Түр және түр түзілу процесі



Жоспары:
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Түр туралы ұғымның қалыптасу тарихы
2.2. Түрдің анықтамалары
2.3. Түр туралы концепциясы
а) Түр концепциясының даму тарихы. Типологиялық түр концепциясы. Номиналистік концепция (Ж.Б.Ламарк). Түр ұғымы жайлы Ч.Дарвин түсінігі.
б) Түрдің қазіргі биологиялық концепциясы. Түрдің морфологиялық концепциясы
2.4. Түрдің қазіргі кездегі критерийлері
2.5. Жаңа түрлердің түзілу процесі

ІІІ. Қорытынды

IV. Қосымша (суреттер, кестелер)

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты

Биология және география кафедрасы

Курстық жұмыс

Мамандык: Биология - 050113

Оқу тобы: Б-09-1

Тақырыбы: Түр және түр түзілу процесі

Орындаған: Баймырзаева Гүлжан

Қабылдаған: Абдраманова Гүлмира

Қызылода, 2012 ж.
Жоспары:

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Түр туралы ұғымның қалыптасу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .4-5
2.2. Түрдің
анықтамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .6-9
2.3. Түр туралы
концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-
12
а) Түр концепциясының даму тарихы. Типологиялық түр концепциясы.
Номиналистік концепция (Ж.Б.Ламарк). Түр ұғымы жайлы Ч.Дарвин
түсінігі.
б) Түрдің қазіргі биологиялық концепциясы. Түрдің морфологиялық
концепциясы
2.4. Түрдің қазіргі кездегі
критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-18
2.5. Жаңа түрлердің түзілу
процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-21

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 22

IV. Қосымша (суреттер, кестелер)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23-25

V. Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

І. Кіріспе

Түр тірі табиғаттағы организмнен жоғары өмір сүру формасы. Түрлер
сыртқы белгілер ішкі құрылысы өздерінің тіршілік ету бағыты жөнінен, демек,
орта мен зат алмасу сипаты жөнінен түрлердің бір-бірінен елеулі
айырмашылықтар бар. Органикалық табиғат түрлер деп аталатын өзінің әр алуан
құлпырған формаларымен біздің көз алдымызда жайдары көрініс беріп тұрады.
Осы көп түрлілік жайында мынадай кейбір цифрлар түсінік береді. Мысалы
зоологтар жануарлардың белгілі түрлерінің жалпы саны 1 500 000 - ға жуық
деп еспетейді. Қазіргі кездегі өсімдіктердің түрлерінің саны 500 000
жетеді. Алайда қазіргі кездегі жануарлар мен өсімдіктердің есебі әлә алынып
болған жоқ. Ғылым күн сайын жаңа органикалық формалардың сипаттамасын беріп
отыр десек өсіріп айтқан болмайды. Егер зоология мен ботаникадағы түрлермен
салыстырғанда, бактериялар мен вирустар түрлерінің зерттелу дәрежесі
әлдеқайда төмен болғандығын еске алсақ, бұл айтқанымыздың шындығы
айқындала түседі. Егер органикалық дүние формаларының даму тарихына көз
жіберсек, олардың алуан түрлілігі жайындағы ұғымымыз да бұдан кеңи түседі.
Палеонтологтардың есебінше жойылып кеткен өсімдіктердің түрлері 250 мыңға,
ал жануарлардың түрі 7 миллионға жетеді. Осы фактының өзі-ақ тірі
формалардың алуан түрлілігі ұзаққа созылған тарихи даму процесінің
нәтижесі деген пікір туғызды.
Түрдің ареалы тұтасып жатқан жағдайда көршілес екі түр тармағының
шекарасын дәл ажырату қиын, себебі мұнда интеградациялық аралық зона
болады. Бұл жерде бір географиялық раса екінші географиялық расаға сына
тәрізді өзгергіштік сияқты біртіндеп еніп жатады.
Дарвиннің түрлердің шығу тегі туралы теория құрғанына жүз жылдан артық
уақыт өтті. Бұл осы уақыттың ішінде органикалық дүниені танудың күшті
құралына айналды. Биологиялық пәндердің бүкіл даму жолы бұл теорияның
негізгі жағдайларының дұрыстығын дәлелдеді. Жаңа ашылған фактылар бұл
теорияны байытып және әрі қарай дамытып келеді. Бұл жөнінде дивергенция
процесінің бастапқы және ақырғы фазаларын айқындайтын жаңа зерттеулердің
ерекше маңызы бар. Қазіргі кездегі популяциялық экология микроэволюциялық
процестің мәнісін түсіндіруді көп жаңалықтар ендіріп отыр. Микроэволюция
дегеніміз популяциялардың ішінде жүретін және түрдің әр түрлі дәрежедегі
түр ішіндегі топтарға бөлінуіне себеп болатын эволюциялық процесс. Басқаша
айтқанда, микроэволюция популяция дәрежесінде (деңгейінде) жүретін процесс.
Жаңа түр тармақтарының пайда болу жылдамдығы жағдайлардың өзгеру
тездігіне байланысты. Егер табиғи жағдайда көл оқшауланып қана қойса,
ондағы дивергенцияланушы популяцияларда жаңа қасиеттердің қалыптасуы
бірнеше жүздеген жылға созылады, ал балықтарды бір су қоймасынан екінші
су қоймасына қолдан ауыстыру форма түзу процесін тездетеді. Каспий
теңізде апарып жібергеннен кейін бірнеше ұрпақ бойында одан майлылығы кем
тез өсетін форма пайда болады.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Түр туралы ұғымның қалыптасу тарихы

Дарвиннің түрлердің шығу тегі туралы теория құрғанына жүз жылдан
артық уақыт өтті. Бұл осы уақыттың ішінде органикалық дүниені танудың
күшті құралына айналды. Биологиялық пәндердің бүкіл даму жолында бұл
теорияның негізгі жағдайларының дұрыстығын дәлелдеді. Жаңа ашылған
фактылар бұл теорияны байытып және әрі қарай дамытып келеді. Бұл жөнінде
дивергенция процесінің бастапқы және ақырғы фазаларын айқындайтын жаңа
зерттеулердің ерекше маңызы бар. Қазіргі кездегі популяциялық экология
эволюциялық процестің мәнісін түсіндіруде көп жаңалықтар ендіріп отыр.
Микроэволюция дегеніміз популяциялардың ішінде жүретін және түрдің әр
түрлі дәрежедегі түр ішіндегі топтарға бөлінуіне себеп болатын
эволюциялық процесс.
Экологтар мен генетиктер түрлердің түзілуі микроэволюциялық
процестен басталады деген пікірге келіп отыр. Бұл процес популяцияның
ерекшелігіне және құбылмалы ортаның қасиеттеріне байланысты көптеген
себептердің әсерімен және популяциялардың әшәнде жүреді.
Түр құрылымы мен оның популяциясындағы биологиялық процестердің
күрделігіне дәлел екендігі бізге мәлім. Ықшам популяциядан бастап бастап
барлық популяциялар күрделі тіршілікте болады. Бұл күрделірек бірсыпыра
жағдайлармен:
1) популяцияның құрылымы мен әр жылдығы, маусымдағы өзгергіштігіне;
2) популяцияның генетикалық ерешеліктеріне; 3) сыртқы ортаның
әсеріне; 4) сыртқы жағдайлардың өзгерісіне популяцияның
реакциясына қарап анықталады.
Түрдің тарихи даму процесінде қалыптасқан және оның өмір сүруін
қамтамасыз ететін түр ішіндегі байланыстардың барлық формалары азды-көпті
дәрежеде сол түрге қарасты популяциялардығ бәрінде болады. Бірақ, әр
жылдарда және жылдың әр түрлі маусымындарында ол байланыстар түрліше
болуы мүмкін. Ең алдымен жеке особьтардың араларында биотикалық
байланыстар олардың онтогенезіндегі процесте заңды түрде ауысып отырады.
Осыған байланысты популяцияның құрылымы динамикалы, қозғалмалы келеді.
Мұнда особьтардың бірлесіп тіршілік ету формалары және әр түрлі
биологиялық формалардың ара қатынастары өзгеріп отырады.
Популяциядағы генетикалық процестер де күрделі. Табиғаттағы әрбір
түрдің популяциясы генотипі жөнінен алуан түрлі болып келеді. Жыныстық
жолмен көбейетін түрлердің популяциялары ғана емес, жыныссыз көбею
қабілеті бар фолрмалардың да популяциялары әр түрлі биотиптерден тұрады.
Көбею кезіндегі жыныстық процесте тұқым қулау информацияларының алмасуы
популяциялардың генетикалық алуан түрлілігін арттырады. Мутациялық және
комбинациялық өзгергіштіктегі ерекшелік тәжірибе жүзінде тұқым
қуалайтын өзгергіштікке шексіз жол ашады.
Қазіргі биологтардың көпшілігі бастапқы түрдің популяцияларының
арасынан экологиялық не физиологиялық жөнінен оқшауланып бөлініп кеткен
популяциялардан жаңа түрлер шығады деп таниды. Осы оқшау қалған
популяцияның не популяциялар тобының өкілдері сол түрдің басқа өкілдерімен
шағылысуы тоқталысымен экологиялық дивергенция басталады. Бұл жаңа түрдің
түзілуіне де осғылуы мүмкін. Мұнда олар өзара шағылысу қабілетінің болмауы
ішкі себептен бе немесе сыртқы себептен бе, биология тұрғысынан мұның мәні
бар.
Жаңа түрдің түзілуі бұрыннан бір түрдің микроэволюциялық
дифференциясының аяқталу процесі болып табылады. Осындай екендігіне, бір
политиптік түрге қарасты әр түрлі популяциялар әрқилы дәрежеде болуы
дәлел. Көптеген оқшауланған популяциялардың негізгі белгілері біріне-бірі
біркелкі ұқсас келеді, екіншілерінің аздаған айырмашылығы болады, ал үшінші
топтағы популяциялар негізгі белгілері бойынша бір-бірінен толық
ажыратылады, сондықтан бұларды дербес экологиялық немесе экологиялық
расаға бөлуге болады. Ақырында бірнеше жағдайларда морфологиясы,
генетикасы және экологиясы жөнінен расалар бір-бірінен соншалықты алшақ
келеді: алдымыздағы қатты өзгеріп кеткен раса ма, я жас түр ме деген
заңды күмән туады.
Эволюциялық процесс уақыт мерзімінде және кеңістікте жүретін
отыратындықтан бұл мәселе күрделене түседі. Осы жөнінде ең алдымен
палеонтологиялық мәліметтер куә болады, мұнда жаңа түрлердің қалыптасуына
әкеп соғатын екі түрлі құбылыс анықталады.
Бірінде бастапқы түр өзінің ареалын өзгертпейді, бірақ оны мекендеген
территориясындағы тіршілік жағдайларына елеулі өзгеріс енеді. Өзгерген
климаттық және басқа факторлардың ұзаққа созылған әсерлері сұрыптауды
жаңа жолға түсіреді. Ең ақырында осының нәтижесінде жаңа органикалық форма
қалыптасады.
Екіншісінде, тіршілік жағдайының өзгеруі түрдің жаңа территорияны
иеленуімен байланысты. Бұл уақыт мерзімі бойынша кеңістікте күрделі
дифференциация тууына алғы себеп болады.
Жылқы тұқымдасындағы түрдің түзілу тарихы осы жағдайларды бекітетін
тамаша мысал болады. В. О. Ковалевский осы жылқының тарихын мысал ете
отырып палеонтологияға тарихи әдіс енгізді. Оның, жылқылардың қазба
формаларына жасаған филогениялық талдауы өзінше бір керемет шеберлік.
Мұнда, ол жылқылар тобының тарихи дамуы ортаның өзгеруімен тығыз
байланысты екендігін дәлелдеп берді. Қазіргі кезде, палеонтологтардың
зерттеулерінің арқасында осы заманғы жылқының ата-тегі жайында
мәліметтер соншалықты көбейді, осыларға сүйеніп жылқылардың филогениялық
дамуын біршама толық көрсете аламыз.

2.2. Түрдің анықтамалары

Түр өз ареалының көлеміндегі территорияны тұтас иемденбейді,
тек өзінің тіршілігіне қолайлы белгілі участоктарды ғана жайлайды. Мысалы,
жануарлардың ағаш өсімдіктеріне байланысты түрлері өз ареалы көлеміндегі
орман участкаларын ғана, ал шалғындық түрлер шалғындық ассоциацияларын ғана
мекен етеді. Осыған байланысты түрдің особьтары өз аймағының көлемінде
бытырап тарап кетеді. Жеке территориялық топтар – популяциялар пайда
болады.
Популяция деген терминді 1903 жылы генетикаға бірінші рет В.
Иогансен енгізді. Ол мұны генетика жөнінен әр текті особьтар тобын белгілеу
үшін пайдаланылады. Кейінірек бұл терминнің бастапқы мағынасы өзгертіліп,
экологияда кең пайдаланылды. Қазіргі кезде популяция – нақтылы
территорияға байланысты, бір түрдің табиғи кеңістік особьтарының тобы
мағынасында ұғынылады. Популяция әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Бұған
дейін қандай да бір жан-жағы шектелген ықшам территорияда, мысалы,
белгілі бір орманда мекендеуші жергілікті немесе ықшам популяция туралы
сөз қылды. Бұдан басқа, экологиялық және географиялық популяциялар болады.

Экологиялық популяция дегеніміз - экология жөнінен біркелкі
жағдайлы участоктармен байланысты жергілікті популяциялардың жиынтығы.
Мысалы, бір түрдің особьтары шыршалы ормандарда да, сондай-ақ қарағайлы
ормандарда да, сондай-ақ қарағайлы ормандарда да мекендейді. Мұнда біз екі
экологиялық популяция – шыршалық және қарағайлық популяция бар деп айта
аламыз.
Географиялық популяция белгілі географиялық шектерде кездесетін
жергілікті ықшам популяциялардың жиынтығын көрсету үшін кең мағынада
қолданылады. Демек географиялық популяция экологиялық популяцияларға
бөлінеді, ал бұлардың өзі ықшам (жергілікті) популяцияларға бқлінеді.
Сөйтіп бір-біріне туынды әр түрлі дәрежедегі популяциялардың сатылары
пайда болды.
Линнейдің бастап алғашқы систематиктер бір түрдің ареалындағы
соған қарасты особьтардың бәрінің сыртқы және ішкі құрылыстары ұқсас, бұл
жөнінде оларда елеусіз айырмашылықтар ғана болуы мүмкін деп санаған
болатын. Қазіргі кезде бұл жағдайды аздаған түрлерге ғана қолдануға
болатындығы белгілі болып отыр. Осындай морфологиялық белгілері жөнінен
болар-болмас айырмашлығы бар географиялық популяциялардан тұратын түрлер
монотипті түр делінеді. Әдетте мұндай түрлердің ареалы тар және оның барлық
жеріндегі тіршілік жағдайы біршама ұқсас болып келеді. Бұған шегірткелердің
Conophyma туысына қарасты биік таулық түрлері мысал болады. Бұлардың
ареалдары Орта Азияның биік тау жоталарымен шектелген. Жануарлар мен
өсімдік түрлерінің көбісі раса деп аталатын үлкен топтарға бөлінеді.
Рассаларға басқа түрлердегі популяциялардан морфологиясы жөнінен жақсы
ажыратылатын сол түрдің географиялық немесе экологиялық популяцияларының
топтары енеді. Расаларға жіктелетін осындай түрлер политиптік түрлер
делінеді. Политиптік түрден бөлінетін расалар үш бейнеде болуы мүмкін: 1)
түр тармағы; 2) экотип; 3) биологиялық раса.
Түр тармағы немесе географиялық раса дегеніміз - географиялық
орны оқшау және тұрақты морфологиялық белгілері жөнінен аджыратылатын
географиялық популяциялардың жиынтығы. Бұл анықтамадан әрбір түр тармағына
тән нақтылы морфологиялық белгілері және ареалы болатындығы көрінеді.
Сонымен қатар бір түрге қарасты түр тармақтарының араласқан жерінде әрқашан
аралық формалар кездеседі. Табиғаттағы түр тармақтары әр уақытта өзара
шағылысып, өсімтал ұрпақ беріп отырады. Демек, бұлардың араларында
физиологиялық және генетикалық оқшаулық жоқ.
Әдетте ареалы көлемді түрлер көптеген түр тармақтарына бөлінеді.
Мысалы, совет одағынығ территориясындағы кәдімгі тиіннің 22 түр тармағы
бар. Толып жатқан популяциялар ішінен әрбір түр тармақ реңіне қарай
ажыратылады, оның көптеген даналарын салыстырғанда ғана айырмашылық айқын
көрінеді.
Сонымен қатар көршілес екі түр тармақтарының араларында әрқашан
аралық белгілері бар особьтар кезедеседі.
Түрдің ареалы тұтасып жатқан жағдайда көршілес екі түр
тармағының шекарасын дәл ажырату қиын, себебі мұнда интеградациялық аралық
зона болады. Бұл жерде бір географиялық раса екінші географиялық расаға
сына тәрізді өзгергіштік сияқты біртіндеп еніп жатады.
Басқа жағдайлардан түр тармақтық ареалдар біршама дәл
ажыратылады, бұл түр ареалының табиғи бөлшектенуінен байқалады. Бұған
теңбіл торғай Monarsha castaneoventris мысал болады. Бұл түр Соломон
аралдарында мекендейді. Бұл бірнеше географиялық расалар құрап отырып,
әрбір расаның бір не бірнеше аралдар көлемінде меншікті ареалы болады.
Бұлардың екі формаларын ғана (castaneoventris және megarhuncha) реңі
ұқсас, қалғандарының қораздары қауырсындарының әшекейлә түсті мәнерлерінде
айырмашылық бар. Сонымен қатар қай түр тармағының популяциясында болса да
басқа түр тармақтарына тән белгілері бар особьтар кездеседі. Сөйтіп түр
тармақтарының араладары бір-біріне түйісіп жатпасада, жеке популяциялар да
географиялық расаларды біртұтас системаға байланыстырушы аралық формалар
әрқашан болып отырады.
Экотип немесе экологиялық раса – тұрақты морфологиялық және
биологиялық белгілері бар және ареалының көлемінде белгілі орын тепкен
эколгиялық популяциялардың жиынтығы. Осыған орай экологиялық расалар бір
географиялық орында кездесуі мүмкін, бірақ олар әр түрлі географиялық
жағдайларда мекендейді. Экотиптер өсімдіктерде сипатталған. Мұның мысалдары
жоғарыда беріліп кетті.
Биологиялық раса немесе иелі раса – паразиттік формалардың
арасында кездесетін белгілі иелерінде мекендеуге бейімделген
популяциялардың оқшау жиынтығы. Жануарлар мен өсімдіктердің барлық
паразиттік топтарында биологиялық расалар пайда болатыны көптен мәлім.
Бұлар насекомдарда жақсы зерттелген. Мысалы, жапырақжегіде Lochmaea
capreae екі раса бар, мұның біреуі талдарда, екінші қайыңда мекендейді.
Қызылша шыбынында, алабота өсімдіктерінде және алқа тұқымдастарында
мекендейтін екі расасы болатындығын дәлелдейді.
Табиғатта түрдің расаларға бөлінуі және түр көлемінде әр түрлі
дәрежедегі популяцияларға бөлінуі түр құрылымының өте күрделі екендігін
көрсетеді. Жинақталған бейнеде бұл құрылымды мына схема түрінде көрсетуге
болады:

Түр

Расалар

Географиялық популяциялар

Экологиялық популяциялар

Ықшам популяциялар

Бұл схема шартты түрде беріліп отыр. Түрді жекелеп алғанда,
сол түрдің ерекшеліктеріне және оның особьтары мекендеген сыртқы ортаның
алуан түрлі жағдайларына байланысты бұл схема түрліше болып шығады. Түрді
құраушы популяциялардың құрылымының өзі күрделі. Бұл, түр таралған аймақ
көлемінде олардың ортаны меңгеруін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты
түрдің құрылымы да күрделене түседі.
Популяцияның құрылымы ең алдымен:
1) бірлесіп тіршілік етуші особьтардың түрге тән ерекшеліктеріне,
2) нақтылы биологиялық формалардың ара қатынасына және 3)
генетикалық топтардың болуына қарап анықталады.
Популяциялардағы индивудумдардың бірлесіп тіршілік ету
формалары олардың тіршілік ету жағдайларына (семьялы, колониялы топ түзеу
немесе уақытша шоғырлану) байланысты. Жылдың әр маусымында бұл формалар
әрбір түрдің ерекшелігіне байланысты ауысып отыруы мүмкін.
Популяциялардың биологиялық формаларын жасына, жынысына
(еркек, ұрғашы, гермофродит, партеногенздік особьтар) қарап, сондай-ақ
функциялық, фазалық және маусымдық формалар түрінде өрсетуге болады.
Жануарлардың әр түрлі топтарында биологиялық формалардың пайда болуының
түрліше жолының мысалдары жоғарыдағы түр ішіндегі қарым-қатынастарды
талдауда берілген.
Популяцияда генетикалық топтардың болуы түрдің көбею сипатына
байланысты. Жыныстық жолмен көбейетін түрлердің популяциялардың түрлері
биотиптерге бөлінеді. Биотип дегеніміз генотипі бірдей особьтардың тобы.
Популяциядағы биотиптер саны нұғұрлым көп болса, соғұрлым онда полиморфизм
айқын көріністі болады, себебі айқаспалы ұрықтанатын особьтардың будандары
гетерозиготалы болып келеді.
Өзін-өзі ұрықтандыратын формалардағы популяцияда әр түрлі
биотиптерден құралады. Бірақ мұның құрамындағы организмдер гомозиготалы
болады. Бұлар тек бір түрлі гаметалар түзеді. Сондықтан өздігінен
тозаңданатын өсімдіктердің популяциясында таза линилар дамиды. Бұл терминді
генетикаға енгізген В. Иогансен. Бір гомозоталы особьтан өрбіген, ұдайы
өздігінен тозаңданатын индивидумдардың жиынтығы таза линия делінеді.
Бұршақ, бидай, арпа, сұлы сияқты өздігінен тозаңданатын
өсімдіктерді зерттеу, бұл түрлердің көбі таза линиялардан тұратындығын
көрсетті. Бұлардың сыртқы белгілері ұқсас болуы мүмкін, бірақ физиологиялық
қасиеттерінде (ерте пісетін, қысқа төзімділік, ауруға шалдықпаушылық,
т.с.с.) айырмашылықтар болады.
Сөйтіп әрбір популяцияның өзіне тән күрделі құрылымы болады,
оны мына схема түрінде көрсетуге болады:

Популяцияның құрылымы


Особьтардың бірлесіп Биологиялық формалар Генотиптік топтар
тіршілік ететін түрлері

Жеке тіршілік қалпы Жасына қарай Биотиптер

Семьялар Жыныстық Таза линиялар

Колониялар Функциялық

Үйірлер (кулигалар) Фазалық

Топтар Маусымдық

Уақытша шоғырлар

2.3. Түр туралы концепциясы.

Органикалық табиғат түрлер деп аталатын өзінің әр алуан құлпырған
формаларымен біздің көз алдымызда жайдары көрініс беріп тұрады. Осы көп
түрлілік жайында мынадай кейбір цифрлар түсінік береді. Мысалы зоологтар
жануарлардың белгілі түрлерінің жалпы саны 1 500 000 - ға жуық деп
еспетейді. Қазіргі кездегі өсімдіктердің түрлерінің саны 500 000 жетеді.
Алайда қазіргі кездегі жануарлар мен өсімдіктердің есебі әлә алынып болған
жоқ. Ғылым күн сайын жаңа органикалық формалардың сипаттамасын беріп отыр
десек өсіріп айтқан болмайды. Егер зоология мен ботаникадағы түрлермен
салыстырғанда, бактериялар мен вирустар түрлерінің зерттелу дәрежесі
әлдеқайда төмен болғандығын еске алсақ, бұл айтқанымыздың шындығы
айқындала түседі. Егер органикалық дүние формаларының даму тарихына көз
жіберсек, олардың алуан түрлілігі жайындағы ұғымымыз да бұдан кеңи түседі.
Палеонтологтардың есебінше жойылып кеткен өсімдіктердің түрлері 250 мыңға,
ал жануарлардың түрі 7 миллионға жетеді. Осы фактының өзі-ақ тірі
формалардың алуан түрлілігі ұзаққа созылған тарихи даму процесінің
нәтижесі деген пікір туғызды.
Ғылыми әдебиете 250 жылдан бері органикалық формаларға түр (species)
деген термин қолданылып келеді. XVII және XVIII ғасырлардың аралығында
бұл терминді Джон Рей (1686 – 1704) өзінің Historia plantarum атты
негізгі еңбегінде қолданды. К. Линней есімімен байланысты бинарлы
номенклатура қалыптасуымен бұл термин түпкілікті бекіді. Онда Линней
түрлерді Құдай жаратқан деген ұғымда болды. Линнейше, бұл формалр өсіп-өну
заңы бойынша, әрқашан өзі тәріздес ұрпақ беріп көбейіп отырады. Демкк,
түрлердің табиғаты өзгерген жоқ және өзгермей келеді. Сөйтіп, Линней және
одан кейінгі басқа креационистер түрлерді реалды тіршілік етуші тұрақты
формалар деп таныды.
Ж. Б. Ламарк та өзінің ғылыми қызметінің бастапқы кезеңдерінде осыған
жуық көзқараста болды. Ол 1786 жылғы француздың методикалық
энциклопедиясындағы Түр деген арнаулы мақаласында жануарлардығ да,
өсімдіктердің де түрі өзара ұқсас особьтардың жиынтығынан тұрады, бқлар
өсіп өнгенде де сондай болып қалып отырады, деп жазды. Бірақ одан былай
эолюциялық идеяны қалыптастыру арқылы Ламарк түр реалды емес деген
қорытындыға келді. Ол Зоология философиясында түрдің реалдылығы жайындағы
көзқарасты сынайды. Оның жаңа көзқарасы түр деген ұғымның өзінде
өзгермейтін деген құпия ұғым жатыр деп қарайды. Жануарлар мен өсімдіктерді
классификациялауымыз әрқашан жасанды бейнеде, оны адам табиғатқа енгізіп
отыр. Шындығында, табиғат өзінің туындыларында (пенделерінде) тұрақты
кластарды да, түрлерді де жасаған емес. Табиғат тек особьтарды ғана
жаратты, бұлар біртіндеп бірін-бірі ауыстырып отырды және бұлар өзі шыққан
особьтармен біршама ұқсас болып келеді. Сөйтіп, Ламаркша, органикалық
дүниені кеңістікте және уақыт мерзіміндегі тарихи даму процесс тұрғысынан
қарасақ, ол әртүрлі дәрежеде туыстық жөнінен өзара байланысты көптеген
индивидумдардың жиынтығы болып келеді. Мұндағы Ламарктығ негізгі қатесі, ол
түрлер тұрақты емес деп танумен қатар, тарихи даму процесінің белгілі бір
кезегінде түрлердің шын мәнінде болатынын да мойындамайды, бұл екеуін бір
мағынада деп санайды.
Дарвиннің Түрлер тегі деген еңбегінде түр туралы берген ұғымында
жоғарыдағы аталған концепцияға формальды ұқсастық бар. Мұнда ол былай деп
жазды. Мен түр деген терминді бір-біріне ұқсастығы мол особьтар тобын
белгілеуге қолайлы болғандықтан әншейін ойдан алына салған атау деп
санамаймын, ал мұнда өзінің белгілері едәуір толқымалы және айырмашылығы
ондай көп емес формаларды белгілейтін түрше деген терминнен елеулі айырма
жоқ. Сол сияқты түрше деген терминде жай жеке айырмашылықтарды салыстыруда
қолайлы болғандықтан қолданылады. Бұл сөз Дарвин контекстен оқшау түр,
бірақ бұл түр мәселесіндегі позициясының бұрмалануына әоденеше рет себеп
болды. Шынында, бұл тұжырымды формулировканы сөзбе сөз түсіндіру түрдің
реалды өмір сүруін мойындамауға соқтырады, ал бұл, түрлердің шығу процесін
зерттеген Дарвиннің өз концепциясына қайшы келеді. Бұл жайында академик В.
Л. Комаров Ч. Дарвин түр туралы жете ойланылған ілім береді. Оның
баяндауында табиғаттық тарихи түр деген не? деген мәселеге өз заманында
тұжырымды жауап алады деп жазды.
Дарвин үшін қазіргі кезде табиғатта жануарлар мен өсімдіктердің
түрлері реалды өмір сүре ме деген мәселені талқылау басты мәселе
болмайтын. Оның негізгі мақсаты табиғатта әрқашан өз қалпында өзгеріссіз
тұрған нақтылы категория ретінде түр жоқ деп дәлелдеу болатын. Бұл мәселе
Ч. Дарвин еңбектерінде шешілді. Ол Қозғалыстағы түр жайында, өалыптасу
процесіндегі түр жайында ілім құрды. Осы ілімге сәйкес түр – тарихи құбылыс
болып танылады. Ол пайда болады, дамиды, толық даму шегіне жетеді, одан
кейін тіршілік жағдайлары өзгерген кезде басқа түрлерге орын беріп жойылып
кетеді, немесе өзі өзгеріп жаңа формаларға бастама болады. Өзінің осы
концепциясына сүйеніп, Агассицтің теріс сынын талдай келіп, бір хатында
Дарвин қазір түрлердің уақытша өмір сүретіне күмәнданатын кісі бола қояр ма
екен деп жазды.
Дарвин ілімінің осы жағын одан былай К. А. Тимирязев Биологиядағы
тарихи әдіс еңбегінде дамытты. Ондағы Тимирязевтің негізгі пікірі
мынандай. Біз органикалық дүниені белгілі қашықтықтан қарасақ, ол бізге
органикалық формалардың тізбегі бейнесінде көрінеді. Ал біз жақындап келіп
қарасақ, бұл тұтас тізбек емес екендігін тек тізбек бейнелес орналасып
жатқанын, бір-бірімен жіктесіп бекімеген буындардан тұрғанын көреміз.
Органикалық тізбектің осы бөлек-бөлек буындары дегеніміз түрлер. Түрлер –
бір-біріне тікелей жанаспайтын формалар, ал бұл класссификация құруда
біздің сүйенетін фактымыз. Қазіргі тіршілік етіп жүрген организмдер
формаларын шолып өткенімізде жағдай осылай; ал, органикалық табиғатты уақыт
мерзімінде тарихи даму тұрғысынан қарасақ, ол басқаша көріністе болып
шығады. Мұнда біз бұрыңғы формалармен байланысты дамып келе жатқан,
түрлермен кездесеміз. Осы концепция Тимирязевті мынадай қорытындыға
келтіреді. Сонымен, біздің табиғаттағы тарихи түр дегеніміз – одағай ұғым
ба немесе факты ма? – деп басында қойған сұрағымызға, сірә, осы сөзбен
байланысты, екі мағынасына лайықты екі түрлі жауап беруге тиісітіміз.
Табиғатта категория ретінде дәл кесінді әрқашан өзінің бастапқы қалпында
тұрған өзгермейтін түр жоқ, бұған керісінше айту схоластиктердің –
реалистердің көне қатесін қайталау болар еді. Бірақ, осымен қатар және
бұл тұжырымға мүлдем байланыссыз, осы кездегі біздің көріп жүрген
түрлеріміз – олардың реалды өмір сүруі деп мойындауға тиісітіміз.
Түрлер тарихи даму процесінде пайда болып отыратын, тірі материяның
реалды өмір сүруші формалары дегн осы көзқарасты қазіргі кезде көпшілік
қабылдап отыр. Түр тірі табиғаттағы организмнен жоғары өмір сүру формасы.
Түрлер сыртқы белгілер ішкі құрылысы өздерінің тіршілік ету бағыты жөнінен,
демек, орта мен зат алмасу сипаты жөнінен түрлердің бір-бірінен елеулі
айырмашылықтар бар. Әр түрдің өзіне ән ареалы болады, онда ол өзінің
экологиялық ерекшеліктеріне лайықты орындарды иемденеді. Түр тірі
материяның дамуындағы белгілі бір буыны (кезең), ол табиғи сұрыптау
процесінде иеленген оқшаулайтын механизмдері болуының нәтижесінде басқа
түрлерден едәуір бөлек оқшау тұрады. Табиғаттағы түр ортақ негіздеп
таралған ұрпақтардың жиынтығы. Түр ішіндегі особьтардың араларындағы қарым-
қатынас күрделі сипатта, әрбір түрге тән оның өзінше ерекшеліктері бар.

2.4. Түрдің қазіргі кездегі критерийлері

Түр систематикадағы негізгі таксономиялық бірлік болып саналады.
Осыған байланысты жануарлар мен өсімдіктердің кез келген топтарын
классификациялауда биологтардың қолданатын түр критерийлерін дәлелдеу қажет
болады. Әйгілі систематик энтомолог А. П. Семенов-Тянь-Шаньскийдің 1910
жылы жарияланған Түрдің таксономиялық принциптері мен оны бөлшектеу.
Төменгі таксономиялық бірліктерді дәл категориялау тәжірибесі атты
еңбегінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Түрдің анықтамалар
Эволюциялык идеялар
Жамбыл ауданының аймақтық экологиялық жағдайы
Топырақ диагностикасы
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Бұлттардың түрлері
Топырақтың химиялық қасиеттері
Ұнның газ түзілу қабілеті
Пәндер