Организмдердің орта жағдайларындағы морфологиялық – экологиялық адаптациялары
Жоспары:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Организмдердің орта жағдайларындағы морфологиялық . экологиялық адаптациялары
2.1.1. Өсімдіктердің тіршілік формалары ... ... ... ... ... ... ... ..5.6
2.1.2. Жануарлардың тіршілік формалары ... ... ... ... ... ... ...7.8
2.2. Бейімделушілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.3. Организм, олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.12
2.4. Ч.Дарвин және оның эволюциялық теориясы
2.4.1. Ч.Дарвиннің өмірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.14
2.4.2. Ч.Дарвиннің эволюциялық териясы ... ... ... ... ... ... ... .15.16
2.4.3.Дарвиннің өзгергіштік формалары ... ... ... ... ... ... ... ..18.19
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.21
Пайдаланылған әдебиеттер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Жаратылыстану және агротехникалық институты
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Организмге бейімделу
Орындаған: Досжанова Жансая
Мамандығы: Биология-050113
Тобы: Б-09-1
Қабылдаған: Абдраманова Г.
Қызылорда, 2012 ж.
Жоспары:
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Организмдердің орта жағдайларындағы морфологиялық – экологиялық
адаптациялары
2.1.1. Өсімдіктердің тіршілік
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... 5-6
2.1.2. Жануарлардың тіршілік
формалары ... ... ... ... ... ... .. .7-8
2.2.
Бейімделушілік ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .9
2.3. Организм, олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-1 2
2.4. Ч.Дарвин және оның эволюциялық теориясы
2.4.1. Ч.Дарвиннің
өмірі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...13-
14
2.4.2. Ч.Дарвиннің эволюциялық
териясы ... ... ... ... ... ... ... .15-16
2.4.3.Дарвиннің өзгергіштік
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... 18-19
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..20-21
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар (сурет, сызба)
І. Кіріспе
Организм — тіршілік ортасы. Жер бетінде тіршілік алғаш рет пайда
болған кездің өзінде-ақ кейбір жеке организм тіршілік ортасына айналган.
Бір организмді екінші бір организм тіршілік ортасы ретінде пайдалану
табиғатта кеңінен таралған. Табиғатта кездесетін әрбір түрдің өзіне тән
паразиті болады.
Организмнің де тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар.
Мысалы, ондай ортада денеге оңай сіңетін қоректік заттар мол,
температураның және химиялық заттардың құрамы тұрақты, құрғап кету каупі
және жаулары болмайды. Организмнің тіршілік орта ретіндегі қолайсыз
факторларына оттек пен жарықтың жетіспеушілігін, тіршілік кеңістігінің
шектеулілігін және т.б. атауға болады. Организмді тіршілік ортасы ретінде
пайдаланатын организмдер тобын — эндобионттар (грекше "endon"—ішкі) деп
атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттер, симбионттар
(селбесіп тіршілік ететіндер), комменсалдар және т.б. деп бөледі.
Бейімделу (адаптация) биологияда тірі организмнің сыртқы орта
жағдайында тіршілік етуге икемделуі, олардың эволюциялық даму барысында
қалыптасқан биологиялық қасиеті. Эволюциялық даму ілімі бойынша тарихи даму
барысында тіршілік ортасының қолайсыз жағдайларының ықпалынан организмнің
әлсіз клеткалары жойылып, белсенділері өніп –өсіп, табиғи сұрыпталу
нәтижесінде оларда төзімділік қасиеттері пайда болады. Бейімделу белгілері
бір биологиялық түрдің сыртқы ортаның нақтылы жағдайында тірішілік ету
тәсілін қамтамасыз ететін морфо-физиологиялық, популяциялық және басқа
ерекшеліктер жиынтығы. Мысалы, жазық далада тіршілік ететін сүтқоректілер
жүгіруге, ормандағылар өрмелеуге, су жануарлары жүзуге бейімделеді. Жан
жануарлардың қоректену тәсілінің, реңі мен пішінінің әртүрлі болуы, кейбір
мүшелерінің атқаратын қызметінің өзгеруі, т.б. олардың орта бейімделудің
нәтижесі.
Бейімделу жалпы және дара болып бөлінеді. Жалпы бейімделу қоршаған
ортада тіршілік етуге икемделу, мысалы құрлықта тіршілік ететін жануарларда
аяқтың, ұшатын құстарда қанаттың пайда болуы. Дара бейімделу белгілі бір
тіршілік жағдайына икемделу, мысалы, тұяқты сүтқоректіліредің тұяғының
әртүрлі пішіндері. Биологияның басты мәселесінің бірі бейімделудің тарихи
дамуының механизмі. XVIII ғасырда бейімделу организмге болмысынан тән
құбылыс деп танылған.
-3-
Бейімделу тіршіліктің тарихи дамуының негізгі үш факторының –
өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және табиғи сұрыптау нәтижесінде қалыптасып
дамиды. Бірақ қазіргі кезде табиғи сұрыптау теориясы күрделі. Бейімделудің
көптеген құпияларын түсіндіруде қиындықтарға кездесуде. Мысалы, құстар мен
жәндіктердің қанатының пайда болуы.
Адам организмі мен жануарлар үшін бейімделудің маңызы зор. Қоршаған
ортада ауа райының , температураның өзгеруі, оттегінің жетіспеуі, әртүрлі
жұқпалы вирустардың әсеріне қарамай, бейімделудің нәтижесінде организмнің
ішкі ортасы тұрақты деңгейде болады. Яғни, организмнің дене қысымы, қанның
морфологиялық құрамы мен физикалық, химиялық қасиеттері, қышқылдық-сілтілік
үйлесімі, т.б. көрсеткіштері қалыпты мөлшерден ауытқымайды. Социологияда
жеке адамның не әлеуметтік жіктің қоғамдағы жаңа рухани экономикалық және
мәдени құндылықтары мен нормаларға икемделуі. Ол қоғамда пайда болған жаңа
принциптерге сай материалдық және рухани игіліктерді игеруге деген ынтаға
тікелей байланысты. Бейімделу адамның не қоғам мүшелері көпшілігінің мақсат
мүддесі қоғамдағы қарым қатынастың жаңа принцитерімен толық үйлесімділік
тапқанда жүзеге асады. Әлеуметтік өзгеріс көпшілік әлеумет тарапынан
қолдауды қажет етеді. Онсыз әлеуметтік икемделу баяу жүреді. Мұндай баяу
икемделу аккомодаттану деп аталады. Аккомодаттану бейнелеу процесіне
ұласпаса ондай жағдай қоғамдағы бей - берекеттілікке, бүлікке алып келуі
мүмкін.
-4-

2.1.1. Өсімдіктердің тіршілік формалары
Қазіргі экологиядағы негізгі ұғымдардың бірі тіршілік формалары
жағдайындағы ұғым немесе морфологиялық –экологиялық типтер жағдайындағы
ұғым. Тіршілік формалары жағдайында ілім тұңғыш рет ботаникада пайда болды,
мұныі шығу тегі ертедегі Грецияда жатыр. Біздің эрадан үш жыл бұрын
Теофраст, бейнесі ұқсас өсімдіктерді ағаштар, бұталар, шала бұталар, шөптер
топтарына жіктеген болатын. Одан он сегіз ғасыр кейін сол сияқты бейне
(физиономия) принципімен А.Цезальпин (1583) өсімдікті классификациялады.
Алайда, морфологиялық-экологиялық типтер туралы ілім XIX ғасырда ғана
дербес ілім ретінде қалыптасты; А.Гумбольдт ботаникалық географияны зерттеу
өсімдіктердің негізгі физиономиялық типтерінен басталуға тиіс, осылардың
шумағынан өзінше ландшафтық көрініс (картина) құралады деген идея ұсынды.
Гумбольдт өзі бірінен физиономиясы жөнінен жаөсы ажыратылатын өсімдіктерді
әуелі 16 негізгі формаға, одан кейін 19 негізгі формаға топтады.
Морфологиялық – экологиялық типтер жайында ілімнің дамуында Дарвиннің
эволюциялық теориясы шешуші роль атқарды, осы теория тұрғысынан ондай
типтер өсімдіктердің ортаға бейімделу формасы (бейнесі) деп қарала бастады.
1884 жылы Е.Варминг өсімдіктердің әрбір түрінің сыртқы және ішкі құрылысы,
олардың қалыптасқан және өмір сүріп тұрған тіршілік жағдайларына сәйкес
болға тиіс деген ұғыммен тіршілік формасы деген терминді ұсынды.
Қазіргі кезде жоғары сатылы өсімдіктердің тіршілік формасы былай
түсініледі: бұл – белгілі бір өсімдіктер тобының (олардың жер бетіндегі
және жер астындағы органдарын - жер асты өркендерін және тамыр
системаларын қоса алғанда) онтогенезінде белгілі орта жағдайларында өсу
және даму нәтижесінде пайда болатын өзінше жалпы бейне (габитус). Бұл
габитус сол жердің топырақтық – климаттық жағдайларында өсімдіктердің осы
жағдайларға бейімділігін көрінісі бейнесінде тарихи түрде пайда болады.
Эволюциялық процесте орта жағдайларының белгілі бір комплексін
пайдалануға бейімделу бейнесінде табиғи сұрыптаудың нәтижесінде тарихи
түрде тіршілік формалары пайда болды.
-5-
Бұлар жеке органдардың биологиясының, даму ритмінің және функцияларының
негізгі сипаттарын көрсетеді. Тағы бір еске алатын нәрсе, өсімдік онтогенез
процесінде өзінің тіршілік формасын өзгертеді. Мысалы, көп жылдық шөптесін
өсімдіктер бастапқы жылдарында кіндік тамырлы болып, одан кейін
тамырсабақты, түйнекті т.б. қсімдіктер түрінде болуы мүмкін. тіршілік
формаларының эволюциясының негізгі бағыты – ағаштардан шөпке қарай ауысуы.
Осы күрделі эволюциялық процестердің нәтижесінде жер бетінде өзара
байланысты, қатарласа дамып келе жатқан тіршілік формалары қалыптасты. Тағы
бір айта кететін нәрсе, сұрыптау факторлары ұқсас болуымен байланысты
әртүрлі систематикалық топтарда конвергенциялы ұқсас тіршілік формалар
пайда болды. Осымен қатар бір ситематикалық топ көлемінде дивергенция
жолымен әртүрлі тіршілік формалар шыққан болуға тиіс.
-6-
2.1.2. Жануарлардың тіршілік формалары
Тіршілік формасы деген ұғым жануарға да қолданылады. Бұған шегіртке
тұқымдастарды мысал етіп түсіндіруге болады. Бұлардың тіршілік формаларының
классификациясын құрған Г.Я.Бей-Биенко. Шегірке тұқымдастардың тіршілік
формаларын екі класқа топтауға келеді: 1) өсімдіктерді мекендеушілер,
немесе фитофилалар, 2) топырақ бетіндегі ашық жерлерді мекендеушілер,
немесе гиофилалар.
Фитофилалардың өзі хортобионттар және тамнобионттар болып екіге
бөлінеді. Нағыз хортобионттар қалың шөптердің араларында мекендейді, көбіне
астық тұқымдас өсімдіктерді қорек етеді. Олардың денесі ұзынша созылып
келген , көбінің басының маңдайы тайқы. Денесі жылтыр, дөрекі өскіншіктері
жоқ, түсі жасыл немесе кепкен шөптің түсіне ұқсас; артқы қанаттары түссіз.
Хортобионттар шалғындарда, далаларда және саванналарда көп тараған. Кейбір
хортобионттар астық тұқымдас өсімдік жеуден гөрі жалпаө жапырақ
өсімдіктермен қоректенеді (шөп қоректі хортобионттар). Олардың кеудесі
дөңес, басы тік маңдайлы осы шөп қоректі хортобионттардың үстіңгі жақтары
жұмсақ жапырақтарды үгуге бейімделген.
Тіршілігі шөп өсімдіктерімен байланысты хортобионттардан
тамнобионттардың өзгешелігі, бұлар бұталар мен ағаштарда тіршілік етеді.
Олардың осындай тіршілік етуге бейімділігін, бұталар мен ағаштарға өрмелеп
шығуға бейімді келген аяқтарының құрылысынан ақ көруге болады.
Тіршілік формаларының екінші класы – геофилалар, бұл класқа әдетте,
топырақ бетінде мекендейтін түрлер жатады.
Олар тек қоректену кезінде ғана өсімдіктердің үстіне шығады. Бұл
кластағылар ашық геофилалар және жасырын өмір сүруші геофилалар
(герпетобионттар) болып бөлінеді. Ашық геофилалардың хортобионттардан
айырмашылығы, бұлардың сопақша келген денесінің тығыз бұдырлы қабығы
болады. Денесінің және үстіңгі қанаттарының реңі топырақтың түсіне ұқсас.
Артқы қанаттары көбінесе ашық түсті, оның көзге түсетіндей жолағы болады.
Үстіңгі қанаттарының түстері осылай үйлесімді ашық геофилалардың тіршілік
қалпына байланысты. Қозғалмай отырған осындай насекомға таяу келіп тұрып ақ
көре алмауымыз мүмкін. байөаусызда ол аяқ астынан қапыл ұшып кетеді. Сол
кезде оның жайылған ашық түсті қанаты өзіне еріксіз зейін аудартады.
Бірқатар жерге тез ұшып барып кенеттен қона сала тағы көзден ғайып болып,
іздеушіні адастырады. Кейбір геофилалық түрлер ұшқан кезінде шытырлаған
дыбыс шығарады.
-7-
Ашық геофилалардың ішінен петробионттар және псаммобионттар ерекше
бейнеде болады. Петробионттар немесе тас сүйгіштер, тасты жерлерде, көбіне
тау бөктерлерінде мекендейді. Шегіртке тұқымдастардың басқа тіршілік
формаларына қарағанда, бұлардың жабыны тығыз және мәнерлі келеді. Денесі
жал тәрізді жалпақ, әдетте ұшу аппараты редуцияланған, қозғалысы өте баяу.
Оның есесіне жасырушы реңді болып келеді, тасты беткейдің түсіне ұқсайды.
Псаммобионттар құмды массивті мекендейді. Бұлардың реңі құмды субстраттық
түйіршіктілігіне соның жалпы түріне ұқсайды. Псаммобионттардың мекеніне
бейімделу де өзінше: олардың артқы сирақтарындағы тепкілері ұзын, ол
борпылдақ құмнан секіріп көтеріліп кетуін жеңілдетеді.
Герпетобионттар ашық геофиллалардан өзгеше, бұлар сирек аласа шөпті,
түскен жапырақтың не басқа өсімдіктердің қалдықтары түсіп жатқан топырақтың
үстінде мекендейді. Оларды су қоймаларының жағалауларындағы ылғал құмдардан
да кездестіреміз. Әдетте бұлар алды арты сүйір ұршық тәрізді кішкене
денелі, қорғаныш реңді, көбіне сұрғылт түсті формалар.
-8-
2.2. Бейімделушілік
Бейімделушілік - бейімделмеушілік - шығармашылықтағы қол жеткізілген
нәтижелер мен мақсаттар арасындағы сәйкестілік - сәйкессіздік
тенденциялары. Сәйкестілік мақсаттар мен міндеттердің келісуімен, ал
сәйкессіздік - келіспеумен қарастырылады. Сәйкестілік деңгейі тәрбие мен
оқыту, өмір жағдайы мен қалпы әсерінен төмендейді не жоғарылайды.
Бейімделушілік-адаптация- тірі организмдердің тіршілік ету ортасына
түрліше бейімделуінің пайда болуына негізгі себебі-табиғи
сұрыпталу.Бейімделушілік дайын күйінде бірден пайда болмайды,ұзақ жылдар
бойы қалыптасады.
Бүркеніш рең-жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін ағзалардың
жауынан қорғануы үшін қажет болып табылатын бейімделушілік.
Сақтандырушы рең-әсіресе улы,шағатын, күйдіретін жәндіктерге
тән.Реңдері бірден көзге түсетін,есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі
түсті айқын бояулы.Сақтандырушы рең жыртқыштардың қорқыту үшін жасалған
мінез-қылығымен үйлесімді әрекет жасайды.
Қызықтырушы рең-бұл рең әсіресе көбейер кезде пайдалы.Жайшылықта
реңдері тіршілік еткен орта жағдайына ұқсас болып, жауына байқалмайды.
Қауіп төндіруші рең-кейбір жануарлар қауіп төнген кезде айбар шегіп,
денесін әр түрлі пішінге келтіре алады.
Еліктеуші рең-(мимикрия;грекше mimikos -еліктегіш) – өсімдіктер мен
жануарлардың табиғаттың белгілі бір өлі затына және тірі организмдерге
еліктеуі.
Организмдердің тіршілік ортасына түрліше бейімделуіне негізгі себепші
– сұрыпталу.
Бүркеніш рең – ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан
қорғануы үшін қажетті бейімделушілік.
Сақтандырғыш рең – улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән бүркеніш
реңнің түрі.
Қызықтырушы рең – организмдердің көбею кезіндегі бүркеніш реңнің түрі.
Қауіп төндіруші рең – жауынан қорғану үшін айбар шегіп құтылу тәсілі.
Табиғаттың өлі заттарына және тірі организмдеріне еліктеу – өздігінен
қорғана алмайтын, баяу қозғалатын дәрменсіз организмдердің бейімделушілігі.
-9-
2.3. Организм, олардың жіктелуі
Организм (грек. organon және лат. organіzo – келісті түрге келтіру) –
белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи
қалыптасқан біртұтас жүйе. Тұқым қуалаушылық қасиеттеріне сәйкес өзіне тән
құрылысы мен даму ерекшелігі бар. Құрылысы мен қызмет ерекшелігіне
байланысты органдар жүйелері мен аппараттары: дене (сомалық), ішкі органдар
(висцералды) және байланыстырғыш (интегралды) органдар жүйелері болып
бөлінеді. Органдар жүйелер құрылысы әр түрлі, бірақ белгілі бір қызмет
атқаратын мүшелер (ағзалар) құрайды. Құрылысына байланысты органдардың:
қабатты (тері), түтікше (ішкі мүшелер) және паренхималы түрлері болады.
Организмнің құрылым бірліктері – клеткалар, ұлпалар (тіндер), мүшелер.
Организмдер бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. Бір клеткалы
Организмдердің ішінде колониялы (шоғырлы) түрлері де бар. Мысалы, вольвокс,
т.б. Әрбір жеке дарабастар да өз алдына жеке организм болып саналады.
Тіршілік ортасы (Биотическая среда) — қазіргі тіршілік етіп жатқан
организмдердің арқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар.
Тіршілік ортасы деп белгілі бір организм (түрдің) дамуының барлық
кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.
Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда
экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен
мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" — тіршілік, "topos" — орын) деп
те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі организмдер
жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" — жалпы) деп атайды. Белгілі бір
аумакта тіршілік ететін барлық тірі организмдер мен орта жағдайларының
жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" — тіршілік, "ge" — Жер,"koinos"
— жалпы) деп атайды.
Су — тіршілік ортасы. Су көптеген организмдер үшін ең қолайлы орта
болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері
бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы, тығыздылығы,
тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Судың
құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі.
Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады.
Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0,5 г тұз болса, теңіз суында тұздың
мөлшері 35—40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе
аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді.
-10-
Мұның бәрі де кейбір организмдер тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық
туғызады.
Суда тіршілік етуге бейімделген организмдер тобы — гидробионттар
(грекше "hydor" — су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың
түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік
мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен
таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі —
судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" — теңіз). Бұл қабатта
тіршілік ететін организмдерді пелагостар деп атайды. Екіншісі — су тубі
(бенталь грекше "benthos" — терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін
организмдер бентостар деп аталады.
Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак
организмдерді (фитопланктондар мен зоопланктондарды) планктондар (грекше
"planktos" — қалқып жүретіндер) деп атайды.
Судың түрлі қабаттарында белсенді түрде жүзіп жүріп тіршілік ететін
ірі организмдерді (басаяқты ұлуларды, балықтарды, және т.б.) нектондар
(грекше "nektos" — жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі
қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ организмдер
пейстондар (грекше "heustos" — жүзетіндер) деп аталады.
Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық
ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін
организмдер — аэробионттар (грекше "Air" — ауа) деп аталады. Бұл ортаның
тығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік
ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде
және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада
организмдердің тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл
маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік
ететін организмдердің орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар
өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда
бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен
ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдерді
террабионттар (латынша "terra" — "жер") деп атайды. Бұл ортада тіршілік
ететін организмдер денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу
механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай организмдерде
арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне
сәйкес организмдерде қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер
калыптасқан.
-11-
Топырақ — тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі
литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде
үгітілген тау жыныстары мен тірі организмдердің шіріген қалдықтарының
қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ
құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ
қабатын педосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі
кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ организмдер (бактериялар,
саңырауқұлақтар, құрттар және т.б.) тіршілік етеді.
Топырақ қабатының да тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері
бар. Топырақ қабатындағы тіршілік үшін температура, ылғалдылық және оттек
негізгі шектеуші факторлар болып саналады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz