Азаматтық объектілерді қорғау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Азаматтық тұрғын халықты қорғау . . . 10
- Азаматтық тұрғын халықты қорғауға бағытталған халықаралық- құқықтық нормалардың дамуы . . . 10
- Азаматтық тұрғын халықты қорғаудағы халықаралық-құқықтық нормалардың әрекет етуі . . . 15
- Азаматтық тұрғын халықтың жекелеген топтарын арнайы қорғау . . . 19
2. Азаматтық объектілерді қорғау . . . 23
2. 1. Азаматтық объектілерді қорғаудың жалпы сипаты . . . 23
2. 2. Азаматтық тұрғын халықтың өмір сүруіне маңызды объектілерді арнайы қорғау . . . 27
3. Әскери оккупация жағдайындағы азаматтық тұрғын халық . . . 34
3. 1. Әскери оккупация, оның құқықтық жағдайы және гуманитарлық
көмек . . . 34
3. 2. Әскери оккупация кезіндегі азаматтық тұрғын халықтың қорғалуы . . . 38
Қорытынды . . . 43
Библиография . . . 46
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық құқық негізінде адам құқығын қорғау басты міндеттердің бірі. Бұл құнды бағдар тек «адам құқығын шектеудегі» мемлекет үшін ғана емес, құқық пен заң үшін, сонымен қатар азаматтық қоғам үшін қажет. Адам құқығы оған тек осы мемлекетті басқару ісіне ғана емес, сонымен қатар жеке өміріне, дінін, тілін таңдауға мүмкіндік береді.
Адам құқығын қорғау дегеніміз жеке тұлғаның еркіндігі мен құқығын келісім шарт бойынша анықтау және бекіту, өмірі мен еркіндігін дұрыс жолға қою, сондай-ақ халықаралық бақылау механизмі мемлекеттік міндеттемелерді жүзеге асыру және құқық саласындағы жеке тұлғаның құқығын қорғау болып табылатын құқықтық нормалар жиынтығы 1 .
Жалпы адам құқығының өрескел бұзылуы және мемлекеттік жеке тұлғалардың құқық бұзушылығын қорғамау немесе қорғауға әрекеттенбеу тақырыптың негізгі өзегі болып табылады. Бұл, өз кезегінде халықаралық адам құқықтарын қорғау және реттеу механизмін өмірге алып келді. Қазіргі таңда мемлекет қарауындағы азаматтар құқығын қорғау соңғы он жылдың ішінде әсіресе көші-қон саласында үлкен өзгерістерге ие.
Адам еркіндігі мен құқығының сақталуын құрметтеу принципі БҰҰ Жарлығында ең негізгі міндеттердің бірі. Біріккен Ұлттар Ұйымы: «Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, халықаралық экономикалық, әлеуметтік, мәдени, қоғамдық сипатын және жеке тұлғаның еркіндігін, оның тілін, дінін, жынысын, нәсілін талдамай, олардың құқығын реттеу және құрметтеу» үшін құрылған 2 . Соның ішінде 1948 және 1950 жылдардағы Жалпы қоғамдық адам құқығы және еркіндігін қорғау декларациясы, халықаралық азаматтық және саяси құқық пактісі, халықаралық экономикалық пактісі, әлеуметтік және мәдени құқықтары 1966 жылғы (Халықаралық адам құқығы пактісі), 1969 жылғы Америкалық адам құқығы конвенциясы, 1995 жылғы АҚШ негізгі адам еркіндігінің конвенциясымен халықаралық келісімшарт пен басқа да актілер қатарын бекіту кіреді.
Осы құжаттарды талдау барысында, мазмұнына қарай былай қарастыруға болады:
- мемлекет қарамағындағы жеке тұлғалардың халықаралық құқық негіздері және барша тұлғалардың еркіндігін айқындап, құрметтеу үшін міндетті;
- мемлекеттер жалпы қоғамдық адам құқығы мен еркіндігін құрметтеу нысанасында бір-бірімен бірігіп қызмет атқаруы керек.
1 Бекяшев К. А. Международное публичное прав. - М., 1999. - 640б.
2 БҰҰ Жарлығы 3п. 1б. 1т.
Адам құқығы мен еркіндігін құрметтеу мазмұнынан көретініміз, алдымен
халықаралық-құқықты реттеу сферасында белгілі құқық тізбектемелерінің белгіленуі.
Олар «минималды құқық стандарты» 3 немесе халықаралық-құқықтық негіздерін қалыптастыру, әр елдің заң қабылдау және заң шығару унификациясы, қолайлы құқық режимі мен осы құқықтарды қамтамасыз етуге мүмкіндік тудыруы, «негізгі адам құқығы мен еркіндігін бекіту болса, бұл көптеген әлемдегі мемлекеттерде сақталуы тиіс» 4 .
Мемлекет өзіне қабылдаған халықаралық келісімшарт негізінде белгілі заңдық міндеттемелерін, халықаралық келісімшартқа сәйкестендіріп, бекітілген шаралар жағдайларын жүзеге асыруы керек.
Мемлекет өзінің заң шығарушы орган міндетін халықаралық нормаларға сәйкестендіру керек. Алдымен, бұл азаматтық және саяси құқықтарға қатысты, яғни, мысалы Халықаралық Пакт заң шығару мен басқа шараларды қолдану нұсқауларын жүргізеді, егер заң шығару басқа өлшемдермен қарастырылмаған болса, әр қатысушы негізгі Пактіде мемлекетке керекті шараларды қолдануға міндетті 5 . Сондай-ақ мемлекет материалдық қамтамасыз ету құқығы өлшемдерін қабылдауға міндетті (жоғары дәрежеде бұл экономикалық-әлеуметтік құқық нормаларына қатысты) .
Мұндай жағдайда, заң шығарушы орган егер ол оған қарама-қайшы келмесе халықаралық нормаларды мәтіндік тұрғы мағынасынан қабылдамау керек. Халықаралық-құқықтық реттеу жеке тұлғаның құқығы мен еркіндігін сақтау негізін, халықаралық құқықтың жалпы қағидасы мен шешімдерін белгілейді.
Мемлекеттер ынтымақтастығын білдіретін құрастырушы қағида, құқық пен еркіндіктің сақталуын құрметтеуді көздейді. Бұл ынтымақтастық халықаралық ұжымдардың конвенция негізінде адам құқығының өте өрескел және жалпылама жағдайда бұзылуына, адам құқығының аяқ асты етілмеуін қадағалау механизмі болып табылады. Осы тұрғыда 1948 жылғы Конвенция қылмыс геноцидін ескерту және тиісті жазасын беру, ал 1956 жылғы Қосымша конвенция құлдықты жою, құлдыққа сату дәстүрі туралы, 1966 жылғы Халықаралық конвенция нәсілдік дискриминацияны жою болса, 1973 жылғы Халықаралық конвенция қылмысты бұлтартпау және ол үшін тиісті жазасын беру сияқты бірқатар мемлекетаралық келісімдер жасалды.
3 Микульшина А. И. Международное прав. - М., 2005. -360б.
4 Карташкин В. А. Международная защита прав человека. - М., 1976. -51б.
5 Азаматтық және саяси құқықтар жөнінде Халықаралық Пакт. 2п., 2б., 2б.
Басқа мемлекетке келген өз мемлекетінің азаматын қорғау Консулдардың басты міндеті
Консулдар институты көптеген ғасырлар негізінде қаланды. Ол сауда-саттықтың дамуынан пайда болған еді. Сол заманда консулдардың басты ісі тұрғылықты билік алдында саудагерлердің өзара дауларын шешу болатын.
Қазіргі уақытта консулдық қызмет ауқымы кеңейді десек те, ең басты міндеттердің бірі өзге елдегі өз елінің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Бұған дәлел 1963 жылғы консулдық тізім функциясын анықтаған Вена конвенциясы 6 .
Осыған байланысты Конвенцияда осы мемлекеттің азаматтарына мынадай функциялар жазылған:
1. азаматтарға көмек көрсету және жәрдемдесу (заңды және жеке тұлға) мемлекеттік қызметкерлер;
2. нотариустың міндетін атқару, азаматтық жағдайында акт тіркеушісі және басқа да міндеттер;
3. азаматтардың құқығын қорғау (заңды және жеке тұлға) мемлекеттік қайраткерлер «mortis causa» өзге мемлекет территориясында заң тәртіптеріне сәйкес келген жағдайда;
4. Өзге мемлекетке келушілерге бекітілген заң тәртіптеріне орай, аталмыш мемлекеттің азаматтары болып табылатын кәмелеттік жасқа толмағандар мен еңбекке жарамсыз жандарға қандай да бір қамқорлық көрсету;
5. тәжірибе мен тәртіпті сақтау, өзге мемлекетке келгендерді, өз құқықтарын қорғай алмаған және пайдалана алмаған жағдайда сот немесе басқа ұжымдарда осы азаматтардың осы мемлекетке келуін қорғау 7 .
Осы тізбектемелерден көрініп тұрғандай, консулдардың атқаратын қызметі өте ауқымды. Олар әсіресе қоғамда әлеуметтік жағынан аз қамтылған осал жандарға көрсетілетін көмек тізбегінен көрінеді.
Олар:
- босқындар және мәжбүрлі қонысаударушылар;
- апатридтар (азаматтығы жоқ) және бипатридтар (қос азаматтық) ;
- әйелдер;
- балалар;
- әскери тұтқындар;
- әртүрлі жағдайлардағы азаматтар және т. б.
«Осалдар» қатарын көптеген жандармен толықтыруға болады. Бұл қатарға мүгедектерді, әскери қызметкерлердің отбасын, зейнеткерлерді және
6 АндрееваМ. В. Сборник документов по международному праву. Ерекше б. М. :-Триада, Лтд,
1997. -544 б.
7 1963 ж. Консулдар қатынасы жөніндегі Вена конвенциясы 5б., 1т.
т. б. есептеуге болады. Барша мемлекетке қосымша әлеуметтік көмек сұрайтын жандар көп.
Ал қарулы қақтығыс кезіндегі азаматтық тұрғын халықтың құқықтық жағдайын тікелей қарастырмастан бұрын, неге соғыс құрбандарының жалпы тобынан азаматтық тұрғын халықтың тағдыры бүгінгі күні біз үшін ерекше дабыл соқтыратынын қысқаша түсініп алу дұрысырақ.
Көпғасырлық халықаралық қатынастардың тәжірибесі көрсеткендей, түрлі қарулы қақтығыстар тұрғын халықтың барлық экономикалық, саяси- әлеуметтік және рухани өміріне кері әсерін тигізе отырып, еріксіз ауыр қайғы-қасірет алып келді. Кезеңнен-кезеңге дейін, жетістіктері әскери істе белсенді пайдаланылған ғылыми-техникалық прогресспен тікелей байланыса отырып, түрлі қарулы қақтығыстар әсерінен адам өлімі мен материалдық шығын көлемі тоқтаусыз өсіп отырған. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, Жердегі адам қоғамының 6 мың жылдық тарихында, 4 миллиардқа жуық адам өмірін алып кеткен ірілі-ұсақты 15 мыңға жуық қарулы қақтығыстар болған 8 , ал бұл бүкіл жердегі халықтың санынан аса аз емес. Осы қарулы қақтығыстар барысында 115, 13 квинтиллион доллардан асатын сомада материалдық құндылықтар жойылған.
Шыныменде үлкен көлемге қазіргі кезең қарулы қақтығыстарындағы адам және материалдық шығындар мөлшері жетті. Мысалға, тек екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде ғана Еуропа халқы 50 миллион адам жоғалтты, бұл өткен 350 жылда болған барлық еуропалық қарулы қақтығыстардан екі есе көп. Кейбір мәліметтер бойынша екінші дүниежізілік соғыстан кейінгі барлық соғыстар мен қарулы қақтығыстардағы адам шығыны 20-22 миллион адамды құрады 9 .
Кейбір әскери теоретиктер мен заңгерлер әлеуметтік-саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық сипаттағы факторларға және әскери қажеттілік қағидасына сүйене отырып, қазіргі қарулы қақтығыстарда, азаматтық тұрғын халықты әскери объектіге айналдыратын, соғыс жүргізудің тотальді әдісін қолдануды негіздеуге тырысады.
Адамның өзі сияқтыларды құрту қабілеттілігін білдіретін, ядролық қарудың пайда болуы азаматтық тұрғын халықтың жағдайын одан ары нашарлатты. «Адамдар бірнеше жыл бойы соғысып келеді, - дейді Г. Х. Шахназаров, - бірақ осы уақытқа дейін, қанды әлем соғыстарын қосқанда, олар білген зат, ядролық қарудың кеңмасштабты қолданысының зардаптарымен еш салыстыруға келмейді» 10 . Әскери-саяси одақтарға біріккен
мемлекеттердің және мемлекттер тобының қарсыласуы, жай қару
8 Поляков Л. Е. Цена войны: Демографический аспект. - М., 1985. - с. 22
9 Милитаризм: Цифры и факты. - М., 1985. - с. 82.
10 Шахназаров Г. Х., Куда идет человечество. - М., 1985. - с. 147-148.
қолданылатын екі мемлекеттің арасындағы қарулы қақтығыстың, белгілі бір аумақпен немесе тек жай қаруды қолданумен шектелмейтін жахандық соғыстың басталуына алып келеді. Көп мемлекеттердің басшыларының және Батыстың көптеген саяси және әскери тұлғаларының ойынша, бұл бірін-бірі құртуды, яғни адамзаттың өзін-өзі ұжымдық өлтіруін білідіреді. Халықаралық-құқықтық көзқарастан қарасақ, мұндай соғыс адамзатқа қарсы жасалған ең ауыр қылмыс ретінде қарастырылады.
Түрлі қарулы қақтығыс әрекеттері кезінде еш кінәсі жоқ бейбіт халық зардап шегуде, адамдар өз жанұяларынан, туысқандарынан айырылады, қайғы-қасірет көреді. Қоғамның ең қорғаусыз тобы - әйелдер, балалар, мүгедектер,
аурулар және т. б. физикалық және моральдық азаптарға ұшырайды. Ойға
қонымсыз материалдық шығындар пайда болады, адамдар баспанасынан айырылады. Азаматтық тұрғын халықты осы және басқа да қайғыдан қорғауға арналған халықаралық келісімдер қабылданып жатыр.
Осылайша, қарулы қақтығыстардағы адамдар өлімі мен материалдық шығындардың өсуі, және қарулы қақтығыстар кезінде пайда болатын, XIX ғасырдың ортасында табылған, қоғамдық қатынастарды реттеудің жай құқықтық нысанының сәйкессіздігі, халықаралық-құқықтық қағидалар мен нормаларды ары қарай дамыту мен кодификациялаудың объективтік қажеттілігін білдіреді.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Жалпы алғанда, қарулы қақтығыстар кезіндегі азаматтық тұрғын халықтың, бейбіт халықтың өмірі, әрине қай ғасырда болмасын өркениетті адам баласын алаңдатпай қоймады. Бірақ, нақты түрде олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы зерттеулер, теориялар мен халықаралық келісімдер XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап көрініс таба бастады. Ал, оның нағыз шарықтаған кезі екінші дүниежізілік соғыстан кейін болды. Ол негізінен БҰҰ-ның құрылуымен байланысты болды, себебі ұйымның шеңберінде осы мәселелер бойынша көптеген конференциялар өтті және қарарлар қабылданды.
Азаматтық тұрғын халықтың қарулы қақтығыс кезінде қорғалуы жайында Еуропаның, Кеңес Одағының заңгер-ғалымдары көптеген еңбектерін жазған. Италияның заңгері А. Кассес, Чехославакияның заңгері Г. Менцер және сол сияқты басқа да заңгерлер қарулы қақтығыс әрекеттері кезінде азаматтық тұрғын халықтарды қорғау туралы халықаралық-құқықтық нормаларының көрініс табуына өз әсерлерін тигізген. КСРО заңгерлерін алатын болсақ, бұл тақырыпта Арцибасов И., Блищенко И., Фуркало В., және т. б. зерттеулер жүргізіп өз еңбектерін жариялаған.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Азаматтық тұрғын халық пен комбатанттардың арасындағы, және азаматтық объектілер мен әскери объектілердің арасындағы айырмашылықты түсініп, азаматтық тұрғын халықтың өмір сүруіне маңызды объектілердің мәртебесін айқындау. Қарулы қақтығыс әрекеттері кезінде азаматтық тұрғын халықты қорғауға бағытталған қағидалар мен құқықтық нормаларды талдау. Олардың қарулы қақтығыс кезіндегі халықаралық-құқықтық қорғалуының қаншалықты деңгейде дамығанын көрсету.
Зерттеудің объектісі - қарулы қақтығыстар кезінде пайда болатын, қақтығысқа қатысушы тараптардың азаматтық тұрғын халықтарына қатысты өзара қатынасының, азаматтық тұрғын халықтың өз мемлекетінің және қарсылас мемлекеттің билік өкілдерімен қатынастарының халықаралық-құқықтық реттелуі және үшінші тараптың немесе халықаралық гуманитарлық ұйымның азаматтық тұрғын халыққа көмектесу барысындағы қатынастарды құқықтық реттеу.
Жұмыстың зерттеу пәні - халықаралық құқық өз негізінде қарулы қақтығыстарда қолданылады. Шындығында, адам құқығы барлық жағдайда бейбітшілік және соғыс уақытында да қолданыла береді. Сондай-ақ адам өміріне қауіп төндіретін төтенше жағдайларда да қолданылады. Халықаралық құқық негізі азаматтық тұрғын халықты қорғау, әскери әрекеттерге қатыспайтын бейбіт тұрғындарды (жаралы жандар мен тұтқындар) қорғау болып табылады. Басқаша айтқанда, халықаралық құқық әсери қажеттілік пен ізгіліктің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.
Зерттеу әдістемесі: тарихи, талдау және статистикалық зерттеу арқылы эмпирико-теориялық әдістерді қолдану. Қарулы қақтығыс әрекеттері кезінде азаматтық тұрғын халықты қорғау институтының тарихи дамуын қарастыра отырып, оның зерттелген дәрежесі анықталды, оған сындар айтылды. Тарихтан азаматтық тұрғын халықтың, объектілердің шығыны туралы статистикалық мәліметтер келтірілді. Қабылданған халықаралық келісімдер, конвенциялардың жекелеген баптары талданды, танымал заңгерлердің еңбектері қарастырылды.
Қорғауға шығарылатын ережелер:
1) Халықаралық құқықтағы азаматтық тұрғын халықты қорғауға бағытталған қағидалар мен нормалар жүйесі;
2) Азаматтық тұрғын халықтың жекелеген топтарын арнайы қорғаудың қағидалары;
3) Азаматтық тұрғын халықтың өмір сүруіне маңызды объектілерді арнайы қорғау;
4) Әскери оккупация кезіндегі азаматтық тұрғын халықтың қорғалуы;
5) Ең соңында, азаматтық тұрғын халықты қорғаудағы іс-әрекеттерін сөз етіп және осыдан басқа да мәселелерді қарастырып көрейік.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы қазіргі таңда әрине бар. Себебі, әлемдегі әр түрлі қарулы қақтығыстар саны XXI ғасырда да азаяр емес, сондықтан азаматтық тұрғын халықты қорғауға қатысты әр мемлекеттердің заңгер ғалымдарының зерттеулері, теориялары адамдардың, мемлекет билік өкілдерінің осы сұрақ бойынша жалпы сауаттылығын арттыруда маңызды. Ол азаматтық тұрғын халықтың соғыс әрекеттері кезінде қорғалуы туралы мәліметтер береді және осы ғалымдардың еңбектері халықаралық деңгейде талданып, азаматтық тұрғын халықты қорғауды одан ары күшейтуге, халықаралық-құқықтық нормалар шығаруға және оларды тәжірибе жүзінде қолдануға өз септігін тигізеді.
- Азамттық тұрғын халықты қорғауАзаматтық тұрғын халықты қорғауға бағытталған халықаралық-құқықтық нормалардың дамуы
Халықаралық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі - азаматтық тұрғын халықты қорғау. Сонымен қатар, бейбіт тұрғындар мен жаралы және тұтқындағылардың денсаулығы мен олардың өміріне қауіп-қатердің төнбеуін қамтамасыз ету. Халықаралық құқық, басқаша сөзбен айтқанда, әскери қажеттілік пен ізгілік арасындағы теңдіктің сақталуын қадағалайды. Осыдан келіп, халықаралық құқық өте қатаң түрде жасалынатын әскери әрекеттерге шек қояды. Азаматтық тұрғын халықтың әскери шабуылдардан кездейсоқ шығынға ұшырауы кездескенімен, әдейі істелінген әрекеттерден сақтандырады.
Халықаралық құқық халықаралық және халықаралық емес әскери қақтығыстардың айырмашылығын анықтайды. Халықаралық қаруланған қақтығыс деп екі немесе бірқатар мемлекеттердің бір-біріне қарсы шығуын айтады. Мұндай жағдайда, халықаралық құқықтың бірқатар 1949 жылғы Женеваның төрт конвенциясы және 1977 жылғы №1 протокол қосымшасындағы нормативтік актілері қолданылады.
Халықаралық емес қаруланған қақтығыс деп мемлекет ішіндегі үкімет пен үкіметке қарсы жақтың қақтығысын айтады. Мұндай жағдайда, мемлекет ішкі мәселелерді өзі шешуге құқылы. Алайда, ол халықаралық құқық нормаларына сәйкес істелінеді. Халықаралық емес қақтығыста халықаралық қақтығысқа қарағанда халықаралық құқықтық нормалар аз қолданылады. Бұл жағдай Женева конвенциясының 3-ші тарауында қосымша №2 протоколда көрсетілген. Соғысты реттейтін халықаралық құқық нормалары бір жағы мемлекеттік емес нысан болып табылатын жағдайды да үйлестіреді. Ауғанстандағы терроризмге қарсы ұйыммен Талибан режиміндегі әскери әрекеттер осыған мысал. Сонымен қатар осы негізде 1949 жылғы 12 тамыздағы Женева конвенциясында қабылданған шаралардан үзінді келтіру өте орынды болар еді.
IV тарау. Азаматтық тұрғын халық
48 бап. Негізгі норма.
Азаматтық тұрғын халықпен азаматтық нысандарды қорғау мен құрметтеуді қамтамасыз ету үшін екі жақ азаматтық тұрғын халықпен комбатанттармен (соғысқа қатысушылар) арасында айырмашылығын анықтау керек. Сонымен қатар, азаматтық нысандармен әскери нысандар айырмашылығын біліп, әрекеттерді тек әскери нысандарға ғана қатысты атқару керек.
51 бап. Азаматтық тұрғын халықты қорғау.
2. Азаматтық тұрғын халық жекеленген азаматтар сияқты шабуыл нысандарына айналмауы керек. Азаматтық тұрғын халыққа террор мақсатымен зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салынады.
7. Азаматтық тұрғын халық және жекеленген азаматтар әскери әрекеттерден қорғану пунктері мен аудандарына айналмауы керек.
Халықаралық құқық соғыс жағдайында адамдар өмірін қорғауды, азаматтық тұрғын халық арасында ашаршылықты болдырмауды қамтамасыз етеді. Азаматтық тұрғын халықтың өмір сүру нысандарын сақтап қалады. Халықаралық құқық азаматтық тұрғын халықтың қарулы қақтығыс кезінде әскери әрекеттер жоқ жерге орналасуын қамтамасыз етеді. Бұл әрекет қақтығыс кезінде жараланғандарға медициналық көмек көрсетуге жағдай тудырады. Халықаралық құқық азаматтық тұрғын халықтың өмір сүруі үшін бірқатар көмек көрсетеді.
3 бап. Жалпы Женеваның төрт конвенциясында мыналар қарастырылған:
біріншіден, әскери әрекеттерге қатыспайтындарға ізгілік көрсетуге;
- өлім мен зорлықты болдырмауға;
- тұтқынға алуға шектеу;
- адамның ар-ожданына нұқсан келтіруге;
- сотсыз шешім қабылдауға тыйым салынады.
1980 жылы қабылданған жай қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы Конвенцияға және оның үш хаттамасына сәйкес, қандай да болмасын жағдайда азаматтық тұрғын халыққа қарсы әр түрлі миналар, мина-қақпандар және от қарулар қолдануға тыйым салынады. Одан басқа адам денесінде рентген сәулелерінің көмегімен табылмайтын, негізгі әсері ұшқындардың зардабымен келетін кез келген қаруды қолдануға тыйым салынады.
Қазіргі соғыстар және қарулы қақтығыстар азаматтық тұрғын халықтың өміріне жеткілікті мөлшерде аз әсерін тигізуде. Егер бірінші дүниежүзілік соғыста азаматтық тұрғын халық қаза болғандардың 10%-ын құраса, екінші дүниежүзілік соғыста бұл көрсеткіш 50%-ды құрады. Қазіргі таңда, адам өз іс-әрекеттері нәтижесіндегі ғылыми дамудың арқасында пайда болған материалдық әлемде өмір сүруде. Көптеген елдерде әскери емес мақсаттағы ядролық объектілер пайда болуда, олардың қирауы тұрғындар мен қоршаған ортаға ойға қонымсыз зияндар әкеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің республикамыз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Қазақстанның өзін әлеуметтік мемлекет ретінде жариялауы, әрине Қазақстандық мемлекеттіліктің дамуының алға басқан қадамы болып саналады. Бұл шындыққа сәйкес келеді ме? Бұл сұраққа жауабын әлеуметтік мемлекеттің негізгі белгілері мен қағидаларынан табуға болады. «Қазақстан Республикасының Түсіндірме сөздігінде» әлеуметтік мемлекеттің келесідей негізгі белгілері беріледі:
- мемлекет оның бөлек топтарына емес, керісінше адамға және қоғамға толығымен қызмет етуі керек;
- азаматтық тұрғын халықтың жалақысы төмен топтарына білім алуды, денсаулық сақтауды, ғылыми, мәдени, әлеуметтік қызметті, еңбек қауіпсіздігін, әлеуметтік және адрестік қолдауды қамтамасыз ету;
- мемлекет азаматтардың, оның денсаулығы мен өміріне экологиялық қауіпсіздікті қоса алғанда, және оның лайықты өмір сүруіне жағдайларды мемлекеттен талап ететіні азаматтардың құқығы екенін мойындайды.
Әлеуметтік мемлекеттің осындай түсіндірмесі бізге белгісіз, анықсыз, және оның белгілерін негіздемейтініне ұқсатамыз. Сондықтан мұндай белгілерді толықтыру керек сияқты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz