Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.6
І Оқу іс . әрекеті барысында мінез . құлықтың қалыптасуының ғылыми . теориялық негіздері
1.1 Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі мінез . құлыққа ғылыми теориялық талдау ... ... ... ... ... 7.17
1.2 Мінездің құрылымы мен қасиеттеріне психологиялық . педагогикалық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.25
1.3 Оқу іс . әрекеті барысында мінез.құлықты қалыптастыратын негізгі шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25.31
ІІ Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс . әрекеті барысында мінез . құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
2.1 Оқу іс . әрекеті барысында мінез . құлықтың қалыптасуын анықтау эксперименті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32.41
2.2 Оқу іс . әрекетінде мінез . құлықты түзету және дамыту жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41.61
2.3 Зерттеу нәтижелерін жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61.62
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63.65
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66.69
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70.74

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-6
І Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықтың қалыптасуының
ғылыми – теориялық негіздері
1. Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі
мінез – құлыққа ғылыми теориялық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...7-17
2. Мінездің құрылымы мен қасиеттеріне психологиялық - педагогикалық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-25
3. Оқу іс - әрекеті барысында мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі
шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-31
ІІ Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында
мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
2.1 Оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықтың қалыптасуын
анықтау
эксперименті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..32-41
2. Оқу іс - әрекетінде мінез – құлықты түзету және дамыту
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 41-61
3. Зерттеу нәтижелерін
жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
-62
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .63-65
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
-69
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 70-74
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру
жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез –
келген дағдарыстан шығу делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп
ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта
құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-
қатынасты өтеу қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мектеп ұжымы өз
іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі
мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс
пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына
үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы
мықты азаматын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының, мектеп ұжымының бүгінгі
таңдағы мерейлі міндеті.
Оқу іс-әрекеттің дамуы үшін оқушы бойында міндетті түрде талаптың
болуы шарт. Талап, құлшыныс болмаған жерде оқу іс-әрекеті дами
алмайды. Талап әдетте көру және есту анализаторларынан, сондай – ақ
нерв жүйелерінің типологиялық қасиеттерінен құралады. 1- 2-ші сигнал
жүйелерінің арақатынастары мен даму деңгейін де талапқа жатқызуға
болады. 1- ші сигналдық жүйеге - түйсік, қабылдау, елес, ал 2- ге
шындықтың ұғым болып қалыптасуы жатады.
Психологтардың пайымдауынша, іс-әрекетсіз ұстаз болғанымен іс-
әрекетсіз шәкірт болмайтын тәрізді. Бұл пікірді орыстың заңғар
жазушысы, ойшыл Л.Толстойдың мына даналық сөзі де тереңдете
түскендей. Ол барлық мүмкіндіктер балалардың бойында, деп жазған.
Сол үшін ашылмай бұйығы жатқан мол мүмкіндіктерді дер кезінде
ашып, дұрыс жолға бағыттай білу керек. Сайып келгенде, бұл
бәрімізден де аса үлкен жауапкершілікті, сезімталдылықты,
ыждағаттылықты талап етері сөзсіз.
Оқу іс-әрекетімен мінез-құлық арасындағы өзара байланысты
ескеру де өте маңызды. Сондықтан ең бастысы оқу іс-әрекеті жоғары
болуы үшін ақыл – ой деңгейі де биік болуға тиісті. Бала
интеллектуалдылығы биіктеген сайын мінез-құлықтың дамуы да жоғарылай
түспек.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда сыныптан тыс
жұмыстардың маңызы зор. Бұл мәселе педагогикалық және психологиялық
әдебиеттерде қарастырылған. Олар сыныптан тыс жұмыс мектептегі бай рухани
өмірді қалыптастыруға, оқу пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге, оны іс
жүзінде қолдануға, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық
пайдалануға, дүниеге ғылыми көзқарасын және оқу пәндеріне танымдық
қызығуын қалыптастырып, дамытады.
Адам әрекетінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде
бағытталып отыратыны анық. Еңбек ерекетінде немесе оқу әрекетінде болсын
адам алдына бір мақсат қойып содан бір нәтиже шығаруға ұмтылады.
Осындай мақсаттардың бірінде адамның оқу іс - әрекетін алуға болады. Оқу іс
- әрекеті барысында адамның жеке дара қасиеті жетекші орынға ие. Соның
ішінде адамның күрделі жеке даралығы – мінез – құлығы.
Мінез – құлық қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Оқу іс - әрекеті
барысында жеке тұлғаның маңызды психологиялық сапаларының бірі ретінде,
мінез – құлықты қалыптастыру жолдарын анықтау мақсатымен ғалымдардың
теорияларымен байланыстырып, зерттеу нәтижесін көрсету көзделіп отыр.
Бастауыш сынып оқушыларында оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мінез
бітістерінің комплекстері өз әсерін тигізеді. Сол себепті, мінез – құлық
ережелерін оларға тән моральдық нормаларды игеру оқу іс - әрекетін
жеңілдетеді. Сондықтан диплом жұмысымыздың тақырыбын Бастауыш сынып
оқушыларының оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлықтың қалыптасуы деп
алдық.
Зерттеу мақсаты - оқу іс - әрекетінде бастауыш сынып оқушылырының мінез
– құлқының қалыптасуын зерттеу.
Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекеті.
Зерттеу пәні - мінез – құлықтың оқу іс - әрекетінде қалыптасу
ерекшелігі.
Зерттеу жұмысының болжамы - оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықты
қалыптастыратын негізгі шарттарды анықтай отырып, эксперименттік
зерттеулерді ұйымдастыру нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу іс -
әрекетіндегі мінез – құлықтарының қалыптасуы туралы мәлімет алуға болады.
Егер де бастауыш сынып мұғалімдері баланың мінезін күнделікті бақылауға
алып отырса, оқу үрдісінде мінезді қалыптастыру мақсатталса, оқушылардың
мінез-құлқында кездесетін қиындықтар болмас еді.
Зерттеу міндеттері:
- Зерттеу тақырыбының теориялық негізін талдау.
- Зерттеу мәселесінің практикалық маңызын негіздеу.
- Оқу іс - әрекетінде мінез – құлықтың калыптасуын анықтау.
- Оқушылардың мінез – құлқын оқу іс - әрекетінде қалыптастыру.
- Зерттеу жұмысының нәтижелерін сараптау.
Зеттеу әдістері - ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасау әдісі,
психодиагностикалық әдістемелер, бақылау әдісі, эксперимент әдісі, зерттеу
нәтижелерін өңдеу және талдау әдісі.
Зерттеудің әдіснамалық негізі - Зерттеу жұмысының теориялық -
әдіснамалық негізіне мінез – құлықты қалыптастыру туралы теориялар
(Л.С.Славина, Л.Ф.Островская, В.Д.Шадриков, Р.В.Овчарова, Л.С.Выготский,
В.В.Давыдов ), оқу іс - әрекетіндегі жеке тұлғаның қалыптасуы туралы
теориялар (Д.Б.Эльконин, В.Занков, Н.Зимняя, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев).
Зерттеудің теориялық маңыздылығы – зерттеудің ғылыми әдістерін
мақсатты түрде қолдану және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы жүзеге
асырылды. Тәжірибе жүргізуге бағытталған теориялық деректер жинағы сапалық
жағынан талданып өңделді, ұсыныстар енгізілді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы – зерттеу нәтижелері бастауыш
сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде мінез-құлқын қалыптастыруға
мақсатталған, арнайы маман психологтарына, педагогтарына бала мінез-құлқы
мәселесін терең ұғынып, соның негізінде оқу іс-әрекетін дамытуға мүмкіндік
туғызады.
Зерттеу базасы Тараз қаласы Ж. Жабаев атындағы №5 қазақ орта мектебі
Диплом жұмысының құрылымы - кіріспе, екі тарау, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Зерттеу кезеңдері
Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің ғылыми-ізденістері
құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бөлімдері
анықталынды. Пайдаланылатын әдебиеттер жинақталынып, талданды.
Зерттеудің екінші кезеңінде оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлықты
қалыптастыру диагностикалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Психокоррекциялық жаттығулар ұсынылды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және
тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді.

1.1 Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі
мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді.
Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. Мінез деген
психологиялық қасиеттің төркіні гректің характер деген сөзінен шыққан.
Мәнісі-із қалдыру. Психологияда бұл – дербестік мағынасы бар адамға
байланысты ұғым.
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер
мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде
әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді.
Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері.
Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің
нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшандығы, ақыл – ойдың
тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
Мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез – құлқының ерекшелігі ол
әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске,
адамдарға қарым – қатынасынан көрініп отырады. Жеке адамға немесе адамдар
тобына тән өзіндік қарым – қатынастар, мінез – құлық пен қимыл
қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс - әрекетінде, тәрбие мен
өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады.
Іс - әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің
толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол
қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса, онда біртіндеп
оралымсыз, тартқыншақ мінез қалыптасады. Бала мінезінің қалыптасуына жанұя
мен мектеп өмірінің моральдық – психикалық жағдайы үлкен әсер етеді.
Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық өріс алған қоғамда кеңес адамдарының
бойында ұжымдық, сергектік, ілтипаттылық, мақсаттылық және табандылық
сияқты тамаша қасиеттер қалыптасып отырады. Олай болса, нақты адамның
мінезіне талдау жасағанда ол өмір сүріп отырған қоғамдық – тарихи жағдайды
еске алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытын да ескеріп отырған дұрыс,
өйткені бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара
байланысты себептер болып есептеледі. Соның нәтижесінде адамның әр алуан
психикалық процестері оның іс - әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл –
ойын, көңіл – күйін, эмоциясын, ерік – жігер қасиеттерін айқын аңғартады.
Мінездің мәнерлі белгілері. Мінез тек қылық пен қимыл – қозғалыстардан
ғана емес, бет - әлпеттен және ымнан да байқалады. Мінез жеке адамның
сыртқы кейпіне әсер етеді. Мәселен, беттегі әжім бұл адамның жасы ұлғаюының
ғана белгісі емес, ол сондай – ақ беттегі бұлшық еттердің әдеттегі
қозғалыстарының да нәтижесі. Кейбіреулер үнемі күлімсіреп жүрсе, енді
біреулері түнеріп жүреді, біреудің бетінен таңдаған пішінді, екінші біреу
мұны бүкіл бет пішінімен байқатады.
Көз – адам жанының айнасы деген сөз бар. Шынында да, көз мінез бен
темпераменттің кейбір ерекшеліктерін байқатады. Мәселен, Л.Н.Толстой
шығармалары қаһармандарының көз жанарлары олардың моральдық – еріктік не
эмоциялық ерекшеліктерін тайға таңба басқандай көрсетеді.
Мінез адамның сырт қалпынан да байқалады. Мәселен, тәкаппар адамдар
денесін шалқайта, кеудесін керіп, басын кекірейте ұстайды. Қарапайым адам
көзге түсуді қаламайды, еңкіштеніп басын мойнына тығып жүреді. Жағымпаз
адам сөйлескен адамына жаутаңдай қарап, мүләйімсіп тұрады, көз түбінен
қуланған күлкі болар – болмас байқалады. Адамның алшаңдай немесе қысқа
адымдап жүруі, тұрысы, қолын қандай қалыпта ұстайтындығы да мінезін
сипаттайды. Адамның сыртқы түріне қарап мінезін анықтау, әрине оңай нәрсе
емес, өйткені, кейбіреулер өзінің жан дүниесін сыртқы жасанды қылығымен
жасырғысы келеді.
Мәселен, жарамсақтық кейде айлакерлік пен сатқындықты бүркемелеп тұруы
мүмкін. Әйтсе де, адам қандай қулыққа салынса да бірде болмаса бірде өзінің
нағыз бет пердесін көрсетіп алады. Бұл әсіресе, қақтығыс үстінде оқыс
жағдайларда кездеседі. Мінезді танып, білу үшін – адамның сөзі мен ісін
салыстырып, оны өмірдің сан – алуан жағдайларында байқап көру қажет.
Мінезді оны қалыптастыратын өмір жағдайларынан бөліп алып қарайтын
метафизикалық тұрпаттағы психология – адам мінезіндегі даралық пен типтілік
бітістердің өзара қатынасының мәнін ұға алмайды.
Идеалистер мінезді туа бітетін кең өмірде өріс алатын адамның рухани
күші деп түсіндіреді. Идеалистік психологияның кейбір өкілдері бүкіл
адамзатты барлық уақытта да өмір сүретін мырзалар мен құлдардың мінездік
типтері деп аталатын өріссіз, жасанды сұлбаға саяғысы келеді. Осындай
психологтардың басқа бір тобы мінез бітістері мен типтерінің
қалыптасуындағы заңдылықтарды жоққа шығарып, адам бірінің мінезін екіншісі
қайталамайды және адам тумысынан берілген мінез – құлқын өзгерте алмайды
дейді.
Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет
сипаттап жазған – ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д.IV-III ғғ). Бірақ,
ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де
(XVIII ғ.) Теофраст мінездері деген еңбегінде мінезді осы мағынада
қолданған. Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметтік – адамгершілік
ерекшеліктерін білдірген. Бұл - әрине, темпераментке кері анықтама.
Өйткені, темперамент – адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті.
Осы көзқарасқа орай, мінез – адамның туа пайда болатын фенотипті
ерекшелігі. XIX ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық
ерекшелік, дара адамның ақыл – ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің
қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс
медигі әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді.
И.Кант (XVIII ғ.) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда
жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық
қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын
ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын
икемделу десе, ал Малапер, Фулье т.б. мінездің туа пайда болуымен қатар
жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық
сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады.
Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара
талас – тартыс туғызып келеді.
Психологиялық - педагогикалық зерттеулерде бала мінез – құлығының
ауытқу мәселесі түбегейлі зерттелініп сипат алғанымен, қалыпты дамыған бала
мінез – құлқының жағымсыз түрлерінің туындау себептері ғылымда өз
денгейінде зерттелінбеуде. Л.С.Славина дети с аффективным поведением атты
еңбегінде кіші мектеп жасындағы балалардың аффективті мінез-құлқына
сипаттама бере отырып, психологиялық талдау жасайды. Мұндай балалардың
мінез-құлқына мыналар тән: өкпелегіштік, бұзықтық, бірбеткейлік, дөрекілік.
Олар басқа балалармен үнемі ұрсысып, керісіп, ескертулерге тез ренжіп
қалады. Автор мұндай мінез-құлық оның ұжымындағы дұрыс құрылмаған өзара
қарым-қатынастардың салдарынан пайда болады деген қорытындыға келеді.
Зерттеулердің басым көпшілігі қиын балалардың тұлғалық ерекшеліктерін
тануға арналған. Баладағы әр түрлі жағымсыз мінез-құлықтарға орталық жүйке
жүйесінің ықпалы зор екен.
А.Д.Савченко өзінің бала қылығы және олардың себептері туралы деген
мақаласында жағымсыз іс-қылықтар өзінен-өзі туындамайды, олар арам ниеттің
нәтижесі, ал оның тамыры дұрыс құрылмаған тәрбиеде, себептері үлкендердің
жаман өнегесінен, дұрыс үлгі бола алмауында деп атап өтеді.
Жағымсыз реакциялар, соған сәйкес мінез-құлықтың еркелік, қыңырлық,
қиқарлық, эмоционалды тұрақсыздық түріндегі қылықтары басым балаларды
түбегейлі оқып-тануға Е.Д.Белова да бар жігерін салды. Ол барабар емес
аффекте көрінетін бала мінез-құлқы үшін оларға қасарушылық, тұйық
мінезділік тән деп көрсетеді. Бұл балалар басқалармен дау-жанжалға жиі
түседі, үлкендердің ескертпе-түзетулеріне қарсы шығады. Оның зерттеу
жұмысының мақсаты балалардың аффектілі мінез-құлқына толыққанды талдау
жасай отырып жағымсыз мінез-құлықтарды жою жолдарын көрсету болды. Зерттеу
барысында жинаған материалдары авторды мынадай қорытындыға әкелді. Мұндай
қателіктерге мыналарды жатқызады:
-талап қоюдың жүйелігі мен дәйектілігінің қалыс қалуы;
-шамадан тыс еркелету;
-ата-ана тарапынан бақылаудың болмауы;
Л.Ф.Островская өз зерттеулерінде еркелікке бейім балалардың жас
ерекшелік және психофизикалық ерекшеліктеріне, оларды дұрыс тәрбиелеуге
қатысты туындайды деп тұжырымдайды. А.П.Лариннің пікірінше қасарушылық
кейде тәрбиенің жағымсыз жағдайларына байланысты ерте туындайды.
В.Д.Шадриков негативті мінез-құлық ерекшеліктері дұрыс құрылмаған
тәрбиенің нәтижелі болуы мүмкін дейді. Автордың пікірінше бала бетінен
қақпайтын ортада өссе, өз дегенін істесе, әрекеттері мен талап-тілектеріне
шек келтірмесе, онда оларда өз мінез- құлықтарын еркінше басқару және
ережелер мен мөлшерлерге бағыну қабілеттіліктері қалыптаспайтын болады.
Олай болса эмоционалды қызбалық және ұшқалақтық немесе баладағы
танымдық және қозғалыс іс-әрекетінің кідірісі, оның темпераменті мен жеке
ерекшеліктерінің көрінуімен байланысты болуы мүмкін. Асықпаушылық пен баяу
қозғалу флегматиктерге тән болса, артық қозғалу ментұрақсыздық-сангвиниктер
мен меланхоликтердің айрықша белгісі. А.А.Рояк балалардың қарым-қатынасқа
түсулерінің қиындықтарын барлай отырып, олардың мінез-құлқындағы мынадай
бітістерді, яғни, өрескелдігі, сенбеушілігі, агрессивтілігі болатындығын
анықтады. А.И.Захаров тәрбиедегі ауытқушылық отбасында көрініс береді және
оның себептері отбасы құрылымында болады, сондай-ақ ата-ананың балаға қарым-
қатынасынан туындайтынын айта келіп осы бағыттағы тәрбиенің мынадай негізгі
параметрін бөліп көрсетеді.
-түсінбеушілік;
-қабыл алмау;
-тоталитарлық сәйкессіздігі;
-балалармен қарым-қатынасындағы икемсіздігі;
-балаға қараудағы бір қалыпсыздығы;
-ата-аналардың өзара қатынасындағы келіспеушіліктері;
Отбасы жағдайындағы осындай мәселелерді ескерген автор бала мінез-
құлқының бұзылуына, олардың тууына себепші болатындығын көрсетіп, егер
ата-аналар өздерінің жеке проблемаларын дер кезінде шешіп отырса , бала
психологиясының бұзылуына жол бермейтінін баса айтады.
Сонымен Р.В.Овчарова және басқа да ғалымдардың зерттеулерімен келісе
отырып, бала мінез-құлқы қиындығының себептерін жалпы мынадай топтарға
жатқызуға болады.
1. Әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалу, бұл арада бала өзінің
тәрбиесіздігінің нәтижесінде өзін дұрыс көрсете алмайды, онда қажетті
білім, іскерлік, дағды және жағымсыз мінез-құлық стереотипі қалыс қалады.
2. Терең психикалық дискомфорт бұл отбасы өзара қатынасының
сәтсіздігінен, яғни отбасындағы психологиялық жағдайдың терістігі, топтағы
құрбы-құрдастарымен өзара қатынасының жараспауы, балаға ата-ана, тәрбиеші,
оқытушы тарапынан әділетсіз қатынас жасалуы салдарынан көрінеді.
3. Жас дағдарысы, мінез акцентуациясы және басқа да себептерге
байланысты психикалық және дене күшінің саулығы мен дамуының ауытқу күйі.
4. Өз ойын білдіруде парасатты белсенділік танытудан, пайдалы әрекет
түрімен шұғылданудан қалыс қалу.
5. Қараусыздық, қоршаған ортаның теріс ықпалын және оның негізінде
әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның дамуы.
Осы аталған себептердің қатарында әсіресе баланың әлеуметтік-
психологиялық қараусыздығы, оларға қоршаған ортаның немқұрайды қатынасы
басты орын алады, нәтижесінде шет қалу, өзінің қажет еместігі,
қорғансыздығы сияқты сезімдер туындайды. Сондықтан өскелең ұрпақ тәрбиесіне
әрқашан жауапкершілікпен қарау керек.
Психологтар бастауыш мектеп жасындағы оқушының жеке тұлғасының
қалыптасуындағы оқу іс-әрекетінің мәніне ерекше көңіл бөліп ,оқушының ішкі
позициясын қабыл алу, (Л.И.Божович), оның танымдық және адамгершілік
күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, мінез – құлық мотивтерінің
өзгерісі (В.В.Давыдов), баланың мектепке оқу міндетін сезінуде қамтылған
қоғамдық орнының өзгерісі (Н.Ф.Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп
көрсетеді. Кеңес психологиясында мотивациялық сфера өзінше қарастырылады ол
адамның ақиқатқа, өз-өзіне, басқа адамға белсенді түрде бағытталған
қатынасының күрделі жүйесін құрайды, әрі түрткілердің әртүрін қамтиды
(Л.И.Божович). Баланың қай мотиві өзіне жетекші мотиві ретінде таңдап
алуына қатысты оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды (Л.И.Божович,
А.Н.Леонтьев). Оқушының мотивациялық сферасы оның эмоционалды – еріктік
сферасына, оның ақыл- ой әрекетіне әсер ететін түрлі қатынастардың қайта
құрылуына әсер ететін өте мәнді фактор ретінде көрінетін педагогикалық
бағамен анықталады.
Осы жастағы оқушылардың қарым–қатынастарының ерекшеліктерін сипаттай
келе, Л.И.Божович, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин балалардың құрдастарымен
жақындығына қарамастан ересек адам, әсіресе мұғалім олар үшін бедел иесі
болып табылатындығын көрсетеді. Д.Б.Эльконин, баланың ересектермен
қатынастарының барлық жүйесі жеке қарым-қатынасқа дейін оқу іс-әрекеті
арқылы жанамаланады деген қортындыға келеді. Баланың оқу іс - әрекетіне
енуі ересектің оқушылардың өзіндік сана сезіміне әсер ету мүмкіншілігін
ұлғайтады. Осындай көзқарастың негізінде бастауыш мектеп жасындағы
оқушылардың ересектермен өзара қатынастары бір – біріне қайшы екі
тенденциямен сипатталады. Бір жағынан ересектердің талаптарына мойынсыну,
бағыну міндеті айқын көрінсе, екінші жағынан өзінің жеке басының
дербестілігін, ынтасын, құқығын қорғау мақсатында дербестік пен тәуелсіздік
сезімі пайда болады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектерге
қатысты тәртіп сезімі әлі қалыптаса қоймайды. Дамудың осы сатысындағы
балалардың сана сезімі жаңадан қалыптаса бастайды. Жеке басының жеткілікті
дәрежеде жетілмеу себебінен, балалардың ересектермен қатынас қажеттілігі
пайда болады.
Психологтардың ойынша бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзара
қатынастарының негізгі бет бейнесі, олардың достық қатынастарының сыртқы
өмірлік жағдайлары мен кездейсоқ қызығушылықтарының бірігіп кетуінде.
Құрдастарының берген бағасы өзіндік бағалаудың қалыптасуына негіз болмайды.
Осы жас шамасындағы балалардың жетекші іс - әрекеті болып табылады. Қарым –
қатынас көбінде өз - өзін және басқа адамдарды тану қажеттілігін
қанағаттандыратын іс - әрекет ретінде қарастырылады. (М.И.Лысина)
Баланың ересектермен қарым – қатынастарының жүйесі жеке қарым –
қатынасының өзі оқу іс - әрекеті арқылы жанамалданады. (Д.Б.Эльконин)
Баланың мектептегі өзгерістерден кейін өмірлік тәжірибесі пайда болады,
құрбыларының арасында өзіне тән нақты орынды иелену ұмтылысы пайда болады
(А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович, И.В.Дубровина, Б.Г.Ананьев). Бастауыш мектеп
жасында балалардың ересектермен, әсіресе мұғаліммен қарым – қатынастары
ерекше мәнге ие болады, өйткені осы жас шамасындағы баланы мектептегі оқуға
өтумен байланысты өзінің іс - әрекетіне, ересектермен және құрбылармен жаңа
қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру
дайындығын қамтитын, оқушының әлеуметтік позициясы қалыптасады
(Л.И.Божович). Балада мектепке келісімен оқығысы келу тілегімен қатар осы
міндеттерді жүзеге асыра алмауымен байланысты қиыншылықтар мен қарама –
қайшылықтары пайда болады. Ересек адам баланы жаңа іс - әрекеттерді
орындауға неғұрлым дұрыс үйрететін болса, оқушының оқуға деген қызығушылығы
соғұрлым нығая түседі, оқудың қандай да бір жағымды мотивациясы
қалыптасады. Соңғысы аса мәнді, өйткені бастауыш сыныптағы оқушының жеке
тұлғасының дамуы көбіне оқу іс - әрекетінің мотивтерінің бағыттылығымен
қарым – қатынасында қалыптасатындығы белгілі. Ересек адам балаларға адамзат
мәдениетінің жетістіктерін табыс етеді, адамның психикалық дамуын
қамтамасыз етеді (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, М.И.Лысина).
Балада қарым – қатынас қажеттілігінің пайда болуы оның онтогенезіндегі
дамуының анықтауышы мезеті болып табылады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ересектермен қарым – қатынасы
олардың жеке тұлғасының қалыптасуының жетекші факторларының бірі болып
табылады. Л.С.Славина мен Э.Л.Фрухтың пікірінше балалардың ересектермен
қарым – қатынасының жетіспеуі, олардың бір – бірімен қарым – қатынастарының
мәнін ұлғайтады. 30 – шы жылдардың өзінде кейбір балалардың теріс мінез –
құлықтарының астарында психикалық витаминдердің - әсіресе ересектер
тарапынан қарым – қатынастың, мейрімінің, көңілдің жетіспеуі жатыр деген
болатын. Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыда қалай қойылмасын, махаббаттан
мейірімнен, көңілден айырылған баланың жаны да, тәні де қалжырайды. Осындай
жағдайдағы баланың жеке тұлғасы толыққанды дами алмайды, өткені әлеуметтік
дағды тәжірбиесі бірден жүдеп кетеді, бала өзінің жеке басын дұрыс бағалай
алмайды (М.И.Лисина, В.С.Мухина, С.Г.Якобсон).
Бастауыш сынып оқушыларының денесінің барлық организмдері мен
тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Олардың психологиясының
нығаюна байланысты 10 – 11 жасқа толғанша жазуға қиналады. Сондықтан
жазба жұмысымен көп айналыстыруға, әсіресе көшіріп жазуға көп
уақыт жіберуге болмайды. 7 - 8 жас арасында бала жылына 2,5 кг
дейін салмақ қосады. Баланың өсуі жылына 5 см өседі, жүрегінің соғуы
84 – 90 дейін болады. Осының өзі баланы едәуір қиналдырады. Бас
миының салмағы 100 - 150 гр өседі. Әсіресе оның маңдай бөлігі едәуір
қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан
осының қалыптасуы бала ақыл – ойының кеңінен өріс алуына мүмкіндік
береді.
Оқуды өзінше іс- әрекеттің бір түрі сөз немесе нақты бейне
арқылы белсенділік пен ұғынуды айтады. Оқу әрекеті білім алумен
шектелмейді, сонымен қатар ептілік пен дағдылану да керек. Бастауыш
сыныптағы оқушылар тапсырманы қалай орындауды тәсілін білмейді. Олар
берілген тапсырманы жаттап алады. Тапсырма балаларға мынадай екі
жолмен беріледі:
- берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен
іздестіреді
- тапсырманы жауап іздестіру ретінде балаға берілмейді.
Оны орындау үшін үлгі мен мәтіні беріледі. Ал оқу әрекетінің
ендігі бөлшегіне келсек, осының өзі тиісті мәліметтерді пайдалана
отырып, сол тапсырманы орындаудан тұрады. Бұл оқу іс - әрекеті деп
аталады.
Тапсырманы қалай орындауды және пәндер сабағына тәуелділігі
әртүрлі болады. Оқу әрекетін тексеру кезеңі осыған мән берудің
үлкен маңызы бар. Күнделікті кейбір балалардың, нашар оқушылардың
тапсырманы орындап біттім деген соң соның нәтижесін тексермей
сабаққа бірден келуінен оқушының сәтсіздігі кішкентай кезден бастап
мән бермеуінен кездеседі. Ал мұнымен күресіп, бала тапсырманы
орындаған соң, қаншалықты дұрыс екенін оны тексерсе, соны балаға
үйретсе, балалардың бәрі қатесіз оқиды. Себебі балалар тапсырманы
қате орындағанын үйінде отырып білсе, уақытын бос өткізбей, сол
қатені жоюға әрекет жасаған болар еді.
Бастауыш сынып оқушаларының негізгі таным процестері: қабылдау,
зейін, ойлау, сөйлеу, қиял, есте сақтау. Мектепке келгеннен кейін
көптеген өзгерістерге ұшырайды. Осыған орай, біз талдауды ең
алдымен қабылдаудан бастаймыз. Жеті жаста баланың қабылдауы едәуір
қалыптасып қалады. Жалпы алғанда, кіші оқушыға не қызықты, не
қажетті екеніне мән беріп, қабылдауға икемдеу келеді. Мысалы:
балаларға берілген текст әртүрлі бояумен жазылса, осының өзі оқуға
кедергі жасайды. Себебі, бала оқудың орнына бояуға қызығып,
алаңдайды. Кіші оқушыға әсіресе кеңістік пен уақытты қабылдау қиынға
соғады. Сабақтың үстінде оқушы бір пәннің қабылдау міндеттерін
алып, ал одан кейін оны кең түрде тұжырымдамайды. Егер қабылдау
кезінде баланың ойланып, нені негізге алатынын 2 –ші дәрежедегі
қасиет екенін ажыратады. Бастауыш сыныптағы оқушының зейіні де
қабылдау сияқты ең алдымен терең дамыған. Зейін ерікті, еріксіз
болып бөлінеді. Бала не қызық екеніне мән беретініне оның еріксіз
зейіні алғашқы кезде ерікті зейінінен басым келеді. Оның еріксіз
зейіні әсем бояулармен, сөздермен өзіне тартқыш келетіне байланысты
мұғалім мүмкіндігінше сабақты қызықтыруға тиісті. Бастауыш сынып
оқушыларының зейін көлемі және бір мезгілде бірнеше іске зейін
бөле алуының үлкен маңызы бар.
Мектепке келген бала көбінесе сырттай ашық және эмоционалды
жағдайларды, суреттеулерді дәл есте сақтайды. Оқушылар күн режимін,
мінез – құлық ережелерін, үй тапсырмаларын арнайы есте сақтауы тиіс.
Мысалы: бірінші сынып оқушысы текстті бір қарайды, танысқаннан кейін
жаттап алдым деп ойлайды. Есте сақтаудың екі формасы бар: ерікті және
еріксіз.
Бастауыш сынып кезеңі – мектеп өмірінің басы. Бұл жаста оқу әрекеті
бала үшін бастау болып табылады.
Мінез – адам өмірін бейнелей отырып, сонымен бірге өмір салтына
ықпал жасайды. Табанды, қажырлы қайратты кісі қандай кедергіні болса да
жеңіп, өзінің көздеген мақсатына жете алады, осы жолда өз еңбегін, тұрмысын
тиімді етіп ұйымдастырады, барлық мүмкіндіктерді жете пайдаланады. Осындай
мінезді адам қоғамға аса пайдалы болады, өйткені ол алда тұрған қоғамдық
міндеттерді шешуде белсенділік қабілет көрсетеді. Мінез адамның жеке өзі
үшін ғана емес қоғам үшін де қажет. Ұжымдық өмір мен ондағы тіршілік
әсіресе жұмыстағы әр адамның көңіл – күйі осы адамдардың мінез бітімімен де
сабақтасып жатады.
1.2 Мінездің құрылымы мен қасиеттеріне психологиялық -
педагогикалық сипаттама
Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен,
кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып
келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас
бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық
қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.
Мінездің табиғи және әлеуметтік жағы. Мінез туыстан пайда болмаса да,
жүйке жүйесінің, адамның табиғи жағының ерекшелігі мінез көріністерінде,
оның жекеленген бітімнің қалыптасуында байқалып отырады. Жүйке үрдістерінің
тең не тең еместігі, шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі –
бұлардың бәрі адамның іс - әрекетіне, мінез – құлқына, оның реакцияларына
түрліше рең береді. Мәселен, екі адамның наным – сенімі бірдей болғанымен,
оның бірі – қызба, шапшаң және албырт, ал екіншісі – байсалды, парасатты
болуы ықтимал.
Жүйке жүйесінің типінен басқа мінезге ағзаның басқа да ерекшеліктері:
жүрек, қан тамырлары, ас қорыту, эндокрин жүйелері де әсер етеді. Осы
айтылған жүйелер қызметінің бұзылуы адам мінезінің күрт өзгеруіне соғатыны
байқалған.
Сондай - ақ орныққан мінез бітімі де адамның табиғи қасиеттеріне ықпал
жасап отырады. Мәселен, мінез туыстан берілген қасиеттердің бірін тұмшалап,
екіншісін күшейте түсуі, жаңа рефлекс байланыстарының жасалу және нығаюы
есебінен үшіншісін тежеуі мүмкін.
Әр адамның мінезінен тұрақты қасиеттердің бірлігін іздестіруіміз қажет.
Мінездің негізі, оның бас желісі біртіндеп қалыптасады, өмір барысында ол
нығаяды да сол адамның типтік ерекшелігіне айналады, ол мінездің нақты
көріністері белгілі жағдайларда қарым – қатынас ықпалы мен өзгеріске
түсетін болады. Оңашада, адам өзімен - өзі болған шақта азды – көпті ақ
жарқынданады немесе тұйықтана түседі, батылдық не батылсыздық, табандылық
не солқылдақтық байқатады.
Мінез – құлықтың көзге түсерліктей өзгеруі психикада уақытша
жағдайларға байланысты. Көңілді адам - мазасыз, жабығулы, байсалды адам –
күйгелек т.б жағдайларға түсуі мүмкін. Адам қартайған кезде де мінезде
кейбір өзгерістер байқалады. Сөйтіп, мінезді тұтастай алып қарағанда ол
әлеуметтік ортадан алынған әсерлердің өзіндік интеграциясы болып табылады.
Табиғи – ғылыми тұрғыдан алсақ, мінез жүйке жүйесі типтері бітімі мен ми
қыртысында орныққаны белгілі, уақытша жүйке байланыстарының қорытпасы
іспеттес нәрсе. Бір қарағанда адам мінез – құлқында нақты жағдайларға
тәуелсіз, сыртқы әсерлерсіз себепсіз туа қалатындай құбылыстар, сайып
келгенде бір кезде құралған жинақталған тәжірибе мен өмірлік әсерлердің
көрінісі болып шыға келеді.
Мінез - өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып,
жеке адамның сыртқы орта мен белсенді қарым – қатынасы ретінде қалыптасады.
Сыртқы ортамен өз ағзасының заңдарын білетін адам – тұрмыс жағдайын және
мінез – құлқын өзгерте алады. Ол сыртқы жағдайдың қолайсыз теріс әсерлерін
жеңіп, қоғамдық алға басу қозғалыстың алғы саптағы күрескерлерінің қатарына
қосыла алады.
Мінез адам қасиеттерінің тұтас жүйесі. Мінез – бір – бірімен белгілі
қатынас байланысы бар жеке адам қасиеттерінің жүйесі, тұтас құрылым болып
табылады.
И.П.Павлов гештальт – психологтарды қатты сынға ала отырып, мінездің
тұтас құрылым екендігіне ешкім күмән келтірмейді, ал бұл жүйені бөлшектеуге
ешкім де кедергі жасамайды деген еді. Ол тұтас жүйедегі жекеленген
бөліктердің әр түрлі мағынасы бар: біреулері алға шықса, екіншілері
бүркемеленеді, үшіншілері кейінге шегіншектеп тұрады деп көрсетті. Егер
сіз жекеленген бітістерді түгелдей оқшау деп түсінсеңіз, онда сіз адам
мінезін тани алмайсыз, сондықтан бітістердің жүйесін алып, осы жүйені
талдап көру қажет, бұлардың қайсысы ең алдымен көзге түседі, қайсысы еміс –
еміс көрінеді, таптырмай қояды т.б
Адамның мінезін, оның құрылысын немесе құрылымын анықтау дегеніміз –
мінездің негізгі компоненттерін, не қасиеттерін ажырату және күрделі
қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз.
Жеке адамның өмір жағдайымен өзара әрекеті сәулелендіретін психикалық
тұрпат, қасиеттерінің тұтас жүйесі ретінде мінез – құлқын сипаттайтын
жүйенің негізгі буындарын немесе динамикалық стереотиптерді әр кезде
анықтауға болады.
Мінез динамикасы сыртқы шындық динамикасына тәуелді болады, оның
түрліше бітістері тек бұрынғы тәжірибеге ғана тәуелді болмай, адамның
қазіргі кездегі жағдайларына, оған қойылатын талап – тілектерге тәуелді
болып отырады. Сондықтан мінездің құрылысын жан – жақты зерттеп және
жалпыламай , өмірдің сан саласындағы мінез – құлық көріністерін жекелеп
талдап, оларды тәрбие мен қалыпқа түскен өмір жағдайларына орай үнемі даму
тұрғысынан қарастырып отыру қажет.
Біз қалыптасқан мінез құрылымынан, ең алдымен, оның екі жағын – мазмұны
мен түрін ерекшелеуіміз керек. Бұл екеуі бір – бірінен бөлектенбейтін,
органикалық бірліктегі құбылыс болып табылады.
Жеке адамның мінез құрылымын талдағанда оның объективтік шындыққа
жетекші жағы ретінде алға қойылуы тиіс. Қоғамдық әсерлер мен ықпалды
бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның өмір бағытын, яғни оның материалдық
және рухани қажеттерін, мүддесін, мұраттары мен әлеуметтік бағдарын
құрайды. Жеке адамның бағыты – мақсатты, адамның өмірлік жоспарын оның
белсенділік деңгейін анықтайды. Мінез мазмұны белгілі бір өзіндік дара
қатардан байқалады, ол адамның талғампаздық белсенділігін көрсетеді.
Сыртқы ортаның талабына сәйкес тәрбие әсерлеріне, өмір жағдайларына
байланысты мінез мазмұнында бірінші не екінші компоненттің алға
шығатындығын есте тұту қажет. Мәселен, бір адам материалдық қажеттілікті өз
жеке басының бақуат болуын қамтамасыз етуге ұмтылуды алға қойып, қалған
мотивтерді кейінге ысырады, енді біреу керісінше, эстетикалық қажеттілікті
алға шығарып, өз тірлігін өнерге бағыштайды, үшінші біреуді ғылыми
ізденістер қызықтырады да соған беріледі.
Жеке адамның әр түрлі бағыты оның жеке ұмтылыс, талаптарын ғана емес
бүкіл қатынастарының жүйесін белгілегендіктен сол адамның барлық мінез –
құлқына сәуле түсіреді. Бірақ аталмыш жүйеде әр кез қандай болмасын бір
бітіс үстемдік етеді де, ол сол адамның мінезіне өзіндік рең береді.
Кеңес адамдарының жеке басының қажеттілігімен мүдделері қоғамдық
мұқтаждықтарымен тығыз байланысты, сондықтан олар мақсатқа жету жолында
адамды жан – жақты дамытуға жағдай туғызатын барлық адамның сан алуан
қажеттерін қамтамасыз ететін қоғамдық өндіріс, ғылым мен мәдениеттің
дамуына қамқорлық жасайды. Ұжымшыл адамның мінезі осындай бағыт-бағдармен
ерекшеленеді.
Мінездің әр түрінде темперамент пен мінез-құлықтың эмоциялық-еріктік
өзгешеліктері бекіп нығайған қатынастары көрініп отырады. Адамдар бір-
бірінен мінез-құлық әдет өзгешіліктерімен ерекшеленеді.
Мінез құрылымындағы сенім. Қалыпқа түскен адамгершілігі айқындала
бастаған мінездің негізгі компонентіне сенімдер жүйесі кіреді. Сенімділік
адам мінез-құлқының принциптілігін күресте бас имейтіндігін, өз күш-жігерін
жұмсайтын істің әділдігі мен маңыздылығына сенетіндігін анықтайды.
Адамның жеке бастық сенімінің негізі болып табылатын адамгершіліктік
дүниетаным – оған қоғамдық жағдайларды дұрыс бағдарлап отыруға, қоғамның
мақсат-мүдделерін түсінуге, қоғамдық және жеке мүдденің арақатынасын дұрыс
түсінуге өз мінез-құлқын анықтауға мүмкіндік береді.
Кеңес адамдарына тән сенімділік – мінездің ұмтылушылық, принциптілік,
оптимизм, өзіне және басқаларға талап қоя білушілік сияқты сипаттарынан
жақсы байқалады. Сенімі берік адам сын сағаттарында қоғамдық мәнге ие
мақсатына жету үшін аянбайды, қажет болған жағдайда жанын да пида етеді.
Принципсіз жеке басын ғана ойлайтын мансапқор адам бар күш-жігерін,
белсенділігін өз қамына жұмсайды.
Мінез құрылымындағы қажеттілік пен мүдде. Қажеттілік пен мүдденің
басымдылығына қарай адамның өзіндік мінезі қалыптасады. Рухани немесе
материалдық қажеттілік пен мүдденің өктем болуы – адамның сезімдерін ғана
емес, оның іс бағытын да анықтайды. Біреу тек құлқыны үшін өмір сүреді,
енді біреу өмір сүру үшін тамақ ішеді де өмірді қоғамға пайдалы қызмет –
шығармашылық белсенділік деп біледі. Дүниеқор адамдар да болады, олар тек
дүние жинау үшін ғана өмір сүреді, бұл олардың рухани, адамгершілік
дүниесін жұрдай етеді: топтастықты, сараңдықты, күншілдікті арттырады.
Мінез құрылымында еңбек ету қажеттілігінің, қоғамдық мүдденің басым
болуы – адам мінезінің белсенділігі мен тұтастығын және қоғамға
пайдалылығын көрсетеді.
Мінез құрылымындағы интеллект. Мінез туралы сөз болғанда ойлау
үрдістері емес, ең алдымен, есте қалыптасқан ақыл сапасы жайы болады. Адам
ақылының теориялық немесе практикалық сипатта қалыптасуы қызмет үшін де,
қоғамдағы жеке адамның мінез-құлқы үшін де немқұрайды нәрсе емес.
Адамда байқағыш, жазбай танитын қасиеттің болу-болмауы, өзгермелі
ортаны тез бағдарлауға мүмкіндік беретін орамды ақылдың немесе оған
керісінше, оралымсыздық пен баяулықтың тән болуы, адамның құбылыстарды
терең талдай алуы, не мәселеге үстірт қарауы – осының бәрі-бәрі жеке адамды
сапа жағынан сипаттайды.
Ақыл – ой жұмысының әдістері (жұмыстағы жоспарлық, орнықтылық,
үстірттілік, шашыраңдылық) қалыптаса келе адамның мінез сипатына айналады.
Мінез құрылымындағы ерік. Қалыпқа түскен ұнамды мінездің өзегі – жеке
адамның ерік жігерлілік сапасы болып табылады. Ерік – жігері күшті адам
талап – тілектерінің және қылықтарының анықтылығымен, өз бетінше әрекет ете
алушылығымен көзге түседі. Ол көздеген мақсатына жетуде табанды және батыл.
Адамның жігерсіздігі, әдетте, мінездің ынжықтығымен орайлас келеді. Тіпті
білімі мол, жан – жақты қабілетті адамның өзі де егер жігерсіз болса,
сыртқы жағдайлардағы және өзінің ішкі жан дүниесіндегі бар мүмкіндіктерді
толық жүзеге асыра алмайды.
Ерік – жігердің бекуімен бірге мінез орнығады. Ол сыртқы жағдайлар мен
өзінің өмірді түсінуіне сайма – сай әрекет ететін болады. Егер бала
импульсивті белсенділік байқатса (алған әсер бойынша әрекет жасауға
бейімділік), не еліктеу арқылы қимылдайтын болса, еркі жетілген ересек адам
ойланып, толғанып барып шешімге келеді, өзін қоршаған жағдаймен санасады,
жағдайды зерттейді, қимыл – қозғалыстарының салдарынан туындайтын нәтижеге
көз тастайды.
Жігерлі мінез нақтылығымен, тұрақтылығымен және дербестігімен,
көзделген мақсатқа жетуге беріктілігімен ерекшеленеді.
Мінез құрылымындағы сезім. Сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи
өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Мінез туралы сөз болғанда
жеке адамның эмоциялық қасиеттеріне де назар аударылады. Бұлай ету орынды
да: адам өзін сезім арқылы да ашады. Адамның неі сүйіп, нені жек
көретіндігі, қандай нәрсеге салғырт қарайтындығы оның шын мәніндегі өмірлік
позициясын білдіреді.
Сезімдер белгілі қажеттілік және мүдде, түсінік және ұғымдар, талғам
және әдетпен байланысты және адамның психикалық тұлғасымен өріле бітіскен.
Адамның өмір салтын бейнелейтін психикалық әлпетіне қарай оның сезім
көріністерінің сипаты анықталады. Үстем тап өкілінің сезімі оның өзімшілдік
талпыныстарына, жеке басының бақуаттануына не бақуатсыздануына,
қайырымдылық құнының артуына немесе түсуіне т.б. байланысты. Ұйымшыл кеңес
адамның сезімдері бұған керісінше, ол оның қоғамдық істерімен байланысты.
Сөйтіп, сезім – адам мінезінің сапалық өзгешеліктерінің көрсеткіші
болып табылады. Әлеуметтік қоршау мен өмір жағдайларына байланысты
қалыптасқан мінез ерекшеліктеріне орай адам шынайы құрылыстарға жан –
тәнімен құмарта немесе талдап селқос қарауы, жоғары дәрежедегі саяси
моральдық, эстетикалық, интелектік сезімге ие болуы немесе керісінше,
жұпыны сезімді болып, ұстамсыздық, дөрекілік, долылық (аффект) көрсетуі
мүмкін.
Сезімнің көзге түсуінің сипаты әлеуметтік этикалық тежеулерінің өршіп
өрістеуіне, ерікті игере алудың жетілуіне тәуелді. Біреу жаратылысынан
эмоциялық жағынан қызба болғанмен, өзін тежеп ұстай алады, енді біреу
керісінше, онша қызба болмаса да өзін - өзі бақыламайды, жүгенсіздік
көрсетеді.
Чехов әйелі О.Л.Книппер – Чехова былай деп жазған еді сен менің
мінезіме қызығатындығыңды жазыпсың, саған менің мінезімді туыстан қаққыл,
күйгелек болғандығын айтуым керек. Бірақ мен өзімді тежеуге үйрендім,
өйткені парасатты кісі өзін бетімен жібермеуі тиіс. Бұрын мен талай
сұмдықтарды істейтінмін.
Мінез құрылымындағы темперамент. Мінездің табиғи негізі – жоғары жүйке
қызметінің типтерін көрсететін темперамент болып табылады. Темперамент
мінездегі байсалдылық немесе жаңғалақтық немесе сылбырлық тонусының
көтеріңкі – төмендігі, үйірсектік немесе тұйықтық, жаңа жағдайға жаңа
міндетке тез, не қиын бейімделу сияқты т.б сипаттарды анықтайды.
Темперамент мінездің басқа да жақтарын, мәселен, сезімнің тонусына
(құбылуы) қозғалыстың сыртқы мәнеріне, сөз сақтауға әсер етеді, ол ерік
жігер көріністерінен бірде ерік бұлқынысы түрде енді бірде бір қалыпты,
тәсілді түрде көрініс береді: темперамент шыдамдылық және төзімділікті
талап ететін қабілеттен байқалады.
Бірақ темпераменттер психикалық қасиеттердің басқа жақтарымен де
байланысып жататындығын және бір жағының, осы қасиетке – темпераменттің кей
көріністерін әлсіретіп, бүркемелейтіндігі, екінші жағынан, өмір талабына
сәйкес оны күшейте алатынын, сондай – ақ бұрын қалыптасқан әлеуметтік
бағдармен моральдық ұғым, әдеттерге де тәуелді болатынын есте ұстаған
абзал.
Қалыптасқан әдетпен дағды, мінез бітістері темпераментке әсер етеді.
Мінез – құлықты өзгертеді. И.П.Павлов керенау флегматиктерден белсенді
флегматиктерді ажыратқанда осы жағдайды ескерген болса керек. Бұл
айтылғанның сангвиниктерге де қатысы бар, бұлардың бірі істе белсенділік
көрсетсе, екіншілері әбігер, бос сөзді, той – даңазға құмар келеді,
флегматикпен сангвиниктердің, осы айтылғандардың мінез құлықтары бәрінен
бұрын олардың мінез бітістеріне тәуелді болып келеді.
Мінездің құрылымы мен жеке адамның қылығы тек қазіргі жағдайларға
тіршілік пен іс-әрекеттің ықпалына тәуелді болып қана қоймай, сондай-ақ
оның мінезін айқындауға себепші болған барлық өткен өмір жолына, бұрынғы
алған әсерлерге де тәуелді болып келеді. Сондықтан да мінезді зерттеуде
жеке адамның тек қазіргі өмір жағдайларын ғана қарастырмай, оның
қалыптасуына әсер еткен барлық күрделі және сан алуан әсерлерді білуіміз
қажет.
Түрлі жағдайларда адамға өткенде және не қазірде қойылатын талап-
тілектерге орай, ол бірде-табанды, екінші жағдайда-табансыздық көрсетуіміз
мүмкін. Мәселен, мектеп оқушыларының мінез-құлқына байқау жүргізілгенде
олардың кейбірінің жақсы оқитындығы, сабақтағы табыстарын мақтаныш
ететіндігі, бірақ ұйымдағы қоғамдық жұмысқа селсоқ қарайтындығы байқалған,
оқушылардың енді біреулерінің қоғам жұмысына қызу қатысатындығы, алған
тапсырмаларын бар ықыласымен орындап, үлкен құштарлық көрсететіндігі
аңғарылған. Осыған ұқсас мінез-құлық көріністерін ересек адамдардан да
кездестіруге болады.
1.3 Оқу іс – әрекеті барысында мінез – құлықты қалыптастыратын
негізгі шарттар
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы тұлғалық
қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып
отыр.
Өсіп дамып бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп
сырлы қасиеттердің жағымды, жағымсыз жақтарымен елеусіз мінез көріністері
де бала бойында болады. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық,
инабаттылық, сыйлаушылық, шынайы адалдық, жақсы – жаманды айыра білушілік,
алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне
тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты
қасиеттер жатады. Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын
қасиеттерге: өзін - өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну,
әділетті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамы
мен іскерлігі жатады. Егер бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып,
тәрбиемен ұштасса, бала қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі,
табанды болып ер жетеді. Ал, бала бойында ынжық мінез қалыптасса, онда
сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжыңдық мінездер пайда
болады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту,
басқалармен достасу, пікірлесу сияқты мінез – құлық қалыптасады. Баланың
дамып, нықталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы зор.
Бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар. Психологиялық –
педагогикалық әдебиеттерге жүгінсек, тәрбиелеудің негізгі екі арнадан
тұратынын көреміз: Біріншісі – бала көзін жеткізу, екіншісі – жақсы әдет –
ғұрыпқа дағдыландыру. Осы екі жолды қатар бір – бірінен ажыратпай
байланыстыра жүргізсе, бала мінезі саналылық жолға бағытталады.
Оқушының мінез – құлқын қалыптастыратын негізгі шарттар:
1. Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау.
2. Оқушының қызметін талдау. (Әр пән бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz