Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға этникалық қарым-қатынастың психологиялық әсері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС.ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУҒА ЭТНИКАЛЫҚ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСТЫҢ ЫҚПАЛЫН ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 1.1 Қарым.қатынас . этникалық топтар дамуының психологиялық алғышарты ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Танымдық іс.әрекеттің ерекшеліктерін этникалық қарым.қатынас негізінде қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3 Шешендік сөздер, мақал.мәтелдер оқушылардың танымдық іс.әрекетін дамытып тәрбиелеудегі . халық психологиясының айнасы ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Бірінші тарау бойынша тұжырымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2 ТАНЫМДЫҚ ІС.ӘРЕКЕТТІҢ ДАМУЫНА ЭТНИКАЛЫҚ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСТЫҢ ӘСЕРІН КОНСТАТАЦИЯЛЫҚ ЭКСПРИМЕНТ АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ
2.1 Оқушылардың танымдық іс.әрекетінің дамуына этникалық қарым.қатынас шеңберінің әсері (ата.аналары және мұғалімдері, қатар құрбылары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2 Оқушылардың танымдық іс.әрекеттерінің даму деңгейін зерттеудің нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс.әрекеттерінің дамуына этникалық қарым.қатынастың әсері ... ... ... ... ... ... ... ..44
2.4 Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ..48 Екінші тарау бойынша тұжырымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
3 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС.ӘРЕКЕТІНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСТЫҢ ӘСЕРІН ДАМУЫТУ МЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ОРНЫ
3.1 Педагогтың бастауыш сынып оқушыларының этникалық қарым.қатынас ерекшеліктерін қалыптастыру жұмысының психологиялық мазмұны ... ... ... ... 54
3.2.Оқушыларда этникалық қарым.қатынастың қалыптастырылуын ұйымдастыруда психологиялық тренингтердің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ..57 Үшінші тарау бойынша тұжырымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
дамира
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға этникалық қарым-қатынастың
психологиялық әсері
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2012
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 оқушылардың танымдық іс-әрекетін ДАМЫТУҒА этникалық қарым-қатынастЫҢ
ЫҚПАЛЫН Зерттеудің маңыздылығы
1.1 Қарым-қатынас – этникалық топтар дамуының психологиялық алғышарты
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Танымдық іс-әрекеттің ерекшеліктерін этникалық қарым-қатынас
негізінде
қарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3 Шешендік сөздер, мақал-мәтелдер оқушылардың танымдық іс-әрекетін
дамытып тәрбиелеудегі – халық психологиясының
айнасы ... ... ... ... ... ... ... . ... 21
Бірінші тарау бойынша тұжырымдар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2 танымдық іс-әрекетТің дамуына этникалық қарым-қатынастың әсерін
констатациялық экспримент арқылы зерттеу
2.1 Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің дамуына этникалық қарым-қатынас
шеңберінің әсері (ата-аналары және мұғалімдері, қатар
құрбылары) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2 Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің даму деңгейін зерттеудің
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерінің дамуына этникалық
қарым-қатынастың
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
44
2.4 Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... 48 Екінші тарау бойынша
тұжырымдар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 3
3 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ танымдық ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСТЫҢ ӘСЕРІН ДАМУЫТУ мен ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ОРНЫ
3.1 Педагогтың бастауыш сынып оқушыларының этникалық қарым-қатынас
ерекшеліктерін қалыптастыру жұмысының психологиялық
мазмұны ... ... ... ... 54
3.2.Оқушыларда этникалық қарым-қатынастың қалыптастырылуын ұйымдастыруда
психологиялық тренингтердің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ..57 Үшінші
тарау бойынша тұжырымдар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...64
Кіріспе
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі соның ішінде
Қазақстан Республикасын мемлекет ретінде қалыптастыру, оның егемендігін
нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер
қатарынан орын алу-ұлттық мәдениетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың
бірі. Олай болса, тұлғаның этностық қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі
туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа
өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен
әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның этникалық
ерекшеліктерін, оның басқалармен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім
қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды келелі
сұрақтар туғызып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің
компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттың дүниетанымы мен
сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Оқушының танымдық іс-әрекетін
дамыта отырып, саналы көзқарастарын, ұлттық қарым-қатынас орнатуына,
рухани адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет
жасауына, дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас мәселесі жөніндегі маңызды пікірлер М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов, М. Дулатов т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Шет ел және отандық психологияның зейіні ең алдымен қарым-қатынас
мәселесі болатыны бәрімізге аян. Оларды зерттеуде көптеген ғалымдардың
еңбектері бар, олар: Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, Э. Берн, Г.А. Ковалев,
А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Л.А. Петровская, К. Роджерс, М.
Форверг, А.У. Хараш және т.б. Аталған ғалымдардың
еңбектерінде қарым-қатынас психологиясының жалпы методологиялық және
теоретикалық негізі болатын зерттеудің нәтижелері көрсетілген.
Қазіргі таңда, әсіресе, жалпы білім беру саласының дамуында жағымды
өзгерістер мен оқыту, тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен,
жастардың қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасқа қалай түсетіні жайлы
терең үңіле бермейді. Сондықтан біздің зерттеуіміздің негізі оқушылардың
танымдық іс-әрекетін қарым-қатынас арқылы дамыту мәселесі болып отыр.
Сонымен, Қожа Ахмет Иассауидің жас ұрпаққа рухани тәлім-тәрбие беріп,
ұлттық қасиеттерін жетілдіріп дамытуға бастауыш мектеп аралығындағы жасты
пайдалануға болады. Ол өз еңбегінде бұл жаста балаға берілген тәрбие
арқылы өмір сүру ортасы мен тіршілігінің мәні, әлемдегі орны мен мақсаты
туралы және оның болмысын нақтылайтын тиянақты жауаптар табады. Сондай-ақ
бала білімді, білікті, мәдениетті, намысқой, ұлтшыл, еліне жеріне деген
сезімдері оянады, - деген болатын.
Ал әлеуметтану ғылымында этнос ұғымына: этникалық – белгілі бір
сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мәдениет
және тіл белгілері, мінез-құлық, қоғам және басқа ұлттың және нәсілдерге
ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы деген
анықтама беріледі. Тарихи этнологиялық бағытта этника ұғымы айрықша
полиэтникалық және жалпы әлеуметтік заңдылықтарға тәуелді ерекше әлеуметтік
жүйе туралы сөз қозғалғанда қолданылады. Аталмыш заңдылықтар этностың
табандылығын қамтамасыз ететін ішкі механизмдері бола отырып, бір ғана
ұлттың ерекшеліктерін анықтау бұл этникалық мәдени келбеті мен мінез
бітістерінен көрініс береді.
Этника: ұлттың барша өкілдеріне тән анықтаушы мінездік және
коммуникативтік модельдермен; ұлттың ішіндегі жекелеген топтарға тән
мінездік, коммуникативтік, құндылық-бағдарлық, әлеуметтік-саяси модельдер
мен мәдени элементтермен ерекшеленеді.
Жалпы қарым-қатынас мәселелеріне байланысты және балалардың жеке тұлға
ретінде дамуында қарым-қатынастың алатын орны, маңызы, даму ерекшелігін
анықтауға арналған А.В. Запорожец, Д.Б. Эльконин, Л.И. Божович, М.Н.
Григорьева, Х.Т. Шерьязданова, Ж.Қ. Әубәкірова және т.б. ғалымдардың;
сонымен қатар, кіші жастағы балалардың ересектермен, өз құрбыларымен,
қатарларымен өзара қарым-қатынас жасау мәселелерін зерттеуге арналған
Е.О.Смирнова, М.И. Лисина, В.С. Мухинаның; танымдық іс-әрекеттің қарым-
қатынас процесі арқылы дамуы және т.б. арналған шетелдік және отандық
ғалымдардың зерттеу жұмыстары Б.Г. Ананьев, Г.А. Вайзер, А. Валлон,
Х. Джайнотт, Т.В. Драгунова, И.С. Кон, Д.Б. Эльконин, А.Е.
Войскунский, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов, С.Қ. Бердібаева, Н.Қ.
Тоқсанбаева, А. Құдиярова, С. Елеусізова және т.б.
ғалымдардың; этностық қарым-қатынас мәселелеріне байланысты Т.А. Ратанова,
А.А. Шогенов, В.Ю. Хотинец, Ю.В. Ставропольский, Қ.Б.
Жарықбаев, О.Б. Мухамметбердиев, С.М. Жақыпов, Б.Ә. Әмірова, Л.К.
Көмекбаеваның және түрлі аумақтардағы қарым-қатынас процесінің этностық
ерекшеліктерге байланыстылығы Л.А. Алиева, Р.С.
Оганджанян, Фан Тхи Ким Наган және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс
тапқан.
Осындай еңбектердің негізінде екінші сынып оқушысының танымдық іс-
әрекетінің даму ерекшеліктеріне этникалық қарым-қатынас шеңберінің әсер
ету мәселесін қарастырып, оның теориялық негіздерін терең ашып, жаңаша құру
бағыттарын айқындау мүмкіндігі туды. Бұл мүмкіндіктер біріншіден, бастауыш
мектептегі балаға этникалық қарым-қатынастың әр түрлерімен таныстыру және
танымдық іс-әрекетінің түрлеріне мән беру, екіншіден, мұғалім мен ата-
аналардың арнайы ұйымдастырылған бағдарламалармен жұмыс жасауы арқылы
баланың ойлауына, зейініне, қабылдауына, есте сақтауына, ұлттық салт-
дәстүрдің әсерін психологиялық дамытуға мазмұндық және технологиялық
жағынан ұдайы жетілдіру. Зерттеу тақырыбының баяндалған өзектілігіне орай,
бастауыш мектепте оқушылардың танымдық іс-әрекетінің этникалық қарым-
қатынасқа әсерін теориялық-эксперименттік жолмен зерттеп, бекіту, жұмыстың
көкейтесті мәселесі ретінде құнды жағымен айқындалады.
Зерттеу мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінің
жалпы дамуына этникалық қарым-қатынас шеңберінің әсерін (мұғалімдерінің,
ата-аналарының, қатар құрдастарының) ұлттық тәрбиенің негізінде дамыту.
Зерттеу объектісі – бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінің
жалпы дамуына этникалық қарым-қатынастың әсері.
Зерттеу пәні – бастауыш мектептегі оқушылардың этникалық қарым-
қатынастның психологиялық-педагогикалық жағдайы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: оқушылардың танымдық іс-әрекетінің дамуына
арнайы ұйымдастырылған психологиялық іс-шаралар қазақтың дәстүрлік
мәдениетін қалыптастыру мақсатына бағыттала отырып жүргізілсе, онда баланың
жалпы дамуында этникалық қарым-қатынас шеңберінің әсерін кеңейтуін
дәлелдеуге болады.
Жалпы болжам төмендегі жеке болжамдармен нақтыланады
1.Зерттеуге алынған оқушыларға берілетін білімді ұлттық
ерекшеліктерге назар аударып ұстанымдар мен заңдылықтарға қызығушылықтарын
тудыратын болсақ, онда баланың этникалық қарым-қатынас арқылы зейінінің
қасиеттерін анықтауға мүмкіндік туады.
2. Оқушылардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру, ықпал
ететін ортаның, ұлтының, қоғамның, мемлекетінің, ұлттық мәдени
құндылықтар мен өлшемдерін қолдана алуы мен ерекшеліктерін меңгеруде
дәстүрлерге сәйкес құрылған психологиялық жұмыстар жүргізілсе, онда оның әр
түрлі ортадағы бірлескен іс-әрекеттегі ойлаудың түрлері жүйелі болады.
3. Оқушылардың бойындағы этникалық қарым-қатынасты арнайы
ұйымдастырылған психологиялық жұмыстардың кешенді бағдарламасымен дамытса,
онда танымдық іс-әрекеттің маңыздылығы артады.
4. Екінші сынып оқушыларының әлеуметтік жеке ерекшеліктерін, мәдени
құндылық бағдарын, тіл табысқыштық деңгейін дамытса, онда танымдық іс-
әрекеттерінің негізінде этникалық қарым-қатынастың әсерін анықтауға болады.
Зерттеудің міндеттері
1. Кеңестік және қазақстандық зерттеулердегі этникалық қарым-қатынастың
психологиялық маңыздылығын талдау және бастауыш сынып оқушыларының
танымдық жалпы дамуына әсерін философия, педагогика және психология
ғылымдарының теориялық мазмұнымен ұштастыру;
2. Этникалық қарым-қатынасты дамытуда, және бастауыш сынып оқушыларының
танымдық іс-әрекеттері арасындағы өзара байланыс мәселелерін зерделеу.
3. Оқушылардың қоғамдық ортаға қалыптасуындағы танымдық іс-әрекетіндегі
педагогтардың этникалық қарым-қатынас туралы мәселені оқу-тәрбие процесінде
бекіту, қорытындылау, оқушыларды сабаққа белсендіру, мақсатты жүйелі
қолдану жолдарын анықтау.
4. Екінші сынып оқушыларының жалпы дамуына этникалық қарым-қатынас
шеңберінің әсерін арнайы ұйымдастырылған тәжірибелік эксперименттік
жұмыстар арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуда этникалық қарым-
қатынастың психологиялық әсері мәселесіне қатысты философия, педагогика
және психология ғылымдары саласындағы шетелдік және қазақстандық
ғалымдардың зерттеу еңбектері талдауға алынып, оқу процесіндегі танымдық іс-
әрекетті дамытудағы этникалық қарым-қатынастың ерекшеліктері анықталды.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытудағы этникалық қарым-
қатынастың психологиялық әсерінің компоненттерін, өлшемдерін,
көрсеткіштерін анықтап, модельдеу нәтижесінде этникалық қарым-қатынастың
танымдық процестерге әсерін негіздеу және оқу-тәрбие жұмысында мақсатты,
жүйелі, қолдану жолдарын анықтау, алғаш рет жүзеге асырылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы
Жалпы қарым-қатынастың маңыздылығы жайлы психологиялық,
этнопсихологиялық еңбектер, таным теориясы, адамды ең жоғары құндылық
ретінде танитын ізгіліктілік, демократиялық және тұлғалық бағдарлы білім
беру теориялары, үздіксіз және кәсіби педагогикалық білім теориялары,
оқытушылардың бастауыш сынып оқушыларымен этникалық қарым-қатынас жасауын
арттыруға байланысты психологиялық, педагогикалық зерттеулер кешенді
ұйымдастырылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысы - екінші сынып оқушыларының танымдық
іс - әрекеттерінің даму деңгейін зерттеу:
1) Горбов кестесі;
2) Корректуралық сынақ тесті;
3) Сөз-мағыналық есте сақтауды анықтауға арналған әдістеме;
4) Есте сақтаудың ерекшеліктерін анықтау әдістемесі;
Зерттеу жұмысы- екінші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерінің
дамуына этностық қарым-қатынастың әсерін зерттеу:
5) Тілтабысқыштық деңгейін бағалау тесті;
6) Мәдени құндылық бағдарын анықтау тесті;
Розенбаум корреляциялық коэффициент критерийі; ХИ-квадрат Пирсон
әдістемесі қолданылды.
Эксперименттік зерттеуге екінші сынып оқушыларынан жалпы саны – 125
сыналушы қатыстырылды.
Ғылыми нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі зерттеудің әдіснамалық
және теориялық қағидалары арқылы дәлелденуімен, тәжірибелік-эксперимент
жұмысының жоспарлығы ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігімен, сондай-ақ
зерттеу нәтижелері мен олардың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент
жағдайында статистикалық талдау әдістемелері арқылы тексеру және практикаға
ендірумен қамтамасыз етіледі
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3
тараудан, қорытындыдан, кестелерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады. Жұмыс көлемі 66 бетті құрайды.
оқушылардың танымдық іс-әрекетін ДАМЫТУҒА этникалық қарым-
қатынастЫҢ ЫҚПАЛЫН Зерттеудің маңыздылығы

ретінде
Әлемде болып жатқан өзгерістер, дәлірек айтсақ, әлеуметтік-
экономикалық, саяси, идеологиялық арақатынастардың, әскери шиеленістердің
көбеюі конфессионалдық және ұлттық идеалдардың шеттетілуі, жалпыадамзаттық
құндылықтардың бағаланбауы көбіне этностар арасындағы қарым-қатынаста
шиеленістік жағдайларға соқтыратыны белгілі. Осы орайда, тұлға бойында
нақты этнос өкілдерінің өзіндік ерекшеліктері, тұрмыс-тіршілігі, салт-
дәстүрі, құндылық бағдары, ұлттық мәдени қағидалары және этносаралық қарым-
қатынас мәдениет негіздерін қалыптастыру маңыздылығы артады.
Әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелерінің бірі ұлтаралық қарым-
қатынас процестерін зерттеу болып табылады. Еліміздің әр түрлі аумақтарында
жүргізілген, кеңес этносоциологтарының зерттеулері көрсеткендей, түрлі ұлт
өкілдері арасындағы қарым-қатынас процесі, олардың арасындағы қатынастардың
қалыптасуы шешуші деңгейде кеңестік қоғам дамуының жалпы факторларының
әсеріне байланысты. Осы тұста, нақты бір республика, елді мекендерге тән
спецификалық ерекшеліктер әсерінің басымдығы да қатар тұрады (1,55 б.(.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәселесі қазіргі кезеңде философия,
әлеуметтану, педагогика, психология ғылымдары ғалымдарының қызығушылығын
оятуда. Қарым-қатынас - әрбір политұлғаны дамыту үшін қажетті шарттардың
бірі, өйткені қарым-қатынассыз адамзат қоғамының пайда болуы мен дамуы
мүмкін емес. Ұлтаралық және жалпы қарым-қатынас мәселелерін зерттеуде Э.
Бэрнс, Д. Карнеги, С. Дерябо, А.А. Леонтьев, С.А. Арутюнов,
Э.А. Баграмова, Ю.В. Бромлей, Л.Н. Гумилев, М.И. Станкин, М.С. Каган, В.А.
Кан-Калик, Х.Т. Шерьязданова, Қ. Жарықбаев,
Ә. Алдамұратов, С.М. Жақыпов және т.б. көптеген ғалымдар елеулі табыстарға,
жаңалықтарға қол жеткізді.
Тұлғаның қарым-қатынас белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде
қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Сондықтан қарым-қатынас
стильдері, техникалары және әдістерімен таныстырып, қаруландырудың жолдарын
анықтауды қажет етеді. Бұл мәселелердің маңыздылығы мен оны шешудің
қажеттігі - педагогикалық процеске қатысушыларды бірлескен іс-әрекеттің
маңызды құралы ретінде қарым-қатынас арқылы танымдық іс-әрекеттерді
ұйымдастыру қажеттілігін қарастыру. Осы орайда, қазақтың белгілі ғалымы
С.М. Жақыповтың мазмұны бойынша танымдық және формасы бойынша бірлескен-
диалогтық іс-әрекеттің қалыптасу процесі индивидуалды іс-әрекеттің
мақсаттарының, мағыналарының және мотивтерінің өзара бір-бірімен байланысуы
мен түйісуі барысында жүзеге асатындығы туралы негіздемесіне сүйендік.
Егеменді елімізде ұжымдардың көпшілігі өздерінің құрылымдық жағынан
полиэтносты болып келеді. Полиэтностық жағдайда жеке адамдардың өзара қарым-
қатынастарына әсер ететін ұлттық ерекшеліктер, дәстүрлер, адамдардың мінез-
құлық нормалары көрініс табады. Сол себептен полиэтностық аудиториялардағы
оқушыларға этникалық қарым-қатынастың белсенділігі тән болып келеді.
Этнопсихологиялық ерекшеліктер полиэтностық аудитория жетекшілерінің
талаптарына сай әрбір ұлт өкілдерінің бейімделуін қамтамасыз етеді. Әр
түрлі ұлт өкілдерінің педагогикалық іс-әрекетке бейімделу процесін 3 сатыға
бөлуге болады:
Біріншіден, бастапқы сатыда оқушылардың ұлттық-психологиялық
ерекшеліктері мұғалімдердің іс-әрекеттеріне кедергі жасайды, немесе әрі
қарай жақсы дамуына ықпалын тигізеді. Егер де олар оқытушының мақсатына
қарама-қайшы келсе, онда жалпы педагогикалық іс-әрекеттің мазмұның қайта
құру керек. Этнопсихологиялық ерекшеліктерді, олардың нақты этникалық
топтардың өкілдерінде қызмет ететін түрлерін анықтау үшін және міндетті
түрде ұжымдағы жағдайды мұқият білу үшін ұзақ уақыт қажет болады;
екіншіден, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастар
тұрақталады, өзара тіл табысып бірін-бірі түсіне бастайды және оқушылар өз
белсенділіктерін көрсетеді; үшіншіден, ең соңғы кезеңде ұлтың өзіндік
потенциалдық мүмкіндіктері ашылып, бір-бірімен өзара әрекеттене бастайды.
Ендеше, оқушылардың этнопсихологиялық ерекшеліктері пән мұғалімінің
белсенділігінің ұйтқысы болуы да мүмкін. Этникалық аутиторияда өздерінің
дәстүрлерімен, моральдық және мінез-құлық құндылықтарымен, әлеуметтік
жағдайымен, өмір сүру стилімен, мінез-құлқымен ерекшеленетін оқушылар бар
екенін, ешқашан естен шығармауымыз керек.
Бүгінгі күнде біздің еліміз экономикалық дамудың өте күрделі дағдарыс
кезеңін басынан кешіріп отыр. Бұл жағдай адамдардың психологиясының
түбегейлі өзгеруіне себеп болуы мүмкін. Ал сол кез-келген іс-әрекетте
моноэтностық аудиторияның оқытушысы әр түрлі этностық қауымдардың
өкілдерімен байланыста бола алса, біраз уақыт өткеннен кейін, олардың өзара
қарым-қатынастарын реттеудің арнайы дағдылары мен іс-әрекеттеріне ие болады
Қарым-қатынас – бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара
әрекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынасқа түсудің өзі бірнеше
кезеңдерден өтеді:
- қарым-қатынасқа түсу қажеттігі→басқа адамдармен байланыс;
- қарым-қатынас мақсаты → өзімен қарым-қатынасқа түсетін адамның
тұлғасын бағдарлау;
- айтылатын мәліметтің мазмұны→ не айтатыны туралы ойлау;
-нақты сөздерді таңдау→сөзді жеткізу және өзін ұстау;
-жауапты қабылдау → кері байланыс ( баға беру, тиімділігін бақылау);
- қарым-қатынас стилін, тәсілін, бағытын өңдеу.
Адамның басқа адаммен тиімді қарым-қатынас жасауында осы актілердің
бұзылмай бірізді орындалуында ғана қол жеткізуге болады. Ал қарым-
қатынастың сәтті болуы үшін адамдардың бірін-бірі түсінгені, қалай
қабылдағаны және мәселеге қалай қарайтындығы маңызды. Тұлғаның танымдық іс-
әрекетін қарым-қатынас арқылы басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне
олардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде
жүзеге асырылады. Өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы
қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-
қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру
мүмкіндігімен әрбір тұлғаны қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылған болашақ
маман иелерінің бірлескен танымдық диалогтық іс-әрекеті болып табылады.
Тұлға құрылымында қарым-қатынастың түрлі жағдайларында басқа да
маңыздылармен оның мінез-құлық ерекшеліктерін сипаттайтын коммуникативті
қасиеттері, сонымен қатар, қарым-қатынаста оның жүзеге асу мүмкіндіктері -
орталық құрылымдарының бірі. Белгілі бір стильде және қалауы бойынша
белгілі бір типпен қатынас құруға дайындығын қамтамасыз ететін, тұлғаның
коммуникативті нұсқаулары коммуникативті қасиеттердің психологиялық базисі
болып табылады. Қарым-қатынас барысында байқалатын өзіндік ерекшелектер
мәселесіне көңіл бөлу қажет. Себебі, қазіргі кезеңде бұл салада
зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Бұл салада жоспарланған зерттеулер болмаса
да, өзіндік ерекшеліктердің қарым-қатынас процесінің кез-келген
аспектілеріне ықпалы айқын байқалуда.
Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл жағдайда психологиялық сәйкестікке
қатысты зерттеулерді ескеру орынды. Психологиялық сәйкестік бағытындағы
зерттеулерде өзіндік ерекшеліктердің тұлғааралық өзара әрекет, қарым-
қатынас процесіне ықпал ету мәселелері кеңінен қарастырылады. Осы салада
қызмет атқаратын мамандар былай дейді: ... қарым-қатынас сәйкестікке
(сәйкессіздік) байланысты өз кезегінде тұлғааралық қарым-қатынас сипатын
анықтайды.
Психологиялық сәйкестік саласына негізделу нәтижесінде тек жаңа
сұрақтар ғана туындайды, ал қарым-қатынастағы өзіндік ерекшеліктер рөлі
анықталмай қала береді. Қазіргі уақытта психологиялық сәйкестік мәселесіне
қатысты бір де бір тәсіл, сәйкестік түсінігіне қатысты түсіндірмелер,
сәйкестіктің жалпы қабылданған критерийі және индикаторы да жоқ. Осыған
орай сәйкестік мәселесіне қатысты кең таралған құрылымды, бағдарлы
тәсілдерге тоқталайық. Аталған тәсіл шеңберінде серіктестердің өзара
әрекеттегі (қарым-қатынастағы) сәйкестігі психологиялық сәйкестіктің
ізделіп отырған эффектісіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін өзіндік
ерекшеліктерді айқындау жүзеге асырылады.
Аталған тәсілдің өзіндік сипаты бірнеше деңгей мен ерекшеленеді:
1. Әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық статус, білімі, мамандығы);
2. Әлеуметтік-психологиялық (құндылық бағдар, мақсат пен көзқарастардың
ортақтығы);
3. Психологиялық (тұлғаның мінезі және басқа да қасиеттері, ақыл-ой
деңгейі);
4. Психофизиологиялық (темперамент, эмоционалдылық, ағзаның
креативтілігі т.с.с).
Осы орайда, бізді қарым-қатынасқа түсушілердің психологиялық
ерекшеліктері қызықтырады.
Тұлғаның коммуникативті нұсқауларының түбегейлі диагностикасының
қажеттігі қазіргі уақытта психологиялық кеңес беру тәжірибесінде жақсы
қарастырылған, өйткені адамның психологқа келетін қиындықтарының барлығы
көбінесе өз алдына оның коммуникативті нұсқауларымен алдын-ала анықталатын
ретсіздіктермен байланысты. Кез келген объективті білім нақты жүйеге
сүйенетіні белгілі. Зерттелген объектінің күрделі болуы оның жүйесінің де
маңыздылығын жете түсінуге бағдарлайды. Адам психикасын белгілі бір жүйесіз
зерттеу мүмкін емес. Психологиялық сауаттылықты, білімділікті анықтайтын да
нақ осы жүйе. Бөлек-бөлек тұрғылар, байланыспаған жеке тұлғалар адам туралы
біртұтас елес тудырмайды. Адам өз рухани дүниесіне неғұрлым терең болған
сайын, соғұрлым психикалық құбылыстарды бақылаудың нәтижелері дәлірек
болып, олардың әр түрлі жүйелері мен тұжырымдары жасалады.
Тұлғаны зерттеуде кең тараған әдістемелердің көпшілігі белгілі бір
мөлшерде оның коммуникативті нұсқауының кейбір ерекшеліктерін белгілейді.
А.Н. Ивашов және Е.В. Заика жасаған әдістемелердің негізіне қарым-
қатынастың үшкомпонентті құрылымы туралы түсініктер енгізілген: 1) адам
өз серіктестерімен өзара қарым-қатынас құрайтын, қарым-қатынастағы өзіндік
позициялар, 2) адам өзара терең қарым-қатынас орната алатын, басқа
адамдардың қалайтын позициялары, 3) адам қарым- қатынаста бағдарланатын,
өзара қарым-қатынастар деңгейінің тереңдігі. Осы үш компоненттің
әрқайсысының модальдылығын ескере отырып қарастырылуы мүмкін: а) шынайы -
күй: шын мәнінде бүгінгі күні олар қандай? ә) қалау күйі: өзі үшін
болашақта, үлгі ретінде қалай көруді қалайды [2, 5-6 б].
Адам мамандығы, жынысы, ұлты бойынша кім болмасын, әрқашанда үш негізгі
тіршілік әрекетінің бірлігінде болады. Олар: еңбек, таным және қарым-
қатынас. Еңбек іс-әрекеті адами болмыстың негізгі мазмұнын құрайды. Осы
байланыстар және қатынастар қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады, осыған
орай ұжымдық еңбек іс-әрекеті процесінде адамдар арасында қызметтерді
үйлестіру және бөлу мүмкін бола бастайды. Кейбір мамандықтар үшін қарым-
қатынас еңбек іс-әрекетінің негізгі формасы болып табылады (лектор, актер,
мұғалім) [3, 26 б].
Ал В.С. Агеевтің пайымдауынша, адам өзге этникалық ортаға түскенде, ол
үшін қойылған жаңа мәдени қойнау алдында ерекше қиындыққа тап болады,
өйткені басқа мәдениет көбіне жазылмаған, тіркелмеген мәтін, заң, ереже
және т.б. болып табылады, бірақ барлығы тек бейресми, дәстүрлі каналдар,
әлеуметтік көрсеткіштер арқылы тасымалданады. Туған ортасына қарай жаңа
этникалық мәдениет ортаның негізгі айырмашылықтарын түсінбеу, әрине,
дезадаптацияға, этносаралық өзара әрекеттесу құрылымының деструкциясына
және оның құралдық (іскерлік), экспрессивті (тұлғалық) аспектілерінің
бұзылуына әкеп соғады [4,42 б.].
Қазақстан жағдайында этнос пен мәдениет саласының әр түрлі
проблемаларын зерттеген ғалымдар А. Сейдімбек, Г.К. Шалабаева, Ж.К.
Каракузова, Ж.О. Артықбаев, ұлттың табиғатын А. Айталы т.б.; ал
психологиялық жағынан Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов, М. Итбаев,
О.Х. Аймағанбетова және шетелдік ғалымдар З.Фрейд, Л.С. Выготский,
А.Н. Леонтьев, К.К. Платонов, Б.Г. Ананьев, Л.С. Рубинштейн,
А.Г. Ковалев, М.С. Коган, Г.М. Андреева, А.Г. Асмолов және т.б. қарастырған
[5, 4 б.].
Көп жағдайда ұлтаралық қарым-қатынас ұлттық психологиялық
ерекшеліктерге, этникалық өзіндік санаға және ұлттық мінез-құлыққа тікелей
байланысты болады. Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер тек адам психикасы
көрінісінің жалпы өзгешелігіне әсер етіп қана қоймай, аталмыш процесті
белгілі бір құрылым және мазмұнмен қамтамасыз етеді. Ал оның үшінші, яғни
бақылаушы қызметі, бейімделу, тұрақтану, әрекеттену, өзара әрекеттесу және
мінез-құлық процестері өзінің ұлттық ерекшеліктеріне тән бейнеленуі
қалпында жүзеге асады.
Адамның ұлттық белгілері оның құжатынан емес, тілінен, сырт
көрінісінен, жүріс-тұрысынан, сөз мәнерінен, мінез-құлқынан, әдет-ғұрпынан,
тіпті әзілінен, басқа да қылықтарынан көрінеді [6, 11 б.].
Жалпы тұлғаның дамуындағы қарым-қатынасты екі жақты сипатта қарастырып,
анықтама беруге болады. Бірінші, қарым-қатынас - іс-әрекеттің жетекші түрі,
жеке интимдік мінез; қарым-қатынас заты басқа адам-құрдас, ал мазмұны-
онымен қарым-қатынас құру және қолдау жасау (Эльконин Д.Б., Драгунова
Т.В.). Екінші, қарым-қатынас - іс-әрекеттің жетекші түрі және қоғамдық
мінездемесі бар, оның үлкендермен, құрбыларымен өзара қатынасында түрлі
жағдайларды меңгереді (Фельдштейн Д.И.).
Қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі: басқа адамның индивидуалдылығына
үнемі субьект, тұлға ретінде бағытталуы. Ол өзара белсенділікті болжайды
және бір - біріне қатысушылардың әрекеттесуі. Сондықтан қарым-қатынас -
үнемі екі жақты. Қарым-қатынаста айтылатын сөздің анықтығы айтушы үшін
маңызды, ал тыңдаушы үшін тек сөзді мәнді етіп, айтушының ойын толық
жеткізуге көмектеседі. Айтушы мен тыңдаушының өзара әрекеті қарым-
қатынастың қалай орнығуына ықпал етеді. Осы екі жақтық байланыс бір-біріне
деген кері байланысты білдіреді. Мұнда айтушы үшін тыңдаушы сөзді қалай
ұғынып, қабылдап, түсінетіндігі маңызды. Осыдан О.М. Копыленко түсіну
процесінің кем дегенде үш буында жинақталатынын көрсетті. Олар:1) қабылдау;
2) қабылданғанның мәнін түсіну немесе түсінгенді ішінара ұғынумен
қабылдау; 3) өзіндік түсіну. Бұл - түсіну процесінің иерархиялық құрылымы.
Мұнда қабылдау түсінуден ерекшеленеді:
І. қабылдау (түсінік жоқ) – 1) сөздік белгіні, оның сөздік емес
белгіден айырмашылығын тану. 2) сөздік белгіден таныс элементтерін
бөлшектеу (фонетикалық қатар, таныс сөздер) және хабарлау тілінің (түрік,
индоевропалық) қандай екенін анықтау мүмкіндігі.
ІІ. Қабылдау және ішінара түсіну - түсінудің бірінші кезеңіне
жетелейтін, сөзге қарағанда (мысалы, сөйлем) мәтіннен ірі бірліктерді
мүшелеу.
ІІІ. өзіндік түсіну - сөйлемге қарағанда, мәтіннен ірі бірліктерді
мүшелеу (пікір), яғни мәнді ерекшелей білу, жаңа ақпарат алу [7, 45 б] .
Кез-келген бірлескен іс-әрекет жүзеге асқанға дейін, келесі әрекеттің
мазмұны мен көлемін орнатуды, қатысушылар және т.б қызметтерін бөлуді
болжайды. Бірлескен іс- әрекет мазмұны мен көлемін анықтауды біз жалпы
міндет қою деп атаймыз. С.Г. Якобсонның ойынша, іс-әрекетті алдын-ала
ұйымдастырудың бұл сәттері оның болашақ қатысушылары, сол сияқты сол топқа
енбейтін адамдармен жүзеге асырылуы мүмкін [8, 29 б].
ХХ ғасырдың 60 жылдары Американ психотерапевті Э.Берн трансакты талдау
теориясын ұсынған. Трансакты талдау ұғымы адамдар арасындағы өзара
әрекеттесуді сипаттайды, ал қарым-қатынас барысында олардың әрқайсысы
өзіндік позицияны меңгереді. Оның концепциясы мен қарым–қатынасқа түсуші
субъектілердің Мен жағдайын анықтауға болады. Бұл оның белгілі бір
анықталған стильде тұлғалардың өзіндік қарым-қатынасқа түсуін дайындайды.
Э.Берн эгожағдайдың үш түрін Бала, Ата-ана, Ересек позициясын
ұсынды. Ол әрбір жеке тұлға дамуының біртіндеп толық сатылы түрде өтуі
мен қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсетеді. Осыған байланысты қарым-
қатынас позициялары пайда болады. Осы үш Мен адамның барлық өмір
ағысында өтеді. Сондықтан осы жағдайлар адамның мінез-құлық
ерекшеліктерінде, дауыс ырғағында және т.б., бір сөзбен айтқанда, қарым-
қатынасында көрінеді.
Н.Қ. Тоқсанбаева осы трансакты анализ арқылы (түрлі мінез-құлық, өз-
өзін ұстаулар) Бала, Ата-ана, Ересектің қайсысы болса да оларды төрт
қарым-қатынас типінен шығарып алуға болмайтындығын атап өткен. Ал ол қарым-
қатынастың төрт типіне мыналарды жатқызды:
1. Үйлесімді – болған табиғилық және серіктесінің индивидтілігіне
қызығушылықпен қарау жатады.
2. Жүйелікті – мөлшерлікті аналитикалықты ұстанған, серіктесті
деиндивидтендіреді.
3. Жекелену – пайдасы төмен, серіктесіне көңіл бөлмейді.
4. Қақтығысшыл – түрлі ауытқуларға бейім, кейде патологиялық
жағдайлармен де шектесіп кетеді [9, 18 б].
Қарым-қатынастың барлық жақтары: қарым-қатынастық тұлғалар арасындағы
пікір алмасу, бір-біріне әсер ету, ұжымы және бірін-бірі қарым-қатынас
арқылы қабылдау негізінде түсінісушілікті қалыптастыру, белгілі бір
жүйеліліктің бар болуын талап етеді. Сондықтан қарым-қатынас іс-әрекеттік
тұрғысынан алғанда, бұл – бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен
туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау
мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында
байланыс орнату мен дамытудың күрделі, көп жақты процесі.
Л.С. Көмекбаеваның пікірінше, тіл – этникалық бірдейліктің
этнодифференциалданған белгілерінің ішіндегі маңызды фактордың бірі.
Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, қарым-қатынас процесінде
этнопсихологиялық факторларды да ескеріп отыру маңызды [10, 13 б].
Әлеуметтік психологияда толеранттылық термині қолданылады. Ол, ең
алдымен, қандай да бір айырмашылықтарға – этникалық, ұлттық, діни, нәсілдік
және тағы басқаларға шыдамдылық ретінде түсіндіріледі. Толеранттылық
мәселесі - сол сияқты қарым-қатынастың процессуалды аспектісі. Тұлғааралық
қарым-қатынаста толеранттылық бір жағынан, іс-әрекет сферасы адам-адам
шеңберіндегі өзара-әрекеттестік болып табылатын тұлға кәсібилігінің және
жетілуінің бөлінбейтін сипаты (көрсеткіш) ретінде, екінші жағынан, жүйе
құраушы қызмет атқаратын, оқыту процесінде құрастырушы бейне (идеалды
модель) ретінде түсіндіріледі. Осыдан толеранттылық феноменологиясы қарым-
қатынас субъектісінің өзіндік дамуына негіз болатын ішкі қарама-қайшылық
көріністерінің бірі ретінде қарастырылады. Яғни потенциалды шиеленісті
жағдайдың дамуы конструктивті шешімге бағытталуы толеранттылықтың басты
қызметі ретінде түсінілуі мүмкін. Сол мезетте толеранттылық (оның түрлі
анықтамаларына негізделе отырып), сыйластық, қабылдау, ашықтық, көңіл бөлу
және т.с.с негізінде жағымсыз реакция тудыратын адаммен диалогқа түсу және
түсінуге дайындық болып табылады [11, 12 б].
Ойымызды қорытындылағанда, қарым-қатынас адам өмірінде ауадай қажет
әрі өз бетінше белсенді әрекет ету формасы ретінде жүзеге асырылады. Бірақ
көп жағдайларда тәжірибелік әрекеттерге кіріктіріледі, себебі белсенді,
жан-жақты қарым-қатынассыз ол мүмкін болмас еді. Адам дамуы, оның тіршілік
етуі, оның айналамен байланыс жасауы қарым-қатынассыз мүлде мүмкін емес.
Сонымен қатар, коммуникативтік кәсіп субъектілерінің, яғни соның ішінде
полимәдениетті ұжымдарда жұмыс атқаратын педагогтардың қарым-қатынас жасай
білу құзыреттіліктерін дамыту мәселесіне баса назар аудару қажет. Қазақтың
ұлы ақыны, философы Абай Құнанбаев: адам өміріндегі ең ғажайып нәрсе –
оның басқа адамдармен қарым-қатынасы деген қағидасы - қарым-қатынастың
адам өміріне өте қажет екендігінің дәлелі.

негізінде қарау
Соңғы кездері этнос психологиясының мәселелері назарға жиі алынып,
оның кейбір жақтары зерттелініп жүр. Этнос мәселесінің психологиялық жағын
қарастыруда ұлттық ерекшелігін, тұрмыс тіршілігін анықтамай, оның
филогенетикалық, онтогенетикалық түбірін белгілеу өте қиын.
Н. Елікбаев өзінің ”Ұлттық психология” атты еңбегінде: ”Ұлттық тілдің
көмегімен ұлттық ой-сезімді, мінез-құлық пен көңіл-күйді білдіріп,
эмоциялық халді жеткізе аламыз”, деген ойы назар аударарлық. Тіл этностық
бірдейліктің факторы болып табылады. Этностық тіл ретінде этностық
бірдейлік бейнеленеді. Біз ”этностық тіл”, “ана тілі”, “ұлттық тіл”,
”екінші тіл”– ұғымдарына жеке тоқталғанды жөн көрдік. Осы ұғымдар бөлек
жағдайларда әр түрлі мағынаны көрсетуі ықтимал, не бірыңғай болуы да
мүмкін.
“Этностық тіл” - этностың белгісін білдіретін тіл, этностың азығы.
Этностық тіл осы бірдейліктің негізін құрайды. Ол барлық этнос мүшелерін
байланыстырып, олардың арасында және әртүрлі таптар мен бұқара топтың
арасында әлеуметтік өзара әрекетті, әлеуметтік-экономикалық қатынасты
қамтамасыз етеді. Этностың кейбір өкілдері өз этностық тілінен ауытқыған
жағдайда да этностық бірдейлік жүйесін нығайтуға этностың символ рөлінде
сақтап қалады.
“Ана тілі” - сөйлеу өзара әрекетінің алғашқы дағдысы қалыптасқан тіл.
Бұл тіл, әрине, анасының, әжесінің, отбасының тілі. Осы тілде тұлғаның
алғашқы әлеуметтенуі, өз халқының әлеуметтік-этностық ортасындағы салт-
дәстүрлері және құндылықтарымен танысуымен бірге жүреді. Көпшілік жағдайда
“ана тілі” – “этностық тілмен” қатар жүреді.
Этностық бірліктің тарихи дамуы – көптеген ғалымдардың пікірі
бойынша, ұлттық психиканың көрінісі мен қызметі, оның ерекшеліктерінің
туындауы сыртқы және ішкі атрибуттарымен анықталады, және өкілдерінің
психикасының ерекшеліктері, өмір сапасының тасымалдануы заңды құбылыс болып
табылады.
Этникалық бірліктің жасы – адамдардың ұлттық психикасының ұзақ
қалыптасу куәгері, оның даму келешегінің болашағы немесе деградациясы.
Ұлтаралық қатынастардың сипаты және ондағы тарихи дәстүрлер ұлттық
санаға және өзіндік санаға, басқа ұлтқа қатынасындағы сезім көріністерінің
динамикасына әсер етеді.
Этникалық бірліктің мәдени дамуы – адамдардың ұлттық психикасының
негізгі сапалық мінездемесі, қоршаған ортаны арнайы эстетикалық, моралдық
және адамгершілік тұрғыда қабылдауы.
Этникалық бірліктің тілі мен жазуы – этнос өкілдерінің ойлау
ерекшеліктерін және дүниетаным деңгейлерінің, көзқарас ерекшеліктерінің
көрсеткіші.
Этностық бірлік өкілдері, әдетте, мына белгілермен:
- тарихи дамуы;
- территориясы;
- тілі;
- мәдениеті;
- психикалық ділі бар адамдар жиынтығы болып түсіндіріледі.
Этникалық бірлік өкілдерінің өзінің тұтастығын сезінудегі оның көрінісі
- біз деген түсінік.
Профессор Қ.Б. Жарықбаев этностық топ – тілі мен дінін, ділін, әдет-
ғұрпын сақтаған этникалық қауымдастықтың оқшауланған бөлігі деп анықтама
береді.
Р.Г. Абдуталипов өзінің Адам. Ұлт. Қоғам атты еңбегінде, ұлтаралық
қарым-қатынас мәдениеті кез-келген ұлтаралық қатынастар аумағының қажетті
атрибуты бола тұрып, өз табиғатына сай қоғамның рухани өмірінің феномені,
яғни ұлтаралық қатынастардың адамгершіліктік, моралды-саяси мәнінің арнайы
көрінісі болып табылатынын көрсетеді (12, 143 б.(.
Жалпы ұлтаралық қарым-қатынас мәселесі туралы тілге тиек еткенде, қарым-
қатынас процесі міндетті түрде топ, ұжым политоп деген ұғымдармен
тікелей байланысып жатады. Осыған байланысты отандық психология негізін
қалаушы ғалымдардың пікірінше: адам ылғи топппен бірге өмір сүретіні
белгілі. Ал топтың түрлері сан алуан. Топтар макро, микро, ресми, бейресми,
формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи, референттік
болып бірнешеге бөлінеді делінеді (12, 69 б.(.
Ал ресейлік Ю. Данилевич, сондай-ақ Кожахурь Г.С. өздерінің ұлтаралық
қатынастарды зерттеуге байланысты ғылыми жұмыстарында ұлтаралық қарым-
қатынастардың пайда болуына байланысты өз ойын былайша білдіреді: сауда-
саттық және мемлекеттер арасындағы соғыстар нәтижесінде пайда болған
ұлтаралық қатынастар, адамдардың өзіндік ұлттық психикалық ерекшеліктерінің
бекуіне әсер етті. Капитализмнің дамуы, яғни ұлттың толық қалыптасуы
барысында әр ұлт өкілдері психологиясы өздеріне тән спецификалық көрінісіне
ие болды (13, 6(
Сонымен қатар, тұлғаның дамуы мен қалыптасуында қазақ халқының тарихы
мен ұлттық құндылықтарын пайдалану белсенділігі (М.М. Мұқанов, Қ.Б.
Жарықбаев, С.М. Жақыпов, С.Қ. Бердібаева, Л.К. Көмекбаева т.б.) жоғарылап,
оны қолдануға деген қызығушылық артып келеді [14, 28 б.].
Қарым-қатынас сипаттамаларының басым бөлігінде (сонымен қатар іс-әрекет
ретіндегі түсінік те) объект ретінде басқа адам (немесе басқа адамдар):
оның санасы, себептер жүйесі, сезімдік сфера, орнатулар мен құндылықтары
қарастырылады.
Қарым-қатынасты зерттеуде мына нәрселерге сүйенеміз:
- біріншіден, қарым-қатынас - іс-әрекеттің ерекше типі, коммуникациялық
іс-әрекет;
- екіншіден, қарым-қатынас – кез-келген іс-әрекеттің іске асырылу шарты;
- үшіншіден, қарым-қатынас – арнайы берілген іс-әрекеттің нәтижесі.
Анықтамалардан қарым-қатынастың адам өмірінде қаншалықты мәнге ие
екендігі көрінеді.
Марксизм негізін қалаушылар қарым-қатынас формасы түсінігі
өндірістік қарым-қатынас түсінігіне қарағанда неғұрлым кең мағынада
қарастырылған. Қарым-қатынас формасы түсінігі Неміс идеологиясында
өндірістік қарым-қатынас мағынасында қолданылғандығы туралы ойға негіз бр
екендігі анық, себебі Неміс идеологиясының кейбір үзінділерінде бұл
терминдерді бір-бірін алмастырушы деп қарастыруға болады. Өндірістік
күштер және қарым-қатынас формалары арасындағы қайшылықтар туралы оқи
отырып, біз өндірістік қатынастардың өндірістік күштердің жетілу деңгейіне
сәйкестігі туралы заң екенін болжай аламыз. Қарым-қатынас формасы
түсінігімен қатар, Неміс идеологиясында өндірістік қарым-қатынас
түсінігі де кездеседі. Өндірістік қарым-қатынас түсінігі қарым-қатынас
формасы түсінігінің бар мазмұнын қамтымайтын болуы керек, оның астарында
К. Маркс және Ф. Энгельс әлеуметтік қатынастар жиынтығын меңзеген, яғни тек
өндірістік қарым-қатынастармен шектеліп ғана қоймаған.
Қарым-қатынас және әлеуметтік қатынастар түсініктері Неміс
идеологиясында қандай ара қатынаста? Қазіргі кезде қарым-қатынас жалпы
түсінік бойынша қоғамдық қатынас актуализациясын білдіретіндігі, индивидтер
түсетін қандай да бір қарым-қатынастың шынайы болмысы. Ал мұндай жағдайда
қарым-қатынас формасын қоғамдық сипатқа ие және тарихи тұрғыда жетілуші
актуализация тәсілі ретінде қарастыруға болады. [15, 12-13 б.].
Әлеуметтік психолог үшін адамдардың бірігу мәселесі көптеген сұрақтарды
қамтиды: белгілі типтегі топтар мен ұжымдардың құрылымын, бірлестіктегі
адамдар қызметінің мақсаты мен міндетін, әрекет сипатын, мотивін, ұжымдағы
мүшелердің қарым- қатынасын, адамдардың көңіл- күйін , ортақ пікірлерін,
дәстүрі мен салттарын зерттеу керек.
Осы сұрақтарды жан-жақты зерттеу бірлестіктің тұлғаға әсер ету
механизмін түсіну мен анықтауға көмектеседі, яғни тұлғаның ұжымда іс-
әрекетінің детерминациясын айқындап қана қоймай, оның белсенді
қалыптасуының жолдарын түсінуге мүмкіндік береді [16,113 б.].
Адамдардың арасында практикалық және рухани бірлескен іс-әрекет процесі
кезінде қалыптасқан қатынас қоғамдық қатынас ретінде анықталады. Бұл -
өндірістік, саяси, құқықтық, діни, психологиялық қатынасын қамтитын
жеткілікті үлкен категория. Қоғамдық қатынастың ішіндегі маңыздысы
өндірістік, экономикалық болып табылады. Олар, негізінен, барлық басқа
қатынас формаларын анықтайды. Психологиялық қарым-қатынас қай ұйымда
қалыптасқанына байланысты ресми және ресми емес болып бөлінеді. Ресми
қатынас қоғамда санкцияланып, құжатпен бекітіліп, бақыланады. Ресми емес
қатынас қоғаммен қабылданады және қолдау табуы мүмкін. Бірақ олар құжатпен
реттелмейді. Басқа классификацияда қатынас іскерлік және жеке болып
бөлінеді. Іскерлік қатынас оқу және еңбектің бірлескен іс-ірекетімен
байланысып, анықталады. Іскерлік қатынас, көбінесе, бірақ жиі
емес,қызметтік инструкциялармен бекітіледі. Осыдан келіп, олар ресми және
ресми емес болып бөлінеді. Кез келген ресми ұйымда, адамдар арасында ресми
қызметтік инструкцияға сәйкес келмейтін іскерлік қатынасты көруге болады.
Бұл - қатынастарды жеке деп есептеуге болмайды, өйткені аталған
қатынастың мақсаты бірлескен оқу және еңбек қызметінің нәтижесінде
практикалық жетістікке жету. Формальды және формальды емес қатынас өзінің
спецификалық белгілілері бар, олар қарым-қатынас талаптарының (жазылған
және жазылған емес ) орындаулар деңгейлерімен байланысты анықталады.
Өндірістік қызметте аталған қатынас 3 түрде де қарқынды болып келеді [17,
150 б.].
Этнопсихология өзі жеке дара ғылым бола отырып, ру, тайпа, халық,
ұлттардың психологиялық даму, жетілу ерекшеліктерін қарастырады. Ендеше,
халық - территориясы мен тіл бірлігі, ортақ мәдениеті мен экономикалық
ұрығы бар ұлттық топ.
Этнос өзінің мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін
динамикалық түрде дамыта отырып, өз бойында белгілі психологиялық бағыт
жүйелерін қарастырады. Этнопсихологияның және оның құрылысын көрсететін
әлеуметтік психологиялық факторларды төмендегі топтарға бөлуге болады:
1. Этникалық қажеттіліктер мен қызығушылықтар жүйесі;
2. Этникалық бағыттар мен құндылықтар;
3. Этнос психикасының белгісі;
4. Этникалық сезімдер мен көңіл-күйлері.
Осы этникалық психологияның құрылымындағы этникалық бағыт жүйелерінің
этноаралық өзара әрекетте болатын орны мол. Этнопсихологияның қалыптасуында
өзіндік маңызы бар және өте күрделі құрылымдық элементтерінің бірі
этникалық сезім болып есептелінеді. Этникалық сезім тек ұлтаралық
қатынастарда ғана емес, адамдардың ұлтына, ұлттық мүддесіне, мұқтаждығына,
сонымен бірге, басқа да ұлттардың мүдделеріне қатысты эмоционалды ұлттық
қатынастар болып табылады.
Этнопсихология қоғамдық сананың компоненті ретінде көрініп, өзінің
бойында әртүрлі психикалық кескін-келбетті және қасиеттерді біріктіре
отырып, сол ұлттың мінезін, жүріс-тұрыс таптауырынын қалыптастырады.
Этнопедагогикалық сана-сезім – этнопсихология ұғымынан гөрі шағын, соның
компонентіне енетін түсінік. Ол – ұлттарды бір-біріне ажыратып тұратын
айрықша белгі емес, тек әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Ұлттық сана-сезім
өз ұлтының әлеуметтік этникалық мәнін түсіну, ұлтаралық қатынастарда қандай
жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлесі барын ұғыну, әрі
өзге халықтармен бірдей бостандықта өмір сүріп, мәдениетін т.б. жағдайларды
жете түсіну болып табылады.
Осы этнопсихологиялық ерекшеліктер ұлтаралық қарым-қатынас барысында
бір-біріне өзінің ықпалын тигізіп отырады. Ұлттық дәстүрлер олардың
ерекшеліктеріне сәйкес сол ұлттық көпшілік өкілдеріне тиісті болатын
қоғамдық даму мен табиғат құбылыстарын қайталау заңдылықтарының нәтижесі
ұлттық дәстүр негізінде ұлт өкілдері кейінгілерге жүріс-тұрыс әдептерін,
әрекеттерді, адамдар арасындағы қатынас ерекшеліктерін, кейбір қоғамдық
топтарды, орындау ережелерін мұра етіп отырады. Қарым-қатынас барысында
кейбір ұлт өкілдерінің өз ұлт дәстүрін жете білмеулері көптеген
қайшылықтар, шиеліністер туғызады. Мәселен, ағылшындар кез келген ұлттық
дәстүрлерді пір тұтады. Тіпті кейбір мәселелерді Жалпы дәстүр негізінде
шешуді қалайды. Адамдар арасындағы қатынас эмоционалдық көріністің
түрлері мен формалары ретінде пайда болады.
С.М. Жақыповтың Танымдық іс-әрекетінің қалыптасуындағы этникааралық
фактор зерттеуінде оқу іс-әрекетінде ұлтаралық қатынасқа түсетін
оқұшылардың таным үрдісінің дамуына ұлттық ерекшеліктердің әсер етуі
анықталады. Мұнымен қатар, этникалық психологиялық негізгі ұлттық стериотип
мәселесін Искакова М.А., Жарықбаев Қ.Ж., Машурова Г.С. Мин Л.В., Логинова
Н. А., Назаров А.И. және т.б. еңбектерінен көруге болады.
Қазіргі кезде гуманитарлық танымда қоғамдық және индивидуалдық сананы
және мінез-құлықты манипуляциялау аз мөлшерде екі негізгі аспектте
зерттеледі.
Өзін-өзі танудың үшінші көзі - өзіндік рефлексия. Мінез-құлықтық
тұрғыдан өзін-өзі қабылдауы. Адамдар кейде өздерін ішкі бақылаушылар
ретінде ұстайды және өзіндік іс-әрекеттің маңызын өзі туралы қорытындылар
жасау үшін қолданады. Сонымен қатар, адамдар өзінің ішкі әлемінің
бақылаушылары ретінде жиі болады (мысалы, ойлар мен сезімдер) және
бақылаулардың мазмұнын өзі туралы қорытынды жасау үшін қолданады.
Сонымен, өзара түсіністік түсінігін қолдана отырып, жоғарыда
көрсетілген төрт компоненттен тұратын психологиялық феноменді меңзейтін
боламын [18,48 б.].
1922 ж. американдық Уолтер Липпман саясаткер этника топтарын
бейнелейтін-әлеуметтік стереотип жаңа ұғымын енгізген. М.А. Искакова
мемлекетімізде этникалық стереотиптерді зерттеуге қатысты, қазақстандық
жоғары оқу орындарында алғаш рет студенттерге эксперимент жасалды.
Эксперимент нәтижесінен кейін қазақ және орыс халықының авто және
гетереостреотиптерін құрды. М.А. Искакова орыстарда қазақ гетереострипіне
қарағанда, орыс стереотипіне бағытталған қазақтардың позитивтілігінің басым
екенін көрсетті. Қазақстанда тұратын орыстардың стереотипін зерттеуде
М.А. Логинованың еңбегінің маңызы зор. 2001-2002 жылдары Қарым-қатынастың
диагностикалық тест негізінде этникалық стериотипті әлеуметтік-
психологиялық зерттеу стериотиптің эмоционалды-бағалау компонентін
зерттеуге бағытталған, ол студенттерге 54 жеке тұлғаның сапасын ұсынуға
арналған, нәтижесінде этностериотип трансформациясы болды.
Психологтар жеке тұлғаны зерттеуге қатысқанда, ең бірінші, олар
қасиеттің көп түрлілігімен және олардың тәртібінде пайда болуымен
кездеседі. Егер біз жеке тұлғаның психологиялық портретін салуымыз керек
болса, онда тұлғаның психикалық қасиеттерімен жұмыс жасауымыз керек. Осыған
байланысты Эриха Берннің жеке тұлғаны дамытудағы еңбегінің мәні зор.
Э. Берннің негізгі мақсаты мынадай: адамды оқыту, қарым-қатынасқа
түсуіндегі мінез-құқтын таңдау, өзінің сөзін анализдеуге үйрету болып
табылады.
Қарым-қатынастағы позиция туралы мәселе әлеуметтік психологияның әр
түрлі бағыттарында қарастырылған. Біршама толыққанды зерттеуге ол трансакті
сараптама арнасында ие болды. Бұл жағынан келгенде, позиция, (өзіндік те,
серіктестікі де) біріншіден, жүргізуші эго-күймен және екіншіден, тұлғаның
қатынасының негізгі типімен ерекшеленеді. Э.Берн және оның ізбасарларының
еңбектерінде үш эго-күй туралы түсінік жетілдірілген: Бала (Б), Ата-ана
(А), Ересек (Е), олар әр қайсысы оған ғана тиесілі арнайы мотивтерімен және
қарым-қатынас әдістерімен байланыстырылатын жетілген тұлғаның қалыптасуының
жүйелі сатысы ретінде қарастырылады. Оның үстіне, эго-күйдің әрқайсысы өз
құрылымының және генезисінің ерекшелігіне қарай қарым-қатынастың әр түрлі
типтерін туындатуы мүмкін. Осылайша Б табиғи және әлеуметтік орта
әсерінен бейімделген болуы мүмкін, ал бейімделген Б өз алдына сыртқы
әсерлерге көнгіш, жоғарыдан қысымға қарсы, бүлікшіл және
айналасындағыларды алдап-арбайтын болуы мүмкін; сонымен қатар, табиғи Б
мінез-құлқының әр түрлі әдістері суреттелген. А эго-күйіне де әр түрлі
мінез-құлық типтері тән: бақылаушы (авторитарлы), жұмсақтықтан
патологиялық қатігездікке дейінгі түрлері бар, тәрбиелеуші (қамқорлық
көрсететін) және шеттетілген. Е эго-күйінің сипаттамасында мінез
акцентуациясы ретінде көрінетін оның қалыпты қызмет етуінен (үйлесімді Е)
мүмкін болатын ауытқулардың қатары көрсетілген. Осылайша, шаршаған Е
(психастеникалық сипаттарымен),қатаң сызылған шекарасы бар Е (шизоидті
сипаттарға жақын), колтаминирленген А-ның Е-сі (параноялық сипаттар) және
т.б. [19, 166 б.]. Трансакті анализ бойынша әдебиеттер де бар Б, А және Е
мінез-құлықтарының әр түрлілігінің сипаттамасы негізінде біз бұл барлық
жағдайларда әңгіме қарым-қатынастың төрт типінің бірінің басым түсуі
жөнінде болып жатыр деген қорытындыға келдік.
Тұлғаны зерттеу әдістерінің көбісі біршама деңгейде оның
коммуникативті нұсқауының кейбір ерекшеліктерін белгілейді, алайда, қазірге
дейін диагностиканың негізгі объектісі ретінде коммуникативті нұсқауды
анықтауға және сараптауға арнайы бағытталған көңіл толтырарлық әдістемелер
жоқ.
Біз зерттеп, дайындаған әдістің негізіне коммуникативті нұсқаудың
үшкомпонентті құрылымы туралы түсінік қойылған. Ол келесілерді қамтиды:
1)адам өз серіктестерімен қарым-қатынас орнататын өзіндік позициялар,
2)терең қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік бар басқа адамдардың қалайтын
позициялары және
3)қатынаста адам бейімделген өзара қарым-қатынастың тереңдік деңгейі.
Коммуникативті нұсқаудың бұл үш компонентінің әрқайсысы модальділікті
есепке алумен бірге қарастырылуы мүмкін:
а) шынайы жағдай: олардың бүгінгі таңдағы шынайылығы қандай және
б) қалайтын жағдай: адам оларды болашақта, идеалда қандай болып көргісі
келеді [20, 162 б.].
Сондықтан, алдымен, тұлғаның психологиялық ерекшелігін қарастырғанымыз
жөн. Тұлға деген-белгілі бір қоғамда орны бар, дүние таным қабілеті бар,
қажеттілігі, қызығушылығы, іскерлігі, мінезі, көзқарасы, сенімі және
табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан. Жеке адамның тұлғалық
сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі- әрбір
адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл - адамдардың
типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі – сол типтерден
туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы
заманғы психологиялық айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және
әлеуметтік факторларға негізделеді.
Тұлға түсінігі психологияда ең негізгі мәселе болып отыр. Бірақ бұл
саладағы зерттеулердің басталғанына көп болған жоқ. Десек те, біраз зерттеу
жұмыстары жүргізіліп, ендігі кезекте сіздерге осы мәселе бойынша теориялық
тұрғыдан материалдар ұсынамыз.
Тұлға-психология ғылымының құрылымдық дәрежелерінің бірі .Тұлға
дегеннің не екенін түсініп, оның психикалық құрлымының негізгі қасиеттерін
бөліп қарастыру үшін Б.Г.Ананьев ұсынған адамды толық сиппаттайтын
ұғымдарды классикалық дәптерінен бұл ұғымды индивид-іс әрекет субьектісі-
жеке даралық тұлға деп қарастырамыз [21,3 б.].
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz