Салықтарды жинауды ұйымдастыру және салықтық реттеу механизмiнiң ерекшелiктерi
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
1.ТАРАУ. САЛЫҚТАР ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДIҢ ҚҰРАМДАС БӨЛIГI РЕТIНДЕ
1.1. Салық салу жүйесiн құрудың теориялық негiздерi
1.2. Қазақстан Республикасының салық жүйесiнiң қалыптасуы және даму кезеңдерi
2.ТАРАУ. САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
2.1. Салықтық реттеу: әдiстерi, мақсаттары және критерийлерi.
2.2. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайындағы салықтық реттеу ерекшелiктерi
3.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДI ЖЕТIЛДIРУ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1-ТАРАУ. САЛЫҚТАР ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДIҢ ҚҰРАМДАС
БӨЛIГI РЕТIНДЕ
1. Салық салу жүйесiн құрудың теориялық негiздерi
2. Қазақстан Республикасының салық жүйесiнiң қалыптасуы
және даму кезеңдерi
2-ТАРАУ. САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМIНIҢ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

2.3. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайындағы салықтық
реттеу ерекшелiктерi
3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДI ЖЕТIЛДIРУ БАҒЫТТАРЫ
ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КIРIСПЕ
Салық жүйелерi, мемлекеттiң экономикаға қатысу формасы ретiнде ұдайы
өндiрiстiк процесстiң барлық кезеңдерiндегi капиталға әсер етедi. Салық
жүйелерi арқылы мемлекет бюджеттiң табыстық және шығыстық бөлiгiн реттеп
отырады, ондағы оның мақсаты-экономиканың перспективтi салаларын дамытуға
қолдау көрсету, экономиканы дағдарыстан шығару және экономикалық жүйенiң
тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Салық салуды ұйымдастыру
мемлекеттiң өз функцияларын тиiмдi атқаруға мүмкiндiк бередi, бұл
экономиканы салықтық реттеудiң қажеттiлiгiн және мiндеттiлiгiн анықтайды.
Осыған байланысты, тиiмдi құрылған салық салу жүйесi экономиканың керi
беталыстардан тәуелдiлiгiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Мұндай жағдай салық
салуды ұйымдастыруды бiрiншi кезектегi маңызды мәселелердiң қатарына
жатқызады және жүргiзiлiп жатқан салықтық реформалардың теориялық және
әдiстемелiк негiзделуiн қажет етедi. Аталмыш проблема салықтық базаның және
салықтарды есептеу сұрақтарын, сондай-ақ салық салудың хұқықтық
аспектiлерiн қалыптастыру мәселелерiн қозғайды. Бiздiң ойымызша, бұл мiндет
салық салу жүйелерiнiң құрылымын оптимизациялау негiзiнде шешiлуi керек.
Салық салу проблемаларын шешудегi мұндай кең тәсiлдемелер диапазоны, ең
алдымен, салық салу тәжiрибесiн теориялық негiздеу әрекетiмен
түсiндiрiледi. Мұндай тәсiлдемелер салық теорияларында көрiнiс тапты:
неоклассикалық, оның өзi неолибералдық, кейнсиандық және тұрақты даму
бағыттарынан тұрады. Неолибералдық бағыттың әсiресе көрнектi өкiлдерi болып
А.Смит, Д.Рикардо, А.Лаффер, М.Фридман және т.б. табылады. Олар экономиканы
тұрақты және өзiн-өзi реттейтiн жүйе ретiнде қарастырды. Салықтар мен салық
салу жүйесiне тек бюджеттiң табыс бөлiгiн құрайтын құрал ретiнде ғана
қарады. Олар негiзiнен салықтардың экономикалық процестердi реттеудегi
жанама ролiн таныды.
Қазақстанда салық салу мәселелерiне үлкен назар аударылады. Көптеген
қазақстандық ғалымдардың еңбектерiнде салық салудың теориялық, әдiстемелiк
және тәжiрибелiк проблемалары көрiнiс тапқан. Осы жұмыстарды оқу
Қазақстандағы салық жүйеснiң жағдайы туралы тұжырым жасауға мүмкiндiк
бередi. Сөйтiп, батыс экономистерi мен ТМД елдерiнiң ғалымдарының салық
салу тұрғысындағы теориялық және әдiстемелiк еңбектерiн шығармашылық көзбен
талдап, салық салу қағидаларының, формаларының, әдiстерiнiң ұдайы
өндiрiстiң әлеуметтiк-экономикалық даму шарттарына сәйкестiгiн айқындау
және салық салудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмiнiң бейiмдiлiгiн
жүргiзу қажет.
Осыған орай дипломдық жұмыс өте өзектi проблемаға арналған және
кiрiспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.
Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi негiзделген, зерттеу мақсаттары мен
мiндеттерi анықталған.
Бiрiншi тарауда салық салу жүйесiн құрудың теориялық негiздерi
қарастырылған және Қазақстанның салық салу жүйесiнiң қалыптасу және даму
кезеңдерi талданған.
Екiншi тарау салықтық реттеу проблемаларын және салықтық жеңiлдiктер
сипаттамасын қарастырауға, сондай-ақ олардың өндiрiстi дамытуға тигiзетiн
әсерiн анықтауға, нарықтық қатынастар жағдайындағы салықтық реттеу
ерекшелiктерiн қарастыруға арналған.
Үшiншi тарау салықтық реттеудi жетлiдiру проблемаларын қарастырады.
Дипломдық жұмысты жазу кезiнде Қазақстанның және ТМД елдерiнiң ғалым
экономистерiнiң монографиялары, Қаржы Министрлiгiнiң деректерi, ағымдық
баспа материалдары қолданылды.
1-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАР ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДIҢ
ҚҰРАМДАС БӨЛIГI РЕТIНДЕ

Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерiнiң iшiнде ерекше орынды салық
саясаты алады. Тәжiрибе дәлелдегендей, салықтық саясаттағы басымдықтарды
өзгерту арқылы экономиканың конъюнктуралық ауытқуларын бәсеңдетуге, ұлттық
шаруашылықтық ұзақ мерзiмдi тұрақтануына қол жеткiзуге болады.
Дұрыс ойластырылған, ғылыми негiзделген салық саясатын қолдану арқылы
мемлекет елдегi экономикалық жағдайды реттей алады. Бiрақ бұл кезде
бюджетке салықтың көп түсуiн қамтамасыз етудi салықтық ауыртпашылық арқылы
емес, керiсiнше салық ауыртпашылығын азайту арқылы салық базасын кеңейту
жолымен жүргiзген дұрыс.
Салықтар бойынша жүргiзiлген зерттеулер көрсеткендей, үш негiзгi
салықтар-корпоративтiк табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздердiң
жиынтық ауыртпашылығы қазiргi экономикалық жағдайжа 60-70 %-тi құрайды
екен. Егер бұларға қоса басқа салықтарды да ескеретiн болсақ, салық
ауыртпашылығының жоғары екндiгiн байқауға болады.
Соның нәтижемiнде салық төлеушiлердiң көп бөлiгi одан жалтаруға
тырысады, әсiресе салықтар шамасы шектi шамадан тыс болып кетекн кезде.
Халықаралық тәжiрибе көрсеткендей, салық ауыртпашылығының оптималды шектi
мөлшерi салық салынатын табыстың 36%-iнен аспауы тиiс.
Қазақстан Республикасындағы салықтар-өте күрдерi проблемалардың бiрi.
Салық заңдылығы өзiнiң маңыздылығы жағынан мемлекеттi нығайтуда Азаматтық
Кодекстен кейiн екiншi орында тұр. Өкiнiшке орай, салық саясаты әрқашанда
салық төлеушiнiң мүддесiн қорғай бермейдi. Бүгiн әлi де салық салу жүйесi
салық төлеушiлердiң мүддесiн және заң жүзiндегi хұқықтарын әлеуметтiк
қорғайтын жүйе деп айту ертерек.
Қазiргi қолданылып келе жатқан салық салу жүйесi Қазақстанның
стратегиялық даму жоспарларының шеңберiнде салық заңдылығының негiзiн
құрайтын қағидалардың тұрақтылығын ары қарай қамтамасыз етудi және
жетiлдiрудi қажет етедi. Бұл елдегi жеке кәсiпкерлiктiң iскерлiк
белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi, сайып келгенде бұл мемлекет
экономикасының тұрақты дамуына және соның нәтижесiнде халықтың тұрмыс
деңгейiнiң көтерiлуiне әкеледi. Осы проблемаларды шешу үшiн кешендi
шаралар жүйесi қажет, соның iшiнде маңызды рольдi салық салу жүйесi
атқарады.
Баршаға мәлiм, салықтар мен салық саясаты-қуатты ресурстық фактор, яғни
мемлекеттiң қолындағы экономикаға араласу құралы сонымен бiр мезгiлде
мемлекеттiң шаруашылық субъектiлерiмен керi байланысын көрсететiн механизм
болып табылады. Сондықтан да әр нақты жағдайға қарай, соның iшiнде ел
экономикасының даму ерекшелiктерi мен даму жағдайына, елдегi мемлекеттiк
билiктiң тұрақтылығына қарай бұл фактор оның экономикалық қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ететiн құрал ретiнде, немесе оның жоғары тәуекелдiк көзi ретiнде
болуы мүмкiн.
Салықтар және салық жүйесі-бюджеттің табыс көзін құраушы ғана емес,
сонымен қатар нарықтық типтегі экономиканың маңызды құрылымдық элементтері.
Кәсіпкерлік қызметті басып тастамайтын, тиімді бюджеттік саясатты жүргізуге
мүмкіндік беретін тиімді салық жүйесін құрусыз Қазақстан Республикасының
экономикасын құрылымдық қайта құру мүмкін емес.
Салықтар адамзатқа ертеден белгілі, алғашқыда олар жан басына
шаққандағы алымдар түрінде болды. Салықтардың пайда болуы мемлдекеттің
құрылуымен байланысты. Олардың міндеттілігі сөзсіз, ол туралы 1789 жылы
Б.Франклин былай деп жазған: Бұл әлемде ештеңеге сенімді болу мүмкін емес,
тек салықтар мен өлімнен басқа.
Мемлекеттік орталық және жергілікті органдардың заңды және жеке
тұлғаларға салатын, бюджетке түсетін міндетті төлемдері мен алымдар-
салықтар болып табылады. Сонымен, салықтар дегеніміз заңды және жеке
тұүлғалардың мемлекеттік қаржылық ресурстарды қалыптастыруға қатысу
формасы. Салықтар, ұлттық табысты қайта бөлу факторы ретінде бөліп-тарату
сферасының дұрыс жұмыс істеуіне, адамдары белгілі бір қызмет түрлерін
жүзеге асыруға қызықтыруға бағытталған.
Салық салуды ұйымдастыру салық механизмін құруға және оның әрекет
етуінен көрінеді, ол салықтық қатынастар элементтерін, яғни нақты салық
түрлерін, оларды қолдану әдістері мен тәртібін қамтиды. Салық элементтеріне
салық субъектісі, объектісі, ставкасы, жеңілдігі және т.б. жатады. Салық
субъектісі дегеніміз- салық төлеуші-тұлға. Яғни ол заң жүзінде салық
төлеуге міндетті тұлға. Алайда бағалар механизмі арқылы салықтық
ауыртпашылық басқа тұлғаға ауыстырылуы мүмкін, сондықтан тағы бір тұлға-
салықты көтеруші болады.
Салық объектісі- салық салынатын табыс немесе мүлік (жалақы, пайда,
құнды қағаздар,жылжымайтын мүлік).
Салық ставкасы (салық салу нормасы)-салық салу бірлігіне келетін салық
шамасы. Салық ставкасы әдетте табысқа қатысты процентпен бекітіледі, және
салық квотасы деп аталады.
Салық оклады-субъектінің бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.
Салықтық жеңілдік-салықтан толық немесе ішінара босату.
Салық салынбайтын минимум- салықтан толық босатылған салық объектісінің
ең кіші бөлігі.
Кез-келген міндетті төлем салық болып табылмайды. Салықтардың ерекше
сипатты белгісі сол, олар белгілі бір қағидаларға сүйенеді. А.Смит өзінің
Халықтардың байлықтарының табиғатын және себептерін зерттеу атты
еңбегінде (1977) салық салудың келесі қағидалары бекітілген:
1. Салық әр салық төлеушінің табысының мөлшеріне қарай салыну керек;
2. Салық мөлшері және оны төлеу мерзімі төлеушіге алдын-ала және дәл
анық болу керек.
3. Әр салықты жинау және алу тәсілі мен уақыты салық төлеуші үшін
ыңғайлы болу керек.
4. Салық жинау шығындары барынша төмен болу керек.
Сонымен қатар, салықты төлеу схемасы салық төлеушіге түсінікті, ал
салық объектісі екі рет салық салудан қорғалу керек.
Жоғарыда келтірілген салық салудың тарихи қағидалары бүгінгі күні де
өзектілігін жоғалтқан жоқ, яғни бүгінде де олар тиімді салық салу жүйесінің
негізін құрайтын қағидалар. Мемлекеттің реттеуші функциялар дамыған сайын
салық салу қағидаларын кеңейту қажеттілігі туындады, осыған байланысты
Смиттің тұжырымдаған классикалық қағидалары келесі қағидалармен
толықтырылды:
• жалпылық-салық төлеу барлық экономикалық субъектілерге таралуы
керек;
• тұрақтылық-салық түрлері мен ставкалары уақыт аралығында тұрақты
болуы керек;
• төлем қабілеттілігі-салық салу мөлшері бірдей табыс алатын
тұлғаларға және бірдей мүлік құнына бірдей таралу керек;
• міндеттілік-салықтарды төлеу заң бойынша барлық салық төлеушілер
үшін міндетті болып табылады;
• әлеуметтік әділеттілік-салық ставкаларын бекіткен кезде тұрмыс
деңгейі төмен халықтар мен төмен табысты кәсіпорындарға көп
ауыртпалық түсірмейтін болуы керек;
• көлденең әділеттілік-табыс деңгейі жағынан біркелкі дәрежеде
тұрған төлеушілерге заң жүзінде бірдей салық ставкалары қолданылу
керек;
• тік әділеттілік-табыс деңгейі бойынша бірдей емес жағдайда тұрған
салық төлеушілерге әртүрлі салық ставкалары қолданылуы керек.
Салық жүйесінің қалыптасуы нарықтық механизмдердің және әкімшілік-
нұсқаушылық механизмдерінің өзара әрекеттесуі негізінде жүреді. Сондықтан,
бір жағынан салықты енгізу және жинау билік органдарының функциясы, ал
екінші жағынан, салық тізімін қалыптастыру және салық ауыртпашылығының
деңгейін бекіту нарық жағдайына және экономиканың даму деңгейіне қарай
анықталады.
Жоғарыда келтірілген салық салу қағидаларымен бірге оларды тағы да 3
пунктпен толықтыруға болады:
Салықтар пайда немесе табысты арттыруға деген ынтаны басып тастамауы керек.
Салықтар баланстылығы сақталуы керек, яғни ол дегеніміз олардың бюджтеке
түсімі оның шығындарымен тең болуы керек.
Салық салу адамдардың нақты табысын шекті деңгейден төмендетуге әкелмеуі
керек.
Әрине, салық салу жүйесі барлық жоғарыда келтірілген қағидаларға жауап
беруі өте қиын. Көптеген қағидалар бір-бірімен үйлеспейді және қарама-қайшы
келеді. Сондықтан осы қағидалардың ішінен өзара үйлесімді оптималды
арақатынасын таңдап алу- өте күрделі проблема. Салық заңдылығы сондықтан да
тұрақсыздықпен сипатталады. Салық салудың мәні ең алдымен оның
функцияларынан көрінеді.
Салықтар негізгі 3 маңызды функция атқарады:
1. Фискалдық функция;
2. Бөліп-таратушылық функция;
3. Реттеушілік.
1.2. Қазақстанның салық жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері
Мемлекетте жиналатын салықтар түрлерінің жиынтығы, оларды құру
формалары мен әдістері мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салық жүйелері
өте күрделі модельдер түрінде болуы мүмкін. Салықтарды әртүрлі қағидалар
бойынша жіктеуге болады: салық салу объектісіне және төлеуші мен мемлекет
арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастарға қарай; пайдаланылуына қарай;
салық жинайтын органға қарай; экономикалық белгісі бойынша.
Бірінші белгі бойынша салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салықтарға тікелей табысқа немесе мүлікке салынатын салықтар
жатады.
Тікелей салықтар өз кезегінде нақты және жеке-дара болып бөлінеді.
Нақты салықтар мүліктің сырт белгілеріне қарай салынады, яғни салық салу
кезінде объектінің пайдалану тиімділігі емес, оның сырт белгісі назарға
алынады; нақты салықтарға жер салығы, мүлік салығы, қолөнер салығы, ақша
капиталына салынатын салықтар жатады.
Жеке-дара салықтар салу кезінде табыс қана емес, төлеушінің қаржылық
жағдайы ескеріледі, мысалы жанұя жағдайы. Мұндай салықтарға табыс салығы,
мұраға салынатын салық, жан басына салынатын салық және т.б. жатады.
Жанама салықтар товар бағасы арқылы жанама түрде салынады. Оларға
қосылған құн салығы, акциздер, кедендік салықтар жатады.
Пайдаланылу белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Арнайы салықтардың мақсаты қатаң белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мысалы,
транспорт құралдарына салынатн салық.
Салықтарды жинайтын органдарға қарай салықтар орталықтандырылған және
жергілікті болып бөлінеді.
Объектілердің экономикалық белгілеріне қарай салықтар табысқа
салынатын және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді: біріншілері
салық төлеушінің кез-келген салық объектісінен алынатын табыстарына
салынады, ал екінші жағдайда салық товарлар мен қызметтерді тұтыну кезінде
кететін шығындарға салынады.
Салық салудың объектісін есепке алу және бағалау тәсілдеріне қарай 4
тәсілі бар:
• кадастрлық;
• салық төлеушінің декларациясы бойынша;
• табыс алу көзі бойынша;
• патент бойынша.
Кадастрлық әдіс бойынша салықты есепке алу және жинау салық
объектілерінің сипаттамасы бойынша нақты табыстылықты ескерусіз
жүргізіледі.
Салық төлеушілер декларациясында табыс мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді
шегерістерді көрсетеді және салық сомасын өзі есептейді.
Табысты алу көзіне қарай салық салық төлеуші жұмыс істейтін заңды
тұлғаның бухгалтериясында табыс алу көзінде ұсталады.
Патент негізінде салық төлеу әр түрлі қызмет түрлерінен алынатн табысты
анықтау және олардың көлемін есептеу қиын болған жағдайда қолданылады.
Салықтық есептің 2 әдісі бар:
1. кассалық
2. есептік әдісі
Бұл әдістерді қолдану арқылы салықтар мен салықтық емес түсімдердің
бюджтеке дер кезінде түсуін қамтамасыз етуге болады. Бюджетке түсетін
түсімдердің көп бөлігін салықтық түсімдер алады, мұны төмендегі кестеден
көруге болады. (Кесте 1.1.)
2003 жылы салықтық түсімдердің көлемі 38,6 млрд.теңгені құрады, бұл
2002 жылғы көрсеткіштен 43,6%-ке артық.
Кассалық әдіс бойынша табыстар мен шегерістер жұмыстың атқарылған,
мүлік жіберіліп, оның ақысы түскеннен кейін ғана танылады.
Есептік әдіс бойынша табыстар мен шегерістер жұмыс атқарылған, мүлік
жіберілгеннен кейін оның ақысы түспей тұрып танылады.
Салық қызметтері үшін екінші әдіс қолайлы, сондықтан Қазақстандық
төлеушілер осы әдісті қолданады. Оның салық төлеуші үшін кемшілігі сол,
товар сатылса да, оның ақысы келіп түспей тұрып салық төлеуші бекітілген
мерзімде салыықты төлеуі керек, ал бұл оның айналым құралдарын айналымнан
шығаруға мәжбүр етеді.
Кесте 1.1.
Республикалық және жергілікті бюджеттерге түскен түсімдер (млн. тг)
Көрсет бюджеттің Қорытын бюджеттің Қорытын
кіштер 1.01.2003 жылға дысына %-пен 1.01.2003 дысына %-пен
орындалуы жылға
(республикалық) орындалуы
(жергілікті)
Салықтық 265732 83,6 2582294 95,9
түсімдер
Салықтық емес 28710 9,0 9912 3,7
түсімдер
Капиталмен 23392 7,4 1086 0,4
жасалған
операциялардан
түскен табыстар
Барлық табыстар 317734 83,3 269292 85,9
Ресми 56591 14,8 41914 13,3
трансферттер
Негізгі қарыздың6909 1,8 2441 0,8
жабылуы
Барлық түсімдер 381234 100 313648 100
Алынған көзі: Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі.
Стат.бюллетень, 2004г.
Кесте 1.2.
Салықтық түсімдер құрылымы (млн.тг)
Көрсеткіштер 1.01.2003 қорытындысына 2002жылмен
%-пен салыстырғанда, %
корпоративтік 163529 31,2 298,6
табыс салығы
жеке табыс салығы51016 9,7 144,4
әлеуметтік салық 99076 18,0 140,6
қосылған құн 115132 22,0 129,3
салығы
меншікке 26693 5,1 108,8
салынатын салық
табиғи 22044 4,2 221,2
ресурстарды
пайдалану үшін
төленетін
салықтар
кәсіпкерлік 5095 1,0 77,3
қызметпен
айналысу үшін
алынатын алым
халықаралық 18472 3,5 157,4
саудаға салық
Басқа да салықтар3684 0,7 41,4
барлығы 524026 100 158,7
Алынған көзі: Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі
Салық механизмдерінің маңызды құралдарының бірі салықтық ставкалар
болып табылады.
Салықтық ставкаларды бекіту әдістемесі, атап айтқанда олардың базалық
шамасы өте маңызды. Оны қарастыра отырып, ең алдымен батыста кең таралған
экономикалық теорияны- Ұсыныс экономикасын еске алу керек. Осы теорияға
сай экономикалық өсу салық жүйесінің функциясы болып табылады.
Мемлекеттің салықтық ставкалары өндірістің тікелей шығындарын, (басқару
шығындары, әлеуметтік бағдарламалар шығындары және т.б.), сондай-ақ, жанама
шығындарды жалақының өсуі арқылы арттырады. Бұл қорлану мүмкіндіктерін
арттырады, сәйкесінше инвестициялау мүмкіндіктерін төмендетеді, ал бұл
өндірістің өсуін тежейді және ұсынысты төмендетеді. Қарастырылып отырған
теория Лаффер қисығына негізделген, бірдей табыс салық салудың екі
деңгейін беруі мүмкін: жоғары және төмен. Мысалы, мемлекет егер салық
ставкасын 0 немесе 100 процентке тең етіп бекітсе, нольдік табыс алады.
100%--тік салықтық ауыртпалық жағдайында өндіріс қарқыны күрт төмендеп,
қысқа мерзімде салықтың шамасы 0-ге тең болуы мүмкін. Жалпы алғанда
кәсіпорынның табыстылығы салық ставкасына байланысты, ол Лаффер қисығы
деп аталады.
Теория жүзінде мемлекетке жоғары табыс әкелетіндей және сонымен бір
мезгілде рентабельді кәсіпорындардың жұмысын ынталандыратындай эффект
беретіндей оптималды ставка деңгейі болады, бірақта оны іс жүзінде табу
мүмкін емес.
Ұсыныс экономикасы теориясынан товар өндірісін өсуге қолдау көрсету
үшін шектен тыс салық ставкасын бекітпеуі керек, бұл өндіріс өндірісті
кеңейтуге деген ынтаны жоғалтады, кәсіпорынның соңғы нәтижелеріне деген
қызығушылықты төмендетеді. Салықтың төмен ставкасын орнату мемлекетке
жоғары табыс әкелмейді.
Сөйтіп, салық ставкасы осы жағдайлардың барлығында нақты уақыт
кезеңіндегі экономика ерекшеліктерін ескеруі керек. Оптималды салық
ставкасын жүргізу енгізу үшін экономиканың тұрақты жағдайы және төмен
инфляция жағдайы (3-5%) орналасуы керек.
Нарықтық жағдайда әлемдік тәжірибеге сай, салықтық ставка 35-40%
деңгейінде болғаны дұрыс, одан жоғары болса салық төлеушілерде өндірісті
кеңейтуге деген ынтасы жоғалады.
Көптеген ірі елдердегі жүргізілген салықтық реформалардың нәтижесінде
ірі өнеркәсіптік компанияларға салық ставкасы төмендетілді.
Кесте 1.3.
Дамыған капиталистік елдердегі компаниялар пайдасына салынатын салық
ставкалары
Елдер 1985 1986 1987 1991
АҚШ 46,0 46,0 40,0 34,0
Жапония 43,3 43,3 42,0 37,5
Германия 56,0 56,0 56,0 37,5
Франция 50,0 45,0 44,0 42,0
Италия 43,37 43,37 43,37 43,37
Ұлыбритания 45,0 35,0 35,0 35,0
Канада 36,0 36,0 36,0 28,0
Алынған көзі: Галкин В.Ю. Некоторые вопросы теории
налогов.Финансы,1993г.
Жоғарыда келтірілген кестеден көрініп тұрғандай, 90-шы жылдардың
басында көптеген елдердегі салық ставкаларының мөлшері айтарлықтай
төмендеді. Тек Италия мен Германия бұл тізімге кірмейді. 1991 жылы Германия
Үкіметі корпорациялық салық ставкасын 7,5%-ке көтерді, бұл батыс және шығыс
жерлерін біріктіру процесімен байланысты болды.
Қазақстанда қысқа мерзім ішінде салық жүйесіндегі пайда салығы бірнеше
дүркін өзгеріске ұшырады. Ең алдымен, айта кету керек, салықтық реформа
нәтижесінде пайдаға салық салу жүйесі табысқа салық салумен ауыстырылды.
1995 жылға дейін пайда салығының ставкасы бірнеше рет төмендеді.
Мысалы, 1992 жылы пайда салығының ставкасы дифференциалды болды, оның
шамасы кәсіпорынның атқаратын қызмет түріне және алатын пайдасының
мөлшеріне қарай анықталды, ал 1994 жылы екі негізгі ставка қолданылады: 30%
және 45%.
Көптеген салықтық жеңілдіктердің болуы мемлекеттік бюджетті
қалыптастыруда көптеген түсініспеушіліктерді тудырады, сондықтан оларды
мейлінше азайтып, арнайы есеп жүргізу керек. Алғаш рет мұндай талдау және
есеп беру салықтық шығындар формасында 1960-шы жылдардың екінші
жартысынан бастап қолданыла бастады, және өнеркәсіптік дамыған елдердің
мемлекеттік бюджетті құруда салықтық шығындарды жоспарлайды. Қазіргі
кезде салықтық түсімдердің және салық жүйесінің өзгерісінен болатын
салдарының болжамы перспективті және оперативтік салықтық жоспарлау
кезінде жүргізіледі.
Салықтық жоспарлау салықтық реттеу тиімділігін арттырады, мемлекеттік
саясаттың алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде әрбір елде салықтық реттеу механизмінің құрылымы салық
жүйесінің құрылатын қағидаларына, қолданылатын реттеу құралдарының
жиынтығына байланысты ұлттық ерекшеліктерге ие, және ол саяси, әлеуметтік-
экономикалық жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.
Экономиканы мемлекеттік басқару ұлттық мақсаттарды жүзеге асыруды ұзақ
мерзімді салықтық жоспарлаудың, салық заңдылығының және салық жүйесінің
өзара байланыстылығына негізделуі керек. Салық механизмінің қазіргі
құрылымы келесі негізгі бөліктерден тұрады:
а) Салықтық жоспарлау:
1. салықтық түсімдер мен салықтық шығындарды мемлекеттік жоспарлау;
2. салықты салық төлеушілердің төмендетуін жоспарлауды есепке алу;
б) салықтық қатынастарды хұқықтық қамтамасыз ету:
1. заңның сақталуын бақылау;
2. салық заңдылығын бұзушылық үшін жауапкершлік;
в) салық жүйесі (салықтық реттеу):
1. салық элементтері: объект, салық салу көзі, субъект, салық ставкасы,
салық жеңілдігі, салық санкциялары, салық оклады;
2. салық түрлері;
3. салық жүйесінің құрылымы: тікелей және жанама салықтардың арақатынасы;
4. салықтарды әкімшілік деңгейлері бойынша бөліп-тарату;
5. салықтарды алу тәртібі;
6. салықтарды есептеу және бухгалтерлік есепке алу әдістері;
7. салықтарды жинау уақыты және мерзімі.
Қазақстанда салықтық әсер етудің механизмінің құрылымын қалыптастыру
процесі жүріп жатыр. Экономиканы мемлекеттік басқарудағы салықтық
механизмді зерттеу көрсеткендей, қазіргі уақытта салықтық реттеу
механизмінің құрылымы дұрыс құрылған жоқ.
Салықтық механизмнің қызмет етуі үшін қажетті шарт- салық салу
қағидаларын сақтау. Мемлекеттің салық салу ісіндегі ғылыми негізделген
қағидалар негізінде көп ғасырлық қызметінің дамуы оптималды салық түрлерін,
оларды алу әдістері мен тәсілдерін, әр елдің өзіне тән ерекшеліктерді
анықтауға мүмкіндік берді. Салықтар теориясында бекітілген және әлемдік
тәжірибемен дәлелденген салықтар оптималды салық жүйесін қалыптастыру үшін,
салықтық реттеуді жүзеге асыру үшін, салықтардың экономикаға тигізетін
әсерін, құрамын, құрылымын анықтау үшін қажетті шарт болып табылады.
2-ТАРАУ. САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
МЕХАНИЗМІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Салықтық реттеу: әдістері, мақсаттары және қабылданатын
шешімдердің критерийларын анықтау
Қазіргі Қазақстан Республикасының салық жүйесі үшін келесі сипатты
белгілер, яғни ерекшеліктер тән:
• мемлекеттік бюджетке түсуге бекітілген табыстар көлемін жұмылдыру
қабілеті төмен;
• салық ауыртпашылығы барған сайын тар төлеушілер шеңберіне ғана
шоғырлануда, соның нәтижесінде оларға шектен тыс салық ауыртпалығы
түсуде;
• салық жүйесі экономикалық өсуді төмендету және инвестициялық
белсенділікті тежеу, салықтардан жалтаруға ынталандыру және
капиталдың шет елдерге ағылу факторына айналды;
• көлеңкелі экономика аумағының кеңеюі салық түсімдерінің көлемін
төмендетеді;
• салықтық механизмнің ынталандырушы және реттеуші әсерінің бәсеңдеуі
кәсіпкерлердің ынтасын арттыруға, капитал қорлану көлемін арттыруға,
капиталдың ашық түрде айналуына әкеледі;
• экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан алып қарағанда заңдылықты
бағалаудың болмауы және экспертизаның әлсіздігі, сондай-ақ салық
жүйесінің тұрақтылығы және салық саясаытының тиімділігі;
• мемлекеттік органдардың, салық қызметінің жұмыскерлерінің, салық
полициясының және салық төлеушілердің хұқықтық және қаржылық жағынан
қорғалмауы;
• тиімді жұмыс істейтін салықтық әкімшілік ету жүйесінің болмауы;
• салықтық хұқық негіздерінің жоқтығы, заңгерлік нормативтік-заңдылық
базасының қарама-қайшылығы.
Жалпы алғанда салықтық механизм эволюциясының беталысы өндіріс
сферасындағы терең дағдарыстық процестерді көрсетеді. Бұндай беталыстар
көрінісінің нәтижесі болып мемлекеттік бюджеттің табыс базасының тарылуы
табылады. Салық жүйесі дағдарыстық жағдайға кірді және кәсіпорындар қаржысы
жанданбаса бұл жағдай жалғаса береді. Салықтық базаны қалыптастыратын
негізгі фактор-кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығы. Біздің
елде салықтық реформалар бастала салысымен салық жүйесі негізінен жанама
салықтарға сүйенеді және оған түсетін түсімдер мемлекеттің бірінші
кезектегі міндеттерін тиімді атқаруға мүмкіндік бермейді.
Баршаға мәлім, жанама салық деңгейінің жоғары болуы сұранысты тежейтін
басты фактор, соған байланысты қосылған құн салығының шектен тыс
ауыртпалығы қазақстандық экономиканың созылмалы құлдырауының негізгі
себептерінің бірі болып табылады. Сондықтан бұл жерде жанама салықтардың
үлесін біртіндеп төмендету қағидасын енгізу керек.
Кез-келген салық жүйесінің маңызды сипаттамаларының бірі-бұл тікелей
және жанама салықтардың арақатынасы. 2000-2003жылдардағы жағдайды талдау
тікелей салықтардың үлесін артқанын көрсетті, атап айтқанда шаруашылық
субъектілердің төлейтін салықтарының үлесі өсті. Егер 2001 жылы бұл үлес
12,1%- ті құраса, 2002 жылдың соңында ол 30% мөлшерінде болды. Бұл заңды
тұлғалардың әлеуметтік бейімділігінің артқанын көрсетеді. Жанама салықтың
негізгі түрі қосылған құн салығы екенін ескерсек, салық ауыртпашылығының
тұтынушыларға, яғни негізінен заңды тұлғаларға түсетіндігін аңғаруға
болады. Жиынтық салықтық ауыртпашылықты есептеу бұл көрсеткіштің
Қазақстандағы шамасының үлкен екендігін көрсетеді. Бақыланатын
кәсіпорындардың тізімі салалар бойынша топтастырылады, салықтық түсімдердің
салалар бойынша түсуін талдасақ, негізгі үлестің өндіріс саласына және
электр энергиясын, газды, суды бөліп-тарату саласына келеді-54%, транспорт
пен байланыс саласының үлесі—29,0%, өнеркәсіп-9,7%, мейманхана және
мейрамхана бизнесінің үлесі -2,7% және басқа қызмет түрлерінің үлесі-3,4%.
Мысал ретінде Алматы қаласының өнеркәсіп саласындағы ірі екі
кәсіпорынын қарастырайық. Рахат акционерлік қоғамы кондитерлік өнімдерді
шығаратын ірі отандық кәсіпорын. Жарғылық қоры 600000мың теңгені құрайды,
құрылтайшыларының құрамына жеке тұлғалар және жетекшілік ететін құрам
кіреді, олардың үлесіне акциялардың 5%-і келеді.
Кәсіпорынның 2003 жылғы 9 айдағы қызметінің көрсеткіштері өндіріс
көлемінің артқанын көрсетеді, соған байланысты бюджетке төлеген салықтық
төлемдерінің де шамасы артқан.
Өнімді өткізу көрсеткіштерінің жоғарылауына қарамастан дебиторлық
қарыздың көлемі ұлғайған: егер жылдың басында оның шамасы 300 044,0мың
теңгені құрады, есептік кезең соңында ол 389 392,0мың теңгег жетті. Қол
жеткен көрсеткіштер кәсіпорынның салықтық жүгіне әсер етпей қоймады. Өткен
жылдың осы кезеңінде оның деңгейі 14,9%-ті құраса, есептік жылдың осындай
кезеңінде ол 16,4%-ке жетті.
Рахат АҚ-ың көрсеткіштері наурыз айында елеулі ауытқуға ұшырайды, бұл
айда кәсіпорында 1485 941,1 теңгенің өнімі өткізілсе, шілде айында тек
992 047 теңгенің өнімі өткізілген. Бұл жоғарыда көрсетліген бюджеттік
ауыртпашылық коэффициентінің ауытқуымен түсіндіріледі, оның мөлшері 3,8%-
тен 43,8%-ке дейін ауытқиды. Салықтарды төлеу тұрақтылығы бюджет алдындағы
салықтық міндеттемелердің дер кезінде төленуісен түсіндіріледі.
Бұл деректерді төмендегі кестеден көруге болады.
Кесте 2.1.
Рахат акционерлік қоғамның 2002-2003 жылдардағы экономикалық
көрсеткіштері
Айлар Салықтардың Өнім өткізу Өндіріс көлемі Бюджеттік
түсуі көлемі ауыртпашы
лық
коэффи
циенті
жылдар 2003 2002 2003 2002
жылдар 2003 2002 2003 2002 2003 2002 2003 2002 қаңтар 61002
90398 1161061
959563 147529 1466076 5,25 9,42 ақпан 76313 60447 1258521
1080489 1462053 1442543 6,06 5,59 мамыр 105789 164881 1485971
1312423 1348227 1355278 7,12 12,56 сәуір 111487 97065 1167748
1040197 1192889 1088684 9,55 9,33 мамыр 231635 132664 1039553
1186781 1016029 941335 22,2 11,18 маусым 232672 151553 6083106
1607317 963094 968255 3,82 9,43 шілде 432326 184614 988053
775322 915783 987519 43,7 23,81 тамыз 41814 174505 992047
1048565 995705 928230 4,21 16,64 қыркүйек 103218 123301
Барлығы 139625 1179428 14176061 9010657 9369071 9177920 12,7
12,25 Алынған көзi: “Алматы Пауэр Консолитейтед” ЖАҚ 2002-
2003жж.қаржылық есебi
“Алматы Пауэр Консолитетйед” ЖАҚ бойынша бюджеттiк ауыртпалық
коэффициентi өскен, бұл кәсiпорынның тамыз айында жүргiзген күзгi-қысқы
кезеңдегi қарыздарды жинау шараларының нәтижелерiмен түсiндiрiледi.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келсек, салық органдарының тарапынан
бюджетке салық түсiмдерiнiң дер кезiнде түсуiн бақылауды күшейту керек.
Салық органдарының қызметкерлерiнiң жұмысын ынталандыру және ынталандыру
механизмiн құру қажет.
2.2. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайындағы салықтық реттеу
ерекшелiктерi
Жағымды ахуалды қалыптастыру ұлттық экономиканың әрекет етуiн
оптимизациялау мәселесiн шешуде үлкен маңызы бар проблема. Өндiрiстiк
потенциалдың өсуi, өндiрiлетiн өнiм көлемiн арттыру, оның сапасын жақсарту-
экономикалық өсу үшiн қажеттi алғышарттар. Инвестициялар, өз кезегiнде,
экономикалық қызметтiң әртүрлi сфераларындағы жағымды процестерге бастама
беретiн элемент. Ресурстарды жеткiлiктi дәрежеде шоғырландырусыз
өндiрiсiтiк процестердi жаңарту, экономика секторларының динамикалық дамуы
үшiн алғышарт қалыптастыру мүмкiн емес. Сонымен, инвестиция экономикалық
белсендiлiктi арттырудың мiндеттi шарты.
Қазақстан Республикасында инвестициялық қызмет деп инвестиция салу
процесiмен байланысты кәсiпкерлiк қызмет түсiнiледi. Соңғысына табыс алу
мақсатымен кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салынатын барлық мүлiктiк және
интеллектуалдық құндылық түрлерi жатады, соның iшiнде:
• Қозғалмалы және қозғалмайтын мүлiк және мүлiктiк құқық, талап қою
құқығы;
• Акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың басқа да формалары;
• Кез-келген қызметтi жүзеге асыру құқығы;
• Қазақстан Республикасы территориясында алынған және реинвестицияланған
таза табыс.
Инвестициялық қызмет кәсiпорын жұмысының маңызды көрсеткiштерiнiң
бiрi. Оның мөлшерi және құрылымы кәсiпорын жағдайын сипаттайды. Рентабельдi
кәсiпорын өзiнiң өндiрiсiтiк қуатына, құрылысқа үнемi қаржы салуды жүзеге
асырады. Өз болашағына сенiмдi уәсiпорын ғана ұзақ мерзiмдiк жобаларға
күрделi қаржы жұмсайды.
Экономиканың созылмалы дағдарысы жағдайында отандық кәсiпорындардың
инвестициялық қуатын күшейту мәселесi өткiр күн тәртiбiнде тұрған мiндет.
Инвестиция экономикалық өсудiң қажеттi және мiндеттi алғышарты болып
табылады. Олар жиынтық iшкi өнiм көлемiн арттырып қана қоймай, сонымен
қатар мультипликативтiк әсер бередi. Дұрыс инвестициялық саясат
экономикалық өркендеудiң маңызды құраушысы болып табылады.
90-шы жылдары Қазақстан Республикасында жиынтық өнiм өндiрiсi 40%-ке
құлдырады, ал инвестиция көлемi 7 есеге қысқарды. Бұл постсоциалистiк
елдердiң жалпы экономикалық дағдарысымен түсiндiрiледi. 1997-1999 жылдары
республикадағы инвестицилық дағдарысты ғаламдық қаржылық дағдарыс
күшейттi. Бұл инвестиция саласындағы ғылыми зерттеулердiң кең жүргiзу
қажеттiгiн дәлелдедi. Сондықтан соңғы жылдары инвестиция және инвестициялық
саясат төңiрегiнде көптеген зерттеулер жүргiзiлiп, ғылыми еңбектер жазылды.
Бұған дейiн қаржылық тұрақтандыру мәселесi кең көтерiлiп келген едi.
Қазақстанның инвестция саласында қол жеткiзген едәуiр жетiстiктерiне
қарамастан, экономикамыздағы инвестициялық дағдарыс әлi де жойылған жоқ.
Бұл тұрғыдағы басты проблемалардың бiрi- жергiлiктi институционалдық
инвесторлардың болмауы. Инвестициялық қызметке негiзiнен делдал-фирмалар
белсендi қатысуда, ал олардың нақты экономикаға қосар үлесi мардымсыз.
Қазақстандық өнеркәсiптiк кәсiпорындардың көпшiлiгi банкрот. Осыған
қарамастан олар өз қызметiн одан ары жалғастыруда, өйткенi көп жағдайда
мемлекет бұл кәсiпорындарға үлкен қарыздар. Сондықтан үкiмет бұл жағдайға
көңiл аудармайды, банкроттық туралы заңның орындалуын қадағаламайды.
Төлемсiздiк дағдарысы кәсiпорындар арасында өзара есепке алу, бартерлiк
айырбас сияқты нарықтық экономикаға жат құралдар көмегiмен есеп айрысады,
бұл ақшаның төлем құралы ретiндегi қызметiн бұзады, экономикдағы толыққанды
ақша айналымын қиындатады.
Әрине, қазақстандық бизнестiң мұндай жағдайында банктердiң несие беру
қабiлетi және ниетi төмендейдi. Оған қоса банктiк сектордың бiрқатар
кешiлiктерi бар:
• Құрамы және орналасуы жағынан бiркелкi емес- орташа банктер басым,
салыстырмалы iрi 14 банк Алматы орталығында шоғырланған, ал облыстық
орталықтардағы банткер негiзiнен шағын банктер;
• Iрi және шағын банктердiң қаржылық мүмкiндiктерiнiң және қызмет
көрсету деңгейлерiнiң әртүрлiлiгi- қысқа мерзiмдi несиелеу
операцияларын негiзiнен iрi банктер жүзеге асырады, ал базалық
банктiк қызмет түрлерiн көрсететiн орта және шағын банктердiң қосатын
үлесi аз;
• Орта және шағын банктердiң ақша құралдарын тарту мүмкiндiктерi
шектеулi, олар халықаралық қаржылық нарыққа шыға алмайды, қарыздар
мене банкаралық несиелердi тарта алмайды. Меншiктi капитал мөлшерiнiң
шектеулi болуы орта және шағын банктерге перспективтi киенттердi
тартуға, депозиттiк базаны кеңейтуге, белсендi операциялар жүргiзуге
және алынған пайда есебiнен капитализациялануға мүмкiндiк бермейдi.
Қорыта айтқанда, отандық кәсiпорындардың өндiрiске ұзақ мерзiмдi инвестиция
салу үшiн меншiктi құралдары жоқ, ал иелiгiнде тек қысқа қаржы ресурстары
бар отандық банктер оларды ұзақ мерзiмдi несиемен қамтамасыз ете алмайды,
басқаша сөзбен айтқанда, бұл банк жүйесiнiң жетiлмегендiгiнiң көрiнiсi.
Қазақстан нарығына шыққан шетелдiк капиталдың қатысуымен жұмыс iстейтiн
банктердiң жеткiлiктi ресурстары болса да, олар ұзақ мерзiмдiк несиелеуге
белсендi қатыспайды, өйткенi олар қазақстандық кәсiпорындарға сенбейдi.
Тұйық шеңбер қалыптасты: кәсiпорындарға несие керек, ал банктер,
қазақстандық бизнес тәуекелдiлiгiнiң жоғары болуы салдарынан, сондай-ақ,
экономика “ұзын” ақшаның болмауы салдарынан, кәсiпорындарға несие бере
алмайды.
Шетел компанияларының меншiгiне немесе басқаруына берiлген
кәсiпорындардың (негiзiнен шикiзат өндiретiн кәсiпорныдар)жағдайы
айтарлықтай жақсы. Олардың көбi әлемге танымал трансұлттық компаниялардың
филиалдары, сондықтан оларға несие алу жеңiл.
Қазақстандағы инвестициялық ахуалға керi әсер ететiн тағы бiр жағдай-
ол қор нарығының ендi ғана қалыптасу үстiнде болуы. Қазақстанда тек
мемлектеттiк құнды қағаздар нарығы бiршама дамыған, ал мемлекеттiк емес
құнды қағаздармен жасалатын операцлиялар баяу жүргiзiлуде. Бұл акция
шығаратын кәсiпорныдардың дамуын тежейдi. Корпоративтiк құнды қағаздар
нарығының капиталдану деңгейi жеткiлiктсiз. Халықтың аударымдарынан түскен
жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржысы ұлттық өндiрiстi инвестициялауға
жұмсалғанның орнына көбiнесе мемлекеттiк бюджет қарызы қаржыландырады.
Мемлекеттiң сақтандыру нарығынан кетуi, және жеке сақтандыру
компанияларының артуы халық құралдарының капитал нарығына түсуiн
қамтамасыз ете алмады, яғни бүгiнде қазақстандық сақтандыру компанияларының
инвестициялық мүмкiндiктерi нольге тең.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында мемлекеттiң экономикалық
процестерге тiкелей араласу мүмкiндiктерi шектеулi, бұл жағдайда
мемлекеттiк реттеуде жанама әдiстер жетекшi рольдi алады, атап айтқанда,
қаржылық-несие саясаты, оның басты құралдарының бiрi- салық саясаты.
Мемлекет өндiрiстiк және ғылыми-зерттеу саласына өзiнiң тiкелей
инвестиция көлемiн азайта отырып, отандық және шетелдiк заңды және жеке
тұлғалардың инвестициясын тарту саясатын жүргiзуi тиiс. Салықтық реттеу
көмегiмен төмендегi шараларды ынталандыруға болады:
• Кәсiпорынның меншiктi құралдарын инвестициялауға бағыттау, яғни
кәсiпорны иелiгiнде қалған пайданы кәсiпорын iшiнде және қаржы
нарығында инвестиция салуға жұмсау;
• Қазақстан экономикасына қосымша қаржы ресурстарын, яғни шетелдiк
инвестицияны тарту;
• Экономиканың нақты секторына банктiк неселердi тарту;
• Амортизациялық қорлардың тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету;
• Қаржы нарығына инвестор ретiнде қатыса алатын жеке тұлғалардың
жинақтауға деген ынтасын арттыру.
Салық саясаты экономикалық процестерге мемлекеттiк әсер ету
әдiсстерiнiң iшiнде үлкен орын алады. Тиiмдi салықтар мен төлемдер
жүйесiн қалыптастыру экономиканың ұлғаймалы ұдайы өндiрiс жағдайында
қалыпты әрекет етуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Салықтардың экономиканы реттеу құралы ретiндегi қызметi бүкiл әлемде
кеңiнен қолданылады. Салық жүйесi экономикадағы әртүрлi беиалыстарды
күшейтуге немесе тежеуге мүмкiндiк беретiн икемдi мезанизм. Бiрде-бiр
дамыған елде салық жүйесi қатып қалған құрылыс емес, әсiресе әртүрлi
экономикалық процестердi реттеу және ынталандыру тұрғысында. Сондықтан
экономикалық жағдайлар өзгерген сайын салықтық реттеу және ынталандыру
жүйесiне де өзгерiстер енгiзiп отыру қажет. Салық салу саласында
қабылданған шешiмдердiң ұлттық экономикада өтiп жатқан процестерге
тигiзетiн әсерi өте күштi, сондықтан да салық саясаты мемлекеттiк
реттеудiң басты құралдарының бiрi болуы тиiс. Мемлекеттiң салық салудағы
қағидаларына қарай мемлекеттiң саяси жүйесiнiң сипаты туралы,
экономиканың даму перспективалары туралы жалпы көрiнiс алуға болады.
Салықтар тұтыну және қорлану процестерiне әсер етедi.
Салық жүйесiнiң мiндеттi атрибуты- салық жеңiлдiктерi. Салық
жеңiлдiгi берiлген қызмет түрлерi және кәсiпорын топтары өндiрiстi дамыту
үшiн үлкен мүмкiндiктерге ие болады, жиынтық экономикалық қатынастарда
артықшылықтарға ие болады, мұның барлығы салық сяасатын құрылымдық
өзгерiстер жүргiзу үшiн өте қажеттi құрал етедi.
Салық саясатының салыстырмалы тұрақтылығы мемлекет территориясында
қызметтi жүзеге асыруда кездесетiн тәуекелдiлiк дәрежесiн сипаттайды.
Жоғарды аталған факторлар инвестициялық шешiмдердi қабылдауда
анықтаушы роль атқарады. Осыған байланысты салық саясатының көмегiмен
мемлекет қалыпты жұмыс iстейтiн инвестициялық кеңiстiк құруда айтарлықтай
нәтижелерге қол жеткiзе алады.
Инвестицияларды салықтық ынталандыру қағидаларын қарастырайық. Кез-
келген салық салынатын кеңiстiктiң салықсыз кеңiстiкке қарағанда капитал
үшiн тартымдылығы төмен болатыны сөзсiз. Бұл жерден шығатын қорытынды-
мемлекет тарапынан жеңiлдiктер беру арқылы экономикалық белсендiлiктi
ынталандыруға болады, бұл салық ауыртпашылығын төмендетiп, жүзеге
асырылатын қызметтiң тиiмдiлiгiн арттырады.
Алайда, көптеген преференциялардың берiлуi, бiр жағынан, мемлекеттiң
фискалдық мүддесне нұқсан келтiредi, екiншi жағынан, салық төлеуден
жалтару үшiн қосымша мүмкiндiктер аша отырып, салық жүйесiнiң және
мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiн төмендетедi. Салық жеңiлдiктерiнiң
шектен тыс көп болуы салық жүйесiнiң мемлекеттiк реттеу тұтқасы ретiндегi
ролiн төмендетедi, қоғамдық құрылысқа қауiп төндiретiн субьективтi
жағымсыз көрiнiстердiң етек жаюына әкеледi.
Салалық салықтық жеiлдiктердiң берiлуi салықтардың толық және дұрыс
төленуiн және бақылау үшiн қосымша уақытты және құралдарды қажет етедi.
Сонымен қатар, жеңiлдiктер салық ауыртпалығыныың бiркелкi таралуына керi
әсер етедi және мемлекеттiк бюджет табыстарын азайтады.
Сонымен бiр мезгiлде салық жеңiлдiктерi шаруашылық субьектiлерiн
өндiрiстi дамытуға, iскерлiк белсендiлiктьi арттыруға, атап айтқанда
инвестициялық шешiмдердi қабылдау кезiнде айтарлықтай ынталандырады.
Сонымен, мемлекеттiк инвестициялық саясаттың салықтық элементтерiн
қалыптастыру кезiнде экономикалық және мемлекеттiк-қоғамдық маңызды
басымдықтарды ескеру қажет. Бiр жағынан, кез-келген артықшылық беруден
барынша бос салық жүйесiн құруға ұмтылу керек. Бұл жердегi артықшылық деп
отырғанымыз жекелеген кәсiпорныдарға мемлекет тарапынан заң жүзiнде басқа
кәсiпорындарға қарағанда жеңiлдетiлген салықтық жағдайды қалыптастыру
түсiнiледi.
Екiншi жағынан, салық жүйесi жинақтаушы-инвестициялық бағыттағы
шаралар кешенiн қамтуы керек. Қосылған құнды жасау, пайданы алу және
бөлiп-тарату процесiнде салық салу объектiлерiн екi бөлiкке бөлген
дұрыс:
1. Нақты өндiрiстiк және қаржылық потенциалды жинақтау және арттыру
үшiн қолданылатын материалдық объектiлер, және солармен байланысты
қызмет;
2. Тұтыну шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет (және осы қызметпен
байланысты материалдық объектiлер).
Инвестициялық-жинақтаушы салық жүйесi салықтардың ынталандырушы
қызметi бiрiншi топта көрсетiлген оъектiлер тұрғысында, ал фискалдық
қызметiн екiншi топтағы салық объектiлерi тұрғысында қолдану саясатын
бiлдiредi. Басқаша сөзбен айтқанда, мемлекет барынша жинақтау процестерiн
қолдауы керек, ал тұтынуды белгiлi бiр мөлшерде шектеу қажет, бюджет
табысын ұлттық өнiмнiң осы бөлiгiнен алуы керек. Мұндай тәсiлдеме жинақ
түрiндегi инвестиция үшiн жеткiлiктi базаның қалыптасуына кепiлдiк бередi.
Барынша жақсы нәтижеге қол жеткiзу үшiн мемлекеттiк саясат
қарастырылған детерминанттар қатарына тiкелей және жанама әсер ету
әдiстерiн кiргiзуi керек. Бұл түсiнiктердiң шартты түрде бөлiнуiне
қарамастан, қабылданып жатқан шараларды аталған екi сфераның қайсысына
жатқызатыны туралы қорытынды жасауға болатын критерий бар. Мұндай критерий-
салық ұсыныстарының тiкелей реттеу объектiсi-инвестициялық ресурстармен
байланысы.
Салық салудағы тiкелей әсер ету шаралары басқа қызмет түрлерiмен
салыстырғанда инвестициялық қызметке артықшылық беруге бағытталады. Бұл
кезде әдетте салық төлеушiлерге өз қаржылық құралдарын тиiмдi бөлу
стратегиясын таңдау хұқығы берiледi, бiрақ соның iшiнде инвестициялық
шаралар неғұрлым тиiмдiрек болып табылады. Мұндай әсер теудiң айқын
көрiнiсi- өндiрiстiк мақсатта күрделi қаржы салуға бағытталған пайда
бөлiгiн салықтан бостау. Бұл әдiс әлемнiң көптеген елдерiнде кең
қолданылады. Салықтық реттеудiң тiкелей әдiстерiн қолдану экономикалық
тиiмдiлiкке қол жеткiзу постулатына негiзделген. Бұл жерде инвестицияны
(салықтық реттеу объектiсi) жүзеге асыратын салық төлеушi тұрғысынан алып
қарағанда, тиiмдiлiктi анықтаудың басты критерийi қаржы құралдарын үнемдеу
болып табылады.
Мемлекеттiк реттеудiң жанама әдiстерi жекелеген кәсiпорындар
деңгейiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қолайлы жағдайларды
қалыптастырумен байланысты. Бұл кезде реттеу макроэкономикалық сипатта
болады, және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруда салық төлеушiге ешқандай
таңдау проблемасын тудырмайды. Сонымен бiр мезгiлде, жекелеген өндiрiс
секторларының, экономика салаларының негiзгi экономикалық көрсеткiштерiне
әсер ете отырып, мемлекеттiк жанама әдiстер инвестициялық ахуалды
қалыптастыруда айтарлықтай роль атқарады. Мысалы, экспорттық және импорттық
баж саласында белгiлi бiр саясатты жүргiзу отандық өндiрушiлер үшiн,
олардың отанды және шетелдiк инвестиция үшiн тартымдылығы үшiн едәуiр әсер
етедi.
Екi жағдайда да мемлекет тарапынан қарағанда жүргiзiлiп отырған
саясаттың тиiмдiлiгiн анықтайтын критерий- салық базасының болашақта кеңею
мүмкiндiгiнiң туындауы, және сәйкесiнше бюджет табысының артуы болып
табылады. Бұл кезде ынталандыру шаралары жүргiзiлiп отырған белгiлi бiр
нақты салық немесе салықтар тобы бойынша бюджет түсiмдерi азайса да, басқа
салықтардан түсетiн түсiмдер көбейедi. Қабылданған шараның тиiмдiлiгiн
анықтау үшiн оның жағымды және жағымсыз әсерлерiн өзара өлшеп, олардың
айырмашылығын, яғни “қалдығын” табу керек. Мұндағы тиiмдiлiктi көрсететiн
сандық шама төмендегi формуламен анықталады:
P=U1-(Uв +Uс), (1)
Мұндағы : U1- жүргiзiлген шараға байланысты салық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz