Қылмыс пен жазаның жалпы түсінігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОҒАН ДІННІҢ ӘСЕРІ
1. 1 Құқықтың ұғымы мен маңызы . . .
1. 2 Құқықтық нормалар ұғымы мен құндылығы . . .
1. 3 Құқыққа діннің ықпалы . . .
2 ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗАНЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
2. 1 Қылмыстың ұғымы мен мәні . . .
2. 2 Жазаның мақсаттары мен міндеттері . . .
2. 3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі қылмыс пен жазаның көрінісі . . .
3 ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗАНЫ ДІНИ ТҰРҒЫДАН РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ДІНМЕН АРАҚАТЫНАСЫ
3. 1 Дін мен қылмыс байланысы . . .
3. 2 Жазалаудың діни негізі . . .
3. 3 Дін және экстремизм . . .
3. 4 Қазақстан Республикасындағы экстремистік көріністердің бүгінгі таңдағы жағдайы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Адамзат өз тарихының өң бойында екі басты мәселені: адамдар қалай өмір сүру керек, олар не істеуі не істемеуі керек, деген мәселелер төңірегінде ойланумен келеді. Оның бәрі адам өмір сүріп отырған ортамен қоса мемлекеттің заңдарына да байланысты. «ҚР - сы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы-адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті». [1] Республика азаматтары өздерінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады (ҚРК-12 бап, 3-ші тарау) делінген.
Әр бір азамат қандай да болмасын белгілі бір құқықтармен міндеттерге ие болып және оларды тиісінше жүзеге асыруға міндетті болатыны баршаға аян. Ал әр адамның өз құқықтары мен міндеттерін білмеуі оларды заңмен тиым салынған әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Алайда мемлекеттік заңдардан басқа діни сенімдері мен нанымдарда да тиісті қағидалар бар екенін ақиқат. Мемлекеттің идеологияға және дінге көзқарасы негізгі заңымыздың 5 - бабында, ҚР -да идеологиялық және саяси алуандылық танылады - деп көрсетілгендей, қандай діни ұстанымды қабылдаймын десе де әркімнің өз еркі делінген. Дінде де адамдарды белгілі бір құқықтар мен міндеттерге жүктеп, тиісті теріс қылықтар мен қылмыстар үшін тиісінше жауапкершілік көзделген.
«Қазіргі бұқаралық ақпараттың дамып жаһандану кезеңінде көптеген қалыпты, күнделікті мәселелерге басқа көзқараспен қайта қарау мәселесі туындап отыр. Өйткені қазіргі таңда айтып отырған ақпараттардың көптігінен (бұқаралық ақпарат құралдары, интернет, көптеген саяси идеологиялар мен қөзқарастардың тарауы т. б. ) қоғамда ақ пен қараны, ненің дұрыс, ал ненің бұрыс екенін ажырату үлкен мәселеге айналып отыр. Осыған орай қылмыс пен жаза әр уақытта қоғамның ең өзекті мәселесінің бірі болып келгені бәрімізге мәлім. Бүгінгі таңда бұған діни тұрғыдағы мәселер қосылып отыр. Себебі қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында жар салып, бүкіл әлемді еріксіз үрейге ұшыратып отырған «діни экстремизм» деген жаңа сөз жиі-жиі және ұдайы қайталанатын болып жүр. Сырт көзден қарағанда әңгіме діни экстремизмнің, сепаратизмнің, немесе терроризмнің жалғыз жарым оқиғалары емес, керісінше діни ағым ретінде қауіп-қатер тікелей исламның өзінен туындайды дегенге сайып отыр». [2]
Дипломдық жұмыстың көкейкестігі: Ислам дініне күйе жағылып бүкіл ислам өркениетін қаралаудың жөнсіз екенін, Ислам қағидаларының аясына экстремистік әрекеттердің мүлдем сыйымсыз екенін көрсету.
Біз қазақ елі қазақ халқының ежелден барынша беріліп мұсылман дінін ұстанбасақ та өзімізді мұсылман әдептерін ұстанып, тәрбиеленіп өскен елміз одан ислам ешқандай теріс қылықты жақтамайтынын баршамыз білеміз. Сондықтан дінге жағылған жалаға қандайда болмасын көзі көреген, ойы ашық азамат бұл жайға бейтарап отырып қарау мүмкін емесі сөзсіз.
Сол себепті бұл диплом жұмысымның тақырыбын: «қылмыс пен жаза және оның діни аспектілері, ҚР-ғы исламдық экстремизмнің бүгінгі таңдағы жағдайы» деп атауым жоғарыда баян етілгендей ислам дініне қисынсыз бұндай көзқарастардың негізсіз екенін ашу еді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: қылмыс пен жаза атты жалпы түсінікті ашу, қылмыс пен жазаны діни тұрғыдан реттеу негіздері мен еліміздегі кейбір экстремизімге нәр беретін, шетін діни ағымдардың жандануына қатысты жағымсыз үрдістер туралы мәліметтердің мәнін ашу.
Міндеттері: Қылмыс пен жазаның құқықтық және діни тұрғыдан реттеу негіздерін көрсету. Исламда экстремизмнің жоқ екенін дәлелдеу. «Экстремизм» дегеніміз - жекелген топтардың мақсатынан туындаған бүліншілік әрекет екенін, оны бүтін бір дінге, дәлірек айтсақ, ислам дініне жанастыру қажет емес екендігін атап өту. Жеке бас күйбеңінен болған әрекеттің нәтижесінен туған істі исламға тіреп, дінге күйе жағу ақиқатқа жанаспайтынын баса көрсету.
Зерттеу объектісі: қылмыс пен жаза және оның діни аспектілері . Діни экстремизмнің қылмыс ретіндегі сипаттарын айқындап, оған қолданылатын жаза түрлерін айқындау.
Құқық - мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі болып табылады және де сол заңдар мен нормаларда көрсетілген теріс қылық үшін жауаптылық көрсетілген тиісті нормалар арқылы реттеліп отырылады. Ал мұсылман «Ислам» негіздерін қарайтын болсақ бұлда діни, сенімдер мен нанымдарға негізделген адамдардың мінез - құлық ережелерінің бір жүйесі екнін, оның да қоғамдық қатынастарды реттеп, теріс қылықтары үшін жазалау шаралары қарастырылғанын байқауға болады. Осыны түйіндей келе, ислам діні қайғы қасіретке әкелетін экстремизм секілді теріс қылықты қалайша жақтауы мүмкін. Исламда «Дінде зорлық жоқ»-деген сөз бар (Бақара сүресі, 259 аят), ислам-рахымдылық, мейірімділік және кешірімділік діні. Ислам әділдік пен бейбітшілікке үндеп, адам баласының бас бостандығы мен ар-ожданын қорғайды, тіпті Құран Кәрімде ислам барлық халықтармен достық қарым -қатынаста болып, мұсылман еместермен әділ болуды талап етеді. [3]
Осы жоғарыда баяндалғанды түиіндей келе, қылмыспен жаза қоғам өмірінде әр уақытта айрықша орын алып келгенін, сондай-ақ дін мен құқықтың, қоғамдық теңдікпен тәртіпті, әділдікті көздейтінін және БАҚ айтып жүрген исламдық экстремизмнің «Ислам» қағидаларының аясына мүлдем сыйымсыз екенін көреміз.
1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОҒАН ДІННІҢ ӘСЕРІ
1. 1. Құқықтың ұғымы мен маңызы.
Құқық әлуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп басқарып отырады. Олар қоғамның объективтік даму процессінің талабына сәйкес қалыптасты.
Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес, құқық пен мемлекеттің нысаны әр түрлі, мазмұны бірдей болады. Бұл жерде құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Құқық деген термин латын тілінде “ jus ” - право, осыдан келіп “ justitia ”
әділеттілік дегенді білдіреді. Мұның өзі басқа сөздермен бірігіп түбірлі болуы, мысалы: ” құқықшығармашылық” “ құқылы ” не бөлшектеніп те келуі мүмкін, айталық құқықтық тәртіп, құқықтық сана т. б. Екінші мағынасында әділеттілік ретінде қолданылатынын ұмытпуымыз керек.
Сөитіп, құқықты әділеттілік деп ұғынуымыздың мәні, ол бізді әділетсіздіктен, озбырлықтан, өтіріктен, сақтайды . Озбырлық - бұл құқыққа қарсы, құқыққа жат көрінетін кең көлемді жалпы ұғым.
Демек құқық пен озбырлық бір - бірімен сиыспайтын құбылыс. Озбырлықты кім жасайды? Әрине ең алдымен, бір - біріне қарсы тұратын адамдар.
С. А. Табанов құқық - бұл қоғамдық тұрақты сақтауға, әр түрлі өмір сфераларындағы (экономикалық, саяси, әлуметтік) тұлғалардың құқықтарымен бостандықтарын, мемлекет билігін құру мен қызмет пәрменділігін анықтауға бағытталған, мемлекет танитын жалпыға міндетті мінез- құлық жүйесі- деп анықтама берген.
Құқықтың сан қырлы түсінігі мен мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процессінде болғандықтан, оның мазмұны санқырлы бағытта дамып байып отырады. Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қортынды жасап отырады.
Мысалы, Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттілік - деді, орта ғасырдың ғалымдары құқық діни норма, Ж. Ж. Руссо- құқық қоғамдық билік- деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.
Құқық адамның өмірімен тығыз байланысты дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез- құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана- сезіміне, жан- жақты әсер етеді, мүдде- мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды.
Адамның жекелік топтық және қоғамдық қарым- қатыныстарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ құқықтың мазмұны, түсінігі- адам қоғамын басқаруға құқық нормасының ішкі тұрақты, саналы мәні, маңызы.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал;
- құқық қоғамды бостандықты, әділдікті, теңдікті, адамгершілікті, қалыптастыратын негізгі құрал;
- құқық мемлекеттік билікті қоғамның саяси - экономикалық, мәдени әлуметтік даму процессінің бағыттарын анықтап, отыратын негізгі құрал;
- құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртәпті бақылап отыратын, мемлекеттің ішкі- сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал болып табылады. [4]
Бұл пкірді жалғастыруға болады. Құқық- қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, мәдени- рухани сипатына байланысты.
К. Маркс «Гота програмасына сын» деген еңбегінде: “ құқық еш уақытта да экономикалық құбылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес”- деді.
Қоғам дамуын құқық арқылы реттеу процессінде әр- түрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелерінің, мемлекеттік мекемелер қоғамдық
ұйымдар, құқық нормаларының талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым -қатынастарға түсіп заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады.
Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі тірегі болып, негізгі салаларын қамтиды, бұлар: әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбек тағы басқа. Мемлекетке қажетті қоғамдығ тәртіп құқықтық қатынасытар негізінде ғана орнай алады.
Бұл- құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты болып саналады.
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады.
«Құқық» дегеніміз ресим түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі.
Құқықтың топтық мәні қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны сайып келгенде қоғамның экономикалық, рухани мәдени, сипатына байланысты. Құқықтың дамуына күресімен бірге саяси әлуметтік ұлттық қатынастар, идеология, қоғамның мәдени өсу дәрежесі де үлкен әсер етеді. [5]
К. Маркс “ Гота програмасына сын” деген еңбегінде: “ құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және де қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес ” деген. Құқықтың нормалары қоғам дамуының экономикалық мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы болмақ.
Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процессінде әр- түрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер құқықтық нормалардың талаптарын іс- жүзіне асыру үшін өзара қарым- қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады.
Құқық - мемлекет шығаратын немесе бекітетін, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалдпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы [6] - деп әдебиеттерде түсініктеме берген.
Құқықтың түсініктері әр - түрлі, бірақ мазмұндары біреу- ақ. Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады: біріншісі - құқықтың объективтік түсінігі, қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі - құқықтың субъективтік түсінігі, объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын, нормативтік актілерді уақытында қабылдап, бекіту. [7]
Құқықтың негізгі қағидалары:
1. Қоғамдағы әр- түрлі мүдде мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп- басқару;
2. Адамдардың, ұйымдардың ара- қатынастарындағы келіспеушілікті шешудің реттеудің негізгі түрін белгіреп отыру;
3. Адамдардың ұйымдардың бостандығының іс- әрекетінің денгейін, шеңберін норма арқылы реттеп отыру;
4. Мемлекеттік органдардың қабылдаған бекіткен, нормативтік актілерінің орындалуын бақылап отыру.
“ Құқық ” терминінің көптеген белгілері бар. Ол заң ғылымында күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандығтан, әр-бір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз. Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады.
1- ден, “құқық” - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғадардың заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы: азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, менгшік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың құқықтық мүмкіндіктері субъективтік құқық деп танылады, ол - тұлғаның мүддесін қанағаттандыру мақсатында құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез- құлқының шегін айқындайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық мңндеттер пайда болады. Мысалы: әр адамның оқып білім алуға, құқығы бар. Ол құқықты пайдаланып, оқуға түскенен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
2- ден, “құқық” дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл- объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес.
Сонымен объективтәк мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін тұтас құбылыс болып табылады.
Құқық туралы Конституцияда былай делінген: “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның соған сәйкес зағдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелердің, сондай - ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сот нормативтік қаулыларының нормалары т, б, ”.
3- ден, “ құқық ” термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәні түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық, отбасы т. б.
Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалы. Азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық нормадарының жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға жазаға байланысты қатынастарды реттеитін нормалардың жиынтығы.
4- ден, “ құқық” термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Құқық пәнін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адамның оның мағынасы дәл әрі түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың күрделі әлуметтік құбылыс екендігінің белгісі. Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, топтық және жалпы әлуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келеді. [7]
Маркістік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек топтық тұрғыдан зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайтын құрал болып табылады. Қандай ілім болса да құқықтың әлуметтік мәні бар екендігін айтады. Қазақстан заңдары барлық әлуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Құқыққа әлуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама береді: Құқық жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін, зағда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелерінің жиынтығы.
Құқық бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құбылыс. Оның бір бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлуметтәк құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы: адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға қорғауға, қамтамасыз етуге, бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында “ Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімднің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ ”(15 бап) . [8]
Құқықтық теңдік жалпылама түрде айтылады, іс жүзінде қатынастың субъектісі нақты белгілі болмағандықтан теңдік нормалар да абстракты түрде жазылады. Құқықты дұрыс орындамаса кінәлі субъектілер жауапқа тартылуы керек. Міне осы кезеңнен бастап заңның кезеңі, мемлекеттің жұмысы басталады.
Құқық - үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі. Бүл мүддені заңға айналдырушы және оны орындаушы мемлекеттік аппарат. Мемлекет құқық арқылы өзінің жоғарғы және жергілікті органдарының
жүйесін, құзырын өзара қарым- қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы міндеттерін ісек асыруы мүмкін емес. Міне осы мәселелерді мемлекет құқық арқылы, нормаға сүйене отырып іске асырады. Құқықтың тірегі оның күш - қуаты, абыройы мемлекет. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.
Сонымен құқық дегеніміз - адам мен қоғамның объективтік құрылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда формальды түрде анықталған, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтыға. Қоғам өмірінде белсенді рөль атқаратын құқықтың функциялары. Оның бағыттары толып жатыр. Ең күрделі бағыты мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасау. Өиткені мемлекеттің жұмысының бағыты нормативтік актілерде, көрсетіліп анықталып отырады.
1. Қоғамның әр саласына сәйкес құқықтың экономикалық, әлуметтік, мәдениеттік, тәрбиелік, экологиялық, қаржылық т. б. функциялары болады.
2. Мемлекеттік биліктің үш түріне сәйкес құқықтың да үш функциясы болады: заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау. Құқықтың бұл екі топтағы функциялары мемлекеттің функцияларымен сәйкес келеді. Сонымен бірге құқықтың өзіне тән екі міндеттері болады: қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылау, қорғап отыру. Міне осы міндеттерге сәйкес құқықтың өзіне тән екі функциясы болады: реттеу және қорғау. [9]
Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актірер арқылы қоғамдық қарым- қатынастарға ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тиым салу. Бұл функциялардың әдіс- тәсілдері қоғамдағы қатынастардың дүрыс орындалуын бақылау,
- құқықтық нормада тиым салудың себебін көрсету;
- жауапкершіліктің түрін көрсету;
- жасаған қателікткері үшін субъектілерді жауапқа тарту;
Сонымен құқықтың функциясы дегеніміз - адамның іс - әрекетіне, мінезіне. тәртібіне нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері, сол арқыры қатынастың дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз етеді.
Құқықтың мазмұнына, нысанына, белгі- нышандарына, функцияларына, қағидаларына жан - жақты түсінік бере отырып, құқықтың қоғамдағы құндылығына, қысқаша тоқтала кетейік.
Құқықсыз қоғам дұрыс, прогрестік жолмен жақсы дами алмайды. Құқық пен мемлекет қоғамды дағдырысқа ұшыратпай дұрыс басқарып, дамытып келеді. Бұл объективтік процесс
Құқықтың әлеуметтік құндылығы :
1. Құқық адамның іс- әрекетінің, жұмысының нақты келісімді, тұрақты жақсы орындалуын қамтамасыз етеді. Құқық қоғамдық тәртіпті дамытып нығайтып, қоғамдық мүдде мақсаттардың жақсы дамуына мүмкіншілік жасайды.
2. Құқық адамның өзара қатынасын дұрыс реттеп, дұрыс басқарып, олардың мінезінің сана - сезімінің, іс- әрекетінің жақсаруына мүмкіншілік жасап сол арқылы қоғамның дамуын жақсартып отырады.
3. Құқықтың құндылығы адамның бостандығын, теңдігін қалыптастырып, қорғауында.
Құқық пен бостандық бір - бірімен тығыз байланысты. Құқық бостандықтың, теңдіктің шеңберін шекарасын үнемі анықтап, бақылап отырады.
4. Құқық қоғамдағы әділеттікті жақтап, бақылап отырады.
Сондықтан, халық арасында кең тараған мақал бар: “Құқық қағаз жүзіндегі әділеттілік, босандық, теңдік”- құқық пен әділеттілік байланысының бірлігі сонда, егер қоғамдағы барлық жүйелер әділеттікке қатаң бақылау жүргізсе.
5. Құқық қоғамдағы барлық прогрестік дамудың негізгі құралы. Адамзаттық қоғамдағы, демократиялық мемлекеттерді құрудың бірден- бір даңғыл жолы. Бұл дүние жүзі мемлекеттерінің тәжірибесінен қалыптасқан шындық.
6. Құқық халықаралық прогрестік қатынастың, байланыстың қайнар көзі бұлағы. Дүниежүзілік экологияны жақсартудың негізі. Сонымен құқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық саласына, жеке адамның өміріне өзіне тән әдістермен дұрыс жағымды әсер етеді.
Құқықтың саяси қызметі мемлекеттік органның қалыптасу, қызмет істеу, атқару тәртібін анықтаудан саяси партиялардың, бірлестіктердің, ұйымдардың ұйымдастырлуына жол ашудан, азаматтардың құқықтарын пайдалануына мүмкіндік туғызудан байқалады.
Құқық қоғамдағы барлық кәсіпорындардың жұмысын тікелей реттеп, жөнге салып отырады. Демек, құқық саяси, әлуметтІк, экономикалық, мәдени, тәрбие құрылысының барлық салаларын реттеп, жөнге салып отыратын құрал болып табылады. Құқық қоғамды мемлекеттң, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады. Осыларға қоса құқық заңды бұзудың, алдын- алу қызметін де жүзеге асырады. [10]
1. 2. Құқықтық нормалар ұғымы мен құндылығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz