Марксизм саяси ілім ретінде



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
1 К.Маркс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2 Марксизмге көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3 Марксимзге берілген қазіргі саяси баға ... ... ... ... ... ... ..9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Пайдаланған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар мен Инжиниринг
университеті
Экономика және құқық институты

Халық аралық қатынастар кафедрасы

Саясаттану пәнінен

Реферат

Тақырыбы: Марксизм саяси ілім ретінде

Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- 3
Негізгі бөлім
1 К.Маркс---------------------------- ------------------------------4
2 Марксизмге көзқарас--------------------------- -------------------7
3 Марксимзге берілген қазіргі саяси баға--------------------------9
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
-13
Пайдаланған әдебиет тізімі----------------------------- -------------------
14

Кіріспе

ХІХғ. 40-шы жылдары еңбек пен капитал арасындағы күрес шиеленісе
түсті. Бірқатар елдерде пролетариат табы дербес күштерге айналды:
Францияда – 1831 және 1834 ж. лион тоқымашыларының көтерілісі;
Англияда – 30-шы жылдардағы чартистердің қозғалысы;
Германияда – 1844 ж. силездік тоқымашылардың қоғалысы.
Жұмысшылардың бұл қозғалыстарының бәрі капиталистік жүйеге қарсы
бағытталды. ХІХ ғ. 40-шы жылдары пролетариаттың революциялық
қозғалыстарының орталығы Германияға ауысты. Қалыптасқан осы жағдайлардың
жиынтығы марксизмнің 40-шы жылдары Германияда пайда болуына әкелді.
Марксизм – бұл жұмысшы табының, жұмысшы табы үшін қалыптасқан ілім.
Маркс ілімі туралы В.И.Ленин Маркстік ілімі – ең күшті ілім, өйткені ол
дұрыс ілім. Ол ілім – адамдарға жоққа сенудің қандайымен болса да,
реакцияның қандайымен болса да, буржуазиялық езгіні қорғаудың қандайымен
болса да ымыраласпайтын тұтас көзқарас беретін толық және жүйелі ілім. Ол
ілім – адамзаттың ХІХ ғасырда жасаған неміс философиясы, ағылшын саяси
экономиясы, француз социализмі сияқты таңдаулы ілімдердің заңды
мирасқоры..., - деп жоғары баға береді. Марксизм ілімінің негізін
салушылар неміс революционер-ойшылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс.

К. Маркс

К. Маркс Пруссияда (Германияда) Трир қаласында, адвокаттың еврей
отбасында 1818 жылғы 5 мамырда дүниеге келген. Маркс Трир гимназиясында,
одан соң Бонн және Берлин университеттерінде оқыды. Университетті
бітіргеннен кейін Демокриттің натурфилософиясы мен Эпикурдың
натурфилософиясы арасындағы айырмашылық деген тақырыпта докторлық
диссертацияны тамаша қорғап шығады.
Маркстің революциялық қызметі өте ерте басталды. 1842 жылы ол Рейн
газетін (рейндік радикал буржуазияның органы) шығаруға белсене қатысты
және оның редакторы болды. Редактор болып жүргенінде ол экономикалық
мәселелермен тереңірек айналысты, мемлекет пен заң орындарын сынға алудан
саяси экономияны сынауға көшті. Осы жылдары Маркс газеттің революциялық-
демократиялық бағытын едәуір күшейтті. 1848 жылғы наурызда Пруссия үкіметі
бұл газетті жапты. Бұдан кейін Маркс Парижге көшіп, Неміс-француз
жылнамасы журналын шығаруғы кірісті. Бұл журналда ол Гегельдің право
философиясына сын. Кіріспе және Еврей мәселесіне (1843-1844) деген
мақалалар жариялады.
Гегель философиясын талдау барысында ол, жеке меншікті жойып, әлемдік
құрылысты түбірімен өзгерте алатын пролетариат күшінің рөлін түсінді, әрі
пролетариаттың мүддесін қорғады.
1844 жылы Маркс пен Руге шығарған Неміс-француз жылнамасында
Ф.Энгельс Саяси экономия сынының очерктері еңбегін жариялайды. Энгельстің
бұл мақаласы Маркстің экономикамен одан әрі айналысуына септігін тигізеді.
Маркс бұл еңбекті жаңа, пролетарлық саяси экономияның кемеңгер очеркі деп
атады. Экономикалық мәселелермен айналысуының нәтижесі ретінде Маркс 1844
жылдың экономикалық-философиялық қолжазбаларын шығарды, бұл еңбек ССРО-да
алғаш рет 1932 жылы жарияланды. Бұл еңбегінде Ф.Энгельс секілді К.Маркс
өндіріс шығындарының негізгі элементтеріне: жалақы, капиталдан алынатын
пайда, жер рентасына талдау жасайды. Осы талдаудың негізінде Маркс жеке
меншікті шеттетілген (оқшауланған) еңбектің нәтижесі деп тұжырымдайды. Ол
былай деп жазды: ... жеке меншік бір жағынан, шеттетілген еңбектің өнімі,
екінші жағынан оны шеттетудің,шеттетуді жүзеге асырудың құралы.
Жеке меншіктің мәнісін одан әрі ашу үшін Маркс, еңбек пен капитал
арасындағы диалектикалық байланысты талдайды. Жұмысшы, - деп жазды ол, -
капиталды өндіреді, капитал жұмысшыны өндіреді. Сондықтан буржуазиялық
қоғамда жеке меншік қатынасы – бұл еңбек, капитал және олардың өзара
қатынасы. Егер жеке меншікті Маркс оқшауланудың салдары деп қарастырса,
оқшауланудың өзі еңбек бөлінісінің салдары болып шығады.
Еңбек бөлінісінің экономикалық қатынастардың алғы шарттары туралы
алғашқы зертеулік қадамдарын К.Маркс пен Ф.Энгельс кейіннен бірігіп жазған
Неміс идеологиясы еңбектерінде қарастырады және бұл еңбекте Маркс пен
Энгельс ғылыми коммунизмнің жаңа қалыптасқан теориясын баяндады.
1844 жылғы тамыздың аяғында Энгельс Манчестерден Германияға келді.
Жолда ол Парижде К.Маркспен танысты, олар бұрын да бір-бірінен хат алып
тұратын. Осы күннен бастап жұмысшы табының екі ұлы көсемінің достығы
басталды.
Парижде Маркс пен Энгельс Қасиетті әулет (1844 жылдың аяғында
жазылып, 1845 жылы басылып шықты) деген кітабын жазды. Бұл олардың бірлесіп
жазған алғашқы еңбектері болатын. Бұл кітап негізінен сол кездегі
буржуазияға қарсы дербес таптық күресте пролетариаттың әлсіздігі туралы
айтылған сындарғы қарсы жазылды. Керісінше, сын айтушы ағайынды Бруно мен
Бауэрге қарсы Маркс пен Энгельс пролетариаттың өзін өзі азат етіп қана
қоймай, оның азаттығы тұтас қоғамның азаттығының алғы шарты болатындығын
дәлелдейді. Пролетариаттың жеке меншікті құрта алатын тап екенін, оның
әлемдік тарихи рөлін негіздейді.
Сөйтіп, ұсақ буржуазиялық социализмнің әр түрлі ілімдеріне қарсы
күресте олар революцияшыл пролетарлық социализмнің теориясы мен тактикасын
жасады.
1845 жылы Маркс Пруссия үкіметінің талап етуімен Парижден қуылып,
Бельгияға көшті. Маркстің экономикалық көзқарастарының қалыптасуының келесі
кезеңі, оның 1847 жылы Философия қайыршылығы деген еңбегінің жариялануы
болып табылады. Мұнда ол ұсақ буржуазиялық социализм теориясы мен Прудонның
анархизмін күйрете сынады.
Буржуазиялық экономистермен салыстырғанда Прудон жеке меншік
қатынастардың жемісін адамшылыққа жат қылықтарға жатқызады (Жеке меншік
дегеніміз не?).
Буржуазиялық экономия ғылымын сипаттай келе Маркс, жеке меншік –
саяси экономияның барлық ой-пікірінің алғы шарты болып табылады,- деп
жазған болатын. Осы тұрғыда Маркс Прудонның еңбегін былайша сипаттайды:
Прудонның Жеке меншік дегеніміз не? шығармасы, саяси экономия көзқарасы
тұрғысынан алғанда, саяси экономия іліміне тағылған сын,-деп жазды.
Бірталай жыл өткен соң, 1865 жылы И.Б.Швейцерге жазған хатында Маркс саяси
экономияның ғылыми тарихында, еске алуға тұрғысыз шығарма,-деп одан әрі
қатты сынға алады.
Маркстің экономикалық көзқарастарының қалыптасу кезеңдерін көрсететін,
кейіннен шығармалар жинағына енген еңбектеріне Жалдамалы еңбек және
капитал (1849), Экономико-философиялық қолжазбалар (1857-1858, 1861-
1863, 1864-1865), Саяси экономияға сын (1859), Гота программасына сын
(1875) жатады.
Маркстің Жалдамалы еңбек және капитал еңбегінде капиталға тұңғыш рет
буржуазиялық өндірістік қатынастар шеңберінде анықтама беріледі. Капиталдың
басты алғы шартына жалдамалы еңбекті жатқызады. Капиталды қорланған еңбек
деп есептеген ол, капиталдың мәні, - тірі еңбектің қорланған еңбекті
сақтау мен айырбас құнын көбейтудің құралы болып қалуында,- деп жазды.
Сол сияқты жалдама еңбек туралы ол жалдама еңбектің орта бағасы –
жалақының минимумы, яғни жұмысшының, жұмысшы есебінде, тіршілігін сақтауға
керекті тіршілік заттарының жиынтығы,-деп жазды, яғни жалақыны тіршілікке
қажетті заттардың бағасы арқылы анықтай отырып Маркс өзіне дейінгі
классикалық буржуазиялық саяси экономия өкілдерінің позициясында
тұрғандығын бекітеді.
Маркс Энгельспен бірге Коммунистер одағының басшысы болды. 1847
жылдың аяғы мен 1848 жылдың басында олар Коммунистік партияның манифесін
жазып шығарды. Ол халықаралық пролетариаттың тұңғыш программасы болды. Бұл
документте олар коммунистік дүние тануды, қоғамдық тұрмыс саласын да
қамтитын дәйекті материализмді, даму туралы неғұрлым жан-жақты және терең
ілім ретінде диалектиканы, тап күресі теориясын баяндап, жаңа коммунистік
қоғамның жасаушысы – пролетариаттың тарихи рөлін көрсетіп берді.
1848 жылғы революция басталғанда Маркс Бельгиядан қуылды. Ол Парижға,
одан соң Кельнге көшіп, онда Жаңа Рейн газетінің бас редакторы болды.
Газет бетінде Маркс ірі буржуазияның опасыздығын, ұсақ буржуазияның
қорқақтығы мен дәйексіздігін аяусыз әшкерелеп, біртұтас демократиялық
Герман республикасын құру жолында саяси және экономикалық тұрғыда күресті.
Революция жеңілгеннен кейін Пруссия үкіметі Марксті шетелдің адамы
ретінде Пруссиядан жер аудару туралы үкім шығарды. Маркс алдымен Парижға,
содан соң Лондонға көшіп, өмірінің ақырына дейін сол Лондонда болды.
Қуғында оның тұрмыс жағдайы өте ауыр болды. Бұл жылдары Энгельс Маркске
материалдық жағынан зор көмек көрсетіп отырды. Ол 1850 жылы Манчестерге
көшіп келіп, Маркстің отбасы жөніндегі материалды қамқорлықтың едәуір
бөлегін өз қарамағына алды. Бұл туралы В.И.Ленин былай жазады: ...
мұқтаждық Марксті және оның отбасын қатты қинады; қаржы жағынан Энгельс
аянбай ұдайы жәрдемдесіп тұрмаған болса, Маркс Капиталды аяқтай алмауы
былай тұрсын, тіпті жоқшылықтың қыспағынан өліп кетуі кәміл еді.
Кельнде Коммунистер одағының мүшелерін соттағаннан кейін Маркс саяси
үгітті қойып, саяси экономия саласында Британия мұражайының кітапханасында
болған бай қазынаны он жыл бойына зерттеумен шұғылданды.
Оның саяси экономиямен көп жыл айналысуының алғашқы жемісі 1859 жылы
шыққан Саяси экономия сынына деген шығармасы еді. Бұл шығармада ақша
туралы ілім қоса қамтылып, марксистік құн теориясы тұңғыш рет жүйелі түрде
баяндалған.

Марксизмге көзқарас
Марксизм ХIХ- ғасырда дүниеге келіп, ХХ-ғасырда көптеген елдерге
кеңінен тараған философиялық, экономикалық, әлеуметтік көзқарастардың 
жүйесі. Бүгінгі таңда марксизм  туралы әртүрлі баға беріліп, тұжырымдар
жасалуда. Олардың  басым көпшілігі марксизмді қатты сынап,  тіпті, бұл
бағытта қате, теріс идеология деп көрсетуде.  Әсіресе ТМД елдері  деп
аталатын, бұрынғы Кеңес Одағының  республикаларында марксизм өте  төмен 
бағалануда.  Оны  оқу процесінен алып тастап, Маркстің, Энгельстің,
Лениннің  еңбектерін саяси-қоғамдық  пәндердің  әдебиеттер  тізіміне
енгізуден бас тартып  отыр. Кейбір  жоғары оқу орындарында  марксизм
деген аттан безіп кеткен кафедралар да аз емес.
Марксизмнің  беделін  түсірген,  ең алдымен  объективті жағдайлар.
Бұл жағдайлар  марксимзге тікелей байланысты емес. Шығыс Еуропаның 
Чехославакия, Польша, Алмания,  Венгрия,  Румыния, Болгария,  Албания,
Югославия сияқты  елдерінде социализмнің  күйреуі.  Бұл күйреу тез арада
өтті де, осы аталған елдер капиталистік,  (мүмкін демократиялық) жолға
бет бұрды.  Алайда ең түбегейлі төңкеріс КСРО-ның  кенеттен   жойылуымен 
байланысты болды.  Оның  құлауы – қайта құру деген іс-әрекеттен басталды.
Бұл мемлекеттердің  стратегиялық  бағыты – социализм болмай,  өздерінің 
жариялауы бойынша – демкоратиялық  қоғам болып шықты.
1990-жылға дейін дүние жүзінде 15 социалистік  ел болса,  қазір 
социалистік елдеріміз деушілер саны 4-тен аспайды. Сонымн, социализм
де, коммунизм де қоғамдық  құрылым  ретінде аса ірі күйзеліске ұшырады. 
Осыған  орай, көптеген  елдер  коммунистік  идеология,  ресми идеология, 
марксизмнің негізі деген сипатынан  толықтай  айырылуға жақындап, бұл
идеологияның  беделі төмендеді.  Ресми,  мемлекеттік идеология деген
сипаттан  айырылу -  марксизмнің  осалдануының  ең үлкен, әрі түпкілікті
себептерінің  бірі  болып отыр.
Екіншіден,  капиталистік  деп аталып жүрген елдердің  Еуропада, 
Америкада т.б. құрлықтарда экономикалық  жағынан соңғы жылдарда  қатты
дамып кеткенін  ескермеске  болмайды. Бұл жғдай капитализмнің қирап
жатқан,  болашағы жоқ деген маркстік тұжырымның  дәлелденбегенін
көрсетті. Жапония, Франция, Англия, Батыс Алмания,  Италия,  Испания,
Швеция, Дания, Швейцария, т.б. капиталистік  елдерде  еңбекші халықтың
тұрмыс жағдайы социалистік  елдердегіден гөрі  жоғары екендігі білініп,
осы елдерде жұмысшы қозғалысы бәсеңдеп, орта таптың  саны көбеюде.  Шығыс
Азия елдері, оның  ішінде Түркия,  Иран,  араб елдері,  соңғы он  жылда 
біркелкі қарқынмен дамып,  экономика  саласында ілгері басты. Ал КСРО-
дағы  Орта Азия республикалары мен Қазақстан, керісінше,  экономикалық 
дағдарысқа, күйзеліске  ұшырап, осы тығырықтан  шығар жол іздеуде.
Мәселен, бүгінгі күні ТМД елдерінде экономикалық  реформаның  немесе,
басқадай айтқанда,  социализмнен капитализмге көшудің  жүрмей, терең
тамырлы, кең алқымды экономикалық  дағдарысқа  ұшырауының ең басты 
себептерінің  бірі – экономикалық  теорияның  жоқтығы. Ешбір адам
М.Горбачев, А.Яковлев, В.Медведев те, Н.Рыжков пен Л.Абалкин де, 
экономист ғалымдар С.Шаталин, Н.Петраков,  П.Бунич, Г.Попов, Л.Пияшева,
т.б. да капитализмнің социализмнен артықшылығын, социализмнің  болашағы 
жоқтығын теория жүзінде  дәлелдеп  еңбек жазған жоқ. Бірін-бірі
қайталап,  бәрінің  айтып жүрген жалғыз  дәлелі – озат дамыған
капиталистік  елдерде (олардың тілімен айтқанда, нарықтық экономика
елдерінде) социализм  өмір сүрген  елдерге қарағанда  еңбек өнімділгі
жоғары.
 Бұл көрсеткіш екі жүйенің өзара  жарысында  социализмде ол өзінің 
ең  жоғары деңгейіне жете  алады,  соның  нәтижесінде ол капитализмді 
жеңеді деп К.Маркс пен В.И.Ленин айтқан,  оған  қол жетпеді,  жүзеге
аспады,  ал капиталистік  елдерде өндіріс тиімділігі, халықтың өмір
деңгейі жоғары делінеді.
Қоғамдық, бүкілхалықтық, мемлекеттік меншік, ешкімнің меншігі  болмай
шықты,  оны көбейтуге, дұрыс пайдалануға ешкім де мүдделі емес,  ешкімнің
жаны ашымайды, қажырлы, өнімді, сапалы еңбек етуге жұмылдырмайды, 
жекеменшік аянбай жұмыс жасатады, өзім дегенде өгіз қара күшім барға
әкелді дейді. Социализмнің  болашағы  жоқтығының капитализмнің 
өміршеңдігіне келтіретін  қысқаша  дәлелдері осындай.
Әрине,  нарықтық экономика  деген (капитализмнің  бүркеншек аты ғой)
құрылысты мақтаушылар  ол - өздігінен реттеліп тұратын  жүйе, социализм
болса  тоталитарлық, әміршіл-әкімшіл құрылыс, соңғысының ештеңе шығара
алмайтындығын айтады.  Жалаң сөзден басқа ғылыми негізде,  үлкен 
тәжірибені жинақтауға  сүйенген, дәлелі күшті, нанымды ілім жоқ.
Шығыс Еуропа  елдерінде де, ТМД елдерінде де жоспарлы, мемлекеттік
меншіктегі экономикадан, жоспарсыз жекеменшіктегі,  бәсекеге
негізделген   экономикаға үлкен дағдарыссыз көшудің  өмір сынынан  өткен
теориясы да, тәжірибесі де жоқ екенін уақыт көрсетті.
Оның бергі жағында дамыған Еуропа елдерінде, Америкада, Жапонияда
жұмысшы қозғалысы бәсеңдеп,  коммунистердің беделі түсе  бастады.
Әсіресе, Шығыс Еуропада, Кеңес Одағында  коммунистік  режимнің құлауы
жалпы коммунистік қозғалыстың ісіне зор нұқсан  келтірді.
Қытайда, Солтүстік Кореяда, Вьетнамда, Кубада әлі де болса 
коммунистік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Марксизм ілімі
ХІХ және ХХ ғасырларда марксистік педагогиканың пайда болуы және дамуы
Марксизмнің таптық қоғам теориясы
Марксизм философиясы
Марксизм және өмір философиясы
Маркстік философияның шығу тегі
Маркстік философия туралы
Өмір философиясы
Саясат тарихы жайлы
Карл Маркстің өмірбаяны және экономикалық теориясы
Пәндер