Монғол жеріндегі рекреациялық ресурстар



КІРІСПЕ
1 МОНҒОЛИЯНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТУРИЗМІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Монғолияның географиялық орналасу жағдайының туризмге тигізер әсері
1.2 Монғол еліндегі туризмнің даму тарихы
1.3 Мемлекеттегі туризмнің қазіргі ахуалы

2 МОНҒОЛ ЖЕРІНДЕГІ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР
2.1 Монғолияның табиғи.географиялық аймақтары
2.2 Елдегі бальнеологиялық орындар
2.3 Туризм саласындағы қорық жерлердің алатын рөлі

3 ЕЛ ТУРИЗМІНДЕГІ ТАРИХИ . МӘДЕНИ ОРЫНДАР МЕН ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Тарихи ескерткіштер туризмнің негізгі саласы
3.2 Ірі қалалардағы тарихи . мәдени ошақтар
3.3 Мемлекеттегі туризмнің болашағымен оны қорғау шаралары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

2005 жылды Монғолияда Туризмді қолдау жылы деп атауы экономика
саласында қызмет көрсету мен туризмді дамытуға жол ашатыны сөзсіз.
Кез келген табиғи байлық қоры мен тарихи - мәдени құндылықтары бар
территория саяхатшылардың, ғалым зерттеушілердің, іскер адамдардың және
тіпті жай демалушылардың да қызығушылығын тудырары хақ.
Туризмді басқару жүйесін орталықтандыру мен түрлі субъектлердің
құрылымының пайда болуы туристік саясатты аймақтық деңгейде деңгейде
жүргізу мәселесін туынтатты. Бүгінгі таңда дәл осы жерге территория
дамуының әлеуметтік-рекреациялық потенциалы сияқты туризмді дамыту
стратегиясы орайласуы тиіс.
Әр территория ландшафты, табиғаты, мәдениеті, климаты тарихы жағынан
аймақ туризмінің даму мүмкіәндіктерін анықтайды.
Туризм географиясы жағынан Монғолияның табиғи ресурсы мен тарихи-мәдени
ресурсы кешенді орын болып табылады. Қазіргі таңдағы туризм мен оның
болашағыан баға беру үшін рекреация мен демалыс жағдайын, шетелдік
туристерді қабылдау деңгейін, табиғи рекреациялық байлықты, тарихи-мәдени
ресурсты жан-жақты әрі терең зерттеу керек.
Елдегі бүгінгі күндегі туризм дамуына жасалған талдау оның жоғары
әлемдік деңгейде пайдаланылып, экономика саласындағы негізгі кіріс көзі
болып отырғанын көрсетіп берді. Сонымен бірге оған кедергі келтіріп отырған
себептер де аз емес. Ол мемлекеттің жоғары деңгейде қорғауғаала алмауыжәне
жеткілікті деңгейде зерттеулер жүргізілмеуі.
Монғолияда туризмді дамытудың өзектілігі ұлттық, тарихи, мәдени және
табиғи ерекшеліктерді есепке ала отырып экономикалынегізгі кіріс көзі болып
саналатын, бүкіл дүниені таң қалдыратын туристік ресурстардың көзін ғылыми
өте жоғарыдеңгейде зерттеп әлемге паш ету.
Зерттеу объектісі. Туристік-рекреациялық ресурстарды меңгеру мен
қолданудың жобасын туризмді дамыту мақсатында аймақта территориядағы
рекреакциялық ресурстарды кешенді бағалау негізінде болжау мен жоспарлау.
Жұмыстың мақсаты. Рекреациялық ресурстарды кешенді бағалау негізінде
Монғолиядағы туризмнің дамуын анықтау, экономика саласындағы маңызы мен
орнын негіздеу. Мақсатқа орай келесі міндеттердің шешімі туындады:
- туризм географиясын туризм дамуындағы және экономика саласындағы
ғылыми әдістемелі қор ретінде негіздеу;
- аймақ бойынша мәліметтер қоры негізінде рекреакциялықресурстарға
талдау жасау және бағалау;
- территориядағы туризмнің одан әрі дамуына объективті сипаттама беру;
- рекреациялық ресурстарды туризмді дамыту мақсатында қолдану деңгейі
мен жағдайын анықтау;
- елдегі туризм дамуының жалпы ғылыми жобасын жасау;
Зерттеудің әдістемелік деңгейі. Теориялық және әдістемелік зеттеуде
келесі дерек көздері пайдаланылды:
- монғолдық зерттеушілерден: Ц. Дамдсүрэн, А. Амар, Д. Титидорж, Ш.
Шагдар, Т. Х. Газар Нүтгийн, Б. Цог, А. Ж. Үндэс, Д. Магиярсүрэннің
еңбектері қолданылды.
- ресейлік және қазақстандық ғалымдардан: Д. Майдар, Ю. Цэдэнбал, И. И.
Потемкина, ВУ. А. Менделев, Н. О. Сиретенко, В. П. Максаковский, З.
Қинаятұлы, Л. Н. Гумилев, Н. Я. Бичуриннің жұмыстары қаралды.
- шетелдік ағылшын тіліндегі әдебиеттерден: Д. Титидорж, Ь. А. Нурий
кітаптары мен журналдар аудармалары енгізілді.
Тапқырлықтың кешенді сипаты қазіргі таңдағы зерттеушілердің аймаққа
берген бағасы мен туризмге шақырылған жарнамалар және маршруттар кестесімен
толықты. Оған интернеттегі көптеген сайттар қолданылды.
Зерттеуге жалпы ғылыми, географиялық, статистикалық, анализ, синтез,
жүйелеу, салыстырмалы-географиялық, сипаттамалық, картографиялық әдістер
қолданылды.
Ғылыми жаңалығы:
1. Аймақтың туристік-рекреациялық ресурстарына және туризмнің қазіргі
жағдайына кешенді түрде талдау жасалды;
2. Табиғи және тарихи-мәдени рекреакциялық орындарға ғылыми түрде
жіктеу жасалды;
3. Монғолиядағы туризм жағдайына мемлекеттік саясат пен ғылыми -
деректерді негізге ала отырып болжам жасалды.

1. МОНҒОЛИЯНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТУРИЗМІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. Монғолияның географиялық орналасу жағдайының туризмге тигізер әсері

Монғолия – орталық Азияда орналасып, батысында Монғол Алтайы тауынан,
шығысында Үлкен Хинганға дейін, солтүстігінде Шығыс Саяннан, оңтүстігінде
Гоби шөліне дейін созылып жатыр. Жер көлнемі 1565 мың км.кв.-ты құрап,
дүние жүзінде жер көлемі жағынан 17-орында. Территориясының батысынан
шығысына дейін 2392 км, ал оңтүстігінен солтүстігіне дейін 1259 км.
Мемлекет негізінен екі елмен ғана шектеседі: 3400 км Ресеймен, 4758 км
Қытаймен.
Халқының саны 2,5 млн. адам. Ел территориясының адам аз қоныстанған
бөлігі шығыс далалық және оңтүстік жартылай жазықты аймақ.
Монғолия әкімшілік-территориялық жағынан сумындардан тұратын 20 аймаққа
(облыс) бөлінеді.
Монғол елінің табиғаты негізінен бастапқы жаратылған қалпын сақтаған.
Оның бірнеше себебі бар:
1) халқы табиғат ерекшелігіне сай көп жылдар бойы мал шаруашылыығмен
айналысып келеді;
2) қоныстанушылардың негізгілерінің сенімі бойынша табиғатқа сиынып,
оны қорғайды.
3) ғылыми-техникалық өркендеудің әсері төмен;
4) адам саны аз болғандықтан антропогендік ықпалы да аз.
Монғолияның шырышы бұзылмаған бұл табиғи жағдайы да туризмнің негізі
болып табылады. Ел территориясын теңіз деңгейінен шамамен 1500 км биіктікте
орналасқан. Республикада жазық жерлер аз, ал ойпат мүлде жоқ.
Мемлекет аймағының жер бедерінің физика-географиялық жағдайына қарай 5
үлкен бөлікке бөлуге болады: Алтай, Хангай-Хэнтэй, Үлкен көлдер
қазаншұңқыры, Шығыс-Монғол және Гоби.Алтай ауданы геологилық жас, биік
таулы батыс аймаққа жатады. Алтай тауының ең биік бөлігінің бірі – Таван –
Богда – Уланың ең биік нүктесі 4374 м. Мұнда альпинистердің қызығушылығын
тудыратын мәңгі қор мен мұз жататын тыңдар бар. Әсем көркем бейнелі
жақпарлы жоталар, үшкір тасты қырқалар, терең құздар, қаталдығымен ұлы
пейзаж оңтүстік-шығысқа қарай бірте-бірте жұмыр шыңдарға алмасады.
Хангай-Хэнтэй ауданы орталық Монғолияның айтарлықтай бөлігін алып
жатыр. Орхон-Селенга өзенінің бассейнінің аңғарын Хангай-Хэнтэй таулы
жотасы үш ауданға – Хангай, Хубсугуль маңы және Хэнтэйге бөлінеді.
Вулкан әрекеті әлі сақталған негізгі Хангай жотасының 3905 м-лік
шыңдарында мәңгілік қор сақталған.
Шығыс саян таулы жүйесіне кіретін Хубсугуль маңы таулы аудандарының
ландшафты ерекше көркем. Терең өткел бермес құздар, тік беткейлер,
жартастар.Елдің солтүстік-шығыс бөлігінде хэнтэй тауы жайғасқан. Биік
жоталарында тар құздар мен жалаңаш, тік беткейлер ұшырасады. Мұнда мәңгі
қор болғанмен, мұздану дәуірінің ізі көрінетін көлдер мен шыңыраулар бар.
Хангай мен хэнтэй тауларының арасындағы Селенга және Орхон өзендерінің
ойысында Орхон-Селенга таулы облысы орналасақн. Бұл аймақ – Монғолияның
негізгі халқы тұратын жер.
Монғолияның батысында Хангай және Алтай тауларының арасында Үлкен
көлдер қазаншұңқыры тұйық ойпат болып 600-650 км-ге созылып жатыр. Мұнда
759 м-ден 1153 м биіктік аралығында бес ірі көл орналасқан.
Үлкен көлдер қазаншұңқыры рельефі жағынан шөлейтті, шөлді далаға
жатады. Мұнда орман жоқ, өзендер аз. Оның территориясында көлдердің
кебуінен пайда болған сортаңдар, батпақты жазықтар, кепкен өзен салалары
жиі ұшырасады. Қазаншұңқырлардың айтарлықтай аймағы ірі құм сілемдері мен
жекелегенқұм шағылдар алып жатыр. Бархандар әсіресе шығыс бөлігінде көп
тараған. Олар әдеттегідей өсімдіктермен бекітілген. Бірақ жылжымалы, тіпті
әнші борхандар кездеседі.
Шығыс Монғол ауданы Монғолияның біраз төмен, әрі жазық бөлігі. Үстел
бетіндей тегіс жерлерде тек біртекті төбелер ғана көрініс береді. Жазықты
даланың биіктігі орташа 800-1100 м. Бұл аймақ ауыл шаруашылығына қолайлы
болып саналады.
Монғолияның қиыр оңтүстігін Гоби ауданы алуда. Бұл кең жер солтүстіктен
оңтүстікке 500-км-ге, батыстан шығысқа 1000 км-ге созылып жатыр. Мұнда
біртегіс кеңістік жоқ десе де болады. Жазықтарды аласа төбелер, кең
аңғарлармен бөлінген ұсақ шоқылар алып жатыр. Кеуіп қалған өзен салалары
мен шағын тұзды көлдер жиі ұшырасады. Тақырларды да кездестіруге болады.
Гоби сөзі құм көмкерген кеңістік дегенді білдіреді. Бірақ бұл дәл
солай ғана емес. Құмдар бүкіл ауданның 3 пайызын құрап, өсімдіктермен
бекітілген. Мұнда адамдар да мекен етіп, жайылым ретінде пайдаланады.
Монғолияның оңтстігіне орналасқан орналасқан Гобидің ландшафты ерекше
әсем. Кең аңғарлар төбелермен, тау тізбесімен алмасып отырады, өзеннің
ежелгі тасты салалары күнге жарқырайтын жартастармен, әдемі тақтатастармен
қоршалған, шөлді далалардағы үстірттер әртүрлі пішінге келген тау
қалдықтарымен кезектесіп келеді. Бұл қияли қорғандар мен тас мүсіндерді
еске түсіреді.
Гурван-Сайхан тау тізбегін Оңтүстік Гобидің маржаны деп атауға
болады.Ол үш құзбен бөлінген, өте тереңге кеткен тау жотасынан тұрады.
Олардың аралығынан асау тау өзендері өтеді. Беткейлері жапырақты
ағаштармен жабылған. Тізбектің шығысында жер сілкінісінен пайда болған
атақты Елын-але шатқалы бар. Мұның сұлулығы саяхатшыларды таң
қалдырды:ағыны күшті, сарқырама қатты сел тудырады, шатқалдар мен
үңгірлерде мәңгі мұздар жатады, оның ары қарай түбінде лабиранттер
орналасқан. Салқын бұлақтар мен мұз бастаулар Гобимен жанамаласып жатыр.
Осы Гурван-Сайханда елдегі үлкен туристік базалардың бірі орналасқан.
Гобидің әсемдігіне фантастикалық жер жағдайы жатады. Жыныстардың
құрылымы мен сипатына қарай ол тәулік мезгіліне қарай сәулеленіп жарқырайды
және оның түсі ауаның таза болуымен әлсіз-көгілдір, алқызыл, аспан көк
түстен қызыл, изумрудты, қанық көк, қара түске дейін құбылады. Мұны
жергілікті гобиліктер 33 түрге дейін бөледі.
Гобидегі 800 м биік құмдар аймағы Хонгор деп аталады. Мұның ені 20 км,
ұзындығы 100км. Хонгор өзені осы құмдардың арасымен ағып, оазистер жасайды.
Көптеген компаниялар саяхатты дюналар арасымен түйемен жүруге арналған.
Мұның өзі өзінше бір саяхаттың таза табиғат арасында жүргізілетін түрі
болып табылады.
Баянзаг оңтүстік Гоби аймағы міндетті түрде саяхатшылық жасауға
болатын, болашығынан да зор үміт күттіретін жер. Онда көркем бейнелі
салдары деп аталатын орман бар. Баянзаг әлемге онда табылған динозавры мен
онвң жұмыртқасы арқылы танымал. Бұл аймақта тас ғасырының ерекше
объектілерінің табылыуында археологтардың да еңбегі зор.
Сонымен Монғолияны Гобисіз елестету мүмкін емес. Халықтың парламентінің
шешімімен 1976 жылы 64447400 га жер Гобидің қорғалған Облысы деп еске
алынды. Ондағы мақсат – Гобидің адам аяғы баспаған табиғатын қоршап,
зерттеу, ондағы жануарлар мен өсімдіктерді сол қалпында ұстап одан әрі
санын арттыру. Оның бейнесі қиялдағы сурет тәрізді. Көптеген
полентологиялық мәліметтер Гобиден табылған. Оларға мысалы, көпдеген
жануарлар тұрақтарындағы суреттер, жабайы нар, ақбөкен, Гоби оюы және
оазистер жатады. Тағы да бір тамашасы күзде Солтүстікте суық, қарлы болса
ондағы Гоби сол қалпы жасыл, жылы қалпын сақтап тұра береді. Онда кірсең
өзге әлемге бет алғандайсың.
Мұнымен Манғолия жерінің туризм дамытуға қолайлы бір ғана аймағын
айтуға болады. Жалпы Монғол елінің айнала биік тауларымен қоршалып жатуы,
оның территориясының теңіз деңгейінен 1500 м биікте орналасуының өзі тек
сол мемлекетке ғана географиялық жағдай. Елдің рельефі онда орналасқан адам
табаны тимеген әсем табиғаты мен таңғажайып жаратылысы әлем туристерінің
қызығушылығын оятып, ел экономикасында жетекші кіріс көзі болатынын да
әлдеқашан дәлелдеп үлгерген.

2. Монғол еліндегі туризмнің даму тарихы

Монғолия ертеден-ақ саяхатшылардың көңілін аударған ел болатын. Оған
мысал, әйгілі саяхатшы потанин, прижевальскийлер өз кезегінде бұл елдің
табиғи жағдайына қызығып ел тарихында өз іздерін қалдырған. Қазіргі Баян-
Өлгий аймағының Нангус сумынының жеріндегі Бесбоғда тауында Потаниннің мұз
өзені, Прижевальский жылқысы қалған.
Монғол халқы ежелден көшпелі тұрмыс кешкендіктен жергілікті халық
өмірінде саяхат маңызды рөл атқарады. Саяхат дегеніміз кейбір ел үшін көшіп-
қону үшін негізгі маңызды іс-әрекет деп қарайтын болсақ, көшпенді монғол
халқында саяхат деген ұғым ертеден қалыптасқан.
Дүние жүзіндегі туризмнің алғашқы кезеңі кейбір діндердің пайда болу
уақытымен, жаулап алушылық соғыстарымен байланысты. Сондықтан мұндай
себептер Монғолияның туризм тарихымен де байланысты. Оны алғашқы туризмнің
бастау алу кезеңі деп атап көрсетуге болады.
Монғолия мемлекетіндегі ең бірінші Туризм компаниясы 1954 жылы
құрылған. Ол алғаш Шетелдік туристерге қызмет көрсету орны деген атпен
белгілі болды. Содан бері бұл салада көліктік қызмет көрсету, бұған өқоса
туристік қызмет көрсету мамандары, мысалы, экскурсавод, гид, аспазшы, қонақ
үй бөлмелерінің қызметкерлері, қарсы алушы деген сияқты т. б. мамандар
даярланды. Сондай-ақ туристерді орналастыруға арналған Баянгол,
Улаанбатар қонақ үйлері, Гэрэлж, Жуулчин Гови туристік базалары
салынып, содан бері олардың саны мен сапасы да артып, мамандар да күн
өткен сайын көбеюде. Осы тарихи кезеңді Монғолиядағы туризмнің дамуының
негізгі кезеңі деп атауға болады. Бұл 1954-1990 жылдар Монғол елінің туризм
тарихындағы қанатын кең жайып, өркендеген уақыт.Одан әрі оған 1990 жылы
қоғамда орын алған халықтық қозғалыс өз әсерін тигізді.
1990-2001 жылдар аралығында туристік жекеменшік мекемелер саны көбейіп,
бұл экономикаға пайда әкелетін саланың бірі болып қалыптасты. Сондай-ақ бұл
саланы басқаратын мекеме құрылды. Ол Туризмнің Ұлттық Ұйымы деп аталады.
2000 жылдың мамыр айынының 5-і күні туризм туралы Монғолия мемлекетінің
заңы қабылданып, өз күшіне енгені бұл туризм саласының қазіргі таңда толық
дұрыс жолға қойылғанының белгісі.
Осы уақытқа дейінгі туризм тарихындағы қалыптасқан жағдайды саралай
келе, Монғолияның ресми орындары барлық келуші туристерді 4 топқа жіктеп
көрсетуге болады дейді.
Біріншісі, топ болып жүріп негізінен ел астанасы Улаанбатарға, гоби
шөліне және ежелгі монғол астанасы Хор Хоринға саяхат жасайтын жапондықтар.
Жапондықтарды ең құрметті қонақ ретінде қабылдау жергілікті халық санасында
қалыптасқан. Олар әр зат алғанда еш саудаласпайды және жиі келіп тұрады.
Оларды монғолдардың негізгі ұсына алары табиғи ландшафты мен, будда
монастрлары қызықтырады.
Екінші топқа – Қытайға немесе Ресейге кетіп бара жатқан жолда соғатын
Еуропалықтар, австриялықтар және солтүстік америкалықтар жатады. Оларды
тасымалдаушылар бір аптаға тоқтап, оларды таныстырады.
Үшінші топтағылар 14 немесе одан да көп күнге келетін таңғажайып, әрі
экзотикалық саяхат жасағысы келетін саны көп болмайтын туристер.
Сонымен ең соңғы ел қазынасын айтарлықтай толтыратын өзі санаулы ғана
бай аңшылар.Оларға арқарға, қасқыр мен құланға және тау ешкіге аңшылық
жасауға рұқсат етіледі.
Мұның барлығы туризмнің белгілі дәрежеде дамығандығының дәлелі. Ол
соңғы 10 жылда ерекше қарқындап өсуде. Оны қорғайтын және заңды түрде
ұйымдастыратын жоғарыда айтқанымыздай 2000 жылы қабылданған 6 бөлімнен, 30
тармақтан тұратын туризм туралы заң да көп нәрсені көрсетеді.

3. Мемлекеттегі туризмнің қазіргі ахуалы

Монғолия мемлекетінің экономикалық дамуындағы негізгі кіріс көзінің
бірі – туризм саласы. Осыған орай монғолия үкіметі туризмнің дамуына әсер
ететін факторларға зерттеу жұмыстарын жүргізіп, шетелдік туристерді көптеп
тарту сияқты шараларды жүзеге асырып, ел туризмі индустриясына ерекше көңіл
бөлуде.
Саяхатшыларға республиканы кеңінен таныстыруға – бұзылмаған табиғаты,
таза ауасы, тұнық суы, дүние жүзінде жойылуға айналған жан-жануарлары мен
тарихи ескерткіштері үлкн үлесін қосып отыр. Осыған орай Манғолияда
туризімнің төмендегідей түрлері жіктелді:
1) тарихи деректі жерлерге саяхат жасау;
2) әсем табиғатқа шығу;
3) мекендеуші түрлі ұлттардың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін тамашалау;
4) спорт түрлерін қызықтау;
Туризм ел экономикасына үлкен үлес қосумен бірге, халықтардың бір-бірін
біліп, жақын араласуына, елді шетелдерге насихаттауға мүмкіндік береді. Ол
үшін үкімет Туризм – тұрақты табыс деген атпен жыл сайын туризмді дамыту
шараларын ұйымдастыруда. Оның аясындағы елді шетелдерге насихаттауға
арналған мынадай шаралар жүзеге асуда:
Монғолияның мәдени туризмінінің дамуы атты халықаралық кіші
конферецияларда елімізден барған жоғары оқу орындарының студенттері шет
елдерде көптеген жарнамалар, көрмелер өткізді.
Қытайда, Австралияда, Германияда, Кореяда, Англия сияқты оншақты
елдерде 2005 жылы үлкен халықаралық көрме болды. Монғолияның тамаша
табиғатын, көшпенділерді ерекше салт-дәстүрін табиғи ескерткіштерін, құнды
байлықтарын туризмнің ары қарай дамуы мақсатында насихаттап, көптеген
елдердің халқына танытты. Мысалы, Берлинде өткен ІІВжәрмеңкесінде 50
мыңдай адам болған.
Сондай-ақ туризмді дамытуға керекті алғышарттардың бірі материалдық
жағдайдың болуы. ОЛ үшін саяхаттанушыларды қарсы алып, күтетін,
тұрақтануына мүмкіндік беретін қонақ үйдің болуы, арасан демалыс орындарын
жарықпен, таза су сияқты осы заман талабына сай барлық мүмкіндікпен
қамтамасыз етуге тиісті. Ол үшін жергілікті тұрғындардың назарын аудару
мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Осыны көздеген конференциялар
ел астанасы Улаанбатарда, Ховда, Алтай, қарақорым, Чойбалсан, Цецерлік
қалаларында ұйымдастырылып, 19 аймақтың бірлескен семинары өтті.Барлық
аймақтарда мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, жекелеген
секторларының, білім беру және мәдени орындардың өкілдерінен құралған
туристік кеңестер жұмыс істеуде. Ауылдық туроператорлар үшін және Ауыл
туризмінің негізі атты құралдар басылып таратылған.
Монғолияның премьер-министрі Ц. Элбэгдорж туризм жөніндегі жалпы
монғолдық съезде визалық тәртіптің либералданатынын, әуе және теміржол
тарифінің ретке келетінін айтты. Ол 2005 жылдың маусым айынан бастап жазғы
уақытқа енген Улаанбатар-Пекин бағытындағы туристік поездінің халықаралық
жүрдек туристік поездға алмасатынын хабарлады.
Осы 2005 жылдың өзін Монғолияда Аймақтық туризмді дамытуды қолдау
жылы деп атаудың өзі көп нәрсені білдіреді. Ал 2006 жылды турагенттіктерді
қолдау мақсатында министрлік Туристік білімдендіру жылы деп атады.
2005 жылғы мәлімет бойынша елде 500-дей турфирма мен 200-ден аса
турбаза жұмыс істейді екен. Туристерге 250-дей жергілікті агенттіктер
қызмет көрсетіп, оның 10-ы туристік нарықтық 80 пайызын өзара бөліседі.
Олар туристік агенттіктердің Монғол ассоцациясына (ТАМА) бірігеді. Елдегі
барлық турфирмалар жекеменшік. Қонақүйлер ассоцациясы түрлі қызмет көрсету
иелерін біріктіреді. Барлық қонақ үй жекеменшік және қандай да бір
категорияға жатпайды. Тіпті Улаанбатардағы жақсы деген қонақ үйдің бірі
Шыңғыс хан халықаралық қатарға кірмейді және аттестациядан өтпеген.
Соңғы Монғолия парламентінің туристтік агенттігінің статистикалық
мәліметтері бойынша қазіргі кезде Монғолияда 7000 орындық 260 қонақ үй, әуе
билеттерін сататын 10 магенттік, 5 әуе компанияларының қызмет көрсетіп,
туризм мамандықтары бойынша маман дайындайтын 40 шақты оқу орнының,
жүздеген ресторан, кафе т. б. қызмет көрсету орындарының жұмыс істеп
тұрғаны белгілі.Shangri-ha қонақ үйлер жүйесі 2007 жылдың соңына қарай
Монғолияда өзінің бірінші қонақ үйін салуды жоспарлапотыр. Ондағы келісім
бойынша қонақ үй кешенінде қонақ бөлмелері, мекеме орталығы, дүкендер
орналасады. 190 нөмерлік қонақ үй монғол астанасы Улаанбатарда салынды.Енді
туризм саласынан ел экономикасына кіретін нақты кіріске тоқталсақ
турфирмалар мен турбаздар есебінен 190 млн АҚШ доллары кіріп, ол
мемлекеттік бюджеттің 10 пайызын құрайды.
Негізгі шекаралық басқарманың ақпараты бойынша 2002 жылы Монғолияға 756
мың, 2004 жылы 936 мың турист келген. Ал ол 2005 жылы 24пайызға артып,
өткен жылмен салыстырғанда кірісті де 15,8 пайызға көтерген. Яғни,
Манғолияға келетін әрбір турист орташа 2130 доллар шығындаса, ол осы елдің
кірісі болып 2005 жылы доллар 48,2милионды құраған.
Ел басшыларының жоспарлауы бойынша өз мемлекетінің негізінің
қолдануының 800 жылдығына орай осы жылдың жазайларында 400 мың туристі
қабылдауды алға қойып отыр. Сондай-ақ министірлік 2005- 2008 жылдарға 2
милион турист қабылдап, бұрынғы көрсеткішті 20 пайызға көтеру міндетін де
жариялады. Қазіргі таңда ел үкіметі Корея, Жапония және Қытай
мемлекеттерімен әуе арқылы қатынас жасаудың түрлі келісімдерін жасаумен
айналысуда.
Сол мақсатта осы жылғы мерекеге орай дипломатиялық өкілдіктер мен
консульдықтар бөлімі топтықвизалар беруге рұқсат алды. Оның нәтижелерінде 5-
10 адамдық топ 25 пайыздық, 10 адамнан көп болса 50 пайыздық жеңілдікке қол
жеткізе алады. Мұның күші осы жылдың наурыз айы мен 31-желтоқсаны
аралығында жүзеге асады.
Монғол еліне келуші туристер бұл елден бастапқы қалпын сақтап қалған
табиғатпен, бай тарихымен, этнографиясымен, дәстүрлі қонақжайлылығымен,
дамыған инфрақұрылымымен және жоғары халықаралық деңгейдегі қызмет
көрсетуімен қауыша алады.
Ондағы негізгі экскурсиялық объектлер – Хар Хориндағы Эрдэнэ Зуу,
Манзгиириндегі (Монғол астанасы Улаанбатардың солтүстігіндегі қала маңы)
Амарболсгалант буддалық монастрлары. Сонымен қатар туристер монгол
империясының ХІІІ ғасырдағы астанасы Хар хоринді де тамашалайды. Сондай-ақ
қонақтар үшін кейбір ұлттық мекемелер мәселен, Цагаан сар ай күнтізбесі
бойынша көктемнің басында тойланатынмонғол жаңа жылы да қызықты. Бұл
туристердің негізгі назарын аударатын нәрселері.Ал саяхатшылар ағылатын
мезгіл мамыр айының аяғы мен қыркүйекке дейін. Бірақ елде шаңғы теуіп, аңға
шығып қыс мезгіліндегідей туризмді дамытуға да мүмкіндік бар.
Сонымен Монғолия үкіметінің қазіргі таңдағы негізгі міндеті –
туризмдегі жекелеген бағыттарды дамытып, шетелдік туристер мен
инвесторларды тарту болып отыр. Мұның барлығын инфрақұрылымды дамыту
министрлігі құрған туризмнің ұлттық орталығы жүзеге асырып келеді. Әзірге
монғолияда тек табиғи және мәдени-тарихи туризмді дамытуға ғана мүмкіндік
болып, соның нәтижесінде ел бюджетіне жылына 48,2 млн. АҚШ доллары есебінде
кіріс кіріп отыр. Мұның өзі туризмнің ел экономикасындағы жетекші сала
екенінің көрсеткіші.

1. МОНҒОЛ ЖЕРІНДЕГІ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР

1. Монғолияның табиғи-географиялық аймақтары

Жалпы елдің табиғи байлығы сол елдің әсем бейнелі көркем жаратылысымен
сипатталады. Сондай-ақ ол объектілер туризммен тікелей байланысты.
Оны мемлекеттік және халықаралық тұрғыда белгілі бір стандартқа сай
етіп қалыптасқан заңды түрде қорғауы тиіс.
Өзге елдер сияқты Мрнголияда да ерекше қорғалатын аймақтарды
Халықаралық табиғатты қорғау ұйымы Дүниежүзілік табиғатты қорғау
мониторингі орталығымен бірлесіп 1993 жылы оны тізімдеді. Ол бойынша былай
жіктелді: қорық жерлер, табиғи байлық, тарихи орындар, табиғаттағықор;
қорғалатын ландшафт деп негізгі 5 топқа бөлген. Оның алғашқы төртеуі монғол
елінде кездеседі. Енді соның әрқайсысына кеңінен тоқталсақ:

Кесте 1 Ерекше қорғалатын аймақ (20530588 га, яғни 48 елді мекен)


Қорық жерлер Табиғи байлық Табиғи қорлар Тарихи орындар
Табиғи Табиғаттың Табиғат байлығын Табиғаттың
алқаптардың ежелден бері сақтап, яғни бастауын ежелден
ерекшелігін, кескін-келбетін табиғи қорларды алатын, қазіргі
сондай-ақ ежелденсақтапкеле жатқанбіріктіретін таңда қорғауға
өзінің тарихи, мекендер 182358 алынған
жаратылысын, экологиялық, га – 16 елді мәдени-тарихи
қасиетін сақтап, мәдени маңызы бармекен. орындар 79305 га
адамзаттың және де туризм – 6 елді мекен
қорғануының саласында ерекше
нәтижесінде әлі орын алатын
күнге дейін жерлер 8133420 га
жалғасын тауып -14 елді мекен.
келе жатқан
жерлер.
10494283 га – 12
елді мекен.

Алынған көзі (Улсын Атлас)

Кесте 2 Табиғи байлық жерлер

Қорғаудағы жер Қорғауға алынған
№ Мемлекеттік қорғауға алынған көлемі жыл
жерлердің аты 8133420 га (39,6
пайыз)
1 Ховсгол көлі 838070 1992
2 Хорло-Гэрхидің ақ көлі 77267 1995
3 Гобидің үш кереметі 2694737 1993,2000
4 Горхи-Гэрэлж 293168 1993
5 Алтай Бесбоғда 636161 1996
6 Хангай жотасы 888455 1996
7 Қарасу көлі 850272 1997
8 Неон хангай (патша Хангай) 59088 1998
Хустайн жотасы
9 Ханхохий-Хорлос 50620 1993,1998
10 Сийлхэн жотасы 553350 2000
11 Цамбагар тауы 140080 2000
12 Тарбағатай жотасы 110960 2000
13 Онон-Балж 525440 2000
14 415752 2000

Алынған көзі (Шинэ Эрдэнэ)

Монғолия жеріндегі Алтай, Хангай, хэнтэй, үлкен Хянган, Ховсгол сияқты
таулар елдің 5 негізгі табиғи рекреакциялық аймағына жатады. Осыған орай
туризм ошақтары да осында шоғырланған. Бұлардың ішіндегі Алтай таулы
жүйесі(1,2кесте).
Монғол Алтайының туризмдегі орныАлтай таулы жүйесі Еуразия
континентінің орталық бөлігін алып жатыр. Алтайлық тау жүйесінің солтүстігі
Ресей мен Қазақстанға қарап, Орыс Алтайы деп аталады. Оңтүстіктегі монғолия
мен қытай жерінде жатқан бөлігі Монғол және Гоби Алтайы деп аталады. Оның
ұзындығы 1000 км, ені 300 км, биіктігі 4374 м-ге дейін жетеді. Жоталарының
шыңдары тегістелген, жұмырланғанмәңгі ерімейтін қар мен мұздың ауданы 810
км.кв. Оның ішінде ірісі – Потанин мұздығы. Оңтүстік-батыс беткейлері
ылғалды, орманды-шалғынды келеді. Ал баурайын дала, жоғарғы бөлігін
альпілік шалғын алып жатыр.
Мұнда келушілерге бұл саяхат көптің қолы жете бермейтін Монғол және
Орыс Алтайында болып көру мүмкіндігін сыйлайды. Алтай тауы күрделі табиғи
бітімнен тұрады. Оның территориясында орталық-азиялық және сібірлік әлем
ұштасып жатыр. Алтайдың орыс жағындағы бөлігі табиғаттың сібірлік түрін
көрсетсе, сол мезгілде Монғол Алтайынан орталық-азиялық аймақ бейнесін
тамашалауға болады.
Алтай тауы тасты, шөлді, қарлы шыңды және алуан түрлі қызықты үңгірлері
бар.ол жайында Ресейдің Ъ-Старт журналы былай деп жазады: Ондағы
мекендерге туристің бір қарауы, онда бір рет уақыт өткізуі оны қайта
әкелмей қоймайды. Бұл қызықты оқиғалармен қатар жүретін саяхат – бір
нәрсеге таң қалуы қиын адамдар үшін - дейді.
Бұл тау Монғолия территориясыынң 70 пайызын алып жатыр.Оның ең биік
шыңы батысындағы Таванбогдо тауының биіктігі 4374 м-ге жетеді. Монғолия
бүкіл жер планетасындағы ең континентальды ел. Бұл жаз мезгілінде ауа
температурасы +40 градусқа көтерілсе, қыста сол шаманың минусын көрсетеді
деген сөз.
Монғол Алтайындағы туризмнің тамыры тереңде. Ол бағыт бойынша жүреді:
биік таулы треккинг, төрт мың метрлік биіктікке шығу, атпен көрсетілетін
ойындар, түйемен серуендеу, Хариустағы спорттық балық аулау. Айта берсе әр
келушінің таңдауына қарай жіктеп, сол бағытпен ғана дем алдыруғм да болады.
Монғолдар глобализацияға ұшырамаған, өз дәстүр, ұстанымдарын жақсы
сақтайды. Олар бұрынғы ата-бабаларындағы атпен жүреді. Бұрынғыдай өте сұлу
және өздері де бұрынғыдай ат құлағында ойнайды. Халқы көбінесе киіз үйде
тұрады, сүт ішеді, ет жейді.Онда барсаңыз таза табиғаттың иісі аңқитын
қымыз бен қымыранның дәмі аузыңыздан кетпейді. Онысын күміс тостағанмен
ұсынады және кез келген қонақты қимас туысындай құрметтейді. Қазіргі таңда
танымайтын, әрі кездейсоқ кездескен адамды киіз үйіне кіргізіп ет жегізіп,
сусын ішкізбей шығармайтын елді табу қиын-ақ. Бұл дәстүрді барлығы, әрі осы
күнге дейін ұстауы кез келген туристің қызығушылыығн тудырады.
Монғолдар еңбекқор. Таң атқаннан күн батқанға дейін малмен айналысып,
кешке ғана жалғыз тұрған киіз үйіне оралады. Бұл үйлер әдемі көлдердің
жағасына жайғасқан. Осы арқылы Монғолияның көшпелі мәдениеті көз алдыңызға
келеді. Сонымен монғол Алтайы арқылы мынадай табиғат көрінісін тамашалауға
болады: ақ қар басқан таулар, асау өзендер мен көгілдір көл тостағаны.
Монғол Алтайының негізгі табиғи байлығы да көлдері. Жағалауында ақ
шағаладай киіз үйлері мен жайылымы бар жүзге тарта көлі бар. Сонымен бірге
тау өзендеріндегі балық аулау да өзінше бір қызық. Егер саяхатшылар оны
мақұлдаса таудың асау Қобда өзеніндегі ойпаңдау жерлеріне жайғасуына әбден
болады. Сагсай өзенінің жағасына да аялдаушылар өте көп.
Монғол Алтайындағы биік таулық туры жаңадан бастапжүрген альпинистер
мен тау туристеріне де табылмайтын орын. Биіктігі 3,5 мыңметрден асатын
мәнді қор мен мұз бүркеп жатқан шыңдар күмбез пішіндес болып, ірі-ірі мұз
тілшелері жауып жатыр. Сонымен бірге тік беткейледе ұшырасады. Бір-біріне
жақын жатқан тау рельефтері автокөлікпен тау іргесіне дейін келуге
мүмкіндік береді .Әдеттегідей тау қолтығында бозалық лагерь дамытылды.
Таңсәріде тұрған турист шыңға көтеріліп қараңғы қоюланғанша төмен
түсіп үлгеруіне әбден болады. Бұл жотаға бағыт алған саяхатшылардың
маршруты екі шыңды алуға жоспарланған. Оның бірі 3981 метірлік Сайр тауы,
екіншісі 4208 метірлік Цомбогар сілеміндегі ең биік нүкте Цаст шыңы.
Алтай тауына көтерілуші туристердің соңғы туры өздері аяғымен басып
көріп үйренген таулы орман мен биік тундра зонасы болып табылады. Ондағы
Актру мұздығы, аңғарлар алаңшасы, тау бұлағы мен көл жағасында отырып от
жағып, ежелгі қорғандармен петроглифтерді тамашалау.
Монғолия жеріндегі келесі үлкен тау – Хангай елдің орталығында
орналасқан. Тау көлемі барлық бағытта түпкі жыныстардан жасалып,
айтарлықтай аймақты алып жатыр.
Тауда орман тығыз өсіп, тамашаа беткейлер, кең жайылым таралған.
Хангайдың орташа биіктігі 2500-3000 м. Ал оның көркем суретті кейбір
бөліктеріне жекелей тоқтала кететін болсақ: бұл таудың ең биік нүктесі 4031
м болатын Отгонтэнгэр. Ол таудың батыс қанатын алып аспанмен ұштасып жатыр.
ХҮІІІ ғасырда бұл тау қасиетті деп танылып, қазір тарихи, экологиялық
маңызы жоғары. Осыған орай онда ағаш отауға, аңшылыққа шығуға, жер қазуға
тыйым салынып, оған бас ию сатанаты жылына 4 рет өткізілген. 1992 жылдан
бастап 955 км аймағы қорғалған мекенге жатқызылған. Бұл қорғалған облыстан
сәл төмен 3752 метрлік биіктікте әдемі Будур Хундага көлі бар. Одан өзге
жабайы барыс, арқар, бұғы сияқты көптеген сирек кездесетін аңдарды
ұшырастыруға болады.
Хангай тауының солтүстік шығысына қарай Ховсгөл таулары жалғасады. Ол
тау территориясында айдынды Танг және Ихноен көлімен ұштасады. Ховсголдің
биік нүктесі 3491 метрлік Монхсарьдаг шыңы.
Бұл аймақтағы Ховсгөл елді мекенінің ел туризмінің дамуына қосар үлесі
зор. Мұндағы тауларда мемлекеттік, халықаралық деңгейдегі қысқы жарыстар
ұйымдастырылады. Әр түрлі спорт түрін қамтитын ол тау сайыстарына 20-35 жас
аралығындағылар қатысып бақтарын сынайды.
Келесі таулардың бірі Хэнтай елдің батысында 400 км ұзындыққа созылып
жатыр. Ең биік нүктесі Асралтхайрхан 2800 метр биіктікте. Одан әрі
оңтүстікке жылжысақ 1500 метірлік аласа тау Иехянганды ұшыратасыз. Онда
туристер бағындыруы қиын өзге таулардағыдай мәңгі қор, мұз жатпайды.
Дегенмен онда да демалуға боларлық өзіндік өзгеріске ұшырамаған табиғаты
бар.
Монғолия елінің рельеф түзуші элементтері көбінесе тау туризмін, оның
ішінде әсем табиғат аясында болып, балық аулап, аң атуға, биік таулар мен
шыңдарды бағындыруға бағытталған. Сол тауларының ішіндегі әсемі алтайдан
басталатын тау туризмінің толық бір үлгі жоспарына тоқталсақ.
Шығу ұзақтығы 13 күн және шығушылар тобы 6 адамнан жоғары, мезгілі
мамыр мен қазан айларының арасында.
1-күні.Шу тракты.Ол туралы ХҮІІІ ғасырдағы жазбаларда кездеседі. Альпі
шалғыныбиік таулы дала, қарағайлы Тайга мен тау өткелдері.Кешкісін Шу
өзенінің жағасында күрке жасап түнеу.
2-күні Манғолия. Орман артта қалады. Шу даласы, қазақ ауылдары.
Құжаттарды реттеп, шекарадан өтеді. 2481 метрлік Дурэт-Дба өткелі тағы бар.
Ал одан ары 90 шақырымдық із жолға түсіп жүрсек шекарадағы қала баян-
Өлгийге келеміз. Аздаған тынығудан кейін Толбо көліне бет түзеу керек. 2079
метрлік биіктіктегі көл жағасында палаткалы лагерь жайғасқан.
3-күн. Толбо-Нур көлі – Ховда қаласы.Таңертең көбірек ұйықтауға да
немесе оның орнына балық аулауға да болады. Жартасты жағалауға жақын түстік
ас дайындалады. Түстеніп алып көл жағалап көрініп тұрған екі негізді Сайр
тауына бет аламыз (3984 м). Тау жотасыынң тасты қырқасын басып өтіп, 4
сағаттан кейін көп жылдар бұрын Алтайдан Қытайға бағытталған керуен жолының
жалғыз елді мекені болып саналған Ховда қаласына түсеміз. Қала маңындағы
киіз үйлерге орналасамыз.
4-күн толығымен көшпелі мәдениеттің үлгісі болған ежелгі қаланы көруге
арналады. Мұражайлар мен базар аралап, ескерткіш сыйлар сатып алынады.
5-күн. Ховда қаласы – Цаст тауы.
Таңертең барлық топ Хошат өткеліне (2700 м) бет алады. Цаст тауына жету
үшін (4208 м) Цамбагар тау сілеміне таяу жүру керек. Базалық лагерьді
орнатып, биікке шығуға дайындалу.
6-күн. Цаст шыңын бағындыру. Биіктік 4000 метрлік. Құдай денсаулық, ауа
райын және сәттілік бере көр! Бұл сәт тамамдалса шампан бокалы көтеріледі.

7-күн. Цаст тауы – Баян-Өлгий қаласы – Сахсай өзені. Жасыл жайылым мен
жүздеген ақшаңқан үйлер жайғасқан Алтанцогц аңғары арқылы Баян-Өлгийге
ораламыз. Қонақжай көшпелілер бал татыған қымызы мен монғол шайын ұсынады.
Баян-Өлгийден азық-түлік сатып алып, тағы да Сагсай өзеніне дейін 30 км жол
жүреді.
8-күн. Сахсай өзені – Хотон-нур көлі.
Хобда-Гол өзенінің бастауына жету. Тасты жол тау арқылы Цэнгэл ауылы
орналасқан кең аңғарға әкеледі. Жіңішке өзен шатқалымен жылжып биік таудың
суы жиналған айналасын қарлы тау қоршаған кең қазаншұңқырға келеміз.
9-күн. Хотон-нур көлі.
Күн толығымен құмардан шығу үшін балық аулауға арналады. Балықшылар
еркіне қайықтар беріледі. Күн тәртібіне ешқандай шектеу қоймай кешкісін
балық тағамдары әзірленеді.
10-күн. Хотон-нур көлі – Цэнгэл ауылы.
Ховда өзенінен өткен соң жүкті жинап көлікке саламыз. өзіміз жеңіл
қайыққа отырып, көркем бейнелі шатқалдары тамашалаймыз. Жүзуге
болғанменасау тау өзендерінде тәуекелге баруға болмайды. Қалауға рай әдемі
жер таңдап, балық аулауды жалғастыруға болады. Жол өзенді бойлай
кеткендіктен кез келген жерден шығып тоқтауға болады.
11-күн. Демалуды көлде және қалау бойынша графикті өзгертуге болады.
12-күн. Цэнгэл ауылы шекара – Шу өзенінің жалғасы.
Ерте тұру. Монгол алтайымен қорытынды автожүру. Улаан-хус ауылынан жол
Урэгтуге және Хоглогийн Даба (2600 м) арқылы шекараға кетеді. Одан әрі
қоштасу кешкі асы.
13-күн. Шу өзені – Барнауыл қаласы.
Таныс Шу табиғаты. Қасиетті Аржан-Суу бұлағына тоқтау, естелік
сыйлықтар мен жергілікті халықтың қолөнер бұйымдарын алу. Саяхат сағат 20-
00-де Барнауыл қаласында аяқталады.
Бұл жоғарыда айтылған Монғолияның табиғи байлығының туризмнен алатын
орнының бір шеті ғана.Соның бірі таулы Алтайдың ғана туризмді байытуда
тамырының тереңде екені, өз жалғасын табатыны көрініп тұр. Бұл Алтай болса
Монғолияда сондай бірнеше тау бар екені – туризмнің ертеңінің дәлелі.
Сонымен ашық аспан астындағы ақ үй – гэр еліндегі саяхат тамамдалады.
Бұл ел Азияның кіндігінде орналасса да әлемдік өркениеттен шет қалған.
Монғол жеріндегі халықтар өте азға қанағкат етіп те өмір сүруге болатынын
әлемге таныту арқылы саяхатшыларды таң қалдырып отыр.
Көшпелілер үшін зәулім тымырық қаланың маңызы шамалы. Қазір де олардың
жартысына жуығы қала территориясын мекендемейді. Табиғи өнімдерден жасалған
киіз үйдің маңызы еш нәрсемен теңдессіз. Қатал табиғат пен көшпелі өмір бұл
азға қанағат етуге үйреткен. Оларға керектің барлығы өздерінде бар. Мысалы,
тек бір ірі қара малының өзі ғана жылжымалы азық, әрі отын, әрі көлік. Сол
секілді айта берсек әр түліктің өз орны бар. Осыған орай бұл елді
қоныстанушылар да тіршілігі мен өмір салтын бейімдеп алған. Ол көзқарас пен
діни сенімі, қазіргі таңдағы сол жердің шырышы бұзылмаған табиғаты айтпаса
да көзге ұрып тұр.

2.2 Елдегі бальнеологиялық орындар

1) Әсем көлдері
Монғол жерін мыңдаған көлдердің отаны деуге болады. Ғалымдардың
мәліметінше біздің елімізде 3500 көл бар екен. Олардың жалпы ауданы 15,6
мың км.кв.
Еліміздегі көлдердің үлкені де, кішісі де, уақытшасы да, тұрақтысы да
бар. Бірақ олардың көпшілігі ағынсыз тұзды болып келеді. Көлдің мұншалықты
көп болуы дүние жүзі елдерінде сирек кездесетін жайт. Үлкен көлдер
Монғолияның батысында, ал көлемі шағындары Гоби және дорнод елді мекенінде
көптеп кездеседі. Үлкен көлдердің саны аз. Мысалы, 1000 км.кв. үлкен көлдер
4, 100-1000 км.кв. болатын көлдер 10.
Монғол жеріндегі көлемі жағынан ең үлкен көл Увс көлі. Оның ауданы 3350
км. Кв. Бұл көлдің жаратылуы тұйық көл түріне жатқандықтан тұзды болып
келеді.
Орталық Азия мен Монғолиядағы ерекше назар аударатын терең көлдердің
бірі Хөвсгөл ағынды, тұщы сулы болыпөз суымен үлкен тектоникалық ойпатты
толтырып жатыр. Ол 1624 метр биіктікте жайғасқан. Көлдің ұзындығы 134 км,
ені 35 км, ауданы 2620 км.кв. Хөвсгөлдің ең терең жері хюйс аралында 238
метрге жетеді. Көлге 46 өзен мен өзен салалары келіп құяды. Оның 34-і
тұрақты, қалғаны тек жаңбырлы мезгілдерде ғана ағады. Одан бір Эгийн-Гол
өзені ғана ағып шығады.
Монғолиядағы ең үлкен көлдер үлкен көлдер қазаншұңқырында шоғырланған.
Оның аты айтып тұрғандай болжамдар бойынша миллиондаған жылдар бұрын
қазаншұңқыр орнында қазір көп көлдер нәтижесінде түзілген ішкі теңіз болған
деседі. Қазаншұңқырдың солтүстік бөлігінде ең үлкен көлдер орналасқан:
хясгас-нуур, Дүргэн-нуур көлдері тұйық көлдер болғандықтансуы ащы. Сонымен
бірге мұнда ағынды Хара-ус-нуур, Хара-нуур, Айраг-нуур көлдері бар.
Монғолияның шығыс бөлігінде көлдер аз. Бірақ олар негізінен шағын,
тұзды келеді. Бұл бөліктегі жалғыз ірі ағынды тұщы көл Буйр-нуур
Маньчжурия шекарасында орналасқан.
Республиканың Гоби ауданында көлдер көптеп саналады.Бірақ олар ұсақ
тұйық және табаны батпақтанған көлдер қатарына жатады. Бұл көлдер
жағалауында санаторийлер салынып негізгі су туризмшінің ролін атқарады.
Олардың арасындағы тұщы көлдердің туризмде алатын орны ерекше. Бұл
көлдер суының тазалығы сондай 30 метрлік тереңдіктегі тастарды да көруге
болады.Оның ішіндегі Хубсугул көлі оттегімен байытылған. Хубсугул химиялық
және физикалық құрамы Байкал көліне өте жақын. Хубсугул көлі мен оның
айналасын монгол Щвейцариясы деп тегін айтпайды. Бұл жердің тамаша сұлулығы
– қатал Солтүстік Монғолияның маржаны. Суы тола көл суы тік жартастарды,
биік тау беткейлерін онда өскен сирек орманымен бірге айнадай жарқыратып
көрсетеді. Егер де бұлтсыз жазғы күні көлде жүзетін болсаңыз оның
солтүстігі Ресей шекарасына таяп тура суданМунку-сардык сілемі мәңгі қар
басқан шыңымен қоса шығып келе жатқандай болады.
Көл табиғатынан туристер одан өзге де не тамашалай алады деген сұраққа
келсек, оның жоғалуының табиғи қалпын сақтап тұрған флорасының өзі таудағы
альпілік шалғынның өзі неге тұрады!? Ондағы бүркіт – бесінші мұхиттың
елесі. Түлкі алу сәтін де тамашалауға болады. Ал аққулар болса адамнан
қорқпайды. Гэрлерді тігіп, қымызын ұсынып отыратын халқының қонақжайлылығы
көпті таң қалдырары сөзсіз.
Ал балық аулау - өз алдына бөлек әңгіме. Ондағы бұл урды сол жерде
болатын аралықта түрлі аулау әдістерін пайдалансын деп ерекше бөліп қойған.
Әсіресе қайықпен балық аулауға кешке шығу қызықты. 3-5 кг салмақты
жыртқыштың соққысы кез келген жүректі жиі соқтырады. Ірі балықтар жиі
соққылайды. Негізгі мәселе аулаған балықпен не істеу болып табылады.
Барлығын тауысу мүмкін емес. Және алда нешеме көл бір-бірінен өткен сұлу,
бәрін көргің келеді. Олардың көпшілігі қарлы таумен қоршалып жатады және ол
аймақтарқорғауға алынып, қорықтар саналады. Оны орман алып базалық
лагерлерсалуға болады. Балық аулауға ең қолайлы мезгіл мамыр айының бірінші
он күндігі екенін туристер де біледі.Мұндай көгілдір тостағандағы көл
жағасында өз демалысын өткізіп, табиғат аясынан рахат лалуға әркімнің-ақ
асығары хақ. Ол үшін монғол елі барлық мүмкіндікті тудыруға тырысуда.
Сонымен табиғаты әсем, антропогендік өзгеріс әсеріне ұшырамаған, бейбіт
көңілді тұрғынды аймақта ертеңі жарқын екені айтпаса да түсінікті.
2) Арасандар
Табиғи рекреацияның негізгі бір бөлігі елдің емдік сулары, яғни арасан
бұлақтары. Емдік курорттар саны елімізде 300-ге жуық.Олар құрамына қарай
келушілердің көңілінен шығады. Арасандардың көптігі мен құрамына қарай
тұзды суық, минералға бай өте суық, минералы аз тұщы, ыстық деп төртке
бөлінеді.
Құрамында гидрокорбонат, калций, магний, көмір қышқылды тұзды суық
арасандар Монғолияның Хантай, Дорнод өлкелерінде көптеп кездеседі. Оған
Жанчивл, Хант, Тарс, Уүрт арасандары жатады. Гидрокорбанатты, хлор, иод,
сульфат, бромды тұзды суық арасандар Гобидің Дорнод өлкесіндегі ұлы көлде,
қазаншұңқырында көптеп кездеседі.
Гидрокорбанатты, натрий, күкірт қышқылды, азот сутекті ерітіндісі аз
ыстық арасандар Хангай таулы аймағында ұшырасады. Оның ішінде +38-40
градустан бастап, 90-100 градусқа жететін арасандар Өвөрхангайдың Хужирт
өлкесінде, Хурэмде, архангай аймағының Цэнхэр, Баянхонгордың Шаргалхулты
жерінде көп. Олардың емдік, тұрмыстық маңызы жоғары. Гидрокорбанатты,
калций, магний сияқты химиялық элементтерге кедей тұщы арасандар ел
территориясының барлық жерінде кездеседі деуге болады. Олардан өзге де
емдік қасиетке ие батпақтар да жиі ұшырасады.
Монғолияда арасан курортты жерлер 1934 жылы ашылған. Ол Улаанбатар
курорты деп аталады. Сондай-ақ Туул өзеніне жақын жерде арасан көзітабылып,
1974 жылы мұнда бүркіт емдік арасан курорты пайдаланыла бастады.
Хужирттың ыстық арасандарының 1940 жылы 40-қа жуық ошағын тауып, оларды
алғашқы болып сол жердегі тұрғындар пайдаланған. Бұл арасан кейін
дамытылып, шетелдік туристердің демалып, емделетін ерекше емдік курортына
айналды. Оның таптырмайтын емдік қасиеті кез келгенді таңдарырары хақ.
Арасандар адам ағзасындағы негізгі мүшелер ауруларына шипа. Оған
демалушылар мен саяхатшылар барып,Монғолияның туристік саладағы қызметін
пайдалана алады. Сонымен бірге әр арасанның өзіне ғана тән қасиеттері де
баршылық.
Сондай арасандардың бірі – Хужирт арасаны. Бұл арасанның туризм
орталығы Өвөрхангай аймағының Хужирт облысының маңында Улаанбатар қаласынан
380 км орхон деген жерде орналасқан. 1939 жылы алғаш осы жер пайдалануға
беріліп, халық қажетіне қызмет етуде. Қазіргі таңда бір мезгілде 150-300
демалушы қабылдайтын үлкен арасанға айналған. Бұл шипалы арасанда Ыстық
арасан, емдік батпақ, дене шынықтыру, су бассейні, сонымен бірге әйелдер
кабинеті жұмыс жасайды. Осы кабинеттерде аяқ-қол сырқаты, жүйке жүйесі
аурулары, операциядан кейінгі ішек жабысуынан сақтау және бұлшық еттер
ауруы сияқты көптеген ауруларға дауа жасалады. Соның нәтижесінде
сырқаттарға 85-90 пайыздық көрсеткішті жазылу мүмкіндігі беріледі.
Еліміздің ауруға дауа емдік, шипалы ыстық арасаны, дәрулік өсімдіктері,
батпағы сияқты табиғаттың бұл таңғажайыптары денедегі шаршауды басып,
ағзаға күш-қуат, жанымызға сая беретін үлкен арасан. Бұл арасанда емделумен
қатар Орхон күркіремесі ерте кездің қалашығы Хархорин қаласының жұрты
Эрдэнэзуу атты мұражай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монғолияның рекреациялық ресурстары мен сапасы
Қазақстан мен Монголиядағы туризмнің дамуы
Маңғыстау облысы ресурстарының рекреациялық әлеуеті
Шығыс Қазақстан облысының туризмінің қазіргі жағдайы мен туристік іс - шаралар
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Қырғызстан
Жамбыл облысының рекреациялық картасын құрастыру
Семей өңірінің тарихи топонимдері географиясын зерттеудің перспективалары мен маңызы
Ұлытау аймағындағы туризм
Пәндер