Жетісу өңіріндегі ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылық (1929-1933 жж.)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-8

1 Жетісу өңіріндегі ұжымдастыру: барысы және оның салдары

1. 1 Ұжымдастыру қарсаңындағы өңірдің әлеуметтік,

экономикалық жағдайы . . . 9-14

1. 2 Ұжымдастыру барысы және салдары . . . 15-23

2 Күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылық

2. 1 Жетісу (Сарқанд) көтерілісі . . . 24-30

2. 2 Шұбар көтерілісі . . . 30-37

2. 3 Балқаш Шоқпар наразылықтары . . . 37-41

Қорытынды . . . 42-44

Пайдаланған әдебиет тізімі . . . 45-47

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Қазақстан егемендігін алып, халықаралық мемлекеттер жүйесінде тең құқылы мемлекет ретінде өзін жариялағаннан кейін ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, Отандық тарихтың күрделі де өзекті мәселелеріне жаңаша көзқараспен қарай бастады. Қалыптасқан саяси және экономикалық қондырғы өзгерген кезде халықтардың санасына әсер ететін тарихтың орны ерекше. Кеңестік заман кезеңінде тарих ғылымы қоғамдық процестерді идеология тарапынан түсіндірді. Сондықтан да өзіміздің отандық тарихтың назардан тыс қалған, немесе белгілі бір себептерге байланысты өзгеше талданған мәселелерін қайтадан қарайтын уақыт келді.

Ауыл шаруашылығын кооперациялаудан бастау алған, қазіргі уақытта жартылай шешілген өзекті мәселелер жеткілікті. Олардың қатарына дәстүрлі шаруашылықтың күйреуі нәтижесінде қазақтар санының азаюы, қазақ даласында мыңдаған өзге ұлт қоныстанғаннан кейінгі этникалық дағдарыс, ұлттық тілдік ортаның бұзылуы сияқты мәселелер жатады.

Кеңестік заманда бұрмалаушылыққа ұшыраған және идеологиялық себептерге байланысты зерттеу аймағы болмаған тарих бұл - 30-шы жылдардың тарихы болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы экономикалық қатынастарды сталиндік-голощекиндік оқиғалармен алмастыру оқиғасы қазіргі таңда төл тарихымыздың зерттеу аймағынан өзіндік орнын тауып жатқан өзекті мәселе.

Кеңестік заманда 30-шы жылдарда жүргізілген ұжымдастыру мәселесі, оның қазақ халқы үшін болған салдарлары мен нәтижелері туралы шынайы ғылыми тарихнама қалыптаспады.

30-жылдары жүргізілген реформаның нәтижесінде 2 200 000-нан астам адам аштан өлді. Осындай қазақ халқы үшін орны толмас салдарларға әкелген оқиғалардың шынайы тарихын қалыптастыруға тәуелсіздіктен кейін қол жеткіздік. Қазіргі кезде, дәстүрлі көшпелі шаруашылық мәдениетін бір ортаға басқаратын ұжымға біріктірудің, отырықшыландырудың тарихы мен тағылымын жан-жақты зерттеу уақыт талабы болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігін айқындайтын үш мәселені бөліп көрсетуге болады: біріншіден, тақырыптың ерекше ғылыми-танымдық маңыздылығы; екіншіден, саяси-тағылымдық маңызы; үшіншіден, тарихи шындыққа қол жеткізуден туған қажеттілік. Сонымен бірге қазақ халқының тарихында идеологиялық себептерге байланысты ақтаңдақ болып, ғылыми назардан тыс қалып кеткен тақырыптарды зерттеу болашақ ұрпақты өз тарихын танитын, патриот ретінде тәрбиелеуге де үлкен үлес қосары сөзсіз.

Тоталитарлық жүйе өзінің қазақ шаруаларына жасаған шараларының заңсыз сипатын жасыру үшін, мұрағат қойнауындағы көптеген деректерді құпия ұстап келді. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Төралқасының комиссиясы өз жұмысының қорытындысында «Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарында зерттеулерге 20-30 жылдардағы күрделі оқиғаларға талдау жасауды енгізе отырып, зерттеу мәселелерін кеңейту» ұсынылды /1, 2/. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бітіру жұмысының өзектілігін айқындай алады.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бұрын айналымға түскен, ғылыми айналымда жарық көрген Жетісу өңіріндегі ұжымдастыру шараларының, оның салдарларына байланысты тарихи шындықты көрсету. 1929-1933 жылдар аралығындағы ұжымдастыруға қарсы наразылықтардың барысын, нәтижесін көрсету. Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер жүктеледі:

  • Ұжымдастыру қарсаңындағы Жетісу өңірінің әлеуметтік, экономикалық жағдайын анықтау;
  • Күштеп ұжымдастыру барысын, жолдарын көрсету;
  • Күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылықтарды, оның ішінде Жетісу (Сарқанд) көтерілісінің барысын нәтижесін, Шұбар көтерілісінің барысын нәтижесін, Балқаш Шоқпар көтеріліс барысындағы халықтардың наразылықтарын көрсету.

Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері. Ірі жеке меншік мал иелерін жеке қожалықтардан айырудан бастап, Қазақстандағы зорлап отырықшыландыру саясатын қамтып, ұжымдастырудың алғашқы нәтижелері белгілі болған уақыт аралығын, яғни, 1929-1933 жылдарды қамтиды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Кеңес идеясының ықпалынсыз дайындалған ашық пікірлер ол кезде жасырын немесе сырт елдерде жарық көріп тұрды. Солардың бірі-тарихымызға тәуелсіз көзқарас қалыптасқанға дейін бір жақты баға алып келген Мұстафа Шоқайдың көзқарастары мен деректері. Алаш қайраткері «Жас Түркістан», «Кеңестер билігіндегі Түркістан» атты еңбектері арқылы кеңестік биліктің сұрқия беттерін Европаға паш етті. Ауыл шаруашылығындағы кеңес үстемдігі жайлы Мұстафа Шоқай бірнеше мақалалар жариялады.

«Көтерілістен - ұйымшылдыққа» атты мақаласын «Түркістанның әр жеріндегі жаңа құрбашы көтерілістері туралы хабарлар жетуде . . . көптеген түркістандықтар осы жаңадан шығып жатқан көтеріліске біздің көзқарасымызды білгісі келетіндіктерін айтады . . . біз өзіміздің ой-пікірімізді жариялауды жөн көрдік» деп бастайды. Ой-пікірдің 1930 жылы жарияланғанын ескерсек, «Жаңа құрбашы» қозғалыстары 1929-1930 жылдары Сырдария округінде өткен ұжымдастыруға қарсы шаруалар қарсылығы екенін түсіну қиын емес. Ол кісі бұл көтерілістің себебін, «Түркістандағы орыс большевиктерінің әдеттен тыс езуі мен қанауы, қатыгездігі болып отыр» - деп дәл тапқандығын уақыт дәлелдеуде -деді /2, 72/. Кеңестік ұжымдастыруға байланысты қазақ шаруашылығының деңгейін, құрылымын зерттеу соғыстан кейін 40-жылдардың соңына таман қозғала бастады. 1947 жылы 15-19 мамыр аралығында Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология, этнология институтының І сессиясы болып өтті. Ғылым академиясының мүшесі Юшков «Қазақстан тарих ғылымының негізгі міндеттері» атты баяндамасында « . . . кеңестік Қазақстан тарихының маңызды мәселелерінің бірі ретінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды зерттеуді жолға қоюды» тапсырды. Б. Тұрсынбаев та осы сессияда сөйлеген сөзінде «кеңестік Қазақстан тарихында ауылды кеңестендіру жөнінде мәнді зерттеулер жоқ, тек қана қателер жеткілікті журнал мақалалары ғана бар» деп айтып өтті.

Тарихшы Тұрсынбаев «байлар мен жартылай феодалдардың мүлкін тәркілеу оларға соңғы соққы болып, көптеген жерлерде қазақ ауылдары ұжымдастырудың шешуші базарларын қылыптастырды», «астық дайындау кезінде ауылдар мен деревняларда тап күресінің шиеленіскенін айта келіп, көп жағдайларды партияның ұйымдастырушылығы мен тап күресінің маңызына көп көңіл қояды. Дегенмен де, коммунистік идеология қыспағында болғанымен ұжымдастырудың Қазақстанда партия бағытын бұрмалаушылықпен жүргізілгені туралы пікірге тоқталады. «Ұжымға кіру кезінде еріктілік қағидасы бұзылып, күштеп «кулак ретінде жойыласың», «сайлау құқығынан айырыласың» деп қорқытып жүргізілгенін айтуға алғашқылардың бірі болып батыл қадам жасады. «Өлкелік, жергілікті ұйымдар астықты аудандардағы ұжымдастыру қарқынын артта қалған көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы аудандарына ойланбай енгізуі» секілді тағы басқа бұрмалаушылықтар, шаруалардың көңіл қоярлық наразылықтары белгілерінің білінгенін көрсете келіп, «ол партияның тез араласуы арқылы орнына келтірілді» деп жазады /3, 15/.

1950 жылдардың ортасынан бастап ұжымшар тарихнамасында жаңа серпіліс байқалды. Бұл ХХ съездің «Жеке басқа табынушылық пен оның зардаптарын жою туралы» қаулысы негізінде қалыптасты. Аталған қаулы жаңа деректерді кеңінен пайдалануға мүмкіндік жасап, қалыптасқан сталиндік теория шеңберінен босатқандай болды. Алайда, бұл «кеңшілік» ұзаққа созылмай, тарихшылардың «Жеке басқа табынушылық келмеске кетті. Қоғамдық ғылымдарға, оның ішінде тарих ғылымының шығармашылық дамуына барлық жағдай жасалынды» /4, 21/ деген тұжырымдары өз уақытынан ерте айтылған болып шықты.

Сол кезде «басып озу», «феодализмнен социализмге бірден аттап өткен» Орта Азия Қазақстан республикаларының даму тәжірибесін насихаттау жан-жақты жүргізіліп жатқан болатын. «Капитализмнің дағдарысын» әшкерелеу идеясының шеңберінде жазылғанымен Б. Тұрсынбаевтың, Г. Дахшлейгердің, тағы басқалардың зерттеулері көп еңбек сіңірумен, мұрағат құжаттарын кеңінен пайдаланумен ерекшеленді. Алайда, бұл еңбектер ауыл шаруашылығы жөніндегі коммунистік партия саясаты аясында орындалғандықтан жаңсақ пікірлер мен теориялардан ада еместігін айтуымыз қажет. А. Тұрсынбаев қазақтың дәстүрлі шаруашылығының дала өмірі жағдайындағы артықшылықтарын ғылыми тұрғыдан қорғаған қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновтармен бірге Швецов, Чаянов, Сириус, Доничтің еңбектерін сынап, 1930 жылдардан келе жатқан коммунистік теорияларды қолдайды. Бұларды ұжымшарға қарсы элементтерге жатқызып, жергілікті жерлердегі зорлыққа қарсы наразылықтарды ұйымдастырушылар ретінде көрсетеді.

Сол кездегі еңбектердің басым көпшілігінде ұжымдастыру қозғалысының үрдістерін, қарама-қайшылықтарын ашудағы зерттеу тәсілдерінің бір-бірінен айырмасы жоққа тән. Г. Дахшлейгер өз монографиясында түсінікті тілменен ұжымдастыру алдындағы орталық және республикалық партиялық-кеңестік органдардың дайындық жұмыстарын, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бұрын қолданылмаған құжаттармен орнықты жеткізе білген /5, 35/. Бұл кісі де өз замандастары секілді ұжымдастыру бағытында жүргізілген іс-шараларға таптық күрес тұрғысынан баға береді. Аталған еңбегінде Е. Полочанский, В. Соколовский, С. Швецовтардың зерттеулерін қоғамдық қатынастардағы таптық күресті жоққа шығарушылық, ауыл шаруашылығының капиталистік даму жолын дәріптеушілік бар деген көзқарасты сынайды.

Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру мәселесі 1960 жылдардан бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Әрине кеңес тарихшылары 60-шы жылдары бұл тақырыпты өз идеологиясының тұрғысында жазды. Бұл ізденістер мақалалар, баяндамалар, арнайы ізденістер ретінде жарық көрді /6, 85/.

1960 жылдар әдебиеттерінің қатарынан елеулі орын алатыны - «Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (1926-1941, маусым) » атты екі бөлімнен тұратын құжаттар мен материалдар жинағы. Бұл жинаққа дейін Қазақстанда ұжымдастыру тарихына байланыста құжаттар мұндай дәрежеде топтастырылмаған еді. Бірінші бөлімнің қамтитын хронологиялық шеңбері 1926-1929, маусым; ұжымдастыруға дайындық деп басталып, 1929, қараша -1932 жаппай ұжымдастыру мен осының негізінде кулак пен байларды тап ретінде жою деп аяқталады. 1926-1929 жылдардағы құжаттарды жинақтауда лениндік кооперация жоспарына сай республикамыздағы ұжымшар қозғалысына дайындық жұмыстарындағы коммунистік партияның басшылығына көп көңіл бөлінген. Алайда, көшпелі, жартылай көшпелі ауылдардағы аграрлық қайта құруларға қатысты әкімшілік, ұжымдастырудың жасанды жолдарына, ұжымшардың жоғарғы нысандарына бірден секіріс жасаудың кері нәтижелері туралы құжаттар жоқтың қасы. Екінші тарауда «жиырма бес мыңдықтардың» жұмыстары мен ролі көптеп дәріптеледі де, Қазақстандағы ұжымдастырудың ерекшеліктерін жою іс-шаралары жан-жақты ашылмаған.

1980 жылдары бұл тақырыпқа қалам тартқандардың қатарында Н. Алимбаевты айтуға болады /7/. Н. Алимбаев ұжымдастыру тарихнамасын кеңестік тарих ғылымында қалыптасқан үш кезеңге сәйкес бөледі: біріншісі - 20-шы жылдардың соңы, 30-шы жылдардың ортасы аграрлық мәселелердің қалыптасуы деп алып, екінші кезең - 30-шы жылдардың соңы 50-ші жылдардың ортасы - кәсіби сапаның қалыптасуы; үшінші кезең - 50-ші жылдардың ортасынан қазіргі кезге дейін деп көрсетеді.

Біріру жұмысының тақырыбына байланысты кеңінен баяндау бағытындағы еңбектер қатарында К. Нұрпейісовтың «Кеңестік Қазақстан шаруаларының тарихы» еңбегі қомақты орын алады. 1985 жылы жарық көрген атаулы еңбек танымдық сипатымен тартымды. Солай бола тұра, кеңестік жүйе кезінде жарық көргендіктен, авторлар ұжымдастырудың тек жақсы, күнгей жақтарына көп көңіл бөлген /8, 247/.

Зерттеу объектісіне айналып отырған мәселенің жаңаша, тәуелсіз методологиясына негіз салу 1985 жылдың екінші жартысынан басталады. Алғашқы кезде ұжымдастыру қасіретін әшкерелейтін зерттеулер тарихи мақалалардан басталады деуіміз шындыққа сияды.

Х. М. Ғабжалилов өзінің «1929-1931 жылдардағы халық наразылықтарының тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында зерттелуі» атты мақаласында былай дейді: «Тәуелсіздік тұсында зерттеушілер мына мәселелерге баса назар аударды:

  • көтерілістер сипаты;
  • олардың шынайы тарихын қалпына келтіру;
  • олардың ауыр салдарларын зерттеу;

Қазақстанда тәуелсіздіктің басталуына байланысты осы мәселенің төңірегінде алғаш рет зерттеу жұмысын жүргізген және осындай жабық тақырыпқа алғаш рет қалам тартқан Т. Омарбеков болды. Бұл мәселе оның алғашқы еңбектерінде кеңінен әңгімеленді. Ол осы, тарихымыз үшін аса маңызды тақырыпты сонымен бірге өзінің 1997 жылы жарық көрген «20-30-шы жылдардағы Қазақстан қасіреті» деп аталатын монографиялық еңбегінің ІҮ-тарауында тереңдете зерттеді. Бұл тарау «Меншіктен айыруға және күштен ұжымдастыруға қарсы «халықтық наразылық» деп аталады. Осында, бірінші параграфында шаруалар көтерілісінің себептеріне, қозғаушы күштеріне және сипатына шын мәніндегі жаңа көзқарас негізделген. Онда Т. Омарбеков 1929-31 жылдары Қазақстанда орын алған 372 шаруалардың бұқаралық бас көтерулерінің әр жылдарға шаққандағы санын, сонымен бірге осы жылдарда болған көтерілісшілердің әртүрлі топтарының санын оларға қатысқан адамдар сандарын және олардың кеңестік жүйеге қарсы іс-әрекеттерінің сипатын айқындап көрсетті. Мұнда берілген нақты деректер Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатының құпия қорынан алынған және кеңестік Қазақстан тарихындағы аса құпия мәліметтер болып табылады. Осы мәліметтерді талдау арқылы Т. Омарбеков бұл көтерілістердің және халық наразылықтарының шын мәнінде Қазақстанда жалпы халықтық қана емес, ұлт-азаттықта сипат алғандығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді» /9, 79/.

Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің тарихында көптеген «ақтаңдақ» мәселелерге тарихшылар қалам тарта бастады. Олардың ішіндегі аса күрделісі - 1929-33 жылдардың аралығындағы қазақ даласында болған шаруалар наразылықтары еді. Тарихшылар көтерілістердің сипатына, олардың шынайы тарихына, олардың салдарларына көңіл аудара бастады. Қазақстанда осы мәселенің төңірегінде алғаш рет зерттеу жұмысын жүргізген тарихшы Т. Омарбеков деп айтуға болады. Бұл мәселені автор 1994 жылы докторлық диссертациясында, 1997 жылы «20-30-шы жылдардағы Қазақстан қасіреті» атты монографиялық еңбегінде аталмыш тақырыпқа қалам тартты. Тарихшы шаруалар көтерілісінің себептеріне, қозғаушы күштеріне, сипатына жаңаша түсініктеме берді. Т. Омарбеков 1929-1931 жылдары қазақстанда болған 372 шаруалардың бұқаралық бас көтерілулерінің әр жылдарға шаққандағы санын, көтеріліске қатысушылардың санын, олардың іс-әрекеттерінің сипатын көрсетті.

Т. Омарбеков жаңа методологиялық тұрғыдан былайша өзгеріс енгізуді ұсынады: алғашқы кезең - 20-шы жылдардың орта шенінен зорлап отырықшыланудың және жаппай ұжымдастырудың басталуына, яғни, 1929 жылға дейін; екінші кезең - 1930-1980 жылдар аралығы деп алынып, үшінші кезең - 1985 жылдан бастау алады.

Аталмыш тақырыпқа байланысты зерттеу жүргізген қазақстандық келесі тарихшы О. Мұхатова. Тақырыпқа қатысты автордың «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-90 жылдарындағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы» атты еңбегі бар. О. Мұхатова «коммунистік тоталитарлық біздің Отанымызда 30-жылдардың соңына қарай берік орнаған, ал тарих ғылымы осы жүйені қорғаушы «сарай» төңірегіндегі ғылым ретінде 1985 жылғы сәуірге дейін созылды», - деген /10/.

Қазақстандағы жаппай, күштеп ұжымдастыру 1931-33 жылдардағы ашаршылық, 1929-1931 жылдардағы көтерілістер жайлы зерттеулер 90-шы жылдардың басында жариялана бастады. Мысалы, М. Қ. Қозыбаевтың, К. Нұрпейісовтың, Қ. Алдажұмановтың, Ж. Әбілғожиннің, М. Хасанаевтың тағы да басқа белгілі ғалымдардың жаңа көзқарастары жариялана бастады. Академик М. Қозыбаев ұжымдастыру барысындағы оқиғаларға жаңаша көзқараспен қарауға ғылыми негіз салса, оны Қ. Алдажұманов, Ж. Әбілғожин, Т. Омарбеков тағы басқалар өз еңбектерінде дамыта түсті. Халық наразылықтарына бұрын қалыптасқан Кеңес өкіметі тұсында баяғы күйінен айырылып қалғандардың қарсылығы деген пікірге жаңаша «өкіметтің қатаң саясаты мен зорлық-зомбылығынан жәбір көрген шаруалар өз мүддесін қорғады» делінген шынайы баға берілді /11/.

1929-1931 жылдары қазақ елінде жүргізілген күштеп ұжымдастыруға - сталиншілдік қылмысқа қарсы тұрған халық наразылықтарына нақты тарихи деректерге сүйеніп баяндауда Т. Омарбековтың еңбектерінің орны ерекше. Голощекиндік аграрлық саясаттың нәтижесіндегі шаруа көтерілістері мен халыққа қарсы жүргізілген саяси қуғын-сүргін науқаны Қ. Алдажұмановтың зерттеулеріне де арқау болды. Автор тарихнамаға шаруалар көтерілістері мен толқуларын «қарсыласу қозғалысы» деген атаумен енгізілді.

Т. О. Омарбековтың мақаласында «Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың және зорлап отырықшыландырудың ауыр зардаптары қазіргі Қазақстан тарихында біршама жазылып жүр. Бұлардың ішіндегі ең ауыр дерт ашаршылықтан адамдардың қырылып қалуы-осы жылдардағы орны толмас демографиялық апат. Жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңеес Төралқасының осы мәселелерді зерттеген комиссиясы өзінің қорытындысында тарихшы демографтардың жүргізілген алдын ала талдаулары «Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2 млн 200 мың адамнан, яғни барлық қазақ халқының 49 процентінен айырылғанын» дәлелдегенін атап көрсете отырып, сонымен қатар «қасірет құрбандарының саны туралы мәселе әзірге ашық қалып» отырғанын де көрсетеді», - деп айтылады /12, 303/.

Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тармақтан тұратын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Жетісу өңіріндегі ұжымдастыру: барысы және оның салдары

  1. Ұжымдастыру қарсаңындағы өңірдің әлеуметтік, экономикалық жағдайы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шарушылығын күштеп ұжымдастыру
Қазақтардың 1930 жылдардағы ұжымдастыруға қарсы көтерілісі
ХХ ғ. 30 - жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ БАРЫСЫ
Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы
Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау
XX ғ. басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру туралы
Қазақстандағы Кіші Қазан төңкерісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz