Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы



Жоспар
I Кіріспе

II Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы
2.1. Моғолстанның алғашқы хандары
2.2. Моғолстан халқының этникалық құрамы

III Моғолстан мен Әмір Темір арасындағы соғыстар
3.1. Мәуреннахр мен Моғолстанның қарым .қатынысы
3.2. Моғолстан билеушілерінің Әмір Темір шапқыншылығына қарсы күресі

IV Қорытынды
V Пайдаланған деректермен зерттеулер тізімі

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
XIV - ғасырдың екінші жартысындағы Моғолстанның ішкі және сыртқы жағдайы

Жоспар

I
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-7

II Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық
құрамы ... ... ... ... ... .7

2.1. Моғолстанның алғашқы
хандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-16

2.2. Моғолстан халқының этникалық
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..16-26

III Моғолстан мен Әмір Темір арасындағы
соғыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

3.1. Мәуреннахр мен Моғолстанның қарым
–қатынысы ... ... ... ... ... ... .. 27-33

3.2. Моғолстан билеушілерінің Әмір Темір шапқыншылығына қарсы
күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33-38

IV
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .38 -39

V Пайдаланған деректермен зерттеулер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 40-41

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің өз дамуында сапалы жаңа кезеңге аяқ
басуынан туындайтын міндеттер мен мақсаттарға байланысты. Олардың қатарына
отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелейтін ұлттық құндылықтарымызға
құрметпен қарауға жетелейтін тарихи кезеңдер мен оқиғаларды жан-жақты
зерделеу жатады. Әсіресе, халқымыздың өз алдына отау тігіп, тарих сахнасына
шығуын, этникалық бастауларын зерттеудің ғылыми- практикалық маңызы ерекше.

Орта ғасырлар мен қазіргі заманымыз арасында бірнеше ғасырлар өтіп,
сол дәуірлердегі саяси үрдістер ауылы алыстағанмен, оның салдарлары әлі де
аса маңызды. XIV ғасырда оңтүстік-шығыс Қазақстан және Қырғызстан
территориясында құрылған Моғолстан мемлекеті, монғол жаулап алушылығының
нәтижесінде үзіліп қалған интеграциялық процестерді одан әрі қайта
жалғастырды. Моғолстан мемлекеті Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс
бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекет Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу
өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді,
ашық далалы, орман –тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың
басын қосты. XIV- XV ғасырларда Моғолстан орта ғасырлық авторлардың
деректерінде мемлекеттің құрылу кезеңіне қарай Моғол атты этникалық саяси
біртұтастыққа бірігудің ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен
жергілікті турік және түріктенген монғол тайпаларының мемлекеттік саяси
бірлестігі болды. Моғолстан мемлекеті, Қазақ хандығының құрамына еніп,
қазақ халқының да құрылуының аяқталуында зор үлес қосты. Моғол тайпаларының
жеріне уақытша қоныстанушы болып келе, енді біртіндеп, ол хандықты жұтып
қояды. Оған басты үлкен себеп, жергілікті Жектісулық түркі тілдес және
түтіктенген басқа тайпалардың жаңа құрылған қазақ хандығын қолдап олардың
жағына шығуы. Бұлардың бірін-бірі қолдап қазақ хандығын қолдауындағы және
басты бір себеп, олардың этникалық жағынан болсын бір- бірімен туыстық
жағы басым болған. Сол себептен де бұл мезгілде Жетісу аумағындағы бұрыннан
өмір сүріп келе жатқан этникалық құрамдар мен жаңа келген этникалық
құрамдардың арасындағы табиғи туыстық байланыстың тарихын, Моғолстанның
феодалдық қатынастарға байланысты, ішкі саяси талас- тартыстың әсерінен
хандықтың құрылуын көрсеру өзекті болып отыр.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Жетісудың саяси және этникалық тарихының
зерттелуі орыс және кеңес дәуірінің тарихшыларының еңбектерінде кездеседі.
В.В. Бартольдтың Очерк истории Семиречья еңбегі осы күнге дейін Жетісудың
ежелгі ғасырдан XVIII ғ, ортасына дейінгі саяси тарихы туралы толық мәлімет
береді. Моғолстан атты тарауында атақты орыс шығыстанушысы мемлекеттің
саяси тарихы туралы нақты және басты оқиғаларына қысқаша тоқталып өтеді.
В.В. Бартольдтың басқа еңбектерінде де Оңтүстік – Шығыс Қазақстанның
территориясындағы саяси тарихы кездеседі 1. Оңтүстік – Шығыс Қазақстанның
тарихының кейбір оқиғалары С.К. Ибрагимовтың, Л.Б. Ерзаковичтің, Т.И.
Султановтың және т.б. зерттеушілердің еңбегінде көрініс тапқан 44, 2.
Моғолстанның өзбек және қырғыз елімен қарым-қатынасы туралы П.П. Иванов,
Б.А. Ахмедов, С.А. Азимжанова, К.И. Петров зерттеген 3,24.
Этникалык құрамы туралы В.В. Востров, М.С. Муканов, В.П.Юдин және
О.К.Караевтің еңбектерінде кездеседі 4,6,16.
Қазақ зерттеушілерінен К.А. Пищулинаның еңбегін ерекше атап өту
керек. Бұл зерттеуде Юго –Восточный Казахстан в середине XIV-начале XVI
веков Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, қазақ хандығының құрылуына
дейінгі кезеңді қамтиды. Яғни XIV ғ. Ортасымен XV ғ. басындағы
Моғолстаннын саяси тарихы суреттеледі. Моғолстан мемлекетінің батысында
Әмір Темір ұрпақтарымен, шығысында ойраттармен күресі туралы айтылады.
Пищулина, Моғолстан мемлекетінің ішкі феодалдық тартысқа және сыртқы көрші
елдердің қарсылығына қарамастан, қазақ хандығы құрылғанға дейін өз
мемлекетін сақтап қалды деп көрсетеді 5.
Н.А Аристов, А.П Чулошников, С.Асфендияров, М. Тынышпаев өз
еңбектерінде Моғолстан хандығының тарихын арнайы зерттемесе де, оның
тарихына қатысты тың материалдарды ғылыми айналымға еңгізді. С. Ибрагимов,
А.А Семенов XIV-XVII ғасырлардағы казақстанның этникалық және әлеуметтік
тарихын зерттеуде парсы, түтік деректерін жинақтау мен жариалауға зөор үлес
қосып, саяси құрылымдардың өткенін зерделеді 45.
Аса ірі шығыстанушы ғалым- В.В.Бартольд шығыс жазба, нумизматика,
эпиграфика, этнография, археология деректерінің негізінде 1988 жылы Жетісу
тарихының очеркін жазды. Еңбекте Жетісу өлкесінің тарихы ежелгі дәуірден
XVIII ғасырға дейінгі аралықты қамтылған. Зерттеудің ең ұтымды тұстарының
бірі онда Шағатай ұлысының, Моғолстан хандығының тарихы баяндалған.
В.В.Бартольдтың бұл еңбегі Жетісу өңірінің тарихын зерттеуге арналған
тұңғыш бірегей тарихи шығарма болып табылады 31, 33.
В.П.Юдин өзінің мақаласында Моғолстанның этникалық құрамын және басқа
елдермен қарым-қатынасын суреттейді. Ол Моғол этнонимы жайында дәйекті
көзқарас танытқандардың бірі. Ғылымда тарихшы-зерттеуші В.П. Юдиннің
пікіріне балама тұжырым әлі де болса айтылмай келеді 16, 17.
О.К.Караев та Чагатайская область. Государство Хайду и Могулистана
еңберінде, Моғолстанның құрылуымен XV ғ. басына дейінгі тарихына тоқталып
өтеді 6.
О.Ф.Акимушкин Моғолстан мемлекетінің сыртқы саяси қатынастары туралы
айтып өткен. Ол т.б. мақалаларында Моғолстан мемлекетінің территориясын
көрсетеді 9.
Кейнгі жылдары С.Жолдасбайұлы Жетісу тарихы еңбегінде көрсетеді.
Н.А Атығаев өзінің диссертациясанда Моғолстанның қазақ хандығымен карым-
қатынасын көрсетеді 10.
Т.О.Омарбеков та Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық
көзқарас деген еңбегінде Моғолстан мемлекеті туралы өзінің піқірін
білдірген. А.В.Строева, А.М.Гуревич өз шығармаларында Моғолстанның тарихы
және басқа елдермен қарым- қатынасын көрсетеді 7, 25,36.
К.А.Пищулина Моғолстан мемлекетінің тарихын арнайы зерттеп, өзінің
монографиясын жариялады. Сонымен қатар Моғолстан тарихы орта ғасырлардағы
Қырғызстан тарихына қатысты зерттеулерде қарастырылды. Бұл еңбектерде
Моғолстан хандығының құрылуы, мемлекеттік – саяси құрылысы, этникалық
топтар мен процестер, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, қоғамдық
қатынастары, көрші елдермен байланыстары көрсетілген. К.А.Пищулина
Жетісудағы тайпалардың тарихын зерттей отырып, Моғолстандағы ру-тайпалардың
қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңіндегі аткарған ролін, этникалық
процестердегі орнын айқындаған. Осындай тарихнамалық шолуды қорытындылай
келе Моғолстан хандығының тарихы негізінен зерттелген деген тұжырым жасауға
болада. Алайда хандықтағы ру-тайпалар, этникалық процестер, этносаяси карым-
қатынастар толық зерделене қоймаған 5.
Зертеудің мақсаты мен міндеттері. Моғолстан мемлекетінің құрылуынан
бастап, XV ғасырдың басына бейінгі ішкі және сыртқы саяси тарихын зерттеу.
Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Зерттеулерге сүйене отырып, Моғолстан мемлекетінің территориясы
этникалық құрамын анықтау;
- Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, XV ғасырға дейінгі аралықта
болған саяси талас-тартыстарды қарастыру;
- Осы мемлекеттің көрші елдермен болған қарым-қатынасын көрсету;
- Моғолстан мемлекетінің билеушілерінің ұстанған саяси бағыттарын ашып
көрсету.
Зерттеудің деректік негізі. Деректерге шолу жасамас бұрын, Моғолстан
мемлекетінің тарихына тоқталып өтейік. XIV ғ. Шағатай ұлысының шығыс
бөлігінде орналасқан Моғолстан мемлекеті Тарих-и Рашиди бойынша
төмендегідей территориягы қамтиды: шығысында қалмақтармен және өзіне
Барыскөл, Еміл, Ертіс территориясын қамтиды. Солтүстігінде Көкше-Теңіз және
Қаратау, батысында Түркістан мен Ташкентпен шектеседі, Оңтүстігінде
Ферғана, Қашқар, Ақсу және Турфанмен шектеседі. Моғолстанның
территориясында ірі өзендерден Джайхун (Амудария), Іле, Еміл, Ертіс, Чуйлик
(Шу) және Нарын өзендері кездеседі Тоғлық Темір билік құрған жылдары Шығыс
Түркістан аймағы Моғолстанның территориясына кірді. Темір жаулаушылығынан
кейін Тимуридтерге қарады. Мемлекет ыдырай бастаған кезде моғолстан хандығы
тек Қашғарияда болды, Жетісу қазақ хандығына, ал қырғыздар өз билігін құрды
XIV ғ. аяғы –XVI ғ. басында Хайдар және басқа авторлар Моғолстан
территориясы Орталық және Оңтүстік Тянь-Шань аймағын айтады. Бұл аймақты
Моғол таулары деп атаған.
Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның саяси тарихы туралы негізгі дерек
Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и Рашиди еңбегі болып табылады. 12
Тарих-и Рашиди-құнды еңбектің біздің халқымыз үшін маңызы зор. Бұл
деректе Тоғлық Темір ханнан бастап, Абдр-Рашидке дейінгі тарихы жазылған
34.
Автор өзінің еңбегінде былай деп айтады: Бұл тарихты жазуға қолға
алғанда басты мақсатым Моғол хандары туралы естіген аңыздар мен өзім көріп,
бірге болған хандар жайлы мен жазған болсам ешкімнің жазар түрі жоқ. Ал,
өзім олар туралы жеткізе жаза аламын ба, білмеймін. Дарынсыздықтың әсерінен
көп нәрсені жеткізе алмаймын ба деп қорқамын. Дүние жүзінің төрттен бірін
билеген Шыңғыс ұрпақтары ішінде кейбірі мұсылмандыққа жол тартып, елді
мұсылман жасауға әрекет жасаған хандар туиалы жазбасам бәрі ұмыт болып,
бекер қалатын түрі бар.
Ал мұсылман дінінің Моғол хандығының жеріне тарау мәселесіне келгенде
М.Х.Дулатидың бабаларының ішінде Болатшы мен Хұдайдаттың жасаған
қызметтеріндей қызмет еткен аамдар болмаған. М.Х Дулатидың аталарының
Шағатай ханға жасаған адал қызметтері үшін жеті құқық берілсе, енді Тоғлық
Темір ханның кезінде Болатшыға екі құқық беріп, жалпы Дулати тұқымдарының
құқықтары тоғызға жеткізілген. Ал, Қызыр Қожа кезінде ол құқық он екіге
дейін жетеді. Бұл туралы М.Х.Дулати өзінің еңбегінде әр жерде жазған.
Моғолстан хандығының тарихын зерделеуде Низам ад-Дин Шамидің
Зафарнаме, Шараф ад-Дин Али Йаздидің Матла асса дайн ва маджма ал-
бахрайн тәрізді еңбектер дерек көздері болып табылады. Бұл деректерде
Моғолстан хандарымен Әмір Темір арасындағы соғыстар туралы мәліметтер
береді. Алайда бұл деректер патшаның жарлығымен жазылып отырғаны белгілі.
Сол себептен де бұл деректерге сын көзбен қарау керек 13.
Келесі бір дерек Муин ад-дин Натанзиден мағлұматтар ала аламыз. Онда
Камар ад-дин мен оның інісі Дуғлат Шамс ад-дин туралы мәліметтер
көрсетілген 14, 13.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Моғолстан мемелекетінің құрылуы,
яғни 1348ж. Тоғлық Темірдің билікке келуінен бастап XV ғасырға дейінгі
аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған деректер мен зерттеулер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Моғолстанның құрылуы, алғашқы хандарымен этникалық құрамы
қаралса, екінші тарауда Моғолстанның Мәуренахрмен қарым- қатынасы, Әмір
Темір шапқыншылығына қарсы күресі көрсетілді.

II Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы.
2.1. Моғолстанның алғашқы хандары.
Моғолстан Шыңғыс ханның ұлы Шағатай ұрпағы мемлекеті ыдырағаннан
кейін пайда болды. XIVғасырдың орта шенінде Шағатай мемлекеті батыс және
шығыс бөліктерге бөлініп кетті. Шығыс аймағы Моғолстан атанып, хан тағына
Тоғылық Темір отырды. Саяси өмірдегі басты ролді дулат тайпасының көсемдері
атқара бастады. Өйткені XIV ғасырдың орта кезінде дуоаттар Жетісудағы ең
ірі түркі тайпаларының бірі болды. Шағатай хан өз мемлекетін бөлгенде, ол
Әмір Поладшының атасы Өртөбеге Маңлай Сүбені берді...Оның шығыс шекарасы-
Құсан мен Тарбүкір; батыс шекарасы- Шаш, Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы
Ферғана уәлайатында орналасқан; солтүстік шекарасы- Ыстықкөл, ал
оңтүстігінде Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталған бүкіл
аумақ Маңлай Сүбе аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды.
Олардың ішіндегі ең үлкендері: Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент,
Әндіжан, Ақсу, Атбасы, Құсан. Осы қалалардың ішінен әмір Полатшы Ақсуды
өзінің ордасы етіп таңдап алды 35 44-45 б.
Моғолстан деп аталған жаңа мемлекет осылайша қалыптасып, ол Шағатай
ұлысының щығыс бөлігінде ұлан-байтақ жерді алып жатты. Мемлекеттің шекарасы
Мырза Мұхаммед Хайдардың еңбегі бойынша мынадай болды: ...қазіргі Моғолстан
деп аталатын аумақтың ұзындығымен көлденеңі жеті- сегіз айшылық жол. Шығыс
шеті қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне
қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз Түркістанмен және Ташкентпен
шектеседі; оңтүстігінде Ферғана уәлайатымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және
Турфанмен шектеседі. Осылайша Қазақстанның Оңтүстік-Шығысы мен Қырғызстан
Моғолстан аумағының негізін құрады. Моғолдар мемлекетінің аумағы туралы
Мұхаммед Хайдар Дулати тағы да былай деп жазған: Моғолстанда көлемі
жағынан Жейхунға тең көптеген іті өзендер бар, олардың ішінде Іле, Ертіс,
Емел, Шұлық және Нарын бар. Бұл өзендер Сейхуннан еш кем кмкс. Осы
өзендердің басым көпшілігі Моғолстан мен Өзбекстан арасына орналасқан және
оларды бөліп тұрған Қөкшетеңіз көліне құяды 35, 45-48 б.
Орта ғасыр Шығыс Түркістанның авторлары айтуы бойынша қазіргі
Қырғызстан және Іле ауданы кіреді. Мысалы: Заин ад-Дин Васифи Қырғызстан
территориясы Ыстықкөлді қоса алғанда Қазақстан территориясына кіреді. Онда
Шу Және Талас өзендері де елдерді біріктірген қазақ хандығы құрылда деп
көрсетілді. Бұл территория XVIғ. дейін Моғолстан территориясына кіргізілді.
Акимушкиннің де өз мақаласында Моғолстан территориясы М.Х.Дулати бойынша
сәйкес келеді. Сырдария, Сарысу, Балқаш, Ертіс және Орталық Тянь Шаньнің
оңтүстік бөлігі. Моғолстан Батыс-Шығыс және оңтүстік-Солтүстік жерлері жеті-
сегіз айшылық жол болып табылады 35, 47-49
Моғолстан территориясына Шығыс Түркістан территориясының ежелгі
қалалары кірген (Ақсу қаласын қоспағанда.) Бұл бөлініс XX ғасыр Парсы
авторларының еңбектерінен белгілі. Бірақ та уақыт өте келе, тарихтағы
оқиғаларға байланысты территориясы Жетісу және Іле мен Ертіс өзененің
аралығындағы территорияны қамтиды.
Моғолстан ордасының орныққан орталығы – Алмалық қаласы болды.
Моғолстан мемлекетінің құрылуының себебі XIII- XIVғғ. Феодалдық
қатынастың дамуы түркі хандарының экономикалық және саяси жағдайын дамытты.
Монғол билеушілеріне қарсылық білдіру, олардың көзқарасымен келіспеу, Алтын
Орда және Шағатай ұлыстарында күрес жүріп жатты. Жергілікті түрік халықтары
өздерінің мемлекетін құру үшін күрестер жүргізді. Міне, осындай күрестің
болуы, XIVғ. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда Моғолстан мемлекетінің құрылуын
алып келді.
Оңтүстік Қазақстан және Қырғыз территориясында тәуелсіз Моғолстан
мемлекетінің құрылуына бірнеше себептер болды. 1) Феодалдық қатынастардың
дамуы; 2) Монғол билігіне хандардың қарсылығы; 3)Шағатай және Алтын Орданың
ыдырауы. Осы мемлекеттің құрылуы Қазақстан территориясында мемлекеттің
құрылуына, яғни хандықты қалыптастыруына алғаш қадам жасалды. Мемлекеттің
негізін қалаушы Тоғлық Темір болды. Тоғлық Темірдің әкесі Есенбұғаның
Сатилмиш Хатун атты бәйбішесі болған, оның Меңлік атты сүйікті тоқалы да
бар еді. Бәйбіше бедеу болатын. Сондықтан да ханда бала болмаған. Хан бірде
жорыққа кетеді. Моғолстанның ескі әдет ғұрпында тоқалдар билігі бәйбішенің
қолында болады. Егер қажет деп тапса, ол тоқалды басқа күйеуге беруге де
құқылы еді. Сатилмиш Хатун Меңліктің ханнан жүкті екенін біліп қояды.
Қызғаныштан оны Ширәввәль Духтуй атты сарайдағы мәртебелі әмірлердің біріне
сыйға тартты. Хан жорықтан оралып, Меңлік Хатун жәйін сұрайды. Сатилмиш
Хатун оған: мен оны басқаға сыйладым,- деп жауап береді. Хан: ол менен
жүкті еді ғой,- деп наразылық білдіргенімен, Моғол дәстүрі солай болған
соң үнсіз қалады35, 9.
Коп ұзамай Есенбұға хан қайтыс болады. Моғол тағы хансыз қалады. Ұлыс
күйреп бүліншілікке түседі. Осы хәлді көрген әмір Болатшы дулат менің ұлы
атам, ханға екі атадан қосылатын туыс болғандықтан хан сайлауға бел буып,
елде тәртіп орнату жұмысына кіріседі. Ол Тастемір есімді адамды Духтуй және
Меңлік Хатунның жайын біліп келсін деп жұмсайды, егер де ұл туған болса,
ұрлап алып келуді тапсырады. Тастемір бұл сапардың ұзақтығын және атты
адамның көп тамақ алып жүруі мүмкін еместігін айтып әмірден үш жүз ешкі
сұрайды. Әмір тілегі орындайды.
Тастемір Моғолстанды тегіз ұзақ аралайды. Ханнан алған үш жүз ешкіден
тек бір сұр ешкі қалғанда Меңлік Хатун еліне жетеді. Сұрастыра жүріп
Меңліктің ханнан ұл туғанын және оны Тоғлық Темір атағанын біледі. Сондай
ақ Меңліктің Дахтуйдан да Інжу Мәлік есімді ұлы барын және олардың екеуінің
бірге екенін естйді. Қысқасы, ол амалын тауып Тоғлық темірді ұрлап алады
да, елге бет түзейді.
Тастемір елге жеткенде оның жалғыз сұр ешкісі қалған болатын.
Сондықтан ол көк ешкі лақабына ие болды. Осылайша әмір Болатшыға Тоғлық
темірді алып келеді. Әмір оны мұнда хан сайлайды. Тоғлық темір өз билігі
дәуірінде бүкіл Моғолстанды өзіне қаратты, тіпті шағатай ұлысының көптеген
ұлысын өзіне тәуелді етті 34, 51-54 б.
XIVғасырдың екінші жартсында Моғолстанның саяси тарихы туралы
мағлұматтар аз, әсіресе ішкі өмірі жайлыкөп айтылмаған. XIVғ. Ортасында
Оңтүстік Шығыс Қазақстанның және Қырғызстанның территориясында қалыптасқан
жаңа мемлекеттің ішкі саясаты тарихи деректерде аз айтылған. Тарих-и
Рашиди бойынша. Тоғлық Темір дулаттың көмегімен мемлекеттің ішкі жағдайын
тұрақтандыра алды және Моғолстан территориясында орналасқан тайпалардың
басын біріктіріп басқара алды. Саяси өмірде дулаттар негізгі ролді
атқарғанымен, дәстүр бойынша мемлекетті Шыңғыс ұрпақтары басқарды36, 28-31
б.
Моғолстан мемлекетінің ханын сайлап алғаннан кейін, дулат Әміршілері
мемлекетте өз биліктерін күшейтті. Мемлекеттің ішкі саясатында ең негізгі
мәселе хандықта бір орталыққа бағындыру болды. Тоғлық Темір мемлекетінің
әкімшілік саяси құрылымы бойынша Әмір және ұлықбектер басқарды. 1-ші
ұлықбек Әмір Тулик, содан кейін Болатшы болған. Тоғлық Темір кезінде салық
мүселесіне байланысты бірнеше жүйелер пайдаланды. Мысалы: Канан бақшыдан
заңсыз салық алғаны үшін шағымдар қарастырылды. Мемлекеттік жер инжу деп
аталды. М.Х.Дулатидің және Махмуд бен Валидің айтуы бойынша Тоғлық темір
бастаған Моғолстан халқы Ислам дінін белсенді түрде Тоғлық Темір
Мәуренахрдың ханы Тармашырын және Кебек ханы Ислам дінін мемлекеттік дін
ретінде қабылдады. Қарахан деректерде Жетісу қалалары мен Мауренахр
орталығы ислам Жібек жолы сауда қатынасы арқылы дамыды. Ал бұл кезде
моғолдардың Шағатай әулеті және түріктенген моғолстан феодалдық түңірді
ұстанды. М.Х.Дулатидің Тарих-и Рашиди еңбегі бойынша Тоғлық Темірдің
ислам дінін кабылдау туралы былай деп атады: Сол қала күні бүгінде құм
астында жатыр, кейде жел құмды ұшырып алып кетсе, күмбез бен мұнаралардың
басы қылтиып көрініп қалады. Жел қатты соқса үйлер де құмнан аршылып қалып
жататын. Ондайда үйлерге енсең: Үй жихаздарының сол қалпында сақталғанын,
тек үй иелерінің ағараңдаған, қаңырап жатқан сүйегін көрер едіңіз. Катак
ірі қала бола тұра осылай құм астында қалады 9, 11, 288.
Қысқасы, шейх Катактан Айкөлге келді. Ол Ақсумен жалғасып жатқан өлке
–тін. Тоғлық Темір Ақсуда еді. Оны Ақсуға алғаш алып келгенде жасы он
алтыда болатын, ал шейхпен кездескен кезде он сегізде еді. Оның шейхпен
кездесен оқиғасы былай болған еді. Тоғлық Темір аңға шығады да, бұл
хабардан ешкім шет қалмасын деген жарлық береді. Аң аудап жүрген кезінде
хан сарбаздары бір топ босқындарға кезігеді. Сарбаздар оларды байлап-матап
хан алдына алып келіп, оларға хан бұйрығын бұзып, аңға дайындалмай келген
деген айып тағылады. Хан олардан: Сендер неге менің әмірімді
орындамадыңдар?-деп сұрайды. Біз жат жерлікпіз, қираған Катактан келе
жатырмыз, сіздің жарлығыңыздан бейхабармыз, әйтпесе бұйрығыңызды бұзбаған
болар едік,- деп жауап береді шейх. Ашулы хан: Тәжіктер адам емес,
-дейді. Ол бұл сәтте иттеріне шошқа етін беріп отырған еді, қабағын шытып
шейхтан былай деп сұрады: сен бе, әлде сенен мына ит жақсы ма?. Шейх
оған: Егер мен иманды болсам, мен жақсымын, ал имансыз болсам, менен мына
ит артық ,- дейді. Бұл жауаптың ханға әсер еткені сонша, кенет шетке барып
өзінің қызметшілерінің біріне: анау тәжікті құрметпен атқа міңгізіп алып
жүріңдер,-деп бұйырды. Моғол шейхтің алдына өз атын көлденең тартты. Шейх
аттың ер-тоқымына шошқа қаны тигенін көріп, одан бас тартты: Жаяу-ақ
барамын,-деді. Моғол оған бұйрық осылай деп тұрып алады. Шейх амалсыздан
иіліп тазарту үшін мәс жасап атқа мінеді. Осы кезде оның көзі жалғыз
отырған ханға түсті, онда да қанның ізі қалыпты. Шейх қасына жақындағанда
хан одан: Адамды иттен артық ететін бұл не нәрсе?- деп сұрады. Шейх:
Иман,-деп жауап береді. Содан кейін жалпы ислам діні, мұсылмандық
шарттары жайлы толық түсіндіреді. Сонда хан оған: Егер мен хан болып
тәуелсіздік алсам, міндетті түрде сіздің келуіңізді сұраймын. Мен исламды
қабылдаймын,- дейді. Шейхты құрметпен шығарып салады.
Осы оқиғадан кейін Шеих хәл үстінде жатып, баласы маулана
Аршададдинге болған оқиға жайлы әңгімелейді. Сонымен бірге, мынадай өсиет
қалдырады: Мен бір түс көрген едім, түсімде бір шырақты жоғары көтеріп
жүр екенмін. Оның нұры бүкіл Шығыс жақты жарқыратып тұр екен. Осыдан кейін
мен Ақсуда Тоғлық Темір ханға кезіктім,- деп, өткен оқиғаны ұлына
баяндайды. Менің ғұмырым жетпеді. Енді сен: Егер сол балаң жігіт хан
болса, іздеп бар, ол өз уәдесін орындауға тиіс. Сол бақыттың қолдаушысы
өзің боласың. Оның мұсылман болуы бүкіл әлемді жарқыратады,- деді 11.
Біршама уақыт өткен соң, Тоғлық Темір хан болды. Осы дақпырт, хабар
маулана Аршададдинге жетеді. Маулана дереу жолға жиналып, Ақсудан
Моғолстанға сапар шегеді. Хан бұл кезде кемеліне келіп, айбары асқақтап
тұрған еді, қаншалықты әрекеттенгенімен маулана ханмен кездесе алмады.
Сонда ол әр таң сайын хан сарайына жақын арадан азан шақыруға кірісті.
Бірде таңертенгісін хан өз қызметшісін шщақырып алып, былай дейді: Сен
мына дауысты естисің бе? Бір неше күн болды, таң сәріде біреу әндетіп
айғайлайды. Барып біл, ол не қылған адам?-деп бұйырады. Хан жарлығы екі
болмайды. Таңғы азанын бітіртпестен сарбаз маулананы желкелей хан құзырына
алып келеді.
Хан: Сен кімсің, таңғы тәтті ұйқының кезінде неге әндетіп
айғайлайсың?- деп сұрады. Шейх: Мен сол баяғы өзіңіз мұсылман боламын деп
уәде берген кісінің баласы кдім, -дей келе, жоғарыда айтылған оқиғаны
баяндайды. Хан оған: Сенің келгенің жақсы болды. Ал сенің әкең қайда?-
деп сұрады. Маулана: Әкем дүниеден өткен, бұл жұмысты маған өсмет етті,-
деді. Хан сонда: Мен хан болған соң уәдем жайлы ойланып жүр едім. Тек ол
кісінің келмей қойғанына қайран қалатынмын. Енді сен хош келдің. Не істеу
керек? -
Сол бір таң
шығыста ерекше арайлап атып еді. Күпірліктің қара түнегі түріліп, таң
шапағын құрып шашты. Маулана ханды ғұсын жасатып, иман сөзін айтқызды. Хан
мұсылман болды. Енді олар мұсылман дінін қалай өрістету шараларына кірісті.
Әміршілерді бір-бірлеп шақырып алсақ, сонан соң бәрі ислам дінін қабылдаса
мұратқа жеткеніміз, мына аятқа сай: Бірақ кәпірлер бірігіп алып, сендерге
шабуыл жасаса, сендер де бірігіп оларға шабуыл жасаңдар. Естеріңде болсын
құдай қашанда діндарлар жағында.
Сарайдағы әміршілерді кезекпен кезек шақырып мұсылман дініне кіруді талап
еттіп, ұсынды. Бірінші болып шақырылған дулаттардың көсемі әмір Тулақ еді,
ол мен пақыдың арқы атасы болып келетін және үкіметтің жоғары лауазымды
шенінде болатын. Ол хан сөзін тыңдап болған соң көзіне жас ала отырып былай
деді: Мен осыдан үш жыл бұрын Қашқарда мұсылмандықты қабылдаған едім тек
сізден именіп ағымнан жарыла алмағанмын. Енді маған бұдан артық бақыт жоқ,-
деді.Хан орнынан тұрып, қошеметпен қатарына әкелді.Үшеуі мұсылман болды.
Осылайша барлық әмірлерді бір-бірден дінге шақырды. Кезек Шорасқа келген
болатын. Ол діннен бас тартып былайша шарт қойды: Егер мына тәжік Сангани
Буга атты палуанмен белдеріп жеңіп шықса, сонда ғана иман келтіремін, -
деді. Хан және басқа әмірлер бұған қарсы болды: Бұл ақылсыз шарт,
бассыздық,- деді. Бұл жайды мауланаға хабарлағанда, ол келісті. Алланың
жазуы солай шығар, егер жеңіліп қалсам, оны исламға кір деуге хақым жоқ,-
деді 11, 34 46-49 б.
Хан оған: Мен ол адамды білемін. Ол тайлақты көтеріп кетері хақ. Ол
кәпір, адамға жатпайды,- дейді. Маулана: Егер Алла қолдаса күш берері
сөзсіз,-дейді. Хан да, исламға кіргендер де бұған келіспеді.
Ел жиналып ортаға әлгі кәпірді шығарды. Өз күш қуатына масаттанған ол
мауланаға тәкәппарлана, тұра ұмтылды. Қолдасқан сәтте маулана бір қолын
оның төсіне қойып итере салады. Кәпір шалқасынан түсіп, есінен танды. Бір
шама уақыттан соң есін жиып, мауланадан кешірім сұрап, калима –и
шәһәдәтті аузына ала иман келтірді. Халайық қуаныштан думан ққрды. Сол бір
күннің өзінде жүз алпыс мың адам келтірді де шаштарын алды. Хан бірінші
болып өзін-өзі сүндетке отырғызды. Осылайша ислам нұры имансыздық түнегіне
жарық сәулесін шашты. Ол сәуле Шағатай шаңырағына жайылды. Ислам дінін
ханнан кейінгі, оның ұрпақтары барлық ынта – жігерімен өрістетті. Мусылман
дінін кабылдамағандарды жазалап отырды.
Mіне, бірінші он жақтағы мемлекеттің ішкі саясаты осындай негізгі
саяси окиғалар болды. Осы уақытқа дейінгі ішкі жүне сыртқы саясаты
деректердің жетіспеушілігіне байланысты бөліп қарастыру өте қыиын. Бірақ та
Тоғлық Темір ішкі саяси ой пікірі деректерді керініс табады. Ол Мауренахрда
да (оз билігін) Шағатай әулетінің феодалдар арасында қайшылықты пайдаланып,
өз билігін жургізуді жоспарлады Тоғлық Темір 1-ші жорығын 761 ж. раби ас-
сани айында (1360 ж ақпан-наурыз) жасады. (Ташкент қаласының маңында) Бұл
кезде Тармаширин хандығының дүниеден өткеніне де отыз үш жыл толған. Осы
жүз жыл ішінде Шағатай ұлысында сегіз хан патшалық құрған екен.
Темір хан Ташкент даласындағы Ходжент езенінің маңында чанақ бұлақ
(жаңа бұлақ) деген жерде біраз аялдап, тәре-р мекенді бекетті жиып кеңес
ашады. Кеңесе келел Әміршілер мынадай шешімге келеді Керейіт тайпасынан
Ұлық Тоқтемірді арқанут тайпасынан Қажыбекті, каңлы тайпасынан Бекжакты
алғы сапқа жіберуді жөн деп тапты. Сырдария арқылы өтіп Шахрисябзага қарай
бағыт алды. Ол елдің өзінің ішінде Әміршінің араласқан талас-тартыс болып,
әмір Ходжа Хорасанға қашып кетті, ал калған түрік Әміршілері өз еркімен
Моғолстанға бағынды. Тоғлық Темірдің Кеш қаласын басып алуына байланысты
Әмір Темір барлас бачсын иді 23, 28-30.
Жаулап алынған мүлікті бөлісу үшін әскерін басшының аралас талас-
тартыс болгандыктан Тоғлық Темір кері қайтуға мәжбүр болды, ягни өз жорығын
жалғастыра алмады. М.Х. Дулати және Шараф ад-Дин Али Йазди бұл туралы
ешқандай мәлімет бермейді. Тоғлык Темірдің сәтсіздігі әскери басшылар тек
қана өзара таласып коймай, сонымен қатар ханға қарсы шьқты.
Хан мен Өмірлердің арасында келіспеушілік болғандықтан, ойлары, алға
қойган максаты бip болмағандықтан бұл жорық сәтсіз аякталды. Тоғлық Темір
мақсаты әлсіреген Шағатай мемлекет калпына келтіру, күшейту болды, ал
феодалдарды тек қана жаулап алған жерлерін тонап, сол байлықтардың
нәтижесінде жағдайын жақсартуды көздеді 13, 57-62 б.
Тоғлық Темір хан Мауренахр шешімін билігіне қол жеткізуі үшін сансыз
әскер жинап, келесі жорығын 762 ж. (1361 ж. наурыз, сиыр жылы) джумада-л-
аудал айында осы өлкеге сапар шекті. Ол Ходжентке жеткенде Әмір Баязид
жалайыр оған бағыныштылық танытып бас иді. Әмір Байан сулдуз бас игендік
ниетпен оны карсы алу ушін Самарқанға дейін келді. Әмір кажы барлас
алғашқыда қарсыласқанына карамастан тәуекел етіп ханның алдына барды. Осы
аралықта хан Әмір Баязидті ұстап өлтіруге жарлық берген болатын. Әмір қажы
барлас осыны білген соң, қорқыныштан қашып құтылуға бет бұрды жуне Кеш
уүлжаятын паналады. Өз ұлысының бip бөлігін Жейхун (Амудария) өзенінің арғы
бетіне көшірді. Жете әскерінің көп сарбаздарын оның соңынан қуа келіп
шайқас бастады. Осы шайқаста Жугаш барлас каза тапты.Әмір кажы Хорасанға
кетті. Ол Сәбзевар ужаяты, Жувейн қаласы маңындағы хараше аулына жеткенде
бip топ карақшылар оны бауыры идихумен бipгe қолға түсіріп өлтірді. Көп
ұзамай хорасанды жаулап алғаннан кейін, кектенген үлемді жаулаушы
Сахибқыран ыза-кек Семсерімен бip топ жамағатты өлтіртті 27, 378-79.
Жете Әміршілердің ішінде ханға еркін кipe алатын тек әмір Хамид
болатын. Ол курлакут руынан еді және өз катарының парасаттысы және
қырағысы, кабілеттісі болатын және де ол ханға кандай кеңес берсе де, не
тілек етсе де, құпталатын. Осы аралықта ол ұлы патша Сахибқыранның шексіз
ерлігі жөнінде айта келе, оған кешірімділік жасауды өтініп, араша туседі
және оның иелігіндегі аймақтарға рахымсыз жасауды сурады. Хан оны муқият
тыңдап, пікіріне қосыла отырып хабаршы жіберіп, Сахибқыранның алдында
келуіне талап етті. Муртебелі Сахибқыран оның тілегіне орай алдына келгенде
хан оны ізгі ниетпен қабылдап, құрметтеді. Кеш және Тұман аймактарының оған
тарту етеді.
Хан сол қыста Әмір Хусейінмен соғысуға бел буды. Әмір Хусейін эскерін
жиып Вахш өзеніне келеді және осында әскерін кос тігеді. Хан Дарбанд-и
Аханиннен өткенде екі жақтан әскері бip - біріне қарсы сап түзеді Осы кезде
Кейхұсрау Хотталани өз қолымен Әмір Хусейінді тастап, хан жасағына келіп
қосылды. Осыны көрген Әмір Хусейін қашуға ниеттенді, ал хан қуып отырды.
Жейхуннан өтіп құндызға жетеді. Оның әскерлері осы өлке мекеніне Гиндкуштің
таулы асуына дейінгі аудандарды тонап, талан-таражға тусірді. Көктем мен
жазды олар осы аймақтардың төңірегінде, шекті аудандарда еткізді.
Күз түсісімен, хан Самарқанға бет алады. Жол жөнекей Әмір Байан
Сулдузды өлтіруге жарлық береді. Самарқанға келгенде Мауренахрдың билігі
толығымен оның қолына көшкен еді. Барлық Әміршілер мен нояндар
шарасыздықтан оны мойындайды. Хан сенімсіздік білдірген адамын өлтіртті, ал
сеніміне кіргендерге ілтипат керсетті.
Мауренахр өлкесіне өз ұлы Ильяс Қожаны билеуші етіп тағайындады. Оған
Моғолстан әскерінің көп сарбаздары мен Әміршілерін бөліп берді. Оның ішінде
Бекжан сынды айбынды, тамаша Әміршілері мен батырлары бар еді. Әмір Темірді
ерекше кұрметтеп өз ұлының қасына қалдырды. Моғолстан Әміршілеріне басшыльқ
ету Әмір Бекжанға жүктелді, ал сол елдің билігін жүргізу жумысы Әмір
Темірге тапсырылды. Әмір Бекжан хан жарлығын орындаудан бас тартып, елде
қысым көрсету зәбіршілік, бүлік өpic алды, зорлык, пен жаулық жолына түсті.
Бұған, яғни Ильяс Қожаның билігіне Әмір Темірмен басқа әскер басшылары
карсы шықты 43, 127-35 б.
Әмір Темір ханның жарлығының орындалмай мемлекет жұмыстары өз арнасынан ауа
бастағанын, осының бәрін өз кезімен көргендіктен, енді бұл жерде қалуды жөн
көрмеді Ол Әмір Хусейнді табу мақсатында жолға шығады. Осы алауыздықты
пайдаланып, Әмір Хусейнмен бipгe Моғолстанды басып алуға талпынды. Ильяс
Кожа оған карсы 20 мың әскер жіберді. Тоғлық - Сальдузо және Кайхосроу және
т.б. эскер басшылық саны 20 адам, Буканның баласы Темір, Сарык,, Бикджиктің
баласы және басқа Әміршілер Хазара (мыңдық) және қошым. Шайқас Пул-и
Сангин тасты көпірдің жолында болды. Моғол әскер басшысының ауыз-біршілігі
болмағандықтан, әр кайсысының өз мақсаты болғандықтан жеңіліс тапты.34, 55-
64 б.
Әмір Темірдің әскерлері моғол әскерін Худжаратқа дейін қуып барды. Осы
уақытта Кеш каласын азат етуге әскер жіберді. Бұл кезде Ильяс Кожаның
әскерінің лагері Кеш қаласынан алыс емес жердегі Таш-Аригида болды.
Тоғлық Темір кайтыс болуына байланысты 764 ж бойынша (1362-63 ж) Ильяс
Қожа Мауренахрды тастап, Моғолстанға қайтуға мәжбүр болды. Бірак, Әмір
Темір мен Хусейн әскерімен Қаба-Матан жерінде шайқасуға мәжбүр болды. Осы
шайқаста кептеген әскер басшыларынан айырылды. Тоғлык, Темір, Бахадүр, Әмір
Бекжанның ағайыны Бики, Даулат - Шах және т.б. тұтқынға Әмір Бекжан,
Ескендір Оғлан, Эмір Хамид (сол канатты бастаушы), Әмір Жуніс Қожа және
Ильяс Кожа. Шариф ад-Дин Йаздидің айтуы бойынша Ильяс Кожа мен Әмір
Бекжанды үлкен айып пұл төлеу арқылы босатып алды. Қалған Әмірлерді ұрып
соқты. Ал моғол әскерлері Ташкентке қарай қашып кетті. Сейтіп Моғолстанның
алғашқы Шағатай мемлекетінің бұрынғы иелігне жасаған проектараты осылай
аякталды. Бірақ, Ильяс Қожа хан болғаннан кейін, өзінің әскерінің ішкі
саясатын, яғни Шағатай әулетін күшейту саясатын жалғастырды. 1365 ж Чинас
пен Ташкенттің ортасында Сырдарияның жағалауында Әмір Темір мен Хусейіннің
эскерлерімен кездесті. 1365 ж - 22- шіl мамырда болған шайқас Балшык,
шайқас деп аталды. (Джанг-и Лой) Шайқас болып жаткан кезде жауын басталып,
бұндай климатқа уйренген моғолдын әскерлері шайқаста өз-өзін ұстай алды. Ал
Әмір Темір әскерлері шыдай алмады. Жауыннан кейін киімдері, қару -
жарактары су болып, ауырлап тойтарыс бере алмады. Жауын кезінде Моғолстан
әскерлері қошмандарын жамылды. Темір әскерлері жақындағанда қошманын шешіп,
су болмаған кару-жарактармен тойтарыс бере алды. М.Х.Дулати өз еңбегінде
осы шайқасты былай суреттейді. Әмір Темір сол қанаттан соққы беріп, Әмір
Хамидтің бауыры Шанкум ноян баскарған жауынгердің оң қанатын талқандады.
Мұны көрген Ильяс Қожа хан аттың басын кері бұрды. Жауынгердің сол
канаттағы ерекше бөлімі, Шир-и-үввал мен Қажы бек бастаған колды әскердің
оң қанатын талкан етіп. Тиланжи лин Зинда Чашмиды соңынан қуа оларды Әмір
Хусейін әскеріне дейін тысқарды. Бұл қанат ауыр соққыға шыдамай, қашуға
айналды. Шир Баһрам мен Болат. Буға табан тіреп тапжылмастан ерлікпен
куресті. Кажы бек сокқысымен оң қанатты бұзып өткенін көрген Фархид пен Бек
Темір аңырап тоқтап қалды. Ана жактан Әмір Шамсаддин ауыр қолмен оңғар
шашып, ерлік көрсетті. Осы кезде тарихшылардың айтуы бойынша, Хусейннің
жауапсыздығынан Темір әскерлері жеңілді 13, 51-54 б.
Су болмаған Моғол эскерлері Шамс ад-Дин Натанзи Самаркандқа барар
жолдағы халықты тонағанын суреттеді: Ислам елінде жеңістен кейін моғол
әскерлері тонауға және жазалауға көшті. Темір және Хусейн Самарқандты
тастап Амударияға кетті Бірақ, халқы өздері қарсылық көрсетіп. Самарқанд
халқын сол кезде Сербтар деп атады. Моғол әскері Самарқандқа жеткенде, ол
уақытта қалада қамал болмаған еді Сол кезде Мауланаза да Самаркандты және
әбу Бүкір Кулуй Наддаф қала тұрғындарын көшедеде бекініс жасап, қаланы
қорғауға шақырды. Халық, аскан ержүректікпен қарақұрым әскерге айбынды
патшасыз қарсы шығып, жан аямай ұзақ уақыт шайқасты. Олардың каһармандығы
арқасында душпанның қолынан қала турғынының дүние мулкі, мал-жаны да
қорғалды. Алайда жұрт дұшпан қаланы ұзақ мерзім қоршап тұрғандақтан әбден
титықтап шаршаған еді. Жамандатқыр ауруы моғол аттарына кырғидай тиеді.
Сондықтан төрт адамда біреуден артық ат қалмады. әбден әлсіреп, әбіржіген
моғол әскерлері кайтып кетуді қажет деп тапты.
Абд ар-Раззак Самарқанддықтың айтуы бойынша Моғолдар қарапайым
көшпенділердің тактикасын пайдаланған: кенеттен соққы беру. Бірақ ол
жүзеге аспады. My ин ад-Дин Натанзи Самарқандқа моғолдар 10 мың әскер
жіберді. бірінші жорықта екі мыңға жуық әскер талқандалды деп жазады.
Жеңіліске ұшырағандықтан халықты тонап кетеді 14.
Моғолдың алғашқы ханының Шағатай мемлекетіне жорығы осылай аяқталды.
Оның саясаттағы сәтсіздік Шағатай әулетінің кұлауындағы объективті
кедергісіне көңіл аударуында болды. Өздерінің мемлекеттерінің ішкі
жағдайын, шаруашылығын жақсартуды, феодалдық қарым - қатынасты нығайтудың
орнына, Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның алғашқы хандары сыртқы саясатқа кеп
көңіл бөлді. Сондықтан Темір әскерлері жорық жасағанда мемлекетін нығайта
алмады.
Ханның Тоғлық Темір кезіндегі ішкі саясаты туралы көп айтылмайды.
Моғол елінің аңыз -әңгімелерінде Ильяс Қожа туралы еш нәрсе
айтылмаған. Зафарнамедегі дерекке қарасак, онда Тоғлық Темір хан қайтыс
болған соң хан болған жөнінде мәлімет берілген. Ильяс Қожа хан әкесі қайтыс
болған соң, Балшық шайқасы жеңісінен кейін, Самарқандты қоршауға алып,
жамалдатқырдан көптеген ат көліктен айрылып кейін оралған соң аз уакыт
патшалық құрған Моғол аңызында Тоғлық Teмip хан өлгеннен соң көп ұзамай
Ильяс Қожа ханның да өлгені айтылды. Муин ад-Дин Натанзи: алғашында Камар
ад-Дин және оның ағасы Шамс ад-Дин Ильяс Қожаны таққа отырғызды. 765 ж.
(1365-1366 ж) Оны ұйықтап жаткан жерінен Камар ад-Дин өлтірді. Сосын Шамс
ад-Динді таққа отырғызды -дейді. Осы мәселеге байланысты М.Х.Дулати екі
мәлімет айтады. Улысбегілік қызметі Әмір Болатшының колынды болды. Ол
дүниеден өткеннен кейін, Болатшының ұлы Әмір Худайдадка беріледі. Әмір
Қамараддин хан айдынына тізе бүгіп тұрып: Ағамның орнына мен лайық
емеспін - деп айтты. Тоғол Темір хан өз шешімінен қайткан жоқ, сөйтіп
билікке жеті жасар Худайдадты бекітті. Ол осыған қатты ренжіді. Ал екінші
мәлімет бойынша Ильяс Қожа қайтыс болғаннан кейін шу көтереді. Қорыта
айтқанда М.Х. Дулати моғол хандарының айтуына сүйене отырып, 18 жасар Ильяс
Қожаны Әмір Камараддин өлтіреді. Сейтіп -өзі хан атағына ие болады. Ол хан
ұрпағының барлығын қырады. Тек қана Тоғлык, Темір ханның емшектегі бip ұлы
қалған еді. Оны Әмір Худайдад Мир аға деген шешесімен бipгe жасырды. Әмір
Қамараддин оған сұрау салып бірнеше рет адам жіберді. Бірақ, олар дер
кезінде айласын асырып жасырып отырды. Сонымен Әмір Қамараддиннің іздеуші
адамдары оларды таба алмады 34, 35, 11, 60-62.
Әмір Қамараддин Моғолдьң билігін игеруге кipicтi. Алайда Әмірдің оған
карсылық көрсетуі және Әмір Темір әскерінің Моғолдарға келуі оның аяғын нық
басып емін-еркін билік жургізуіне кесірін тигізді Әмірдің қарсы шығу себебі
орталықтанған шыңғыс ұрпағының билігін жалғастыру емес, негізгі себебі
дулат тайпасын жоғалту билік баскаруға мумкіндік бермеу болды. Бірақ
Қамараддин Моғолдың жартысын бағындырып, Қызыр Қожа хан болғанша билік
жургізіп отырды.
2.2. Моғолстан халқының этникалық құрамы.
Моғол туралы айтсақ, ең алдымен, Мырза Хайдар Дулаттың Тарих-и Рашиди
атты еңбегіндегі этникалық атаулардың тегі мен шығу тарихын айқындап
алғанымыз дұрыс болар. Әйтпесе, мысалы: моғол, мұғал, мугул, мағұл, моғұл
сияқты бірнеше нұсқа оқырмандарды шатастыруы мүмкін 42, 106 17-18 б.
Моңғол мемлекетінің құрылуы, Әмір Шыңғыс әскерінің дүйім дүниенің тең
жартсын жаулап алуы моңғолдардың атақ даңқын асырғаны соншалық, Азия
халықтарының орта ғасырлық тарихи процесі моңғолдардың ықпалында болды.
Шыңғыс ханның әруақ даңқы мен жазылатын ағын пайда болды сондықтан: IX-
XIII ғасырда аталған өлкеде өмір сүрген барлық тайпаларды моңғол тегіне
жатқызып қарау осынау бір жақтылықтың салдары деп қараған жөн сияқты. Бұның
бір мысалы ретінде Рашид –ед-дин Фазлолла һәмеданидің Жәми-ат–тауарих
(Жалпы тарих) атты еңбегін айтуға болады. Онда түрік халықтарының тегін
моңғол тайпаларына келіп жазған.
Моғол сөзінің Мырза Хайдар заманында қолданысқа енуін түсіну үшін,
Шыңғыс дәуіріне қайта оралу қажет. Шыңғыс хан қайтыс болғанда, оның
империясы төрт ұлысқа бөлініп, оның төрт ұлына берілді. Екінші ұлы Шағатай
ханға (1227-1242) орталық ұлыс берілді, оған –Транс-оксияна, Хорезм
(қазіргі Өзбекстан), Ұйғыр жерлері (қазіргі қытайдағы Шығыс Түркістан),
Қашғар (қазіргі қытайдағы Батыс Түркістан), Бадаһшан, Қашғар, Балх,
Ғазниндер жері – үнді өзеніне дейін (қазіргі Тәжікстан, Ауғанстан және
Пәкістанның солтүстік-батыс аудандары) қарады. 1270 жылға дейін Шаатай
хандары қалыпты, мазасыз дәуірді батан кешті, ал содан кейін хандық үшін
ауыр заман басталды. Билік үшін таласушы бірнеше топ бір-бірімен қырқысып,
бірнеше билеуші пада боды. Бұл кезең, Мырза Хайдардың айтуынша, XIV ғасырда
Тоғлық Темірдің хандықтың шығы бөлігіндегі билік тізгінін алғаныны дейін
жалғасты. Сол қыйын кезеңде Шағатай ханның ұлысы Батыс және Шығыс болып екі
бөлікке бөлінді: батыс бөлігінің хандары Шағатай хандығы деп аталып кетті,
ал шығыс бөлігінің жерлері Моғолстан деген атпен белгілі болды және сол
жерді мекендеген адамдар Моғолдар деп аталды. Шыны керек шығыс бөлігінде
де, батыс бөлігінде де мекендеген халықтардың көпшілігі (кейбір парсы тілді
қалалардың тұрғындарын есепке алмағанда) моңғол емес түрік еді. Олардың
барлығы да ортақ түркі тілде сөйлеп, бір түркі даласын мекендеген бір
атадан шыққан халықтар еді. Бірақ моңғол атауы шығыс билігінің тұрғындарына
ғана қолданылды, өйткені олар моңғолдануға көбірек ұшырап, ислам дінінен
аздау әсер алған.Моңғолдар жайында бүгін біз аңғарғанымыз – олардың
династиясы биліктен айрылған болса да баяғыда Орталық Азия халықтарының
ұлттық сана –сезімдеріне өшпес із қалдырып кеткен 11.
Моғол термині және оның варианттары –моғыл және мұғал, қазіргі кезде,
негізінен, Ұлы моғолдарға қатысты қолданылады. Ұлы моғолдар дегеніміз –
Бабыр XVI ғасырда негізін қалаған Үнді империясының билеушілері. Бұл
империя XIX ғасырға дейін Үндістанды биледі. Осы атау – көп уақыт қолднылу
салдарынан туындаған қате атау. Бабыр да, оның із басарлары да өздерін
ешқашан моғолмыз деген есем. Бабырдың апасы расында да моғол болған, ол
моғолстан ханының қызы еді, бірақ әкесі Әмір Темірдің тұқымы және Шағатайлы
түрік еді. Біз қазір Моғол деп атайтын хандар өздерін, аталары Әмір Темір
құраған атымен Көрекен әулеті деп атаған. Бабыр әскерлерінің арасында
Моғолстанның моғолдары болғаны мәлім, бәлкім, сол себептен Солтүстік
Индияның жергілікті халқы Темір әулеттері моғолдар деп атап кеткен.
Жергілікті халықтан кейін еуропалықтар да оларды XVI ғасырдан бастап солай
атады.40, 208 б.
Тарих –и Рашиди еңбегіндегі Моғолстан халықтарының тарихи-мәдени
ахуалын анығырақ ұғына білу үшін олардың Дулат әмірлігімен арадағы әр түрлі
саяси-әлеуметтік және мәдени байланыстың себептеріне үңілген жөн. Әуелі,
Дулат сөзінің түп тамырына тоқталар болсақ, зерттеуші ғалымдардың
қорытындысына қарағанда дулат сөзінің этимологиясы Қытай жазба деректерінде
дулу, дулуғ, далу, далуғ-доғлад сөзінің фонетикалық-формалық өзгерістер
заңына байланысты пайда болған екен. Қытай жылнамасында көбінесе дулу болып
кездеседі. Оны кейбір зерттеушілер тулак, дуғлы деп те атайды.
Дулат –қазақ халқының этникалық құрамына еңген көне тайпалардың бір.
Шығыс танушы Н.Я.Бичуринмен Г.Е.Грумм-Гржимайлонның жазуына қарағанда
дулаттар б.з.б. II ғасырда өз алдына хандық құрған. Үйсін таипалар одағында
болған. Үйсіннің күнбиі қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орныны
тағайындайды. Ол кейінгі тарихи оқиғалардың барысында Іленің бойынын
еншісін алып алғашқы түрік қағандығын құруда зор үлес қосады. Ғұндар
құрамындағы әйгілі тайпалардың бірі болады. Атилла әскерінде қыпшақтар мен
қатар Дулаттар негізгі күшінің бірі ретінде тарихта із қалдырады.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда түрік халықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моғолстанның алғашқы хандары
Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
XV - XVII ғғ. қазақ тарихынан..
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қырғыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Моғолстанның құрылуы және ыдырауы
Қазақ хандығының тарихы
Өзбек ұлтының қалыптасуы және Өзбек мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XV-XVIII ғасырдың I жартысы)
Моғолстан мемлекеттінің құрылуы және алғашқы хандардың саясаты
Пәндер