Етістікті болымсыз сөйлемдер
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І Тарау. Есімді болымсыз сөйлемдер
1. 1 Араб әдеби тіліндегі предикаттық конструкцияның екі типі ... ... ..
1.2 Есімді болымсыз сөйлемнің құрылымдық сызбасы және болымсыздық құралдарының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. 3 Есімді сөйлемнің құрылымдық сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. 4 Түрлік болымсыздық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ Тарау. Етістікті болымсыз сөйлемдер
2. 1 Араб әдеби тіліндегі етістікті болымсыздық мәселесі ... ... ... ... ..
2. 2 Етістікті сөйлемдегі болымсыздық құралдарының жүйесі ... ...
2. 3 Етістікті сөйлемдегі болымсыздықтың білдірілуі ... ... ... ... ... ... .
2.4 Етістікті болымсыз сөйлемдегі мезгілдің, шақтың білдірілуі ...
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
І Тарау. Есімді болымсыз сөйлемдер
1. 1 Араб әдеби тіліндегі предикаттық конструкцияның екі
типі ... ... ... ..7
1.2 Есімді болымсыз сөйлемнің құрылымдық сызбасы және болымсыздық
құралдарының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .13
1. 3 Есімді сөйлемнің құрылымдық
сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1. 4 Түрлік болымсыздық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ІІ Тарау. Етістікті болымсыз сөйлемдер
2. 1 Араб әдеби тіліндегі етістікті болымсыздық
мәселесі ... ... ... ... ... ...32
2. 2 Етістікті сөйлемдегі болымсыздық құралдарының жүйесі ... ... ... ... 35
2. 3 Етістікті сөйлемдегі болымсыздықтың
білдірілуі ... ... ... ... ... ... . ... .38
2.4 Етістікті болымсыз сөйлемдегі мезгілдің, шақтың
білдірілуі ... ... ...44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...51
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .53
Кіріспе
Бұл зерттеу жұмыстағы зерттеу нысаны араб әдеби тіліндегі болымсыз
сөйлемдер болып табылады. Болымсыз сөйлем бұл жерде болымсыз пайымдаудың
семантикалық– синтаксистік категориясысының бөлшегі ретінде қарастырылады.
Пайымдау – бір нәрсе жайында, біреу туралы пікір. Болымсыздық ұғымы бір
нәрседен бір нәрсені жоққа шығару туралы пікір. Бір нәрсеге тән құбылыс
жоққа шығарылып айтылуы мүмкін, ал бір нәрсеге тән емес құбылыс соған
қатысты болады және мұны осы шақпен байланыстырамыз, не біреу айтқан
пікірдің бәрін де жоққа шығаруға болады немесе біреу жоққа шығарып тұрған
нәрсенің бар екенін дәлелдеуге болады. Бұл жерден шығатыны, барлық
пікірлерге қарсы қарама – қайшылықты пікірлер жатады және барлық жоққа
шығаруларға қарсы – пайымдаулар жатады, 1, 96 - деп Аристотельдің
дәлелдегені.
Болымсыздық мәселесін синтаксистік тұрғыдан қарастыру оны қазіргі тіл
білімі, әсіресе шет тілі білімі аясында зерттеуде жетекші роль атқарады.
Болымсыздық әрекетінің шеңбері сөйлем болып табылады, - деп Б. Рассельдің
ізінше Е. В. Падучева дәлелдеп кеткен 2, 143. Болымсыздық және соған
сәйкес, оның анықталған тұлғалары әрқашан сөйлем деңгейіне қатысты болады,
- деп көрсеткен Н. Ю. Шведова. Тақырыпқа мұндай қадам жасау зерттеу
мәселелерінің ортасын айқындайды, оның өзі жалпы тіл білімі аясында және
болымсыздық категориясын зерттеумен байланысында жекелеген тіл білімдерінде
қарастырылады.
Зерттеу пәні болымсыздық категорияларының және предикаттық құрылым
деңгейінде қызмет ететін басқа категориялардың өзара қарым – қатынасы болып
табылады. Синтаксистік категория болып табыла отырып, болымсыздық сөйлемге
қатысты басқа да категориялармен анықталған өзара қарым – қатынасқа
түседі, - деп толықтырған Е. И. Шендельс 3, 65. Оның ішіндегі маңыздысы
предикаттылық категориясы болып есептеледі. Жекелеген түрде, пайымдау
болымсыздық категориясының қосмүшелі сипаттамасы оның предикативтілік
категорияларымен өзара қарым – қатынасын алдын – ала айқындайды, сонымен
қатар бұл категорияның бір мүшесінің еріктілігі осы позицияда екіншісінің
де еріктілігіне жатқызылады, ал оның біреуінің міндеттілігі екіншісінің
мүмкіншілігі болмайтындығын білдіреді. Демек, бұдан ұғынғанымыз, сөйлем
құрамындағы предикативті қос мүшенің бірі болдыруды білдірсе, екіншісі
болымысздықты білдіреді. Яғни әрекеттің жүзеге асу– аспауы екеуінде
керісінше жүзеге асырылады.
Кез-келген айқын сөйлемдерді ұйымдастыруда болымсыздықтың сипаттамасы
мен ролі әр түрлі болып келеді. Мұның өзі зерттеушілердің алдына түрлі
шешімін таппаған мәселелерді қояды. Бір жағынан, болымсыздық предикаттық
қатынастардың туу механизмдеріне тиіспейтін сөйлемдердің шартты болымсыз
тұлғалары зерттеледі. Бұл байланыста, жекелеген түрде болымсыздықтың
сөйлемдердің дербес типтерінің жүзеге асырылуын шектейтін әсері
қарастырылады, немесе – морфологиялық категориялар шеңберінде – сөйлем
мүшелерінің қатысуына шектеулі түрде әсер ету, яғни әр түрлі жүйелі
шектеулердің алынып тасталуы, мәселен, морфологиялық сипаттамасында
байқалады. Екінші жағынан, зерттеудің арнайы нысаны ретінде болымсыздық
сөйлем құрылымын құрастыруда және мүшеленудің логикалық – грамматикалық,
синтаксистік деңгейлерінде маңызды роль атқаратын предикативтік
конструкцияларға бөлінеді, мұнда болымсыздық предикаттарды тудыруда
үздіксіз қатысады.
Жалпы тіл білімінің зерттеушісі Фердинанд де Соссюрдің тіл мен
сөйлеудің дихотомиясы туралы концепциясы нақты синтаксистік
конструкциялардың негізінде оның лексикалық толығуымен бірге тілде
обьективті түрде бекітілген аталмыш конструкциялардың сызбасы болады деген
ойдан туындаған. Сонымен қатар тек нақты пікір емес, конструкциялар
сызбасы синтаксистің жеке пәні болып табылады, ал сипатын анықтау және бұл
конструкциялардың байланысын белгілеу синтаксистің бағыты болып табылады.
Осыдан кең қолданылып жүрген зерттеу әдісі шығады – моделдеу әдістемесі.
Болымсыз сөйлем үлгілері тілдің анықталған шағын жүйелері ретінде
зерттеу аясында қарастырылатын мәселелердің кең ауқымында маңызды
сұрақтарға айналған. Бәрінен бұрын,болымсыздық мағынаны білдірудегі
құрылымдық сызбаның өзіндік бөлшектері ретінде шығатын барлық лексикалық
тілдік бірліктер көрінеді. Қимылды білдіретін сөздерге жататын бұл тілдік
бірліктер жабық күйінде қарастырылады. Оның құрылымдық сызбаның басқа
құраушы элементімен өзара қарым – қатынасы сипатталады.
Болымсыз сөйлемнің жекелеген мәселелері қазіргі араб тіл білімінде
қарастырылған, жекелеген түрде, Аббас Хасан, Хассан Тамам, Анес Ибрахим,
Абдуррахман Аюб және басқалар зертеген. Қазіргі араб лингвистері дәстүрлі
араб тіл білімінің ізімен жинақталған білімдер мен мәліметтер қорын жүйелеу
бағытында еңбек етіп келеді.
Араб әдеби тіліндегі болымсыздықтың морфологиялық көрінісі, болымсыз
сөйлемдердің этимологиясы, болымсыздықтың шақ және рай түрлерімен өзара
қарым – қатынасқа түсуі, болымсыздықтың модальдылықпен байланысы,
экспрессивтілікпен қарым– қатынасы, болымсыз сөйлемдердің таралу жолдары,
классикалық және дәстүрлі араб әдеби тіл біліміндегі болымсыздық
қызметтің біршама ерекшеліктері, болымсыздықтың конструкциясының
синтаксистік және семантикалық құрылымы, араб тіліндегі болымсыздық
конструкцияларды басқа тілдермен салыстыру – бұл мәселелердің барлығы да
европа арабтанушыларынының еңбектерінде қарастырылды, атап айтар болсақ
олар мыналар: К. Броккельман, К. Бравман, А. Ф. Л. Бистон, К. П. Каспар, В.
Монтея, В. Райа, Сильвестра де Сас, В. Фишер, Г. Флейш, сонымен қатар орыс
зерттеушілері Н. В. Юшманова, Б. М. Гранде, И. С. Данилева, А. А. Ковалева
еңбектерінің зерттеу нысанына айналды.
Араб тілінің грамматикасынан болымсыздық мәннің білдірілуі тілдік
бірліктердің қатысуы арқылы жүзеге асатынын біз білеміз. Осыдан келіп
болымсыз құралдардың маңызды сипаттамасы шығады. Зерттеу нысаны ретінде
аталған бірліктердің формальдық құрылымы, сонымен қатар оның үйлестіруші
қызметінің ерекшеліктері болып табылады. Араб әдеби тілінің болымсыздық
құралдар қабатының жеке өкілдерінің үйлестіруші және функционалдық
ерекшеліктерінің негіздерінің көрінуі қажет болып табылады.
Аталмыш зерттеу еңбектің зерттеу нысаны болып табылатын мәтіндік
деректер танымал египет жазушысы Таха Хусейннің الايام - Күндер
автобиографиялық повестінен, қазіргі араб жазушылары – Махмуд Теймур мен
Нагиб Махфуз, Джебран Халил Джебран, Рыбван аш – Шаггал, Бурхан әл Хатыб,
Амиль Хабиб және басқалардың шығармаларынан алынған.
Араб әдеби тілінің предикаттық құрылымының жүйесі үшін есімді және
етістікті сөйлемдердің қарама– қарсы қойылуы болып табылады. Тілдік
ақиқаттың фактісі болып табыла отырып, ол Араб Шығысында ортағасырларды
араб әдеби тілін эмпирикалық зерттеу негізінде өзінің даму қарқынымен араб
тілі теориясынан көрініс тапқан. Араб дәстүрлі грамматикасында қабылданған
сөйлемдерді топтастыру бәрінен бұрын араб әдеби тілінің грамматикалық
құрылысымен айқындалады, және ғалым Габучанның көрсеткеніндей, орыс
грамматикасында бөлініп алынған есімді сөйлемдермен ешқандай ортақ
байланысы жоқ және сөйлемдерді есімді сөйлемдерге, сонымен қатар етістікті
сөйлемдерге бөлуге де қатысты емес. Ол тілдік тұлғаның сан алуан
түрлерінің бірі болып есептелетін және морфологиялық және синтаксистік
құбылыстардың тұтастығы болып табылатын сонымен қатар ойды білдірудегі
ерекшелік 4, 53 ретінде есептелетін сөздердің орын тәртібін де
қарастырады. Сонымен бірге етістікті сөйлемдерде оқиға мен іс - әрекет
туралы баяндалады, сонда ғана есімді сөйлемдер аталмыш нысан ретінде
сипатталады.
Араб тілінің теориясында предикативті құрылымдардың мүшелері есімді
немесе етістікті құрылым типтеріне қарай әр түрлі атауларды зерттейді.
Бұдан басқа, модальды шылаулар мен толық емес предикациядағы етістіктердің
қатысуымен жасалып шыққан есім түріндегі предикативті құрылымдардың жеке
модификациялары араб тілдік санасында жетілген құрылымдар болып есептеледі,
олардың компоненттері жеке модификацияланған атауға ие болады.
Предикаттық байланыс компоненттерінің синтаксистік ролін көрсететін араб
терминдері қандай типтің шеңберінде қарастырылатындығы жайлы
көрсеткіштерден де тұрады. Басқаша айтқанда, бұл топтың кез келген
грамматикалық термині қарым – қатынастың анықталған жүйесіндегі анықталған
синтаксистік қызметін көрсетеді.
1 Есімді болымсыз сөйлемдер
1. 1 Араб әдеби тіліндегі предикаттық конструкцияның екі типі
Араб тілінің теориясында предикаттық құрылымдардың мүшелері құрылым
типінің есімді немесе етістікті болуына қарай, әртүрлі атауларға ие. Бұдан
басқа, модальды шылаулар мен толымсыз құрылым етістіктерінің қосылуынан
жасалып шығатын есімді типті құрылымдардың жекелеген модификациялары араб
халқының тілдік санасында жақсы жетілген құрылымдар ретінде қабылданады
және олардың жекелеген модификациялары да атауларға ие.
Предикаттық байланыс компоненттерінің синтаксистік ролін көрсетіп
тұратын араб тілінің терминдері сонымен қатар оның қандай типтің аясында
қарастырылатындығын, немесе предикаттық қатынастардың қандай айырымдарында
бұл міндеттің орындалатынын да нұсқап тұрады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл
топтың кез келген грамматикалық термині қарым-қатынастың анықталған
жүйесіндегі анықталған синтаксистік қызметін көрсеткендей болады. Бұл
жүйелер өздерінің өзгеріссіз қалатын предикаттық сипатында формальды,
функциональды және құрамды белгілер негізінде дифференфиациялануы мүмкін.
Әр түрлі типтердің құрамдық аспектілерінің және предикацияның
айырымдарының арасындағы айырмашылық араб тілінің теориясында, жекелеген
түрде, жеткізілетін ақпараттың көріну сипатымен байланыстырылады. Бұл
сонымен қатар есімді сөйлемді етістікті сөйлеммен қарама-қарсы қойып
салыстыру барысында қолданылатын терминдер мәнімен де расталады.
Предикаттық қиысуды білдіру үшін есімді предикаттық құрылымда аталатын
مبتدأ сөзі жалпытілдік мән бастапқы, алғашқы деген мағынаға ие. Оның
терминденуі خبر сөзімен қарым-қатынасында анықталады. خبر предикатты
түрде қиысатын есімді предикаттық құрылымның элементін білдіру үшін қызмет
етеді. Бұл сөздің мәні - ақпаратты жеткізу. Ақпарат жеткізумен байланысты
бұл сөздің коммуникативтік сипаты айқын. Мұндай сипатқа,сонымен қатар
онымен бір терминологиялық өрісте қатар орналасқан مبتدأ сөзі де ие болып
табылады. Бұл терминдердің коммуникативтік сипаты араб тілінде және есімді
предикаттық құрылымдардың компоненттеріне морфологиялық талдау жасау
барысында расталады, бұл бойынша бірінші орынға оның анықталған-
анықталмағандық мәні шығады.
مبتدأ мен خبر терминдері, бір жағынан, тақырып, өзек, ядро,
рема - бұлардың әрбірі жиынтық тұлғада және тілдік бірліктердің
коммуникативтік ролінде анықталатын негіз немесе бастапқы пункт деген
сияқты коммуникативтік мүшеленудің мезгілдік мәнін білдіретін сөздерден
ерекшеленеді. Сондықтан араб грамматикасының терминдері مبتدأ қазіргі
кезде еуропа тіл білімінде қабылданған, есім типті предикаттық құрылымда
ойдың иесі болып, тақырып ретінде танылатын бастауыш деген ұғымдар
жиынтығымен сәйкес келеді. Ал خبر термині есім типтегі предикаттық
құрылымда ойды аяқтап, тұжырымдап, рема болып тұратын баяндауыш деген
ұғыммен сәйкеседі.
Қазіргі қазақ тілінде бастауыш пен баяндауыштың тұрлаулы мүшелер болып
табылатыны сияқты, مبتدأ мен خبر терминдері де араб грамматикасындағы
негізгі ұғымдар қатарынан саналады.
Араб грамматикасына бұлайша зерттеу жасау әр зерттеушіден өзіндік еңбекті
талап етеді. Бұл жерде араб әдеби тілінің предикаттық құрылымдар
жүйесіндегі есімді сөйлемдерді танытатын анықталған фактілерге назар
аударуға тура келеді. Есімді сөйлемнің бұл ерекшелігі берілген типтегі
сөйлемдердің коммуникативтік мүшеленуінде түйінделеді және бір уақытта
коммуникативтік және синтаксистік мүшеленудің бірмәнді сәйкестігімен
сипатталады. Тақырып – бастауыш және рема – баяндауыш.
Араб тілінің теориясында, әсіресе рема-баяндауыш позициясының жүзеге асу
нұсқасына көп көңіл бөлінеді. Бұл бойынша барлық нұсқалар үшін аталған
позицияның анықталмаған мәні анықталмаған есімді сөзтұлғамен қатар
өзгеріссіз қалады және ол мезгіл мен мекен үстеулерімен, есімдердің
үстеулік тұлғасымен, көмекші есімді септікпен жүзеге асу мүмкін, сонымен
қатар есімді және етістікті типтегі етістіктердің орындарын ауыстыруы
мүмкін. Рема-баяндауыш қалпының жүзеге асуының әр түрлі нұсқалары сөйлемнің
синтаксистік және коммуникативтік сипатын өзгертпейді, есімді типті
сөйлемге ауыспайды. Бұл мән араб тілінде сипаттау деп анықталады. Сипаттау
берілген заттың қасиетін суреттеу, оның белгілері туралы жалпы ұғымдар
тұтасып келіп үлкен ойды құрайды. Үлгісі өзінің синтаксистік-
коммуникативтік сипатымен тек қана анықталған құрылымды тип ретінде
көріндейді, сонымен бірге араб әдеби тілінің предикаттық құрылым жүйесінде
дербес семантикалық типті құрайды. Н. Д. Арутюнованың анықтауы бойынша, бұл
тип сапалық құрылым сөйлем ретінде сипатталады. Оны жергілікті
предикацияның логико-семантикалық қатынастардың кең көлемі қамтиды 5,
233.
Бұл, өте бір ақылсыздық болып табылады.
Теориялық үлгісінің айырымдарының бірі болып табыла отырып, берілген
құрылымдық сызба рема-баяндауыш позициясының басында қарастырылған
сипатынан өзгешеленеді. Бұдан бөлек, осы үлгіде берілген сөйлем өзінің
дербес мағыналық құрамымен ерекшеленеді.
Аталмыш үлгіге формальды түрде талдау жасау оның барлық сипаттарының
анықталған мәнмен айқындалатынын көрсетеді. Араб тілінің теориясында
анықталғандық мән тыңдаушыларға ақпаратты жеткізе алу сөзтұлғасымен
байланысады, тура осылай да анықталмағандық мән тыңдаушыларға ұғымды емес
ақпараттарды жеткізумен байланысады. Қарастырылып отырған үлгі бойынша
сөйлемдердегі әрбір компонент жекелеген түрде белгілі ақпаратты жеткізумен
және тыңдаушыларға белгісіз ақпараттарды жеткізумен байланысты. Мұнымен
бірге, араб тілінің теориялық ережесі есімді типтегі сөйлемлерде тек қана
белгісіз ақпарат болу керек деген тұжырымға сүйенеді. Себебі мұндағы
белгісіздік ойдың аяқталуынан ерекшелену керек, ақпараттық
аяқталғандықты білдіру керек 6, 33.
Қазіргі тіл білімінде мұндай мағыналық сөйлемдер сөйлемнің бірде-бір
компоненті жаңа ақпаратты білдірумен қатыспаса, ал жаңа ақпаратты
білдіру олардың арасындағы констатацияларға қатысты болған кезде
теңдестірілген сөйлемдер деген атқа ие болады. Бұл сөйлемдер тек қана
семантикалық жағынан емес, сыртқы құрылымы жағынан да анықталған болуы
керек. Араб тілінде егер сөйлемнің қос бөлігі тең дәрежеде байланысса, онда
олар бір сөз табына жатады. Бұл тап өзіне жіктеу есімдігін, жалқы
есімдерді, сілтеу есімдіктерін, артикльдермен сүйемелденетін атауларды
қосып алады.
Теңдестірілген сөйлемнің басқа да ерекшелігі мәтіндегі ойдың әрі қарай
таралуымен де байланысты болып келеді. Теңдестірілген сөйлемнің кез келген
бөлігі өзінің өзгеріссіз және прономинализацияланған түрінде тақырып-
бастауыш болып табылуы мүмкін. Бұл араб тілінің синтаксисін зерттеудегі ең
маңызды ерекшелік болып табылады.
Және, теңдестірілген сөйлемнің ерекшелігін айқындайтын тағы бір белгісі –
оның болымсыздықты білдіруі. Теңдестірілген сөйлемдердің болымсыз
тұлғасының мәні деп көрсетеді Н. Д. Арутюнова екі есімді сөздің бірінде
жеке референт жататын көрсеткішпен ұқсас келеді.
Теңдестірілген сөйлемнің сипаты болымсыздық қызметінде және формальдық
көрінісінде байқалып отырады. Ол бұл тұрғыдан келгенде, өзгеріссіз.
Сондықтан бұл семантикалық типтегі сөйлемді қарастыру керек.
Сенде ақша бар.
Араб тілінің теориясында құрылымдық сөйлемдердің интерпретациялық
орындары бар болады. Мұндай интерпретация осы үлгідегі сөйлемдердің
коммуникативтік мүшеленуімен көрінеді және есімді типті сөйлемдерге
қатынасынан көрінеді.
Есімді сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышының синтаксистік қалпы
(сәйкесінше, مبتدأ мен خبر) коммуникативтік мүшеленудің қандай
элементтеріне тәуелділігінен тыс олар сол өздерінің эмпирикалық үлгілерімен
сәйкес келеді, олардын синтаксистік деривация кезінде байқалатын ортақ
морфологиялық сипаттамалары аңғарылады.
Бұл принциптермен толық сәйкестігінде араб дәстүрлі грамматикасында
туынды сөйлемдер де қарастырылған, бұл сөйлемдердің бастапқы орнында кана
типіндегі етістікті сөз тұрады, және сонымен қатар мезгілдік және фазалық
мәндерді білдіруге арналған инна модальды шылауы тұрады.
Кана сөзі мен осы қатардағы етістіктер үшін келесідегдей ережелер
тағайындалады: туынды және бастапқы сөйлемдердің формальдық құрылымының
сәйкестігін реттейтін бастапқы сөйлемдегі баяндауыштың синтаксистік
позициясында тұрады, атау септікте болады, туынды сөйлемде табыс септіктің
қызметіне ауысады.
ان сөзі мен осы қатардағы шылаулы сөздер үшін келесідегдей сипаттама тән:
туынды және бастапқы сөйлемдердің формальдық құрылымының сәйкестігін
реттейтін бастапқы сөйлемде бастауыштың орнында тұратын атау септіктегі
сөз, бірақ бұл да туынды сөйлемде табыс септігіне орын ауыстырады.
Болымсыздық құралдары табының өзегі етістікті сөз ليس болып табылады.
Өзек ретінде анықталатын бірліктің жалпы мәні ретінде қарастырылады.
Болымсыз сөйлемдегі жүзеге астын барлық мүмкіндіктер осы бірлік арқылы
орындалады. Морфологиялық, синтаксистік және желілі құрылымда, синтаксистік
позицияларды ауыстыруда ليس сөз қолданылады. Болымсыздықты білдірудің
қалған элементтерінің берілген тілдік бірлікке қарағанда, мүмкіндіктері аз
болады.
Осы себептен болымсыздық құралдары табының ортақ ерекшеліктерін зерттеу
ليس болымсыз тұлғасын қарастырумен шектеледі.
ليس сөзімен келген желілі құрылым келесідегідей ережемен реттеледі: ليس
абсолютті бастапқы позицияны иеленеді, предикаттық құрылымдардың есімді
компоненттерінің орналасуы бір-біріне қатысты іске асады.
Жай қараған кезде болымсыз сөйлемнің өзіне қарама-қарсы келетін болымды
сөйлемнен айырмашылығы оның компоненттерінің санында ғана емес екендігін
көреміз. Олардың арасындағы айырмашылық сөздердің өзгергіштік жиынтығымен
де түйінделеді. Болымды сөйлем үшін бұл: атау септік+атау септік. Болымсыз
сөйлем үшін бұл: атау септік+табыс септік. Болымды сөйлем өзінің есімді
типінің сөздің өзгергіштік тұлғасының біртектілігімен сипатталады, ал
болымсыз сөйлем өзінің әртектілігімен сипатталады.
Бұл көрсетілген фактілердің байланысы біздің алдымызға екі маңызды
мәселені қойып отыр. Біріншісі, болымсыз сөйлемдердегі предикаттық
қатынастарды білдіру үшін сөздің өзгергіштік тұлғаларының нәтижесі қандай
болады? Бұл үшін біз сәйкес келетін болымды және болымсыз сөйлемдерде
болымсыздықты білдіру дайын предикаттық қатынастарға сүйенетінінен
бастаймыз.
Екі қатар орналасқан есімді сөзтұлғалар үшін предикаттық қатынастарды
тудыру құралы ретінде олардың анықталған-анықталмаған категориясы бойынша
бытыраңқылығы жатады. Бұл қасиет сонымен қатар болымсыз сөйлемде де оның
предикаттылығының негізгі көрсеткіші ретінде сақталады. Бірақ бұл жерде ол
болымсыз сөйлемдегі предикаттық құрылымдардың екі синтаксистік позициясының
қарама-қарсылығын білдіретін дербес құрал ретінде көріне алмайды. Келесі
бір құрал олардың сөздің өзгергішттік категориясы бойынша қарама-қарсы
қойылуы болып табылады. Осы кезде төмендегшідей сұрақ туындайды. Сөздің
өзгергіштік категория бойынша болатын бытыраңқылық сөздің анықталған-
анықталмағандығы бойынша болатын категориямен бәсекеге түсе ала ма? Егер
осылай болса, болымсыз сөйлем жасалатын жолдар мен әдіс-тәсілдердің саны
сәйкес келетін болымды сөйлемдерді жасау жолдары мен әдіс-тәсілдеріне
қарағанда кеңірек болуы керек. Бұл болымсыз сөйлемнің қамтитын мәнінің
болымды сөйлемге қарағанда көбірек болатындығынан хабардар етеді. Бұл
тұжырымды нақтылау тек болымсыз сөйлемнің жекелеген эипирикалық үлгілерін
қарастыру барысында ғана мүмкін болып табылады.
Екінші сұрақ болымды сөйлемнің сөздің өзгергіштік тұлғаларының
біртектілігінің және болымсыз сөйлемдердің сөздің өзгергіш тұлғаларының
әртектілігіне байланысты туындайды; екі есімді өзгергіштік категориясы
бойынша бір сөйлемнің аясында қарастырудың маңыздылығы неде?
Келтірілген дәлелдерден белгілі болғандай, бұл сұрақтың болымсыз
сөйлемдерге қатысты туындағаны көрінеді. Алайда атау септігі мен табыс
септігі тек болымсыз сөйлем жасауға ғана қатыспайды.
Есімді сөйлемнің предикаттық өзегінің компоненттерінің септік мәндерінің
әртектілігі араб тілінде мұндай сөйлемнің желілі құрылымының бастапқы
позициясы, бір жағынан, толық емес мәнді етістіктермен, екінші жағынан,
модальды шылаулармен жүзеге асуында айқындалады. Басқа бірліктері
бастауыш-тақырыпты бастапқы бірлік мәртебесінен айыратын сөздердің
функционалдық топтарынан құралады. Етістікті топтың бірліктерінің құрамына
сонымен қатар ليس сөзі де кіреді. Ол атау септігіндегі бастауыш пен табыс
септігіндегі баяндауышты үйлестіреді.
Септіктердің әртекті-біртектілігі бойынша есімді сөйлемдегі бастауыш пен
баяндауышты зерттеу мақсатына кана типті етістік пен ان типті шылаулармен
келген сөйлемдердің айырмашылығы да кіреді.
Араб әдеби тілінде болымдылықты білдіретін мәннен болымсыздықты
білдіретін мәнге ауысу есімді сөйлемдердің бір типінен екінші типіне өтуі
ретінде жүзеге асады. Олар өздерінің синтаксистік формальдық және
семантикалық ерекшеліктері бойынша толық болады.
Синтаксистік құрылым бағытында болымды сөйлемдердің компоненттері ретінде
тақырып-бастауыш пен рема-баяндауыш шығады (مبتدأ мен خبر) – болымсыз
сөйлем компоненттері болып бастауыш ليس мен баяндауыш ليس көрініс табады.
Синтаксистік позициялардың морфологиялық жүзеге асу бағытында болымды
сөйлемдерде қос позиция да атау септікпен сипатталады, болымсыз сөйлемдерде
бастауыш ليس сөзі атау септікте сипатталады, ал баяндауыш позициясында –
табыс септігімен сипатталады.
Семантикалық құрылым бағдарында болымсыз сөйлем үшін болымсыздықты
білдірудің семантикалық белгілері қатарында баяндаушы субьектінің қарсылығы
шығады.
Барынша толықтығымен, тазалығымен есімді типтің предикаттық құрылымдары
болымды сөйлемдерге шоғырландырылған. Болымсыз сөйлемдер есімді типтің
предикаттық құрылымының шегінде болып табылады.
1. 2 Есімді болымсыз сөйлемнің құрылымдық сызбасы және болымсыздық
құралдарының жүйесі
Болымсыздығы элементінің ليس сөзімен көрінетін үлгісін қарастырайық:
1. Менің мақсатым масқара емес, менің мақсатым игі.
ﻠﻴﺱ ﻗﺼﻯ ﻋﺎﺮﺍ ﺍﻦﻗﺼﺪﻯ ﺸﺮﻴﻒ
Шайқас – бұл шығын. Жоқ, ол шығынға ұшырау емес.
ﺍﻠﻤﻌﺮﻜﺔ ﺍﺼﺎﺑﺔ ﻻ ﻟﻴﺴﺖ ﺍﺼﺎﺑﺔ
2. Жоқ мен өкінбеймін, мен титтей де өкінбеймін.
ﻻ ﻟﺴﺖ ﺁﺴﻔﺔ ﻟﺴﺖ ﺑﺎﻠﻜﺜﻴﺮ
3. Мен шаршағанымды сезіп тұрмын, бірақ қатты емес.
ﺍﺷﻌﺭ ﺑﺘﻌﺐ ﻭ ﻟﻜﻨﻪ ﻟﻴﺲﺍ
4. Бала ол кісінікі емес, менікі.
ﺍﻠﻁﻓﻝ ﻟﻬﺎ ﻭ ﻟﻴﺲ ﻠﻰ
Берілген құрылымдық сызба үш мүшеден тұрады: ليس-баяндауыш және ﻟﻴﺱ-
бастауыш. Бастауыш пен баяндауыш позициясындағы есімді сөзтұлғалар
анықталған-анықталмағандық, сол сияқты септік категориялары бойынша қарама-
қарсы қойылған. Бұл сипаттама 1-мысалда толықтай түрде көрсетілген.
ﻟﻴﺱболымсыз сөзі сызбаның ең бір құрылымдық элементі ретінде қатыса
отырып, онда арнайы бір синтаксситік қызмет атқармайды және оны қандай да
бір элементпен бөлмейді.
1. Берілген құрылымдық сызбаның қалыптасуы бағдарында ليس болымсыздық
сөзінің грамматикалық мәнді білдіру қабілеті, сонымен қатар есімдіктің
мәнін жеткізу, прономинализацияға қабілеттілігі релевантты болып табылады.
ﻟﻴﺲ сөзінің бұл қабілеттері бірыңғай бастауыштың синтаксистік қызметі
ретінде шығатын барлық бірліктерге бағытталған.
Есімдіктердің әртүрлі предикаттық құрылымдар шеңберінде қалыптасуын 2
мысалға қарап отырып анықтай аламыз.
1. ﺃﻨﺖَ
2. ﺖِ
3. ﺖَﺖ -
4. ﻚَ.
Олардың әрбіреуі
а) жақ, шақ мәні жағынан бір ғана мәнді білдірумен байланысты;
б) сөйлемнің предикаттық өзегі шеңберінде қалыптаса алады,
в) анықталған типте ғана мүмкін болып табылады.
І шағын жүйе өзіне ﺍﻨﺎ, ﻨﺤﻦ, ` ﺍﻨﺖ тұлғаларын қосып алады және есімді
сөйлемнің тақырып-баяндауышы (ﻤﺑﺗﺪﺃ) немесе рема-баяндауыш (ﺧﺑﺭ) ретінде
қызмет атқарады.
ІІ шағын жүйе өзін تُ , -,نَ –تَ және басқа да тұлғаларды қосып алады және
етістікті сөйлемнің бастауышы ретінде синтаксистік қызмет атқарады. Мұндай
сөйлемдердің баяндауышы өткен шақтың етістік негізі болып табылады. ІІ
шағын жүйе сонымен қатар туынды есімді сөйлемнің бастауышы ретінде қызмет
атқарады.
ІІІ шағын жүйе өзіне `ا`و-, نَنُ-, تَتُ- және басқа да тұлғаларды қосып
алады. Бұл позиция табыс септігінде сипатталады. 4 шағын жүйе сонымен қатар
сөйлемдердің предикаттық өзегінің компоненттерінен тыс қалыптаса алады,
жекелеген түрде морфологиялық сипаттамасы табыс септігі немесе ілік септігі
болып табылатын синтаксистік позицияларда тұрады.
ماесімдігі мұнда есімдіктер тобына жататын басқа да есімдіктер сияқты,
мәселен, сұраулы есімдікا менحل сияқты қызмет атқарады. Сондықтан осындай
болымсыз сөйлемдердің синтаксистік құрылымы сәйкес келетін болымды
сөйлемнің синтаксистік құрылымынан ерекшеленбейді: оның компоненттері
бастауыш (مبتد) мен баяндауыш ( خبر) болып табылады. Бастауыш атау
септіктегі анықталған есімді сөзтұлғаны білдіреді, баяндауыш сол сияқты
атау септіктегі анықталған есімді сөзтұлғаны (немесе оның функционалды
эквиваленттілігін) білдіреді. Болымсыздық есімдігі байланысшы ретінде
көрінетін алдындағы құрылымнан ерекшелігі, қарастырылып отырған құрылымы
бірыңғай الاжәнеسوى мәндерімен баяндауыштың синтаксистік қалпында тілдік
бірліктерді қабылдайды 7.
1. 3 Есімді сөйлемнің құрылымдық сызбасы
Әйелдің білім алуы жанұялық өмірге дайындық болып табылмайды, ал
و ليس الهدف من تعليمها هو اعدادها للزوجية وانما الهدف منه ان...
Кез келген жағдайда ол бұл бақытсыздық үшін жауапты емес.
ليس هو المسؤول غن الكرثة على كل حال.
Оның тағдыры шешілмейтін мәселе емес.
المشكلة ليست مصيره هو.
Арнайы әйелдер бөлімін ашудың мақсаты әйелдерді еркектерден бөлек ұстау
болып табылмайды, ол.
ان الغرض من افتتاح فرع خاص للسيدات ليس عزل المراة غن الرجل وانما هو...
Бұл бағыттар ондай өнерге жатпайды.
و ليست هذه المزاهب بالفن الذى...
Берілген үлгі негізінде құралған сөйлемдер тепе-тең сөйлемдер ретінде
сипатталады. Бірнеше логика-грамматикалық тип нақты тілде оның білдірілуі
үшін арнайы тұлғалар бар болған кезде ғана бөлініп алынады, - деп
көрсеткен И. И. Ревзин 8, 48. Мұндай тұлғалар ретінде компоненттері
анықталған мәндермен сипатталатын сөйлемдер көрінеді.
Тең сөйлемдерде болымсыздық элементі ретінде бірыңғайليس сөз шығады. Бұл
жағдай өз-өзінен сырт көрінісінде белгіленіп алынған сөйлемнің логика-
грамматикалық типінің ыңғайына орай қосымша себеп болып табылады.
Жоғарыда көрсетілгендей,ليس болымсыздық сөзі табыс септіктегі
баяндауыштың синтаксистік қалпының анықталған морфологиялық сипаттаамсын
үйлестіреді. Осы позицияны жүзеге асыратын есімді сөзтұлға эксплициттік
түрде табыс септігін білдіреді, ал барлық басқа бірліктер, оның ішінде бұл
позицияның орнын алмастыратын синтаксистік құрылым позициялық түрде табыс
септікті көрсетуші ретінде сипатталады.
Араб тіліндегі тең сөйлемдердің ерекшеліктері бастауыш пен баяндауыштың
арасындағы шегараның кез келген кез келген нақты сөйлемдерде жеткілікті
түрде айқын болуы жатады. Егер оның қатарындаكان етістік болымсыз сөзليس
сөзімен бірге болса, әрекет осылайша жүзеге асады. Тек осы жағдайда ғана
баяндауыштың синтаксистік қалпы немен жүзеге асатынын анықтауға мүмкіндік
беретін сыртқы негіздер болады.
كان1
Жеңімпаз Әли болды деген сөйлемдегі есімді сөзعلى табыс септігінде
емес. Бұл берілген сөзтұлғаكان баяндауышының синтаксистік қалпын жүзеге
асырады дегенді білдіреді. Ол есімдік бастауыштың синтаксистік қызметін
атқаратын, ал жалқы есім баяндауыш (خبر) синтаксистік қызметін атқаратынهو
على предикаттық құрылымының құрамында жүзеге асады. Бұл құрылым табыс
септігінің мәнінде білдіріледі,كان баяндауышының синтаксистік қызметін
атқарады. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы шек бұл жерде есімдіктің
алдына өтеді, ал есімдіктің өзі мүше-сөйлем шеңберінде дербес синтаксистік
қалыпқа ие болады.
كان المستعمرون هم المسؤولين.
Тек басқыншылар ғана жауапты болды деген сөйлемдегі жауапты сөз араб
тілі бойынша табыс септігінде тұру керек. Бұл берілген сөйлемнің
баяндауышыكان синтаксистік қалпы тек осы сөзбен жүзеге асқанын көрсетеді.
Бұл сөйлемдерде есімдік ешқандай синтаксистік қалыпты жүзеге асырмайды және
орын ауыстыруға қатыспайды. Ол тек бастауышكان мен баяндауышكان
арасындағы шегараны белгілейді, оларды бір-бірінен бөлектейді (айтушы
есімдік - дамир, араб тілінде бұл есімдік солай аталады).
Тең етістік сөйлемнің كان етістік құрылымында болмаған синтаксистік
құрылым бір мәнді емес интерпретацияға түседі. Бір жағынан, аталған
құрылым, мұндағы қос сөзтұлғасы сәйкес түрде бастауыш пен баяндауыштың
синтаксистік қалпын жүзеге асырады, ал есімдігі бұл ортадағы байланысты
нықтаушы.
Екінші жағынан, мұнда алғашқы сөзтұлға бастауыштың (مبتدأ) синтаксистік
позициясын жүзеге асырады, ал баяндауыштың (خبر) синтаксистік позициясы
есімді предикаттық құрылымды ауысады. Есімдігі бұл жерде бастауыш (مبتدأ)
ретінде, ал сөзтұлғасы баяндауыш (خبر) ретінде қызмет атқарады.
ليسболымсыз сөзімен бірге келгенكان қатынасының етістіктері кез келген
теңдестірілген нақты сөйлемдердің синтаксистік мүшелерінің бірмәнді
интерпретациясын қамтамасыз етуге қабілетті. Мұндай кез келген
теңдестірілген нақты сөйлемдердің синтаксистік мүшеленуін позициясындағы
лексикалық толықтанудыңғ көрінісі деуімізге болады, мұндағы бірмәнсіздің
теңдестірілген сөйлемнің теориялық үлгісіне қатысты болады, сонымен қатар
оның нақты жүзеге асуына қатысты. Теңдестірілген нақты сөйлемнің
синтаксистік мүшеленуіне тәуелді бұл сөйлемнің лексикалық толықтануының
сипаттамасына тыс оған лексика-семантикалық зерттеу жүргізу қажет. Бірінші
кезекте, мұндай зерттеуге كانесімдігімен келген сөйлем мен теңдестірілген
болымсыз сөйлем тартылуы керек, синтаксистік мүшеленуі көптеген жағдайларда
жоғарғы биіктікте көрсетілген болады.
ليس болымсыз сөзі сөйлемнің желілі құрылымында бастапқы позицияда ғана
тұрмайды. Ол, белгілі болғандай, өздік есімдігінің тіркесуге қабілетті.
Теңдестірілген сөйлемдерде бұл есімдіктер қос синтаксистік позициялардың
сырттай шектеуші қызметін атқарады және оның құрылымдық элементі болып
табылады. Осылайша, Д позициясында (мұндағы Д есімдіктің орнына жұмсалатын
сызбадағы элемент) теңдестірілген сөйлемнің желілі құрылымындаليس есімдігі
тек қана болымсыздық мағынаны білдірмейді, сонымен қатар осы құрылымдық
қызметтің орындалуы үшін қажетті болады. Мұндай сөйлемان қатарында да
қолданылады.
Шылау анықталған коммуникативтік байланыстарды орындай отырып,
предикаттық құрылымның екі синтаксистік позициясының сыртқы көрінісінде
қарама-қарсы қойылуының сенімді құралы ретінде көрінеді. Ол теңдестірілген
өзіне қабылдау функциясын орындауға қабілетті теңдестірілген сөйлемнің
айырым есімдігін атқарады. Болымсыз сөйлемнің айырым үлгісінің түрі
мынандай:
Қарастырылған үлгісі болымсыздық мәнімен үлгісіне болымды мәнімен
үйлеседі. Бұл үлгілерді қарама-қарсы қойып салыстыру болымсыз мәннің болуы
предикаттылықтың білдірілуінің айырымының үлкен мөлшерін көрсетеді.
Көрсетілгендей, бұл мүмкіндік болымсыздық мәнін білдіретін бұл мүмкіндік,
сонымен қатар оның имплициттелген тілдік тұлғасы сөйлемнің құрылымдық
сызбасының анықталған құрылымдық элементінің орнын ауыстыра алады, оның
екінші мәні ретінде қолданылады. Теңдестірілген сөйлем осылайша предикаттық
категорияларының өзара қарым-қатынасына барынша айқын мысал бола алады.
Көрсетілген барлық теңдестірілген толымсыз сөйлемдердің құрылымдық
сызбасының айырымдарының жетекші құрылымдық функциялық қасиетін сақтайды.
Ол оның алуан түрінің біртұтастығына, сөйлемдердің коммуникативтік
мүшеленуін қамтамасыз етеді.
Болымсыз сөйлемдердің үлгісін қарастырайық:
1. Балабақшалар саны әлі де жетпейді.
ليس هناك عدد كاف من دور الحضانة التى...
2. Таза зұлымдық деп есептеуге болатын әрекеттер болмайды.
ليس ثمة عمل يمكن ان يعد شرا خالصا.
3. Саясатта еске алуға тұрарлық ештеңе жоқ.
ليس في السياسة جديد يستحق الذكر.
4. Мен оған қажет емеспін.
ليس لى بها حاجة.
5. Менің бөлмемде балкон жоқ.
ليس في عرفتى شرفة.
6. Мұнда абсолютті жаңа ештеңе жоқ. ليس لهم اية علاقة ب ...
7. Олар онымен ешқандай байланыс жасамайды.
ليس في هذا من شئ جديد.
8. Бұл өмірде маған ешқандай қалау жоқ.
ليس لى من امنية في هذه الحياة.
9. Бөлмеде судың сыбдырынан басқа дыбыс естілмейді.
ليس من صوت في الحجرة سوى قرقرة الماء في جوف النراجيل.
10. Көрініп тұрғандай, мұнда оның табиғатына кедергі болатын
ештеңе жоқ.
الظاهر انه ليس هناك ما يمنع من نجاحها.
11. Дегенмен дәл көруге ештеңе кедергі келтірмейді.
و لكن ليس ما يمنعنا من ان نتحيل...
12. Барынша маңызды, әдемі, жоғары зат жоқ.
و ليس من موضوع اهم و لا اجمل و لا اعلى من...
Болымсыздықليس сөзімен берілген. Мекен үстеуі ليس баяндауышының
синтаксистік қалпында тұр жәнеليس бастауышының атау септігіндегі
позициясында тұрғанын көруімізге болады. Осы үлгідегі сөйлемдер
семантикалық қатынастардың анықталған типін білдіруімен байланысты. Олардың
синтаксистік құрылымының міндетті компоненттегі болымсыздық мәні, заттың
болмауы берілген кеңістікте болып табылады.
Болмау туралы айтылған ой өзінің қажетті шартында болуы мүмкін. Тіл үшін
заттың болуы туралы сөз болып жатыр ма немесе оймен түйінделетін болуы
туралы, яғни құнды нысанның болуы маңызды емес, ақиқат және ойдан
шығарылған жағдайларда сипаттау кезінде тілді қолдануға ешқандай айырымдар
жоқ. Болу, тіршілік ету, жүзеге асудың берілген кеңістіктегі пікірі араб
тілінің үлгісімен сәйкестікте құрылады. Сәйкес келетін болымсыздық
үлгісінің ерекше айырмашылықтары сырт көріністегі оның оның дифференциялық
белгілері оны болымды сөйлеммен салыстыру барысында көрінуі мүмкін, сонымен
қатар болымсыз есімді сөйлемдердің басқа үлгілерімен салыстыру барысында
көрінуі мүмкін.
Болымды сөйлемдермен келген мәндер бәрінен бұрын өз компоненттерінің
тәртібімен сипатталады: мекен үстеуі есімді сөзтұлғаны міндетті түрде
алмастырады. Мұндай тәртіп атрибуттық синтагмадағы предикаттық
синтагмалардың қарама-қарсы қойылуын қамтамасыз етеді. Мекен үстеуі
анықталмаған мәнмен бірге есімді сөзтұлғадан кейін өзін атрибуттық
құрылымның анықтаушы үлгісімен алмастырады. Компоненттердің фиксациялық
тәртібі, осылайша болымды сөйлемнің негізгі құрылымдық элементі болып
табылады. Оның компоненттерінің орналасуы бір-біріне қарым-қатынасы бойынша
берілген предикаттық құрылымның синтаксистік тұлғасын анықтайтын
көрсеткіштер жүйесінде (морфологиялық тұлға, сөздердің таптық белгілері
және т.б.) шешуші болады 9, 25.
Болымды сөйлемдердің анықталған айырымының шеңберінде компоненттердің
желілі орналасуының фиксациялық тәртібі 7, 8, 9 мысалдарда көрсетілген
мысалдардың міндетті құрылымдық элементі болу қасиетінен айырылады. Бұл
жекелей түрде алғанда, анықталмаған есімді сөзтұлға қосымша жеке және
толық мәннің білдірілуімен байланысты өткізгішке ие болған кезде мүмкін
болады. Мұндай өткізгіш ретінде ілік септіктіңمن жалғауы көріне алады. Бұл
тұтас септік өткізгіші 10, 319. Ол өзінен кейін анықталмаған есімнің
бөлек біртұтас элементті емес, анықталған топтың біртұтастығын, жеке тілдік
тұлғалардан тұратын тұтастықтарды көрсетеді. Мұндай тұтастық, бір жағынан,
дифференцияланбаған тұтастық ретінде қарастырылатын тұтастықтармен қарама-
қарсы қойылады 11, 220, екінші жағынан, тыңдаушыға не белгілі, не
белгісіз топтың біртұтас көрсеткіші ретінде қарастырылатын үлгіге қарама-
қарсы қойылады. Көрініп тұрғандай, үстеулік тұлғада білдірілетін
кеңістіктің белгісі, тұтас топтың атрибутты, жеке ерекшеліктері ретінде
ұғынылатын тұтастықтардың атрибуты болып табылады. Екінші жағынан, болмау
фактісі, мұндай тұтастықтардың болмауы үстеулі тұлғаға тәуелді кеңістіктің
белгісін құрайды немесе шылаудан кейінгі кеңістікті элемент оның жеке
бөлшектеріне, материалдық немесе идеалдық нақыштарына дейін шоғырлануы
мүмкін. Бұл жерден тілдік бірліктердің қатар орналасуының нәтижесінен
туындайтын біреуі жалпыланған мәнді білдіретін, жеке тұлғадан тұратын
бірнеше тұтастықтың көрсеткіші ретінде ұғынылатын, екіншісі кең мағынасында
кеңістікті көрсетумен байланысты синтаксистік қатарлар шығады, мұндағы
синтаксистік қатарлар бұл бірліктердің қатар орналасуына тәуелділіктен тыс
тек қана предикатты болуы мүмкін.
Болымсыздық, жалпыланған мәннің эксплициттік мүмкіндігін қамтамасыз ету
барысында анықталған тілдік құбылыстармен түсетін фактор ретінде көрінеді,
оның ішінде компоненттердің ізбе-ізділігінің фиксациялық тәртібі,
предикаттық синтагманың құрылымдық тәртібі ретінде көрінеді.
Болымды сөйлемдермен салыстырғанда, болымсыз сөйлемнің өзгеше
айырмашылықтарын сипаттай отырып, жалпыланған мәннің эксплициттік
мүмкіндігінің өзі, басқаша айтқанда тұтас тектің өткізгіштік қызметінің
мүмкіндігі болымсыздық сөйлемнің болуы нәтижесінде жүзеге асырады.
Бұдан басқа, болымсыз сөйлемнің шеңберінде жалпыланған мәннің анықталған
аспектілерінің эксплициттік тәсілі жүруі мүмкін, сонымен қатар, болымсыз
сөйлемнің ليسбаяндауышының позициясында қолданылуымен салыстырады.
Анықталмаған есімді сөз тұлғадағы жалпыланған мән `اي `اية есімді сөздер
табиғатындағы бірліктермен эксплициттелуі мүмкін. Болымсыздықтың бұл
жағдайында кез келген бір уақытта алынған осы топтың бір данасы
қамтылады. Қос жағдайда жалпыланған мәннің эккплициттелуіمن жалғауы
сонымен қатар `اي `اية жалғауы ретінде ليس бастауышының синтаксистік
қалпындағы лексикалық бірліктерінің қосымша ремалануы жүзеге асады.
Тілдік фактілер қарастырылып отырған сөйлемдегі ليسболымсыз элементінің
етістік табына жататындығын көрсетеді, онсыз егерليس позициясында есімді
сөзтұлға қолданылса, 4-мысалдағыдай болатындығы дәлелденді. Бұл ерекшелік
бастауыштың синтаксистік қызметіндегі етістікті тұлға мен есімді сөздің
өзара қатынасын реттейтін келесі ережеге нұқсан келтірмейді:
Егер жекеше түріндегі бастауыш етістікпен бірге келмесе, онда етістік
әрбір тектік тұлғаларда бірдей келе береді 12, 484.
Етістік пен есім аралығындағы міндетті координация соңғысының
морфологиялық сипаттамасымен байланысты болуы мүмкін.
13. Ереже жүзеге аспайды ....
ليست هناك ضوابط
14. Олардың үйлері жоқ.
ليس لهم بيوت.
Координациялардың қатынасы мұнда келесідегідей ережелермен реттеледі:
егер бастауыш көпше түрінде бұрыс етістік келсе, етістік кез келген тектің
жекеше түрінде болуы мүмкін. Бұл ереже сонымен қатар етістік пен есім
бастауыштың жағдайларының қамтылуымен байланысты болып келеді.
Анықталған негіздеме,ليس болымсыздық сөз болымсды семантикамен бірге
бірнеше жалпы ерекшеліктермен расталады. Бұл ерекшеліктер желілі құрылымда
емес, олардың коммуникациялық құрылымында түсіндіріледі.ليس болымсыздық
сөзімен бірге келген бастауыштың синтаксистік қалпында көрінетін
бірліктердің айтылған ойдың коммуникативтік құрылымының рематикалық
компоненттерімен үйлесетіндігін еске саламыз.
ليس болымсыз сөзінің ер не әйел тегінің мәнін білдіруге қабілеттілігі
оның өздік есімдікпен бірлігінде шығатын туындысы болып табылады және араб
әдеби тілінің жалпы жүйесіндегі заңдылықтармен үйлеседі.ليس болымсыз
сөзіне біріктірілген өздік есімдігі орны алмасқан лексикалық бірлік
ретінде, бастауыштың синтаксистік мәртебесінде тұратын бөлшек ретінде
көрінеді. Лексикалық бірліктердің орны алмасқан, прономинализацияланған
түрде шыға алу мүмкіндігін 11, оның жаңа және ескі ақпараттарды
жеткізе алу қабілетімен байланысты 11. Көрініп тұрғандай, ескі
ақпаратқа қатысты бірлік, айтылған ойдың тақырыбы болып табылатын,
лексикалық түрде мағынасы өшкен, орны алмасқан болады. Бұл жағдайдаليس
жүйелі келісілген қабілеттілігінің жүзеге асуын өздік есімдігінің
бірліктермен қалпында көрінеді. Мәселен, Шайқас – бұл шығын. Жоқ, бұл
шығын емес. المعركة اصابة لا ليست اصابة.
Бұл уақытта жаңа ақпарат жеткізуге қатысты лексикалық бірліктердің өшуі,
орын алмастыруы, прономинализациялануы мүмкін болмайды. Болымсыз
сөйлемдерде бұл жаңа ақпаратليس бастауышының синтаксистік қалпында
түсіндіріледі. Десек, бұл синтаксистік позиция есімдіктермен жүзеге аса
алмайды. Осылайша, қолданылатын сөйлемдегі ليس болымсыз етістігі өзінің
бір қасиетін жоғалтады, етістік табының бірлігі ретінде қатысты өздік
есімдігін жоғалтады. Бұл қасиет ليس үшін шексіздік емес, зерттеу нысаны
болып табылатын қатынастар жүйесіне тәуелді болып табылады және оның
жүйелігі орнына тәуелді реляциялы сипатқа ие болады 13, 125. Мұнда ليس
өзін толымсыз құрылымдық етістігі فعل الناقص ретінде көрсетеді. Тағы бір
осы топтың тиісті белгісі олардың құрылымдық туындау мәселесі қатынасын
қарастыру байланысында белгіленеді.
ليس етістігінің болымды сөйлем типіндегі өздік есімдігін біріктірудегі
қабілеті тек категориясын білдіруге тартады.
Сөйлемдердің біліктілігі көп жағдайларда оның баяндауышының ерекше
айырмашылығының тұтастығымен анықталады. Бұл позицияның жүзеге асуы желілі
құрылымдардың ерекшеліктеріне және сөйлемнің синтаксистік әрі
коммуникативтік мүшеленуін үйлестіреді. Бұл позицияның лексикалық толуы
болу аймағын 5 көрсетумен байланысты, кең көлемде құрнылымдық
сызбасының семантикалық шоғырландыруын қамтамасыз етеді.
Болу аймағы өзінің көлемін әлем шегінен тыс өзгертуі мүмкін. Оның
материалды кеңістік және идеалды сипаттамасы болуы мүмкін. Ол, ақырында,
неше қарым-қатынастар жүйесі немесе нысандардың тұтастығы ретінде
қабылданады 5, 233.
Болымсыз сөйлемдегі сияқты болымды сөйлемдерде де, болу аймағындаهناك
жәнеتمت лексикалық бірліктері көрінуі мүмкін, предикаттық құрылымнан тыс
сәйкес келетін атаулық мән болмайды (1, 2-мысал). Болымсыз сөйлемдерде бұл
лексикалық бірліктер, нақтырақ айтқанда, сәйкес келетін мәндер, әр түрлі
кең болу аймағын көрсетумен байланысты нөлдік сипатқа ие болады. (10, 11,
12-мысалдар). Осылайша, баяндауыштың семантикасы болымсыз сөйлемнің
эллиптирленген нұсқасына мүмкіндік береді. Болымсыз сөйлемдегі ليس
баяндауышының синтаксистік позициясындағы лексикалық бірліктерсіз қолданыла
алу мүмкіндігі оның білдірілген мәндерінің валентілік қасиеттерінің жүзеге
асуын көрсетеді.
Белгілеуге қызықты бір жайт, болу түріндегі болымсыз сөйлемнің
эллиптирлік нұсқасы синонимдік болып табылады – сырт көрінісіндегі сияқты,
сонымен қатар семантикалық жоспарда – болымсыз позицияда لا сөзімен,
бастауыш позициясындағы анықталмаған есімді لا сөзбен, ал баяндауыш
позициясы нөлдік тұлғамен жүзеге асады және ол әлемде, дүниеде тіршілік
ету мәнімен білдіріледі. Өз кезегінде, қос нұсқаның екеуі де басқа
тұлғалық, семантикалық типтегі сөйлемдермен ортақ, тұтас сөйлемнің жүзеге
аспау мәні семантикалық қызметінің негізі болып табылады. Бұл لا болымсыз
сөзімен келген, араб тіл білімінде لا түр болымсыздығы деп аталатын
құрылым.
1. 4 Түрлік болымсыздық құрылымы
1. Қойлар бұрынырақта қолға үйретілген болуы керек.
استئناس الشاة لا بد وقع منذ زمن بعيد.
2. Ол менен күмәнсіз алдын-ала сақтанады.
انه يحذر و لا شك منى .
3. Мына қабырғалар қараңғы сияқты, бәрі қозғалады және жүреді,
міне, енді демалуға да мұрша жоқ, шығуға да, тыныштыққа да
жол жоқ.
كانها جدران سجن مظليم ينطبق رويدا رويدا ولا يزال ينطبق حتى لا متنفس و
لا مهرب و لا قرار.
4. Отбасы болмаған жерде ұлт та болмайды, бәрінен бұрын отбасы
болмаған жерде адамдыққа тән ештеңе де болмайды.
لا امة حيث لا اثرة بل لا ادمية حيث لا اثرة.
5. Көбісі еңбекте қашып құтыла алмайтын зұлымдық жатқанын
көреді
لا يزال الكثيرون يجدون في العمل شرا لا بد منه .
6. Ол түлкіге қорқатын дәнеңе жоқ деді.
قال: تعلب لا خوف منه.
7. Маған бұл хатта не жазылған белгісіз.
لا علم لى بما تحوى هذه الرسالة.
8. Аяқталмайтын әңгіме (сөзбе-сөз: ештеңенің ақыры жоқ).
Түссіз шалмалар (сөзбе-сөз: түсі жоқ шалмалар).
حديث لا منتهى له ، السوال الذى لا لون له.
9. Түсіндірудің қажеті жоқ, бұл бәріне белгілі.
لا داعى للشرح كله معلوم.
10. Жиылыс Палестина мәселесі шешілмейінше, Таяу Шығыста
тыныштық болмайтыны растады.
ان المؤتمر اكد ان لا سلام قي منطقة الشرق الاوسط بدون حل قضية قلسطين.
لا сөзінің түр болымсыздығында қызмет атқаруы араб дәстүрлі грамматикалық
ғылымының шеңберінде заттық бөлшектік нәрселерге айналған. Бұлайша зерттеу
барысында тұтас мәселелер кешені шешімін тапты: сәйкес келетін құралдар
семантикасын негіздеу, синтаксистік функциялардың және олардың
компоненттерінің анықталуы және осы мәселеге қатысты предикаттық өзектің
көрінуі, түр болымсыздығының құрылымының есімді компоненттерінің
морфологиялық сипаттамасы және таратушы ретінде қызмет атқаратын есімді
счөздердің морфологиялық сипаттамасы көрінеді.
Қарастырып отырған құрылымда түр болымсыздығының мәнінің білдірілуінің
дәлелі араб грамматикасы ғылымында көрініс тапқан. Мұндай контекст ретінде
сұрақ-жауап алмасуы шығады.
11. Қандай да бір ер адам бар ма үйде?. Үйде ешқандай ер адам жоқ.
Бұл синтаксистік тұтастықтың сұрақ бөлімінде ер сөзінің кез келген
тұлғаға қатысты екені көрінеді, ол бүкіл сөз табын тұтасымен қамтиды, оның
әрбірінде من жалғауы көрініс табады. Бұл деп көрсетеді Ибн Иакиш жауап
ретінде сұраққа толық сәйкес келу үшін барлық мәнімен толық құрамда
шылауларды (حرف الاستعراق) қосып алады (104, 1) .
Бірінші жағдайда жалпыланған мәннің эксплицитті білдірілуі лексикалық
деңгейде жүзеге асады, екінші жағдайда морфологиялық деңгейде жүзеге асады.
Бұл мәнді жеткізуді қамтамасыз ететін тілдік құрылым конструкциялау (بنأ)
синтаксистік құрылымды لا болымсыздық сөзге және есімді сөзтұлғаға
айналдыру жатады.
Мұндай құрылымның ерекше белгісі – түр болымсыздығының құрылымы оның
есімді компонентінің морфологиялық сипатында болып табылады. Берілген
құрылымдағы есімді сөзтұлға оң артиклдерге қатысты анықталады: анықталған
артикль Ал және анықталмаған артикль أ жалғауының болуымен анықталады.
Бұл белгілердің тұтастығы есімді сөздің берілген позицияда өз бетінше
синтаксистік қызметке қабілетсіз морфологиялық сипаттамаға куә болады.
Мұндай сипаттама ретінде сөздің өзгеру жүйесінің болмауы көрінеді. Түр
болымсыздығының құрылымындағы есімді сөз үш сөздің өзгеру мәндерінің
бірінің шеңберінен шығатын тұлғаға ие болады. Ол араб әдеби тілінің есімді
сөз таптарының тілдік бірліктерімен білдіріледі.
Мұнымен бірге, берілген құрылымнан тыс, мұндай есімді сөз сөздің өзгеру
жүйесіне ие. Бұдан бұрын флексиялық жүйеге жататындығы оның түр
болымсыздығы құрылымына қызмет етуінің міндетті шарты болып табылады.
Осылай, сөздің өзгеру жүйесіне ие емес есімді таптағы сөздер өздік, сілтеу
есімдігі لا түр болымсыздығы шылауымен тіркесе алмайды.
Бұл, демек, түр болымсыздығы құрылымының тууы флексиялық жүйеге қатысты
есімді сөз жоғалған кезде соның нәтижесінде флексиялық тұлғаға өту
барысында көрінеді дегенді білдіреді. Бұл құбылыс араб ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz