Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚОҒАМДАҒЫ ТІЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК АХУАЛ
1.1 Әлеуметтік тіл білімінің қалыптасып дамуы, зерттелу тарихы
1.2 Әлеуметтік тіл білімінің негізгі ұғымдары мен түсініктері
1.3 Әлеуметтік тіл білімінің мәселелері
1.4 Қазақ тілінің әлеуметтік қызметінің дамуы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛДІК САЯСАТЫ
2.1 «Тіл туралы» Заң және Қазақстандағы тіл саясатының өзекті мәселелері
2.2 «Мемлекеттік тіл» ұғымы және оның анықтамасы
2.3 Тіл туралы заңының негізгі қағидасы
2.4 Тілге байланысты Елбасы бағдарламары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 ҚОҒАМДАҒЫ ТІЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК
АХУАЛ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Әлеуметтік тіл білімінің қалыптасып дамуы, зерттелу тарихы ... ..6
1.2 Әлеуметтік тіл білімінің негізгі ұғымдары мен
түсініктері ... ... ... .9
1.3 Әлеуметтік тіл білімінің
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..11
1.4 Қазақ тілінің әлеуметтік қызметінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛДІК САЯСАТЫ ... ... ... ... ... 27
2.1 Тіл туралы Заң және Қазақстандағы тіл саясатының өзекті
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27 2.2 Мемлекеттік тіл ұғымы
және оның анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ..33
2.3 Тіл туралы заңының негізгі
қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39 2.4 Тілге байланысты Елбасы
бағдарламары ... ... ... ... ... ... ... ... .41
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..48
КІРІСПЕ
Орталықтандырылған КСРО мемлекеті ыдырап, ұлттық қажеттілікке қарай,
демократиялық негізде тәуелсіз мемлекеттер құрылды. Бұл орныққан жаңа
әлуметтік- саяси ақуал қоғамның да, оның азаматтарының да санасына
айтарлықтай сілкініс туғызды. Дүниеге халықпен оның тарихына деген көзқарас
та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шын мәнінде тәуелсіз елдің тілі де тәуелсіз
дамуы тиіс. Сондықтан тәуелсіздік алған көптеген елдер бұрынғы
кіріптарлықтан, ұлттық кемушіліктен құтылу үшін өз ұлтының тіліне
мемлекеттік мәртебе беріп, сол арқылы ұлттық сананы, өзіндік мемлекеттік
сәйкестікті қалыптастыруға ұмтылуда. Дегенмен бұл көп ұлтты болып
Республикаларда бір күлер үшін қуаныш сезімін тудырса, енді біреулері үшін
салмақты қауіп-қатер әкелетіндей көрініп, тілдік өмірді шиеленістіреді. Бұл
алдымен мемлекеттік тіл ретінде жарияланған байырғы тілінің өз мәртебесіне
лайық қызмет атқаруына айтарлықтай кедергілер жасауда. Мұның себебі
біріншіден, "мемлекеттік тіл" ұғымының дағдылы түрде қалыптаспағанына
байланысты болса, екіншіден, оның өз мәнінде ұғын-дырмалуынан, үшіншіден,
оны жариялаған Конституция Тіл туралы заңдар-ының құжаттарға
сәйкестенбеушілігінен болып отыр.
Еліміздегі мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметі, жалпы алғанда баршаға
аян. Оның қызметі Қазақстанның әр түкпірінде әр түрлі екені тағы да
белгілі. Алайда мемлекеттік тілдің қай жерде қай салада қандай дәрежеде
екені ешкімге аян емес. Кейбір басқару органдары мамандарына белгілі болуы
мүмкін, бірақ оны тілдік жоспарлауда жергілікті тіл ерекшеліктерін нақты
ескере бермейді. Республика бойынша сол белгіленген шаралар нақты
фактілерге негізделмей жалпылама сөзге құрылады, ал бұл тілдердің жер-жерде
тиісті дәрежеде дамуын қамтамасыз етпейді.
Қазақстандағы тілдердің, әсіресе, мемлекеттік тілдің дамуының бір
себебі осы. Міне осы жағдайда не істеу керек? Тіл саясатының жергілікті
жердегі жүзеге асуы жайы зерттелуі шарт, содан сол бойы нақты іс-шара
белгіленіп, оны қоғамға енгізу қажет және оның орындалуын бақылау қажет.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялаумен іс бітпейді. Тіл дамыту аса
күрделі іс. Алғашқы сөз тілге мемлекеттік мәртебе беру себебінен басталуы
тиіс. Негізінен әлуметтік тәжірибеде тілге мемлекеттік мәртебе екі жағдайда
беріледі. Біріншіден, тілдің қоғамдық қызметі шектеулі болғанда, оның
мәселесін шешіп, екіншісі – басым тілдің артықшылығын сақтау үшін бері-
леді. Қазақ тіліне келетін болсақ, оған мемлекеттік мәртебе дағдарыстан
шығу үшін берілді. Алайда тіл туралы заң қабылданғалы он жеті жылдан астам
уақыт өтті. Сол кездегі туған бала бүгінде қыз-келіншекке қырындайтын
жағдайға жетіп, мұрты тебендеген балаға айналды. Сол жылы шаңырақ
көтергендер үш-төрт сәбилі болып, балаларының алды мектеп бітірді. Сол
жылы жігіттің жасы жиырма бестер шамасында болса, ендігі қырықтың
қырқасынан асып, бір отбасының ұйытқысы, ақылшысына, тірегіне айналып отыр.
Ал қазақ тілі ше? Байлардың құлындай мемлекеттік кеңселердің есігінен
сығалау бақыты ғана бұйырып тұр. Отбасы, ошақ қасы-нан басқалардың
ешқайсысы қазақ тілін менсінбейді. Сондықтан қазір тіл тағдырына
алаңдаушылық аса маңызды қоғамдық – саяси құбылысқа айна-лып отыр.
Сондықтан қазақ тілін республиканың мемлекеттік тіл мәртебесінде қоғам
өміріне орнықтыру және ары қарай дамыту – мемлекеттік стратегия.
Тілдің мемлекеттік мәртебесі нақты жүзеге асуы үшін үкімет тарапынан
билікті басқару қажет, басқару билікті білу үшін жергілікті тілдің жағдайын
білмей болмайды. Бұл әсіресе жер аумағының көлемі бойынша әлемде алғашқы
ондыққа енетін санатындағы Қазақстан үшін социолингвистикалық зерттеу
жүргізілуі шарт, ал тіл құрылысы тізгінін отырған басшылар ондай
социлингвистикалық ұсыныстарға зәру. Демек, қазақ тілінің елімізде
мемлекеттік мәртбеге лайық қызмет атқаруы үшін алдымен оның қоғамдағы нақты
жағдайын анықтап, сол жағдайды жөндейтін жолдарды іздестіру қажет.
Әлемдік тәжірибеде белгілі болғандай, тілдік қоғамның қызметін дамы-
тудың дұрыс жолын анықтайтын – әлеуметтанушы (социолингвист), ал қол-
данатын – үкімет. Диплом жұмысының өзектілігі міне, осындай әлеуметтік
қажеттілікте.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тұтастай республика көлемінде
жүзеге асыру қажет. Ал, осындай мақсатқа жету үшін, жергілікті тілдік
жағдайға өзара әсер ететін түрлі факторлар ескерілетін аймақтық іс-шаралар
жүргізу қажет.
Міне осындай мәселелерге байланысты диплом жұмысы мақсатты түрде тілді
мемлекеттік мәртебеге жеткізу, "мемлекеттік тілдің" ұғымдық мәніне, қоғам
өмірінде маңызы мен қажеттілік шарттарына тоқтала келіп, қазақ тілінің өз
мәртебесіне сай дамуына және қызмет атқаруына нақтылы жос-парлармен
реттеудің жолдары ұсынылады.
Диплом жұмысы екі тараудан және тарауларға байланысты тақырып-шалардан
және қорытынды бөлімнен тұрады. Соңында қосымша материал-дар мен
пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Жұмыс бүтіндей алғанда әлеуметтік тіл білімін, мемлекеттік тілді
дамыту жолдарын іздестіруге, қоғамдық қызметінің ауқымын кеңейтудің
әлуметтік мәселелерін шешудің тетігін табуға бағытталған.
Зерттеудің нысаны: Диплом жұмысы еліміздегі мемлекеттік тілдің орнын
айқындау, оны дамыту теориялары және практикалық мәселелерін, сонымен қатар
әлеуметтік тіл білімін қазақ тіл білімінде пән ретінде қалып-тастырып, оның
тамырларын тереңдетіп, зерттеуге арналған.
1 ҚОҒАМДАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМА

Арғы-бергі тарихтың қай-қайсысын алып қарасаңыз да қоғамдық өмір-дің
қисыны тілмен тіндеспеген тұсы жоқ. Өйткені, тіл – адам бала-сының ғана
емес, ұлт пен ұлыс, халық пен қоғамның да болмысын айқындайтын бірегей
құбылыс. әлемдік тәжірибені алға тартар болсақ, адам-заттық құн-дылықтар
қатарында оның ғылымнан, мәдениет пен өнерден де бұрын аталатыны белгілі.
Ғылым да, мәдениет пен өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің
қатысуымен жасалады. Технократия тылсымын тану үшін де тілдің көмегі керек.
Тілді зиялы қауымының қауымының гума-нитарлық салаға қатысты үркердей
тобының ғана талқанындай көру тым асылық екенін бұл жерде қайталап жатудың
қажеті жоқ [5,8б].
Тіл білімінің негізгі және әлі де толық зерттелмеген саласының бірі –
социолингвистика, яғни әлеуметтік тіл білімі. Социолингвистика тілдің қо-
ғамдағы ролі мен оның дамуындағы бағыты. Тіл білімінде социо-лингвистиканың
ғылым ретінде қалыптасу барысында бірнеше атауларға ие болды, солардың
бірі: тілдің социологиясы, социологиялық лингвис-тика, социологиялық
тіл білімі, лингвистикалық социология, лингво-социология,
социолингвистика, социалды лингвистика және т.б.
Социолингвистика терминін ең алғаш рет 1952 жылы американдық
зерттеуші Х. Карри өз еңбектеріне енгізген болатын. Зерттеушінің бұл тер-
минді өз еңбектерінде еңгізу мақсаты - тілді қоғамдық құбылыс ретінде
таныту. Совет тіл білімінде екі термин қатарынан қолданылып отырды.
Біріншісі, социалды лингвистика, екіншісі, социолингвистика. Ал жоға-
рыда аталып өткен терминдер тіл білімінде сирек кездеседі, яғни белгілі бір
кезеңдерде қолданылған. Мысалы, 20-шы жылдың соңы мен 30-шы жылдың басында
советтік тіл білімінде социалдық (социологическая) лингвистика, 40-60-шы
жылдары тілдік социология (социология языка) термині қол-данылды. 60-шы
жылдардың соңында социалды лингвистика (социальная лингвистика) және
социолингвистика деген терминдер бекітілді [1,10-11б].
Бұл екі терминнің де көздеген мақсаты - тіл мен қоғамның өзара бай-
ланысы. Яғни тілді қоғамның жемісі деп қарастырған. Сонымен қатар тілдің
адамның жан дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіретін саяси тетік
ретінде пайдалану.
О.С. Ахманованың Словарь лингвистических терминов деген сөзді-гінде
социоингвистикаға немесе социологиялық лингвистика терминіне екі
мағынада анықтама берген: 1. Раздел языкознания, изучающий причин-ные
связи между языком и фактами общественной жизни. 2. Раздел языко-знания,
изучающий социальную дифференциацию языков, т.е. различные его социальные
диалекты [2, 444б].
Ал 60-шы жылдары белгілі социолингвист акдемик В.М. Жирмунский
социолингвистикаға мынандай анықтама берген: социолингвистика бір-бірімен
байланысқан екі мәселені қарастырады:
1. Социалды дифференциация тілдің белгілі бір қоғамдағы тарихи
кезеңдердің даму сатысын;
2. Тілдің социалды даму процесі, оның тарихын социалды құбылыс ретін-де
[3, 14б]. Сонымен қатар В.М. Жирмунский социолингвистика ғылым-ының
екі мәселесін көрсеткен - синхронды және диахронды. Бізге ең
бастысы әлеуметтік тілдің дамуын тарихи аспектіден қарастыру.
Әлеуметтік тіл білімі терминдер сөздігінде диахронды әлеуметтік тіл
біліміне мынандай анықтама берілген: (грек. dia арқылы + chronos уақыт)
әлеуметтік тіл білімінің бір саласы, тілдің пайда болу заңдылықтары мен
тарихи дамуын зерттейді. Сонымен қатар тілдің пайда болуы мен жойылуын,
әлеуметтік тіл білімі аспекті тұрғысынан тілдің тарихын, ішкі және сыртқы
факторлардың эволюциялық арақатынасын зерттейді [20, 39б].
Социолингвистика ғылымының оқу құралдарының авторы Б.Н. Голо-вин тіл
социологиясы мағынасының міндеттерін кең және тар мағынада міндетті түрде
ескерілуі керек деп есептеді. Б.Н. Головин тіл құрылымының айқын дамуына
және қызметіне (сөйлеу қызметі) және тіл қызметінің со-циалды
дифференциациясына назар аударып, тілдің социалды дифферен-циациясының жеті
қырын бөліп көрсетті: а) территория бойынша диф-ференциация (ол
жергілікті және территориялық диалект кезінде айқын-далады); ә) сөйлеудің
материалдық көрінісінің түрі бойынша (ол жал-пы тілдің ауызша, жазбаша
формаларын береді); б) сөйлеу процесінің құры-лымы бойынша (тілдің
диалогтық және монологтық түрінде беріледі); в) социалдық ұжымның, яғни
қоғамның шығармашылық типі бойынша (тілдің қызметтік стильдері түзіледі);
г) адамдардың социалдық топтары, халық ты-ғыздығының социалды қабаты
бойынша (бұл профессионалдық, сословия-лық, кластық түрлері); ғ) риторика
жанры мен типі бойынша; д) риторика авторлары бойынша. Б.Н. Головинның көз
қарасы бойынша, социолин-гвистика кең мағынада қоғам әсерінен тіл
қырларының бөлінуі, олардың түрлерінің барлық системасын қамтуы қажет
[4.345б].
Социолингвистиканың кең және тар мағынасында Б.Н. Головинді бәрінен
бұрын бір әлеуметтегі екі немесе бірнеше тіл емес, бір тілдің (халықаралық
немесе этнотіл) қызметімен байланысты қозғалыс тәртібінің мәселелері
қызықтырады. Бұл анықтамада социолингвистиканың бірнеше міндеттемелері
аталмаған, мысалы: тілдің социалдық пайда болуы мен дамуы, тілдің социалдық
ролі және т.с.с..
Атақты кеңес тілтанушы, тілді тануға көптеген жылдарын арнаған Ф.П.
Филиннің социолингвистика ғылымы жайында қоғамдық құбылыс туралы көзқарасын
қарастыратын болсақ: Тіл – қоғамды жасушы, және онда бәрі қоғамдық. Бұл
жағдайда социолингвистиканы қалай түсінуге болады? Бұдан екі мағына шығады:
1) тіл және оның құрылымы, басқа сөзбен айтқанда, социалдық тіл
құбылыстарының қоғамға тәуелділігін зерттеу; 2) тілдің қоғамдық
қызметтерін, оның қоғамдағы рөлі мен қоғамға әсерін зерттеу. Бұл екі мағына
бір-бірімен тығыз байланысты және олар қоғамдық мәселелердің бір комплексін
құрайды [6.131б].
Социолингвистиканың кең пәндік саласында атсалысқан кеңестік
социолингвисттер Ю.Д. Дешериев, Л.Б. Никольский, А.Д. Швейцер және т.б. осы
саланың негізі әртүрлі құбылыстар болып саналады деп есептеді. Сонымен,
Ю.Д. Дешериевтің ойынша тіл қызметі мен дамуының қоғамдық және ерекше
заңдылықтарын зерттеу социолингвистиканың пәні болып табылады. Ол былай деп
жазды: тіл және оның құрылымының барлық деңгейінде көрінетін тілдің
қызметі, дамуы және әсерінің қоғамдық өмірдегі әлеуметтік құбылыстарға
қатысты әлеуметтік қатынастарды зерттеу социолингвистиканың негізгі пәні
болып табылады.
Л.Б. Никольский ұлттық әдеби тілінің нормалары мен талаптары, сөй-леу
формалары, тіл және диалект әсері мәселелері кіретін тіл мәселелеріне аса
назар аударады. А.Д. Швейцер Ю.Д. Дешериевтің анықтамасын негізге ала
отырып, біріншіден, тіл және қоғам арасындағы байланыстың екі жақты сипатын
ашып көрсету, екіншіден, социолингвистика зерттеу аясында тіл құрылымындағы
сөйлеу байланысы процесіндегі тілдің қызметтік қолданылуына және тіл
құрылымына әсер ететін әлеуметтік факторларды, обьективтік және
субьективтік факторларды айқындауды қажет етеді [1.15б]. Сонымен қатар
шетелдік социолингвистерді атап өткен жөн. Олар: Д. Хаймс, У. Брайт, Дж.
Фишман, Р.Т. Белл, Р. Берлинг, Д. Прайд, П.Трайджилл, т.б.
Тіл білімі ғылымының күретамыры – социолингвистикалық мәселелер. Сол
мәселелерді атап өтсек:
1. Социалды лингвистика қоғамдық құрылым және тіл қызметі мен дамуы,
қоғамның тілге және тілдің қоғамға әсері туралы ғылым.
2. Тілдің қоғамдық қызметтері, олардың құрамы және тіл қызметінің
тарихи әлеуметтік жағдайларына тәуелділігі.
3. Тілдің өмірдегі формалары; әдеби тіл және әдеби емес формалары:
ауызекі сөйлеу (әдеби емес), территориялық және әлеуметтік диалект,
тілдің өмірдегі басқа формалары.
4. Тіл бөлінуінің негізгі түрлері: әлеуметтік, қызметтік-стильдік,
территориялық. Әлеуметтік және әлеуметтік стильдік тіл диф-
ференциациясының қоғамдық факторлары: қоғамдық сфера, әлеу-меттік
орта, сөйлеу жағдайлары.
5. Әлеуметтік-байланыс жүйесі, оның компаненттері. Тіл жағдайы со-
циолингвистиканың маңызды бір объектісі ретінде; қостілді.
Диглоссия.
6. Тіл дамуының қоғамдық негізі. Әртүрлі қоғамдық-тарихи фор-мациядағы
тілдің әлеуметтік типтері (ана тілі, тайпалық, халық, ұлт тілі;
ұлтаралық тіл, койне, делдал тілі). Қоғамның әртүрлі тарихи
кезеңдеріне тілдің әлеуметтік бөлінуінің спецификасы. Ұлттық тіл-
дер, олардың пайда болу жолдары.
7. Әдеби тіл, оның қызметі мен белгілері. Тіл нормасының әлеуметтік
аспектісі. Тілдің стильдік дифференциациясы, оның экстралингвис-
тикалық құбылыстарға тәуелділігі (сөйлеу мазмұны, қайта жаңғыру
жағдайлары).
8. Сөйлеу вариаттылығы және әлеуметтік жағдай, сөйлеушілердің
әлеуметтік белгілеріне тәуелділігі (жасы, білім деңгейі, мамандығы
және т.б.).
9. Тілдің социолингвистикалық классификациясы. Шетелдік тілтану-шылар
ұсынған социолингвистикалық типологияға сын. Олармен орындалатын
қоғамдық қызметтер бойынша тіл классификациясы.
Әлем тілдері, олардың әлеуметтік қызметтері және құрылымдық ерек-
шеліктері (глобалдық таралу, қабылдау, қызмет спецификасы, көрсету
құралдарына байлығы және қолдануы). Келешектегі тіл туралы
мәселелер.
10. Халықаралық тілінің қосымша мәселелері [7,17б].
Қорытындылай келе, социолингвистика – тіл және қоғам арасындағы
байланысты зерттейтін ғылым. Бұл – тіл білімінің негізгі саласының бірі.
Социолингвистиканы көптеген ғалымдар зерттей келе, оған бірнеше анықтамалар
бере отырып, оның проблемалары мен қарастыратын мәселе-лерін атап көрсетті.
Атап айтсақ, тіл түрлері, оның қызметі, әлеуметтік формалары және қоғамдық
құрылымы мен қоғамға әсері және т.б.

Тілдік ахуал (языковая ситуация) – бұл тіл қызметінің және әр
халықтың тарихи даму кезеңіндегі қоғамдық өмірдегі әртүрлі формаларының
белгілі бір түрі. Бұл В.А. Аврориннің тіл ситуациясына берген жалпы
анықтамасы. Тіл ситуациясын анықтау кезіндегі объектілер арасындағы
себептік тәуел-ділікті сақтай отырып, автор оның үш негізгі қызметін атап
көрсетті: 1) тіл қызметінің әлеуметтік шарттары; 2) тіл қолдануының сферасы
және ортасы; 3) тілдің өмірдегі формалары.
В.А. Аврорин біртілді халық және біртілді емес жағдайларда бірдей
тілдік ахуал терминін қолданады. Біртілді халық тіл ситуациясымен белгі-
лі халық өмірінің әлеуметтік шарттары кезіндегі қоғамдық шығар-машылық-тың
барлық ортасы және сферасындағы тілдің өмірдегі қызметі анықталады.
Л.Б. Никольскийдің анықтауынша: жергілікті-территориялық бірлес-
тікте және этникалық қоғамда қолданылатын тілдердің, қызметтік стильдері-
нің мәнін тіл ситуациясы деп атаймыз. Тіл ситуациясы ірі және ауыр
әлеуметтік-тіл білімі болғандықтан, ол макросоциолингвистикада зерттеледі.
Билингвизм (лат. bi – екі, lingua – тіл) – бұл қостіл, яғни әр адам
немесе барша халық өміріндегі екі тіл, біріншісі – ана тілі, және екіншісі
– меңгер-ген. Әлеуметтің жеке топ мүшелерімен қолданылатын қостіл болса,
бұл – индивидтік билингвизм, егер сөйлеушілердің тобымен қолданылса, онда
ол – топтық билингвизм.
Топтық билингвизм – мемлекеттің бір аумағын немесе барлық ұлтты
қамтиды. Бірінші жағдайда бұл – аумақтық, екінші жағдайда – ұлттық
билингвизм. Егер билингвизм барлық әлеуметтік-мәдениеттік топтарға қатысты
болса, онда бұл – жалпы, егер жеке әлеуметтік қабаттарға (сатушы-лар,
транспортшылар, теңізшілер, ғылыми қызметкерлер және т.б.) қатысты болса,
онда ол – жекелік немесе топтық билингвизм деп аталады.
Егер билингв (қостілді меңгеруші) бір тілден екінші тілге еркін
аудара білсе, онда бұл – аралас қос тіл (Л.В. Щерба ойынша – қос терминді
аралас тіл), егер ол болмаса және тіл екі автономды белгі жүйесі қызметін
атқаратын болса, онда таза қостіл (ол өте сирек кездеседі).
Билингвизм – көпжақты құбылыс және әртүрлі аспектілерді зерттелуі
мүмкін. Билингвизмнің үш зерттеу аспектісі ерекшеленеді: 1) лингвис-тикалық
(социолингвистикалық), 2) психологиялық, 3) педагогикалық.
Билингвизмге мысалы келтірсек, рыс тілі қостілдік компоненті ретінде
қолданылады (украин-орыс, белорус-орыс, өзбек-орыс және т.б.). Бірақ кейбір
жерлерде қарым-қатынас құралы ретінде аумақтық тіл кең таралған. Мысалы,
әзірбайжан тілі дагестандықтармен, армяндармен және лезгиндермен
қолданылады. Сонымен бұны көптілдік немесе полилингвизм (грек. poli - көп,
лат. lingua - тіл) деп аталады.
Билингвизм түрлерінің ішінен ерекшелейді: 1) Екі жергілікті тілді
қолдану кезінде пайда болатын билингвизм; 2) жергілікті ана тілі мен
аумақтық қарым-қатынас тілін қолдану кезінде пайда болатын билингвизм; 3)
жергілікті және макроделдал тілін қолдану кезінде пайда болатын билингвизм
(ұлтаралық тіл); Мұнда әртүрлі принциптік жағдайлар қалыптасады: а)
антагонистикалық қоғамының макроделдал тілі жергілікті халықтың ана тілімен
байланысы, б) антагонистикалық емес қоғамының макроделдал тілі, мысалы
қазақ тілі және еліміздің басқа тілдерінің ұлттық-қазақ қостілі ретінде
маңызды ролі және заңдылық күші; 4) Аумақтық макроделдал тілін қолдану
кезінде мемлекет халықтарының жалпы және байырғы тілі ретінде көрінетін
билингвизм; 5) Ұлт және маман тілін (ритуалдық тіл – санскрит типі, ғылым
тілі – латын, классикалық араб типі және т.б.) меңгеру кезінде пайда
болатын билингвизм [1, 82-85бб].
Тіл саясаты – белгілі мемлекеттегі тіл проблемаларын шешуге арналған
мемлекеттік класс түріндегі қоғамдық қатынастарының айқын бейнеленуі. Бір
ұлтты мемлекетте тіл саясатының болуы қоғамдық, жалпымемлекеттік мәндегі
тіл проблемаларын шешуге арналған жиналыс өткізумен байланысты. Тіл саясаты
қоғамның тілге қатысты әлеуметтік әсерімен байланысты категорияларға
жатады. Ол әлеуметтік және идеоло-гиялық принцип негізінде іске асырылады.
Тіл саясаты ұлт саясатының құрамдық бөлігі бола отырып, көп және бір
ұлтты мемлекетте өзінің ерекшеліктерін жүзеге асырады. Сонымен қатар тіл
саясаты әртүрлі болуы мүмкін және оған қарама-қарсы мазмұнды беруге болады:
тілді тежеу және ұлт тілдері дамуының саясаты. Социолингвис-тиканың зерттеу
мәселелері қатарына кез-келген тіл саясаты, оның идеоло-гиялық негіздері
және практикалық нәтижелері жатады [8, 254-255бб].
Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыты – мемлекетттік тілді
өркендету, мемлекеттік тілде мамандарды даярлау деген ұғымдардың ішінде
ұлттық кадрларды дайындау, ұлттық рухты жандандыру, ұлт тілін дамыту,
түптеп келгенде тәуелсіз елдің болашағын берік, баянды ету деген
мемлекеттік тұрғыдағы кешенді проблемалар жатыр.
Бұл мәселе үнемі Елбасымыздың да назарында жүретіні баршамызға
белгілі. 2005 ж қазақ халқына арналған Жолдауында Біз барлық қазақстан-
дықтарды біріктірудің негізгі факторы – бүкіл қазақтың ана тілі болып
табылатын мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына бар күш-жігерімізді
жұмсауымыз керек [9, 17-18бб], - деп арнайы тоқталып, алдымызға үлкен
міндет жүктеді. Енді біз осы міндеттің үрдісінен шығудың тиімді жолдарын
қарастыруымыз керек. Жалпы қазақ тілінің проблемасы қоғам сұранысына қарай
күнненн күнге күрделеніп келеді. Осыдан бес жыл бұрынғы тілге қойылған
талап пен бүгінгінің арсында елеулі айырмашылық бар. Бұл біріншіден, тілді
тұтынушылар талғамының өскендігі, екіншіден, әдеби тілдің дамып, жаңа заман
талаптарына сай жетілгендігінің көрінісі [9, 20б].
1.3 Әлеуметтік тіл білімінің мәселелері
Қазақ топырағында аты-жөні орнына күллі қазақ есімінің сыпайы түрін
айтатын бір адам бар. Ол – Ахаң. Ахмет Байтұрсынұлы тілші, әдебиетші,
педагог, ойшыл, түркітану ғылымының заңғар ғұламасы ретінде әрісі түркі
әлеміне, берісі Қазақстанға әбден белгілі есім.
Ахмет Байтұрсынұлы тілді жан-жақты зерттеген, сондықтан да тіл
білімінің сан алуан саласы бойынша мұра қалдырған ғұлама. Ғалымның 125
жылдық мүшел тойы тұсында оны тіл маманы ретінде де әр қырынан жан-жақты
тану парыз.
Ахаңның 1912 жылы бастау алатын тіл жөніндегі бай мұрасы
лингвистикалық тұрғыдан Р. Сыздықова, М. Жүсіпов, Ә. Жүнісбеков, т.б.
еңбектерінде талдануда, ал социолингвистикалық қырынан бұрын-соңды сөз
болған емес. Біз ғұламаны осы бір қырынан әңгіме етпекпіз.
А. Байтұрсынұлы социолингвистикалық мәселелерді сезім (интуиция)
арқылы қабылдаған, түйсінген. Бұл әбден заңды, өйткені социолингвистика тіл
мен қоғамның өзара байланысын зерттейді. Ахаң қоғамның тілдік қажеттілігін
өмірден байқаған, сезе білген.
Әлеумеітік лингвистиканың, өз алдына жеке ғылым болған соң, өз әдіс-
тері бар екені белгілі.
Сонымен, А. Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасында социолин-
гвистикалық ізденістері мен тұжырымдары - бір төбе.
Ахаңтану ғылымының күретамыры – социолингвистикалық тұжырым-дамалары.
Әрине, Ахаңның социолингвистикалық тұжырымдамалары лин-гвистикалық мұралары
орайында, бейнелеп айтқанда, қосақ арасында бос кеткені бізге аян. Соларды
герменевтика әдісін қолдана отырып, бөліп-бөліп көрсету - ұлттық
кажеттілік.
Қазіргі әлемдік социолингвистика тілді негізгі қызметіне қарай,
коммуникация яғни қарым-қатынас құралы деп сипаттайды.
Қазақстанда социолингвистика ғылымы кейінгі кезде қалыптасқаны
белгілі, бірақ оның қазақ тіліндегі негізі тұңғыш рет Ахмет Байтұрсынұлы
еңбектерінде қаланды.
Социолингвистика пәні мен анықтамасы объективті, субъективті
жағдайлардың әсерімен нақтылану үстінде.
Бүгінгі таңда социолингвистика, қазақша әлеуметтік лингвистика
(қысқаша: социолиигвистика) - тіл білімі, әлеуметтану (социология), әлеу-
меттік психология және этнография ғьлымдарының киылысқан жерінде дамитын,
тілдің әлеуметгік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың
тілге әсер ету тетігін және қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін
зерттейтін ғылым [10, 481-482бб].
Біздің диплом жұмысымыздың бұл тарауында Ахаңның социолин-гвистикалық
мұралары ішндегі бірыңғай тіл дамыту жөніндегі қағидаттары негізінде
болмақ. Тіл дамыту дегенді әңгіме тілге байланысты ғой деп, дәстүрлі
лингвистикалық мәселе катарында қабылдаса, дұрыс болмайды. Дұрысы сол - тіл
дамыту - социолингвистика құзырындағы мәселе.
Енді осы ғылым тұрғысынан Ахаңның тіл дамытуға байлынысты
кағидаттарына жеке-жеке тоқтала кетпекпін.
1. Ахаңның осыдан 85 жыл бұрын тілге берген анықтамасы социо-
лингвистикалық сипатты анықтама болды. Ахаң: "Тіл - адамның адамдық
белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі", - деді. Демек, ғалым адамның
биологиялық тіршілік иесінен әлеуметтік тіршілік иесіне айналуын тілдің
қызметімен байланыстырып отыр. "Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып,
сөйлеуден қалса, кандай қиындық күйге түсер еді" [11, 141б]; дегені мұны
дәлелдей түседі. Бұл - бір. Екіншіден, Ахаң кітабының "Тіл - кұрал" деген
атауы - соны сөзқолданыс, негізі - социолиногвистикалық сипатта атау. Ахаң
сөзімен айтқанда, "Тіл - құрал" деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны
да әуелгі кезде сондай жат көрінер, өйткені бұл - қазақта бұрын болмаған
жаңа зат [11, 142б]. Кейінірек Ахаң: "Тіл-құрал. Құрал болғанда толып
жатқан есепсіз бөлшектері бар, ол бөлшектері түрлі жағымен қиысатын болып
жатқан қырлы, тетіктері есепсіз көп бір өте үлкен машина секілді құрал"
[11, 335б], - деді. Мұның өзі тілдің социолингвистикалық мәнінен туындаған.
Келесі кітап аты - "Тіл жұмсар". Бұл жерде Ахаң "тіл қолдану" деген
социолингвистикалық категорияға көшеді.
Ана тілі - алдымен психолингвистикалық, социолингвистикалық кате-
гория. "Ана тілі дегеніміз күллі тіл атаулыдан ішкі құылыс ерешелігімен
дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихи бірге жасап, оның
төл медениетін ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адам-дарына
(жас, жыныс, сенім, кәсіп, әлеуметтік жағдай айырмасына қарамай) түгелдей
және жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы"[12, 25б].
Ахаң адамның "өз тіліне" ерекше мән берген: "...һәр жұрт баласын әуелі
өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін
білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта
бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз
тілімізбен оқытып, онан соң басқаша оқыту тиіс"[11, 142б].
Ахаң қазақ тіліне социолингвистикалық сипат береді. Ол 1926 жылы күллі
түркі тілі мамандары алдында жасаған баяңдамасында қазақ, қырғыз тілдерін
орысша былай сипаттады: "Эти языки - самые стройные. Здесь звуковые законы
очень строги, каждый звук в конце слова дает такую же реакцию, какую дает
химический элемент. Это самый совершенный, самый стройный язык"[11, 417б].
Қазақ тілін заңы азбаған тіл деп сипиаттады [11, 372, 396бб].
2. Социолингвистика құзырындағы негізгі мәселенің бірі - тіл саясаты.
Ал тіл саясаты деген - өмірдің әр түрлі саласында тілді тиімді қолдану
бағытында арнайы белгіленген іс-шаралар жүйесі. Ахаң мұрасында "тіл
саясаты" деген, Ахаңша айтқанда, "пән атауы жоқ", "миссионерлік пікір",
"политика" деген бар. Олар Ахаңның істеген ісі мен жариялаған сөзінде,
мақала, еңбектерінде көрініс береді.
Ғалым Ресейдің тіл саласындағы саясатына өз пікірін білдіреді. Мысалы,
Ресей Оқу министрі 1906 жылы, одан кейін қол қойған правилада бөтен текті
жұрттардың мектебінде бастапқы екі жыл ана тілінде оқытылсын деп нұсқау
берген, сонымен қатар ол бірден орыс тілімен оқытуды да қолдайды екен.
Ахаң: "...өз әлілпесімен, ана тілімен оқытып отырсақ, қай уақытта жазу-
сызу, тілі жоғалады? " - дейді де, Ресей миссионерлерінің түпкі мақсатын
тап басып, "Тегі бөтен жұрттар тілінен, жазу-сызуларынан айрылып, орыспен
бірдей болып сіңісу үшін бірден орыс тілімен оқыту" екенін әшкереледі. Дәл
осылай орыстандыру кеңестік Қазақстанда жаппай көрініс берді [11, 118б].
Қазіргі қазақ тілін дамытуда саясат факторына аса көп мән бере
қоймаймыз. Ал Ахаң мән берген: "...бастауыш мектеп, әуелі миссионерлік
пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы
сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек" [11, 437б], - деген.
Ахаң Ресей қол астында түрлі тілді қолданып отырған жұрттың тілін
"орысқа аударса, үкіметке онан артық ұнамды іс болмас дей келіп, үкіметке
керегі мемлекеттегі жұртың бәрі бір тілде, бір діңде, бір жазуда болу, әр
халықка керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу" [11, 436-437бб], - деп жазды.
Орыс үкіметі сияқты, Кеңес одағына іс жүзінде керегі - бір тіл, ол орыс
тілі болды.
Ахаң ана тілінде оқыту үшін бел шешіп күресті. "Біздің қазіргі ел
ішіндегі мектептерімізде жоғарғы айтылған шарттардың біреуі-ақ бар, ол бар
дегеніміз - ана тілімен оқыту" [11, 438б]. "Ана тілімен оқытамыз деген
пікір - кіли орыстан тегі басқа, тілі басқа жұрттың бәрі куаттайтын пікір"
[11, 440б], - деп қазақтан өзге ұлттарды да ана тілінде оқытуға шақырды.
"Ана тілімен оқыту" - бүгінгі Казақстанның да тіл саясатының негізі.
Бұған Тіл заңы куә. Бірақ заң ойдағыдай жүзеге асар емес. Мысалы, мем-лекет
басында отырған кейбір саясаткерлеріміз мемлекеттік тілді мойын-дамай
жүргендері аз емес.
Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1115 Қаулысы бойынша
Бас дәрігерлерді аттестациялау барысында толып жатқан кем-шіліктерге жол
берілген. Тестілеу кезінде мемлекеттік тіл көпе-көрнеу шегеріліп барлық
сұрақтар тек қана орыс тілінде әзірленген. Елбасының Қазақстан халықтары
Ассамблеясындағы мемлекеттік тіл саясаты туралы айтқан тапсырмалары мен
талаптары мүлде негізге алынбаған. Осыдан бес жыл бұрын мемлекеттік тілге
көшкен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бас дәрігерлердің бәрі орыс тілінде
тест тапсыруға мәжбүр болғандықтан 286 тапсырушының 76-сы ғана өткен.
Тестілеу барысында облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы В.
Дудник біреулердің сыбырлауымен кейбір ыңғайсыз Бас дәрігерлерді тайдырып,
олардың орнына нақ бір оңтүстік топырағында кадр жоқтай сонау Қостанайдан,
Астанадан шақыр-тып мемлекеттік тілден мүлде бейхабар адамдарды
тағайындаған. [13, 4б].
3. Тілдің әлеуметтік қызметі – социолингвистикалық мәселе. Ахаң 1926
ж. Бакуде өткен түрікшілер құрылтайында қазақ тілінің қоғамдық қызметі
жөнінде былай деді: "...до революции 1905 года нам, казакам (казахам - Б.
X.), печатать на родном языке ничего не разрешалось. Лишъ после этой
революции на казахском языке начали выходить брошюры, журналы, газеты,
учебники. Рядом с этам шла работа по изучению природы казахского языка с
фонетаческой и грамматической стороны. По реформе алфавита, соответс-твенно
фонетическим требованиям, по составлению грамматики. Словом, казахский язык
за короткий промежуток времени стал принимать обра-ботанный определенный
вид, допускающий при употреблении сознательный контроль над собой" [11,
422б].
Ахаң қазақ тілінің әлеуметтік қызметін сөз еткенде сандық факторға
ерекше мән берді. Бұл дұрыс, өйткені кандай да тіл болмасын, тіл болғаннан
кейін ол өзге тіл атаулыдан дараланады, алдымен сөйлеушісінің санымен
ерекшеленеді. Ғалым сол кездегі қазақтың санына, 6 миллион екеніне,
сөйлеушінің әлеуметтік сипатына мән беріп, әлеуметтік топтардың тілдік
мүддесі болатынын ескереді, сезе отырып, тілдің ортақ, көпшілікке түсінікті
болуы үшін атсалысқан. Бұған мына сөзі дәлел: "Для терминов пред-
почтительно перед другими брать казакские слова с вполне соответс-твующим
данному понятию значением. Это делается во избежание рас-слоения языка, т.
е. для того, чтобы не получился язык верхов и язык низов, или, вернее, язык
грамотных и язык неграмотных" [11, 423б].
"В деле заряжения народной массы знанием большую роль играет правильно
поставленное печатное слово, которое, прежде всего должно быть доступно
массе" [11, 425б].
Тілдің даму деңгейі қоғамдық қызметімен, қызметі көлемімен белгі-
ленеді, өлшенеді Сондықтан да "тіл - өмір салалары" - социолингвистиканың
төл категорияларының бірегейі.
Оқулықта тіл қолдану саласы анықталған: "Сфера использования языка -
это общение между собой в области определенного вида общественной
деятельности" [2,85б]. Сала - қызмет (деятельность) түрі, қарым-қатынас
тақы-рыптарымен сипатталады. Біздің дәуірімізде, өз есебіміз бойынша, тіл
қолдану саласы жиырма шақты, оның ішіндегі бөлшектерін есептегенде жүзден
асады. Қазақ тілі өмірдің азды-көпті 108 саласы мен кіші сала-ларында
қолданылады.
Ахаң - тіл қисыны ғылымының негізін қалаушы. Ол: "сөздің келісті
болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу тіл қисыны деп айтылады" [11, 421б],
- дейді. Бұл жерде Ахаң - стилистика пәнін түзуші. Сонымен қатар Ахаң
"Әдебиет танытқыш" (1926 ж.) т. б. еңбектерінде тілдің көркем әдебиет
саласындағы қызметі ұғымын алға тартқан. Бұл - социолингвисше сез сап-тау.
Ахаң қазақ тілінің көркем әдебиет саласында дамуына поэзиясы мен
зерттеулері, аудармалары арқылы өз үлесін қосты.
Ахаңньң қазақ тілінде оқыту мәселесін қоюы, - қазақ тілін оқу тіліне
айналдыру дегені – социолингвистикалық талап.
Ахаң миссионерлік саясатқа қарсы шығады. Оның бастауыш мектеп бес
жылдық болсын, алғашқы үш жылда балалар ана тілінде, кейін екі жыл орысша
оқысын деген ұсынысы соның нақты дәлелі. Ахаңша: "Бастауыш мектепті кілең
қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оку, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы,
есеп, жағрафия, шаруа-кәсіп, жараталыс жайы." [11, 438б].
"Ана тілімен оқыту" деген, социолингвисше айтқанда, тілдің білім
саласындағы қызметін дамыту болмақ, Ахаң казақ тілінде және қазақ тілін
оқыту арқылы казақ тілінің тағы бір арнасы - ағарту, білім саласында қызмет
етуіне тікелей ықпал етті.
Ахаң "Қазақ" газетін (редакторы) шығарып, "Айқап", "Шора", "Жаңа
мектеп" журналдары мен "Еңбекшіқазақ" газеті бетінде қазақ тілін дамыту
мәселесін көтеруі арқылы қазақ тілін өмірдің үшінші бір арнасы - мерзімді
баспасөз саласын да іске қосты.
Ахаң бірсыпыра ғылым түрін қазақ тілінде дамытты, әсіресе қазақ тіл
білімін дамытып, оны қазақ тіліндс сипаттады. "Тіл - құрал", "Тіл жұмсар",
"Әліл-би", "Оқу құралы", "Баяншы" сияқты оқулықтар шығарып, ғалыми-пе-
дагогикалық, проблемалық мақалалар жариялау арқылы ол қазақ тілін ғылым
тіліне айналдырды. Ғылым - Ахаңның қазақ тілін іске қосқан тағы бір,
төртінші, саласы.
Қазақ тілі - ежелден дін саласында қолданылған тіл. Ахаң осы факторға
ерекше мән беріп, "Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру
болмайтын жұмыс... Дінмен байласқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды" [11,
437б] - деген тұжырым жасайды.
Әлемдік социолингвистика ғылымы тіл дамуын үш бағытта
жүреді деп есептейді. Ол: тілдің таңбалануы (графизация), тілдің жаңаруы
(модернизация) және тілдің қалыпқа түсуі, нормалануы (стандартизация) [1,
121б]. Ахаң тіл дамытарлық осы үш бағытта бірдей қалам тартты.
3.1. Тілді жазу тіліне айналдыру жазуды жетілдіру - адамдардың тілді
саналы түрде дамытуының бірден-бір көрінісі. Мұның таза лингвистикалық қыры
бар, социолингвистикалық қыры және бар.
Ахаң "Тіл - құрал" (Орынбор, 1914 ж.) атты еңбегінде жазудың маңызын
былайша баяндайды: "Осы күні адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге
ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің
заманымыз - жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге
жеткен заман [1, 121б]. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмай-ды: жазумен
дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөй-леседі, сондықтан
сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да
артық.Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек
болса, жазған да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің
жүйесін, қисынн келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында калай өзгеріп,
калайша біріне-бірі киындасып, жалғасатын дағдысын білу керек" [11, 142б].
Ахаң "Әліп-би" еңбегіңде (1928 ж.) "90%-і хат білмсйтін жұртқа оқу мен
жазуды оңай үйрететін әліп-би кітабынан артығы жоқ" [11, 50б], - дейді.
Ахаңның "...кемшілік, ретсіздік жазуымызда да бар, оны реттеу, жөндеу
керек" [11, 394б] дегені, бұған әлеуметтік мән бергені, дәлірек айтсақ.
"Жазу тузету бірімізге емес, бәрімізге керек нәрсе ғой..." [11, 394б]
дегені алдымен еске түседі. Дыбыс әлеуметтік тұрғыдан кандай танымал болса,
оның белгісі де сондай танымал болуы шарт. Ахаңның "бәрімізге керек"
дейтіні осыған саяды.
Әріп таңбасы мен әліпби тығыз байланысты. "Әлілби деген - тілдің
негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыс-тарына
мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге
оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым
әліпби жақсы болмақшы" [11, 400б].
Ахаң латын әрпіне көшуге қарсы болды. "Хат мәдениеті бар халыққа бір
әріпті тастан, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес. Бірте-бірте барып
алып кетуге бірталай уақыт керек, бірталай артық тұрған қаржы керек.
Бірталай артық тұрған адамның күні, ісі керек" [11, 401б], дей келіп, латын
әріпі мен араб әріпін салыстыра зерттеу барысында "артықтығы, пайда-лылығы
жоқ. Қайта араб әріпінен гөрі толып жатқан төмендігі, кеімдігі, кеселдігі
бар" [11, 401б] деген тұжырымға келеді.
Үкіметіміз жуырда құрған қазақтың жаңа әліпби даярлайтын Уақытша
ғылыми-зерттеу тобы осыларды ескерсе керек. Ғалымдар казіргі әліпбиімізді
өзгертеміз десе, өзгертсек, біздің жыл санауымыздан ІІІ-V ғасыр бұрын, яғни
кирил жазуынан ХІІ-ХV ғасыр, грузин, армян жазуынан VІІІ-Х ғасыр ерте
дүниеге келген, түркі халықтарына ортақ байырғы төл әліпбиіміз рун жазуы
мен өзіміз 1929 ж. көшкен латын жазуының бірін [1, 122б] таңдау мәсе-
лелерінде Ахаңның әліпби туралы ілімін ескеруі тиіс. Бұл ретте, біздіңше,
Ахаңның "Қазақ тілінде 24 дыбыс бар" [11.381б] деген тұжырымын ескерген жөн
шығар. Себебі қазақ тілі дыбыстарын машинамен зерттеген Ә.Жүніс-беков дыбыс
санын 26 деп нақтылады [14, 4б]. Қалай болғанда да қазақтың болашақта
талдайтын әліпбиі басқа түркі тілдерді таңдаған жазумен өте жақын болуы
тиіс, ол үшін барлық түркі тілдері мамандары бір пәтуаға келуі шарт.
Әрине, әліиби өзгертуге Қазақстанның қазақтан өзге халықтарының
мысалы, славян халықтарының наразылық білдіріп, тыныштығымызға жарықшақ
түсірмеуін ойластыру керек. Ахаң латын әрпін "Еуропа жұртымен бірдей болу
мақсатпен аламыз десек, алу қиын болған себепті орыстар аяқ баспай
отырғанда, біз сол мақсатпен істейміз деп айтудың канша орны барлығын
сөйлеп, көп сөз қылмасақ та болар" [11, 409б], - дейді. Біздіңше, егер
латын жазуьша көшетін болсақ, егеменді ел ретінде Қазақстандағы орыс сияқты
бірсыпыра халықтардың бұл жазуға бірге көшуін ұсыну керек сияқты. Бұл ретте
Ахаңның қазақ әліпбиін көптеген тіл әліпбилерімен салыстыра келіп, оның
орыс әліпбиінен артықшылықтарын байқағанын ескерейік. Ғалым былай дейді:
"...будто бы сам алфавит мешает прогрессу, а если возьмем языки, например,
русский, русское письмо в сравнении с нашим - это китайскос письмо. Тут
приходится заучивать, зазубривать каждое слово, точно так же как
английский, немецкий и французский языки, в сравнении с нашей грамотностью
это есть именно китайская грамота. Мы заучиваем только 24 звука, а они же
все, что есть на этом языке, должны заучивать. На каждом языке сколько
слов, сколько должны припомнить изображений этих слов. Почему? Потому что
их письмо не передает правильно ни одного звука" [11, 418-419бб].
3.2. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты. Елбасы
айтқандай, "Русофобия күрт кеміп, қазақ дәстүрлері мен тілдің қайта өрлеу
үрдісі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды" [15, 43б]. Бұл - жақсы
бетбұрыс. Қазақ тілін жаңарту бағытында көптеген шаралар белгіленді.
Ахаңнан кейінгі заманда тіліміз өз Отанында мемлекеттік мәртебеге ие болды.
Мәртебе жүзеге асу үшін не істеу керек? Істейтін іс көп. Соның бастысы
қазақ тілі еліміздің куллі мектебінде, арнаулы және жоғары оқу орыедарында
оқытылуы тиіс. Бұл не деген сөз? Бұрын Компартия орыс тілін қазақ арасына
зорлық-зомбылықсыз қалай шаршы ұялап ексе, біз де солай етуге тиіспіз. О да
біздің төл тәжірибеміз еді ғой, енді үздік үлгілерін ана тіліміздің жолында
пайдаланайық. Қазақ тілі орыс тілі сияқты, күллі оқу орынында арнайы пән
болсын, түсу емтиханы қабылданатын пән болсын, қазақ тілінен үлгермеген
адам оқуда кластан класқа, курстан-курсқа көші-рілмесін.
Ахаңша "оқу құральның ең ұлығы - бала оқытатұғын кітап; оның жақсы
болып, балалардың жанын қинамасына жазудың тәртібі болуы шарт. Тәртіпті
жазу деп айтамыз: тілдегі бар дыбыстың бас-басына арналған белгісі (харфі)
бар болса" [11, 380б], - дейді. Ахаң дұрыс айтады, "дыбыс басына хәріп
белгілеп, жазуымызды бір жөнге салалық..." [11, 387б]. Айта кету керек,
Ахаң "Дыбыс пен хәріп екеуін бір затқа санайсыз" [11, 388б], -деп дұрыс
сынайды Шәһзаман деген мырзаны.
Ахаң "Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі - мұсылманша оқу, бірі - русша
оқу" [11, 380б], - дейді. Мұсылманша болғанда ол қазақша оқуды айтады.
Ғалым "Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша жүрген жолменен оқуды
айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын" [11, 380б], - деп нақ-тылайды.
Ахаңша "Орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, керек болғанда
қазақша оқығанның үстіне керек" [11, 433б]. Орыс тілі бізге әлі керек,
керек болғанда ана тілімізден кейінгі екінші тіл ретінде керек.
Замана енді, міне, үшінші тілді оқуды ұсынуда. Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы ұсынған тілдік жоспар жүйелі үштілділікке меңзейді, ол болашақ
жастары туралы бұлай дейді: "Они будут одинаково хорошо владеть казахским,
русским и английским языками" [15, 113б]. Өкінішке орай, бұл сөйлем
Жолдаудың қазақша нұсқасында жоқ, сондықтан сілтеме орысша жасалды. Міне,
осының өзі қазіргі біздің тілдік бағдардың сыр берген сәті. Иә, Қазақстанға
керегі - үштілділік. Бірақ оның мемлекеттік тіл негізінде калыптасып, дамуы
шарт.
3.3. Ұлтты не қальптастырып, не дамытады? Ұлтты ана тіл калып-
тастырып, дамытады. Анығырақ айтсақ ұлтты ана тіліндегі оқулық қалып-
тастырады. Сондықтан қазіргі Жапония мен бір кезде Францияда оқулық
төңірегінде қызу айтыс жиі болды [16, 47б]. Ұлтымызды дамытатын – оқу-лық,
соның ішінде барлық пән бойынша жазылған ана тіліміздегі оқулықтар. Негізгі
күшті оқулыққа салу керек.
3.4. Тіл термин сөздер арқылы көбірек жаңарады. Сонда ол кірме тер-
минмен жаңара ма? Терминнің бәрін аудару керек пе? Қазақ тілін пән
сөздерімен дамыту мәселесі де Ахаң назарынан тыс қалмады. Ахаңның тікелей
әсерімен солкездегі "Қазақ жат сөзге әуестенбей, пән сөздерін өз тілінен
жасауға тырысты. Әдебиет тілі ауылдағы қазақтың хат білетін, білмейтін -
кайсысына да болса түсінікгі болуын көздеді. Тіл арасына жік түсіп
айырылмас үшін, жат сөздерді амалсыз болған жерде ғана алатын тәртіп
қолданды" [11, 413б]. Ахаң бірінші Бүкілодақтық түрікшілдер құрыл-тайында
былай деді: "...Мы все иностранные слова будем брать в таком виде, чтобы
это было легко для произношения казаков (казахов - Б. X.)" [11, 418б].
3.5. Тілді жаңартатын бірсыпыра сөздер - жат сөздер. Қазір күллі
кірме сөзге балама табуға тырысушылық байқалады. Ахаң ұстанған қағидат -
кір-ме сездерді қабылдау және мұны, халыққа салу: "Міне, бұ сықылды
сөздерді қазақ тілінен қуып шығару ма? Болмаса сақтау ма? Мұны көп білсін!"
[11, 385б] дей отырып, "Мен өзім сақтау жағындамын. Өзге жұрттарда бұзып
алған сөздер сақталады" [11, 385б] деген уәж айтады. Тіл дамытатын, Ахаң-
ша, "бұзып алған сөздер", яғни кірменің "бұрынғы қалыбында емес, өзгер-
ілген", қазақ тіліне ыңғайланған түрі.
3.6. Ахаң дұрыс емле түзуді лингвистика мәселесі ғана емес асыл тіл
дамытудың басты шарты деп пайымдайды.
"Дұрыс емле менен қате емлені айыруға, менің ойымша, былай қарау керек
шығар дейім: тіл табиғатына қарай емле ыңғайлау ма? Жоқ, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz