Қожағұлұлы Қабанбай батыр. Бөгенбай батыр



1) Қожағұлұлы Қабанбай (1703.1781)
Әдебиеттер тізімі
2) Бөгенбай батыр (1690 . I778)
Әдебиеттер тізімі

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қожағұлұлы Қабанбай (1703-1781)
Қожағұлұлы Қабанбай (1703-1781) - жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының Бас қолбасшысы, жекпе-жекте жеңіліп көрмеген халық қаһарманы. Шыққан тегі Орта жүздің Найман тайпасының Қара- ракерей руынан, ел азаттығы жолында күрескен киелі батыр әулетінен. Оның атасы Мәмбет те, әкесі Қожағұл да, Қожағұлдың ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан батырлары болған. Ел аузындағы әңгімелер дерегіне қарағанда Күшік батыр Еңсегей бойлы Ер Есімнің Ташкентті алатын соғысына қатысып, сол Тұрсын хан өлген жылы жамбасына улы найзаның ұшы тиіп, 25 жасында қайтыс болады.
Қабанбай батыр әйгілі Ақтабан шұбырындыдан кейінгі айтулы ірі шайқастардың бәріне қатысқан. Хан батыры, Дарабоз деген атақтарға ие болған. Сан рет шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, бәрінде жаудың үміткер батырларын жер жастандырып, жауынгерлерін жеңіске рухтандырып отырған. Халқы оны Қаракерей Қабанбай деп ардақ тұтып, есімін жырға бөлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Абылай хан дәуіріндегі қазақтың ең соңғы әскери қақтығысы 1770 жылғы қазақ-қырғыз соғысы. Бұл - осы соғысқа қатысқан Қабанбай батырдың да ерлік жолының соңғы белесі.
Халық арасында Қаракерей Қабанбай батыр жөнінде аңыз -әңгімелер, жыр-дастандар өте көп. Бұған керісінше тарихи құжаттарда Қабанбай батырдың 1740-1762 жылдардағы өмірі ғана көрінеді. Бұл кезде оның есімі ел арасының бітімгершілігіне жүрген дана, би ретінде айтылады.
Қабанбайдың Үмбетей, Кішкентай, Сырымбет, Едіге, Байтық, Мойнақ, Әлі деген жеті ұлы болған. Оларды Жеті Қабанбай деп атаған. Осының Әлісі жоңғардың соңғы ханы Әмірсананың Мәней деген қызына үйленіп, одан бес перзент көреді. Оларды шешесінің атымен Бес Мәней дейді.
Батырдың ұрпақтары бұл күнде Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының жерінде мекендегенімен, олардың арғы аталары оңтүстік жақтан ауып келіп, Есіл, Нұра бойын қоныс еткен. Бұл өңірдің 1728-1762 жылдар аралығында батырдың да құтты мекені болғаны белгілі. Қайтыс болғаннан кейін Қаракерей Қабанбайдың денесі осы ата мекеніне әкеп жерленген көрінеді.

Әдебиеттер тізімі:

Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары. Оқу құралы. - Астана. - 2001. - Б. 153-154.
Ғабдуллина А.А. Қабанбай батыр туралы тарихи жырлар мен аңыздар: Автореферат М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты.- Алматы, 1995.- 22б.
Жұмаділов Қ. Дарабоз: Қаракерей Қабанбай батыр туралы тарихи роман.- Алматы: Шабыт, 1994 - 1-ші
кітап.-1994.- 416 б.
Жұмаділов Қ. Дарабоз:Қаракерей Қабанбай батыр туралы тарихи роман. 2-ші кітап.- Алматы: Жазушы,
1996.- 416б.
Қазақ тарихи жырларының мәселелері М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты.- Алматы: Ғылым, 1979.- 312 б.
Қазақ тарихындағы Ұлы Тұлғалар: Портреттер.- Алматы: Өнер, 2003
Қайсенов З.Ә., Қайсенов А. Найман шежіресі. 2-ші кітап.- Өскемен: "Рудный Алтай" газетінің баспаханасы, 2001.- 272 б.
Қошым-Ноғай Б.С. Тіл ұшындағы тарих: Алғыр оқырмандар кітабы.- Алматы: Жазушы, 2003.- 496 б.
Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. Т. 2. Зерттеулер, мақалалар Қазақстан Республикасы
мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі.- Алматы: Алаш, 2005.- 344 б.-(Алаш мұрасы)

Бөгенбай батыр
(1690 - I778)

Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1175) - Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі - Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Бөгенбай батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей болып кеткелі қашан...

Батырдың атасы Әлдеуік - қазақтың атақты ханы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Ғұмырының дені атүстінде жортуылмен өткен. Қатағанның Тұрсын ханымен соғыстағы ерен ерлігі үшін оны Түркістанның әмірі етіп тағайындаған. Өз әкесі Әлдеуікұлы Ақша заманында дұшпанына бет қаратпаған айтулы батыр, айбынды қолбасшы сарбаздан тұратын әскерін басқарыпты. Үмбетей жыраудың: Алатаудай Ақшадан, асып тудың Бөгенбай деуі де, Ақшаның қандай айбынды батыр болғанын танытып тұрғандай.

Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап, есте сақтап келуі - оның ерлік, әскер басылық қазақ ауылдарына шабуылдап, мазасын алып, әбден титықтатып біткен казак-орыстармен шайқастан басталады. Жиырма сегіз жасында 30 мың қолды бастап барып, казак-орыстардыдүркіретіп қуып, Еділден әрі асырып салады. Осы кезден батап, қашан қазақ жері жоңғарлардан азат етілгенше Бөгенбай батыр аттан түспей, Қабанбай, Олжабай, Жәнібек, Малайсары секілді қазақтың аты шулы батырларымен тізе қосып, ел тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға енеді. Осы шайқастардағы көрсеткен ерлігі, жағдайды дұрыс бағалап, тез шешім қабылдап, шабуылды шебер ұйымдастыра білуі - оның даңқын асқақтата көтереді. Шығыс Түркістанға келген қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысында Бөгенбай батырдың жауынгерлері қытай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біздің отбасы
Серіктас тауындағы қазақ- жоңғар соғысына қатысқан батырлар
ХVI - XVII iғғ. Қазақтардың жоңғаралармен қарым-қатынасы
Серектас тауының Қалмаққырылған аталуы
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
Қазақ хандығының ішкі саясаты
Қарақалпақтармен бірге қазақ жасақтары
Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер
Бұланты маңындағы шайқас
Пәндер