Жер бетінде адамның пайда болуы, ол түралы әртүрлі көзқарастар мен ұғымдар



Жоспары:

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жер бетінде адамның пайда болуы, ол түралы әртүрлі көзқарастар мен ұғымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.8
2.2. Антропогенездің негізгі даму кезеңдері мен эволюциясы.9.11
2.3. Ежелгі адамдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12.13
2.4. Антропогенездің биологиялық факторлары ... ... ... ... ... .14.15
2.5. Антропогенездің әлеуметтік факторлары ... ... ... ... ... ... ..16.18
2.6. Адам нәсілдерінің пайда болуы, ерекшеліктері туралы әртүрлі қарама.қарсы мәндегі көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.21

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.23
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану және агротехникалық
институты

Тақырыбы: Адамның пайда болуы

Мамандығы: Биология- 050113

Орындаған: Жарболғанов Ержан

Оқу тобы: Б-09-1

Қабылдаған: Абдраманова Г.

Қызылорда, 2012 жыл

Жоспары:

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-4
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Жер бетінде адамның пайда болуы, ол түралы әртүрлі көзқарастар
мен
ұғымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...5-8

2.2. Антропогенездің негізгі даму кезеңдері мен эволюциясы.9-11

2.3. Ежелгі
адамдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 12-13

2.4. Антропогенездің биологиялық факторлары ... ... ... ... ... .14-1 5
2.5. Антропогенездің әлеуметтік факторлары
... ... ... ... ... ... ..16-18

2.6. Адам нәсілдерінің пайда болуы, ерекшеліктері туралы әртүрлі
қарама-қарсы мәндегі
көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-21

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..22-23

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар (сурет, сызба)

І. Кіріспе

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-
түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты.
Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы
бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ,
түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5
миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең
ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис – шебер адам (презинджантроп) болып
есептелінеді. Оның сүйек қалдықтары далбарлап жасалған шапқы құралдармен
(чопперлермен) бірге 1959-1963 жылдары Олдувэй шатқалынан (Шығыс Африка -
Кения) табылды. Ол 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Хомо хабилистің
мыйының көлемі (652 см3) австралопитек маймылдарының мыйынан біраз асады.
Бірқатар басқа ерешеліктері болған, мәселен, түргеліп жүргендікті
аңғартатын, айқын білінетін табан имектігі.
Алғашқы адамдардың (олдувэйлік) еңбек құралдары: қырын өткірлеу үшін
ұрып жұқартылған малта тастар мен дөрекі ауыр тас сынықтары (чопперлер)
болды.
Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам хомо эректус – тік жүретін
адам сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тас дәуірінің Шелль-ашель
мәдениетінің иелері питекантроп пен синантроп болды.
Питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Ол бұдан бір миллиондай
жыл бұрын өмір сүрді. Питекантроп Хомо хабилиспен салыстырғанда елеулі
эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Мый көлемі үлкейді (950 см3), бас сүйегі
мен жақ сүйектері кішірейді, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді.
Тік жүретін адамның екінші бір түрі синантроп болды; ол бірінші рет
1927 жылы Чжоу–коу –дянь үнгірінен табылды. Синантроптың сыртқы бейнесінен
дамудың неғұрлым процестік белгілері байқалады. Бұл белгілір: мый қабығының
көлемі үлкен (1075 см3) , мандайының тайқылығы азырақ, қабағы жатық, иегі
ықшам.
Чжоу-коу-дяньда табылған қазбалардың айтарлықтай ерекшелегі сол,
синантроптың сүйектерімен бірге онда әр түрлі формадағы дөрекі тас

-3-
құралдар, отта көп жатқан тастар және төмеңгі палеолит жануарлараның көп
сүйектері табылды. Демек, синантроптар сол кездің өзіңде отты пайданала
білген.
Адамның эволюциясындағы келесі қадам Хомо Сапиенс саналы адамның пайда
болуымен байланысты. Тарихта бұл кезеңдегі адамды (орта палеолит)
неандерталь[1] деп атайды. Тік жүретін адамға қарағанда, неандерталь
адамның өмірінде мәнді-мәнді өзгерістер болды. Осы кезде ежелгі адамдардың
дене бітімінің өзгершіліктері біржолата қалыптасты. Олардың бойы аласа
келді (150-160 млн), мый қауағының көлемі енді 1300-1400 см3 болды.
Неандертальдың өзгеше белгілірі: қас сүйегі шығыңқы, тайқы маңдай, бас
сүйегі жайпақ, тістері ірі, иегінің шығыңқылығы аз. Омыртқа жотасының
тіктігі, тізе буынының жазылмайтын қисықтығы неандертальдардың жүрісінің
ебедейсіз болғанын көрсетеді.
Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Хомо Сапиенс) пайда болуы
соңғы палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап адамдардың
эволюциясында шешуші өзгеріс болады және нағыз адамзат тарихына біржолата
көшу басталады.
Алғашқы Хомо Сапиенс өкілдерінің пайда болуы әдетте б.з. 50-45 мың жыл
бұрын болған делінеді. Оған тән белгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон
үнгірінде табылған бес қанқаны зерттеу негізінде аңықталды.
Кроманьондық адамның тұрпатында, осы заманғы адамдарға тән
ерекшеліктер айқын білінеді. Оларға тән нәрсе – басының сопақтығына қарай
маңдайы кең, беті өте жалпақ, тікше және мый қауағы кең (1500-1800 см3),
бойы биік (168-194 см), сүйектердегі бұлшық ет бедері айқын көрінеді.
Сөйтіп, адамның шығуы, оның дамуы негізінен үш сатыдан өтіп, еңбек
процестің нәтежесімен байланысты болғанын көреміз.

-4-
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Жер бетінде адамның пайда болуы, ол туралы әртүрлі көзқарастар
мен ұғымдар

Адамның пайда болуы – тіршілік эволюциясындағы ең жоғарғы және
бірегей буын болып табылады. Қазіргі уақытта біз адамның ең алғашқы ата
тегі кім болғандығын дәл айта аламыз. Бұл ата тек бұдан 20 млн жыл бұрын
тіршілік еткен дриопитек деп аталатын адам тәрізді маймылдар болып
табылады. Кейініректе, яғни бұдан 14 млн жыл бұрын дриопитектен үш тармақ
пайда болды. Бір тармағынан қазіргі уақыттағы горилла, шимпанзе және
орангутандар, екінші тармағынан гигантопиктер деп аталатын ірі маймылдар
пайда болды. Бұл маймылдар бірнеше жылдар бойы Азияда тіршілік етіп,
соңынан жойылып кетті. Үшінші тармағынан рамапитек деп аталатын форма
шықты. Рамапитектің ілгері қарай эволюциялануынан Homo sapiens дүниеге
келді.
Кейінірек зерттеулердің нәтижесінде және жиналған мәліметтерді талдау
арқылы антропологтардың басым көпшілігі біздің ата тегіміздің шындығында
ағаш басында тіршілік еткендігі және тіршілігінің басым көпшілігін жер
үстінде өткізгендігі анықталды. Жойылып кеткен адам тәрізді маймыл –
дриопитектің қазба жақ сүйектері табылуымен байланысты, ғалымдарды адам мен
жоғары сатыдағы маймылдардың азу тістерінің арасындағы ұқсастықтар
қызықтырды. Мұндай жақ сүйектерінің алғашқы данасы 1856 жылы Франциядан
табылды. Осыған ұқсас сүйек қалдықтары тек ХХ ғасырдың басында жасы 20 млн
жылдан 8 млн жылға дейін болатын миоцен қабаттарынан табылды. Бұл қалдықтар
адам мен жоғары сатыдағы маймылдардың туыстық байланысын одан әрі күшейтті.
Себебі, дрриопитек қазіргі кздегі жоғары сатыдағы маймылдардың ата тегі
екендігіне ешқандай күмән жоқ. Оның сүйектерінің қазба қалдықтары жер
шарының барлық бөліктерінде кездеседі (Европаның барлық жерінде, Үндіде,
Қытайда т.б.).
Бұдан бірнеші жыл бұрын Италияда және Шығыс Африкада адам тәрізді
маймылдардың ориопитек деп аталатын түрінің қазба қалдығы табылды. Бұл
қазба форма дриопитекпен бір дәуірде тіршілік етті. Ориопитектің құрылысы
шимпанзеге өте ұқсас. Мұның өзі бұл жануарлардың ағаш басында тіршілік
етуге бейімделу жолының бір типті екендігін көрсетеді.
-5-
Ал ориопитек тістерінің шимпанзе мен адамның тістерінен өте үлкен
айырмашылығы бар. Мұның өзі адам мен Африкадағы адам тәрізді маймылдардың
шыққан тегінің бір екендігін көрсетеді. Сонымен адам дриопитектер тобынан
бөлінді. Дриопитектің қазба қалдықтарының арасынан адамның ата тегі болып
есептелінетін рамапитек табылды. 1934 жылы Дж. Льюис Үндідегі Сивалик
дөңінен алғаш рет рамапитектің жоғарғы жақ сүйектерін тауып, оны зерттеді.
Зерттеу нәтижесінде адамға тән қасиеттердің бар екендігін анықтады. Мұның
өзі рамапитектің адамның пайда болу бағытында эволюциялануын көрсетеді.
Сонымен дриопитектерден негізгі екі эволюциялық бағыт дамиды. Біріншісі,
жоғары сатыдағы маймылдарға (понгидтер) алып келетін бағыт, екіншісі,
гоминидтер (адамға тән қасиеттері бар топ) деп аталатын жануарларға алып
келетін бағыт. Себепсіз эволюция болмайды. Бірақ рамапитектің тек жақ
сүйектерін, тістерін зерттей отырып, бұл себепті анықтауға болмайды.
Рамапитек адамға қарағанда өзінің ата тегі болған маймылдарға көбірек
ұқсас. Шимпанзенің кейбір популяциялары секілді рамапитек те сирек
ормандарда тіршілік етіп, уақыттың бір бөлігін шимпанзе секілді ағаш
басында өткізге болу керек.
Профессорлар Саймонс пен Кит Джоллидің дәлелдеуі бойынша рамапитектің
шимпанзеден айырмашылығы – ол тамақ үшін жаңғақ, тұқым және қатты тамыр
секілді нәрлі өнімдерді пайдалана бастады. Бұл жорамал оның тістері қазіргі
кездегі адам тәрізді маймылдардың тістеріне қарағанда қалың эмаль қабатымен
қапталған деген көзқарасқа негізделген. Рамапитек қоректі шайнау үшін
алдыңғы тістерін емес, азу тістерін пайдаланған болу керек. Осыған
байланысты оның бет бөлігі қысқарған. Рамапитек бұдан шамамен 14-8 млн жыл
бұрын тіршілік етті. Әзірше рамапитектен кейінірек, яғни 5 млн жылдан
ертерек тіршілік еткен формалардың қазба қалдықтары табылған жоқ. Бұл
уақыттың ішінде күшті өзгерістер болса керек. Адамның бұдан 4-1,5 млн жыл
бұрын тіршілік еткен жаңа, анық ата тектері пайда болды. Р. Дарт 1924 жылы
Оңтүстік Африкада қазба сүйектердің арасынан кішкентай баланың бас сүйегін
тапты. Ол бет сүйектерінің және тістерінің құрылысын зерттей отырып, бұл
форма адам мен маймылдың арасындағы аралық форма деген қорытынды шығарды
және оны австралопитек деп аталады. Бірақ Дарт австралопитектің ересек
особының толық скелетін таба алмады. Дарт пен Р.Брумның зерттеулері
нәтижесінде осындай қазба қалдықтар бірнеше жылдан кейін Оңтүстік Африкадан
табылды. Бұл қазба қалдықтарды Луис Лики мен Мэри Ликидің Шығыс Африканың
Олдовай шатқалынан және олардың баласы Ричардтың Солтүстік Кениядан тапқан
сүйектерінің қазба қалдықтары толықтырды.
-6-
Австралопитектердің ірі, бірақ формасы адам тістеріне өте ұқсас азу
тістері олардың өте қатты қорек заттарын шайнай алатынын көрсетеді. Сояу
және күрек тістері ірі емес, құрылысы бойынша адамның тістерінен ешқандай
айырмашылығы жоқ, ал адам тәрізді маймылдардың тістеріне ешқандай
ұқсастығы жоқ. Бірнеше миллион жылдар бойы австролопитектің екі линиясы
параллельді тіршілік етті: австралопитектер – бойы қазіргі кездегі Африка
пигмейлерінен биік емес; парантроптар – австропитектерге қарағанда біраз
ірілеу, жақ сүйектері горилланың жақ сүйектері секілді мықты, бірақ қысқа
және биік болады. Австралопитектер екі аяқпен, яғни қазіргі адамдар секілді
ашық далада тік жүріп, тек қозғала алатын болды.
Адамның екі аяқпен жүруге бейімделуінің негізгі себептері белгісіз,
бірақ бұл жөнінде әртүрлі жорамалдар бар. Қазірдің өзінде адам тез жүруге
бейімделмеген, ал горилла қолдарының иілген саусақтарының көмегімен тегіс
емес далада адамнан кем жүгірмейді.
Homo erectus – тік жүретін адамның пайда болуы. Homo erectus– тің
пайда болуынан 1 млн жыл бұрын оның тікелей ата тегі тіршілік еткен болу
керек. Бірақ бұл форма әдірше белгісіз. Homo – жаңа туыс. Әдетте Homo
erectus – ті алғашқы нағыз адам деп есептейді. Бірақ оған тән
қасиеттердің көпшілігі құрал жасай алатын австралопитектерде де болды.
Солай бола тұрса да, бұл жаңа адамдар өздерінің сыртқы бейнесі бойынша
қазіргі адамдарға көбірек ұқсас болды. Боыйының биіктігі және скелетінің
жалпы құрылыс бойынша олардың қазіргі адамдардан онша айырмашылығ болмады.
Олардың басы адамның басы секілді болды. Себебі ми сауыты бас сүйегінің
бет бөлігінен басым еді. Бірақ ми сауытының сүйектері әлі де қалың, миының
көлемі австралопитектер мен қазіргі адамдар миының аралығында болды.
Бірінші Homo erectus 1891 жылы Ява аралынан табылды және ол ұазба қалдықты
питеконтроп деп атады.
Бұл жаңалық ғылымда нағыз төңкеріс жасады. Бұл алғашқы және өте
ертедегі адам болды. Қазіргі уақытта Homo erectus Шығыс және Солтүстік
Африкада, Венгрияда, Солтүстік Қытайда табылды.
Алғашқы неандертальдықтың табылуы жөніндегі хабар 1856 жылы баспа
бетінде жарияланған кезде кейбір ғалымдар бұл сүйектердің адам дәрежесіне
көтерілмеген формаға тән екендігі жөніндегі көзқараста, екінші бір ғалымдар
бұл сүйектер патологиялық ауытқуыбар қазіргі заман адамдарының сүйектері
деген көзқараста болды. Шындығында неандертальдықтардың бас сүйегі ерекше
болды: бас сүйегі күшті ұзарған, ми сауытының күмбезі төмен орналасқан, көз
шұңқыры үстіндегі белдеуі шығып тұрады, маңдай қуысы жақсы дамыған.
-7-
Шындығында, неандерталь адамы Европада үштік жәе төрттік мұз
кезеңінің аралығында және төрттік мұз басу кезеңінде тіршілік етті және әр
түрлі кремнийлі құралдарды жасады. Өткен жүз жыл ішінде Европада
неандертальдықтардың бірнеше қазба сүйектері табылды. Оларды зерттеу
неандертальдықтардың классикалық формасы жөніндегі концепцияның пайда
болуына алып келді.
Палеолит дәуірінде Европада тіршілік еткен адамдардың европалықтардан
ешқандай айырмашылығы болмады. Өте ертедегі австралиялықтар қазіргі
уақыттағы австралиялықтардан немесе меланезийліктер секілді болды. Бірақ та
неандертальдықтардың жойылу дәуірінде немесе одан бұрын қазіргі заман адамы
жер шарына кең таралды және қазіргі уақыттағы нәсілдер қалыптасты.

-8-
2.2. Антропогенездің негізгі даму кезеңдері мен эволюциясы

Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) –
антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол.
түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі
жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі
саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология,
психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың
нақты деректеріне сүйенеді. Ч. Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша
адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол.
жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді.
Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:
1. ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар
(антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл
жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін
сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда
жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды.
Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;
2. эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен
палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген
және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты
бұдан 1 млн. жыл бұрын;
ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар
қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір
сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың
сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық
қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап
пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің
саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің
үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым
ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі
болып есептелмейді.
Кең түрде алғанда, антропология - адамзат туралы ғылым (гр. антропос
- адамзат). Яғни антропология - адамзат пайда болуы, дамуы, оның құрылымы
туралы ғылым.
Антропология ғылымы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Ч.Дарвиннің
эволюциялық теориясы жасалған уақыттан кейін қарқындап
-9-
дами бастады.
Қурылымның негізгі белгілері мен эмбриондық дамуы бойынша саналы
адам - хордалылар типіне, омыртқалылар подтипіне, сүтқоректілер класына,
приматтар отрядына, адам тектес маймылдар подотрядына жатады.
Э.Геккель адамдар мен маймылдар арасында аралық бір түрдің болғанын
айта келіп, оларды питекантроптар деп атайды (мағынасы: маймыл - адам). Ол
ежелгі адамдардың арғы тегі қазіргі маймылдар емес, үштік дәуірдің
ортасында өмір сүрген дриопитектер (ағаш маймылдары) деп болжамдайды.
Олардың бір тармағынан эволюция нәтижесінде гориллалар мен шимпанзелер, ал
екінші бір тармағынан адам тектес маймылдар таралды деп есептейді.
Дриопитектердің бір түрлері ағаштан жерге түсіп, тік жүре бастады, оларды
рамапитектер деп атады, қалдық сүйектері үнді жерінде табылғандықтан,
Рама құдайының құрметіне солай аталды.
Бұдан мөлшермен 10 млн. жыл бұрын олардан сивапитектер бөлініп шықты.
Ал, 1960 жылы ағылшын археологы Л.Лики Шығыс Африкада қабілетті
адамның қалдықтарын тапты, оның жасы мөлшермен 2 млн жылға сәйкес келеді.
Оларды зинджантроптар деп атайды. Оларға қабілетті деген қосымшаның
берілуі - тастан жасалған еңбек қуралдарын пайдалануларына байланысты.
Еңбек құралдарын пайдалану мен топталып өсір сүру - ми мен тіл
қатынасының дамуына әсерін тигізді.
Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын қарастыра келіп, біз оның
материяның орасан зор көлемдегі секірмелі өзгерісі мен әлемнің эво-люциясы
нәтижесінде мүмкін болғандығын анықтадық.
Көптеген ежелгі тайпаларда арғы тектің жануарлардан, тіпті
өсімдіктерден таралғаны туралы (ежелгі тотемдерде) түсінік болды, ол
қазіргі кейбір тайпаларда да бар. Антикалық уақытта адамдардың лай-дан,
балшықтан жаратылғаны туралы ойлар айтылды (Анаксимандр).
Ол кезде адамдар мен маймылдар арасындағы ұқсастық туралы да сөз болды
(Карфагендік Ганнон).
Қазіргі уақытта тіпті НЛО туралы әңгімелерге байланысты адам-заттың
жерден тыс жан иелерінен шыққандығы туралы болжамдар айту әдетке айнала
бастады.
Бірак, XIX ғасырдан бастап, ғылымда ЧДарвиннің эволюциялық теориясынан
бастау алатын, адамзатттың қазіргі маймылдардың жоғары дамыған арғы тегінен
шыққандығы туралы концепция қалыптасқан.

-10-
Оны XX ғасырда генетика ғьілымы негіздеп берді, өйткені барлық
жануарлар ішінде гендік аппараты бойынша адамзатқа ең жақыны шимпанзе болып
шықты.
Палеоантропологиялық зерттеулер мен соңғы уақыттағы ашылулар -
адамзаттың түп-тамырымен биосфераға еніп, оның сан алуан жаратылысының бірі
ретінде саналатындығын дәлелдеді.

-11-

2.3. Ежелгі адамдар

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2
миллион жыл бұрын пайда болған. Әрине, бұл деректі археология ғылымы
дәлелдеген.
Археология - тарихи ескерткіштер, мұралар арқылы адам баласының өткен
тарихын зерттейтін ғылым.
Ең алғашқы адамның қалдықтары Шығыс Африкада (Кения жеріндегі Олдувай
шатқалы) табылған.
Адам дамуының сатылары
1. Епті адам
Табылған жері - Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) - 1 млн 750 мың
жыл.
2. Тік журетін адам
1 млн жыл бұрын өмір сүрген:
а) питекантроп: табылған жері - Ява аралы (1891 жыл).
ә) синантроп: табылған жері - Қытайдағы Чжо-коу-дянь үңгірі (1927 жыл).
3. Неандертал адамы
Табылған жері - Германиядағы Неандертал өңірі, Өзбекстанның солтүстік
өңіріндегі Тесіктас үнгірі (1938 жыл).
Ғалымдар Солтүстік-Шығыс Африканы алғашқы адамның отаны деп
есептейді.
Тарихшы, археолог ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде Қазақстанда
ежелгі адамдардың тіршілік еткені дәлелденіп отыр. Қазақстан жерінен
табылған көптеген тас құралдар осының нақты айғағы болуда
Адамзат пайда болған уақыт туралы айтпас бурын біз адамзаттың
жануарлардан айырмашылығы туралы сүрақты анықтап алуымыз керек. Ең алдымен
адамзат пен жануарлардың ұқсастығы туралы. Ол біріншіден, организмдердің
заттық қурамы, қурылымы жане мінез-құлқымен анықталады. Адам да жануарлар
секілді белоктар мен нук-леин қышқылдарынан турады және біздің денеміздің
көптеген қурылымдары мен атқаратын қызметтері жануарлардікі сияқты.
Ең жоғарғы эволюциялық сатыда турған жануардың адамзатқа ұқсастығы көп
болады. Екіншіден, адам ұрығы өз дамуында тіршілік эволюциясы өткен
сатылардан өтеді. Үшіншіден, жануарлар үшін улкен рөл атқаратын
рудиментарлық органдар адамдарда қажет бол-маса да сақталып қалған (мысалы,
соқырішек).
-12-

Ал адамзаттың жануарлардан айырмашылығы біршама. Оған ең алдымен ақыл-
ес жатады. Маймылдармен жургізілген тәжірибелер, олардың да сөздерді
түсініп, компьютер арқылы өз тілектерін жеткізе алатынын көрсетті.
Дегенмен, жоғарғы сатыдағы жануарларда түсінікпен ойлау жоқ, олардың ойлауы
(тіпті ол бар деп есептесек), нақты, ал адамның ойлауы - абстрактылы,
жалпылама, логикалық түрде болады.
Сол сияқты, адам мен жануарлардың мінез-қүлқында ұқсастық бар.
Жануарларда да қуаныш, қайғы, сағыну, өзін кінәлі санау, қызығу, назар
аудару, есте сақтау сияқты қасиеттер бар. Адамзат түсінікпен ойлау арқылы
өз іс-әрекетін, дүниені түсіне біледі және олардың жануарлардан бір
ерекшелігі - ол өзінің іс-әрекетін белгілі бір жоба, жоспар арқылы жүзеге
асырады.
Адамзаттың ең басты айырмашылығы - сөйлеу мәдениеті. Бұл арқылы
адамзат қоғамы жануарлар дүниесінен айқын ерекшеленеді.
Еңбекке қабілет - бул адамзаттың жануарлардан тағы бір негізгі
айырмашылығы. Әрине, жануарлар да әр нәрсені істей алады. Мысалы: маймылдар
жемістерді қағып түсіру үшін таяқ қолдана алады, бірақ тек адамзат қана
еңбек құралын өзі ойлап тауып, жасап шығарады. Жануарлар қоршаған орта
жағдайына бейімделсе, ал адамдар оны өзгертуге мүмкіндігі бар.
Еңбекке байланысты адамның тағы да екі айырмашылық белгісі бар: тік
жүру және қолдарының дамуы. Ең соңында - мәдениет дамуына байланысты - отты
пайдалану мен өліктерді көму - бұл тек адамдарға ғана тән іс-әрекеттер.

-13-

2.4. Антропогенездің биологиялық факторлары

Адам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған
биологиялық түр. Органикалық дүниеде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы туралы
Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
Геоэкология
Биологиялық экология туралы ақпарат
«Биологиялық экология»
Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
Тіршіліктің жер бетіне шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер
Тіл мәдениет құралы ретінде
Философия дүниетаным ретінде
Қазақстандағы бахаилік ағымы
Пәндер