Алматы облысы бойынша астық өндірісінің қазіргі жағдайын талдау


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

2. Алматы облысының қазіргі жағдайы

2. 1 Алматы облысы бойынша астық өндірісінің қазіргі жағдайын талдау

2. 2 Астық дақылдары өндірісінің экономикалық тиімділігін анықтау

3. Алматы облысы бойынша астық өнімдерін өткізу жолдарын зерттеу

3. 1 Өндіріс жағдайы және ішкі астық өндірісін жақсарту жолдары

3. 2 Астықтың және астық өнімдері нарығының инфроқұрылымын жетілдіру

Қорытындылар мен ұсыныстар

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында анықталған мәселелерді шешу үшін 2003-2005 жж аралығына жоспарланған мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы қабылданды. Оның ішінде мемлекеттік қолдаудың басым бағыттары белгіленген. Олар - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақтылығын көтеру, аграрлық кәсіпкерлік жүйесінің тиімділігін құрастыру, отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін көтеру мен ішкі және сыртқы нарыққа сату көлемдерін ұлғайту, азық-түлік импортының деңгейін азайту, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау шараларын тиімді жүргізу. Сонымен қатар 2003-2005 жж, мемлекет Президенті ұсынысымен ауыл шаруашылығын өркендету жолында «Ауыл жылдары» деп жарияланды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ең бағалысы астық болып табылады. Астық өндіру агро-өндірістік кешенінің барлық салаларының дамуының белгісі, өйткені ол АӨК соңғы өнімдерінің ішінде 40 % құрайды. Тауар өндірушілер үшін ол негізгі табыс көзі болып саналады және өндірістің шоғырлануына мүмкіндік береді.

Қазақстанда астық өндірісі рентабельділігінің болашағы жерді интенсификациялау жүиелерін қолданбай болмайтынын көрсетеді. Республиканың астық өндірісі экономикасы дамыған елдерден материалдар мен техникалық қамтамасыз етілуімен, қолданатын технологиядан артта қалуымен қатаң бәсекеде шыдамайтындығы белгілі. Сондықтан жерді пайдалану мәдениетін біртіндеп көтеру тыңайтқыштардың тиімділігін көрсетеді, гербицидттерді қолдану қажеттілігін азайтады, өсімдіктердің ауруларға тұрақтылығын жоғарылатады, нәтижесінде жалпы өнімнің өзіндік құны төмендейді және оның бәсекелестік қабілетінің жоғарлауына әкеледі.

- 2 -

Шет ел ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көбі, өзі өндірген өнімдерін өңдеу мен сол өнімдер арқылы ішкі нарықты қанағаттандыру үшін шағын өңдеу зауыттарын ашады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінен алатын пайданы 3-4 есеге көтереді.

Қазақстан экономикасында соңғы 10-15 жылда өткізілген нарықтық

реформалар өндіріс пен басқару үрдісіне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды .

Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшемімен бірге, осы субектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті. Бұның бәрі өндіріс үрдісін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбек өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды.

Нарық жағдайында шаруашылық субъектілердің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен практика әдістерін қолдана білудің маңызы өте зор, сондықтан нарықтық экономиканы қысқаша тұжырымдап айтсақ, нарықтық қатынас жағдайында өндірісті басқарудың негізгі жүйесі болып табылады.

Еліміздегі экономикалық реформаны әлем экономикасымен интеграциялау үшін нарықтық механизмді, нарықты зерттеу әдістерін және принциптерін, экономикалық конъюнктураны, жоспарлау негіздерін, кәсіпорынның нарықтық жағдайындағы бәсекелестік мүмкіншіліктерін терең білу қажет.

Нарықтық қатынастар кезеңінде басқару мәселелері түбегейлі өзгерістерге ұшырайды, ондағы негізгі күштер сатып

- 3-

алушының тұтынысын қанағаттандыруға және фирма мен тұтынушылардың арақатынасының ұзақ уақыт болуына арналады.

Кез-келген басқа бизнес тәрізді аграрлық бизнестің субъектілері :

-кәсіпкерлер

-тұтынушылар

-жалдамалы қызметкерлер

-мемлекет

болып табылады.

Кәсіпкерлік өндіріс құралдарында жеке меншік негізінде, меншіктің топтық, ұжымдық, кооперативтік, акционерлік және үлестік секілді түр-түрлері жұмыс істейді.

Нақты өмірде бизнестің бүкіл осы субъектілері, бір-біріне тікелей ықпал ете отырып, өзара тығыз байланыста жұмыс істейді, яғни бизнес оның құрамдас бөліктеріндегі кешенді іс-әрекет . Нарық жағдайында шаруашылық субъектілері табысты жұмыс істеу үшін бәсекеге қабілетті өнім өндірумен бірге сол өндірілген өнімді өткізу жолдарын зерттеу, тиімді өткізу арналарын анықтау ең маңызды мәселе болып табылады. Сондықтан осы дипломдық жұмыста Алматы облысы бойынша астық өнімдерін өткізу жолдары зерттелді.

- 4 -

2. Алматы облысының қазіргі жағдайы

2. 1 Алматы облысы бойынша астық өндірісінің қазіргі жағдайын талдау

Ауыл шаруашылығы мамандары мен басшыларының негізгі міндеті өзіне тапсырылған саланы халық талабына сай өркендетуді қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін әр маман нарықтық экономика қатынастарына сай коммерциялық есеп, жалгерлік, өзіндік құн, баға, табыс пен шығын, тиімділік сияқты экономикалық ұғымдарды терең түсініп қана қоймай, шаруашылық жағдайын жан-жақты сауатты түрде талдауы, оның болашаққа дұрыс даму жолдарын қателеспей белгілеп, дәлелдей алуға қабілетті болуы тиіс. Яғни, әрбір аграном, зоотехник, мал дәрігері, инженер тек егіншілікті, мал өсіруді немесе емдеуді, техниканы біліп қана қоймай. міндетті түрде қоғамдағы өзгерістерге әсер ететін экономика заңдылықтарын игеруі қажет.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мақсатымен жерге, малға, өндірістік құралдарға ие болып, бірігіп ұйымдасып жүмыс істейді. Ұйымдастыру дегеніміз белгілі бір мақсатқа жету үшін адамдарды біріктіру. Өндірісті ұйымдастыру жұмысшы күшін, құрал-саймандарды ұтымды пайдалана отырып, өндірілетін өнімнің санын, сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру арқылы тиімді нәтижеге жету шараларының жүйесі болып табылады.

Өндірістің барлық саласында да еңбек ұжымы қызмет етеді. Ұжым мүшелерінің саны қанша болса да, олардың әрқайсысына нақты жұмыс тапсырылуы тиіс. Ол үшін жұмыстардың түрлерін, олардың қалай орындалатынын, не себепті бөлінетінін жете білу керек.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өз ерекшеліктеріне байланысты жұмыстардың түрлері төртке бөлінеді:

-технологиялық жұмыстар -өсімдіктер мен малдың өсу

- 22 -

кезеңдерінебайланысты түрлі технологиялық жұмыс түрлері- жер жырту, егін егу, егінді күту, ору, аналықтарды ұрықтандыру, төл алу, малды күту, бордақылау тағы да басқа сол сияқты жұмыстар жатады;

-міндетті жұмыстар - өндірістік құралдарға қатысына байланысты әр адам негізгі жұмысшы қатарына немесе оған қызмет ететін көмекшісі ретіндегі міндетін атқарады, ол мамандар мен басшылардың өзіне тиісті міндеті болады;

-кәсіптік жұмыстар, негізгі жұмысшылар өз кәсіби мамандығы бойынша тракторшы, комбайнер, сауыншы, тағы басқа кәсіптік қызмет атқарады;

-мамандану дәрежесін қажет ететін жұмыстар - кейбір жұмыстарға мамандану деңгейінің жоғарғы дәрежесі қажет, мысалы 1-класты тракторшы, жүргізуші тағы басқа жоғарғы дәреже жұмыстың сапалы орындалуына әсер етеді.

Ауыл шаруашылығы жұмыстары жеке адамның қолынан келе бермейді, сондықтан әрбір адам өз міндетін орындай отырып, барлығы бірігіп жұмыс атқару арқылы мақсатқа жетеді. Ондай бірлестіктер шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар болып табылады. Алматы облысы бойынша ұйым ретінде тіркелген кәсіпорындардың саны 1-ші кестеде көрсетілген.

- 23 -

1-кесте. Облыс бойынша тіркелген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны, 2006 ж.

Меншік түрлері бойынша
Саны
Меншік түрлері бойынша:

Барлығы,

оның ішінде:

-мемлекеттік

-жеке меншік,

оның ішінде:

-мемлекет үлесімен

-шет елдіктердің қатысуымен

-шетелдік

Саны:

1280

38

1229

9

23

10

Алматы облысы ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша 1280 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде меншік түрлері бойынша бөлінген. Ең көп үлесін алатын

жеке меншік кәсіпорындар 1229, мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар саны 38.

Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындарға асыл тұқымды мал заводтары, кейбір құс фабрикалары, ауыл шаруашылығы тәжірибе фабрикалары, оқу-тәжірибе шаруашылықтары жатады.

Өндірістің қай саласында болса да, жұмыстарды бөліп орындау және бірлесу тәртібі сақталуы тиіс. Ауыл шаруашылықтарында еңбекті бірлесіп ұйымдастырудың негізгі түрі өндірістік бригадалар болып табылады. Бригаданың мүшелері болады. Әрбір жеке шаруашылықтар бірнеше өндірістік бригадалардан құралады.

Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің саны төмендегі кестеде көрсетілген.

- 24 -

2-кесте Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің орташа саны.

2000
2003
2004
2005
:

Мың адам

есебімен

Орташа еңбек

ақысы, теңге

2000:

36, 3

4189

2003:

22, 3

6887

2004:

18, 9

10293

2005:

16, 1

12449

Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің саны 2000 жылға қарағанда жыл сайын азайып отыр, 2003 жылы 2000 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 40%-ке жуық кемісе, 2004, 2005 жылдары екі еседей аса азайған, оның себебі ауыл тұрғындары бүгінгі күнге дейін ауыл жағдайының нашарлығынан қалаға көшуде.

Еңбек ақы мөлшері 2000 жылға қарағанда 2-3 есе көбейгенмен, ол инфляцияны жаба алмағандықтан, әлеуметтік жағдайлары жақсармаған. Ол жағдайды халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік түрлерін тұтыну мөлшерінен көруге болады. Алдымен Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің жан басына шаққандағы мөлшерін талдап көреміз.

3-кесте Жан басына шаққандағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, кг

Өнім

түрлері

2000
2003
2004
2005
2000ж-ға, %
Өнімтүрлері:

Астық

Ет

Сүт

Картоп

Көкөніс

Жұмыртқа

2000:

446

268

228

108

344

268

2003:

673

325

297

118

364

359

2004:

615

331

313

123

369

352

2005:

611

334

320

126

380

352

2000ж-ға, %:

131, 1

124, 6

140, 3

116, 7

110, 5

137, 3

- 25 -

Ауыл шаруашылығы өндірісінде 2003-2005 жылдарының мәліметтері бойынша астық өндіру мөлшері 673 килограмнан 611 килограмға дейін төмендеген, яғни 2004 жылды 2003 жылмен салыстырғанда 8, 7% ал 2005 жылы 9, 1% кеміген. Бірақ 2005 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 31, 1% артық.

Картоп өндіру жан басына шаққанда жыл сайын артып отырған, мысалы 2005 жылды 2000 жылмен салыстырғанда 24, 6%, ал 2003 жылмен салыстырғанда 2, 8% өскен. Ет, сүт, көкөніс, жұмыртқа өнімдерін өндіру мөлшері де жыл сайын артып отыр.

Осындай өндіру мөлшерінің жоғарылағанына қарамастан жан басына шаққандағы осы өнімдерді тұтыну мөлшері жыл сайын азая түскен.

4-кесте Жан басына шаққандағы негізгі азық-түлік өнімдерін

тұтыну, кг.

Өнім түрлері
Тұтынуға тиіс мөлшер
2000
2003
2004
2005
Ғылыми негізде

Ең төменгі тұтыну

Бюджеті

бойынша

Норма

ға %

пен

Өнім түрлері:

1. Ет және ет

өнімдері

2. Сүт және сүт

өнімдері

3. Жұмыртқа,

дана

4. Картоп

5. Көкөніс және

бақша өнімдері

6. Нан өнімдері

Тұтынуға тиіс мөлшер:

82

405

292

100

146

95

2000:

44

206

140

82

74

155

2003:

46

243

115

79

108

96

2004:

31

189

98

52

80

147

2005:

37

195

92

49

79

141

39

212

94

52

76

147

47, 5

52, 3

32, 2

52, 0

52, 0

154,

- 26 -

Жоғарыда көрсетілген кестеде жан басына шаққандағы негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну деңгейі келтірілген. Ет және ет өнімдері ғылыми негізделген тұтынуға тиіс мөлшер бойынша 82 кг, болса оның мөлшері жыл сайын азайып отырған, тек қана 2005 жылы шамалы көбейгенмен, норманың 47, 5 ғана құрайды. Яғни тұтыну мөлшерінің жартысына да жетпейді деген сөз, тіпті ең төменгі тұтыну бюджетіне де 12 % жетпейді Сол сияқты сүт өнімдері бойынша - 52, 3 %, картоп - 52, 0 %, жұмыртқа - 32, 2 %, көкөніс және бақша өнімдері - 52, 0 %, қамтылған. Нан өнімдері қалыптағы нормадан 1, 5 есе артқан, немесе ең төменгі тұтыну бюджеті көрсеткішіне жуықтаған, бұл халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігін арзан өнімдерді көбірек тұтынатынын көрсетеді. Тұрғындар ет-сүт өнімдерін сатып алуға мүмкіндігі жоқ болғандықтан, өз жағдайларына қарай арзан азық-түлікті пайдаланады.

Алматы облысында орналаскан жері мен табиғатына байланысты өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы дамыған. Солтүстік аудандарында көбінесе мал шаруашылығы дамыған . Жазы ыстық, солтүстік аймағы құрғақ, оңтүстік бөлігі ылғалды. Жауын-шашын көп болады.

Ауыл шаруашылығында өндірістің ең басты құралы - жер. Ауыл шаруашылығының өндірістік ресурстары пайдалануға арналған немесе ауыл шаруашылығы өнімін өндіру барысында пайдаланылмайтын еңбек, жер, су материалдық ресурстардың жиынтығы өндірістік ресурстардың барлық түрін қоса алғанда ресурстық потенциалды құрайды.

Жер ресурстық потенциалдың маңызды түрлерінің бірі болып табылады. жер халық шаруашылығының барлық саласында пайдаланылады, алайда оның ролі барлық жерде бірдей емес. Өйткені өнеркәсіпте жер тек кәсіпорындарды орналастыратын орын ретінде ғана,

- 27 -

ал ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құрал жабдығы ретінде көрінеді. Ауыл шаруашылығында өндірістік қызметтің нәтижелеріне аталынған факторлардан басқа жердің сапасы зор ықпал етеді.

Ауылшаруашылығының жер ресурстар дегеніміз - мемлекеттің кәсіпорындар мен ұйымдарға ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін пайдалануға берген жер алқаптары. Жердің өндірістік құрал жабдығы ретінде өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Оның ең маңызды ерекшелігі: жердің басқа өндіріс құрал жабдығы сияқты адам еңбегінің жемісі болып табылмайтынында. Ол адамнан сан миллиондаған жыл бұрын пайда болған және табиғаттың тартуы немесе табиғаттың жемісі болып табылады. Сондықтан мұның өзі осынау сыйға аялап қарауды, жерді бүкіл қогамның мүддесі үшін пайдалануға міндеттейді. өйткені жерді жаратуға адам еңбегі жұмсалмаған оның құны жоқ. Жерді пайдалануда амортизациялық жарна төленбейді, ол өзіндік құнды қалыптастыруға қатыспайды демек ауыл шаруашылығы өнімінің құнын қалыптастыруға қатыспайды.

Жердің екінші ерекшелігі - оның территориялық жағынан шектеулігінде . жекелеген елдер шегінде жер қорлары олардың шекараларымен айқындалады, ал жалпы біздің планетамызда оның құрлымының ерекшелігімен, жердің бетімен айқындалады.

Өндіріс құрал-жабдықтарының көпшілігін ( трактор, комбаин, автомобиль т. б. ) адам жасайды сондықтан олардың саны ұдайы көбейеді, ал жердің территориясы бұрынғы көлемінде қалады. Егер жер шарының халқы әрбір қырық жылда шамамен 2 есе көбейетінін ескерсек, жердің сапасын жақсартудың және оны пайдаланудың тиімділігінің қажеттігі айқындала түседі.

Жердің үшінші ерекшелігі - оның өзгермейтіндігінде . Тарихи даму барысында адамның білек күші жануарлардың күш-қуатымен соңғысы механикалық және электр қозғалғыштарымен ауыстырылды,

- 28 -

оның орнына атом қозғалғышы келді . Ал жер өзгермейтін өндіріс құрал жабдығы болып қала береді.

Төртінші ерекшелігі - топырақ құнарлылығының әр түрлілігінде. Құнарлылық - топырақтың аумақ бірлігінен өнімнің белгілі бір мөлшерін бере алатын айрықша қасиеті . Құнарлылықтың екі түрі бар. Олар -табиғи және жасанды құнарлылық. Табиғи құнарлылық пен жасанды құнарлылықты ұштастыру экономикалық немесе тиімді құнарлылық береді.

Бесінші ерекшілігі - жер, топырақ дұрыс пайдаланылғанда тозбайтыны былай тұрсын, қайта өзінің қасиетін жақсартады.

- 29 -

1-схема

Жердің өндірістік құрал ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері.

Жер ресурстары
Топырақтың әртүрлілігі
Топырақтың әртүрлілігі: Жердің территориялық шектеулігі
Топырақтың әртүрлілігі: Жердің өзгермейтіндігі
:
Топырақтың әртүрлілігі:

Жер-

табиғи

өнім

:
:
Топырақты дұрыс пайдаланса жер тозбайды

- 30 -

Қазақстанға байланысты жерге орналастыру және территорияны ұйымдастыру жөнінде айтқанда оның территориясының үлкендігін, топырақ-климат жағдайының алуан түрлі екендігін ашып көрсетпеуге болмайды.

Республика топырағы алуан түрлі. Ауыл шаруашылық жүргізу жүйесі жасалғанда, оның негізіне алынған аудандастыруға сай Қазақстан мынадай табиғи экономикалық алты аймаққа бөлінеді.

1. Орманды дала және дала аймағы. Мұнда мал шаруашылығы дамыған. Бұл аймақтың жер көлемі 24, 2 миллион гектар. Жері қара топырақты болып келеді. Бұл аймаққа Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстары, Қостанай облысының Солтүстік және орталық аудандары, Ақмола және Павлодар облыстарының солтүстік бөлігі жатады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты-астық, ет өндірісі.

2. Құрғақ дала аймағы. Мұнда егіншілік пен мал шаруашылығы өркендеген. Бұл аймақтың жер көлемі 49, 1 милион гектар. Бұл аймаққа Орал және Ақтөбе облыстарының солтүстік аудандары, бірінші аймаққа енбеген Ақмола облыстарының орталық аудандары, Павлодар облысы, Қарағанды облысының солтүстік шығыс аудандары, Семей облысының солтүстік және орталық аудандары жатады.

3. Шөлейт аймақ. Мұнда мал шаруашылығы жақсы дамыған, егіншілік шамалы ғана. Жалпы көлемі 74, 4 млн гектар. Бұл аймаққа екінші аймаққа енбеген Орал облысының оңтүстік-батыс аудандары, Ақтөбе облысының орталық аудандары, Қостанай облысының оңтүстік аудандары, сондай ақ Ақмола, Жезқазған және Семей облысының екінші аймаққа енбеген аудандары жатады.

4. Шөл аймақ. Мал шаруашылығы өркендеген, ішінара суармалы егіншілікпен айналысады. Территориясы 81, 5 миллион гектар.

- 31 -

Бұл аймаққа Атырау облысының оңтүстік аудандары, Шымкент облысының Созақ ауданы, Жамбыл және Алматы облыстарының солтүстік аудандары жатады.

5. Тянь-Шяньның таулы және тау бөктеріндегі аймағы. Суармалы жер тәлімі егіншілік, сондай ақ мал шаруашылығы да жақсы дамығын. Жалпы көлемі 31, 1 миллион гектар. Бұл Аймаққа үшінші аймаққа енбеген Шымкент, Жамбыл,

Алматы, Талдықорған облыстарының барлық аудандары жатады. Ауылшаруашылығының барлық саласы жақсы дамыған.

6. Алатаудың таулы және тау бөктеріндегі аймағы. Егіншілік те, мал шаруашылығы да өркендеген. Жалпы көлемі 9, 7 миллион гектар. Бұл аймаққа Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары кіреді.

Жер -табиғаттың тіршілікке берген таусылмас сыйы, халық қазынасы. Адамзаттың асыраушысы, қасиетті Жер-Ана жаиында әрине, тарих қойнауына көз жіберер болсақ, талай сырды аңғарарымыз ақиқат.

5-ші кестеде келтірілген барлық жер көлемінің 72, 5 % бөлігі ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлер. 25, 8 % -орманды жерлер. Жер көлемі соңғы үш жылда да өзгермеген. Барлық ауыл шаруашылығы жерлерінің 90, 5 % жайылымдық жерлер. Жайылымдық жерлерде баулы аймақтар да, үнемі желдетіп тұратын жазық жерлер де бар. Шабындық жерлердің көпшілігі - екпелі көпжылдық шөптер.

- 32 -

2004: 2004
2005 2006: 2005 2006
2004: Көрсеткіштер
2005 2006:

Мың

га

Құрылы

мы, %

Мың

га

Құрылы мы%
2004: Барлық жер көлемі
2005 2006: 22394, 9
100, 0
22394, 9
100, 0
2004: Ауыл шаруашылығы жері
2005 2006: 16261, 0
72, 6
16261
72, 6
2004: Оның ішінде: -егістік
2005 2006: 1083, 9
6, 6
1066, 9
6, 6
2004: -шабындық
2005 2006: 467, 6
2, 8
467, 6
2, 9
2004: -жайылым
2005 2006: 14709, 4
90, 4
1 4709, 5
90, 5
2004: Басқа жерлер
2005 2006: 186
0, 8
186
0, 8
2004: Орман қорының жері
2005 2006: 5786, 3
25, 8
5786, 3
25, 8

5-кесте Алматы облысы бойынша жерді пайдалану көрсеткіштері.

- 33 -

  1. Астық дақылдары өндірісінің экономикалық

тиімділігін анықтау.

Астық нарығы - еліміздің азық-түлік нарығының ең ірі де маңызды буыны болып табылады. Реттеу объектісі ретіндегі оның мәні астықтың азық-түлік қорын қалыптастырудағы жетекші ролі, астық және оның өңдеуден кейінгі өнімдерінің сан түрлі мақсатта пайдаланылатындығы, астық нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастардың алуан түрлілігі, күрделілігі және ерекшелігіне байланысты анықталады.

Тауар өндірушілердің нарықтық қатынастарға қалыптасуларына кедергі болып отырған негізгі факторлар қатарында қаржы тапшылығы, сату бағасының төмендігі, баға теңсіздігі несие алу қиындығы және оның өтем ақысының жоғарылығы, салық салмағы, орын алады. Табиғат - климат жағдайының қолайсыздықтары, өндірістің мауысымдылығына байланысты тауар өндірушілердің жұмсайтын шығыны, алатын өнім мөлшері тұрақты емес, астық өткізу тиімділігі де түрліше. Сондықтан бұл салаға инвестиция мен заемдық капитал тарту өте тәуекелді іс.

Астық нарығы шет ел тәжірибесі бойынша өзін өзі реттейтін жүйе екендігін дәлелдеді. Ол мемлекет тарапынын әрдайым қолдауды қажет етеді. Қазіргі уақытта астық шаруашылығы кәсіпорындарының жағдайын мемлекет тарапынан мынандай шараларды жүзеге асыру арқылы жақсартуға болады: мемлекеттік қорға астықты делдалсыз тауар өндірушілердің тікелей өздерінен сатып алу, мемлекеттің астықты белгілі бір уақытқа кепілдік баға бойынша кепілдікке алуға міндеттенуі, мемлекеттің резервтік қор жасауы, сатып алу және тауар инвестициясы механизмдерінің пайдалана отырып, астықтың нарықтық бағасын реттеу; бюджеттік мақсатты қаржыландыру мен жеңілдік несие беру және салық саясатын үйлестіру негізінде тауар өндірушілерге қолдау

- 34 -

көрсету.

Алматы облысында өсімдік шаруашылығы, оның ішінде астық өнімдері өндірісі де дамыған. Астық өнімдерінен күздік және жаздық дақылдар өсіріледі. Егіс алқабының көрсеткіштері 6-кестеде көрсетілген.

6-кесте. Облыс бойынша астық өнімдерінің егіс алқабы,

мың/га

Дақылдар түрі
2000
2003
2004
2005
Дақылдар түрі:

Дәнді дақылдар,

барлығы

2000: 531, 1
2003: 485, 2
2004: 485, 6
2005: 485, 6
Дақылдар түрі: Оның ішінде: күздік бидай
2000: 220, 7
2003: 182, 4
2004: 170, 5
2005: 162, 6
Дақылдар түрі: жаздық бидай
2000: 94, 8
2003: 76, 8
2004: 82, 9
2005: 90, 4
Дақылдар түрі: күздік арпа
2000: 6, 3
2003: 7, 6
2004: 8, 3
2005: 11, 5
Дақылдар түрі: жаздық арпа
2000: 152, 8
2003: 130, 6
2004: 142, 1
2005: 139, 9
Дақылдар түрі: Сұлы
2000: 3, 9
2003: 2, 9
2004: 3, 3
2005: 2, 8
Дақылдар түрі: Дәндік жүгері
2000: 40, 9
2003: 62, 2
2004: 65, 8
2005: 65, 3
Дақылдар түрі: Күріш
2000: 11, 7
2003: 12, 7
2004: 12, 7
2005: 13, 1

Облыс бойынша дәнді дақылдар егіс алқабының көлемі соңғы үш жылда өзгермей бірқалыпты мөлшерде болған, жаздық бидай, күріш дақылдары, сонымен бірге күздік арпаның егістік көлемі жыл сайын артып отырған, яғни жаздық бидайдың егіс көлемі 2005 жылы 2003 жылға қарағанда 17, 7 %, күздік арпа -1, 5 есе, күріш 3, 1 % көбейген. Сұлы, жаздық арпа, дәндік жүгері дақылдарының егіс алқабының көлемі әрі жылы әртүрлі болып, өзгеріп отырған.

Мұндай өзгерістердің себебі әртүрлі аудандар бойынша әртүрлі жағдайлармен түсіндіріледі. Кейбір аудандарда суармалы

- 35 -

егістіктердің көлемі суландыру техникасының, жетіспеушілігінен кеміген, ал суарылмайтын егіс алқаптарында техниканың жетіспеушілігінен, кейбір жағдайларда себетін тұкымның сапасының төмен болу салдарынан қажетті тұқым мөлшері қамтамасыз етілмеген.

7-кесте. Астық дақылдары өндірісінің көрсеткіштері

Дақылдар
2000
2003
2004
2005

өнімд

ц/га

жалпы

өнім, ц

өнімд

ц/га

жалпы өнім, ц

өнімд

ц/га

жалпы

өнім, ц

өнімд

ц/га

жалпы

өнім, ц

Дақылдар:

Күздік

бидай

2000: 14, 9
2003: 3288
2004: 22, 8
2005: 4159
19, 2
3274
18, 9
3073
Дақылдар:

Жаздық

бидай

2000: 4, 2
2003: 1346
2004: 19, 6
2005: 1505
16, 9
1401
16, 6
1501
Дақылдар:

Күздік

арпа

2000: 17, 2
2003: 108
2004: 17, 8
2005: 135
17, 6
146
14, 5
167
Дақылдар:

Жаздық

арпа

2000: 10, 8
2003: 1650
2004: 18, 7
2005: 2442
15, 1
2160
15, 6
2182
Дақылдар: Сұлы
2000: 13, 5
2003: 53
2004: 17, 2
2005: 50
15, 2
50
15, 8
44
Дақылдар:

Дәндәк

жүгері

2000: 34, 7
2003: 1419
2004: 43, 9
2005: 2730
44, 4
2921
41, 3
2697
Дақылдар: Күріш
2000: 32, 1
2003: 376
2004: 34, 1
2005: 433
35, 2
447
36, 0
472
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту
Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешендер
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының қазіргі жағдайын талдау ( Қапшағай құрамажем зауыты АҚ мәліметтері негізінде )
Өндірістің табыстылығын арттыру жолдары
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсіп саласына жалпылама шолу
Батыс Қазақстан Облысынының ауыл шаруашылығының жағдайы және дамуы
Ауыл шаруашылығы саласында өндірісті қарқынды дамыту
Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі
Экономикалық аграрлық секторындағы созылмалы дағдарыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz