«Приречное» ЖШС-тің кәсіпорнының қысқаша сипаттамасы


Мазмұны
Кіріспе
I Ауылшаруашылық мекемелерінің есебі
1. 1 Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы бухалтерлік есептің маңызы . . . 7
1. 2 Ауылшаруашылық өндірісінің ерекшеліктері . . . 10
1. 3 Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру . . . 14
1. 4 Мал шаруашылық өнімнің өзіндік құнына калькуляция жасау . . . 21
II «Приречное» ЖШС-тің кәсіпорнының қысқаша сипаттамасы.
2. 1«Приречное» ЖШС-тің ауылшаруашылық есептің ерекшеліктері . . . 24
2. 2 «Приречное» ЖШС-тің дағы дайын өнім есебі . . . 32
2. 3 «Приречное» ЖШС-тің өнімінің өзіндік құны синтетикалық және аналитикалық есебі . . . 34
III Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындардағы дайын өнім есебін жетілдірудегі іс шаралар.
3. 1 Жапоняның жалпы эканомикалық жағдайы, салық жүйесінің сипаттамасы 32
3. 2 ХҚЕС тың даму тарихы, мақсаты ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы дайын өнім есебі ХҚЕС №41 жүргізілуі . . . 47
3. 3 1 с бухгалтерия 8. 0 пайдаланылуы . . . 49
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Ауыл шаруашылық кәсіпорындардағы дайын өнім есебінің теориялық аспектісі.
- Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің маңызы
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістің шикізатқа деген өскелең талабын толық қанағаттандыру мақсатында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің орташа жылдық көлемін одан әрі арттыру болып табылады
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді шешуде кәсіпорындарында басшылықты жемісті ұйымдастыруға қажетті алғышарт кеңінен игеру, нарықты қатынастарға көшу кезеңінде ерекше арта түседі есептеудің көмегімен кәсіпорынды басқару, өнімге баға қою үшін қажетті өндірістің көлемі мен өнімді тарту, оның өзіндік құны, еңбек өнімділігі, рентабельділіктің дәрежесі және басқалары туралы сенімді де уақытылы мәліметтер алынады. Есептің мәліметтері меншіктің сақталуын бақылауға, техниканы жөндеуге және күрделі құрлысқа жұмсалынатын шығындарды анықтауға, машиналар мен жабдықтарды пайдалану, жаңа техниканы игеру, химияландыруды, егістіктерді өңдеудің интенсивті технологияларын, суландыру және басқаларын қолданудың эканомикалық тиімділігі жөнінде мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарында шаруашылықты жүргізудің негізгі әдісі- шаруашылық есеп. Оның негізіне еңбекті, материялдың және қаражат ресурстарын аз жұмсау, шаруаға қырсыздықты жою, әртүрлі ысырапты және өнімсіз шығындарды болдырмау, үнемдеу тәртібін жүргізу арқылы жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу алынған шаруашылықты жүргізудің бұл әдісін қолдануда бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол шаруашылықтың тұтастай және оның бөлімшелерінің өндірістік міндеттердегі орындауын бақылап отыруы тиіс. Бұған осы заманғы компьютерлік техниканы, есептеудің озат түрлері мен әдістерін қолданып, қызметкерлердің мамандығын арттыру арқылы көз жеткізуге болады. Бухгалтерлік есептің алдында тұрған міндеттерді шешу, оны ұтымды түрде ұйымдастырмайынша мүмкін емес. Ал бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастыру деп кәсіпорынның қаражат - шаруашылық қызметіне бақылау және оның жұмысының нәтійжесіне талдау жасауға мүмкіндік туғызуды айтады бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастырудың алғышарттары:
шаруашылық операцияларын, бірізге салынған құжаттарды, есеп регисторларын және есеп берудің түрлерін қолдануды, еспетеудің озат тәжірибесін жинақтап, таратуды және басқаларын бағалау мен есепке бейнелеудің бірлігін қамтамасыз ететін есептуді мемлекеттік басқару;
есептеуді жүргізу және есеп беруді құрастыру айналысатын қызметкерлердің санын қысқартуға, эканомикалық ақпараттарды өңдеу мерзімін жеделдетуге, есеп мәліметінің сапасы мен сенімділігін арттыру мүмкіндік беретін есептеу жұмысын компьютерлендіру;
есептеуді прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану есепті жүргізуіне жұмсалатын еңбекті елеулі түрде қысқартуға, есептеудің жеделдігі мен сенімділігін арттыруға көмектесіп, жазулардың қайталанбауына, есепті жүргізушілердің еңбегінің жалпы мәдениетін жақсартуға жағдай жасайды;
алғашқы есептеу мен құжаттар айналымы жүйесінің дұрыс құрлуы басатапқы ақпараттарды өңдеуді ұйымдастыруға жұмсалатын еңбекті азайтуға операциялардың артық жасалмауына, жоспарда қаралмаған құжат айналымын болдырмауға мүмкіндік жасайды.
Есеп қызметкерлерінің іскерлік қабілетін арттыру - есептеуді жақсы ұйымдастырудың алғышарттарының бірі.
Есептеу жұмысының алдында тұрған міндеттерде орындау қызметкерлерден экономикалық заңдарды, қолданыстағы қызметін талдауды, статистика мен өндіріс техналогиясын терең білуді талап етеді.
Бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастыру қолда бар материялдық, еңбек және ақша ресурстарын бақылап, дұрыс пайдалануды, өнімдерді өндіріп, оның өзіндік құнын төмендету жоспарын орындау мақсатында ішкі резервтерді пайдалануды, белгіленген уақытында есеп беріп және оның мәліметтерінің жедел талдануын қамтамасыз етуі тиіс. Есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы бар. Есепті ұйымдастырудың жоспары құжаттар айналымы және түгендеу жүргізу жоспрарынан, есеп жұмыстарын орындау графигінен, тексеру мен бақылауды өткізу жоспарынан және басқалардан тұрады.
Құжаттар айнлымының жоспары құжаттарды жазып алу сәтінен оларды архивке өткізгенге дейін қозғалыс графигінен тұрады. Графиктерде құжаттарды жасап, олар мен одан әрі жұмыс істейтін жауапты адамдар атап көрсетіледі. Графиктер жеке және структуралық болып бөлінеді. Жеке графикте әрбір орындаушыға жүктелген жұмыстың тізімі көрсетіледі және олардың орындылу мерзімі белгіленеді. Структуралық графикте шаруашылықтың әрбір бөлімшесінде орындалатын есептегі жұмыстың тізімі мен мерзімі көрсктіледі. Графиктерді шаруашылықтың бас бухгалтері бекітеді және оны нақты орындаушыға жеткізеді. Құжаттар айналымы жоспарының қатаң сақталуы есептеудің сапасын арттыруға және есеп беріп отырудың мерзімдерін жеделдетуге жағдай жасайды.
Түгендеуді жүргізу жоспары негізгі құралдарға, өнім малына және көлік малына, тауарлы - материялдық игіліктерге, ақша қаражаттарына, аяқталмаған өндіріске, жұмсалған күрделі қаржыға және есеп айырысуға түгендеу жүргізу мерзімдерін қарастырады. Жоспар бухгалтерлік есеп беру мен баланстар туралы ереженің талаптарына сәйкес жасалады.
Тексеру мен бақылау жүргізудің жоспарын қаражат - шаруашылық қызметін тексеріп, бақылап отыруға міндетті ұйымдар мен кәсіпорындар жасайды. Жоспарда әрбір тексерудің немесе бақылаудың сыипаты уақыты, тексерудің мерзімі, орындаушылары және тексерудің немесе бақылаудың қорытындысын қарайтын күні көрсетіледі.
- Ауыл шаруашылық өндірісінің ерекшеліктері
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары халық үшін азық - түлік өнімдерін, өнеркәсіптің бірқатар салалары үшін шикізат өндіреді, өнім малының және күш - көлік малдың негізгі табынын ұдайы толықтырып отырады . Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар. Олар өндірістің және меншіктің әр түрінің: мемлекеттік, ұжымдық, жеке акционерлік және басқаларының ерекшеліктерінен туындайды.
- Ауыл шаруашылығындағы ең басты және еш нәрсемен ауыстыруға болмайтын, табиғаттың өзі берген ондіріс құралы жер болып табылады. Оны пайдаланудың ерекшеліктері ауыл шаруашылық өндірісін шоғырландыру мен мамандандырудың өзгеше түрлерін тудырады. Егін шаруашылығындағы жердің өз өндіріс құралы ретінде қызмет атқарады. Ал фабрикада бұл жоқ немесе өте тар шеңберде ғана болады, өйткені жер бұның негізгі оның орналасқан орны, жергілікті операциялық базасы ғана болып табылады. Егін шаруашылығының ғылыми негізделген жүйесін пайдалану жердің құнарлығын төмендетпейді, қайта оны елеулі түрде арттырады. Еліміздің әртүрлі аймақтарының ауа райы мен топырағының ерекшеліктерін ескере отырып, тыңайтқыштарды өндіру мен қолдануды кеңейтуге, мелиорацияны, егіншілік жүйесін жетілдіруге байланысты ауқымды шаралар бағдарламасы жердің сапасын жақсартуға және ноың құнарлығын артыруға бағытталған. Жердің тағы бір ерекшелігі мынада, ол бір уақытта еңбек заты және құралы болып табылады. Өндіріс құралы ретіндегні жердің үлкен болуына байланысты оны өңдеуге, тыңайтуға, әктеуге, мелиорациялаға жұмсалған шығындарды уақытылы және толығымен есептеуді ұйымдастыру, жекелеген дақылдарды өндіру мен жұмыстардың тиімділігін анықтау, топырақтың эрозияға ұшырауына және басқа қолайсыз құбылыстарға жол бермеу қажет.
- Ауылшаруашылық өндірісі аумақты кеңістікте шашыранды орналасқан және үлкен көлемде жүргізіледі. Мұнда қуатты ауыл шаруашылық машиналары қолданылады. Бұл ерекшелік өндірістік бөлімшелерді ұйымдастыруға ықпал жасайды және шығындар мен табыстарды дақыл бойынша ғана емес, сонымен бірге шаруашылық есептегі бөлімшелер бойынша да есептеуді талап етеді.
- Ауылшаруашылық өндірісінде өндіріс уақыты мен жұмыс кезеңдерінің арасындағы үзіліс айқын байқалады. Мысалы күздік астық дақылдарын өсіру 300 тәулікке дейін созылады ал оларды өңдеу жұмыстары - 60 - 100 тәулікке барады. Бұл ауыл шаруашылық кәсіпорындарын өнімнің бір түрін ғана емес, жұмыс кезеңі бір уақытқа тура келмейтін бірнеше өнімдер өндіруге, әртүрлі қосалқы шаруашылықтар мен кәсіптерді құруға итермелейтін себептердің бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығын интинсивтендіру өндіріс уақыты мен жұмыс кезеңінің арасындағы үзілісті қысқартуға мүмкіндік береді. Осы ерекшеліктерге байланысты кәсіпорын өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өнеркәсіп және көмекші өндірістері өнімдерінің өзіндік құнын ай сайын есептей алмайды, өйткені, бұл салалар өзара тығыз байланысты. Жыл бойы өнімдерді есептесу бағасы бойынша кіріске алады, ал жылдың аяғында оның нақтылы өзіндік құнын анықтайды және кәсіпорынның жұмыс қорытындысын шығарып, пайда мен немесе шығынмен жұмыс істегенін көрсетеді.
- Ауылшаруашылық кәсіпорындіары өндіріс құралдарының бір бөлігін өздері заттай өндіріп отырады. Шаруашылықта өсірілген малдарды өнім беретін және көлік малдары ретінде пайдаланылады. Негізгі құралдар есебіндегі сақа өнім беретін және көлік малдарын негізгі табынның есебін шығарып, семіртуге айналым құралдарына аударады. Өндіріс өнімдерінің бір бөлігін одан әрі өнім өндіруге пайдаланылады. Бұл халық шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда өнімнің товарлылығының бірқатар төмен болуына және өндірістік қорлардың қалыптасу ерекшелігіне себепші болады. Ауылшаруашылығындағы кәсіпорындары өнімдерді, малдардың төлдерін өсіруге, негізгі табынды қалыптастыруға жұмсалған шығындарды және оларды қаржыландырудың көздерін ұйымдастыру үшін арнулы счеттар немесе субсчеттар қолданылады.
- Дақылдар мен малдардың көпшілігінен биологиялық ерекшеліктер мен өндірістік жағдайларғ байланысты өнімнің бірнеше түрлері және екінші дәрежелі маңызы бар өнімдер алынады. Маңызы төмен қосымша өнімдер әдетте өзіндік құнды есептеудің обьектісі болып есептелмейді. Мысалы, сүт бағытындағы ірі қара табыннан сүт, төл және көң алынады. Жұмсалған шығындарды есептеу негізгі салаларда есептеу обьектілері бойынша жүргізіледі. Өнімдердің әр түрлерінің арасындғы шығындар, белгіленген коэффицеттер немесе оның сату бағасы бойынша бағалануына пропорцияналды не басқаша түрде бөлінеді.
- Ауылшаруашылық кәсіпорындарында, әдетте, құрам өндіріс басым болады. Олардың жанында басты және екінші дәрежелі товралы салалар, содай - ақ басқа салалармен халыққа қызмет көрсететін салалар болады. Өндірістік бөлімдер, өндірістің салалары, ал олардың ішінде - жалгерлік ұжымдар, дақылдардың тобы, жұмыстар, малдардың түрі мен топтары бойынша негізгі және қосымша шығындарды есептеуді ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.
- Ауылшаруашылық өндірісіне мерзімдік малдардың басым түрлерінен өнімдер алудың, сондай - ақ техникаларды пайдалану мен өңдеуге жұмсалатын шығындардың біркелкі болмауы тән.
- Өндіріс процесінде бастапқы материял дайын өнім, не жанды өсімдік немесе мал болып табылады Олар болашақ түпкі нәтижедегі өнімнің барлық салмағын көрсетпейді. Бұл өнімнің салмағы өндіріс процесінің брысында өсімдіктер мен малдардың, еңбектің, сыртқы ортаның және өндіріс құралдарының уақыт барысындағы ықпалы мен табиғи өсу және даму арқылы жасалады. Ол өсімдіктер мен малдардың өсуі және даму арқылы жасалады. Ол өсімдіктер мен малдардың өсу және дамуның табиғи жағдайлары мен анықталады. Селекциялық әдісті қолдану және өсімдік сорттары мен мал тұқымдарының тез жетілетін түрін іріктеп алу арқылы бұл процес тездетіліп, өндіріс кезеңі қысқартылады. Мысалы бір гектар жерге себілетін күздік бидай тұқымының мөлшері 0, 8 центнерден 2. 2 центнерге дейін барады ал өнім- 20 - 30 центнер және оданда артық болады. Нәтижесінде шығындарды уақытылы және толық есептеу және өнімдерді кіріске алу міндеті тұрады.
Есептеудің ауылшаруыашылығы өндірісінде ерекшелігі тудыратын айырмашылығанан басқа меншіктің әртүрлі болуынан туындайтын ерекшеліктері де бар. Калхоздар меншіктің кооперативтік түрінде негізделген кәсіпорын болып табылады. Олар өз қызметін калхоз мүшелерінің алпы жиналысында калхоздың Үлгі Жрғысы негізінде қабылданған жарғыға сәйкес іске асырылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі орталықтан басқарудың шаруашылықтық дербестігі және кәсіпорындардың өз инитицивиясын үйлестіру негізіне құрылады. Олар өзінің қызметін «Кәсіпорындар туралы» Заңға сәйкес іске асырылады.
Меншіктің түрлеріндегі айырмашылықтар шаруашылықтың ұйымдастыру құрылымына, басқару жүйесіне, еңбекті ұйымдастыру және оған ақы төлеуге арнаулы мақсаттарға қорлар құруға, түскен табыстарды бөлуге қаржыландыруға және несие беруге, бухгалтерлік есепті және одан кейінгі қаржы - шаруашылық қызметіне бақылауды ұйымдастыруға ықпал жасайды.
Халық шаруашылығын одан әірі дамыту үшін ауыл шаруашылығында
бірлескен кәсіпорындардың құрылып, жұмыс істеуінің және сыртқы эканомикалық қызметті дамытудың маңызы зор. Бірлескен кәсіпорындар осындай кәсіпорындарға қатысушылардың жасасқан шарттарының негізінде құрылады. Олардың мақсаты халық шаруашылығының өнімінің белгілі бір түріне сұраныс барынша толық қанағаттандыру, шет елдік озат техника мен техналогияны, басқару тәжірибесін, қосымша материялдық және қаражат ресурстарын тарту, экспорт базасын дамыту, және тиімсіз импортты қысқарту. Бірлескен кәсіпорынның жарғылық қорындағы отандық үлесі 51 кем болмауы тиіс.
- Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Есепті ұтымды ұйымдастырудың негізгі алғышарттары бухгалтерлік есепті мемлекеттік басқару болып табылады. Есепті компьютерлендіру, оны жүргізудің прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану алғашқы есеп пен құжаттар айналымының дұрыс қойылған жүйесі, қызметкерлердің іскерлік қабілетін арттырумен қатар есепті мемлекеттік басқару есептің тиімді жүйесін құруды қамтамасыз етеді. Есепті жалпы мемлекеттік басқаруды қаражат Министірлігі, статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитет, салалық миністірліктер мен ведомстволар атқарады.
Қаражат Министірлігі бухгалтерлік есепке және кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп беруіне жалпы методикалық басшылық жасайды, статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитетпен келісе отырып, счеттардын жоспарын, бухгалтерлік есептің түрлерін және оларды қолдану жөнінде нұсқауларды жасайды, сондай - ақ статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитетпен бірлесе отырып бухгалтерлік есеп берудің түрлерін бекітеді.
Статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитет министірліктер мен ведомоствалардың қатысуы мен өзара байланысты статистикалық көрсеткіштердің жүйесін және статистика мен есептің бірыңғай ғылыми метадологиясын жасайды; есеп пен статистиканы жетілдіру, есеп берудің түрлерін қысқарту және бір ізге салу жөнінде жүйелі түрде жұмыс жүргізеді, қаражат Министірлігі мен бірлесіп бухгалтерлік есеп пен статистиканың көрсеткіштері мен түрлерін жетілдіру жұмыстарын жүргізеді; есеп пен есеп беруді компьютерлендіру, жөнінде іске асырады; өзінің есептеу қондырғыларында құжаттарды, жоспарлы және басқа эканомикалық есептеулерді өңдеуді ұйымдастыруды; методикалық басшылықты іске асырады және осы салада тәжірибе алмасуды ұйымдастырады; есептеу техникаларын жабдықтауды және жөндеуді қамтамасыз етеді; есеп қызметкерлерінің білімін көтеруді ұйымдастырады; халық шаруашылығындағы есеп беру мәліметтерінің дұрыстығын тексереді .
Салық министірлік пен ведомстволар кәсіпорындарындағы алғашқы есепті ұйымдастырады, олар үшін құжаттардың типтік мамандандырылған түрлерін бекітеді; есепті компьютерлендіру оның озат әдістері мен түрлерін енгізу жөніндегі шараларды жүргізеді; есеп және байланыстарды қарайды; құрама есеп берулер мен баланстарды жасайды; ведомсвалық бақылау-тексеру және аудиторлық жұмыстарды ұйымдастырады.
Әрбір кәсіпорынның халық шаруашылық жоспарын орындалуына жедел басшылық жасау мен бақылау ісіне көмектесудің маңызды құралы есеп беріп отыру болып табылады. Есеп беру - жеке учаске және тұтастай кәсіпорын бойынша жинақталған есептердің кешенді жүйесі. Ол шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауға, жедел басшылық жасап және бақылап отыруға қызмет етеді. Есеп берудің көмегі мен кәсіпорындардың жоспарлы тапсырмаларды орындауына бақылау жасалады. Есеп берудің мәліметтері әрбір кәсіпорынның, саланың және тұтастай халық шаруашылығының ағымдағы және болашақтағы жоспарларын жазғанда базалық қызмет атқарады. Есеп берудің негізінде салық қысқ және ұзақ қарыз беру тәртібінің сақтлуына бақылау іске асырылады. Мазмұны есеп беру статистикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Статистикалық есеп беруде халық шаруашылығы жоспарының орындалу көрсеткіштері сипатталады.
Бухгалтерлік есеп беруде кәсіпорын қызметінің негізгі қаражат көрсеткіштері бойынша жоспарының орындалуы сыипатталады.
Статистикалық және бухгалтерлік есеп берулер мерзімді және жылдық болады. Соңғысына мәліметтерідің барынша кең шеңбер енгізіледі және онда кәсіпорынның өндірістік және қаражат қызметін сипатталады.
Есеп беруді жасаудың тәртібі, адрестері, беру мерзімі және қаралуы бухгалтерлік есептер мен баланстар жөніндегі Ережеде көрсетілген.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы есеп бухгалтерлік есеп счеттерының жоспары бойынша ұйымдастырылады. Оны халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындаы мен ұйымдары үшін, ауылшаруашылық кәсіпорындарының ерекшеліктерін ескертетін толықтырулар мен қаражат Министірлігі статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитетпне келісіп бекіткен. Қосымшада бухгалтерлік есеп счеттардың жоспары келтірілген, ол оқулықтың тексті бойынша счеттардың шифрларын пайдалануға мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары бухгалтерлік есептің екі түрін журналдық-ордерлік және автоматтандырылған түрлерін қолданады.
Журналдық-ордерлік түрін есепті қол еңбегімен жүргізетін шаруашылықтар пайдаланады.
Бугалтерлік есептің автоматтандырылған түрін есепті жеке компьютерлер және басқа есептеу машиналарының көмегімен іске асыратын шаруашылықтар пайдаланады. Есептің бұл формасының регистрлары- машинограммалар, талдамалық және синтездік есептерді ұштастырады. Есептеүдің бұл түрі есептеу процесін іс жүзінде толық автоматтандыруға негізделген. Оны қолдану есеп қызметкерлерінің қол еңбегін барынша азайтып, талдау, бақылау, меншіктің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне көбірек назар аударуға мүмкіндік береді.
Орындалатын операциялар алғашқы құжаттармен хатталады. Олардың түрлері бір ізге салынған, стандартталған және автоматты өңдеуге бейімделген. Құжаттардың, бухгалтерлік есептің журналдық-ордерлік және автоматтандырылған регистрларының түрлері белгілінген тәртіп бойынша бекітілген.
Өндірістік бөлімшелерде бухгалтерлік есебі, әдеттегідей, жүргізілмейді. Бөлімшелердің бухгалтериялары алғашқы құжаттарды, материялдық игіліктердің қозғалыс жөніндегі берілген есептерді қабылдайды және жүйеге келтіреді, есептесу төлем ведомстілерін жасайды жергілік ұжымдардың және ішкі шаруашылық кооперативтерінің басқа да бөлімшелердің дербес счеттарын қабылдайды. Солардың негізінде жасаалған құжаттармен бірге жасалған дербес счеттар шаруашылықтың орталық бухгалтериясына тапсырылады. Мұнда өндірістік бөлімшелерден және сырттан түскен құжаттардың мәліметтері жинақталады да олардың негізінде есеп регистрларына жазылады. Олар бас кітапті балансты және есеп берудің барлық басқа түрлерін толтыруға негіз болады. Егер шаруашылақта есептеу автоматтандырылған болса, өндірістік бөлімшелерден түскен құжаттарды бухгалтерия тексереді, оларға тиісті кодтарды қойып топтап буады содан кейін компьютерлік қондырғыға тапсырады. Онда құжаттар өңделіп шаруашылыққа тиісті машинограммалар беріледі. Жалгерлік қатынас жағдайында материялдық игіліктерді, еңбекке ақы төлеуді, өндірісті есептеу елеулі түрде жеңілдетеді. Жалгерлік ұйымдардың басшылары барлық ресурстурды, кірістер мен шығыстарды есептеуді өздері жүргізеді. Жалға берушінің бухгалтериясына барынша шектелген ақпарат беріледі.
Есепті тиімді ұйымдастыру үшін есептеу жұмыстарында кестенің үлкен маңызы бар. Оларды қолдану құжаттар айналымын тездетуге және есептеудің сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Кестеге шаруашылықтағы есеп жұмысының барлық түрлері енуі тиіс. Алңашқы есепті, құжаттар айналымын және есеп беруді ұйымдастырғанда бухгалтерлік есептегі құжаттар және құжаттар айналымы жөніндегі Ережені басшылыққа алу қажет. Пайдаланылған құжаттар буылып кәсіпорынның архивіне өткізілуі тиіс.
Тұрақты және ұзақ уақытқа сақтау үшін іріктеп алынған іс қағаздары архивке өткізер алдында ретке келтіріледі. Оларды құрудың дұрыстығы тексеріледі, тақырыптары дәлдеп белгіленеді, іс қағазының соңында куәландырушы жазуы болуы тиіс. Онда реті қойылған беттердің саны көрсетіледі. Құжаттарды сақтауға, жоюға іріктеп алудың іс қағаздарының тізімін жасаудың тәртібі мен методикасы Бас архив басқармасының нұсқауларымен ережелерінде анықталаған.
Бхгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу үшін кәсіпорында бухгалтериялар құрылады. Оларға есеп жүргізу, есеп беруді құрастыру және қаражат тәрібінің сақталуын бақылау міндеттеледі. Бухгалтериялардың жұмыс министірліктерде, ведомостваларда, бірлестіктерде, министірліктердің бас басқармаларында және басқа басқару органдарында бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Жалпы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz