Қой қылауының індеттанулық мәліметтерді, клиникасы және диагностикасы


Мазмұны
«Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің
сипаттамасы . . .
1. К І Р І С П Е
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында қой шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы болып саналады. Осы қой шаруашылығының өнімін және басын көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде балау жасап, аурудың алдын алудың маңызы зор.
Саулықтардың іш тастауымен, осы іш тастаудан кейін бірқатар саулықтардың сепсистен өлуімен және қозылардың өлімімен, ересек қозылардың артритке шалдығуымен сипатталатын қылау (сальмонеллез) ауруы шаруашылыққа көп экономикалық зиян келтіреді.
Қой қылауының барлық елдерде кең таралуына ауруға диагноз қою және аурудың тәндік алдын алу шараларының әліде болса жеткіліксіздігі себеп болып отыр.
Сонымен қатар, аурудың кең таралуына қылау ауруынан кейін көп малдар бактерия тасымалдаушы ретінде қалып, аурудың таралуына қолайлы жағдай жасайды.
Аурудың тәндік алдын алу алғашында өлі вакциналар қолданудан басталған. Осылардың ішінде 1950-1956 жылдары А. И. Нефедеев және Н. И. Никлолаенколардың формал-квасты вакцинасы, кейіннен концентрленген формал-квасты вакцинасы (А. Г. Малявин авторларымен 1964) қолданылды, сонымен қатар осы кезге дейін қолданылып жүрген поливалентті формол-тиомерсал вакцинасы (ВГНКИ) кең орын алды.
Организмде ауруға қарсы белсенді иммунитет туғызу үшін бұл вакциналарды жануарларға екі, кейде үш рет егу керек болды. Бұл жағдай олардың имуногендік қасиеттің төмендігін көрсетеді (М. А. Кенжебаев 1967, А. Актаев, 1970., М. Д. Раджаев, 1974., А. А. Волкова авторлармен 1977., Б. А. Матвиенко., К. А. Тулкибаев 1988, Б. Ю. Шустер, 1988., К. Б. Бияшев авторлармен 1991) . Осыған байланысты біздің елде және шет елдерде көп зерттеушілер қой қылауына қарсы иммуногендік қасиеттері жоғары тірі вакциналар жасап, олардың тиімділігін ғылыми және практикалық негіздерде дәлелдеді (Б. А. Матвиенко, 1986., М. А. Кенжебаев 1967, Матвиенко., К. Б. Бияшев 1974 Б. А. Матвиенко., С. Б. Бектембаев 1977., I Nicolos etal., P Pardon., Матвиенко К. А. Тулкибаев 1988, К. Б. Бияшев авторлармен 1991, 2004) .
Қазіргі кезде қой қылауының тәндік алдын алу үшін негізінен иммуногендік қасиеттері жоғары тірі вакциналар қолданылады.
Осыған орай қой қылауына қарсы тірі вакциналар жасайтын әлсіретілген штамдарды алу және олардың биологиялық қасиеттерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. қой қылауына диагноз қойып, оған қарсы қолданылатын вакциндік әлсіретілген S. abortus ovis штаммдарының биологиялық қасиеттерін тексеріп, олардың иммуногендік белсендіктерін зертханалық жануарларға салыстырмалы түрде анықтап қой қылауының тәндік алдын алу үшін шаруашылықта қолдану.
Көрсетілген мақсатты орындау үшін төмендегі жұмыстар алға қойылды:
- Шаруашылықтағы қойларды қылауға тексеру.
- Қой қылауына қарсы қолданылатын вакциндік штамдардың биологиялық қасиеттерін (өсінділік, антигендік, биохимиялық) зерттеу.
- Вакциндік штамдардың қалдық уаттылығын зерттеу.
- Вакциндік штамдардың иммуногендік қасиеттерін зерттеу.
- Қой қылауына қарсы әлсіретілген штамнан жасалған вакцинаны шаруашылықта қолданып, тиімділігін анықтау
2. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
2. 1. Қой қылауының індеттанулық мәліметтерді, клиникасы және диагностикасы
Қойдың қылауы буаздықтың екінші жартысында іш тастаумен және төлдің өлі тууымен сипатталады. Ауру эпизоотия түрінде өтеді және көбінесе саулықтардың іш тастағаннан кейінгі сепсистен өлуіне ұласады. Жаңа туған қозыларда ауру бактеремия түрінде өтеді, ал ересек жастағыларда пневмония және артриттер дамиды.
Қойдың қылауының қоздырушысы жөніндегі алғашқы деректер А. Н. Андреев жұмыстарында (1910-1916) келтірілген. Содан соң Zeh (1920) қоздырушыны қойдың түсік болған төлінің мүшелерінен бөлген (К. А. Түлкібаев 1993 ж. жазған деректер)
Қазақстанда бірінші рет М. М. Иванов түсік қозыдан бактериологиялық зерттеу арқылы қой қылауының қоздырушысын (S. abortus ovis) 1948 жылы бөліп алған. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша қойдың және қозының қылауы барлық континенттерде таралған және негізінен ауруды S. abortus ovis туғызады. (А. И. Нефедьев 1954., Б. А. Матвиенко 1963., М. М. Агабабен 1981., А. Актаев 1970., К. А. Түлкібаев 1987)
Сонымен қатар, S. typhimurium, S. dublin, S. choleraesuis қоздырушылары да қой қылауын тудыратыны жөнінде деректер бар (I. W. Botes, 1967., А. Г Молявин авторлармен 1972., П. В. Каймахан авторлармен 1974., I. Long, 1978., В. В. Бурик авторлармен 1987., К. А. Түлкібаев 1987) .
Қойдың қылаудан іш тастауы эпизоотия түрінде өтеді, әсіресе төлдеу кезінде таралады. Қылаудың табиғаттағы негізгі тасымалдаушысы жануарлар болып табылады. Олар сыртқы ортаға ауру қоздырушысын бөледі.
Болгарлық зерттеуші И. Ивановтың (1971) айтуынша қой қылауының таралуы көбіне малдардың жиі, көп орналасуына байланысты.
Қойдың сальмонелла тасылмалдаушылығы жайындағы мәліметтер шектеулі. Бірқатар зерттеушілер қылау клиникалық сау жануарларда бактерия тасымалдаушылардың әсерінен туындауы мүмкін, ал сольмонелла тасымалдаушысы жануардың тірі кезінде анықтайтын тиімді зерттеулердің жинытығына негізделген деп санайды.
А. В. Селиванов, М. Н. Никольскидің айтуынша, S. abortus ovis уытты штамымен қойды тәжірибелік зақымданғанда, ол организмнен 3 айға дейін бөлінген.
И. В. Поддубский (1955) S. abortus ovis уытты штамы организмнен мал жазылғаннан кейін 10 айға дейін бөлінетінін айтқан, Р. С. Хуршудиянц қоздырушының 1, 5 жылға дейін бөлінетінін хабарлаған.
N. Valcin (1971) зерттеуі бойынша қой қылауы сольмонелла тасымалдаушылар арқылы бір жайлауда жайылғаннан және бір суаттан су ішкеннен жұғады.
А. А. Банников және Р. С. Хуршудиянцтің (1955) сипаттаулары бойынша аурудың таралуы көзі ешкі мен ірі қара мал болып табылады.
Көптеген зерттеушілердің ойлары бойынша жануарлар қылауының негізгі көзінің біріне жануар тектес азықтар (қандық, сүйектік, балық және қауырсын ұндары, сүт) азық қалдықтарының шикізаттары, сонымен қатар өсімдік азықтар жатады.
Кейбір елдерде жануар тектес азықтардың қылаумен залалдануы 98, 1% жетеді (Полеков 1972) .
В. Г. Ивановтың зерттеулері (1969) бойынша құрама жемде, ет -сүйек және балық ұнында S. dublin және S. Typhimurium штамдары өздерінің зертханалық жануарларға зардаптылығын сақтай отырып, 12 айға дейін (бақылау мерзімі) тіршілігін сақтаған.
Сольмонеллалар және басқа микроорганизмдер азықтарды термиялық өңдегенде жойылады. Залалдануды төмендететін жақсы әдістің бірі болып азықтарды гранулдеу болып табылады. Қылау ауруының таралуына ірі шаруашылықтардағы ет өңдеу кәсіпорындарындағы және утильдеу зауыттарындағы нәжістің және шалшық судың жинақталуы себепкер болады.
Ауыл шаруашылығында ағынды суды пайдаланып, барлық қауіпсіздік ережелерін сақтағанның өзінде, жайылымдықта жүрген жануарларға ауру жұғады.
Қоралар, бастырмалар, қыста шөп шашатын жер, басқа сыртқы орта объектілері S. abortus ovis қоздырушысымен залалданса, онда олар ұзақ уақыт инфекцияның көзі болып табылады. Қоздырушыны түсік болған төлдерді, төл шуын және өлкен жануарлар өлексесін жеген иттер және атжалмандарда таратуы мүмкін.
Кейбір шаруашылықтарда қылаулық індет бәсең өтеді, кішігірім мөлшердегі бейім жануарларды қамтиды, іш тастау спорадикалық түрде жүреді, қозылардың жеңіл түрдегі ауруын туғызады және тез тоқтайды.
Қойдың қылаудан іш тастауы қыс мезгілінде шөптің тапшылығы, азық жетіспеушілігіне ұласқан қатаң қыс, құнарсыз азық, әсіресе А витаминінің жетіспеуі, саулықтарда төлдеуге жақын қалғанда ұзақ емдеу, темір жол арқылы тасымалдау, минералдық алмасудың бұзылуы (Са, Р) ірі және концентірленген азықтардың тапшылығы, мал шаруашылығы қораларының зоогигеналық жағдайын , жануарларды қорада тар орналастырылуы, жаздық жайылымға жауын-шашын және қар жауғанда емдеу салдарынан жануарлардың резистенттілігінің әлсіреуінен туындайды (Поляков 1972) .
Қой қылауының клиникасы. Қой мен қозының қылауының жасырын кезеңі анықтау қиын. Ауру сауылықтарда септикалық түрде өткенде дене қызуының көтерілуі, тамыр соғуымен, тыныс алудың жиілеуі, тәбетінің төмендеуі, әлде жоқтығы, жиірек қан аралас іш өтуі байқалады. Қойдың қылау індетінің белгісіз өтуі сирек кездеседі.
Саулықтарда іш тастау (аборт) алдында бір тәулікке дейінгі аралықта, әлде бірнеше сағат қалғанда толық күйзелу, дене қызуының 41 0 С дейінгі және одан жоғарлауы, бірте-бірте сыртқы жыныс мүшелерінің домбығуы байқалады (домбығу төлге және жамбасқа таралуы мүмкін) . Саулықтар азық қабылдамайды, жиірек жатады, аяқтарымен жүргенде қозғалыстар жасайды. Біраз уақыттан соң, дене бұлшық еттерінің әлсіз қозғалуына және туу күшеністеріне ұласады. Іш тастаудан 2-3 сағат бұрын саулықтар жатады, тістерін қайрайды.
Біраз уақыттан кейін тууға қатысатын бұлшық еттердің жиырылуы әлсіреп, тамыр соғуы мен тыныс алуы жиілейді, сөйтіп көптеген қойлар қоздай алмай, тез жүрек әлсіздігінен өледі. Әлде қиындықпен іш тастайды. Іш тастаған сауылқтардың көбісі орнынан тұрмайды. Шуының түсуі кешеуілдейді және көбнесе толығымен түспейді, дене қызуы жоғарылайды (Паско, 1972) .
Іш тастағаннан кейін 3-7 күннен соң саулықтардың жартысы бірте-бірте жазылады, қалғандары азық қабылдамайды және де жалпы әлсіздіктен және жүрек соғуы нашарлауынан өледі.
Жазылған сауылқтарда бір апта, кейде оданда көптеу аралықта жыныс жолдарында серозды- кілегейлі ағындылар байқалады. Қылау қосарланған микрофлорамен асқынса эндометрит, іріңді-геморрагиялық өзгерістер байқалады.
Қылаумен ауырған қозылардың дене қызуы 42 0 С дейін жоғарлайды, кейде қан аралас іш өту байқалады, көбісі өлмей жазылып кетеді.
Ересек жастағы қозыларда ауру жітілеу өтеді. Кейде аяқтарының буындары ісінеді.
Қой қылауына диагноз қою . Қой қылауына диагноз індеттанулық, клиникалық және патолого-анатомиялық мәліметтерге сүйене отырып, бактериологитялық және серологиялық жолдармен қойылады.
Бактериологиялық диагноз қою үшін іш тастаған қойлардың тастанды төлдері (түсік), шуы және жыныс мүшесінен бөлінген ағындылар, сонымен қатар іш тастаудан өлген саулықтардың паренхиматозды мүшелері (бауыр, өкпе, көкбауыр, бүйрек, лимфа түйіндері), жатырлары залалсызданған ыдыстарға салынып зертханаға жеткізіледі.
Зертханаларда жіберілген зағадаттардан жасанды қоректік орталарға (ЕПА, ЕПС, ЕПҚА) және Хоттингер агарына себінді жасап, өсіп шыққан өсінділерді монорецепторлық сальмонеллалық агглютиндеуші қан сарысуларымен зерттейді. Қой қылауының негізгі қоздырушысы S. abortus ovis О-4 рецептормен агглютинацияға түседі. Сонымен қатар зағадаттардан препараттар жасап, оны флюхроммен бояп, иммунофлуресценция реакциясын қою арқылы диагноз қоюға болады.
Қой қылауына диагноз қоюда серологиялық реакциялардың маңызы серологиялық реакциялардың маңызы зор. Серологиялық диагноз қою үшін малдардан қан алып, қан сарысуларын агглютинация (АР) жанама агглютинация (ЖАР), комплементті байланыстыру (КБР) реакцияларында тексереді.
Серологиялық зерттеулер қан сарысуында арнайы антиденелерді анықтау үшін қойылады. Олар мына мақсатыма қойылады:
- Бактериологиялық зерттеуден теріс қорытынды алғанда, алдын ала қойылған клиникалық диагнозды дәлелдеу үшін.
- Бөліп алынған қоздырушының этиологилық ролін дәлелдеу үшін.
- анықтау үшін.
Агглютинация реакциясы (АР) дегеніміз микробтардың бір-бірімен желімденіп бір жерге жиылуы. Ең бірінші рет 1896ж. Грубер мен Дурхан байқаған. АР-на 2 компонент қатысады: ауырған организмнің қан сарысуындағы антиденелер, агглютининдер және осы инфекция қоздырушысының қоректік ортадан алынған тірі немесе өлтірілген шайындысы антиген.
Микробтардың шайындысына соларға тән иммундық сарысуды қосқан кезде олар бір-біріне желімденіп, үлпек немесе түйір түрінде тұнбаға түседі. Микробтардың агглютинациясы электролитті ортада (NaCl 0, 85 физиологиялық ерітіндісінде) айқын байқалады.
Бұл реакция өзінің ерекшелігімен сипатталады, басқаша айтқанда, антигендер тек өздеріне тән антиденелермен ғана желімденеді. Бірақ кейбір микробтар клеткаларының бетінде басқа тұқымға жататын қоздырушыларға тән ортақ антигендік детерминанттары болады. Сондықтан АР антиденелер тек қана белгілі бір қоздырушыны емес, сонымен қатар олармен тұқымдас, ортақ антигендік детерминанттары бар микробтарды да желімдеуі мүмкін. Бактерия клеткаларының күрделі антигендерімен иммунделінген малдың қан сарысудағы ерекше агглютининдерді анықтау үшін агглютининдерді адсорбциялау тәсілі ұсынылған ( Кастеллани реакциясы) .
Агглютининдерді адсорбциялау тәсілі микробтардың антигендік құрылысын зерттеуде, агглютинирлеуші немесе емдік қан сарысуларын және вакциналар мен диагностикумдарды дайындауда қолданылып жүр. Агглютининдерді адсорбциялау тәсілімен алынған қан сарысуларын монорецепторлы агглютинирлеуші қан сарысулары деп атайды.
Жануарларды жылжымалық қасиеті бар бактериялар жіпшелерінің (Н) және соматикалық (О) антигендерімен иммунизациялау арқылы Н - және О -
агглютининдерін алуға болады. Vi - антигені бар бактериялар О - агглютининдерімен әлсіз желімденеді немесе мүлдем желімденбейді, бірақ Vi - қан сарысулары оларды жақсы желімдейді. Бұл мысалы О - және Vi - антигендер құрылыстарының әр түрлі екендігін дәлелдейді.
Агглютинация реакциясы мал дәрігерлік практикада бруцеллезге, лептоспирозға, листериозға, сальмонеллезге (қылауына), жылқының іш тастауына, туляремияға, маңқаға, тауық балапандарының пуллорозына, кампилобактериозға және басқа ауруларға диагноз қою үшін қолданылады. Бұл реакция белгілі микробтардың көмегімен ауру малдың қанындағы ерекше антиденелерді анықтауға мүмкіндік туғызады. Агглютинация реакциясы сонымен қатар ауру малдардан бөлініп алынған микробтарды белгілі агглютинирлеуші қан сарысуымен идентификациялау (анықтау) үшін де кең қолданылып жүр.
Қойдың қылауын бруцеллезден, листериоздан, компилобактериоздан, анаэробты дизентериядан, кокцидиоздан ажыратады.
2. 2. Қой қылауының вакциндік алдын алу
Қой қылауының айтарлықтай таралу себептерінің бірі болып вакциндік алдын алудың нашарлығы болып табылады. Қойдың қылауына қарсы әр түрлі варианттардағы сан алуан өлтірілген вакциналар ұсынған. (Шермер, Эрлих, 1921, Тавельский 1930., Гурвич авторлармен 1934., Локтева, 1955., Селиванов, 1959., Малявин авторлармен 1964 және басқалар) .
1950 жылы Н. И. Николаенко және А. И. Нефедьев қой қылауының алдын алу үшін анатоксин вакцинасын, одан кейін (1955) қозы мен қойдың паратифіне қарсы концентрленген формол - квасты вакцинаны ұсынған (К. А. Түлкібаев, 1993 жылы жазған деректер) .
М. О. Раджабев (1980) Дагестандық (НИВИ-нің) ВҒЗИ эмульсин вакцинасы мен формолквасты вакцинаның иммуногендік қасиеттерін жан-жақты тексергенде, 6 ауру шыққан отарлардағы зерттеулер бойынша 3 рет формолквасты вакцинамен егілген қойлардың 23, 3%, э мульсин- вакцинаны бір рет егілгендердің -11, 1%, ал бақылау тобындағылардың- 28, 0% іш тастаған.
В. Ф. Свириденко (1972) жұмысында қылауға қарсы «химиялық» вакцинаның тиімділігі жөнінде мәліметтер келтірілген.
Біздің еліміздегі және шет елдердегі бірқатар зерттеушілер қылаудың алдын алу үшін тірі вакциналардың преспективтілігін және тиімділігін көрсетті (Б. А. Матвиенко, 1986) A. I. W. Botes, 1964, H. W. Smith, 1965, М. А. Кенжебаев, 1967., Матвиенко, Ақтаев, 1969., Б. Ю. Шустер 1974., К. А. Түлкібаев 1987, 1988., В. И. Бондеренко авторлармен 1988., К. Б. Бияшев авторлармен 1991, 2004) .
Р. А. Салтыков және И. А. Чалисов (1974) тірі вакциналардың жоғарғы иммуногендігі бірініші кезекте олардың организмде өзіне тән баяу індеттік процестерді туғызып, екіншіден вакциндік індет өзінің бактериологиялық және потоморфологиялық сипаты жағынан табиғи өтетін індеттік аурудан сапалық жағынан ажыратылатындығын анықтады.
М. Драганов авторлармен (1968) үш табиғи әлсіз вирулентті S. abortus ovis штамдардан жасалған вакцинаны инактивтелген әр түрлі варианттардағы вакциналармен салыстыра отырып тәжірибе жүргізді. 70 буаз қойлардың иммунитет белсенділігін тексергенде зерттеген вакциналар бірдей шамада әлсіз иммунитетті тудырғандығы белгілі болды.
М. А. Кенжебаев (1967) S. abortus ovis Тр-Пл-1/10 әлсіретілген штамынан жасалған вакцинаның иммуногендік қасиетін зерттеді. Ол вакцинаның қой организмінде бірнеше тәулік тіршілік ететінін және өсінді дайындағанда реверсияға түспейтінін айқындады.
Кейінгі жылдары S. abortus ovis әлсіретілген шатамынан жасалған вакцинаны қой қылауы кездесетін шаруашылықтарда сынады. (Б. А. Матвиенко, Ақтаев, 1969) . Nicolas et al (1981) қойларға уытты S. abortus ovis штамды пероральды енгізгенде, кейбір қойлардың іш тастауын ескермегенде, аурудың клиникалық белгілерін туғызбайтынын анықтады.
Sanchis R, Razdon P (1981) үш вакцинаның тиімділігін салыстырды - 2 инактивтелген және S. abortus ovis әлсіретілген штамнан жасалған тәжірибелік вакцинаны. Қойдың қолдан ұрықтандырылуына 20 күн қалғанда инактивтелген вакциналар екі рет, ал тірі вакцина бір рет егіледі. Инактивтелген препаратты еккен қойлардың қан сарысуында антидене титрі 1:160 - 1:640, ал тірі вакцина екендердікі - 1: 2560 болды. Буаздықтың 128-129-шы күндерінде тек инактивтелген вакцинамен егілген қойларда ғана (4-9 және 5- 10) іш тастаулар байқалды, тірі вакцинамен егілген қойлардың туған төлдерінен сальмонеллалар бөлінбеген. Осыдан тірі вакцинаның перспективтігі анықталды.
И. Н. Иванов, М. Драганов және Н. Масалски (1982) химиялық мутогеннің әсері арқылы вакциндік штамм алды. Мутоген дайындалған тірі вакцина қолдану Ig G түзілуін арттырды. Уытты S. abortus ovis штамымен зақымдағанда өлі вакцинамен иммунделген қойларда, сонымен бірге бақылаудағы қойларда іш тастау байқалды. Тірі вакцинамен егілгендерінде қоздау қалыпты өтті. Вакцина 40 мың қойға қолданылды. Жыл сайын егу нәтижесінде қойлардың іш тастауы тоқтатылды.
В. Ф. Свериденко, Т. Т. Джангыршиева (1988) өздерінің зерттеулері арқылы қой қылауына қарсы S. tuphimurium 274 әлсіретілген штамынан жасалған тірі вакцинамен егілген жануарларда жоғары дәрежелі белсенді иммунитет қалыптасатын дәлелдеді.
Бұл мәліметті К. Б. Бияшев, К. А. Түлкібаев, Н. Н. Ахмедсадыков (1991) өз жұмыстарында қолдап, S. typhimurium 274 штамынан жасалған вакцинаны шаруашылықтарда кең түрде қолданылатын мәлімдеді.
К. А. Түлкібаев (1993), Түлкібаев К. А., Абдикешев М. К. (1997) S. abortus ovis 17 NS және К-8 әлсіретілген штамдарынан жасалған тірі вакциналардың қой шаруашылықтарында қылаудың алдын алу үшін жоғары иммуногенді препарат ретінде қолданылып жатқандығын хабарлайды.
Сонымен біздің және шет ел зерттеушілерінің хабарламасы бойынша, қой қылауының тәндік алдын алу үшін тірі вакциналардың маңызы зор деген тұжырымға келуге болады.
3. Өзіндік зерттеулер
3. 1. Зерттеу материалдары мен әдістері
Дипломдық жұмыс жоспарға сай Қазақ ұлттық аграрлық университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында, сонымен қатар Алматы облысы Талғар ауданы «Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде орындалды.
Белгіленген зерттеулерді орындау үшін қылауға қарсы келесі вакциндік S. abortus ovis 17 NS (авторы Петровская В. Г., Матвиенко Б. А. ., Маракуша Б. И., Түлкібаев Қ. А. ) және S. abortus ovis К-8 (авторлары Бияшев Қ. Б. қызметкерлерімен) әлсіретілген вакциндік штамдары, сонымен қатар қойдың қылауына қарсы осы штамдардан жасалған вакциналар қолданылды.
Бұлардан басқа іш тастаған қойдың түсігінен бөлінген S. abortus ovis 460 уытты (вирулентті) штамы пайдаланылды.
Белгілі бір тәжірибелер жүргізбестен бұрын зертханалық жануарлар теңіз шошқалары 2 апта, ал ақ тышқандар 1 апта карантинде ұсталынды. Осы уақыт аралығында оларға клиникалық бақылау жүргізілді. Тәжірибеге алынған жануарлардың азықтандырылуы мен күтіп-бағылуы олардың әрқайсысының түрлеріне сәйкес зооветеринариялық талаптарға сай болды.
Бактериологиялық зерттеулерге қажет материалдар ретінде ауру жұқтырылған зертханалық жануарлардың, өлгеннен және сойылғаннан кейінгі бауыр, көк бауыр, өкпе және лимфа түйіндері, сонымен қатар тасталған түсіктер, аурудан өлген өлекселердің паренхиматозды мүшелері алынды. Сальмонеллаларды бөлу жануарлардың қылауларына бактериологиялық диагноз қою жөніндегі әдістемелік нұсқауға сәйкес етті пептонды сорпаға (ЕПС), Хоттингер агарына (рН-7, 2-7, 4), етті пептанды агар (ЕПА) мен жартылай сұйық етті пептонды агарға себінділер жасау арқылы жүргізілді.
Оқшаулап алынған колониялар қайта өсірулер (себінділер жасау) мен сальмонеллалардың таза өсінділерін алу үшін пайдаланылды.
Сальмонеллалар штамдарының морфологиялық, өсінділік және ферментативтік қасиеттері көпшілік мақұлдаған әдістерге сәйкес зерттелді.
Сальмонеллалардың әлсіретілген және уытты штамдарының антигендік қасиеттерін (Мәскеу қаласының) вакцина және қан сарысуы институтынан алынаған поли және монорецепторлары (О және Н) агглютинациялаушы қан сарысуларының көмегімен анықтадық.
Микроб клеткаларының концентрациясын анықтау үшін Тарасевич атындағы Мемлекеттік стандарттау және бақылау институтының оптикалық қоюлық стандартын пайдаландық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz