Коммерциялық банктердің активті операцияларын басқару әдістері және несиелік саясатын талдау



ЖОСПАР
КІРІСПЕ.

1 КОМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары
1.2 Банктің активтік операциялары және оларды басқару

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ («ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.1 «Каспий Банкі» АҚ.ның жалпы сипаттамасы, активтері және оларды басқару саясатын талдау
2.2 «Каспий Банкі» АҚ.ның қаржы.экономикалық қызметін талдау

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ
3.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің активті операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы, оларды жетілдіру мен экономиканы дамытудағы маңыздылығы
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарысқа қарсы басқару динамикасы

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 КОМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Банктің активтік операциялары және оларды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ (ХАЛЫҚ БАНКІ АҚ МЫСАЛЫНДА)

2.1 Каспий Банкі АҚ-ның жалпы сипаттамасы, активтері және оларды басқару саясатын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Каспий Банкі АҚ-ның қаржы-экономикалық қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... . 15

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ

3.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің активті операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы, оларды жетілдіру мен экономиканы дамытудағы маңыздылығы ... ... ... ... ... ... .22
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарысқа қарсы басқару динамикасы ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен , оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті операцияларының орны ерекше. Активті операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын несие және банк жүйесінің негізгі буыны және олардың қызметтерінің басым орындаушылық бөлігін іске асыратын коммерциялық банктердің активті операцияларының өзектілігі негізінде Коммерциялық банктердің активтерінің құрылымы мен құрамы деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым коммерциялық банктер нарықтық шаруашылықта қаржы делдалы ретінде тікелей экономика салаларымен қызмет етеді және коммерциялық банктердің активтері және осы активтерді басқарудың өзектілігі мен қажеттігіне тоқталу, активті операциялар негізінде жүргізілетін операциялары барысында барлық шаруашылық механизмдер тиімді ұйымдастырылып, реттеліп және дамып отыратындығында болып табылады.
Аталған мақстқа жету үшін келесідей міндеттер қарастырылады:
oo Коммерциялық банктердің банктік жүйедегі орны мен рөлін, олардың экономика тиімді дамуындағы маңыздылығын қарастыру;
oo Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтерін атап өту, оларды талдау;
oo Бүгінгі таңдағы екінші деңгейлі банктердің активті операцияларын, олардың заман талабына сай жаңадан пайда болған түрлерінің қызмет ету механизмі туралы айтып өту;
Қазақстанда несиелеу келесі заңдар мен ережелерге сүйеніп жүзеге асырылып реттеледі: ''Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" және ''Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметтер туралы'' заңдары, 1994 жылы ақпанның 11 жұлдызында Ұлттық банкпен бекітілген ''Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережелері''. Бұл заңдар мен нормативті актілер барлық меншік формасындағы банктермен қолдануға тиесілі. [1, 38 б]
Курстық жұмыста несиелендірудің түрлері шарттары, құқылық қатынастары, несиелендіру жүйесі, механизмі мен тәртіптері келтірілген. Сондай-ақ несиенің дүниежүзілік тәжірибелеріндегі үлгілері бойынша талдау көрсетілген, оның біздің экономикамызға тиімді жақтары қарастырылған.
Курстық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған және қолданылған әдебиеттер отандық және батыс елдерінікі, сонымен қатар орындалған жұмыс үш тараудан, кіріспе, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.

1 КОМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні

Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу үшiн олардың қызметтерiн қарастрырайық:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi - банктердiң ежелден атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына берiлiп , өндiрiстiң кеiеюiн қамтамасыз етедi.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор. Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.
Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық - құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. Ұзақ мерзiмдi инвестиция тарту мақсатында кәсiпорындар акция және облигациялар шығарады.
Банктер сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басқару қызметiн де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметтi атқаруға құқығынан айрылғандардың мүлкiн уақытша басқару; iзбасарларының мүддесi үшiн өлген адамның мүлкiн басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететiн қызметтерi: банктiң облигациялар бойынша кепiлшi болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансферттердi тiркеу үшiн өкiл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
Экономикалық мағлұматтарды өзiне жинақтауы банктердiң клиенттерiне кеңес беру қызметiне мүмкiндiк туғызады. Банктер төмендегiдей кеңес бередi: шот ашу ; есеп-несиелiк және кассалық қызметкөрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргiзуге дейiн нұсқау бередi.
Осы аталған қызметтердің негізгі бөлігі, яғни несие беру қызметі, есеп айырысу - делдалдық қызметтері, бағалы қағаздар шығару және оларды орналастыру қызметтері коммерциялық банктердің активті операциялары негізінде жүргізіледі.
Елiмiздегi банктiк жүйе екi деңгейлi екенiн бiлемiз, яғни соның екiншi деңгейiндегi коммерциялық банктер халық шаруашылығы мен Ұлттық банк арасындағы негiзгi қаржы делдалы болып табылады. Қазiргi кезде коммерциялық банктер өз клиенттерiне 200-ге тарта әр алуан операциялар мен қызметтер көрсете алады. Мұндай кең көлемдi операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерiн сақтай отырып қолайсыз жағдайдың өзiнде де пайдалы жұмыс жасауға септiгiн тигiзедiгіне байланысты .
Коммерциялық банктер желiсi ақша нарығының қалыптасуына ықпал етедi, ал заңды және тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және экономика мен халықтың қысқа мерзiмдiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негiзi болып табылады.
Коммерциялық банктер негiзiнен өз клиенттерiнiң шаруашылық қызметтерiне қызмет көрсетумен байланысты несиелiк есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрiмен айналысады. Бұл операциялар коммерциялық банктердің активті операцияларының мәнін ашады.
"Қазақстан Республиксындағы банктер және банктiк қызмет туралы" Заңға сәйкес коммерциялық банктер мынадай операцияларды орындай алады:
1. клиенттер мен банк корреспонденттердiң шоттарын жүргiзу және оларға кассалық қызмет жүргiзу;
2. қайтарымдылық, мерзiмдiк және төлемдiк шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзiмдiк несиелер беру;
3. инвестицияланатын қаражаттар иелерiнiң немесе иемденушiлердiң тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
4. заңда көрсетiлген тәртiппен бағалы қағаздарды шығару;
5. төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргiзу;
6. банктiк операциялар бойынша брокерлiк қызметтердi көрсету, клиенттердiң тәуекелi бойынша олардың агенттерi ретiнде әрекет ету;
7. коммерциялық мәмiлелердi қаржыландыру;
8. клиенттердiң тапсырмалары бойынша сенiмдiк операцияларды (қаражаттарды қарау, орналастыру және бағалы қағаздарды басқару)
9. лизингтiк операцияларды жүзеге асыру және тағы басқа опреациялар.
Активті операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Коммерциялық банктердің активті операцияларының негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Активті операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Қазақстан Респупликасының активті банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:
Несиелік операциялар;
Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
Кассалық операциялар
Делдалдық-комиссиондық операциялар.
Банктің активті операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады.

1.2 Банктің активтік операциялары және оларды басқару

Банктің активтер мен пассивтер портфелі - жоғары пайда табу үшін қолданылатын бірегей. Активтерді басқару - меншікті және тартылған қаражаттардың орналастыру тәртібі мен жолдары. Қаражаттарды орналастыруда үлкен көңіл ссудалық операциялар мен инвестицияларға бөлінеді.
Активті операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін орналастырады.
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.
Бұған жататындар:
Шаруашылық жүргізуші субьектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру үшін қысқа, орта, ұзақ мерзімді несие беру;
Халыққа тұтынушылық несие беру (үй құрылысын жүргізу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзімде пайдаланыла алатын мүліктерді сатып алуға);
Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;
Лизингілік операцияларға несие беру;
Факторингілік операцияларға несие беру;
Басқа банктерге несие беру.
Көрсетілген активті операциялардың ішіндегі ең бастысы қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының 80%-нан асып кетеді. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер, үй сатып алуға берілетін несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер телімін жақсартуға берілетін несие, оқуға және сынақ мерзімін өткізуге берілетін несиелер. Сонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға несие берілетін болды.[1]
Актив операциялары негізінен 4 топқа бөлінеді:
1. Несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі қалыптасады;
2. Инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды;
3. Кассалық және есептесу операциялары - банктің клиенттерге көрсететін қызметтерінің бірі;
4. Басқа операциялар.
Несие-есептеу операциялары - ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі. Несиелеу операциялары қарызгерге қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде қаржы беру операциялары. Вексельдерді сатып алу (есептеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты несиелеу операциялары да есеп операцияның қатарына кіреді.
Есеп айырысу операциялары - қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар. Бос қаржыны депозитке жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айырысу операциялары банктің өте маңызды операциялары болып табылады.[2]
Кассалық операциялар - қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда бұл қолма-қол ақшаның қозғалысымен, қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен байланысты операциялар деуге болады.
Инвестициялық, қорлық операциялар - банктің күрделі қаржысын құнды қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы Заңның сегізінші бабына сәйкес, Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін, басқа шаруашылықтардың негізгі капиталына жарна салуына болмайды.
Кепілді операциялар - кепілдеме беру, белгіленген жағдай болғанда, клиенттің үшінші тұлғаға берешегін өтеу операциялар. Сонымен қатар, банкінің активті операциялары: қауіптілік дәрежесіне қарай - қауіпті және қауіпті - бейтарап операциялары; орналастыру түріне қарай: бірінші және екінші; пайдалылық дәрежесіне қарай: пайда келтіруші және пайда келтірмеуші операциялар болып та бөлінеді.[3]
Коммерциялық банктердің активін 4 категорияға жіктеуге болады:
* кассадағы қолма-қол ақша және оған жатқызылатын қаражаттар;
* бағалы қағаздарға салынған инвестициялар;
* судалар;
* ғимараттар мен құрал-жабдықтар.
Активтердің құрылымы тек қана активтер көлемі мен сыртқы жағдайлармен ғана емес, сонымен бірге нақты банкінің активтерінің сапасын жоғарлату бағытындағы банктің саясатымен де анықталады. Бұнда активтерді брутто-активтері және нетто-активтеріне бөледі.
Брутто-активтерінің құрылымы:
* Табыс әкелмейтін активтер - басқа біреудегі корреспонденттік шоттар, ақшалай қаражаттар, негізгі қорлар, материалдық емес активтер, дебиторлар, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын қолдану, капитал салымдарын қаржыландыру, капиталдық шығындар, ағымдық шығыстар, болашақ кезеңдегі шығыстар, бағалы қағаздар мен валюталар қаражаттарды қайта бағалау, есепті жыл мен өткен жылдардың шығындары.
* Табыс әкелетін активтер - клиенттердің, банктердің, халықтың ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді ссудалары, ссуда мен пайыз бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар, факторинг, клиринг, қатысу, бағалы қағаздар, берілген кепілдер.
* Брутто-активтерінің барлығы - нетто балансының құрылымында активтер, реттеуші, жинақтаушы және транзитті шоттарының көлемінде қысқартылады.
Нетто-активтерінің құрылымы:
* Табыс әкелмейтін активтер - басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ақшалай қаражаттар, қалдық құны бойынша материалдық емес активтер мен негізгі құралдар.
* Табыс әкелетін активтер - клиентке, банктерге және жеке тұлғаларға берілген ссуда бойынша шығындарды жабатын резервтерді шегеріп тастағандағы ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді ссудалар алдын-ала құрылған резервтің есебінен бағалы қағаздардың құнсыздануын шегеріп тасталған факторинг пен лизинг. Бағалы қағаздар да осылай есептелген.
Нетто-активтерінің брутто-активтеріне қатынасы бірінші орында активтер сапасына тәуелді рационалды активтерінің құрылымы туралы мәлімет береді.[4]
Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге байланысты топтастыруға болады:
* Борышқордың типіне байланысты - кәсіпорынға, үкіметке және жергілікті үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін қарыз;
* Пайдаланылатын мерзіміне байланысты - қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);
* Қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз және айналыс аясына берілген қарыз;
* Борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай - өнеркәсіпке, саудаға, ауылшаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;
* Қамтамасыз етілу бойынша - кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және қамтамасыз етілмеген;
* Өтеу тәсіліне қарай - бір уақытта және бөлшектеп өтелетін қарыз.
Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік және мақсаттылық.
Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік шектеумен (лимит) несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда. Голландияда, Бельгияда борышқорға ашылатын контокорренттік шот бойынша лимит бекіту формасы кең тараған. Контокорренттік шот деген несиелік шотпен ағымдағы шоттың біріктірілу. Бұл шот бойынша дебиттік сальдо клиентке несие беруді көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта өзінің қаражаты бар екенін көрсетеді. Несиенің бұл түрі қысқа мерзімді ағымдағы қажеттілікке беріледі. Ал кейбір мемлекеттердің банктері несиені шектеуді овердрафт бойынша жүргізеді. Овердрафт - клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да, бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. Нәтижесінде ағымдағы шотта дебиттік қалдық қалады. Овердрафттың жоғары соммасы ағымдағы шот ашылғанда шартпен анықталады. Несиелеудің бұл формасы - контокоррентті шотпен берілетін несиенің түрі. Ол - клиенттің ағымдағы есеп айырысуына қаражат жетіспестігін қанағаттандыруға берілетін несие. Несие үшін ақы жұмсалған нақты қарыз бойынша алынады.
Банктік несиелеуді ұйымдастырудың келесі бір түрі - несиелік шотты пайдалану арқылы несие беру. Бұл жағдайда берілетін несие соммасы несиелік шоттың дебитінен клиенттің ағымдағы шотының кредитіне аударылады. Есеп-төлем құжаттары борышқордың несиелік шотынан тікелей төленуі мүмкін.
Ағылшын және швейцария банктерінің тәжірибесінде банк топтарының көлемді сомма беретін синдикаттық несие формасы қолданылады. Бұл жағдайда қатысушы - банктің біреуі басқарушы және төлеушінің өкілі қызметін атқарады. Германия мен Жапонияда консорциумдық несие де кең дамуда. Ол синдикаттық несиеден 2 және одан да көп несие беруді ұйымдастырушысы және басқарушысы болуымен ерекшеленеді. Консорциумдық несие әдетте өте ірі соммаға (30 млн АҚШ долларынан жоғары) беріледі. Бұндай қарыз несие көлемін ұлғайтып, банктің несиелік қауіпін төмендетеді. Келісімде несие өкілінің, басқарушының және басқа несие беруші мен борышқордың құқы мен міндеттері көрсетіледі.
Банктердің несие беру операциялары тобына факторинг және лизинг операциялары да кіреді. Факторинг деген өнімдерді сату процесінде контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз тапсырысын банкке сату. Бұл жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді талап ететін құқыққа ие болады. Сонымен қатар банк клиенттің айналмалы капиталын несиелеп, оның несиелік тәуекелін өзіне алады.
Сонымен коммерциялық банктердің активінің бұрыннан қалыптасып және қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты - несие беру операциясы және бағалы қағаздармен операция. Бұл операциялар банк балансының 80% құрайды. Бұдан басқа банктер кассалық, акцептік, шетел валютасымен, қозғалмайтын мүліктермен, сондай-ақ делдалдық операциялар жүргізеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе актив және пассив операциялары бір-біріне тәуелді. Себебі коммерциялық банктер негізінен өзгенің капиталымен қызмет жасайды, сондықтан банк қаражатын несиеге беру және инвестициялау масштабы көбіне банктің уақытша бос капитал мен жинақтарды тарту қабілетіне байланысты.[5]
Активтерді орналастыру проблемасыны шешу жолы - жоғары табыс әкелетін активтерді сатып алу болып табылады.
Қаражаттарды орналастыруда банктің алдында өтемпаздық пен пайдалылық арасындағы конфликтіні шешу мәселесі тұрады.
Өтемпаздық-пайдалылық дилеммасын шешу үшін активті басқарудың 3 тәсілі бар. Бұлардың әрқайсысының оң және теріс жақтары бар. Коммерциялық банктің нақты мәселесін шешкенде менеджерлер активті басқарудың әдістерінің элементтерін пайдалана алады. Қаражаттың артық болуы кезінде қаражаттын ортақ қор әдісін қолдана алады. Екінші әдіс - активтерді бөлу немесе қаражаттың конверсиясы, үшіншісі - ғылыми басқарумен байланысты және ЭЕМ-ны қолданумен байланысты. Әдістердің кез-келгенін орындағанда қаражаттарды тарту бойынша шығындарды активті операциялардан алатын табыстармен сәйкестендіру керек.
Ортақ қаражаттар қоры әдісінің негізінде барлық ресурстардың біріктіру қағидасы жатыр. Банкке қаражаттар талап етілгенге дейін салымдарды, жинақ, мерзімдік салымдарды және банктің меншікті капиталын қоса есептегенде әртүрлі көздерден түседі. Кейіннен бұл қаражаттар сәйкес келетін активтер түрлеріне бөлінеді. Бұл модельге қаражаттар қай көзден келіп түскені маңызды емес
Бұл әдіс менеджерлерден өтемпаздық пен пайдалылық қағидаларын орындауды талап етеді. Қаражаттарды осы қағидаларға сәйкес келетін активті операцияларға орналастырады.
Активтерді бөлу әдісі банкке қажетті өтемпазды активті көлемі қорлардың тарту көздеріне тәуелді екенін бекітеді
Осы әдістің көмегімен міндетті резервтер нормасы мен олардың айналу жылдамдығына сәйкес қаражаттардың көздері шектеледі. Мысалы, талап етілгенге дейінгі салымдардың міндетті резервтер нормасы мен айналым жылдамдығы мерзімді салымдарға және басқаларға қарағанда жоғары.
Бұл модель бойынша банктің ішінде банктер болады - талап етілгенге дейінгі салымдар банкі, жинақ салымдар банкі, мерзімді салымдар банкі және негізгі капиталдың банкі. Бұл жерде әр орталықтан қаражаттардың қозғалысы ерекшеленеді. Талап етілгенге дейінгі салымдар өтемпазды активтер ең жоғарғы жабылуды қажет ететіндіктен, талап етілгенге дейінгі салымдар орталығынан қаражаттардың маңызды бөлігі бірінші резервтерге, қалған бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды инвестициялау жолымен екінші резервтерге, ал қалған аз бөлігі қысқа мерзімді ссудаларды беруге жөнелтіледі. Бұл әдістің оң жағы - өтемпазды активтердің үлесін азайту және қосымша қаражаттарды ссуда мен инвестицияларға салу болып табылады, ал ол пайда нормасын үлкейтеді.

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІі ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ (КАСПИЙ БАНКІ АҚ МЫСАЛЫНДА)

2.1 Каспий Банкі АҚ-ның жалпы сипаттамасы, активтері және оларды басқару саясатын талдау

1997 жылғы сәуірде Каспийский Банкі ЖАҚ мен Қаздорбанк ААҚ (1989 жылдың 13 қаңтарында құрылған және тіркелген) серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімге отырды. Серіктестер арасындағы өзара іскерлік қатынастың сындарлы стилі және ақпаратпен, жоспарлармен ашық алмасу, қызметкерлердің өзара тағылымдамасы нәтижесіндегі терең түсіністік серіктестердің бәсекелестіктегі артықшылықтары мен әлсіз жақтарын айқындап, екі банктің бірігуі мен қайта ұйымдастырылуы екі жаққа пайдалы екеніне көз жеткізді. Қаржы нарығындағы жағдай мен Қазақстан Республикасының банк жүйесінде байқалған банк капиталдарын шоғырландыру жөніндегі үрдістер, сондай-ақ банк санының қысқаруы, серіктес банктердің қосылуына оң жағдай туғызды.[14,9б]
1997 жылғы 12 желтоқсанда Каспийский Банкі ЖАҚ пен Қаздорбанк ААҚ өз еріктерімен қосылуы нәтижесінде құрылған Каспийский Банкі ААҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі №245 бас лицензиясын берді.
2000 жылғы 16 ақпанда Банк Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры ЖАҚ қатысушысы болады.
2002 жылғы қаңтар айында Банк бөлшекті бағыттағы жұмысын белсенді дамытып, жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері арасында жеке тұлғалардың шұғыл салымдарының рейтингінде көшбасшылар ондығына кірді. [34,63 б]
2003 жылғы 1 тамызда 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы Заңына сәйкес Каспийский Банкі ААҚ Каспийский Банкі АҚ болып өзгертілуіне байланысты әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
2003 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы №408 Қаулысы бойынша Каспийский Банкі АҚ халықтық акционерлік қоғам мәртебесі берілді.
2006 жыл әлемнің дамушы нарығындағы ең табысты инвестициялық қорлардың бірі Бэринг Шығыс Капитал Партнерс институционалды инвесторының Каспийский Банкінің акционері болып келуі елеулі оқиға. Бэринг Шығыс ТМД-да жалпы мөлшері 1.8 млрд. доллардан астам төрт тікелей инвестициялар қорының активтерін басқарады.
Бэринг Шығыстың басқаруындағы қорлардың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Нидерландтық FMO дамыту агенттігі секілді танымал халықаралық қаржы институттары, тағы басқа зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Шығыс ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа мен Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқаратын Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді. [14,15 б]
2008 жылы Каспийский Банкі АҚ-ы Кaspi bank АҚ болып өзгертілді.
2009 жылы 3 желтоқсанда Лондонда The Banker (Financial Times) журналының жыл сайынғы марапаттауы бойынша Кaspi bank Қазақстанда Жыл банкі - 2009 атағына ие болды.
2007 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша CASPIAN GROUP B.V. (Амстердам, Нидерланд Корольдігі) банктің ең ірі акционері (орналастырылған акциялары 96,08%). Холдинг Fitch Ratings рейтінгілік агенттігі берген ВВВ несиелік рейтингке ие.
Caspian Group B.V. акциясының 51% Baring Vostok Capital Partners тікелей инвестициялау қорына және 49% Кaspi bank АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимге тиесілі. [40]
Baring Vostok тікелей инвестициялау қорларын басқаратын, Азияда, Үндістанда және ТМД-да $2,5 млрд. активтері бар Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді. Fitch Ratings рейтинг агенттігі kaspi bank-інің ұзақ мерзімді ЭДР B деңгейінде тұрғанын растады.
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі kaspi bank-інің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР (Long-term Issuer Default Rating IDR) В деңгейінде тұрғанын растады. Рейтингтерді растау басқа банктермен салыстырғанда құрылыс секторы мен банктің несие портфеліндегі валюталық қарыздардың біршама төмен үлесіне негізделген. Сондай-ақ kaspi bank-інің рейтингін капиталдандырудың жоғары деңгейі, сыртқы қарыздың төмен деңгейі және депозиттің едәуір өсімі ұстап тұр. Әлемдік нарықтағы қиын ахуалға қарамастан, банк табысты дамуда, барлық осы көрсеткіштер агенттікке kaspi bank-інің рейтингін растауға көмектесті, - деп жазылған Fitchratings халықаралық рейтинг агенттігінің баспасөз релизінде. [40]

1- кесте - Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің бағасы


Банктің атауы
Шетел валютасындағы
ұзақ мерзімді ЭДР
Шетел валютасындағы
қысқа мерзімді ЭДР
Жеке
1
АТФБанк АҚ
BBB
F3
DE
2
Қазақстанның Халық Банкі АҚ
B+
B
DE
3
ЦентрКредитБанкі АҚ
B+
B
DE
4
Kaspi Bank АҚ
B+
B
DE
5
КАЗКОММЕРЦБАНК АҚ
B-
B
E
6
Еуразиялық Банк АҚ
B-
B
DE
7
БТА Банк - ТЕМIРБАНК АҚ АҚ ЕҰ
RD
RD
F
8
"Альянс Банк" АҚ
RD
RD
F
9
"Нұрбанк" АҚ
-
-
-
Ескертпе - Fitch рейтинг агенттігінің ресми сайты мәліметтері

Сонымен қатар Fitch Ratings Банктің жеке рейтингін (Individual Rating) оны басқа да жетекші банктердің рейтингімен және Қазақстан Халық Банкі мен ЦентрКредитБанкіне қатысты сәйкестендіре отырып, D-дан DE-ге өзгертті, деп атап өтілген рейтинг агенттігінің баспасөз релизінде. Банктің рейтингі еліміздің банк жүйесіндегі ең жоғарылардың бірі. Тәуекелдерді бағалаған кезде рейтинг агенттіктері менеджменттің сапасына, капиталдың бірдейлігіне, несие портфелінің сапасына және тәуекелдердің бағасына басты назар аударды. Шоғырландырылған халықаралық аудит жүргізілген қаржы есептілігіне сай, kaspi bank-інің капиталының бірдейлігі жылдың соңында 25% астамды құрады, ал бұл қажеттісінен де едәуір көп. Сонымен қатар тәуекел-менеджмент жүйесін, әсіресе бөлшек бизнеске қатысты, әрдайым жақсарту әрі жетілдіру - банктің негізгі басымдықтарының бірі. Барлық осы факторлар kaspi bank-інің рейтингін растаған кезде халықаралық агенттіктің талдаушыларының назарына алынды. [39]
Каспий Банкі келесідей қызмет көрсетеді:
Несиелеу:
Артықшылықтары:
1) Жылдам
oo Карта алу - 15 минутта;
oo Санаулы ғана құжаттар.
2) Тиімді
oo Халықаралық VISA картасы тегін ресімделеді;
oo Тауар және қызмет ақысын төлеген кезде комиссия төленбейді;
oo Жұмсалған ақшаға ғана пайыз есептеледі;
oo Комиссиясыз және артық төлеусіз мерзімінен бұрын өтеуге болады.
3) Ыңғайлы
oo Несие картасы бүкіл әлемде жұмыс жасайды;
oo Төлем жасалған сайын ақша несие картасына түседі және оны қайталап пайдалануға болады. [40]
Несие шарттары:
oo Несие сомасы 220 000 теңгеге дейін;
oo Несиелеу мерзімі - 20 жылға дейін;
oo Ай сайынғы төлем - несие лимитінің 7% .
Картаны алу оңай
oo Банктің кез келген бөліміндегі менеджерге баруға болады;
oo Сауалнаманы толтыру қажет.
Өтеу оңай
oo Бүкіл Қазақстан бойынша банктің кез келген бөлімшесінде төлем жасауға болады.
Қажетті құжаттар:
oo Жеке куәлік;
oo СТН;
Кaspi bank АҚ-ның Жедел несиелеу бағдарламасы бойынша өнімдерінің артықшылықтары:
Несие өтінімін қарау үшін өзімен бірге үш құжаттың түпнұсқасын: жеке куәлік, СТН және ЖӘК* ала келу керек.
Мақұлданған несиені ресімдеу уақыты: 15 минут.

2-кесте - Атлант дүкендер желісіндегі Кредит Супер Атлант өнімі:

Мерзім
Алдын ала төлем (%)
3-4
0
5
15
6
25
7
35
9
45
12
55

Несие дүкенде немесе Банк бөлімшелерінде ресімделеді.
Несиеге сатып алуға арналған тауарлар:
"Жедел несиелеу тауарлары" өнімі;
5-5-5 Жедел несиелеу, 7-7-7 Жедел несиелеу, 10-10-10 Жедел несиелеу өнімдері;
Тауар құнынан нөл теңге артық төлеу арқылы берілетін несиелер:
oo Супернесие-0 өнімі;
oo Барлығы 0 теңгемен өнімі;
oo Жедел несиелеу 0-3 өнімі;
oo Жедел несиелеу 0-6 өнімі.
3-кесте - Технодом дүкендер желісі Технодом-0 өнімі:

Мерзім
Алдын ала төлем (%)
3-6
0
7
20
9
40
12
50

Қолма-қол несие:
oo Қолма-қол несие өнімі;
oo Ақша Жедел несиелеу өнімі;
oo Ақша Плюс Жедел несиелеу өнімі;
oo Ақша Люкс Жедел несиелеу өнімі;
Несиеге көрсетілетін қызметтер:
Жедел несиелеу Қызметтер өнімі.
Тауарды несиеге сатып алуға арналған өнімдер:
Тауар Жедел несиелеу өнімі.

4-кесте - Сулпак дүкендер желісі Сулпак-0 өнімі

Мерзім
Алдын ала төлем (%)
3-6
0
7
25
9
40
12
50

Депозиттер:
Артықшылықтары:
oo Салымның ең төменгі мөлшері - 15 000 теңге немесе 100 USD EUR;
oo Салым мерзімі - 1 айдан 60 айға дейін;
oo Салым валютасы - теңге, USD, EUR;
oo Сыйақы мөлшерлемесі - салым мерзіміне қарамай жоғары
oo теңгеде - 10% (жылдық тиімді мөлшерлеме 10,5%);
oo USD, EUR - 7% (жылдық тиімді мөлшерлеме 7,2%);
oo VISA халықаралық карточкасы - сыйлыққа!
oo Клиенттердің салымдары Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қорымен сенімді сақтандырылған. [39]
Тиімділігі:
oo Ең жоғары пайыздық мөлшерлеме - салымның мерзіміне, мөлшеріне қарамай бірінші күннен бастап;
oo Салымды ашқаннан кейінгі бірінші күннен бастап ақшаны сыйақыны жоғалтпай алуға (кемімейтін қалдық сақталған кезде);
oo Мерзімін, мөлшерін шектемей депозиттің сомасын толықтырып отыру;
oo Сыйақы клиенттің қалауы бойынша капиталға айналдыру арқылы немесе ай сайын төленеді. [39]
Ыңғайлы:
oo Ақшаны бүкіл Қазақстан бойынша кез келген филиалда алу және толықтырып отыруға;
oo Кез келген уақытта депозиттік шоты жайлы ақпаратты телефон арқылы алу мүмкіндігі.
Оңай:
Депозит ашу үшін:
oo СТН;
oo Жеке куәлік қажет.

2.2 Kaspi bank АҚ-ның қаржы-экономикалық қызметін талдау.

2011 жылғы Банктың табысының жалпы суммасы 18 875 292 мың теңгені құрады, сонымен қатар пайыздық табыс 77%, коммерциялық табыс (сонымен қатар кредиттік операциялар) 14%, қаржы операциялары бойынша 4%, басқа да табыстар 5% құрады.

2-сурет - 2011 жылдың табыстар құрылымы

2011 жылы банк табысының көп бөлігі сыйақы алуға; клиенттерге кредит беруге; құнды операцияларға тиесілі. Пайыздық табыстың барлық табысы 14 463 091 мың теңгені құрады - бұл 2010 жылға қарағанда 8 490 209 теңгеге (142%-ға) жоғары. Сонымен қатар клиенттер мен ұйымдарға берілген займдар мен лизингтерден түскен табыстар 7 769 261 мың теңгеге (142%-ға) өсті. Құнды қағаздармен операциялардан түскен табыс көлемі 593 105 мың теңгеге (127%-ға) өсті. Төменде 2010-2011жылғы пайыздық табыстың құрылымы көрсетілген. [14,24 б]
Жалпы табыс құрамындағы пайыздық табыстың үлесі 57%-дан (2010 ж.) 77%-ға (2011ж.) өсті.

6-кесте - Kaspi bank АҚ-ның пайыздық табыстар көлемі (мың теңге)

Пайыздық табыстың құрамына кіретіндер
2010 жыл
2011 жыл

Сумма
%
Сумма
%
ОООВБД мен клиенттерге берілген займдар мен лизингтер бойынша сыйақы
5483 114
91,8%
1352 375
91,6%
Құнды қағаздар сонымен қатар Обратное РЕПО операциясы бойынша сыйақы
467 738
7,8%
1060 843
7,4%
Банкаралық депозиттер, МБК және корр.шоттар бойынша сыйақылар
22 030
0,4%
149 873
1,0%
Барлығы:
5 972882

14463091

Жалпы табыстан % үлесі
57 %

77 %

2011 жылғы сыйақы (пайыздық) төлеу шығындары 6 091 759 мың теңгені (банктың жалпы шығындарының 37 %)құрады. Пайыздық шығындар 2010 жылға қарағанда 2 961 711 мың теңгеге (95 %-ға) өсті. [14,39 б]
2011 жылғы банк активтерінің өсімі 89%-ға өсті.


3-сурет - 2011 жылғы шығындар құрылымы

Өсім көздері: банктың капиталының өсуі, евроаблигацияларды орналастыру, клиенттер базасын ұлғайту, халқаралық қаржы нарығынан қаржы тарту болып табылады.
Банктың негізгі коммерциялық қызметі болып табылатын, негізгі параметр, меншік капитал. Меншік капиталдың баланстық маңызы бар өсімі 2011 жылы 33%-ға тең, ал абсолютті маңызы 12 909 404 мың теңгеге тең болды. Жиынтық меншік капиталы 42%-ға өсті.
Табыс салығын төлегенге дейінгі пайда (2 231 928 мың теңге) 2010 жылғы ұқсас көрсеткіш бойынша 61%-ды құрады.

7-кесте - Kaspi bank АҚ-ның қаржы көрсеткіштері, мың теңге

Көрсеткіш
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
Баланс валютасы (Активтер)
54934410
79 557588
150208109
Міндеттемелер

70 414062
13729875
Жинтық меншік капитал (пруденциялық норматив)
8 655 893
12 729005
18 102 000
Жарғылық капитал, қосымша капиталды қосқанда
3 876 474
6 324 726
8 056 562
Несие портфелі (клиенттер мен ОООВБД кредиттер)
35329 093
48 263998
109264106
Құнды қағаздарға инвестициялар (Обратное РЕПО операциясын қосқанда)
7 746 716
14 352792
25 956 119
Клиенттер депозиттері
28512 996
32 139354
43 819 621
Меншік облигацияларының айналысының шығарылымы
9 155 460
17 213 030
46 019 837
Табыстар
6 863 461
10 485 562
18 875 292
Шығындар
6 007 616
9 421 639
17 111 039
Табыс салығын төлегенге дейінгі пайда
954 845
1 385 065
2 231 928
Табыс салығын төлегеннен кейінгі пайда
855 845
1 063 923
1 764 253

Табыс салығын төлегеннен кейінгі пайда алдыңғы жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда 66%-ға өскен. (Қосымша 1).
Kaspi bank АҚ-ның бухгалтерлік балансын талдау.
Касса және халық (орталық) банктағы қалдық активтер 5 523 542 мың теңгені, (2011 ж. қаңтар айына - 9 321 626 мың теңге) құрайды. Қолма-қол ақшалар құрамы:
oo кассадағы қолма-қол ақша - 2 520 470 мың теңге;
oo жолдағы банкноттар мен манеталар - 140 801 мың теңге;
oo айырбастау пунктіндегі қолма-қол ақша - 22 802 мың теңге;
oo банкоматтардағы қолма-қол ақша - 5 807 мың теңге;
oo жол чегтеріндегі ақша - 198 мың теңге; [19,112 б]
Қазақстан Республикасының Халық Банктағы корреспонденттік шоттар, ақша және оның эквиваленті ретінде есептеледі. 2011жылдың аяғында шоттардағы ақша көлемі - 2 833 464 мың теңгеге тең болды.

8-кесте - 2009-2011 жылғы Kaspi bank АҚ-ның активтер балансының сумма динамикасы (мың теңге)

Атаулары
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
Абсолютті ауытқулар

гр.4-гр.3
гр.5-гр.4
1
2
3
4
5
6
7
1
Касса және халақ банктағы қалдықтар
5 717007
9 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі
Екінші деңгейлі банктердің өтімділік және төлем қабілеттілігінің экономикалық мазмұны
Коммерциялық банктердің жұмысын талдау жүргізу
Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру
Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат
Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі: жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Депозит
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Пәндер