Иммунитет пен лимфа



Иммунитет (латынша іm.munіtas . босап шығу, арылу, құтылу), Биологияда . организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет . көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді. Иммунитет — ағзаның ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай.ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір.біріне байланысты, әрі нейрогуморальды реттеу жағдайында әрекет етеді. [1]
Зерттеулер
Иммунитет құбылысын жан.жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, т.б. зерттеуші.ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897 жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 . 1915) алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни “бүйірлі тізбек теориясын” ұсынды. Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет (1899 . 1985) және даниялық ғалым Н.Кай Ерне (1911 жылы туылған) иммунитеттің клондық.сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды. Иммунитет . өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сортты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол., физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әр түрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Иммунитет пен лимфа

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012-2013

Мазмұны:
1. Имунитет дегеніміз не?
2. Оны зерттеген ғалымдар
3. Қорғаушы заттар, антидене
4. Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу
5. Лимфа жүйесі

Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу), Биологияда
– организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде
заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір
улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті.
Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы
жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ
биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік
ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде
организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық
қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді,
олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін
қабілеті күшейеді. Иммунитет — ағзаның ауру тудыратын агенттерді олардың
тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды
қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл
организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты,
әрі нейрогуморальды реттеу жағдайында әрекет етеді. [1]
Зерттеулер
Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, т.б.
зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897
жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 – 1915) алғаш рет организмдегі иммундық
реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни “бүйірлі тізбек теориясын”
ұсынды. Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет (1899 – 1985) және
даниялық ғалым Н.Кай Ерне (1911 жылы туылған) иммунитеттің клондық-
сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар
ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды. Иммунитет –
өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық
қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов.
Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сортты иммунитет және түрлік
иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол.,
физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың
біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет
заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әр
түрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін
енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сорттарын шығару бағытында Қазақстан
ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді.
Қорғаушы заттар, антидене Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы
тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі
(резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға
қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті,
сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік
заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың,
лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы
әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар –
фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы
әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен
жануарлардың барлығында әр түрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал
организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей
жоюға қатысатын белок, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті
арнайы заттар – антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк
бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық
организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны
ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.
Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу Кейбір жануарлар
мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа
пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл
қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету
кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда
болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді
(екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи
жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан
кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммундық жүйе
Иммунитет.Иммунитет түрлері
Лимфа бездері
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Иммунды жүйе мүшелері
Иммунология
Иммунды жүйе туралы
ИММУНОЖЕТІСПЕУШІЛІК ЖАҒДАЙЛАРЫ
Иммунитет туралы
Қозының жыбырлақ ауруы
Пәндер