Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ҮШІН ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ6
1. 1 Шағын және орта бизнестің дамуы мен несиелендірудің әлемдік тәжірибесі. 6
1. 2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау16
2. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ТӘЖІРИБЕСІ . . . 30
2. 1 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құру көздері және олардың бағыттары30
2. 2 Шағын және орта бизнес объектілерін қаржыландыру және несиелендіру тәжірибесін АҚ «Альянс банк» мысалында талдау …. 33
3 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫТУДЫ НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ 42
ҚОРЫТЫНДЫ54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:58
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өмірінің неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.
Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді.
Шағын бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін, жаңа мықты импульс алуы үшін, көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.
Осындай сәт ретінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктің негізін құрайтын ортаңғы класс мәселесін қарастырылу ұсынылады.
Арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдардың образдық салыстыруы бойынша “қазіргі дамыған қоғамда әлеуметтік құрылымды эллипс түрінде көрсетуге болады, оның жоғарғы және төменгі жағын сәйкесінше элита мен кедейлер, ал ортаңғы жағы көп бөлігін - орта класс құрайды”.
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өтпелі кезең ерекшеліктеріне байланысты қиын және қайшылықтарымен жүзеге асырылады.
Шағын бизнестің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жалпы ұлттық масштабта аталған сектор дамуын мемлекеттік қолдауға концептуалдық көзқарас қалыптасқаннан кейін соған негізделе нормативтік құқықтық база құрылып, қойылған мақсатқа қамтамасыз ететін жүзеге асырушы ұйымдастырушылық - құқықтық механизмдер қалыптасқан.
Қолданылған шаралар нәтижесінде 1992-1993 жылдары күш жинай бастаған шағын кәсіпкерлікті белсендіру процессі 1994 жылы бәсеңдеп кейінгі екі жылда мүлдем тоқтатты.
Ол жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауына, қолайсыз криминогендік жағдайдын болуына, сондай-ақ қабылданған заң және бағдарламалы құжаттардың нақты орындалмауына байланысты болды.
Мақсаты. Осы уақытқа дейін Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы негізгі бағыт салық преференцияларын мен мемлекеттік қаржы есебінен жеңілдіктік қаржыландыру болды, ол жерде қысқа мерзімді нақты әсер алынып, жүйелі бастамаларда жүргізіледі.
Сол себепті, негізгі мақсаты Қазақстанның бәсекелесті қабілетін жоғарлату болып табылған Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық - инновациялық даму стратегиясында мемлекеттік саясат көзқарастарын қайта қарастырылып шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа даму идеологиясы жасау қажет.
Қазіргі таңда, шағын және орта кәсіпкерлік өзін инновациялық экономикада табуда жедел іздестіру үшін өзінің икемділігін, мобильділігін, нарықтық объективтілігін қолдануына жағдай пісіп жетілді. Мемлекет өз тарапынан кәсіпкерлік орта инициативасы жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызуы қажет.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жедел шараларын қабылдауда. Қазақстанда шағын бизнес сұрақтары келесідей заңдылық актілермен реттеледі: «Кәсіпкерлікті дамыту мен шаруашылық қызмет еркіндігі туралы», «Лицензиялау туралы», «Банкроттық туралы», «Шаруашылық серіктестіктер туралы», «Жеке кәсіпкерлікті қорғау туралы», «Кооперациялау туралы», «Шағын бизнес пен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы».
Шағын және орта бизнестің нақты артықшылықтарын қолдану кезінде кез келген елдің жағдайы тұрақтанады, өндіріс құлдырауы тоқтатылады, тапшылық жойылады. Шағын бизнесте әрбір адам өзінің іскерлік ерекшеліктерін қолдана отырып, өз жағдайын жақсартуға, өз мүмкіндіктері мен қаржылық құралдарын өткізуге мүмкіндігі бар.
Осыған орай, Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті дамыту және ұйымдастыру үлкен ғылыми-тәжірибелік мәнге ие болады.
Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәліметтері бойынша республикада шағын кәсіпкерліктің 145, 1 мың субъектісі тіркелген, ал 2005 жылмен салыстырғанда 10, 9 % көп. Шағын кәсіпкерліктің істегі субъектілері тіркелгендер санының 71, 2% құрайды.
2005 жылдың бірінші қаңтарында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны жалпы заңды тұлғалар санының небәрі 61% құрайды.
Осы уақытқа дейін қолданылған қазіргі кезеңдегі мемлекеттік қолдаудың формаларымен әдістері жеткілікті дәрежеде тиімді емес және қайта қарауды талап етеді.
Ең біріншіден ол үкімет қабылдаған шараларға қарамастан шағын бизнес үшін тартымды сфера болып сауда, және қызмет көрсету қалып отырғандығына, ол өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт және байланыс көп жағдайда ірі бизнеске тән болғандығына байланысты болып отыр.
Қарастыруға ұсынылған диплом жұмысының тақырыбы әлемдік әдебиетте жете қарастырылғанмен Қазақстанда бұл мәселені қарастырылған жұмыстар өте аз. Шағын кәсіпкерлікті несиелендіру мәселелері ғылыми дәлелдеусіз негізінде жеке жариялануларда ғана көрініс тауып отыр.
Жұмыста нарыққа көшу жағдайында экономикалық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдылық және нормативтік актілерін, сонымен қатар халықаралық және мемлекетаралық құжаттар мен келісім-шарттарды, Қазақстан Республикасы дамуы мен статистикасы бойынша мемлекеттік комитеттің ресми статистикалық деректері, қазақстандық және ресейлік ғылыми басылымдары мен арнайы басылымдарында шығарылған аналитикалық материалдар кеңінен қолданылған.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ҮШІН ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Шағын және орта бизнестің дамуы мен несиелендірілунің әлемдік тәжірибесі
Жалпы экономиканың тиімді дамуында ерекше роль мемлекеттің несие саясатына беріледі. Кәсіпкерлік іскерлікті қаржылық реттеудің маңызды құралы ең біріншіден өндірістік аппаратты жаңарту жетілдіруге, айналым қорын толтыру, шикізат, материал т. б. сатып алуға тікелей несие, субсидия беру болып табылады.
Шағын бизнес меншік иелерінің көпшілігін құрайды, өзінің көптігінің есебінен, біраз мөлшерде елдің әлеуметтік - экономикалық және саяси деңгейін анықтайды. Өзінің өмірлік және әлеуметтік жағдай деңгейіне қарай шағын бизнес халықтың көпшілігін құрайды, сонымен қатар негізінен локальдік нарықта әрекет етіп, тауар және қызметтің кең спектрінің тікелей өндірушісі де тұтынушысыда болып табылады ол сондай-ақ экономикадағы бәсекелестік жағдайды ұстап тұрып, нарық бастамасында ұйымдастырылған қоғамдық құралға табиғи тіреу болады.
Шағын кәсіпкерлік елдің құрылымдық қайта құрылуының мықты құралы болып табылады. Оның ірі кәсіпкерліктен ерекшеленуі оның ерекше дәрежеде мобильділігінде, күнделікті өзгерістегі тұтынушылық сұранысқа жедел әсер етуі, аз капитал керек ететіндігі. Осы себептерге байланысты әлемдік тәжірибеге шағын кәсіпкерлік әрқашан экономикалық кризистің нәтижесін жеңілдетуші фактор, одан кейін кризистен шығудың негізі болды.
Шағын кәсіпкерлік өзгеріп отырған нарық конъюктурасына тез бейімделіп, экономикадағы өзінің орнын алуда. Осы арада шағын бизнестің дамуы ірі өндіріске тән ұйымдастырушылық форманы қолдануды талап етпейтін жоғары технологиялық өндіріске негізделмеуі керек.
Нарық дамуының өмірлігі, танымдылығы, динамикасы шағын және орта кәсіпкерлікпен анықталады.
Ол келесілерге байланысты:
- шағын кәсіпкерлік қатысушылардың көптігіне;
- қоғам мүшелері қажеттіліктерінің кез-келген деңгейінде сұранысқа әсерінің жеделділігі мен икемділігіне;
- шағын бизнес субъектілерінің бір сәтте екі ролде бола алуы мүмкіндігіне - өзінің тұтынушыларының сұранысына бейімделуші кәсіпкер ретінде, кем қажеттіліктері, соның ішінде өз кәсіпорындарының қажеттіліктері бар тұтынушы ретінде;
- Әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ету мүмкіндігі.
Алматы қаласында 2005 жылы 1 қаңтарда статистика мүшелерінің тіркеуі бойынша шағын және ортакәсіпорындардың көлемі - 51116, соның ішінде:
- өнеркәсіп - 5019
- ауыл шаруашылық - 379
- құрылыс - 4894
- көлік және байланыс - 3195
- сауда -
- мейрамханалар мен қонақүйлер - 952
- басқа шаруашылық қызметтері - 9972
Осылардың ішінде ресми түрде жұмыс істейтіндердің саны - 34169 (66, 8%) . 2005 жылдың 1 қаңтарында жеке кәсіпкерлер 29046-сы тіркелген. Осыған байланысты шағын бизнесте жұмыс істейтіндер саны өсті. Салық Көмитетінің мәліметтері бойынша 207291 адам тіркелген.
Экономиканы реформалау және қаржы ресурстарын шектеу жағдайында ірі бастапқы инвестицияны талап етпейтін, іскерлік және интеллектуалды потенциалы бар, жоғары жылдамдықта айналым қоры бар, кең тұтынушылық сұранысқа бейімделу икемділігі және шеделділігі бар шағын кәсіпкерлік халықтың жұмыспен қамтылу мәселелерін тез және үнемді шешуге мүмкіндігі бар, сонымен қатар экономикалық және мәселелерді шешеді.
Шағын кәсіпкерлік - өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірген, өмірлік қабілетін, сондай-ақ әлеуметтік экономикалық жағдайымен қатар өзгерістер шаруашылық ету жүйесіне бейімделу мүмкіндігін дәлелдеген өндірісті ұйымдастырудың объективтік формасы.
Дамыған елдерде шағын бизнес белсенді құрылуын 40-50 жыл бұрын бастады. Оның әр-түрлі формаларының көпшілік экономистер көзқарасты бойынша революциясының негізгі кезеңдері кестеде көрсетілген.
Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, шағын бизнес, мемлекет гормониялы дами алмайтын нарықтық экономиканың маңызды элементі болып табылады.
Ол көбіне экономикалық өсу қарқының, жалпы ұлттық өнім құрылымы мен сапасын анықтап, оны 40-50% құрайды.
Кесте 1 - Шағын кәсіпкерліктің даму кезеңдері1
Елдегі шағын кәсіпкерліктің маңызды әлеуметтік қызметі оның ірі кәсіпорындар босатқан жұмыспен қамтылмаған жұмыс күшін үлкен масштабта тарта білу мүмкіндігінен, экономикалық кризис және үздіксіз жұмыссыздық жағдайымен туындаған әлеуметтік тырысуды төмендетумен байланысты. Филиал құруда тікелей капитал сонымен қатар қолданатын ірі корпорацияға қарағанда, шағын кәсіпорындар жаңа формалары - өткізу сферасын дамытуға, лицензия және патентті сату немесе айырбастауға ақша салуды көп қолданады.
Бизнестің бес түрін бөліп көрсетуге болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандырушылық. Өндірістік бизнес негізінен тауарлар мен қызметтерді өндіру аясында таратылады. Коммерциялық бизнес тауарлы-ақшалай, тауарлы-айырбастық операцияларда анықтаушы рөлді мінездейді. Қаржылық бизнес сату-сатып алу объектісі ретінде арнайы тауар - ақша, валюта, бағалы қағаздар болатын коммерциялық бизнестің түрлілігін көрсетеді. Делдалдық бизнес тауар айналымы процесінде байланыстырушы буын ретінде, делдал рөлін атқаратын, өзі тауар өндірмейтін және тауар сатпайтын бизнесмен-делдал.
Сурет 1- Бизнестің қоршаған ортасы
²Мамырбаева О. Б. Государственные программы поддержки и развития малого предпринимательства // Вестник университета. “Туран” -2005-№1-2.
Сақтандырушы бизнес бірден қалыптасатын жағдайлардан адам өмірін, құндылықтарды, мүліктің мүмкін болатын жоғалымын өтеуіне белгілі бір төлемге кепілдеме беретін бизнес түрі. Бизнестің әр түрінің өзіншік ерекшеліктегі «қоршаған ортасы» бар. 1-ші суретте «қоршаған ортаның» негізгі элементтері бөлініп көрсетілген.
Бір жұмыспен қамтылғанда шаққанда, шағын фирмалардын жаңа өнімді 2, 5 есе көп шығарады. Ірі компаниялар технологияны жақсартуда 2 есе көп ұсыныста жасайды.
Біздің экономикамыздың шаруашылық етудің нарықтық механизмнің көшірілуі байланысты экономикасы дамыған елдердегі әсіресе мемлекеттік қолдау саясаты дамыған елдердегі шағын және орта кәсіпкерлік тәжірибесін атап өту қажет.
Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілуі бұл елдердегі мемлекет саясатының жеке бөлігі болып табылады.
Германияда шағын және орта бизнесті федералдық деңгейде экономика министрлігі деңгейінде, ал жергілікті деңгейді - жергілікті билік органдары деңгейінде жүзеге асырылады. Кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсетіледі: кәсіпорынды кеңейту, қайта жөндеу, алу және құруға судалар беру; жұмыс орындарын құру және сақтау үшін ұзақ мерзімді инвестициялау; несиелік қоғам алдында кепілдену; энергия үнемдеу шараларын жүргізуде, алдыңғы технология енгізуді ынталандыруды, кадрлар, квалификициясын жоғарылатуда, қоршаған ортаны қорғауда, инвестициялық көмек; кәсіпорын табысы мен капитал салымдарын арнайы несиелендіру бағдарламаларын жүзеге асыру жолымен реттеу, сондай-ақ дифференциялды ашық ставкаларын тағайындау арқылы пайданы реттеу.
Инновациялық ескерлікпен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлікке ғылыми-зерттеулермен технологиялар министрлігі бірқатар қолдау көрсетеді.
Жапониядағы бұл типтегі мемлекеттік қолдау 40-жылдар аяғында сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігінің жанына құрылған шағын және орта кәсіпкерлікті басқару экидасымен жеңілділікті несиелендіру және салық салу, сондай-ақ тікелей қаржыландыру жолымен жүзеге асырылады. Басқару 12 департамент және 6 бөлімнен тұрады; жұмыскердің жалпы саны 200 адам. Басқару іс-әрекеті шағын және орта бизнеске жетекшілік ететін Жапонияның 9 аймақтық қызметімен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік корпорацияның, шағын және орта кәсіпорындарына қаржыландыру бойынша үкімет органдарымен, шағын және орта кәсіпорындарын қаржыландыру бойынша мемлекеттік және халық корпорациясымен толықтырылады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті мақсатты бюджеттік қаржыландыру бірнеше арнаулар бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, ол кей ведомство мен министрліктердің жыл сайынғы қаржыландыруы; екіншіден, шағын және орта кәсіпорындар мемлекеттік инвестиция және зайым бағдарламалары шегінде арнайы бюджеттік жинақтар бойынша қаржыландырады.
Ұлыбританияда эксперттік бағалау бойынша 96% фирмалар шағын және орта кәсіпорындарға жатады. Оның 25% жұмыскерлеріне және 20% жалпы өнімге келеді. Елге жеке, соның ішінде шағын бизнесті дамытудың белсенді саясаты жүргізілуде. Жыл сайын 900-ге жуық жаңа кәсіпорындар құрылады, олардың төрттен бірі бірінші жылы банкротка ұшыраса, қалғандары бәсекелестікке төзіп, жетістікке жетуде. Оған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру әсер етеді, соның ішінде, инвесторлар тарапынан шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, кәсіпкерлерді көмек ақымен қамтамасыз ету т. б.
Үкімет фирмаларға 70% қарыз кепілдік береді. Британ үкіметі сондай-ақ шағын кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жұмыссыздарға қаржылық көмек көрсетеді. Шағын кәсіпорындарға тегін (немесе шегеріммен) кеңес беру, қызықтырған сұрақтары бойынша көмек көрсетіледі, соның ішінде нарыққа шығуда, іскерлік әріптестер іздеуде нақты ұсыныстар береді.
Елде шағын фирмалардың мемлекеттік қызметінің 100 бөлімі жұмыс істейді, сонымен қатар шағын бизнесті қаржыландыру жүзеге асыратын фирмалар тарабы бар.
Кесте-2 Дамыған елдердегі шағын және орта бизнестің дамуы
Шағын және
орта кәсіпкерлік-тер,
мың
Шағын және
Орта кәсіпкерліктердегі жұмысбас-тылар саны, млн адам
Шағын және
орта кәсіпкерліктердегі жұмысбастылар-дың жалпы санының үлесі
ЖҰӨ -де шағын және орта кәсіпкерлік-тердің
үлесі
*Қайнар көз-Google. kz
Францияда шағын және орта кәсіпкерлікті Өнеркәсіп министрлігі қолдайды. Осы қолдау шегінде мемлекет жаңа кәсіпорындар құру үшін, дамыған салалардан басқа салаларға істей кәсіпорындарды алмастыру үшін, кәсіпорындарды дамыту бойынша капитал салымына, реинвестициялау пайдаға салық жеңілдіктерін береді.
Шағын бизнес іскерлігін мемлекеттік ынталандыру шараларының атап көрсететін бай тәжірибесі АҚШ белең алған тәжірибе болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік көмектің негізгі арнасы экономикалық ынталандыру болып табылады. Мемлекеттің міндеті кәсіпорындарын зерттеулер мен жобалар жасау үшін ынталандыруда жағдаймен қамтамасыз ету болып келеді.
АҚШ-та шағын фирмаларды ынталандырудың күрделі несие - қаржылық механизмі жасалған, оған тікелей және кепілдікті қарыз, салық жеңілдіктері, жеңілдетілген амортизация кірді.
Тікелей және кепілдікті қарыз шағын бизнесті федералдық үкіметтің қаржылық қолдаудың несиелік бағдарламасын білдіреді, олар шағын бизнес істері бойынша әкімшілік көмегімен жүзеге асылады.
Тікелей қарыздар шағын фирмаларға ссудалық капиталдың жеке нарығынан несие алуға қарағанда төмен пайыздық мөлшерлемемен мерзімге беріледі.
Кепілдікті қарыз беруде шағын бизнес істері бойынша әкімшілік несие берушілерге қарыздық капиталдық 90% мемлекеттік кепілдігін береді. Солайша олардың тәуекел етуін төмендетеді.
Кепілдік қарыздар арқылы мемлекет әртүрлі кәсіпорындардың-жеке банктер, сауда және өнеркәсіптік корпорациялар, құрылыс компанияларының - шағын фирмаларға капитал беруде қызығушылығын жоғарлатуға тырысады.
Кореяда шағын және орта бизнестің 3 млн. субъектісі бар, ол барлық компаниялардың 99, 5% - құрайды.
Соның ішінде шағын кәсіпорындардың үлесі 97% құрап отыр. Оңтүстік Кореяда шағын кәсіпорындар еңбекпен қамтылудың негізгі көзі болып табылады. Себебі онда елдің экономикалық белсенді (10 млн адамнан астамы) .
Шағын және орта кәсіпкерлік үлесіне ЖҰӨ өндірісінің жартысы және оңтүстік корея экспорттың 43% кіреді.
Сингапур Ғылыми-өнеркәсіптік парк дамуына қатысушы компанияларға, тек экспортқа бағытталған салалардағы фирмаларға берілетін жеңілдіктер көрсетіледі. Мұндай компаниялардың жергілікті кәсіпорынды 100% бақылауға құқығы бар ал салық жеңілдіктері ұзақ мерзімге беріледі. Инвестицияны ғылыми-зерттеу іскерлігіне салған жағдайда пайдаға салық екі есе төмендейді.
Технопарк зонасында өнеркәсіптік ғимраттардың құрылысы мен эксплуатациясына жеңілдікті салық енгізілген.
Кәсіпкерлік сектор 2006 жылдың 1 қарашасындағы жағдайымен салыстырғанда қоғамда көрнекті орын алуда.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің 145, 1 мың субъектісі тіркелінді, онда 524, 6 мың адам жұмыс істеуде. Шағын бизнес мәселелерін шешудегі жүйелік пен реттілік оның Республикадағы ЖҰӨ-дегі үлесін жоғарылатты. Бүгінгі күні ол 16-17% құрап отыр.
Шағын кәсіпкерлік секторы бар потенциалды толық қолданбайды және экономикалық, әлеуметтік міндеттер шешудегі оған берілген рольді атқармайды. Оның дәлелі бір қатар жылдар бойы шағын бизнестің аймақтық салалық құрылымы еш өзгерместен қалып отыр.
2005 жылға қарағанда 2006 жылда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тауар және қызметтерді сатудан түсім 16, 5%-ға өсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz