Сырым батырдың бас старшина Тархан болып сайлануы және оның саяси көзқарасы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І. Кіріспе
І. Кіріспе: ІІ. Негізгі бөлім
:
І. Кіріспе: 1-тарау. Сырым батыр бастаған көтершілердің Нұралы ханды тақтан түсіруі. .
:
І. Кіріспе: 1. 1. Сырымның батыр және тұлға ретінде қалыптасуы. Көтерілістің басталуы.
:
І. Кіріспе: 1. 2. Нұралы ханның падшадан саяси баспана іздеуге мәжбүр болды
:
І. Кіріспе: 2-тарау. Отаршылдық әкімшіліктің халық көсемін өз мақсатына пайдалану үшін айла тәсілдері
:
І. Кіріспе: 2. 1. Сырым батырдың бастаршыны Тархан болып сайлануы және оның саяси көзқарасы. . . .
:
І. Кіріспе: 2. 2. Орал әскерлерінің қазақ аулына жаңа шабуылы.
:
І. Кіріспе: 3-тарау. Қозғалыстың қайта өрлеуі, сәтсіздіктер, және көтеріліс тағлымдары. . .
:
І. Кіріспе: 3. 1. Сырымның әдіс тәсілдері, патша өнім емінің келісімге келуге ұмтылуы
:
І. Кіріспе: 3. 2. Көтерілістің тарихи маңызы .
:
І. Кіріспе: ІІІ. Қорытынды . . .
:
І. Кіріспе: IV. Пайдаланыған әдебиеттер мен деректер . .
:

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.

Сырым батырдың қозғалысы отырғышы халықтардың азаттық жолындағы қозғалысы қауіпті жағдайдағыдан гөрі өзгешелігі бар жағдайлардан туындаған. ХVIII ғасырдың 70-80 жылдары ханмен сұлтандар билігі, патша әкімшілігі арқылы күшейіп отырса старшындардың елді басқару ісі шектеле берді. Осы кезден бастап старшиндардың ханға қарсы қозғалысы кең етек алды. Олардың негізгі мақсаты хандық билікті жою болды. Бұдан біз сол кезеңдегі қазақ қоғамындағы дағдарыстың басталғанын көреміз.

Хандық билік күші жүзде әлсіреп, халықтың алдында беделмен айырылғанын Нұралы ханның өзіде мойындайды. Бұл сол кезеңдегі халық бұқарасының азаттық жолындағы күресінің жоғары сипат алғандығын көрсетеді. Тақырыптың қыр-сыры, ашылмаған тұстары әліде болса молынан кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда тақырып осы заманның өзекті мәселесінің бірі екендігін көрсетеді.

Осы тақырыпты басшылыққа ала отырып мынадай мақсат міндеттерді алға қойдық:

  1. Бірінші міндетіміз қазақ қоғамында ХVIII - ғасырда дәулеттілік және әлеуметтік қарым қатынас жағынан, саяси өмір жағынан патриархтың - ру, салт - сананың үстемдігі нақты қандай деңгейде болғандығын зерттеу.
  2. Қазақстандағы отаршылдық тәуелділіктің жағдайларындағы қоғамдық қарым-қатынастардың патриархтық-феодалдық системасынан туған өзгешелігін көрсету.

Зерттеп отырған қозғалысты сол қозғалыстың дамыған кезеңдегі шаруашылық, әлеуметтік жағдайлармен және сол кездегі саяси ахуалмен біте байланыстыра қарайтын болғандықтан, біз негізгі деректерге және әдебиетке шолу жасағанда бұлардың тек қана Сырым батырдың әрекетіне тіке байланыстыларын қарастыруы мен ғана тыным қоймаймыз. Сондықтан біз қазақ қоғамы тіршілігінің жағдайларын көрсететін байланысты негізгі деректермен әдебиеті сиппатауға да тоқталуға тиістіміз. Сырымның күресі ХVIII ғасырдың соңғы екі он жылдығын (1783-1797) түгел қамтиды деуге болады. Біздің шолуыңыз осы дәуірге тікелей немесе жуық қатысы бар ескерткіштерді қарастыру шеңберінен шықпауы тиіс, тек кей бір кездерде ғана, жұмысымыздың мазмұнына қарай қажетті болған жеріне ғана, неғұрлым ертеректегі негізгі деректерді пайдалануға тиістіміз.

Сырым батырдың қозғалысын зерттеуге қатысы бар тарихи негізгі деректердің көлемі толып жатқан фольклорлық материалға, сол сияқты этнография мәліметтеріне қарамай өтсек үлкен қате болар еді.

Қазақстан этнографиясына қатысты жазбаларының ішіндегі бізге ең керектісі - уақытына қарай біздің зерімен отырған дәуірімізге неғұрлым таяу уақытта жазылғандары.

І-тарау. Сырым батыр бастаған көтершілердің Нұралы ханды тақтан түсірді

1. 1. Сырымның тұлға ретінде қалыптасу және көтерілістің басталуы

Сырым турасындағы 1783 жылға шейінгі документа биографиялық мәліметтер өте үзінді-үзінді болып және толық емес болып келеді. Бұл мәліметтерге маңызды толықтаулар - қазақтардың Сырым атына байланысты халық аңыздары. [1]

Аңыздың айтуына қарағанда, Сырым жас басынан-ақ ақылды және адал болған. Жиырма жасында Байбақты руының ші болып, ақсақалдардан ел билеу данышпандығын үйренемін деп ел аралайды. Ол кәрілігі жеткен Тама руының биі Малайсарыға да барады. Атақты би оған мынаны айтады. «Балам, асыл үш сөз бар, - дейді Малайсары. Егер осы үш сөзді ұмытпасаң ел де сенің төңірегінде болады, егер ұмытсаң сенің қасында ешкім де қалмайды. Ол үш сөз мынау: ар, намыс, ел алдындағы борыш. Тағы да саған айтатыным: Жақынға жара түсіремін деп асық болма, алыстағыға күйе жағам деп асық болма». Мүмкін, Малайсары бұл сөзді Сырымға тіпті айтпағанда шығар, дегенмен батырдың бейнесі халық есінде осындай болып қалған, және осы бейне тарихи ақиқатқа да өте үйлес келеді. Сырым ру басшыларының арасынан шыққан атақты батыр болған. Сырымның билеуінде 2 мыңдай үй болады, былайша айтқанда, ол өзінше ірі деген ру старшиналарының қатарында болады.

80-жылдардың бас кезінде Сырымның дәулеті қандай болғандығы туралы ешқандай мәліметтер сақталып қалмаған, бірақ оның 90-жылдар аяғындағы байлығы туралы оған берген астық келбетіне қарай топшылауға болады. Осы ас туралы Я. Гавердовскийдің айтуына қарағанда, Сырымның балалары мен туысқандары оның асына 3 мың қой, 300-ге жуық жылқы ұстаған, 6 мың шелекке жуық қымыз ішілген, бірнеше киіз үй, сауыт-сайман, толып жатқан басқа түрлі мүлік үлестірілген. Мұндай ас тек бай адамдардың ғана қолынан келеді. Сырым атқа мініп саяси күреске айналысқан кезде де ол ауқаты төмен адамдардың қатарында болған деуге ешқандай дерек жоқ. Мұның қарындасын әйелдікке Нұралы хан алған. Малы жоқ кедей батыр Нұралы сияқты ханмен жақын болады деуге болмайды. «Өзінің байлығы және соңынан ерген халқының көптігіне қарағанда, Сырым ханнан да асып түседі». [2]

Орыс материалдарында Сырым жөніндегі ең бірінші дәлді мәліметтер 1774 жылдан бастап кездеседі, бұл уақыт Пугачев, қозғалысының қазақ даласына қарай жайылған кезі.

1779 жылы Шекара істерінің Орынбор экспедициясында қазақ тұтқынынан қашып келген Орал қазақ-орысы Федор Курицын дегеннен жауап алынады, ол өзінің берген жауабында Сырым 1774 жылы әртүрлі рудан шыққан қазақтардан құралған көп санды отрядтың басшысы болды дегенді айтқан.

Мұндай құрама отрядтар наразы қазақтар өздерінің тілектерін старшиналар құттамаған кездерде құрылған, осындай кездерде қазақтар түрлі рулардан жиналып өздеріне сенімді бір батырдың басшылығымен отряд жинаған. Курицынның айтуы, Сырым 1774 жылы көтеріліске шыққан халық бұқарасының басын біріктірген санама старшиналардың бірі болған деп ойлауға мүмкіншілік береді. Сырымның 1774 жылғы көтерілісі қазақтардың линияға жасайтын әдеттегі шабуылы емес, қазақтардың Пугачев қозғалысына қатынасқан кездерінің бірі екендігін 1775 жылғы тиісті мәліметтер дәлелдейді. Суворовтың 1775 жылы 22 июнь күні Симбирскіден граф П. Панинге берген хабарынан біздің білетініміз, Сырым патша әскерлеріне қарсы жүргізілген қару-жарақты күреске тек белсене қатысып қана қоймай, мұның үстіне ол сол күрестің ең ірі басшыларының бірі болған. Қазақ жонғарлары яғни сұлтандар, қозғалыстан әлдеқашан бой тартып кеткеннен кейін де Пугачев, өлгеннен кейін де Сырым қажырлы күрес жүргізе береді. Бұл арада өкінішті бір жері, Сырымпың Пугачев қозғалысына катынасқандығы туралы ешқандай басқа материалдар сақталып қалмаған, сөйтіп Сырымның бұл кездегі күресінің нақтылы қандай түрде болғанын және қаншаға созылғанын біз біле алмаймыз. Бірақ, 1776 жылдың қүзіне Сырымның күресті тоқтатқандығында күмән жоқ. Ортажүздің Керей руында «Невидимка» [3] қозғалысы туа бастағанда, Нұралы хан қозғалыстың басқа руларға жайылып кетуінен сақтану үшін «өзіне қараған руларға» Сырым мен Есім сұлтанды жібереді, Тегі, Сырым ханның тапсырмасын орындаған болу керек, өйткені хан Есім мен Сырымды «бұлардың істеген қызметі және ханға берген жақсы кеңестері үшін» онда «қалдырып қоймауды» өтінеді, және Сырымның мұнда ұсталып жатқан аға-інілерін Сырым барлық істі ынтасымен істеп жүргендіктен, босатып жіберуді сұрайды». [4]

Сырым жөніндегі бұдан арғы мәліметтер 1778 жылдан басталады. Орынбор соғыс губернаторы Н. Н. Бахметовтың берген мәліметтеріне қарағанда, бұл жылы Орал қазақ-орыстарының қазақ даласына жасаған шабуылдарының бірінде бұлар Сырымның балаларын өлтіреді. 1783 жылы август айында Сырымға жазған хатының көшірмесі сақталып келген. Бұл хатта экспедиция Сырымға сөз салып, купец Филипп Григорьевтің керуенін қазақтар талағанда оның шеккен шығынын орнына салу жөнінде шара қолдануды өтінеді. Мұнда экспедицияның сөз тәсілінің өзі қызық: «Сіз, құрметті старшина, - деп жазылған әлгі хатта, - бұл жақтағыларға өзіңіздің көңіліңіз дұрыс келіп, қашан да ынтаңызбен қызмет істейтін болғандықтан, әлгі айтылған талаушылардан Григорьевтің малый өндіріп алып жеткізіп беруге уәде бересіз . . . өйткені . . . сіздің басқаларға қарағандағы өзгеше мінезіңіз және бұл жақтағыларға деген ниетіңіздің дұрыстығы мұнда әбден мәлім» Сөйтіп біз 1783 жылдың август айына шейін Сырым Орал әскерлеріне қарсы және шекара өкіметтеріне қарсы күреске тартылмаған деп айта аламыз. Бірақ, 1783 жылдың декабрь айында Сырымды Тополинск форпостының маңында Орал әскерлерінің қазақ-орыстары тұтқынға алады. Мұны Орал әскерлері Сырым, Шаганов деген старшинаны ұстап алып, оны Хиуа құлдығына сатып жібергені үшін одан кек алу ретінде істейді. Қазақтарды талаған, тіпті ханның өз ауылдарына шабуыл жасаған Орал әскерлерінің отрядтарына қарсы Сырымның жүргізген күресі, тегі, 1783 жылдың күзінен басталды. 1784 жылдың жазғы тұрымында Нұралы хан Сырымды тұтқыннан сатып алады. Хан Сырымның тұтқыннан босатылғаны үшін 70 жылқы және 350 сом ақша береді. Сырым 1784 жылы жүз ішіне қайтып келіп, Орал әскерлеріне қарсы тағы да өштескен күреске кіріседі. Бұл күрестің дамуы үшін себеп мейлінше толық болады, оны біз жоғарыда көрдік. Орал әскерлеріне және шекара өкіметтеріне қарсы қазақтарды үгіттеудің қажеті болмайды: олардың тек басын біріктіру ғана керек болады. Қазақтардың біз жоғарыда айтқан 1783 жылғы жаппай көтерілісі 1784 жылға шейін созылып келеді. Қозғалыс бұрынғысынша Нижнеурал линиясында және Орск бекінісінің ауданында дамый береді. Табын және Шекті руларындағы, Барақ, Тіленші, Оразбай және Айшуақ ұлы Жантөре сұлтан билеген жерлердегі қазақтар Верхнеурал бекінісімен Елек қаласының арасындағы линияға ірі шабуыл жасамақ болып әзірленеді. Ноябрь айында Сырым Сағыз өзенінің бойына линияға шабуыл жасау үшін бір мыңдай қазақтан құралған ірі отряд жинайды. [5]

Бірақ қазақтардың патша әкімшілігіне және Орал әскерлерінің старшинасы қарсы өз старшиналары бастаған күресі кең түрде дамыған кезде, Нұралы хан осы күреске қатынасқандарға жаулас бағыт ұстанады. Мұның өзі хан мен Сырымның арасы ашылуына себеп болады. Сырымның отрядтары хаш үшін белгілі түрде қауып туғызады. Сырымның отряды Сағыз-өзенінің бойына келіп жыйналғанда, хан өзінің ауылдарын алып лажсыздан Оралға көшіп кетеді. Мұның өзі хан мен Сырымның арасындағы қатынастар 1784 жылдың күзіне қатты шиеленіскендігін көрсетеді Старшиналар мен хан арасындағы қатынастар шиеленісе береді. Бұл түсінікті, өйткені шекара отрядтарының қазақтарға істеген зорлықтарына Нұралының және оның балаларының қатынасқандықтары салдарынан туған наразылық әлдеқашан шегінен асып болған және мұның үстіне хан әлгі күшейген күресте патша әкімшілігі агентінің қызметін орындайды. Бірақ қозғалыс бұл дәуірінде жергілікті әкімшілікке, Орал әскерлерінің старшиналарына қарсы күресу жолымен жүреді және дұрысында, отаршылдыққа қарсы қозғалыс шеңберінен шықпаған. [6]

Қазақтардың линияға шабуылдар жасауымен байланысты, ел ішіне жазалаушы экспедициялар жіберіледі. Бірақ бұлар Россияға қарсы қастас болған ауылдарға жазалау шараларын қолданудан гөрі, тіпті ешқандай кінәсі жоқ ауылдарға зұлымдық шабуылдар жасаумен болады. 1785 жылы 17 февраль күні Орынбордан Елек өзенінің жоғарғы бойына генерал-майор Смирнов бастаған отряд жіберіледі. Отряд қатарында-Орынбордың 237 қазақ-орысы және 2432 башқұрты болады, отряд 2 зеңбірек алады. Қатты боран болып, Смирнов кері қайтып келеді. Көп аттарынан айырылып, отряд әрең дегенде Ильинск бекінісіндегі линияға келіп жетеді. Жаулас ауылдарды кездестіре алмайды, бірақ таяудағы бейбіт ауылдардан 66- қазақты тұтқындап ұстап алып келеді, мұның да көбі әйел болады. Башқұрттар бірқатар ауылдарды талайды, генерал-майор Смирновтың айтуына қарағанда, ол бұларға «елді талама деп тілін алдыра алмаған» көрінеді. Бірақ өте-мөте қажырлы күрес 1785 жылдың жазғытұрымынан бастап Нижне-Урал линиясының ауданында күшейе бастайды. Мұның себебі, «шекара барымтасы» деп аталатын шабуылдың өте-мөте көбейіп кетуінде ғана емес, мұның үстіне мұнда қазақтар қысқы мал жайылысы жөнінен қатты қыспақ көреді. Қозғалыстың орталығы Байбақты, Табын және Тама руларының қауымдары болады. [7]

Генерал-майор Смирновтың отрядымен бір уақытта Сарайчиков бекінісінен 15 март күні ел ішіне Орал әскерлерінің Колпаков және Пономарев деген старшиналары бастатқан 1250 қазақ-орыстан құралған отряды шығады. Соғыс коллегиясының президенті князь Г. А. Потемкиннің бұйрығы бойынша бұл отрядқа «разбойник қырғыз-қайсақтарды» жазалау үшін оларды «Сырым салған ініне шейін Эмба өзенінің құйылысына шейін» қуып бару тапсырылады. Отряд ел ішіне шығып, екі күн өткеннен кейін, отрядқа ханның туысқаны старшина Мұртазаның баласы Мәмбет келеді, ол ұзынқұлақ хабардың айтуына қарағанда, Эмба өзенінің бойында «Байбақты, Кете, Шекті, Табын, Шеркес және Таз рулары Сырым, Барақ және Тіленші деген атақты ұрылардың басшылығымен жиналып жатыр, атап айтқанда Сырымның жанында 2700, Барақтың жанында 2000 және Тіленшінің жанында 1500 адам бар» деп хабар береді. [8]

«Отрядтар ел ішіне жіберілген осындағы әскерлерді келтірмеу үшін және соларға соққы беру үшін жиналып жатыр» дегенді. Қазақтардың осы отрядтарға адамдары қосылған ауылдары Эмбаның сыртына, алысқа көшіріледі. Бұл жерлерде суы жоқ болғандықтан және жылқы оты болмағандықтан жетудің өзі қиын болады. Мұнымен қатар, Мәмбет, Қолпаковқа, Қаракөл өзеніне жақын жерде, Беріш және-Адай руларының ауылдары көшіп жүреді, Бұл ауылдары Каспий теңізінің жағасындағы, Орал өзенінің құйылысына таяу жердегі Лебяжий және Прорвенский деген орыс хуторларына шабуыл жасалғанда соран қатынасқан дегенді айтады. Осы жағдайлардың бәрін салыстырады да, Колпаков Эмбаға бармайтын болады, отрядын алып Қаракөл өзеніне қарай бұрылады, осы жерге 3 күннен кейін Мәмбет те әкелінеді. Колпаковтың айтуына қарағанда, Беріш және Адай руларының қазақтары қолдарына қару-жарақ алып, қарсыласқан, осы жан-жалдың нәтижесінде әлгі рулардың бірнеше адамдары өлтіріледі, ауылдық қалған халқы - 102 адам тұтқынға алынады. [9]

Тұтқынға алынғандардың арасында 14 еркек бар болады, қалғандары қатын-балалар. Қазақтардың малы мен мүлкін Орал әскерінің отряды талап алады. Линияға 83 түйе және 2955» жылқы әкелінеді. Колпаковтың отряды Орал форпостары арқылы Сарайчиков бекінісіне қарай бет алған кезде-ақ (Колпаков ел ішіне осы бекіністен аттанбақ болған) Орал қаласына 3 март күні Нұралы ханнан хат келеді, ол бұл хатында атаман Д. Донсковке қазақ-орыс хуторларына шабуыл жасалғанда соған Табын руының кейбір ауылдары да қатынасты, бұл ауылдар Айшуақ сұлтанның маңында жүретін деп хабар береді және осыларды басып алуды талап етеді. [10]

Бұл хат ішкі істердің Орынборлық экспедициясына жіберіледі, экспедиция ханның хаты бойынша Табындарға шабуыл жасауды сол Колпаков отрядының өзіне тапсыру керек деп жарлық береді. Бірақ Оралдың соғыс канцеляриясы басқаша жарлық берген. Жаз шығып, қазақтардың жайлауға көшетін уақыты жақындап келе жатқандықтан, табындарды кезінде басып қалу үшін басқа отряд құрылады, бұл отрядтың саны премьер-майор Назаров бастатқан 405 адам Орал қазақ-орыстары болады. Назаров 24 март күні табындардың ауылдарына келіп жетіп 2124 жылқысың шауып алады. Сол кезде жылқы ішінде қасында бір аз адамдары бар Айшуақ сұлтанның баласы Жантөре жүреді, бұлар «мылтық атып», қарсылық көрсетпекші болады, бірақ оларды отряд «далаға қуып тастайды», ал сұлтан Жантөренің өзі Орал қазақ-орыстарынан мықтап таяқ жейді. [11]

Назаров табындардың малый шауып алып жүрген кезде Сахарная бекінісі жағынан түтін шығып атылған зеңбіректің даусы естіледі. Сондықтан Назаров, Антонов форпостына осыдан біраз бұрын шабуыл жасаған қазақ отрядтары-енді Сахарная бекінісіне шабуыл жасап жатқанын біліп, кері линияра бет бұрады, сөйтіп Табын ауылдарының адамдарын ұстап алып кете алмайды. Жолшыбай Назаровқа Айшуақ сұлтан жолығады, ол Сырым батыр бастаған қазақтар бекіністі бүлдіріп жатыр дегенді айтады. Қазақтар зеңбірек оғының күшімен бекіністен қуып шығарылады, бірақ бұлардың 300 адамдай бір бөлегі Айшуақ сұлтанның баласы Апақтың басшылығымен келіп Назаров отрядының алдыңғы бөліміне шабуыл жасайды. Бірақ, қазақтар қайта қашады. Ішкі істер экспедициясының мәліметтеріне қарағанда, сол жерде Апақ қаза табады. [12]

Айшуақ сұлтанның өзін Назаров тұтқындап, Орал қаласына алып келеді. Д. Донсков, князь Г. А. Потемкинге, - Айшуақтың тұтқындалған себебі, «Айшуақ сұлтанның балалары басқа қырғыздарға қосылып алып, осының алдында Қаленовский форпостына шабуыл жасаған» деп рапорт береді. Сонымен «балалары осындай іске қатынасқан соң, ханның өзі де осы урылзомен сыбайлас» деген оймен Донсков ішкі істер экспедициясынан хабар алғанша Айшуақты Орал қаласында ұстап тұрмақшы болады. Сөйтіп 1787 жылға шейін Айшуақ тұтқында жүреді.

Орал әскерлерінің хан тұқымына қарсы бағытталған бұл әрекеттері, Сырым қозғалысының бұдан былайғы сипатына үлкен әсер етеді. Патша әкімшілігі ханды қолтықтап жүрген кезде, хан тұқымы күшті болып тұрған уақытта, старшиналар ханға ашық түрде қарсы шыға алмайды. Старшиналардың ханға қарсы шықпауына вассал өзінің сеньорына қашанда адал болу керек деген ескіден келе жатқан феодалдық ғұрып та үлкен себеп болады. Хан туысқандарының ауылдағы шабылуы, оның інісі Айшуақтың тұтқынға алынуы, Апақ сұлтанның өлтірілуі - осының бәрі Нұралының жүз алдында қайта оналмастай етіп беделін түсіреді. Нұралының өзі мұны атап көрсетеді, сонда ол былай деп жазған: «Айшуақ сұлтанның не үшін талқаны шығарылды? Оның баласы қандай себеппен өлтірілді? Қырғыздар осының бәрін менен көріп, мені жамандап, хан орыстарға сенеді, біздің бәрімізді таламақшы болады» дейді, «сөйтіп бұлардың бәрі менен кетті». Ханға қарсы күрестің етек алуына дем берген тағы бір жағдай, Айшуақ тұтқынға алынып, хан тұқымының материалдық күштерінің іргесі қозғалады. Айшуақ Жеті ру әулетін билеп тұрғанда ол ханға үлкен жәрдем көрсете алатын еді. Енді бұл жәрдем болмай қалады. Осы жағдайлардың бәрі Сырым қозғалысының сипаты өзгеруіне себеп болады. [13]

Егер де 1785 жылдың жазғытұрымына шейін Сырым қозғалысы қазақ отрядтарының линияға жаппай шабұыл жасаулары сияқты әрекеттердің шеңберінен шықпаған болса, егер бұл қозғалыста түрлі феодалдық топтардың күресі тіпті көзге түспеген болса, 1785 жылдың жазғытұрымынан бастап Сырым қозғалысының сипаты жүз арасындағы ішкі күреске айналады, мұнымен қатар бұл күрес патша әкімшілігінің өз-бырлығына, зорлығына қарсы жүргізілген күрес те болып отырады. Қозғалыс Нұралы ханға қарсы және Нұралы тұқымынан шыққан сұлтандарға қарсы бағытталады. Бұл қозғалыста Сырым батыр күннен күнге үлкенірек роль атқара бастайды. Қозғалыстың қаншалық етек алғандығы туралы хан тобына қарсы күреске қатынасқан руларға карап топшылауға болады. Қару-жарақты күресте Сырымды белсене қолтықтағандар Байбақты, Шекті, Табын, Серкеш, Таз руларының қазақтары. Бұл рулардың көбі Нұралының басқаруында болған.

Симбирь және Уфа наместничествосының генерал-губернаторы, 1784 жылы өлке бастығы болып тағайындалған. О. А Игельстром

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СЫРЫМ ДАТҰЛЫ ҚОЛБАСШЫ ЖӘНЕ САЯСИ КӨЗҚАРАСЫ
Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы
Сырым Датұлының өмірі
КӨТЕРІЛІСТІҢ КЕҢЕЮІ
18-19 ғғ. Қазақстан территориясындағы ұлт-азаттық қозғалыс
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылым тарихының зерттеудегі теориялық методологиялық мәселелері
18-19 ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Қазақстан тарихындағы қазақ билері мен батырларының ролі
Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz