Қазақстан Республикасындағы төлем балансын талдау


Мазмұны
Кіріспе3
І Төлем балансының теоретикалық негіздер
1. 1. Төлем балансының түсінігі, мәні, құрылымы. 4
1. 2. Төлем балансы теориялары. 8
1. 3. Төлем балансы көрсеткіштері. . … 10
ІІ ҚР төлем балансын талдау
2. 1. Төлем балансын реттеудің әдістері. …. 15
2. 2. Төлем балансының сальдосын өлшеу тәсілдері. . 18
2. 3. ҚР төлем балансы23
ІІІ Қазақстанның 2010жылға дейінгі даму моделі. ……24
Қорытынды28
Пайдаланылған әдебиеттер. . 29
Кіріспе
Сыртқы экономикалық іс- әрекеттерді есептеу орта ғасырда пайда болған. Төлем балансы терминін Шотландтық экономист (ХVІІ ғ. ) Джеймс Стюарт ойлап тапқан ХХ ғасырдың басында төлем балансын құрау әдісі АҚШ және Англияда дами түсті. Осыған негізделе отырып ХВҚ барлық елдер бойынша ортақ төлем балансын құраудың стандарттық әдістемесін жасаған.
Макроэкономикалық зерттеулердің пәні болып елдегі өндірістің жалпы көлемі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, төлем балансының сальдосы мен валютаның айырбас бағамы сияқты макроэкономиквлық көрсеткіштерді талдау табылады. Бұл талдаулардың мақсаты - осы көрсеткіштердің өзгеруін түсіндіріп, ел үкіметі жұмысында қойылған экономикалық мәселелерді шешу бағыттарын анықтау мен экономикалық даму барысында болжамаған өзгерістерге жауап беру. Өзгерістерді дәл талдау мен бағалау, ал одан кейін соған сәйкес саясатты жасақтау жүйеленген және уақтылы негізде келіп түсетін экономикалық статистикалық ақпараттың дәлдігін талап етеді. Сонымен қатар, дұрыс экономикалық шешеімдерді қабылдау үшін елдің сыртқы жағдайын тұрақты түрде бағалау мен өлшеу қажет. Біз білетініміздей, елдің басқа елдермен арасындағы қаржы ағымдары мен экономикалық операциялар мәліметтері жүйеленіп төлем балансында көрсетіледі де, ол елдің сыртқы жағдайын талдау мен қажетті өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады. Төменде біз төлем балансы мен сыртқы борышты талдауда қолданылатын негізгі концепциялар мен есептеу негіздерін ашуға тырысамыз.
Әр мемлекетте өздерінің сыртқы экономикалық жағдайын білуі үшін оларға кезендік статистикалық мағлұмат керек. Осы мағлұматтарды төлем балансынан көруге болады. Ол - бір кезеңде сол елдің сыртқы экономикалық іс- әрекет балансын айқындайтын статистикалық құжат.
Бұл тақырып өзектілі, себебі төлем балансы экономиканың сыртқы көрінісі болып табылады. Қазіргі жағдайларда экономикалық болжау немесе халықаралық валютлық- қаржылық қатынастарға белсенді қатысу қиын, егер төлем балансы нақты және дәлді балансталған болмаса. Мемлекетаралық қатынстардың объективті дамуы төлем балансын құруға аса дәлділікті талап етеді. Сонымен қатар төлем балансының жағдайы мемлекет тұрғындарының шекаралардан өту бостығының дәрежесін, төлем балансы негізінде сырқы есеп айырысу бағаланады, оның арқасында валюалық бағамға түзету енгізу туралы шешімдер қабылданады. Валюталық бағам ауытқулары жиынтық ұсынысқа және жиынтық сұранысқа әсер етеді, яғни өзінің макроэкономикалық нәтижелері бар.
Курстық жұмыстың мақсаты - төлем балансының құрылымын, оған әсер ететін факторлар және төлем балансын реттеудің негізгі әдістерін ашып қарастыру.
І Төлем балансының теоретикалық негіздері
1. 1. Төлем балансының түсінігі, мәні, құрылымы
Әрбір елдің көпқырлы, кешенді халықаралық экономикалық қатынастары оның халықаралық операцияларының баланстық (тепе- теңділік) есебінде көрініс табады. Бұндай есепті қалыптасқан дәстүр бойынша төлем балансы деп атайды. Төлем балансы дегеніміз тауарларды, қызмет көрсетулерді, капиталдарды әкету мен әкелу көрсеткіштері формасында (нысанында) елдің дүниежүзілік байланыстарын анықтайтын құндық өлшем. Халықаралық операциялардың баланстық есебі елдің сыртқы экономикалық операцияларының көлемін, құрылымын және сипатын сандық және сапалық тұрғыдан анықтайтын құндық көрсеткіш. Барлық операциялар бойынша валюта ағындарының көрсеткіштері төлемдер мен кіркстер деп белгіленеді.
Төлем баланстарының қазіргі кестелері құндылықтарының барлық түрлерінің еларалық қозғалысы туралы жеткілікті мәлімет береді. Экономикалық мазмұны бойынша белгілі бір мерзімдік және белгілі бір кезендік төлем баланстарын ажыратады. Белгілі бір мерзімдік төлем балансын статистикалық көрсеткіш ретінде дәл атап айту мүмкін емес, себебі ол күн сайын өзгеріп тұратын төлемдер мен кірістер арақатысы түрінде көрініс береді. Төлем балансы жағдайын ұлттық және шетелдік валютаға деген осы сәттегі сұраныс пен ұсынысты анықтайды және мұның өзі валюта бағамын қалыптастыру факторларының бірімен саналады.
Белгілі бір кезендік (ай, тоқсан, жыл) төлем балансы осы кезең аралығында жүзеге асырылған сыртқы экономикалық мәмілелердің статистикалық көрсеткітері негізінде жасалады да, елдің халықаралық экономикалық қатынастардағы өзгерістерін сараптауға мүмкіндік береді. Кезeңдік төлем балансы көрсеткіштері экономикалық дамудың агрегаттық көрсеткіштерімен (жиынтық ішкі өнім, ұлттықтабыс т. с. с. ) байланысты сондықтан мемлекеттік реттеу объектісі болып табылады. Кезеңдік төлем балансының жағдайы ұлттық валюта жағдайымен, оның тұрақтылығымен немесе валюта бағамының өзгерістері сипатымен тығыз байланыста болып келеді.
Бухгалтерлік есеп тұрғысынан төлем балансы әрқашан тепе- теңдік жағдайында тұрады. Бірақ, негізі бөлімдері бойынша егер кіріс төлемдерден жоғары болсаоңды сальдо орын алады да, ал төлемдер түсімдерден артып кеткен ситуациясында теріс сальдо бой көрсетеді. Сондықтан, төлем балансын жасау және сальдоны есептеу әдістері елдің сыртқы экономикалық операцияларын сипаттайтын көрсеткіштерді дұрыс сараптауды ұйымдастыру жолында үлкен рөл атқарады .
Төлем балансының әртүрлі анықтамалары бар. Егер төлем балансының шетелдік әдебиетердегі анықтамасына зер салатын болсақ, онда олардың көпшілігі төлем балансын елдің сыртқы экономикалық қызметтің статистикалық өлшемі дегенге саяды.
Американдық экономистер Виссерман мен Уэйрдың төлем балансы проблемаларына арналған еңбегінде мынадай мынадай анықтама берілді. Төлем балансы белгілі бір кезең ішіндегі осы елдің резиденте мен басқа елдер өкілдері арасында орын алған экономикалық операциялардың статистикалық көрінісі. Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) әдістемелік нұсқауларында былайынша айтылған: “Төлем балансы дегніміз аталған кезеңнің статистикалық көрсеткіштері жинақталған кесте, онда:
а) белгілі бір ел мен басқа елдер арасындағы тауарлармен, қызмет көрсетулермен және табыстармен операциялар;
б) осы елдің иелігіндегі монетарлық алтынға байланысты меншіктік өзгеру, сондай- ақ басқа елдерге қатысты қаржылық талаптар мен міндеттер;
в) біржақты аударулар және конпенсацияланушы (орын толтыру) жазбалар көрсетіледі”. Осы нұсқауларға байланысты төлем балансына атқарылған операциялар ғана емес, сонымен бірге операциялардың тепе- теңдігіне қол жеткізу үшін дайындалған жасанды көрсеткіштер де кіреді.
Францияның ресми ақпарат көздерінде мынадай анықтама берілген: “Елдің төлем балансы дегеніміз тұрақты түрде жасалатын статистикалық ведомость, онда есептелген көрсеткіштер ретінде белгілі бір кезең ішіндегі резиденттер мен резидент емес тұлғалар арасындағы қаржылық ағындар қозғалысы көрсетіледі”. Германиядағы төлем балансы туралы зерттеулердің бірінде: “Әдетте төлем балансын жүйеленген барлық экономикалық мәмілелер баланс формасында жинақталған статистикалық көрсеткіштер деп түсінген абзал” делінген .
Төлем балансын жасау теориясы мен практикасы дүниежүзүлік экономикадағы өзгрістерге сәйкес және жетілдіріп отырады. Халықаралық төлем қатынастарында “баланс” термині баланстық есеп, сальдо немесе есершот қалдығы, есепшо жағдайы, тепе- теңділік және т. б. түсініктерді анықтау үшін қолданылады. Сондықтан, төлем балансы елдің халықаралық операцияларының есебі ғана, сонымен қатар осы операциялардың белгілі бір жағдайының көрінісі де табылады.
Төлем балансы құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
- Сауда балансы, яғни тауарларды әкету мен әкелу арақатынасы;
- Қызмет көрсетулер және коммерциялық емес төлемдер балансы;
- Ағымдағы операциялар балансы;
- Капиталдар мен несиелер қозғалысы балансы;
- Ресми валюта резервтерімен операциялар.
Енді осы баланс түрлерін сипаттайық.
Сауда балансы, тарихи тұрғыдан сыртқы сауда ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықтарды байланыстыратын халықаралық экономикалық қатынастардың бастапқы формасы болып табылады. Сыртқы сауда арқасын халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасады.
Төлем балансында сыртқы сауда көрсеткіштері дәстүрлі маңызды орын алады. Тауарлардың экспорты импорты арақатысы сауда балнсын түзеді. Сыртқы сауданың едәуір бөлігі несие жүзінде асатындықтан тиісті кезеңде атқарылған мен түсімдер арасындағы айырмашылықтар болады Осы айырмашылықтарға байланысты кезінде төлем балансы атқарылған ақшалай төлемдер мен нақты түсімдер арақатысы ретінде анықталған еді.
Сауда балансының оңды немесе теріс мағынасы нақты елге байланысты оның дүниежүзілік шаруашылықтағы жағдайына әріптестерімен байланыс сипатына және жалпы экономикалық саясатына және жалпы эконмикалық саясатына тәуелді болып келеді. Экономикалық дамуы кенжелеп қалған елдер үшін оңды сауда балансы импорт төлемін атқау үшін қажет болса, өнеркәсібі дамыған елде үшін оңды сальдо капиталды экспорттап, шетелге екінші экономика жасау үшін қажет болып жатады.
Теріс сауда балансы ұнамсыз құбылыс саналады және әдетт елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы позициясының әлсіздігін көрсетеді
Қызмет көрсетулер балансы көлік тасымалы, сақтандыру, электрондық, телеғарыштық, телеграф, телефон, пошта және байланыстың басқа да түрлері бойынша халықаралық туризм, ғылыми- техникалық және өндірістік тәжірибеде, эксперттік қызметтер көрсетулер, шетелдерде дипломатиялық, сауда және басқа да өкілдерді ұстау бойынша, ақпараттар алмасу, жарнама, жәрмеңке т. с. с. үшін төлемдер мен түсімдерден тұрады. Қызмет көрсетулер дүниежүзілік экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқан секторы болып табылады және оның төлемдер мен түсімдер көлемі мен құрылымына әсері тұрақты өсу үстінде. Дәстүрлі қызмет көрсетулер түрлері (көлік, сақтандыру) сауда жеткізілімдерінің саны мен көлемінің жоғарлауына, олардың ішінде жартылай фабриканттардың, қосалқы бөлшектер мен тетіктердің үлес салмағының өсуіне байланысты, халықаралық кооперация мен мамандануының дамуы негізінде ірі қайта құру процесін бастан кешіріп отыр. Дамыған елдердегі тұрмыс деңгейінің едәуәр жоғарлауы халықаралық туризм масштабын ұлғайтты. Бір қатарға қазіргі өндірістің байланысты жедел өсіп отырған іскерлік сапарларды да қосуға болады.
Халықаралық өндірістің дамуы, ғылыми- техникалық революция, шаруашылық өмірді интернацияландырудың басқа да факторлары лицензиялармен, ноу- хаумен, ғылыми- техникалық және өндірістік тәжірибенің басқа да түрлерімен сауданы ынталандырады. Дүниежүзілік статистикада қабылданған ережелре сәйкес “қызмет көрсетулер” бөліміне инвестициялар бойынша төлемдер мен түсімдер және халықаралық кредиттер бойынша проценттер де кіреді. Төлем балансында шығындар баптары бөлекше көрсетілед. і Олар қызмет көрсету операцияларына қосымша есебінде ерекшелінеді.
Халықаралық валюта қоры қабылдаған әдістемеге сәйкес төлем балансында біржақты аударулар да айырықша позицияға ие болады Біржақты аударулар қатарына мыналар кіреді.
1) мемлекеттік операциялар - экономикалық көмек ретіндегі басқа елдерге субсидиялар, мемлекеттік зейнетақылар, халықаралық ұйымдарға жарналар;
2) жеке операциялар - шетелдік жұмысщылардың, мамандардың туыстардың өз елдеріне ақшалай аударулары Операцияның бұл түрінің едәуір экономикалық маңызы бар. Италия, Испания, Греция, Португалия, Пакистан, Египет т. с. с. елдерде өз азаматтарының щетелге табыс табу үшін кетулерін мемлекет реттеп отырады, себебі олардан келетін едәуір валюталық түсімдерді ұлттық экономика қажеттіліктеріне пайдалануға мейлінше жоғары мән беріледі.
Ал, шетелдік жұмысшыларды ұақытша шақыратын Германия, Франция, Ұлыбритания, Швейцария, АҚШ сияқты елдердқаражттың бұдай аударуларытөлем балансының теріс (тапшы) баптарына жатқызылады. Аталған қызмет көрсетулер операциялары, инвестициялық табыстар қозғалысы, әскери сипаттағы мәмілелер және біржақты аударулар “көрінбейтін” операциялар деп саналады, себебі олар тауарлардың экспортына да, импортына да жапайды, яғни олардың құндылығын байқау мүмкін емес.
Ағымдағы операциялар бойынша төлем балансы сауда балансы және “көрінбейтін” операциялардан тұрады. Бұл операциялардың ағымдағы деп аталуы тауарлар мен қызмет қызмет көрсетулердің дүниежүзілік саудасын капиталдар мен кредиттер нысанындағы қаржылық ресурстарының халықаралық қозғалысын ажыратып алу үшін қажеттігі де болып отыр.
Капиталдар мен кредиттер қозғалысының балансы мемлекеттік және жеке меншік капиталдар капиталдарды әкету әкету мен әкелу, берілген және алынған халықаралық кредиттер арақатысын көрсетеді. Экономикалық мазмұны бойынша бұл операциялар кәсіпкерлік капиталдың және қарыз капиталының халықаралық қозғалысы деген атаулармен екі категорияға бөлініп қарастырылады.
Кәсіпкерлік капитал құрамына тікелей шетелдік инвестициялар (шетелде кәсәпорындарды сатып алу немесе құрылысын жүргізу) және портфельдік инвестициялар (шетелдік компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алу) кіреді. Тікелей инвестициялар ұзақ мерзімді капиталды шетелге шығарудың маңызды нысаны болып есептеледі және төлем балансына едәуір әсер етеді. Тікелей инвестициялар халықаралық өндіріс дамиды, ұлттық экономикалың дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануы артады. Кәсіпкерлік капиталдың сыртқа шығарылуы өндіріс пен сыртқы сауданың өсуінен қарқындырақ жүреді, сондықтан шаруашылық өмірді интернационалдандыру және ғаламдандыру процесінде оның атқаратын ролі ерекше. Шетелдік тікелей инвестициялар құнының үштен екі бөлігін дамыған елдердің күрделі қаржыларын өзара игеруі құрайды. Мұның өзі дамығанелдер арасындағы шаруашылық байланыстардың басқа елдермен салыстырғанда тығыз екендігінің айғағы болып табылады.
Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы мерзімдік белгісі бойынша жіктеледі:
1. Ұзақ және орта мерзімді операциялар құрамына бір жылдан артық уақытқа берілген мемлекеттік және жеке меншік займдар мен несиелер кіреді. Мемлекеттік займдар мен несиелерді алушыларға негізінен лидер елдерден кейіндеп қалған елдер жатады. Ал, қаражатты беруші кредитор- елдер қатарына жетекші, дамыған елдерді көреміз. Ұзақ мерзімді жеке меншік займдар несиелерді көрінісі өзгешелеу болып келеді. Бұл жағдайда дамушы елдер дамыған елдердің қаржы- кредиттік институттарынан несие алу шараларын қарастырады. Дамыған елдер корпорацияларының өзі бағалы қағаздар щығру арқылы дүниежүзілік рыноктан ресурстар тартаны да белгілі де қалыпты құбылысқа айналып отыр.
2. Қысқа мерзімді операциялар қатарына бір жыл мерзімге дейін берілетін халықаралық несиелер, шетелдік банктердегі ұлттық банктердің ағымдағы есеп- шоттары (авуарлары), ақша капиталдарының банкаралық қозғалысы жатады. Соңғы он жылдықтардағы дүниежүзілік ақша рыноктарындағы банкаралық қысқа мерзімді операциялар едәуір көбейіп, қанатын кеңге жайған жағдайы бар. Егер, өткен ғасырдың 60-70 жылдары қаже қаражаттың стихиялы қозғалысы етек жайып, инфляциялық процестерді күшейткен болса, 80-90 жылдары ақша капиталдарының қысқа мерзімді ағындары негізінен еуровалюта рыноктары арқылы жүзеге асатын болды.
Төлем балансының статистикалық көрсеткіштерін жинау мен өндеу әдістерінің ұдайы жетілдіруіне қарамастан едәуір қателіктердің д орын алатындығы жасырын емес. Сонықтан, төлем балансында “қателіктер мен қалдырулар” айырықша көрсетеді бұл бапта статистикалық қателіктер есепке алынбаған операциялар кіреді. Мамандардың айтуы бойынша капиталдың қысқа мерзімді қозғалысын есептеу, әсіресе дағдарыс жайлаған кездерде тіптә киындап кетеді екен. Сондықтан, “қателіктер мен қалдырулар” бабы капиталдар мен несиелер қозғалысын көрсететін бөлімге жапщарлас беріледі де, сол себептен дағдарыстық ситуацияларды оның көрсеткіштері шамдан тыс көбейіп кетеді.
Төлем балансының қорытынды баптары өтімді валюталқ активтер мен операцияларды көрсетеді. Бұл операцияларға мемлекеттік валюта органдары араласатындықтан орталықтандырылған, ресми алтын- валюта резервтері көлемі мен құрамында өзгерістер пайда болады.
1. 2. Төлем балансы теориялары
Елдің төлем балансын мемлекет реттейд. і Бұл ертеден келе жатқан теория ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында шотландық Д Юманың стандарт шартында автоматтытүрде теңестірудің классикалық теориясы өте жоғары деңгейде дамыған. Бұл теория алтын стандарт шартымен бірге қалып қойды. Бірақ соңғы он жылдықтарда бұл теоорияға қызығушылық қайта артты. Бұрынғы жағдайда автоматтық реттегіш (регулятор) ретінде “резервтің қортынды өзгерістері” танылса валюта, валюта курсының “қалқымылы” жағдайында автоматты регулятор ретінде ұлттық валюта курсы айырбасталуының “қалқымылы” болуы саналды.
Төлем балансы оның құлдырауына байланысты төмендейді, оның жақсаруына байланысты жоғарылайды. Ол өздігінен автоматты түрде көптеген ағымдағы операциялардың өзгеруіне әкеледі Капиталдың қозғалуына ықпал етеді.
Бұдан кейін неоклассикалық эластикалық әдіс қалыптасты Оны Дж Робинсон, А Лернер, Л Мецлер ойлап шығарды. Эластикалық әдіс төлем балансының өзегі - сыртқы сауда болып табылады.
Сауда балансының сальдосы = Рэ / Ри * К болып табылады.
Мұнда: Рэ - экспорттық тауарлар бағасының деңгейі; Ри - импорттық тауарлар бағасының деңгейі;
К - валюта курсы.
Осы формуладанкелесі қорытынды шығаруға болады:
Төлем балансының тепе- теңдікке жеткізу құралы - валюталық курс өзгкрімділігі болып табылады. Осыған сәйкес ұлттық валютаның девальвациясы экспорттық бағаларды төмендетеді, ал ревальвация (құнын арттыру) шетелдік тұтынушылар үшін біздің тауарларымызды қымбаттатады Ол елде шығарылған тауарлардың бізге әкелінуін арзандатады.
Демек, осындай жағдайларда келесі көрсеткішті пайдалану қажет. Ол экспорт пен импорт сұранымының эластикалық коэфиценті болып табылады. Ол жоғарыда аталған өзгерістердің дәрежесін көрсетеді Егер елге қажетті тауар импортты осы елдеешығармайтын болса, онда оның жергілікті тауарлармен бәсекеге түсе алатын импорт тауарларынан айырмашылығы онша еместігін білдіреді.
С Александрдың еңбегі Дж Мид және Я Тинбергеннің идеясына сүйене отырып, абсорбциондық тұрғыдан келіп, жалпы алғанда, кейнсияндық теорияға сүйенеді. Бұл тұрғыдағы төлем балансын (атап айтқанда, сауда балансы) жалпы ішкі өнімнің негізгі элементтерімен, біріншіден, ішкі тұтыну мен инвестциялық сұраныстың жиынтығымен байланыстыруға тырысады.
Абссорбциондық тәсіл төлем балансы жағдайының жақсарғанын (оның ішінде ұлттық валютаның девальвациясы арқылы), елдің табысының оның ішінде абсобцияның жалпы көтерілгенін, яғни тұтыну мен капиталды салудың өскенін көрсетеді. Бұл жерде кейнсиандықтар қорытындысынша: экспортты ынталандыру, ал импортты ұстау, атап айтқанда, отандық өнім мен қызмет көрсетудің бәсекелесуін көтеру қажет (тек ұлттық валютаны девальвация жасау жолымен ғана емес) . Бұл теориялардан басқа да көп тәсілдер қарастырылады. Соның ішінде монетаристік тәсіл. Бұл жерде, әрине, елдегі төлем балансы қорытынды сальдосының ақша айналымына ықпалы қарастырылған ақша факторына айырықша көңіл бөлінеді Монетаристердің көзқарасы бойынша, елдің рыногындағы тепе- теңдіктің болмауы төлем балансындағы тепе- теңдіктің болмауын анықтайды .
Осыған байланысты үкіметке берілетін басты ұсыныстар: тікелей ақша айналымына ғана емес, мондай- ақ, елдің халықаралық есепбалансына араласпау. Төлем балансының дефицитін болдырмау үшін, тек қана ақша массасын қатаң қадағалау қажет. Бұл проблемаға монетаристер аса көңіл бөлмеу керек дейлі, себебі төлем балансына деген дефицит - айналымдағы артық ақшадан тезірек құтылу үшін экономикаға көмек көрсетеді.
1. 3. Төлем балансы көрсеткіштері
Төлем балансын елдің халықаралық есептесулерін анықтайтын құжат ретінде жасау өзара тығыз байланысты есептеу және сараптау қызметтерін атқару үшін қажет. Сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылар шеңбері көптүрлі: жекелеген елдер және олардың одақтастары, ұлттық, шетелдік және трансұлттық корпорациялар, компаниялар мен мекемелер, жеке тұлғалар, мемлекеттік валюта органдары және т. б. Мұның өзі тек қана ұлттық емес, сонымен қатар шетелдік дерек көздерінен келіп түсетін кптеген мәліметтерді есептеу, өндеу қажеттілігіне алып келеді. Сондықтан, біртекті көрсеткіштерді есептеудің мазмұны мен әдістерінің бірлігі негізгі талап болып табылады. Бұндай бірлікке жету және олардысалыстыра қарастыру мүмкіндігіне ие болу үшін халықаралық валюта қорының төлем баланстарын жасауға арналған ұсыныстарын пайдаланады.
Қазіргі кезде бұл ұсыныстар халықаралық валюта қарына мүше елдердің төлем баланстары негізін қалайды. Сонымен бірге жекелеген елдертөлем балансын жасау ережелеріне өздерінің экономикалық ерекшеліктеріне байланысты өзгерістерін қосады. Сондықтан, жекелеген елдердің төлем баланстарын салыстыру кейбір шартылықтар мен дәлсіздіктерден ада емес. Осыған байланысты мұндай салыстырулардн шығатын қарытындылар экономикалық құбылыстрдың тенденциялары мен негізгі бағыттарын көрсетеді де, абсолютті дәлділік пен толықтыққа дәмелендірмейді.
Төлем балансының операциялары әр түрлі мақсаттарда, соңғы ө згерістерін талдау мен болашаққа жоспарлар құруда пайдалануын жеңілдету yшін логикалық өзара байланысты құрылым шеңберінде ұйымдастырылып, топтастырылуы кажет. Төлем балансының жасақталуы ХВҚ, төлем балансы бойынша ұсынысы атты бесінші басылымы ұсынған стандартты бөліктер негізінде жасалады. Ұсыныста төлем балансындары операциялардың барлық түрлерінің толық тізімі берілген. Осыған байланысты мәмілелердің алғашкысы мен туындысын аныктау, барлық баптардың дербес және толыктырушы (компенсирующие) болып бөлінуі өте манызды болып табылады.
Төлем балансы мынандай құрамдас бөліктерден тұрады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz