Зейнетақы қорланымының жалпы түсінігі, заңы, есептелу жүйесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 бөлім: Зейнетақы қорланымының жалпы түсінігі, заңы, есептелу жүйесі
1. 1 Зейнетақы және зейнетақы қорының түсінігі . . . 5
1. 2 Зейнетақы қоры туралы заңның зейнетақы жүйесін реттеудегі
орны . . . 7
1. 3 Зейнетақы қорының есептелуімен жүзеге асырылуы . . . 14
2 бөлім: Қазақстанның зейнетақы жүйесі: мәселелері және маңыздылығы
2. 1Зейнетақымен қамсыздандырудың қазіргі уақыттағы
ерекшеліктері . . . 21
2. 2 Зейнетақы жүйесінің дамуы мен оны жүзеге асыру қағидалары . . 24
2. 3 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің өзектілігі мен оны қолданудың өткірлігі . . . 27
Қорытынды . . . 29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 30
Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой - өрісінің қайта қалыптасуын талап етеді. Қазіргі заманғы демократиялық қоғам қалыптастыру идеясынан туындайтын, стратегиялық мақсаттарды шешу жолдарын нұсқап, отандық әрі әлемдік экономикалық проблемаларды көтере алатындай болуы қажет. Міне, осындай өзекті міндеттерді қалыптастырамыз.
Қоғамдық қатынастары жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық, рухани және басқа да қоғамдық, өмір саласын мазмұнын анықтайды.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 22 бағытында жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту саясатын айтып кеткен болатын. Мұнда Үкімет жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Неғұрлым өзекті міндеттер мыналар: Біріншіден, зейнетақылық жинақтаулардың сақталуы мен кәрілік жеткен кезде олардың жетерлік мөлшерде болуы жөнінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету. Екіншіден, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен барынша қамту.
Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1, 1 триллион теңгеден асып түсті. Бұл тұтас алғанда 2007ж қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012ж қарай 2, 5 есе, оның ішінде 2009ж. 25%, 2010ж. 25% және 2011ж. 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011ж. арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50% дейін өсіруге тиіс.
Жалпы Қазақстанда зейнетақы жүйесі 1998ж. құрылған болатын. Қазіргі таңда ең төменгі зейнетақы - 12 600 теңге, ал жоғарғысы - 26 000 теңге құрауда. Бұл көбінесе азаматтардың еңбек саласында қай бағытта істеуіне байланысты беріледі. Яғни әйел адамдар үшін зейнеткерлік жас 58, ал ер адамдар үшін 63 жас болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің дамуы және олардың ерекшеліктері туралы қарастырамыз. Яғни болашақта зейнетақы қандай болмақ және өзін - өзі басқару жүйесін қарастырып, ел экономикасына қандай деңгейде әсерін тигізетінің, әлеуметтік жағдайды қалыптастыру бағытын қарастыру болып табылады.
1 бөлім: Зейнетақы қорланымының жалпы түсінігі, заңы, есептелу жүйесі
1. 1 Зейнетақы қорының түсінігі
Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымындағы мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңы өз күшіне енді
Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады:
- ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру) ;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру) .
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату.
Міндетті зейнетақы төлемдері есебінен құрылатын зейнетақы жинағынан төленетін зейнетақы төлемдері, жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін ерікті кәсіби зейнетақы салымдарын құру ережесі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiн және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеуді жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы заң қабылданды. Бұл заңда көрсетілгендей негізгі зейнетақы мемлекеттің негізгі трансферттік төлемдерінің ішіне кіреді және мемлекеттік бюджеттің себепші факторы ретінде қалыптасқан. Зейнетақы қорының өзектілігі - бұл мемлекеттік жарна ретінде де қарастастырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 661 қаулысы
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесi;
2) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
1. 2 Зейнетақы қоры туралы заң
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзееге асыру ережесінде көрсетілген.
Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Мiндеттi және ерiктi кәсіптiк зейнетақы
жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарының төлемдерiн
жүзеге асырудың тәртiбi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi белгiленген кесте бойынша зейнетақы жинақтарын алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитетi шартының негiзiнде сақтандыру ұйымына аудару жолымен немесе зейнетақы жинақтарын алу жолымен жүзеге асырылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндетті зейнетақы жарналарының есебiнен кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген шарттар туындаған кезде жүзеге асырылады.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн Заңның 23-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында, 23-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдарға алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитетi шартының негiзiнде зейнетақы жинақтарын аударужолымен жүзеге асырады.
Зейнетақы аннуитетiнiң шарты болмаған жағдайда көрсетiлген адамдар Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа толғаннан кейiн жинақтаушы зейнетақы қорларынан кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн алады.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын алуды:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
2) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен адамдар жүзеге асырады.
5. Мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
2) облыс, Астана, Алматы қалаларының Көшi-қон полициясы басқармасы бастығының немесе басқарма бастығы орынбасарының қолымен расталған (мөр қойылмайды) тұрақты тұратын жерiне кетуi туралы "ТТВ" (тұрғын тұрақты визасы) сериясындағы Қазақстан Республикасының визасы бар азаматтығы жоқ адамның төлқұжатының немесе куәлiгiнiң көшiрмесiн және көз жеткiзу үшiн түпнұсқасын;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
6. Мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
2) азаматтығы жоқ адамның нотариалды куәландырылған (eгep нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргiзiлсе) және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, заңдастырылған төлқұжатының не куәлiгiнiң көшiрмесiн;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
7. Epікті кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті;
2) визалық мөрмен немесе облыстың (Астана, Алматы қалаларының) Көшi-қон полициясы басқармасы бастығының немесе басқарма бастығы орынбасарының қолымен куәландырылған, белгіленген үлгідегі мөртабаны бар (кету күнi мен тұратын мемлекет көрсетілген) төлқұжатының көшiрмесiн және көз жеткізу үшін төлқұжаттың түпнұсқасын;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
8. Ерiктi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтінішті;
2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңдастырылған төлқұжаттың және кету фактісін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
9. Егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен алушы осы Ереженiң 5-3-тармақтарына сәйкес кәмелетке толмаған адам болса, ата-аналары (асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаныштары) :
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адамның нотариалды куәландырылған және заңдастырылған туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
3) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адам туралы мәлiметтер бар құжаттардың нотариалды куәландырылған және заңдастырылған көшiрмелерiн;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
10. Алушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай құжаттар:
1) қайтыс болған алушының отбасы мүшелерi немесе жерлейтiн адам жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi алу үшiн:
осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;
қайтыс болған алушының отбасы мүшесiнiң немесе жерлеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
2) қайтыс болған алушының зейнетақы жинақтарын мұрагерлерi алуы үшін:
осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;
мұрагердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
мұрагерлік құқығы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылады.
11. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi почта байланысы құралдары немесе сенiм жүктелген адам арқылы берген жағдайда, алушының жеке басын куәландыратын, осы Ереженiң 5-10-тармақтарында көрсетiлген құжаттар нотариалды куәландырылады.
Егер алушы зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiшiн сенiм жүктелген адам арқылы берсе, соңғысы сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорына сенiмхаттың түпнұсқасын, өзiнiң жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi мен көз жеткiзу үшiн оның түпнұсқасын ұсынады.
12. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн осы Ережеде көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он бес күн iшiнде жүзеге асырады.
13. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерiн деректемелерi төлемдердi тағайындауға арналған өтiнiште көрсетiлетiн алушының банктiк шотына аударады. Зейнетақы жинақтарын аудару жөнiндегі банктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Мiндеттi және ерiктi кәсіптiк зейнетақы
жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын кесте бойынша
зейнетақы төлемдерi түрiнде төлеудi
жүзеге асырудың тәртiбi
14. Зейнетақы жинақтарын кесте бойынша алушы жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты;
4) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан (бұдан әрi - Орталық), зейнеткерлікке шығу негiздерiн көрсете отырып, зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы анықтаманы ұсынады.
Жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерiн почта байланысы құралдары немесе сенiм жүктелген адам арқылы жүзеге асыруға өтiнiш бергенде, алушының жеке басын куәландыратын құжат нотариалды куәландырылады.
Алушы зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi сенiм жүктелген адам арқылы берген жағдайда, соңғысы сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорына сенiмхаттың түпнұсқасын, өзiнiң жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi мен көз жеткiзу үшiн оның түпнұсқасын ұсынады.
15. Жинақтаушы зейнетақы қорлары ең төменгi зейнетақы мөлшерiн белгiлейтiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң қолданысқа енгiзiлгеннен кейiнгi бiр ай iшiнде Орталықтан жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынатын алушылардың зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерлерi туралы деректердiң негiзiнде кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық мөлшерiн жыл сайын қайта есептейдi.
16. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен төленетін кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық мөлшерi зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмiмен белгiленедi.
17. Осы Ереженiң 14-тармағында көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн он бес жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерiнiң кестесiн қамтитын және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша келiсiмдi әзiрлейдi және алушының қарауына ұсынады.
1. 3 Зейнетақы қорының есептелуі
Назар аударыңыз! өтiнiш баспа әрiптерiмен айқын толтырылады
Кiмге:
(Қордың атауы)
Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы
Өтініш
Мен,
тегi
аты
әкесiнiң аты
Жылы Айы Күнi
Туған күнi
Құжаттың түрi: Жеке басының куәлiгi Төлқұжаты
Жылы Айы Күнi
Сериясы Нөмірі
берілдi
(кім берді)
Әлеуметтiк жеке коды (ӘЖК)
N
CTH
Жеке зейнетақы шоты
__Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес еркектер - 63 жасқа, әйелдер - 58 жасқа толуына;
__Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес төтенше және жоғары радиациялық қатер аймағында тұруына;
__Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес 5 және одан да көп балалар тәрбиелеуiне;
__Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне;
__алушының қайтыс болуына (мұрагерлерiне) ;
__алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты
200___ жылғы "___" N зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес мiндетті, ерiктi кәсiптiк (
керегiнiң астын
сызу керек
) зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан
__бiржолғы;
__ай сайын;
__тоқсан сайын;
__жыл сайын
ақшаны мынадай деректемелер бойынша банктiк шотқа аудару арқылы зейнетақы төлемдерiн жүргізудi сұраймын:
(банктiң атауы, банктік шотының нөмiрi, банктiң дербес шотының
нөмiрi, БСК-i, CTH-i)
Мынадай мекен-жай бойынша тұрамын: индекс
облысы
қ-сы (кенті, ауылы)
к-ci үй N___ пәтер N
байланыс телефоны
Алушы:
(қолы)
Өтiнiш жазылған күн 200___ жылғы "___"
Өтiнiштi қабылдап алды:ж. "___"
(Қордың жауапты қызметкерінің ТАӘ, лауазымы, қолы)
Қорда тіркелді: 200___ жылғы "___" N
кесу сызығы
Алушыға
(ТАӘ)
Өтініш Қорда: 200__ жылғы "__" N тіркелді
Өтініш қабылдап алды: ж. "___"
(Қордың жауапты қызметкерiнiң ТАӘ, лауазымы, қолы)
М. О.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 4 шiлдедегi
N 661 қаулысымен
бекiтiлген
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң
мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру
әдістемесі
Осы Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесi (бұдан әрi - әдiстеме) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң
мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртiбi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорынан кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi сомасы мен мерзiмi (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленетiн төлемдер түрiнде, кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн ескере отырып жүзеге асырылады.
2. Орталықтан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақы мөлшерiне тең немесе одан көп мөлшерде зейнетақы алатын адамдарға мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы мынадай шамадан:
1) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгi зейнетақының он eкі еселенген мөлшерiнен;
2) жүз мың теңгеден;
3) осы әдiстемеге қосымшаға сәйкес зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиiстi жасындағы ағымдағы құн коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген шамадан неғұрлым жоғары мөлшерде есептеледi.
3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақыдан аз мөлшерде Орталықтан зейнетақы алатын адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақының он екi еселенген мөлшерi мен Орталықтан алушыға тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасының айырмасына тең шамадан кем емес, бiрақ осы әдiстеменiң 2-тармағының 3) тармақшасында белгiленген шамадан жоғары емес мөлшерде есептеледi.
4. Алушы, егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы жүз мың теңгеден кем болса немесе тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен кем болса (көрсетiлген шаманың қайсысы көп болуына байланысты), зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады.
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің
жылдық мөлшерін есептеуге арналған
кесте 1
Алушының жасы Ағымдағы құнның коэффициенті
45 0, 04910
46 0, 04965
47 0, 05023
48 0, 05085
49 0, 05152
50 0, 05223
51 0, 05298
52 0, 05380
53 0, 05467
54 0, 05561
55 0, 05662
56 0, 05770
57 0, 05888
58 0, 06016
59 0, 06155
60 0, 06306
61 0, 06472
62 0, 06654
63 0, 06854
64 0, 07075
65 0, 07321
66 0, 07596
67 0, 07904
68 0, 08252
69 0, 08648
70 0, 09103
71 0, 09679
72 0, 10245
73 0, 10976
74 0, 11855
75 0, 12932
76 0, 14282
77 0, 16020
78 0, 18342
79 0, 21599
80 0, 26489
81 0, 34649
82 0, 50980
83 1,
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 4 шiлдедегi
N 661 қаулысына
қосымша
03. 01. 2008 21:29
Қазақстанда 1-қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер көлемі өсті
1-қаңтардан бастап мемлекет тарапынан төленетін зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар көлемі өсті. Өсім кімдерге қатысты және олардың көлемі қалай есептеледі? Бізге оны Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары түсіндіріп берді. Зейнетақы мен басқа да әлеуметтік төлемдер көлемін арттыру мәселесі мемлекет басшысының өткен жылдың ақпан айындағы халыққа жолдауында кең ауқымда қамтылған-ды. Соған сәйкес, желтоқсан айында парламент арнайы заң қабылдап, әлеуметтік төлемдер көлемін бекітті. Азаматтар айырмашылықты осы айдан бастап, алғашқы төлемді алғанда аңғарады. Жалпы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесін шешу ісінде 2008 жылдан бастап мемлекет өз жауапкершілігін арттыра түспек. Төлемдердің бірқатары мемлекеттік сақтандыру қорынан беріледі. Бұл, біріншіден әйелдердің бала тууына және сәбиді күтуге байланысты берілетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерге байланысты. Енді осы топқа жататын әйелдер бала тууына байланысты демалысқа шыққан уақытта оның шығындарын жұмыс беруші емес, мемлекет, сақтандыру қорынан төлеп отырады.
2 бөлім: Қазақстанның зейнетақы жүйесі: оның өздігінен даму проблемалары
2. 1Зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері
Қазақстанда бұрын еңбек немесе әлеуметтік сыйақысын төлейтін тек мемлекет зейнетақымен қамтамасыз ету орын алған болса, нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жаңа жинақтаушы нысанды құру қажеттілігі туды. Алайда Қазақстанның қаржы өрісінде зейнетақылық қорлар ерекше орын алады, олар-шын мәнәнде ең ірі ішкі инвесторлар.
Зейнетақы қорларының ерекшеліктері сонда, олар зейнетақы активтерін шоғырландыра отырып, іс жүзінде республиканың бүкіл экономикасында белсенді халық болып табылатын өзінің салымшылары алдында белгілі бір көп жылдық міндеттемелерге бағдарланған. Бүгінгі күннен бастап олар келешекте екі бағытта қамтамасыз етеді:
- коммерциялық сыйақыны қамтамасыз ету себебінен зейнетақы көлемдерін арттыру;
- ұлттық экономикадағы жеке жобаларды инвестициялау;
Атап айтқанда, зейнетақы саласы жай емес өрістерден қалыптасатын, нақты шартты анықтау үшін шешімнің көптеген варианттарын және олардың ішінен ең жақсысын таңдап алуды талап ететің күрделі бір қалыпсыз жүйемен ерекшеленеді. Осы себептен-зейнетақы қызметтері нарығының қызмет ету және даму заңдылығын зерделеудің әдіснамалық негізгі күрделі жүйелер ретінде берілетін объектілер теориялық зерттеулер қағидаларының жиынтығымен сипаттталатын тек жүйелік көзқарас бола алады. Оның сөзсіз пайдасы-олар өзара байланысқан элементтер түрінде берілетін жиынтық зейнетақы қарым-қатынасының таным үдерісін айтарлықтай ықшамдау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz