Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру жолдары



Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4

І.тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың педагогикалық.психологиялық негіздері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының педагогикалық негіздері
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының арттырудың психологиялық сипаттамасы

ІІ.тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары

ІІ.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың тиімді әдіс.тәсілдері
ІІ.2. Қалыптастыру эксперименті

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45.46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47.49

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3- 4

І–тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың
педагогикалық-психологиялық негіздері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5- 22

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..5-9

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының арттырудың
психологиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-22

ІІ–тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-44

ІІ.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың
тиімді әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23-
31

ІІ.2. Қалыптастыру эксперименті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32-44

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .45-46

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47-
49

КІРІСПЕ

Қазіргі Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік
–экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді.
Әсіресе, қоғамдағы оқу–ағарту, білім беру салаларындағы гуманитарландыру
мен демократияландыру процестері, ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуда
қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр.
Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу
обьектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субьектісі
құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа
деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субьектісі ретінде көрінуімен
бедерленеді, -делінген Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру
тұжырымдамасында. Міне, бұндай мақсатқа жету білім мазмұнын жаңартумен
қатар оқытудың әдіс- тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың
тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді.
Оқыту процесі екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім өзінің ғана іс-
әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да танымдық
әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуға тиіс. Мұның өзі
оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық және
педагогикалық мәселе.
Психологтардың зерттеуі анықтағандай кіші мектеп жасындағы оқушылардың
оқуға деген ынтасы, қызығуы ең алдымен, оқу әрекетімен тығыз байланыста
туады. Яғни, оқуға деген қызығуы жеке пәндердің мазмұны бойынша ғана емес,
оқу әрекетінің түрлері бойынша да пайда болады.
Бастауыш сатыдағы кезең – оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте
ыңғайлы кезеңі. Оқушының оқу -әрекетінің тиімді меңгеруі нәтижесінде онда
оқуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптасады, яғни
оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп, орындаудың жалпы ортақ
тәсілдерін меңгереді, өз әрекетін бақылау, бағалауды, нәтижесін үлгімен
салыстыруды үйреніп жұмыс істейді.
Оқушылардың көбісінің өз бетінше оқу әрекетін ұйымдастырудың жоғары
деңгейі – танымдық қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Бұдан шығатын
қорытынды: бастауыш сыныптағы оқушыларды дамыта отырып оқытудың негізінде
осы кезеңде оқушы үшін жетекші идея болып табылатын оқу әрекетін
қалыптастыру жататыны айқын көрінеді. Сондықтан жаңа білім мазмқны оқушыда
оқу әрекетін қалыптастыруға бағдарламалар құру қазіргі таңдағы басты бір
міндет болып табылады.
Ұлы ғалымдар, педагогтар (Әл–Фараби, Я.А.Каменский, И.Г.Пестолоцци,
Ж.Ж.Руссо, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин және т.б) оқыту арқылы
оқушылардың ақыл – ой қабілеттерімен дербестігін дамытуға баса назар
аударғаны тегін емес.
Танымдық әрекет пен танымдық қызығушылықтың психологиялық
негіздерін зерттеуге үлес қосқан ғалымдар: Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев,
А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков, В.В.Давыдов П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин,
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Мұқанов және т.б
Танымдық әрекет пен танымдық қызығушылықтың дидактикалық
негіздерін зерттеуге үлес қосқан - ғалым-педагогтар (М.Н.Скаткин,
Б.П.Есипов, М.А.Данилов, П.И.Пидкасистый, Г.И.Щукина, Т.И.Шамова, Ж.Қараев,
А.Әбілқасымова және т.б) ғылыми еңбектері таным теориясы мен
методологиясына арналған.
Алайда, оқушылардың танымдық әрекеті мен қызығушылығын арттыруда
оқыту процесінің, сондай-ақ оны қолданудың тиімділігін жетілдіру
жолдары әлі терең зерттелмей келеді. Бұл мәселенің ғылыми-теориялық
жағынан зерттелуі жеткіліксіз болғандықтан мектеп тәжірибесінде
белгілі кемшіліктер орын алып келеді. Атап айтқанда, мұғалімдер
оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырып, танымдық қызығушылықты
дамытудың тиімді жолдарын қолдануда өздерінің дайындығының деңгейі
төмен екенін мойындайды.
Осыдан, оқушылардың оқу – танымдық қызығушылығын арттыру
қажеттілігі мен мұғалімдердің дидактикалық даярлығының арасында
қайшылықтар болып отыр. Бұл қайшылықтарды мәселе ретінде қарап,
мынадай тақырыпты зерттеу қажет болды: Бастауыш сынып оқушыларының
танымдық қызығушылығын арттыру жолдары.
Зерттеу мақсаты: оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдарын
теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
1.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын арттыру
жолдарының теориялық негіздерін айқындау;
2.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының
психологиялық негіздерін көрсету;
3. Оқыту процесінде танымдық қызығушылықты арттырудың тиімді әдіс-
тәсілдері мен жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқыту процесі.
Зерттеу пәні: оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Оқушылардың танымдық қызығушылығын оқу-тәрбие жұмыстарында арттыру
тиімді болар еді, егер:
- оқушылардың танымдық қызығушылығын оқу-тәрбие жұмыстарында тиімді
қолданудың педагогикалық және психологиялық негіздері айқындалып,
оқу-тәрбие процесінде ескеріліп отырса;
- оқытушы оқушының танымдық қызығушылығын арттырудың нақты жолдары
мен тиімді әдіс-тәсілдерін терең меңгерсе.
Зерттеу әдісі: осы зерттеп отырған мәселеге байланысты психологиялық,
педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау. Педагогикалық
жаңа технологиялар мен әдіс тәсәілдер.
Зерттеу базасы: Шымкент болысы, Кентау қаласы, №186, №37 қазақ орта
мектептері.
І–тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың
педагогикалық-психологиялық негіздері.

1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының педагогикалық
негіздері.

Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты
жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі болып табылады. Сондықтан
бастауыш білім – үздіксіз білім берудің басқышы, білім негізінің
іргетасы. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана
қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде
дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайды обьективті түрде бақылап,
талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге,
дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік
деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі
әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс
- әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын
таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Демек, мектептегі оқыту үрдісі оқушының танымдық қызығушылығын
арттырып, шығармашылық әрекеттерін дамытуын жол ашуы қажет.
Адам өзін қоршаған ортаны, әлеуметтік дүниені , табиғи
әлемді танып білу барысында, олардың ішкі қасиетін анықтап, даму
заңдылықтарын біледі, ондағы өзінің орнында біліп, басқа адамдармен
қарым – қатынасын анықтайды. Осылардың негізінде өзі белсенді іс -
әрекетке араласады, өзінің сұранымын, қажеттілігін қанағаттандырады.
Олардың өзара маңызды байланыстары танып – білуші субьектіден
тәуелсіз өмір сүреді. Заттар мен оның қасиеттерін түйсік, қабылдау
және ақыл – ой арқылы танып білуге болады. Осы тұрғыдан алғанда
философтар: ”Таным дегеніміз – сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың
қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде
бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі”,-деген анықтама
береді. Олай болса, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны
игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, шынайы білімге
айналады. Ендеше танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани
баюы деген қорытынды жасауға болады. Антик философиясы тарихының
“кіндігі” аталған Сократ өзінің басты назарын адам табиғатына аударып
қоймай, ақыл – ойға негізделген адамның мәні оның белсенді іс -
әрекетімен сипатталады деген қорытындыға келген. Сократ бойынша таным
игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғы шарты. ”Ізгілік –
бұл білім”,-деген тұжырым жасаған. Платон таным мәселесін жанда әуел
бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде
қарастырады. Платон жан мен тән антропологиялық дуализмді позициясын
ұстанады. Бірақ жан ғана адамды адам ететін субстанция болып
табылады, ал тән оған қарсы материя ретінде қарастырылады. Сондықтан
да адамның жалпы сипаттамасы оның мақсаты және әлеуметтік статусы
жанның сапасына тәуелді.
Неміс философы И.Кант танымдағы субьекттің белсенділігін
мойындайды. Бұл белсенділік субьекттің обьектіге әсерінен көрінеді.
Канттың пікірінше, кез – келген таным субьектпен сипатталады, яғни
барлық таным оның ұйымдастырған тәжірибесінен басталады. Обьект
туралы тәжірибелік білімді біз сезімдік әсерлерді ұғымдық өңдеу
нәтижесінде аламыз. Барлық сезімдік әсерлер сыртқы нақтылықтан
туындайды. Адамның танымдық әрекет аумағына енген сыртқы нақтылық
обьект деп аталады, ал танымдық қабілеттің тікелей бағытталған
нәрсесін Кант “зат” деп атады. Біз өзіміздің танымдық әрекетіміз
аумағына енген нәрселерді ғана танимыз. Ал біздің танымдық
қабілетімізден тыс жатқан нәрселер танылмайды және оларды Кант “өзіндік
зат” деп атады.
Канттың ізбасары И.Фихте ұстазының ілімін ғылыми жүйеге
келтіруге тырысты. Фихтенің пікірінше, кез – келген ғылым өзінің
жетілген формасына келгенге дейін 2 кезеңнен өтеді. Ол кезеңдер:
эмпирикалық және теориялық. Теориялық деңгейде таным үрдісінің барлық
формалары жүйелі түрде қосу жолымен адамның танымдық қабілетін
ғылыми негіздеу жүзеге асады. Адамның танымдық қабілетінің
субстанциясы қиялдың іс -әрекеті болып табылады. Фихтенің айтуынша,
адам теориялық іс - әрекетте қиялдағы бейнелермен еркін қимыл
жасайды.
Философ Д.Кішібеков: ”Таным дегеніміз сыртқы заттар мен
құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар
жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылықа толы күрделі процесі,” - деген
анықтама берген.
Бұдан шығатын қорытынды, таным барысында, адам өзін қоршаған
ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның
заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай
ұмтылып, жүйелі шынайы білімге айналады. Олай болса, танымды
адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге
болады.
Танымды ішкі және сыртқы деп 2 – ге бөліп қарастырған әл –
Фараби: “Әлемдегі заттар мен құбылыстарды сезім арқылы танып білуге
негізделген таным – адам танымының сыртқы негізін түзеді,” - дейді. Ал
танымның ішкі бөлігін абсалютті таза, киелі рух көрініс алған ақыл
– ойдың қызметімен байланыстырады. Адамның өткінші дүниедегі іс
-әрекетімен, бағыт – бағдары қасиетті және пайдалы мақсатқа талпынудан
тұрады және кей кездерде азаттық жасап, қайырымдылықтан асып та
кетіп жатады. Бұл мақсатта адамның өзгелермен қарым – қатынас
нәтижесінде ұлыланған ақыл – парасаты өзінің алған таза табиғи күйін
сақтап қалғанда ғана жеткізген.
Психологиялық жинақтаған деректерге қарағанда танымдық
қажеттілікті қанағаттандыру адамның дұрыс дамуының алғы шарты.
Көптеген зерттеулерде Л.А.Венгер,П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин,
В.В.Давыдов, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская,
Н.Ф.Талызина, Л.И.Божович т.б. психолог - ғалымдар нәтижелі зерттеп
келді, әрі оқыту мазмұнына психологиялық талдау жасай отырып,
сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары математиканы оқытудағы түрлі
үлгілер мен схемалар өлшемін енгізді. Баланың таным әрекетін
қалыптастырып зерттей келіп, П.Я.Гальперин олардың кезең - кезеңдік
қалыптастыру тұжырымдамасын талдап шешті. Мұның өзін автор, әрекеттің
ішкі жоспарға көшуі, сыртқы әрекеттік заттармен “оралуы” деп
түсіндірді. П.Я.Гальперин және оның қызметтестерінің ойынша даму
дәрежесінің негізгі көрсеткіші оның бірінші бөлігі деп саналуы
әбден дұрыс. Баланың ойлауын әрі оның дамуын, соның ішінде
практикалық ойлаудың сөздік ойлауға көшуін зерттеген Л.С.Выготский
болды. Бұл зерттеулерді әрі қарай жалғастырған А.А.Люблинская,
Г.И.Менчинская, болды. Сонымен бастауыш сынып оқушыларының оқу
процесін қалыптастыра отырып, танымдық іс -әрекетін де қалыптастырып
дамытуға болады. Танымдық ұғымның танымдық іс - әрекеттен айырмашылығы
оқушылардың оқу тәрбие процесіндегі әрекеттің танымдық іс –
әрекетпен тығыз байланыстылығында. Оқу –тәрбие процесімен қатар,
танымдық әрекетін де жүйелі деңгейге дамып жетіліп отыратындығында.
Енді танымдық іс - әрекет мәселелері жөніндегі біраз
ғылыми көзқарастарға тоқталып өтейік. Н.Ф.Талызина өзінің “Төменгі
сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетінің қалыптасуы” атты
еңбегінде: “Танымдық іс – әрекет әлеуметтік тәжірибенің меңгеру өнімі”,-
дейді. Адамның онтогенетикалық даму барысында көптеген өмір
жаңалықтарын кездестіреді, сол себептен ең алғашқы кезеңінде әлсізі
дәрменсіздігін байқатады. Себебі, адам өзінің даму жолында көптеген
жаңалықтарға кездесіп, оны танымдық меңгеру барысында біраз
қиындықтарды басынан өткереді. Ендеше, дүниені тани отырып, соның
танымына сай икемделіп, бейімделіп, жетіліп отырады. Мысалы: оқушы
өзінің жіберген қателерін өзі түзету арқылы, ережелерді меңгерту
жүйесін анықтап, танымдық іс - әрекетін біртіндеп қалыптастырады. Ендеше,
алғаш жіберген қателерін екі рет қайталамауға тырысады. Бастауыш
сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптасыру үшін мына
мәселелерді ескеру қажет.
1.Сол заттың қасиетін анықтай білуге үйрету.
2.Жалпы ұғымнан жекелеген ұғымдарды түсінуге үйрету.
3.Меңгеріп отырған материалдың негізгі жағдайлары мен жанама
жағдайларын анықтауға үйрету.
Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев адамның танымдық қасиетінің
табиғаты туралы 31 – сөзінде:”естіген нәрсені ұмытпастыққа 4 түрлі
себеп бар: әуелі – көкірегі ояу байлаулы берік болмақ керек, екінші сол
нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып,
ынтамен ұғыну керек, үшіншіден сол нәрсені бірнеше уақыт қайталап,
ойланып, көңілге бекіту керек. Бұл нәрселер – күллі ақыл мен ғылымды
тудыратын ұғым нәрселер,”-деп жазды.
Абайдың айтуынша, адамның өмірі мен оның бүгінгі және болашағы
үшін ең басты қажеттілік, адамның мақсатына, мұратына жетуі үшін
өзін және қоршаған ортаны кеңірек танып, оның нәтижесін өмірде
қолдана білуі керек.
Қазіргі дидактика, педагогика мен психологиядағы жаңа
жетістіктерге сүйене отырып, қызығушылықтың оқушыға білім берудегі,
дамытудағы және оның жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға үлкен
мүмкіншілік ашып отыр. Оқытудағы қызығушылықтың ерекше түрі –
танымдық қызығушылық. Оның саласы танымдық іс - әрекет оқушының оқу
пәндерінің мазмұнын және қажетті амалдар мен біліктерді, дағдыларды
меңгеруі, осылардың көмегімен оқушы білім алады.
Балалар әрекетінің мотивтері - қызығушылықтар. Негізгі
қызығушылықтың тікелей қызығушылыққа айналуын А.Н Леонтьев мотивтің
мақсатқа жақындауы деді.
Танымдық қызығушылық оқушыға білім берудің белсенділігі мен
дербестігінің даму факторы. Оқытудағы қызығушылық мәселелері, оның
маңызы жөнінде көптеген дидакт- педагогтар жазып кетті.
Я.А. Коменский жаңа мектепті білімнің қуаныштың, жарықтың
қайнар бұлағы деп қарастырса, қызығушылықты осы жағдайды жасаудың
басты жолдарының бірі деп есептеді.
Ж.Ж. Руссо тәрбиеленушінің оны қоршаған заттар мен құбылыстарға
тікелей қызығушылығына сүйене отырып, балаға оңтайлы және жағымды
оқуды құруға тырысты.
Белгілі ғалымдар М.Беляев, Н.Морозова, С.Рубинштейннің
пікірлері бойынша: қызығу әр қырынан алып қарауға болатын күрделі
ұғым, адамның белгілі бір обьектіні ұғынып, білуге ұмтылған іс-
әрекетін қуаттандыратын психологиялық ерекшелік. Қызығу жаңаны танып
–білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге әкеледі. Танымдық әрекет
қажеттілік арқылы жүзеге асады. Олай болса, оқушы оқу пәніне қызығады,
кейіннен ол пән оқушының іс - әрекеттің мақсатқа қозғағыш күш –
мотивіне айналуы мүмкін. Бұл жөнінде Н.Морозова “Іс- әрекет көздеген
мақсатқа жетуге түрткі болады” дейді.
Танымдық қызығушылық болмаса оқуға деген шығармашылық қабілетті
дамыту мүмкін емес.
Бірінші сыныпта оқитын оқушылардың танымдық қызығушылығының
даму деңгейлері әр түрлі болуы мүмкін. Танымдық қызығушылықтың ең
қарапайым деңгейі оқушылардың сабақта естіген жаңа деректерге,
қызғылықты құбылыстарға тікелей қызығуы.
Кейбір балаларда танымдық қызығушылық жақсы дамыса, ал
кейбірінде нашар көрінеді. Әр сыныпта сабақ үстінде сұрақ қойып,
үй тапсырмасын даярлағанда қосымша әдебиеттер оқып, сөздіктер мен
анықтамаларды пайдаланып, өте жоғары баға алуға тырысатын балалар
болады. Керісінше, ешқашан қолын көтермейтін, енжар, селқос, ғылыми
көпшілік көркем әдебиеттерді оқымайтын балалар да болады.
Біз өз жұмысымызда іс -әрекетке жұмыс таңдағанда
оқушылардың танымдық қызығушылығын ескере жоспарлаймыз. Дербес жұмысты
орындай отырып , оқушы алған білім, біліктілік дағдыларын пайдаланады,
ізденеді, шығармашылық, белсенділік әрекет анық көрінеді танымдық жаңа
деңгейіне көтеріледі.
Оқу үрдісін жетілдірудегі танымдық қызығушылық ролін қарастыра
отырып, оның білім беру ісіндегі күрделі мәселелерге әсер ететініне
көз жеткізілді, мысалы: 6 жастан оқыту, үлгермеушілікті жою мәселесі,
оқу жүктемесін реттеу.
Біз зерттеу жұмысымызда сыртқы түрткінің мағынасын өзгертіп,
оқуға баланың қызығушылығын арттырып, оқушыда оқығым келеді, білгім
келеді, мен тапсырма орындап көрейінші деген сияқты мотивтермен
іштей оқуға талпынуына үйлестіріп оқытуды жөн көрдік.

2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының арттырудың
психологиялық сипаттамасы

Мектеп жүйесіндегі ең маңызды кезең – бастауыш мектеп кезеңі,
мұнда оқыту іс -әрекетінің негізгі компоненттері қалыптасады.
Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ағартушы, ғалым
Ж.Аймауытовтың “Псиқалоғия” атты, ана тілінде жазылған тұңғыш
психологиялық, педагогикалық құнарлы еңбегінде: ”Білімге деген
ынталанушылық, - деп
жазды ол,- адам бойындағы ой еңбегі күшінің қайнар көзі, сондай
көздерді көбірек алу, өркендету - мұғалімнің бойына біткен қасиет
болуы керек”.
Психолог С.Д.Смирновтың пайымдауынша Танымның қандай болмасын
нақты аспектілері танымдық іс-әрекет барысында басталады, мысалы
дүние туралы негізгі көзқарас, оны бейнелеуден кейін тиянақтау,
толықтыру, түзетуден тұрады. Психологтар оқыту процесі адамның іс-
әрекеті мен танымдық процестерінің бірлігінде қарастырылып, оны
негізге ала отырып, оқыту процесінің негізгі белгілері танымдық іс-
әрекеттің маңызды формаларының бірі болса, онда мектептегі оқытуды
әлеуметтік мағнасы жағынан тиянақты іске асыруды, үш түрлі
қажеттіліктерге бөлген:
Бірінші-танымдық қажеттіліктер, мәселені шешу тәсілі немесе оқыту
процесінде жаңа мағлұматтар алуды қанағаттандыру.
Екінші-әлеуметтік қажеттіліктер, Мұғалім-оқушы және Оқушы-оқушы
қарым-қатынастары негізінде оқыту іс-әрекетінің барысы немесе
қатынасын және қатынасын және оқыту іс-әрекетіне байланысты оның
шешімін қанағаттандыру.
Үшінші-оқушының өзінің Мен-ге байланысты қажеттілік, жетістікке
жету қажеттілігі, оқу тапсырмаларының негізгі деңгейін арттыру.
Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, оқыту процесінің түрлі мазмұны
мен компоненттеріне бағыттау негізінде төмендегідей танымдық іс-
әрекет деңгейлерін талдап көрсеткен.
І. Жаңа білімдерді игеруге бағытталумен сипатталатын ауқымдық
танымдық іс-әрекет;
ІІ. Білімдерге қол жеткізу тәсілдерін игеруге бағытталумен
сипатталатын танымдық іс-әрекет.
IІІ. Білімге қол жеткізу тәсілдерін ұдайы жеткізуге
бағытталумен ерекшеленетін өз бетінше білім алу процесі.
Белгілі психолог С.М.Джакуповтың пікірінше: Оқыту
процесіндегі субьектілердің қарым-қатынасында мағналардың өзгеруі
біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсаттарының заңды құрылуына
мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккен
танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды, - деп
тұжырымдайды.
Қажеттіліктен кейін қызығушылық тудыру десек ол туралы
психологиялық сөздікте: “қызығушылық дегеніміз – дүниедегі заттар мен
құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның жеке
ерекшеліктерінің бір көрінісі”,– деп көрсетілген.
Психологтар саналы әрекеттің бірі қызығу, - деп санайды. Адам алдына
мақсат қойып, өздерінің ерік-жігерін жұмсап, кейін заттармен үнемі
шұғылданып отырады. Мысалы, оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру үшін,
оларға оқулықтың мазмұнын, ондағы тапсырмаларды түсіндіріп отыруы қажет.
Егер оқушының оқуға деген түсінігі болмаса, оның қызығушылығы да болмайды.
Егер қызығушылығы қалыптаспаса оқушының шығармашылығы да қалыптаспайды.
Қызығуды төмендегідей шартты түрде үшке бөліп қарастыруға болады:
а) мақсатты қызығу. Адам алдында бір мақсат қойса, сол мақсатқа жетуді
қызық көреді;
ә) әрекеттік қызығу. Мұнда адам алдында бір үлкен міндет қоймай,
істейтін ісінің нәтижесі қандай болатынына қызықпай, тек атқаратын
еңбегінің ағымына қызығады. Мысалы, оқушы көркем сөз үйірмесіне қатысуға
қызығады. Одан керемет пайда келтіретін немесе бір нәтижеге жетейін деп
алдына мақсат қоймаса да уақыт өткізу үшін жаңағы айтылған әрекеттердің
ағымына қызығуы мүмкін;
б) қорытындыға қызығу. Мұнда адам істейтін еңбегінің нәтижесіне
қызығады. Бір нәтижеге жетуді көзден, әрекет етеді, барлық күшін соған
жұмсайды.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың қызығушылығы тұрақтала бастайды.
Бұл кезеңде балалар әр нәрсеге әуес болады, көп заттарды білгісі
келіп, ол заттардың қайдан пайда болғанын, неге олай екенін
түсінгісі келеді. Сыныпта оқушылар өз қызығуларын іс жүзінде
тәжірибемен байланыстырып, оны орындай алатынын не алмайтыннын
белгілеп отырады.Бастауыш сыныптарда оқушылардың қызығуы тұрақты
келеді.Оқушылардың қызығуларын дамытуда психолог Т.Тәжібаев мынадай
жайттарды ескертеді.Олар:
1) Балаларда танымдық қызығулар дами түсу үшін оқу сапасын
жақсарту
керек.Оқу мазмұнды, идеялы,тартымды болып келгені жөн.
2) Балалардың көркем әдебиетті көбірек оқу жағын қарастыру
керек.Себебі, осы
арқылы оқушылар көп нәрсемен танысады,көп білім алады,сөйтіп олардың
оқуға деген қызығуы артады.
3) Балалардың өз бетімен дербес жұмыс істеу жағын үйретіп,
олардың оқуының,
еңбегінің мәдени түрде жүзеге асу жағын қарастырып отыру
қажет.Түрлі шараларды қолданып, мұғалім балалардың сабағынан артта
қалмауын қарастырған жөн.
4) Балалардың білімі әр уақытта жүйелі түрде бағаланып
отырылуы тиіс. Бағаның нәтижесін өздеріне айтып, талапты зерек
балаларды мадақтап отырғаны дұрыс.
5) Мұғалім балалардың оқуын, тәртібін бағалау мәселесіне жауапты
қарағаны жөн. Мұғалімнің оқушыға қойған қате бағасы оларға өте
қатты әсер етеді, олардың көңілін қалдырады. Мұндай жағдайда бала
сабағын дайындамайтын, мұғалімге сенбейтін болады.
Психология ғылымында оқуға қажетті шарттың бірі қызығу
болып саналады. Ал қызығу дегеніміз-адамның саналы іс-әрекеті. Себебі,
адам алдына мақсат қойып, өздерінің ерік-жігерін жұмсап, кейбір
заттармен үнемі шұғылданып отырады. Мысалы, оқушылар оқуға қызығу
үшін олар алдымен оқулықтың мазмұнын түсінуі керек. Адамның негізгі
қызығуларын: мақсатты, әрекеттік, қорытындыға қызығу деп шартты түрде
үшке бөліп қарастырады.
Мақсатты қызығуда адам алдына бір мақсат қойса, сол мақсатына
жетуді қызық көреді. Әрекеттік қызығуда алдына белгілі мақсат
қоймай, тек қана атқаратын еңбегіне қызығады. Қорытынды қызығуды
істейтін еңбегінің нәтижесіне қызығады. Бастауыш мектеп жасындағы
балалардың қызығулары біршама тұрақтала бастайды. Себебі, олар әр
нәрсеге әуес болады, көп оқушылар өз қызығуларын іс жүзінде
тәжірибемен байланыстырып, оларды жүзеге асыра алатынын белгілеп,
ескеріп отырады.Оқыту процесінде танымдық іс-әрекеттің даму мәселесін
терең зерттеген ғалымдар Л.И.Божович, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов,
А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн,және т.б болды.
Ал психологтар Л.Славина, Л.Божович, Н.Морозова мотивтің
негізгі екі құрылымын көрсетіп берді. Олар:
а) оқушылардың оқу іс-әрекетіне түрткі болатын қоршаған ортасы;
б) мазмұндық және процестік сипаттан тұратын,оқу іс-
әрекетінің өзі түрткі болатын таным қызығуы;
Психологиялық сөздікте: түрткі (мотив) (фран.мotif, лат.moveo –
қозғаймын) – субъектінің өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және оның
белсенділігінің бағыттылығын анықтайтын әрекетті туғызушы. Түрткі термині
субъектінің белсенділігін туғызатын түрлі құбылыстар мен күйлерді білдіру
үшін қолданылады. Түрткі – адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін себеп.
Кісінің өз қажетін өтеуі оның түрткілеріне байланысты. Мысалы, бір оқушы
өзінің тиянақты білім алуын келешекте өміріне ойластырады, екінші бір
оқушыда түрткі тек баға алуға бағытталады. Мұндайда екі түрлі түркінің
нәтижесі де екі түрлі болады. Мақсат анықталмаса, түрткі дәрменсіз келеді,
тек қиялын қозғап қана қояды.
Психология мен педагогикада оқу мотивтеріне көптеген зерттеулер
арналған (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леоньтев, Л.И.Божович, Л.С.Савина,
Н.Г.Морозова, М.А.Данилов, В.С.Ильин, Г.И.Щукина және басқалар). Бұл
ғалымдардың топшылауынша оқушыны білім алуға итермелейтін мотивтер көп.
Мотивтерді ғылыми классификациялау әлі жүріп жатыр, бірақ практика жүзінде
оларды мына топтарға бөлуге болады.
Әлеуметтік мотивтер – сөздік атаулары оқушыларда бастауыш сыныпта пайда
болады ("білімді болғым келеді", "Отаныма пайдамды келтіргім келеді").
Жоғарғы сыныптарда белгілі бір мәнге ие болады: бала өмірлік жоспар құрады,
санаға ұялатады, өзін-өзі тануға талпынады.
Танымдық мотивтер – танымдық қызығушылықтар және қажеттіліктер. Оқушы
үшін "жаңаны білу қызық," "ғылымға ену", "танымдағы өзінің жетістіктерін
көру". Танымдық қызығушылықтар белсенділіктің, дербестіктің негізінде
жатыр.
Адамгершілік мотивтер. Мұнда жеке тұлғаның адамдарға, іс-әрекетке,
өзінің қоғамдағы және ұғымдағы орнына қарым-қатынасы көрінеді. Ата-ана,
қоғам, ұжым алдындағы жауапкершілікті, ар-ұятты сезіну қиыншылықтарды
жеңуге, қызықсыз тапсырмаларды орындауға жетелейді.
Қарым-қатынас мотивтері. "Ауырып қалғанда мектепті сағынамын,
балаларсыз көңілсіз", "Сабақтарды жақсы көремін, онда балалармен пікір
таластырып өз ойыңды дәлелдеуге болады", "Біздің сынып жақсы, көңілді" –
бұл мотивтердің тобы оқушылардың мектепке деген көзқарасын білдіреді.
Ұжымдағы жайлы ахуал білімнің нәтижелі, жемісті болуын қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу мотивтері – жоғарғы сыныптарда анық көрінеді. "Оқу
ойды, ерікті дамытады", "Қоғамтану мен бұрын байқамаған, білмеген
мәселелерді ашты", "Математика пәнін асыға күтемін, себебі ол ойды керемет
жаттықтырады", "Әдебиет сабағы жан-жақты дамытады, сабақ сайын бір сатыға
көтеріліп қаламын" – осындай мотивтер оқушылардың оқуға деген қарым-
қатынасын анық көрсетеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі іс-әрекеті-оқу.
Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматта мен білім қорын
меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын
қалыптастырады
Білім алудың, дүниені танып білудің негізгі жолы – оқу.Оқушы оқу
үстінде білімнің жаңа негізгі мазмұнын игеріп, үйреніп, танып біледі.Ал оқу
оқыту процесі негізінде жүзеге асырылады. Оқыту процесінде бала оқу
материалына зейін қойып тыңдап, сабақты толық меңгеру үшін әрекет
жасайды.Осы кезде ол әртүрлі жұмыстарды орындап жеке пәндерден тәжірибе
жұмыстарына қатысады.
Оқу үрдісіндегі мұғалімнің басшылығы оқушылардың танымдық іс-әрекетін
білім мазмұнын қабылдауына, есте қалдыруына және ұғынудағы ой процестеріне
негіздеп жүргізуі болып табылады. Сонда ғана оқушылардың оқуға деген ынта
жігерін қалыптастыру,бақылампаздығы мен ойын дамыту, соның нәтижесінде
олардың жеке басына тән ерекшеліктерімен жете танысуға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісі нақты заттарға ықшамдалып
келетіндіктен түсіндіру жолы көбінесе тікелей сезінуден басталады.Оқу
материалы күрделенген сайын оны түсіндіруде әдіс-тәсілдерді тиімді
пайдалана білу керек.Олай болса осылардың бәрі шындықты танып білу жолының
негізінде жүргізіледі.Ол үшін алдымен оқу материалын ұғыну қажет. Ал
ұғынудың мәні оқу мазмұндарына түсіну,оның өзі оқушының өз бетімен оқуға
еңбек сіңіруінің нәтижесінде болады.Оны жаратылыс ғылымы тұрғысынан
қарастырған И.П.Павловтың ілімі бойынша тірі жәндіктердің, соның ішінде
адамның сыртқы ортаға бейімделіп, ненің қажетті, ненің қажетсіз екенін
ажырата алуы мидың анализдік және синтездік қызметі болып табылады.Осы екі
процесс кезек-кезек алмасуының нәтижесінде мида уақытша байланыс пайда
болып, оқу мазмұнын ұғыну осыдан басталады.
Оқу материалын ұғыну процесі оқуға ынта қоюдан, оқу материалдарын
қабылдап, ойланудан және есте қалдыру сияқты бірнеше психикалық
процестердің жиынтығынан тұрады. Психикалық процестердің ішінен ұғыну
процесін дәлелдеуде негізгі рольді ойлау процесі атқарады. Себебі оқу
мазмұнына ұғыну, оның мәнісіне түсіну ой процесінің негізінде іске асады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу мазмұнын түсінуі, ұғынуы, сол
материалды меңгеруге ынта қоюымен байланысты.
Психология ғылымында ынта деп оқушының сабаққа ықыласымен беріліп, зер
салып, тапсырмаларды орындауға барлық күш жігерін жұмсауын айтады. Олай
болса, бұл қасиет оқыту үстінде оқуға мұқтаждықтың қалыптасуынан болады.
Ынтамен оқымайынша, оқу материалын терең ұғына алмайды. Ынта оқуға
ықыластың қалыптасуынан, оған зейін салуынан тұрады.
Ықылас дегеніміз – оқушының әр түрлі білім салаларын біліп, тануға
әуестенуі, өз ісіне біржолата берілуі.Сондықтан олардың оқуға деген
ықыласын тудыру үшін мәтіндерді рөлге бөліп оқытқанда ғана олар тақырып
мазмұнына қызыға түседі.
Екінші бір ерекшелігі баланың оқуға деген ықыласы олардың
тапсырмаларды өз бетімен орындағысы келіп тұратындығынан көрінеді. Оған
дәлел сауат ашу кезеңіне дейін бірінші сынып оқушысы хат танымағандықтан
түрлі әңгімелерді үлкендердің жәрдемімен естісе, сауат ашу кезеңінен кейін
өз бетімен оқығысы келіп тұрады. Сөйтіп жаңа мазмұнды өздері оқып, өздері
меңгерген сайын оқуға деген ықыластары одан әрі дами түседі. Сыныптан-
сыныпқа өткен сайын, оқушылардың оқуға деген ықыласы күрделене түседі.
Дегенмен бастауыш сынып оқушыларының зейіні әлі тұрақталмағандықтан, көбіне
тек қызықты нәрселерге ғана ықыласты келеді. Ал, біртіндеп сыныптан сыныпқа
көшкен сайын, олар тапсырмаларды орындауға еңбек сіңіріп әрекеттенудің
нәтижесінде ықылас пайда болады. Сондықтан бастауыш мектеп оқушысының оқуға
ықыласын қалыптастырудың негізгі жолы сабақты қызғылықты жүргізіп, оларды
қиыншылықтарды жеңуге ұмтылдыру болып табылады.
Адам психилогиясының сипаттамасын беру үшін оның іс-әрекетінің басты-
басты белгілерін атап өткен жөн. Осындай айрықша сипаттардың бірі – адамның
дүниедегі заттарға, құбылыстарға еңбек объектісіне,
оның процесіне назар салуы, зейін қоюы, әр уақыт адам санасының бір
затқа, құбылысқа, болмысқа бағыт алып отыруы. Айналадағы дүниеге сананы
бағыттап отырмаса, ол затты дұрыс қабылдай алмайды. Орыс ағартушысы
К.Д.Ушинский: зейінді адамның сыртқы дүниені қабылдайтын есігі”, - деген
қорытынды жасаған.
Зейін сабақ үлгірімінің негізгі шарты. Зейін дегеніміз – сананың бір
объектіге бағытталып, ерекше қабылдануын қамтамасыз етуі.(Алдамүратов)
Ұғыну процесінде оқушы зейінінің ерікті және еріксіз түрлері кездеседі.
Сыртқы әсерге мақсатсыз зейін аударуды еріксіз зейін деп атайды. Мысалы:
оқушы сабақта бұрын естімеген бір жаңалық естісе, оны қызық көріп, зейін
аудара бастайды. Еріксіз зейін баланың өзін-өзі зорлауынан емес,
құбылыстардың қызықты болуынан пайда болады. Оқу материалы қызықты берілген
жағдайда, тіпті, зейінсіз деген баланың өзі сол материалға еріксіз назар
аударады. Еріксіз зейінге негіздеп сабақ жүргізу бастауыш сыныптар үшін өте
қажет. Бірақ зейіннің осы түріне сүйене отырып, оқу материалдарын терең
ұғынуға мүмкіндік туа бермейді. Өйткені оқушы өзінің қызыққанына зер
салып, қызықпағанына зер салмауға әдеттенеді де, материал қызықсыз болса
зейінсіздене бастайды. Сондықтан, әуел бастан-ақ оқушыны қызық болмаса да,
қажет деген оқу мазмұндарына жаттықтыру керек. Зейіннің осы түрін ерікті
зейін деп атайды. Мысалы: оқушыға сабақ қызықсыз көрініп, тыңдағысы келмей
отыр делік. Бірақ оқушы өзін-өзі күштеп қайткенде де сабаққа зер
салып,тыңдауға тырысады. Бұл ерікті зейіннің нәтижесінде болады. Оқу
материалын оқушыларға толық меңгерткізу үшін, олардың ерікті зейініне
сүйеніп сабақ жүргізу, ерекше орын алады. Өйткені оқушы ерік жігерін
жұмсамай, сабақтағы жаңа материалдарды толық меңгеруі мүмкін емес. Оқушылар
тез шаршап, алаңдағыш келетін болғандықтан, зейінді тәрбиелеудің негізгі
жолы – оқушыны қиыншылықты жеңуге төселдіріп, ерікті зейінін үйреншікті
зейінге айналдыру болып табылады. Ал үйреншікті зейін ерікті зейіннің
салдарынан еңбек етіп, жаттығудан пайда болады. Мысалы, материалдың
мазмұнына түсіну қиын болғандықтан, оқушы алаңдамас үшін өз алдына мақсат
қойып өзін - өзі күшейтеді. Сонда ғана оқушы үшін қиын деп саналатын істер,
үйреншіктіге айналып, ерік жұмсауды талап етпейді әрі жеңіл келеді .
Психолог Л.С.Выготскийдің пікірінше: “Тұлға дегеніміз белгілі
қызметтерді атқаратын, осы қызметтерді орындау үшін адамдарда пайда болатын
тұтас педагогикалық жүйе. Тұлғаның негізгі қызметі қоғамдық тәжірибелерді
шығармашылықпен игеру және жүйеге қоғамдық қатынастарды қосу. Тұлғаның
барлық жақтары қатынастарынан анықталынады.Осыдан тұлғаның ең негізгі
сипаттамасы шығады, яғни тұлға дегеніміз барлық көрінісімен өзін қоршаған
адамдардың өмірімен байланысқан адамның әлеуметтік бейнесі, деген анықтама
берілген.
Ж.Аймауытов бала психикасының дамуы тәрбиешілермен бірге, бұл
баланың өзіне де, оның белсенділігіне де байланысты. Баланың, - деп
жазды ол, - тума серпілуін қозғайтын ешбір шара істемесе, баланы
мектепке бергенмен, көңілдегі нәрсемізді үйретуге болмайды. Мектепке
келгенде алғашқы қадамды бала өзі бастауы керек.Бұл жерде автор
баланың, яғни оның жеке басының белсенділігі, жеке басының қамтылуы,
қызығуы, талап-тілегі мен мақсат-мүддесінің белсенділігінен туатынын
айтып отыр. Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, әйтеуір
бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан-дүниесі дұрыс
жетілмейді - деп көрсеткен.
Оқушының қызығушылығы оның мұғаліммен, құрбыларымен, ұжыммен
біріккен іс-әрекетінде қарым-қатынастарында дамиды, қалыптасады.
Көптеген зерттеулер іс-әрекеттің таусылмайтын мүмкіндіктерін ашты. Іс-
әрекеттің мәндік қасиеттеріде оқушылардың қызығушылығын қалыптастыруға
ықпал ететін бастау байқалады. Оқушылардың оқу үрдсіндегі іс-
әрекеттің мақсаттылығы танымдық қызығушылықты жемісті етеді. Іс-
әрекеттің маңыздылығы танымдық қызығушылықты ғылыми, практикалық,
қоғамдық, жеке тұлғалық мағынамен толықтырады.
Іс-әрекет, оның мақсатын мазмұнын, амалдарын түсіну жемісті
нәтижеге жетуде тиімді жол табуға ықпал етеді. Оқу үрдісіндегі іс-
әрекеттің білімдік сипаты оқушыға танымдық қызығушылықтағы өзінің
және ұжымның жеткен жетістіктерін көруге мүмкіндік береді.Өзін-өзі
байқау, өзінің жетістіктерін басқалармен салыстыру танымдық
қызығушылықты орнықтырады, оқушы өз жетістіктерінің нәтижесін көреді.
Білім беруде іс-әрекет екі жақты көрінеді (мұғалімнің және де
оқушының іс-әрекеті ретінде). Оқушы бір жағдайда мұғалімнің іс-
әрекетінің объектісі болып көрінсе, ал білімді меңгеруде жеке
субъект.Іс-әрекетке пайда болатын қарым-қатынас педагогикалық үрдісте
ерекше, көп мағналы байланыс құрады: мазмұнымен, орындалуымен,
қатынасатындар, жолдастарымен, мұғаліммен, өзінің іс-әрекеттегі
дәрежесіне қарай.
Оқушылардың және өзінің іс-әрекеттерін құрып, ұйымдастыратын
болғандықтан мұғалімді оқу үрдісіндегі іс-әрекеттің субъекті деп
айту қалыптасқан. Мұғалім оқушылардың әрекетін бақылап, бағыттап, оны
тиімді жетілдіруге жұмылдырады, іс-әрекеттің нәтижесін шығарады. Бірақ
та мұғалім қатаң басқару арқылы оқушының жеке тұлғасын қалыптыстыра
алмайды. Мұғалімнің іс-әрекетінің бағаты – оқушының саналы және мақсатты
түрде іс-әрекетті іске асыруына көмектесу, оны дербестікке баулу.
Мұғалім мен оқушының бірлесіп еңбек ету арқылы жоғарғы нәтижеге
жетуі, оқу үрдісін жетілдіруді қамтамасыз етеді. Міне сондықтан, мұғалім
өзінің педагогикалық үрдістегі жетекшілік ролін іске асыра отырып, әрқашан
оқушының іс-әрекеттің субъекті болуын ықпал етуге міндетті. Кейбір жағдайда
мұғалім оқушылар іс-әрекетінің объекті болуы мүмкін, олар еліктейді,
бақылайды, топшылайды. Осындай біріккен іс-әрекет қызығушылық тудырады,
оқыту да, білім алу да қызығушылықты, таным қызығушылықтың қалыптасуына
мүмкіндік туғызады. Мұғалім оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
ұйымдастырушылық, қарым-қатынастық, ынталандырушылдық, болжаушылық
функциялары іске асырады.
Оқушылар алдында іс-әрекеттің мақсатын ашып, оны түсінуге ықпал етеді;
білім мазмұнының түсінікті болуын қамтамасыз етеді, жетекші идеялардың
көкейтестілігіне көңіл бөледі; білімнің құндылығын ашады; оқушылардың оқу
іс-әрекетін бірте-бірте күрделендіреді; осыған сәйкес оқушыларды қажетті іс-
әрекет амалдарын, танымдық біліктерімен қаруландырады.
Мұғалім оқушылар іс-әрекетінің дұрыс тиімді ұйымдастыруына ықпал етеді:
қиындықтарды алдын-ала байқап, оны жеңуге көмектеседі, нәтижені бақылап,
талдайды, оқушылардың жетістіктерін мадақтайды. Бұл іс-әрекеттердің
барлығы, сөз жоқ, танымдық қызығушылықтың қалыптасуына ықпал етеді, себебі
мұнда оқушылардың танымдық әрекетін жандандыратын механизмдер анық
көрінеді. Орындаушы ретінде оқушы білімді игеру, жүйелі әрекет реттілігі,
тапсырмаларды түсіну тәжірибелерін жинақтап меңгереді. Ең негізгі,
мұғаліммен біріккен, әрекет барысында дамудың жаңа деңгейіне көтеріледі,
себебі оның оқу әрекеттерінің міндеттері әрқашан тұрақты күрделенеді. Дәл
осы жерде танымдық қызығушылықты нығайтудың механизмдері жатыр.
Танымдық тапсырмаларды орындауда оқушы жағынан көрінетін мақсаттылық,
белсенділік, саналылық қалыптасудың берік негізі болып табылады:
- ойлау әрекеті жанданады (шешу, логикалық талқылау, топшылау);
- білімнің көкейтестілігі (жетекші идеялар, айғақтайтын фактілер);
Қажетті амалдар таңдалып алынады, түрлі біліктер тәжірибеден өтеді,
әртүрлі жолдар шешімін тауып, нәтижелері таңдалынады.
Бұл жағдайларда баланың белсенділігі артып, дербестігі қалыптаса
бастайды, беделі артып, танымдық қызығушылығы бекиді. Өз іс-әрекетінің,
жұмысының нәтижесін көріп масаттанады (үйрендім, білдім, басқаларға
көмектестім, қиындықтарды жеңдім).
Мұндай толық дербестікке жеткеннің өзінде де мұғалім әлі де болса
оқушының танымдық қызығушылығын бағыттап отырады, себебі ол терең білімнің,
шешендіктің, оқу әрекетін ұйымдастырудың үлгісі ретінде танылады.
Мұғалім мен оқушы бір-бірінің әрекеттерін толықтырып, байытып
отырады. Оқушылардың белсенділігі мен дербестігіне сүйеніп, мұғалім олардың
шығармашылық мүмкіндіктеріне сенім артады, нәтижесін болжайды. Оқушыда
оқуға талпыныс күшейеді, белгілі бір стандартқа сүйенбей-ақ өз тәжірибесін
енгізіп шешім табуға тырысады. Бұдан, сөз жоқ, оқу үрдісінде енгізілген
әртүрлі іс-әрекеттер себін тигізеді: еңбек, ойын, таным, көркемдік және
қоғамдық іс-әрекеттер.
Тапсырманы еркін таңдау, өз шешімін ортаға салу, басқалармен пікір
алысу оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуына, оның берік – тең
болуына ықпалын тигізеді. Оқу үрдісіне енгізілген оқу әрекетінің
құрылымындағы танымдық қызығушылық маңызды роль атқарады. Ғылыми
зерттеулерде дәлелденгендей (В.Ф.Башарин) танымдық қызығушылық оқу-танымдық
әрекеттің әрбір компонентіне еніп білім алу үшін қолайлы ахуал туғызып,
оның тиімділігін арттырады. Оқушының ішкі танымдық мүмкіндіктерін аша
отырып, жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді (А.Н.Леонтьев,
Н.Ф.Добрынин).
Мақсаттылық – кез-келген әрекеттің аса маңызды қасиеті. Оқу үрдісінде
әрқашанда мұғалімнің алдына қойған мақсатын көруге болады. Өкінішке орай,
мақсат оқушының әрекетінде әрқашан да байқалмайды. Мақсаттылық оқушының іс-
әрекетінде бірден іске аспайды. Ең алдымен оқушы өзінің іс-әрекетінің оның
алдына қойылған мақсатқа тәуелді екендігін түсінгені жөн. Оқушының болатын
іс-әрекетінің мақсатын қабылдау проблемасы ғылым мен практикада әрқалай
шешіледі. Кейбір мұғалімдер бұл проблемаға кіріспе сабақтар арнаса, ал
екіншілері ерекше мәнерлі амалдар іздеп, оқушыларда осы тақырыпты оқуға,
игеру деген қажеттілік тудырады. Оқушылардың іс-әрекет мақсатын түсінуі
танымдық қызығушылықпен тікелей байланыста жатыр. Қызығушылық білімге деген
құштарлықты оятады, ол мақсатқа жетуге итермелейтін күш.
Мазмұн оқу үрдісіндегі іс-әрекеттің құрамдас бөлігі ретінде танымға
деген қызығушылықтың қайнар көзі. Мазмұн әрқашан тереңдеп, жаңарып отырады,
өз ретінде танымдық қызығушылық та байып толығып тұрақтанады. Мұғалімдер
үшін танымдық қызығушылық оқушылардың мазмұнды түсініп қабылдауының
көрсеткіші. Практика жүзінде мұғалімдер оқушыларды қызықтыру үшін тақырып
мазмұнын түрлі фактілер, тиімді тәжірибелер, көрнекіліктерді, техникалық
құралдарды пайдалану, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері
Жеке тұлганың танымдық қызығушылықтарын арттыру
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын дамытуға батытталған теориялық ережелерді зерттеу
Пәндер