Халифат территориясынң кеңейуі
КIРIСПЕ
1. Халифатқа дейінгі Арабия және Халифаттың құрылуы
1.1. Ислам дінінің қалыптасуы
1.2 Халифаттың құрылуы және Халық жағдайы
2. Халифат территориясынң кеңейуі
2.1. Омейядтар билігінің орнауы
2.2. Аббасидтер кезеңі
2.3. Салық салу жүйесі мен жерге жеке меншіктің түрлері
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕРI
II.Әдебиеттер

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды
ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы
қазан айындағы "Қазақстан-2030" деген халыққа арнаған Жолдауында бұл
міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді
табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси-экономикалық қуатты
мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп,
олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.
Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, IV-V ғасыр бойы дүниенің үш
бөлігіне -Азия, Африка, Европа материктеріне үстемдік орнатқан
мемлекеттердің бірі - Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың
өздерін бағындырып, басын біріктіріп, сонан соң Кіші және Орта Азияны,
Солтүстік Африка-ны, Пиреней жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап
алды. Халифаттың тарихы бұл тек арабтар мен Аравия жартыаралының ғана емес,
сондай-ақ оның құрамына кірген Иран, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения,
Әзербайжан, т. б. халықтары мен елдерінің тарихы.
Араб халифатының экономикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы -
Аббасидтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. VII
ғасырдың 30 жылдарында құрылған араб халифаты XI гасырдың ортасындағы
селжүқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық-мәдени даму
жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб
халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар,
армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар және т.б. Халифат
үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың,
халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде
дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік апараты болды. Ол
дүниежүзілік сауда жүргізді. Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі
түрде жиналатын алым-салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік-
экономикалық және мемлекеттік құрылыс яғни Халифаттың ішкі және сыртқы
жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шарғат заңдарымен реттеліп отырды.
Халифатта орта ғасырларға тән құнды мәдени ескерткіштер, әдебиет,
ғылым-білім өмірге келді. Қоғам ішіндегі әртүрлі элеуметтік топтардың
ынтымағын қамтамасыз ете білу де үш материктің көп ұлтты халықтарынан
құрылған мемлекеттің 4 ғасырдан астам уақыт өмір сүруінің бір себебі болды.
Араб халифатының әлеуметтік-экономикалың қатынастарды шешу тәжірибесін
үйрену қазіргі кездегі мәселенің бірі.
Тақырыптың өзектілігі Халифат жағдайының әлеуметтік экономикалық
жағынан зерттеу халық жағдайының әл ауқатын бүгінгі күнге
жеткізу.Халифаттың көптеген елдерді оңай әрі тез жаулап аулының, оларды өз
қол астында тапжылтпай ұстап ұстап отыруының мәселелерін зерттеу.Халифат
территориясының кеңейуі және даму дәрежесі, басқа ұлттармен араласу
барысындағы қарым – қатынасының сақталуы тақырыптың өзектілігі болып
табылады.Қандай да болмасын мемлекеттің өркендеу аясы экономикалық
қатынастардан көрінетіні сөзсіз. Сол себепті араб халифатындағы әлеуметтік
экономикалық мәселесі бүгінгі күні өзекті деп айтуға тұрарлық. Себебі
бүгінгі еліміз үшін, кешегі өркен жайған халифат тарихы болашақта сабақ
болмақ демекпін.
Тақырыптың зерттелу деңгейі Жалпы “араб халифатының әлеуметтік -
экономикалық” жағдайы туралы зерттелген десе де болады. Себебі бүгінгі күні
бұл жайында жазылған еңбектер жоқ емес. Алайда ол еңбектердің барлығы
дерлік орысша тілде жазылған. Негізінен зерттеушілер орыс тарихшылары болып
табылады.
Басты дерек көзі, Құран Медина, 1991 3 болып табылады. Халифат
туралы Құраннан көп мәліметтер алуға болады. Оның ішінен негізінен мәдени
жағынан көп мағұлматтар аламыз. Сонымен қатар Ибн – Хостров Сафар –Намэ –
Христоматия по истории средних веков. Под.ред. Н.П. Грацианского и С.Д.
Сказина. М, 1963 1 дерегінен Арабтар туралы жан – жақты мәселелерге көз
жеткізе аламыз. Ибн – Хостров еңбегі араб тарихының көптеген қоғамдық
жағынан ашып көрсетеді. Халифат тарихын қарастыруда үлкен көмегі тиген
деректердің бірі.
Е.А.Беляев. Арабы, ислам и арабский халифат в ранее средневековье. М,
1966 7 тақырыпты қарастыруда осы еңбектің көмегі зор. Е.А. Беляев еңбегі
халифат тарихының бастан өткізген оқиғаларын баяндай келіп, сол уақыттағы
араб елінің қоғамдық жағдайына кеңінен тоқталады. Сонымен қатар, халифат
соғыстарының барысын жазады.
Тақырыпты қарастыруда Большаков. О.Г. История халифата в 4- х том
22. В.В. Бартольд. Ислам. Пг., 1918 5. Т.А. Чистякова. Арабский
халифат. (7-10в) М, 1962 еңбектері пайдаланылды. Және де араб халифатының
экономикалық жағынан қарастыруда, Л.И.Надирадзе. вопросы общественно –
экономического строя государства рабов и халифата VI-VIII вв М, 1969 12,
Н.В.Пигулевская. зарождение феодальных отношений на Ближайшем Востоке М,
1958 15 пайдаланылды. Сонымен қатар тақырыпты қарастыруда тағыда басқа
көптеген халифат туралы еібектер қолданылды. Тақырыптың мақсаты мен
міндеттері. Тақырыпты жазудағы мақсатым халифат экономикасы мен әлеуметтік
жағдайын халық қозғалысын анықтау салдарынан туындады. Жалпы тақырып
обьективті түрде зерттелген деседе болады. Алайда діннің идеология болып
тарауының негізінде халифат қоғамында етек жайуы белең алды, осы жағынан
қарастыру тақырыптың негізгі мақсаты болып табылады. Халифаттың әлеуметтік
экономикалық мәселелерін қарастыру негізгі тақырыптың басты міндеті.
Бітіру жұмысы екі тараудан, бес тармақтан тұрады. Бірінші тарауда
Халифатқа дейінгі Арабия және тарауда Халифаттың құрылуы жайында тоқталса,
екінші тарауда Халифат территориясының кеңейуі және Омейядтар билігі мен,
Аббасилер кезеңі, салық салу жүйесінде жерге меншіктің мәселелеріне
тоқталады және қорытынды және әдебиеттер тізмімен аяқталады.
1. Халифатқа дейінгі Арабия және Халифаттың
құрылуы
1. Ислам дінінің қалыптасуы
Ислам Меккеде өмірге келді. Мекке-Хиджаздың ең үлкен елді мекені
төңірегі құлазыған шөл дала, өсімдік өте аз: түйе жейтін жантақ, қой-ешкіге
жетерлік шағын жайылым ғана болды. Жері егін егуге мүлде жарамсыз, азын
аулақ түйе, ешкі, қой сияқты түлік түрі аяғынан тозып, азық айырады
демесең, мал ұстауға да мейлінше қолайсыз. Кұдықтар суы өте тереңнен
шығады. Сондықтан да Меккенің тұрғындары не мал өсірумен, не егіншілікпен
айналыса алмады, Мекке сауда керуенінің жадындағы зәмзәм бұлағының бойында
өмірге келген. Зәмзәм суының шипалы қасиеті бар. Сондықтан да Мекке бірден
қасиетті мекенге айналды. Зәмзәм бұлағында Каһба Храмы араб бәдәуилерінің
атамзманнан табынатын орны болған. Ол храмды Абрам (Ибрахим) мен оның
египеттік күңі Ажардан туған баласы Исмайл салғызған деген аңыз сақталған.
Ибрахим Египеттен Палестинаға келгеннен кейін, пұшпағы қанамаған бедеу
әйелі Сара өз қонасынан бала болмайды деп ойлаған соң, Египет перғауыны
ханымына тік тұрып қызмет қылсын деп жанына қосып берген күңі Ажарды құдай
қосқан қосағы Ибраһимге тоқалдыққа алып береді. Кешікпей Ажар Ибраһимге
Исмайлдай ұл тауып береді. Жасы жетіп, үміті үзіле бастаған егде шағында
Сара құдіреті күштінің желеп-жебеуімен жүкті болып, Исхак деген ұл туды.
Сара Ибраһимді Ажарды қуып жіберуге көндірді. Ибраһим сүйікті ұлы, тұла
бойы тұңғышы Исмайлды қуып жіберуге қимады. Бірақ жаратқан Сараның талабына
құлақ асты да, Ажар мен Исмайлды құдіреті күшті ишара еткен Арабияның бір
түпкіріне апарып салуға Ибраһимді мәжбүр етті. Жалғыз қалған Исмайл
шырылдап жылап, жер тепкілей бастады.
Баланың тепкілеген жерінен тұп-тұщы ауыз судың көзі ашылып, бұрқ ете
қалды. Пайда болған зәмзәм қайнарының жанында кейін Исмайлдан тараған
арабтар Қаһба аталған "құдай үйін" салды.
Қаһбадағы қара тастың құпиясы әлі күнге дейін жұмбақ. Ол басында әппақ
болған мыс. Кейін тұтқа табынушылар көп сипалай берген соң қап-қара болып
кетіпті. Бірнеше рет болған су тасқыны Каһбдагы қара тасты құлата алмаған.
Қала осы ежелгі қасиетті Храмның төңірегіне орналасқан. Ол храмды
меккеліктер "Алланың үйі" деп, ал өздерін "Алланың көршісіміз" деп атаған.
Толландық ориенталист К. X. Снус Хюргроонья: Аллах өзінің көршілеріне
Зәмзәм суы (ащы) мен тастардан, құм мен аптап ыстықтан басқа ештеңе де
сыйлаған жоқ деп жазыпты. Қателескен, Құдай қара алтын мұнай да берген.
Мекке сауда-саттық, алып-берімге таптырмайтын жер. Қалтарыс, қаға
берісі мол жолдар мазасыз, жыл он екі ай бойы ұры қарысы үзілмейді:
Оңтүстік Арабияға, Иранға, Сирияға, Жерорта теңізіне сапар шеккен
керуендер осы өңірді жалпағынан басып өтеді 6,147.
Алайда Меккенің аты шығуы оған байланысты емес. Онда арабтың көптеген
тайпалары пір тұтатын көне аруақтары мен әулиелі орындары көп еді.
Сондықтан да Мекке киелі орын деп айрықша дәріптелді. Арабияның түкпір-
түкпірінен сабылып келіп, әулиелі орындарға түнеушілер жыл он екі ай бойы
бір үзілмейтін. Солармен алым-берім, сауда-саттық шағын шаһардың күнелтуіне
жарап тұрды. Меккеден жылына екі рет қыста және жазда үлкен сауда
керуендері шығатын. Оның біріншісі (қыста) Иеменге, ал екіншісі Солтүстікке
қарай, Палестина мен Сирияға, Иракқа, тіпті Египетке қарай бағытталатын.
Ол сауда керуендерін Меккедегі құдіретті тайпа - курейштер
ұйымдастыратын. Ол керуенге кез келген меккелік кіре алатын. Керуендер алып
шығатын товарлар құны әр кезде әр түрлі болды. Дегенмен орта есеппен 50 мың
алтын монета болатын. Курейштердің мейя руы ғана 5-6 мың монеталық товар
жөнелтетін керуенді де сол ең қуатты Омейя руының өкілдері басқаратын.
Үлкен керуендерді жол білетін серіктер мөн қорғаушы күзет жасағы алып
жүретін. Түйелерді, оны айдаушылар мен жүк тиеушілерді көшпелі бедундерден
жалдайтын, Тәжірибелі жол сілтеушілер құдықтар мен түйе жайылып, қоректене
алатын жерлерді жақсы білетін. Керуен басшысы жүйрік түйеге мінген пысық
жігіті арқылы Меккемен үзбей байланыс жасап отыратын Хиджадықтар мен
Недждіктер Каһбаға қажылыққа келіп отыратын қасиетті айлар белгіленді. Ол
айларда кек қайтарып, қан төгуге қатаң тыйым салынды. Мекке мен оның
төңірегі "Харам" деп, яғни адам өлтіру сияқты ауыр қылмыстарға жол
берілмейтін "қасиетті мекен" деп жарияланды.
Сауда Мекке тұрғындарының басты кәсібі болды. Бұл қалада кім саудагер
болмаса, оның тамағын тауып ішуі қиын болатын.
Ислам діні шыққанға дейін Меккеде өзінің ақша жасайтын сарайы болмады.
Саудада Византия мен Иран, Иемен ақшалары (алтын, күміс, монеталары)
пайдаланылды 22,218.
Саудамен қатар Меккеде өсімқорлық та кең қанат жайды (арабша-"риба").
Әжептәуір табыс табуға болатын саудаға қатысу үшін шағын және орташа
бақуатты адамдар өсімқорлардан қарызға ақша алып отырды. Бай көпестер
саудамен де, өсімқорлықпен де бірдей айналысатын. Вакыди: "Аббас өз
тайпасының адамдарына көп ақша қарыз берген", -дейді.
Бір дирхем бір дирхемге, бір динар бір динарға қарызға берілетін, яғни
бір динар қарызға алған адам кейін екі динар етіп қайтаратын (100%
өсіммен).
Меккелік сауда кеденінің тұрақты бір мүсәпірі Тайф қаласының
тұрғындары, оның ішіндегі қуатты сакиф тайпасының өкілдері болды, Меккемен
Тайфтың экономикалық байланысының тығыз болғандығы соншалықты, ол қалаларды
"Маккатани" яғни "екі Мекке" деп атаған, Тайф пен оның маңындағы ауыл
тұрғындары бау бақшасы, огородтары жоқ меккеліктерді жеміс-жидекпен,
көкеніспен қамтамасыз етіп отырған. Тайфтың маңында меккеліктердің дачалары
болатын жазғы аптап ыстықтарда сонда барып паналайтын.
Меккедегі тайпалардың ішіндегі ең қуаттысы Омейя руы болды. Осы рудың
өкілдері бай көпестер мен өсімқорлар болды. Солардың арасынан сауда керуен
басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару тізгінін қолында ұстаушылар шығып
отырды. Олар Каһбаның төңірегінде, ал-Батха деп аталған төгіс жерлерде,
алаңдарда тұрды 6,307.
Курейш басшыларының тек ақшасы мен товары ғана көп болып қойған жоқ,
сонымен қатар олардың егістік жерлері, малдары мен құлдары да көп болды.
Олардың асыл тұқымды жылқылары да болды. Меккеде, оған жақын жерлерде
курейштен басқа Хавайн, гатафан тайпалары тұрды. Ал тайфте сакиф тайпасы
тұрғанын жоғарыда айттық. Меккеде сондай-ақ "одақтастар" деп аталған
"ахлафтар" да тұрды. Бұлар басқа тайпалардан келіп қосылған кірмелер болса
керек. Меккенің шет жағында "завахир" деп аталған кедейлері тұрды. Меккеде
христиан, иудей, зорастра дініндегі шетелдіктер де тұрып жатты. Олар да
сауда- саттықпен айналысатын.
Құрайыш тайпасының құрылымы онша күрделі болған жоқ. Ірі көпестер мен
өсімқорлар тобы "мала" деп аталды. Құлдардан полиция құрылды. Ол "ахабиш"
деп аталған. Жиналыс үйі жұмыс істеді. Ол ақсақалдар кеңесінің билігінде
болды. Аңыздарда "Жиналыс үйінің" (дар анназва) негізін Кусайя ибн-Килаба
қалаған дейді. Табаридің айтуынша Кусаяның қолында өз тайпасы (курейш)
сеніп тапсырған билік. Яғни Хиджаба, Сикоя, рифода, надва және Лива болды.
Хиджая дегені - Каһбаның кілтін ұстаушысы, Сикая -Каһбаға табынуға келген
қажыларды сумен қамтамасыз ету міндеті, рифада - ішерге тамағы жоқ табынуға
келгендер үшін жиналатын қорды ұстауы (сақтауы), (жинауы). Ол қорды
курейштер мен т. б. тайпалар жинайтын лива дегені - ақ матадан жасалған ту.
Ол найзаның ұшына байланатын. Соғыс көзінде ол ту әскер қолбасшысы райсқа
табыс етілетін.
Күсайя құрайыш тайпасының омейя руынан болатын. Ал ахабиштер, яғни
полиция бай құрайыштардың африкандық құлдарынан құрылатын. Олар құрайыштар
қазынасы сақталатын Каһбаны, бай құрайыштардың үйлерін күтетін 8,67.
Айтылып отырған кезде Батыс Арабияда бір құдайға табынушылық дегеннің
еш құпиясы жоқ болатын. Христиан, иудей, діндеріндегі шет елдіктер бұл
жаққа келіп-кетіп те жүрді, Меккенің өзінде тұрып та жатты. Кейбір арабтар
сол діндердің бірін қабылдап та жатты. Бірақ араб политеизмінің маңызды
орталығы болып отырған Меккеде ханифизмнің (бір құдай) тарауына жақын
ұйымдастырылып, қалыптасып қалған Каһба дәстүрі (культ) кедергі жасады.
Ондағы идолдарға көшпелі бедуин тайпаларының қажылығы құрайыштардың
экономикалық жағдайына байланысты болатын. Әртүрлі құдайға сенетін бедуин
тайпалары Кағбаға көп мал алып келіп, құрайыштарға пайда келтіретін.
Сондықтан да құрайыш ақсүйектері көп құдайға, пұтқа табынушылықты барлық
күшін саланы қорғап бақты.
Бірақ Аравиядағы политейзмнің ақыры жақындап келе жатты. Алғашқы
қауымдық құрылыстың ыдырауы, қауым мүшелерінің байлар мен кедейлерге бөліне
бастауы, тайпалық одақтардың құрылуы осының бәрі бір дінге, бір құдайга
сену арқылы бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуын қажет ете бастады.
Араб монетизмі түріндегі ханифизм политейзмге қарсы күреске кірісті.
Ханифизм өкілдері тайпалардың, жергілікті ха-лықтардың жекелеген көп
құдайларының орнына барлық арабтарға бірдей жалғыз рахманды және бір дінді
ұсынды. Бұл күрес алдымен әрине Меккеде қызу жүрді. Себебі Меккедегі Каһба
политейзмнің базисі еді 8,104.
Осындай жағдайда Ислам діні өмірге келіп, қалыптаса бас-тады. Оның
негізін Мұхаммед Ғалайки ассалам пайғамбар қалады. Мұхаммед Пайғамбардың
ата-бабасы қағбаның кілтін ұстаушылар болған, ал кағбаның негізін
Ибрахимнің (АбраҺам) Ажар деген египеттік күңінен туған баласы Исмайл
қалаған дедік.
Исмайлдан мирас болып қалған Жорһумды қағбадан Бану Хұзав тайпасы қуып
шығыпты. Кейінірек Исмайлдың Құрайыш деген ұрпағы үйлі-жайлы болып. Қағбаға
қайтып оралды да, оны тәртіпке келтірді. Оны Құрайыш Мекке қаласының
негізін қалаған тайпаның арғы атасы болды 2,87.
Құрайштың жетінші ұрпағы Қосай Меккеден қалған азды-көпті Хұзаларды
қуып шықты. Сүйтіп, 440-450 жылдар аралығында қүрайыштар Меккені басы-байлы
иемденді. Ал Қосай Мұхаммедтің төртінші атасы болатын. Ол 480 жылы өлді.
Оның мұрагері Хашім Мұхаммедтің үшінші атасы. Ол да Қосай сияқты Меккенің
дуанбасы болды. Хашім қайтыс болғанда оның артында қалған сәбиі Шейба
Мухаммедтің екінші атасы болатын. Ол Ясрибтегі нағашыларының қолында өсіп,
ержеткен соң әкесінің інісі Мүтәлібтің қолына келді. Меккеліктер Шейбаны
Мүтәлібтің құлы екен деп Әбдал-Мүтәліб деп атап кеткен (Абдолла-құдайдың
құлы).0сы Шейба Әбді Әл-Мүтәлібтен Мұхаммед Галейки-ас-салам пайғамбардың
әкесі Абдолла туған.
Шейбаннын, көпке дейін баласы болмапты. Бір күні Қаһбада 6үкіл
халықтың көзінше құдайға жылап жалбарынып, бала сұрапты. Егер алла 10 ұл
берсе біреуін құрбандыққа шалар едім деп ант береді. Бұл тілегі алланың
құлағына шалынып, Әбді әл-Мүтәліб он екі ұл сүйді 6,278.
Ол берген антын орындау үшін бір ұлын құдайға құрбандыққа шалу үшін
жеребе тастайды. Ол жеребе өте сүйкімді ұлы Абдолланың ("Құдай құлы")
үлесіне түсті.
Ақыры Абдолланың орнына 100 түйе құрбандыққа шалынды. (Әбді әл-Мүтәліб
сәуегейдің айтқанын орындап Қаһбаның ішін Абдолла мен 10 түйе алып келді.
Жеребені он рет суырғанда 10 ретте Абдоллаға шықты. Құрбандық жолы
Абдоллаға түскен сайын 10 түйеден айдап әкеліп қосып отырды. Тек түйе саны
100-ге жеткенде жаратқан адам қанының өтуіне осы жарайтынын білдірді.
Әбді әл-Мүтәліб қателесуден қорқып, 2 рет садақ суырды, 2 ретінде де
құрбандық жебесі түйеге түсті. Енді күмәндануға негіз қалмады. Сүйтіп,
Абдолла ажалдан аман қалды).
Шамамен 569 жылы Абдолланы әкесі Әминаға Үйлендірді. (Әмина-"Кіршіксіз
адам" дегенді білдіреді). 569-570 жылдары Сананың билеушісі Абдраханның
қолбасшылығымен иемендіктердің Меккеге жорығы басталды. Жорыққа Эфиоп
әскері қатысты . Бірақ олар сәтсіздіктерге ұшырады, торғайлар тас лақтырды,
әскер шешек дертіне шалдығып, қырыла бастады. Аман қалғандары кері қашты.
Сол жылы йемендік арабтар Эфиоп әскерін елінен қуып шықты. Оларға Иран
көмектесті.
Болашақ пайғамбар құрайыш тайпасының Омейя руынан шыққан Абдолла мен
Әминаның отбасында 570 жылы 29 тамызда дүниеге келді. Мұхаммед туардан 2-3
ай бұрын әкесі өлді. Әкеден қалған мұра бес түйе, бірнеше қой және
асирийлік күн Барақат көшпенді тайпаларға тәрбиеге беру дәстүрі барды. Бұл
жолы Меккеге балаларды тәрбиеге алуға құрғақшылық салдарынан жоқшылыққа
ұшыраған Бану-Сад, Бану-Бәкір тайпаларының әйелдері келіп еді. Олар қолақы
төлемі аз бола ма, ал жесір әйел тұрмысқа шықса жаңа күйеуі тіпті ештеңе
татырмай ма деп әкесіз жетім Мұхаммедті алғысы келмеді.
Басқа пысық әйелдер баға шартына келісіп, ауқатты тәуір үйлерден бала
алып жатқанда, Халима деген әйел құр қол қайт-пау үшін күйеуінің рұқсатымен
Мұхаммедті ала кетті. Сүйтіп, алты айлық нәресте көшпенділер қолына түсті.
Сонда 4 жыл тәрбиеленді Мұхаммед пен оның емшектес ағасы қозыларды қарап,
үйден алыстау жерде ойнап жүрген. Бір кезде олардың жа-нына ақ киім киген
екі адам келді 6,168.
Олар Мұхаммедті шалқасынан жатқызып, кеуде сүйегін іреп ашып, жүрегін
шығарып алған. Жүрегінде қара дақ бар екен, соны алып тастап, баланың
жүрегі мен ішкі сарайын аппақ қармен жуып тазартып, жүректі орнына салған
да бұрылып кете беріпті.
Халима Мұхаммедті шешесіне қайта әкеліп береді. Алты жасқа толғанда
шешесі Мұхаммедті Ясрибте тұратын нағашыларымен таныстыруға алып барады.
Қайтып келе жатып Әмина жол үстінде кенеттен қайтыс болып, Абва елді
мекенінің жанында жерленді.
Мұхаммедті атасы Әбді әл -Мүтәліб (Шейба) қолына алды. Ол Қағбаның
кілтшісі болғандықтан уақытының көбін діни орданың жанында өткізді. Сүйікті
немересі атасының жанында болды, кейде түнеп те қалатын. Әбді әл-Мүтәлі6тің
басқа немерелері маңайлайда алмайтын кереует Мұхаммедтің жатса жастығы,
қисайса төсегі болды 9,98.
Қағба маңындағы діни Ғұрып, жоралғылар Мұхаммедтің көз алдында өтіп
жатты.
Қағбаның күнделікті тірлігімен етене болу Мұхаммедтің бо-йында дінге деген,
діни оқуға деген құштарлықты ерте оятты. Мұхаммед көрген-білгенін бұлжымас
қағида деп түсінбей, әр сақ қиялға салынып көп ойланатын.
Мұхаммед сегізге толғанда "сенің табаныңа қадалған шөгір (мыңға)
(тікен) менің маңдайыма қадалсын" деп отыратын абзал атасы Әбді әл-Мүтәлі6
қайтыс болды. Ол елерінің алдында үлкен ұлы Әбу тәліпті шақырып алып,
Мұхаммедке қамқор болуды тапсырды. Жоғарыда айтылғандардан мынадай
қорытынды жасауға болады:
Дін, оның шығуы өте күрделі құбылыс, оған жеңіл-желпі қарауға
болмайды.
Ислам дініне, оның негізін қалаушы Мұхаммед Ғалайки с-салам
пайғамбарға қатысты еңбектер мұсылман халықтарының рухани қазынасы. Рухсыз
адам болмайтыны сияқты, адамды рух сипатынан тыс қарауға болмайды: Ислам
дінінің тарихына пайғамбарымыз Мұхаммед Ғалайки с-саламның өміріне арналған
еңбектер жоқтың қасы. Сондықтанда келешекте бұл мәселе бойынша зерттеу
жұмыстарын онан әрі өрістете түсу қажет.
Қазіргі таңда мұсылман өркениетінің негізінен қалалық өркениет
болғанын ешкім де жоққа шығара алмайды, әсіресе бұл қалалық мәдениетінің
ерте кезеңіне тән. Алайда бұл қағидамен барлық шығыстанушылар бірдей келісе
бермейді, әдебиеттерде қалыптасқан пікір бойынша арабтар ислам діні пайда
болып, тараған дәуірде артта қалған халық еді, өздері жаулап алған елдерден
мәдени, экономикалық даму дәрежесі бойынша төмен тұрды, және сондықтан да
жергілікті мәдениеттердің ықпалына түсіп қалмас үшін, сол мәдени
құндылықтарды жойып отырды.
Соңғы жылдардағы тарих ғылымының жетістіктері арабтардың көне
замандардан ақ өркениетті халық болғанын, оңтүстік араб тайпаларының қуатты
мемелекеттері және жоғары дамыған өзіндік рухани және материалдық мәдениеті
болғанын дәлелдеп берді. Азия, Африка мен Еуропалық байланысқан жеріндегі
географиялық жағынан қолайлы аймаққа орналасса отырып, Арабия ерте
замандардан ақ адамзат мәдениетінің бесігі болған Египет және Месопотамия
тығыз байланысты болды, сондай – ақ Жерорта теңізі елдерінің Шығыс
Африкамен және Үндістанмен байланысының жолында жатты. Бұл жағдайлар
арабтардың әлеуметтік – экономикалық және мәдени даму дәрежесіне оң ықпал
етпеуі мүмкін емес еді.
Қазіргі таңдағы ғылым дамуының жетістіктері арабтарды тек көшпенді,
тағы халықтар ретінде көрсеткен ұғымдардың негіздігін көрсетіп отыр.
Исламға дейін – ақ арабтарды шаруашылықтың екі типі – отырықшы және көшпелі
түрлері тең дәрежеде болды деп сенімді түрде жариялауға барлық негіздер
бар. Арабтар, соның ішінде, әсіресе, Оңтүстік Палестина мен Солтүстік
арабияның Набатей тайпалары жер өңдеуді өте жақсы игерген, күрделі
ирригациялық құрылыстар тұрғызуды білген. Набатей қалаларында құрылыс өнері
кең тараған, ал оның негізінде “Набатей архитектурасы” сияқты өзіндік
құрылыс пайда болады 26,208.
Набатейлер Өлі теңіздің жағалауында ашық әдіспен сымала өнідіріп,
Египетке сатып отырған, одан египеттіктер мумия жасап отырғаны белгілі.
Набатейлер темір мен мыс өндіріп, қорытуды білген, олар индия мен Египетті,
Италия арасындағы саудаға араласып, қалампыр, бұрыш сияқты татындылық
беретін және хош иісті заттармен сауда жасап отырған 14,74.
Сондай – ақ арабтар көне Шығыстың өркениетті елдері – Византия мен
Иранды жаулап алғанын ескеру керек. Мұның өзі арабтардың рухани және
материалдық мәдениетіне айтарлықтай оң ықпал еткен еді.
Жауынгер арабтың соңынан үнемі қалалық араб жүріп отырды, - деді
В.В.Бартольд 4,72. Жаулап алған елдерінде араб мәдениетін орнықтыру
ісінде дәл осы қалалық арабтар басты рольді атқарады. Арабтар әсіресе Иран
мен Түркістанда қалалық өмірдің дамуына және қалалар типінің өзгеруіне
ықпал етті. Арабтар жаулап алғаннан кейін қала дуалдарының тар шеңберіне
әрең сиып тұрған. Қала маңы жерлеріне кеңінен жайылып орналаса бастайды.
Енді қаланың қауіпсіздігін оның дуалдары емес, мемелекеттің күш қуаты
қамтамасыз ететін болды. мұсылмандық дәуірден дейінгі қалалар қамалдан және
қаланың өзі шахристаннан тұрушы еді. Сауда алаңы қала дуалының ішінде емес,
сыртында қала қақпасымен қатар орналасатын; базар сөзінің алғашқы
мағынасында “қақпа алдындағы іс” осыған сәйкес келеді, арабтар тұсында қала
өмірі ескі шахристандардан сауда өнеркәсіп топтары тұрған қала түбіндегі
елді мекенге ( рабат ) ауысады; бірте – бірте қала типі қалыптасады. Мұндай
қаланың ерекшелігі базарлар қаланы шығыстан батысқа және солтүстіктен
оңтүстікке қарай қиып өтетін басты көшелерінің бойында орналасатын және осы
көшелердің қиылысында қаланың басты мешіті орналасады.
Мұсылман дінінің таралуымен басқа елдердегі халықтар тән тазалығына
үйрене бастады. Сондай –ақ аймақтарда моншалардың пайда болуы да ислам діні
таралғаннан кейін болған өзгерістер қатарына жатады.
Мұсылман қоғамының бүкіл қаймағы ( элита ) Мұхаммед пайғамбардың
барлық серіктері саудагерлерден, қолөнерден, тағы басқа тұрды, бірақ
олардың қатарында бірде – бір көшпелі бедәуин бошған жоқ. Ислам, шынында
да, саудаға және саудагерлерге оң көзбен қарағаны белгілі. Құранда саудамен
айналысу барынша дәрептеледі. Кейбір зерттеушілер саудаға деген мұндай
қатынасты Мұхаммедттің діні, алғашқыда орташа саудагерлерді экономикалық
жағынан біріктірудің құралы болуынан деп түсіндіреді. Құран өсімқорлықты
қатты сынға алып, айыптайды, алайда мұның өзі саудамен айналусыдың
артықшылығын көрсету үшін жасалады.
Саудаға осылайша құрметпен қараған құран, сондай – ақ, жеке меншікті
де Алланың атымен қасиетті деп бекітеді. Мұсылман құқығы мен этикасы
мұсылманға лайықты өмір салты деп ауқатты, экономикалық жағынан тәуелсіз
қала тұрғынының өмір салтын есептеді 6,261.
VIII-IX ғасыр межесінде сауда – қолөнершілік іспен айналысудың
артықшылығын діни тұрғыдан негіздейтін бүтіндей трактаттар пайда болады.
Атап айтқанда, Абу Ханифаның шәкірті және Ханифиттік құқық мектебінің
заңгері Мұхаммед аш – Шайбанидің ( 749- 805 ж) “Өмір сүруге қажет қаражат
табу туралы кітап” атты шығармасында дүниелік игіліктерді иеленудің
қажеттілігінің барлық дәлелдері келтіріледі. Бұл кітап Мұхаммед
пайғамбардың “Өмір сүру үшін қажет қаражат табу - әрбір мұсылманның діни
міндеті” деген сөздеріне сілтеме жасаудан басталады. Бұрын саудагер байыған
жағдайда тек жақындарының қызғанышын немесе жеккөрушілігіне ұшырайтынын
білетін. Ал кедейленіп кетсе, мұны өзінің саудамен айналысқанын тапқан
зияны деп түсінетін. Енді жаңа дінді қабылдай отырып, және өзі сияқты
мұсылмандар арасында өмір сүре отырып, ол қоғам тарапынан мойындалды, бұрын
тек сынға алынып келген оның кәсібі енді ізгі, құдайға жағымды іс деп
есептелді. Оған талаптарды орындап отырған болса, о дүниеде жұмақтан орын
алуды уәде етті.
“Сопылық – ислам шеңберіндегі ерекше діни – философиялық дүние таным”,
оның өкілдері жеке психологиялық тіжірибе арқылы адамның құдаймен тікелей
жүздесуі немесе бірігуі мүмкін деп санайды. Ол құдай жолымен жүрген, оны
шын сүйетін адамға құдайдың шапағаты арқылы берілетін, өзін - өзі ұмыту
дәрежесінде немесе жүректің оянуы арқылы іске асады. Суфизм “арабша ат
тасавуф” рационалды философияны, исламның әдет – ғұрып, жораларын жоққа
шығармайды. Бірақ соған қарамастан, сопы ұстаздары ең жоғары рухани
шындықты Алланы сана арқылы тануға болмайды бұл тану тек ирроциналды
жолмен, түйсік арқылы нұрлану немесе ішкі ояну түрінде іске асады деп
пайымдайды. Оны сөзбен айтып жеткізу қиын, бір тәтті масаң күй кеш,
құдаймен бірігіп кету. “Суфизм догма емес, ол діншілдіктің нағыз жүрегі,
ислам басқаларынан да бұрын суфизмде бар” деген пікір шындыққа жақын
18,189.
“Сопылар ислам тарихында дінді ұлттық мәдени ортаға бейімдеу жолындағы
орасан зор жұмысты өз мойнына алды, өйткені олардың ілімі қажетті
икемділікпен, игілікпен ерекшелінеді. Нәзік те шебер психологтар мен шешен
сөйлейтін насихаттаушылар бола отырып мұсылман міскіндері исламның
таралуына өте зор ықпал етті.
Олар әрине басқа мұсылмандарға қарағанда жиірек ораза тұтты, кейбіреуі
ет жемеді. Алайда сопылар бұл дүниенің игіліктерінен біржолата бас тартпай,
оларды пайдалана отырып, бірақ бұл игіліктерге іштей, психологиялық жағынан
тәуелді болмауды уағыздады. “ бұл дүниеде өмір сүру” бірақ “бұл дүниенің
адамы болмау”, “сырттай адамдармен бірге, іштей Құдаймен бірге болу” рух
пен материя, Құдай және дүние арасында үйлесімге қол жеткізу үшін ұстанған
өз принциптерін сопылар осылайша жеткізді. “Құдай – дүние ” мәселесін
диалектикалық жолмен шешеді. Ол үшін Құдай бұл дүниеден тыс бұл дүниеге
жататын құбылыс. Дүние Құдай әрекетінің нәтижесі. Құдай адамдардан көрініс
табады. Сондықтан да сопылар этикасында , рухани ұстазға, анаға, жарға және
тағы басқалар, деген махаббатқа, сүйіспеншілікке үлкен көңіл бөлінеді.
Қоғам игілігі үшін еңбек ету, шығармашылықпен айналысу, Отанды қорғау аса
жоғары бағаланды. Сопылардың принціпі – дүниені тәрк ету емес, керісінше
оны өзгерту, жетілдіру, рухтандыру жолында күнделікті еңбек ету, әр түрлі
қолайсыздықтар, аштық пен жалаңаштық, жоқшылық, тағы басқалар, олар үшін
қорқынышты болмай қалды. Тіпті өлім ең бір қарапайым күнделікті құбылысқа
айналды 22,180.

632 жылы Мұхаммед пайғамбар өлген соң қауым басшысы болып Мұхаммед-
пайғамбардың әрі жақын досы, әрі қайын атасы Әбу-бәкір (632-634)
жарияланды. Ол "халиф" (орынбасар) деген атақ алды. Бұл өте мазасыз кезең
еді. Жан-жақта Мәдинаның билігін мойындағысы келмеген тайпалар арасынан
жалған пайғамбарлар шыға бастады, Осындай мазасыз кезең кейінгі араб
жазушылары мен тарихшыларының еңбектерінде "Ар-Рида", яғни, "діннен безу",
"діннен бөліну" деген атаққа ие болды. Ал шын мәнінде ол "діннен безгендер"
деп саналған тайпалар әлі ислам дінін қабылдамағандар еді. Жалпы, Мұхаммед
пайғамбар, өлген кезде Ислам дінін қабылдаған араб тайпаларынан ол дінді
әлі қабылдап үлгермеген тайпалар көп болатын. Олардың кейбіреулері
өздерінің бұрынғы нанымдарына қалғанымен мединалық қауымның саяси билігін
мойындады. Енді біреулерінің арасында ислам дінін қабылдап, Мединаның
ықпалына бағынуды жақтайтын (қалайтын) топтары болды. Сондай-ақ ислам
туралы хабары жоқ, мединалық қауымның ықпалын сезінбеген тайпалар да болды
22,211.
Л. Каэтани Арабия тайпаларын олардың ислам дініне қатынасы жағынан
төрт категорияға бөледі, І-категориясына ислам дінін қабылдаған Мекка-
Мединалық қауым басшылығының қоластындағы тайпалар жатады. Бұл негізінен
Мекке мен Мединада, сол қалалардың жақын маңында тұратын джухейн, музейн,
бали, асджа, аслам, хузейл, хуза, т. б. майда тайпалар болды. IІ-
категорияның құрамына Орталық Арабияның хавазин, Амир ибн-сасаб тайб сүлейм
тайпалары кірді. Бұл тайпаларға ислам дінін қабылдағандардың ықпалы зор
болды. Бірақ олардың арасында кіші-гірім топтары Медина ықпалына қарсы
күресте өте зор белсенділік танытты.
Үшінші категорияға ислам дінін ұетанушылар ықпалы енді-енді тарап келе
жатқан тайпалар кірді. Бұл тайпалардағы мұсылмандар өте аз болды. Бұл асад,
гатафан, тамим тайпалары. Төртінші категорияға өздерінің саяси жене
идеологиялық тәуелеіздігін сақтап қалған тайпалар енді. Олар: ал-Исламдағы
ханифа, абд ал-Кайс, азд тайпалары йемен мен Хабрамауттағы тайпалардың
көпшілігі 18,314.
Ал христиан дінін ұстанушы араб тайпаларына жаңа дін өкілдері ешқандай
ықпал еткен жоқ. Бұл келб, куда, бахра, гассан, бекр ибн-вайл, танух,
таглиб тайпалары еді. Сондай-ақ Махрадағы, Иемен мен Хадрамауттағы кейбір
политейстік бағыт-тағы тайпалар да ислам дініне еш қатысы болмады. Бірақ
бұл соңғыларына иудейлік діннің ықпалы күшті болды.
Жекелеген тайпалардың саяси ғана емес, сондай-ақ идеоло-гиялық та
тәуелсіздігін жақтаушылар жергілікті әулие-пайғамбарлар болды. Олардың
кейбіреулері өз насихатын Мұхаммедтің тірі кезінде-ақ жүргізді. Ислам
дініне қарсы күресті әсіресе ал-Иемамадағы Мусейлима деген әулие белсенді
жүргізді 6,151.
Мединалық ислам дініндегілердің үстемдігіне қарсы Орталық Арабиядағы
асад тайпасының күресін Түлейха басқарды. Ол исламға қарсы күресін
Мұхаммедтің тірі кезінде-ақ бастаған болатын. Мұхаммед өлген соң фазада,
тайпаларының қолдаушылығына ие болды. Халид ибн ал-Валидтің әскері Тулейха
жасағының тас-талқанын шығарды. Тулейха қашып құтылды. Кейін ол ислам дінін
қабылдап, араб жаулап алушылықтарына белсене қатысты. Сүйтіп, "ар-рида"
діннен безу емес, тек көпшілік тайпалардың жаңа ислам дінін бірден
мойындамауы, оған алғаш қарсылық көрсетуі болды. "Ар-рида" екінші жағынан
барлық араб тайпаларын медина-меккелік қауымның билігіне бағындырып, олар-
ды жаулап алушылық соғыстарына тарту болды. Барлық араб тайпаларын
біріктіру екінші тақуа халиф Омар ибн ал-Хаттабтың (634-644) тұсында
аяқталды.
Ортағасырлық араб тарихнамасында араб халифатының құрылуы, яғни жаулап
алынған жерлерде бір орталыққа бағындырылған үкіметтің құрылуы осы таққа
халифтың білікті де шебер, данышпан басшылығының нәтижесі деп көрсетіледі,
Ол өте ақылды, әділетті, қарапайым, белсенді, іскер басшы болған. Ислам
діні мен мұсылмандар мүддесіне жан-тәнімен беріліп, адал қызмет еткен. Ол
нағыз демократ болған. Омар мұсылманша жыл санау Хижраны енгізген 22,179.
Омардың тұсында диван құрастырылған. Ол парсы сөзі "тізім" дегенді
білдіреді. Ол тізімге жаулап алынған жерлерден салық жинауға құқысы бар
жеке адамдар мен тайпа аттары енген. Жаулап алынған жерлер сол тізімге
енгендер арасында бөлініп, ол жерде отырған елден "харадж" деген адам
басынан жер салығы жиналатын. Ол салықтан түскен табыс мұсылмандар арасына
тең бөлініп таратылатын.
Дивандағы ең бірінші тұрған Мәдиналық қазынаға және провинциялардағы
бейт алмалдарға барлық жиналған алым-салықтардың бестен бірі түсіп тұрды.
Әскердегі қызметін арабтар өздерінің құрметті борышы деп санады. Ислам
әскері араб тайпаларының жасақшыларынан тұрды. Араб жауынгерлері соғыста
түскен олжадан басқа жергілікті халықтан жиналатын азық-түлік есебінен және
бейт амалдан бөлінетін жалақы есесінен күн көретін. Жаулап алынған елдерге
қоныстанған арабтардың көпшілігі бағындырылған жергілікті халықтардың
есебінен күн көріп, өнімді еңбекпен айналыспады. Егіншілікпен арабтар
айналысқылары келмеді.
Арабтардың ру-тайпалық ұйымдары жаулап алушыларды бағындырылған
халықпен араласып кетуден қорғады. Арабтар көбінесе өздерінің әскери
лагерлерінің қасына жергілікті халықтар да қоныстана бастады. Олар арабтаға
қызмет етіп, тауып жатқан олжаларынан үлес алып, күн көретін. Араб әскери
лагерлерінің маңына қолөнершілер мен кедей малайлар, ұсақ-түйекпен сауда-
саттық жасайтындар қоныстанатын. Олардың арасында әртүрлі алаяқтар мен
жезөкшелерде жеткілікті болатын.
Басып алынған ескі қалаларда арабтар жеке кварталдарға орналасатын,
кейде ол кварталдардың тұрғындарын көшіріп жіберетін, сүйтіп оны толығымен
өздеріне босатып алатын. Арабтар өз әскерінің қатарына жаулап алынған
халықтардың өкілдерін алмады (тіпті олар ислам дінін қабылдасса да), Ал
бұрын Аравиядан көшіп келіп, бірақ көршілерінің ықпалымен христиан дінін
қабылдаған арабтар дереу жаулап алушылар қатарына барып қосылып жатты.
Әсіресе Сирия мен Иорданиядағы христиандық арабтар елеулі әскери-саяси рөл
атқарды. Мұсылман жаулап алушылар тек христиан, иудея дініндегілерге ғана
емес, сондай-ақ зороастризм дініндегілерге де, манихейлер мен сабиялықтарға
да ешқандай зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ, ислам дініне кіру-кірмеу
еріктерін өздеріне қалдырды 9,389.
Ислам дінін қабылдаған жат елдіктер жан басына салынатын жер салығынан
босатылатын.Бұл қазынаға байлықтың аз түсуіне себеп болатын. Сүйтіп,
арабтар жаулап алған жерлеріндегі халықтары исламға күштеп енгізді деген
тұжырым шындыққа ұласпайды. Шын мәнінде жаулап алынған жерлердегі
исламдандыру өте ұзақ процесс болды. Ол процесс кейбір арабтық шығыс
елдерінде осы күнге дейін аяқталған жоқ, Мысалы, IX ғасырда Египет халқының
басым көпшілігі христиан дініндегілер (копттер) болды.
Арабтардың өркениетті елдерді жаулап алып, оларды өз биліктерін
орнатулары араб қоғамындағы экономикалық және элеуметтік дамуды тездетіп,
күрделендіре түсті. Қолында билік бар мұсылман қауымының мүшелері қолына
түсті, ал қолынан ешнерсе келмейтіндер жағдайы онан сайын қиындай берді.
Бұл халифтар алдымен байиды дегенді білдірмейді. Алғашқы халифтар өте
қарапайым өмір сүрген.
644 жылы ирандық құлдың қолынан Омар қаза тапқан соң Оспан ибн ал-
Аффан халиф болды, Ол да Омейя руынан болатын. Ислам дінін қабылдағанға
дейін ол өсімқорлықпен айналысатын байлардың бірі болған. Ол сонымен қатар
иіс сулар жасап сататын, асыл тұқымды сәйгүлік ат өсіретін. Мұхаммедтің
Үрхия деген қызына үйленген. Ол қайтыс болған соң тағы бір қызы Үмму
Гүлсімді алған. Содан ол құрметті "Зұлқарнайын"-"қос сәулеге бөленген деген
атақ алған. Ол 644-656-шы жылдар аралығында Халифтық құрды. Оның ең үлкен
және аса маңызды жұмысы Құранның толық жинағын әзірлеу, кітап қалпына
жеткізу болды.
Оспан өлген кездегі оның байлығы 150 мың динар мен 1 млн, дирхем
құраған. Сонымен қатар 100-ге жуық жылқысы, 1000 түйесі, 10 мың қойы болған
дейді. Ақыры бұл байлығы оның түбіне жетті. 656- жылы наразы болған
арабтардың өздері көтеріліс жасап, Оспанды өлтірді 6,165.
Ол өлген соң халиф болып Мұхаммедтің Фатима деген қызының күйеуі Али
тағайындалды. Алиді өлтірілген халифтың туыстары, байып алған ру басшылары
қолдамады. Бұл Алиге қарсы тұрған топты Талха мен аз-зубайыр басқарды, оған
Мұхаммедтің жесірі Айша қосылды. Бірақ бұл топ аз еді, көпшілік мұсылмандар
Али жағында болатын. 656 жылы Басра маңындағы Хурейба деген жерде Талха мен
аз-Зубейраның қолы талқандалды, Айша тұтқынға түсті. Бұл "түйе" шайқасы деп
аталған ұрыс болды. Себебі шайқас кезінде Айша түйеде отырып басшылық
жасады, енді Омейя аристократиясының Алиге қарсы күресін олардың ішіндегі
ең ықпалдасы, беделді де баққуаттысы, Муавия басқарды. Бұл күресте Али
Ирактағы қауымдық-демократиялық басшылықты, Омар халиф орнатқан тәртіпті
жақтайтын араб тайпаларына арқа сүйеді. Халиф болып жарияланған соң Али
бұрынғы Омар халифтың саясатын әрі жалғастыратынын жариялады. Ол Оспан
тағайындаған әкімдерді орындарынан алып тастады. Оспан таратып берген
жерлерді қайтарып алды. Арабияның өзінен күресіне қажетті күш-қаражат таба
алмай Али әскери және әлеуметтік тіректі Ирактан табуға үміттеніп, өзінің
резиденциясын Куфаға көшірді.
657 жылы Евфраттың оң жағасында Сифинде Муавияның сириялық әскері мен
Алидің ирактық әскерінің арасында үлкен шайқас болды. Ол шайқас ақыры
келісіммен аяқталды 23,189.
Осы шайқастан кейін Алидің қол астындағы жасақшылар жікке бөлінді. Бір
тобы жаппай теңдік орнатуды талап етіп, "ля хукма илля ли-ллах"-"тек Алла
ғана шеше (соттай=судить) алады" деген ұран көтерді. Осы ұранды көтерушілер
"мухакимдер" деп аталды. Олар Алидің көнгіштігіне, жұмсақтығына
(уступчивость) наразы болды. Олар Куфадағы әскери лагерден шығып, Бағдадқа
барып тоқтады. Алидің қол астынан бөлініп кеткен бұл әскердің саны 12
мыңдай болатын. Кейін бұл бөлінгендер "хариджидтер" қозғалысы, яғни
"кеткендер", "шыққандар" қозғалысы деп аталды. Хариджидтер қозғалысы
Оспанға қарсы көтерілістің жалғасы болды. Олар қауыш мүшелерінің теңдігі
үшін, халифты қауым мүшелері өз ішінен ашық дауыспен сайлау үшін куресті.
Халиф дұрыс саясат жүргізбеді деп табылса қауым оны орнынан алып тастауға,
тіпті өлтіруге де құқылы, Халиф болу үшін оның тек құрайыш (курейшит)
тайпасынан шығуы міндетті емес, басқа тайпаның да, керек болса, араб емес,
бірақ ислам дінін қабылдаған кез-келген лайықты адам халиф бола алады деді
хариджидтер.
Хариджидтер тарапынан туған қауіп Алиге 658 жылы Муавияға қарсы
соғысты қайта ашуға мүмкіндік бермеді. Сол жылы Али әскерін хариджидтердің
қаупін жою үшін Нахраванға қарай апарды. Оның хариджидтерді қарсылықты
тоқтатуға шақырып, кешірім жариялауы толқу туғызды, Хариджидтердің бір тобы
Алиге қосылды, бір тобы Меккеге кетті, келесі бір топтары Куфадағы әскери
лагерьге қайтып оралды, шағын тобы Иранға өтіп кетті. Айтқанынан қайтпаған
2800 хариджид Ибн Бахбтың қол астында қалды. "Жұмақта кездесейік" деген
ұранмен олар Алидің әскеріне қарсы шайқасқа шығып, түгел дерлік қырылып
қалды. Куфаға оралған хариджидтер өз күресін онан әрі жалғастырды 23,304.
Ал Меккеге кеткен хариджидтер Алиді, Муавияны, Әмір ибн-Асаны бәрін
өлтіруге бел байлады. Сүйтіп, өз қалаулысын таққа отырғызуды ойлады. 561
жылы Куфадағы мешітке кірерде Алиге хариджит уланған қанжар салған болатын.
Ақыры Али сол жарақаттан қайтыс болды. Ал өлім жазасына кесілгендердің
қалған екеуіне жасалған қастандық сәтсіз аяқталды. Хариджидтердің ілімі
бойынша жанның о дүниеде жұмаққа шығуы үшін тек құдайға сеніп, арыздарды
өтеу жеткіліксіз. Сол үшін қолға қару алып халифке, оның өкіметіне қарсы
тынымсыз күрес жүргізу керек. Бұл ережені қабылдамаған мұсылмандарды
хариджидтер кәпірлер деп санап, оларға қарсы қасиетті соғыс-джихад
жариялады. Хариджидтерді тақыр кедейлер қолдады. Омейядтар билігі кезінде
хариджидтер қозғалысының әлеуметтік базасы кеңейе түсті. Хариджидтер барлық
елдерінде ескери-саяси белсенділігін күшейтті.
Алғашқы халиф құрушы толық аты – жөні Абдулла Ибн Осман ( 632-634 )
632 жылы мемлекет билігін қолға алды. Пайғамбарға деген адалдығы мен
ықыласының күштілігіне орай “ Сыддық”, яғни шынайы берілген, турашыл деген
лақапқа ие болған Хазіреті Әбу Бәкір, екі жылдық халифалығында үлкен
қызметтер жасады. Хау Нәбидің бұл дүниеден өтуін мұрсат қылған кейбір
пұтқақұлдықтар бастаған арандатушылық, адастырушылық әрекеттері тоқтаталып,
мүминдер мен Ислам Дәуелетіне төнген қауіптер жойылды. Сүйтіп, 634 жылы
уафат болған Әбу Бәкірдің негізінде Арабстанда мемлекеттік билік толығымен
нығайтылып, жас дәулеттің еңсесі көтерілді.
Ол құрайыштың атақты адамдарының бірі болған. Арабтардың әлеуметтік –
тұрмыстың тарихын, рулық қатынастарын жақсы білген, саудагерлікті нәсіп
еткен. Пайғамбардан екі жас кішілікке қарамастан бала күннен бірге өскен
жақын достар болған. Ол араққа тыйым салынбай тұрған заманда да ішімдік
дегенді білмеген, және Исамды алғаш қабылдаған адамдардың бірі.
Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейхи уә сәлләм, ол туралы былай деген: “
Аллаһ мені сендерге жібергенде сендер өтірікші санадыңдар. Ал Әбу Бәкір
мені шындықты айтып тұр деп білді де малын да, жанын да аямай қолдау
көрсетті. Бәлкім сендер сахабаларым туралы пікірлерімді өз еркіме
қалдырарсыздар ” ол мұны екі рет қайталады.
Әбу Бәкір жайдары мінезді адам еді, туған - туыстары онымен жеңіл
қарым – қатынас жасайтын. Олар Әбу Бәкірдің мәнді әңгімелерін тыңдап
рақаттану үшін келетін, оның біліміне, сауда жүргізу тәсілдеріне,
шеберлігіне тәнті болатын 6,134.
Мұхаммед пайғамбар өзінің он сахабаларының тірі кездерінде – ақ
жәнәтта болатындарын айтқан, солардың бесеуі атап айтқанда: Осман Ибн
Аффан, Аз – Зубейр Ибн Аууан, Абдур Рахман Ибн Ауф, Сайд Ибн Әбу Уаққас,
Таиха Ибн Убайдулла Исламға Әбу Бәкір уағызы арқылы келген.
Әбу Бәкір мұсылмандар арасында Пайғамбарымыздан, салла Аллаһу алейхи
уа сәллам, кейінгі сыйлы адам болатын және Исламды жан – тәнімен қорғайтын.
Али Ибн Әбу Тәлиб Халиф кезінде мұсылмандарға Хутба оқып тұрып былай
деді: “уа жамағат! Маған ең күшті адамның кім екенін айтыңыздаршы?” “ең
күшті адам сенсің, уа әміршіміз” – десті жұрт. Иә, мен кіммен шайқассам да
жеңіске жеткенім рас. Бірақ, маған ең батыл адамның кім екенін
айтыңыздаршы?” – деді, Хазірет Али . “біз басқаны білмейміз” – десті
жамағат. “ол - Әбу Бәкір, - деді Халиф – Бадыр соғысы басталған күні біз
Пайғамбарға, салла Аллаһу алейхи уа сәллам, арнап жатыр тіктік. Аллаһтың
атымен ант етіп айтайын, сол кезде пұтқа табынушылардан Пайғамбарды, салла
Аллаһу алейхи уа сәллам қорғау үшін Әбу Бәкірден басқа ешкім батылдық
көрсете алмады. Әбу Бәкір қылышын жарқылдатып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz