Жан қуаттары



Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жан қуаттары

2. Қиал туралы жалпы ұғым
2.1. Қиялдың физиологиялық негіздері
2.2. Қиял түрлері
2.3. Қиял бейнелерінің жасалу жолдары
2.4. Шығармашыл қиял әдістері
2.5. Қиял және жеке адам
2.6. Қиялды дамыту жолдары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе


Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болысының табиғатына, оның сапалы қоғам шеңберінде әркендеуі мен қалыптасуына, тәңірегіндегі басқа адамдармен қарым қатынасындағы ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықшылығу уақыт озуымен бірге әрістей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина. әнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бір де бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объекті. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол – күрделі мәселе. Өйткені, психикалық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көз-қарасына байланысты. Психологияның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің басқа құбылыстарынан ерекше. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-бірте олар адамның психикасы болып аталады. Оған психикалық әрекеттер, қасиеттер, процестер, күйлер (көңілге байланысты) т.б. жатады. Мұндай процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сырты дүниедегі заттар мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан-дүниесіне тән.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар түйсік. елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б. көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырытатын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың әзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылыми қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция психология термині гректің екі сөзінен тұрады- псюхе /жан /, екіншісі – логос /сәз, ілім/. Сөйтіп, бұл сөз жан туралы ғылым деген ұғымды білдіреді.
Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын т.б. психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің, күллі жан-дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз. Психологияның осындай анықтамасына қосымша ретінде оның үш түрлі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі – психология адамтану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие. Мұндай ерекшелік қазіргі кезде қарқынды дамып отырған ғылыми пәннің өресі мен алдына қойған мақсат-мүддесімен байланысты. Екіншісі – адамның психологиялқ дара өзгешеліктерін, психикалық процестердің анық-қанығын айқындау үшін 19 ғасырдың орта кезінен бергі тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы. Осы ретте, психология эксперименттік ғылым деп те аталады. Үшіншісі – психологияны өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайт – бұл пәннің дербестігі. Пәннің дербестігі адам жан дүниесінің сырларын зерттеуге ең алдымен оның заңдылықтарын жете білуді, әрбір адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен сыр-сипаттарын даралап, іздестіруді қажет етеді. Әрбір адам - өзінше бір дара дүние Оның жан сарайына үңіліп, жүрек
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Алдамуратов.Ә т.б.
Жалпы психология - Алматы; Білім, 1996

2. Жарықбаев. Қ
Жантану негіздері жоғары және арнаулы орта оқу орындарының,
пединституттардың педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі
факультеті студенттеріне арналған оқулық.Алматы, 2002

3. 10 томдық; Гуманистік психология.
5 – том / жетекшісі академик Ә. Н. Нысанбаев – Алматы: «Таймас» баспа
үйі, 2005

4. Ә. Табылдиев
Қазақ этнопдагогикасындағы құқық тәрбиесі. Оқу құралы – Алматы
«Қазақ университеті» ­ 2003

5. Хабаршы; Вестник
Психология және социология сериясы. ­ Алматы №2(13) 2004 ­ 10 б.

6. Хабаршы; Вестник
Психология және социология сериясы. ­ Алматы №1(12) 2004 ­ 5 б.

7. Хабаршы; Вестник
Психология және социология сериясы. ­ Алматы №2(15) 2005 ­ 76 б.

8. Хабаршы; Вестник
Психология және социология сериясы. ­ Алматы №2(11) 2004 ­ 23 б.

9. Хабаршы; Вестник
Психология және социология сериясы. ­ Алматы №1(16) 2006 ­ 40 б.

10. Жастар тәрбиесіндегі психологияның мәні // сынып жетекшісі ­ 2004,
­№5, ­8 б.

11. Отандық педагогикалық психологияны зерттеудің кейбір аспектілері //
Қаз ҰУ Хабаршы.
Психология және социология сериясы ­ 2004, №1 , ­ 70 б.

12. Ұлттық психология мен ұлттық тәрбие хақында // Ақиқат, ­ 2004 ­ №1, ­
86 б.

13. Гоноболин Р. Н.
Психология: Жалпы білім беретін бастауыш кластарындағы оқыту, ­
Алматы: Мектеп, 1976.

14. Зимняя И. А.
Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық/
Орыс тілінен аударған М.А.Құсаинова. - М: Логос; ­ Алматы: TST –
company, 2005
15. Қалыбекова А.
Қазақ хлқының қолданбалы және теориялық педагогикалық негіздері / ­
Алматы: БАУР ­2005.

16. Богословский В. В. т.б.
Жалпы психология. ­Алматы. «Мектеп» ­ 1980.

17. Психология: Адамзат ақыл ойының қазынасы. 10 томдық. ҚР Мәдениеті,
­ Алматы: Таймас, 2005. том 3.
18. Психологияның даярлық диагностикасы // Қазақстан мектебі, ­2003 ­№9
­31б.

19. Тәжібаев Т.
Жалпы психология. ­ Алматы, ­ 1993

20. Темирбеков А., Балаубаев С.
Психология. ­ Алматы. ­ 1996

21. Ушаков Т. и др.
Речь человека в мышлении. ­ М., 1984. (34­106 беттер).

22. Фрэйд З.
Введение в психоанализ. ­ М., 1991. (7­48, 50­152, 418­438 беттер).

23. Мустоянова А.
Танымдық белсенділік талаптары. // Қазақстан мектебі. ­ 2003
­№11. ­ 39 ­ 40 б.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жан қуаттары

2. Қиал туралы жалпы ұғым
2.1. Қиялдың физиологиялық негіздері
2.2. Қиял түрлері
2.3. Қиял бейнелерінің жасалу жолдары
2.4. Шығармашыл қиял әдістері
2.5. Қиял және жеке адам
2.6. Қиялды дамыту жолдары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі
болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын,
тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған
емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам
болысының табиғатына, оның сапалы қоғам шеңберінде әркендеуі мен
қалыптасуына, тәңірегіндегі басқа адамдармен қарым қатынасындағы
ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықшылығу
уақыт озуымен бірге әрістей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым,
медицина. әнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бір де бір әрекет
психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін
емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері
жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр
түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объекті. Психология
психикалық құбылыстардың пайда болу даму және қалыптасу заңдылықтарын
зерттейтін ғылым.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы
зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол – күрделі мәселе.
Өйткені, психикалық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көз-қарасына
байланысты. Психологияның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің басқа
құбылыстарынан ерекше. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі,
қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-
бірте олар адамның психикасы болып аталады. Оған психикалық әрекеттер,
қасиеттер, процестер, күйлер (көңілге байланысты) т.б. жатады. Мұндай
процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сырты дүниедегі заттар мен
құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан-дүниесіне
тән.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар түйсік. елес,
ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б. көпшілігімізге өз
тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда
бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырытатын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ
психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты
ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың әзіндік
заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылыми қарастырады.
Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның
дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция психология термині гректің екі
сөзінен тұрады- псюхе жан , екіншісі – логос сәз, ілім. Сөйтіп, бұл сөз
жан туралы ғылым деген ұғымды білдіреді.
Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді
салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын
т.б. психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің,
күллі жан-дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда
біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз.
Психологияның осындай анықтамасына қосымша ретінде оның үш түрлі ерекшелігі
бар. Бірінші ерекшелігі – психология адамтану жайындағы ғылымдар арасында
жетекші орынға ие. Мұндай ерекшелік қазіргі кезде қарқынды дамып отырған
ғылыми пәннің өресі мен алдына қойған мақсат-мүддесімен байланысты.
Екіншісі – адамның психологиялқ дара өзгешеліктерін, психикалық
процестердің анық-қанығын айқындау үшін 19 ғасырдың орта кезінен бергі
тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы. Осы ретте, психология
эксперименттік ғылым деп те аталады. Үшіншісі – психологияны өзге сабақтас
ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайт – бұл пәннің дербестігі. Пәннің
дербестігі адам жан дүниесінің сырларын зерттеуге ең алдымен оның
заңдылықтарын жете білуді, әрбір адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен
сыр-сипаттарын даралап, іздестіруді қажет етеді. Әрбір адам - өзінше бір
дара дүние Оның жан сарайына үңіліп, жүрек сырына терең бойлау, ондағы
құпия жайттарды ұғыну – пән дербестігінің бір қыры.
Адамдар күнделікті өзара қарым-қатынас нәтижесінде бірін-бірі бақылап,
бір-бірінің мінез-құлқын, істеген ісін, қылығын, еңбек-әрекетін біледі,
ішкі сырларын аңғарады. Олардың сыртқы құбылыстарға бейімделуін түрлі
әсерлерге тітіркеніп, реакциялануын байқайды. Сөйтіп, бір-бірінің мінез-
құлық ерекшеліктерінің өзіндік сипаттарын түсінеді. Адам психикасының сан-
қырлы сырларын ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың арасындағы айырма
сипаттарын, бір-біріне тигізер ықпалын, қасиет-сапаларын, жан-күйін өмір
тәжірибесіне сүйене отырып ажыратыды. Мұндай ерекшеліктер ұрпақтан-ұрпаққа
тіл, халықтың өнер туындылары, жасаған заттық бұйымдары арқылы мұра ретінде
беріліп отырады. Халық аузындағы „Сан рет естігеннен бір рет көрген артық“,
„Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады“, „Көз жеткізбегенді,
сөз жеткізеді“ деген мақал-мәтелдердің бәрі де адамның әр қилы психикалық
процестерімен жан дүниесінің қызметі, сыры жайында айтылған.
Адамның өмірден көріп-білгені, естігені, өз тәжірибесінен жинақтағаны
ғылымға дейінгі психологиялық білімін, түсінігін жасады. Мұндай түсініктер
адамдардың табиғатпен қатынасында, айналасындағы нәрселерді танып,
пайымдап, бағдарлай білуінде ерекше маңызды. Дегенмен, бастапқы түсініктер
жүйесіз әрі тайыз болғандықтан, оларға сүйене отырып, адамдар арасында
белгілі жүйеде тәлім-тәрбие, емдеу, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
жеткіліксіз еді. Өйткені, олар адамның психикасы мен жан дүниесі туралы
тұрақты әрі ғылыми мәліметтер бере алмайды. Ал ғылыми білім, заттар мен
құбылыстар жайындағы ақиқатты танып-білу, олардың сыр-сипатын түсіну
мәселелері себеп-салдар принциптерін ашып көрсету нәтижесінде ғана жүзеге
аспақ.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен
кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша,
адамдар тәннен тәуелсіз жан болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық
психикалық, тіршілігінің – ойының, сезімнің, еркінің иесі де, себепшісі де.
Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың
табиғат сырларын дұрыс тусіне алмауы себеп болады.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір
сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол
денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянғн кезде қайтып келеді, егер
келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы
Аристотель есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде
психология басқа ғылымдармен - философия, медицина, әдебиет, жараталыстану
т.б. аралас, астарласа дамып келді. 19 ғасырдың екінші жартысынан былай
қарай ғалымдар жан құбылыстарын түйсік, ес, ойлау, қиял т,б. Эксперимент
жүзінде әртүрлі құрал жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы
кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым
ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш рет енгізген
неміс ғұламасы В. Вундт болды.
Л.С Рубинштейн Жалпы психология негіздері атты еңбегінде Психология
зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр, олар біздің
қабылдауымыз, сезіміміз, ойларымыз, ықлас ниеттеріміз бен тілектеріміз,
т.б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан
толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны, -
деген. Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі әр тұлғаның өз меншік
толғанысының болуы, ол түйсік сезімінен ғана көрінеді де, оның басқаша
пайда болу жолы жоқ.
Адам жан дүниесінің сыры мен жүйесі халқымыздың түрлі толғаныстарын
ақыл-ойы мен сезімдік танымын, көңіл-күйі мен арман-тілегін білдіретін төл
туындыларында сақталған. Бұл пікіріміздің шынайы мәні мен айғағы болып
табылатын мұралар – халықтық саз аспаптары арқылы орындалатын әндер мен
күйлер, жырлар мен толғау өлеңдер. Саз өнерінің ырғағы мен әуені халықтың
жан дүниесінің сырып көпшілікке нәзік үнмен жеткізіп отырған. Қазақ
халқының тұрмыс-тіршілігі психологиялық күйге, нәзік сезімге, көңіл
құштарлығына неше түрлі игі ниет-тілектерге толы боған. Міне, осы аталған
жайттардың бәрі адам жан дүниесінің сырын бейнелейтін психологиялық
мәселелер болып есептеледі.
Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінісуге, бірлікті тұрмыс
құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай
психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын
құрады. Осы біршама бірліктер әр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге
тұлғалармен қылық әрекетіне орай қатынас жасауға көмегін тигізеді. Бірақ
мұның бәрі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дәлелсіз. Оларды біз
күнделікті тұрмыстық тәжірибемізден ғана үйренбестен, көркем әдебиеттен,
халық ауыз әдеьиеті үлгілерінен – мақал-мәтел, ертек т.б. ұғып, түсініп
келдік. Қазіргі заман психология теориялары мен психолоргия салаларының
бастаулары нақ осы өмір тәжірибесі мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани
мұрадан келіп шығады.

1. Жан қуаттары.

Жан қуаттарына, немесе таным процестеріне түйсік, қабылдау, ес,
ойлау, сөйлеу, қиял, эмоциялар мен сезімдер, ерік жатады.
Ендеше қысқаша әр таным процестерәне түсінік берейік.
Түйсік-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің
сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын,
кедір-бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік
денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы
мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды.
Сыртқы дүниені танып..білу түйсіктен басталады.
Қабылдау-егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке
қасиеттері мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда
бейнеленуіне болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай
бейнеленуі болып табылады.
Қабылдау заттар мен құбылыстардыңтүсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы
т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.
Ес-дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында
сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес-
күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыруы, қайта жаңғырту,
тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.
Ойлау-сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер
жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтынзаттар мен құбылыстарды тек
ойлау арқылы ғана білеміз
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.
Сөйлеу Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен
пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық
ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады. Сөйлеу адам санасының басты
белгісі.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды.
Сөйлеу-пікір алысу процесінде жеке жеке адамның белглі тілді пайдалануы.
Қиял-біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене
отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Жанның
өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп
аталады.
Эмоциялар мен сезімдер-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының
адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын
психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Эмоциаларда сан алуан мәнерлі
қозғалыстардың болып отыратындығы.Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге
болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады, бір тобы
жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар деп аталады.
Ерік-адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір
түрткі болатындығы, мұны (психологияда мотив (себеп) не түрткі сан .. қилы
қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып жатады.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі..оның түрлі
қажеттері.Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттари қояды.
Ойланып істеленетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді
жеңе білуден көрінетін қимыл..қозғалыстарды психологияда ерік амалдары
немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез..құлқын
меңгере алу қабілеті.

Қиял

2. Қилядың жалпы сипаты

Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды
ғана қамтып қоймайды. Бейнелер, мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған,
мысалы, тарих тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы
сурепемелер; көріп, білмеген, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген
мақұлықтар - енуі мүмкін. Бейнедер арқасында адам уақыт пен кеңістік
аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлемніне есік ашады. Адам
тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелер қиялдың
негізгі сипатын құрайды.
Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып,
еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен,
өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда,
не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап
оқығанда (мәселен, алыстағы Африка, Австралия, Индия т.б.) бізде түрлі
жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады.
"Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы
қиял деп саналады " (М. Жұмабаев)
Әдетте, күнделікті өмірдегі киял не фантазия мәні ғылымдағы осы
сөздернен берідетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай
келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін киял не
фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, хиял әрқандай шығармашылық іс-
әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және
техниикалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша
салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен
өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік
хиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі.
"Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп,
орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен
қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады" (Рибо). Алайда,
қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдык қиял)
өздік ерекшелігін жойыайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял
бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашығы - олардың нақты
болмысқа байланысты қатынасынан туындайды Ес бейнелері-өткен тәжірибенің
қайта жаңғыруы, сондықтан да естің негізгі қызметі өткен
тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял
процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі осынысымен де
қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды.
Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ, болашақ
еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. Қиял жәрдемімен болашақ
нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан тупкілікті
өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжастыруға
мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегі
ынта-жігеріне қосымша қуат қосады.
Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз
жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске
тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз
қимыл әрекетке келтіреді Мұның дәледі - кенеттен болған өрт
кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп
қабат үйлердің жағарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. Қиялдың
зияны халықта "Қорыққанға қос көрінеді" мәтелінде дәл айтылған.
Қиялдың бұл өмірден арқан бойы алда болып, болашақта күтілгеден
оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойдадың арасында
тығыз байланыстың барын білдіреді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық
жағдайда, жеке адам қажетсінуіне қоғамдық сананың даму деңгейіне сай
туындайды. Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда
болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде бұл
үшін космостық келгінділердің фантастикалық көріністері қолданылады.
Бірақ қиял дүниені жалпылай және жанамама танытатын, ұғымдық
мазмұнды негіз еткен ойлаудан ерекшенеді., себебі ол жарқын
елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада жасалады. Қиялда
түзілетін нақты бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теорияльқ
ойлар ашылып отырады. Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз
ойын басқаларға дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен
түсіндіруте тырысады. Мұның дәлелі тымсал, ертегі, макал-мәтелдер,
әрқандай көркемөнер туындысында бір көрнекі бейнемен ашылатын
негізгі идеяны іздестіретініміз табиғи нәрсе.
Қиялға тән және бір ерекше белгі - оның бастау деректері
толық, әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өн күмілжі жағдайларды
болжастыруда қолданылуы. Мұндай белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға
негізделетін ойлауды қолдау қиын. Бұл тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да
бір "орынбасар" формасы ретінде қызмет атқарады.
Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К.Д.Ушинский;
"Мықты, кемелденген қиял – ықылдылықтың нышаны", - деген.
Сонымен, қиял - аеда күтілген - проблемдік жағдайлар анық болмаған
кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да
әрекет бағдарламасын түзетуге жәрдемдесетін психологиялық процесс.
Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге
шебер. Дегенмен, сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз
күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементерінің
қосындысынан жасалады, Қандай да жаңалықты (машина не үй) адам алдымен
бұрыннан таныс, өзі пайдаланып жүрген бөлшектер мен материалдардан өз
ойында құрайды. Сондықтан адамнын білімі неғұрлым мол, өмір тәжірибесі
ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып
әрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді.
Л.С.Рубинштейннің пікіріне зер салсак, шығармашьыык, қиялдың қуаты
мен деңгейі келесі екі белгімен анықталады 1) қиял туындысы
мәңдік: және мағыналық шарттардан асып кетпеуі лазым; 2) қиял өзіне
негіз болған деректерден жағалығы және қайталанбастығымен ерекшеленуі
тиік Осы екі талапқа сай келмеген қай қиял да фантастика,
бірақ Тәжірибелік жағынан пайдасыз.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше
топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен
қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл
арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан
тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген
инженердің қиялын салыстырып көруге болады:
2) қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне
де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп,
өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді
ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға
болмайлы;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне,
табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. "Жаратылыстың
құшағында,— деп жаэады М. Жұмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың
астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге
түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге
өріп, сары сайран далада тұрып есетін қазақ баласының қиялы жүйрік,
өткір, терең, болуға тиісті".
4) қиял — адамның барлық психикалық құбылыстарымен
ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап,
"жүзеге асырудын жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл —
қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын
орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке
жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау
мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де
мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені
шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял - мәселені суреттеу, жанды көрініс
арқылы шешсе, ойлау оны-тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжыры
түрінде шешеді;
5) адам қиялы еңбек проиесіндс, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып,
дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты
болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны
өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда
адамның дүние жөніндегі әр-түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада
қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен
тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке итермелейді, творчестволық
ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық
қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын
алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық
қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы мұнсыз
мүмкін емес. Адам саласының жануар психикасынан басты айырмашылығы адам
да ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғамдығында.
Қмял маңызы орасан. Ол тек жазушыларға кейіпкерлер бейнесін
жасауға не суретшіге болашақ картинасының сюжетін іздестіруге
қажеттігімен ғана шектелмейді. Фантазиясы болмаған ғалым құбылыс
себептері жөнінде болжам (гипотеза) жасай алмайды; мұғалім дәріс
барысын, шәкірттердің оқуға деген қатынасын күні бұрын қияли
талдамай, сабақ дайындай алмайды. Жалпы оқу процесінің өзі хиялсыз
шектеулі болар еді, тарих, география, астрономия және басқа пәндертек
қиял қанатында ғана игеріледі.

Қиялдың физиологиялық негіздері.

Барша психикалық процесстер секілді қиял да үлкен ми сыңарлары
қабызғының өнімі. Қиял бейнелері оң және сол ми сыңарларының жұмысына
байланысты пайда болады. Оң ми сыңары дүние көріністерін қарапайып түрге
келтіріп, олардың біртұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық
бірлестігінен хабар береді, осыдан адамда әрқилы бейнелер негізінде
эстетикалық сезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңарға келіп түскен
ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметін атқарады, осыдан
бейне мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз. "Ақылдан ажыратылған
фантазия құбыжық тудырады, ақылды арқау еткен фантазия - өнер атасы,
ғажайыптар бұлағы" (Ф. Гойя).
Қиялдың физиологиялық негізі - жүйке байланыстарының іске қосылуы,
бұзылуы, қайта түзілуі мен жаңа жүйелерге бірігуі. Осының арқасында
бұрынғы тәжірибеден өзгеше, бірақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа
бейнеге келіп шығады. Қиялдың сонша күрделі болуы, алдын оның
мазмұндық сипатын болжастырудың қиындығы қиялдың көңіл-
күймен байланыстылығы қиял жасаушы тетіктердің тек ми қабығында
ғана емес, мидың терең, тар бөліктерінде жайғасатынын пайымдатады.
Сонымен бірге, мида пайда бодған бейнелер шеткі процестердің
қызметтерін өзгертутмен, оларға реттеу ықпалын жасайды. Бұл
тұрғыдан барша психикалық процестерін арасында қиял денедегі
органикалық процестермен аса тығыз байланысқан әрі оларды әсерлі
өзгерістерге келтіріп отырады. Қапелімде қиялына бірдеңе түсе кетіп
адамның өзінен өзі шошынып, терге малынып, қызарып-бозарып,
дірілдей қалатынын байқаған боларсыз. Осындай қиялдың әсерінен кей
кездері адам өзін сырқатқа да ұрындырады. Тіпті дәрігерлік
институттардың төменгі сынып студенттері оқылып жатқан дәрістердің
әсерінен қиялға еніп, өздерінде болмаған аурулардың белгілерін іздеп,
әлек болады. Мұндай өзін-өзі қияли сендірудің салдарынан адам
қатерлі жағдайға дұшар болуы мүмкін. Мажар психиатры Иштван
Гарди осының дәлелі ретінде мынадай болған оқиғаны келтіреді:
суытқыштар зауытының жұмыскері рефрежератор машинаның
қорабында қамалып қалады. Оның ойынша, суытқыш жүйе іске қосылған
болады. Күн өте, таңертен оны денесінің асқына суынуынан
өлген мәйітін тауып алып, болған жағдайдың себептерін
тексергенде, рефражератор суық жүйеге қосылмағанын, ол өлім
суықтан емес, суытқыш ішінде адамның тоңып өлетінін қиялдап,
соны күтуден болғаны анықталған.
Кейде психологиялық ауытқудан сырқатқа шалдығуудың себебі маман,
өрнек тұтқан адамдардың сөзін дұрыс хабылдамаудан да болады. Ойланбай
айтып салған дәрігердің бір ауыз сөзі шипа іздеп алдына келген адамда
ауыр сырқат күмәнін туғызғңан жағдайлар болған. Осы күмәннің кесірінен
кешегі сапсау адамда сыркат белгілері қозып, ятрогендік деп аталатын
науқас өршіп кеткен.
Осындай психикалық зақымдану кейбір ойсыз, педагогикалық мәдениеті
кем мұғалімдердің оқушыға айтылған ескеріулерінен де, туындайды. Осының
салдарынан жас шәкіртке дидактогендік ауру мендейді, яғни бала мұғалімді
көруден қорқып, қалтырай бастайды , тақтаға шықса күмілжіп сөйлей
алмайды, оқу жұмыстарын орындау қабілетінен айрылады.
Сонымен бірге, қиял бейнелерін орынды, дұрыс қолдану арқылы адам
денесінде жүріп жатқан табиғи процестерді басқарып, дамытуға да болады.
Шынында да, әжеңіздің дайындаған майлы құртының қышқыл дәмін қиялдап,
есіңізге алып көріңізші, сол бойда тап сол құрт аузыңызға түскендей,
сілекейіңіз шұбырып береді Қызығы, сол сілекейді өзіңізге өзіңіз бұйырып,
ағыза алмайсыз.
Қиял күшін арқау еткен француз аптекарі Эмиль Куэ "Саналы сендіру
арқылы өзін өзі басқару мектебі" деп аталған жана емдеу әдісін ашқан.
Сырқат адам өзіне қолайлы жағдайда жайғасып (жатып не отырған күйі), өзін
ешқандай сырқаты жоқтай сезініп, 20-30 мәрте өзін өзі
сендірудің келесідей формуласын қайталайды: "Мен тәуір боламын, мен
тәуірмін. Сырқат бәсеңдеді. Сырқат кетті...". Бірнеше минутқа созылған
осындай сеанстер күніне 3-4 рет, әсіресе ұйқыға кетер алдындағы сабырға
түсіп, босаңсыған күйде орындайды. Осы күндегі аутогендік емдеу әдісі осы
Эмиль Куэ жаңалығына негізделген.
Адам өзінің ішкі дене мүшелерінің қалпын елестетумен
қатар қиял арқылы өз дене мүшелерінің қимылын да (қол, аяқ, асқазан,
жүрек соғысы және т.б.) қажетті жағдайға келтіре алады. Зерттеулер
барысында осындай қиял басқарымындағы бұлшық еттерде нақты әрекеттер
жасалып жатқандағыдай импулъстер пайда болатыны дәлелденген. Қиял негізінде
бұлшық еттерде туындайтын мұндай әрекеттерді ғылымда идеомоторлық деп
атау қабылданған.

Қиял түрлері

Қиял қызметі әрқилы деңгейде көрінуі мүмкін. Оның көп түрлі болуының
басты себебі ед алдымен әр адамныі өз қиялын басқаруға деген
саналы бағытынан.
Қиял актив, пассив ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психиканың даму және қалыптасу заңдылығы
Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары
Мұғалімнің талабына сай болуы үшін қойылатын талаптар
Қазақстанда психологияның даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым
Психиканың даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым
Жас өспірімдік достық пен махаббат
Әбу Насыр әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары
Жантану жайлы ілім-білімнің ілкі басталуы
Әл – Фарабидің психологиялық көзқарасы
Ж.Аймауытовтың психологиялық еңбектерінің мәні
Пәндер