Роллан Сейсенбаевтың өмірі мен аудармашылық шеберлігі
Кіріспе
1. ТАРАУ. З.Шашкиннің аудармашылық қызметі мен шығармашылығына шолу
1.1. “Теміртау” романының аудармасын талдап, салыстыру
1.2. “Темірқазық” повесінің аударылу сапасы мен нұсқасы
2. ТАРАУ. Роллан Сейсенбаевтың өмірі мен аудармашылық шеберлігі
2.1. ”Майдан әндері” шығармасының аударылу тәжірибесі
2.2. “Сағынып жеткен жаз еді” повесінің аударылу сапасы
2.3. “Жалғыз ғана түн” әңгімесінің аудармасы хақында
3. тарау. З.Шашки мен Р.Сейсенбаевтың шығармашылық жұмыстарына жалпы шолу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1- ТАРАУ. З.Шашкиннің аудармашылық қызметі мен шығармашылығына шолу

2- ТАРАУ. Роллан Сейсенбаевтың өмірі мен аудармашылық шеберлігі

3- тарау. З.Шашки мен Р.Сейсенбаевтың шығармашылық жұмыстарына жалпы шолу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Көркем әдебиеттегі қостілділік, ең алдымен эстетикалық тәрбие
беру мақсатымен танымдық жүйеде кең көлемде қызмет етеді. Бұл тікелей
әдеби үрдіске қатысты болады. Көптеген белгілі ақын-жазушылар өз ана
тілінде және қазақ тілдерінде жазады. Атап айтсақ, неміс Герольд
Бельгер немісше және қазақша, Исмаил Саттаров пен Ш. Шабаевтар ұйғырша
және қазақша жазған. Бұл ұлттардың жақындасуы мен тілдерінің
табысуының басты желісі.Бір тілд жазатын жазушы мен екі тілде жазатын
жазушылардың бір – бірінен айырамашылықтары айтарлықтай көп болады.
Қостілділікте ана тілінің толқымалы құбылмалы таралу әсері болады.
Бір ғана тілде жазатын жазушылардың тіліндегі сөз саптау ерекшелігі
қостілді жазатын жазушының тіліндегі сөйлеу мәнерінен өзгеше болады. Ал,
екі тілде жазатын жазушы мен бір ғана тілде жазатын жазушының ауызша
сөз сөйлеу үлгісінде артикуляциялық – интонациялық (сөз жасамдық және
тыныс белгісін) ой кескіндемесінде өзгеріс алшақтық мол. Қос тілде
жазатын жазушының сөз саптауындағы ерекшеліктер бір ғана тілде жазатын
жазушыдан айрықша көзге түсіп тұрады. Екі тілде жазатын тұлғалардың
бір тілден екінші тілге ауысып тұру механизмі ерекше қызығушылық туғызады.
19, 146
Авторлық аударма – қостілде жазатын жазушының әдеби – көркем
шығармашылығының ма арқылы бастаған, мұның өзі қос тілде жазатын
жазушылардың қалыптасу жолдарын көрсетеді.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл
дамуындағы үрдістің барысында аударма қызметінің атқаратын ролі
орасан зор. Аударма арқылы қалың жұрт ақыл – ой иелерінің асыл қазынасымен
танысады. Өткеннен мұра болып қалған және қазіргі заманымыздың мәдениетін
игеруге үлесін тигізеді.
Аударма әдебиетінің маңызы мұнымен бітпейді. Ол ана тіліміздің толық
қалыптасуына, дамуына әсерін тигізеді. Аударма жалпы әдебиеттің бір
бөлімі ретінде тәжірибеде, яғни іс - әрекетте көрсетіледі. Аударма арқылы
орыс, қазақ және шетел әдеби шығармаларының байланысы бір – біріне әсер
етуі, типологиясы мен поэтикасы, әдеби әдіс – амалдары, аударма кезіндегі
шығарма тілінің өзгеруі, қайта жаңғыруы аударма шеберлерінің іс –
тәжірибелері отандық және шетелдік аударма мектептерінің жетістіктерін
қарастырады.
Аударма жұмысы – бүгінгі таңда мақсат – мүддесі, тіршілік әрекеті
бір адамзат қоғамындағы аса маңызды шартты құбылыс.
Аударма – ұшан-теңіз өмір ағысының бүкіл үрдісін ұштастыруға себепші
болып отырған елеулі күштердің бірі.1, 5.
Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді,
болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға, екінші тілде яғни,
оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу.Бір тілден екінші тілге
аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және
жазба еңбекті аударма туынды деп атайды2, 9.
Адамзат тарихында әрбір ұлт, әрбір қоғам алмасу, ауысу, араласу
нәтижесінде өмір ағымы алға жылжиды, өседі, өркендейді. Яғни, өзінде жоқты
өзгеден алады, білмейтінін үйренеді, білгенін басқаға үйретеді. Осындай
ауысудың тиянақты тірегі – аударма. А.Пушкин “аудармашылар - мәдениетті
бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта аттары” деген 2,
23. Осыған орай, М.О.Әуезов аударма бір жағынан шеберліктің де мектебі.
Аудару үстінде жазушы автордың шығармашылық сырына қанады.Оның көргенін
көріп, білгенін біледі, сол арқылы өзінің ой - өрісін ұлғайтумен қатар,
авторша машықтанып үйренеді. Бұл жағдай шын талант иесінің бойынан
шығармашылық қайнардың жаңа көздерін ашуға себепші болады.
Аударма өнері - идеология майданындағы зор құралдардың бірі, соның
ішінде елеулісі десек те қателеспес едік. Ендеше, М.Қаратаев ағамыз
айтқандай, көркем аударма дегеніміз өзінше өнер, шығармашылық әдебиеттің
құқықтағы түрі дейтін ұғымды іс жүзінде жеткізіп, бұл іспен суреткерлік
қабілеті бар адам ғана айналысуы керек.
Аударма туынды – көркем әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар екі ел
сөз өнерінің рухани қазынасына айналады.
Аударма мәселелері соның ішінде көркем аударманың проблематикасы
тамырын тереңге жайып жатыр. Ол бастауын Ежелгі Римнен алады. Сол дәуірде
аударманың түпнұсқаға адалдығы туралы аса маңызды мәселе төңірегінде
Цицерон аудару кезінде сөзді санамау керек, керісінше сөзді салмақтау керек
деген 3,8.
Ө.Күмісбаевтың пікірі бойынша – көркем аударманың бүгінгі әдеби
процесте алатын орны үлкен. Аударма - әдебиеттің арналы, мол салаларының
бірі. Аударманың сөз дамытудағы мәні де айрықша зор. Өйткені аударма арқылы
бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларын басқа халықтың өкілдері сусындай
алады. Негізінен аударма саласы мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен
дүниесі.
Ұлттық әдебиет өз өмірімен тіршілік етеді. Әрине, ол сол халықтың
күллі тарихымен, оның барлық даму жағдайларымен шартты түрде байланыста
және басқа халықтар әдебиетімен қарым – қатынаста болады. Осы қарым –
қатынастың арқасында біздің аудармамыздың орны айырықша. Сонымен қатар,
аудармашының шығармашылық жолында дүниетанымдық қорының баға жетпес көзі
ретінде белсенді роль атқарады 5, 8. Аударма неғұрлым сәтті, маңызды
болып шықса, біздің көркем әдебиетте жетік дамиды.
Көрнекті аудармашы С.Талжановтың айтуынша аудармашы қашан да жазушыны
сыйлауға, оның шығармаларының өзіндік ерекшеліктеріне, ұлттық сипатына
селқос қарамауға тиіс. Екі халық мәдениетінің арасындағы елші –
аудармашының көтерер жүгі қашан да ауыр, ал оның мойнындағы жауапкершілік
одан да зор.
Дүние, дүние болғалы, адамзат жер бетіне келгелі, халықаралық
дәнекердің бірі аударма тәрізді. Бір елден екінші елге ой – сана ауысуға да
осы аударма себепкер болады. “Тіл қатынас құралы, тіл арқылы бір халық
өзінің азаматтарына тіпті жалпы адамзатқа, келешек үрім – бұтаққа ойын,
пікірін жеткізеді. Бірақ тіл ой – сананың сапасына әсерін тигізбейді, тек
сол ой – сананы материалдық формаға түсіреді – бір елдің ойын екінші елге
түсінікті етіп жеткізудің ғана қаруы” – дейді Осетин ғалымы Нафи Джусайты.
Аударма біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытып, дүниетану
өрісімізді ұлғайтады. Аудармашы жеке сөздерге балама іздеу арқылы ана
тілдің бүкіл қазынасын кеңінен сапырып, ішіндегі асыл сөз байлықтарын шебер
пайдалануға тырысады. Аудармашының өркендей түсуі, барлық кеңес
республикалардың көркем әдебиетінің бүкілодақтық аренаға шығуына кең жол
ашты. Көркем аударма туысқан халықтардың көп ғасырлық тарихы бар ұлы орыс
мәдениетіне жетілуін тездете түсті. Соның арқасында бұл халықтардың ұлттық
әдебиеті де, тілдері де, өздері де қарыштап ілгері дамып келеді. Әр ұлттың
көрнекті жазушылары мен ақындары, жас әдебиетшілері, ертедегі ұлы
классиктері қалдырып кеткен асыл мұралары, қалыптасқан дәстүрлері бар орыс
әдебиетінен өнеге алып, жазушылық шеберліктерін соның озат шығармаларын
аудару арқылы шыңдай түсіп, зор табыстарға жетуде.
Аудармада аудармашының ең негізгі мақсаты автордың ойын ғана емес,
оның өзіндік стилін, суретшілік ерекшелігін, барлық бояуын, шығарманың рухы
мен тынысын жеткізіп бере білу. Аударма мәдениеттілігінің жоғары деңгейін
қалыптастыру ұлттық әдебиеттің өсуіне және оның өзіндік дәстүрлі сипатын
жасауға мүмкіндігін тудырады.
Кеңес өкіметінің Қазақстанға әкелген пайда, зияны да болған.
Өзіміздің ана тілімізді тереңірек үңіліп қарастырсақ, қазақ тіл біліміндегі
ағаларымыз Қ.Жұбанов пен А.Байтұрсыновтың еңбектері мол. Тілдік құрылыстың
табиғи жүйелері негізінде фонетика, лексика, грамматикалық категориялардың
жұмсалу заңдылықтары қалыптасады. Тілдік тәсілдердің жұмсалу жүйелерін
айқындап, оларға өзінше ат қойып, айдар таққан Ахмет Байтұрсынов болады да,
олардың жұмсалу, даму, қалыптасу заңдылықтарын айқындауға ерекше күш
жұмсаған – профессор Құдайберген Жұбанов болды. Осының бәрі – қазақ тілінің
табысы. Бірақ оның қолданылуы шектеулі болды. Сондай – ақ халқымыз жаппай
орыс тіліне бет бұрып, өз тілін ұмыта бастады. Халқымыздың 60 пайызы қос
тілді бола бастады. Отандастарымыз сауатымызды ашамыз деп, көпшілік орыс
тілінде білім аламыз деп тартынды.
Қазақ даласында орыс тілді мектептердің көбеюі ұлттың дамуына кедергі
жасады, сол арқылы тілдің қызмет ету қабілеті азайып, екінші жағынан
орыс тілінде өзінің ана тіліндей сөйлейтіндер көбейе бастады. Осы ретте
көркем шеберлікті толық меңгерген қостілді ұлт өкілдерінің тарих
сахнасына жазушы ретінде шығуына мүмкіндік туғызылды. Ана тіліміздің
маңызын көтергіміз келсе, сан – салалы әдебиет жасайық, әдебиеттануды
дамытайық, шетелдік постмодернист ойшылдарды қазақ тілінде сөйлетейік,
сонда ғана болашақ ұрпаққа қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырамыз
деген М.Қабанбаев. Ендеше осындай өнерде қос тілділіктің көрініс беруінің
өзіндік ерекшелігі бар.
“Әдебиет кәсіп емес, өнер” - деген белгілі академик, жазушы
Ғ.Мүсірепов. Көрнекті орыс ғалымы Г.Н.Потаниннің көргендікпен айтқан пікірі
шындыққа айналды. Ол “... болашақта қырғыз қазақ-Г.Қ халқы екі тілде
жазатын, яғни қазақша және орысша жазатын жазушыларды тударады ” – деген
еді.
Қазақтың бірінші билингв-жазушысы XIX ғасырдың екінші жартысында пайда
болды. Бұл қазақ тілінде туындылар жазған жаңа қазақ жазба әдеби тілінің
негізін салушылардың бірі, фольклорист, этнограф, тілші және педагог
Ы.Алтынсарин (1841-1883). Ол орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысшаға
аударды. Аудармаларында Л.Н.Толстой, К.У.Ушинский, И.И.Паульсон
шығармаларын пайдаланды. Өз жанынан сюжеттер қосты.
Ы.Алтынсарин жай ғана аудармашы емес, ол – орыс педагогтарының
шығармаларын шығармашылық өңдеп, өз халқына түсінікті етіп құрастырушы.
Аударма барысында автордың екі тілді де еркін білуі басты шарт бола тұра,
кейіпкерлерін сөйлете білу үшін қандай тілдік тәсілдерді қолдануы қажет
екендігі төңірегінде тереңірек те, күрделі сөз еткен абзал болмақ. Сонымен
қатар батыс классиктерінің де кейбір шығармалары аударылды. Қазір Пушкин
мен Лермонтов, Толстой мен Чехов, Гоголь мен Горький және т.б. қазақ
оқушысының үйіне ең жақындай еніп, құрметті жерден орын алды.
Біздің тәжірибелі аудармашыларымыздың, жазушыларымыздың жемісті еңбегі
нәтижесінде дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына қосылған көптеген
шығармалдар қазақ тілінде еркін сөйлеп кетті, тұрмысымызға етене болып еніп
кетті. Қазақ халқының ұлы ойшылдары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар орыстың
күрделі ойларын қазақшаға аударды, бұл XIX ғасырдың екінші жартысы еді.
Қашан болсын аударма - аударма үшін емес, халықтың игілігі үшін,
әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық саяси жағдайларды дамыту үшін керек
екені даусыз.
Екі тілде де бірдей жетістіктерге жете жазу арнайы білім мен белгілі бір
жасқа толғанда ғана мүмкін деген болжамды ой бар. Әрқашанда қос тілде
жазатын жазушылар интеллигенциясының, яғни зиялы қауымның өкілдері болған.
Жазушылық жұмыс жеке жүргізілсе де қоғамнан тыс өтпейді. Мұндай
жағдайда қостілділік жай ғана миды, ойды жаттықтырудың тәсілдері ғана
емес, ол қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың құралы.
Әдетте қостілділік шығармашылық саласында әлеуметтік жағдайлардың тура
жолды себептерінің негізделуіне жол бермейді. Көркем қостілділіктің пайда
болуының өзіндік социолингвистикалық негізі бар. Кемінде екі тілде қатар
қолданылатын ортада пайда бола отырып, арнайы әлеуметтік тәрбие береді және
бір тілді, бір ұлтты ортада қолданыла беруі мүмкін. Көп жағдайда көркем
әдебиетте қолданылатын қостілділік көп тілді ортада қалыптасады немесе көп
тілді әдебиеттің өкілдерінің озық үлгілерінің әсерінен туындайды, мұның
көптеген себебі бар. Олардың қатарында мыналарды атау керек:
1) қостілді отбасында тәрбиеленуі;
2) өзге тілді мектепте оқуы;
3) өзінің ұлттық тілінен алшақтауы;
4) идеологиялық күресте жазушы шығармашылығының пайдаланылуы т.б.
Қазақтың көптеген ақын – жазушылары шығарма жазумен ғана шектелмей,
әрі оны екінші тілге аударумен де айналысып жүргендер де баршылық.
Қостілді жазушыларға немесе қазақ және орыс тілдерінде еркін аударатын
аудармашылар қатарына Ы.Алтынсарин, Мұқтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы, Ғабит
Мүсірепов, Молданияз Бекімов, Мұхамеджан Сералин, Бейімбет Майлин, Сабыр
Шәріпов, Саттар Ереубаев, Баубек Бұлқышев, Қасым Аманжолов, Асқар Нұртазин,
Зейін Шашкин, Сәйділ Талжанов, Төлеу Шаханов, Евней Букетов, Ілияс
Есенберлин, Роллан Сейсенбаев, Сатыбалды Нарымбетов, Тәкен Әлімқұлов,
Сейфулла Құспанов, Аманғали Сұлтановтар жатады. Сол сияқты Герольд Бельгер
үш тілде – қазақ, орыс, неміс тілдерінде бірдей, әрі бірлесе аударма
жасайтын керемет тұлға.
бір көрнісі.
Көптеген жазушылар өзінің қостілділігі шығармашылығын аудар Авторлық
аударма – қостілде жазатын жазушының әдеби – көркем шығармашылығының ма
арқылы бастаған, мұның өзі қос тілде жазатын жазушылардың қалыптасу
жолдарын көрсетеді. Жоғарыда айтылып кеткендей белгілі Қазақстандық неміс –
қазақ – орыс жазушысы, аудармашы Г.К.Бельгер қазақшадан және немісшеден
орысшаға аударған. Көркем әдебиет ағымындағы қостілділіктің үш түрі
байқалады:
1) әр түрлі тілде өз бетімен аудару;
2) ана тілінде еркін аудармашы, ал екінші тілге аударуда бөгде аудармашымен
бірігіп аудару;
3) өзге тілге аударуда автор ретінде бірнеше жазушының бірігіп аударуы;
Мұның алғашқысы – таза қостілділіктің айқын көрінісі де, соңғылары
топтық “аралас” қостілділік сипатта. Ана тілінде еркін аудармашы, ал екінші
тілге аударуда бөгде аудармашымен бірігіп аударатын жазушыларға мыналар
жатады: Ілияс Жансүгіров, Нәзипа Құлжанова, Тайыр Жароков, Темірғали
Нұртазин, Әлкей Марғұлан, Мұхамеджан Қаратаев, Сәуірбек Бақбергенов,
Оразбек Бодықов, Қажымұрат Сыздықовтар. Енді өзге тілге аударуда авторлар
ретінде бірнеше жазушының бірігіп аударуына кіретін жазушылар: Б. Майлин,
Ғ. Мүсірепов Ивановпен бірлестікте, М. Әуезов Л. Соболевпен Г. Романмен
және Ермолинскиймен бірлестікте, М. Қаратаев Алтайский және Брагиммен
бірлестікте, Ә.Тәжібаев Н.Погодинмен және Женелекомен бірлесіп,
Қ.Мұхамеджанов Шыңғыс Айтыматовпен бірлесіп аудармалар жасаған.
Белгілі кино режиссер, әрі жазушылық қызметпен айналысқан
Сатыбалды Нарымбетовты да ескере кетуімізге болады. Аудармашылық
қызметпен де айналысып жүрген азаматтарымыздың бірі болып саналады.
Бірнеше фильмдер түсіріп, бірнеше жинақ повесін шығарған. “Тентек”
(1969), “Ассалаумағалейкум, Атлантида” (1981), “Боль моя Атлантида”
(1984) орыс тілінде, “Фантомные боли” (1999) қазақ тілінде.
Сатыбалды Нарымбетов театрдан Абайды, кинодан Жан Виго, Феллини, әдебиеттен
Фолкнер, Марк Твен, музыкадан Тәттімбет, Сүгірді ұнатады 8, 15.
С.Нарымбетов – совет дәуірінің адамы, романтик, үлкен әдебиетке бет бұрып
және де оның барлық фильмдері кітаптардың арқасында дүниеге келген.
Бастапқыда проза болып, кейіннен сценарийге ауысқан. Жас кезінде
Хемингуэйді оқып, оны қазақшаға аударған. Кейіннен Кобо Абэ, Фолкнер,
Маркес, Колдуэллге қызығып оқыған. Жазушының әдебиетке деген қызығушылығы
зор болған, көбінесе шет ел әдебиетіне көп көңіл бөлген. Өзі кітап жазып,
өзі соған сценарий жасап, кино шығарған тұлғалардың бірі. Өз кітаптарын
қазақшадан орысшаға аударған. Өзі кинодәстүрмен айналысып жүріп,
аудармашылық өнерді бірге алып жүрген. Ол аударма саласына өз ізін
қалдырған қаламгер 7, 10.
Авторлық аударма тек қана көркем әдебиет саласында ғана көрініс
таппаған, ол азды – көпті күллі өмір саласында кездеседі. Сан салалы
ғылымдарда авторлық аударма кеңінен тараған. Кез – келген мамандық иесі
ғылыми әдеби көркем шығарма тағы басқа қандай да болмасын еңбек жазса, оны
алдымен орысша жазуы мүмкін де, кейінен уақыт талабымен оны қазақшаға
аударуы керек болады.
Міне, өзінің өзге тілдегі шығармасын қазақшаға аударса, бұл авторлық
аударма болады. Аудармашының өз еңбегін авторлық аударуы шығарманың сәтті
шығуына, әрі ғылымның дамуына көп үлес қосады. Қазақстан Республикасының
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көп ұлтты мемлекетіміздегі ел
басқару ісінде екі тілді пайдаланады. Мысалы, халық алдында бастапқыда
қазақ тілінде сөйлесе, содан соң орыс тілді ұлттар үшін орыс тіліне
аударылады. Жазушылар Г.Бельгер, М.Шаханов, А.Жағанова көркем әдебиеттегі
авторлық аударманы өз шығармашылықтарында қолданып жүрген азаматтардың бір
тобы. Ғылымның әр саласындағы қостілді зерттеуші ғалымдарды, солардың
ішінде механик Ө.М.Сұлтанғазинді, заңгерлер С.З.Зимановты, Ғ.Сапарғалиевты,
әдебиетшілерден З.Ахметов, С.А.Қасқабасовты атап өткен жөн болар.
Тілшілерден өзіміздің Қазақ Ұлттық университетіміздің өз лекциясын екі
тілде де еркін оқитын ұстаздар бар. Олар: Э.Д.Сүлейменова, А.Аманжолов т.б.
Орыстың ұлы классик жазушысы И.Тургеневтің айтқан пікірі бойынша
“аударма бізге неғұрлым аударма болып көрінбей, өзіндей төл тума шығарма
болып көрінсе, онда оның соғұрлым тамаша болғандығы – десе, ал Белинский
болса, “аудармада автордың өзі орысша жазған секілді болып көрінсін,
көркем шығарманы ондай етіп аудару үшін керемет суреткер болып туылуы
керек” – деп талап еткен. Журналист Нури Муфтах сияқты қостілді
азаматтарымыз орыс және қазақ тілдерінде еркін сөйлейтін теледидар мен
радиодикторы Рабиға Аманжолова, жүргізуші Ерлан Бекқожин, әртіс, әрі
диктордың қызметін атқарушы Гүлнар Досматова секілді керемет тұлғаларымыз
бар. Күнделікті тұрмыста өзін - өзі аудару бұқаралық сипат алған.
Әлем жұртшылығына көрнекті суретші, көркем сөздің асқан шебері, үлкен
ғалым деп ардақтайтын М.О.Әуезов көркем аударма теориясының іргесін қалап
кеткен. “Аударма теориясын жетелеп, жіктеп қарастырғанда кейінгі кезде екі
түрлі өзгеше бейім барлығы анықталды, бірі аударма тілі зерттеу ғылымының
ауқымына енетін сала болғандықтан, аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл
мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі –
біздіңше, дұрыс бейім – аударманы сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да,
эстетикалық принциптерді, көркемдік таразыны алғы талапқа қояды, сондықтан
бұл бейім аударманы әдебиеттану теориясын зерттейтін объект деп қарайды”, -
деген 2, 322.
Бұл айтылған ойлардың маңызы өте зор. Сол себепті қазіргі күні осы
қағидаларды, ой – пікірлерді ұстанатын аудармашыларымыз көп. Мысалы,
аударма саласында ерекшелік танытып, даралығын дәлелдеген публицист, ақын
және керемет аудармашы Ғалымжан Мұқанов француз тіліне Абайдың “Қара
сөздерін”, “Ескендір” және “Масғұт” поэмаларын аударды. Бұл аудармашылардың
құндылығында дау жоқ, себебі аудармашы төл тілінен тікелей француз тіліне
аударған. Сонымен қатар Ғ.Мұқанов Клер Клермонттың 1836 “Владимир және
Зара” поэмасын аударып шыққан. Бұл қазақ даласының өмірі туралы француз
тіліндегі шығарма. Осындай құндылықтардың барлығы аударманың арқасы 4,
73.
Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар
арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым – қатынастың
алмасу, айырбастаудың құралы, ел танудың құралы, достықтың,
ынтымақтастықтың, тәжірибе - тағылым алмасудың дәнекері.
Аударма – сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі.
Аудармашылықтың өзі – нағыз творчествалық өнер. Аудармашы екі тілді жетік
білумен қатар ол әрі жазушы, әрі ақын, әрі ғалым болуға тиіс. Аудармашының
жан – жақты болуы өзінің аудармасының сәтті шыққандығы.
Аудармашы қашан да жазушыны сыйлауға, оның шығармаларының өзіндік
ерекшеліктеріне ұлттық сипатына сүлесоқ, селқос қарамауға тиіс. Екі халық
мәдениетінің арасындағы дәнекер болуға тиіс.
Аударма біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытып, дүниетану өрісімізді
ұлғайтады. Аудармашы жеке сөздерге балама іздеу арқылы ана тілдің бүкіл
қазынасын кеңінен сапырып, ішіндегі асыл сөз байлықтарын шебер пайдалануға
тырысады. Аударма қызметі жаңа сөздерді тілімізге енгізіп қана қоймай, күн
сайын аударылып жатқан сансыз көп еңбектер олардың қолданылу аясын
кеңейтіп, қолдану нәтижесінде тұрақтандыруға халықтың ойы мен тіл байлығын
өсіруге, сол сөздің ұғымдық шегін қалыптастыруға себепші болады.
Аударма жалпы адамзат атаулының танымдық – рухани алмасуы нәтижесінде
мәдениет пен өркениеттің дамуына, адам баласының эстетикалық көркемдікке
қол жеткізуіне, санамыздың өсуіне апаратын жол секілді.
Аударма арқылы басқа елдің даласымен, мәдениетімен, халқымен танысасың,
оны өз тілінде немесе өзге тілге аударма жасап шығарасың, міне аударманың
атқаратын ролі өте маңызды.
1- ТАРАУ
З.Шашкиннің аудармашылық қызметі мен шығармашылығына шолу.
1.1. “Теміртау” романының аудармасын талдап, салыстыру.
“Екінші бір өнімді топ –
Мұхамеджан, Хамза, Зейін.
Бұларды
сендер көбірек түсіне
Ойласаңдар, әділ болады.
Олар -
жастай кетіп, ұзақ заман
тұсалып
қалған жігерлі талант.
Өмірге
қомағайлық (жақсы мағынада)
ала
келген. Шығармалық шабытқа
да
сондай қомағайлар. Өнімді еңбек
етіседі”
6,7 .
М.Әуеов
Ақылды сөзге де, мінезге де ұста, қиыннан қисындырып жіберетін іскер,
тапқыр, тіршіліктің қамына келгенде айласы да амалы да бесаспап, пысық
адамдар аз емес өмірде. Солардың бірі – Зейін Шашкин Жүнісбекұлы.
Зейін Шашкин Жүнісбекұлының әдеби мұрасы – қазақтың ұлттық рухани
мәдениетінің қазынасы. Жазушының артында қалған мол әдеби мұрасының өзі –
ұлттық өрлеу сипатымыздың биік көрсеткіші. Жазушының табиғи дарынынан туған
мол әдеби мұралары оның ұлттық мүддесенің мәңгілікке ұласатын баянды
бағдарын аңғартады. Жазушының әдеби мұрасы – қазақтың ұлттық байлығы.
ХХ ғасырдағы Кеңес Одағының құрамында, шектеулі қоғамдық – идеологиялық
шеңберде жүріп қазақ мәдениетіне мол үлес қосуда, әрине, жазушының өзіндік
әдістері, амалдары болғаны анық. Қоғамдағы билеуші саяси – идеологиялық
талаптарға үндестік бағдарын да, сонымен бірге көркемдік астарларымен
қатарластыра суреттеулері арқылы туындыларының ұлттық сипатын да
солғындатпады.Бұл орайда көрнекті әдебиеттанушы, профессор Нығмет
Ғабдуллиннің пікірі еске түседі. “Ұлттық сипат – бір қалыптан өзгермейтін,
қатып қалған нәрсе емес. Өмірдің ілгері басуына, қоғамның дамуына сәйкес ол
да дамиды.Ұлттың тарихи һәм әлеуметтік өміріндегі даму нәтижесінде адамның
сана сезімінің, түсінігінің жаңаруына ықпал ететін сан қатынастар тумақ.
Солардың арқасында адамның затты, құбылысты тануы, түсінуі мен сезінуі
бұрынғы қалыптағысынан тереңдей түспек 10, 2.
Зейін Шашкин – қазақ кеңес әдебиетінің тарихында өзіндік орны бар
көрнекті өкілдерінің санатына қосылды. Жазушының әдеби мұрасы мынандай
салалардан құралады: 1) поэзиялық шығармалары; 2) әдебиеттануға байланысты
еңбектері әдебиет сыны және теориясы .
1940 жылы Е.Исмайлов пен бірлескен авторлықпен жоғары оқу орындарына
арналған “Әдебиет теориясы” оқулығын жазған. 3) Прозалық туындылары;
романдары: “Таң атты” (1956), “Тоқаш Бокин” (1958) – тарихи – революциялық
тақырыпқа арналған. “Теміртау” романында тұңғыш металлургия алыбын
салушылардың еңбегі суреттеледі. “Доктор Дарханов” (1962) –
интеллигенцияның әлеуметтік – тұрмыстық ортасын суреттеуге құрылған.
“Сенім” (1966) романы ғылыми – техникалық төңкеріс жағдайында ауыл
шаруашлығын тиімді жолдарымен дамыту, жердің құнарлығын сақтау туралы
шығарма; Повестері: “Өмір тынысы”, “Темірқазық”, “Ұядан ұшқанда” және
т.б.; Әңгімелері: “Ақбота”, “Ақтұяқ”, “Қойшы серігі”, “Дәрігер қатесі”,
“Дос ойы”, “Сүйкімді дауыс”, “Әкесі”, “Ақынның ашуы”. Новеллалары: ”Әннің
тууы”, “ Мақалалары: “Ақын асқан асу”, “Жақсы кітап жан азығы”, “Абай
романының көркемдік Шабыт” және т.б.; Очерктері: “Мереке күнгі ойлар”,
“Балалар отуы”, “Көгілдір көкше сұлуы”, “Мұқтармен кездесулерім” және т.б.;
ерекшеліктері”, “Мұқтар стилі туралы”, “Сәбит Мұқановтың романдары жайлы”,
“Замандастар тұлғасын жасайық”, “Шеберлік хақында”, “Дәстүрдің тозығы бар,
озығы бар” және т.б.
Сөз өнерінің осылайша сан салалы түрлері бойынша еңбектер жазуы –
қаламгер шығармашылығының тұтас көлеміне тән негізгі келбетін айқындатын
ұлттық сипатты танытады. Оның шығармалары қалың көпшілікке танылған белгілі
прозаик қана емес, бірнеше пьеса, киносценарий республика театрларының
сахнасы мен киноэкранға шыққан драматург, киносценарист. Сонымен қатар,
З.Шашкин - әдебиет теориясы мен тарихы, қазақ кеңес мәдениеті, аударма,
медицина саласында да түйінді еңбектер мен мақалалар қалдырған әдебиетші
ғалым, публицист.
Жазушы З.Шашкин 1912 жылы Павлодар облысының, Баянуыл ауданында
Бозшакөл дейтін жерде туған. 1920 – 1930 жылдарда Зейін Шашкин Павлодар
қаласында орта мектеп тәрбиеленеді. Бұдан кейін бірер жыл Мәскеудің тарих,
философия және әдебиет институтында оқиды. Сол кезден бастап әдебиетпен
әуестенеді.
Алғашқы шығармалары отызыншы жылдары “Лениншіл жас”, “Социалистік
Қазақстан” газеттерінде, “Әдебиет майданы” журналында жарияланады. Газет,
баспа орындарында қызмет істейді, институтта дәріс береді. Дәрігерлік
кәсіппен шұғылданып, 1954 жылы Иркутск медицина институтын бітіреді.
Кейіннен, елуінші жылдардың орта шеніне дейін Бурабайда “Бармашы” демалыс
орнында бірнеше жыл бойы дәрігерлік қызметте болады. Осыдан кейін З.Шашкин
Алматыға ауысып, жазушылық қызметпен біржола айналысады. Алғашқы повесін
өңдеп “Ұядан ұшқанда” деп ат қойып, 1957 жылы қазақ тіліне бастырып
шығарған. Қазан төңкерісінің 40 жылдығы қарсаңында М.Гольдблатпен бірлесіп,
“Заман осылай басталды” атты пьеса жазды. З.Шашкин мұнымен қоса әдеби сын,
очерк, публицистика саласында да белсене қалам тартады.
З.Шашкин әдебиетте он жылдан аз-ақ астам уақыт еңбек етті. Сол аз ғана
уақыттың ішінде төрт роман, үш повесть, ондаған әңгіме, очерктер, пьеса,
киносценарийлер беріп үлгерді. “Тоқаш Бокин”, “Ақын жүрегі” пьесалары қазақ
драма театрның сахнасына қойылды. З.Шашкин шығармаларының дені прозалық
туындылар. Оның суреткер ретінде өнімді еңбек еткен саласы да, қол
жеткен табыстары да осы проза саласында.Сондықтан зерттеуші, негізінен
алғанда жазушының прозалық туындаларының әсіресе, романдарын талдай
отырып, оның жаңа адамның қалыптасу мәсәелесін шешу жөніндегі суреткерлік
ізденістеріне баса назар аударды.
З.Шашкиннің шығармаларының көркемдік қасиеті, ерекшелігі жайында
байыпты толғамдары М.Қаратаев, Т.Нұртазин, Р. Бердібаев, Е.Ысмайлов,
Т.Кәкішев, Е.Лизунова, А.Нұрқатов, М.Базарбаев, Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағұлов
және әдебиет зерттеушілерінің еңбектерінен кездестіреміз.
Зейіннің романдары мен повестері жайында З.Кедрина, Л.Никулин,
В.Добровольский, И.Кремлев, А.Семенов, Р,Фаизова, Н.Анов, И.Шухов сияқты
орыс жазушылары мен әдебиетшілерінің де мақалалары мен рецензиялары бар.
З.Шашкиннің жазушылық қызметіне, шығармашылығына байланысты замандас
жазушылардың: М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Х.Есенжановтың, З.Қабдоловтың,
Ә.Нұршайықовтың және басқаларының мақалалары, рецензиялары, хаттары бар 6,
13.
З.Шашкин шығармашылығын зерттеудің ғылым үшін, әдебиет үшін бірнеше түрлі
құнды сипаты бар. Жазушы бірінші болып батыл қадам жасап Қазақстан
Магниткасы аталған Теміртау металлургия өміріне арналған, елуінші жылдары
ғана іргесі көтеріле бастаған Теміртау қаласынаң жұмысшылары өмірінен
жазылған тұңғыш роман еді. Жазушының нақ осы кездерінде “Темірқазық”
повесі мен “Сенім” романы да замандастар өмірін көркем әдебиетте
бейнелеудің бүгінгі күннің көкейтесті, өзекті мәселелерін көтерудің жемісті
үлгісі десек, асыра айтқандық болмас. Шынында, бұл шығармалар нақ сол
кезеңнің ең көкейтесті ұраны тың игерушілер, ауыл шаруашылығы
қызметкерлірінің өміріне арналған, яғни ағындаған өмір талабына жедел үн
тартқан әрі сәтті туындылар еді.. Жазушының өз төл шығармасын аударуы өте
сәтті шыққан. Романдағы образдарды жалпы шығарманың көркемдік бояуын екінші
тілге аударғанда дәл және шебер бере алған. “Теміртау” романы Зейін Шашкин
шығармашылығындағы ерекше орын алатын шоқтығы биік шығарма.
“Теміртау” романы 1960 жылы жарық көрді. “Теміртау” романы - заман
тірлігіне, заман жүрегіне жедел де жете үңілген шығарма. Жазушы
мұнда Қазақстанның төрінде бой көтерген жас қала Теміртау тірлігін
ондағы жаңа ұрпақ металлургтер өмірін жан – жақты көркем бейнелеп,
адамдар бойындағы ерекше қасиеттерді шеберлікпен бедерлеп қана
қоймайды, заман жүрегіне, уақыт беталысына сергек көзбен қарап,
шынайы суреттейді. Романның бас қаһарманы инженер қыз - Дәмеш
Сағатова. Дәмеш қазіргі қазақ әдебиетіндегі көпке танымал, сүйкімді
образдарының бірі десек болады.
Белгілі әдебиет зерттеуші, үлкен сыншы М.Қаратаев жолдас
кезінде: “Дәмеш – революция азат еткен Ботагөз, Раушан, Жанат
ізіндегі бүгінгі қазақ қызының ұнамды образы” – деп орынды айтып
кеткен. Негізінен алғанда аударма сәтті шыққан. Мәселен шығармасын
салыстырып көрейік.
Түпнұсқа:
“сіріңкелер болып көрінген үй – ау” деген сөйлемнің орысша
аудармасында былай деп берілген.
Аударма:
дома как коробки зданий” деп,
аударманың дәл мағынасын тауып аударған. Сонда жазушының төл
шығармасында үйді сіріңкеге теңеген, ал аудармада үйді сіріңкенің
қорабына теңеп, автор оқырманға түсінікті етіп аударған. Жоғарыда
ұшып келе жатқан ұшаққа үйлердің сіріңкенің қорабындай болып
көрінгені. Сонымен қоса автордың өз төл шығармасында аударылмай
қалып кеткен сөздер де кездеседі. Мысалы, “самолет”, “аэровокзал”,
“кухня” және т.б.
Аудармашы әдетте көркем шығарманың өз ана тіліндегі жаңа
нұсқасының алғашқы тұсауын кесуші. Басқа тілге аудару арқылы сол
шығарманың өзге халықтың рухани, мәдени өміріндегі қазынаға айналу
мүмкіндігін жасайды.
Түпнұсқа:
әкетші мынауыңды деген қазақтың дөрекі сөзін
Аударма:
“да уберите же ради бога мальчишку” деген. Жалпы түпнұсқада да,
аудармада да құлаққа жағымсыз естілетін дөрекі сөздер қолданған. Кей
жерде ақын түпнұсқадағы тіркестің өзін алмай, өз жанынан, яғни,
контекст бойынша сөз қосады.
Аудармашылық шығармашылықтағы ерекше бір қасиет – түпнұсқаға
деген адалдық, шынайылық өзінің, ешқандай боямасыз, қоспасыз, авторлық
мәтінді өзінің көркемдік – эстетикалық сипатымен, ұлттық тілдің
байлығымен әдеби түрде, әсерлі бейнелеу.
Аудармашы көркем аударма жасаған жағдайда, оны қаншалықты
деңгейде сапалы, сәйкес, баламалы, шынайы, дәл, айқын, сәтті
жеткізгеніне бірден көз жеткізе алмайды. Аса талантты, өте
тәжірибелі, нағыз шебер аудармашы өзінің аудармашылық жұмысының
үздік үлгіде жасалуына сенімді болуы мүмкін. Әдетте, аударма зерттеу
ғылымында немесе аударма сынында оны түпнұсқамен немесе басқа биік
деңгейде жасалған нұсқалармен салыстыру барысында дұрыстығы,
бұрыстығы, кемшілік – жетістігі сараланып, анықталады. Аударма ісінде
асығыстық, шалағайлық, немқұрайдылық, әсіреушілік, т.б. жиі кездеседі.
Аударманың азабы мен ауырлығын, жүйке – жұлынға түсетін
салмағын санамен сезінетін, абыройы мен жауапкершілігін терең
ұғынатын, күш - қуатты сарқа жұмсайтын, үлкен талант, нағыз кәсіби
шебер қашанда тәржімалық табысқа қол жеткізеді. Аудармашылықты жан –
жүрегімен қалап, оған құштарлықпен берілген талант ғана аударма
сырын ашады, бағын жандырады.
Түпнұсқа:
“телефон соқты” дегеннің аудармасын,
Аударма:
“позвонил” деп дұрыс аударма жасаған. Автордан кеткен қателік,
“телефон соқты” демей “қоңырау шалды” десе оңынан түсер еді.
Аудармаға да талғам керек. Көркем әдеби шығарма деп шөпті де,
шөңгені де аудара беру әдебиетті байыту немесе халықты қызықтыру
емес. Аударманы көлденең табыс көзі деп санау керек.
Жақсы аудармашы – белгілі бір мағынада шығарманы қайта
жасаушы. Көркем аударма – көркем шығармашылықтың түрі саналатындықтан,
түпнұсқаның рөлі үлкен. Аудармашы өзінің дүниетанымына, көркемдік –
эстетикалық талғамына сай аударуға таңдап алған шығармадағы
көркемдік шындықты түр (форма) мен мазмұн бірлігін сақтау
негізінде жеткізеді. Көркем аудармада түпнұсқаның эстетикалық
құндылығы зор.
Жалпы авторлық аударма – қос тілде жазатын жазушының әдеби – көркем
шығармашылығының бір көрінісі десек қателеспейміз. Жзаушылардың көбісі
өзнің қостілділігі шығармашылығын аударма арқылы бастаса, мұның өзі
қостілде жазатын жазушының қалыптасу жолдарын көрсетеді. Көптеген
жазушылар өз төл шығармасына авторлық аударма жасап қана қоймай,
өзге авторлар шығармаларына да аударма жасайды. Мысалы, Р.Сейсенбаев
Қ.Найманбаевтың “Дорога на Атакент” атты кітабын аударған Т.Әлімқұлов,
Г.Николаев және П.А.Павленконың шығармаларын орысшадан қазақшаға, ал
қазақшадан орыс тіліне Ғ.Мүсіреповтың “Рождение песни”, “В сумерках” деген
әңгімелерін аударған.
Жазушы З.Шашкин қазіргі заман туралы, кеңес халықтарынаң достығы
туралы шыншыл әрі дарынды шығармалар жазды. Ол кеңестік заманды жан -
тәнімен сүйген жазушы. Шығармашылық жұмысты ол кең көлемді қоғамдық –
саяси жұмыспен ұштастырды. З.Шашкин творчестволық кемеліне келген шағында
1966 жылы 29 наурызда ауыр науқастан мезгілсіз дүние салды. Талантты жазушы
тікелей әдебиетте аз ғана уақыт еңбек еткенімен артына өшпес із, туған
әдебиетінің алтын қазынасына лайықты орын аларлықтай мұра қалдырды.
Төңкерісшіл қаһармандарының әдебиеттегі бейнесін жасау жөнінде қазақ
совет әдебиетінде сындарлы дәстүр қалыптасып келе жатқанын сүйінішпен
атамасқа болмайды. Бұл дәстүр сонау жиырмасыншы жылдың өзінде
С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу” романынан басталған болса, одан
бергі жерде І.Жансүгіровтің “Жолдастар”, С.Мұқановтың “Ботагөз” романдары
арқылы үдере жалғасып, соғыстан кейінгі дәуірде З.Шашкиннің “Тоқаш
Бокин”, Х.Есенжановтың “Ақ жайық”, М.Жұмағұловтың “Қыран қазасы қияда”,
Қ.Исабаевтың “Айқыз” сияқты шығармаларына келіп ұласты. Аталған
шығармалар әрқилы кезеңде жазылғандығынан және жазылу формасы, көлемі,
көркемдік дәрежесінің әркелкілігіне қарамастан қазақ топырағында
төңкерісшіл идеялардың таралуы етек алған.
Роман беттерінен ХХ ғасырдың бас кезінде заман ағымымен, қазақ ауылына
енді – енді тарай бастаған революцияшыл идеялар ықпалына еріп, таптық
күрес аясында қайтар көрсете бастаған осындай аяулы бейнелер көрінеді.
Жазушы өміріне, ерлігіне сүйініп жазып отырған ардагер қаһарманына өлді
деген сөзді әдейі қолданбайды. Оны өлімге қиғысы келмейді. Қайта “аспаннан
салбырап түскен алтын адамдай, ұзара жалындап, көкке өршелей ұмытылды”
дегісі келеді.
Аударма нағыз талантқа тән биік өнер. К.Чуковский “Биік өнер”
деп жайдан жай атамаған. Аударма талантты шыңдайды. Аударманың
нағыз азап екенін қиындығын сезінген дарын ғана түсіне алады. Әлем
әдебиетінің асыл мұраларының, жасампаз жауһарларының бір тілден
екінші тілге сәтті аударылуы сол елдің ұлттық рухани қазынасын
байытатын асыл байлық болып табылады.
Көркем аударма шығармасында түпнұсқа мәтінінің өрескел
бұрмалануы, сәтсіз аударылған сөйлемдер, жалпы стиль құрылымының
мүлде өзгертілуі ұшырасады.
1.2. “Темірқазық” повесінің аударылу сапасы мен
нұсқасы.
Талант әр уақытта да биік тұрары ақиқат. Аударма арқылы ой
ауыстыру – мәдениет кемерін кеңейтудің бір құралы. Ауысқан ойдың
екінші елдің ұғымына бейімділігін, сәйкестігін аудармашылар басты
назарда ұстаған. Аудармашы бір шығармаға көз тігу арқылы өзінің
айтар ойына, көзқарасына өзгеден үндестік іздейді. Қаламгердің
еркіннің бағынышты болып, еркін сөзге ноқта салынған қоғамда
аударма көбейеді. Яғни, көркем сөз шеберінің ой мен тілі
қабыспағанда аудармаға жүгінеді.
“Темірқазық” повесі - Зейіннің қазіргі заман тақырыбына жазылған
сәтті туындылардың бірі. Бұл шығарма, әсіресе, өзінің көркемдік
қуатымен, образдарының өміршеңдігімен, шұрайлы тілімен көзге түседі.
Оқиға Павлодар өңіріндегі колхозды ауылдардың бірінде өтеді.
Шығармаға арқау болған негізгі тартыс өзегі – егінді бөлектеп ору
мәселесі. Алпысыншы жылдары ауыл шаруашылығында әңгіме болған осы бір
өзекті мәселені арқау ете отырып, жазушы бүгінгі ауыл өмірінің
шынайы суретін бедерлейді, бірсыпыра замандастарымыздың - ауыл
азаматтарының образын жасайды. Повестегі кейіпкерлер өмірде болған
адамдар. “Темірқазық” повесін оқушы нақ алпысыншы жылдардағы ауыл
өмірін көзге елестетеді. Повестегі басты қаһарман - комбайнер жігіт
Ақан. Жазушы Ақан образы арқылы біздің замандастарымыздың бүгінгі
өскелең тұлғасын жасйды.
З.Шашкин шығармаларының бір ерекшелігі - өндірістік мәселелер мен
адамгершілік, мораль мәселелерін шебер астастыра суреттейді.
“Темірқазық” повесі бұл жөнінде жақсы мысал бола алады. З.Шашкин
түпнұсқадағы ойды оқушыға ұғынықты жеткізу үшін қазаққа жат емес
сөзер легін сәтті қолданады. Ол аударманы түпнұсқадан төмендетпей,
қайта оның көркемдік деңгейін одан ары жоғарылата түседі.
Повестің кейбір тұстарында адамдардың жанды бейнесінен Автор
қаһармандарының жан дүниесін, психологиясын көрсету жағына сараңдық
гөрі, үзік – үзік оқиғалар тізбегі бел алып кетеді. Шығарманың осы да
және басқа тұстарын көркемдік олқылықтарын әдебиетшілер мен сыншылар да
орынды ескерту жасаған. Оған мысалға айтсақ, В.Добровольский, Л.Никулин,
Н.Анов т.б.
Ең алдымен повестің жазылу стиліндегі кемшілік тіл жұртаңдығы, сондай –
ақ композициялық селкеулігі көзге шалынады. Көркемдік қасиеті жағынан
да біраз кемшіліктерді табуға болады.
Әр кейіпкерінің өзін сөйлетіп, ішкі монолог, ішкі диалог арқылы олардың
мінезін шымшымдап отырып ашатынын Зейнолла Қабдолов сөзімен айтқанда,
оқиғалар желісін тартымды, қызыққа құра білетінін, басқа да поэтикалық
ерекшеліктерін тәптіштеуге уақыт бар.
Айтайын дегенім дейді – Зейнолла ағамыз “біз әдеби үрдіс дегенге, оның
дұрыс жолға қойылуына Зейін Шашкиндей мән берсек қой” деп өзінің көзқарасын
айтқан еді. Белгілі қанатты сөзді сәл ауыстыра айтсақ, Зейнекең туған
елінің айтулы қаламгері де, азаматы да бола білді. “Адамды сүйіп, адамға
жәрдем беруге өмірімді сарп етемін” дейтін Гиппократ антын Зейнекең дәрігер
ретінде де, жазушы ретінде де бар ынтасымен мүлтіксіз орындады.
Жігерлі талант иесі Зейін Шашкиннің басты ерлігі, жазуға рұқсат
алған он жылдың ішінде қыруар шаруа тындырғандығы. Мұқтар Әуезов Зейіндей
қаламдас інісінің жетістіктерін “жәй, сәл ғана бір ұнамды емес, бүгінгі
жағымыздың бірін ала келе жатқан елеулі, салмақты табыс – ау деп ұнаттым”
деп не себепті ағынан жарылғанын енді – енді түсінгендейміз. дерлік өмір
жолын, қайғы мен азаптан, қорлық пен езгіден, теңдік пен жеңіске қол
созған, қуаныш пен бақытқа кенелген мерейлі тағдырын көз алдымыздан
өткереміз.
Нағыз талантты аудармашыға тән ерекшелік - түпнұсқаның мазмұнын
көркем түрде дәл жеткізу ғана емес, шығарманың тілдік заңдылығын
сақтап, ондағы сөз байлығын ұлттық тілдегі сөздік қорымен жаңалау.
З.Шашкин – халық Отан алдындағы парызын партиялық тұрғыдан қарайтын
күрескер жазушы. Бір мақаласында жазушы былай дейді: “Писатель – не
одиночка, затерянный в просторах истории, а сын своей эпохи, и в
общественной борьбе своего времени он должен занимать ясную и определенную
позицию”. “Жить в обществе и быть сводобным от общества – нельзя. Идейность
и народность связь с борьбой трудящихся – это важнейшие условие роста
искусства, его художественной силы, его плодотворного влияния на жизнь
общества”.
Қырықтан астам қазақ жазушылары қазақ және орыс тілінде жазады.
Қостілділік, тіларалық мәдени қарым – қатынастың негізгі құралы, жазушының
жазушылық шеберлігін арттырып кең ауқымды шабыт тудырады. Екі тілді мықты
білу яғни орыс және қазақ тілдерін, жазушының жеке стилін байытады, оның
тілдік құралындағы диапазонын ұлғайтуға көмектеседі. Ш.Айтыматов сөзінде
былай дейді: егер кітап қырғыз тілінде жазылса, мен оны орыс тіліне немесе
керсінше аударар едім. Қостілділік – қарым – қатынастың бір түрі және де
эстетикалық алмасу болып табылады. Мәселен, повесті салыстырып көрейік:
Түпнұсқа:
“түн қараңғылығы қоюланып, қас қарайғанын Ақан сезбей де қалды”
деген сөйлем
Аудармада:
“сумерки подкрались незаметно и быстро, словно выползли из
– под колеса комбайна
өз Сонда автор аударманы дәл әрі шебер суреттеу арқылы оқырманға
түсінікті етіп жеткізіп берген. Бірақ тарапынан комбайн деген
көркемдеуіш сөзді қосқан.
Кейбір жерлерде автор сөйлемдерді қазақшаландырып жіберетін тұстары
бар. Мысалы:
Түпнұсқа:
тілі қотыр ешкінің құйрығы тәрізді, шолтаңдайды да тұрады
деген тіркеске
Аударма:
“длинный язык” деп береді. Егер аударма барысында оны сөзбе – сөз
аударып берсе туынды сәтті шықпас еді.
Аудармашылық шығармашылықтағы ерекше бір қасиет – түпнұсқаға деген
адалдық, шынайылық, ешқандай боямасыз, қоспасыз, авторлық мәтінді
өзінің көркемдік - эстетикалық сипатымен, ұлттық тілдің байлығымен
әдеби түрде, әсерлі бейнелеу. Сондай - ақ, автордың қазақша
нұсқасында аударылмай кеткен сөйлемдер де кездеседі. Мысалы, обидно,
жаль, положен және т.б. сөздер. Тұжырымға келетін болсақ, сонда
автор сөйлетіп отырған адамды орысша сөйлеткені ме, жоқ аудармашыдан
кеткен қателік пе? Мәселен, мына сөйлемді салыстырып көрейік:
Түпнұсқа:
“кепкасын қолына қысып” деген сөйлемде,
Аударма:
“комкая в руках кепку”
Сонда орыстың кепка деген сөзін қазақша бас киім деп аударса
сәтті шығар еді. Аударма - шығармашылық іс, өнер болғандықтан да
адамның таланты мен білімін, өмірлік тәжірибесін, үздіксіз ізденуі
мен шеберлігін, ең бастысы, үлкен адамгершілік қасиеттерін сынға
салатын аса жауапты қызмет.
Аударма жасау – ұлттық тіл байлығының көрсеткіші ғана емес,
сол халықтың тілінің мәдениетімен, мәдени тілмен таныстыру үрдісі.
Аудармаға деген ықылас, құштарлық және аударма ісінде барынша
жоғарғы нәтижеге жету арқылы аудармашының жеке басының мәдениеті
қалыптасады. К.Батюшков сөзімен айтқанда “Аудармашы - мәдениетті алға
жылжытушы, мәдениетті енгізуші.
“Олай болса” дегеннен гөрі, біз:
“осындай бол” деп неге айтпаймыз.
Жастарды солай неге үйретпейміз.
Атақты Павел Корчагинді Н. Островский
“осындай бол” деп тудырған жоқ па?!
Біз бар күш жігерді, тапқырлық-шебелікті
Жағымды кейіпкердің түлғасын жасауға
Жұмсауымыз керек”.
З.Шашкин
З.Шашкин шығармалары жоғарғы оқу орындары мен мектептерге арналған
оқулықтарда аталып, талданған. З.Шашкин шығармалары жөнінде жарияланған
жергілікті әдебиетшілер мен оқушы қауымының мақалаларв мен хаттарын қоссақ,
З.Шашкин шығармашылығы жайында ой қорытуға қыруар материал бар екенін
аңғарамыз. Мұның бәрі, бір жағынан, З.Шашкин шығармашылығының әдебиет
қауымына ғана емес, қалың көпшілікке танылғаны емес пе? Екіншіден оның
туған әдебиет тарихында өзіндік орын аларлық, құнарлы мұра екендігін
дәлелдей түседі.
З.Шашкин шығармашылығын зерттеудің ғылым үшін, әдебиет үшін бірнеше
түрлі құнды сыпаты бар.
Аударманың қай түрі болса да қиын да күрделі. Өйткені онда адамның
барлық руғани күш-қуаты жұмсалады. Ең басты психологиялық элементтері:
қабылдау, түсіну, ойлау, эмоция, елестету, ерік, ес, зейін, т.б. қатысады.
Шығарманы салыстыру барысында осындай элементтердің барлығы қатысқанын
көруге болады. Авторлық аударманың негізгі ерекшелігі аудармашының
шеберлігін арттырып, мол тәжірибе беруінде.
2- ТАРАУ
Роллан Сейсенбаевтың өмірі мен аудармашылық шеберлігі.
2.1.”Майдан әндері” шығармасының аударылу тәжірибесі.
Әдебиетке келер жол әр түрлі көптеген жас талапкерлер ең әуелі
редакциялар мен жазушылар одағын төңіректей жүріп өзін де, көзін де
біртіндеп үйретіп, біртіндеп танылып, әдебиет әлемінің дүбірлі жарысына
біртіндеп кеп қосылады. Олардың әрқайсысының аяқ алысы да әр түрлі болып
кетеді. Біреулері ұшқыр, біреулері ұзаққа созыла шабатындар, таланттары да
әр деңгейде. Ал Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев өзінің шығармалары мен таныла
кетті 16, 5. Әдебиет деген киелі орданың қасиетті табалдырығын
ақын болып аттаған Роллан Сейсенбаев.
Роллан Сейсенбаев қазақтың белгілі жазушысы, драматург, аудармашы,
республикалық және халықаралық жүлделердің лауреаты, халықаралық Абай
клубының президенті. Ол “Қазақстан атты альбом – кітаптар” (1995, Лондон),
“Алматы” (1996, Лондон), “Ел” және “Аманат” журналының негізін ашқан. Оның
көптеген елге танымал кітаптары бар: “Возврашение Казыбека”, “Дни декабря”,
романдары: “Ночные голоса”, “Если хочешь жить”, “Лестница в никуда”, “Трон
сатаны”, “Отчаяние или мертвые бордят в песках”, “День, когда рухнул мир”
шығармасы Семейдегі ядролық полигон трагедиясына арналған. Бастапқыда оның
“Үкім” атты повесі жарияланды, театрларда “өзіңді іздеп жүрмін” атты
пьесасы қойылды. Сөйтіп, әдебиетте өзіндік дүние танымы мол, талантты
жазушы кеп қосылды. Сонымен қатар қазіргі таңда біздің ортада Роллан
Сейсенбаев он тілді біледі, тілді білуі оның аудармашылық шеберлігінің
мықты екенін көрсетіп тұр.
Роллан Сейсенбаев көп ізденетін, көп еңбектенетін жазушы , әдебиеттің
ең озық үлгілерін үнемі үйрену үстінде жүргізетіні бәрімізге мәлім. Оның
әңгімелерінен Э.Хемингуэйдің, В.Шукшиннің жерлері байқалады16,6. Оның
“Шірет”, “Үкім”, “Сенбі күнгі кеш”, “ Отелло” және тағы басқа әңгімелері
бар. Ол Мұхтар Әуезовтан тәлім тәрбие алады. Жазушының “Тау басында
түйіскен жол”, “Шайтанның тағы” романдарында ұрпақтар арасындағы дәстүр
сабақтастығы, рухани өсу, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz