Мемлекеттік құқықтың пайда болуы туралы теориясы



1. Мемлекеттік құқықтың пайда болуы туралы теориясы
2. Мемлекет функциясы, басқару түрі
3. Қазақстан Республкиасы Конституциясының ұғымы
4. Конституциялық мәртебе
5. Азаматтық құқық салаларымен байланысы
6. Азаматтық құқық объектілері мен субъектілері
7. Міндеттемелік құқық және мазмұны
8. Шарттың жасалу тәртібі, шарттың түрлері
9. Ата – аналық құқықты қалпына келтіру
10.Балалар құқығы
1сұрақ
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құры-лымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс — б.з.д. 10-15 мың жылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік калыптасты, ажарланған тастан жасалған карулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік жөне саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды.
Қоғамдық байлық қалыптаса бастады,оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мың жылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқық тарихы туынды - қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің қалыптасуы;
- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы;
- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Құқықтың дамуы — адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым - қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сондықтан құқық мемлекеттен аз да болса бұрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуынан бері қарай құқық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Мемлекеттің дамуы — мемлекет қоғамдық еңбек бөлісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдык, құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс - әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
2 сұрақ. функция - заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдыңда тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік құқықтың пайда болуы туралы теориясы
1. Мемлекет функциясы, басқару түрі
2. Қазақстан Республкиасы Конституциясының ұғымы
3. Конституциялық мәртебе
4. Азаматтық құқық салаларымен байланысы
5. Азаматтық құқық объектілері мен субъектілері
6. Міндеттемелік құқық және мазмұны
7. Шарттың жасалу тәртібі, шарттың түрлері
8. Ата – аналық құқықты қалпына келтіру
10.Балалар құқығы
1сұрақ
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құры-лымдық,
басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі
сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс — б.з.д. 10-15 мың жылдықтарда
болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік калыптасты, ажарланған
тастан жасалған карулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды.
Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру,
өндірістік жөне саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды,
қоғамның шығысынан кірісін асырды.
Қоғамдық байлық қалыптаса бастады,оны иемденетін топтар, таптар пайда
болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4
мың жылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен
мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқық тарихы туынды - қоғамның
антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі
объективтік заңдары:
қосымша өнімнің пайда болуы;
жеке меншіктің қалыптасуы;
таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы;
қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге
келуі.
Құқықтың дамуы — адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік
заңдылықтарының бірі әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым -
қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-
дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте
құқықтық нормаларға айналуы. Сондықтан құқық мемлекеттен аз да болса бұрын
қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуынан
бері қарай құқық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын
нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа
түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң
күші бар соттың шешімдері.
Мемлекеттің дамуы — мемлекет қоғамдық еңбек бөлісінің, жеке меншіктің
пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдык, құрылыс тапқа бөлінуінің
туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс - әрекетінің нәтижесі
ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына
сүйенетін басқару жүйесі.
2 сұрақ. функция - заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдыңда тұрған
мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және
оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан
мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым
қалыптасады.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік
аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган
құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты
қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция — орган аппарат
- мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдыңда тұрған мүдде
мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады
Мемлекет функциясынын, түрлері
Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге
бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-
басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес
бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенді таптық
қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл
функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде
функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі
функциялары:
- 1. Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі
стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін
көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:
бірінші — салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп,
басқару;
екінші - экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту:
үшінші - ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру (бұл екі жақты
процесс);
төртінші — мемлекеттік өндірісті дамыту.
2. Әлеуметтік функция — мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халықтың
әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты —
адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас
адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты
көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты
адамдардың, денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың
жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті
мөлшерде қаржы бөліп отыру. Қаржы реттеу функциясы - қоғамдағы барлық
азаматтардың, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп,
басқарып отыру.
3 сұрақ Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция ұғымын ерте заманда
сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде конституция
деген сөз саяси құрылыс ұғымын білдіретін. XVII ғасырда Францияда бұл сөз
рентаны, рента шартын бейнеледі. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып,
бұл атаусыз құқықпен белгіленетін құрылым мағынасына ие болды. Ұлы франция
төңкерісі қарсаңында конституция сөзі мемлекеттің жай-күйі ұғымын
танытты. Конституция сөзі (латыннын соnstitutio—бекіту, орнату деген сөзі)
Рим империясы зандарында императорлардың құқық. көздеріне айналған түрлі
нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік
туралы құжаттар осылай атала бастады.
Конституция ұғымының қазіргі түсінігі XVIII ғасырдан бастап орнықты.
Алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та, сонан соң 1789 жылы Францияда
қабылданды. Кез келген конституция қоғамда орныққан тәртіптің негізгі
ұстындарын бекітіп береді. Мұнда ел өміріндегі аса маңызды өзгерістер
көрініс табады.
Конституцияның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны
ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары
зандық күші бар, бір жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен
мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, қоғамдық және конституциялық
құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын,
бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару
буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші әрі
реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан
Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың
ірге тасын қалайды, оның зандардың заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық
қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып,
құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы
конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде
есептелінеді.
Бұл оқулықта Ата Заң (конституция) оның мейлінше көп тараған мағынасы —
заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Қазақстан Республикасының
қазіргі Конституциясы төртінші Ата Заң (1937,1978,1993,1995 жж.). Кейінгі
екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет
мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық
билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата Занда (1995 ж.) құқықтық
мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті эко-
номикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы (сөз бен
шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар
бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары,
экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді.

5-сұрақ
Кез келген құқық қатынасы оның субъективті құқықтар мен міндеттерді
таратушылар ретіндегі қатысушыларының құқықтық байланысы болып табылады.
Сондықтан субъективті құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқық қатынасының
мазмұны болып табылады.
Субъективті құқық дегеніміз құқық берілген тұлғаның ықтимал мінез-құлық
шамасы. Субъективті азаматтық құқық мазмұны жағынан әртүрлі. Субъективті
құқықтың мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген
мүмкіндіктер құрайды.
Мысалы, меншік құқығы: а) белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру
үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету
мүмкіндігін; ә) басқа адамдардың бәрінен олардың сол мүмкіндіктерді жүзеге
асыруға меншік иесіне кедергі жасамауын талап ету; б) меншік құқығы
бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейін құқық
қорғау тәртібі шараларын пайдалану мүмкіндігін қамтиды (Азаматтық кодекстің
188-бабы).
Міндетті тұлғаның тиісті мінез-құлық шамасы азаматтық құқықта міндет
деп түсініледі. Алайда, азаматтық құқықта міндеттің әртүрлі болатынын
ескеру керек.
Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивтік сипатта болады.
Алайда азаматтық зандарда тыйым салулар мен нұсқаулар сипатыңдағы ережелер
де белгілі. Құқықтың тыйым салу нормалары азаматтық құқық қатынастарына
қатысушылардың міндеттерін де айқындайды. Мысалға, тараптардың шарттан бір
жақты бас тартуын немесе оның ережелерін бір жақты өзгерту (Азаматтық
кодекстің 401-бабы).
Әрбір азаматтық құқық қатынасында тараптар құқық берілген және міндетті
тараптар болып екіге бөлінеді. Екі тараптың екеуінде де бір тұлға немесе
бірнеше тұлға болуы мүмкін, мысалы, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар бұл
зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс. Құқық қатынастарына белгілі бір
тұлғалар қатысуы мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қаты-настарына
міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатысады (автордың, өнер
тапқыштың құқықтарын бұзудан барша жұрт тартынуға міндетті).
Азаматтық құкық қатынастарына қатысушылардың әрқайсысының бір мезгілде
құқық берілген және міндетті тарап болуы сирек кездеспейді. Мысалы, сатып
алу-сату шарты бойынша сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруге
міндетті және сонымен бірге одан белгілі бір ақша сомасын төлеуді талап
етуге құқылы. Ал сатып алушы бұл соманы төлеуге міндетті ғана емес,
сонымен қатар мүлікті өзінің меншігіне беруді талап етуге де құқылы.
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін,
мұның өзі, атап айтқанда, құқықтық мирас-қорлық себебінен орын алады.
Құқықтық мирасқорлық деп Құқықтың (сондай-ақ құқықтар мен міндеттердің) бір
тұлғадан — құқықтық ізашардан екінші тұлғаға — құқықтық мирасқорға ауысуы
түсініледі, бұл ретте соңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық
ізашарының орнын басады.

6-сұрақ Азаматтық құқық қатынастардың объектілері. Әдетте құқық
қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және
белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың
өзара іс-кимылы нәтижесіңде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде
азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлқына ғана ықпал ете алады.
Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісі оның субъектілерінің
алуан түрлі материалдық игіліктер мен материалдық емес игіліктерге
бағытталған мінез-құлқы болып табылады.
Профессор О.С.Иоффе заң әдебиетінде құқықтық объектінің мәні туралы
және сыртқы дүниенің құқық объектілері ретінде болуы мүмкін құбылыстарының
саны туралы мәселені шешудің әр алуан үш түрі болатынынан атап өтеді.
Заңгерлердің көпшілігі қосылатын үстем көзқарасқа сәйкес объектілердің
қатарына іс-әрекеттер, материалдық емес жеке игіліктер, заттар және басқа
да бағалы заттар жатады. Объектінің іс-әрекеттерінің маңызын теріске
шығаратын және бұл маңызды тек қана заттарда немесе, тіпті болмағанда, ең
алдымен заттарда деп танитын объектінің заттық-құқықтық теориясы бірсыпыра
аз болғанымен, едәуір кең таралды.
Ақырында, кейбір авторлар ғана қорғайтын іс-әрекет теориясы заттарды
құқықтық объектілер қатарынан шығарып тастайды және объектінің маңызы құқық
берген тұлға үміттене алатын міндетті әрекеттерде ғана болады деп таниды.
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құкық объектілерінің мынадай
түрлері аталған: заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы
қағаздар, жұмыс, көрсетілетін қызмет, шығармашылық жеке қызметтің
объектілендірілген нәтижелері, фирма атаулары, тауар белгілері және
бұйымдарды дараландырудың өзгеде құралдары, мүліктік құқықтар және басқа
да мүлік.
Мүліктік емес жеке игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке
адамның өмірі, денсаулығы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Мемлекет және құқық теориясының пәні. Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектісі
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясы
Қауымдық-рулық құрылыс
Қазіргі кездегі мемлекеттік функцияның түсінігі және жіктелуі
Пәндер