Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ

1. 1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы . . .

1. 2. Кеден органдарының міндеттері . . .

1. 3. ҚР кеден органдары мемлекеттік басқару саласы ретінде . . .

1. 4. Кедендік төлемдер.

2. КОНТРАБАНДАНЫҢ ҚЫЛМЫС РЕТІНДЕГІ КЫЛМЫСТЫҚ МӘНІ

2. 1. Контрабанданың қылмыс ретіндегі түсініктері және белгілері . . .

2. 2. Контрабанданың қылмыс ретіндегі жағдайы, құрылымы және қарқыны . . .

3. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ КОНТРАБАНДАНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ РӨЛІ

3. 1. Кеден бақылауы органдарының контрабанданың алдын алу жөніндегі жалпы шаралары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ. .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

1995 жылдың 20 тамызында референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы, қоғам, мемлекет, азамат өміріндегі негізгі қағидалар мен бағыттарды бекітті. Оның бірінші бабында Қазақстан - демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның басты құндылығы болып, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.

Бірақ, бірнеше онжылдықтар бойында қалыптасқан қоғамның “социалистік” қарым-қатынастарының “рыноктық қатынастарға ”айналуы, тәуелсіздікті шынайы іске асыру, жас мемлекеттің егемендікке қол жеткізуі, бірталай қиындықтар мен мәселелерге тап болуына әкелді. Экономикада кризис орнады. Жұмыссыздар, жалақы және зейнетақы қарыздары пайда болды, сол себептен, Қазақстанның бірнеше аймағында ереулдер өтті. Қазіргі көзқарастармен, салыстырсақ, сол кезде қоғамдық және құқық тәртібі күрт төмендеген екен.

Президент Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан 2030». Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, жағдайының жақсаруы” отты Жолдамасында, қоғам мен мемлекеттің болашақта даму жобасы көрсетілген. Сонымен қатар, көптеген жұмыстарды қайта қарастыру қажеттілігі пайда болды, бұл қоғамға қарсы жағдайларды тойтару, қылмыспен күресу, жиналған өмірлік тәжірибелерді жоғалтпау мақсатында, оны тарихи тұғырдан ғылыми талдау қажеттілігі туындады. Жолауда аталғандай, біздің бүгінгі күні, дамуымыздың кейбір негативті жағдайлары - бұл, “уақытша және ауыспалы құбылыстар, кеңестік дәуірден қалған, ауыспалы кезіңнің қиындықтары, бірақ мүмкіндіктерді пайдалану және қауіпті жағдайларды тойтару, активтерді көтеріп, пассивтерді төмендетуіміз - өзімізге ғана байланысты, басты бағыттарды ұстануымыздан және оны іске асырудағы қазіргі заман талаптарына сай болуы және имкемділігіне байланысты ”/27/.

Біздің алдымызда көлемі жағынан өте ауқымды істерді орындау, және уақыт бойынша, азаматтық қоғамның сапасы жағынан жаңа, құқықтық және әлеуметтік жағдайларға ауысу жұмыстары тұр.

Сонымен қазіргі Қазақстанынның бүкіл құқығы, құқық жүйесі, құқық идеологиясы оның мемлекет ретіндегі түпкі стратегиялық мақсат-мұраттарынан, ішкі, сыртқы мемлекеттік функцияларын жеткілікті дәрежеде орындауға деген қажеттіліктен, Қазақстан қоғамындағы жаңа қарым-қатынастарды соңғы, қәзіргі заманғы демократиялық ұғым-түсіндік тұрғысынан реттеуден, жалпы қазақ мемлекетінің негізін қалаған идеялар мен принциптерден туындап, соларға сәйкес жасалып, қалыптасып, өзгеріп, дамып отыр деп есептейміз. Соған сәйкес өз іс-әрекетінде мемлекеттік функциялардың белгілі бір бөлімін қамтитын, мемлекеттің кейбір стратегиялық мақсаттарын, ішкі-сыртқы экономикалық, кеден саясаттарын жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің бір тармағы болған кеден органдарының құқықтық базасы, заңнамалары, құқықтық мәртебесі, іс-әрекетінің әдістері мен түрлері, құзырлығы, т. б. мәселелері дәл осы тұрғыдан, яғни Қазақстан мемлекетінің дәл қазіргі кезендегі өркендеуі дәрежесінің, оның кезеңдегі нақты тактикалық міндеттері мен мақсаты, функцияларының іске асырылуы тұрғысынан зерттеп-зерделеуді қажет етуде.

Соңғы кезеңдегі Қазақстанның, әсіресі оңтүстік шегіндегі геоcаяси ахуалдың шиеленісуі, халықаралық терроризм қаупті, көршелес Қырғыстан мен Өзбекстанда содырлар топтарымен болған қақтығыстар, экстремистік діни көзқарастарды насихаттаудың өршеуі, есірткі тасымалының, заңсыз миграцияның күшеюі, кейбір көрші елдермен шекараны айқандау, нақтылау, делимитизациялау, демаркацияллау мәселелері, сондай-ақ Ресей тарапынан да кейбір эстремистік пиғылдағы адамдардың елімізге өтіп кетуі (баспасөзде Ресейдегі кавказ ұлтына жататындардың Қазақстан жерінде қарақшылық қылмыстар жасағаны, діни экстремистік мағынадағы, ұлт араздығын қоздырушы әдебиеттер, есерткі әкелгені жөнінде болды /33/ - осы жағдаяттардың бәрі Қазақстанның мемлекеттік басқару органдарының мемлекет шекерасын белгілеу, шекараны қорғау, жалпы елдің сыртқы қорғанысы, жалпы елдің сыртқы қорғанысы, ішкі қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ елді халықаралық аренадағы белсенді әрекеттер арқылы саяси қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлуге итермелеп отыр. Елбасы Н. Ә Назарбаевтың халықаралық аренадағы іс әрекетінің, көрші елдердің мемлекет басшыларымен өткізген кездесулерінің және сол кездесулерде жасалған келісімдерінің басты мәні Қазақстан мемлекетін саяси, экономикалық тұрғыдан қоргау, сенімді серіктестер табу, сыртқы қауіп-қатармен көрші мемлекеттермен бірге өзара ынтымақтаса отырып күресу болғандығы белгілі.

Сонымен қатар, Қазақстан мемлекетін саяси аренада саяси құралдармен қорғау ғана емес, сондай-ақ оның әскери күштерін дамыту, шекерасын әскери-кедендік қоғау бойынша да нақты жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қорғаныс, шекара, көрші елдемен сауда-саттық, татулық қарым-қатынастары тұрғысынан алғанда қазіргі кезенде кеден органдарының іс-әрекетінің маңызы артып және оған мемлекет тарапынан қоғамдық тұрғыдан көп көңіл бөлініп отыр.

Осыған орай, қоғамда өзгерістерге сай материалдық қана емес, рухани да атмосфера құру өте маңызды, ол мемлекет саясатының барлық қоғамдық өмір салаларында салмақты қолдауымен бола алады. Мемлекетті дамыту стратегиясы догма емес, барлық қоғамдық өмір салаларының түбегейлі өзгерістеріне әкелетін әдістеме екендігін естен шығармау қажет. Сонымен бірге, ақырғы онжылдық ішіндегі Қазақстан Республикасында белең алған құқық бұзу, оның ішінде ауыр қылмыстардың санының өсуі қоғамдағы мінез- құлықтық саясаттың климатына кері әсерін тигізеді, сондай - ақ әлеуметтік - психологиялық қысымның өсуіне, адамдардың ертеңгі күнге және өз қауіпсіздігіне деген сенімсіздігін тудырады.

Тіркелеген қылмыстар бойынша, республика бойынша, қылмыс саны ақырғы он бір жыл ішінде екі есе өскені көрінеді. Жалпы қылмыс құрылымы ішінен, экономикалық қылмыстар басым екендігі көрінеді.

Әрине, экономикалық қылмысты жасау - кеңестік қоғамдық қарым-қатынастардың “рыноктыкқа” көшуі себепкер болады, сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық механизмді өзгерту, көпшілік санасына әлеуметтік және құқықтық мемлекет принциптерінің азаматтық қоғам идеологиясын енгізуде де тұр.

Экономикалық қылмыс санының басым көпшілігі, бірқатар себептерге де байланысты: әкімшілік-бюрократиялық механизмнің таралып, коррупцияның орнауы, қосарланған мораль, қылмысқа жоғарғы үкімет өкілдерінің қатысуы, қосарланған заңдылықпен, немесе, заң алдында басшы мен қатардағы азаматтың шын мәніндегі теңсіздігі, еңбек нәтижесіне жете көңіл бөлмеу, және мемлекеттік меншікті сақтауға талпынбау. Экономикалық қылмыс санының жүйесінде кедендік қылмыстар ерекше орын алады. Ішкі экономикалық процесстердегі кеден бақылауының орны мен рөлі және ішкі экономикалық қызметті жариялықтандыру және либерализациялау жағдайындағы олардың әсер диапазонын кеңейту, қарым-қатынастардың күрделі және бірткелкі болмаған кешенін құқықтық реттеудегі жаңа әдістерді қолдануды талап етеді. Жаңа кедендік қарым-қатынастарын құқықтық негізделген реттеу істері, кеден заңдарының тарихи дамуының бұрыңғы кезеңдерде жиналған тәжірибелеріне сүйену тиіс.

Төлемдердің біртұтас, белгілі бір мақсаттары бар жүйесін құру, және оны кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға қолдану арқылы, кеден саясатын мемлекеттік реттеудің сыртқы экономикалық ретінде жұмыстары қарастыру арқылы ғана, кеден саласының жалпы мақсаттары, кеден саясатының алға қойған мақсаттарының және, кеден ісі қызметтерінің маңызы зор екендігіне көз жеткізуге болады.

Жаңа сыртқы экономикалық қарым-қатынастарға көшу құбылысы, оның кейбір кері әсерлері бар жайларын анықтайды, солардың нәтижесінен, Републиканың қолданыстағы қылмыстық, әкімшілік, кедендік заңдарын бұзу санының көбеюін танытады. Соның ішінде, ақырғы кезде белең алған, кейде орны толмайтын, мемлекетімізге үлкен экономикалық зиянын тигізетін, қылмыстық жазалау контрабандасының санының өсуі байқалады. Контрабандаға қарсы күрестің өзектілігін осы категорияда жасалған қылмыстар санының күрт өсуін растайды. Кәзіргі кезде мемлекет деңгейінде, әсіресе кеден саласындағы, экономикалық қылмысқа қарсы күресу, жалпы, қылмысқа қарсы күресудің басты бағытарының болады.

Соған орай, Қазақстан Республикасы Президенті 1998 жылдың 12 - қазанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесін әрі қарай реформалау” Нұсқауында, мемелекет кірістері Министірлігін құрып, оған мына міндеттерді жүктеді:

- өз уәкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

- мемлекет алдындағы салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін қамтамасыз ету;

- ішімдік өнімдерінің өндірісі және айналымына мемлекеттік бақылауды;

- мемлекетке шығын клтіретін экономикалық қылмыстар мен құқық бұзуға қарсы күресу, экономикалық қылмыстарға қарсы күресудегі халықаралық өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету.

Контрабанданың қоғамға келтіретін нұқсаны тек экономикалық шығын ретінде ғана қарастырылып қоймайды. Сонымен қатар, ол әлеуметтік-психологиялық және моральдық жағынан келтіретін зияндылығымен де күрделенеді. Мәселен, казіргі кезде, кеден қылмыстарының саны өсуі әртүрлі әлеуметтік топтардың негізсіз жіктелуінің тереңдеуіне, және негативті, қоғамға қарсы жеке ұстанымдардың пайда болуына әкеледі.

Қазақстандық кеден заңдарының дамуы, рыноктық қарым- қатынастардың құрылу жағдайларындағы контрабанданың кеңінен таралуы, бұл қылмыстың қоғамға төндіретін қауіпінің үлкен дәрежесі болып саналады.

Бұл зерттеулердің барлығында дерлік, негізінен қылмыстық - құқықтық мәселелер зерттелді, оның ішінде, жалпы контрабанда түсінігі, жалпы құрам мен қонтрабанданы анализдеу, сонымен қатар, айналымнан алынған заттардың контрабандасы немесе айналымы шектелген заттарды анализдеу кеңінен зерттелген. Ал криминологиялық контрабанда, оның себептері мен жағдайлары, сондай - ақ, оның жалпы және арнайы алдын алу шаралары тіптен де зерттелмеген.

Сонымен бірге, кеден саясаты, ішкі және сыртқы саясаттың басты құрамы ретінде, мемлекетіміздің заңмен бекітілген мақсаттарына сәкес, қазақстандық рынокка, өндірушлер мен тұтынушыларға жақсы жағынан ықпал етуі тиіс; экономиканың, импорт пен экспорттың дамуын қарқындату; сауда саясатының мәселелерін шешуге және т. б. сыртқы экономикалық қарым-қатынастарды реттеу, негізінен экономикалық әдістермен, кеден баждары, салықтар мен алымдар көмегімен орындалады.

Әкімшілік әдістердің мәні күрт төмендеді, бірақ мемлекет олардан толық айнуы мүмкін емес, өйткені олар экономикалық әдістерді толықтырады, және, сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметтерінің белгілі бір салаларында өз мәнін сақтайды.

Сонымен қатар, тағы бір мәселені атай кетейін. Меншік түрлерін өзгерту процесстерінде жаңа экономикалық қарым-қатынастар пайда болды. Бұл бұрын қатаң иерархиялық және әкімшілік - бұйыру әдісімен реттелген қарым-қатынастар, қазіргі кезеңде қатаң реттеуге тәуелсіз, еркін салаға айналды. Бұл әсіресе алғашқы кезеңдергі жаңа жағдай, барлығына рұқсат сенімін пайда болғызып, қалыптастырады, кеден бақылауының іс - шаралар мен шешімдерге құқықтық баға беруді талап етеді.

Зерттелген саланың криминалдық жағдайын құқық қорғау және бақылау органдарының қызметкерлерінің дайындығының жеткіліксіздігі мен біліксізідігі, кеден қылмыстарының алдын алу және ашудағы жұмыстарын үйлестірудің тимдсіздігімен қиындатады.

Кеден қылмыстарының алдын алудың бүгінгі күнге дейін, криминалистік негізі жоқ екендігін айтпай кеткен жөн емес.

Сондықтан, кеден саласындағы қылмыстарының алдын алуды тиімді ұйымдастыру, оларды жасайтын тұлғаларға қоғамдық - әлеуметтік және арнайы, сонымен қатар, қылмыстық- құқықтық, шараларды қолдану - еліміздің экономикасы мен дамытудағы айтарлықтай жағдайларды қорғау, кеден мекемелерінің қалыпты қызмет атқаруын, қоғам мүшелерінің дұрыс өмір ұстанымдарын қалыптастыруындағы әртүрлі негативті жайларын болдырмауды қамтамасыз етеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, қорғалуға ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың мақсаты айқындалады -Кеден ережелерін бұзумен күрестегі Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметі туралы зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдын-ала мынадай міндеттер қойылды:

- кеден бақылауы органдарының рөлі

- кеден органдарының міндеттері

- Қазақстан Республикасының кеден органдары мемлекеттік басқару саласы ретінде

- кеден органдарының құқық қорғау қызметтері

- контрабанданың қылмыс ретіндегі түсініктері және белгілері

- контрабанданың қылмыс ретіндегі жағдайы, құрылымы және қарқыны

- кеден бақылауы органдарының контрабанданың алдын алу жөніндегі жалпы шаралары.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай еліміздің саяси және әлеуметтік - экономикалық өмірінде үлкен өзгерістер болды. 13 жыл бойы біз жаңа мемлекет пен жаңа нарықтық экономика құрдық. Көптеген қызмет салаларымен басқару аяларына өзгерістер енгізілді.

Сыртқы экономикалық қызметтер біздің мемлекетіміздің басты салаларының бірі, ал кеден ісі мен кеден саясаты бұның негізгі өткізгіші болып табылады. Олар экономикалық қайта түрлендірулер басталғалы бері өзгеше сапаға, анағұрлым маңызды мәнге ие болуда, олар жаңа экономикалық қатынастар мен байланыстарды реттеушісі мен құралы болуда.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабына сәйкес әрбір азамат кәсіпкерлік еркіндігі құқығына ие. «Қазақстан Республикасының кеден ісі жайлы» кодекстің 19 бабы Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан тауарлар мен көлік құралдарын кіргізуге және шығаруға, соның ішінде сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асырған жағдайда «Қазақстан Республикасының кеден ісі жайлы» кодексте көрсетілген тәртіппен барлық тұлғаларға тең негізде құқық береді.

Қазақстанның кеден жүйесі біздің республикамыздың халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуға ынталандыра отырып, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық және шетелдік өндірушілер арасында ұжымды бәсекелестің жүруіне мүмкіндік туғыза отырып нарықтық механизмнің басты құралдарының бірі болып отыр. «Қазақстан Республикасының кеден ісі жайлы» кодекске сәйкес Қазақстан Республикасындағы кеден ісі Қазақстан Республикасы кедендік шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарының жылжуының, кедендік төлемдер мен салықтарды жинаудың кедендік ресімдеудің, кедендік бақылаудың және кеден саясатын жүзеге асырудың өзге де қарамдарының, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметінің ұйымдастыру құқықтың негізінің тәртіптері мен шарттарын құрайды.

«Қазақстан Республикасының кеден ісі жайлы» кодекстің 2 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын біркелкі кеден саясаты жүзеге асырылады.

Кеден саясаты мемлекеттік биліктің орталық органдарын енгізуге жатады.

Кеден саясатының мақсаттары мыналар:

  • қазақстандық нарықты қорғау; өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; экономиканы дамытуды ынталандыру; экономикада құрылымдық қайта құруды жүргізуге ықпал ету; бәсекелестік пен монополизмге қарсы әрекеттерді марапаттау; экспортты ынталандыру және импорт алмастырушы өндірістерді марапаттау; шетелдік инвестицияларды тарту; сауда саясатының міндеттерін шешу және «Қазақстан Республикасының кеден ісі жайлы» кодекске сәйкес және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік биліктің орталық органымен анықталатын өзге де мақсаттар.

Кеден саясаты елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз ықпалын тигізуі қажет. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты құралы ретінде кеден саясаты мемлекеттің және жалпы экономикалық стратег

Кеден саясатының басты бағыттарының бірі мемлекеттің экономикалық мүдделерін қадағалау бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік бақылау құралдарын пайдалану болып табылады.

Кеден аясында қызметтер, тауар алмасу және жолаушы алмасу көлемдерінің өсуіне, Қазақстанның басқа мемлекеттерімен сыртқы экономикалық қатынастарының кеңеюімен байланысты дами бастады. Қазіргі кезде кедендік бақылаудың рөлі мен мәні жоғарылауда. Бұл оны зерттеудің маңыздылығын айқындай түседі. Сондықтан мен өзімнің дипломдық жобамды кедендік бақылауға арнадым және оның ба ғыттарын тереңірек қарастыруға шештім.

1. КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ

1. 1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы

Қазақстан Республикасының кеден органдары - өзінің құзыры шегінде кеден саясатын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасында кеден ісін тікелей жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылған өзге де қызметтерді орындаушы мемлекеттік орган. Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Агенттігі - елдегі кеден қызметін басқаратын негізгі орган. Комитеттің басшылығы төраға, Бірінші орынбасары, орынбасары, төраға көмекшісі және төраға кеңесшісінен тұрады. Комитеттің негізін мыналардан тұратын басқарма құрайды: контрабанда және кеден ережелерін, кеден кірісін бұзумен күрес ұйымы Басқармасы, кедендік бақылау Басқармасы, қаржы-шаруашылық басқармасы, аппарат жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі басқарма, кадр Басқармасы. Сыртқы қатынастар және өз қауіпсіздігі бөлімшелері, кеден сараптамасын ұйымдастыру бөлімдері қызмет етеді.

Бұл басқармаларды сыныптарға бөлуге болады. Соның ішінде, оперативтік қызметі қамтамасыз етуге кедендік бақылау Басқармасын кіргізуге болады; ішкі қамсыздандыру басқармасының тобына кедендік күзет және режим басқармасын, қаржылық-шаруашылық басқармасын және басқаларды жатқызуға болады. Қызметтік басқармаларға мыналарды атап шығуға болады: кедендік кірістер басқармасы, автоматтандыру және кедендік статистика Басқармасы, сыртқы байланыс бөлімі, кадрлар Басқармасы, ұйымдық-сараптамалық басқарма.

Әрбір басқарманың негізін құраушы бөлімдердің атаулары бойынша, басқарманың қызметтері жайлы айтуға болады. Осылайша, кедендік бақылауды ұйымдастыру Басқармасы саудасыз айналымдағы кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінен, кедендік басқармаларды әдістемелеу бөлімінен, кедендік режим бөлімінен тұрады. Контрабанда және кеден ережелерін бұзумен күрес басқармасында оперативтік бөлім, контрабандамен күрес бөлімі, кеден заңын бұзумен күресу бөлімдері қызмет етеді. Қарастырып отырған басқармада нашақорлықпен күресудің аса маңыздылығын ескере отырып, есірткі контрабандасымен күресу бөлімін жасау және кинологиялық қызметін ұйымдастыру шешілген болатын.

Бөлімдердің атаулары осы басқарманың қызметіне кейбір айқындықты береді: сауда айналымындағы кедендік төлемдер бөлімі, кедендік-тарифтік басқару, тауарлық номенклатура және кедендік құн бөлімдері, жанама салық бөлімдері, саудасыз айналымдағы кедендік төлемдер мен алымдар бөлімі, валюталық бақылау бөлімі. Бұл басқарма кеден шекарасын кесіп өтетін шаруашылық субъектілерін баж бен алымдары төлеуін ұйымдастырумен айналысады. Осы баждар мен салықтардың жалпы жинағы мемлекет қазынасына түсетін кеден кірісіп құрайды /24/.

Статистикамен талдау, тораптық және техникалық қызмет көрсетудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бөлімдерінің жиынтығы автоматтандыру және кедендік статистика Басқармасын құрайды.

Құқықпен қамсыздандыру бөлімінде заңды кодтау және кеден заңы мәселелері мен арнайы ұйымдық бөлім айналысатындығы қарастырылған, ал іс жүзінде, құқықтық мәселелер құқықтық бөлім қарамағына кіреді. Кеден органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасының құрылымдары да белгілі бір қызығушылықты тудырады. Жұмысшылар штаты толық бухгалтерия қарастырып отырған басқарманы маңызды бөлімшелерінің бірі болып табылады. Кеден қызметін қалыпты жүзеге асырудың қажетті бөлімшесі - материалдық қамсыздандыру, жарақтау, қорғау құралдары мен техникалық бақылау бөлімі болып табылады. Кедендік бақылау агенттігі кеден нысандарын толық құрылысын жүргізу және эксплуатациялау қызметін өзіне алғандықтан, осы басқармада сәйкес бөлімдер құрылған. Формалық киіммен қамсыздандырумен сәйкес бөлім айналысады.

Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің 1995 жыл 30 шілде №163 бұйрығымен кедендік бақылау Агенттігінің құрамында кедендік сараптауды ұйымдастыру бөлімі құрылды, ол кейінірек Орталық кеден лабораториясына қайта құрылды. Бұл лаборатория кедендік бақылау Агенттігінің негізгі сараптау және зерттеу мекемесі болып табылады. Бұл лабораторияның негізгі міндеті кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларды кедендік бақылау және кедендік ресімдеу кезінде сараптамалық көмек беру болып табылады. Сараптамалық көмек арнайы білімді қолдану және қажетті зерттеулерді жүргізуден көрінеді.

Кеден ісін ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі кеден қызметінің ұтымды құрылымын және оның органдарын еліміздің территориясында орналастырудың ұтымды вариантын таңдау. Кеден қызметі Қазақстан Республикасы кеден органдарының біркелкі жүйесі ретінде құрылады және қызмет етеді.

Кеден органдарының біркелкі жүйесінің принциптері кеден ісін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың негізі болатын біртектес принциптермен үздіксіз байланысты: біркелкі кеден саясаты, біркелкі кеден территориясы, біркелкі кеден заңдары, біркелкі тарифтік реттеу және оларды экономикалық саясат шараларымен үйлестіру. Жалпы алғанда, олар Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы принциптерінің негізін қалаушылардың бірінің мәнін айқындай түседі.

Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі кеден органдарының біркелкі жүйесі түсінігіне осы жүйені құрушы органдардың атауларын жатқызады: кеден ісі мәселелері бойынша өкілетті орган; облыстар бойынша кеден ісі мәселелері бойынша өкілетті органның территориялық бөлімшелері; кедендер; кеден бекеттері; Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пунктері; мамандандырылған кеден мекемелері.

Осы жүйелердің әрбірі Қазақстан Республикасының кеден органдары болып табылады және құқық қорғау мәртебесіне ие. Кеден органдарының біркелкі жүйесі - бұл кеден органдарының барлық жиынтығы; жалпы жүйелі принциптерге негізделген, кеден ісін жүзеге асырудағы олардың қарым қатынасы мен байланыстары: тұтастық, құрылымдық, иерархиялық, қоршаған ортамен өзара тәуелділік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Экономикалық контрабанда қылмыстарының объектісі
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Контрабанданы үшін қылмыстық жауаптылық
Контрабанданың түсінігі, түрлері
Орталық Кедендік орган
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
Контрабанда
Экономикалық қылмыстылықтың өте жасырындылығы
Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz