Ежелгі тіл білімі



Жоспар

1.Ежелгі Қытай тіл білімі
2.Ежелгі Греция тіл білімі
3.Ежелгі Үндістан тіл білімі
4.Ежелгі Рим тіл білімі
Әдебиеттер

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Тіл және әдебиеті кафедрасы

Пән: Жалпы тіл білімі

Реферат

Тақырыбы: Ежелгі тіл білімі
Мамандығы:5В020500-филология: қазақ тілі

Орындаған: Мирманова.А.Р.
11-322- 22 2ВПО
Тексерген: аға-оқытушы,
филолог-магистрі-АбубакироваГ.Н.

Қостанай,2012ж.

Жоспар

1.Ежелгі Қытай тіл білімі
2.Ежелгі Греция тіл білімі
3.Ежелгі Үндістан тіл білімі
4.Ежелгі Рим тіл білімі

Ежелгі дәуір тіл білімі
Қоғам тарихының көне дәуірі де, жазу мен ғылымның алғашқы бастамалары да Таяу Шығыста, Месопотамия мен байырғы Египетте басталғанымен, олардан қалған тілге байланысты еңбектер біздің заманға жеткен жоқ, сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі деген Көне Қытай, Үндістан, Грек-Рим заманынан қалған, біздің заманға жеткен жазба нұсқаларға байланысты қаралады.
Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейілінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған ірге тасы деп санаған жөн.
Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - грамматикалық өнер искусство проблемасы.
Мұның біріншісінде - зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атау болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс, я теріс қойылуының қандай мәні бар дегендерді сөз етушілер - философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала Қытайда да, үнділерде де, гректерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.
Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады филология - грек сөзі, мағынасы - сөзді сүю.
Филология - жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім. Оның дүниеге келуі жазба ескерткіштердің пайда болуымен, оны зерттеу қажеттігінің тууымен тығыз байланысты. Грамматика теориясы көне заман елдерінің әрқайсысында әртүрлі мақсатта және әртүрлі дәрежеде болған.
Бірақ соған қарамастан ежелгі дәуір тіл біліміндегі ой-пікірдің барлығына тән ортақ сипаттар да болды.
Біріншіден, бұл кезеңдегі грамматикалық өнер біраз мәселеде философияға байланысты болған.
Екіншіден, грамматикалық өнер тілдің құрылысын түсіндіруді мақсат етпеген, тілді дұрыс қолданудың, дұрыс сөйлеудің ережелерін жасауды, жазу тілі мен сөйлеу тілі арасындағы қарым-қатынасты түсіндіруді көздеген. Сондықтан да грамматикалық өнер-пікірді - дұрыс, әдеби етіп бере білуге үйрететін тәжірибиелік ілім деп саналады.
Үшіншіден, филология дәуірінде тілдің морфология, фонетика саласында едәуір істер атқарылғанымен, олар тек тәжірибелік сипатта ғана болған, ал лексикология, синтаксис мәселелерінің зерттелуі тым мардымсыз.
Төртіншіден, әр елдің филологтары тек өз тұсындағы бір тілге тән нұсқаларды зерттеген. Сондықтан әр түрлі тілдер фактілерін салыстыра қарау дегенді олар білмеген.
Бесіншіден, бір елдің тіл біліміндегі ой-пікірдің екінші елге жетуі де нашар болған.
1. Ежелгі Қытай тіл білімі. Қытай - мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімі тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытайдағы тіл білімі XIX ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған. Тіл ғылымы тарихында өзіндік дәстүр қалыптастырған. Бірақ қытай тіл білімі әлемдік тіл ғылымына мәнді үлес қосқан жоқ, ұлттық шеңберден шыға алмады. Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр бұрын пайда болған. Олар мал сүйектеріне, әсіресе жауырынға жазылып сақталған.
Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым - Конфуций (Кун-Цзы).
Оның ойынша зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болады. Атау заттың табиғатына сай болу керек. Бұл қате тұжырым. Ат қою теориясымен қатар ежелгі Қытайда грамматикалық өнердің де негізі қаланған. Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы - иероглифке негізделген. Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырының өзінде-ақ белгілі бір нормаға келтіріліп, уставтық, жартылай уставтық және жылдам жазу делініп үш стильге бөлінген, грамматикаға байланысты пікірлер де осы иероглиф жазуын талдап түсіндіруге негізделген.
Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Көне және орта ғасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі - көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі - иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі - фонология. Тілдегі дыбыстық өзгешеліктерді айқындауда, тілді зерттеуде қытайлықтардың өзіндік ерекшелігі, дәстүрі болған. Оларда ежелден қалыптасқан ұғым бойынша, тілдегі ең негізгі тұлға - сөз. Сондықтан иероглиф жазуы жеке дыбысты емес, сөзді таңбалайды. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізі - тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктердің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі қытайша "Эрья" деп аталатын сөздік. Біздің заманға дейінгі үшінші ғасыр шамасында жасалған бұл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін - иероглифін түсіндіруге арналса керек. Ол жазбалардың сөздері - киелі, жоғары стильді, канондық сөздер саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу, оларды оқудың, түсінудің ережелері берілген. Сөздікті грамматикалық еңбектер қатарына жатқызуға себепші болатын да сол ережелер.
Кейінгі кездерде "Эрья" сөздігіне еліктеп, оның сырын аша түсуге арналған тағы да бірнеше сөздіктер жасалған көрінеді. Олардың барлығы да Қытайдың иероглифін талдауға, олардың этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Осы себептен бұл сөздіктерді кейде иероглифтік грамматика деп те атайды.
Иероглифтік грамматикаларда морфема, сөздер мағынасы, этимология мәселесі болмаса, қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық категория мәселелері сөз болмаған. Ғалымдар қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі де осында дегенді айтады.
2. Ежелгі Үндістан тіл білімі. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан тіл білімі бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған "Веда" деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Біздің дәуір алдындағы ҮІ ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазірде де сондай санаушылық бар көрінеді. Бұл "киелі" жырлар тілінде сол уақытағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және "Веда" тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен "Веданың" тілін зерттеген. Бұл зерттеу төрт түрлі бағытта жүргізілген: а) дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнерін, яғни фонетикасы мен орфоэпиясын зерттеу; ә) жырдың құрылысы мен өлең өлшемдерін зерттеу; б) грамматикасын зерттеу; в) жеке сөздердің тіркесін және оның мән-мағынасын яғни лексикасы мен этимологиясын зерттеу. Ежелгі Үндістандағы тіл білімі, негізінде, осы төрт бағытта дамыған. Бірақ бұлардың даму тарихы, зерттелу дережесі біркелкі болмаған.
Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына ғалымдар фонетика мен морфологияны жатқызады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің атақты лингвисі Яска мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жеткен.
Яска біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырда өмір сүрген. Ол - "Веда" тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік жазған адам.
Панинидің біздің дәуірге дейінгі ІҮ ғасыр шамасында жазған Аштадхьян (грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини "Веда" тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және Веда жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Панини еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика дейді мамандар. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздерді тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ, жалғау, префикс дегендердің бәрі де бар. Панини грамматикасы ережелерінің дәлелдігіне, зерттеулердің терең және жан-жақтылығына қарап, бірсыпыра ғалымдар Үндістанда тіл білімі Паниниге дейін де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбектер жазылған болу керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болғанболмағаны ғылымда әзірше белгісіз.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы, т.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
Ежелгі Грек тіл білімі
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Ежелгі дәуір тіл білімі мен араб тіл білімі
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы жөнінде
Ежелгі Кытай тіл білімі
Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Тіл бірліктерінің қалыптары
Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі
Пәндер