1-тармағының 16 бабына сәйкес ҚазҰУ хабаршысы,
журналистика сериясының әр саны міндетті түрде мемлекеттің ұлттық кітап
палатасына, ҚР Парламантінің кітапханасына, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының
және тағы басқа кітапханаларға жіберіледі. Мақалалар алты негізгі тұрақты
айдарлардан тұрады. Журналистика. Қоғам. Саясат. Экономика, Публицистика
әлемі, Баспасөз тарихынан, Әлем және ақпарат, Электронды ақпарат
құралдары, Шеберлік мектебі. Сонымен қатар 1997-1998 жылдары Мұхтар
Әуезовтың туғанына 100 жыл, 1997 жылы Жаңа Астана жаңалықтары және де
Факультет өмірінен, 1998 жылы БАҚ тарихынан, 1999 жыл Мерейтойлар,
2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы және БАҚ, 2006 жылы Жаңа
басылымдардың тұсау кесері атты айдарлар ашылып, оған сай ғылыми мақалалар
жарияланды. Хабашы журналы тыңнан із салып берген ғалым, ұстаз,
майталман журналистер Темірбек Қожакеев пен Марат Барманқұловтан басту
алады. Тұрақты авторлары: Намазалы Омашев, Бауыржан Жақып, Қайрат Сақ,
Төрегелді Бекниязов, Сағымбай Қозыбаев, Аязби Бейсенқұлов, Кәкен Қамзин,
Құдайберген Тұрсын, Дәмегүл Баялиева және тағы да басқалары. Ғылыми
хабаршыда жарияланған материалдары арқылы 50-ден астам адам кандидаттық
дисертация қорғап шыққан. Ал, 4 адам докторлық дисертация қорғады. Мәселен:
А.Х.Мархабаев, Ш.Ы.Нұрғожина, Б.Ө.Жақып, Қ.Ж.Тұрсын.
Журнал ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің қаржысына шығарылады.
Онда редакторға, редактордың орынбасарына, жауапты хатшыға, рецензенттерге
және техникалық хатшыға қаламақы төленбейді. 2003 жылдан бастап Хабаршы
журналы жылына 2 рет тұрақты түрде шығып тұрады, тиражы және оның салмағы
мен баспа табағы бір қалыпты жарияланып келеді. Яғни, 1997 жылы тиражы 100
дана болса, ал, 2002 жылдың екінші санынан бастап 500 данаға жетті. Ал,
қазақ халқының журналистік зерттеулерінің негізін қазақ зиялыларының тарихи
деректерге құрылған құнды шығармалардан іздегеніміз жөн.

І тарау Ғылыми Хабаршының теориялық және практикалық мән-маңызы.
Баспасөз - әлеуметтік мінбер, ол қоғамдық пікір тудыру арқылы
төртінші билік рөлін атқаратыны айқын. Қазіргі таңда ақпараттар ағыны
әлемді бір-біріне барынша жақындастырып, мейлінше түсінікті етіп және
адамдар қолы тұрғызған джунглиде – зәулім үйлер мен әсем ғимараттарда
жасалатын тағдырлардың реттеуші, компасы болып отырған тағы да шындық. Әр
түрлі ғылым салаларының өзіне тән негізгі ұғымдары болады. Мәселен әдебиет
теориясында – образ, экономикалық теорияда – тауар, психологияда –
жан, зоологияда – жануар, ботаникада – өсімдік, астрономияда –
жұлдыз, тағысын тағы негізгі ұғымдардың алатын орны тіптен бөлек зор.
Журналистика теориясындағы сондай негізгі ұғым бұқаралық ақпарат ұғымы.
Information – латын сөзі, қазақша мағынасы – мағлұмат беру, мазмұндау,
хабарлау болып келеді. Нарықтық қатынастарға өтудің қиын-қыстауын басынан
кешіп келе жатқан тәуелсіз, жас мемлекетіміздің алдында меніңше, жүгі
зілден де ауыр төрт міндет тұр: а) халықаралық қоғамдастыққа өзімізге ғана
тән бет-ажарды таныта білу; ә) шынайы экономикалық тәуелсіздікке жету; б)
ғылыми-технологиялық дербестікке ие болу; в) ақпараттық идеологиялық
дәрменділікті қамтамасыз ету 3. Бұл міндеттер басты рөл атқарады.
Жалпы, Баспасөз тарихынан атты айдарда 98 ғылыми мақала
жарияланды. Оның 61-і қазақ тілінде, ал, 37-і орыс тілінде жарияланған
мақалалар. Мәселен, Зерттеуші Л.Нұрғалиева Түркістан өлкесіндегі 1917
жылғы қоғамдық-саяси ахуал және баспасөз атты мақаласы 1917 жылғы ақпан
төңкерісі, сол кездегі Алашорда партиясының құрылып, оның бас-қасында
жүрген адамдар мен ондағы болған оқиғалардың баспасөз бетіндегі көрінісі
жайында сөз қозғайды. Бастысы қазақ зиялыларының уақытша үкіметті қолдап,
өздерінің Алашорда партиясын құруға қол жеткізгендігі. Сол кезде ақын,
талантты жазушы, ойлы публицист Ж.Аймауытов пен туған халқының жарқын
болашағы үшін күрес жолына арнаған асқарлы азаматтардың бірі М.Шоқайдың
баспасөз бетінде жарық көрген мақалалары талданады. Мысалы, 1917 жылы ақпан
төңкерісі болып, патша тақтан түскенде алғашқылырдың бірі болып Сарыарқа
газетінің бетінде Тұр, бұқара, жиыл, кедей, ұмтыл, жастар деген
мақаласында Ж.Аймауытов: Жасыратын қылық жоқ – бостандық, теңдік күштіге,
жемқорға келген теңдік емес, бұл өзі қара бұқараға, кедейге келген теңдік,
жете алмай жүгендерге берілген бостандық, - деп жазғаны алға тартылады.
Баланбайұлы Қайретдин өзінің Тұла бойы қан сасиды атты мақаласында:
18 гинуардан 10 финуарға дейінгі күндер Түркістан халқының есінен шықпас.
Ол күндері адам-хайуан өзінің бет аузын Түркістан халқына ашық көрсетті. Ол
күндер – Түркістан тарихында сиямен емес, қанмен жазылатын күндер - деп
атап көрсетті.
Бұдан шығатын қорытынды – дәл сол кезде уақытша үкімет те,
большевиктер де, Орталық Азия да, оның ішінде Қазақстанда автономия құруға,
әсіресе конфедерация құруға деген ешбір құлықтары болмады және ол туралы
өздерінің империялық саясатын одан әрі жүргізу үшін ойлағылары да
келмеді4 деп, сол кездегі кеңес үкіметінің солақай саясатына
әшкерелейді.
Орта Азия мен Қазақстанды қолдарынан шығарып алмауды көздеген кеңес
өкіметі бұл халықтарға қарсы түрлі айла-шарғы қолданудан бір сәт те болса
бос тартқан емес.
Мемлекет ішінде бассыздық, тәртіпсіздік ұлғайды, жұрт жүгенсіз кетті.
Біреудің бірудегі сенімі жоғылып, араздық, алалық күшейді. Мұның аяғы үлкен
насырға шауып, күші жеткендер әлсіздерді қырып-жойып, тонауға айналатын
түрі бар. Енді һәркім, һәр халақ өз қарабасын қорғаудың қамын іздеу керек.
Заман сондайға айналды.
Қазақ жұрты өз арасында халық әскери милиция жасауы тиіс. Бұл мәселе
өте шұғыл һәм өте керекті мәселе. Сондықтан біз, төменде қол қоюшылар,
елдің айна-бағыты – ақсақалдар мен зиялы оқығандарды жиып, жалпы қазақ
съезін жасауға қаулы қылды, съездің мақсаты қазақ жастарының халық құлынан
халық ғаскерін жасау мәселесіне келіспек.
Осындай қиян-кескі қатерлі уақытта біз өзімізді өзіміз қорғай алмасақ,
біздің халық құрдалаға құрбан кетуі мүмкін. Соның үшін халықтың негізгі
тіршілік мәселесі де қаралуы тиіс,5 делініп, астына Бөкейханұлы,
Байтұрсынұлы, Дулатұлы, Бірімжанұлы, Ғұмарұлы, Досжанұлы сияқты біртуар
арыстардың аты жөндері жазылған. Мұндағы мақсат қаймана қазақты ұйқыдан
оятып, қазаққа төніп тұрған қатер жайында ой қозғайды. Яғни, кейен елінен,
жерінен, мал-мүлкінен айырылып қалмасын деп жазды.
Шындығына келсек Алашорда іс жүзінде баса-яғы бір жарым жылдай
ғана. 1918 жылдың ортасынан 1919 жылдың желтоқсанына дейін өмір сүрді.
Алашорда да жоғарыда айтқанамызжай, Ресейде бөлініп шығу жайында сөз болған
жоқ. Олар бар болғаны Ресей демократиялық федеративті республика болсын деп
өздері терреториялық автономияны мақсат тұтты, - деген пікір айтады
зерттеуші Л.Нұрғалиева6.
Мәселен: сол кезде Ташкентте шығып тұрған Экономическая жизнь
газетіндегі мына цифрларға көз жүгіртіп өтейік. Түркістанда 1914 жылы
жылқы мен сиыр саны 15 миллион 399200 болса, 1919 жылы сол малдың не бәрі
561531-і ғана қалған. Ал, соғыс пен аштықтың салдарынан 1.114000 адам
өлген. Сөйтіп, бұл мақаладан шығар қорытынды не? Жалпы автор кеңес
үкіметінің Қазақстанға бостандық әкелудің орнына бодандық саясатты одан әрі
жалғастырып, қайғы мен қасіретті үдете түскенін көреміз.
Бұл тарихи еңбек. Өткенді есіңе алмай, жаңа жадыңа түспейді демекші,
өткен тарихымызды бағамдап отыру бүгінгі күннің және ертеңгі келешектің
кемелді болу үшін қажет. Л.Нұрғалиеваның бұл мақаласы өткен тарихымыздағы
саяси ахуал мен баспасөз мәселесінен оқырманды хабардар етеді. Сол кездегі
тарихи фактілерден ақпарат береді. Сонысымен де құнды. Мұндай зерттеу
мақалалар көптеп жазылады. Әр қайсысында бір ғылыми жаңалығы болады. Міне,
осы жоғарыда жазылған жолдардан мақаланың құндылығын, тақырыптың
өзектілігін, ғылыми жаңалығын аңғаруға болады.
Филология ғылымдарының кандидаты Қ.Сақов өзінің Ұлттық сана
ұйытқысы атты мақаласында осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын қазақ өмірінде
тарихи құны өлшеусіз қоғамға мәні зор өзгеріс Қазақ газетінің жарыққа
шығуы, онда нендей мәселелер көтерілгені, оған кімдер ат салысқаны жайында
ой қозғайды.
Қазақ бір ғана қазақ журналистикасының тарихын білу үшін, яғни,
журналистерге ғана қажет басылым емес. Ол – берісі тарихшыларымыз бен
әдебиетшілерімізге, тіпті керек десеңіз барша жұртымызға ауадай қажет ортақ
қазына. Осы күні сананы ояту, соның бір жемісі – Отан сүйгіштік қасиетті
тірілту, ел-жұртқа адал қызмет етіп, тәуелсіздіктің тұғырын мәңгілік етіп
нығайту мәселелері – мемлекеттік деңгейдегі күн тәртібінде тұрған өзекті
мәселелер7.
Аурудан құлан таза айығудың амалы – оның неден болғанын біліп, соған
қарай ем қолданудаекені екінің біріне белгілі. Олай десек, кезінде соқыр
саясаттың салдарынан жөн-жосықсыз жабылып қалған ұлттық бастаулардың көзін
қайта ашып, шөліркеген жұртына сусынын қандыра қызмет етуіне жағдай
туғызсақ, ел күйінің түзелуіне септігін тигізерінен үмітсіз емеспіз,
сеніміміз мол8.
Монархиялы диктатураның саяси-экономикалық және рухани-моральдық
отарлауы параллель жүріп жатты. Бұл ретте белгілі алаштану саласының
маманы, профессор М.Қойгелдиевтің мына пікірі назар аударарлық: Міне,
осындай жағдайда қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-
әлеуметтік күш – ұлттық интеллегенция араласа бастады. Негізінен метрополия
оқу орындарында білім алып, отаршыл мемлекеттік басқару аппараттарындағы
қызметке және қазақ арасына орыс мәдениетін егіп, тарату үшін даярланған
зиялылар мұның бәрін жиып қойып, ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық мәдениеттің
өсіп-өркендеуіне, ұлт өмірін қайта құру мақсатына қызмет ете бастады9.
Бойға таралғалы тұрған кеселдің тамырын ұстап, уәжін айтқанда, әуелі
ауыздарына іліккені ұлттың сақталуына да, себеп болатын нәрсенің ең
қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа
жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады деген
сырттың сұқ қолымен таралатын кесел жайы болғаны тегін емес. Оған бүгінде
халқымыздың ғасрлық қайғысына айналып отырған тіл мәселесі бұлтартпас
дәлел10.
Қазақ тек тарихымызды тану үшін ғана керек басылым екен деген ой
тумауы керек. Оның бай мұрасынан бүгінгі тірлігімізбен үндес, әлі де
қоғамдық мәнін жоймаған көптеген дүниелерді кездестіруге болады. Олардың
ішіндегі ел егемендігінің ірге тасын қалап жатқан бүгінгі алмағайып заманда
жолсыздан адаспай, өз соқпағымызды тауып жүріп кетуімізге жол көрсетіп,
ақыл қосатын жағы да көп.
Автор Алашорда қозғалысын және оның көш басшылары жайындағы тарихи
оқиғаларды түбегейлі зерттеп, ой елегінен өткізеді. Және де Қазақ
газетінің шығуы туралы қалам тербейді. Осылайша қазаққа деген рухани
игілікті енгізу жолында қызмет еткен Қазақ газетінің тарихын осы ғылыми
еңбек арқылы автор молынан қамти алды. Бір сөзбен айтқанда толық мағлұмат
берілген, сондықтан оқырман қызыға оқиды. Автор ойының түбегейлі
орындалғанын осыдан байқауға болады. Газет өз заманында халықтың жол бастар
серкесі, көш бастар көсемі болғандығын анықтауды қажет етпейтіндігі ақиқат.
Оған халқымен қауышуды күтіп, архивтерде сарғайған газет тігіндісінің
маңызды-маңызды материалдарын тілге тиек ету арқылы көз жеткізуге болады.
Олардың әрқайсысы тарихымыздың алтынмен жазылар бір-бір парағы болуға лайық-
ақ.
Тарих ғылымдарының докторы Қырықбай Аллаберген Студенттерге Ақтаңдақ
мәселелерін оқыту проблемалары туралы атты мақаласында еліміздің
тәуелсіздік алғанға дейін халқымыздың тарихын бұрмалаған күйі оқытылғандығы
және де бір жақты идеология мен кеңестік саясат өткен-кеткен тарихымызды
тереңінен зерттеуге мүмкіндік бермегендігін айтып, оған бел буғандар
болса, қуғынға ұшырап, жер аударылғандығы жайында төмендегідей пікір
білдіреді:
Біріншіден, студенттерге Қазақ баспасөздегі ақтаңдықтар
мәселелері оқыту біздің факультетте тәуелсіздікпен бірге келеді. Біздер
оларға өткен тарихымызды шындық тұрғыдан айтуға мүмкіндік алдық. Осы тоғыз
жыл ішінде біздің ғалымдар көптеген зерттеу жұмыстарын жазды. Кезінде
байшыл, ұлтшыл, алашордашыл деген газет-журналдардың түпнұсқалары түгелдей
болмаса да, қолымызға тиіп, ғылыми айналымға түсе бастады. Екіншіден, бұл
жұмысқа студенттердің өздері де араласуға мүмкіндік алды. Олар реферат,
диплом жұмыстарын жазу арқылы архивтерге барып, өткеннің шындығына көз
жеткізуде.
Үшіншіден, Т.Қожекеев, Ш.Елеукенов, Ү.Сұхбанбердина, Н.Омашев,
С.Қозыбаев, Қ.Сақов, Б.Жақыпов сияқты ғалымдар бұл тақырыпта орналған
монографияларында, оқулықтарында, ғылыми мақалаларында көптеген тың
деректердің көзін ашып, жастарымыздың сана сезімдерінің оянуына өзіндік
үлестерін қосуда11.
Ендігі проблема осы зертеулердегі рухани байлықтарды ертеңгі маман,
бүгінгі студенттерге қалай жеткізу проблемелары тұр. Өйткені, біз қазақ
баспасөзінің тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырамыз. Енді тәжірибелі
ұстаз аталмышпроблеманы өзіндік жолдарын ұсынады..
Біріншіден, бұл пәнен дәріс беретін оқытушылар өз ісіне
жауапкершілікпен қарауы керек. Екіншіден, оқытушы студенттерге архив
құжаттарымен, түпнұсқалармен жұмыс істеуге бейімдей білуі керек. Үшіншіден,
семинар сабақтарында Қазақ мерзімді баспасөзі тарихындағы ақтаңдақ
мәселелерді қосымша әдебиеттерді пайдалану, рефераттар жазу арқылы жүзеге
асыруы керек12.
Мақалада қазақ журналистика тарихындағы ақтаңдық мәселелерін оқытуды
автор үш басты кезеңге бөліп қарастырған. Қазіргі таңда студенттерге өткен
тарихымызды оқыту өэекті істердің бірі екені айдан анық. Мақаланың
құндылығы осында жатыр. Ондағы айтылған ойлар оқытушыларды ойландырмай
қоймайды. Ал студенттерге келетін болсақ, олар өздерінің өткен тарихына,
рухани байлықтарына, әдебиеті мен мәдениетіне көңіл бөліп, тәуелсіздік
іргетасын өз қолымен жасауға, соған үлес қосуға ұмтылатыны ақиқат. Әйтпесе,
бүгінгідей қиын-қыстау кезеңде тіл, дін, әдет-ғұрып құрдымға кетпеу үшін
біздер қолдан келер бар күш-жігерімізді жүзеге асыра алмайтын болсақ, онда
үшінші мың жылдықта елдігіміз бен еркіндігіміздің іргетасын шайқалтып
алуымыз мүмкін екендігін бір сәт те ұмытпауымыз керек.
Публицистика деп публицистикалық шығармалардың жиынтығын да айтуға
болады. Яғни, очерк пен фельтон, мақала мен ашық хат, эссе мен репортаж
және тағы басқажанрлардың жиынтығы. Қазақ қашанда сөз өнерін қастерлеген,
сөзге тоқтаған, сөзден тағылым алған. Сол қасиетті сөз өнерінің бір саласы
– журналистика, публицистика. Жалпы, Публицистика әлемі атты айдарда 120
ғылыми мақала жарияланды. Оның 84-і қазақ тілінде, ал, 39-ы орыс
тілінде. Белгілі зертеушілердің публицистика туралы, оның мазмұны, пішіні,
әдісі хақында айтқан тұжырымдары сан алуан. Олардың негізгі айтар ойы –
қаламгердің қолынан шыққан кез келген туынды немесе радио, теледидардан
берілген кез келген хабар публицистикалық шығарма емес.
Кез келген тұжырым теория емес. Сондықтан ақиқатқа жүгінер болсақ,
журналистика теориясы мен тәжірибесінде: біріншіден, гуманитарлық
кеңістіктегі баяғы ортақ позицияның зардаптары, байырғы дәстүр мен
тағлымның әбден сүйегімізге сіңіп қалғандығынан деп топшалауға хақылымыз.
Екіншіден, журналистика ғылымын, оның жанрлар жүйесін азат ағымға қарата
жөнге салатын танымал ғалымдарымыздың осы күні қатарымызда жоқ екендігінен
деп ойлаймыз. Үшіншіден, қазіргі ғалымдар жанрлар жаратылысы мен
үйлесімділігін емес, медиамәтінді шұқшия зерттеуге ден қойып бара жатқаны
да – бір себеп. Төртіншіден, бұл проблема ғалымдар, әсіресе жас ізденушілер
алғырлығына, білімі мен білігіне, зияткерлік потенциялына келіп
тіреледі13.
Публицистика сипаттамасы туралы айтылған пікірлер де әр түрлі.
Баспасөз теориясын зертеушілер еңбегіне көз жүгіртсек, бірсыпыра ғалымдар
публицистика – бұл, ең алдымен, кәсіпқой еместердің, бұқараның
творчествосы, - деген пікір айтады14. Сөз жоқ, публицистика
творчествоның басқа түрлерімен (көркем, ғылыми) салыстырғанда, көпшілік
игеретін творчествоның бір түрі. Е.В. Прохоров, В.В. Ученова сияқты орыс
ғалымдары осы байламға жақын ой айтқан. Олар тіпті қарапайым хабардың өзі
публицистикалық үнмен естіледі, оқиғалық информация да қоғамдық пікірді
қалыптастырады, информациялық заметкада публицистика басқаша көрініспен
танылады, - деген пікірді білдіреді15. Ал енді бір зерттеушілер
керісінше, публицистика мен әдеби-көркел жанрлардың арасында айырмашылық
жоқ, - деп санайды16. Осы байланысты зерттеуші М.Густің пікірінше,
әрбір жеке публицистикалық шығарма өз алдына және публицистикалық
шығармалар жинақталған күйінде, олардың мазмұны мен пішінінің өзгеруі
процесінде, дамуы мен жанғыруы түрінде ғылыми зерттеудің нысаны бола
алады17. Ол өз еңбегінде публицистикалық шығарманның ерекшеліктерімен
пішіндері туралы, публицистикалық туындылардың қоғам өмірінде алатын орны
мен дамуы туралы ғылымды – публицистика теориясы деп атауды ұсынды.
Орыстың белгілі журналисті Анатолий Аграновскийдің айтуынша, қай жерде
ой болса, сол жерде публицистика белең алады. Публицистика ойға құрылуға
тиіс. әдебиетші жазуға отырып, тақырыптың тамаша бұрылысын, жаңа сюжетті,
жаңа сөздерді іздеген кезде, бұл ең алдымен, оқырманды ойдың жетегімен алып
кету үшін жасалады... Жақсы жазатын адам жақсы жазбайды, жақсы ойлайтын
адам жақсы жазады18. Біздің пікірімізше ол ой – қоғамдық маңызы бар ой
болуы керек. Бүгінгі публицистдердің қайсы бірін алсақ та, ең алдымен,
толғана білу қабілетін, оқырманмен ойын бөлісе білудің үлгілерін көреміз.
Публицист өз шығармасын қоғамдағы адамдардың қалың тобына арнап
жазады. Ал мұның өзі шығарманың өзіне тән мазмұнын, пішінін, әдіс-тәсілін
талап етеді. Бұл ерекшіліктер публицистиканың функциясының, оның қоғам
өміріндегі жалпы атқаратын рөлімен тығыз байланысты. Публицистиканың
мазмұны, пішіні мен әдіс-тәсілдері творчествоның аталмыш түрінің қоғамға
ықпал етуінен әлеуметтік тәжірбиеде бірте-бірте қалыптасады. М.В.Литвинов:
Публицистика - қаламгерлік қайратын үздіксіз жүзеге асыратын әрі нағыз
таланты бір арнаға тоғыстыратын сала. Публицистика әлемі – күллі әлем, -
деген тұжырымды пікірі публицистиканың қай кезде де болмасын ғылыми
тұрғыдағы бет-бедерін айшықтай түседі19. Міне осыдан салиқалы ойлар мен
мақалалар журналистика Хабаршысының өңін ашып, мазмұнын байыта түседі.
Көсемсөздің алғаш анықтамасын берген А.Байтұрсынов: Әлеумет шаруалық,
қазыналық мектептік, соттық, саясаттық тоғысын тағы содай қоғамшылық
істерін түзету, жаңалау, өзгерту керек болған кезінде халықты соған
көсемсөз арқылы оятып, көбінің миына қондырып, көңіліне сіңдіреді. Көсемсөз
күндегі мәселе жайын сөйлейтін сөз болған сөң кезіндегі шығып тұрған газет-
журнал жүзінде шығады. Көсемсөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз
болғандықтан, жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылыға дұрыс болса, әлеуметті
түзейді, теріс басшылық қылса әлеуметті адастырады. Солай болған соң көсем
сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білімді
адам болаға керек, - деп публицистің қандай болуы қажеттігін айқындап
берген.
Қазақ зеттеушілерінің ой-тұжырымдары да публицистика туралы білім
көкжиегін кеңейте түседі. Профессор Т.С. Амандосов: Публицистика - өмірдің
сырлы суреті. Публицистика арқауы – шындық... Публицистика – адам асындағы
әлеуметтік қарым-қатынастардың көрінісі деген сөз, яғни өмірдің әлеуметтік,
саяси-экономикалық, өндірістік, ғылыми және рухани, тағы басқа
құбылыстарынарын, өмір фактілерін байыптап түсіндіріп береді, - деген ой
түиеді20.
Публицистика белгілі бір болмыс – құбылысты тек әлеуметтік, саяси
жағынан алып бағаламайды, оны практикалық, рухани, моралдік, парасаттық
жағынан да талдайды. Демек, ол өмірді, адам әрекетін бір-бірімен
байланыста, өз ара бірлікте алып қарайды.
Публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мәнді оқиға-фактілер
төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал
жасайды. Яғни, публицистика-фактінің, нақты оқиғаның жанры, - дейді
белгілі ғалым Т.Қ.Қожакеев21.
Ал зерттеуші Т.Ыдырысов публицистика жайлы мынадай пікір білдіреді.
Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті
өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты белгілі бір
оқиғаға құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда,
публицистика дегеніміз - саяс-көркем проза, қаламгердің әлеуметтік
мәселелерді толғауы22
Ал, жоғарыда көрсетілген ойларды ғылыми басылым жариялымдары тереңдете
түседі, ілгерілете түседі.
Мысалы, қазақ әдебиеті, қазақ баспасөзі мәселелеріне арналған толымды
еңбектер жазған қазақтың бір туар перзенті, көптеген шәкірт тәрбиелеген
ұстаз, талапшыл сыншы Темірбек Қожекеев Мұхтар – мысқыл майталманы атты
мақаласында дарқан талант иесі М.О.Әуезовтің Абай жолы роман –
эпопеясында жеке бір елес көріністі, болмыс құбылысты, бейне образды,
сатиралық, юморлық әдіс-тәсілмен суреттеп, баяндап беріп отырғандығы
жайында қалам тербейді.
Бұл ретте ең шебер, ең әсерлі күлкілі көрінген тұсы Жұман туралы
беттерде. Жұман – көкмылжың, сөз парқын білмейтін пес. Абай ауылының қазаны
оттан түскенін, түстігінің піскенін аңдып жүретін, түтіні тиылысымен
Әсәләмәлікім деп жетіп келетін тамақсау сұғанақ адам: Оны қоғамдық -
әлеуметтік әңгімелер еш бір қызықтырмайды. Халық қамы, ел жайы, жер жайы,
туралы сөз ете бастасаң, ұйқысы келеді. Тойып ішер тамақ, ұртты, мұртты
майлай асар қазы-қарта, жал-жайа жөнінде сөз қозғасаң ұйқысы ашылып,
бәйгеге қосылыр жүйріктей елеңдеп сала береді. Ел оны Жұманқырт деп атап
кеткен. Бір қыста түстен кейін күн бұзылып ақтүнек боран соғады. Жұмекең
терезеден далаға қарап, уәй, қатын, бағана күн ашықта түзге отырып
алғаным ақыл болған екен ә? депті. Оның қырттығы осындай сөздерінен
көрінеді - дейді23. Әлемді тәнті еткен толымды туындысына дархан дарын
иесі сатира, юморды неше түрлі айшықта, неше қилы ниетте құбылтып-құбылтып,
жаңғыртып, желпілдіріп пайдаланғандығын айтады автор.
Мезгіл болғанда, тамақ пісті, қазан оттан түсті деген жақсылық хабар
шығады. Жұман жастықтан басын жұлып ап, қынынан үлкен сары пышағын суырып,
тамақтын тартылуына жүткіне күтіп отырды да, өзінің мындай реніш-өкпесін
айтады: Осы қазақ иттің не оттайтынын білмеймін, Жұман қырт, Жұман
қырт деп маған ат қойып, айдар тағып алды. Соңымнан бір қалса ше! Егер көп
сөйлейтін кісі қырт болса, кещелер дүйім елді жиып алып, күні бойы Күнекең
(Кұнанбайды айтады, Т.Қ.) жалғыз өзі сөйлеуші еді. Бүгін мынау Абай тап бір
ет асым, жапа-жалғыз өзі сөйледі. Көп сөйлеген кырт болса, анық қырт осылар
емес пе? Мұнда менде осы не ақысы бар қырт деп қыр соңымнан
қалмайды24. Яғни, мұнда мысқыл мен адам портретін жасап тауып айтқан.
Сөзім дәлелді болу үшін Абай жолы эпопеясынан мысал келтіре кетейін:

Үйлеріңде қонақ жоқ, оңаша шығар деп ем. Жаңағы арбаның үстінде
тізіп қойған сақалдарың немене? Бұ қап-қап сақалды жиып базарға сатқалы
отырсындар ма?... сақалдарын тамашалаймын деп, өздерін танымайда қалдым.
Сенің қолыңа мұндай молшылық қайдан түсті Дәмежен? Қайдан келген, қандай
сақалдар бұлар? (2-кітап, 296бет) Мұндағы астарлы мағыналы юморлы, сықақты
сөз, тіркестер сақалдар сыры жөніндегі Абай пікірін бейнелі, қуақы, әсерлі
етіп жеткізу үшін пайдаланған25. Осы комикалық көріністі көріп үйге кіріп
жайғасқан соң Абайдың Дәмежанға айтқан қалжыңы. Т.Қожекеев ондағы
қонақтардың жатысына, сақалдарының ұзындығына мысқылдай күліп, астарлы
сөйлегендігін тауып айтады.

Сөз соңында Темірбек Қожекеев былай дейді. Сатира, юмор, мысқыл –
мазақ, эпопеяның әр тұсында-ақ шоқ беріп отырады. Сармолда мен Соқыр қара,
Самұрат мәзін, Самат, Шәріпжан халфе, кәрі ишон басқа да діндарлар
арасында шайқастар үстінде де от шашып, жарқыл беріп жатады. Бұл тұста бір
ескере кетер жайт - өмірлік әжуә - мысқылмен көрсету – қаламгердің бүкіл
шығармашылық мұрасына тән тәсіл. Ащы мысқыл, өткір сықақ, кенеулі күлкіге
кенелу үшін, әсіресе Абай жолына үңілейік! Бұл өнерді мысқыл майталманы
Мұхтардан - Әлем Әуезовінен үйренейік! - деп қорытындылайды.26

Үлкен зерттеуші, сатира сарапшысы романдағы барлық астарлы айтылған
мысқыл кескінді тауып айта білген. Оған қоса, ащы мысқыл, байдың ішкі
дүниесін психологиясын мен ирониялық әшерлеуді, қарсы пікірлі екі жақтың
бірін-бірі тұқыртуы, кеиіпкерлерді комикалық ситуацияға тап келтіріп,
солардың барлық іс-қылығын өзінің көрегендігімен мысқыл-сықақ, комедиялық
реңде кестеленгенін аңғарып отырған. Мақаланың құндылығы, ғылыми жаңылығы,
М.О.Әуезовтің Абай жолы роман – эпопеясында, болмыс құбылысты, бейне
образды, сатиралық, юмарлық әдіс-тәсілмен суреттеп баяндап бере
білгендігінде. Яки, романда сатира сарыны бар екендігін автор көпшілікке
танытады. Ондағы айтылған тың ой керек нысанаға дөп тиіп жатады.
Ғалым Б.Жақыптың М.Әуезов публицистикасындағы қоғамдық - саяси
көзқарас атты мақаласы ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жеріндегі қоғамдық-
саяси ахуал жайында хабардар етеді.
Қат-қабат қоғамдық өзгерістерді алып келген қос төңкеріс пен басқа да
саяси қозғалыстар дәуірі қазақ баспасөзінің дами түсуіне де өз ықпалын
тигізді. Халқымыздың кемеңгер ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық
жолының басталуы да қазақ даласындағы ірі саяси дәуірімен тұспа-тұс келеді
- дейді ол27.
Қарапайым халықты қобалжытқан ел тағдыры, бостандық тілеген ой-
армандары – қазақ тарихында зор саяси - әлеуметтік маңызы бар аты шулы 1916
жылғы ұлт – азаттық көтерілісіне алып келді. М.О.Әуезов айтқандай:
халықтың елдігінің жоғалып бара жатқаны қазақтың бесігіндегі баласының
көзіне де елестегендей еді. Бұл М.Әуезовтің қазақтың сол кездегі саяси -
әлеуметтік ахуалына берген бағасы болатын.
Мерзімді баспасөз қашанда қаламгер атаулының үнін жеткізуші, ойын
білдіруші ғана емес, олардың шеберлік мектебіне де айналады. Мұны
М.Әуезовтің ғана емес, басқа да қазақ жазушыларының шығармашылық жолынан
байқауға болады. Яғни, журналистік қызмет – ірі жазушылардың алысқа тартар
сапарының бастауы іспеттес28. Мұнда баспасөз жас қаламгердің ары қарай
шыңдалуына жол ашады. Және де журналистер уақыт өте келе ірі жазушы
болатындығын айтады. Профессор Т.С. Амандосвтың: публицист өз шығармасын
жазуға даярлану барысында ғылыми-социологиялық әдісті қолданады, - деген
пікірі жутналистиканың ой дамыту функциясы, оның бұқаралық - әлеуметтік
ықпал ету шекарасын кеңейте түсуге қызмет етеді29.
Абай журналының қазақ тарихында ілгерілетушілік рөл атқарғандығын
аңғару қиын емес. Журналдың бірінші санында басылған Ғылым атты
мақаласында М.О.Әуезов адамзат тарихынан мысалдар келтіріп, ғылымның қалай
пайда болғанын баяндайды. Сөйтіп ғылымның зор тәжірибеден, өмірлік
қажеттіліктен туғанын нанымды дәлелдейді. Бұл мақалада адамшылық,
ағартушылықты негізгі норматив етіп ала отырып, публицист өзінің саяси -
әлеуметтік көзқарасын танытады. Жалпы, Әуезовтың Ғылым атты мақаласына өз
пікірін озық оймен білдіріп, онда қандай мәселелер көтерілгендігі бүгінгі
күндері баршамызға аян.
Зерттеуші Б.Жақыптың айтуынша, Абай журналының 7-нөмірінде Ғылым
тілі деген проблемалық мақала жарияланып, алдыңғы ойын дамытып, тереңдете
түскендігі жайында жазылған. ...Қазақ жұрты қазіргі уақытта саясаттың
ыңғайымен жүріп отырып, түзу жолмен мәдениеттін буынын бекітуді ғана мақсат
қылуы керек. Пантюркизм қазақ мәдениетінің жолын өрлетіп, жұрттың бойын
өсірмейді, - деген ой айтады. Бұл көтерілген мәселе – сол кездегі қазақ
елінің дамуына тікелей ықпал ететін жайт еді. Соны түсіне білген автор
арап, түрік мәдениет, ғылымының өзі Еуропа дастарханының шетінен орын алып
отырғандығын айтады, - дейді30.
Түйіндей келе айтарым, ғылыми мақаланың құндылығы сонау 1916-жылдағы
ұлт азаттық көтеріліс пен 1917- жылдағы Ақпан буржуазиялық және Қазан
төңкерістері, Алаш қозғалысы мен азамат соғысы секілді тарихи оқиғаларды
бір кеңістікте қарастыруында. Ғылыми жаңалығы: М.Әуезовтің тырнақалды
публицистикалық туындысы Қазақтың өзгеше мінездері мақаласынан бастап,
Алашорда газеті болып есептелген Сарыарқаның беттерінде жарық көрген
Адамдық негізі әйел, Оқудағы құрбыларым, Қайсысын қолданамыз атты
публицистикалық мақалаларының барлығының ортақ мақсаты мен идеясы
анықталады. Және де сол кездегі қоғамдық-саяси көзқарасын айқын аңғартатын
мақалаларының бірі - Өсіп тауысу қаупі деп аталатын туындысы жан-жақты
талданады. Белгілі бір ұлттың тарихи сахнасынан жоғалуына отаршылдық әсер
етеді деген тұжырымы көкейге қона кетеді. Сондай-ақ Мәдениет һәм ұлт
мақалсында адамзат тарихында мәдениеттің алатын орны, мәдениеттің тұрмыспен
байланыстылығы жөнінде өзіндік ойы да назар аударарлық. Оған қоса Абай
журналында жарық көрген мақалалары түбегейлі зерттеп, тұшымды тұжырымдар
жасалынады.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абдул-Хамид Мархабаевтың
Мұхаңның Мезгіл машинасы атты мақаласы М.О.Әуезовтің фантастикалық қырын
айқындай түседі. Оның Дос Бедел Дос шығармасын талдай келе, мынандай
пікір айтады: Неткен сұмдық, ғылымның ба, әдебиеттің бе - жалпы мәдениет
атаулының қандай да проблемасына көз жүгіртіп байқаңызшы - бәрін де
алдыңыздан Әуезовтың қопарып кеткен бороздасы шыға келеді!.. – дейді.
Дегенмен, драматургтың ниеті басқа, өз заманына да биік тұрған
кеуделі оқымыстыны шығармадағы бас қаһарманының бірі Тарихтың қиял құралы –
Мезгіл машинасының фантастикалық гравитациясы әртүрлі ортаға салып,
тартыс реакторында қайнатып, Бедел Бегеновтың харекеттерін сынау. Оның
өмірге көзқарасына, идеалына қарсы тұратын пенделермен күреске салып, оның
қаншалықты құрыштығын байқау, - дейді31. Өздеріңіз байқағандай, автор
кейіпкердің қөзқарасы мен ойындағы құбылып тұрған неше түрлі елестерді
айтып, кез келген іс-қимылын тек фантастикалық қырынан алып отыр.
Шығарманы бастан-аяқ талдай келе ғалым мынандай пікір айтады:
фантастикалық дүние болғандықтан онда Жер мен Көктің, яғни, біздің планета
мен космостың ара қашықтығы оншама ажыратыла бермей, жігі біліне қоймай,
көбіне-көп аралас-құралас жүретінін білеміз. Осыдан келіп кейбіреулердің
жеңіл-желпі, ұшқары фантастикалық әдебиеттің екінші баламасы – космос
тақырыбына жазылған шығырмалар деуі. Рас, космос – фантастиканың ашқан
тыңы, екінші, қимыл алаңы. Адам жер бетіндегі қолға алған шаруасын
ойдағыдай атқарып шығуға үлгере алмай жүргеннің өзінде де космос, ғарыш
жөнінде армандаған32. Мұнда автор ғарыш пен фантастиканы араластыра
отырып талдайды. Егер космос болмаса, фантастикалық әңгіме болмйтын еді.
Адамның қиялынан туған әңгімені фантастикалық әңгіме дегенге алап келіп
тірейді.
Осындай шығармашылық қиялын ұлы Мұхаң дүниеден қайтқаннан көп кейін
бір сиқырлы интуициямен бір қылықты кісі теория жүзінде қолдап шыққандай
көремін, - деп фантастикалық роман авторларының фантастика туралы айтқан
ғылыми пікірлерін де қолдап шығады. Ағалы-інілі Стругацкийлердің
Аркадийніңі Фантастика хақындағы дәйектемесін алға тартады. Кез келген
әдебиеттің басты тақырыбы – адам мен қоғам, адам мен әлем. Әрбір адам –
тұтас бір дүние, және ол заманмен шым-шытырық күрмелеп байланысып жатады.
Ғылыми өмірге дендеп кіре бастағанда, әлгі байланысты ашуға тек
фантастиканың ғана құдыреті келетіндей болып қалады.33 Академик Николай
Федоренконың: Ғылыми – фантастикалық шығармаларда ұзақ уақытқа болжам
жасау мен үйлесімді жоспарлау кезінде ретті жерінде кәдеге жаратуға
болатындай әлеуметті және ғылыми-техникалық жетістікті көре білушілік те
жиі ұшырасады. Фантастика қоғамдық-шаруашылық дамуының мүмкін жолын
көрсетіп немесе керісінше, мұндай жолдардың жалған екенін, күлкілі екенін
суреттейді, - деп, 1969 жылы айтқан тоқтамынан да көп бұрын М.Әуезов
қиялының озып кеткенінің қазір сіз бен біз куәгері болып отырғанымыз
айғақ, - деп жазған автор сөзіне біз де әбден қосыламыз34.
Біздіңше, мақаланың құндылығы, жалпы жаңалығы А.Ф.Мархабаевтың Мұхтар
Әуезов шығармашылығындағы фантастикалық сарынды дөп басып ой елегінен
өткізуінен адами қатынастар мен ғаламдыққатынастар бірлігін сезінуінде.
Ғылыми басылым жұмысына жүйелі қатысып жүрген зерттеушінің бірі –
Ермахан Шайхыұлы. Оның Қазаргі қазақ сатирасы және жастар шығармашылығы
атты мақаласы қазақ сатирасы ең алғаш пайда болған кезден бастап, бүгінгі
күнге дейін небір даму сатыларынан өткендігі, тамырын тереңге жайғандығы
жайындағы ғылыми тұжырым. Қоғамдық, таптық және әлеуметтік жүкті қатар
сүйреп келе жатқан сатира – жанрлық салаларға бөлініп, жаңа түр, жаңа
формаға еніп, өз көкжиегін кеңейтіп келеді дейді автор.
Күні кеше ғана жиырма жылдығын тойлап, осы жылдар ішінде
көрермендерін күлкіге көміп, риза-хош еткен Тамаша ойын-сауық отауы, ең
алғашқы қойылымымен-ақ мұқым елді елең еткізіп, өздерінің өнеріне тәнті
еткізген Бауыржан-шоу, Шаншар, Күлкі керуені, Па, шіркін пародия,
Терісқақпай, Әзілкештер ауылы, Жөке, Жетпіс жеті күн т.с.с.
телетеатрлар мен бағдарламалар жоғарыда айтқан пікіріміздің айғағы35.
Мұның ішінде түрі себептермен өз жалғасын таппай жабылып қалғандары да бар.
Бірі жабылса, бірі сол қателіктерден сабақ алып алғашқысының кебін кимес
үшін жаңа түр мен форма іздеп, мазмұнын байытып қайта ашылуда.
Сатираға ерекше көңіл аударып, оның заман ағымына сай түлеп-
түрленуіне ықпал жасап, мол үлес қосып келе жатқан Жас Алаш газеті десек,
ешкім дау айта қоймас. Сондықтан да бұл басылымның Бір түрлі бет
қосымшасына тоқталсақ. Бір түрлі айдар түрлі жанрлар арқылы бір түрлі
ойлар айтты. Бір түрлі беттің әр санында жаңа айдарлар ашылып, жаңа
есімдер тырнақалды туындылары арқылы таныла бастағыны36 рас екенін біз
де білеміз. Мәселен, Сатира серкесінен сарқыт, Қазынадан қасықтап,
Үзік-үзік үзінді, Халтуралық хабарландыру, Комерциялық кеңес,
Сандалған сауал, Сурет те сөйлейді, Түстен туған түйдек-түйдек
тіркестер, атты айдарлар Бір түрлі бетте жарық көріп, тұсауын кесті.
1999 жылы Бір түрлі беттің 14 саны жарық көрген. Жыл ішінде отыз
автордың шығармалары жарияланса, соның сегізі студент жастар екен. Мәселен:
Біз келдік Еңбекші деген елден, Біздің де жегіміз келеді пельмен.
Немесе. Мен боламын Жантелеев Жали, Бар болса сто грамм нәли деген сияқты
тауып айтылған ұтымды сөздерді қағазға түсіріп, Ауыл айшықтары айдарына
ат ізін салып жүрген Ержан Байтілестің, Егер де оқытушы сабақта үйге
берген тапсырманы сұрай қалса, ешқандай қысылудың қажеті жоқ. Тек сабырмен:
Меннің конспектімде сіздің сұрағыңыз жоқ десең, жетіп жатыр деп кеңес
айтатын Сәуле Қалдыбайдың37 шығармалары ирония тілімен талданады. Әрине,
олардың қаламынан туған туындылардың барлығы төрт аяғын тең басып тұр деуге
келмес. Дегенмен Бір түрлі бет сатиралық қосымшасы жас таланттардың
үйрену, шыңдалу мектебі болғаны рас. Қазақ сатирасын тағы бір белеске
көтеріп, оның әсер-ықпалын тиімді жеткізіп отырған құралдардың бірі –
мерзімді баспасөз десек, жаңсақ айтқандық болмас.
Айтылған мақаланың және бір құндылығы: заман мен қоғам талабын
қанағаттандырып, сыртқы түр-пішінін ғана емес, сонымен қатар ішкі мән-
мазмұнын да байыта түскен қазақ сатирасын зор ілтипатпен, байыпты талдай
білгендігінде. Бұл стаиралық жанрлардың өсіп-өркендеп, кемелденіп, толысқан
шағын білдіретін құбылыс. Жастар басқа да көптеген сатиралық жанрларда
қалам қуатын байқап, талантпен талабын жемдеп жүрген жас сатириктер өз
үнін, стилін іздеп, тың тақырыптар табуға ұмтылғандары басты жаңалық.
Журнал авторларының бірі жүгінген зерттеуші М.В.Литвиновтың:
Публицистика- қаламгерлік қайратын үздіксіз жүзеге асыратын әрі нағыз
таланты бір арнаға тоғысатын сала. Публицистика әлемі – күллі әлем, -
деген пікірі публицистиканың қай кезде де болмасын ғылыми тұрғыдағы бет-
бедерін айшықтай түседі38.
Орыс баспасөзінің білгірі, ғалым Г.И.Вартанов: Публицистика -
қоғамдық-саяси, өзекті проблемалық мәселелерді баяндап, қорытатын әрі
өзекті логикалық көқарасын ғылыми тұрғыда дәлелдеуге қабілетті
журналистерден тұратын шығармашылық саланы қамтиды, -деп жазады39.
Демек, публицистика – бұқаралық ақпарат құралдарын тәрбиелейтін шеберлік
мектебі. Яғни, баспасөзде публицистикалық жанрлардың жиынтығы деп қарау,
жалпы журналистиканың арналарын бір-бірінен дербес алу, оқу процесін сол
принципте құру бүгінгі таңда өз мүмкіндігін сарқып болғандығын мойындау
қажет.
Қазіргі кезеңнің әлемдік дәрежедегі өзекті мәселелерінің бірі-
халықаралық ақпарат алмасуды өрістету, батыстан келетін ақпараттар легінің
шырмауында қалмау. Бұл әсіресе, кезінде АҚШ, Ұлыбритания, Франциянң отары
болып келген Азия, Африка, Латын Америка елдерінің қазіргі ақпарат
саласындағы теңсіздігінен де айқын көрінеді. Жалпы, Әлем және ақпарат
атты айдарда 89 ғылыми мақала жарық көрді. Оның 36-сы қазақ тілінде, ал,
53-і орыс тілінде жарияланған мақалалар. Осы цифрлардың арасындағы азды-
көпті алшақтық қазақ тілді ғалымдардың әлемдік журналистика проблемаларын
имене баратынын көрсетсе керек. Сондықтан бүгінгі БАҚ дамуының проблемалары
мен алғы шарттарына оперативті назар аударған жөн.
- жаңа БАҚ ашу тіркеумен ғана шектелмеуі керек, сөз бостандығына жол
ашылуы тиіс;
- әлемдік ақпараттық ортаға интерграциялану күшейді;
- мемлекеттік монополия жойылды;
- жекеменшіктік қатынас және бәсекелестік орнықты;
- баспа, техника мен технологиялар, шикізат, құралдар нарығы
қалыптасты;
- жаңа мамандар: менеджерлер, журналистер, баспагерлер, режиссерлер,
продюсерлер, жарнама және басқада БАҚ – қа қызмет ететін салалар
мамандары іріктеліп шығады;
- инноватция сапалық көрсеткіштерге алып келеді: ақпараттардың
ұшқырлығы артты, газет журналдардың мазмұнымен қоса полиграфиялық
сапасы жақсарды, жаңаша дизайн қалыптасты, қаріптерді құбылта
пайдалану жүзеге асады, суреттер көп қолданыла бастады, жаңа типті
фотоколлаждар дүниеге келді безендіру элементтері байытылып,
көркемдеу стилі мен бағыттарының сан түрлі қолданысқа енді;
- телерадиохабарлардың даярлауда да жаңа технологиялар кең
шығармашылық мүмкіндіктерге жол ашты;
- жұмысты ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдері өмірге
келді;
- Интернет пен электрондық почта кең қолданысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Журналист – жол басшы
Тіл халықтың жаны
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
1921 жылдың ақпан айында
Журналистің кәсіби санасының құрылымы
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму тенденциялары
Журналистика ұғымы, міндеттері
Журналист тұлғасын қалыптастыру факторлары
Пәндер