Маргиналдық әдебиеттің аударылу ерекшелігі
Мазмұны:
Кіріспе.
Аударма . алтын көпір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.Маргиналдық әдебиетің түрлері.
1.1. Маргинал аудармашының табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2.Маргиналдық типология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.3.Маргиналдағы тілдік шетболмыс мәселесі ... ... ... ... ... ... 19
2. Маргиналдық бағыттағы жазушылар шығармашылығы.
2.1.О.Сүлейменовтың маргиналдық қыры ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2.О.Сүлейменовтың «Мәмбет батырдың дар алдындағы дұғасы» өлеңінің аударылу хақында ... ... ... ... ...27
2.3.«Түнгі теңеулер» өлеңінің аударма нұсқасы ... ... ... ... ... .30
2.4.«Суретшілер» өлеңінің қазақшаға аударылу сапасы ... ... 31
2.5.Билингв жазушы Р. Сейсенбаевтың шығармашылығына шолу 36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

Реферат
Диплом жұмысының тақырыбы: Маргиналдық әдебиеттің аударылу ерекшелігі.
Диплом көлемі: 48 беттен тұрады.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, маргиналдық әдебиеттің түрлері,
маргиналдық типология, тілдік шетболмыс, О.Сүлейменовтың маргиналдық қыры,
билингв жазушы Р.Сейсенбаевтың шығармашылығына шолу және қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының мақсаты: қазіргі медиократия заманында маргинал
тұлғалардың қоғамдағы ерекшеліктерін жіті аңғарып, терең зерттеу жүргізу.
Және аталмыш маргинал тұлғаның бойындағы сипаттарды аша білу.
Жұмыстың мінтеттері:
- Маргиналдық әдебиет түрлеріне шолу;
- Маргиналдық әдебиет өкілдері шығармашылығына талдау;
- О.Сүлейменов пен Р.Сейсенбаев шығармашылығына шолу;
Жұмыстың негізін сипаттайтын тірек сөздер: маргинал тұлға, аудармашы,
аударма, түпнұсқа, салыстыру, талдау.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: сараптамалық талдау, теория, аудару, салыстыру,
салғастыру әдісі.
Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны: 52 ғылыми-әдеби оқулық, 9 газет-
журнал.
Мазмұны:
Кіріспе.
Аударма – алтын көпір
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2.Маргиналдық типология
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2.2.О.Сүлейменовтың Мәмбет батырдың дар
алдындағы дұғасы өлеңінің аударылу хақында ... ... ... ... ...27
2.3.Түнгі теңеулер өлеңінің аударма нұсқасы ... ... ... ... ... .30
2.4.Суретшілер өлеңінің қазақшаға аударылу сапасы ... ... 31
2.5.Билингв жазушы Р. Сейсенбаевтың шығармашылығына
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..36
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.42
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...46
“Адам мүмкін еместі
мүмкін ете аламын деген
сенімде болу керек,
әйтпесе ол зерттеу
жұмысымен
айналыспайды.
Гете.
Кіріспе.
Аударма – алтын көпір.
Көршілес жатқан қабырғалы ел орыс халқының маңдай алды данышпан ұлы
Пушкин айтқандай, “аудармашы – мәдениеттің арбакеші” болса, менің ұғымымда,
көркем аударма қазіргі таңда халықтар арасындағы достықтың діңгегі, алтын
көпірі. Әрине, бұл ретте күн тәртібінен түспей көлденең тартылар мынадай
үш мәселенің басы ашық.
Біріншіден, нені аудару керек? Дүние жүзі әдебиетінің алдыңғы қатарлы
асыл жауһарларын ғасырлап аударсақ та түбі көрінбес ғаламат туындылар
жетерлік. Ал соның барлығының бірдей халқымыздың рухани қажетін өтеуі,
ұлттық сана-сезімге сайма-сай келіп, естен кетпестей эстетикалық ләззатқа
бөлеуі мүмкін бе? Әлбетте, жоқ. Олай болса, таңдап-талғау, іздеп-іріктеу –
аудармашының өріс-өресін танытар өлшем.
Екіншіден, қалай аудару керек? Бұл талай тартыс пен талқыға түсіп,
түбегейлі шешімін тапса, қиын түйіні көп келелі мәселе. Көркем аударма –
атына лайық та көркем болғаны жөн.
Үшіншіден, кім аудару керек? Күні кешеге дейін аударманы сауын
сиырдай көріп, күн көрістің кәсібіне айналдырғандар аз емес. Бір романды
немесе жинақты балық үлестіргендей бөліскен кездеріміз әлі де кейін қала
қойған жоқ.
Аударма мәселесінің теориялық ой-пікір қадамымыз әжептеуір ілгері
басқандығын, оның жылдан-жылға мәнді, маңыналы жаңалықтарымен өрістеп келе
келе жатқандығын айта отырып, алайда адарма теориясы ғылымның бір саласы
болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып, есею
күйінде ғана екендігін біліскеніміз мақұл. Солай болғандықтан да адарма
теориясы өзі қамтырлық ауқымы мол мәселелерге қарыштай алмай келеді. Оның
үстіне бұл жүйедегі теория өзінің кейбір шешуші, анықтаушы негіздері
тарапында жемісті түрде өрістеу жолына әлі де түсе алған жоқ.
Аударма теориясы еліміздегі сан алуан тілдерден орыс тіліне және орыс
тілінен көптеген өзге тілдерге аударылудағы ерекше үздік үлгілерді,
таңдаулы аудармаларды жобалы, жүйелі түрде зерттеп, парықтап отыру жолына
да түсе қойған жоқ. Бұл айтылған күрделі, шешуші және әртүрлі пікірлерге
зек боларлық жәйіттер аударма жайындағы ғылымның түбегейлі негізі болмақ.
Аударма теориясының басты кемшіліктерінің бірі жоғарыда айтылғандай,
жақсы, үлгілі аударма тәжірибелерінің жеткіліксіз, үстірт зер салу,
шетендеп қана зерттеу болып отыр. Ал асылында, ондай аудармаларды бүкіл
егжей-тегжейіне жете, жан-жақты талдау аса мәнді шарт, талданғанда
шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін аударманың бойына қалай
сіңіргендігін, образдылығын, түп нұсқаның ырғақтық, үндестік, шумақтық,
ұйқастық нәзік ұтымды тетіктерін, авторының сөз өнеріндегі өзіне тән
ерекшелігін, тарихи нышандарын беруде аударма өнерінің, бұрынғы-соңды
аударма істерінен мүлде басқаша екендігін дәлелдеу әбден керекті міндет.
Аудармның таңдаулы үлгілерін, жақсы тәжірибелерін түйіндеу, талдау жөнінен
зерттеулердің болмауы - әдебиеттік теориялық пікірдегі бір зор кемістік деп
білу керек. Мұндай күрделі, ғылыми терең зерттеулер болмағандықтан,
аударма теориясы бұл шаққа дейін шала жүйелі, үзінді-қиынды күйде, кейде
кенет қана қозғалатын мәселе сынды болып отыр.
Аударма жөніндегі сын-пікірлердің екінші бір ақауы – тәуір
аудармалардың, тіпті жалпы аудармалардың тек бірбеткей көлеңке жақтарын,
сұрқай пішіндерін ғана байқастырудан туады.
Аударма теориясындағы тағы бір ақау аударманың ұлттық түрлері
жайындағы мәселелерден байқалады. Әлбетте, бұл тақырыпқа арналып теориялық
мақалалар жазылып, пікірлер айтылмады демейміз, қайта проза аудармасына
байланысты бұл мәселені айрықша көтеру талаптары бар. Алайда, әзірге бұл
байқаулар бұл жайындағы кейбір сындар, соны пікірлер сол зор мәселенің тек
шет-пұшпағын ғана қамтыған сияқты. Ал асылында, біріңғай кеңесшындықтарының
мол көріністері, бай деректеріне сүйене бұл мәселедегі теориялық
тапқырлықтың, баршаға пайдалы түйіндердің құлашың кең сермеуге әбден мүмкін
еді. Бұл үшін ұлттық форманы, аударма жайындағы қазіргі зерттеулердегідей
тұйық, санама күйде қарастырмай, оны өрістеп, қалыптасып отыратын тарихи
категория деп ұғыну керек.
Көркем аударма жөнінде біздің ертеде қалыптасып, белгілі бір арнаға
түскен арнаға дәуіріміз жоқ. Ол біздің мәдениетіміздің саласы. Көркем
әдебиет шығармаларының қазақ тілінде алған аударыла бастағанына аз уақыт
бола қойған жоқ. Соның өзінде осы кезеңге дейін аударылған аудармалардың
көпшілігі аударма деуге жарамайтын, шалағай бірдемелер. 1950-ж. шыққан
аудармалар мағнасы мен көркемдігі жағынан түпнұсқаларына мүлдем ұқсамайтын,
көркем аударманың принциптеріне, қай жағынан да қайшы келетін құнсыз
аудармалар болатын. Авторлардың өздеріне ғана тән жазушылық
ерекшеліктерінің, ұлттық өзгешеліктерімен санаспай, олардың шығармаларын
бір оқып шығып, ұзынырғасын түсінгендей болған соң, шала-шарпы түсінігі
бойынша, абзац-абзацымен, өздерінше қазақшалай беру, ол кездегі
аудармалардың жалпы стилі еді. Ағылшын лорды мен Амекиканың банкиріне,
орыстың дворяндары мен мұжықтарына қазақтың саптама етігі мен шапанын,
тоны мен тұмағын кигізу көркем аударманың сол тұстағы салты болатын.
Тіпті, Гогольдың Собакевичтері мен Ноздревтары да Итбаев пен Танауовтар
болып аударылған. Аттарын өзгерткендерімен қанағаттанбай, өздеріне қазақтың
саптама етігі мен шұжығын жегізіп, көжесін ішкізіп қойған соң, Собакевич
пен Ноздревтар Тамбов пен Рязанның помещиктері болып шықпай, кешегі
Тайсойғанның Итбаевтар мен Танауовтары болып шықан. Әрине, бұлар
оқушылардың эстетикалық сезімін аударатын төмен қолды, құнсыз аудармалар
екенінде сөз жоқ. Бүгінгі оқырмандар оларды әдеби брак деп санайды.
Дегенмен, сол зиянды салттың қалдықтарынан аударма әдебиетіміз әлі де
арыла алмай келеді. Қазіргі баспадан шығып жатқан аудармалардың ішінде
халқымыздың әдеби қорына қосылып, мұра болып қалғандай жақсыларының да
нашарлары, құнсыздары анағұрлым басым болып отыр.
Көркем аударманың мұндай жағдайда болуы, соның басты мәселелерінің
дұрыс шешілмей келе жатқандығында. Бұл ретте, алдымен көркем аударманың
бізде профессиялық дәрежеге көтерілмей отырғанын айту керек. Қазіргі
тәжірибеге қарағанда көркем аударманың профессия болуға хақы жоқ, ол әрбір
сауатты адамның қолынан келетін, әлдеқалай бір жеңіл кәсіп сияқты болып
жүр. Мұндай көзқарас көркем аударманың өнерлік қасиетін бағаламағандықтан
туып отыр. Көркем аударма соны шығармалар сияқты, шығармашылық еңбекті,
шеберлікті талап ететін үлкен өнер. Көркем әдебиеттен хабары аз сауатты
деген бір ғана дәлелмен аудармаға араласып жүрген адамдар бұл өнерді дамыта
алмайды, қайта өздерінің қарадүрсін немесе, тіпті, құнсыз аудармаларымен
оның сапасын төмендетеді. Көркем аударманы, тек соның шығармашылық,
реалистік қағидаларын меңгерген тәжірибелі мамандар ғана дамыта алады.
Көкем аударманың принциптері жөнінде бізде әртүрлі ұғым бар. Біреулер
дәл аударма дейді, екіншілері еркін аударма дейді, үшіншілері шығармашылық
аударма дейді. Менің пікірімше осының бәрі де әрі дұрыс, әрі дұрыс емес
сияқты. Дұрыс емес дейтінім, дәл аударманы жақтаушылар түпнұсқаны сөзбе-
сөз, сол қалпында аударады да, автордың идеясын бұрмалай береді. Мұндай
аудармалардың тілі балтамен шапса жарылмайтын, тасқа ұрса шорт сынатын
сексеуіл тәрізді сіресіп жатады, оқысаңыз тіліңіз күрмеліп, әлек боласыз.
Әдетте, мұндай аудармада түпнұсқаның көркемдік қасиеті ғана емес, мағанасы
да сақтала қоймайды.
Аударма өнері, аударма үлгілері ең алдымен, әр дәуірдің жемсі
болғандықтан да, әр кезеңдер түрліше бой көрсетуі заңды. Тіпті барлық
дәуірде, баролық кезеңде кәдеге аса беретін, үнемі үлгі етіп ұстайтын
аударма да және аударма өнері де баршылық. Бірақ бүгінгі кешегіні, ертеңгі
бүгінгіні алдына үлні ете отырып, соның жетістіктерін пайдаланады, өз
тұсының ерекшеліктерін қосады, сөйтіп аударма өнерін алға дамытады.
Жақсы аударма, жаман аударма ұғымдары бізде жиі қолданылады. Мұның
біріншісі: аудармашы шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін
жақсы бере білген деген сөздермен сипаттала салынады. Екіншілерге
айтылатыны және едәуір өкінішпен айтылатыны аударма төңірегінен кәсіп
іздеушілер, пайда тапқыштар туралы болып кете береді. Сөйтіп, біріншілер
аударма өнерінің барлық табысы, жетістігі соларға таңылады. Ал аудармадағы
мешеулік, кемшілік пен жетіспеушілік, сорақылық дегендер жаңағы кәсіп
іздеушілердің еншісіне күні бұрын бөліне салынады. Ал, мәселенің байыбына
бара қарасақ, жаңағы еншілердің екеуінде де үстірт қорытынды, біржақтылық
бар.
Біздің аударма өнерінде етек алған тәсілдердің ең бастылары деп еркін
аударма, жолма-жол аударма ұғымдарын айта аламыз. Шынында да аудармаға
еркін аударма немесе жолма-жол аударма деп айдар тағудың өзі аударма
өнеріндегі көркемдік, дәлдік, адекваттық талаптарға орайлас туғаны анық.
Бұл талаптардың үдесінен шығу біреулерді еркіндік жолына, енді біреулерді
түпнұсқаға байланған жолма-жолдың тәсіліне әкеп маңдай тіретті.
Ұлтық мәдениет – халықтың өзін-өзі тұрақтандыратан және оның барлық
әрекеттеріне негіздеме беретін, оның асқақ мұраттарын қалыптастыратын
рухани ізденіс аймағы. Ұлтымыздың мәдениетін, дүниетанымын зерделеудегі
басты мәселе біздің өскелең ұрпаққа басқа елдермен терезесі тең тең
боларлық рухани қор жинадық па деген сұраққа барып тіреледі.
Адамзат қол жеткізген ғылыми – техникалық жаңалықтардың нәтижесінде
ел мен ел қарым қатынасы тез өрбіп, күн өткен сайын кеңейіп келе жатыр.
Бұрындары ұшы-қиыры жоқтай болып көрінетін үлкен әлем бүгінгі коммуникация
құралдарының күрделенуінің арқасынада бір ауылдай кішігірім болып қалған
сияқты. Осы заман талабы мәдени мұраны да кең тұрғыдан қарастыруды
қажететеді, өйткені бүгінгі халықаралық байланыстар, бүгінгі мәдени сұхбан
деңгейі томаға тұйықтыққа жол бермесі хақ. Сондықтан да мәдени қор жасау
өз халқымыздың қолда бар мәдени мұрасы мен рухани игіліктерін сақтап, оны
жаңғыртумен шектелмесе керек. Рухани қазанамызда байытуда бүкіл әлемдік
алдыңғы қатарлы, озық ой үлгілерінің тәржімаланып, жалпы жұрттың қолына
жеткізу ісі аса маңызды да жауапкершілікті бастама екендігі сөзсіз. Онсыз
біз ұлттық мәдениетіміздің өрелі өркениеттілікке бас бұрғанын іс жүзінде
емес, тек сөз жүзінде ғана көрсетіп қойған болар едік.
Осы тұста мәдениет пен өркениет ара қатынасын ашып алу керек.
Өркениетті аяқтанған, оң-солын таныған ересек мәдениет деп бейнелі теңеу
айтуға болады. Біз де О. Шпенглер рухында академиялық философия тіліне
“жан бітірер”, “әр кіргізер” өмірден алынған сөз тіркестерін пайдалансақ,
тым артық кетпеспіз деп ойлаймын. Сонымен, мәдениетті өзімен-өзі болатын,
өзіне-өзі жеткілікті, өзін “асырап, тамақ тауып беретін ландшафты – Отан
анасын” (Л.Гумилов) ғана шын сүйетін, одан басқаны білмейтін тәй-тәйлеген
жас нәрестедей деп теңеу айтсақ, онда өркениетті аяғын нық басып, жер
кезуге даяр әрі соны қажетсінген, өзінен Басқаны табуға құштар, Басқамен
көрісуге құштар кезбе, ересек адам дер едік.
Ұлттық “қасық қаны тамған жерінен” – атамекен ортаның қайталанбас
бірегей ландшафты – жер қыртысының бет-бедерінен туындап, ұлт рухымен
қанаттанып, ұлттық ділден нәрленген мәдениет пен космополиттік ұран
ұстанған, “аралас қанды” қазіргі өркениеттің арасындағы қашықтық біреулер
үшін бір күндік жер болса, келесілеріне - ұзақ ғұмыр... Мұрат қылған
өркениеттілік бет-бейнесіз, жансыз “қуыс-кеуделік” пе әлде өзара сыйласу
арқасында қол жеткізер шынайы мәдени-әлеуметтік сұхбаттылық па? Жалпы,
“цивилизация” ұғымының бастапқы мағынасы кейінірек пайда болған техника-
технологиялық басым даму жағын, белсенді өмір салтын, бұқаралық ақпарат
құралдарының жемісін шегеріп тастағанда, о баста бірлесе өмір сүру
ықтиярын, басқалармен араласу тілек-талпынысын білдірген.
Сірә, аударма ісінің жолға қойылуы да - өркениеттілік еншісі.
Себебі, тек өркендеген, қанат жайып, қиыр шарлар кезі келген, өресін
кеңейткен, “оңы мен солын”, яғни “өзінікі” мен “өзгенікін” танып қалған
мәдениетте ғана аудару ісі қолға алынады.
Адарма мәдениетаралық коммуникация құралы. Мәдениеттің басқа
мәдениеттермен қаншалықты тығыз қарым-қатынас қалыптастырғандығын ондағы
аударма деңгейінен тануға болады. Аударма мәдениетте қос қызмет атқарады:
біріншіден, басқа мәдениет әлемінің “түндігін түреді”; екіншіден, өз есігін
басқа мәдениетке айқара ашады. Бейнелі сипаттар болсақ , аударма ісі –
мәдениеттің тілдік меймандостығы.
Аударманың арқасында адамзат рухының шарықтаған биіктерін барлық
халықтар өз тілінде оқи алады. Грек философтары, трагиктері, ортағасырлық
араб ойшылдары, Ренессанс алыптары: Петрарка, Данте, Бокаччо, Рабле,
Шекспир, Сервантес, Гете, Шиллер, Кант, Гегель, Ницше, Толстой, Достоевский
және т.т.
Аударуға деген ықыластың арқасында қанаттанып Гете, Гумбольдт,
Новалис, ағайынды Шлегельдер, Шлейермахер, Гельдерлин, Лютер, Абай,
Ә.Бөкейхановтар және т.с.с. қаншама терең аудармалар жасады десеңізші!
Жалпы адамзат мәдениетінің шоқтығы биік дәуірі – Ренессанс та
антикалық мәдени жәдігерлерді ақсүйектердің, сол кезде жаңадан қалыптасып
келе жатқан тап өкілдерінің жеке басының ынта-ықыласы, меценаттық
әрекеттері арқасында аударудан басталады емес пе?!
Әр ұрпақ тарихты өзіне қайта ашатындығы кімге де болса мәлім.
Сондықтан да адами болмыстың құндылықтарды қайта қарап, бары мен жоғын
таразылайтын шамасында үнемі өткенге, соның ішінде тарихтың жарқын да
шығармашылық рухқа толы дәуірлеріне көз жүгіртері заңды. Осындай шақта
антикалық әлем, Ренессанс, Ағартушылық дәуірі сынды адамзаттың табысты
жолдары мен мұндалап тұрады. Оның үстіне, адамзаттың өткенін білуің бүгінгі
жолыңдағы тануға ғана емес, болашағыңды анықтауға да көп әсер тигізері
сөзсіз. Ағартушылық дәуірінің тарихтағы озық жетістігі оның адам құқықтарын
адамзаттың алға қойған биік гуманистік мақсаты ретінде теориялық тұрғыдан
негіздеп қоюында ғана емес, сонымен қатар, оны өмірде жүзеге асыру жолдарын
көрсетуінде жатыр. Аталған жолдарға халықтық суверенитет пен билік
бөлінісі принциптерін жатқызуға болады. Жеке адамның дербестігінің, бас
бостандығының кепілдемесі болып табылатындай билік бөлінісі принципін
алғашқылардың бірі болып (1748 ж.) көрсетіп берген Шарль Монтескье
болатын. Бұл принцип әлі күнге дейін тұлғаны озбырлықтардан, асыра
сілтеушіліктен қорғап қалудың маңызды тәсілі болып табылады.
1.Маргинал әдебиеттің түрлері.
1.1. Маргинал аудармашының табиғаты.
Аударма деп ең көп мағынасында белгілі бір мәдени мәтін жазылған,
айтылған, жасалған “тілден” (бұл тұста тіл ұғымы тар лингвистикалық
мағынасында ғана қолданып тұрған жоқ) басқа бір тілге мәнісін бұзбай
жеткізуді айтады. Әрине, аударма – мәдени құбылыс. Өйткені, біріншіден,
аударманы қажет етуші де, жасаушы да адам. Ал адам мен мәдениетті
бөліп–жарып қарастыра алмайсыз, себебі, мәдениет - адами болмыс ету
нәтижесі. Екіншіден, аударма мәдениетаралық байланысты жеңілдетіп,
мәдениеттердің жандануына, баюына үлкен ықпал ететін құбылыс. Аудармашы –
нағыз шығармашылық өнер. Аударма ісінің озық үлгісі ұлт әдебиетінің, ұлт
мәдениетінің өсуіне үлкен септігін тигізеді. Қабылдаушы (рецепиент)
мәдениет үшін аудармалар маңызды рөл атқарады. Бейнелі айтар болсақ,
аударма әрқашан басқа әлемге, жарық дүниеге ашылған терезе сияқты. Онсыз
самал соғып, “тіл үйінің” ауасы тазармайды, күн сәулесі түсіп, кеңістігі
шұғылана құлпырамайды.
Аудaрма - мәдениеттің зор тынысы. Аударма әрқашан өзіндік ерекшелікті
сақтай отырып, халықтар мәдениетін жақындастыруға, еларалық байланыстардың
өсуін тереңдетуге қызмет етеді. Ол терең тамырланған ұлт мәдениетінің
өркендеуіне өлшеусіз зор үлес қосады. Енді аудармашы кім дегенге келсек,
ол ғылыми тәжірибесі мол, лингвистика жөнінде хабары бар, аударылатын және
аударатын тілді жетік меңгерген адам әрі басқа ұлт мәдениетінің
концептосферасын (ұғымдар “кеңістігін”) бір кісідей білетін мәдени дәнекер
деп айтар едік. Аудармашы өз ұлты мен өзге ұлттың еркешелігін қоса
қарастыра алатын мүмкіншілігі бар, әрі соны жазып жеткізе білетін
шығармашылық таланты бар адам. Екі мәдени әлемді байланыстырушы ретіндегі
аудармашы тұлғасынан маргиналдық нышандарын бірден байқауға болады. Демек,
келесі сұрақ “маргиналдық дегеніміз не?” деуге бастап апарады.
Біз “маргиналдық” терминін ғылымда қолданылу тәжірибесінде бірнеше
пәндік: саясаттанулық, әлеуметтанулық, психологиялық, мәдениеттанулық
ыңғайлар қалыптасқандығын айта кетуіміз керек. Бұның өзі ұғымның жеткілікті
деңгейде пәнаралық сипатта екенін танытады. “Маргиналдық” ұғымы қазіргі
заманға сәйкес процестерді талғаудағы негізгі кілт. “Маргинал” (кейінгі
латын тілінде – “шетте тұрған”, “шекарада орналасқан” дегенді, ал француз
тілінде – “қосымша”, “жанама”, бір нәрсенің шетінде жазылған дегенді
білдірген) деген түбірден туындап жатқан “маргиналдық” ұғымын американдық
социолог Р. Парк енгізді және бұл ұғым мәдени-әлеуметтік кеңістіктің ерекше
белгіленген таңбаланған орындарын білдіретін болды. Өзінің 1928 жылы шыққан
“Адамдар миграциясы және маргинал адам” (“Человеческая миграция и
маргинальный человек”) деген эссесінде ол алған рет “маргиналдылық “
ұғымын қолданды. Бұл еңбек иммигранттардың әлеуметтік бейімделуінің
процестерін зерттеуге арналған болатын.
Маргинал - халықтар миграциясынан туындайтын түрлі процестердің
өнімі болып табылады. Миграцияны жай, қарапайым қозғалыспен теңестіруге
болмайды. Мысалы, сығандардың көшпелі өмір салтына сай, тұрақсыз қозғалысын
әлеуметтік құбылыс дей алмаймыз. Өйткені олардың көші-қоны олардың мәдени
өміріне ешқандай мәнді өзгеріс әкелмейтінін ескере отырып, оның тек
географиялық қозғалыс ретінде қарастырған дұрыс. Ал миграцияның
нәтижесінде белгілі бір мәдениет адамы басқа өзіне жат мәдени, әлеуметтік
рөлдерді, жаңа өмір салтын игеруге мәжбүр болады. Ендеше, маргиналдық -
мәдени түсінік, ол мәдени санада өмір сүреді.
Маргиналдылық көбінесе миграциялар нәтижесінде басқа елге, басқа
жерге, қаладан ауылға, ауылдан қалаға көшкенде пайда болады. Миграция
нәтижесінде адам өзінің үйреншікті әлеуметік ортасын тастап, жаңа беймәлім
ортаға түседі. Бірақ ол өзінің бұрынғы ұстанымдарынан, құндылықтарынан,
мінез-құлық үлгілерінен бірден бас тарта алмайды, сөйтіп, ұзақ уақыт бойы
жаңасына да көндіге қоймайды. Нәтижесінде, адамда өзіндік екіжақты сана
қалыптасады да, ол ылғи психикалық қысым көру күйінде жүреді, 20-жылдары Р.
Парк Азияға, гавай аралдарына және Оңтүстік африкаға саяхат жасайды.
Тарихтан белгілі, Гавай аралдарында 20-жылдары өзінше бірегей жағдай
қалыптасты – бірнеше иммиграциялық толқындардың нәтижесінде онда
полиэтникалық қоғам пайда болды. Гавай аралдарында, бір жағынан,
Америкадан, Еуропадан және Азиядан жеткен ұлттық мәдениеттердің,
дәстүрлердің, діндердің, ал екінші жағынан, жергілікті полинезиялық
мәдениеттің дамуы, әрі солардың өзара араласуы нәтижесінде будан (гибрид)
мәдениет қалыптасты. Батыс мәдениетінің үлгілері және нормалары –
қабылданған қалып көзі (мәдени донар) ретінде, ал азиялық мәдениет басқа,
бөтен ақпаратты сіңіруші (мәдени рецепиент) ретінде еді.
Сапардан алынған әсерлері Р.Э. Паркті ғаламдық процестің нәтижесі -
өркениеттің заманға сай дамуы үшін қажетті тұлғаның жаңа типінің
қалыптасуы керек деген тұжырымға келуге итермеледі. Р. Парк осы жаңа типті
“маргинал адам” – екі түрлі, бір-бірімен жиі қақтығысатын мәдениеттер
шекарасында орналасақан индивид. Ол қандай да бір әлеуметтік топтардың
ортасында аралық, шекаралық жағдайда орналасқан, ол өзінің бұрынғы
әлеуметтік байланыстарын жоғалтып, өмірдің жаңа талаптарына бейімделген,
қоғамның перифериясында, яғни шеткері, сыртына таман орналасқан адам. Ол
– ешқашан өз өткенінен және дәстүрлерінен қашып кете алмайды да және
ешқашан өзінің жаңа орнын таппақ болып жатқан бөтен қоғамда толығымен
қабылданбайды да. Ол – ешқашан толығымен үйлеспейтін екі мәдениет және
екі қоңамның аралығындағы адам.
Маргиналдар, асихологиялық тұрғыдан қарастырғанда, өздеріне тән
бірқатар белгілерге ие: алаңдаушылық (мазасыздық); агрессия (ашушаңдық);
атаққұмарлық; сезімталдық; өзімшіл эгоцентристік. Маргиналды қабаттардың
жағдайының қарама-қайшылығы тұлғааралық деңгейдегі олардың мәдени
бейнесінің амбиваленттілігімен байқалады. Маргинал адамның табиғатын
анықтайтын басты нәрсе - әлеуметтік дихотомия “екілену”. Біздің
көпшілігіміздің өміріміздегі өтпелі және дағдарыс кезеңдерін сол бір өз
отанын тастап, бөтен елден сәттілік іздеген иммигранттардың басынан
өткізетіндерімен салыстыруға келетіні күдіксіз. Бірақ маргинал адам
жағдайында дағдарыс кезеңі салыстырмалы түрде үздіксіз, перманентті жүріп
жатпақ.
Р. Парктің идеясын Эверет Стоунквист дамытып толықтырды. Эверет
Стоунквисттің 1937 жылы “Маргинал адам” (“Маргинальный человек”) атты
монографиясы жарық көрді. Оның есімімен ғылымда маргиналдылық концепциясын
біржола орнықтыру және легитимациялау, яғни ұғымды ғылыми қолданыста заңды
деп тану байланысты. Стоунквист маргинал адамды мәдениеттер қарым-
қатынасынадағы басты кейіпкер, негізгі тұлға (“кеy – personalitу”) ретінде
қарастырады. Роберт Парк маргиналды бір-бірімен ешқашан үйлеспейтін екі
мәдениет жіне екі қоғам аралығынадағы адам ретінде қараған. Ол ешқашан
жаңа қоғамға қабылданбайды деп түсінген, ал Стоунквист болса, бейімделу
процесі жаңа қасиеттері бар тұлғаның қалыптасуына алып келуі мүмкін деп
біледі. Бұл маргиналдылық процесін оң қырынан қарастырудағы алғашқы
маңызды қадам болған еді.
Стоунквист маргинал адам эволюциясының үш кезеңін атап көрсеткен:
1. Индивид өз өмірінің мәдени қақтығысқа толы екенін сезінбейді,
ол тек басым мәдениетті “сіңіреді”,
2. Қақтығыс саналы түрде өтеді – дәл осы кезеңде индивид
“маргиналға” айналады ;
3. Қақтығыс жағдайына – мейлі сәтті болсын, мейлі сәтсіз болсын -
әйтеуір бейімдеуге тырысады;
Маргинал тәкаппарлық, экоцентристік сияқты бірқатар белгілерге ие
болғандықтан, кейбір жағдайларда әлеуметтік саяси, ұлттық қозғалыстардың
көсемі бола алады екен.
Э. Стоунквист “этникалық гибридтерді” мәдени маргиналдылықтың
тасымалдаушылары ретінде қарастырады. Маргинал тұлға, Стоунквистің айтуы
бойынша, жаңа жағдайда көп нәрсеге ие бола отырып, біраз дүниеден қолын
үзеді де, ол ең бастысы – “ұлттық тамыр” деп аталатында жоғалтып алады.
Мәдени маргиналдықты “зерттеуге” бағыт берген Р. Парк және Э. Стоунквисттің
дәстүрлерін А. Антоновский, Р. Гласс, М. Гордан, М. Вуд, Р. Херрик
жалғастырды. Маргиналдылық мәселесін талдауда маңызды теоретикалық қадам
деп Т. Шибутани сынды американдық психологтың концепциясын есептеуге
болады. Маргиналдықты түсінудегі маңызды мәселе әлеуметтік құрылымдардың
трансформациясына барып тіреледі. Нәтижесінде, адам бірнеше алуан түрлі,
бір-біріне қарама-қайшы талаптары бар үлгілі топтармен бетпе-бет келеді,
бірақ бұл талаптарды бір мезгілде бірден қанағаттандыру мүмкін емес.
Тұлға үшін маргиналды мәртебенің жағымды нәтижесі – маргинал бойында
шығармашылық белсенділіктің болуы. Психологиялық тұрғыдан алғанда,
шығармашылық белсенділік маргиналдың сол қоғамда орныққандар алдында өзін
ешкімнен кем санамай, тіпті солардан артықпын деп, өзін мойындатқысы
келетіндігінен туындаған өр сеніммен байланысты деп ойлаймын. Т.
Шибутанидың айтуы бойынша, кез келген мәдениеттердегі көптеген жаңалықтар
қарқынды әлеуметтік өзгерістер уақытында жасалатын көрінеді және мәдени
үлестердің көбін маргинал адамдар қосатын болса керек. Осылайша, ғалымдар
американ қоғамының негізгі, маңызды және ең белсенді тобының – маргинал
тобының жағдайына назар аударады.
Орыс зертеушісі В. Шапинскийдің концепциясы бізді маргиналдық ұғымын
мәдениеттану тұрғысынан түсінуге әрекеттенумен қызықтырды. Ол маргиналдықты
мәдени феномен болып табылады деп тұжырымдайды. Мәдени маргиналдық
феноменін сипаттай отырып, автор маргинал субъектің (индивидтің, топтың,
қауымдастықтың) қоғамның әлеуметтік құрылымына, сайси институттарға,
экономикалық механизмдерге қосылғандығына, сонымен бірге, берілген
социумның мәдени құндылықтарына қатысты шекаралық, босағалық жағдайда
екендігіне назар аударады. Автор маргиналдықтың мәдениет саласындағы
жаңалықтардың маңызды алғышарты ретіндегі мәнін атап көрсетеді, маргинал
топтар олардың ұйымдастырушылары және белсенді агенттері болады деп таниды.
Маргинал үшін “оның” ғана мәдениеті жоқ. Оған әрбір басқа мәдениет – танып-
білу, жасампаз шығармашылық көзі. Ол әлемді түрлі қырларынан көру
мүмкіндігіне ие адам болып табылады.
Қорыта айтқанда, маргиналдылық - өтпелі, шекаралық аймақтың нақты
белгісі, ал маргинал – оның тұрғыны, мекен етушісі. Демек, маргиналдық –
мәдени таңбаланған және әмбебапталушы феномен. Аудармашы қос мәдениеттердің
арасын жалғастырушы делдалдығында, қос тілдің “арнасын” тоғыстырарлық
дәнекерлігінде де маргинал тұлғаның бойында кездесерлік сипаттарды табуға
болады деп ойлаймын. Оның үстіне, аудармашылардың өздерінің маргиналдар
арасынан шығуы – табиғи құбылыс. Өйткені, тек өз тілі мен тек өз мәдениеті
аясынан бір елі аттамаған жан үшін, қанша жерден оның филологиялық немесе
аудармашылық мамандығы бола тұра, мардымды аударма жасай қою қиын деп
білемін. Себебі, бір сөздің басқа тілдегі тәржімасын білу - өз алдына да,
сол сөздің қандай контексте қандай мағынаға ие болатындығын білу - өз
алдына.
Аудармада түпнұсқаның мәтіні ұлттың өзіндік концептосферасының
(концептер әлемінің) болуының арқасында, яғни сол мәдениеттің өзіндік
когнитивті (танымдық) кеңістігінің, өзіндік әлем бейнесінің болуының
нәтижесінде көптеген өзгерістерді басынан кешіреді.
Концептосфера туралы қысқаша тоқтала кететін болсақ, онда ұғымды
ғылыми қолданысқа орыс филологы, мәдениеттанушысы, академик Д.С. Лихачев
енгізгенін айтумыз керек. “Концепт” деп қалыптасқан мәдениеттің ықпалынан
туындайтын әрі сол мәдениет өкілдерінің әлем бейнесін сипаттауына қатыспай
тұрмайтын “ядролық” (түпнегізді) ұғымдық бірлікті айтады. Концептер жеке
тілдік тұлға үшін болсын, жалпы лингво-мәдени тұтастық – қауым үшін болсын
экзистенциалды маңызға ие. Мәдениеттің негізгі концептеріне төмендегідей
абстрактілі, жалпы адамзаттық мәнге ие ұғымдар кіреді: Отан, ұят, тағдыр,
ерік-жігер, күнә, заң, еркіндік, үміт және т.с.с.
Мәдениеттің негізгі концептерінің ұғымдық-тілдік санадағы рөлі өте
зор. Өйткені онсыз ұлттың өзін түсіну, оның ділі, арман-мұратын ұғу қиын.
Демек, ұлттық мәдениеттің концептосферасын танымай тұрып, бір тілден екінші
тілге көркем аударма жасау өте қиын. Бұдан аудармашы жүгінің ауырлай
түскенінде байқауға болады. Қалай дегенмен де, аудармашы тұлғасының
мәдениеттер сұхбатындағы рөлінің маңыздылығы оның атқаратын қызметінің
жасампаздық, жоғары шығармашылық рухын паш етеді.
1.2.Маргиналдардың типологиясы.
Қазақ – орыс маргиналдық әдебиетінің барлық типологиялық топтары сан
және сапа жағынан өркендеп, жаңаша реңк пен қасиеттерге ие болуда. Абай
айқындаған маргиналдықтың бірінші тобы адаптациялық. Яғни, Абай
шығармашылығында басымдылық көрсеткен орыс және қазақ әдебиетінің
маргиналдық байланысының көрнекті үлгісі – ол аударма. Аударма –
рецепцияның адаптацияға енетін формасы. Аударма мен адаптация стилизация,
реминисценция түрінде орыс тілінен аударылып, маргиналдық әдебиеттің қазақ
тіліндегі типологиялық тобына кірген. Мұны біз интеграция деңгейінің өсуіне
балаймыз.
Біз мұнымен Абай, С. Көбеев, А. Байтұрсынов, Шәкәрім, Ж. Аймауытов,
М. Жұмабаевтың аудармадағы шығармашылығын байланыстырамыз. Осыған
қарамастан, Абайдың Евгений Онегин романына жасаған еркін аудармасын
толық аударма деп бағалау қиын. Бұл одан гөрі айтпақ ойды Пушкин романының
сарынына ауыстыру дегенге жақын. Бұған белгілі деңгейде Шәкәрімнің
Дубровский аудармасы да қатысты. Мұндай жағдайда тіпті жанр да өзгеріске
ұшырайды. Сондықтан Шәкәрімнің бұл туындысы Пушкин шығармасына жасалған
аллюзия мен стилизация.
Екінші топ – конвергенциялық – генеративтік. Бұл типологиялық топқа
қазақ тілінен орыс тіліне аударылған шығармалардан басқалардың бәрі кіреді.
Бұл топтың қатарына жатқызуға болатын авторлар, Ы. Алтынсарин, Н.
Құлжанова, М. Дулатов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, М. Әуезов, Қ.
Мұхамеджанов, С. Нарымбетов, І. Жансүгіров, Т. Жароков.
Үшінші топ – қосәдеби. Бұл топқа өздерінің көркем шығармаларын қазақ
тілінде, сонымен қатар, орыс тілінде жазатын жазушылардың шығармашылығы
кіреді. Бұл қаламгерлердің ең бір үлкен шоғыры, бұған саны қырықтай жазушы
кіреді және оның градациясын (дамуын) айқындау ыңғайлы болар еді.
Осылай С. Ерубаев, Қ. Аманжолов, М. Серәлин, С. Шарипов, З. Шашкин,
І. Есенберлин шығармашылығы үшін орыс тілінде жазу эпизодтық құбылыс болды,
сондықтан олардың орыс тіліндегі туындыларын эпизодтық қосәдеби
типологиялық маргиналдық топқа жатқызу қарастырылған.
Толық түрде қосәдеби деп атауға болатындар, яғни әр деңгейде екі
тілде Б. Момышұлының, Б. Бұлқышевтың, Т. Шахановтың, Р. Сейсенбаевтың, А.
Жағанованың шығармашылығына тән үрдіс. Біз бұл жерде орыс тілінде шынайы
әдеби шығармалар тудырмаған әдебиетші ғалымдардың, аудармашылардың
шығармашылығын қарастырған жоқпыз.
Және айрықша үлкен типологиялық топтың өкілдері – орыс тілінде
жазатын этникалық қазақтар. Олардың саны қырықтан да жоғары.
Бұл жерде әңгіме тек кәсіби жазушылар туралы ғана болып отыр. Біршама
ғалымдар оларды билингв – жазушылар санатына жатқызбайды. Орыс
әдебиетшілері болса, оның тікелей қазақ жазушыларына қатысты екенін атап
көрсетеді. Сондықтан өз туындыларымен жер–жаһанды жаулап алған жазушылар
қатарынан бұлар сирек орын алады, тек өз кәсіби қызығушылықтарының
шеңберінде қала береді. Қазақ әдебиеттанушылары, билингв жазушыларды
қоспағанда, бұл құбылыс орыс жазушыларына тән дейді.
Бұл типологиялық топты интеграциялық - прозаиктік және интеграциялық
– поэтикалық деп бөлуге болады. Интеграциялық – прозаиктік топқа кіретіндер
Джавахарлал Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Әнуар Әлімжановтың
шығармашылығы, Ел қоғамдық қорының негізін салушы, Сайтанның тағы
романының авторы, әлемдік деңгейде мойындалған Роллан Сейсенбаев,
шығармалары ТМД халықтарының тілдеріне және алыс шетел тілдеріне аударылған
көрнекті жазушы Сәтімжан Санбаевты, қазіргі кездегі ең үздік тарихи роман
Сақтар дилогиясының авторы Б. Жандарбеков, Энгельс Ғаббасов, қазақ
әдебиетіндегі алғашқы ғылыми –фантастикалық роман Данышпандық
формуласының авторы Шоқан Әлімбаев, маргиналдық прозаның қазіргі
көшбасшысы теорияшысы Бақытжан Момышұлы, А. Мақашев, Марат Барманқұлов, С.
Жылқышев, Аслан Жақсылықов және басқалары болып табылады.
Индивидтік стиль айырмашылығына қарамастан, бұлардың барлығына
маргиналдық прозаның типологиялық ерекшеліктері тән; біріншісі, ғылымның
шектес аймақтарын қосу, география, этнология, тарих, лингвистика, фольклор,
әдебиеттану, журналистика, сондықтан олардың шығармаларында маргиналдық
көркем және ғылыми немесе публицистикалық түрде көрінеді, екіншісі, көркем
мәтіннің барлық деңгейінде көрінетін этникалық ойлау бірізділігінің орыс
тілінде жайылуы, үшіншісі, көркем танымның еселенуі.
Орыс эстетикалық жүйесінде тәрбие алған қаламгерлер әлемнің екі түрлі
ұлттық көрінісін интеграциялау, оларды өз шығармашылығында интеграциялау
қажеттілігінің алдында тұрды. Осы шақта әлемнің екі түрлі ұлттық келбетін
талдау табысқа жете қалған жағдайда айтарлықтай көркем нәтиже көрсетті.
Төртінші, орыс және әлем әдебиетінің жетістіктерін пайдалану. Бесіншісі, өз
шығармашылықтарында дидактикалық сарындардың болуы. Алтыншысы,
шығармашылықтағы жаңашылдық –
публицистикалық сипат. Дегенмен маргиналдықтың айқын типологиялық белгілері
интеграциялық маргиналдық поэзияда көрінеді және бірінші кезекте, оның
талассыз көшбасшысы Олжас Омарұлы Сүлейменовке тиесілі.
Сонымен қатар тағы бір маргиналдық типологиялық топқа этникалық
белгілері ұмытылған жазушылардың шығармаларын жатқызамыз. Бұл
ассимиляциялық типологиялық топ. Оған ақын Б. Кенжеев қатысты, шыққан тегі
жағынан қазақ, шығармашылығы бойынша орысша қалам тербейді, қазіргі
тұрғылықты мекені бойынша канадалық. М.Симашко – орыс жазушысы, шыққан тегі
жағынан еврей, бар ғұмыры қазақ жерінде өтіп келген, қазіргі кезде
израильдік. Қазақстандық кәріс және орыс жазушысы, туған жері Қазақстан,
ұлты еврей, тұрғылықты жері американдық Ю. Герт.
Мәңгүрттік тип. Бұл типке ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, оның рәміздік
рәсімдік мағынасын білмейтін, күнделікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің
құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады. Бұл туралы Ш. Айтматовтың
шығармашылығында әсерлі жазылған. Мәңгүрт дегеніміз рухани тамырларынан
айырылған адам.
Мәдениеттанулық әдебиетте ұлттық мәдениеттен тыс қалған типтік
бейнені “евнух” (әтек) деп атайды. Осман империясындағы әскердегі янычар,
уәзір болған христиан, гаремдегі әтек өзінің мәдени қауымын жоғалиақұан
“евнухтың” классикалық түріне жатады.
Мәңгүрттік тип – дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаист
өмірлік позицияны өз қадылдауымен қабылдаса, мәңгүрттік – сыртқы күштеудің
нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте
бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады.
Мысалы, Ресей империясының мәңгүрттендеру саясатының кейбір
әрекеттерін еске алайық:
1. Халықтың өзін өзі басқару жүйесін отарлық әкімшілікпен алмастыру.
2. Салт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу.
3. Миссионерлік әрекет, төлтума жазбаша мәдениетті шектеу, алфавитті
алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу
4. “Бұратана” халықтардың тілін жоғары мәдени аймақтардан аластап,
күнделікті-тұрмыстық деңгеймен шектеу. Метрополиялық менталитет пен
мәдениетті күшпен енгізу.
Осыдан келіп “мәңгүртсің” деп біреуді айыптау әділетсіздікке жатады.
Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын айқындауда болып отыр. Оның
басты жолы – ұлттық мәдениетті қайтадан игеру.
Алайда, мәңгүрттіктің елестері аз емес. Мысалы, этномәдени нигилизмді
(кемсітушілікті) алайық. Еуропатектік әдебиетті айтпағанның өзінде,
біздің респуликалық басылымдардағы кездесетін мынадай пайымдаулардың
төркініне көз салайық:
• қазақ тілі көшпелілік үрдістен қалған реликт;
• көшпелілер шынайы мәдениетке жете алмаған, “мәдениет” деген сөз
арабша “қала” мағынасын білдіреді, сондықтан оны тек
отырықшылардың үлесі деп жариялау;
• “Психологиялық зерттеулер” республикада екі тип бар екендігін
көрсетеді: біріншіден, психодиагностикаға икемді
“еуропаорталықтандырылған” тип, екіншісі – этноорталықтық мінез-
құлыққа және дінге бағдарланған “ортадоксты-азиялық”тип.
• Түрік халықтарының мәдени мұрасының түбінде арийлік архетип
жатыр, олардың мәдени жетістіктері ирандық “баулудың”
нәтижесінде қалыптасқан. Кейбір зерттеушілердің түпкі атамызда
ақ нәсілдік тип басым болған, сондықтан олар арийлер деп
жариялауы да кездеседі. Бір тілдік топтың әртүрлі нәсілдерден
құралу мүмкіндігін ескерген жөн.
Мәңгүрттік менталиттетің өкілдерінің типтік белгілерін күнделікті
өмірден де аңғаруға болады. Жоғарыда келтіргеніміздей мәңгүрттік типке
тарихи жадыдан алыс болу жатады. Тарихи жады мен руханилықтың маңызды бір
тармағы - әрбір ұлттың адамгершілік туралы түсініктері мен әдеп жүйесі.
Батыстық мәдени ауысушылықтың белгілі бір жақтары қазақтың ұлттық тәлім-
тәрбие жүйесіне принципиалды сәйкес келмейді. Кейбір басылымдар ақша үшін
құныға тарататын жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік, рэкет, отбасылық
құндылықтарды сыйламау, және т.б. осы сияқты құбылыстар мәңгүртікке
апаратын тура жолға жатады. Әрине, тек Батысты кінәлай беруге де болмайды.
Көп жағдайда батыстық өркениет ізгілікке жатпайтын теріс қылықтарды тежеп,
мәдениетті нарықтық гуманистік әдеп, жүйесімен үйлесімді қоса білген. Бұл
жерде әңгіме транзиттік (өтпелі) қоғамдағы мәдени қайшылықтар туралы болып
отыр. Сосын ұлттық тілді жақсы меңгеру әр уақытта мәңгүрттік менталитеттен
құтқара алмайды.
Кейде мәңгүрттік мәдени типпен (оны мәдениет деп айту шартты нәрсе)
маргиналдықты тұтас қарастыру кездеседі. Оның
үстіне маргиналдар қатарына ана тілін білмейтіндерді де қосады. Сонымен,
маргиналдық мәдени тип дегеніміз не?
Бұл ұғымды американ әлеуметтанушысы Р. Парк енгізген және латын
тілінен – “шетте болушы” деп аударылады. Р. Парк маргиналдар деп иінез-
құлқында тынымсыздық, агрессиялық, өзімшілдік, сенімсіздік, депрессиялық
белгілері бар американ мулаттарын атаған. Мәдениеттану мен әлеуметтануда
бұл ұғым рухани өзіндік санасы тұрақсыздандырылған, “өліара” мәдениеттің
өкілдерін бейнелеу мақсатында қолданылады.
Әдетте маргиналдық ұғымымен қалыпты мәдени сәйкестікке оппозициялық
қатынастағы адамдарды сипаттайды. Қысқаша айтқанда, маргиналдар – не
қоғамнан өздері аулақ кеткендер, не қоғамның өзі оларды шеттеткендер.
Ескі құндылықтар жүйесі дағдарысқа ұшырап, бұрынғы нысаналар мен
мұраттар көмескіленгенде маргаиналдардың саны артады. Мысалы, ауыл-селодан
қалаға қоныс аударғандарды алып қарайық. Кеңес Одағы кезінде бұл процесс
қанша дегенмен мемлекет бақылауында болды. Транзиттік қоғамда нарықтық
қатынастардың енуіне байланысты ауылдық жердің көптеген тұрғындары кәдуілгі
үйреншікті мәдени ортаны тастап, қалаларға келді. Ал қалалық мәдениет пен
өмір салтына олар қанша икемделе алмай, маргиналдардың санын көбейтті.
Француз ғалымы А. Фарждың пікірі бойынша, маргиналдардың алдында екі
жол тұр:
• Барлық дәстүрлі қарым-қатынастарды бұзып, өзінше жаңа бір
субмәдениетті қалыптастыру;
• Біртіндеп заңдылық аймағынан шеттелу;
Әрбір өзін-өзі өркениетті деп есептейтін қоғам тас джунглилердегі
адасып жүргендердің санын көбейтпеуге ұмтылуы қажет. Бұл жерде мәдени
адаптациялық жүйелердің қызметінің маңызы зор. Өйткені басқа мәдени ортаға
жаңадан келгендер өздерінің ғасырлар бойы қалыптасқан басқа мәдениеттермен
қарым-қатынасқа түсу тетікетерінен айырылып қалады. Мәдени адаптацияны
аккультурациялық процестермен теңестіру дұрыс емес. Резервациялар мен
фильтрациялық ұжымдарда, күшпен орнатылған басым мәдениеттің тар
шеңберінде адамдық абырой мен намыс аяққа тапталып, рухани, азғындау өріс
жаяды.
1.3.Маргиналдағы тілдік шетболмыс мәселесі.
Тілдік шетболмыс мәселесі жөніндегі еңбектердің авторы, жазушы –
билингвист Ч. Гусейнов осы феноменге қазіргі әдеби үрдістің көптеген
мәселелерін қатыстыра отырып, жан – жақты анализ жасайды. Қостілділік жер
бетіндегі тіршілік етіп келген қоғамдық құрылыста және өмірде тарихи
ақиқат және обьективтік заңдылық ретінде көріне отырып, өзіндік
типологиялық биографияға ие болады. Автор ұлт жазушыларының көркем
шығармашылығындағы қостілділік мәселесін үштұтас аспектіде қарастырады:
1) Жалпылық форманың бірі ретінде;
2) Ұлттық тіл үшін қостілділік процесіндегі орыс тілінің ролін зерттеу
сферасы ретінде;
3) Орыс әдеби тілінің дамуындағы қостілді жазушының ролі ретінде;
Ұлттық әдебиеттегі қостілді шығармашылықтың туындау себептері мен
процестерін сипаттай отырып, Ч. Гусейнов жазушы – билингвистер
шығармашылығының типін анықтады және оны ұлттық әдебиетке байланыстырады.
Осыған байланысты ол былай деп жазады: Жазушының сол немесе өзге ұлттық
әдебиетке жататынын түсіндіруде айқындаушы рольді..., көрініп тұрғандай,
келесідегідей факторлар атқарады:
1) Жазушының ұлттық сана – сезімі –берілген халық өкілінің
психологиялық, рухани, сезімдік түйсігі;
2) Шығармашылық қызығушылықтардың негізі және көркемдік
тоғысудың обьектісі, тұрмыстың, тарихтың, құндылықтың,
дәстүрдің, халықтың тарихи эволюциясының терең процестерінің
біліміне жатқызылатын сол ұлттық шынайылығының тартысы
3) Және ақыры, бірде активті, ... бірде пассивті ... түрде
көрінетін халық тіл білімі..., мұны үзіліссіз білу керек .
Р. Бимұхаметовтің анықтауы бойынша, қостілділік ТМД көпұлтты
әдебиетінің тіршілік етіп келе жатқан белгісі, ол ... тілге терең
құштарлық құбылысы ретінде туады, өйткені ана тіл – адамның кеңге жайылған
санасын білдіреді және қостілділіктің масштабы кең, бұл құбылыс орыс
әдебиетінің ұлттық – эстетикалық шекарасы жылжыған сайын оны басқа ұлттық
әдебиетшілерге жақындатады.
Ю. Суровцев қостілділікті жаңа және өте маңызды құбылыс ретінде
анықтай отырып, келесідегідей мәселелерді бөліп алады: Біріншіден,
анықталған ұлттардағы қаламгерлер тағдырын бөліп алу керек..., ол орыс
тілінде жазуға қалай келді және қашаннан бері орыс тілінде жазады...,
ұлттық тіл ұлттық тіл болып қалатын ұлттық белгілердің иерархиясы туралы
ойлауды ұсынады, бұл өте маңызды фактор болып саналмақ. Ю. Суровцев
қостілді қаламгерлер шығармашылығын ұлттық құбылыс деп есептейді, ол бұған
Ш. Айтматовтың шығармашылығын әкеліп қосады. Тілдік шетболмыс құбылысының
әлеуметтік түпнегізі, - деп есептейді ол, - ұлттық танымның ішкі
динамикасына салынған және қостілділіктің қозғалып отырған мәселесі бізді
динамикалық күшті терең үйренуге итермелейді,
Тілдік шетболмыс мәселесі сонымен қатар ТМД халықтары прозаик –
билингвистерінің де назарын аударып отыр, мұның себебі, оны өте нәзік әрі
терең түрде түсіну және берілген құбылыстың ішкі көрінбейтін күшіне
байланысты болуы мүмкін. Ш. Айтматов көптеген мақалаларында, сұхбаттарында,
баяндамаларында мынаған сендіреді, қостілділік ХХ ғасыр өркениеті
көрінісінің ең бір тарихи қажеттілігі болып табылады, ... ХХ ғасырда
ұлттық тілдерді сақтау мен дамыту және провинциалдықтан бір мезетте
аулақтау – бұл барлық ұлттар мен ұлыстар үшін норма және қажеттілік белгісі
диалектілік қостұтастық – билингвизм – қостілділік болып табылады. Лингва
франканың обьективті тіршілік етуімен қатар деп нақтылайды жазушы
жарыспалы түрде түркі халықтары өз тілдерін атайтын ана тілдердің
өзіндік және толық өмірі олардың таралуының табиғи ареалының шегінде жүріп
жатады.
Бұл турасында жазушы А. Ким берген тұжырым сәтті шыққан. Ол:
Қостілділік – жаратылысты екі тілге аудара білу қабілеті. Бұл екі
психологиялық күйде бола алу қабілеті. Бұл тілдер арқылы танылған рухани
әлемді түйсіну деп жазады.
Қос тілдік стихияның және әдеби дәстүрдің (қазақ және орыс) синтезінің
нәтижесі ретінде құралатын тілдік шетболмыс феномені қазіргі қазақ
әдебиетінде шеттілдік қабат түзді. Осыған байланысты көптеген сауалдар
туындайды: әдебиеттегі бұл феномен дегеніміз не? Ұлттық көркемдік әлемді
шет тіл арқылы беру спецификасы немен тұжырымдалады? Қаламгердің бұл
түрінің шығармашылығы қандай әдебиетке жатады және оның көркемдігінің сыры
неде? Бұл құбылыстың перспективасы қандай? Тілдік шетболмыс құбылысы
әдеби – көркем қостілділіктің сан алуандығы болып табылады, оның негізінде
екі тілдің өзара байланысы жатады: ана тілдің және өзге тілдің қатынасы
негізінде; бұл қаламгердің ұлттық – көркемдік ойлау деңгейіне байланысты.
1972 жылы Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің Времен связующая нить деген
кітабы басылып шықты. Бұл еңбек қазақ әдебиетіндегі тілдік шетболмыс
мәселесін қарастырған тұңғыш теориялық зерттеу болды. Өз зерттеуінің
мақсаты мен мәселелері туралы автор ... зерттеу еңбекте көркем шығарманың
мазмұнды жағы туралы сөз болады. Формаға анализ жасау басты түрде поэзиялық
материалдар бойынша мазмұнды формаға жасалған анализ ретінде жүреді деген.
Негізінен Ә. Әлімжанов пен О. Сүлейменовтің шығармашылығына сүйене отырып,
автор қазақ әдебиетіндегі дәстүрлі ұлттық – көркем образдардың эволюциясын,
қазақ – орыс әдеби байланысының процесін зерттейді. Қазіргі қазақ әдеби
үрдісіндегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесін талқыға салады. Осы кітапқа
жазған алғысөзінде жазушы З. Кедрина былай дейді: Бұл кітаптың авторы...
тұтас халықтың идеялық – эстетикалық әлпетін оның нақты өмірлік
тәжірибесімен, көркемдік шығармашылықтың түбірлі жүйесімен, оның
эволюциясымен, бүгінгі қозғалысымен және болашаққа перспективасымен бірге
бейнелеп беруге ұмтылған.
Қазіргі кезде өркениеті елдерде бұрынғы жоғары мәдениетке күшпен
енгізу (аккультурация) бағдарламасының орнына “мәдениеттер сұхбаты” идеясы
ұсынылып отыр. Бір ескере кететін жайт: мәдениеттанушылар “жоғары және
төиенгі” деген бөлуден мәдениеттердің тең қалыпты принципін қолдауға
көшті.

2.1.О.Сүлейменовтың маргиналдық қыры.
Ақын О.Сүлейменов өзінің жазған бір мақаласында: “Шоқан Уәлихановтай
бабамыз интернационалистік тұлғамның бірінші мазмұнын – қазақ пен орыстың
қандас бауырмашылдығын анықтап берді. Абайдай бабам орыстан оқы дегенді
өсиет етті. Сондықтан да мен Ленин мен Толстойдан, Пушкин мен Маяковскийден
оқыдым. Сөйтіп мен көзқарасқа тән кеңпейілді, адам мен адамзат мұраты
жолындағы табандылық пен қайсарлықты орыс пен совет мәдениеті өкілдерінен
үйрендім - деп жазады. Осы тұста бізге Стоунквисттің маргинал адамды
мәдениеттер қарым-қатынасынадағы басты кейіпкер, негізгі тұлға (“кеу –
personalitу”) ретінде қарастырағандығы еріксіз есімізге оралады.
Сонымен қатар Стоунквист тұлға үшін маргиналды мәртебенің жағымды
нәтижесі – маргинал бойында шығармашылық белсенділіктің болуы дегенді
айтады. Психологиялық тұрғыдан алғанда, шығармашылық белсенділік
маргиналдың сол қоғамда орныққандар алдында өзін ешкімнен кем санамай,
тіпті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz