Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектісі



Мазмұны.
I. бөлім. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектісі.

1.1. Құрылыстағы бухгалтерлік есептің мәні. 6
1.2. Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері,
келісім . шарт жасау тіртібі. 7
1.3. Құрылыс кәсіпорындағы есеп саясаты мен құрылыстағы есепті
ұйымдастыру. 10
1.4. Құрылыстағы қызметті лицензиялау. 11

II. бөлім. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері мысалы «Семей вагон депосы» .

2.1. «Семей вагон депосындағы» құрылыстағы бухгалтерлік есептің
ұйымдастырылуы. 13
2.2. «Семей вагон депосындағы» құрылыстағы бухгалтерлік есептің
маңызы. 17
2.3. «Семей вагон депосындағы» құрылыстағы бухгалтерлік есеп
саясаты. 18
2.4. Синтетикалық және аналитикалық шоттар. 19

III.бөлім. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды
жетілдірудегі іс . шаралар.

3.1. Шет елдегі құрылыста бухгалтерлік есептің жүргізілу саясаты. 22
3.2. Х.Қ.Е.С.№16 «Негізгі құралдар» бойынша жүргізілетін бухгалтерлік
есеп. 28
3.3. 1С. Бухгалтерия 8.0 қазіргі таңда қолданылуы. 33
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиет:

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

I- бөлім. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық
аспектісі.

1.1. Құрылыстағы бухгалтерлік есептің мәні.
6
1.2. Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері,
келісім – шарт жасау тіртібі.
7
1.3. Құрылыс кәсіпорындағы есеп саясаты мен құрылыстағы есепті
ұйымдастыру.
10
1.4. Құрылыстағы қызметті лицензиялау.
11

II- бөлім. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері мысалы Семей вагон
депосы .

2.1. Семей вагон депосындағы құрылыстағы бухгалтерлік есептің
ұйымдастырылуы.
13
2.2. Семей вагон депосындағы құрылыстағы бухгалтерлік есептің
маңызы.
17
2.3. Семей вагон депосындағы құрылыстағы бухгалтерлік есеп
саясаты.
18
2.4. Синтетикалық және аналитикалық шоттар.
19

III-бөлім. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды
жетілдірудегі іс – шаралар.

3.1. Шет елдегі құрылыста бухгалтерлік есептің жүргізілу саясаты. 22

3.2. Х.Қ.Е.С.№16 Негізгі құралдар бойынша жүргізілетін бухгалтерлік
есеп.
28
3.3. 1С. Бухгалтерия 8.0 қазіргі таңда қолданылуы.
33

Қорытынды.

Қосымшалар:

Пайдаланған әдебиет:

Кіріспе

Қазіргі нарықтың экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік
есепке жүктелген міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып
отыр. Өйткені қазіргі қоғамнық дамудың жаңа кезеңінде өндірістік құрал –
жабдықтың мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысты.
Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъект және жеке тұлғалар арасындағы
экономикалық және қоғамдық қарым – қатынастар саясаты жаңа сипат алды.
Еліміздің экономикасының өсу қарқымы мен сапасы экономиканың саясат бағыты
оны мемлекетке қолдану керектігін көрсетеді. Қазіргі экономика мамандар
арасындағы оның ішінде бірінші кезекте бухгалтаерия қызметкерлері есепке
алудың және есеп берудің барлық жүйесін жаңа білімділігін таныту арқылы сол
кәсіпорынның барлық активтері мен олардың негізін есепке ала отырып басқару
шешімінің қабылдауға мүмкіндік береді. Экономикамыз жылына 8-9 пайыздық
карқынмен алға басып, елімізде жаңа сипаттағы кәсіпкерлермен өндіріс
орындары ашылып, мемлекет қазынасы қаржыға тола бастады. Президент
шикізаттық емес ауыртпалығын төмендету үшін 2009 жылы корпаративтік табыс
салығының ставкалары 30 пайыздан 20 пайызға, 2010 жылы 17,5 пайызға, 2011
жылы 15 пайызға төмендетудің негізделіп отырғанын жария
етті.
Яғни қазіргі экономика саласындағы мамандар оның ішінде бірінші
кезекте бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық
жүйесін жақсы білімділігін таныту арқылы сол кәсіпорынның барлық активтері
мен солардың негізін есепке ала отырып басқару шешімін қабылдауға мүмкіндік
береді. Бухгалтерлік есепті жүргізуде ең алдымен бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру қажет.
Тұтастай алғанда 2007-2008 жылдарда экономикаға қолдану елбасының
тапсырмасы бойынша 540 миллиард теңге штат қаражатына бөлінген. Бұл 2008
жылға болжанып отырған УЖО көлемінен 3,5 пайыздан астам.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорынның
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір
нығайтып, олардың көптеген өндірістік және нарық қаржылық
мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты.
Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті
таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі
көбінесе осыған байланысты болады.
Курстық жұмысымның мақсаты – ұйымның қаржы жағдайы жөніндегі
ақпараттық жүйені, сондай-ақ ұйымның қаржылық қызметінің нәтижесін әрбір
есепті кезеңдерге қарай тиісті шоттарды топтастырып жазу, оның
нәтижесінде бухгалтерлік баланс үлгісін жасауды қамтамасыз ету.

I-бөлім. ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІСІ

1.1 Құрылыстағы бухгалтерлік есептің мәні.

Республика экономикасына даму кезеңіндегі Елбасының алға қойған
талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, бүгінгі күні құрылыс
өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа
байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы
керек. Талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп ғана нысанның
әрбір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады.
Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субьектілерінің
аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне тән
ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс
барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен
құрылыс техникасы жаңа обьектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс
техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір
шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу)
есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп обьектілеріне
бөлінеді.
Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс
процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны
құрғанда құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де
инфляциямен өндіріс құралдарына бағаның өсуінің жағдайында бас мердігерлер
үшін үлкен тәуекелмен байланысты.
Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі,
сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді
қамтиды.
Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзатығына
және көптеген обьектілердің бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне
байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.
Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу
құрылыс процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс - монтажды өндірісте қыс
мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, материалдар, жылу және
электроэнергияның көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар
міндетті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.
Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде
сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық
жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны
кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың
нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу
жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи
шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.
Кейде құрылыс-монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: көлік жете алмайтын
жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында, электр құрылғыларының
желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.
Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының
күрделілігімен де ерекшеленеді. ҚҰрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы
құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жа жұмыстар жүргізілуі мүмкін.
ӨНдірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрылыс кәсіпорынының
басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға
келісім шартқа отырып, құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа
мамандандырылған кәспорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады.
ҚҰрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы
олардың өзара қарым-қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуына әкеледі,
ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.
Құрылыс өндірісіндегі нысандардың жұмыс түріне қарай бағалануы
бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады, бұл нормативті
құжаттарды құру процесі мен оны қолдануды күрделендіруге әкеліп соғады.
Дегенмен дұрыс ұйымдастырылған бүгінгі күннің талабына сай орындалған есеп
жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез келген
құрылыс нысанының нақты бағасын анықтай алады.

1.2 Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс
түрлері, келісім-шарт жасау тәртібі.

Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының
арасындағы жасалған келісім шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық
есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады. Яғни,
стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік келісім бойынша шығындар
есебі төмендегідей тәртіпті анықтайды:
- біріншіден, түскен түсім келісім бойынша және байланысты болуы;
- есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне қарай біркелкі
бөлінуі тиіс.
Есептеудің тәртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:
1. Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты
құбылмалы;
2. шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық
үлесімен анықтау.
Келісім әрбір құрылыс нышанына жеке - жеке жасалады, бұл құрылыс
нышанының түрінің өзінің тән ерекшелігінің болуына байланысты.
Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
мердігерлік тәсіл болып саналады.
Құрылыс өнімінің күрделілігі, матеиалдық және адам ресурстарын бір
шаруашылықы субьектісімен біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс
кәсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда
қадағалаудың қажеттілігіне , яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге
әкеліп соғады.
Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кәсіпорындары
жалпықұрылыстық және мамандандырылған болып бөлінеді. Тапсырыс беруші мен
келісім шарт қатынасының сипатына байланысты құрылыс - монтажды
кәсіпорындар бас мердігер және субмердігер болып жіктеледі. Бас мердігер
мен өндірістік байланыстың ұзақтығына қарай кәсіпорындар тұрақты және
жылжымалы субмердігерлер (маманадандырылған) деп бөлінеді. Тұрақты
кәсіпорындар ұзақ мерзімді өндірістік байланыста болады. Жылжымалы
кәсіпорындар үнемі қозғалыста болады. Осындай кәсіпорындар ірі құрылыс
корпорациялардың құрамында анда-санда құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі
бір аумақта жұмыс орындау үшін құрылады.
Құрылыс - монтаж кәсіпорындар "өмірлік циклына" байланысты құрылыстың
соңғы өнімін қалыптастыруда келесідей түрлерге бөлінеді:
- Құрылыс не монтажды жұмыстарды орындаушылар ;
- Жобалау - құрылыс фирмалары;
- Ғылыми жобалау құрылыс фирмалары.
- Барлық жұмыстарды құрайтын және конструкциялар мен құрылыс
материалдарын өндіретін мекемелер.
Құрылысқа бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тән. Құрылыс
кәсіпорындарының өндірістік қызметі келесідей түрлерден тұрады:
- Негізгі өндіріс - құрылыс - монтажды жұмыстар ғимараттар мен
қондырғыларды капиталды жөндеу;
- Қосымша өндірістер;
- Өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін (әлеуметтік сала).
Өндірісті бағыты бойынша классификациялау - негізгі және қосымша
өндірістің, әлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігін
туғызады.
Бұл мақсат үшін қаржылық - шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі
шоттарының жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында
8 бөлімнің шоттарында - "Өндірістік есептің шоттары", оның бөлімшелері:
8010 "Негізгі өндіріс", 8020 "Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары",
8030 "Қосалқы өндірістер", 8040 "Үстеме шығыстар" белгіленген. Шығындардың
деңгейін сараптау немесе бақылау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек
бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне байланысты топтастырады.
Құрылыс өндірісіне қатысушы тұлғалар Қазақстан Республикасының
Азаматтық Көдексіне сәйкес жазбаша түрде келісім жасай отырып, төмендегідей
тәртіпте құжат толтырады;

1.3 Құрылыс кәсіпорындарындағы есеп саясаты мен құрылыстағы
есепті ұйымдастыру.

Есеп саясаты, - бұл бухгалтерлік есеп, талдау, аудит аумағындағы ұзақ
мерзімді сасяат, оны әрбір кәсіпорын өз бетінше жасайды, бухгалтерлік
есепті және қаржылық есепті оның негіздері мен қағидаларына сәйкес жүргізу
үшін субьектілердің басшыларының қабылдаған тәсілдерінің жиынтығы.
Есеп саясатын қалыптастыру төмендегі кезеңдерден тұрады:
- бухгалтерлік есеп жүргізетін кәсіпорындағы есеп саясатының қатынасын
анықтау;
- бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін
жағдайларды анықтау, сараптау, бағалау және реттеу;
- есеп саясатын құрастырудың бастапқы жағдайларын таңдау және негіздеу;
- есептің әрбір тәсілінің жолын және әрбір есеп обьектісі бойынша
кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есепті жүргізудің жарамды тәсілін
бірегейлендіру;
- кәсіпорында қолдануға жарамды бухгалтерлік есептің жүргізілу тәсілін
таңдау,
- таңдалған есеп саясатын рәсімдеу.
Құрылыс кәсіпорындарының есеп саясатының бөлімшелерінің тізімі
төмендегідей болуы шарт:
1. Жалпы бөлім.
2. Басқару және ұйымдастыру құрамы.
3. Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың жүйесі.
4. Бухгалтерлік құжаттар және оларды сақтау мерзімі.
5. Түгендеу.
6. Негізгі құралдардың есебі.
7. Материалды емес активтердің есебі.
8. Материалдық құндылықтардың есебі.
9. Ақшалай қаражаттардың есебі.
10. Еңбек және еңбекақы.
11. Дебиторлық қарыздар және басқа да активтер.
12. Инвестицияны есептеу.
13. Меншіктік капитал.
14. Өндіріс шығындарының есебі және құрылыс өнімнің қызметінің өзіндік
құнын калькуляциялау.
15. Мерзім шығындары.
16. Сату, табыс және баға.
17. Есеп беру.
18. Түсініктеме.
Кәсіпорынның есеп саясатын оның бас бухгалтері немесе арнайы есеп
бөлімі құрастырады. Есеп саясаты кәсірорын құралған сәттен бастап
дайындалады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің
бұйрығымен бекітеді. Осы кәсіпорынның қабылдап, бекіткен есеп саясаты сол
кәсіпорынның есеп қызметін атқаруы барысында негізгі құжат ретінде
қолданылады.

1.4 Құрылыстағы қызметті лицензиялау.

Құрылыстық қызмет белгілі бір орындаушының дайындығын талап
ететіндіктен лицензиялануы қажет, онсыз белгіленген тұтынушылық сапалық
құрылыс өнімін құру мүмкін емес. Сондықтан да құрылыс өндірісімен
айналысқысы келетін барлық шаруашылыққа құрылыс жұмыстарын жүргізу олардың
қызметінің негізгі түрі болады немесе құрылыстан басқа да қызмет түрлерімен
параллельді түрде шаруашылық әдіспен жүргізілетін жұмыстарын жүзеге асыруға
құқық беретін лицензия алуы қажет.
Қазақстанда архитектуралық-құрылыс жұмыстарын жүргізуді лицензиялау
төмендегі заң актілерінің негізінде жүзеге асырылады:
1) 17.04.95 жылғы №2200 "Қазақстан Республикасының Лицензиялау туралы заңы"
2) 16.07.01 жылғы № 242-2 "Қазақстан Республикасының Архитектура, сәулет -
құрылыс қызметі жөніндегі заңы" ;
Лицензия алу үшін (қайта тіркелу үшін) кәсіпорындар лицензиялаудың
қалалық орталығына келесі құжаттарды беруі қажет:
- техникалық аудитті жүзеге асыруға -өкілетті кәсіпорынға лицензияны
рәсімдеу мақсатымен (қайта рәсімдеу) аудит жүргізуді сұрау хаты;
- лицензиялаудың қалалық орталығына өтініш;
- кәсіпорында ұйымдастыру туралы бекітілген құжат немесе тіркелген
жарғы;
- тіркеу карточкасының көшірмесі;
- Әділет Министрлігінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы
куәлігінің көшірмесі;
- Лицензия сұралып отырған жүзеге асырылатын құрылыс-монтаждық жұмыс
түрлерінің тізімі (Қазақстан Республикасындағы архитектуралы-құрылыстық
қызметі лицензиялау бойынша құрылыстағы қызмет пен жұмыс классификаторына
сәйкес) ;
- салынып жатқан, реконструкцияланатын және (немесе) жоспарланатын
нысандардың тізімі , олардың мекен-жайы және қуаты. Өткізілетін
(жоспарланған) жөндеу жұмыстарының тізімі;
- алдыңғы жылы орындалған әр түрлі құрылыс - монтаждық жұмыстардың
көлемі;
- мамандардың біліктілік құрамы немесе оларды тарту мүмкіндігі туралы
ақпараттар ;
- өндірістік база туралы мәлімет;
- сейсмикалық жағдайы бойынша куәлік;
- сапаны бақылау;
- жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
- эксперттердің қорытындысы.
Жоғарыда аталған құжаттардың формаларына келетін болсақ, оны
төмендегідей үлгіден көруге болады, мысалы: архитекторлық - құрылыс қызметі
саласындағы лиценхия сұралатын қызмет түрлерінің тізімі: (1- кесте)
Тағы да айта кететін бір жай , лицензия материалды емес актив ретінде
қарастырылмайды, өйткені құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыруға
берілетін лицензияның әрекет ету мерзімі бір жылдан аспайды. Сондықтан да
лицензия алатын (қайта тіркелетін) шаруашылық субьектілердің техникалық
аудит бойынша қызметтерді төлеумен байланысты шығындар, лицензиялық
жинақтар және лицензия алумен (қайта тіркеумен) байланысты басқа да
шығындары ретінде қайта алынған лицензияның әрекет ету мерзімі ішінде
алдыңғы кезең ішінде көрсету қажет.

II- бөлім. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері
мысалы Семей вагон депосы .

2.1. Семей вагон депосындағы құрылыстағы бухгалтерлік
есептің ұйымдастырылуы

Семей вагон депосындағы күрделі құрылымдар жоспары бойынша
төмендегідей жұмыстар қарастырылған : жаңа темір жолдар салу, істеп тұрған
жолдарды электр және тепловоз күшімен тартуға алмастыру, қосымша жолдар
салу, жолдарды жаңа құрамамен және құрал жабдықтармен қамту, локомотив
вагон және басқа шаруашылықтардың ғимараттары мен жұмыс орындарын кеңейту
және жаңадан салу, жылжымалы құралды жөндейтін зауттар салу, тұрғын,
коммуналдық, ғимараттар мен үйлер салу, шаруашылық құрал – жабдықтар алу
және басқада шығыстар.
Күрделі құрылымдар есептеу және жоспарлау бойынша төмендегідей
түрлерге бөлінеді: құрылыс жұмыстары, оның ішіне құрылғыларды құрастыруда
кіреді, құрал – жабдықтарды құрастыру жұмыстары, құрал – жабдықтарды сатып
алуға кететін шығыстар, өндірістік құрал – саймандаржәне
шаруашылыққұралдарын сатып алуға кететін шығыстар, жобалау және смета
жұмыстары, негізгі қорлардың құнына енетін басқада жұмыстарға кететін
шығыстар, негізгі қорлардың құнын өсірмейтін шығыстар.
Құрылыс жұмыстарына үйлер мен ғимараттарды жаңадан салу, қалпына
келтіру, кеңейту немесе өзгерту және осыған байланысты барлық
конструкцияларды құрастыру жұмыстары, санитарлық техникалық жұмыстар,
құрылыс аландарын жоспарлау және игеру тағы басқа жұмыстар жатады.
Құрал – жабдықтарды құрастыру жұмыстарына үйлер мен ғимараттардың
іргетасымен, тіректерін орнатуға байланысты жұмыстар, өндірістік,
технологиялық, көтеру – тасымалдау және басқада құрал – жабдықтарды
жиыстырып орнату жұмыстары тағы басқа тәріздес жұмыстар жатады.
Құралдарды қажет ететін құрал – жабдықтар атқарылған күрделі
жұмыстардың сипатына оларды құрастыруға өткізіп бергеннен кейін ғана енеді.
Ал құрастыруды қажет етпейтін құрал – жабдықтарды және лакомативтер мен
вагондар басқада өздігінен жылжитын машиналар мен механизімдер олар
сатушыдан қабылдап алынғаннан кейін ғана күрделі құрылымға жатқызылады.
Жобалау – смета жұмыстары тиісті құжаттарды дайындау қажеттілігінен
туындайды. Құрылыс, жекелеген нысандар және жұмыстар сауатты және сапалы
түрде жасалған жобалау – сметалық құжаттарынсыз күрделі құрылымдар
жоспарына енгізілмейді.
Қандайда бір құрылыс нысанын салу үшін оған қажетті ақша мөлшері
көрсетілген смета негізгі қаржылық құжат болып саналады. Салынып жатқан
құрылыс нысанының есептік құнына енетін басқа да жұмыстар мен шығыстар
сипатына құрылыс аланын дайындауға кеткен шығыстар және біріктірілген
сметанын бөлек тарауынды көрсетілген жұмыстар мен шығыстар жатады.
Негізгі қорлардың құнын өсірмейтін шығыстарға салынып жытқан
өндіріс орынында келешекте жұмыс істейтін кадрлар дайындауға кететін
шығыстар, құрылыста белгілі бір мерзімге дейін сақтауға қоюға кететін және
орман жер бөліктерін құрылысқа икемдендірудегі кететін шығыстар жатады.
Күрделі құрылыстағы шығыстардың түрлері: өзінің үнемдеу мағынасына сәйкес
құрылыс өндірісіндегі шығыстар үш бөліктен тұрады:
- материалдық шығыстар.
- қолданылған құрылыс материалдарының, конструкциялардың, бөлшектердің
құны шамалы заттакрдың тозуы, негізгі қордағы заттардың пайдаланып
ескеруі.
- жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы және әлеуметтік сақтандыруға
мәдени – бұқаралық, дене тәрбиесі жұмыстарына аударылатын шығыстар.
Туындау мерзіміне қарай құрылыс өндірісіндегі шығыстар ағымдағы және алдағы
есептік мерзімдегі болып екіге бөлінеді:
Ағымдағы шығыстарға – нақтылы өндірісте атқарылып жатқан жұмыстарға
жұмсалатын шығыстар жатады.
Ал алдағы есептік мерзімдегі шығыстарға - өндіріс шарттарына сәйкес алдағы
есептік мерзімдегі атқарылатын жұмыстардың өзіндік құнына кіругу тиісті
ағымдағы шығыстар жатады.
Ал құрылыстағы технологиялық ерекшеліктерге сәйкес шығыстар –
негізгі және жанама шығыстар болып екіге бөлінеді.
Негізгі шығыстар деп – нақтылы құрылыста атқарылып жатқан жұмыстарға,
қолданылып жатқан минералдарға, машиналар мен механизімдерді күтуге,
пайдалануға және еңбекақыға кететін шығыстарды айтады.

Негізгі шығыстардың баптары.
Материалдар. Мұнда құрылыста пайдаланылған материалдаодың, бөлшектердің,
конструкциялардың құны көрсетіледі жәнеде ол заттар шеттен сатып алынғанына
қарамастан есепке алынады. Осы бапқа сондай – ақ құрылыс жұмыстарына
жұмсалған жанар – жағар майға, электр энергиясына, буға, суға, қысылған
ауаға, жерді жібітуге, электр газбен дәнекерлеуге, бетон дайындауға тағы
басқаларына қатысты шығыстарда жатады.
Негізгі еңбекақы. Бұл нақтылы құрылыс жұмыстарын атқарып жатқан
жұмысшылардың және құрылыс нысанына жақын мандағы қоймадан құрылыс
материалдарын тасушы жұмысшылардың негізгі еңбекақысы кіргізіледі.
Ал құрылыс машиналары мен механизімдерін күтіп ұстаушылардың қосалқы
шаруашылықтағы жұмысшылардың еңбекақылары бұл бапқа енбейді.
Сондай – ақ құрылыс өндірісіндегі жұмысшыларға төленетін қосымша еңбекақы,
әлеуметтік сақтандыруға төленетін қаржы жанама шығыстарға жатқызылады.
Құрылыс машиналарын күтіп ұстау және пайдалану
Бұл бапқа құрылыс машиналары мен механизімдерін орнатып, пайдалануға
төлеуге кеткен қаржы шығыстары кіреді.( автокран, мұнара кран, экскаватор,
бетон араластырғыш тағы басқалары)
Ал ұсақ құрал – саймандарды ( домкрат, вибратор тағы басқалары) ұстауға
кеткен шығыстар жанама шығыстар есебіне алынады.
Басқада негізгі шығыстар.
Бұл бапқа қоймадан құрылыс материалдарын тасымалдауға, құрылыс алаңынан
топырақ, қоқыс және қар шығаруға жұмсалған қаржы шығыстары жатады. Егер бұл
жұмыстар басқа көлік мекемесімен келісім бойынша атқарылса онда есепте бұл
шығыстар субподрядтік жұмыстар деп көрсетіледі.
Жанама шығыстар бабына құрылыс өндірісіндегі басқару және қызмет көрсету
саласына байланысты шығыстар енеді. Жанама шығыстардың мөлшері негізгі
шығыстардың мөлшеріне қарай шектеулі болады.
Жанама шығыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді: әкімшілік – шаруашылық
жұмысшыларға қызмет көрсетеді, жұмысты ұйымдастырып жүргізу тағы басқа.
Әкімшілік – шаруашылық шығыстарына әкімшілік – басқару саласындағы
қызметшілердің негізгі және қосымша еңбекақысы қызметтік іс сапарларға
кеткен шығыстар, кеңсе тауарлары мен почта қызметіне кеткен шығыстар,
қызметтік үйлердің тозу құны, қызметтік үйлерді күтіп ұстау, шығыстары тағы
басқа шығыстар енеді.
Жұмысшыларға қызмет көрсету шығыстарына жұмысшыларға төленетін қосымша
еңбекақы мен әлеуметтік сақтандыруға кететін шығыстар, еңбекті қорғауға
және техника қауіпсіздігіне бөлінетін шығыстар, тұрғын үй коммуналдық
шығыстары, мәдени – бұқаралық, денешынықтыру жұмыстарына бөлінетін шығыстар
кіреді.
Жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу шығыстарына өртке қарсы қызмет күзетін,
жалпы күзетті ұстауға, ұйымдасқан түрде жұмысшыларды қабылдауға кеткен
шығыстар және құрал – жабдықтарды күтіп ұстауға, жөндеуге бөлінетін
шығыстар енеді.
Семей вагон депосындағы сондай-ақ күрделі құрылыстағы негізгі
мүліктер есебі жүргізіледі. Онда олар қатарына жүріп жатқан жерде уақытша
тұрғызылған тұрғын үйлер, кеңсе, қойма, мастерской үйлері жатады. Бұл
нысандар тапсырыс берушінің есебінде болады және орындаушылар оларды
келісім шарт бойынша пайдаланады.
Құрылыс аяқталып қабылданып алынғаннан кейін бұл нысандар бұзылады.
Бұзылған нысандардан түскен қаржы осы құрылысқа басқа қаржы көздері ретінде
салынады. Егер осы нысандарды бұзған кезде шығын кетсе онда ол шығындар
құрылыстын құнын көтеру арқылы есептен шығарылыды.
Сонымен қатар вагон депосында өндіріске қажетті қорлар есебі жүргізіледі.
Мұнда қоймалардағы құрылыс материалдарының, құрылғылар мен бөлшектердің,
жанар – жағар майдың, ұсақ кұрал – саймандардың есебі жүргізіледі.
Матариалдық құндылықтардың қозғалысы бастапқы құжаттарына сәйкес есепке
алынады. Келіп түскен заттар кіріс ордерімен, накладной мен қабылданады. Ал
заттарды босатқан кезде бір реттік талап қағаздары толтырылады. Әрбір
айдың, тоқсанның аяғында инвентаризация жүргізіледі.Еңбек пен еңбекақы
есебі. Еңбекақы қоры мен жұмысшылардың саны өндірістің түрлеріне және
салалық топтарына қарай есептелінеді. Еңбекақыны төлеу үшін табель
толтырылады. Бұдан басқа белгілі бір жұмысты атқару үшін наряд жазылады.
Бұлардан басқа жұмысшылардың кінәсіз жұмыс тоқтап қалуына байланысты
толтырылған парақ, ақауды жою үшін жасалған акті, белгіленген жұмыс
уақытынан артық жұмыс істеуге берілген нұсқалар еңбекақы төлеуге
пайдаланылады.
Құрылыс мекемесінің бухгалтериясы ай сайын жоғарыда көрсетілген құжаттарға
сәйкес есеп айрысу және төлем ведомостары өндірістің салаларына қарай
толтырылады, ал өндірістің өз ішінде бөлімдерге, бригадаларға,
шаруашылықтарға қарай бөлек – бөлек толтырылады. Есеп айрысу ведомостісіне
есептік айда жұмысшылар мен қызметшілерге төленетін барлық сома тізім
бойынша, кейбір жағдайда тізімсіз толтырылады. Сонымен қатар Семей вагон
депосында құрылыс машиналарын пайдалануға байланысты шығыстар есебі
жүргізіледі. Машиналар мен механизімдердің жұмысын есепке алу ауысымды
баяндама, жол парағы, анықтама тағы басқа құжаттар арқылы жүргізіледі.
Нақты құрылыс алаңында жұмыс атқарып жатқан техникаларды пайдалануға
байланысты шығыстар арқылы есапте екі топқа бөлініп есептелінеді. Ол
топтар: ағымдағы шығыстар және бір реткі шығыстар.
Ағымдағы шығыстар жоғарыды аталған номерлі есептің дебетіне негізгі
шығыстардың белгіленген номенклатурасы бойынша машиналардың түрлеріне қарай
бөлініп түсіріледі. Осылайша бір уақытта машиналарды жүргізіп, күтіп
ұстаушы жұмысшылардың негізгі еңбекақысы есебі, машиналардың ескіріп,
тозуына арналған есеп, жұмсалған жанар – жағар майдың және басқа зат –
саймандардың есебі несиеленеді.
Бір реткі шығыстарға машиналар мен механизімдерді құрылыс алаңына
жеткізуге, оларды құрастыруға байланысты атқарылған жұмыстарға төленетін
шығыстар жатады. Бұл шығыстар келешектегі шығыстар есебінің дебетінде
тұрады. Біпақ артынан бөліп – бөліп жоғарыда аталған есептің дебетіне
аудару арқылы есептен шығарылады.
Әрбір айдағы шығыстар нақты құрылыстағы машинаға белгіленген жұмыс
уақытының нормативі бойынша анықталады. Машиналар мен механизімдерді
пайдалануға кеткен шығыстарды саралап анықтайтын есеп бойынша машина
ауысымының өзіндік құны анықталады.
Сонымен қатар Семей вагон депосындағы құрылыста жанама шығыстар
есебі, қосалқы көмекші өндіріс есебі, негізгі өндіріс есептері
жүргізіладі.

2.2. Семей вагон депосындағы құрылыстағы бухгалтерлік
есептің мәні

Күрделі құрылымдар мен құрылыстағы бухгалтерлік есеп жүргізу құрылыс
жұмыстарын атқару барысындағы кемшіліктерді анықтауға бағытталған. Сонымен
қатар бухгалтерлік есептің еңбек өнімділігінің артуына және құрылыста
орынсыз шығындарға жол бермеуде маңызы өте зор.
Жалпы бухгалтерлік есеп төмендегідей іс – шараларын атқаруға
бағытталған:
- өндіріс қуаттарының, негізгі мүліктердің, күрделі құрылымдардың
жоспарға сәйкес іске қосылуына жүйелі бақылау жусап отыру.
- Құрылыс ұйымдарының қаржылық көрсеткіштерін анықтау.
- Қаржы мен мүліктердің ысырап болу, жобалау – смета тәртібінің бұзылу
оқиғаларын анықтау және алдын алу.
- Құрылыс аяқталып тапсырылған нысандардың инвентарлық құнын дұрыс
анықтау.
- Ішкі қорлардың және олардың күрделі құйылымдарға салынуына орындалуына
бақылау жусау.

2.3. Семей вагон депосындағы құрылыстағы бухгалтерлік есеп
саясаты.

Семей вагон депосындағы бухгалтерлік есептің басты мақсаты ол
жұмысшылар мен қызметшілердің әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін жақсарту. Бұл
үшін өндіріс қарқынды және тиімді дамуы қажет. Бұл ретте бухгалтерлік
есептің алатын орны ерекше. Бухгалтерлік есептің көрсеткіштері ай сайын
бухгалтерлік теңдік пен ішкі қорлар, мекеменің шаруашылық және қаржы
көрсеткіштері негізінде жинақталып отырады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық
барысындағы өндірістік қатынастарды, алмасуды және қоғамдық өнімді бөлуді,
тұтынуды тіркеп отырады.
Бухгалтерлік теңдікте депо мен онда істейтін жұмысшылардың өзара қарым
қатынасы, депоның басқа ұйымдар мен, мекелер мен және қаржы – несие
жүйесіндегі ұйымдао мен ара қатынысы көрсетіледі.
Бухгалтерлік есептің мақсаттарының бірі өндірістік қорлардың өз орнында
болуына, олардың дұрыс әрі тиімді бөлуіне бақылау жасау, еңбек өнімділігін
арттыру, өзіндік құнды арзандату және өндірістің тиімділігін арттыру.
Сонымен қатар бухгалтерлік есептің мақсаты ол кірістер мен шығыстардың
нақты және дұрыс көрсетілуін ұйымдастыру, сатылған өнім үшін уақытында есеп
айрысу, бюджетке төленетін қаржыларды уақытында түсіріп отыру, салықтардың
аударылуын қамтамасыз ету, басқада төлемдердің төленуін қамтамасыз ету,
сондай-ақ кассалық, есептік несиелік операциялар туралы заңдарды толық
сақтау.
Семей вагон депосында жұмысшылардың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін жақсарту
мақсатында көп істер атқарылып жатыр. Атап айтқанда 2008 жылы 3 жұмысшыға
салық ретінде жеңіл көлік тарту етілген, барлық жұмысшыларға ақшалай силық
берілген, және де басқадай да іс шаралар атқарылып жатыр.
2.4.Құрылыс компанияларының есебін ұйымдастыру бойынша
бухгалтерлік шоттар корреспонденциясы.

№ Шаруашылық операцияның мазмұны Дебет Кредит
1 Мердігерге төленетін тапсырушының
шығыны 2930 3310
2 Шот – фактура негізіндегі ҚҚС 2930,1420 3310
3 Нысанның құны көтерілгенде 2410,2310 2930,1420
4 Аяқталмаған құрылысқа жатқызылған
босалқылар 2930 1310,1330
5 Жөндеу жұмысына қатысқан жұмысшылар
еңбекақысы 2930 3350
6 Әлеуметтік салық 2930 3150
7 Нысанның құнына жатқызылған шығындар
2410,2310 2930
8 Өндіріске босатылған материалдар 8030 1310,1330,1350
9 Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы 8030 3350
10 Еңбекақыдан аударылған аударылымдар 8030 3150,3210,3220
11 Негізгі құралдарды жөндеу 8030 1310,3310
12 Негізгі құралдардын құңсыздануы 8030 2420,2740
13 Комуналдық төлемдер 8030 1310,3340,3390
14 Шығындар жиынтығын негізгі өндіріске
жатқызу 8010 8030


№ Шаруашылық операцияның мазмұны Дебет Кредит

1 Өндіріске алынған материалдар 1350 8030

2 Өндіріске алынған қалдық 1350 8030

3 Өндірістен алынған жартылай шикізат 1340 8030

4 Өндірістен алынған дайын өнім 1320 8030

5 Негізгі өндірісте пайдаланылған 8010 8030
материалдар

6 Жалпы өндірістік мақсатқа пайдаланылған
материалдар 8040 8030

7 Сатылған өнімнің құны 7010 8030

8 Негізгі құралдарды жөндеу 8040 8030

9 Құрылыс – монтаж жұмыстарындағы ақауды
жөндеу 8040 8030

10 Әкімшілік шығындар 7210,7440 8030

11 Аяқталмаған өндіріс құнының қалдығы 1340 8030

III-бөлім. ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ІС-
ШАРАЛАР

3.1 Шет елдегі құрылыста бухгалтерлік есептің жүргізілу

саясаты

Жапония Шығыс Азиядағы 4 ірі - ірі - Хоккайдо, Хансю, Сикоку және Кюсю
аралдарында орналасқан мемлекет. Территориясы - 372,2 мың кв км. Халқы -
122,2 млн - ға жуық. Астанасы - Токио . Ресми тілі - жапон тілі. Негізгі
діндері - синтоизм және буддизм.
Жапония - коституциялық монархия.
Конституция бойынша император "мемлекет пен халық бірлігінің символы"
болып саналады.
Заң шығарушылық билікті парламент жүзеге асырады (оның құрамы 512
депутаты бар палата өкілдері мен 252 депутаты бар кеңесшілер палатасынан
тұрады). Депутаттардың қызмет ету мерзімі 4-6 жылға дейін. Ал, атқарушы
билік, министрлер кабинетінің құзырында.
Жапония - жоғары дамыған мемлекет.
Бүгінгі таңда өзінің экономикалық потенциалы жағынан әлемдегі алдыңғы
қатардағы мемлекеттер ішінде. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн $
(доллар). Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12 % Жапония үлесінде. Бұл
мемлекет автокөлік, кеме, темір өңдек жабдықтарын, тұрмыстық-элктрондық
техника, роботтар шығарудан әлем бойынша бірінші орында.
Ауыл шаруашылығында шағын шаруа қожалығы жақсы дамыған . Басты
ауылшаруашылық өнім - күріш.
Сонымен қатар жеміс - жидек, көкөніс өндірісі сондай-ақ балық аулау
саласы.
Ұлттық валютасы - иена.
Негізгі экспорт товарлары : машиналар мен жабдықтар, электроника,
металдар және метал бұйымдар, химиялық өнімдер.
Негізгі импорт товарлары: өнеркәсіптік шикізат пен жартылай шикізаттар
жанармай және азық - түлік. Жапонияның товар айналымындағы АҚШ - тың үлесі
1990 жылдары 30,4 % тең болды, ал жұмыссыздар саны осы жылдары 1,56 млн.
адам болған, ал сыртқы сауда көрінісі, экспорт 146 млрд доллардан асып,
импорт 126 млрд доллар болған.
1990 жылдардағы Жапония экономикасы ұзаққа созылған тоқырауда біржола
шыға қойған жоқ, бұған бірден - бір себеп болғаны - қозғалмайтын мүлік
нарығындағы күйзеліс нәтижелері. Банк жүйесі де айтарлықтай шығынға
ұшырады. Соғыстан кейінгі мерзімде бірінші рет банктердің тақырға отыруы
байқала бастады. Мемлекеттік бюджет жұйесі де көптеген қайта қарауға тән
жақтарын көрсете бастады. Осылайша тоқсаныншы жылдардағы үкіметтің алға
қойған басты мақсаты болып, экономиканы өсіру тоқыраудан шығу сияқты
мемлекет деңгейіндегі өзекті мәселелер болып саналады.
Жапондық экономикалық ғажап өз бастамасын 50-ші жылдары-ақ көрсете
бастаған болатын. Жапон ғажабының мәні неде ? Бұл сұрақтардың жауабы болып
келесі факторлар саналады:
- шетел, соның ішінде Америка көлігін жоғары, тиімді пайдалана білу;
- негізгі капиталды жаппай жаңарту;
- ішкі нарықты ұлғайту соның ішінде аграрлық реформа есебінен;
- шетелдік ғылыми жетістіктерді молынан пайдалану.
Сонымен қатар жапон сарапшылары мынадай ерекшеліктерді де атап
көрсетуде:
- жоғары сапалы жұмыс күші , 1947 жылдың өзінде-ақ Жапонияда тоғыз
жылдық ақысыз міндетті білім беру енгізілген. Кадрлар даярлау мен қайта
даярлау жүйесі құрылған;
- жапон кәсіпкерлерінің сирек кездесетін ақыл - ой өрісі;
- әкімшілік пен персонал арасында үйлесімдік таба білген жалдамалы
еңбектің дәстүрлі қалыптасқан жүйесі;
- капитал жинаудың жоғары мөлшері ;
- жеке ғылыми техникалық базаны дамытуға ұмтылыс.
Соңғы кездері бұл факторлар мыналармен толықтырылды;
- шикізат ресурстарының жоқтығы, жапония импорт пен қажетті ресурстарын
99 пайыз алады, соның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы
Құрылыс саласының ерекшеліктері мен құырылыстағы есепті ұйымдастыру
Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы ақпарат
Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Жұмыстың көлемі мен құрылымы
Аяқталмаған құрылыс есебі
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мердігерлік жұмыстардың бағалау көлемін анықтау
Бухгалтерлік есептердің негізгі операциялары
Пәндер