«Айқын» басылымы: тақырып және талғам
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.7 бет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I Тарау. «Айқын» газеті қазақ ақпарат кеңістігінде
1.1. «Айқын» газетінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ...8.15 бет
1.2. Басылым материалдарының
жанрлық жіктемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.29 бет
II Тарау. «Айқын» басылымы: тақырып және талғам
2.1. Талдамалық жанрлардың
жазуындағы шеберлік мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30.39 бет
2.2. Талдамалық материалдардың
актуальды тақырыптары ... ... ... ... ... ., ... ... ... ... ... ... ... 40.46 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47.50 бет
СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51.52 бет
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53 бет

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-7
бет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I Тарау. Айқын газеті қазақ ақпарат кеңістігінде
1.1. Айқын газетінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ...8-15 бет
1.2. Басылым материалдарының
жанрлық
жіктемесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .15 -29
бет
II Тарау. Айқын басылымы: тақырып және талғам
2.1. Талдамалық жанрлардың
жазуындағы шеберлік мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30-
39 бет
2.2. Талдамалық материалдардың
актуальды
тақырыптары ... ... ... ... ... .,.. ... ... ... ... ... ... ..40-46 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...47-50 бет
СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 51-52
бет
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..53 бет
КІРІСПЕ
Қазақстан – болашағы бекем, елдік үміттері асқақ жас мемлекет. Қазіргі
жаңару-жаңғыру дәуірінің жарқын мұраттарының бірі – азат реңді, өршіл рухты
қазақ халқының әлемдік дидарын қалыптастыру, жаһандану заманынан алар өз
орнын, енші-үлесін айқындау болып отырғаны шындық. Әрине, бұл мәселенің оң
шешім таппағы бағыты дұрыс, ұстанған бағыты елдік мұратпен қабысып жатқан
ақпарат құралдарына тікелей байланысты. Бүгінгі күннің талассыз ақиқаты –
осы.
90-жылдардың басында барлық посткеңестік елдің ақпараттық корпусында
жекеменшік, тәуелсіз басылымдар өмірге келе бастады. Біздің Қазақстан БАҚ-
тары да бұл өзгерісті бастан кешірді. Осы науқан аясында жаппай ашылған
жекеменшік газеттердің біразы көп кешікпей қайта жабылып, қоғамның
баспасөзге деген сеніміне секем түсіре бастады. Уақыт өте келе, елімізде
тәуелсіз баспасөздің де өзіндік бей-бейнесі қалыптасып, ақпарат рыногында
ұстанымы айқын, шындықты айта білетін, шығармашылық ұжымының кәсіби білігі
жоғары басылымдар сұрыпталып шықты. Осының нәтижесінде тәуелсіз
басылымдардың өмір сүру формасы мен өзіндік заңдылықтары екшелді. Айқын
басылымы отандық тәуелсіз басылымдардың алғашқы сүріну сабақтарын
қадағалап, өзіндік бедерін жанып, айтар ойы, төл бейнесі бар басылым
ретінде оқырманымен қауышты.
Айқын газетінің тарихы 2004-жылдың 6 наурызынан басталды. Дәл осы
күннен бастап қазақ ақпарат кеңістігіне жаңа леппен, тың серпінмен қосылған
басылым өз оқырмандары үшін, қоғамдағы төл мәртебесі үшін де күресін
бастады деуге болады. Бүгінде Айқын үш жылдан астам уақыттан бері шығып
келе жатқан, ақпаратты мүмкіндігінше жедел, объективті етіп беруге
талпынатын басылым ретінде танылып үлгерді. Газет бетінде айтылған сүбелі
ойлар қоғам пікірін тәрбиелеу, қалыптастыру үдерісіне аз-кем үлес қосты.
Демек, осы уақыт аралығында газеттің айдарлары, беттері, жанрлық табиғаты
айқындалып, шағын зерттеуге нысан боларлық шығармашылық асуды бағындырды.
Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай
керек болса, халыққа газет сондай керек. ...газет – халықтың даушысы.
Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар – деген нақыл бар.
Бұзуға құдыреті жеткен сөздің, түзеуге де құдыреті келеді. Сөз – қару, мұны
бұзуға жұмсасақ бұзады, түзеуге жұмсасақ түзейді. Сөзін жұртты түзеуге
жұмсап отырған жұрттың, өзі түзелуге бет алғанын көріп отырмыз. [1] Бұл –
ғасыр басындағы ұлт баспасөзі қарлығаштарының бірі – Қазақ газетінде
жарияланған Ахмет Байтұрсын-ұлының ізашар мақаласында айтылған аталы сөз.
Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, газеттің міндетін Ахмет атамыздан асырып
ешкім айта алмады. Ендеше қазір шығып жатқан қай газет болмасын халықтың
даушысына айналып, тастаған ойы, жазған сөзі жұртты түзеуге жұмсалуы керек.
Сонда ғана қазақ мықты ұлтқа айналмақ. Бітіру жұмысын жазарда, зерттеу
нысаны етіп алған Айқын газетін осы тұрғыдан қарастыруға, осы биіктен
бағалауға бел байладық.
Бітіру жұмысының тақырыбы – Айқын газетіндегі талдамалық жанрлар
табиғаты. Олай болса, баспасөз теориясындағы ең басты категориясы – жанрлар
жүйесіне аз аялдайық. Журналист өз шығармасын жазар алдында, жанрлар
палитрасы ішінен, өзегіндегі ойын жеткізудің ең оңтайлы деген пошымын
таңдап алып, әрі қарай ой-жүйесін сол қалыпқа сыйдыруға талпынады. Мұнда
журналист жанрлардың өзара байланысу тәртібін, жанр жүйесінің құбылу
заңдылығын, жанрлық трансформация себептерін бес саусақтай білуі тиіс.
Сонда ғана оның мақала дегені – мақала, репортажы – репортаж болып шығады.
М. Бахтиннің жанр – бір мезетте бірнеше сипатта көріне алады. Ол бүгін
өмір сүре отырып, кешегісін естен шығармайды [2] дегенін ескерсек,
жанрлардың пішіндік, мазмұндық аспектіде жаңғырып отырғаны, жанрлар
жүйесінің жаңа жанрлармен толысып жатқаны – заңды құбылыс. Әлеуметтік-
экономикалық және саяси өзгерістер қоғам өмірінің шарайнасы – баспасөз
жанрларының да өзгеруіне әкелді. Жанрлар қашан да жалпылама ережеге
бағынады, қандай да бір жанрдың дайын мәзіріжоқ. Сол себепті шығарманың
жанры автор идеясы қағаз бетіне түскенде барып анықталады. Осы тұста
автордың дара стилі де маңызға ие. Онсыз жанрлық форма әсем кескінінен
айырылады. Айқын газетіндегі Роза Рақымқызы, Талғат Батырхан, Амангелді
Сейтақ, Айхан Шәріп, Бауыржан Омарұлы, Төреғали Тәшен сынды өзіндік
қолтаңбасы қалыптасқан, тіпті жеке шығармашылық зертханасы бар
журналистердің қаламынан туған мақалаларда авторлық стиль анық байқалады.
Баспасөз теориясын зерттеуші ресейлік ғалымдар мерзімді баспасөздегі жаңа
жанрлар легін, олардың пайда болуының тарихи алғышарттарын, кейбір
жанрлардың газет бетінен сирек көрінуінің себептерін салмақты дәлелдермен
түсіндірген. Ол жөнінде жұмыс барысында кеңінен тоқталамыз. Жалпы жанрлар
эволюциясы деген күрделі ұғымды біз жеке тақырып атауы етіп алып, сол
арқылы бүгінгі баспасөздегі ілгерілеу мен ілкілістерді ашып көрсетуге
тырыстық.
Тақырыпты Айқын газетіндегі талдамалық жанрлар табиғаты деп алудағы
мақсат – ақпараттық басылым ретінде қалыптасқан газет бетінде талдамалық
жанрдағы материалдардың жазылу шеберлігін, мақалалары мен
корреспонденцияларының көтерген тақырыптарын және талдамалық жанрлардың
даму, жетілу тенденциясын осы газет мысалында белгілеу.
Жұмыс барысында кеңінен қарастырылған дерек көздері ретінде
В.Ворошиловтың Журналистикасын, Н. Ким Жанры современной печати,
қазіргі қазақстандық ақпарат айдынын негізге алған, практик-журналистердің
ғылыми мақалаларынан тұратын Практическая журналистика Казахстана,
Н. Омашевтың Ақпарат әлемі қос томдығын, кеңестік дәуірдегі баспасөз
жанрларын зерттеген қазақ ғалымдары Тауман Амандосовтың Қазақ Совет
баспасөзінің жанрлары, Т. Қожакеевтың Жас тілшілер серігі еңбектерін
атауға болады. Кітаптар өз алдына, ал дәл қазіргі баспасөздегі жанрлық
мәселелерді көтеруде актуальдылық тұрғысынан алғанда ғылыми мақалалардың
берері мол. Жұмыста ресейлік авторлардан А. Тертычный,
Я. Засурскийдің, қазақ авторларынан Н. Омашев, К. Қамзин, Б. Жақып, Қ.
Сақ, С. Қозыбаевтың мақалалары кеңінен қолданылды.
Бітіру жұмысы тақырыбының ғылыми өзектілігіне келсек, біріншіден,
Айқын басылымы, таралымына қарағанда оқырман аудиториясы кең болғанымен,
әлі күнге дейін ірі зерттеулер нысаны бола қойған жоқ, оның жұмысын
теориялық тұрғыда бағалау қажеттігі өзінен-өзі сұранып тұр. Ал екіншіден,
талдамалы жанрлар – бүгінгі баспасөз материалдарының ең басты көрініс табу
формасы болғандықтан, оның дәл қазіргі күндегі дамуын Айқын мақалалары
арқылы көрсету қазақ баспасөзінің жалпы даму заңдылығының бір көрсеткіші
іспетті.
Бір ескерте кетерлігі, газет жарияланымдарын, әдетте, бәріміз мақала
деген деген жалпы атаумен атаймыз. Ал талдамалы жанрлар жүйесінде мақала
жеке жанр болғандықтан, шатаспас үшін жұмыс барысында газет жарияланымдарын
материал деген ортақ атаумен атаймыз.
Жұмыстың зерттеу нысаны – Айқын басылымының 2004, 2005, 2006, 2007
жылдары жарық көрген сандары. Әсіресе, талдамалық жанрдағы материалдардың
берілу пропорциясын анықтау үшін газеттің тұтас айлық тігінділері қаралды.
Жұмыста қолданылған әдістемесі ретінде салыстыру және әлеуметтану
ғылымынан белгілі сауалнама кеңінен қолданылды. Газеттің 100 оқырманы
арасында сауалнама жүргізу арқылы біз газеттегі талдамалық мақаларға (тілі,
стилі, мазмұны, идеясына) қатысты пікірлерін жұптап, газетке қатысты ортақ
талаптарды анықтадық.
Сондай-ақ біз Айқынның редакциялық ұжымымен байланысып, ондағы
редакциялық менеджменттің принциптерін бағамдап, басылымға қатысты
түсініксіз көп жайттың басын ашып алдық. Аталған зерттеу шараларының
қорытындысын жұмыстың негізгі бөліміне енгіздік.
Бітіру жұмысының құрлымы: жұмыс үлкен екі тараудан тұрады. Әр тарау өз
кезегінде екі-үш тақырыпшаға бөлінген. І тарау: Айқын газеті қазақ
ақпарат кеңістігінде, II тарау: Айқын басылымы: тақырып және талғам деп
аталады. Күрделі ізденістер осы негізгі бөлімде қамтылған. Олардан өзге
жұмысымыз тиісінше кіріспе және ойды тиянақтайтын, тоқтамдар мен
тұжырымдарымдарды түйіндейтін қорытындыдан тұрады.
Ғылыми еңбектің дәл осылай құрылуы тақырыпты барынша ашуға септігін
тигізеді деп ойлаймыз.
Айқын алғашқы күннен бері А2 форматында жарық көруде. Өткен 2006-
жылдың басынан бері тысқы безендірілуі өзгерді. Газетке 2006 жылдың мамыр
айына дейін белгілі журналист Серік Жанболат редакторлық етіп келсе, одан
бері қарай Айқынның бас редакторы – Бауыржан Омар.

1. Айқын газетінің жалпы сипаттамасы
2006-жылы газет ұжымы журналистикадағы үлкен ізденістері үшін
Журналистика Академиясы тағайындаған Алтын жұлдызды иеленген болатын. Осы
жиында белгілі публицист, ғалым Намазалы Омашев: Алтын жұлдыз алып жатқан
Айқынның айқын келбеті бар. Маған газетте айтылатын ойдың барлығын
тақырыпқа шығаратыны ұнайды. Барлық дамыған елде солай. Төңкерілген
пирамида секілді. Бұл дегеніңіз не деген сөз? Ол – айтатын ойды ә
дегеннен бастау. Біздің бұрыннан келе жатқан журналистикада тақырыпқа
біртіндеп-біртіндеп келетін. Ал Айқын бірден бастайтын озық үлгіге бірден
көшіп кетті. Бұл біздің журналистикада үлкен жаңалық болды. ...өз басым бұл
газеттің бетінен біржақтылықты байқаған жоқпын. Кейде тіпті билікке ой
тастайтын жақсы дүниелерді ұсынады, сынайтын жерде өте мәдениетті сынап та
алады [3] – деп, газетке әділ де әдемі баға берген. Расында, осы күні
басылымдардың жекелеген партияның немесе басшының идеологиялық құралына
айналуы кейбір басылымдарға қатысты жағымсыз пікірлердің қалыптасуына негіз
болып отыр. Біреуді жөнсіз мақтау, біреуді негізсіз қаралау – Жас алаш
секілді сексен жылдан астам тарихы бар басылымды да бұқара санасында
сарыжағалдар санатына қосып отыр. Нарық заманы оқырман үшін күрес жолында
басылымның идеялық болмысына, материалдарының стильдік боямасына қатаң
талаптар қоюда. Өйткені, мұның бәрі газеттің бұқара алдындағы имиджін
жасайтын жеке компоненттер.
Газет Ақпарат министрлігінің тіркеуіне алынып, 2003 жылдың 1-жел-
тоқсанында №4448-Г тіркеу куәлігін иеленген. Басылымның құрылтайшысы және
меншік иесі – Литер Media ЖШС. Газеттің апталық таралымы 185 000-196 000
аралығында. Орта есеппен таралымын 196 000 дана деуге болады. Газеттің
бейсенбі күнгі саны қалың боп шығады. Айқын газетінің: Әлеумет,
Экономика, Мәдениет, Саясат, Құқық, Ұлттық компания, Спорт, Ақ
сөйле, Ой академиясы, Аңыз бен ақиқат, Саяси таразы, Шаңырақ,
Демалыс және өзге де әрәдік шығарылған беттері бар. Экономика тақырыбын
қаузайтын Құн және телевизия мен кино тақырыбын көтеретін Дидар ТV
қосымшасы бар. Әр кездері Жастар беті, Жас толқын сынды тұрақсыз беттер
көпке бармай шығуын тоқтатқан.
Республикалық Айқын газеті Қазақстанның ақпарат айдынына 2004 жылдың
6-наурызында келіп қосылған жас басылым.
Журналисты Казахстана. Энциклопедия басылымы: Айқын 03.03.2004ж.
күні жарық көрген қоғамдық-саяси өмірді, әлеуметтік проблемаларды, мәдениет
пен спорт тақырыбын кеңінен жазатын басылым. Форматы А2, көлемі 6-бет, 2006-
жылы жалпыұлттық Алтын жұлдыз сыйлығын алған [4], – деп жазыпты. Бұл
анықтамалық газет жөнінде қалың оқырманға ақпарат бере алатын әзірге жалғыз
дереккөз.
Айқын қоғамдық-саяси басылымының түрлі жарнамалық парақшалары мен
күнтізбелерінде газеттің ұрансөзін былай беріпті: Ақпарат алуға асығыңыз,
ал кейбірінде – Жаңалықты бірінші біліңіз! Олай болса, басылым шапшаң,
өмірдегі ағыл-тегіл ақпараттар легін барынша дәл, жедел етіп беруді мақсат
еткен ақпараттық басылым. Айқынға қатысты жұрт санасында орныққан түсінік
немесе басылымның имиджін шапшаң ақпараттар жазуға бейімделген газет
ұғымы құрайды. Газет алғаш шығарыла бастаған уақытынан бастап аптасына 3
рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығып отырады. Қазақ газеттерінің
көпшілігі аптасына бір шығады. Ақпараттары мейлінше аз саясиланған,
бейтарап бағыт ұстанатын Айқын газеті шыққанға дейін күнделікті
жаңалықтарды күн құрғатпай жедел жеткізу үшін жиі шығатын басылымның орны
ошарылып тұрған еді. Аптаның 3 күнінде жарық көретін ақпараттық
басылымдардан Айқынмен шығу жиілігі тұрғысынан иық қағыстыра алатын
республикаға тарайтын қазақтілді басылым жалғыз Жас алаш. Бірақ тоқсан
жылға жуық тарихы бар Жас алаштың ақпараттық сипатынан гөрі саяси салмағы
басымырақ.
Айқын материалдық-техникалық жабдықталуы жағынан жоғары
деңгейдегілердің бірі. Ол ғаламторда төл сайтын, яғни газеттің электрондық
нұсқасын ашқан санаулы газеттің бірі. Жалпы газеттің электрондық нұсқасының
болуы – уақыты тығыз оқырманға және газеттің ескі сандарын ақтару қажет
болғанда қолайлылық тудыратын фактор. www. aikyn. kz сайтынан газеттің 2005-
жылдан бергі кез-келген санын тауып алуға болады.
2006-жылдың басынан бері Айқынның тысқы безендірілуі өзгерді.
Газетке 2006-жылдың мамыр айына дейін белгілі журналист Серік Жанболат
редакторлық етіп келсе, одан бері қарай Айқынның бас редакторы – Бауыржан
Омар. Айқын басылымының редакциясы жекелеген бөлімдерден тұратынын газет
ұжымымен байланысқан әрбір адам жақсы біледі. Әлеумет бөлімінің
редакторы: Айгүл Аханбайқызы, Экономика бөлімінің редакторы: Гүлнәр
Жұмабайқызы, Мәдениет бөлімінің редакторы: Роза Рақымқызы, ал Саясат
бөлімінің редакторы: Берік Бейсенұлы. Тілшілер қосынын басқаратын – Ұлбосын
Айтөлен. Әр бөлім өзіне тиесілі бетті бастан аяқ даярлауға, ондағы
материалдардың дер кезінде, тиянақты, фактілері қанық болып жазылуына
жауапты.
Кешегі кеңестік жүйе тұсында мерзімді басылымдар мамыражай күй кешті.
Қамқорлық көрсетіп отырған соң, олар өздерінің өнімдерін қалай өткізу керек
екендігі жайлы ойланбады. Партияның нұсқауымен жер-жердегі мекемелер
жазылуға мәжбүр болды. Қазір олай ете алмайсың. Мерзімді басылымға жазылу-
жазылмау – әркімнің өз еркі. Яғни барлығын оқырман аудиториясы шешеді.
Ендеше көпшілік қажетсініп отырған дүниені беру керек. Ол – аудиторияны
зерттемей іске аспайтын құбылыс. Осы тұрғыда айтар кетерлігіміз, газет
ұжымының оқырман аудиториясымен кері байланысы дұрыс жолға қойылған.
Оқырман хаттары мен талап-тілектеріне редакция ұжымы күн құрғатпай міндетті
түрде үн қатып отырады. Жалпы оқырман қажеттілігін анықтауда жасалып
отырған менеджменттік саясат газет таралымын тұрақтандырып отырған
факторлардың бірі. Нарық талабы – басылым ұжымының оқырмандары азайып
қалмасы үшін тиісті шаралар өткізу екені белгілі. Осы ретте, Айқынның
өткен екі жылда жазылушылар арасында ұтыс бәйгесін жариялап, жеңімпазға
Париж қаласына тегін жолдама берген болатын. Бұл оқырман тартудың заманауи
бір үлгісі.
2005-жылы Айқын газеті бүгінгі заманға сай шығарылып отырған басылым
ретінде Президент сыйлығына ие болған. 2006-жылдың маусым айының басында
газет редакциясы орналасқан ғимаратта өрт шығып, 4 күн бойы газет ұжымы
тыста, палатка астында жұмыстарын жалғастырып, төтенше жағдайды өткергені
есімізде. Бұл жағдай – редакция ұжымының материалдық-моральдық тұрғыда
тұралап қалуына себеп болғаны түсінікті. Тілсіз жау кесірінен отқа оранған
бұйымдарды қалпына келтіргуге көптеген ақпарат құралдары мен Алматы
қаласының әкімдігі жәрдем берді. Газеттің шығармашылық ұжымымен
танысқанымызда, редакциядағы менеджменттің байыпты жүргізлетіндігінің куәсі
болдық. Газетте редакция алқасымен тұрақты кеңесулер мен пікіралмасу
жүргізіліп тұрады екен. Ал бас редактор тек осы мәселелерді қадағалаушы
және ақырғы шешім қабылдаушы. Газеттің мазмұндық жоспарынан бастап, сыртқы
пішінің дизайнына дейінгі мәселелер ортақ жиналыстар барысында шешіледі.
Газет менеджментінің оңтайлы жүргізілетіндігінің нәтижесі – газеттің
қазіргі ішкі-тысқы бейнесі. Ұжым ауызбірлігінің және кәсіби біліктілігін
журналистерінің сан түрлі жүлделермен марапатталып тұратындығымен де
дәлелдеуге болады. Өткен жылы Айқын газетінің Астанадағы меншікті тілшісі
Айхан Шәріпов және фототілші Советбек Мағзұмов Мәжіліс төрағасы Орал
Мұхамеджановтың арнайы сыйлығына ие болды.
Айқынның Мәдениет беті көтеретін тақырып ауқымы өте кең. Ондағы
материалдардың сипаты да ақпараттық. Терең талдау жоқ. Мәдени өмірде болып
жатқан оқиғалардан қысқа хабарлар береді. Айталық, Қазақ әдебиеті, Жас
қазақ апталықтары секілді көтерген мәселесін жан-жақты зерттеп, тіпті
бірнеше нөмірге созып, ақырғы шешімін шығару Мәдениет бетіндегі мақалалар
үшін жат құбылыс. Бұл бетте хабарлама, сұхбат, рецензия, проблемалық мақала
түріндегі материалдар молынан жазылады. Негізінен мәдениет тақырыбында
жазатын журналистер: Р. Рақымқызы, Ш. Құрманбай, С. Өкенұлы мен Р.
Жаңбырбайқызы.
Айқын газетінің Ұлттық компания беті Қазақстан Ұлттық Теміржолы
акционерлік қоғамына қатысты маңызды шаралар мен айтулы оқиғаларды арқау
етеді. Ұлттық компания бетінде дәл қазіргі күнгі тірлік-тынысы ғана
емес, елдегі теміржол салу ісінің тарихына қатысты да танымдық мақалалар
беріліп отырады. 2006 жылдың 2-қыркүйегі күнгі санында ҚР орталық теміржол
мұражайының директоры Б.Шормақовтың Түркістан-Сібір теміржолының
магистральдарды дамытудағы рөлі деген тақырыптағы Түрксіб-75жыл
мерейтойы аясындағы зерттеу мақаласы жарияланған болатын.
Ой академиясы бетінде терең талданған, жан-жақты зерттелген,
қоғамдағы күрмеуі қиын, шешімін таппай отырған сырқатты тақырыптар
жазылады. Ой академиясында әр салаға қалам сілтеле бермейді, көбіне-көп
мәдени өмірдегі кесек-кесек мәселелер алынады.
Мінбер беті газетте сирек, орайы келген ойларға орын беру керек
болғанда шығарылады. Мәселен, Айқынның 2006-жылғы 1-шілдесінде Жазушылар
Одағының төрағасы Нұрлан Оразалиннің Адал сөздің айдыны кең толғамы
мемлекеттің деңгейде әдебиетке қолдау көрсету шарасы қолға алынғаннан
кейінгі ой ретінде Мінбер бетінде жарияланды.
Толғауы жеткен, көптің ойын ортаға салып, ортақ арнаға түсіру керек
болғанда; сирек шығатын беттің бірі – Айқынның конгресі. Бір мысал
келтірсек, 2006-жылдың 31-мамырында Айқын газеті Желтоқсан көтерілісіне
толыққанды баға берілді ме? деген тақырып бойынша ойын ортаға салуға Қ.
Тәбей, Н. Сәбильянов секілді оқиғаға қатысы бар азаматтарды шақырып, саясат
бөлімінің журналистері пікірталас өткізіп, отырыс барысын осы аталған
бетте жариялады.
Бейсенбі сайын шығатын Айқынның етжеңді саны – демалдыру
мақсатындағы рекреативті нөмір ретінде шығарылады. Бейсенбілік нөмірдің
беттері: Айқынның мейраханасы, Сканворд, Автокөлік, Бас штаб,
Шаңырақ, Тек қана еркектер үшін (бұл бет қазір жоқ), Саз әлемі,
Жандауа дегендей жеңіл тақырыптарды қаузайды. Бірақ осы бейсенбілік
нөмірде Аңыз бен ақиқат, Зертхана, Саяси таразы, Бухгалтерия беті
сынды салмақты беттер де бар. Айқынның 2005-жылғы 14-мамырында Төреғали
Тәшеновтың Ұшатын табақша Байқоңырды неге төңіректей береді? деген
мақаласы Аңыз бен ақиқат бетінде жарияланды. Аты айтып тұрғандай, құпия
табақша жөніндегі аңыз бен ақиқат арасындағы пайымдар берілген. Сол сияқты
Жұмабек Жанділдиннің теңгенің өзіндік құны мен келешектегі бағамына
экономикалық талдауды қамтыған Әлсіз долларды мықты теңге бәрібір жеңеді
[5] мақаласы Бухгалтерия бетінде жарияланды. Ал Зертхана бетінде сирек
орайы келетін тұлғалармен сұхбат, жекелеген өндіріс саласының ішкі
технологиясы, өндіріс құрлымдарын дамытудың практикалық нұсқаулары
беріледі. Спорт беті күнделікті өмірдің құрамдас бөлігіне айналған спорт
саласындағы жаңалықтар мен жоспарланған спорттық сайыстар жөнінде ақпар
берсе, Әлеумет беті халықтың әлеуметтік өміріндегі күрделі түйткілдерді
сөз етеді. Бұл беттің мақалаларында әжептеуір талдау, ізденіс ізі
байқалады. Негізінен Айгүл Аханбайқызының мақалалары құнды. Айталық, осы
автордың Саясат беті саясат тақырыбына жүйрік К. Сәтиева, Б. Бейсенұлы,
А. Ақтілеуовтердің салиқалы сараптамаларымен, терең талдамалы мақалаларынан
тұрады.
31.05.2007-жылдың 31-мамырында журналист Айбек Сармановтың Рахат
Әлиевтің ісі [6] деген көлемді талдамалық материалы шықты. Мақала жуырда
бүкіл елді шулатқан Рахат Әлиевтің қылмысын егжей-тегжейлі баяндаған.
Мақала қылмысты оқиғаның жалпы барысын авторлық комментарийсіз, таза
фактілік тұрғыда жеткізген. Саясат беті Қазақстан және әлем елдеріндегі
саяси өмірдің тыныс-тірлігі, еліміздің саяси мүддесін арқау еткен
матералдар көптеп беріледі.
Ал айдарлар жайына келсек, Айқынды теориялық зерттеуде бір қиындық
туғызатын тұсы – осы айдарлар. Ақ сөйле! сынды материалдың жанры мен
сипатынан хабар беріп тұратын айдар атаулары бет маңдайына жазылған. Бет
– газеттің тиісті бетіндегі материалдардың қай салаға қатысты екенін айтып
тұрмаушы ма еді? Ендеше айдар атауын бүкіл бет маңдайына тіркеп қою орынсыз
деп шештік. Айдың арғы беті, Ақ сөйле! айдарлары көлемді сұхбаттарға
арналған. Сұхбат – ақпараттық жанр болғандықтан, айдарлар материалдарын
қарастырмаймыз.
Айқынның айдарларын: материалдың сипатынан хабар беріп тұратын
Жағымды жаңалық, Қайшылық, Қылмыс, Қауіп, Заңсыз әрекет, Тосын
оқиға, Келісім, Көкейкесті, Өндіріс; мақала жанрын білдіретін
Сұхбат, Репортаж; қамтитын материалының образды атауымен аталатын:
Аққудың сыңары, Емеурін әңгіме, Мұңлы қоңырау, Тарихтан тәбәрік,
Өнердің өз өкілі және өзге де: Руханият, Талант-тағдыр, Құлаққағыс,
Дабыл, Тексеру, Сапа белгісі, Орайы келген әңгіме, Сәті түскен
сұхбат, , Теке-тірес, Мерейтой, Бізде қонақта, Ақтаңдақ ақиқаты,
Тағзым, Ойтүрткі, Ауыл шаруашылығы, Бастама, Ақорда, Сараптама
айдарлары бар.
Журналистика саласына әлеуметтану ғылымынан енген, көпшіліктің
белгілі бір құбылысқа, оқиғаға қатысты ой-пікірін білу мақсатында
қолданылатын әдіс – сауалнама Айқынның Көкейдегі сауал айдарының басты
берілу формасына айналған. Айтар болсақ, басылымның 2006 жылдың 11-
шілдесіндегі санынында Мәдениет бөлімінің редакторы Роза Рақымқызы Қазақ
мультфильмі дамымайынша, ұлттық тәрбие толыққанды бола ала ма? деген
сауалнамасына ақын Қадыр Мырза Әлі, әнші Сара Тыныштығұлова және тіл маманы
Асылы Осман тартылған болатын. Демек, айдардың мақсаты – қоғамдағы
құбылысқа нағыз мамандардың емес, қалың бұқараның, түрлі сала маманының
көзқарасын білу. Сол арқылы оқырманға жеке сауал төңірегінде айтылған алуан
пікірді қаз-қалпында, түсініктемесіз беру. Бұл – шетелдік тәжірибе
тұрғысынан құптарлық бастама.
2. Басылым материалдарының жанрлық жіктемесі
Айқын газеті 2007-жыл наурыз айындағы сандарында талдамалық
жанрлардың жеке түрлері бойынша берген материалдарының пайыздық
пропорциясы
5.2% 2.6%
23,4% 68.8%
1.68,8 пайыз (106) –
мақалалар жанрындағы берілімдер;
2. 23,2 пайыз (36) –
корреспонденция жанрындағы берілімдер;
3. 5,2 пайыз (8) –
рецензия жанрындағы берілімдер;
4. 2,6 пайыз (4) –
шолу жанрындағы берілімдер.
Осы шағын зерттеуіміз көрсеткендей, Айқын газеті де талдамалық
жанлардың жеке категориялары – шолу (обозрение) мен рецензия жанрындағы
материалдар аздық етеді. Әрине, мақала сынды күнделікті өмірдің тыныс-
тірлігін бере алатын мақала жанрының басымдыққа ие болуы – заңдылық.
Корреспонденция, оның ішінде корреспонденция-толғаныс жанрындағы
материалдар Айқын бетінде азды-көпті ұшырасып отырады.
Ал рецензия жанры – еліміздің мәдени өмірінде орын алған концерттік
қойылымдар, жаңа кино, театр туындылары, жаңа кітаптардың өмірге келуіне
қарай (саны жағынан) әркелкі көлемде жазылады. Көктем айларында рецензия
жанры объектісі боларлық концерттер, түрлі мәдени-бұқаралық шаралардың
тұсаукесерлері көптеп ұйымдастырылады. Ал қыс маусымында концерттер тым
сирек қойылады. Сол себепті жоғарыдағы сызбадағы рецензия жанрындағы
материалдардың небәрі 5,2 пайызды құрап тұр.
Айқын газеті шолу жанры бойынша жекелеген аймақтардың, тұлғалардың
рейтингін қамтитын мақалалар беріп тұрды. Шолуды материал берудің тұрақты
формасына айналдырған газеттің Құн қосымшасының Биржаметр деген айдары.
Мәселен, 2007-жылдың 30-наурызы күні Қазақстан Республикасындағы 16
аймақтың даму деңгейіне қысқаша шолу берілді. Сызбанұсқадағы пайыздық
суретеммелердің нәтижесінде Алматы облысының даму деңгейі бірінші орынға
шыққандығы көрсетілген[7]. Биржаметр айдары материалдарын негізінен
Маркетингтік аналитикалық орталықтың мәліметтеріне сүйене отырып жазады.
Айқын газетінде талдамалық жанрлардың ішінде ең көп ұшырасатыны –
мақала. Жалпы мақала жанрында еркін көсіле алатын газет журналисі Р.
Рақымқызының бір мақаласы негізінде Айқындағы мақала жанрының айшықты
белгілерімен танысайық.
Мақалада факті екінші орында, бірінші орында мәселенің көтерілуі, оның
өзектілігін жеткізе білу мәселесі тұрады. Мәселен, газет бетіндегі Роза
Рақымқызының Еменнің иір бұтағы айдары бойынша берілген Жамбылдың
дастандары – дайын фильм... мақаласын алайық. [8]
Автор мақаласында қазақтың Гомері атанып жүрген Жамбыл Жабаевтың
елге ауызша жайған ұлтымыздың көне әдеби мұраларындағы оқиғалар желісін
кинотуындыға айналдыру мәселесін көтерген. Еуропа жазба әдебиетінің негізін
салған данагөй Гомердің Илиада, Одиссея шығармаларының негізінде
Америка Троя, Одиссей сынды кассалық фильмдер түсіріп, әрі көне
мұраларды ұрпақ санасында жаңғыртудың тың жолын тапқандығын автор үлгі
ретінде алып, өз ұсынысының жүзеге асу мүмкіндігін дәледейді. Бұл
материалды – проблемалық мақалаға жатқыздық. Неге? Біріншіден, автор қиюы
келмей, жан-жақты сынға алынып жүрген кино саласындағы жеке бір
түйткілдің, яғни ұлы әдеби тұлғаның мұраларының кәдеге жарамай отырғандығын
мәселе етіп көтереді: ...Гомер шығармалары есте жоқ ескі замандардағы
оқиғаның арқау еткеніне қарамастан, бүгінгі ұрпаққа да жақсы таныс. Оның
себебі – аталмыш шығармалардың өзінің өміршең бітімін кино тілінен де
тапқандығы.
...Қарап тұрсаңыз, бастауын қазақ әдебиетінен алатын Жамбыл дастандары
да – дайын фильм. Жамбылдың Сұраншы батыр мен Көрұғлысын алсақ та,
олардан киноға сұранып тұрған оқиға-көріністерді, характерлерді аңғарамыз.
Екіншіден, В. Ворошиловтың проблемалық мақалаға қатысты талабы [9] бойынша
талдасақ, автор өзі көтеріп отырған мәселені жан-жақты зерттегені,
біліктілігі және батылдығы мақаланың жазылу стилінен, фактіге байлығынан
көрініп тұр. Енді материалдың мақала жанрына жататыны – мұнда материалдың
нәрін кіргізіп тұрған факті (Жамбыл мұралары) емес, автордың қоғамдағы
өзекті түйінді дәл таба білгендігі. Бұл мақаланы жазу үшін Абайдың,
Шәкәрімнің мұрасын немесе Оғыз қаған дастанын да ала салуына болады.
Мақалада факті тек мысал объектісі ретінде қолданылып тұр. Бұл мақаланы
корреспонденцияға айналдыру үшін негізі тірек – факті, яғни Жамбыл
туындыларының насихатталмауы немесе қазақ киносының материалдық ахуалының
төмендігі алынып, зерттеу, талдау сол қазықты айнала өрбуі тиіс.
Айқын газеті Шолу жанры бойынша елдегі басшы қызметкерлер мен
шенді-шекпенділердің ел алдындағы беделі, қоғамның оларға қатысты пікірін
KazRaiting әлеуметтік агенттігінің мәліметтерінің қорытындысы бойынша
Шенеуіктердің ай сайынғы рейтингін жариялап отырды. Рейтинг ресей
теориетиктері талдамалы жанрлар жүйесіндегі жеке жанр деп қарастырғанымен,
біздің баспасөз қолданысында рейтингтік сипаттағы материалдар жеке жанр
жүгін арқалай қоймас. Сондықтан, біз рейтингтік көсреткіштерге құрылған
материалдарды шолу жанры аясында қарастырамыз. Алайда ол рейтингтің
көрсеткіштері 2007 жылдың 22-наурызына дейін ғана шығып, одан кейін тоқтап
қалды. Шолу жанры кез-келген көлденең оқиғаға емес, назар аударуға
тұрарлық белгілі бір кезең аясында жүзеге асырылған, кезеңдік сипаты бар,
тарихи маңызды оқиғаға қатысты материал беру қажет болғанда ғана
қолданылатын талдамалық жанр түрі.
Газетте жарияланған Қазақ шынымен кәрі ұлт па? [10] мақаласын шолу
жанрына жатқыздық. Өйткені, материал 15 млн. халқы бар қазақстандықтарды
жас ерекшелігі бойынша жіктеп, 2050 жылы 60-65 жастан асқандары жалпы
халықтың 11,3 пайызын құрайтындығын, осының салдарынан еліміз БҰҰ
сарапшыларының қорытындысымен кәрі ұлтқа айналуы мүмкін деген дәйегіне
дәлел іздеп қыруар статистикалық дерек келтірген. Материалды шолу деуге
негіз болып отырған – 1990 жылдан осы күнге дейінгі халық саны өсуінің
динамикасын түрлі көрсеткіштер бойынша дәлелдейді. Бір қоштайтын тұсы, шолу
жасау үшін автор демографиялық ахуалды жалпы алып, жайдақ сөзге ұрынбай,
бір ғана аспектіде – жасы ұлғайған азаматтар факторының демографиялық
ахуалдың даму векторын қалай анықтайтының көрсеткен. Шолу жанрын Т.
Қожакеев, Т. Амандосовтар үлкен мәдени кезеңді арқау етуін міндетті деген.
Алайда қазіргі орыс теоретиктері шолудың анықтамасын сәл өзгертті.
Шолу секлді бүгіндері баспасөз бетінен аса көзге түсе бермейтін
жанрлардың бірі – корреспонденция-толғаныс. Айқынның азулы
журналистерінің бірі өткен жылы жазушы Дулат Исабековтің повесінің желісі
бойынша түсірілген Гауһартас фильмінің көрерменге тарту етілгеніне де тұп-
тура отыз жыл болғанда, Айгүл Аханбайқызы Бар қазақтың жеңгесі Салтанаттай
болсайшы... деген тақырыпта материал жазды. Мақала бойында корреспонденция-
толғанысқа тән элементтер: журналистің төл пікірі, стильдік еркіндігі,
тақырыптық даралығы – бәрі сақталған: Бұл фильм туралы айтылмаған сөз,
ақтарылмаған сыр да қалған жоқ. Бұған дейін жастар мен жасөспірімдер
тақырыбын ғана қаузап, қысқаметражды фильм түсірумен ғана айналысып келген
режиссер Шәріп Бейсенбаевқа шығарма қандай идеясымен құнды болуы мүмкін
дегенде, сөз жоқ, повестің өн бойынан есіп тұрған қазақы болмыстың самалы,
қазақ отбасындағы сырт көзге мамыражай, ал іштей біріне бірі кереғар, жаны
терең, мінезі қырық қатпар персонаждардың үйлесімді-үйлесімсіз қайнап
жатқан тіршілігі, лирикалық сарын қызықтырған болуы керек.
Жаңа ғана шаңырақ көтерген жас ерлі-зайыптылар, олардың арасындағы
түсінбестікке тіреле беретін мінез қайшылығы, іргесі енді көтерілген
отаудың қалыптасуындағы ата мен ененің рөлі, әке мен баланың қатынасы, ене
мен келін арасындағы сабақтастық, томаға-тұйық, қоңырқай тіршіліктің
тамырына қан жүгірткісі келіп, жанұшыратын, асыл жеңгені ардақ тұтқан
қағілез қайны... [11] Әрі қарай фильмнің түсірілу тарихы, актерлердің
талдалынуы, Мәскеу тезіне қалай төтеп бергені айтылады.
Айқынның 2007 жылғы 2-маусымындағы санында журналист Төлеғали
Тәшеновтің Мен көрген Жұматай тақырыбындағы корреспонденция-толғанысы
жарық көрді. Сырт пішіні очеркке ұқсағанымен, материалда корреспонденция-
толғанысқа тән элементтері басым. Мен ғажайып ақын Жұматай
Жақынбаевты алғаш көруім – 1983 жыл. ҚазПИ-дің 1-курс студентімін. Студент
ақындардың Аудитория деген топтамасы тасқа басылатын болып, бір топ өзім
құралыптас жігіттермен бір шимай-шатпағымды Жалын баспасына өткізуге
барғанмын [12] – деп басталады.
Енді газет бетін айлар салып жарық көретін (осы газет мысалында)
пассив жанр – рецензияның Айқындағы бірнешеуіне тоқталайық.
2007-жылдың 28-наурызы күні Айқын бетінде Жақсылықтың жансыры деген
тақырыптағы рецензия шықты. Рецензия объектісі – Спорт саңлақтары сериясы
бойынша қазақ спортының үздігі Жақсылық Үшкемпіров жөнінде белгілі
журналист Төлеген Жәкітай жазған Жақсылықтың жансыры кітабы. Автордың өз
сөздерінен үзінді келтірсек, Төлеген Жәкітай бұл кітапта кейіпкерімен
кеңінен әңгіме-дүкен құрып, келісті ой толғапты. Ең бастысы, қазақ халқының
ұлттық мақтанышына айналған Жақсылық ағамыздың жан сырын айтқыза білген.
Атақты спортшының өміріндегі былайғы жұрт біле бермейтін тың деректер әдемі
детальдармен өрнектеліп, өте қызық баяндалған. [13] 2007-жылдың 2-ақпаны
күні Айқында журналист Шолпан Құрманбайдың Алғаш Ұлттық Атлас жарыққа
шықты деген тақырыппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Атласы мен
Қазақстан Республикасы картасының жарық көргенін сүйіншілеген рецензия
жазылды.
Осы жылдың басында Қазақфильмнің жаңа туындысымен қазақ көрерменін
қуантқаны есімізде. Осы жайды басылым журналисі Төреғали Тәшенов Жаралы
сезім қазақ киносын жарқ еткізді деген атпен рецензия етіп берді.
Фильмнің режиссері Еркін Рақышев, кастинг барысында 200 қыз арасынан
талдалып алынған Регина Шамғонова басты рөлдегі Арайды сомдады, Ұзындығы 2
сағаттық, қазақ тілінде, драма-экшн жанрында түсірілді, қысқаша тәптіштесек
былай: негізгі кейіпкерлер – 1984 жылғы жастар. [14]..
Айқынның 2007-жылдың 3-наурызындағы санында журналист Айгүл
Аханбайқызының Ұзақ құс жолы – қазақ мінезінің айнасы [15] деген
тақырыптағы корреспонденциясы Кино-тарих айдарымен жарық көрді.
Корреспонденция режиссер Амангелді Тәжібаевтың Ұзақ құс жолы фильмінің
түсірілу тарихына, қилы тағдырына арналған.
Айқын газетінің 2007 жыл 16-наурызындағы санында Роза Рақымқызының
Қолаңшаш арулар құрметке бөленді деген шоу-қойылымды нысана еткен
рецензиясы жарияланды. Осы жылдың 15-наурызында Мүсірепов атындағы Жастар
және балалар театрының сахнасында қойылған қойылымды баяндайды. [16]
Қазіргі қазақ баспасөзіне жаңа жанрлар легі (кейде ұмытылған жанрлар
жаңғырып) келіп жатқаны прогрессивті тенденция. Әлбетте жанрлар дүниесіне
фетиш ретінде қарауға болмайды. Публицистика жанры әдебиет категориясының
да аса күрделі тарихи күретамыры, оның белгілері, сипаттары өзгермей
тұрмайды. [17] Жанр – диалектикалық категория болғандықтан, оның заманамен
біртұас организм ретінде бірге құбылып тұрады. Кешегі кеңестік баспасөз
социалистік еңбектің екпінділерін көбірек насихаттау арқылы қарапайым халық
санасында үлгі аларлық образ қалыптастыру керек болғанда, очерк жанрының
дәуірі жүрді. Ал бүгінде түрлі реформаларды басынан кешіріп, енді ғана
орныға бастаған біздің қоғамға кемшіліктердің сынап-мінейтін,
келеңсіздіңтермен күресетін проблемалық мақала, проблемалық корреспонденция
секілді жауынгер жанрлар сап басына шықты.
Айқын – заманауи публицистика миссиясын орындап жүрген азулы
басылымдардың бірі. Ақпараттық нарық және еркін бәсекелестік жағдайында
бұқаралық ақпарат құралдарына деген талап еселеніп, журналистің әдістемелік
мәдениетіне, әлеуметтік шындық фактілерін саралау, олардың өзара байланысын
ашу, жинақталған эмпирикалық материалды бере білу, проблема тұжырымын
көрсету, болжау жасауына деген талап өсті.
Бұл ретте журналист шығармасын дайындау жеңіл, көздеген нысанасын дәл
табуы үшін бір шарт орындалғаны – шығарманың нақтылы жанры сақталғалғаны
абзал. Айта кетерлік бір нәрсе, Айқын басылымы бір мәселені тақырып етіп,
оның беру формасын жартылай мақала, жартылай сұхбат етіп жібереді. Ондай
мысалдарды жұмыс барысында көптеп келтіреміз. Бұл тек Айқынның емес,
елдегі барлық орыс және қазақтілді басылымдардың шығармашылығында белең
алған тенденция – жанрлар вариациясы.
Мақаланы қазақ журналистикасы теориясының зерттеушісі Т. Қожакеев
Жас тілшілер серігінде: Мақала – бас мақала, насихаттық мақала және
проблемалық мақала деп бөлінеді деген. Қоғамдық жағдайдың өзгеруіне орай,
нақтысы, жоғарыдан төмен басқару – әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуімен
жетекші партияның сойылын соғатын, бас партияның тыныс-тіршілігіне арналып
жасалған жанр – бас мақала жанрлық категориясы да қолданыстан шығарылды.
Демек, бұл тараудың міндеті уақыт тезінен өтпей, газет бетінен ізі көшкен
ескі жанрлар мен уақыт, заманның қажетін өтеу үшін келген жаңа сарбаз
жанрлардың Айқындағы сипаты жөнінде болмақ.
Талдамалық жанрлар жүйесіндегі аса маңызды категориясы – мақала –
әлеуметтік шындық проблемасын ғылыми түрде бағалап, түйсініп, теориялық
тұрғыда жинақтау арқылы жасалады. Мақала – түрлі ақпарат көздерінен –
журналистің жеке бақылауы барысында, кездесу, БАҚ материалдары, редакцияға
жазылған хат және т.б. жолмен алынған фактілердің баяндау ауқымының
масштабтық тұрғыда кеңейтілген түрі. Мақала мәтінінің құрлымы – жеке
фактілер арасындағы байланыстың себеп-салдарын анықтауға сүйенген талдау,
қорытындылау, түйіндеу, дәлелдеулер жүйесінің кешені. Мәтін таза ғылыми
лексика интонациясын сақтайды, публицист құрлымының нақты, логикалық-
түсіндірмелік, категориялық аппаратпен байланысы көрініп тұрады.
Корреспонденция фактіге құрылған болса, мақалада факті иллюстрациялық
рөлге ие, демек, оларды алмастыруға болады, бірақ проблема, құбылыс сол
қалпында сақталады. Қазірде (кеңес үкіметінің кезіндегі) насихаттық
материалдар ғылыми, техникалық ойдың ілгерілеуінің көрсіні ретінде ғылыми-
көпшілік мақала түрінде баспасөз бетінде жүр. Ал аса маңызды мақала түрі
проблемалық мақала – автордың көтерген мәселесін жан-жақты, терең
зерттеуін, біліктілікті, батылдықты талап ететін мақала түрі.
Мақаланың ерекше категориясына түрлі оқиғаға жедел үн қатуға мүмкіндік
беретін, оларды түсіндіретін, бағалайтын публицистикалық комментарий
жатады. Мақала үш бөліктен тұратын құрлымға ие [18]: тезис (кіріспесі) –
дәйектер (негізгі бөлімі) – қорытынды (қорытындысы). Публикацияның өне
бойында антитезис пен антиаргументация (қарсы дәйектер) де болуы мүмкін.
Олардың міндеті – өзара қарама-қайшы көзқарастарды, пікірлерді, бағаларды
ашық көрсету. Ең басты мәтін түзуші операцияға нақты проблемалық ситуацияны
шешуге бағытталған нақты бағдарламаны ұсыну жатады. Ал композициялық
буындарға мыналар енеді: проблемаға ену → сипатталып отырған оқиғаға
қатысты кем дегенде екі пікірді қатар қоюды көздеген проблеманы көтеру
сатысы → тезис пен антитезис қақтығысы (оқиға дамуының баламасы) →
мәселені тезис пен антитезисті салыстыру арқылы шешуден алынған ұсыныс
(синтез) → жұмыс идеясын түйсіну мен балама проблемалық ситуацияларды
бағалау үшін керек, жинақталған образдық бағдар беру.
Талдамалық жанрлардың бір түрі – корреспонденция. Бұл жанрда
салыстырмалы түрде аса көлемді емес масштабта алынған өзекті мәселе
талданады. Корреспонденция – жеке ситуацияның зерттелуі емес, оның
негізінде ағымдағы шындықтың даму заңдылығы болып табылады. Корреспонденция
ақпараттық – шетелдік тілшілердің хабарламалары, жаңа құбылыс жөнінде,
ғылыми жаңалық, тың өндірістік тәжірибенің ашылуы туралы баяндама. Ол кері
қойылған ақпаратқа (заметка) ұқсайды. Бірақ төңкерілген лидтен қамту
материалының кеңдігімен, нақты бір тақырыптың табиғи дамуын баяндауымен
айырықшаланады. Талдамалық корреспонденция – бейнелеп отырған құбылыстың
(ситуация, мәжіліс) себептерін ашады. Ол ақпараттық корреспонденциядан сыни
болмысымен өзге. Материалда фактіні талдау негізінде жаңа мәселелер
көтеріледі, әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірдің өткір сауалдары талдауға
алады. Кейде журналист оқырманымен бірге фактілердің бір тобын қатар қойып,
олардың салыстырып, бағалап, талдайды, корреспонденцияның мұндай түрін –
корреспонденция-толғаныс деп атайды.
Корреспонденцияға қойылатын талаптарды Т. Амандосов кеңестік
идеологияны басшылыққа ала отырып: Ерінбей ізденсең, қолыңа алғалы отырған
мәселеңе бар шабытың мен шын назарыңды аудара кіріссең, оған терең ой
жүгіртіп, ондағы үлкенді-кішілі деректерді жинақтағанда өз ойыңды тек
партиялық тұрғыдан түйіндей білсең ғана жазған корреспонденцияң маңызы мен
мәні жағынан әрі құнды, тілі мен көркемділік жағынан әрі тым әсем боп
шығады деп, көрген-түйгенді патртиялық сүзгіден өткізуді міндеттейді. Бұл
ереже бүгінгі күннің талаптарына еш сай келмейтін, ескірген қағида.
Сондықтан газеттің заманауи жанрларын ресейлік авторлардың еңбектері
бойынша талдаған жөн.
Шолу жанры кез-келген көлденең оқиғаға емес, назар аударуға тұрарлық
белгілі бір кезең аясында жүзеге асырылған, кезеңдік сипаты бар, тарихи
маңызды оқиғаға қатысты материалдар қолданылады. Шолудың артықшылықтары:
белгілі бір оқиға жөнінде толыққанды ақпарат береді,оқырманның уақытын
үнемдеуіне жағдай туғызады, салмақты қорытынды жасалады, журналистік пайым
болады. Шолу белгілі бір хронологиялық мерзім аясындағы оқиғаларға,
науқандық іс-шараның қорытындысы, бағалау түрінде беріледі. Шолу объектісі
ретінде – саясат, экономика, ауылшаруашылығы, әдебиет, газет материалдары,
телевизиялық бағдарлама, т.б. алынса, сипаты жағынан шолу мемлекет
аясындағы, халықаралық; апталық, айлық, жылдық; ақпараттық, талдамалық деп
жіктеледі. [19] Газет жанрлары бір-бірінен баяндау стилімен, әдеби берілу
әдісімен, композициясымен, тіпті көлем-пішінімен өзгешеленеді. Жанрлардың
басты үш топқа жатады: ақпараттық, талдамалық және көркем-публицистикалық.
Мұның ішіндегі талдамалық жанрларға 2006 жылы жарық көрген Практическая
журналистика Казахстана деген мақалалар жинағына енген Жанры
журналистики мақаласында Светлана Познякова былай анықтама берген:
Талдамалық жанрдағы материалдарда Неге?, Бұдан қандай қорытынды
шығады? деген сауалдарға жауап берілуі тиіс. Фактілер алдымен баяндалады,
сосын жинақталады да нақты бір проблеманы көтеру, жан-жақты қарастыруға,
талқылауға қолданылады. [20] Сондай-ақ автор талдамалық жанрлардың қазіргі
отандық баспасөз тәжірибесіндегі үлгілері ретінде мыналарды келтірген:
1.Корреспонденция; 2.Мақала; 3.Журналистік тексеріс; 4.Мониторинг;
5.Рейтинг; 6.Рецензия; 7.Шолу; 8.Эксперимент; 9.Хат. [21] Кейінгі авторлар
баспасөз жанрлары жүйесіне енгізген жаңа типтердің бірі – журналистік
тексеріс. Бұл қазақстандық журналистикаға толық ене қоймаған жанр.
Журналистің өзекті тақырыптың, даулы оқиғаның, қылмыстық оқиғаларға қатысты
фактілерді құзырлы органдардың араласуынсыз жинап, өңдеп, саралап, жауабын
табуды мақсат еткен материалы [22] Бұл жанр жалпы қазақ журналистикасында
енді ғана дамып келе жатыр, оның ішінде Айқын газетінің жеке
тәжірибесінде кездеспейтіндіктен, біз оған кең тоқталмайсыз, әрі мысал да
келтірмейміз. Тексеріс айдарымен берілетін материалдарға келетін болсақ,
онда түбегейі тексеріс емес, стандартты, көпке мәлім, қарапайым адам да қол
жеткізе алатын ақпарат пен қарапайым мақалаға тән шағын ізденіс қана
жүргізіледі. Мәселен, газетің 2006-жылдың 15-шілдесінде Тексеріс
айдарымен журналист Рауан Есқалидың Инвестор ірі кәсіпорынды шығынға
белшесінен батырды мақаласы берілді. Мақалаға тексеріс айдарын таққызып
тұрған мына деректер болса керек: Бір жылдың ішінде бұл кәсіпорында
өндіріс көлемі бес, еңбекақы 2,5 есеге дейін күрт азайып
кеткен, өткен жылы комбинат жарты миллиард теңгеге 29 мың
тонна ұн үктірсе, биыл 14 млн. теңгенің ғана өнімі өндірілген. Жыл
басынан бері комбинатта 48 адам қысқарған, ал өзі де аз жалақы
жұмысшыларға уақытылы берілмей келеді. [23] Алайда бұл мысалдан
журналистік тексеріс жанрының атасы В. Гюнтердікіндей ізденістің ізін де
көріп тұрған жоқпыз.
Мониторинг – жекелеген құбылыстардың, оқиғалар мен фактілердің даму
дмнамикасын жүйелі түрде тіркеу, кейде авторлық (маманның) комментариімен
толықтырылады. Бұл жанр Айқынның тәжірибесінде бар, онда молынан
кездеседі.
Рейтинг – оқиғалар, тұлғалар мен топтардың түрлі көрсеткіштер бойынша
иеленген деңгейлік көрсеткіштері. Айқын 2007 жылға дейін мемлекеттік
шенеуіктердің айлық рейтингін жариялап отырды. Сол себепті бұл жанрды
газет қолданысында бар деуге болады.
Рецензия – көркем немесе ғылыми туындыны, қоғамдық-саяси, техникалық
әдебиетті, театр қойылымы мен кинофильмді, телевизиялық бағдарламаны,
көркем жәрмеңке мен концерттік қойылымды, музыкалық туындыны сынау,
бағалаудан тұратын талдамалық жанрлар жүйесіндегі ерекше категория. Бұл –
шындық оқиғаға, оқылған, көрілген дүниеге деген көзқарас.
Зерттеу объектісі тұрғысынан рецензия әдеби, театр, музыкалық, көркем
және кинорецензия деп бөлінеді. Ал көлеміне қарай грандрецензия (олар
негізінен маманданған, салалық басылымдарда, мысалы, КиноMAN) және шағын
рецензия (кез-келген қоғамдық-саяси сипаттағы басылымдарға берілетін шағын
көлемді, мәселен, жарты беттік) деп бөлінеді. Ал қарастыратын туындыларының
санына қарай монорецензия және полирецензия деп бөлінеді. Рецензия нысаны
[24] ретінде профессор Қожакеев:
– саяси-ғылыми кітап рецензиясы;
– көркем рецензия;
– театрлық туынды рецензиясы;
– кино рецензиясы;
– музыкалық рецензия;
– көркемөнер шығармасын қарастырған. Алайда рецензияның басты функциясы
кең шеңберде қарастырғанда, қоғамның мәдени өміріндегі жаңа бір құбылысқа
үн қату, баға беру, жұртшылық назарын аудару болғандықтан, рецензия
жанрының нысандары кейіндері мәдени, әдеби ортадағы жаңа үрдіс салдарынан
туған туындыларды да қамтуға тиіс деп жүр
В. Ворошилов, А. Тертычный секілді бірқатар теоретиктер. Біз осы
заманауи тенденцияларды ескерген ғалымдардың пікіріне қосылып,
тележобалардың рецензия жанры нысаны болуын құптаймыз.
Эксперимент – журналистің ситуацияны модельдеу арқылы проблеманы
іштей бақылауы. Эксперимент Айқында сирек те болса, кездесетін жанр.
2005-жылы 16-қарашада студент Өркен Бисеновтің Қайыршының бір күні деген
эксперименті жарияланды. Автор мақаласын жазу үшін бір күн бойы қайыр тілеп
отырып, қайыршыға деген қоғамның қарым-қатынасының психологиялық аспектісін
сипаттайды. [25] Сондай-ақ, көшедегі тәртіп сақшыларының құқайын,
қайыршылар арасындағы орын, клиент үшін күрестегі өзара бәсекелестікті
айшықты дәлелдермен суреттейді.
Хат жанры – автордың жекелеген тұлғаның назарын бір мәселеге аудару
үшін, жауабын алу мақсатымен жазылатын материалдардың жанры дейді автор.
Хаттар қазақ баспасөзінде аса қат емес. Алайда, көбіне жеке тұлғалар
арасында емес, мүдделері ортақ топ алдынан жолданып жатады. Мәселен,
газет бетінде 25 адамның атынан қазақ тілі проблемасына арналған
Тамырсыздық – қоғамға үлкен қауіп [26] деген тақырыпта хат жолданды. Хат
елбасынан бастап, ұлт болашағына бейқам қарамайтын барлық ықпалды тұлғаға
арналған.
Бүгінде баспасөздің талдамалы жанрларын жіктеу, тәжірибеге жаңадан
енген түрлерін көрсету, оларға анықтама беруде ресейлік автор озық
дегенмізбен, олар ұсынған нұсқалардың арасында да азын-аулақ өзгешеліктер
кезедеседі. Мына кестеде ресейлік автор М. Кимнің талдамалық жанрларды
жіктеген үлгісін көрсеттік [27]:
Газеттік журналистиканың заманауи жанрлар жүйесі
ЖАНР АТАУЛАРЫ ҚАРАСТЫ-РАТЫН
ОБЪЕКТІЛЕРІ МАҚСАТЫ ЖҮЗЕГЕ АСУ
ФОРМАСЫ
Жекелеген
ситуациялар Әлеуметке тәжірибедегі Нақты
КОРРЕПОН-ДЕНЦИнемесе түйткілдердің жеке ситуацияны
Я әлеуметтік бөліктерін мысал түрінде талдау және
тәжірибе беру арқылы орын алу бағалау
құбылыстары себебін түсіндіру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz