Күләш Ахметованың лирикасындағы стиль және бейнелік мәселесі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4.9

I тарау
К.Ахметова лирикасының идеялық . көркемдік ерекшелігі
1.1 К.Ахметова лирикасыдағы тақырып пен көркемдік шешім ... ... 10.23
1.2 К.Ахметованың махаббат лирикасы ... ... ... ... ... ... ...24.31

ІІ тарау
Ақын лирикасындағы стиль және бейнелілік мәселесі ... ... ... ...32.44

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45.47
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ...48.50

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––– 4-9

I тарау
К.Ахметова лирикасының идеялық – көркемдік ерекшелігі
2.1 К.Ахметова лирикасыдағы тақырып пен көркемдік шешім––––––––10-23
2.2 К.Ахметованың махаббат лирикасы––––––––––––––––––––––––––– 24-31

ІІ тарау
Ақын лирикасындағы стиль және бейнелілік мәселесі–––––––––––––––32-44

Қорытынды ––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––– 45-47

Пайдаланылған әдебиеттер –––––––––––––––––––––––––––––––-––– 48-50

Кіріспе

Әдебиеттің тегі бейнелеу тәсілінің үш түріне қарай жіктелетіні әдебиет
теориясынан белгілі. Бірі – автордың өз атынан баяндау (лирикалық түр),
екіншісі – кейіпкердің толғанысы (лирикалық түр), үшіншісі – кейіпкерге
өзара қақтығысып сөйлесу (драмалық түр).Әдебиетте қалыптасқан қанша жанр
болса, соның барлығының атқаратын қызметі – өмір шындығын әр қырынан
танытып, көркем шындықтың суретін салуға септігін тигізу. Осы жағынан алып
қарағанда, әр жанрдың, әрине, өзге ұтымды жақтары бар. Көркем әдебиеттің
негізгі саласының, жанрының бірі – лирика. Лирикада ой мен сезім бірлесіп,
терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын терең оймен суарылған,
нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида-тұжырымдар арқылы берілсе,
оқырманды тебірентпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан
тумаған жай сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды. Лириканың басқа
жанрлардан айырмашылығы да, өзіндік артықшылығы да бар. Академик Зәки
Ахметов Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі,
сезімі суреттеледі. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан-дүниесін,
толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл ортаны, қоғамды, заманды
сипаттап береді1.216.
Адам жанының тереңдігіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының
өзіндік ерекшеліктері, оның өзге жанрлардан айырмашылығы орыс
әдебиеттануында кеңінен зерттелеген. Атап айтқанда, Л.Гинзбургтің О
лирике, М.Гринбергтің Лирическая поэзия, Три грани лирики. Ал
Михайловтың Лирика сердца и разума, М.Поспеловтың Лирика среди
литературных родов, В.Бузниктің Лирика и время, Л.Г.Фризманның Жизнь
лирического жанра, Полкиннің Лирика как искусство стихотворного слова,
т.б. еңбектерінде лирика мәселесі кеңінен сөз болса, қазақ әдебиеттануында
да осы жанр төңірегінде жазылған көптеген ғылыми кітап, монография,
мақалалар да баршылық. А.Байтұрсыновтың Ақ жолынан бастап, Ж.Аймауытовтың
Мағжанның ақындығы туралы, Қ.Жұбановтың Замана бұлбұлдары,
Қ.Жұмалиевтің Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының
тілі, Е.Ысмайловтың Ақындар, М.Қаратаевтың Шеберлік шыңына,
М.Дүйсеновтың Қазақ лирикасындағы тақырып пен көркемдік шешім,
М.Базарбаевтың Көрікті ойдан көркем сөз, З.Қабдоловтың Сөз өнері,
С.Қирабаевтың Әдебиет және дәуір талабы, З.Ахметовтың Өлең сөздің
теориясы, Б.Кәрібаеваның Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы, Қ.Жүсіптің
Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік, т.б. көптеген еңбектерде қазақ
поэзиясы, лирикасы жүйелі түрде талданып, зерттелініп келеді.
Қазақ поэзиясындағы сапалық күрт өрлеу, жедел кемелдену, негізінен 60-
жылдардан басталады. Поэтикалық даму шексіздігінің әр тұсынан бір толқын
көтерген қуатты жарылыстар мен дүмпулер кезеңі боп тұратыны белгілі, 60-шы
жылдар феномені де сол тектес бір қопарылыс мезеті еді. Оның тарихи
себептері саяси, әлеуметтік-психологиялық дәйекті негіздері бар. Бұл өзі
социалистік Құрылыс ауқымындағы демократияның сәл де болса кеңейе түскен,
И.Эренбург Жылымық (оттепель) деп ат қойған кезеңде, жеке адамға, оның
жан дүниесі мен рухани ділгірлігіне тереңдей үңілуге шақырған уақыт
талабына, қоғамдық сана-сезімнің өрлеуіне тұспа-тұс келген, сонымен тікелей
байланысты құбылыс болатын. Жеке бастың қадірі туралы концепцияның қайта
жандануы лириканың да кібіртігін жазып, тұсауын шешті. Лирика кенет
шешіліп, өз тілімен сөйлей бастады. Дүниеге кәдімгі ет пен сүйектен
жаратылған жанның болмысынан сәулеленген поэзия келді. Лирикалық кейіпкер
арқылы адам жанының тереңі, қасиет-қуаты пердесіз көрініс тапты. Қазақ
поэзиясындағы осы жаңа дәуір О.Сүлейменов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев,
С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов,
К.Ахметова т.б. есімдермен тығыз байланысты 2.63.
60-90 жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің ұлттық көркем өнердегі
терең тамыры нәзік арқаудан нәр тарта дамуға талпынған бет-бағдары болатын.
Бұл жылдар аралығындағы лирика шын мәнінде тасты жарып шығып гүл атқан
қызғалдақтай көзге ыстық тартқаны рас 3.106. Шынында да осы жылдары
поэзиямыздың жаңа дәуірі басталды. М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, С.Жиенбаев,
Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов, К.Ахметова, т.б. өздерінің
ақындық таланттары арқылы қазақ өлеңдеріне үлкен серпіліс, жаңа өрлеу
кезеңін ала келді. Осы буын жасаған поэзияны жалғастырып, өзіндік
даралығымен келген ақынның бірі – К.Ахметова.
Талант – күрделі құбылыс. Орыс әдебиеті теориясын зерттеуші Н.А.Гуляев
талант жөнінде : Это – комплекс творческих сил и способностей человека,
обеспечивающих, прежде всего эстетическую сторону писательского труда,
образную, эмоциональна выразительную специфику хужожественного
произведения, – дейді 4.106. Ал қазақтың ұғымымен, талант – ана сүтімен
бойға даритын туа біткен қасиет. Ақындық та солай. Заман талабы өзгеруі
мүмкін, бірақ оның өлеңдері бәрібір оқылады. .
Қалыптасқан ұғым бойынша, лирика дегеніміз – ақынның ойы мен сезімінің
ұштасып келіп тұтас көрінуі. Лириканың предметі де, бейнелеп айтар ойлары
да, бейнелеп көрсетері де – ақынның өз көңіл-күйі. Н.А.Добролюбов өзінің
И.Никитин өлеңі туралы жазған мақаласында лирикаға орай мынадай тұжырым
айтады: Лирикалық өлеңде, – дейді сыншы, – ақын өзінің табиғатты немесе
өмірдегі белгілі бір құбылыстан алған тікелей сезім-түйсігін айтып береді.
Бірақ мұндағы нәрсе – сол түйсіктің өзі де, оны ақынның енжар қабылдауы да
мес, ақынның сол сыртқы әсерге іштей ұйып, құлай ықылас қоюында 5.112.
Осы жылдар поэзиясының ізін басып, өнердегі өзіндік мінезімен алдыңғы
топтан көрінетін К.Ахметова поэзиясы – біздің бүгінгі жұмысымыздың басты
арқауы да. Бұл орайда Ақын қуанса, шын қуанып, мұңайса, шын мұңаяды. Оның
бір жырдан екінші бір жырға көшіп отыратыны лирикалық кейіпкерінің жан-
дүниесіндегі толқыныстар ауыл, аймақ, керек десеңіз кейде ұлт пен ұлыс
шекарасынан шығып, жалпы азаматтық толғаныстар кеңістігіне көтеріледі. Ол
аспанмен тілдессе де, жермен сырласса да, бір қызығы, сені досыңмен
сөйлестіргендей, тілдестіргендей ерекше бір халге бөлейді деген
Ш.Айтматовтың пікірінен біраз нәрсе аңғарылады 6,12.
Абай әлеміне еркін еніп ,оның өлең сөздегі дәстүр -өнегесін лайықты
жалғастырған қазақ ақындары Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт т.б. көркемдік
рухани мәселелерді ,адам мен оың еңбегін ,өмір тұрмысын терең
толғады.ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашып, биік белестерге
көтерген - С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев,Т.Әбдірахманова, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков,
М.Әлімбай, М.Айтхожина, Ф.Оңғарсынова, А.Бақтыгереева, Н Оразалин,
О.Сүлейменов, Қ.Мырза Әлі, Қ.Бұғыбаева, М.Шаханов, Т.Медетбек, Ө.Нұрғалиев,
С.Иманасов, Р.Ниязбек, Ж.Әбдірашев, К.Мырзабеков, А.Егеубаев, Ж.Жақыпбаев,
Ұ.Есдәулетов, Е.Раушанов, И.Ғайып, Т.Оразбаева, Б.Серікбаев, Г.Салықбаева,
Т.Әбдікәкімов, Н.Мәукенлы, т.б. ізденіс-еңбектері,көзқарас эволюцияары,
кеше-бүгін мәселесін жырлаудағы амал-тәсілдері қалың көптің көңілінен
шығып,рухни нәр сыйлады.Аталған ақындар шоғырының бел ортасында: -Мен өз
жүрегімді жырлау арқылы қазақты жырладым, - деген өлең-өнердің өз өкілі -
Күләш Ахметовада бар.
Ұлттық поэзия патшалығына өзіндік өрнек, өзгешеліктерімен
келген,адамдық,ізгілік иірімдерін нәзік лиризиммен, терең тебіреністі
толғамдармен еркін жырлаған – К.Ахметова уақыт талаптарын жіті зерделеді.
Қайсы бір тақырыпты да тереңнен толғап,ақыл-парасат нұрын,көңіл күнделігін
,жан-жүрек сәулесін молынан түсірді. Өлең өрімі, өрнектері арқылы уақыт
алға тартқан келелі мәселелерді, тәуелсіздік талаптарын жүректен қозғады.
Атамекен мұратын, ел-жұрт тағдырын, адам әлемін алуан ізденіс, түрлі
салыстырулар арқылы шебер де шешен жеткізеді. Біздіңше К.Ахметованың
ақындық өнері – талант қуатымен, көркемдік нәрімен,сыр-сезімге толы шындық
сипаттарымен даралана түседі. Мұны ізденіс іздері де, қолтаңба мәнері де
бедерлей түседі. Зерттеу мұраттарының арналы ағысы да, өзекті һәм ұтымды
қырлары да осы тұстан айқын аңғарылады. К.Ахметова туралы: Ж.Дәдебаев,
Ә.Кекілбаев және Ж.Абдуалиева, Қ.Бегманов т.б . мақалаларында біршама
қарастырылды.
К.Ахметова шығармашылығының әлі де сандаған зерттеулерге объект
болатынын айта келе, біздің бүгінгі тақырыбымыздың өзегіне айналар ақын
өмірбаяны мен шығармашылығына тоқтала кетейік.
Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туылған. Жамбыл
облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген.1961 жылы жамбыл
медициналық училищесін ,1973 жылы ҚазМУ-ді тамамдаған.
Үшарал медпунктінде меңгеруші,Талас аудандық “Ленин жолы ” 1973-1977
жж республикалық “Қазақстан пионері ”газеттерінде әдеби қызметкер,бөлім
меңгерушісі,1977-1980 жж “Жалын” баспасының поэзия бөлімінде редактор
болды.
“Сен менің бақытымсың” атты кітабы үшін акын Қазақстан жастар одағы
сыйлығының лауреаты болды. Өлеңдері түркі халықтарының тілдеріне аударылған
мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына арналған
республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері. “Еңбекте үздік
шыққаны үшін” медалімен марапатталған 7.37
Ақын К.Ахметова шығармашылығындағы басты тақырыптар – атамекен , ел –
жер мұраттары , достық пен жастық жырлары көркемдік –рухани мұраттар
тұсынан кемел де келісті сипаттарымен әр буын өкілдерінің талап
–талғамдарына жауап беріп келеді. Ақын ізденісі мен көзқарас мұраттарынан
жаңа уақыт бедері, тәуелсіздік талаптары кеңінен көрініс береді. Әсіресе,
ұлт мұраты, демократия тағлымы, адам мен оның еңбегін аялау мен бағалау
сипаттары айқын. Кезең көріністері,мезгіл әуендері де нанымды өріс алады.
.Алайда, бүгінгі күнге дейін К.Ахметованың лиркасы арнайы зерттеу
нысанасына айналған жоқ.Тақырыптың зерттелу мұраттары да осы тұстан терең
танылады.
К.Ахметова лирикасы ақынның жеке басының сезім иірімдерін, көңіл-
күйін жырлаумен шектелмей, қоғамға тән құбылыстар мен адамға тән мінез-
құлықтардың табиғатын ашуға, өмірдің қиын да күрделі тұстарын зерделеуге,
адам санасы мен ғалам байланысының сырлы жұмбақтарын тануға көмектеседі.
Ақын заманның ащы шындықтарын терең барлап, батыл сөйлейді, еркін жырлайды,
көркем суреттейді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың басты мақсаты қазіргі
қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы Күләш Ахметованың ақындық әлемін
лирикалық өлеңдері арқылы қарастыру болып табылады. Сол арқылы танымал
тұлғаның әдеби процестегі орын-үлесін, ізденіс арналарын, көркемдік
мұраттарын, қаламгерлік нысанасын зерделеу. Ақын әлеміне ену, ізденіс
арналарына назар аудару, тақырыпты меңгеру, образды ашу, көркемдік амал-
тәсілдерді қолдану мүмкіндіктеріне мән беру. Біз курстық жұмысын жазу
барысында біз мынандай мақсатты көздедік.
Бірінші тарауда, ақын К.Ахметова өлеңдеріндегі қоғам мен заман
шындығының бой көтеруі, ақын өлеңдеріндегі ұлттық таным сипаты,
жаңашылдығына, тақырып таңдаудағы ерекшелігіне тоқталамыз. Сондай-ақ
“махаббат лирикасы” деп аталатын тарауда ақынның махаббат лирикасы тереңдей
талданады. Бұл тарауда ақынның сан алуан сезімді жеткізудегі шеберлігі,
әйел сезімдерін бейнелеген өлеңдері арқылы айқындалып отырады. Күләш бұл
саладағы шебер қаламгер екендігіне көз жеткіземіз.
Екінші тарауда, ақын өлеңдеріндегі өмір шындығының бейнелену
ерекшеліктері, стиль және бейнелілік мәселесін қарастыру. Ақынның өзідік
қолтаңбасын айқындау.
Қорытындыда К.Ахметованың қазақ лирикасындағы жетістіктері айқындалады
Оның өлең өлкесіне үлкен дайындықпен келген, батыл да өр лирикалық қаһарман
бейнесін қалыптастырған талант иесі екендігі дәлелденеді.
Бітіру жұмысының өзектілігі Ақын творчествосын зерттей отырып, оның
қазақ поэзиясындағы өзіндік қолтаңбасы, өзіндік мінезі бар, өзіндік Мені
бар ақын екендігіне көз жеткіздік. К.Ахметованың ақындық политрасы – терең
лиризмге құрылған.
К.Ахметованың лирикалық туындыларының басты арнасы, салалары
жүйеленіп, оның ел-жер, табиғат, жастық, достық, махаббат тақырыбындағы
туындылары терең сараланады.Сондай-ақ , ақын көзқарасы мен қолтаңбасы,
ізденіс мұраттары,өлең өрісі мен өрнектеріндегі өзіндік өзгешеліктер, ой-
сөз жүйесі, көркемдік таным арналары зерделенеді;
-ақын шығармашылығы тұтас қаламгердің өлең-жырларымен бірлік-
байланыста сөз етіліп,өзіндік өзгешеліктері көрсетіледі;
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау

К.Ахметова лирикасының идеялық-көркемдік ерекшелігі.

2.1 К Ахметова лирикасындағы тақырып пен көркемдік шешім.

Өнер мұраты – халықты бір-бірімен жақындастырып, рухани жағынан
үндестіреді. Оның ішінде, әдебиет – халықтың ой-санасын өсіріп,
кемелдендіреді.Әдебиет халықтың рухани асыл қазынасы болғанымен,оны
жасайтын халық ішінен шыққан дарын иелері.Сондықтан да жеке адамдар жасаған
әдебиет туындыларын сандаған ұрпақ оқып,одан ұлағатты ой,өнеге-үлгі
алады.Тәлімдік,тағлымдық тұстары мол.
Бұл ретте әрине, аға буын өкілдері: Ә.Тәжібаев, Д.Әбілев,
А.Тоқмағамбетов,М.Әлімбаев, Х.Ерғалиев, Ғ.Қайырбеков, С.Мәуленов,
С.Сейітов, Т.Әбдірахманова, К.Салықов, Қ.Бекхожин, Қ.Шаңғытбаев,т.б.
азаматтық-философиялық түйін-тұжырымдарға толы өлең-жырлары, О.Сүлейменов
пен М.Шахановтың азаматтық мәселелерге батыл үн қосуы, сол секілді
Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Жұмағалиев, Н.Нәжімеденов, С.Иманасов,
Ә.Нілбаев, Ө.Нұрғалиев,Қ.Мырза Әлі, М.Мақатаев, К.Мырзабеков, Ж.Әбдірашев,
Ш.Сариев,Т.Медетбек, Ұ.Есдәулет, Е.Раушанов, И.Сапарбай, И.Ғайып,
С.Тұрғынбеков, Ж.Ерман, А.Егеубай, А.Әлім, С.Адай т.б. өмірі мен өнерге
адалдық танытып,қазақ өлеңін дамыту ісінде қайсар мінез бен қаламгерлік
қарымдылық көрсетуі көңіл қуантады.
Адам жанының тереңіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының
басты ерекшелігі – ой мен сезімнің тең қабысып отыруы. Ал, нағыз лирик осы
қос қасиетпен оқырман жүрегін сәулелендіріп отыруы тиіс. Бұл әрине, қалам
ұстаған кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтін, тек сирек талант
иесіне ғана бұйырар шығармашылық бақыт.
Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар,
ізденіс пен ізгілікке жаны құштар, жүрегі жырға,көңілі нұрға толы талантты
тұлғалардың бірі – Күләш Ахметова.
К.Ахметова ақындығы алыптар тобының асылы мен асқары,“кәдімгі Сәбит
Мұқанов” назарына ілігеді .С.Мұқанов “Балауса өлең өрісі” атты жас авторлар
шығармашылығы туралы мақаласында – К.Кененбаев, Х.Балшабеков, Х.Алпысбев,
А.Жылқышиев, С.Оспанов, И.Дүйсебаев, Т.Қажыбаев, С.Буратаева, М.Нұрқанов
т.б. бірге К.Ахметованың жауқазын жырларына да арнайы тоқталады. Ізденіс
мұраттарын,көзқарас эвалюциясын, ондағы сыр-сезімді, көркемдік өрнектерді,
өлеңдегі өмірін тап басып көрсетеді. Ақындық өнер мен көркемдік қабылдау
мұраты өмір тәжірибесімен уақыт бедерінен із береді 8.9 6
К.Ахметова лирикасының табиғатынан ұлттық болмыс бедері, қазақ
тілінің жыр болыптөгіген әрі мен нәрі, шұрайы мен шырайы қиял қанатымен
қанаттанып, құштарлық, өнерге сүйіспеншілік сезімдері сырлы да нәрлі түрде
өріс алады. Адам өмірін үлгі ету,еңбек мұраттарын бағалау,келешекке үміт
арту айқын аңғарылады. Кеше – бүгін байланысы берік те тағылымды.
Мәселен,“Мен туған үй” өлеңінде:
Түрлі достар үйімізде бар біздің,
Тоғысатын шоғырындай жұлдыздың.
Балалайка тартып анам, ал әкем
Әнін салып отыратын қырғыздың 9. 28, -
деп, - балалық бал дәуренін сағынышпен еске алу арқылы алтын тамыр –
ауылға кеше-бүгінге барлау-байлам жасайды. Ақын үйді –Отан бейнесінде алып
содан нәр-қуат алған адамдар әлемін ,еңбек тынысын еркін де көркем,
серпінді суреттейді. Ата-анаға құрмет, досқа беріктік сынды сезім,сырлардан
да табиғилық , тазалық танылады. Бұл тұста, әрине, ақын өмір шындығын
көркемдік шешімге айналдырар тұста, тақырып табиғатына айрықша мән
береді.Ақын кез-келген тақырыпты талғаусыз толғап,қиыннан қиыстырып жаза
бермегені айқын аңғарылады. Бұл ретте,әрине,өзі көрген , көңілі
сеніп,жүрекке берік ұялаған жайларды ғана тереңнен толғап, шынайы
жырлайды.Өзін толғандырған тақырып табиғатына еркін еніп,оны әр қырынан
танып, қалың көпке ізденіс-көркемдігімен, шеберлік пен шешендікке сай соны
бейне, ұтымды қырларымен жеткізу – К.Ахметова ақындығының басты
белгілерінің бірі.
Ақын тудырған өлең-жырлардың өрімі де әлеуметтік, философиялық, көңіл-
күй әуендеріне айналып, жалпы адамзаттық, дүниетанымдық көзқарасын баян
етеді. Лирикаға тән қасиеттердің бірі – адам сезіміне әсер берер отты,
жалынды эмоциялық сезімталдық екені белгілі. Құрғақ баяндау немесе сезімге
құрылмаған жай әншейінгі жалаң тұжырым музыкалық шығарма тудыра алмайды.
К.Ахметова лирикасының басты ерекшелігі – нәзік сезімге, ойлы толғанысқа
құрылумен ерекшеленеді. Таңдаған тақырыбының түп-төркінін терең зерттеп,
баянды барлап барып, сезім сырын шерту – ақын шеберлігінің бір қыры. Ақын
кейіпкерлері кімнің атынан сөз алса да оқырман есінде ұзақ сақталатын
ерекше мінез даралығымен өзгешеленеді.
К.Ахметова шығармашылығының ең басты жанры – лирика. Лирикада ой мен
сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын терең
оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида тұжырымдар
арқылы бірлесе, оқырманға әсер етпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы
үлкен толғаныстан туылған жай сезімшілдік лирикасы жандандыра алмайды.
Себебі, лирикаға жан беретін сезімнің аты, нәзіктігі. Лириканың басқа
жанрлардан айырмашылығы да осында. Шыншылдық пен сезім байлығы, ойшылдық –
оның өмір танудағы, адамды танып бағалаудағы үлкен байлық. Қай кезде
қандай тақырыпты жырласа да ақын осы жолдан тайған жоқ. өлең әр күйде, әр
жағдайда жазылып оның болмысын аша түседі.
Қонғанда күздің баққа тұманы,
Қоштасар құстар тәтті етіп әнін,
Есіңе аларсың сонда жырларын
Ахматованың емес, Ахметованың 10.133, -
деп басталған уыздай балғын жыр бүгінде қаншама тарихты, өмірді басынан
кешірген кемел шағына келгенін танытады:
Барасыңдар қай жаққа кетіп бәрің?
сырт-сырт етіп тоқтамай өкінтті әр үн.
Бір сөз, бір ой, бір демге ұзарыңдар
Құдіретті, қуатты секундтарым!

Күн күледі, сонан соң түн кіреді,
Түн көзімді сәл ғана ілдіреді.
Қатал патша – уақыт, бізден артық
Қадіріңді өзіңнің кім біледі?!10.198 - деп кең тыныстап кейінде
қалған өмірге шолу жасайды. Осы екі шумақтың арасында халқымыз бастан
кешкен өмір жатыр, онда ақынның өз бояуымен өрнектеп салған қолтаңба ізі
жатыр. К.Ахметова өлеңдерін оқи отырып өткен жылдарды қаз-қалпында көз
алдымызға елестетеміз. Сол жылдардағы көңіл-күй, сезім оралымдары, туған
жерге, ағайын-туғанға деген кіршіксіз махаббат, бейбіт өмірге, бейқуат
тірлікке деген қанағат әр өлеңінде жарасымын тауып әдемі суреттелген.
Әсіресе, туған жерге,туған ауылына арналған ақын өлеңдері ерекше шабытпен
жазылған. әр шумақтан, әр жолдан ақын жүрек сағынышы аңқып тұрады.
Сүйіктіңдей жүретін кіл есіңде,
Кір түсірме ел деген ұлы есімге.
Атамекен – бақыты бабалардың
Жеңіп алған сан ғасыр күресінде.
Күндерімен, түнімен, гүлдерімен
Өзіңдікі ол сенің, білесің бе?

Өзіңдікі ауасы, таң нұры да,
Өзіңдікі жазы да, жаңбыры да.
Өзіңдікі даласы, тау қыры да,
Өзіңдікі мереке, ән-жыры да.
Өзіңдікі барлығы болғаннан соң,
Өзіңдікі болғаны тағдыры да, - 11.7 - дейді ақын “ Өз елім ” деген
өлеңінде. Туған жер тарихы, атамекенге деген құрмет бәрі әдемі үйлесіп
тұр.Негізінен, К.Ахметованың көптеген өлеңдерінде туған жерінің небір
ғажап сұлулығы әр қырынан суреттелген. Ақынның кіндік қаны тамған жерге
деген сүйіспеншілігіне еріксіз назар аударасың.
Қырғыздың жері! Киелім!
Жанымды тербеп жаралы ән.
Еске алам сені, сүйемін,
Қырыңда жатыр жан анам.
Жайларсың жүрек, санамды,
Атсын таң қанша, батсын Ай.
Аяулы бізге адамды
Баурыңа алдың жатсынбай.
Келемін саған келемін,
Жеткізіп желмен шынарға ән.
Арналса саған деп едім,
Ең жақсы, мұңды шығармам 11.47.
Барлығымызға бала кезден таныс туған жерге деген сағыныш ақын санасында
мәңгілік сақталып қалған. Оған деген перзенттік сезімін ақын шынайы
сүйіспеншілікпен жарқын жеткізе алған.
Ақынның табиғат құбылыстарын бақылап тұрған творчестволық объективтің
кең екені байқалады. Сол объективтің аясында сонау аспанда әлденеден үркіп
қашып бара жатқан сайлар сиып кетіп тұр. Біз де ақынмен бірге табиғаттың
бойында ғана емес, өзгені де, жанында болып жатқан құбылыстарды көреміз.
Табиғаттың тылсым жұмбақ жанына үңілу оңай шаруа емес, сол табиғаттың ішкі
дүниесінде болып жатқан құбылыстарды тек шилі өзектің қойнауын ғана емес,
біздің де өзегімізді сыздатып бара жатқандай. Ақын сезім мен ақиқат
полотнасына сурет салады. Адамның көңіл-күй дүниесі, жан әлемі дәл сол
күйінде түсіретін техникалық құрал не суреткерлік құдірет жоқ. Ақын осы
ғаламат көшірмесін дәл түсіруді – өлеңімен түсіруді мұрат тұтады. Көңіл-
күй, сезім – өлеңінің негізі. Күләш ақын өзін толқытпаған жайды жазбайды.
Тек тұла бойын шымырлатып өткен күн, келер шақтарды елестетердей әсер
берген құбылыс қана оның жүрек қаламынан жыр туғызады. Осы көңіл дүниесінің
қалт еткен қас-қағым сәтті табиғаттың көңіл әлемімен көмкеріледі де, адам
мен жаратылыстың бұл күнде жер үстінен қашқақтап бара жатқан үйлесімін
табады. Ақын шумақтарының өзінен-ақ лирикалық кейіпкердің ішкі жан әлемін
көреміз.
Ақын өлеңдеріндегі табиғатпен, ауамен, бұлтпен, ай сәулесімен
астасып жататын жан қозғалысы, тынысы көбірек кездеседі.
Адам баласының бүкіл жарық дүниеге, барша жанға деген жанашырлық,
сүйіспеншілік сезімі өзінің оймақтай ауылын,ес біліп, етек жапқанда көңіл
көзі түскен туған табиғатын жақсы көруден басталса керек. Өзінің аршасы мен
шыршасын, тобылғысы мен түзгінін кие тұтпаған адам басқаның ауласындағы
қайыңды қастерлей алмайды. Өз туған жерінің тауы мен жылғасын, құралайы мен
ұларын, наурызы мен қарашасын ақын керемет өрнектейді.
Ақын шығармашылығындағы келесі бір үлкен тақырыптың бірі Ана
тақырыбы.
Көргеніңнің өмірде - бәрі мектеп,
Ренжітіп алдым ба, жаным, ептеп.
Мойынымнан құшакқтап келгеніңде
Мазам болмай отырып “әрі кет” деп.
Сен қиналсаң – мен бе екен жата алатын,
Сенің атың – алдымен аталатын.
Өлең қуып жүргенде,
Кемдеу болып
Кеткен жоқ па аналық махаббатым?
Ақынның бір сәттік көңіл күйі, толғанысы.Қажып келгенде мойнына асылған
баласына “әрі кет” дейді.Соған қарамастан, ана көңілі “ренжітіп алдым ба,
жаным” деп, тағы да алаң болады.
Мына өлеңінде ананың балаға деген мейірімі мен махаббаты басты тақырыпқа
айналады.
Ботақандарым!
Кішкентай сүйіктілерім.
Көкірегімді иіскеп,
Бұзыңдар ұйқымды менің.
Ересектерден көңілім қалған кездерде
Сендерге қарап кеудемде күй тынды керім.
Кейіпкер характері, алдыңғы өлеңдегідей емес, бұл өлеңде басқа қырынан
танылады.
Тыныш күндер ылғи табылса еді,
Айдың нұры бөлмеңе ағылса еді.
Жаман дауыс бұзбасын тәтті ұйқыңды,
Жаңбыр әні оятсын, жаным, сені.
Жылы демің жүзіме білінсе еді,
Ертегі айтып көздерім ілінсе еді,
Бөгде дыбыс бұзбасын ертеңіңді,
Ерке шуақ оятсын, күнім, сені. 11. 52б
К.Ахметованың кейіпкерлерінің өмірге деген құштарлығының тағы бір қайнар
көзі – Ана, баланың анаға деген сүйіспеншілігі.
Қамыққанымда, торыққанымда,
Думан тойлардан жалыққанымда.
Қараңғы түнім мен жарық таңымда,
Сен шықпадың есімнен, ана.
Қатал тағдырдың дауылдарында,
Ақ боран мен жауын, қарында.
Алданғанымда, ауырғанымда,
Сен шықпадың, есімнен, ана,
Сен шықпадың есімнен, ана. 18.60
Ақын “Шілтер” өлеңінің алғы сөзінде “Біздің үйде шешемнің қырғыз
қыздарынан үйреніп тоқыған шілтері жатыр. Шілтер бар, тоқыған адам жоқ”...,
- деп әрі қарай өлең жолдарымен ойын сабақтайды.
Сен тоқыған шілтер мынау тозбаған,
Ал мен болсам, тозбайтұғын сөз бағам.
Неге адамды сақтау қиын зат құрлы ?! –
Дейді менің бота көңілім боздаған.
...Шілтер жайлы мұңды өлеңді созбай тым,
Бітірейін. Ойды ой ғой қозғайтын.
Өмір шығар - өзі кетіп адамның,
Бір ескерткіш қалдыруы тозбайтын. – деп ақын жүрегі аяулы анасын
аңсап, сағынышпен еске алса, “Мұң” атты өлеңінде :
Сен кеттің, апа, кешікпей
Сездім мен өмір салмағын.
Бауырым жылап бесікте
Жатты,
Мен жұбата алмадым.
Анасыз көңіл дерті – ерек,
Сезіндім өмір дауылын.
Есейтті мені ертерек
Бесікте қалған бауырым. 18.58
Өлең өрнегінде балалық шақтың бал күндерінде сәби жүрегіне түскен мұң .Бұл
тек бір адамның басындағы мұң емес.Барша адамзаттың мұңы.
Академик З.Қабдолов: “Лириканы тақырыбына қарай топтап талдау оны
жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айрықша мәні бар нәрсе,
әр түрінен ақынның бір қырын тануға болады” десе 12.32, профессор
Ж.Дәдебаев, “Лирикалық шығармада ақын өмірден, айналасынан көргені мен
білгендерін ғана жазып қоймай, сол құбылыстардан лирикага арқау боларлықтай
ең басты асыл қасиеттерін тани білуі керек” деп нақты ой
білдіреді.13.151.
К.Ахметова поэзиясының басты тақырыптары – ел мен жер тағдыры, адам
мен оның еңбегі,елдік пен ерлік, уақыт пен кеңістік, дала мен қала, жыл
мезгілдері, ғашықтық ғаламаттары болып табылады.
К.Ахметова лирикасындағы ізденіс арналары – ауқымды да ағысты,
тақырыптары – іргелі де мәнді, көзқарас пен қолтаңба мәнерінен ақиқатты ту
ету, шынайы шындыққа табан тіреу айқын байқалса, мазмұн құрылымынан – ұлт
пен ұрпақ мұраттарынан адалдық, ел мен жерге берілгендік, адамдық істі
ардақтау, кісілік пен кішілікке ден қою, тарих пен танымға, дәстүр мен
дінге, діл мен тілге т.б. көркем де кемел, шебер де шешен жырлайтыны айқын
танылады.Ақынның өлеңдеріне байыппен назар аударар болсақ, халық перзенті,
елден үлкен еместігі, оқырманмен бірге екендігі айқын аңғарылады. Мұны
“Кездесу” деген өлеңінен байқаймыз. Халқын сүю ,оның болашағына алаңдау
қаламгердің ғана емес.кез келген азаматтың міндеті ісі болса керек.Біреу өз
сүйіспеншілігін ерен еңбегімен, екінші біреу өнерімен дәлелдесе, ақын
өлеңмен айтып жеткізеді. Күләштің халқына деген махаббаты алабөтен.
Қазақты жамандама қазақ бала!
Халық қой қазақ деген, аз – ақ қана!
Мәңгілік Ай астында, Жер үстінде,
Қазақтың жанашыры қазақ қана!

Қамалдай беріктікті құт санайды,
Қасынан опасыздар шықса – қайғы.
Қазақтың бар болмысы бөлек, дара,
Тағдыры ешкімге де ұқсамайды, -
деп өз ұлтын қанатымен су сепкен қарлығаштай шыр-пыр болып қорғайды. Жас
ұрпаққа халқын қорламауды, елін кемсітпеуді насихат етеді.
Ақын шығармашылығының негізгі, түп қазығы лирикадан танылады.
Лирикалық поэзияның күрделі де қуатты бай түрін жасаған ақынның ең әуелгі
ерекшелігі өмір шындығын көркемдік сатыға көтеріп, дамытып, қоғамдық
құбылыстардың қым-қиғаш күрделі суреттерін лирикалық туындының қысқа
қайырымды мазмұнына шеберлікпен сыйғыза алуында. Демек, лирикалық туындыға
тән әр сәтте жарқ еткен құбылыс пен сезім сәттерін шағын шумақтарға
сыйдырып, сырлы сөзбен сурет салу – ақын талантының бір ғана қыры.
К.Ахметованың стиліне тән осы қасиет ақын өлеңдерінің өмірінде бастан-аяқ
байсалды қалпын сақтап отырады. Образ жасауда ақынның өзіне ғана тән
даралық сипат ерекшеліктері барлығы аңғарылады. Қас қағым сәттік өмір
көрінісі ақын жырларында көркемдік әрді иеленіп, образдық суреттер
тудырады. Ақын кейіпкерлері қоғамның, заманның үнін танушы сан түрлі
характерлі бейнелер сапында көрінеді.
Уақыттың өлшеулі шеңберінде,
Талай кітап оқылып болды өмірде.
Талайы әлі оқылар. Сонда-дағы
Адам жаны оқылып болмағаны.
Көп өртенді даланың көк орманы,
Мекеніне көп марал оралмады.
Ұясына көп құстар қона алмады
Тек адамның өртенген жоқ арманы.
Бұл замана шындығын әр қырынан көрсете отырып, ақын мағынасыз тірлікке
мазасызданып, күйінеді. Оның ашық, батыл ойынан батылдық байқалады.
Ақынның жеке басының сезім күйлері тек бір адамның тіршілігін
күйттемей, жалпы адамға тән сипаттарды кеңінен бейнелей алғанда ғана
қоғамдық мәнге ие болады. Ендеше, ақын өлеңдерін оқи отырып, суреттелген
жайларды бірге сезініп, бірге қайғырасың.
Лирика адам жанының терең сырларын аша отырып, оның рухани бейнесін
қалыптастыру үшін, ең алдымен, шын мағынасындағы өнер дәрежесіне көтерілуі
тиіс. Ашық, батыл ой, шынайы терең сезім шындықтары болуы керек 14.23, –
деген шартқа сүйенетін болсақ, ақын Ахметова лирикаларында жан дүниесін
мазасыздандыратын қоғам, заманның ащы шындықтарын бейнелейтін терең сырлары
қамтылады. Ол - табиғатында өлеңді адамдық бітімінен бөліп алып қарамайтын
өзімнің ар-ұятым, өмірімнің мақсаты мен мұраты деп ұғатын ақын.
Классик Қадыр Мырзалиевтің: “ Күләш Ахметова – көп ақынның бірі емес.
Өз алдына бөлектеу тұрған сегіз қырлы, бір сырлы тұңғиық ақын ” деуі тегін
емес15 3б .
Біздің жақты білгің келсе сен егер,
Ешбір үйге есік қақпай кіре бер.
Үлкендерге ізет – бізде бір өнер ,
Отырғанда үлкен келсе – түрегел.
Түрегел де алдымеен қол ұсын,
Ол отырсын, отырасың сонысын.
Айтқаныңды істете бер кішіге,
Ал үлкеннің сөзін тыңдау - борышың 16.21бет
Ақын өлеңінде өзге халықтардан жайсаң жаратылысымен, қара шаңырақты
қастерлеген қасиетімен, салиқалы салтымен,ғұмырлы ғұрпымен ерекшеленетін
таңғажайып қазақ елінің игі де ізгі құндылықтары қашаннан ақын жырының
алтын арқауы.
“Күләштің жыры жүрегіңе сондай жылы ,сондай жақын...Бала кезіңде
түсініктің емес,түйсіктің құшағындағы сәби кезіңде естіген лебізіндей
мейірлі.Балғын кезіңде,баудың төрінде, жаратқанның өзінен басқа жан
байқамас өңаша жолығыста, тіл байланып, діл сөйлейтін сиқыр сұхбатта
естімесең де ,ұғып, айтылмаса да біліп, шалқып тұрып тыңдайтын жүрек
лүпіліндей сіңімді...Күннің нұрындай, гүлдің әріндей, нанның дәміндей,
сүттің өңіндей, бөбектің иісіндей ,емірентпей, тебірентпей қоймас, кінә
тақсақ, кие ататындай пәк жыр.Жігерің құм боп жүргенде, жұлыныңа күш беріп,
бойыңды тіктер, қан түкіріп,қаһарына мініп келгенде, райдан қайтарар
қарындас пейіліндей демеу сыр, жебеу жыр осы Күләштің кітаптарында көп
кездеседі”15 3б. Белгілі қаламгер Ә.Кекілбаев Күләш Ахметованың өлеңдері
туралы осылай дейді.
Ақын жүрегі елім деп соғады. Халқының ауыз біршілікте болып,тәуелсіздіктің
көк аспанында еркін самғауын қалаған ақын:
Бірімізді біріміз құқай көріп –
Дұшпанға жем болармыз ұпай беріп.
Өзімізді - өзіміз сыйламасақ,
Сыйлайма ағылшын мен қытай келіп?!-
деуі де сондықтан. Салт- дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды, діліміз бен
тілімізді сақтап, оларды үнемі дамытып отыруды да кейінгі ұрпаққа аманат
етеді.Жастар ғана емес,Жасамыс жұрағаттарды да, әсіресе, ел басқарып жүрген
жақсылар мен жайсаңдарды да ана тілімізді ардақ тұтуға үндейді.
Мұны ұқсақ,“қазынамыз – той”демесек,
Той емес, ең керегі – ой мен есеп.
Қазақтың бай тілінде кім сөйлесін,
Шырынын тамызып біз сөйлемесек?
Табады төл тарихын жұрт түбінде,
Басталды құрмет пенен құнт бүгінде.
Ілесер ынталанып дүйім халық,
Сөйлесе ұлықтары ұлт тілінде.
Ақын шындықты айтып отыр. Өз тілімізді өзімізден өзге кім қастерлейді, кім
жоқтайды ?!Ақын жас ұрпаққа осыны ұғындырмақ. Ықылым замандардан бері сан
жетпейтін зомбылықты, тіл жетпейтін тауқыметті басынан өткерген халқымыздың
Тәуелсіздігін баянды бар жан – жүрегімен қолдап – қуаттаған ақын оқырманын
өткеннен сабақ алуға шақырады.
Өз салтын өзге бірақ үйретпесін,
Ыза сөз жауар бұлттай түйдектесін.
Бауырым,
Бабалардың басқан жерін,
Тәңірім енді жатқа билетпесін!-
деп тебіренуі осы сөзіміздің дәлелі.
К.Ахметованың ақындық өнерінде өзіндік өзгешеліктер мол. Оның бастысы,
әрине қайсыбір тақырып, мәселелер өмір шындығына негізделуінде жатыр.Өлең
мұраты, ондағы өмір оқиғасы мен лирикалық қаһарман әлемі осы бағыт аясында
кең өріс алады
Бастысы , әрине, К.Ахметова өмірін өнерге арнаған.Өмірге өнердің
көзімен қарайды.Шындық жайттардан, толғам - толғаныс, тебіреністі сәттерден
қуат алады. Сыр мен сезімді қатар ұстайды.Шындық шырағын алысқа түсіреді.
Мұның бәрінде де ақындық мұрат айқын.Ұлттық болмыс пен уақыт өрнегі
бедерлі. Қайсыбір тақырып, мәселелер жүрек айнасы арқылы көңіл безбеніне
салынады.Жан жүректі толғантып, тебіреткен жайлар ғана өлең өріміне
айналады.Өлеңдегі өмірбаян осылай жазылады.Қазіргі қоғамда адам , жер,
әлем, орта, жеке адам тағдыры мәселелері көтерілуде. К.Ахметова лирикалық
туындыларында өмір шындығы және қ аһарман әлеміне кең орын беріледі.
“...Адам бар жерде поэзия бар. Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын алдымен
сезініп, алдымен ләззаттанып, алдымен жиіркенетін де сол адам десек, ендеше
поэзияның бүкіл болмысының өзі сол адамның ақыл-парасаты мен сезім-
түйсігінен жаралған. Демек, адамның қатысуынсыз поэзия жоқ. Барлық
табиғатымен өмірдің өзі тұнып тұрған поэзия дейміз, алайда сол өмірді, сол
керемет табиғатты көретін көз, сезетін сезім керек. Демек, шынайы поэзия –
адам сезімінің анатомиясы да, шын ақын соның зертеушісі. Шынайы ақын - өз
халқының шаттанса, шаттығы мен қуанышы; жыласа, көкірек шерімен көз жасы”,
- дейді ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өзінің “Қазақ жырының бір жылы” атты
мақаласында. 17.215
Осы пікірде айтылғандай, Күләш қай тақырыпты жырласа да барынша
шынайы, көркем жырлауды мақсат етеді. Ақынның байқампаз назарынан ешбір
құбылыс таса қалмайды. Әсіресе, өзі өмір сүріп отырған орта, заман шындығы,
қоғамдығы келеңсіз жайттар мен зиянды әрекеттер өлеңде барынша айқын
көрінеді
Қайран елім!
Қонақжай қайырымды.
Құндағынан жүрегі бай , ұғымды
Толқындары қатерлі дарияға
Қалтылдатып салдың – ау қайығыңды..18.159
Атақты сыншы В.Г.Белинский: “Ақын бәрінен бұрын адам, сонан соң өз
дәуірінің перзенті ”, - деген екен. Осы пікірге сүйенсек, Күләш өлеңдерінде
өз дәуірінің көзге көрінетін, кейде көрінбейтін неше алуан құбылыстары сөз
болады.
Жадыңдама?
Жауың кім? Бүлік – қас кім?
Кіммен діндес, кімменен дос, ғұрыптассың.
Жүрегіңе даланың даусы жетсе,
Мәңгі бақи ойларсың, ұмытпассың.
Ақын өлеңінде егемен елінің ертеңіне алаңдаушылық басым. Осы өлең әрі
қарай былай өрбиді:
Бұтағына жармасып өлі үміттің,
Кімге сендің ?
Кімдерден нені күттің ?
Бір тарының сыйғызып қауызына,
Айырғанын еркіңнен неге ұмыттың - деп ақын өз ұлтын қанатымен су
сепкен қарлығаштай шыр – пыр болып қорғайды. Әйтсе де Отан – от басынан
басталады. Әлемдік қиындықтың бір пұшпағы - әркімнің өз ошағынан
өрбиді.“Егер бүкіл Жерге сызат түсер болса, сол сызат алдымен ақындардың
жүрегін басып өтеді”деген екен Генрих Гейне. Ал егер сол айтып отырғанымыз
әйел ақын болса, Ана болса, оның жүрегі қаптаған жарақаттан тұрады.Ең
керемет деген ер азаматтың басында мың мұң болса,әйелдердің, ақын
әйелдердің басыда мың бір мұңы болады. Күләш Ахметова, міне , сондай ару,
сондай ақын!
Ақын “Оюлар” атты өлеңінде:
Қазақтың оюлары – ай, оюлары!
Даладай бояулары қою бәрі!
Күмбезге, тасқа, шиге көшкен нақыш
Жарайды көрмелерге қоюға әлі! 18.150. – деп қазақ халқының
дәстүрлі өнерін мақтан етеді.
К.Ахметованың тәуелсіздік кезеңіне дейін жазған дүниелері бір төбе
болса, еліміз егемендік алғаннан бергі шығармалары ақынның шығармашылығының
шыңы деуге болады.Тәуелсіздік толғауларын біз ақынның жаңа шықан
“Құт”кітабынан кездестіреміз. Кітаптың алғашқы беташар өлеңі “Құт” деп
аталады. Өлеңнің соңғы екі жол өлеңі ақынның өзекжарды арманы:
Келешек ұрпақ, сенің құтың мен қуатың –
Кемелденгенде білімімнің, сұлулығында - рухтың!
Гегель “Эстетика бойынша дәрістерінде” эпикалық поэзияның мазмұнында
жалпы әлем шеңберіндегі ұлттық дүниетаным көрінеді деген ой айтады . Бұрын
жазылған “Ғасыр қасіреті”,“Сарыөзек сағыныш”, “Болашақ үшін”, “Үлбір сұлу”
атты поэма- толғауларында ақын адамзатқа ортақ әділетті іздеу,
бейбітшілікті сақтау, экологияны қорғау, махаббат пен мейірімді асқақтату
мұратын биік қойып отырса, жаңа кітабыдағы “Теңдік үшін мұхитқа қайық
салдық” атты поэмасында адамның рухани бостандығын, елдің азаттығын,
қоныстың құттылығын көздің қарашығындай аялап, Елбасын аманаттайды, ұрпаққа
ұлықтайды. Ел, халық, Отан, Жер деген қасиетті ұғымдарды қанына сіңіріп,
жүрегіңе құйып отырады. Ақынның бүкіл шығармашылығының алтын арқауы болып
табылатын адамгершілік құндылықтар “Құт” кітабында айрықша сипат алып,
әрленіп, қуаттанып келеді.
Астана туралы толғаған ақындардың алғашқыларының бірі де Күләш.
Өнерлі орда, аспаны ән,
Жаңбыр – нұрмен жуынған.
Көшіп кеттің, Астана –
Жаухар Жетісуымнан, -
деп жырлайды ақын.Әрине, жер жаннаты атанған Жетісуға Елордасының әрі әр
нәр беріп жарасым тауып тұрғаны анық. Өз Отанын жерұйық көріп,жүрекпен
сүйіп, бас ию – Ахметова жырларында жиі кездеседі.
...Адамдарды құртады
-құлай ұқпау,
Алдымызда - ұлы үкім,
Біздің ғажап даламыз
жан пида боп,
Сүю мен қорғауға лайықты – ау!
“Өз басым кейінгі жас ақындарға қарап, тіпті екпіндеріне қауіптеніп
қарап отырамын. Сондай қауіптене, сүйсіне қарайтын азғантай топтың ішінде
Күләштің творчестовасы менің көз алдымда өсіп, дамып келеді.
Бір өлеңнен екіншісіне аттаған сайын өсіп келеді. Күләшқа менің бір
риза болатын жерім – ол өлеңге өте жауапты қарайды. Баяғыда біздің ауылда
Сәрсен деген зергер болған – ды. Күмістен ою оятын: білезік, сақина, сырға,
алқа дейсің бе – бәрін жасайтын. Сонда көріктен шыққан күмістен қол түгілі,
көзге көрінбес нәзік өрнектерді кез келген адам төзе бермейтін шыдай
бермейтін шыдамдылықпен әшекейлейтін. Іші алтын, сырты күміс өлеңді жазу да
осындай ісмерлік, шеберлікті қажет ететін сияқты. Күләш та тап сол
секілді” – дейді Ф.Оңғарсынова 19.123 .
Күләш өлеңдері оқырманын табиғилығымен, тектілігімен баурайды. Ақын тіл
тағдыры- ел тағдыры, мемлекет тірегі. Осы тұста халқын ұлтын сүйетін, ұлт
бесігіде тербелген әрбір ұл мен қыз туған тілдің келешегі үшін күресуі
керек екенін, туған тілсіз Азаттықтың құны жоқ екендігін қатты ескертеді.
Өлеңдерінен ананың, ақын ананың үні сезіледі.Ана тақырыбын жырлауда да
өзідік шеберлігін таытқан.Әрбір өлеңі сырттай өзінше жеке туынды
көрінгенмен, іштей бір-бірімен үндесіп, ұласып, ұштасып жатқан тұтас
әлем.Өлеңдерін көкірек көзімізден өткізе отырып, оны сыршыл ақын, өлең
сөздің зергері екендігін тани түсеміз.
Күләштың "Ақ гүлім менің" деген алғашқы жинағынан бастап, соңғы кітабына
дейігі аралықта жыр әлемінің шексіз кеңістігі мен түпсіз тұңғиығына, еркін
бойлап, елі мен жерін байтақ Қазақстанын үлкен махаббатпен жырлап келе
жатқан үлкен жүректі тұлға екені даусыз.

1.2. К.Ахметованың махаббат лирикасы.

Поэзияның өнер мүлкі ретінді қыр сыры мол жанр. Сезімнен тыс поэзия
болмайды .Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім.Алайда, әр
ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуінде эстетикалық арсеналдары түрліше.
Күләш өлең сүйер оқырманын да , асыл сөзді бағалар әдебиетші қауымды да
әрқашан мойындатқан ақын.
Сүйеді деп ойлауға жасқанар да ем
Таныстар да ол жайлы ойламаған.
Бірақ сүйем дей тұғын басқалармен
Бақытты бола қою қайда маған?
деп ағынан ақтарылған ақын өлең жасамайды, оны жүрегінен толғатып әкеледі.
Сондықтан, Күләш тақырып таңдап жазатындар қатарынан емес.
Жалпыға ортақ өмірлік мәселелермен адами сезімдердің ақын қаламынан тыс
қалмасы анық. Күләш өлеңдерінің тақырыбы әр алуан. Ақын бірде азамат болып
сыр ашып, бойжеткен болып мұңаяды. Соның ішінде біз сөз еткелі отырған
ақынның махаббат лирикасы.
Аңқау , тұйық, алаңы аз қыз едім,
Сені көріп бал-бұл жанды жүз , өңім
Сені көріп бұрымымды реттеп
Сені көріп жүрісімді түзедім.
Сені көрдім. Сілкіп өтті қатты ағын.
Ұмтылуға, тіл қатуға батпадым.
Бір нәрсені сен әкетіп қалғандай
Алаңдадым, сағат тағат таппадым
“Сені көрдім”өлеңінде махаббаттың тылсым күші қыз жанының албырт арпалысы.
Отты сезім мен өр көңілдің шендесіп , шарпылуы арқылы бейнеледі.
“ Табылды-ау саған да” мұң , мағанда мұң,
Сен мұңайсаң қиналып алаңдадым.
Қалың жұрттың ішінен қанша қарап,
Саған ұқсас бір адам таба алмадым
деп әрі қарай
Есіме алсам,
Өртейді ішімді өлең,
Ешкім мені өзіңдей түсінбеген.
Мүмкін сені сүйетін шығармын-ау
Ешкімге ұқсамайтының үшін де мен.20.92
“Айналдырып уақытты”деп аталатын бұл лирикада бойжеткеннің ішкі жан-
дүниесі әдемі көрінеді.
Жанарымда:
Үмітім, қуанышым.
Түсінбесең,
Түзіліп мұздар ішім.
Сүйетінін дәлелдеп айтып жату
Міндетті де емес-ау қыздар үшін...20.93
Бұл айтылған лирикалық кейіпкердің жан-толқындары ақынның өз басынан
кешірген сезім сәттері Күләш өлеңдері адам жанының әр сәттік жай-күйін дөп
басудың үлгісін көрсетеді.
Неге бүгін тау жаққа жүр демедің,
Тәкәпарлық біздерге не береді.
Жазды ұзарт деп тілеп ем мен тәңірден,
Жаз қызығын бірақ сен молайтпадың.
Тамылжыған тамыздай сентябрьде
“ Қыдырайық, жаным! ”деп неге айтпадың ?! 20.81
Өлең сұраудан басталып, сұрақпен аяқталып тұр. Сұраушы, сұрақ қоюшы –
лирикалық кейіпкер, сұрауға, сұраққа жауап беруге тиісті жан – ол. Өлеңде
сұраққа, жауап күткен жүрек тілегіне, оның сұраулы лүпіліне дауа болып,
шипа дарыта алатын да сол. Бірақ лирикалық кейіпкердің көңілінің асыл
жұмбағы шешілмеген қапы қала береді.
Сүйген көңілдің сүйіктісіне қояр талабы да көп, тілегі де зор. Кеше балаша
қуанса, енді бірде қайта мұңаяды.
Өмірден таңдап тапқан дара бағым – ау,
Қатулы қабағыма қарап мынау.
Сен шақырып,
Мен ылғи “ бармаймын деп ”,
Гүлден нәзік көңіліңді жараладым – ау.
Сендей адам мен үшін анық көп дейсің бе,
Кештерімді қызық та, жарық та етпейсің бе?
“Бармаймын ” дагеніме көне бересің бе,
Көздерімді тұндырып алып кетпейсің бе?!
Тағы да сұрау, тілекке толы көңіл. Лирикалық кейіпкер орамалы иығына сырғып
түсіп, әлі де сүйіктісін күтіп отыр.Мұның нәзік қарсылығына қарамай, ол
мұны бақыт бағына ала жөнелетіндей.
“...Кейбіреулер махаббат, көңіл-күй тақырыбындағы өлеңдер турасында
жалаң сезімге құрылған” деген тіркес қолданып, сынайтын болып жүр. Ал
сезімнің жалаңы болады дегенге мен түсінбеймін. “Сезімге әсер етпейді -
сезімсіз” десек, бір жөн. Жалпы бізде поэзияның иісін тұмауратып
жүргендей сезінетінімізді әшкерелейтін әдет бар. Көңіл – күй, махаббат,
достық лирикасын “отбасы, ошақ қасының өлеңі” деп менсінбей қараймыз.
Дүние жүзінде халықаралық Нобель сыйлығының лауреатын тұңғыш алған ақын
әйел, Чили қызы Гаквриэль Мистраль ыстық қанды сезімге толы махаббат
лирикасымен әлемге аты шыққан. Сезімнің сүйініші де, күйініші де адамды ,
не заманды таңдамайды емес пе ? Қуанбайтын, қайғырмайтын, сүймейтін , жек
көрмейтін адам бола ма? ” - деп Фариза ақын айтқандай 21.211 Күләштің
бұл тұрғыда айтпағы мүлде бөлек. Ол әлі көп ешкім батылы барып жырлай
бермейтін, адам сезімдерінің небір қалтарыстарына үңіледі.
Ақын “Жұбатпадың”өлеңінде:
Сен деп едім жылытар шуақ таңым,
Арманымның көгертер мұраттарын.
Өксігімді баса алмай жылағанда
Сүйіп тұрып сен неге жұбатпадың ?

Қып – қызыл боп осынау сәттегі арай .
Мұңымды ұққан бұлтқа беттеген Ай.
Жер дүние жанымды ұққан кезде
Жұбатпадың сен ғана, әттеген – ай 16.64
Өз еңбегінде Н.С.Қамарова: “Күшті сезім мен эмоцияны жүйелейтін мұң
атты психикалық форма алдымен лирикаға тән, яғни ішкі монологты құрайтын
негізгі күш” 22.84 – дейді.
Жұмыр жердей жүгі көп бұл жүректі
Күтуде өткен күндерім шын жүдетті.
Көзім талып, шаштарым ағарады,
Көрмегелі тағы да жүз жыл өтті!
Жүз жыл өтті жолыңа қарағалы,
Қарағалы құруда бар амалым.
Гүл кезімде ұлғайып жараларым,
Күн көзінде сарғайды орамалым. 20.129
Ақын жүрек сырын жырлайды. Жүрекке түскен ауыртпалықтың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
К.Ахметованың шығармашылық өмірбаяны
Күләш Ахметованың поэзиясы мен поэтикасы
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
Жұматай Жақыпбаев лирикасының көркемдік ерекшеліктері
Жүрсін ерман поэзиясының көркемдік сипаты
Ж.Нәжімеденов шығармашылығының көркемдік жүйесі
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Г.Салықбаева лирикасындағы дәстүр жалғастығы
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Пәндер