Салықтар және салық жүйесі. Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдалану саясаты



Жұмыс жоспары.
Кіріспе.

I. Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы
1.2 Қ.Р. инвестициялық қорлардың түрлері, инвестициялық жіктелуі

II. Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдалану саясаты
2.1 Қазақстандаңы инвестициялық жүйе
2.2 Инвестицияның экономикадағы тепе.теңдік шарттары

III. Салықтар және салық жүйесі
3.1 Салық ұғымы және салық жүйесі
3.2 Қазақстандағы салық жүйесі

IV. Қазақстандағы салық түрлері
4.1 Корпорациялық табыс салығы
4.2 Жеке табыс салығы
4.3 Бейрезиденттердін табыстарына салық салудын ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.4 Жанама салықтар (ҚҚС, кеден төлем, акциздер) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.5 Экспортталатын шикі мұнайға, газ қондырғыларына салынатын рента салығы ... ... ...
4.6 Жер қойнауын пайдаланудын салықтары мен арнаулы төлемдері
4.7 Әлеуметтік салық
4.8 Меншікке салынатын салымдар (жер салығы, мүлік салығы, көлік құралдары салығы).
4.9 Құмар ойын бизнесі салығы
4.10 Алымдар, баждар, төлемдер

V. Салықтың сұраныс пен ұсыныс икемділігі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жұмыс жоспары.

Кіріспе.
I. Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы
1.2 Қ.Р. инвестициялық қорлардың түрлері, инвестициялық жіктелуі
II. Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдалану саясаты
2.1 Қазақстандаңы инвестициялық жүйе
2.2 Инвестицияның экономикадағы тепе-теңдік шарттары
III. Салықтар және салық жүйесі
3.1 Салық ұғымы және салық жүйесі
3.2 Қазақстандағы салық жүйесі
IV. Қазақстандағы салық түрлері
4.1 Корпорациялық табыс салығы
4.2 Жеке табыс салығы
4.3 Бейрезиденттердін табыстарына салық салудын
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
4.4 Жанама салықтар (ҚҚС, кеден төлем,
акциздер) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.5 Экспортталатын шикі мұнайға, газ қондырғыларына салынатын рента
салығы ... ... ...
4.6 Жер қойнауын пайдаланудын салықтары мен арнаулы төлемдері
4.7 Әлеуметтік салық
4.8 Меншікке салынатын салымдар (жер салығы, мүлік салығы, көлік құралдары
салығы).
4.9 Құмар ойын бизнесі салығы
4.10 Алымдар, баждар, төлемдер
V. Салықтың сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе.

Дүние жүзі елдері өмір сүруді қамтамасыз ету, тіршілік әрекетінің
барабар және тиімді амалдарын қолдану проблемаларын шешуге деген өз
ұмтылыстарында өркениеттін көш-керуеніне тартылған. Әлем дамуы жағынан
бүгінде кең спектрді қамтиды, ол жоғары дамыған және дамушы елдерден, бай
және кедей халықтардан тұрады.
Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзін бұл қатардан дербес көрсете алмады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін республиканың алдында ол дербес мемлекет болып
қалыптаса ала ма,егер солай болса ,онда оның орны қайда болуы керек деген
тұрғыда таңдау жасау міндеті тұрды.
Қазақстан әу бастан-ақ өзінің дамуында меншіктің негізгі нышандарымен
қабысқан және өзара ықпалдасқан бәсекелестікке негізделген әлеуметтік
бағдар ланған экономикаға қол жеткізуді мақсат ететіндігін жариялады.
Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Біздің
ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға
интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың атап көрсетілуі
ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқаның айқындады.

Өткен жылдары реформалардың басты қорытындыларын бағалай отырып, сөз
жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті түбегейлі өзгергенің мойындау
керек. Тәуелсіздік жылдарында өтпелі кезеннің бұрынғы жүйесін сапалық
жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың
маңызды болғаны байқалады. Соның бірі инвестициялық реформалар жүйесін атап
өту керек.
Қазақстанның инвестициялық климаты қолайлы, оған қауіптенген
инвестициялар әкелуге болады деген шешімдер бар. Осындай шетел инвесторлары
үшін қолайлы жағдай жасауда елімізде көп шаруа атқарылды. Шет елдердің ең
беделді менеджерлерінен құралған Шетел инвесторларының кеңесі Қазақстада
тұрақты түрде жұмыс істейді. Жалпы, инвестиция елдің аяқ басып
,экономикасының тұрақталуының негізін қалайды.
Бұл көрсеткіштер мені қызықтырды. Сондықтан экономикалық теория
пәнінен курстық жұмыс тақырыбын мен Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық саясат деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігін ашып жазатын
балсақ, әділеттік үшін аталмыш инвестицияның дені біздің орасан зор табиғи
байлығымызды игеру үшін , ал оны игеру шетелдіктерге өте тиімді болғанынан
да, келді деуіміз керек. Қазір инвестициялық саясаттың сыңаржақтылығынан
арылу қамын ойластырып жатырмыз. Өңдеуші салаларды жаңа техника,
технологиямен жарақтау жобасы; жаңа, әлемдегі бәсекеге қабілетті бұйымдар
шығаратын кәсіпорындар салу жобасы жасалды. Даму институттары құрылды,
өткен жылы 43 жаңа зауыттар мен фабрикалар іске қосылды, әрі қарай бұл
қарқын күшейе бермек. Осыған орай шикізат орындарына емес, өндеуші
салаларға шетелдік инвестициялар әкелу., жаңа, өте тиімді, жоғарғы
техналогиялар әкелу инвестициялық саясаттың болашақтығы басым, негізгі
бағыты болып қалыпласып келеді. Бұл да назардан ешқашан тыс қалмауы керек
мәселе.
Бұл тақырыпты талдау мақсатым, инвестициялық саясаттың бүгінгі заман
талаптарына сай құрылым формасының негізін түсіне отырып, еліміздің бүгіні
мен ертеңін салыстып, жақын болашаққа көз салу.
Курстық жұмыс екі негізгі бөлімнен тұрады. I бөлім- теориялық бөлім.
Онда инвестициялардың жалпы түрлері, инвестициялық қорлар, әлем
инвестициясы жайлы негізгі хабар баяндалған. II бөлім- практикалық бөлім.
Онда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі негізгі
инвестициялар жайында мәліметтер келтіріледі. Бүгінгі күннің тынысы,
инвестициялық саясаттың жүру барысы, әсіресе аграрлық саладағы
инвестициялық салынымдар негізге алынады, қарастырылады.

I. Инвестиция және инвестициялық тартымдылық.
1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы.
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі
кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің
щеңберінде жалпы капиталдық салынымдар деген түсінік қолданылатын, осы
түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа
(өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, акциялар
және де басқа құнды қағаздар, техналогиялар, машиналар, қондырғылар,
лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында
кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар,
несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және
осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге едәуір жақын
келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық дүниелерде
инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың
бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге
асатындықтан,инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар
екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика
жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен
ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай , капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып
табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған
елдерде ( АҚШ, Канада,Ұлыбритания,Жапония) инвестицияландыру бағалы
қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады.
Инвестиция термині ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен
қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері
бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз қоғамның
нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді
(ғимараттар,қоңдырғылар, өндіріс-материалдар, запастар және т.б.) таза
инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз.∗ Тұрғындар үшін
жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін
сатып алу тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі
инвестицияландырылса, басқа біреуі дезинвестициландырады. Таза
инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.
У.Шарп∗ инвестицияны былайша анықтайды: нақты инвестицияларға әдетте
қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түрінде инвестициялау
кіреді,мысалы, жер,қондырғылар,зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар
қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен
облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың
негізгі бөлігі нақтығы жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында
инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады.
Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның
өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес,
бір-бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың
тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар
инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер
түріндегі өсімі алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономика- лық
ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған
капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз
бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық
игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция- бұл ақшаны, оның сақтауына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналаластыруға бо
латын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да
табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын
әр түрлі нысандары бар құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық
міндеттемелерге ; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен ;
қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың түрлері,
инвестициялардың жіктелуі.
Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың заңды түрде мынадай
түрлері еңгізілген:
1) акционерлік инвестициялық қор;
2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкін инвестициялық пай
қоры жұмыс істейді.
Ашық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компиядан
осы Заңды және осы инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген
жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайды сатып алуын талап етуге құқық
береді,бірақ ол екі аптада бір реттен кем болмауға тиіс.
Инвестициялық аралық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы ком
паниядан осы Заңды және осы инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген
жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайда салып алуын талап етуге құқық
береді, бірақ ол жылына бір реттен кем болмауға тиіс.
Жабық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына осы қордың пай
ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, сондай-ақ қор ережелерінде
көзделген жағдайларда және тәртіппен пай бойынша дивидендтер алуға құқық
береді. Жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы басқарушы компа
ниядан өзіне тиесілі пайларды сатып алуды талап етуге құқылы емес.
Инвестициялық декларациясында немесе ережелерінде осы белгіленген
инвестициялау шарттарын сақтамай, қордың активтерін инвестициялау мүмкін
дігі негізделген инвестициялық қор тәуекелмен инвестициялау қоры болып та
–былады.
Акционерлік немесе жабық инвестициялық пай қорлары ғана тәуекелмен
инвестицияланатын инвестициялық қорлар бола алады.
Инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы болған кезде акционер-
лік инвестициялық қор өз активтерін басқаруды жүзеге асыруға құқылы.
Өз активтерін дербес басқаруды жүзеге асыратын акционерлік
инвестициялық қор өзге тұлғалардың активтерін басқаруды жүзеге асыруға
құқылы емес.
Инвестициялық қордын инвестициялық қызметі осы қор акционерлері нің
немесе пай ұстаушыларының кірістер алуы және мұндай инвестициялау ке- зінде
қауіптің азайтылуын қамтамасыз ету мақсатында акционерлік инвестиция лық
қор тиісті лицензиясы болған кезде дербес немесе қорды басқарушы компа
нияның қор активтерін инвестициялауынан тұрады.
Инвестициялардын жіктелуі. Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны
жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізінде түрлі белгілер салынған.
Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру казеңі;
5) меншік түрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері;
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
- ақша құралдары, салымдар, пайлар акциялар және басқа да құнды қағаздар;
- жылжымайтын және жылжымалы мүлік ;
- авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылық
- тармен байланысты мүліктік
құқықтар;
- жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік
құқықтар;
- қандайда да бір өндірісті (бірақ патенттелген нау-хау
емес)ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе
ретінде рәсімделген тех никалық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардардың салыну объектілері бойынша инвестициялар бойынша бөлі
неді:
- нақты инвестициялар немесе құралдардың материаларды активтерге салынуы,
яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қа-
лыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын сал- ым.
Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық
бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
- материалды емес активтер- лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінін
құ ны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдары
ның салынуы- депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар;
3. инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі
түрге бөлінеді:
- тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыружәне ақша құралдарын салу
объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қа-
тар инвестор инвестициялық циклдердін барлық кезеңдеріне тартылады, оның
ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объ
ектілерін жобалау мен тұрғызуғадайын өнім өндірісіне;
- жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын
және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвести циялық
қорлар және компаниялар ) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестици яландыру
объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында
бөледі.Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдар портфельдік
деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге
бөледі:
- қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды ( қысқа мерзімді дипозиттік
салымдар, жинақ сертификаттар);
- ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
- азаматтардың , мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкі
меттік емес ұйымдардын жеке ақша құралдары;
- мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көз-
дерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түрлеріне байланысты:
- қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық
жүргізіп отырған кәсіп орындардың бір бөлігін иелену ( шектеулі меншік қоға-
мына үлестік қатынас);
- инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп
жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы неме се
басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүлік
тік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
- тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді
мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бой-
ынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым ин
вестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қол-
данылады;
- тәуекелді инвестициялар . Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе бел-
гісіздік дәредесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға
тәуел- ді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу
нәти- жесінің өзгеруі инвестициялардың мерзіміне және жобаның маштабы мен
оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін
бола тын әрекетін шеше алмау болып табылады(жаңа өнім түрін құру,өндіріс
шығын дарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды
орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы
мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес , жалпы есептемелік
табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа
ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
- жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан
жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
- шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңейуі- өндіріс қуаттылы-
ғын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екін ші
және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа
кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
- шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорындарды қайта құру- моральды тұрып
қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жа- ңа
өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық неме се
жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
- техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың, өндірістердің,
учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға ба-
ғытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық
жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-
жақты бағалау үшін қажет.

II. Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдаланудағы саясаты.
1. Қазақстандаға инвестициялық жүйе.
Қазақстанның инвестициялық саясаты шетелдік, сондай-ақ отандық
инвестицияны тартудың қажеттілігімен тікелей байланысты. Өткен кезеңде
инвестициялық қызмет жүргізу барысында негізінен, инвестицияның басты әрі
нақты көзі болып табылатын шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға
айрықша назар аударылды.
Жаңа қоғам өзінің өзгерістерін бірге алып келетіні белгілі. Сол сияқты
нарықтық эконмика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл
өркениетті әлемде әрқашан қарым қатынастың өалыпты заңдылығына айналып
кеткен ұқым болып табылады. Әу баста елімізге келген шетелдік инвесторлар
мұнай мен газ саласына көбірк қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да
инвестицияның басым бөлігі кен қазба байлықтарын құрайды.Өз кезегінде
Қазақстанның сыртқы саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге
шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің
ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге
асырыла баспалуы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді.
1993 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 46.2
млрд.астам АҚШ доллар көлемде тура шетел инвестициясы тартылды. Қ.Р.
экономикасында бүгінгі таңда өзінің ресурстарын өлемнің 60тан астам елі
бағыттап отыр. Инвестицияның барынша үлкен ағыны АҚШ, Нидерланды,
Ұлыбританиядан, Қытайдан бағытталған.
Осымен бір мезгілде ішкі инвестициялар да ұлғайып келеді. 2005 жылы
ғана негізгі капиталға инвестициялар 20млрд. АҚШ долларына шамалас болған.
Сараптамалық бағалама бойынша Орталық Азияқа келген инвестициялардың 80%
астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздін елімізді
инвестициялар әкелу өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық
Moody’s Investors Service рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен
инвестициялаудың жаңа, өте жоғары реітингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне
төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден,
бірінші деңгей банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған
Қазақстан рвноктыө экономика мемлекеті ретінде танылғаның қоссақ, бүкіл
дүниежүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулықты, экономиканың
артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқаның танып
отырғаны тұлғанып шығады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2005
жылмен салыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ
бұрынғысынша кен өндіру өнеркәсібіне (41,5%), өңдеу өнеркәсібіне (9,4%),
көлік және байланысқа (11,1%) келеді.∗
Кен өндіру өнеркәсібінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың
барлық көлемі дерлік шикі мұнай мен табиғи газ өндіруге және осы салаларда
қызмет көрсетуге келеді (93,8%).∗
Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың
елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42,3%), әуе көлігіне (15,4%) және
электр байланысқа (19,8 %) келеді.∗
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын
мүлік операцияларымен, жалға берумен және тұтынушыларға қызмет көрсетумен
(12,6%) байланысты қызмет түрлерінде елеулі, мұның 68% геологиялық барлау
мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.∗
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл
шаруашылығында бұрынғысынша мардымсыз (1,3%).∗
Білім беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық белсенділік деңгейі
әлі төмен қалпында. Бұл салалардың негізгі капиталға жұмсалған
инвестициялардың жалпы үлесіндегі салмағы тиісінше 0,7 және 0,4% құрады. ∗
Шетелдік инвесторларды қызықтыратыны, негізінен, өнеркәсіптің жылу-шикізат
саласы. Бұл салада шетелдік инвестицияның салмағы басым. Қазіргі кезде,
Қазақстандағы тікелеі инвестицияның 60% мұнай-газ∗ саласының үлесіне тиеді.
Басқа өнеркәсіп салалары бойынша инвестицияның үлесі мардымсыз. Мәселен,
қара металлургияда – 5 %, тамақ өнеркәсібінде – 5 %, басқа салаларда – 2 %.
Мұнын ішінде, түсті металлургияда ғана оның үлесі көптеу, 28 % құрайды.∗
Қазақстан көз жетер жақын болашақта Қазақстандық кереметтің болуын
тікелей мұнай саласымен тығыз бірлікте қарастыруда. Сөйтсе де кейбір
ғалымдар, атап айтқанда А.Е. Есентүгелов – Қазақстанның мұнай өндіру
көлемін ұлғайту және экспортқа шығару жөнінде керемет жоспарлар жасауына
ғылыми негізі жоқ деп санайды. Шындығында да мұнай өндіру көлемін арттыру
және оны шикізат күйінде экспорттаудан түсетін табыс мардымсыз, әрі ұзақ
мерзімді нәтижесін беруге қабілетсіз.
Ғалым А.Е. Есентүгеловтің айтқан пікірлерінің жаны бар. Қазіргі
кездегі Қазақстанның мұнай саласын дамытуға байланысты стратегиясын қайта
карауы жөн. Мұнда, негізінен, ел экономикасының даму бағыттарында
шикізаттық бағдардың күшейіп отырғандығын аңғармасқа болмайды.
Қазақстан мұнай өнеркәсібі саласындағы жаңа стратегиясы ескі
бағдарлардан толықтай бас тартып, Қазақстан мұнайын жан-жақты пайдалануға
яғни кешенді және терең өндеуге бағытталуы керек. Экономиканың мұнай-химия
және мұнай өндеу секілді секторларын дамытқан орынды болмақ. Жәй әншейін
мұнай өндіру мен оны сол күйінде шетке шығаруға қарағанда, мұнай өнеркәсібі
саласын түбірімен қайта құрып, оны өндеуге талпынып, сол бағытта жұмыстар
жүргізудің пайдасы зор.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл
дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму
банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы
институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен жұмыс істеудің
үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние
жүзіндегі үлкенді кішілі 80 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың
61 қаржылық міндеттеме төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика
халықаралық қаржы кредит және басқа ұйымдарға қатысуға туындайтын мүшелік
жарналарды, борыштық операциялар мен мәмлелер бойынша қажетті төлемдерді
жүзеге асырады.
Туризм әлемнің көптеген елдерінде экономика мен қоршаған ортаға әсер
ететін маңызды әрі кешенді фактор брлып табылады. Дүниежүзілік туризм
ұйымның мәлімдеуінше, әлемдік экономиканың бір саласы туризм жалпы ұлттық
өнімнің 10%, халықаралық инвестицияның 11% береді екен. Бұл туризмнен
түсетін пайданың мұнай мен көлік тасымалынан кейінгі үшінші орынды мығым
иеленіп отырғаның көрсетеді.
Ел экономикасын дамытуға үлес қосуға тиіс туризмді өркендету
Қазақстанда арнайы заңдастырылғаны мәлім.
2006 жылдың аяғында Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-
2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қ.Р. Президентінің
жарлығы қабылданды.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты сырттан келушілер туризмі және ішкі
туризм көлемін арттыру есебінен мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін,
халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік
индустрия құру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер
қойылады: туризм инфроқұрылымын дамыту, туризмді мемлекеттік реттеу мен
қолдаудың тиімді тетігін жасау, елдін тартымды туристік имиджін
қалыптастыру, туристік әлуетті арттыру, рекрециялық шаруашылық мамандануы
бар аймақтар қалыптастыру.
Мемлекет бағдарламаны іске асыру барысында туристер ағынының тұрақты
өсімі: ішкі туризм бойынша 2007жылғы 3.4 млн. туристен 2011 жылы 4.5 млн.
туриске дейін; сырттан келушілер туризмі 2007 жылғы 4.5 млн. туристен 2011
жылғы 9.5 млн. туриске дейін қамтамасыз етіледі. 2007 жылдан 2011 жылды
қоса алғандағы дейінгі кезеңде сырттан келушілер туризмнен бюджетке түсетін
түсім 603250 млн. теңгені құрайды. Сырттан келушілер туризмі есебінен,
сонымен қатар халықтың жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447.6 мың адамнан
2011 жылы 550.00 мың адамға дейін қамтамасыз етіледі.

2. Инвестицияның экономикадағы тепе-теңдік шарттары.
Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы
болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және I-ға өссе, онда
мультиплекатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:
∆Y
m- шығын мультипликаторы
b- тұтынуға шекті бейімділік
s- қорн жинағына шекті бейімділік
жиынтық ұсыныстың өсуі
a- капиталдың шекті беімділігі.
Капиталдың АААА өсімшесі инвестицияның АААА көлемімен қамтамасыз
етіледі, осыдан АААА .
Экономиканың өсуінің тепе теңдігі сұраныс пен ұсыныстың
теңестірілуінің шартында пайда болады. ААААА немесе АААА , яғни
инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті өнімділігі мен қор жинақының шекті
бейімділігіне тең болуы керек.
Тепе теңдік шарты бойынша инвестиция қор жинағына тең болғандықтан,
ААААА
Солоу үлгісіндегі жиынтық сұраныс инвестиция және тұтынумен
анықталады: АААА . Мұндағы ААа бір жұтмыс басты адам басына шаққандағы
инвестиция, ААА бір жұмыс басты адам басына шаққандағы тұтыну. Тұтынуды
төмендегідей өрнектеуге болады:
ААААА
Тепе теңдік жағдайында инвестиция қор жинағына тең және табысқа
пропорционал болады.
Сұраныс пен ұсыныстың тепе теңдік шарты төмендегідей өрнектеледі.
АААА
Өнім көлемі динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал кұлемі
инвестиция мен капиталдың ығысуы әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал
қорын өсіреді, ал ығысуы азайтады.
Инвестиция қордың қарулануы мен жинақ нормасына тәуелді, бұл
экономикадағы ұсыныс пен сұраныстың теңдігінен туындайды ... .

III. Салықтар және салық жүйесі
3.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні

Ұйымдық құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң
жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін
қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономиғкалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен
бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып
саналады.
Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен
саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржы
құралы, мемлекеттік кірістердің және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың
шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны
нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың
түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен
және функцияларымен анықталады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық
нысандары мен әдістері өзгерді, жетілдірілді, мемлекеттің қажеттіліктері
мен сұрау салуына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына
әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Бұл
К.Маркске сол кездегі капиталистік қоғам салықтарының мәнін былайша
білдіруге негіздеме берді: Салық – бұл меншікпен, отбасымен, тәртіппен
және дінмен қатар бесінші құдай; одан әрі: Салықтарда мемлекеттің
экономикалық тұрғыдан айтылған өмір сүруі жүзеге асады. Мемлекет
құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен,
жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке
тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон
салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 35 бабында: Заңды түрде белгіленген
салықтарды, алымдарды және өзге міндетті төлемдерді төлеу - әркімнің борышы
әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар бөлу жүйесінде пайда болатын
жаңылыстарды өшіруді және экономикалық субъектілер қызметін ынталандыруды
немесе тежеуді талап етеді.
Қазақстанның салық заңнамасында салық және бюджетке төленетін басқа
міндетті төлемдерді төледің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы,
әділдігі, салық жүйесінің біртұтастылығы және салық заңнамасының
жариялылығы қағидаттарына негізделеді.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық
көлемде жіне белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке
сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады. Қазақстанның салық
жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай
болып табылады.
Осыларға сәйкес қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта
бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды:
Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның
көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық
міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің
кірістерін тоғыстыра отырып, экономиканың, әлеуметтік-мәдени шараларды
жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің
ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына
қабылданатын бағдарламаға сәйкес ықпал етеді. Ьұл орайда салықтардың
нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелғерінің, алу әдістерінің өзгеруі,
жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы
өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал
етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі
мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы
ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық
табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1999 жылы -19,7%,
2000 жылы -16,6%, 2001 жылы – 17,4%, 2002 жылы – 22,6%, 2003 жылы – 22,2%
болды (ал Ұлттық қорды есепке алғанда- 25%), 2004 жылы – 21,3%(Ұлттық қорды
есепке алғанда – 25,3%) болды.
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның
оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен
міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.
2007 жылдан бастап салық саясаты экономиканың жекелеген секторларының
әлуетін іске асыруға және жекеше кәсіпкерліктің еркін дамуына кедергі
келтіретін әкімшілік рәсімдеуді оңайлатуға бағытталған. Сонымен бірге
қосылған құн салығының мөлшерлемесі 14%-ға дейін төмендетілді; ең аз
жалақыны шегерімге жатқыза отырып барлық жеке тұлғалар үшін 10% деңгейінде
жеке табыс салығының тіркелген мөлшерлемесі енгізілді; шағын бизнес
субъектілері үшін патент негізінде 2%-ға дейін арнаулы салық режимінде
салық мөлшерлемесі төмендетілді, оңайлатылған мағлұмдама негізінде 3%-дық
бірыңғай мөлшерлеме енгізілді.

3.2 Қазақстанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция тартудың теориялық және методологиялық негіздері
Шетел инвесторының толық иелігіндегі кәсіпорынды құру
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестері
Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесінің дамуы
Инвестиция-жедел экономикалық даму факторы ретінде
Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар
Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау
Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты
Пәндер