Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.15

1. М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух. (Бұған соғыс кезіндегі тылдағы өмір де кіреді). 20.38
2. Ақын шығармашылығындағы достықтың сипаты.

(Бұған ұлттық қасиет,туған жер,табиғат жайлы өлеңдері кіреді).

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ...53.55
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ...56.57

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе____________________________ __________3-15
1. М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух. (Бұған соғыс кезіндегі
тылдағы өмір де кіреді). 20-38
2. Ақын шығармашылығындағы достықтың
сипаты.
39-53
(Бұған ұлттық қасиет,туған жер,табиғат жайлы өлеңдері кіреді).

Қорытынды__________________________ _________53-55
Пайдаланған әдебиеттер тізімі___________________56-57

Кіріспе бөлім

Қазіргі қазақ әдебиеті күллі әлем әдебиетінің сапынан елеулі
орындарының бірін иелейді.Әдебиетіміздің жетекшісі артып, саласының бірі-
поэзиясының эстетикалық байлығы артып, көк жиегі кеңіді. Әдебиеттің даму
кезеңдеріндегі әрбір дәуір бір ақынды туғызады десек, қазақ ақындарының
әрқайсысы өзінше қайталанбас творчестволық тұлға ретінде жеке дара көріне
алады. Сондай талантты ақындарымыздың бірі-Мұқағали Мақатаев. \1; 3\
ХХ-ғасырдың қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен
Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен орын тепкен ақын.
\2;Жетісу\
ХХ-ғасырдың 60-70 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясы жөнінде сөз
қозғай қалсақ, поэзия өкілдерінен Қ.Мырзалиев, Сағи Жиенбаев,
Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов секілді өзгеше таланттар есімін атамай өтуге
болмайды. Осы толқындар ішінде М.Мақатаев бар. М.Мақатаев-қазақ
поэзиясына, әсіресе қазақ лирикасының философиялық мазмұнын айырықша
байытып, өмір тіршіліктің мұңды, сырлы шындығын аса шебер жырлап, қазақ
өлеңінің шоқтығын біршама биік деңгейге көтерген дара дарын. Дәлірек
айтсақ, Мұқағали-қазақ поэзиясында ерекше құбылыс. Оған Әбділда Тәжібаевтің
Бізде енді поэзия дәуірі басталды. Сол ғажайып даналықтың бір көзі-
Мұқағали поэзиясы,- деген пікірі дәлел.\3:7\
Қазақ лираикасының көркемдік өрлеуі 60-70 жылдардан бастау алды.
Себебі, бұл жылдар бейбітшілік заманның әбден орнығып, халықтың сұрапыл
соғыс

жылдарының ауыртпалығынан ес
жиып, көңілдерін оқу-

тоқуға аударып, поэзияға талғаммен қарай бастаған кез еді. Бұл жөнінде
белгілі зерттеуші Б.Кәрібозұлы Қазіргі қазақ өлеңдерінінң жапырағын
жайқалта түскен 60-жылдардан бергі уақытты қамтиды. Қазақ лирикалық
поэзиясының философиялық тереңдігі артып, мазмүнының баюы, түр
жаңалықтарына еркін баруы, уақытпен үндестігі, публистикалық
сипаттың молаюы, ақындардың даралық ұмтылуы, ең бастысы ұлттық
дәстүрге біріңғай бет бұруы 1960-жылдан басталып, күні бүгінге дейін
жалғасып келе жатқан қазақ өлеңдерінің сапалы қасиеттері\1;88\.-
деп баға береді.Осы кезеңде поэзияда қалам тербеген ақындарымыз алдыңғы
аға буынға қарағанда тақырып аясы кеңіп, тақырыптық жаңашылдығымен,
көркемдік ерекшеліктерімен, поэзиядағы ірі қадамдарымен көріне
бастады.
Алдыңғы аға буын ақындарының саясат құрығына айналған кеңес
одағының жетістіктерін ғана жырлаған өлеңдері қазақ поэзиясына
салқынын тигізді.Кеңес одағының құрсаулы ақындардың кез-келген
тақырыпта жырлауына мүмкіндік бермеді. Үнемі бақылап отырды.
Желкелеріне қадалған қырағы көздің салдарынан қазақы салт- дәстүрді,
ұлттық ерекшелікті, ұлттық қасиетті танытатын жырлар жазылмады.
Кеңес одағының бұл құрсау 60-жылдардан біршама босағандай болды.
Тақырыпта қалам тербеп, ұлттық болмысты танытатын жырлар дүниеге келіп
жатты. Поэзия әлемінде сол тұста қалам тербеген ақындар арасында өзіндік
қол таңбасы мен жарқырай көзге түскен Мұқағали Мақатаевтің орны бөлек.
М.Мақатаев поэзиясы ұлттық болмысты танытуда, көркемдік нақылы мен
мазмұн тереңдігімен, қазақы өлең жолдарында қолдану шеберлігімен құнды.

Ақын ХХ-ғасырдың 60-70 жылдырындағы қазақ поэзиясының шоқтығын
биік көтерген дарын. Әдебиет
есігін алғаш ашқан жылдардан-ақ жыр әлемінде үлкен дайындығын танытқан,
халқымыздың ауыз әдебиетінің бай мұраларынан терең сусындап, шабытына
талмас қанат
байлай келген ақын Ұлы Абайды пір тұтып, өлең жырдың тылсым құдіретіне бас
иген,оның игі дәстүрін терең түйсікпен қабылдап, ақындық өнегесін бойына
мейлінше сіңіре келді.
Әр ақынның шығармашылық жолы, оның әдебиетке келуі, қалыптасуы,
өсіп-өрбуі әр қилы. М.Мақатаев бір өлеңінде:
Шындықтың ауылында қазынам бар,
Шыр айналып соны іздеп алаңдаймын... \3;12\-деген еді.
Мұнда оның ақындық беті, мақсаты тұрақты аңсар мұраты, іңкәрлік әлемі
аңғарылады.
... Егер біз ақынның өмірі жырынан басталады десек, ақынның жыры
алдымен өз өмірімен басталатынын есте ұстаймыз,-деген еді Мұқағали.Біз
ақынның азаматтық, философиялық лирикасын сөз етпес бұрын ақынның өз
сөзін еске түсіреміз.
Егер бір кездерде менің өмірім,шығармашылығым әлде кімнің көңілін
аударса, оларға былай дер едім; менің қымбатты достарым! Егер сіздер
шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңыздар, онда
мен не жазсам соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар.Мені өз
өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды сұраймын!Естеріңде болсын, менің
өлеңім жеке тұрғанда түкте емес.Біріктіріп қарағанда ол поэма
іспетті.Басы және аяғы бар.Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның
құдды даусындай...-
деп ақын өзінің асыл мұраларын зерттеп, қолға алушыға осындай ізгі тілегін
айтып қалдырды.Сондықтан да ақынның шығармашылығын зерттеп, қолға алушыға
осындай ізгі тілегін айтып қалдырды. Сондықтан да ақынның шығармашылығын
зерттеп, оған пікір айтуда оның осы ескертулерін ескермесек ақын
мұрасының қиянат еттік деген терең ойға қаламыз.
Ақиқатында Мұқағали Мақатаев өзінің айқын азаматтық даусымен,
терең философиялық ойымен, өткір саяси әуенімен поэзияға жаңаша мазмұн түр
әкеліп мол үлес қосқан ақындарымыздың бірі-оның жоғарыдағыдай ізгі тілек
айтуына әбденқақысы бар.
Асылымда Мұқағали лирикасының тақырыбы алуан. Ақын қай
тақырыпта жырласа да, нені суреттесе де дәуірдің санқилы көріністерін,
реалистік шындық пен дәл, айқын бейнелеп, өз замандастарының биік тұлғасын
шеберлікпен нақты жасап шықты... \4;19\
ХХ-ғасырдың 60-70 жылдарда Мұқағали жырлары сол жылдардың көркем
тілімен жазылған тұтас бір шежіресі секілді, көз алдыңа үлкен бір көркем
сурет голериясын жайып салды. Атап айтқанда,қазақтың қара өлеңінің
құдіретін терең сырын, бір ғана ақын меңгерген болса, арқалы ақын осы
Мұқағали игерді десек қателеспейміз. Ақынның Ақынмын деп мен қалай мен
айта аламын, халқымның өзі айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара
өлеңін, шекпен жауып, өзіне қайтарамын...,-деп бар даусымен мойындап, әділ
бағасын өзі айтқаны бекер емес. Себебі, ақын поэзия әлеміндегі әсем де,
нәзік сезім құдіретін, ақындық музаны осы қара өлеңнен іздеді. Әрі өз
шығармаларында жан-жақты жүрек тебіренісі мен, өз үні, өз даусы,
өз соны соқпағымен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де шыншыл
отты сөзбен образ жасап жыр кестелерін жасады. Ақын шығармаларының
тақырыбы әр алуан, бірақ оның ерекшеліктері, өзгеге ұқсамас сырымен
қырында жатыр. Ақын өз шығармаларында өмірдің қалтарыс жан-жансырын,
ешкімге-сезім бермейтін жүрек түкпірінен шымырлап қайнап пісіп шыққан
нәзік сезіммен жырлады. Ақынның тұрмыста көрген, есіткен нәрселерді қалай
болса солай суреттеуге жаны қас, өзімен замандас қаламгерлердей әр
тақырыбы әр көрініс беріп, бірімен- бірі байланыспай өзінше жырлануынан
Мұқағали шығармалары көш ілгері алда, одан мүлде аулақ. Ақын
шығармашылығын түгелдей оқып, оған терең ой жіберіп қарасақ, онда ақынның
бүкіл шығармаларында бір тұтастық, бірінің-бірі жалғасы іспетті
сабақтастық барын білуге болады.
Жыр әлемінде өз ойын, өмір шындығын, көркем тілде ақындық
биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлау екінің бірінің қолынан келе
беретін нәрсе емес, бұл тек жұлдызы жоғары өзін жыр жолына арнаған үлкен
таланттың қолынан келеді. Ақынның сыршыл ыстық лирикасы өз оқушыларының
жүрегіне жол тауып, оларды жақсы жырдың адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап,
қалың оқырманның жан-жүрегін баурап алды.
М.Мақатаевтің бізге қалдырған асыл мұраларын тұтастай алып
қарасақ, онда олар қазақ әдебиетінде өзінше ерен биік арқасынан қар
кетпейтін өркеш-өркеш жоталы тау болып өз алдына бөлек тұр.
Ақиқатында М Мақатаевтің әр түрлі әдеби жанрларда жазған еңбектері алуа-
алуан. Солардың ішінен 1972 жылғы Қазақ
жырларының бір жылы деген әдеби сын мақаласын айтып өтсек орынды. Сол
жылғы баспадан шыққан ақындардың өлең жинақтарына пікір жазған бұл
мақалада ақынның әділ сыны оның жыр әлеміндегі бүгінгі күннің жастардың
жүрек лүпілін, пәк сезімін көркем тілде жеткізе алғанын, сонымен қатар
әріжетістігін, әрі кемшіліктерін мысалдармен дәлелдеп, кешіліктерден
құтылу жолына бағдар бере отырып, көптеген жақсы пікірін
келтіргенін көреміз.
Ақынның Рух және сезім атты мақаласы көрнекті ақын Олжас
Сүлейменовтың Адамға табын жер енді деген ғарыш жайлы, ғарышкер Юрий
Гагарин жайлы поэмасына қысқаша шолу. Сезім найзағайы деген
мақаласында белгілі ақын Қадыр Мырзалиевтің поэзиясына өзінің ақындық
көз қарасымен қарап әділ бағасын береді.
Ақын 1969 жылғы қазақ поэзиясы атты еңбегінде жалпы қазақ
поэзиясының даму сатысына шолу жасаумен бірге, бүгінгі қазақ
поэзиясының ерен жүйріктерінің творчествосына талдау жасайды. 1969
жылғы баспадан жарық көрген бір топ ақындардың жинақтарына талдау
жасай отырып, олардың жетістіктері мен кемшіліктеріне баса назар
аударып, одан құтылу жолддарына сілтеме ретінде ой-пікір туғызды.
М.Мақатаев проза саласында қалам тербеген жазушы. Оның
1988 жылы Жазушы баспадан жарық көрген Қош махаббат атты прозалық
шығармалары (әңгімелер, повестер, пьеса, мақалалар) оған енген
Құлпы тас, Маусияның тауы, Өзгермепті, Әже әңгімелерә, Қос
қарлығаш, Жыл құстары, повестері мен Қош махаббат ұш актілі,
тоғыз оқиғалы,прологы, эпилогы бар драма. Пьесасын келтірсек орынды.
Бұл өзі әр жылдарда қара сөзбен жазылған ақынның үздік-үздік
жансары, пәк сезімі ақын поэзияда қалдай шарықтаса, тап сондай
күйде қара сөзбен де өзінің творчестволық шеберлігін таныта алған.
М.Мақатаев белгілі дәрежеде аудармамен де
айналысты.Ол Американың ұлы ақыны Уальт Уитьменнің өлеңдерін
аударып,Шөп жапырақтары деген атпен 1969 жылы жазушы баспасына
кітап етіп шығарды, бұдан кейін ағылшынның әйгілі ақын-драматургі,
трагигі Вильям Шекспирдің Сонеттерін қазақ тіліне аударды. \ 5;4\
Өнерлі жанның өмірін де қысқа ғана шолып өтер болсақ,
Мұқағали 1931 жылы 9-ақпан күні Алматы облысының, Райымбек ауданына
қарасты Қарасаз деген ауылда дүниеге келді. Балалық шағы ұлы Отан
соғысымен тұстас.
Мұқағали туған жерінің табиғаты бөлек, қарағай, шырша,
қайыңы сырласқан ақбас Елшен бүйрек тауларының баурайында айнадай
жарқыраған Тұзкөлдің, бұрқырып аққан асау тау өзені Қарасудың
бойында және де кейінірек өзінің жырына арқау болған Шәлкөде,
Шәкәрімбал, Шибут, Шолақ, Дардамбы, Шоқанасқан деп аталатын
жайлауларда жылқы бақса, бірде алтын алқаптан масақ теріп өседі.

Өзінің туған жерін Мұқағали бірде былайша жырлаған еді:
Қарасаз мен туған жер баурайдағы,
Жақанда жер біткеннің бал қаймағы.
Ақынның әкесі Сүлеймен еліне елеулі, халқына қастерлі
азамат екен. Әкесін жырға қосып:
Мені жұрт: жақсыдан қалған көз дейді,
Жақсыдан қалған сөз дейді.
Ақымақ болсам төзбейді,
Қайуан дейді, өз дейді,
Хақым жоқ жаман болуға,
Мені жақсыдан қалған көз дейді...\5;56\-деп
тебіренуі тектен тек емес. Әкесі соғысқа кеткенде, соғыс жылдарында
әжесі Тиынның қолында қалған Мұқағали он жаста еді. Өзі тұстас
балалармен бірге тіс соқамен жер жыртып, қол орақпен астық орып,
бау байлайды. Аңыздардан масақ тере

ді.
Мұқағали өте зерек, алғыр еді. Сол кездің өзінде-ақ
өлең жазатын қабілеті байқалатын. Бір күні:
Жарты ай тұр шар аспанда тозған таға,
Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?
Әжем тұр туған жердің топырағын
Тұмарғып тігіп жатыр бос қалтаға ,-
деп өлең оқыды. Сол өлеңнің 1941 жыл. Ақпан -деген өлеңді жазуға
себеп болғанын кейін білдім,-дейді Әбдіке. \5;20\
Мұқағалидің әкесі Сүлеймен Ұлы Отан соғысына 1941
жылдың қараша айында аттанып, содан қайтып келмеген. Мұқағали
соғыстың ауыр күндері 1944 жылы қолына құрақ алып Жырғалбай тамы,
Тасыбай тамы деген жайлауларда жылқы баққан. Оған куә ақынның
Есімде жылқы баққаным деген өлеңі.
Мұқағали жесір қалған әжелеріне шешелеріне де қолқабыс
тигізді. Соғыстың ауыртпалығынан болған азық-түліктің жетіспеуі
Мұқағали секілді балаларды мұқата алмады. Қайта шынықтырды. Осындай
қиын кезеңдерде де ақынның қолынан қаламы мен дәптері қолынан
түспеді.
М.Мақатаев 1948 жылы Райымбек орта мектебінің 10-шы
класын жиырма сегіз оқушының бірі болып, үздік бағамен бітірді. Ол
кезде мектеп директоры Әбіл Дәлденбаев, класс жетекшісі Шайхан
Мұқаева еді. Мектеп қабырғасында жүріп өлең жаза
бастады. Мұқағалидің алғаш өлеңі 1948 жылы аудандық газетте
Советтік шекара да жарық көрді. Содан бастап Мұқағалидің ара
кідік өлеңдері жарық көре бастады. Мұқағали 1948 жылы Қазақ
мемлекеттік университетінің филология факультетіне түседі Бірақ, оған
университет жатаханасынан орын тимейді.
1953 жылы Мұқағали Алматыдағы шеттілдері институтының неміс
тілі факультетіне оқуа түсіп, жағдайына байланысты оқи алмайды.
1952 жылдан бастап Мұқағали Қарасаздағы бастауыш мектепте
орыс тілінен сабақ бере бастайды,
Міне, осы жылдары көп ізденіп, көп оқып, өзінің білімін жан-жақты
жетілдіреді. Ауылдағы почта арқылы жаздырып алып, орыстың атақты
ақын жазушыларының еңбектерімен танысады. Атап айтқанда: А.
С.Пушкиннің, А.Л.Горкийдің, А.Блоктың, С.Есениннің, М.А.Шолоховтың,
А.Сурковтың, А.Твардовскийдің тағы басқа сондай-ақ бұлардан басқа шетел
әдебиеттерінен де алдырып оқитын еді. Әсіресе Бальзак, Байрон,
Гейне, Гете, Стендальдің шығармаларын соның ішінде Шекспирдің
шығармаларын, Бальзакты жақсы көргендігін білеміз. Бұл кітаптарды
Қарасазға Лашынның туысқан ағасы
Әбдімтәліп Әзімжанов Мәскеуде оқып жүріп, Мұқағалидің ерекше
талантын танып, әрі жоғары бағалап, елге жіберіп тұрған.
М.Мақатаев жоғарыда аталған ақын-жазушылардың шығармаларын
зеректікпен алғырлықпен, тереңнен түсініп, қызығып оқиды. Классикалық
көркем шығармалардан рухани азық алып өзінің жан-дүниесінің нәзік
сезімін азаматтық көзқарасын өлшеусіз дәрежеде байытты. Міне,
бұл кезең Мұқағалидің жаңа бүршік шығарған жауқазындай ашылып,
поэзия әлеміне немесе поэзия нәзік тылсымды нәзік болмысына жүрек
сезімімен келіп, қиын да, жауапты поэзия азабына жан-тәнімен беріліп,
ақындық шабытпен күн-түні демей сарыла шығармашылық іздену, үйрену
дәуірі еді.
Ақынның алғашқы кітабы 1964 жылы Ильич деген атпен жарық көрді.
Міне, содан бастап көлемі жұқа болса да мазмұны терең поэмалар мен
өлеңдерден құрастырылған кітаптары шыға бастады. Оларды арнайы
атасақ: Армысыңдар достар 1961 жыл, Қарлығашым келдің бе? (1968
жыл), Мавр (1970), Дариға жүрек (1972), Аққулар ұйытағанда (1974),
Шуағым менің (1975), Өмір дастан (1976) жжылы жазушы баспасынан
жарық көрді. Бұл жерде айта кететін бір жай осы Өмір дастан
таңдамалысы ақынның көзі мен көріп қолмен ұстап сүйсінген
көзітірісіндегі соңғы кітабы.
Алып жүректі арқылы ақынның өзі өлгенмен артына
қалдырған отты жырлары өлген жоқ, қайта жалындап, бірнеше кітап
болыпр баспадан шығып, өзінің жыр сүйер халқымен табысып, мәңгілік
өмірін одан әрі жалғастыруда бұл кітптарды төмендегіше айтуға
болады: Өмір-өзен (1979), Бәсіре(1981), Завдуши стихи (1981) ,
Соғады жүрек (1982), Шолпан (1984), Қош махаббат (1988), Жырлайды
жүрек (1989), Аманат (1992), Қарасаздан ұшқан қалығаш (1994),
Армысыңдар достар (1966) жинағы ақынның туғанына 60-жылдық тойы
қарсаңында шыққан. Содан кейін үш томдық, төрт томдық шығрамалар жинағы
сонымен қатар Мұқағалидастан сияқты естеліккітаптары шығып отыр.
М.Мақатаев шығармаларын біздің әдеби
сыншыларымыз тарапынан өзіне тиісті орнын,
әділ бағасын толық түрде ғылыми жақтан зерттеліп әлі үлгермеген еді. Реті
келгенде ақын Е.Ібітановтың мына пікірін келтіруді жөн көрдік: Қазір
Мұқағали сынды дара дарынды халқымыз пір тұтып, қастерлеп, жырларын
жадына ұялатқанымен, оның шығармашылық шыңына көз жіберер сыншыларымыз
марғау, ғалымдарымыз салғырт кейіп танытуда. Ал мен болсам бітімі бөлек
ақын жазған жамаулы жырлардың өтпелі құбылыс емес, өміршең де, өрісті
екеніне кәміл сенемін,-деп жазады. \6;12\
Дегенмен,жалпы қазақ әдебиетінде М.Мақатаев шығармаларын өздерінің
еңбектерінде немесе күнделікті басылымдарда өзге ақындар шығармашылығы мен
салыстырып, әйтпесе жеке мақала күйінде пікір білдіріп жүрген қаламгерлер
де баршылық. Сондай-ақ қазақ ақындарының творчествосындағы жанрлық,
стильдік көркем щеберлік қасиеттерін жан-жақты ғылыми жүйемен
зерттеп келе жатқан ғалымдар аз емес. Олар:
С.Қирабаев,М.Дүйсенов,Ә.Шарипов,Ә.Н арымбетов,Т.Әбдірақмагова,К.Сейітов а.т.б.

Осы еңбектердің ішінде Мұқағали Мақатаев шығармармашығына арналған
зерттеу жұмыстың ең көлемдісі Сейітова Клара Мұхамбетрахимқызының Мұқағали
Мақатаевтың ақындық мұрасы жайлы кандидаттық диссертация жұмысын айтуға
тұрарлық. Зерттеушінің бұл еңбегі кіріспе мен қорытындыдан басқа үш
бөлімнен тұрады.
1. М.Мақатаев шығармашылығының идеялық-
эстетикалық өзіндік ерекшеліктері.
2.Қазақ халқы мәдениеті мен басқа халықтар мәдениетінің рухани ықпалының
дамуындағы М.Мақатаевтің рольі.
3. Қазақ совет әдебиетіндегі М.Мақатаевытің қазақ әдебиетінен алатын
орнын анықтаудың өзі осы дисертацияда қарастырылатын негізгі әдеби
мәселе болып табылады. \5;14\
Мұқағали осы замандағы бейнесіне бір күнде келген жоқ. Ол қайшылығы
мол ғұмыр кешті. Сондықтан бір қалыпқа салып, Ол осындай еді деудің
өзі дұрыс емес. Мен оны қазақ ақындарының ішінде өлгеннен кейін ғана өзіне
тиісті орнын алуға талпынып жүрген Адам деп есептеймін. Оның үстіне
бізде Мұқағалидің творчетволық портретін жасаған әлі де бірде-бір сыншы
жоқ.
Жалпы, М.Мақатаев жөнінде екі пікір бар. Біріншісі-бұл-
осы күнгі әдебиеттің жол бастушысы, ең күшті ақыны десе, екіншісі –оның
басынан кешкен нағыз өмірі жайлы бүгінгі баспа сөз беттерінде айтылып
жүрген әңгімелер деп Ө.Нұрғалиев өзіндік ойын айтады.\7;Жас алаш №17\
М.Мақатаев бүгінгі таңға дейін біраз зерттеу көзіне айналып
келді. Ақынның артында қалған мол мұрасына К.Сейітова, К. Хамидллаев
ғылыми зерттеу жүргізді. Сонымен қатар Ә.Тәжібаев, Ә. Жәмішов,
Б.Кәрібаева, Т.Шапаев тағы басқа ғалымдар өз еңбектерінде ақын поэзиясына
жан-жақты зерттеулер жүргізгенін атап өткен орынды. Сонымен қатар
зерттеушілер мен сыншылар ақынға арнап мақалалар жазды. Мысалы:
Ө.Нұрғалиев Мен білетін Мұқағали, Есенқұл Кәпқызы Қыран тағдырлы ақын,
Күлпара Жұмағали Ақын ағамыз тұлпар еді т.б. көптеген зерттеушілердің
Мұқағали ағамызға арнап жазған мақалалары көпшілік.
М.Мақатаев поэзиясы осыған дейін біраз зерттеу нысанына айналып
кеткен тақырып екені белгілі. Ақын поэзиясына Қ. Сейітова М.Мақатаевтің
ақындық мұрасы жайлы кондидаттық диссертация жұмысын, сонымен қатар
К.Хамидулаевтің М.Мақатаевтің ақындық шеберлігі деген тақырыптарда
диссертация жазылды. Алайда ақын поэзиясының ұлттық қасиеті, қазақ
халқының әдет-дәстүрлерін жазғанда ұлттық ерекшелігі қарастырылмады.
Мұқағалидың кез-келген өлеңдерінен қазақ халқының мінез-құлқы,әдет-
ғұрыптары,дәстүр- салты анық байқалады. Ақын поэзиясының жас ұрпақ бойына
ұлттық сезім, қазақы мақтаныш ұғымдарын қалыптастырудағы маңызы зор.
Тегін де бізде халық ақынын асқақтататын халық. Мұқағалидің
тың биіктегі дара жұлдызын да таныған осы халық. Ендеше, Абайдың сүйер ұлың
болса, сен сүй, сүйенерге жарар ол? Дегендей қазақтың Мұқағали деуіне
Мұқағалидың халқым деуіне әбден негіз бар. Сондықтан ақын Еркелей білдік
елге біз, есерсоқ болып кетпедік дейді рас сөз. Халық Мұқағалиды ұлы
ақын, көреген адам болашағынан әулие дейді. Бұл шындық. Оны өмірдің өзі
дәләлдеген:
Кең дүние төсіңді аш мен келемін,
Алынбаған аққым бар сенде менің деген өз талантын таныған
ақын, оған:
Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен,
Кейбіреуге қарыздар емеспін мен .
Пейілімді теңізбен таластырып,
Тереземді аспанмен теңестірем, \8; 34\-
деген өрлікті қосыңыз. Алайда, бұл өрлік ақынды мен бәрінен биікпін деген
астамшылыққа апармаған. Олай болуы да мүмкін емес.Мұқағали қашан да өз
халқының алдында, қарт пен ананың алдында, тіпті сәбидің алдында кіші
сезінген.
Досқа сиын , захарын шашар жауға,
Қарыздармын халқыма қашаннанда...,-
деп мінеки бұл-ұлыдан қалған ұлағат жомарт жүректің мейірімі.\9; Сақшы\
Дәл қазір Мұқағали шырқаған шындықтың түгел айтылуы, баз бір
замандастарымызға оншалық тиімді емес. Оның үстіне күні кеше ортамызда
өмір сүрген айтулы азаматтың айнала төңірегі жөнінде, әйтпесе оның жеке
басындағы хикметтерінде жөнінде қазбалап зерттеу жүргізу, ащы-тұщы
оқиғаның бетін ашып көрсету, жалғанға жария ету-қазақ дәстүрінде ұлттық
менталитетте бұрын-соңды сирек ұшырасатын құбылыс.
Солай екен деп ХХ-ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің
ең ірі тұлғаларының бірі-Мұқағали Сүлейменұлы Мақатайдың өмірі мен
өнері, өлеңі жан
-жақты зерттелуі керек емес пе екен.Оның ата-бабасы, өмір тарихы жеке
басының шырғалаңы тіпті әрбір басқан қадамын, әр кезде айтқан
ұтымды сөздеріне шейін мұқият жинастырылып, таяу жылдарда қағаз бетіне
түсіп қалмаса, кейінгі замандарда ақиқатыңыз-аңызға болғаныңыз-
болмағанға,айтпағаныңыз-айтқаныңызғ а ұласып кете бері мүмкін. \9; 4
Парасат\
Мұқағалидің 19 оэмасы, 1834 өлеңі, 15 кітабы бар екен.
М.Мақатаевпен араласып жүрген ақын жазушылар еске алғанда оның
қазақ азаматына тән дарынымен асыл қасиеттерін әңгімеге арқау етеді. \10;
Заң газеті\
Көрнекті ақын, ғұлама ғалым, ақсақал Әбділда Тәжібаев
М.Мақатаевтың қайтыс болғанына бір жыл
толғанында: Көшеді өлең немесе өшеді өлең...,-деген мақаласында Мұқағали
өлеңдеріне тұтастай шолу жасап ұнамды пікір білдіре отырып: ...оқырман
қауым ақынның жарық көрмеген тамаша өлеңдері көп екенін біле бермейді.
Иә,Мұқағалидан қалған жиырма мың жолға жуық асыл мұра бар. Бұл-керемет
қазына, баға жетпес байлық -деген еді.\5,11\
Жұмысымыздың зерттеу көздерінде:М.Мақатаевтің жарық көрген
Қарлығашым келдің бе? Жырлайды жүрек,Өмір-өзен,М.Мақатаевтың төрт
томдығының екі томдық жинақтары, күнделікті басылымдарда жазылған
ғалымдардың, сыншылардың мақалалары, ғылыми пікірлері, естеліктері
пайдаланылды. Біз бұл диплом еңбегімізде қазіргі қазақ әдебиетінің ХХ-
ғасырдың 60-70 жылдарындағы көрнекті сөз зергерлерінің бірі-М.Мақатаевтың
қазақ поэзиясына қосқан мол мұрасын, екінші қырынан зерттей келіп,өзіне
тән болған
қасиеттерін лирикаларының нақты үзінділерінен алған мысалдарымен
шеберліктің сан түрлерінен қарап оның ақындық шеберлігін оқырман қауымға
ғылыми тұрғыда дәләлдеп тануға арналған. Осы диплом жұмысымызда
М.Мақатаевтың ақындық шеберлігі,болмыс-бітімі толық ашылды деуден аулақпыз.
Себебі,қара өлеңнің құдіретін паш еткен ақынның шығармашылығы жайлы әлі
де талай зерттеулер жазылуына кәміл сенеміз. Бұл алдағы уақыттың міндеті.
Зерттеудің өзектілігі.
М.Мақатаев поэзиясының аясы өте кең,әралуан тақырыпта жырлаған.Ақын
поэзиясының өзіндік ерекшелігі-шындықты жырлауы.Яғни,тылдағы еңбек
адамдарының ерлігі,жесір мұңы,жалғызынан айырылған ана,әкесін аңсаған бала
бейнесі.Осы бейнелелерді ақын былай жырлаған;
Өмір жайлы сұрай берме,сен менен,
Өмір жайлы білгің келсе,қартқа бар.
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген,
Жесір келін,бір нәресте көрмеген...\15,12\
М.Мақатаевтың басқа ақындардан өзіндік ерекшелігі-қан майдандағы ерен
ерлікті ғана жырламайды.Ол өзі куә болған,басынан өткерген тылдағы еңбек
адамдарының тыныс тіршілігі мен ауыр тауқыметін шынайы,ащы шындықпен
жырлайды.М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухтың жоғары екендігін
дәлелдей отырып,ақынның өзінің де ұлт жанды ұлттық болмысы өте жоғары ақиық
ақын екендігі де дәлелденді деп ойлаймыз.
Зерттеудің мақсат-міндеттері:
М.Мақатаевтың ұлтшыл ақын емес, ұлтжанды ақын екенін дәлелдеу.Осы
мақсатқа орай алға мынандай міндеттер қойылды:
- М. Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух.(Бұған соғыс кезіндегі
тылдағы өмір де кіреді).
-Ақын шығармашылығындағы достықтың сипаты.
(Бұған туған жер,табиғат,ұлттық қасиет жайлы өлеңдері кіреді).
Бұл бүгінгі таңда тәуелсіздігін жаңа алған Қазақстан үшін бұл негізгі
мәселенің бірі болып табылады.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі.
Диплом жұмысымызда кіріспе,негізгі бөлім (оның өзі екі тараудан) және
қорытынды бөлімнен тұрады.Көлемі- бет.

Негізгі бөлім.
М. Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух.
Ұлы Абай негізін қалап кеткен қазақ жазба поэзиясы түр, мазмұн
жағынан еш уақытта тоқырамай үнемі жетіліп, үнемі биіктеп баюмен келді.
Бұл тұрғыдан өткен ХХ-ғасырды алтын ғасыр болады десек, асырып айтқандық
емес. Әсіресе, сол асыл қазынаны жасаушылар ішінде, Мағжан Жұмабаевпен
Мұқағали Мақатаев поэзиясының орны айрықша бөлек. Мағжан ұлттық намыста ту
етіп, халықтың асқақ рухын жыр етсе, Мұқағали қазақтың даласы қандай кең
болса, таулары қандай биік болса, өзінің де жан дүниесінің даласындай кең
адамдық, азаматтық келбетінің тауындай биік екенін жырлап өтті. \11;
Жетісу\
Әр ақынның шығармашылық жолы, оның әдебиетке келуі, қалыптасуы,
өсіп өруі әр қилы. М.Мақатаев бір өлеңінде:
Шындықтың ауылында қазынам бар,
Шыр айналып соны іздеп алаңдаймын... \12; 12\-деген еді.
Мұнда оның ақындық беті, мақсаты, тұрақты аңсар мұраты, іңкәрлік әлемі
аңғарылады.
Асылында Мұқағали лирикасының тақырыбы әр алуан. Ақын қай
тақырыпта жырласа да, нені суреттесе де дәуірдің сан қилы көріністерін,
реалистік шындықпен дәл, айқын бейнелеп, өз замандастарының биік тұлғасын
шеберлікпен нақты жасап шықты...
Мұқағали Мақатаев өзінің ширек ғасыр шығармашылық еңбек
жолында ақындық шеберлікке үйрену, іздену талабымен еш қайтпаған, өмірінің
ақырына дейін қолынан қаламы түспеген үлкен талант иесі. Мұқағали өзінен
бұрынғы өткен поэзия саңлақтарынан көп үйреніп, көп ізденгендігін, әсіресе
өткен ғасырда қазақ поэзиясының ірге тасын қалаған, ұлы ақындарымыз
Махамбет пен Абайға өлең арнап, олардың өшпес мұрасын пәк көңілмен ерекше
бағалағандығын көреміз. Мұны ақынның Махамбеттер, Абайлар-ай дейтін
өлеңінен анық байқауға болады:
Жасырмай ойымды айттым талай-талай,
Қайтейін кетті бәрі қарайламай,
...Айтарын ашып айтқан абайламай,
Дариға, Махамбеттер, Абайлар-ай,\13;49\-деп сонау Махамбетпен
Абайдың заманына терең үңіліп, қырық-пышақ қырқысқан қатігез дәуірде жазған
шығармаларына әділ бағасын беріп оларды қадір тұтып, азаматтық үнмен,
ақындық тылсым сезімен өзінің де жан сырын белгілі дәрежеде оқушысына
ұғындырады. Осы бір қарапайым өлеңнің мазмұнына қарасақ ақындық болмыс пен
ақынның алға қойған бүкіл позициясы аңғарылады.
Жалпы, ақын шығармашылығында желісі үзілмейтін, қай тақырыпқа
жазбасын және туындылардың үлкен -кішісіне қарамастан бәріне бір-біріне
желімдеп, шашау шығармай тұтастырып тұратын бір ғажайып қаиет бар. Ол алтын
арқаудың аты-махаббат. Ақын жүрегіндегі осы құдіретті күшті ұлы сезім,
мейлі, бұзылған үй, ескі жұрт, бетін жаңбыр жауып, күн сүйген қара жар тас,
бәрін жанды бейнедей қабылдайды. Табиғат оның анасы, әкесі, жан досы,
нақты сүйер ғашығы. өзін табиғаттан, табиғатты өзінен бөлек дүние деп
білмейді. Ақын үшін бұл екеуі тең дәрежелі, егіз, бірінің бірінсіз күні
жоқ.
Мұқағалидің басты ерекшелігінің бірі-қазақтың қара өлеңінің құпия
сырын терең түсініп, оның көлемін ілгері жылжытып, одан әр қашан тылсым сыр
іздейтін.
Мұқағали Мақатаевтің балалық щағы Ұлы Отан соғысы жылдарына сәйкес
келетін типтік өмір баян. Сондықтан да ақынның шығармашылығын да соғыс
тақырыбы ерекше орынды иелейді. Мұқағали бұл тақырыпты басқа қырынан,
яғни майдандағы сұрапыл соғыстағы қан кешкен ерен ерлікті тікелей
суреттеместен, өзі көрген, куә болған тылдағы еңбек адамдарына басынан
кешкен тауқыметін, тыныс-тіршілігін реалистік тұрғыда суреттейді. Ақын
Бәрі есімде мекен-жай, тұрағымда, тек есте жоқ күлдім бе жыладым ба?!
Балалық шақ жармасып жүретұғын, өгіз жеккен соқаның құлағында деп торығып
еске түсірсе, бірде ақын Аңыздардан тере жүріп масақты, рас, рас
көзімізден жас ақты. Бірақ сол дауыл жылдар, от жылдар, бәрімізден бір-бір
батыр жасапты,- дей отырып яғни қиыншылықты, өмірдің тауқыметін көрген
адамдар өмірде батыр адамдар, олар өмірді дұрыс түсінеді, ел басына ауыр
күн туғанның өзінде, қаншама жан күйзелткен қиыншылыққа мойымай, қайта ол
жылдардың сұрапыл сұрқиялығын еске алып, өзі сияқты жастардың тез есейіп,
ерлер ше аянбай қызмет еткенін паш етеді.
Ақын: Күзетші өлеңінде:
Сәлем-бер бара қалсаң Мұратқа,
Тыныштық деп айт алдымен, сұратпа
Тыныштық па, тыныштық па, балалар?
Деп отырыр қысы-жазы шуақта...\14, 32\,-
деп жырлаған.
Ел басына туған күндер, жүрекке салған қатал тағдырдың қасірет
таңбалары жоғалар ма екен? Соғыс. Осы сөздің ар жағына, мағынасына
үңілудің өзі қандай үрейлі, қандай қорқынышты. Ол ойлауға ғана. Ал сол
алапат күндерді белшеден кешіп, бастан өткізген адамдар жайлы бір сәт ойдап
көріңізші:
Шытынаған соғыс салған сызаттан,
Кәрі кеуде жалын атқан, сыз атқан!
Төрт баланы тыныштыққа құрбан ғып,
Төрт келінді төрт адамға ұзатқан...\14;32\
Бұдан артық қандай қайғы-қасірет болмақ. Сондықтан да тағдыр
тауқыметін тартқан Мұрат қарт кездескен адамнан алдымен тыныштық па?,-
деп сұрайды. Иә, алдымен ел басына керегі-тыныштық.
Мұқағали творчествосында көп толғанатын тақырыптың бір тұсы-ел
басынан өткен ауыр күндер, . Ақын жүрегін тілім-тілім ететін, жаралайтын
сол сұрапыл мезгілдер. Өмірді, туған елді шын сүйетін ақынның нәзік сезімі,
жан-дүниесі балалық шағынан бастап-ақ осы қасіретті көріп өсті. Ақын өмір
жайлы толғағанда алдымен көз алдымнан кетпейтін алапат көрініс-тағы да
туған ауыл, туған жердің басына төнген қорғасын бұлтты-соғыс жылдарындағы
ел тағдыры. Ақын Өмір жайлы атты өлеңінде:
Өмір жайлы сұрай берме, сен менен,
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар.
Қан майданнаң жалғыз ұлы келмеген,
Жесір келін, бір нәресте көрмеген...\15,12\-
деп сураттейді.
Сай сүйегің сырқырайтын осы бір көрініс- халық басына төнген
тарихтың тасқын бір селі. Соғыс деген лаулаған өрт, жойқын апат, ақын
тілімен айтқанда жетім шал, жесір келін, жетім бала, құлазыған тіршілік,
сөнген от, құлаған кереге, опырылған шаңырақ, аштық, жоғалған жастық, соның
бәрі де ақынның туған ауылының лайсаң кешіп өткен бақытсыз жолы, тұманды
күні тартқан дерті.
Ақын бірде:
Сенің қандай аңсаймын тамашаңды,
Соғыс келді жүрекке жара салды.
Шапан еттім төсеген алашамды,
Қамқор тұтып қауқарсыз қара шалды...\16;141\
Ел басына күн туғанда ауылда кім қалды? Соғысқа жарамсыз қарт
пен жас бала және жесір келін сондайда ішкенің қара су, жегенің сағыз,
жау жағадан алғанда ит етектен дегендей, қақаған қаңтардың суығы-бәрі де
соғыс. Ондағы ағарып атқан таң, қызырып батқан күн де-ол да соғысқа ылайық.

Бұл тұста ерекше көзге түскен Одақ адамдарының үлкен бір қасиеті-
туған Отанына деген сүйіспеншілігімен патриотизмі еді. Сондықтан да ақынның
көңіл-күйлері, жүрек сыры-Сонда біз, 1941 жыл. Ақпан, Неге
жыламасын, Жаралылар, Тірісіңдер құрбандар, Болмасын соғыс,
болмасын, Мен сендерді іздеймін, Бесік басында, Қырқыншы жылдардағы
бесік жырынан, Отыз бесінші көктемім, Абысындар,Қайран жеңгем т.б.
өлеңдерінде адалдық идеясы арқылы жан-жақты тақырыпқа сай тапқырлық пен
жаңаша күрделі образдар жасалып шебер суреттеледі.
Соғыстың ауыр қасіретін ақын Қырқыншы жылдардағы бесік жырынан
атты өлеңінде жақсы суреттеген. Ақын:
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді,
Майданға көкең кеткенде
Осылай бәрі деп еді.
...Оралар туған жеріне,
Топырақ сап бердеп,
Дұғасын оқып, күбірлеп,
Әжеңде қалған жөніне.
Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен,-
Дедім де, көздей қалтаға
Топырақ түйіп беріп ем,
Бөпем, бөпем, бөпем-ау-
Қай жерде жатыр көкең-ау?!
Көбісі біздің ырымның,
Түкке алғысыз екен-ау!
Үлкен үцден дәм тапса,
Кешікпей қайта оралар,
Ел-жұрты қарғап, ант атса,
Кеткеннен келмес жоғалар.
Дегесін, үлкен шаңырақ
Дәм беріп еді жамырап.
Алақан жайып артынан,
Ақ тілеу айтқан аңырап...
Ау жалын түйіп заманның,
Ортаға салып бар малын,
Ала жібін адамның,
Аттамап еді ардағым.
Неліктен тәңірім оны алды,
Оранушы еді алғысқа.
Дәу қара аман оралды,
Оранды қайта қарғысқа.
Бөпем де, бөпем, бөпем-ау.
Не жазды сенің көкең-ау?!
Халықтың кейде алғысы,
Қарғыстан бекер екен-ау! \17,19\-
деп жырлаған. Осы өлеңінде соғысқа кеткен азаматтың
сарғая күткен ана мұң-зарын бесік жырына айналдырып жырлауынан, ананың
еріне деген сағынышпен, соғысқа айтқан лағынетін байқайсыз. Бірақ, ана
соғысқа деген қарғысын талпынған жас сәбиге ашық айтады. Ана күйігін Ала
жібін адамның аттамап еді ардағым, халықтың кейде алғысы, қарғысынан
бекер-ау, Көбісі біздің ырымның түкке алғысыз екен-ау-деген өлең
жолдарынан байқайсыз. Жыр жолдарынан бесік тербеткен ана бейнесі көз
алдыңа келеді. Бесік жырын әндеткен ананың мұңлы үні құлағыңа естілгендей
әсер аласың. Ақын ана зарын, көкірек шерін үлкен ой сезіммен сезіне, мұңды
ана бейнесін сөз маржаны мен төгілдіре сомдай білген. Ақынның тағы да бір
ерекше қасиеті өлең жолдарында қазақ халқының бұрыннан келе жатқан
ырымдарын орынды қолдана білуінде. Мысалы:соғысқа аттанған азаматының еліне
аман есен оралуын тілеп, ырым етіп туған жердің бір уыс топырағын түйіп
беруі, үлкен үйден дәм татқызып, алақан жайып, ақ тілегін білдірген
халықтың ырымдарынан өлең жолдарына айналдырып, көркемдік мазмұнын ашып,
бір-біріне үйлестіріп жырлаған. Бұл Мұқағлидің ақындық қасиеті,халықтың
ырымдарын жыр жолдарында орынды, шебер пайдалана білуіндегі тапқырлығы.
Қазақ халқының ырымдырын қасиет тұтуы ақынның ұлт ақыны екенінің дәлелі.
Ақын осы өлеңінің соңында:
Әлди, әлди бөпем-ау,
Бәрі де бекер екен-ау!
Сабыр да түбі сары алтын
Сарғайып қашан жетем-ау?! –
деп жырлайды. Әрбір шаңырақта сарғая күткен ана ерінің жолын тосқан әйел,
әкесін аңсаған бала бейнесін ақын үнемі жеткізеді.
Майданға аттану ер ісі. Күнделікті тіршілікте, бейбіт өмір де адам
баласын неше түрлі ертегі, қиялдарға жетелеп бақытты болудың талай
көпірлерінен өтіп, талай таңды, талай кешті тәтті қиялмен өткізгені рас.
Ал, қазір ол Күшік сияқты қаңсылауы да шындық, соғыста екі
нәрсе:бірі-жеңіс,өмір,екіншісі-өлі м. Жеңістен гөрі ажал минут сайын
кездесіп ұшырасып отырады. Неге бізге үмітсіз тесілесің?-деуі де
автордың осындай көп нәрсені аңғаруы. \18; Мұқағалидастан\.
Осы өмірдегі бастан кешіріп отырған адамзат баласы тіршілік үшін
де бар айласын істемек. Соғыс майданда ғана емес, әрбір үйде, ауылда,
әрбір от басы ошақ қасында. Өмір дегеннің не екенін соың бәрін басынан
кешірген қарт айтпай кім айтады. Ақынның бір топ өлеңдері осы тақырыпты
қозғайды. Мысалы.
1941 жыл. Ақпан атты өлеңіне назар аударып көрейікші:
1941-жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз.
Ауылымызды ақ қар жапқан,
Үңірейген соғыс дейтін,
Алапат аспан, жерді аттандатқан...\19;11\.
Өлеңнің тақырыбының өзі сұрапыл соғыстың ызғарлы суығынан хабар беріп,
денені түршіктіреді. Аққар бүркеген ауыл, суық аяз, үрей, соғыс бәрі де
қабат-қабат келіп, адамзат басына бәлекет әкеле жатқандай. Ақын
ақпандағы суықтың әкесінің соғысқа аттануы мен байланыстырып жырлауда да
шеберлік танытқан. Әкесінің соғысқа кетуі де үй ішіне суық ызғар
әкелгендей. Ақпандағы алапат боранмен көкіректің түкпіріндегі үңірейген
үрейді байланыстыра жырлауы өлеңнің мазмұнын тереңдетіп, оқырманын баурап
әкетеді. Өмір бойы егін салған егеу қол шаруа кетпенін айырбастап,
елін қорғауға аттануын, аттанар алдында он жасар баласына тапсырған
аманатын ақын бейнелі сөз тәсілдерін қолдана отырып жырлаған. Әке аманатын
жүрегінде сақтай білген ақын соғыстан оралмаған әкенің мұрасын келер
ұрпаққа жеткізе жырлауын өзінің борышындай санайды.Сол асыл мұраларды
қастерлеген ұрпақ ата-бабаларының өзі үшін қан төккен, елін, жерін, келер
ұрпақ үшін қорғағанын ақын жырымен жеткізеді:
...Жалынған ғазиз анам, сұрап қалған,
Жоғалды сол бетімен біра та арман.
Сенбейді әкең өлді дегенге мен,
Себебі, ол үйімізден тірі аттанған...\20;8\-
деп тебіренуі тектен тек емес.
Сондай-ақ Қайран жеңгем өлеңінде:
...Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем!
Қайғыға мойымау шең қайдан келген?!
Сағынып жүрсің бе әлде, қадірлім-ай,
Баяғы жастығыңды өлген?...\21;12\,-деп жырласа, Тұманбай
Молдағалиевтің Біздің жеңешелер өлеңінде:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
М.Мақатаев поэзиясындағы символизм
Мақағали шығармалары мен аудармалары
Мұқағали мұрасы - сөз маржаны
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы символизм
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
«Поэзия, сен менімен егіз бе едің»
Мұқағали Мақатаев поэзиясынның көркемдік жүйесі
Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдігі
«М.Мақатаевтың» портреті
Пәндер