Индустриялық-инновациялық даму. Экономиканы индустриялық-инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
- ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ:
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
- Индустрияландыру экономикалық өсудің негізі . . . Инновация - экономика дамуының басты
факторы . . .
- ЭКОНОМИКАНЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН
БАСЫМДЫҚТАРЫ . . .
- Қазақстан өнеркәсібінің даму ерекшеліктері . . . ҚР экономикасының ғылыми-технологиялық дамуы: аналитикалық талдау . . . Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мәселелері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырғы күрделі өзгерістермен аяқ басты. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік экономикалық қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түсті. Сондықтан Елбасымыз “ мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек ” деп атап көрсетті. Сондай-ақ, ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және еліміздің әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажетті индустриялық-инновациялық қызмет болып табылады [1] .
Осындай экономиканың тұрақты дамуына өте тиімді, шығынды көп қажет ететін шикізаттық бағыттағы экономикадан бас тартуға жағдай жасайтын сервистік - технологиялық экономикаға өтуіміз керек. Сондықтан еліміз 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық - инновациялық стратегиясын қабылдады, оны іске асыруда өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатының басты нысанасы болып табылады [2] .
Стратегияның негізгі мақсаты - бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын орнықтыру. Сонымен қатар индустриялық-инновациялық даму саясатында қара және түсті металлургия, машина жасау, көлік, шикізатты өңдеу, соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу өндірістерін ұйымдастырудың озық үлгілерін қолдануға арналған технологиялардың халықаралық трансфертіне ерекше назар аударылып отыр. Осы бағдарламада озық үлгідегі шетел технологиясын Қазақстанның ғылыми-технологиялық, білім және өндірісті әлеуметтік жағынан белсенді түрде пайдаланумен үйлестіру арқылы қолданбалы зерттеулер де, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды модернизациялауға көшуін және жаңа индустрия құрудың алғышартын анықтады. Сондай-ақ, индустриялық - инновациялық даму бағдарламасына сәйкес экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетілуі жолға қойылуы тиіс, яғни инновация индустриялық-инновациялық стратегияның орындалуының негізгі қозғаушы күші болмақ.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында индустриалды - инновациялық саясаттың негізгі приоритеті - барлық потенциалды бәсекеге қабілетті, оның ішінде экспортқа бағытталған өндірістер мен қызметтер болып табылады. Сонымен қатар елімізде ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттемелерді шешу мақсатында ғылыми жабдықталған және жоғары технологиялық өндірістердің дамуы қарастырылуда. Сонымен бірге экономикамызды кейбір сыртқы факторлардан сақтау үшін елімізде технологиялық өндірістің деңгейін жоғарлатуымыз керек. Оның басты бағыттары Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы индустриалды-инновациялық стратегияда көрсетілген. Мақсаты - бәсекелестікке шыдайтын, экспорттауға бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын дамыту болып табылады. Қазір еліміз инновациялық қызметке байланысты әр алуан жұмыстар жүргізгенімен ғылыми-технологиялық саланың ойдағыдай дәрежеге жетпеуіне байланысты әле де көптеген еңбектер мен жұмыстарды қажет етеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Басты мақсаты - Қазақстан Республикасында индустриялды және инновациялық дамуын қарастыру және талдау. Индустриалды-инновациялық стратегияға байланысты көптеген мәселелердің шешу жолдарын анықтап, жүзеге асыру жолдарын ұсыну.
Бұл мақсат келесідей міндеттерді шешуді көздейді:
- индустриялды-инновациялық саясаттың теориялық негізін қарастыру;
- жоғары технологиялық өнімнің экономикамыздың құрылымында аз ғана бөлікті қамтуына байланысты ҚР экономикасының құрылымына талдау жасау;
- еліміздің ғылыми-технологиялық дамуын талдау;
- индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асу мәселелері.
Диплом жұмысының негізгі мазмұны: Еліміздегі индустриялық-инновациялық стратегиясы, осы стратегияның негізінде экономиканың дамуы, сондай-ақ соған байланысты өзекті мәселелері және дүние жүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылуы.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, негізгі мақсаты, міндеттері қарастырылған.
Бірінші бөлімінде индустриялық-инновациялық саясаттың шығу тарихы, қалыптасуы мен дамуы, оның қазіргі заманғы эконмикаға қажеттілігі жайлы теориялық тұрғыда түсінік берілді.
Ал, екінші бөлімінде 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық - инновациялық стратегиясының негізгі басымдықтары қарастырылып, осы стратегияны негізге ала отырып қоғамның барлық салаларын инновациялауда қол жеткізген табыстарымызды, яғни маманданған даму институттарының тиімді жүйелерінің құрылуы, құрылып жатқан технологиялық парктердің қызметтері, өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларының, өндіріс пен экспортқа бағытталған өнім мен қызмет ресурстарының ұлттық экономикалық дағдарыстан өтуінің экономикамыздың өсуіне тигізіп жатқан оң әсерлер және т. б. атқарылып жатқан жұмыстар қарастырылған.
Жұмыстың соңында жүргізілген зерттеу жұмыстарының басты қорытындылары берілген.
Диплом жұмысы елбасымыздың индустриялық-инновациялық даму стратегиялары мен жолдауларының, қазақстандық және шетелдік ғалым-экономистердің оқулықтары мен журналдарда жарияланған ғылыми материалдарының негізінде жазылды, олар: Дж. Гелбрейт, Й. Шумпетер, Р. Арон, Д. Львов, В. Дементьев, Д. Белл, сонда-ақ отандық белгілі экономистеріміздің академик Я. А. Әубәкіров, А. Қошанов, проф. М. Кенжегузин және А. Даулетова, Ж. Дауренбекова, А. Тулембаева, Р. Дуламбаева және т. б. Сондай-ақ, статистикалық мәліметтер, интернет жүйесінен алынған web-сайт деректері дипломдық жұмысты жазуға әдістемелік негіз болды.
Диплом жұмысында елімізде жүргізіліп жатқан индустриялық-инновациялық саясаттың мәнін ашумен қатар - оның құрылымы, ерешеліктері, заңдылықтары да қарастырылған. Сондай-ақ, бұл жұмыста индустриялық-инновациялық саясаттың зерттеу объектілері, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеретін қоғамның барлық басым салалары, әсіресе жаңа технологиялар мен жаңалықтарды көп қажет ететін экономиканың өнеркәсіп және өңдеуші салалары, ал субъектілері мемлекет, жеке кәсіпкерлер, шетелдік инвесторлардың жүргізіп жатқан жұмыстарына жан-жақты талдаулар жасалынған.
Тәжірбиелік негізі ретінде Ф. А. Жеребятьевтің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық коференциялардың материалдары, ҚР статистикалық агенттігінің мәліметтері пайдаланылды.
1 БӨЛІМ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Индустрияландыру экономикалық өсудің негізі ретінде
Жиырмасыншы ғасырда қоғамда эволюциялық даму үдерістері пайда болды. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында индустриалды-аграрлық қоғам қалыптасып, 1920 жылдан бастап индустриалды қоғамның негізі құрылды. Сөйтіп, тек ғылымда ғана емес, нақты тәжірбиеде КСРО-ң сан және сапа көрсеткіштерінің өсу қарқынына ерекше мән берілді. Негізгі салалар бойынша дерективті көрсеткіш ретінде қоғамдық өнім өндірісінің өсімшесі саналады және ол қатаң түрде қадағаланып отырды. Елімізде қысқа мерзімде экономикамызды индустрияландыру үрдісі жүргізілді. Содан кейін соғыс жылдары қираған шаруашылық қалпына келтіріліп, өндірісті техникалық реконструкциялау қолға алынды. Бір салалардағы өндірісті ұлғайту жөніндегі жоспарлардың орындалу дәрежесі басқалардың дамуына кедергі келтіріп отырды. Себебі сыртқы экономикалық байланыстардың нашар дамуы жағдайында басқаша болу мүмкін емес еді.
Сөйте тұра, өзінің тұтынуынан артық өндіріс өсімшесінің көбеюі экспортты арттыра отырып, импортқа төлеу үшін қаржы табуға көмектесті. Нарықтық қатынастарға тосқауыл қойылып, оның орнына экономикалық үдерістерді басқаруда қатаң билеп төсеуші тетіті қолданған тоталитарлық экономика қалыптасты.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында бұл жүйе таратылып, нарықтық экономикаға көшуге байланысты постиндустриялық немесе индустриялық қоғамнан кейінгі қоғамға көшу басталды. Бұл транзиттік экономика жағдайында әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамудың үлгісін жасауды талап етті. Жалпы, индустриялық қоғам туралы ілімнің пайда болуы француз социологы Реймон Аронның атымен тығыз байланысты екені белгілі. Ол әртүрлі елдерді индустрияландыру үдерістері нәтижесінде біртұтас индустриялы қоғам құруға болады деген. Оның түрлеріне кеңестік және батыста қалыптасқан индустриялық даму жүйелері жатады. Келесі автор француз ғалымы Эминель техникалық прогресс тек экономикалық заңдардың қолданылуын жетілдіріп қоймайды, сонымен қатар заңдардың мазмұнына өзгерістер енгізеді, меншіктің маңызы жойылады, ірі корпорациялар экономикалық билікті өз қолына алады, мемлекеттің көмегімен бай және кедей деген екіге бөліну болмайды деген пікір айтады.
Ал, постиндустриялық қоғам тұжырымдамасын ең бірінші болып американ социологы Даниел Белл дайындаған. Онда индустрияландыруды аяқтағаннан кейін қоғамда болатын өзгерістер туралы мәселелер қарастырылған және постиндустриялды қоғамның бес белгісін анықтаған.
- Экономикалық тауар өндіруден қызмет көрсету сферасына өтуі;
- Жұмыскерлер арасында білікті мамандар мен техниктер санының артуы;
- Теориялық білімнің маңызды рөлге ие болуы;
- Технико-экономикалық ортаның технологияны бақылауға бейімделуі.
- Жаңа «интелектуалды технология» туралы шешім қабылдау үрдісін дамыту.
Жаңа индустриялды қоғам теориясы американ экономисі Джон Гелбрейттің бірқатар еңбектерінде соның ішінде «жаңа индустриялдық қоғамда» (1967 жыл) қарастырылған. Онда жаңа капиталистік қоғамдағы экономикалық жүйе екі түрлі сектордың жиынтығынан тұрады делінген. Біріншісіне бағаға емес, қоғам мен мемлекетке билігі жүретін ірі корпорациялар әлемі, екіншісіне, ұсақ фирмалар жойылып бара жатқан қолөнер кәсібі, қызмет көрсетуі жататындығы айтылған. Негізінен, индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді [3] .
Әлемдік экономикадағы индустрияландырудың бірнеше негізгі сатыларын атап өтейік. Алғашқы саты жиырмасыншы ғасырдың ортасына дейін ұласып, индустрияның дамуымен сипатталады. Экономиканың жағдайын қуатты базалық салалар, яғни тау-кен өндірісі, металлургия, энергетика дамыды. Келесі сатыда индустриалды дамыған елдер болып тұтынушылық сипаты бар өнім өндіруші болып саналады. Оларға телевизордан бастап автомобильге дейін өнім өндіретін мемлекеттерді жатқызуға болады.
Үшінші кезең жоғарғы технологиялар дайындаумен байланыста болады.
Индустриалдық даму стратегиясының кезеңдерін Ресей ғалымдары Д. Львов, В. Дементьев 4 кезеңге бөлген.
Бірінші кезеңде ұйымдастыру - экономикалық сипат алатын шараларды жүргізу басты орын алады. Ол жаңа салаларда мамандар мен шикізаттардың көп жинақталуын қамтамасыз ете отырып, машина жасау өнеркәсібінің технологиялық ядросын күшейтуді, ондағы жинақталған резервтерді жұмылдыруды қажет етеді. Ол үшін ішкі нарықтық тұтынушылығын қанағаттандыруға қабілетті өндіріс қуаттарын барынша пайдалану, осы салалардың құрал-жабдықтармен жабдықтаушылармен байланысын кеңейту, отандық машина жасаудың ұдайы өндірістік базасын жаңартуды қарастырады.
Екінші кезеңнің негізгі міндетіне базалық салаларда ресурстарды үнемдейтін технологияға көшу арқылы оның құрылымын жетілдіру және оны экономиканың басқа салаларына тарату жатады.
Үшінші кезеңде жаңа технологиялар өндіру үшін отандық өндірістік жаппай қалпына келтіру, сөйтіп Ресей өнеркәсібінде кешіккен индустриалдық модернизацияны аяқтау үшін жоғары технологиялық тұтынушылықты қалпына келтірудің ауқымдары анықталады.
Төртінші кезеңде экономикалық дамуының инновация үлгісіне өту перспективасы бар салалардың салыстырмалы артықшылықтарын қалыптастыру негізінде жүргізілуі тиіс.
Мұндай экономиканың даму стратегиясын жүзеге асыру үшін Қазақстанда барлық жағдай бар деп есептеуге болады.
Қазіргі кездерде елдерде аграрлық және индустриалық бөлу өзінің өзектілігін жоғалтуда, оның орнына индустриялды-шикізатты және индустриялдық-технологиялық деп бөлу қажеттігі туды. Себебі, әлемдегі елдерді аграрлық және индустриалдық тетігін жіктеу өнеркәсіптік төңкерістен кейін өндірісте ірі машиналық дәуірдің басталуына байланысты болады. Әйтсе де аграрлық және индустриялық деп бөлудің қажет болмауын ауыл шаруашылығында машиналы, автоматтандырылған жүйелерді, кешенді механикаландырылған еңбекті пайдалану, жоғары технологиялардың жаңа үлгілерін енгізумен түсіндіруге болады. Соңғы уақытта индустриялық дамыған елдер арасында бір градациялар пайда болып, индустриаландыру деңгейін анықтауды қажет етеді. Біреулерінде аграрлық сектор басым болса, екіншісінде өнім өндіру, үшіншісінде өңдеу өнеркәсібі үстем болады. Елдер экономиканың ілгері дамуына, көп жағдайда олардың климаттық, географиялық орналасуы, шикізат базасының және ресурстардың көлемі және т. б. көптеген факторлар ықпалын тигізетіні белгілі.
Осыған байланысты соңғы кезде ғылыми әдебиеттерде индустриалды шикізатты және индустриалды технологиялық деп бөлуге үлкен мән беріліп жүр.
Ұлттық шаруашылық шикізатты өндіруде техникалық жаңа үлгілерін пайдаланып автоматтандырылған, механикаландырылған еңбекті қолданса, индустриаландырудың бірінші түріне жатқызуға болады. Ал, шикізатты өңдеуден өнім өңдеуге, содан келген тұтынушыға дайын өнімді жеткізуге дейін барлық технологиялық тізбектілік жаңа техникаға, технологияға, алдыңғы қатарлы инновациялық жетістіктерге негізделсе, онда оны индустриаландырудың индустриалды - технологиялық түріне жатқызуға болады.
Қазір әлемде нашар дамыған, артта қалушы және даму жолына енді түскен елдер үшін индустриалды - шикізатты бағыт ете алса, ал дамыған елдер индустриалды - технолгиялық сипатқа ие болады. Әрине, аралық жағдайда қалған елдер де бар. Оларды өндіру мен өңдеу секторларының арақатынасы анық емес, тұрақсыз, әр түрлі өзгерістерге бейім келеді. Кеңестік дәуірі кезінде макроэкономикалық артықшылық ауыр өнеркәсіп кешенінде болуына байланысты кеңестік экономикада индустриалды - технологиялық деңгей басым болғаны сөзсіз. 1960 жылдарда шаруашылықта шығынды жүйенің басым болуына қарамастан жоғарыда аталған индустриалды - технологиялық деңгейі жоғары болады [4] .
Әрине, экономикалық жүйенің түбегейлі өзгеруі, қайта құру үдерістері, тоқырау мен дағдарыстар, жекешелендіру мен мемлекет меншігінен алу үдерістерінде болған қарама-қайшылықтар ТМД елдерін индустриалды-технологиялық державадан индустриалды-шикізаттық деңгейге түсірді. Себебі, бұрын шикізатты сатудан түскен валюта түсімінің 60-70 % индустриалды технологияны сатып алуға бағытталған еді. Яғни, ол өндіргіш күштерді дамытуға, жаңа өндірістер ашуға, жұмыс орындарын техникамен жарақтандыруға, модернациялық жұмыстарын жүргізуге пайдаланатын. [5]
Нарықтық экокномикаға өтуге байланысты меншік түрлерін өзгерту, жекешелендіру шараларын жүргізу, бүкілхалықтық меншікті кең ауқымда қайта құру индустриаландыру үрдістерін баяулатты. Өнеркәсіп кәсіпорындарын еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдікпен беру және тұрғын-үй купондарына сату арқылы іске асырылды. «Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру» туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес концерндер, корпорациялар, бірлестіктер, одақтар ерікті түрде құрылды. Бұл 1991-1992 жылдары жүргізілді. Сөйтіп оның бірінші кезеңі анықталды.
Екінші кезеңде (1993-1995 жылдар) 200-500 мыңға дейін адам жұмыс істейтін орташа кәсәпорындарды жаппай жекешелендіру, ірі және бірегей кешендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру жұмыстары жүргізілді.
Үшінші кезеңде (1996-1998 жылдары) мемлекеттік меншіктегі ірі және өте ірі кәсіпорындар басқаруға қазақстандық «Жезказганцветмет» АҚ, «Кармет» АҚ, «Соколов-Сарыбай» ТӨК, «Донской» ТӨК, «Феррохром» АҚ және т. б. кәсіпорындар беріледі. Меншік нысандары бойынша өнеркәсіптік өндірістің құрылымында 2000 жылы жекеменшік - 83 %, басқа мемлекеттердің мешігі - 14 % мемлекеттік меншік - 3 % құрады.
Жекешелендіру үдерістерін жүргізуде кешенді түрде әзірлеген бағдарламаның болмауы, кейбір субъективті факторлардың орын алуы экономикалық түбірін құрайтын өнеркәсіптің технологиялық құрылысының ыдырауына ықпалын тигізді.
Технологиялық құрылыс жөнінде А. Қанатшынова мынадай анықтама берген - «Бұл - ресуртарды өңдеудің барлық сатыларын қамтитын макроэкологиялық ұдайы өндіріс контуры және оған сәйкес өндірістік емес тұтынушылардың түрі. Әрбір келесі құрылыс алдыңғыға қарағанда тиімді болмақ. Бір құрылыстан екіншіге өту өндіріс ауқымының өсуімен, еңбек өнімділігінің артуымен, шаруашылық байланыстар мен қатынастардың күрделенілуімен ілесе жүреді және макро деңгейде экологиялық эволюция урдісін белгілейді»[20] .
Экономикалық жүйеде болған күрт өзгерістер, меншіктің жаңа нысандарының пайда болуы мен жекешелендіруге қатысты болған құрылымдық қайта құру шаралары технологиялық құрылысты қайта құруды талап етеді.
Тұтас өндіріс бөліктерін жүйелі түрде өзгертетін әртүрлі кезеңдердегі макро жүйені қалыптастыратын технологиялық құрылыс жөнінде технологиялық кластерлер бойынша дайындамалар бар. Экономикалық әдебиеттерде индустриалды және басқа да дәуірлерде бес негізгі технологиялық құрылысқа сипаттама берілген.
Онда әлемдегі басым технологиялық құрылыс 1950-1960 жылдардағы тұтас ұдайы өндірістік жүйе ретінде қалыптасса, 1970 жылдары құрылымдық дағдарыстан кейінгі дамыған елдердегі экономикалық өсудің технологиялық базасын құрған. Бұл технологиялық құрылыстың анықтаушы компоненті ретінде микроэлектроника, бағдарламамен қамтамасыз ету, есептеуіш техника, ақпаратты өңдеу, өндіріс пен басқарудағы үдерістерд автоматтандыру, космостық байланыстың жаңа түрлеріне жету болып саналады. Болашақта технологиялық құрылыстың компоненттеріне биотехнология, жасанды интеллект жүйесі, ауқымды ақпараттық жүйе, жоғары жылдамдықтағы тасымалдадың кешенді түрлері және т. б. жатады. Технологиялық құрылыстағы өзгерістердің болуы әкімшілдіктің эволюциялық теориясында елеулі орын алады.
1. 2 Инновация - экономика дамуының басты факторы
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмайды. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар, ол - жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану - Қазақстан-2030 стратегиясының маңызды мәселерінің бірі.
2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы Заңы Республиканың ғылыми саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты - отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экономикасын ары қарай дамыту.
Инновациялық қызмет - технологиялық жаңа идеялармен (әдетте ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің немесе басқа ғылыми техникалық жетістіктердің нәтижелерін) түрлендірулерге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық әдістер немесе практикалық қызметте пайдаланылған өндіріс қызметтерінің тәсілі.
Инновациялық қызмет ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды., атап айтқанда өздерінің жиынтығында олар инновацияға әкеледі.
Технологиялық инновациялық рынокта енгізілген жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процестер түрінде іске асырылатын инновациялық қызметтің немесе практикалық қызметте пайдаланылатын өндіріс қызметтері тәсілінің түпкілікті нәтижесін көрсетеді. Егер инновация рынокқа немесе өндіріс процестеріне енгізілсе, онда ол жүзеге асырылады деп саналады.
Инновациялық өнім - түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Ол мына бұйымдарды қамтиды:
- жаңа (қайта енгізілген) - радикалдық өнімдік инновация;
- жетілдіруге ұшыраған бұйымдар, инкременталды өнімдік инновация;
- жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар, өзге де инновациялық өнім.
Статистика кәсіпорындардың ұқсас жөнелтілген өнімдердің қосылған құнына салық салынбаған және акцизсіз жіберу бағасындағы инновациялық өнімдердің көлемін ескереді.
Инновациялық-белсенді кәсіпорындар - әзірлемелерді және жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді немесе қызметтерді, технологиялық процестерді немесе қызметтерді өндіру тәсілдерін енгізуді жүзеге асыратын кәсіпорындар. Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі, яғни зерттелетін кәсіпорындардың жалпы санына қандай да бір инновациялық қызмет түрлерімен қамтылған инновациялық белсенді кәсіпорындар сандарының қатынасы ретінде анықталады. Сондай-ақ инновациялық қызмет нәтижелерін өлшеуге негізделген көрсеткіштер пайдаланылады.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал - кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы - ғылыми-техникалық инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін жоғарылатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz