Баланың мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы психологиялық кезеңдері



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ерте сәбилік шақтағы бала психикасы мен ақыл.ойының дамуы ... ... ..10

ІІ БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... ...19

2.1 Бала және үлкен аданың қарым .қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі ... ... ... ... ... 21
2.3 Мектеп жасындағы баланың психологиясына ата. ана тәрбиесінің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ--------------
----------------------------------- -----------------------5

1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері---
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-5
1.2 Ерте сәбилік шақтағы бала психикасы мен ақыл-ойының дамуы----------10

ІІ БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
КЕЗЕҢДЕРІ-------------------------- -19

1. Бала және үлкен аданың қарым –қатынасы-------------------------- --------
---19
2. Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі--------------------
21
2.3 Мектеп жасындағы баланың психологиясына ата- ана тәрбиесінің әсері------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
------------------22

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ---------------------28

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру
заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе
негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау – білім
беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау
проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.
Қоғамдақ жаңару кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси,
экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім,
тәрбие институттарының да өз жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып
отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала
тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін
туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология,
философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып
қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.
Баланың сәби нәресте кезеңі - жас дамуы кезеңдерінің ішінде өзіндік
орны бар, мазмұны бар, мағынасы бар кезең. Жас нәресте кезеңін анықтау
теорияларын зерттеуде атақты психологтар - Э.Эриксонның, Ф.Пиазженің,
Б.Г.Ананьевтің, А.В.Дмитриевтің, Фрейдтің, Л.Выготскийдің
В.Т.Лисаковскийдің және т.б.еңбектері бар.
Фрейдтің идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем
аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес,
өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума
қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер
етті.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан
элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада
толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез
келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып
отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Нәресте үлкен адамды қоршаған
дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар
көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне
байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы
қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан
көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын
болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы,
нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.
Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші
болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен
қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа
қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен
көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке
шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-
әрекетке айналады
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- сәби нәресте кезіндегі бала психологиясын зерттеу;
- сәби балалардың жас ерекшелігіне қарай іс-әрекетіне, қимылына назар
аудару;
- сәби нәрестенің үлкен адамдармен қарым – қатынасындағы
ерекшеліктерін анықтау;
- нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен
ерекшеліктеріне назар аудару т.б.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеуге берілген Сәби нәресте
кезіндегі бала психологиясы атты курстық жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен
ерекшеліктері
Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген
жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз
рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері
біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін
реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бір-
қатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттан
басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері
сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми
қабығы асты нерв орталықтарымен реттелін отырады. Сыртқы әсерлердің
көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен
жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып
болмаған: нерв клеткаларының, тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар
сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне
және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен
мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта
күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің, мінез-
құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне не болады[1].
Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты —
анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану
жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы
күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның
соматикалық (дене) қимылдарынан ғөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек
қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары
анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде
бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар
жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде
тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. қы екі айда
барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту, жинақталуынан көрінеді, бұл
кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы
күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын
болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым
мазмұнды, белсенді сипат алады.
Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса
білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың
ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен
жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі
ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне
байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы
қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан
көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын
болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы,
нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.
Нәресте мен үлкен адам (нәрестелік шақтың шегі — бір-екі айдан бір
жылға дейін). Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала
алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші асоциальдық тіршілік
иесі болып есептеледі. Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар
баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескендігі, сасқалақтап,
абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселен, З.Фрейд жарық дүкиеге келген баланың
шыр ете қалуын оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы
деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік
қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда
болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға
айналдыратының пессимистік тұрғыда суреттейді.
Фрейдтің бүл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем
аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес,
өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума
қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер
етті.
Фрейд пен Пиаженің аталған қағидалары өткір сынға алынады. Француздық
прогресшіл зерттеушісі А. Валлон шарылдап жылауды бірдемені алдын ала сезу
немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ
бос қиялы деп есептеді. Бала психикасының әуел бастан оқшаулануы жөніндегі
Пиаже қағидасы өз кезінде Л. С. Выготский, ал кейінірек басқа да совет
психологтары тарапынан сыйға ілікті. Советтік және прогресшіл шетел
авторларының зерттеулерінде алынған көптеген фактілер нәресте өмірі
тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді. Үлкен адам баланың
органикалық қажеттерін қанағаттандырады, тамақтандырады, шомылдырады,
аударып салады. Үлкен адам баланың белсенді психикалық өмірде де қажетін
қанағаттандырады: нәресте өзін қолға алғанда, едәуір жадырап қалады. Үлкен
адамның көмегімен кеңістікте қозғала отырып бала көптеген заттарды көруге,
олардың бір-біріне қарай жылжуын байқауға мүмкіндік алады, ал мұның өзі
оның сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты есту, сипай сезу
әсерлері де үлкендер тарапынан беріледі.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан
элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада
толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез
келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып
отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.
Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші
болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен
қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа
қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен
көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке
шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-
әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына
дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммеи қарым-қатынас жасауға
әрқашан дайын тұрады.
Қарым-катынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда-
ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан
ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте
кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала
басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы
кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен
қарым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан, баланың қажеттіліктері пайда
болып, біртіндеп дамиды (олардың ішінде қарым-қатвнас жасау қажеттілігі —
эмоциялық жутаңдықтың маңызды мәні бар), екінші жағынан, оларды
қанағаттандыру мүмкіндіктері туады.
Бала алдымен жетіледі, содан кейін барып оны тәрбиелеп, үйретеді деп
жорамалдау дұрыс болмас еді. Адамға тән барлық мінез-құлықты барлық
психикалық қасиеттер мен қабілеттерді бала өзін ерте сәбилік шақта жүруге,
заттармен іс-әрекет жасауға, көруге, естуге, бақылауғә, тануға, есте
сақтауға үйрету негізінде алады. Әрине нәрестелік шақта баланы үйрету
көбінесе алдын ала ойластырылмаған, стихиялы сипатта болады [2].
Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініп қалғаны нәресте өзінің
дамуында адамдық мүмкіндік дәрежесіне көтеріле: алмайды. Әлеуметтік орта
мен арнайьі үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну меи
ойлауға қабілетті жеке адам қалыптасады. Үлкен адам бұл жерде де бала мен
тұтас: алғанда адамзат қоғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар арасында
өмір сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлұматтар ала отырып, бала танымға
барған сайын көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері білім
құмарлыққа дейін өседі. Баланың қызығуы бүкіл айналасындағыларға
бағытталады. Бұл тектес білім құмарлықты И. П. Павлов риясыз деп атады,
өйткені ол органикалық қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты
емес еді.
Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық
процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді.
Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше
қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами
бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын
созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар женді үйлеспейді: нәресте
жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар
ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды.
Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардың
арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне
заттардың қасиетіне практикалық икемделу бұл қасиеттердің көзбен көріп
қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын
заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау
қимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары
интериоризацияланады — көріп қабылдауға ауысады.
Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату,
лақтыру т. б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-
әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан
қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде
тұрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау
заттыққа және тұрақтылыққа ие болады.
Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділгінің сипаты өзгереді.
Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ
қимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан
бұрын сәби оларды алдын ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты
қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте
қабілетті болады.
Нәрестелік шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көптеген іс-
әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді.

Әдейі жасалған әреёіийі қайталау-кеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып
келе жатқандығын дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі
(тарсылдатып, сілкілеп, бұрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің
қарапайым әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен сол,
балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады.
Затпен қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да
ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады. Басқаша сөзбен айтқанда, заттық
қимылдар үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп
отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктей отырып
ойлауды әрекет үстінде үйренеді.[3]

1.2 Ерте сәбилік шақтағы бала психикасы мен ақыл-ойының дамуы
Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері (бір жастан үш жасқа
дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі
қашықтықтан өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жасында болатын сапалық
қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған
сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған
көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды.
Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара
қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік
формаларын ғана емес, мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш
жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.
Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше
факторларға байланысты.
Баланың психикалық дамуына тік өмір сүруді үйрену едәуір ықпал жасайды.
Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру
қалпына ауысу — ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен
күшке түседі. Локомоция программасы әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі
тепе-теңдікті жоғалтып алады. Құлал қалу каупін де жеңіп, осынау алғашқы
қадамдарды жасау үшін қайта-қайта күш жұмсауға оны не итермелейді? Жүру
кезінде жұмыс істеп тұрған аяқ, қол, арқа және бүкіл дене бұлшық еттерінен
пайда болатын бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы болып табылады. Өз
денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадатқау қызметін атқарады.
Баланың қозғалып жүру ниетін сол сияқты тілеген мақсатына жету мүмкіндігі
және, сонымен қоса, үлкендердің қатысуы мен мақұлдауы қолдайды. Өте тез
арада, алғашқы ол-сіз қадамдардан соң үйлесімді тура бағытты қимылдар жасау
қабілеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала орасан зор ынтамен өзінің
жүрген жолынан кедергілер іздестіреді. Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде
жағымды эмоциялық көңіл күй туғызады.

Қозғалып жүруге қабылеттілігінің (дене қимылының табысы бола отырып)
психологиялық салдарлары. Қозғалып жүруге қабілеттілік арқасында бала
сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне
енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану қабілетін дамытады. Бұлшық ет
сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте орналасуын есептеу өлшемі болады. Бұл
көру, қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері арқылы жүзеге асады. Өзі
қарап тұрған затқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын
практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын
нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын
оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттармен іс-әрекет жасауға қабілетті
болады. Жаңа заттар тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің
осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы
байланыстарын ашады.
Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде
әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта
заттық іс-әрекетпен алмасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс
істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам
үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен
салыстырғанда тұрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Маймылдың да
саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. Бір-ақ жануарлар үшін заттардың
ситуациялық маңызы бар: егер су саптаяқка құйылған болса, маймыл оны
саптаяқтап, егер су шелекте болса, шелектен, ал егер еденде төгіліп жатса,
еденнен ішеді. Бала үлкендерден заттардың адам іс-әрекеті арқылы бекітілген
тұрақты маңызын бағдарлауға үйренеді. Баланы қоршаған заттық дүние —
мебель, киім-кешек, ыдыс-аяқ — заттар, олардың адамдар өмірінде белгілі бір
маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақта да бұйымдардың маңызын түсінеді.
Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың
есігін сансыз рет ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді
тарсылдатуы мүмкін, бірақ мұндай белсенділік оны заттардың атқаратын
міндетімен таныстыра алмайды. Заттардың функциялық қасиеттері сәбиге
үлкендердін тәрбиелік және оқыту ықпалдары арқылы ашылады. Бала түрлі
заттармен жасалынатын іс-әрекеттер түрлі дәрежеде ерікті болатынын біледі.
Кейбір заттар өздерінің қасиеттері жағынан іс-әрекеттің белгілі бір
тәсілдерін қатаң сақтауды қажет етеді (бұған қорапшаның қақпақпен жабылуы,
пирамиданың шығыршықтарын өткізу, матрешкаларды-жинастыру тәрізді
арақатынастағы әрекеттер жатады). Басқа заттарда әрекет тәсілдері олардың,
қоғамдық міндетімен қатаң бекітілген. Олар — зат-құралдар (қасық, қарындаш,
балға). Нақ осы арақатынастың және құралдың әрекеттерді игерудің баланың
психикалық дамуына неғұрлым елеулі әсер ететінін атап өту маңызды. Ерте
сәбилік шақтағы-игерген -зат-құралдардың сан жағынан шағын болуынан келіп
кетер ештеме жоқ. Мәселе санда емес, осы заттар балада әрбір жаңа зат-
құралдан оның өзіне тән міндетін іздестіруге деген мақсатын
қалыптастыратындығында[4].
Ерте сәбилік шақтың санына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа
түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға
жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен
жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. іс-
әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте
сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.
Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың
негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда
ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ
басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге
асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен
жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра
білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін
қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады.
Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып
табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір
себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса,
онда кейін жіберілғен қателіктердің орнын толтыру ете қиын болады.
Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет.
Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстіпде бала ерте сәбилік шақта-ақ
айтылған сөздер мен олардыц ар жағында тұрған ақикат болмыстың арасындағы
байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-
әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен өз іс-
әрекеттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің
бірінші жылында қалыптасады. Үш жасқа карай сәбидің, үлкендердің сөзін
түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген сөздерді
ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана
қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей езіне бағытталмаған кез
келген сөздерін қызыға тындай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей
қарым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну
маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің
өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдаланура
мүмкіндік жасайды.
Ерте сәбилік балалық шақ-балалық белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі.
Бір жарым жасқа дейін бала 30—40-тан 100-ге дейін сөз үйренеді және оларды
өте сирек колданады. Ол әлі тым мүдіріп сөйлейді. Тілді меңгерудегі елеулі
өзгеріс шамамен бір-жарым жаста жүзеге асады, сәби бастамашыл болады. Ол
заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму
қарқыны арта түседі, екі жастың аяғында бала 300-ге дейін, ал үш жастың
соңында 1500 - те дейін сөздер қолданады.
Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен грамматикалық құрылысын
игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты-
мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен кабылдайтын болса, екінші жылдың
соңына карай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдау
қалыптасады. Осының негізінде белсенді сөздікті және сөзді дү-рыс айтуды
игеру жүзеге асады.
Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші
кезең бір мен екі жасқа дейін — түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер
кезеіңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады.
Балапың сөйлеуі ересек адам сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбінесе үлкендер
пайдаланбайтын сөздерді қолданады. Мұндай сөйлеу автономиялы сөйлеу деп
аталады. Сөйлеудің дұрыс дамуы жағдайында автономиялы сөйлеу тез өтеді.
Тілдің грамматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін
созылады. Баланың сөйлеуі біршама байланысты сипатка ие болып, заттық
дүниедегі көптеген карым-катынастарды оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ
6-7 жасар балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысында таным процесін дамыту
Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі
Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Пәндер