Кіші мектеп оқушыларын бейнелеу өнері шығармалары арқылы эстетикалық тәрбиелеу


Мазмұны
КІРІСПЕ
ТАРАУ І. Эстетикалық тәрбиелеудің тарихи жайы, мәні
І. 1. Зерттеу мәселесінің тарихи жайы мен қазіргі кездегі жағдайы
- Эстетикалық тәрбиелеудің мәні
ТАРАУ ІІ. Төменгі сынып оқушыларын бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбиелеудегі тәжірибелік - педагогикалық жұмыстар.
2. 1 Бейнелеу өнері бойынша Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартын, бағдарламаларды, оқулықтарды талдау.
- Тәжірибелік - педагогикалық жұмыстар нәтижелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанда қоғамдық реформаларға орай орта білім беру жүйесін жетілдіруде де көптеген шаралар жүзеге асырылды: жалпы орта білім беру саласындағы пәндердің жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты бекітілді және жоғары көсіби білім берудің стандарттық жобалары даярланды. Жаңа білім стандартына сай білім беру жүйесіне «өнер» бөлімі енгізілді. Бүл блок «Әлемдік көркем мәдениет» курсы және өнер танудың басқа теориялық пәндері аркылы көрініс табады. Қазақстан Республикасьшың «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім берудегі басты міндет ретінде жеке түлғаның шығармашылық жөне рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауаттық өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке түлғаның дамуына жағдай жасай отырып, олардың ақыл-ойы мен зердесін байыту сондай-ақ әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне үйрету атап көрсетілген.
Адам бойындағы қабілеттілікті дамытып, олардың өсуіне жол ашу адамның рухани күшін нығайтып, өмірде жол табуына көмектеседі. Өйткені, адам - туынды ғана емес, тудырушы, жасаушы да. Оның өзінің шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі - табиғи қажеттік. Адам өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да бейім болады. Адамның өз болмысын тануға үмтылуына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты
болып табылады - деп кәрсетіледі Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту түжырымдамасы жобасында.
«Білім туралы» заңының 14-бабының оқу-тәрбие үрдісін үйымдастыру туралы бөлімі оқытудың жаңа технологияларын қабылдау үшін жоне оқу үрдісіне жаңа мазмүн енгізу үшін білім беру бағдарламаларын даярлауды ұсынады.
Бүл, әрине, қазіргі заман талабына сай қоғамның рухани-адамгершілік дамуын жедел шешуді қажет ететінін дәйектейді.
Сондықтан бұл рухани өміріміздің жанды саласы - мектеп, оның оқу-тәрбие жүмыстарында түбегейлі езгерістер жасаудың мүмкіндіктерін кеңейтетіні сөзсіз. Демек, ғылыми дүниетанымға жаңа көзбен қарап, жас азаматтың дара түлға ретінде қалыптасуын өркениеттік түрғыдан бағдарлауға бет бүруымыз - заман талабымен үндес қадам. Адамның өмір сүруі мен еңбек етуіне қажетті жағдай жасау әлеуметтік, әділеттілікті, азаматтык бостандықты жоне адамның жан-жақты дамуы мен рухани зияттық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар ор адамньщ косіби біліктілігі мен бейімділігін дамыту - зиялы қоғамға тән үрдістер.
Ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастырудың алғышарты ретінде белгіленіп отыр.
Қазіргі кезде кең өріс ала бастаған білім беруді ізгілендіру бағыты, ең алдымеы, мөдениеттегі, рухани мүрадағы, тарихымыздағы жалпыадамзаттық қүндылықты бағалауға баса назар аударуды қажет етеді.
Бүл орайда, әсіресе, үлттық таным мен әлемдік биік талғамның бірлігі айқын танылатын бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің мәселесі өзінің өзектілігімен және өткірлігімен
ерекшеленеді. Соңғы кездері Қазақстанда қолданбалы өнерге үйрету әдісі және жалпы бейнелеу онерін оқыту әдістемесі моселесіне арналған кептеген басылымдар пайда болды. Дегенмен, олардың көпшілігі арнайы білімі жоқ педагогтардың ез тәжірибесін қорыту нәтижесінде туған немесе бүрыннан калыптасқан әдістемелердің жалпы жинағы (синтез), сондай-ак, тожірибе, зерттеу арқылы бекітілмеген болжам (гипотеза) денгейінде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі белгілеген жоғарыда аталған Ережелер мен Қазақстандағы орта, жоғарғы көсіби және балама (альтернативті) білім беру стандартының қазіргі талаптары өнердің түрлерін жеке түлғаны тәрбиелеу мен дамыту үрдісінде кең қолдану мен тарату жүмыстарын жан-жақты жүргізу мәселесін алдыңғы орынға қоюы да жүмыстың озектілігін дәлелдей түседі. Өнер арқылы адам кабілетін дамыту мәселесі туралы жазылған ойлар, түжырымдамалар, козқарастар, еңбектер баршылық. Ежелден үлы ойшылдарымыз ол-Фараби, М. Қашғари, Ж. Баласағүп [3] үлы Абай [4] өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуға үнемі назар аударып отырған.
Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский [5], Ы. Алтынсарин [6], А. Макаренко [7], Ш. Қүдайбердіүлы [8] , Ж. Аймауытов [9], А. Байтүрсынов [10], М. Жүмабаевтардың [11] шығармаларында да адамның бойындағы қабілеттерді дамытудың және қалыптастырудың жолдары қарастырылған.
Республикамызда эстетикалық тәрбиеге назар аударған ғалымдар эстетикалық тәрбие беру(С. А. Үзақбаева [27], Б. А. Әлмүхамбетов [28], А. Қамақов [29] ) мәселелерін өз еңбектерінде зерделеген, оқушылар мен студенттердің көркем мәдениеттік тәрбиесін (эстетикалық, музыкалық, адамгершілік) жетілдіру жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып керсеткен.
Жоғары сынып оқушыларының әр жақты қызығушылығын және оны қалыптастыруды (Н. Д. Хмель [30] ), еңбек сабағында бастауыш сынып оқушыларының сәндік-қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын туғызудың жолдарын (С. А. Жолдасбекова [36] ), сабақ және сабақтан тыс жүмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың пөнғе танымдык, қызығушылығын (Б. Т. Ыәбиева [37] ) болашак бейнелеу онері мүғалімдерін дайындау үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану мәселесін (Қ. Болатбаев [31] ), қазақ мектептерінде бастауыш сынып окушыларын сәндік-қолданбалы өнерін қолдану арқылы еңбекке баулу (О. Сатқанов [32] ) жолдары арнайы зерттеулерге арқау болған.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып окушыларын бейнелеу өнеріне баулу үрдісі.
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесінің педагогикалық шарттары.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасы мектептерінің 2 сыныптарында бейнелеу өнері шығармалары арқылы оқушыларды эстетикмлық тәрбиелеудің педагогикалық тиімді жолдарын теориялық түрғыда негіздеу
Зерттеудід ғылыми болжамы: егер оқыту үрдісінде эстетикалық тәрбиелеудің денгейлері анықталып бүл жүмыс ғылыми-әдістемелік жүйеде күрылса, онда, бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері арқылы шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру тиімді жүргізіледі, өйткені бүндай жағдайда оқушылардың ақыл-ойы мен зердесі байып, эстетикалық талғамы өсіп, жалпыадамзаттық қүндылықтарды меңғеру мүмкіндіктері арта түсер еді.
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларыньщ бейнелеу өнері шығармалары арқылы арқылы эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздерін анықтау.
- Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері арқылыэстетикалық тәрбиелеуді тәжірибе-эксперимент негізінде тексеріп, дөлелдеу.
Зерттеу әдістері:
Бастауыш сыньгп оқушылары мен мүғалімдер арасында сауалнама жүргізу, педагогикалық түрғыда бақылау, озық педагогикалық тәжі-рибелерді талдау, этнографиялық мүражайлармен көркемөнер шеберлерінің шығармаларымен танысу, көрмелер мен суретшілер шеберханаларына бару, эксперимент нәтижесіне баға беру.
ТАРАУ І. Эстетикалық тәрбиелеудің тарихи жайы, мәні
І. 1. Зерттеу мәселесінің тарихи жайы мен қазіргі кездегі жағдайы
Үлкендер де, балалар да эстетикалық құбылыстармен жиі бетпе-бет келеді. Рухани өмір аясында, күнделікті еңбекте, өнермен және табиғатта, тұрмыста, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарда- әдемілік пен ұсқынсыздық, қайғылы жайлар мен күлкілі оқиғалар алмасып келін отырады. Әдемілік қанағаттану мен ләззат беріп, еңбек белсенділігін арттырып, адамдармен кездесуді ұнамды етеді. Ұсқынсыздық жеккөрінішті етіп бездіреді, қайғылы жайлар аяушылық тудырады. Күлкілі жайлар кемшіліктермен күресуге көмектеседі (1, 56) .
Эстетикалық тәрбиелеу мәні, оның міндеттері мен мақсаттары туралы ұғымдар Платон мен Аристотельден бастап, бүгінгі күнге дейін өзгеріп кетті.
Адам қалыптасуы үшін әсерленушілік - бейнелік әсер ету мен күйзелудің маңыздылығы дүниені игеруге сезімдік түсіну басым болған алғашқы қауымдық құрылыс кезінде байқалған. Ол шындықты ерекше сиқыр ретінде түсіндірумен бірге көркемдік бейнелер, еңбек пен тұрмыстық заттарды бейнелеудің негізі болды, сонымен қатар, табынумен байланысқанжораларда, ойындарда, оқыту әрекеттерінде көрініс тапты. Жазудың алғашқы жүйесі шындықты сызбалық бейнелеу немесе суретке жақын зооморфтық бейнелерге бағдарланған.
Қоршаған дүниеге қарым-қатынас пен оны көркемдік қабылдауға деген саналы қатынас Ежелгі шығыс өркениетінде атап көрсетілген. Бірақ та халықтың діни және эстетикалық санасының бөлінбеуі өнерді тәрбие құралы ретінде анықтады. Балада сенсорлық, әсерленушілік үрдістердің дамуы, онымен байланысқан педагогикалық тәсілдердің жинақталуы сонымен қатар, сезім мен мәнерді тәрбиелеу эстетикалық сезімді мәдениеттеудің бастапқы сатыларына тән.
Қытайда, б. з. бұрынғы 3-2 мыңжылдықты табиғатта, еңбекте қолөнерде, тілде және араласу ережелерінде эстетикалық бағдарларға оқыту дәстүрі болды. Оқытуда да, араласуда да ерекше назар жораларға, рәсімдерге, басқа да өнерлерге, табиғаттағы әртүрлілікті бақылауға аударылды. Қытайда бұл идеялар эстетикалық тәрбие негізінде әр ғасырда өз бейнесін иеленіп, көп дәуір бойы сақталды. Эстетикалық тәрбиелеу жүйесінің Қытайлық мектептерінде тіл мен әдебиет, музыка, бейнелеу өнері басым болды.
Ежелге және өзіндік ерекшелігі бар мәдениет Индияның эстетикалық тәрбиесі дәстүрін бойына сіңдірген. Ежелгі индиялық ілімдерде (брахманизм және т. б. ) адамның табиғат дүниесімен тығыз байланысын, оның көңіл-күйінің күш-қуатын, қабілеті мен сезінуін дамытудың ерекше маңызы болды.
Храмдық мектептердегі бастауыш білім беру дінді меңгерудің әр түрлі көркемдік және ежелгі қолөнерді білуден тұрды. Біздің заманымыздың басынды Индиялық эстетикада көркемдік шығармаларды қабылдау мен шығармаларға байланысты мәнер туралы, сыртқы әрекеттер мен мінез-құлықтарда ішкі көңіл-күйдің көрінуі туралы, эстетикалық сезімдер туралы ілімдер дамыды. «Махабхарат» және «Ромаяна» эпостарында көрініс тапқан ежелгі мәдени дәстүрлер, сәулет және мүсін өнерлері, храмдарды әсемдеп бейнелеу мен әр түрлі табиғат Индиядағы эстетикалық тәрбиелеу мен білім беру үшін табиғи негіз болды.
Жапониядағы мәдениет пен білім синтоизммен - бастапқы діни жоралармен және елдің ұлттық ерекшеліктерімен байланысқан. 7 ғасырда буддалық діннің, мәдениеттің, сәулет өнерінің Қытайлық жазудың, әдебиеттің қалыптасу үрдісі жүрді, шеттен алынған емес, кескіндемеде, киім мен рәсімдерде қайталанбас көркемдік жүйені қалыптастыру жүрді.
Жапон оқушыларының эстетикалық санасына табиғат пен адам жаратылысына деген нәзік мәнер, әсерленіп қабылдау, шыдамдылық пен анықтылықты таңдау тән. Ислам дүинесінде әдетте өнерде діни тақырыптарды жаңғыртуға, сенімнен алыстатын шындықпен адамдарды бейнелеуге деген жағымсыз қатынас бар. Сонымен қатар, эстетикалық сезімдерге бай кітап миниатюрасы, сәулет өнері мен сәндік өнер ықпал етті. Бай кітап қорлары мәдениетті меңгеру мен беру үшін, нақтырақ айтқанда білімді адамдардың мәнерлерін жетілдіру үшін негіз жасады. Осы көркемдік дәстүрлерді көрсету қазіргі кездегі мұсылман мектептерінде жалғасуды, онда сұлулық туралы ұғымдардың, мәнерлердің, бағалаудың, идеалдардың, эстетикалық сананың ерекшеліктері қалыптасқан; кейбір мектептерде көркемдік білімнің ұлттық үлгілерімен қатар батыс үлгілері қатар өмір сүреді. Европалық білім мен мәдениеттегі эстетикалық тәрбиелеудің теориясы мен практикасының негізгі мақсаттардың тамыры ежелгі дәуір кезеңінде жатыр. Одан үш бірлікті: шындықты, жақсылық пен әдемілікті сипаттайтын «каллокабатия» түсінігінде берілген мүлтіксіз адамды тәрбиелеу идеясы туындаған. Сонымен қатар ол, ғылымдардың бірдей пайда болғанын көрсетеді: философия, этика мен эстетика, педагогика осы үш бірлік ойға, (сүйенеді) эстетиканың барлық жақтарынан тұратын «анықтылық» түсінігінің жан-жақтылығы туралы зерттеулерге сүйенеді, олардың ішіндегі көркемділік идеалдылық рөлін атқарады. Ежелгі эстетикалық ұғымдар сол кездегі теорияларда барларға қарағанда анағұрлым кең де әр түрлі. Шындықтағы дәуірдің эстетикалық санасы теориялық құрылымдардай бай және де оның негізінде адамға тән анықтылық ретіндегі эстетикалық жатыр. Лайықты адамның сырттай әдемі де адамгершілікті идеалды қасиеттері оның мәні мен эстетикалық дамуының шамасы ретінде көрінед. Сонымен, «әдемі» де «мейірімді», адамгершілікті, дене бітімі жетілген, музалармен тәрбиеленген, атлетикалық жетілген нағыз лайықты адам гректің еркін адамының идеалды үлгісі болды, Бұл идеалдар дүние жүзілік мәдениеттің дамуына зор әсер еткен ежелгі грек өнерінің аса көрнекті туындыларында көрініс тапты.
Аристотель өнерде адамның ең биік рухани қабілеттерінің, оның ақыл-ойы, сезімі, жан күйзелісі мен «қатаң мәнерлерінің» қалыптасу бастамасын көрді. Тарихта алғаш рет ол адамның көркемдік ләззатқа деген және жеке тұлғаның біртұтас көрінісі ретіндегі шығармашылыққа деген қабілетін қарастырды (2, 154) .
Орта ғасырдағы діни христиандық тәрбие аскетизм мен ғажайып рухани идеалдарға бағдар алған эстетикалық тәрбие сипатына өз таңбасын салды. Канондық діни өнердің әр түрі мен жанры (діни мүсін өнері, иконаларды бейнелеу, т. б. ) көркемдік бейнеліліктің әсерленушілік ықпал етуін қолданды. Батыс еуропалық мектептерде, көркем қолөнерде, фольклорда, тағы да басқа халық өнері формаларында дәуірдің дүниені бейнелік - сезімдік көруі бейнеленді. Өнер аясы эстетикалық тәрбиенің іс жүзіндегі негізгі бастамасы болды.
Қайта өркендеу дәуіріндегі гуманизм «жердегі» адамның сұлу да мейірімді идеалын қалпына келтіріп, оны байыпты, өйткені олар адам бойынан талантты, шеберлікті, жан-жақты дамыған, әмбебаптықты көрді.
Эстетикалық тәрбиелеу теориясы элементтері педагогикалық ұғымдарға әсер еткен өнер туындылары шығармаларында (Леонардо до Винчи, т. б. ) дамыды. 1423 жылы Виторино да Фельтреде (Италияда) оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен оларды эстетикалық тәрбиелеуді дамытуға бағдарланған поэзия, ежелгі тілдерді оқыту мектебі ашылды. Қайта өркендеу дәуіріндегі педагогика мен эстетикаға көркемдік шығармаларды және өнер туралы нақты ғылымды терең зерттеулер елеулі әсер етті.
Реформалау дәуінідегі Б. Троцендорф және тағы басқа табиғаттағы әдемілік пен өнер туындыларындағы әсемдікті ерекше атай отырып, тәрбиелеу идеясын дамтты. Халықтық мектебіндегі туындыларындағы гуманистік білім мен тәрбие жүйесінің нақты көрінісі Ян Амос Коменский еңбектерінде суреттелді. Оның негізінде: сезімдерді дамыту, дүние мен заттардың ерекшеліктері туралы білімдер, көзбен көріп шолуды қолдану, сенсорлық және эстетикалық қабылдауды дамытуға нұсқаулар бар. Я. А. Коменскиймен тәжірибе жинақтайтын шеберге ұқсас оқушылардың өз бетінше танымының тәрбиелік мағынасы негізделген.
17-18 ғ. ғ эстетикалық көріністің субъективтілігі өнердің теориялық мәселелеріне назар аударған батыр еуропалық ойшылдардың пікірталас орталығына айналды.
Жеке адамның қалыптасуына деген кең жол мен эстетикалық, адамгершілік және ақыл-ойдың сай келуі қасиеттілігі үшін ағарту дәуіріндегі француз философтары мен жазушылары: Ш. Монтеське, Н. А. Гельвецин, Вольтекр, Ж. Ж. Руссо т. б. шығып, өз мақалаларында сол кездегі дворяндық өнерді сынады. Демократиялы, бір жақты Руссоның утопиялық тұжырымдары табиғи тәрбие теориясында көрініс тапты.
Шындық пен өнерді эстетикалықты, табиғат туралы теориялық ұғымдарды жинақтау мен теориялық ұғымдарды жинақтау мен қорытындылау, олардың адам дамуына әсері 18 ғасырда эстетиканың жеке ғылым саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді . Еуропадағы өнерді білудің дамуы өнердің табиғатын терең ашуға, адамның эстетикалық мәдениеті ерекшеліктерін анықтауға ықпал етті. Немістің өнер тарихшысы И. Г. Винкельман біріншілердің бірі болып, өнерді оқу адамгершілікті мінез-құлық пен жақсы мәнерді тәрбиеудің ең маңызды тәсілі болатындығын көрсетті. Г. Э. Лессинг мүсін өнерінің тәрбиелік - танымдық мүмкіндіктерін, азаматтың жеке тұлғасын қалыптастыру үшін оның маңызын ашып көрсетті. Б. Шиллер «эстетикалық тәрбие» туралы хаттарында (1795) адамның мәнерлік анықтамасын, қарым-қатынаста, әрекетте, бейнеде жеке адамның «сезіну бейнесі» көрінісін қалыптастырды. Сонымен, Шиллердің пікірі бойынша, мәнерлік дегеніміз - мінез - құлық пен сезімнің денедегі көрінісі, эстетикалық көрініс - олардың шындық пен өнердегі үйлесімділігі («әдемілік көрінісі») : «адам мен бірге оның көзқарасы, бет-әлпеті, қолдары, көп уақытта оның денесі де сөйлейді». Эстетикалық тәрбиелеудің мақсаты: «мәнерліктен жұрдай тегіс бейнені . . . қатаң тәртіпке үйренген тәрбиеленушілерді» дамыту емес. Шиллер үшін идеал - еркін әсемдікті жасайтын, одан рахат алатын үйлесімді жеке тұлға.
И. Г. Песталоцци өзінің теориялық және әдістемелік еңбектерінде табиғат пен өнердің ықпал етуі, күйзелуі, қабылдау сезімдерінің мағынасын атап көрсетті. Песталоццидің пікірі бойынша, «табиғат өнері» мен «табиғатқа ұқсатуға тырысатын балалардың өнері», сурет салу мен ән салу, табиғатты бақылау әсемдік сезімін тудырып, оны қалыптастырады. Ф. Фребельдің балалардың дербес әрекеттеріндегі, табиғат әсерімен «әдемілік формасын» ойындық құрудағы олардың шығармашылығын дамытудың маңыздылығы туралы ұғымдары жемісті болады. Ф. Гербарт «индивидуалдық педагогика» дәстүрінде баланың ұғымдары мен сезімдерінің дамуын этикалық өзін-өзі бағалау және «тазалануға» (ежелгі катарсис сияқты) деген қабілеттілікті тәрбиелеу тәсілі ретінде қарастырды. 19 ғасырдың 2- жартысында А. Дистервергтің еңбектерінде бұқаралық мектептерге сай келетін, ұлттық мәдениетті меңгеру мәселелері, табиғат объектілері мен өнерді қабылдау үрдісінде адамгершілік, ақыл-ой мен эстетикалық тәрбиелеудің байланыстары жазылған.
30-50 жылдары ағылшын эстетигі Г. Рид үйлесімділік тәсілі ретінде баланы өнер мен ойынға спонтандық эстетикалық тәрбиелеуге басты рөлдерді беріп, сурет негізінде жеке адамның көркемдік типологиясын анықтау әдістемесін даярлады. Рид «өнермен тәрбиелеудің» кең қозғалысының негізін салушы, бұл бағытта белсенді ізденістерді К. Орф т. б. эстетикалық тәрбиенің теоретиктері мен практиктері жүргізді. Адамның жеке және әлеуметтік қасиеттерін есепке алатын, оның жалпы және эстетикалық дамуы ретінде мәдениет пен көркемдік білім алуды меңгеру М. Манромен негізделді. Германияда гуманистік, көркемдік педагогикамен бірге (Г. Кершенштейнер, Л Вейсмантель, З. Штрангель) діни - адамгершілік білім ретіндегі эстетикалық тәрбие тұжырымдамасы дамыды. Эстетикалық тәрбиелеу үрдісінде жеке адамның өзін-өзі жүзеге асыру теориясы (К. Яспере) фашистік идеология мен жеке адамды тегістеуді жоюға әсер етті.
Британдық мектепте эстетикалық тәрбиелеудің негізгі тәсілі осы күнге дейін бейнелеу өнері болып отыр. Францияның бұқаралық мектептерінде балалардың мәдениетті оқуы мен шығармашылық әрекеттері үрдістеріндегі эстеттикалық мәнерлері мен қажеттіліктерін дамытуға назар аударылып отыр. АҚШ-да эстетикалық тәрбиелеуге кең көзқарас дамуда. Білім беруде бірінші орынға өнер, оның теориясы мен тарихы ғана алынып отырған жоқ (А. Айшер, Г. Броуди), сонымен қатар балалардың эстетикалық тәжірибесін көзбен шолып, ойлауды байыту идеялары да алдыңғы орындарға қойылып отыр. Қазіргі Жапонияда басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, мәдени білім беру үрдісінде әдеттегі мүлтіксіз адам идеясын, эстетикалық тәрбиелеу идеясы, табиғаттың эстетикалық құндылықтарын түсіну мен субъективтік күйзелуді дамытудың қазіргі уақыттағы ұстанымдары сәйкес келіп отыр. Қазіргі жапон педагогтарының түсіндірулеріндегі (Т. Мотому, М. Цунзсабур) жүздеген түстер үйлесімділігін оқушылардың меңгеруі әдеміліктің көптүрлілігі мен жақсының, тиімдінің айқындығы туралы ұғымдармен біріктіріледі. Педагогикада эстетикалық тәрбиелеуге бұлай келу болашақта экологиялық үйлесімділікке көшуде дүниежүзі қоғамдастығының бағдарына байланысты маңызды. Қазіргі кездегі ғалымдар зерттеулерінде эстетикалық тәрбие жеке адамның даму үйлесімділігі шарты, оның дүниені сезінуі, эстетикалық санасы, шындықты эстетикалық меңгеруі мен араласуы және эстетикалық әрекетті меңгеру өнері ретіндегі шарт болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz