М. Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы


Жоспар
Кіріспе.
1. М. Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы.
2. Шоқайдың қазақ автономиясын құру әрекеті.
Әдебиеттер
Кіріспе
Мұстафа Шоқай Түркістан халықтары тарихыңда бүтін бір кезеңді қамтыған ерекше ұлы құбылыс. Ол ерекшелік бұл қайраткердің Түркістан халықтарының 1917 жылы Кеңестік билікке балама Түркістан (Қоқан) автономия үшін демократиялық қозғалысына басшылық жасағанымен шектелмейді. Әрине, тіптен оның басқа атқарған істерін былай қойып, тек осы биік мақсат үшін айтулы күресін атаудың, өзі ғана Шоқайұлының есімін Түркістан халықтары тарихындағы мәңгі есімдер қатарына жатқызуға жеткілікті негіз болар еді. Бірақ М. ІІІоқайұлының өз елі үшін атқарған қызметінің мәні мен орны басқада. Ол Мұстафа Шоқайұлының Түркістан халықтары тарихында бұрынды-соңды болмаған құбылыс - демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалап (20-шы жылдардың екінші жартысы), оған өзі көз жұмған 1941 жылдың желтоқсанына дейін басшлық жасауында, сондай-ақ осы кезеңде Түркістанда болып жатқан өзгерістерді жан-жақты терең талдауға алуында еді. Біз Мұстафа Шоқайұлының екі кітаптан тұратын еңбектеріне берілген бұл кіріспе мақаламызда ретіне қарай оның саяси қызметі мен артында қалдырған мұрасының мазмұнына қысқаша тоқталмақпыз.
Мұстафа Шоқайұлының мұраларын жинастырып, оларға ғылыми талдау жасауда шетелдік әріптестеріміздің, әсіресе, түркиялық ғалымдардың біраз нәтижелі іс бітіргенін үлкен ризашылықпен айтқан жөн. Бұл ретте алдымен түркістандық эмигранттар Анкара университетінің профессоры Тахир Шағатайдың және дәрігер Әбдулақап Оқтайдың есімдері құрметпен аталуға лайық. Олар 1942 жылы М. Шоқайұлының қайтыс болуына жыл толуына орай Ыстамбұлда "Мұстафа Шоқай альбомын" даярлап, басып шығарады. Ал 1950 жылы олар М. Шоқайұлының туғанына 60 жыл толуына арнап "Түркістан ұлттық қозғалысы және Мұстафа Шоқай" деген кітап даярлайды. Міне осы кісілердің және Т. Шағатайдың жары, профессор Саадат Исхаки Шағатайдың тікелей басшылығымен 1972 жылы Мария Шоқайдың және 1988 жылы Мұстафа Шоқайдың естеліктері жеке кітап болып жарық көреді.
Мұстафа Шоқай мен Мария Шоқайдың естеліктерінен "тұратын кітап соңғы рет қазақ тілінде тағы да "Түрік дүниесін зерттеу орталығында" (жетекшісі Тұран Язған) басылып шықты. Естеліктердің бұл жолғы басылуына Хасан Оралтайдың да қосқан үлесі зор. Ал 1997 жылдан бастап Ыстамбұлдағы "Түркістан, Еділ - Орал қоғамы" "Яш Түркістанның" факсимилелік нұсқасын жариялауды қолға алды. Көп томдық бұл басылымның алғашқы екі томы Тюлай Дуранның алғы сөзі және Тимур Қожаоғлының даярлауымен жарық көрді.
Мұстафа Шоқайүлының өмірі мен қоғамдық, қызметін талдауға алған дискуссиялық мақалалар мен құжаттық материалдар елімізде де біраз жарияланды. "Туркестан под властью Советов" атты зерттеуі, 1917 жылға арналған естеліктерінің қысқартылған нұсқасы басылып шықты.
Міне, осы атқарылған істер оқырман қауымға Мұстафа Шоқайұлының еліміздің тарихында, түркістандық және қазақ қоғамдық ойында алатын орнынан біраз хабар берсе керек. Дегенмен, бұл қайраткердің күрес жолы мен артында қалдырған рухани мұрасын бүгінгі өзгерістер арнасында зерттеп тану енді ғана қолға алына бастады деп айтуға негіз бар. Ал бұл атқарылмақ жұмыс, әрине, Мұстафа Шоқайұлының еңбектерін жариялаудан басталғаны жөн. Қайраткердің өзі жетекшілік жасаған "Яш Түркістан" журналында жарияланған еңбектерінен тұратын екі томдық кітабы осы бағыттағы ізденістердің көрінісі.
Мұстафа Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда) уезінде ескі календарь бойынша 1886 жылы желтоқсанның 25-де дүниеге келген. Жаңа стиль бойынша 13 күн қосқанда 7 қаңтар болып шығады. Мұстафаның тегі орта жүздегі Қыпшақ, онын ішінде Торайғырдың Шаштысы, Бошай ұрпағының Жанай тармағы болса керек. Әкесі Шоқай дала қазақтары арасында ерекше мәдениетті, елге беделді, үлкен дәулеттен шыққан. Шоқайдың әкесі Торғай Сыр қазақтары Ресей патшалығының қоластына кірмей тұрғанда Хиуа ханының датқасы (уәлиі, Уәлаят басшысы) болған. Торғайдың да, Шоқайдың да суреттері патша үкіметінің арнайы тапсырмасымен жасалған фотоальбомына кіруі де тегін емес сияқты. Шоқай ағайындарының ішінде отырықшылықпен айналысып бау-бақша егеді, кірпіш үй салдырады. Бірақ жазда жайлауда киіз үйде тұрады. Қазақ ғұрпынан айнымаған, қазы (би) танылған Шоқай үйінің есігі қара Қазаққа да айқара ашық болған. Дегенмен, байлықты малмен өлшейтін қазақтар үшін Шоқай аулы кедей саналады. Ол өзінің бау-бақша, егінін көшпелілермен айырбастап, немесе жаңа қоныстана бастаған орыстарға балта, шаруаның құрал-саймандарына алмастырып тіршілік етеді.
Мұстафаның нағашы жұрты да текті болғанға ұқсайды. Анасы Бақты әйгілі әскер басылардың бірінің ұрпағы. Оның әкесі өзбек хандарына қарсы ұрыстарда аса ерлік көрсетіп, қазақ батырлары санатына кірген. Ал Түркістанды патша әскерлері жаулап ала бастаған кезде ол отаршылдармен күреске шыққан. Сол кезде Мұстафаның болашақ анасы осы соғыстарға қатынасып, әкесіне жәрдем етеді. Атқа мініп шөл далада дұшпан әскерлерінің жолын барлап, хабар жеткізіп отырған. Бақты өлең жазып, дастандар жырлаған. Ана тілінде сауатын ашып, әкесі сияқты араб әліппесінде оқу-жазуды да білген.
Шоқай би отыздан аса ағайын-туыстарымен бір ауылда тұрған. Тұрағы 1917 жылға дейін Орынбор-Ташкент темір жолы бойындағы Сұлутөбе станциясынан 5 шақырым жерде орналасады. Шоқай 1912 жылы қайтыс болған. Жасынан зерек Мұстафа әкесі, туыстары жайлы көрген-білгенін есінде сақтайды. Оның айтуынша, елдегі саяси оқиғалар Шоқай әулетіне де әсерін тигізген. Мысалы, екі рет Шоқайдың кірпіштен соғылған үйін жергілікті орыс үкіметі мен мұжықтар мектеп үшін алып қояды, тіпті егістігін де тартып алады. Бірақ оларға ашық, қарсылық білдіре алмай, өз наразылығын ішінде сақтайды.
Отаршылдықтың өктемдігін, әділетсіздігін Мұстафа жас шағынан бастап-ақ сезіп өседі. Бұл жағдай кішкентайынан баланың еркесі болып, бұла өскен Мұстафаның санасында терең із қалдырады.
Шоқайдың үш ұлы, екі қызы екінші әйелінен туады, бірақ Мұстафаны бірінші әйелі, яғни бәйбішесі бауырына салады. Мария Шоқайдың айтуына қарағанда, Мұстафа өле-өлгенше сол асыраған анасына деген кіршіксіз махаббатынан айныған емес. Үлкен ағасы Сыздық Мұстафадан 15 жас үлкен. Інісінің ұрпақтары қазір Қызылорда облысында тұрады.
Мұстафа сауатын ауылда ашады да, оқуды Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде оқудан бастайды. Кейін 1902 жылы гимназияға (Ташкентте) түсіп, оны 8 жылдан кейін "өте жақсы" деген бағамен аяқтайды. Бірақ гимназияда оған берілмекші алтын медальды генерал Самсонов бергізбей, оны күміс медальға ұсынылған орыс баласына жазады. 20 жасар Мұстафа медалъды алмайтынын айтады да, әлгі орыс оқушысы Зепреметов күміс медальды ғана алады, бұларды гимназия директоры Граменицкий де қолдайды. Отаршылдықтың бұл өрескел көрінісі тек жергілікті жастар емес, орыс жастарының да қарсылығын туғызады. Көпшіліктің есінде қалған бұл оқиғаның оңы мен сапын тани бастаған Мұстафаға қандай әсер еткенін аңғаруға болады.
Мұстафаның терең білім алып, саяси көзқарасының қалыптасуы және қоғамдық қозғалысқа, халқының азаттығы үшін күреске қатысып шыңдалуы оның Петерборда өткізген жылдарына түс келеді.
Мұстафа 1910 жылы гимназия бітіргенге дейін-ақ жерлестерінің көп арыз шағымдарын жазысып, олардың жоғын жоқтап, жоғарыда айтылған генерал Самсоновтың алдына да талай барған болатын. Генерал іске тыңғылықты, орысша сауатты қазақ жігітін өз кеңсесіне тілмаш етіп алмақшы болады, бірақ Мұстафа одан бас тартып, Петербор университетінің заң факультетіне түсуді кездейді. Ол факультетке белгіленген стипендия тек орыс баласына берілуі тиіс еді. Сондықтан Мұстафа Қазақ татарларына берілетін стипендиядан үміттенеді. 1912 жылы "Айқап" журналының 13-санында Мұстафа туралы мынандай сөздер жазылыпты: "Осы күнде Петербург университетінде 1910 жылдан бермен қарай Сырдария облысынын Перовский уезінің Гродековсхий болысының Шашты Қыпшақ руынан Мұстафа Шоқаев деген жігіт оқып жатыр. Бұл жігіт Перовский уезінде жоғары жерден оқыған бірінші қазақ болса керек". Бұл хабарлардан мақтаныш сезіммен жазылғаны байқалады. Ал Мұстафа шынында аз іс атқарған жоқ. Оның оқып жүрген кезінде де (гимназияда, әсіресе, Петерборда) жерлестері әртүрлі арыздарымен келіп, одан жәрдем алып тұрады. Сөйтіп студенттің оқуына да бөгет жасайды. Кейбір үлкен істер бойынша тіпті сенат алдында да мәселе қоюға тура келеді. Осының бәрі оның көп уақытын алып, ақыры 6 жылдың орнына оқуын 7 жылда, яғни 1917 жылы тәмамдайды. Екінші жағынан мұндай бай тәжірибе болашақ заңгерге елдегі қазақтардың мұң-мұқтажын терең білуіне де мүмкіншілік туғызды. Мұстафа Шоқай оқып жүрген кезінде Мемлекеттік Думаға кандидатурасын ұсынуы үшін сұлтан Сәлімгерей Жантөрин оған Уфадағы жер үлесін ұсынады (меншігі жоқтардың Думаға сайлануға құқығы болмаған) .
Мұстафаға алғашқы жүктелген қоғамдық жұмыс - оның 1914 жылы Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен IV Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының хатшысы қызметіне тағайындалуы. 1907 жылғы 3 маусым заңы қазақтарды Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығынан айырады. Осындай жағдайда Думадағы Мұсылман фракциясы жұмысына араласып жүрген М. Шоқайдың қызметі ерекше бағалы еді. Бұл Мұстафа Шоқайдың Ресейдегі қайраткерлермен, Дума депутаттарымен араласуына, іс жүзінде жалпы мұсылмандық, жалпы түркістандық идеяларды қолдауына алып келді. Азаттық алу үшін езілген халықтардың тізе қосуы қажет екендігін Мұстафа сол кезде анық түсініп, өмірінің соңына дейін бұл пікірден айныған жоқ.
1916 жылғы Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты патша үкіметі аяусыз басып-жаншыған кезде демократиялық топтар үкіметке қарсы оппозиция құрып, талқылады. Осы мәселе бойынша ресми баяндама дайындау үшін Түркістанға арнайы сапармен келген депутат эсер А. Ф. Керенский және фракция жетекшсі К. М. Тевкелевпен бірге мұсылман фракцизияның хатшысы Мұстафа Шоқай да балады.
1917 жылы окоп қазуға Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарына жіберілген қазақ жігіттерінің аман-есен елге қайтуы үлкен қиыншылықтарға кездесті. Тіл білмейтің қазақтардың темір жолдардағы орыс шенеуніктерінен пойызға орын ала алмай үлкен станцияларда сандалып жүруі - олардың өмірі үшін қауіпті еді. Осы кезде Петербордан елге оралған Мұстафа Пенза, Сызрань, Самара қалаларында қазақ жігіттерін алып келе жатқан составтардың өз уақытында елге жетуіне ат салысады.
Мұстафа Шоқай қазақ автономиясын құру әрекетіне де ат салысты. 1917 жылдың шілде айында бірінші жалпықазақ құрылтайына қатысып, "Алаш" партиясын құру туралы шешімге дауыс берді. 1917 жылғы 5-13 желтоқсандағы 2-ші жалпықазақ құрылтайы барлық қазақ облыстары өкілдерін қамтыған 15 адамнан тұратын Ұлт Кеңесі - Алашорда өкіметін құрғанда, оның құрамына Мұстафа Шоқай да енді. Құрылтай өз жұмысын аяқтаған күннің ертесіне біртұтас автономия құру мәселесін қорғау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті адрестерге телеграмма жолданады. Оған Алашорда өкіметі атынан Ә. Бөкейхан мен Мұстафа Шоқай қол қояды. Мұстафа Шоқайдың жерлестеріне өз атынан жолдаған қайрылуында "Сырдария халқына өз тарапымнан айтарым, тегінде Алаш баласының басы қосылатын кезі осы, бүгін. Айрылсақ, мұнан соң жұрттың басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешіктірмей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз" - деген сөздер бар еді. Мұстафа Шоқайдың бұл әрекеттері нәтижесіз болған жоқ. 1918 жылдың бас кезінде өткен Сырдария қазақтарының құрылтайында қабылданған қарарда мынадай жолдар бар-тын: "Алашорда өз алдына автономия иғлан қылып болып, Түркістан автономиясына союз (одақ) болса, Сырдария қазақ-қырғыздары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіруге қарар қылады".
Мұстафа Шоқай есімі кітаптың он бес бетінде кездеседі. Оған кейде бір-екі абзац, кейде жарты, кейде бет арналады. А. 3әки Уәлиди Тоғанның Мұстафа Шоқай жайлы пікірлері туралы айтқанда біз осы кітаптағы мағлұматқа сүйенеміз.
Мұстафа Шоқай туралы Ахмет Зәки Уәлиди 1916 жылғы көтерілістен кейінгі 1917 жылға ақпан төңкерісіне байланысты айта бастайды. 1916 жылғы бүкіл Түркістанды қамтыған көтерілісте өздерін көрсете алмаған зиялылар, Тоғанның пікірі бойынша, 1917 жылғы төңкеріске дайындықсыз келді. Осы арада Ахмет Зәки Уалиди заманауи білім алған зиялылардың сол кезде салыстырмалы түрде алғанда Қазақстанда көбірек болғанын атап көрсетіп, олардың басым бөлігі жаңа режим мекемелеріне жұмысқа кірді, жергілікті жердегі билікті өз қолдарына алды, ал Түркістанның оңтүстігінде билік негізінен орыстарының қолында болды дейді.
Сол бір күндерде жиын сайын пікір таласын туғызған үлкен мәселе болашақ Ресейдің федерация түрінде, ал оның құрамына енетін ұлттық құрылымдардың автономия сипатында болуы яки болмауы мәселесі еді. Бұл сол бір кезең үшін өте маңызды мәселе болатын.
Ташкентте 1917 ж. сәуір айының басында болып өткен Түркістан мұсылмандарының І Құрылтайында да бұл мәселе құн тәртібінде тұрды. Қыста Орынборда Әлихан Бөкейханұлының басшылығымен I Қазақ құрылтайы болды, Садри Мақсұди Арсал. Мұхаммет Аяз Ысқақи, Кәбір Бәкір, Ісләм Шахахмедовтер басқарған татар-башқұрт зиалыларының бір тобы Ресейдің федерация, оның құрамындағы ұлттық мемлекеттердің автономия сипатында болуына барынша қарсы шықты. Ресейдің біртұтас, унитарлық мемлекет болуын жақтады. Мұстафа Шоқай алғашқя кезде осы татар-башқұрт зиялыларының ықпалында қалып қойды. Мысалы, Тоғанның жазуынша, І. Шахахмедов пен М. Шоқай (онда ол Ресейдің мемлекеттік думасының мұсылман фракциясының Ташкент бюросында қызмет атқарған) тіпті Түркістанның генерал-губернаторы Куропаткин орнынан кетсе, әр жерде көтерілістер болады, халық арасында бүліншілік басталады, сондықтан ондай атақты адамның өз орнында қалғаны әлдеқайда пайдалы болар еді деп ойлап жүрген.
Дегенмен, Түркістан мұсылмандарының I Құрылтайында көпшілік дауыспен федерация және автономия идеясы қабылданады (қолдағандар - 446, қарсы шыққандар - 271) . Орынбордағы қазақ құрылтайы да осы пікірде болды.
Түркістан мұсылмандарының 1 Құрылтайынан кейін жер-жерде орталық кеңестер құрыла бастайды. Ташкентте құрылған мұсылман депутаттарының орталық кеңесін М. Шоқай басқарады, Қазақстнда -Ә. Бөкейхан. Қыркүйек айынан бастап саяси партиялар өмірге келіп жатты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz