Кәсіпкерліктің мәні



Жоспар.

Кіріспе.

1 бөлім. Кәсіпкерліктің мәні.
1.1. Кәсіпкерлік: экономикалық мазмүны, белгілері. Кәсіпкерліктегі тәуекел.
1.2. Кәсіпкерлікті үйымдастырудың негізгі формалары олардың жетістіктері мен кемшіліктері.

2 бөлім. Кәсіпкерліктің түрлері.
2.1. Еркін кәсіпкерлік және оның түрлері.
2.2. Шағын кәсіпорындар.нарықтың негізі.

3 бөлім. Кәсіпкерлікті дамыту жолдары.
3.1. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі.
3.2. Нарықтық экономикаға көшу кезіндегі кәсіпкерлік.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Ең алдымен еске саларым, кәсіпкерліктің де "тар жол тайғақ кешу" тарихы бар. Кәсіп, кәсіпкерлік, кәсіпкер ұғымдары арабтың ежелгі касабун деген сөзінен шыққан. Ол табу, пайда, кіріс, үтыс, үтып алу, мамандық, өнер, тіршілік, шаруашылық мағынасында пайдаланылады. Адамзаттың рухани-мәдени мүрасының бірі - киелі кітап. Құранның өзінен кәсіпкерлік туралы соны пікірлер кездестіреміз, қызықтысы сол, бұл ойлар бүгінгі күнгі нарыққа байланысты өзекті мәселелермен тығыз ұштасып жатыр. Мыс: Құран кәсіппен айналысатындарды саралап,олардың бірін шынайы кәсіпкерлерге, яғни нақты шаруашылықпен шұғылданып, өзі өндірген өнімінен пайда кәретін адамдарға. Ал, екіншісін шайтанның ісі деп даттайды. Ал Кәсіпкерліктің бүгінгі таңдағы болмысы мен түсінігі негізінен классикалық капитализмнің бел баласы ретінде қалыптасты, өйткені ол капитал, кәсіпорын, экономикалық дербестік, бәсеке және тағы да басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Дәл осы дәуірде өндірістің үш бірдей классикалық шарттары-Жер, Капитал, Еңбекпен бірге дербес өндіріс шарты ретінде үйымдастыру да қарастырыла бастады. Осыған сәйкес кәсіпкерліктің мәні мен негізгі қызметі әлгі айтқан өндіріс шарттарын өзара бір-бірімен жаңаша үйлестіріп,қабыстырып отыр дегенге саю кең орын алды. Кейінірек кәсіпкерліктің бұл классикалық қызметіне екі бірдей жаңа қызмет қосылды. Олар өндірісті бақылау және адамдардың (жүмыскерлердің) шаруашылық іс-қимылын реттеп, үйлестіріп отыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әубәкіров Я.Ә.,Байжүмаев Б.Б.,Жақыпова Ф.Н.,Табеев Т.,П., "Экономикалық теория" А., 1999
2. Жүнісов Б.А.,Мөмбетов У.Е. "Нарықтық экономика негіздері" Ақтөбе 1993
3. Жүнісов Б.А.,Шеденов Ө.Қ. "Жалпы экономикалық теория" Алматы-Ақтөбе 2002
4. Жақсығалиева С.Ж., Батырғалиева Г.Х. // БҚМУ Хабаршысы 2001 №1 Батыс Қазақстан аймағындағы шағын кәсіпкерліктің дамуы.
5. Чипурина М Н. Киселевой Е А. «Курс экономической теорий», Киров, «Аса », 2004
6. Мамыров Н Қ. «Халықаралық экономикалық катынастар », Алматы, 1998
7. Шеденов Ө Қ. «Экономикалық теория негіздері », Алматы, 2002
8. Элем экономикасы 1 том 2003
9. Элем экономикасы 2 том 2003
10. А.И.Добрынина, Л.С. Барасевича «Экономическая теория », Питер 2002
11. А.С. Булатова «Экономика », Москва 2002.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе.

1 бөлім. Кәсіпкерліктің мәні.
1.1. Кәсіпкерлік: экономикалық мазмүны, белгілері. Кәсіпкерліктегі
тәуекел.
1.2. Кәсіпкерлікті үйымдастырудың негізгі формалары олардың жетістіктері
мен кемшіліктері.

2 бөлім. Кәсіпкерліктің түрлері.
2.1. Еркін кәсіпкерлік және оның түрлері.
2.2. Шағын кәсіпорындар-нарықтың негізі.

3 бөлім. Кәсіпкерлікті дамыту жолдары.
3.1. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі.
3.2. Нарықтық экономикаға көшу кезіндегі кәсіпкерлік.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Ең алдымен еске саларым, кәсіпкерліктің де "тар жол тайғақ кешу" тарихы
бар. Кәсіп, кәсіпкерлік, кәсіпкер ұғымдары арабтың ежелгі касабун деген
сөзінен шыққан. Ол табу, пайда, кіріс, үтыс, үтып алу, мамандық, өнер,
тіршілік, шаруашылық мағынасында пайдаланылады. Адамзаттың рухани-мәдени
мүрасының бірі - киелі кітап. Құранның өзінен кәсіпкерлік туралы соны
пікірлер кездестіреміз, қызықтысы сол, бұл ойлар бүгінгі күнгі нарыққа
байланысты өзекті мәселелермен тығыз ұштасып жатыр. Мыс: Құран кәсіппен
айналысатындарды саралап,олардың бірін шынайы кәсіпкерлерге, яғни нақты
шаруашылықпен шұғылданып, өзі өндірген өнімінен пайда кәретін адамдарға.
Ал, екіншісін шайтанның ісі деп даттайды. Ал Кәсіпкерліктің бүгінгі таңдағы
болмысы мен түсінігі негізінен классикалық капитализмнің бел баласы ретінде
қалыптасты, өйткені ол капитал, кәсіпорын, экономикалық дербестік, бәсеке
және тағы да басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Дәл осы дәуірде өндірістің
үш бірдей классикалық шарттары-Жер, Капитал, Еңбекпен бірге дербес өндіріс
шарты ретінде үйымдастыру да қарастырыла бастады. Осыған сәйкес
кәсіпкерліктің мәні мен негізгі қызметі әлгі айтқан өндіріс шарттарын өзара
бір-бірімен жаңаша үйлестіріп,қабыстырып отыр дегенге саю кең орын алды.
Кейінірек кәсіпкерліктің бұл классикалық қызметіне екі бірдей жаңа қызмет
қосылды. Олар өндірісті бақылау және адамдардың (жүмыскерлердің) шаруашылық
іс-қимылын реттеп, үйлестіріп отыру.

І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні.
1.1. Кәсіпкерлік: экономикалық мазмүны, белгілері. Кәсіпкерліктегі
тәуекел.
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда нарық
атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын кәріне бастады. А.Смит
кәсіпкерді комерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық
тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады. Қазақстан заңында
кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және
олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге
асырылатын ынталы қызметі. Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен,
ынтамен, іскерлікпен, дербестілікпен, жауапкершілікпен және белсенді
іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға
болады. Олардың бәрі Кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері): жеке тұлғалар, әр түрлі
ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және
мемлекет) бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген
түрлері, коммерциалық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық кеңес беру
қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:
Өндірістік кәсіпкерлік-тауарлар, қызметтер, ақпараттар,
рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкелік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде
өндіріс функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік-тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынща
мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен
байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға
сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық
болып есептелмейді. Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық Кәсіпкерліктің бір
түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы
қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік-бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын
қосаиын қызметте көрінеді. Мұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс
алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі-кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана
қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше
бір формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған.
Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануды үйрену керек.
Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау-кәсіпкер қызметінің негізгі
буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
І.Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің; жаңа сапасын жасау;
2.Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
З.Шиьсізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
4.Жаңа өткізу рыногына шығу;
5.Өндірісті қайта үйымдастыруды жүргізу.
Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар кәрінуі мүмкін.
Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация
жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А. Смиттің тұжырымын
толықтырған Ж. Б. Сей назар аударды.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық,
қоғамдық) байланыстары емес. Оның әр түрлі варианттарымен үйлесімдері болуы
мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шүғылдану үшін қолданылған капиталдың толық
меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады.
Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі-бір бөлігімен бірге қайтарылады. -
Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық Тәуекелдәрежесі
өседі. Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.
Тәуекел-жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда
табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрдері
бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, проценттік. Тәуекелдің
мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына кері тәуелді деген
көзқарас бар, көбіне тәуекел сақтандыру кәсіпкерлігімен шүғылданатын
мекемелерде сақтандырылады. Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
-статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына қарап болашаққа
болжау жасайды;
-эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірибелі бизнесмендер көзқарастары
зерттеледі;
-есептік талдау, математикалық тәсілдерге негізделеді;
Кәсіпкерлік қажеттілік немесе тапқырлық (іскерлік) кәсіпкерлердің
бірімен-бірі байланысты төрт қызметтері арқылы сипатталады. Олар:
а) кәсіпкер-жер, капитал, еңбек ресурстарының біркелкі
өндіріс және қызмет процесінде үштастыру үшін өз тарапынан ынталылық
білдіре отырып,оларды өз қолына алады;
б) кәсіпкер-бизнесті үйымдастыру және жүргізу процесінде
кәсіпорынның әрекеттік бағытын және оның тиімді жүмыс
істеуін анықтайтын негізгі шешімдерді қабылдау үшін міндеттеме алады;
в) кәсіпкер-жаңашыл (өнертапқыш) коммерциялық негізде жаңа өнімдер,
жаңа өндірістік технология және тіпті бизнесті үйымдастырудың жаңа
формаларын енгізуге ынтасы бар адамдар;
г) кәсіпкер-жоғарында айтылған оның үш қызметін талдаудан шығатын
қорытынды: ол тәуекелге бел бутан адамдар. Кәсіпкер тек өзінің ісіне
жүмылдырылған қаржысымен тәуекелдікке бармайды. Сонымен бірге, ол өз
уақытымен, еңбегімен, тіпті өзінің іскерлік атағымен де тәуекелге
барады.Кәсіпкер болу үшін капиталдың иесі болудың қажеті жоқ, оның басты
капиталы-үшқыр қиял және түтынушылардың психологиясын сезінуі. Нақ осылар
кәсіпкерге пайда түсіреді.Кәсіпкерліктің жаңашылдықсыз болуы мүмьсін емес.
Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады:классткалық және
инновациялық.
Біріншісінің мәні мынада, бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар
ресурстардан максималды қайтарым алу есебімен үйымдастыруға үмтылады.
Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай-ақ сыртқы
ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және
сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер оз бизнесі дамуының тиімді
варианттарымен шүғылданады.

1.2. Кәсіпкерлікті үйымдастырудың негізгі формалары олардың жетістіктері
мен кемшіліктері.
Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз-аталған субъектінің
(кәсіпкердің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді өткізуден және
т.б. таңдауда олардың жиынтық бостандығы мен қүқығы болу керек деген сөз.
Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс қүрал-
жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік қүқығы болуы манызды шарт.
Үшіншіден, өзін-өзі басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты,
инвестициялаудан нақты қамтамасыз ететін бір эканомикалық орта және қолайлы
жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін
— нарықты бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргүзуге қолайлы жағдай
туғызады.
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі
белгі жатыр: меншік фирмасы және фирма көлемі.
Меншік фирмасыны байланысты Кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып
бөлінеді. Бұл екі сектордың үлттық экономикадағы үлес салмағы түрақсыз:
үлттандыру кезінде мемлекеттік кәсінкерлік шекаралары кеңейеді, ал
жекешелендіру оларды тарылтады.Меншік формасына байланысты Кәсіпкерлік
мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың үлттық
экономикадағы үлес салмағы түрақсыз: үлттандыру кезінде мемлекеттік
кәсіпкерлік шекаралары қенейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады.
Мемлекеттік Кәсіпкерлік әдетте түрақты және капитал сыйымдылығы жоғары,
- себебі, үкіметтің қаржылық және үйымдастырушылық жағынан
қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар
артықшылықтарға ие:
-түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңцауға еркін.
-бизнес көлемі шектелмеген.
-қатаң бағамен шектелмейді.
Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады:
-жеке тұлғалар
-серіктестік (жолдастық)
-корпорация (Акционерлік қоғам)
Жеке кәсіпкерлік деп-бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның
жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес- жеке кәсіпкерліктің
кемшіліктері осында. Оның артықшылықтары : әр меншік иесі өз пайдасына өзі
ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және
корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл үсақ дүкендерге, кызмет
кәрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристтердің,
дәрігерлердің және тағы да басқаларының кәсіби қызметіне тән бизнестің кең
тараған формасы.
Серіктестік деп-екі немесе оданда көп адам бірлесіп айналысатын
бизнесті айтады. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің
артықшылығы сол, оны үйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту
жеңіл. Қемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын томен ететін, дамып
келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін,
мақсаттарын, оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әр қайсысының фирма
табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады.
Серіктестік формасында делдалдықкеңселер, аудиторлық кеңселер мен
фирмаларды қызмет сфераларын және тағы да басқаларын кіргізуге болады.
Корпорация деп- бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар
жиынтығы аталады. Корпорация табысынан корпорацияга салынатын салық
үсталады.Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.
Корпорация артықшылықтарына мыналар жатады:
-акциялар және аблигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда
шектелмейтін мүмкіндіктер;
-басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
-корпорация қызмет етуінің түрақтылығы, өйткені акционерлерінің
біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Бизнесті корпоративті формада ұйымдастырудың кемшіліктеріне
төмендегілер жатады:
-корпорация табысының акция үстаушыларға дивидент түрінде төленетін
бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір бөлігі
ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке такбысының бөлігі ретінде. Кіші
корпоациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың ауыртпалығы елеулі.
Сондықтан АҚШ-та бүндай фирмаларға S корпорациялары ( small business
corporation) статусын алуға рұқсат етеді. Мұндай жағдайда корпорация табысы
олардың иелерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы алынады;
-экономикалық теріс пайдаланушылыққа қолайлы мүмкіндіктер. Ешқандай нақты
қүны жоқ акцияларды шығару және сату мүмкіндіктері;
-меншік және бақылау функцияларының бөлінуі. Акцияларды көптеген иелер
арасында орналастырылған корпорацияларда бақылау функциясы меншік
функциясынан ажырайды. Акция иелері коп дивиденд алуға үмтылады, ал
менеджерлер ақшалай айналымға жіберу мақсатында дивидендтерді азайтуға
тырысады.
Корпорацияның басқа да кемшіліктері бар, бірақ олардың орындарын
артықшылықтары толтырады. Кәсіпкер көлеміне қарай кіші, орташа және ірі
бизнеске бөлінеді.Қазіргі батыс экономикасында кіші бизнес, шаруашылықтың
ірі секторын құрайды. Бунда жүмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жүмыс
табады. Кіші бизнестің әдеттегі формалары франчайзинг ( franchise-
жеңілдікті ) және венчурлық (verture-тәуекел ету)Кәсіпкерлік жүйелері
болады.
Франчайзинг-ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға қүқ алу үшін
және белгілі бір сферада , белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін,
рұқсаталу үшін келісім шарт жасайтын үсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың
бағаны төмендету, тауарды жеткізуге, қүрал-жабдықты сатып алуға, кредит
алуға көмек түрлерінде жеңілдіктер бар. Үсақ фирмалар ірі компаниялар
өнімдерінің бөлшек сатушылары болып қалыптасады. Бүндай келісімдер екі
жаққа да пайдалы: үсақ фирмалар ірі корпорациялардан сауда запасын, кредит
алады және олардың қамқорлығына енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін
өткізуге шығын жүмсайды, сондай-ақ өз қамқорлығындағылардан үдайы төлем
алып отырады.
Венчурлық фирма-ғылыми зерттеулерді жасаумен шүғылданатын коммерциялық
үйымдар. Венчурлық кәсіпорындаржаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа өнімнің
нарық талаптарына сатып алушылар қажеттіліктеріне төменгі шығындарға сай
келмей қалуының мүмкін болуына байланысты күйіп кетуте тәуекел етеді.
Сондықтан венчурлық фирмалар бір өнімменжүмысты бітіріп, тезірек екіншісіне
көшуге тырысады. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны АҚШ болып табылады және ол
екінші дүние жүзілік соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі күні венчурлық
фирмалар Қазақстанда да қүрылып, қызмет ете бастады.
Орта бизнес елеулі роль атқармайды. Ол бәсекеде мықты емес, себебі оның
ірі де, кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелесуіне тура келеді, осының
нәтижесінде ол ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін
тоқтатады. Бұл жерде әңгіме қандай да бір ерекще өнім шығарудамонополист
болып табылатын, түрақты түтынушысы бар фирмалар туралы емес ( мүгедектерге
арналған техниканы өндіру, қалалық сағаттарды жөндеу).Ipi бизнес кіші және
орта бизнестен өте қуаттылығымен ажыратылады. Оның рыногтағы монополиялық
жағдайы көпшілік түтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға есептелген
жаппай және арзан өнім шығаруға мүмкіндік береді. Әрбір елдің өзіндік
бизнесті үйымдастыру қүрылымдары бар. Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет
формалары Қазақстан Республикасының азаматтық кодексімен анықталған. Соған
сәйкес барлық үйымдар( заңды тұлғалар) коммерциялық және коммерциялық емес
болып бөлінеді.Комерциялық фирмалардың негізгі мақсаты пайда алу болып
табылады. Коммерциялық 1 емес фирмалар ондай мақсат қоймайды.
Коммерциялық фирмалар шаруашылық серіктестіктер, өндірістік
кооперативтер, мемлекеттік және ергілікті унитарлық кәсіпорындар формасында
қүрыла алады. Шаруашылық серіктестіктер өз кезегінде толық
серіктестік сенім серіктестік (коммандиттік), жауапкершілігі бар
серіктестік, акционерлік қоғам(ашық,жабық) ,еншілес және тәуелді қоғамдар.
Коммерциялық емес фирмалар түтыну кооперативтері,қоғамдық
немесе діни үйым, қайырымдылық қор фирмаларында қүрылады.

ІІ бөлім. Кәсіпкерліктің түрлері.
2.1. Еркін кәсіпкерлік және оның түрлері.

Еркін кәсіпкерлік дегеніміз-жеке кәсіпкердің немесе кәсіпорынның
өндірістік қорларды керегінше сатып алуға, қалауынша тауар өндіруге немесе
қызмет кәрсетуге және тауарлары мен қызметтерін еркін бағамен сатуға
хүқтылық. Кәсіпкерлерге қалаған сауда түрімен айналысуға үкіметтің немесе
жергілікті әкімшіліктің ешқандай жасанды кедергілері бөгет бола алмайды.
Таңдау еркіншілігіне кәсіпкерлердің өндірістік ресурстары мен
қаржыларын қалауынша пайдалануға еркіндігі, жүмыскерлердің өз
мамандықтары мен қабілеттеріне қарай еңбектің қалаған түрімен
шүғылдануларына еріктіліктері және түтынушылардыңқажет қылған тауарлар мен
қызметтерін сатып алуға еріктері жатады. Бұлардың ішінде ең маңыздысы
түтынушының еркіншілігі. Нарықтық экономикада түтынушы ерекше жағдайда
болады, белгілі мағынада ол тәуелсіз. Ал кәсіпкерлерді алсақ, олар
түтынушыларға тәуелді, солардың қажеттерін өтеу істеріне бағыт беріп
отырады. Сондай-ақ жүмыскерлерде еңбектің түрін қалайды. Осыған орай
кәсіпкерлер мен жүмыскерлердің тәуелсіз таңдау еркіншіліктер тәуелді
еркіншілікке айналады.
Нарықтық экономика жеке адамдар мен
отбасыларының жүйесі болғандықтан, олардың мүдделерін- қанағаттандыру
экономиканың қозғаушы күші болып табылады. Нарыққа қатысушылардың
әрқайсысы өзіне пайдалы іспен шүғылдануға тырысады. Міне сондықтан
кәсіпкерлер молырақ пайда, жүмыскерлер жоғары жалақы алғылары келеді
де,өндірген тауарлары мен еңбектерін қымбатырақ бағаламақ болады. Ал
түтынушылар болса алатын тауарлары мен кәретін қызметтеріне арзанырақ баға
береді. Бұл жерде нарықта кездесушілердің естері дүрыс емес:біреулері
қымбатырақ сатпақшы да, екіншілері арзанырақ алмақшы деген бір ғалымның
сөздері еске түседі.
Әркім өз пайдасын ойлауына байланысты таңдау еркіншілігГ
жүзеге асады да, нарықтың негізі болып саналатын бәсекені
тудырады. Бәсеке бар жерде тауарлар қажетінше өндіріледі,
олардың сапалары
I жақсарады және бағалары төмендейді. Бұл, әрине, түтынушылардың ойынан
шығатын жағдайлар. Бәсекенің мөні экономикалық биліктіңбір қолда болмай,
көптеген өндірушілер мен түтынушыларға бөлінуде. Тауардың қайсы бір түрін
үсынушылар мен түтынушылар көп болған жағдайда, не бір сатушы,не бір алушы
өзі қалаған бағада түра алмайды да, тауар бағасын нарық белгілейді. Сатушы
мен алушының дағдыры нарықтың қолында делінетіні осыдан.
Үдайы өндірістің циклы өндіріс, .бөліс, айырбас және түтыну
кезеңдерінен түратын болғандықтан, кәсіпкерліктің өндірістік, коммерциялык
және қаржы-несиелік түрлерін айыруға болады.
Өндірістіккәсіпкерлік негізінен тауар өндірісі мен қызмет кәрсету салаларын
қамтыса, коммерциялық кәсіпкерлік оларды сатумен айналысады, ал қаржы-
несиелік кәсіпкерлік ақша айналысымен шүғылданады. Бұлардың әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктегі қиыншылықтар мен одан шығу жолдары
Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастырушылық нысандары
Кәсіпкерлікті құқықтық реттеу негізі
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері мен даму эволюциясы
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі
Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік - экономикалық шарттары және заңдылықтары
Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет
Пәндер