Нарақ экономикасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КIРIСПЕ

Бірнеше жыл бұрын “нарық” ұғымы әлеуметтік лагерь экономикасында үлкен абайлылықпен қолданылды. Дегенмен нарықтық қарым-қатынас социалистік өндірісте белгілі орын алатынын мойындады, өйткені оған теорияда да, тәжірибеде де толықтырғыш роль берілді. Қазіргі күні жағдай басқаша, нарықтық қатынастың даму қажеттілігі мен мемлекеттік соған сәйкес ролі өзгеруі күрделі келіспеушілік тудырмайды.

Мемлекеттің өте үлкен рөлі және оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясаттың байланыстарынан, экономикалық саясаттың жасалуынан тәуелді болады.

Мемлекет қоғамдық жүйенің жемісі болып табылады, биліктің барлығына ие болады, мемлекеттік емес институттардың барлығының болуын (болмауын) болжап отырады.

Сондықтан мемлекеттің жаратылып, қызмет етуі тарихи қажеттілік болумен бірге, бұл дамудың қоғамдық прогрессивтік және өте маңызды факторы болып табылады.

Осы замандағы мемлекеттердің экономикалық қызметтері өте күрделі және көп түрлі болады. Мемлекет атқаратын негізгі экономикалық қызметтерді мынадай топтарға бөлуге болады:

1. Құқықтық база және бәсекелестік орта құру арқылы нарық жүйесінің қызметін қолдау, монополияға қарсы заңдар арқылы бәсекелікті қолдау.

2. Табыс пен байлықты қайта бөлу, ұлттық өнімнің құрылымын өзгерту және экономиканы тұрактаңдыру мақсатымен жұмыспен қамту және инфляцияның дәрежесіне бақылау жүргізу арқылы ресурстардың бөлінуіне түзету енгізу.

3. Нарық механизмінің кейбір элементтерінің әрекеттеріне тежеу кою. Демек, жиынтық муниципалдық тұтыну сферасы көлемінде әңгіме қоғамдық тәртіпті қолдап, қорғау туралы, ұлттық қорғаныс, инфрақұрылымдық кешендер туралы және сумен қамтамасыз, көлік жүйесі туралы болғанда, нарықтық элементтерді пайдаланудың шектелгені байқалады.

Шектеу жиынтық тұтыну сферасында және өмірдің қоғамдық орташа шартын қамтамасыз етуде, білім беруде, медициналық қызмет көрсетуде қолданылады. Мемлекеттік және муниципалдық органдар нарықтық және қоғамдық мүдделермен есептесе отырып білім, денсаулық сақтау, экологиялық бақылау жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз етеді.

4. Әлемдік экономикадағы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізіп, сақтау.

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА

Мемлекеттің осы қызметтері әлемдік нарықтық жаңа және дәстүрлі қалыптасқан салаларында фирмалардың бәсекелестік қабілеттерін дамыту

арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет өзінің қызметтерін үкімет арқылы орындайды, шынында мемлекет дегеніміз - бұл бірлесіп өмір сүру үшін және іс-әрекеттер атқару үшін ұйымдастырылған қатынастар жүйесі. Ал үкімет көмегімен нақты ережелердің, зандардың, нормативтердің орындалуына басқару және бақылау жүргізілетін Министрліктер, Комитеттер, Ұлттық банк және басқа үкіметтік органдар түріндегі, билік ететін құрылымдар.

Мемлекет- өзін-өзі ұйымдастырған қоғам, үкімет - осы ұйымының атқарушы органы. Үкіметпен және оның шаруашылық субъектерінің жиынтығы, зандардың негізінде қызмет ететін, ұйымдастырылған нарықтық экономиканың институционалдық құрылымына жатады.

Соңғы кездері үкіметтік шешімдер қабылдауда қоғамдық талғау теориясы кең қолданылып отыр. Осы теория арқылы үкімет не сатып алу керек, тауарларды калай өндіру керек, кімдер үшін мемлекет шығынданады, жеңілдіктер кімдер үшін жасалады деген мәселелер анықталады. Қоғамдық талғау теориясы жекелеген тұтынушылардың ұнатуларының, нарық механизмі арқылы ұжымдық іс-әрекеттерге айналуын зерттейді. Өзінің экономикалық мәні жағынан қоғамдық талғау теориясы мемлекеттің басты экономикалық, саяси қызметтеріне негізделеді.

Мемлекет, әлеуметтік-экономикалық процестерге реттеу жүргізуде, экономикалық міңдеттерге, мемлекеттің материалдық мүмкіндіктеріне, реттеу туралы жинақталған тәжірибеге байланысты өзгеріп отыратын әдістер мен инструменттер жүйесін қолданады.

Мемлекеттік реттеу әдістері құқықтық, әкімшілік, экономикалық - тікелей, жанама болып бөледі.

Құқықтық реттеуге мемлекет тарапынан өндіруші-фирмалар және тұтынушылар үшін «экономикалық ойын» тәртібінің белгіленуі жатады. Заң нормалары мен ережелерінің жүйесі, меншік формалары мен меншік құқықтарын, контракт жасау мен фирманың қызмет ету шарттарын, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің еңбек қатынастарына байланысты өзара міндеттемелерін және т. б. белгілейді.

Әкімшілік реттеуге - реттеу, контингенттеу, лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Әкімшілдік шаралардың көмегімен (бекіту, рұқсат ету, зорлау түрлерінде) бағаларға, табыстарға, есепке алу ставкасына, валюта курсына мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Осы заманда әкімшілдік шаралардың әрекет ететін сферасы, көп елдерде қоршаған ортаны корғаумен, тұрғындарды әлеуметтік корғаумен шектеледі.

Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатына және ұлттық құрамның шеңберінде нарықтық ортаға ықпал етуді талап етеді. Бұл жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер ету арқылы экономиканы және әлеуметтік шарттарды құрылымдау, экономикалық өсу факторларын қолдану арқылы жүріп отырады. Мынандай мақсатпен қолданылады:

• Бюджеттік және фискалдық саясат;

• Ақша-несие саясаты;

• Болжау және жоспарлау. Мемлекеттік реттеудің келтірілген әдістері мен инструментарилері оларды кешенді қолдануды талап етеді. Тепе-тендік экономикалық өсуге ықпал етуде, өзара байланысты инструментариді пайдалануды, нарықтардың өзара байланысы және шарттасқандығы тудырады.

Нарықтық жүйенің мемлекеттің кірісуінсіз мүмкін еместігін барлық экономикалық даму айқындайды. Бірақ бұның шегі бар, одан шығып кеткен болса нарық процестері деформацияға ұшырайды, өндірістің тиімділігі түседі. Реттеудің маңызды шектелуі болады. Тағы есте болатын жағдай экономикалық реттеушілердің ішінде бірде-бір идеалдығы жоқ.

Мемлекет экономикаға тікелей ықпалын шаруашылықтың белгілі салаларына инвестиция жасау арқылы жүргізеді. Бұл екі бағытта жүргізіледі: мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту арқылы немесе мемлекеттік емес кәсіпорындарына субсидия беру арқылы.

Мемлекет реттеуді меншіктің бірлескен немесе индивидуалдық-жеке формасындағы кәсіпорындарын қолдау арқылы да жүргізеді. Бұл оларға төмен бағамен тауарлар, қызметтер немесе субсидия беру арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау сфераларын қолдау бағдарламасын орындайды. Бұлар мемлекеттік қолдаусыз баяу дамыған болар еді, немесе олардың қызметтерінің бағасы өте жоғары болып, көпшіліктің қолы жетпес еді. Осы салалар, аграрлық өндіріспен, шығаратын өнеркәсіппен, көлікпен қатар, көп мемлекеттердің субсидия жасауының тұрақты объектісі болып табылады.

Мемлекет экспорт жасаушыларды шикізат әкелу үшін төленетін баж салығынан босатып немесе экспорттық несие жеңілдігін беріп, экспортқа тікелей реттеуші ықпал жасайды.

Мемлекет ұлттық нарыққа тікелей де әсер етеді. Мемлекеттік тапсырма арқылы, ол нарықтың даму бағыттарына, көлемі мен құрылымына әсер ете алады. Мемлекеттік тапсырма белгіленген мерзімде және белгілі мөлшерде өнімнің көрсетілген түрін немесе бірегей, аса тапшы өнімді өндіру үшін мемлекеттің фирмаға берген тапсырмасы болып табылады.

Тұрақтандыру саясатын жүргізгенде көптеген үкіметтер ақша-несиелік, бюджеттік және фискалдық саясатпен катар, әлеуметтік және сыртқы экономикалық реттеушілерді қолданады.

Сонымен, үкіметтің экономикалық саясаты - экономикалық инструментарий арқылы жүзеге асырылатын, шаруашылық субъектілерінің іс-әрекеттер нормасы мен ережелерін тәртіпке келтіру болып табылады.

Мыналар инструментарийге жатады:

1. Несие саясатында:

- банк резервтерін нормалау;

- банк процентерінің есепке алу ставкасын өзгертіп тұру;

- валюта нарығында операциялар жүргізу.

2. Бюджеттік саясатта:

- мемлекеттік шығындарды реттеу;

- мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

- мемлекеттік ішкі заем шығару;

- мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау және оны тәртіпке келтіру.

3. Фискалдық саясатта:

- азаматтар мүлігіне салық салуды реттеу;

- муниципалдық салық енгізу;

4. Әлеуметтік саясатта:

- еңбек төлемінің минималды ставкасын реттеу;

- зейнетақының, жұмыссыздық жәрдемақысының және т. б. көлемін белгілеу.

5. Сыртқы экономикалық саясатта:

- заң жүзінде баж салығының, валюталардың айырбас курстарын белгілеу;

- шетел қарыздарын, инвестицияларды және валюталық шектеулерді қолдану.

Қалай болмасын мемлекеттік реттеу тиімді болуға тиісті, ол партнерлікті тереңдетіп және бизнесті жандандыру үшін кәсіпкерліктің қуатын барынша толық пайдалануды тілейді.

Егер мемлекеттік реттеу нарықтық механизмдермен реттелмейтін немесе шамалы реттелетін сфераларды - денсаулық сақтау, білім беру, макроэкономикалық тұрақтылық, кедейлерді қорғау - қолдаса, онда оның тиімді болғаны.

Дамыған нарықтық және транзитивтік экономикалы елдердегі мемлекеттік ретеудің тәжірибесін талдаудың нәтижесінде, экономикада орын алатын реттеулік тенденцияларды айқындауға болады.

Мемлекеттік реттеудің қызметтері, біріншіден ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын сақтауды қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылады. Бәсекелестіктің артықшылығына экономикалық факторлар арқылы, өндіріс факторларының пайдалану дәрежесін үздіксіз көтеруге кабілетті, бірегей институционалдық механизмдердің, ресурстардың, жұмысшы күшінің, капиталдың, кесіпкерлердің осы елде бар болғанының арқасында жету мүмкін.

Екіншіден, сан алуан инструменттерді пайдалану, оның ішінде аддымен контракт жүйесін пайдалану - жеке бизнесті қоғамның приоритеттік мәселелерін шешу үшін мемлекеттік бағдарламаларды орындау мақсатымен, мемлекеттік тапсырма және сатып алу жүйесін ұйымдастырудағы әр түрлі формалардың жиынтығын қолдану.

Үшіншіден, ұлттық экономиканың әлемдік нарықтардағы бәсекелестік артықшылықтарын қамту мақсатымен, мемлекеттің белсенділік әрекеттерінің мүмкіңдігін ұлғайту. Осыны жүзеге асыру жолдары: ұлттық кәсіпкерлер үшін қолайлы шарттардың жасалуы, жеке бизнес үшін мемлекеттік емес қолдауды ынталандыру, ірі масштабты стратегиялық мәселелердің шешілуін камтамасыз ететін және жоғары қауіппен байланысты болатын немесе жетімді пайда әкелмейтін, жеке инвестицияларындағы фирмалардың бәсекелік қабілетіне ұнамды жағдай тудыру.

Төртіншіден, экономикалық процестерді жалпылама үйлесімділікке келтіру, экономиканың дамуын үкімет белгілеген бағыттарға сәйкес ынталандыру, мемлекеттік реттеудің мәндік мағынасы бар қызметіне айналып келеді. Жоспарлық-болжамдық институционадцык құрылымдар жүйесі арқылы өнеркәсіптік саясаттың ұзақмерзімді стратегиясы жасалып отыр (Франция, Жапония, ҚХР) .

Бесіншіден, мемлекет конъюнктуралық артықшылыққа жетуді көздеп, елдің жеке және өндірістік сұранысының динамикасын жобалап отыр. Мемлекет, мемлекеттік шығындармен, салықтармен, несие құнымен, айлалы әрекет жасайды, бәсекелікті тәртіпке келтіреді, мемлекеттік секторды дамытады.

Алтыншыдан, әлеуметтік стратегия және оны жүзеге асыратын әлеуметтік саясат бағытынан келгенде, табыстар, бағалар, жұмыспен қамту, еңбек катынастары, еңбекті қорғау, тауарлар мен қызметтер сапасы мемлекеттік реттеу сферасына айналып отыр. Бұндағы мақсат - әлеуметтік теңсіздікті жеңілдету, мүдделер балансын қолдау, жалпы консенсусқа жету, тұрғындардың әр түрлі топтарының экономикалық белсенділігін ынталандыру.

Жетіншіден, экономикалық реттеудің өзгеріп отыратын шаруашылық жағдайларына үйлесуін мемлекет әрекеттерінің әр алуандылық болып дамуы айқындайды. Бүгінгі нарықтық құрылымдар, экономикалық және әлеуметтік саясаттың диверсификациялануын (әр алуан, көп түрлі болуын) талап етеді. Осы күнгі дамыған индустриялық елдердің экономикасында қайта реттеу және децентрализация (мәселелердің шешімін микродәрежеге беру) процестері қатар жүріп келеді. Қайта реттеу - бұл қоғамдық ұдайы өндіріс механизміне тікелей мемлекеттік кірісудің масштабының кысқа-руы болып табылады. Мемлекеттік реттеу корпоративтік реттеумен толықтырылып отыр, бұл комулятивтік және компенсациялык (өтемдік) эффект береді.

ҚОРЫТЫНДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық банктердің функциялары
Салық жүйесінің нарықтық экономика жағдайындағы сипаты
Салық мемлекет бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекттік әлеуметтік-бағдарламасын орындауда маңызы
Салық жүйесінің нарықтық экономика жағдайы
Салық жүйесінің нарықтық экономика жағдайлары
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан кейін тіліміздегі сөздердің қолданылу орны мен аудару мәселесі бүгінгі күндегі басты мәселе болып отыр
Фирма стратегиясы және оның бәсекеге қабілеттілігіннің теориялық негізінде
Салық төлеу тәртібі бойьшша жеңілдіктер
Қазақ және түрік тілдеріндегі астрономиялық атаулардың лексикографиялық деректердегі көрінісі мен семантикасы
Рынок экономикасының қазіргі көріністері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz