Көркем аудармадағы баламасыз лексиканың берілуі



М А З М Ұ Н Ы
Реферат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 тарау Көркем аударманың лингвомәдени мәселелері ... ... ... .6
1.1 Көркем аударма . дербес шығармашылық туынды ... ... ... ... ...6
1.2 Көркем аударманың мәдени.танымдық қызметі ... ... ... ... ... ...9

2 тарау Көркем аудармадағы баламасыз лексиканың берілуі
2.1 Баламасыз лексика және лакуналар ұлттық мәдениеттің көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Баламасыз лексиканы аудару амал.тәсілдері ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 39
Пайдаланған дереккөздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
филология факультеті
жалпы тіл білімі кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

КӨРКЕМ АУДАРМАДАҒЫ БАЛАМАСЫЗ ЛЕКСИКА

Алматы, 2007
М А З М Ұ Н Ы

Реферат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4

1 тарау Көркем аударманың лингвомәдени мәселелері ... ... ... .6
1.1 Көркем аударма – дербес шығармашылық туынды ... ... ... ... ...6
1.2 Көркем аударманың мәдени-танымдық қызметі ... ... ... ... ... ...9

2 тарау Көркем аудармадағы баламасыз лексиканың берілуі
2.1 Баламасыз лексика және лакуналар ұлттық мәдениеттің көрінісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...15
2.2 Баламасыз лексиканы аудару амал-тәсілдері ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...38
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 39
Пайдаланған дереккөздер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...41

РЕФЕРАТ

Жұмыстың жалпы көлемі – 41 бет.

Пайдаланған әдебиеттер саны – 35

Пайдаланған дереккөздер саны – 18.

Тірек сөздер: көркем аударма, баламасыз лексика, реалий-сөздер,
этнографизмдер, фондық лексика (ақпарат, мәлімет) коннотация, ұлттық
мәдениет, тіл және мәдениет, лакуна, лингвокультурология, транслитерация,
түсіндірме, гипоним, гипероним, сипаттама аударма, сөз таңдау, аудармашының
лингвоэтникалық құзыреті,

Зерттеу нысаны – қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ
тіліне аударылған көркем әдебиет туындылары.
Жұмыстың мақсаты – көркем аудармадағы баламасыз лексиканы белгілеп, оны
аудару әдіс-тәсілдерін сипаттау.
Зерттеу әдістері. Бітіру жұмысында салғастырмалы, контрастивті,
материалдарды жаппай іріктеп жинақтау әдіс-тәсілдері қолданылды. Сонымен
қатар бақылау, баяндау, жүйелеу, сипаттау және контекстуалдық талдау
әдістері басшылыққа алынды.
Алынған нәтижелер: көркем шығармалардан 200 ден астам лексикалық
бірліктер жинақтап алынды, баламасыз лексика жүйеленіп топтастырылды және
олардың қазақ және орыс тілдерінде (аударманұсқаларда) берілу амал-
тәсілдері талданды. Қазақ және орыс халықтарының ұлттық-мәдени
ерекшеліктері қарастырылды.
Бітіру жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер және дереккөздер тізімінен тұрады.

КІРІСПЕ

Аударма – әрбір мемлекеттің, әрбір халықтың рухани мәдениетінің
ажырамас бөлігі. Адамзаттың тіршілігінде рухани мәдениеттің қалыптасып,
дамуы негізінен ел мен елдің өзара қарым-қатынасы, түрлі саладағы
байналысына бағытталатыны айқын.
Аударма міндеті мен мақсаты – үлкен, кең ауқымды. Көркем әдебиет
аудармасында туған тілдің байлығы мен сұлулығын қорғау, әлемдік әдебиеттің
ұлы жауһарларындағы құндылықтардың бәрін игере білу және оны сол рухта,
биік деңгейде өз ұлтына жеткізе білу арқылы айқындалады.
Көркем аударманың мәселелері әрқашанда тек қана жазушы-аудармашыларды
емес, әдебиетші, лингвист ғалымдарды қызықтырған. Себебі ол әртүлі
мәдениеттердің, ұлттық әдебиеттердің бір-біріне ықпал етуінің дәнекері.
Жалпы көркем аударманың қай жанры, қай түрі болсын әлем мәдениетін
көркемдік тұрғыдан меңгеру болып табылады. Бір елдің әдебиетін аудару
барысында оның тілдік байлығымен, ұлттық әдет-ғұрып, салтымен, тарихымен,
болмыс-бітімімен, табиғатымен, басқа да өзіндік ерекшеліктерімен танысу
арқылы олардың мәдени-тарихи үрдісінің диалектикасын үйрену басталады.
Көркем аудармадағы ең күрделі және қызықты мәселе – ол сөз таңдау, әсіресе
фондық лексиканы басқа тілге аударылуы.. Жұмыста баламасыз лексика, оның
түрлері, басқа тілге аудару тәсілдері қарастырылады. Баламасыз лексика
тікелей ұлттық (материалдық және рухани) мәдениетімен байланысты, сол
себетен аударылатын тілде эквивалентсіз болып табылады. Бұл көркем
аударманың лингвомәдени мәселесінің бірі. Осы орайда көркем аудармадағы
лексиканы зерттеу – бітіру жұмысының өзектілігін құрайды.
Зерттеу нысаны – қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ
тіліне аударылған көркем әдебиет туындылары.
Жұмыстың мақсаты – көркем аудармадағы баламасыз лексиканы белгілеп, оны
аудару әдіс-тәсілдерін сипаттау.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- көркем аудармаға қатысты әдебиеттермен танысу;
- баламасыз лексиканың түрлерін айқындау, осы лексиканы белгілеуде
ғалымдардың пікірлерін тұжырымдау;
- көркем аудармадағы айқындалған лексикалық бірліктерді жүйелеу және
топтастыру;
- қазақ және орыс тілдерінде жазылған шығармалар мен олардың
аудармаларындағы ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің сақталуын талдау және
лакуналарды белгілеу;
-аудармашының лингвоэтникалық құзыретінің белгілерін қарастыру;
- баламасыз лексиканы аудару әдіс-тәсілдерін сипаттау;
- екі тілдегі туыстық атауларының жүйесін салыстыру және оларды аудару амал-
тәсілдерін талдау.
Дереккөздер: қазақ тілінде жазылған көркем шығармалар (Әуезов М.О.,
Есенберлин І., Мұқанов С., Нүрпейісов Ә., Мүсірепов Ғ., Жұмаділов Қ. ) және
олардың орыс тіліне аударылған мәтіндері; орыс тілінде жазылған көркем
шығармалар (А.Пушкин, Л.Н.Толстой, А.Толстой, А.Чехов, И.Тургенев, А.Бунин,
Н.Погодин ) және олардың қазақ тіліне аударылған мәтіндері. Сонымен қатар
халық ауыз әдебиетінің үлгілері (эпостар) пайдаланды.
Зерттеу әдістері. Бітіру жұмысында салғастырмалы, контрастивті,
материалдарды жаппай іріктеп жинақтау әдіс-тәсілдері қолданылды. Сонымен
қатар бақылау, баянлдау, жүйелеу, сипаттау және контекстуалдық талдау
әдістері басшылыққа алынды.
Бітіру жұмысының материалдары ретінде қазақ және орыс тілінде жазылған
көркем шығармалардан жаппай іріктеп жинақтау әдісі бойынша 200 ден астам
реалий-сөздер жинақтап алынды. Жоғарыда аталған әдістер мен амал-
тәсілдерінің негізінде шығармалардағы баламасыз лексика және олардың
аудармада берілуі талданды.
Алынған нәтижелер: көркем шығармалардан 200 ден астам лексикалық
бірліктер жинақтап алынды, баламасыз лексика жүйеленіп топтастырылды және
олардың қазақ және орыс тілдерінде (аударманұсқаларда) берілу амал-
тәсілдері талданды. Қазақ және орыс халықтарының ұлттық-мәдени
ерекшеліктері қарастырылды.
1 ТАРАУ. КӨРКЕМ АУДАРМАНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Көркем аударма –дербес шығармашылық туынды

Аударма – ұлттық және әлемдік мәдени үрдістернің баситапқы нышандарының
бірі. Бұл арқылы ол белгілі бір халықтың және онымен қарым-қатынастағы
басқа да елдердің әр дәуірдегі мәдениеттің тарихи және ұлттық ерекшеліктері
саналады. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөлектігіне қарай топтасқан
адамдар қауымдастығы қалыптасқаннан-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара
түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын қостілді адамдар-тілмаштар пайда
болған. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржіма халықтың мәдени-
қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын
күрделі құбылысқа айналды.
Көркем әдебиет – айырықша күрделі жанр. Оның әдебиет қисынынан
туындайтын жазушылық шеберлік, әр зазушының қаламгерлік даралығы (ситлі)
мен таланты, эстетикалық функцияны, мазмұн мен пішінді жеткізудегі
жазушының танымдық-психологиялық қабілет-деңгейі сияқты сан алуан
проблемалары бар. Көркем әдебиет тілінің де өзге функционалдық стильдерге
қарағанда иірімі мол, ол оның негізгі қызметі – эстетикалық функциясымен
тығыз байланысты. Бұл – арнаулы ақпаратты әдебиеттен басты айырмасы. Көркем
әдебиеттің екінші және маңызыды белгісі – оның образдылығы, жалпыхылықтық
тілдік қордағы элементтерді пайдалану мүмкіндігінің болуы. Белгілі ғалым
Е.Жанпеисовтың пікірінше, бұл - көркем шығарма тілінің өзіндік табиғатын,
өзіндік сөз қиюын айқындайтын басты факторлар (1, 24).
Көркем әдебиет стилінің әдебиеттік, тілдік ерекшеліктері аударма
әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде жазылған әңгіме, повесть,
роман – сол халықтың ұлттық көркемөнері; туындының эстетикалық функциясы,
прагматикалық сипаты – баршасы тілді иеленуші халықтың рухани-мәдени ұлттық
танымының үрдесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа
бағындырылады.
Көркемөнер ретінде аударма әдебиет жеке адамға ақиқат өмірдің сырлы
суретін барыншы жеткізуі керек. Көркемделіп жасалған ақиқат дүниенің
бейнесін жасап шығаратын құрал – тіл. Тәржімашының алдында екі жақты, бір
бірінен ауыр, екеуінің де таразысы тең қос міндет тұрады:
- тұпнұсқаның мазмұнын, сюжетін, тұпнұсқа а вторының негізгі идеясын
мүмкіндігінше толық сақтау;
- аударылатын тілдің табиғи заңдылықтарын, нормаларын қадағалау.
А.М.Алдашева көркем аударманың мынадай айырым-белгілерін ұсынады:
а) көркем аударма – ойлаудың образдылық типінің жемісі: демек, мұндак
индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар; бірақ
ә) ізденістің шеңберіне шек қойылады, өйткені аудармашының алдында жатқан
мазмұны-құрылымы дайын мәтін шығармашылық еркіндікке жібермейді;
б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;
в) көркем аударма да төл әдебиет сияқты тұшымды, кедір-бұдырсыз оқылуы
қажет;
г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік
нормалары сақталуға тиіс (2, 26)
Кез келген аударманың ең негізгі қағидасы –ол аударма мәтінінің сапасы,
демек аудару үрдісінің нәтижесі, аударманың түпнұсқаға мағыналық жақындығы.
Сондықтан аудармашының әрекетінің нәтижесі – аударма мәтінінің тұпнұсқаға
экивалентті, сәйкесті болуы. Бірақ қазақ әдебиетінің классиктері жасаған
аудармаларда қаламгерлік алшақтықтар-айырмашылықтар бірден көзге түседі. Ал
әр шығарманың өз белгісі, өз сыпаты болуы – шығармашылық ізденістің жемісі.
Әрбір жазушының өз тілі, стилі бар; жазушы даралығы арқылы тілдік құралдар,
сөз қазынасы өзгеше ұжымдасады, өзгеше дәнекерлеседі. М.Әуезовтің Абай
жолы эпопеясында оқиғаны баяндау, суреттеу тәсілдерінің қатарында,
мәселен, бірнеше синонимдерді ілестіре, қатар қолдану, көркемдік құралдарды
үстемелеп пайдалану, көркемдік мақсат үшін ретті тұстарында контекстуалды
синонимдер жасау амалы көп. Абай жолындағы Барлық тұлғасы сай келген
қарасұр жігіт, сонау сұлу болмаса да ұнамды, сүйкімді; Жігітек ішіндегі
намыскер, отты, пысық жігіттердің бірі; Келбетті маңдайы ақшылданып,
айқындап тұр; Әнінде ашық, айқын бір келісті сарыннан басқа, үзілмей
ілескен, майда рахат саз, бір күміс лебіз толқын бар деген суреттеулер
М.Әуезов аудармаларында жоқ. Осы мәселе аударманың негізгі проблемасы – сөз
таңдау қағидаларымен тығыз байланысты. Себебі аударманы бағалаудың екіжақты
межесі – түпнұсқаның коммуникативті-функционалдық белгілерін (мазмұнын,
идеясын, автордың стилін) сақтау және екінші тілде оқитындардың қабылдау
ерекшеліктерін ескеру. Алайда, М.Әуезов өзі қазақшалаған проза мен
драмаларда сирек қолданыстағы сөздерді (қасарман, сыбайы, құшнас, жорталар)
балама етеді; тың образдар жасайды (тастай тылсымдай, тілі суырылған
жыландай, күнгірт жүзді); қазақ тілінде функционалды баламасы бола турса
да, түпнұсқадағы кейбір сөздердің және сөз тіркестерінің сөзбе-сөз
баламасын жасауды да байқап көреді (друг сердца – жүрек досы; капризное
воспитание – айнымалы тәрбие; человеческое чувство – адамдық сезім т.б.).
Мысалы:
- Голубчик, ты погляди на небо – оно ведь каменное (Н.Погодин
Аристократы)
- Жаным-ау, аспанға қарасаңшы, тастай тылсыдай ғой (ауд.М.Әуезов).
- Недобрую шутку сыграл англоман со своим сыном; капризное
воспитание принесло свои плоды (И.Тургенев Дворянское гнездо).
- Ағылшын құмар әке ұлын мазақ еткендей із қалдырды; айнымалы тәрбие
өзінің жемісін бермей қойған жоқ (ауд.М.Әуезов).
Сөйтіп, түпнұсқаның эстетикалық-көркемдік құндылығын сақтау және қазақ
тілінің нормаларын қадағалау міндеттеріне сәйкес көркем аударма жасаған
қазақ қаламгерлері-аудармашыларының шығармашылық ізденістеріне тән
ерекшеліктер мынадан көрінеді:
- аудармашылар жаңа сөз, фразалар үлгілерін қалыптастырады; түпнұсқадағы
тұлға-бітімі тосын реалий атауларының қазақша немесе орысша баламаларын
береді;
- екншісі - образды орамдар, эмотивтік қалдар жасауға қатысты: көркем
аудармадағы жалпыхалықтық образдылық элементтері, яғни пайымдау мен ұлттық
бітімнің, мәдени ерекшеліктердің негізінде жасалған халықтық образды
стереотиптер, тұрақты тіркестер қолданылады;
- үшіншіден, аудармашы түпнұсқадағы теңеулерд, фразалардың, паремиялардың
экспрессивтік күш-қуатын әлсіретпеу
Көркем аудармадығы сөз таңдау лексика мен фразеология жүйесін байытуға
ықпал етеді. Мысалы, аударылып жасалып, көркем аудармадан тарап, тіл
қолданысына сіңіскен немесе потенциалды элемент ретінде тіл айналымына
түсуі әбден мүмкін тың сөз туындылары өте көп (3, 6). М.Әуезов атаған тың
сөз туындылары – қазақшаға аударылған жеке сөздер, тұрақты тіркестер:
гүлалқа – венок (М.Әуезов); тұспалдама – намек, сыбыршы – суфлер, құлақша
қағаз – этиткетка, бірсүйер – однолюб (Ғ.Мүсірепов); патшаханым –
императрица, пида – пешка (Ә.Кекілбаев); қалтқы – перегородка, тері жақы –
кожаный пиджак, мапа былғары – перчатки (Ғ.Орманов) деген жаңа қолданыстар
аударма үлгісінде жасалғандар.
Көркем аударманы талдау мәселесі - әдебиет ғылымы мен тіл ғылымының
ұштасқан жерінде қарастырылуға тиіс, терең стильдік талдауды қажет ететін
күрделі сала. Мазмұны, идеясы, сюжеті, құрылымы дайын мәтінде тілдік
құралдардың еркін қолданылуы; аудармашы-қаламгердің жалпыхалықтық қордағы
сөздерді, фразаларды пайдалануы, өз тарапынан жаңа сөз тұлғалары мен тың
тізбектер жасауы – көркем аудармадағы ойлаудың образдылық типінің нәтижесі.

1.2 Көркем аударманың мәдени-танымдық қызметі

Мәдениет-ұлт-тіл үштігі бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғымдар. Ұлт
мәдениеті мен ұлт тілі – ұлт тұтастығының негізгі белгісі. Мәдениет –
ұлттың тарихи даму бойында жинақтаған материалдық-рухани құндылықтарының
жиынтығы. Мәдениет – қоршаған ортаны, әлемді жай, сырт көзбен бақылау
немесе қоршаған ортаны бейімделу емес, жеке адамның, халықтың өз ұлттық-
этникалық ерекшеліктері арқылы айнала дүниеге реакция жасауы, оны өз ұлттық
мінез-құлқы, пайымы, шұғылданатын кәсібі арқылытанып-білуі, алған таным-
пайымдауын бағалауы. Әрбір ұлттың өзіне тән таным-пайымы, қоршаған ортаға
қарым-қатынасы тіл арқылы танылады. Тіл – халықтың болмысы, жаратылысы, ол
мәдениетпен тығыз байланысты: тіл мәдениеттің дамуын, қалыптасуын, деңгейін
көрсететін, мәдениеттің ажырамас бөлігі. Тіл – ойды жеткізудің негізгі
құралы, сонымен қатар тіл – материалдық-рухани мәдениетті танып-білудің,
ұлт мәдениеті көрінісінің, ұлт мәдениеті өмір сүруінің негізгі арнасы,
белгілі бір халықтың мәдениетінен ақпаратты жинақтау және сақтау
(аккумуляция) қызметін атқаратын басты форма. Демек, тіл арқылы мәдениет
суреттеледі, рухани және материалдық мәдениеттің барлық белгілері тіл
арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетеді.
Қазіргі уақыттағы болып жатқан ғаламдану үрдісі көптеген ғылымдарда,
соның ішінде лингвистика ғылымынындада антропологиялық зертеулердің
көбеюіне ықпал етуде. Сондықтан да лингвомәдениеттанулық ынтымақтастықтың
дамуына мәдениетаралық байланыстың белсене түсуі интеграция үрдісенен
байқалады. Лингвомәдениеттанудың негізгі мәселелері көптеген ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылған: А.А.Потебня, Ю.М.Лотман, Д.С.Лихачев,
В.Н.Телия, В.А.Маслова және т.б. Олардың еңбектерінде лингвомәдениеттану
лингвистикадағы антропологиялық парадигма өнімі ретінде дамиды.
Антропологиялық парадигманың қалыптасуы тіл бірліктерінің (сөз,
фразеология, мәтін т.б.) ұлттық мәдени семантикасын адамға мойын бұруға
және оның мәдениеттегі орнына көңіл бөлуіне әкелді. Бұндай бетбұрыс
мәдениеттегі адам мен оның тіліне көңіл бөлінетін лингвомәдениеттануды
алдынғы қатарға қояды. Бұны В.Н.Телия өз зерттеуінде көрсетеді:
Лингвокультурология ориентирована на человеческий, точнее – на культурный
фактор в языке и на языковой фактор в человеке. Это значит, что
лингвокультурология – достояние собственно антропологической парадигмы
науки о человеке, центром притяжения которой является феномен культуры (4,
222).
Жаңа ғылыми пән ретінде лингвомәдениеттанудың теориялық негізі
В.В.Воробьев еңбектерінде іргетасы қарастырылған. Оның пікірінше,
лингвомәдениеттанудың нысанына адам жасаған материалды және рухани
мәдениетті жатқызуға болады, яғни тілдік әлем көрінісін құрайтын
артефактілер жүйесін жатқызады (5, 95)
Аударма саласындағы лингвомәдениеттанудың теориялық мәселелеріне
тоқтала келіп, А.М.Алдашева былай дейді: Лингвистикалық мәдениеттнау
саласы – этнолингвистикамен де, лингвоелтанумен де ортақтасқан ғылым;
лингвомәдениеттанудың әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл
элементі, халық тілімен жасасып келе жатқан өз сөзі; өзгелерден ауыс-түйіс
емес, өз меншігіндегі сөз, сөз тіркесі, афоризм, мақал-мәтел екендігін
дәлелдейтін белгі қайсы; ұлттық бет-пішін бар деп есептелінген сөз
ұлттық, әлеуметтік, этникалық, саяси адамгершілік, тұрмыстық нормаларынан
қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге назар аударады (2, 122-
123).
В.А.Маслова лингвомәдениеттанудың нысанын нақтылап,
лингвокультуремаларды былай бөледі:
1. баламасыз лексика және лакуналар (лингвоелтану нысаны);
2. мифологиялық тіл бірліктері: тілде бейнеленген мәдениеттің әдет-
ғұрыптық формалары, аңыз, ғұрып сенім;
3. тілдің паремиологиялық қоры;
4. тілдің фрезеологиялық қоры;
5. эталондар, стереотиптер, символдар;
6. тілдік метафора мен бейнелер;
7. тілдің стилистикалық қатпары;
8. тілдік мінез-құлық;
9. сөйлеу этикеті саласы (6, 37).
Көркем мәтін оқырман әрқашан тани білмейтін ақиқатты өмір туралы
мәліметтер бұлағы болып табылады. Әсіресе , бұл өзге тілдік оқырманға
қатысты, өйткені, көркем мәтін автордың туған мәдениетіне тән ақпаратқа
қанық болады.
Мәдениетаралық байланыстың танымал формасының біріне көркем аударма
жатады. Дарынды автор туғызған көркем мәтін сол жазылған тілдің фонетикасы,
лексика мен грамматикалық құрылысы ерекшелігімен ғана емес, содай-ақ, сол
тілдің өзіндік экспрессивті-стилистикалық құралдар жүйесін көрсетіп, тілдің
жарқын кескінін салады. Сонымен бірге әрбір көркем мәтін өзінің
стилистикалық кодымен де ерекшеленеді.
Аударма мәтінде жасалған ақпараттың барлық қажетті жақтарынсақтау үшін
аудармашы грамматика, лексика мен стилистиканы жақсы білуімен қатар, тарихи-
мәдени әрі лингвомәдениеттанулық сипат туралы базалық білімі болуы қажет.
Сонымен қатар тіл мен ұлттық мәдениеттің арасындағы тарихи-этникалық
сабақтастықты, тұтастықты бірнеше тілдегі жазба нұсқаларды жетік оқи
алатын, тілдер мен мәдениеттердің қыр-сырына үңілген адам жітірек байқайды.
Мәдениеттегі айырмашылықтар әртүрлі тілдердегі сөздердің денотаты бірдей
болса да, коннотативтік семантикасының (сөздің эмоционалды бояуы) әртүрлі
болуына ықпал етеді. Мысалы, өзбек жазушысы Т.Пулатов өзбек тіліндегі куёш
және түрікмен тіліндегі офтоб сөздері мен солнышко сөздерін салыстыру
арқылы әр халықтың ұлттық ерекшеліктерінің тілде белгіленуіне тоқталады.
Оның пікірінше, жылдың көп бөлігінде күннің аптап ыстығының астында еңбек
ететін халықтар ешуақытта күнді образды түрде солнышко деп айтпайды, ал
өзбек, түрікмен халықтарының сұлулықты айға теңеуі орыс халқы үшін көркем-
образдылықтың соншалықты дәл, ұтымды белгісі емес (Литературное
обозрение. 1976.№8. -109б.). Ал В.А.Маслова төмендегідей қызық фактілер
келтіреді: жапон тілінде қарапайым лексика мүлдем жоқ деуге болады.
Сондықтан жапон тіліне аударушылар Ф.Достоевскийдің Идиот, А.Чеховтың
Дура деп аталатын шығармаларының аттарын өз тілдерінде беруде көп
қиналады (6, 5). Немесе туыстықты, жақсы көруді образды беру үшін орыс
тілінде сердце сөзі арқау болатын тіркестер көп қолданысқа түссе, қазақ
ұғымында осындай қасиет-сапаларды беруге бауыр сөзінің семантикалық өрісі
жұмсалады. Әр халықтың тіліндегі бұндай айырмашылықтар ұлттық бітім мен
мәдениеттің өзгешеліктеріне тәуелді.
Белгілі ғалым, аудармашы Г.Бельгер Қан мен тердегі қызыл қарын жас
немере дегеннің орыс, неміс тілдеріне внук; даңғұр-дұңғыр болды да қалды
дегеннің грохот, шумно болып аударылады (7, 265). Ал Казахское слово и
проблемы перевода атты мақаласында ол көркем аудармада кездесетін көп
қиындықтарға тоқтала отырып былай дейді: Казах сделал из своего слова
культ. В этом можно убедится, постигнув мудрость и красоту речений биев
Толе, гусиноголосого Казбека, вникая в поэзию акынов-жырау... Переводил я
года три назад очень любопытную, познавательную книжку Дильды Матайқызы.
Наткнулся на главку Жеті амал, где перечисляются семь примет времени
года: күннің тоқырауы, айдың тоғамы, мұздың қатуы, киіктің матауы, үркерлің
батуы, қарашаның қайтуы, тоқсанның кіруі. После долгих распросов, поисков и
толкований я перевел эти семь примет времени так: солнцеворот, новолуние,
ледостав, сайгачий гон, уход Плеяд, улет казарок, смена Плеяд и Луны.
Сретенье (8, 11-12). Осы айтылғанның барлығы көркем аударманың басқа
аудармаларға (ресми қағаздар, жарнама мәтіндері, ғылыми мәтіндер т.б)
қарағанда эквивалентті болуы қиынырақ. Сапалы аударма жасау үшін
тәржімашының энциклопедиялық білімі, қаламгерлік шеберлігі, сол ұллтың
мәдениетін, әлемді қабылдауда өзіндік ерекшеліктерін, салт-дәстүрін және
аударма жасалатын тілдің стилистикалық қыр-сырын толық меңгеруге тиіс.
Себебі көркем аудармада тек қана семантикалық ақпарат берілмейді, сонымен
қатар эмоционалды, экспрессивті және эстетикалық ақпараттар берілуі тиіс.
Адам факторының тілдегі көрінісін, тіл мен сол тілді иеленуші адамның
(тұтас бір халықтың) ойлау-пайымдау қабілетінің арасындағы байланысты,
ұлттық мәдениеттің ұлт тіліне ықпалын зерттеуде аударма әдебиет көп көмек
жасайды. Аударма әдебиетті түпнұсқамен салыстыру бірнеше тілдерде бар
универсалды бір ұғым, образ, стереотиптер үшін жұмсалатын тілдік
единицалардың ұлттық – мәдени құндылығын дәлірек танытуға мүмкіндік береді.
Ұлттық-этникалық мәдениеттің ерекшеліктері, ұлттық бітімнің және рухани
құндылықтардың ұлттық сипаттары адам санасында орныққан символдық, образды-
метафоралық, ойды көркемдеп жеткізуге эталон-үлгі болатын тілдік
единицалардың семантикасынан, ішкі нысанынан байқалып тұрады. Ұлттық
мәдениет әсіресе коммуникативтік актіге қатысушылардың сөз әдебінен, адам
келбетінің, психологиясының суреттелуінен, уақыт пен кеңістікке, іс-
қимылға қатысты атаулардан, туыстық, ресми-бейресми қарым-қатынастардың
баршасынан да белгі береді. Айталық, кез келген көркем туындының баяндау
тәсілінің басты тіні – диалог, кейіпкерлердің өзара сөйлесу әрекетінде
бейвербалды амалдар көп кездеседі. Сөйлесудің бейвербалды амалдары
сөйлеудің ырғағы, дауыс мәнері, диалогтін мазмұнына қарай қол, көз, иық,
бас сияқты дене мүшелерінің қимылы, ымдау сияқты паралингвистикалық
амалдар. Паралингвистикалық ерекшеліктер халықтардың барлығына тән және
олар – этнос мәдениетінің бір көрінісі. А.А.Сейсенованың пікірінше,
паралингвистикалық амалдардың ішінде ең көп тарағаны – дене қимылдары.
Кинемалардың арасында бастың қимылдары да этикет ұғымымен ұштасып жатады,
мәселен, бас иді, бас иіп сәлемдесті деген әрекетті білдіретін сөз
тізбектерді сәлемдесу рәсімі мен қарым-қатынас процесінде ұлттық-мәдени
ерекшеліктерді үстейді. Ал иіліп сәлем беру және иіліп тағзым ету
этнокинемалары қазақтың қыз-келіншектерінің үлкендерге ізет пен ілтипат
білдіру мақсатында қолданылады (9, 25). Демек, бейвербалды амалдар дене
мүшелері (лат. соматизмдер) арқылы жасалады, сондықтан да кез келген тілде
соматикалық фразеологизмдер бар, бірақ олар көп жағдайда сәйкес болмайды.
Мысалы, жүрек аттай дүрсілдеу фразеологизмі тек қазақ мәдениетіне тән,
себебі қазақ елінің тарихы мен тұрмысында жылқы атауы басқа үй
жануарларымен салыстырғанда дәрежесі биік. Осындай фразеологизмдерді аудару
қиындықтар туғызады:
Түпнұсқа:
Ауыл ұйқыда. Ай сүттей жарық. Айнала жым-жырт. Аманның жүрегі аттай
тұлап келеді (Ғ.Мүсірепов Дауылдан кейін).
Аударманұсқа:
Аул спал. В залитой лунным светом степи стояла такая тишина, что Аману
казалось будто стук его собственнного сердца раздается как цоканье копыт.
Аудармашы сипаттама тәсілін қолданып, фразеологизмнің мәнін тұра берді десе
болады.
Всплеснуть руками, вскрикнуть тәріздес ұлттық мәдениеттің нышаны басым
тілдік единицалар орыс классик жазушыларының шығармаларында жиі қолданысқа
түседі. Қазақ аудармаларында көрсетілген элементтерді қазақшалау екі
ыңғайда кездеседі: бірі – калька жолымен аудру: всплеснуть руками –
алақандарын (қолын) соғу; вскрикнуть – шаңк ету (айғайлап жіберу). Екіншісі
– сөйлеу этикетінің паралингвистикалық ерекшеліктерін бере алатын қазақ
тіліндегі тілдік құралдарды іздестіру: всплеснуть руками – қолын жайып
тұрып қалу; вскрикнуть – дауысы қатты шығып кету.
Түпнұсқа:
- Ах, Петр Андреевич! – сказала она, всплеснув руками. Какой денек!
Какие страсти! (А.Пушкин Капитанская дочка)
Аударманұсқа:
Ах, Петр Андрееич! – деді ол алақандарын соғып қап, - осындай күнде,
осынша неткен құмарлық! (ауд.ә.Тәжібаев).
Тұпнұсқа:
Она вскрикнула, дрогнула на седле и тронула лошадь галопом (Л.Толстой
Анна Каренина).
Аударманұсқа:
Анна шаңк етіп, ер үстінде дір ете қалып, атын лекіте шапты (ауд.
Ғ.Орманов)
Сөйтіп, мәдениеттің ұлттық тұтастығы мәдениеттің стереотиптерін –
қабылдау мен ойлаудың, түсінудің, мінез-құлықтың, әрекеттің стереотиптерін
қалыптастырады, ал бұлар тіл арқылы көрініс табады. Жазушы Ә.Кекілбаевтың
Елең-алаң романында тұтас контекст бойында шығарманың тақырыбына орай
өткен ғасырлардағы орыс мәдениетіне тән жағдпайлар суреттеледі. Әлуметтік,
мәдениеттік қарым-қатынастарды баяндау үшін автор диалогке қатысатын
кейіпкерлердің сөз әдебіне өзге мәдениетке тән қаратпа нысандарды (форма
обращения) қосады, бұл - тікелей калька (голубушка – көгершінім).
...императрица аузын ашып үлгертпеді: -Андрей Иванович, төрлет,
көгершінім, - деді.... Қазақ ұғымына тән емес бұндай қолданыстарға
шығарманың коммуникативті-функционалдық белгілері ықпал етеді. Көркем
аудармаларда кездесетін, өзге мәдениетке тән қаратпа нысандарды (голубушка,
милая, брат, сударыня, тетушка) қазақшалауда аудармашылар ұлттық колориті
қанық айналайын, қалқам, шырағым, қарындас, жеңгей, апай тәріздес
нысандарды қоспайды, стильдік бояуы бейтарап элементтерді алады немесе
калька-баламалар жасайды.
Аударма әдебиет рухани мәдениеттің бір бөлігі – тілде де үлкен із
қалдырды. Арнаулы ақпаратты әдебиеттің аударылуы қазақ әдеби тілінің сөздік
құрамына жаңа номинацияларды, терминдерді қосты, сөздің семантикалық
құрылымын жандандырды, грамматикалық тұлғалар қызметіне қозғалыс тудырды.
Рухани-мәдени байланыс қоғам өміріне жаңа ұғым, түсінік әкелді, ұғым-
түсініктің аталу, тілдік единицамен белгілену қажеттілігі туды.
Қазақ қаламгерлерінің суреткерлік, шығармашылық қызметінде көркем
әдебиеттің аудармасының да ықпалы болды. Алайда бұл жайт – жеке жазушының
шығармасына әдеби-тілдік, стильдік талдау жасағанда, тұтас контекстің
ерекшеліктерін салыстырғанда объективті дәлелденетін құбылыс.
2 ТАРАУ. КӨРКЕМ АУДАРМАДАҒЫ БАЛАМАСЫЗ ЛЕКСИКАНЫҢ БЕРІЛУІ

2.1 Баламасыз лексика және лакуналар ұлттық мәдениеттің көрінісі

Аударматанудың теориялық және практикалық мәселелері талданатын
еңбектердің барлығында да екінші тілде мағыналық-ұғымдық көлемі жағынан
сәйкес келмейтін, сол себепті аударылуы қиындық келтіретін, болмаса
тәржімалағанда суреттеу, түсіндіру, шамаластыра аударуды қажет ететін
сөздер тобы аталады: олар баламасыз лексика деген терминмен белгіленеді.
Баламасыз лексика – халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін танытатын
атаулар, реалийлер. Аталған термин көптеген авторлардың еңбектерінде
кездеседі және оған әртүрлі түсініктеме беріледі: реалийдің синонимы
ретінде, немесе одан да кең өзге мәдениетте, өзге тілде жоқ сөздер.
Мысалы, Е.М.Верещагин және ВГ.Костомаров Язык и культура атты кітабында
баламасыз лекска – слова, служащие для выражения понятий, отсутствующих в
иной культуре и в ином языке, слова, относящиеся к частным культурным
элементам, характерным только для культуры А и отсутствующим в культуре Б,
а также слова, не имеющие перевода на другой язык одним словом, не имеющие
эквивалентов за пределами языка, к которому они принадлежат (10, 53).
Лингвистикалық аударматанудың белгілі зерттеушісі А.В.Федоров баламасыз
лексиканың қатарына ғылыми-техникалық терминдерді де жатқызады (11, 135).
С.Влахов пен С.Флорин ол басқа тілдерге аударылмайтын сөздер БЭЛ
(безэквивалентная лексика) – лексические и фразеологические единицы,
которые не имеют переводческих эквивалентов...нужно более четко
разграничить БЭЛ от реалий. Наиболее широкими по своему содержанию является
понятие БЭЛ. Реалии входят, как самостоятельный круг слов, в рамки БЭЛ
(12, 43). Н.Б.Мечковская тілдердің ерекшеліктері мәдениеттің
айырмашылықтарына себепті екенін дәлелдеп, өзге тілге кірме сөз болып енген
баламасыз сөздерді экзотизм деп атайды. Экзотизмы и этнографизмы не
столько раскрывают или толкуют чужую культуру, сколько символизируют ее.
Так слова эсквайр, спикер, крикет, шиллинг прочно ассоциируются с Англией;
джейлау, кишлак, арык, дехканин – это знаки среднеазиатской культуры;
сакура, гейша, икэбана, сакэ – знаки традиционной японской культуры; баз,
курень, майдан, привада – знаки донского казачьего быта и т.д. (13, 52).
Демек, әртүрлі мәдениеттердің айырмашылықтары тек қана тілдердің реалий мен
фразеологизмдерінде көрініс таппайды, сонымен қатар имплицитті түрде сол
тілді иеленушілердің фондық білімінде (кейбір еңбектерде фондық ақпарат,
фондық мәлімет деп те аталады). Бұл ұғым совокупность представлений о
том, что составляет реальный фон, на котором развивается картина жизни
другой страны, другого народа (11, 146) деген түсінікті білдіреді. Жалпы
бағдарлы ақпартты білу (фоновая информация), танысу көлемі халықтар
арасындағы мәдени байланыстар өрісінің деңгейімен байланысты. Мәдени
ынтымақтастық неғұрлым тығыз болған сайын, өзге халық, ұлт жөніндегі
әлеуметтік-мәдени дерек-мағлұматтардың көлемі де соғұрлым толыға түседі.
Фондық ақпарат сонымен қатар белгілі бір халықтың тарихын, нақты бір
кезеңдегі лингвомәдени ой-өрісін аңғаруды да қажет етеді.
Баламасыз лексика – көркем шығарманың тақырыбына, мазмұнына байланысты
бір халықтың мәдени-тұрмыстық тіршілігіндегі ұғымдар мен түсініктердің,
заттардың атаулары; адамдардың арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар мен
діни, саяси көзқарастарға қатысты терминдер, стандартты қалыптар. Бұндай
лексикалық единицалар, сөздер мен сөз тіркестері сөздіктерге тіркелмейді,
тіркелген жағдайда да суреттеу, шамаластыра аудару амалымен жүзеге
асырылады. Лексикографиялық ресімделмегендігі өзге тілдегі мәдени-ұлттық
ерекшеліктерге тән атауларды аудару мүмкін емес деген пікір тудырмайды;
дәл, тұрақты лексикалық сәйкестігі көрсетілмегенмен де, аударма мәтіндерге
жүргізілген талдау көркем әдебиеттегі реалий атауларын эстетикалық
функцияға нұқсан келтірмейтіндей дәрежеде қазақшалауға болатынын
дәлелдейді.
Белгілі бір халыққа, ұлттық, тілдік ортаға арналғандықтан,
классикалық көркем әдебиетте реалийлер тобы мол және олар тақырыптық,
мәдени ерекшеліктері жағынан да сан алуан. Осы күнде баламасыз сөздер,
әсіресе көркем аудармада, жан-жақты зерттелген. Ғалымдар баламасыз
лексикаға мыналарды жатқызады: этнографизмдер, терминдер, одағайлар және
еліктеуіш сөздер, аббревиатуралар, туыстық атаулар, сөз әдебі формулалар
және қаратпалар, жалқы есімдер, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер,
теңеулер, діни атаулар, көнерген сөдер, тарихаяттар, эмоциоанлды және
экспрессивті бояуы бар сөздер, фольклор элементтері. Демек, фондық
айырмашылықтарға байланысты сөздердің көбісі аударылмайды. С.С.Аверинцевтің
айтуы бойынша, тілдегі ең жақсы сөздер аударылмайды. Тәржімашы сол
ұлттың мәдениетін (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық бітім) толық
меңгермегенше, басқаша айтқанда фондық білімі болмаса, сапалы аударма жасай
алмайды деген тұжырым шығаруға болады. Мысалы, қазақ көркем шығармаларында
кездескен төмендегідей лингвомәдениетанулық бірліктерге көз жүгіртейік.
Түпнұсқа:
Ертеңінде түске жақын, Ли-хұң, Жағыпар, Нұрбектер үгітшілерден бөлігіп,
бұл ауылдан жүріп кетпек болды. Аттанар алдында оғаша үйде қымыз ішіп
отырып, Жасыбай қонақтардан бұйымтай сұраған (Қ.Жұмаділов. Соңғы көш).
Аударманұсқа:
К обеду следующего дня Ли-хун, Жагфар и Нурбек выехали из аула. Перед
отъездом, угощая своих гостей кумысом, Жасыбай еще раз спросил, по какому
делу они посетили его (ауд. А.Самойленко).
Қазақ дәстүрінде бұйымтай сұрау деген әдет бар. Үйіне қонақ келіп, оған
қонақжайлылық көрсетілген соң, отағасы қонағынан бұйымтай сұраған. Бұйымтай
қонақтар осы ауылға қандай мақсатпен немесе қандай нәрсе сұрай келгендігін
анықтау үшін сұралатын. Үй иесі қонағы сұраған бұйымды беретін.
Аударманұсқада бұйымтай сөзінің жалпы беретін мағынасы бойынша аударған,
ал әдет-ғұрыптық мағынасына көңіл бөлінбеген.
Көркем әдебиетте жиі жұмсалатындардың бір тобы – көнерген сөздер,
архаизмдер (стряпчий, денщик, рядчик, подрядчик, адъютант). Сонымен қатар
көркем әдебиеттегі кейбір реалийлердің атаулары қазіргі қазақ мәдениетінде
активті. Айталық, қазіргі жағдайда адамдардың әлеуметтік статусын
ажырататын нысандардың, бұрын архаизмдер қатарында болғандардың бір қатары
(ханым, мырза, жоғары мәртебелім) активті қолданысқа түсіп отыр.
Қазақ тілі еркелету, ізет мағынасын білдіретін амал-тәсілдерге өзге
түрік тілдеріне қарағанда әлдеқайда бай - деп американдық ғалым
И.Циртаутас атағандай, тілімізде осы тұжырымның айғағы ретінде балалрға
қатысты айтылатын еркелету мағынасы бар экспрессивті-эмоционалды
қаратпаларды (құлыншағым, боташым, балақаным, қошақаным, балапаным,
шырағым т.б) атауға болады.
Белгілі бір тарихи оқиғаны немесе қоғамдық формацияны сипаттайтын
көркем шығармаларда баяндалып отырған ситуацияға лайық топтық-иерархиялық
атаулар қолданылады. Талданған көркем туындылардың ішінде Жанталас және
Жібек жолы атты тарихи романдарда хан, әмірші, патша, хан ием, тақсыр,
қожа, хакім, сұлтан, алдияр т.б. вокативтер кездеседі, олардың көбісі арааб
тілінен енген атаулар, орыс тіліндегі мәтіндерде қарым-қатынас процесі мен
сипатталып отырған тарихи кезеңді еш өзгеріссіз жеткізу үшін калька түрінде
қолданылған: - А как же, таксыр-ата, если вдруг тайком собираетесь
(Д.Досжанов); - Знай, мой султан, что повелитель-хан не променяет тебя ни
на одного из десятерых (И.Есенберлин).
В.фон Гумбольдт тілдердің құрамындағы айырмашылықтарды түсіндіру
кезінде халықтың рухани болмысын тілден бөлек қарастыру мүмкін емес деген
тұжырымы бүгінгі күнде де актуалды.
Баламасыз лексика аудармадағы сөз таңдау мәселесіне қатысы бар топтың
бірі. Ал аудармада, әсіресе көркем аудармада, екінші тілден сөз таңдаудың
бірнеше себебі бар, олардың негізгілері мыналар:
1) екі тілдің лексикалық-грамматикалық құрылымы әр басқа;
2) белгілі бір ұғым, зат, түсінік халықтың тұрмыс-тіршілігінде жоқ,
демек ол тілде де белгіленбеген;
3) қоршаған ортадағы әрбір ұғымының, түсініктің, зат пен құбылыстың
атауы екі тілде де бар, алаайда олардың ұғымдық-мазмұндық көлемі
әртүрлі;
4) сөздіктегі сәйкестіктердің стильдік қызметінде айырмашылықтар бар;
5) шығарма авторының стилі мен тілі де функционалды сәйкестіктер
жасауға ықпал етеді.
Халық орналысқан географиялық аймақтың, климаттың, халық айналысатын
кәсіп пен шаруашылықтың ерекшеліктеріне орай бір халық тіліндегі дербес
атау, алуан түрлі ассоциация беретін лексеманың екінші тілде болмауы –
заңды құбылыс. Бұлар – тіл жүйесіндегі бос орындар – лакуналар, тілдің
семантикалық картасындағы ақтаңдақтар (15, 120). Айталық, Азия мен Африка
құрылықтарын мекендейтін кейбір халықтардың тілінде қар – снег сөзі жоқ,
мұның себебі халық өмір сүретін географиялық ортада климаттың өзгеруі – жаз
бен қыстың ауысуы тән емес. Ал жылдың белгілі бір бөлігі қыс мезгілі
болатын аймақтардағы халықтардың тілінде қар – снег әрқилы ассоциацияға ,
ұқсастыруға, ойды бейнелеп айтуға тірек болатын ұғымдардың бірі.
Сондай-ақ әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, кәсібі мен шаруашылығына,
тарихи қалыптасқан әлеуметтік-қоғамдық қарым-қатынастарына байланысты
орныққан атулар-реалийлер де басқа тілдің сөздік құрамында болмайды.
Лакуна да баламасыз лексика да тілдерді салыстырғанда байқадлады.
Лакунаның пайда болу себептері әртүрлі болады, негізінен мәдениеттердің
ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, ағылшын тілінде lawer – адвокат деген
сөздің бірнеше басқа да атаулары бар: attorney barrister solicitor
counsellor, ал орыс тілінде оларға адвокат деген бір-ақ сөз сәйкес келеді,
керісінше, орыс тіліндегі девочка және девушка сөздерге ағылшын тіліндегі
girl сөзі сәйкес келеді.
Р.Д.Сафарян армян оқушыларын орыс тілін үйрету барысында көркем мәтінді
қабылдауда лакуналар қиындықтар туғызтатына тоқталады: Лакуны
свидетельствуют об избыточности или недостаточности опыта одной
лингвокультурной общности относительно другой. Все, что при восприятии
иноязычного текста учащиеся не понимают, не замечают или неадекватно
интерпретируют, свидетельствуе о наличиии лакун. Практическая работа в
армянской аудитории показывает, что культурные лакуны при восприятии
русского художественного текста вызывают следующие факторы: непонимание
лингвокультурной универсалии текста, неумение правильно объяснять
линговкультурологические детали, отсутствие фоновых знаний и т.д (16, 204-
205).
Контрастивтік зерттеулерде, аударма теориясы мен тәжірибесінде
лакуналар айқындалады. Лакуна ілімін В.Л.Муравьев өз еңбектерінде
жариялаған. Ол лакуналарды лингвистикалық, этнографиялық деп бөледі және
оларға мынаны жатқызады: лишь те иноязычные слова и устойчивые сочетания,
которые выражают понятия, не закрепленные в языковой норме данного языка, и
для передачи которых в данном языке требуются более или менее простанные
перифразы – свободные словосочетания, создаваемые на уровне речи (17, 15).
Баламасыз лексиканың және лакунаның екінші тілде дәл баламасы, сөздіктегі
сәйкестігі болмайды, олар – бір халықтың материалдық-рухани мәдениетіне
тән, бір тілде ғана нақты тілдік единицамен белгіленген, өзге тілдерде
сыртқы нысаны, ұғымдық-мазмұндық көлемі бірдей сәйкестігі жоқ тілдік
единицалар дегенді білдіреді және олар аудару процесінде қиындықтар
келтіреді.
Қазіргі таңда көркем шығармалардың аударылуын талдау кезінде түпнұсқа
бойындағы лингвомәдени бірлік ұлттық колорит, реалий, баламасыз лексика,
лакунаға көп көңіл бөлінеді.
Түпнұсқа:
Мал қораланып, ел орынға отырысымен, Естайлар Алтыбақанға баруға
жиналды (Қ.Жұмаділов Соңғы көш).
Аударманұсқа:
Вечером, когда скот был загнан в кошары и люди разошлись по своим
юртам, джигиты начали собираться на качели в аул Нугмана (ауд.
А.Самойленко). Осы мысалдағы алтыбақан сөзінің мән-мағынасы кең. Бұрынғы
кезде қазақ ауылдарында қыздар мен жігіттер кешкі мезгілде ойын-сауық
құратын. Алты бақан жерге қағылып, оған әрі-бері тербетілетін арқан
тартылады. Осындай қасиетті алтыбақан теуіп, ойнап-күліп, ән-жыр айтуға
алыс-жақын ауылдардан жастар, ақындар мен сал-серілер жиналатын.
Аударманұсқада качели сөзімен аударылып, алтыбақан сөзіне балама тұрғысынан
дәл болғанымен әдет-ғұрыптық мағынасына көңіл бөлінбеген. Біздің ойымызша,
көркем мәтінді аударғанда, ең алдымен түпнұсқа тілдің мәдениетінен, тұрмыс-
тіршілігінен хабар беретін лингомәдени бірлік, реалии, лакуна сияқты
элементтерді басты назарға ұстаған абзал.
Бір халықтың ұлттық мәдениетіне тән сипаттарды, айырымдарды атайтын
сөздерді аудару аудармашының лингвоэтникалық құзыретінің жан-жақты болуын
талап етеді. Ұлттық мәдениетті белгілейтін атаулар функционалды қызметі
жағынан басым доминант элементтер: олардың контекстегі функционалдық-
коммуникативтік қызметі жоғары. Демек, оларды түсіріп тастау түпнұсқаның
мазмұнын сақтау талабына нұқсан келтіреді. Сондықтан аудармашының
лингвоэтникалық құзыреті – ол мәтіндегі қолданылған, мәдени-танымдық
сипаты, ұғымдық-мағыналық көлемі жағынан сәйкестіктері жоқ атаулардың түпкі
мағынасына, этимолгиясына, қандай ұғымда жұмсалғанына, контекстідегі
стильдік жүгінің ауқымына назар аударуға тиіс. Мысалы, І.Есенберлиннің
Көшпенділер романында Жәнібек хан Жүніс ханмен жақындасу үшін өз адамын
жібереді:
Жәнібек өз ойын іске асыруға осы кездің дәл екенін еске алып қыз беріп,
қыз алысайық – деп Жұнысқа кісі салды.
Аударманұсқа:
Пусть сбреют мне усы топором, если не получу вещественную помощь от
Жунус-хана! – решил Джанибек.
Аудармашы түпнұсқадағы сөйлемнің құрылымын өзгертіп, ұлттық мән-
мағынасы бар бейнелі сөйлемшені бөгде, ұлттық колоритты қанықтырмайтын
пусть сбреют мне усы топором деген тіркеспен ауыстырды, ал қыз беріп, қыз
алысайық дегеніміз ол қазақтың ата заманнан келе жатқан дәстүрі – туыстасу
және ынтымақтасу символы. Көркем шығарманы басқа тілге аударудың негізгі
мақсаты – сол ұлттың тарихи қалыптасқан психологиясының өзіндік,
қайталанбайтын мғынасын толық беру.
Қазақ ұлттық бітіміндегі бата беру және бата алу дәстүрі үлкен мағынаға
ие – бата алған кісінің әрқашанда жолы ашық, көңілі тоқ болады, ойлаған
мақсатына жетеді. Ал батаны үлкен кісілер – ақсақалды қариялар, ақжаулықты
аналар береді. Ақибатасын балаға әке-шешесі береді, бермеген жағдайда екі
жас бақытты бола алмайды:
Түпнұсқа:
Мені әкетіп бара жатқанда жер бауырлап жатып: Құлыным менің, ақ
батамды алмай ерге шықпа деп еңіреп қалып еді.
Аударманұсқа:
Потом она увидела мать, которая билась на прибрежном песке,
протягивала к ней руки и причитала: Дочь моя, не дай коснуться себя ни
одному мужчине, пока не встретишь меня и я по обычаю не поцелую тебя в
лоб.
Ұлттық мәні зор ақ бата беру тіркесі поцелую тебя в лоб фразасымен
аударылып, аударманұсқаның сапасы төмендеді десе болады, орыс тіліне мое
материнское благословление деп аударса мағынасы сақталады деп ойламыз.
Талданған мысалдар аудармашының фондық ақпаратты меңгеру деңгейі төмен
екенініе дәлел. Тәжірибелі аудармашылар түпнұсқа авторының өзге де
шығармаларын оқиды, оның жазушылық шеберлігіне тән болып есептелетін басты-
басты стильдік-тілдік құралдарды аңғарады; шығарма оқиғасына, желісіне
негіз етілген тарихи мерзімінің ерекшеліктеріне қатысты өзге де
мағлұматтарды зерттейді; сөйтіп, жалпы алғанда, тәржіма үшін қажетті тарих,
этномәдениет, әлеуметтік мәдениет, ұлттық бітім турасындағы өзінің жалпы
білім-тәжірибесін жинақтайды. Демек, аударманың сапасын бағалаудың екіжақты
межесі аудармашыға талап-міндеттер жүктелетінін көрсетеді. Аударма
мәтінінің айтылған талаптардың үдесінен шығуы аудармашының ойлау-психикалық
қабілітіне тікелей байланысты. Түпнұқсадағы айтылған ойды қалай, қандай
әдіс-тәсілдермен жеткізудің амалдарын іздестіру барысында аудармашы негізгі
материалды анализдеу және синтездеу процестерін бастан өткереді. Аудару
процесі тәржімашылық қызмет үшін керек факторлар Тіларалық коммуникация
процесіндегі аудармашының лингвоэтникалық құзыреті 1 Суретте көрсетілген.
Лингвоэтникалық құзырет қазақ және орыс тілдерін жетік меңгеруді талап
етеді, яғни аудармашы осы ұлттардың сөз, сөйленіс модельдерін кешенді түрде
жинақтау, тұтас тілдік материалдарды ұғынуы, ойлау-психикалық қызметі және
негізгі ана тілі ұлттың мәдени-этникалық сипатына орай қалыптасқан адам
болуға тиіс. Басқаша айтқанда, тәржімашы екінші тілді иеленуші халықтың
тілін жақсы білген жағдайда ғана тәржіма туынды эстетикалық сапасы,
оқырманға әсер етуі жағынан жоғары деңгейде бола алады. Лингвоэтникалық
құзыретке ие адам өзге тілдегі туындыға қатысты жалпы фондық білімге иек
арта отырып, шығарманы аударудың нақты бір тәсілін таңдап алады (баламасыз
лексиканы аудару тәсілдері 2.2 бөлімшеде талданады).
Лингвоэтникалық құзыретке ие адам қазақ және орыс тілдерінің жалпы
тілдік қорындағы барша әлеуетті, лексикалық-фразеологиялық байлықты,
синонимдік қатарлардың мағыналық реңктерін ұтымды игеріп, түпнұсқа мен
аударма мәтін арасындағы сәйкестікті қалыптастырады, өз тілін жетік білетін
аудармашы төл тілдегі сөздерді контекстуалды мағынада ауыстыра жұмсайды
және осындай трансформациялаудың түрлі әдіс-жолдарын ұдайы жадында ұстап
отырады.

2.2 Баламасыз лексиканы аудару амал-тәсілдері

Көркем әдебиетте баламасыз лексиканың негізгі түрі – ұлттық реалийлер
жиі кездеседі, себебі олар сол ұлттың рухани, мәдени, қоғамдық өмірімен
тығыз байланысты. Сондықтан да осы сөздердің басқа тілге аудару жолдары көп
қызығушылық танытады. Бірақ реалийлердің өздері аударылмағанмен (реалий –
этнолингвистикалық түсінік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма теориясы және аударма түрлері
Ағылшын және қазақ тіліндегі лакуналар мен жалқы есімдерді баламасыз лексика ретінде қарастыру және олардың аудару кезіндегі ерекшеліктерді анықтау
Қазақ, орыс, ағылшын әдеби шығармаларындағы реалийлердің аударылу жолдары
Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Шетелдік аударматану
Аударма – аударматанудың өзегі
Эквиваленсіз лексикалық аудармасы
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Аударма эквиваленттілігі проблемалары
Лексиканы аудару ерекшеліктері
Пәндер